Latin

Соңғы парыз - 14

Total number of words is 4185
Total number of unique words is 2254
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Алматыға
кездесерміз.
барайық.
Баяғыда
бірге
оқыған
жолдастарға
– Түсінем. Бірақ, Бəтіш, уақытым жоқ, өзің барып қайт...
– Сен демалмайсың ба?
– Мені қайтесің. План орындалмай жатыр. Биыл балыққа бірдеңе
көрінді.
– Көрінсе – көрінсін. Онда сенің кінəң қанша? Теңіз тартылды. Су
ашыды. Балық құрыды. Вот и все...
– Бастықтар оған қарай ма. Суға сүңгісең де плаНды орындауға
тиіссің.
– Сол бастығың анада менімен билейтін... Аты қалай еді? Сендер
оны... Иə, есіме түсті. Əне бір кілмік көз... Қозы Қарын ба?
– Сол.
Бəкизат күлді:
– Жарайды, босана алмасаң, бармай-ақ қой.
– Бəтіш, айналайын... түсінгенің қандай жақсы болды. Тек ренжіме,
жарай ма?
– Ертең жүрсем қайтеді?
– Өзің біл.
– Сен ренжімейсің бе?
– Жо-жоқ...
– Онда жолға жиналайын.
– Əрине!.. Сөйт!..
Бұнда самолет аптасына бір-ақ рет келетін. Қалған уақытта
Тұщыбас қолтығының арғы бетінде бұрын балық заводы болған
поселкеден ұшатын. Балық заводының жабылғанына бес жыл. Онда да
кəсіпсіз қалған халық жыл сайын бес-он семьядан көшіп, үй саны күрт
азайып кеткеніне қарамастан Арал мен екі ортаға қатынайтын
самолет əзір оларға күнде келетін. Жəне ертеңгісін ұшатын-ды. Бұл
ауылдың қалаға жолы түскен кісілері асыққанда əрқашан арғы беттегі
балық заводына баратын. Ертеңгі самолетке үлгергісі кеп асыққан
Бəкизаттың аяғы жерге тимеді. Əр бөлмеге бір кіріп, сырлы есіктер
сарт-сұрт ашылып, жабылып жатыр. Қай бөлмеге бас сұқса да, қолына
жаңа сойған түлкінің терісіндей сары ала көйлек, кофта, юбка ұстап
шығады. Кебеже құрсақ шамадан қапелімде қампиып шыға келді.
Сол күні сен Бəкизатты салдырлақ машинаға отырғызып, арғы
беттегі балық заводына апарып сап қайтып келгенсің-ді. Көзің колхоз
конторының көлеңке бетінде отырған бір топ кісіге түсті. Ішінде Сары
Шая. Сен жақындап келе бергенде, құлағының шұқыршығына
шұбалтып жіп тағып алған Сары Шая кенет иығының басы бүлк етіп,
құбыла бетке қолын көлегейлеп қарай қалды. Көз ұшында бұрқ еткен
шаңды басқа жұрттан бұрын көріп:
– Бұл кім болды екен?– деді.
Жұрт назары шаңға ауды. Бұлар дегбірі қалмай шыдамсыздана
тосып тұрғанда, тұла бойы сары ала шаңға батқан бір машина кісі-қара
жиналған контор алдына гүжілдеп тұмсық тірей тоқтады. Кабинадан
сырмақ тақияның сыпыра жиегіне бастың тері мен шайыры сіңген
балпиған бұжыр сары біреу түсті. Тілінің астына толтыра салған
насыбайдан астыңғы көнтек ерін салбырап кеткен. Ұрты бұлт-бұлт
етеді. Табаны жерге тиер-тиместе ышқырлығын алдыңғы жағынан қос
қолдап көтеріп қойды да, сосын машинаның үстінде құрықтай мойнын
қайта-қайта келген жағына бұрып, көкжиекке көзі боталай қарап
ыңырсып тұрған қызыл нарға бұрылып еді.
Сары Шая қиқ етті:
– Қоралы кісіні көзіне ілмей, түйесіне тағзым еткен бұл қай
көргенсіз өзі?
Балпиған бұжыр сары əуелі үсті-басының шаңын қақты. Сосын
кедір-бұдыр қыр жолының шайқалағында басына тұрмай қайта-қайта
желкесіне түсіп кете берген сырмақ тақияны қозғап, төбесіне апарып
қойды. Тақияны көтергенде байқап қалды. Жасында таз болған ба,
əлде теміреткі, əлде ұра шыққан ба, əйтеуір, бершімек-бершімек тас
төбесінен басқа жағы ала сиырдың бүйіріндей ақ таңдақ екен.
Балпақ сарының бұларға назар аудара қоймағаны басқадан бұрын
Сары Шаяға батты:
– Терісі түйеден де қалың, мынау не қылған неме?
Балпақ сары бұлармен бас-басына қолдасып жатпай, басқа бір
халықтың үрдісі бойынша қос қолын кеудесіне апарып, тақиялы басын
əдеппен иіп амандық ымыратын жасады. Сары Шая балпық сарыға тісі
батпасын байқады. Тек сөйлеп қалған ауыз қарап тұра алмай, əлі де
болса келген жағына мойын созып ыңырсып тұрған қызыл шұнақ
нарға қарап:
– Пай, пай, мына жануардың қонысы келісіп тұр екен,– деді.
– Ал сапар оң болсын!– деді Сары Иван сөз тартып.
– Əлей болсын. Қоңырат қаласынан кеше шығып ем. Сондағы бір
көже тамыр қарақалпақ досымнан тұқымы асыл дегесін мына қылқи
мойынды алып едім. Артына қарап ыңырси береді, жануар.
– Бұлар бауыр басқан жерін ұмытпай, іші-бауыры адамнан бетер
аңырап тұрады ғой.
– Иə, бұлар жер, суын іздегіш. Абай бол, айрылып қалып жүрме!
– Қап, шығарда қара матамен көзін байлап тастамаған екенсің.
– Өзім де байқап келем, соным қате бопты. Сүтіне бола алып едім.
Жеңгелеріңнің басқа өнері болмаса да, құрсағы құтты. Бала-шаға,
шүкір, баршылық еді. Жазда күртілдетіп шайнатып қоятын əлгі...
немене деуші еді? Иə, көкөніс болмағасын, шөлдегенде балаларға
сусын болсын дегенім ғой. Шофер балам асығыс, бір шайланып түнгі
салқынмен жүріп кетем. Кəне, ағайын, қайсыңның үйіңдегі келін
шапшаң, шайы тез? Сені қой! – деді балпық Сары Шаяға қолын түңіле
сілтеп.– Сыңар құлақ екенсің, сығыр боларсың. Жəне сыңар құлақтың
өзін Құдай аржағынан күн көрінетін аламан тышқанның құлағындай
ақ жарғақ қып жаратқан екен. Сенен сөз шықса шығар, əй, бірақ шай
шықпас.
Балықшылар ду күлді. Бейқам тұрған Сары Шая қапелімде аузына
сөз түспей қызарақтап қап:
– Ау, ортамызда басқарма тұрғанда, басқамыз үйге жүр дей аламыз
ба?– деп əзілге жеңдіріп жатыр.
– Аруана, жарықтық, асыл мал ғой. Еңбегіңді ақтар. Игілігіңе тұтын.
– Əумин. Айтқандарың келсін.
– Ал, қонағым, ол жақтарыңдағы ел-жұрт қалай екен?
– Шүкір, аман. Тек Амудария тасып...
– А, не дейді?
– Айтары жоқ, қатты тасыды. Теңізге көп су құлады.
– Апырай, ə?! Ол, жарықтық жойқын ғой. Қатты тасыса... Апыр-ай, ə?
Черт знает что...
– Айтары жоқ. Аламат. Бұл заманның балалары қанша
ауыздықтаймыз деп алақанына түкірсе де, əй, не қыласың, тентек неме
əңкі-тəңкісін шығарып жіберді.
– Апыр-ай, ə? Қарай ғой, ə? Халық... қалай аман ба?
– Суда қалған үйлер бар дейді. Мал басында да шығын бар көрінеді.
Құдай оңдап, əйтеуір, адам аман деді.
– Амудария ашулы ғой. Қайта балшевек балалар Қарақұмға бұрып
əкетіп, жынын біраз басты.
– Əй, сол... Қарақұмға бұрғаны халық бишараға қара қырсық болды
ғой.
– Иə, үйтпегенде Арал бұлай болмас еді. Ал, қонағым, сонымен...
дария əлі тасып жатыр ма?
– Қазір бəсеңсіп қалды.
Сен ертеден бері əңгімеге араласпай, үнсіз тұрғансың-ды.
– О жақта балық талабы қалай?– дедің көңіліңде көптен жүрген бір
күдігіңді анықтағың кеп.
– Аламат. Өмірі болмаған балық. Қарақалпақтар қырып ұстап жатыр.
– Апыр-ай, ə? Басқарма жолдас, енді білдің бе, балығыңның қайда
кеткенін?
– Иə, қаталап жүрген сорлылар не қылса да оңтүстікке құйып жатқан
тұщы суды сезген болды-ау?
– Ал, басқарма... Кəне, не істейміз? Ауған балықтың соңынан қуып
барамыз ба?
Сен колхоздың катеріне ау-құралды тиеуге əмір бердің. Кейінге
қалдырмай, сол күні алдын кештете жүріп кететін болғасын
балықшылар жанталасып жол қамына кірісті.
Бұжыр сары шайланып алғасын теңіз бойының түнгі салқынын
бетке ұстап тартып кетті. Қонақты сен ауыл шетіне дейін апарып,
аржағын шофер балаға сілтеп жібергенсің-ді. Көк қасқа машина
маңдайындағы қос жарығын саулатып, қоңырлық жусанды даланы
сүзе жөнелді. Мына жүріспен жер қояр емес. Қапелімде ауыл
сыртындағы қара жалға жетті. Сол арада жол іздеп, əрі-бері ойқастап
алды да, гүжілдеп тартып кетті.
Сен жолаушының қарасы көзден үзілгенше қыбыр еткен жоқсың.
Жер апшысын қуырып, гүжілдеп тартып бара жатқан көк қасқа
машинаның үстінде аруананың сырық мойны сораяды. Қарсы алдынан
туған табақтай айға да селт етпеді. Емешесі үзілген іңкəрі артта. Сол
баяғы алыс, алыста, талай қырдың, талай сай-салалардың, асу-асу
белдердің арғы жағында қалған. Бұнан былайғы жерде тек түсіне
кіреді. Өмір бақи орындалмайтын арманға айналып, көзінен бір-бір
ұшатын да тұратын сол адыра қалғыр мекеніне жас толы көзі боталап,
иір мойны үзіле жаздап аңырап барады.
Қалайда осы бір тілсіз хайуанның көкірегін жарып шыққан зарлы үн
кеше қонысын тастап көтеріле көшкен жиырма бес үйді сенің де есіңе
салып, ет бауырың езіліп түр.
Мына аруананы да аяды. Иə, қатты аяды. Дүние тас-талқаны шығып,
өзгеріп жатса да, осы жануарды өзгертер күш жоқтай еді-ау. Ендігі
жерге жер бетінде тек осы жануар араласқан тірлік қана өзгермей,
өзінің сол баяғы баяу, мешеу əрі момын, əрі аңқау күйінде қалардай
көруші еді. Əне, көрдің бе... дүркіреген дүлей заман бұл жануардың да
қол-аяғын жерге тигізбей дедектетіп əкетіп барады. Соңыра замана
көшіне ілесер, ілеспес, ал əзірге о да гүжілдеген көк қасқа машинаның
арқасында кетіп барады. О, жануар! Ғасырлар бойы шығыстың жүгін
адам аяғы жетер жерге тасыған осы ойсылқара, енді, əнекей, өзі жүкке
айналып торт доңғалақтың арқасында кетіп барады!
***
Бұл жастықтан басын үрейлене көтеріп алғанда, жаңағы жылан
шаққандай шар еткен сəби дауыс үзілмей құлағында тұрған еді-ау!
Апалақтап көзін ашып алды. Алақ-жұлақ айналасына қарады. Теңіз
үстінің тастай қараңғы түні көзіне тіреліп, айналасынан ештеңе көре
алмады. Қорқып оянғандікі ме, құлақ шыңылдап, кеудеде жүрек дүрсдүрс соғады.
Жүрегінің аптығын баса алмай, біраз отырды. Жел жоқ. Қараңғы түн
құшағына енген теңіз қап-қара боп түнеріп, көк пен жер тұтасып
кеткендей. Мына түн, жаңа, тап жаңа ғана босқан балықтар жосып бара
жатқан тұңғиық қара иірім сияқтанып кетті. Ең аяғы, шошып оянғанда
бетін желпіп өткен теңіз үстінің бір үзік ескек желі де нағыз жел емес,
теңіз астының дəл бір тəн түршіктірер шекеңнен шыққандай суық
ағысы сияқтанып, əлі де болса жаны зəр түбіне кеткендей
қорқынышты түс пен қазір басынан кешіп отырған өңіндегі мына
көріністің екі арасын анықтап айыра алмай, қара иірімнің
қалтарысынан қапысын тауып су астының аузы-басы тіске толған
əлдебір жыртқышы шыға келетіндей, үркектеп айналасына қарады.
Бірақ босқын балықтар да, босқын балықтардың жолын тосқан əлгі
аузы-басы тіске толған жыртқыштар да көрінбеді. Тек оңы мен
солынан əлде бірдеңелер қараяды. Бұл не? Түсі ме? Өңі ме? Что за
чертовщина? Көзі жетпегесін еңкейіп қарап еді; ой, мынау... мынау
өзінің кісілері ғой. Е, е, енді есіне түсті. Бұл бағана каюта қапырық
болғасын жоғарыға шығып, палубада жатқан кісілерінің жанына қисая
кеткен екен-ау. Қараңғыға ептеп көзі үйренгесін оңы мен солына қарап
еді, күндізгі ыстықтан талықсып жығылған кісілер палубада қатып
ұйықтап жатыр екен. Бұның дəл қасында құдды тентек баладай аяққолы тыриып жатқан мына біреу, Құдай біледі, Көткеншек Көшен
болар-ау!
Жаңағы түстен кейін көзіне ұйқы оралмады. Ау-құралын тиеген
кішкентай тырқылдақ катер бағана күн барында жағадан ұзап, ұлы
теңізге шығып алған-ды. Сонан бері бір орынында табан серіппей
тұрып алған сияқты. Мотористер қалғып, дұрыс жүргізбей келе жатқан
жоқ па деген оймен төменге түсіп еді. Анау-мынау емес қоқан арбаның
доңғалағындай көк темір жан-тəнін сап гүрс-гүрс соғып жатыр екен.
Көк ала түтін ішінде үсті-басы май-май екі жігіт əлгі арсы-гүрсі ауыр
доңғалақтың бірі аржағында, бірі бер жағында түр. Үстеріне келген
бұған бұрылып қарады да, өз шаруаларымен бола берді.
Сен кідірмей, сыртқа қайта шықтың. Жел көтерілмей, дəл қазіргідей
шырадай тымық болып тұрса, Амударияға күн шыға жететініне
күмəнданған жоқ. Ойламайын десе де жаңағы шар еткен сəби даусы
құлағынан кетпей қойды. Бір ғажабы босқан балықтың арасында бұ да
жүр. Өзінің адам екені де, балық екені де белгісіз. Егер, адам болса,
мына ұланғайыр теңіздің бір басынан екінші басына қарай жосылып
бара жатқан босқын балық арасында лай суда малтығып келе жатқаны
түсініксіз. Қанша күннен бері тобын жазбай, қара құрттай қаптап келе
жатқан қисапсыз көп балық теңіз түбін лайлап жіберген. Сары лай су
бетіне дейін көтеріліп, тыныс алар ауа қалмай барады. Араларындағы
əлсіздері мен кəрі-құртаңдар көп дүрмекке ілесе алмай кейіндеп қала
бастады.
Босқын балықтың басында Көксерке мен Ақбалық; Ақбалықтың
аппақ денесі күмістен құйғандай; тек салыңқы қарынның бауыр
жағындағы қанаттары қып-қызыл, көздері қап-қара; лай су ішінде де
аппақ денесі қылау шалмай жарқ-жұрқ етті де отырды.
Бір кезде лай су жүзуге ауырлап еді; Көксерке балықтардың алдына
түсті; соңындағы қарақұрым балыққа мойын бұрып: "тығылыспай,
араларыңды алшақ-алшақ салып отырыңдар" деп, о, ғажап кəдімгі
адам тілімен айқайлап əмір бергені. Бұл аң-таң; балықтың тілін балық
түсінеді. Қала берді бақа түсінеді дейтіні қайда? Ал Көксеркенің
адамша сөйлегеніне жол болсын? Жəне ұзақ жолдан титықтаған кəрі
кісінің қажыңқы даусы; бірақ оның сөзін ешқайсысы тыңдамады;
қыстан көтерем шыққан арық мал сияқты арық балықтар да тырысқақ;
Көксерке араларыңды алшақ сап жүз десе, онсыз да сіркесі су
көтермей, лай суда денесін əзір көтеріп келе жатқан аш, арық балықтар
қасарысып бұрынғыдан бетер тығылыса түсті; иыққа иық, бүйірге
бүйір түйісіп қап, аралары сығылыса бастады; үнемі су ішінде ағысқа
қарсы алқынып келе жатқан-ды; азабы мол, ауыр жолдың жарты
ортасына жетті ме, жоқ па, белгісіз, бір кезде бұлардың тобына оз
үйірінен адасып қалған бөтен, бөгде балықтар кездесе бастады; қиын
кезде қара тапқанына бұлар да адамша қуанып, қалаш құйрығымен су
шапаттап секіріп мəз болады.
Бір кезде теңіз тереңдеп, əлгі тыныс ауырлатқан сары лай сұйылды;
есесіне енді бас айналатын қара иірім басталды; Көксерке қасында
қатар жүзіп келе жатқан Ақбалықты тастай сала бере артына бұрылып:
"төмен қарамаңдар! Бір-біріңе жақындап, топтарыңды жазбай
жүзіңдер! Қалмаңдар!"– деді; теңіз əлгіден де көрі тереңдей түсті; су
шұғыл мүздап, ағыс күшейіп бара жатқан-ды; дəл осы кезде бұлар
қалай болғанын байқамай қалды; əуелде ағыс тартты ма деп қалғанды. Көксерке мен Ақбалықтың арасында келе жатқан Ақшабақ кенет
ана бауырынан бұлт беріп қара тұңғиыққа құлдырай жөнеліп еді,
аржағында осы сəтті тосып тұрған аузы-басы тіске толған репетсіз
үлкен жыртқыш тап беріпті; ақсиған найза тістер сарт-сұрт етті. Аппақ
Ақшабақ шыңғырып жіберді. Жыртқыштың тісінде кетіп бара жатқан
Ақшабақ па, əлде... жас сəби ме, сен сол арасын ажырата алмай қалдың.
Бірақ оның жан ұшыра шар еткен даусынан шошып оянғансың-ды.
"Апыр-ай, мына түсі құрғыр қандай жаман еді? Жігіттер жақсы
ниетпен үлкен сапарға аттанып шыққанда... Əй, бірақ... Тəйірі, түс
түлкінің боғы. Не болса соны көңілге алып керегі қанша",– деп, сен ілешала өзіңді жұбатқан болғансың-ды.
***
Шіркін, ол күндердің несін айтасың! Қай жылдан бері балық планы
орындалмай, ілгері басқан аяғы кері кетіп, аудан алдында абыройдан
айырылып, Қозы Қарын бастық қырына ала бастағанда, Амудария
бұлардың атағын аспанға бір шығарып еді-ау! Бірақ о да қас пен көздің
арасында өтті, кетті. Өткен күнде белгі жоқ. Араға күн түскесін-ақ
кісінің өңі де – түс, түсі де – түс! Тек кешегі кел шайқаған қызық
күндерді аңсағанда, қай пенде өзегі талып бара жатқанда саусақ сорып
жұбанатын аш құрсақ баладай жадына жармаспаған. Сен де, мінекей, ақ
қар, көк мұзда балағыңнан жел ызғып тұрып сол күндерді есіңе алып
тұрсың!
Балпақ сарының айтқаны рас болды. Аяқ астынан Амудария
бірнеше күн ие бермей гүрілдеп-сарылдап Аралға лақ-лақ құйыпты.
Ағыл-тегіл лай су дария сағасындағы көлдерді толтырыпты да,
ауысқаны теңізге құйыпты. Бұлар келгенде теңіз суы едəуір жерге
дейін тұщып, сары лайланып жатыр екен.
Апыр-ай, бұл жарықтықтар да адам секілді ындыны кеуіп өліп бара
жатқанда тұщы су исін жер түбінен сезетіні-ау! Ел басына келген
ашаршылықта жүрек жалғар бір үзім нан үшін елін, жерін тастап
босқан аш халықтай, көрдің бе, таңдай жібітер бір тамшы тұщы суға
бола ту-ту терістіктен, шығыстан, батыстан оңтүстікке үйір-үйірімен
жөңкіліп ауған. Қашық жолдың қиындығына қарамаған. Жолдағы
тұңғиық қара иірімдер, түпсіз құрдымдар, ала қашатын ағыстар
қаперінен шығып, күн-түн сабылып өліп-талып оңтүстікке жеткен.
Сүйтіп, бір тамшы тұщы суға бола Амудария сағасындағы аядай жерде
үйме-жүйме боп жатқан қарақалпақ, өзбек балықшыларының үстіне
терістіктен қара тор жайған қазақтар да жеткен-ді. Бұлардың соңынан
"Райым" колхозының балықшыларын бастап таңқылдақ басқарма да
жетті. Қалған қазақтар да ау-құралын артынып-тартынып келіп
жатты. Ол күндері су беті қайықтан көрінбеді. Қырғын балықтың
қызығына түскен үш ел – қазақ, қарақалпақ, өзбектің кəсіпқор кісілері
ұйқы, күлкісіз күн-күн, түн-түн балық аулап бергенде теңіз жағасы қан
сасып кетті. Ана жерде де, мына жерде де балық қабылдайтын пункт.
Олардан сəл əрегіректе сатырлаған ағаш бөшкелер. Ағаш бөшкелердің
қасында тау-тау үйілген түз. Түз маңы пышағы жалақтап балық сойып
жатқан қатындар. Осынау үш ел түгел жабылған абыр-сабырда үстіүстіне құйылып келіп жатқан балықты қолма-қол қабылдап, тұздап,
əуемен де, қара жермен де, сумен де үлкен қалаларға жөнелтіп жатыр,
жөнелтіп жатыр. Соның өзінде үлгере алмай, алды шіри бастаған-ды.
Несін айтасың, жұрт көңілді. Əсіресе сен мəзсің. Бір айлық жоспарды
бір жетіде орындап, аудандық газеттің бірінші бетінде суреті басылып
шықты. Тайдай тулаған балықтар арасында бұл үлкендеу бір балықты
қолына ұстап ыржиып күліп түр.
Сол күндері мойнына фотоаппарат іліп, мосы ағаш арқалап
жылтыңдаған біреулер толып кетіп еді. Шамасы, сірə, солардың бірі
бұны сыртынан аңдып жүріп, білдірмей түсіріп алған болды-ау. Сол
күні де бұның кісілері балықты қырып салған-ды. Сол күні сен қызуы
көтеріліп ауырып қалған бурыл бас өкілдің қасында болған едің де,
сыртқа күн қыза шыққансың-ды. Қабылдап үлгере алмаған балықтар
қырман астықтай жағада тау боп үйіліп қапты. Қайықтар құйрық
тістесіп əлі де келіп жатыр, келіп жатыр, жағадағы жұрттың бəрі басын
ақ шыт орамалмен шарт байлап алған. Бəрі де екі білегін шынтағына
дейін сыбанып, балағын түрініп апты. Көйлегін сыпырып тастаған қай
біреулер, кеудеден жоғарғы жағын тыр жалаңаштап алған. Бəрі
жанталасып, бəрі сүрініп-қабынып жағаға тұмсық тірей-тірей тоқтап
жатқан қара қайықтармен қаз-қатар құрып тастаған таразылардың екі
арасында ерсілі-қарсылы тачка айдап, ырс-ырс зембіл көтеріп
безектеп жүр. "Біздің жігіттер қайда екен? Əне бір тачка дедектеткен...
Жо-қ, ол басқа"...
Кісілерін көре алмай, абыр-сабырдың бір шетінде алақ-жұлақтап
тұр. Бұнша кеп балық соңыра күн қызғасын қабыршағы түсіп, іші
кебеді. Ісінеді... Сосын шіріп, есіл балық ысырап болуы ықтимал.
Ыссыға қалғысы келмей, жанталасып жатқан кісілер бір кезде абырсабыр, шаң-шұң болды да кетті. Балығын бұрын өткізгісі кеп
жанталасқан кісілердің қолындағы тачкалар бір-біріне бүйірін тарстұрс соғып таразыға кимелеп ұмтылып жатыр.
– Менің кезегім.
– Ə, ортақ... қойың.
– Əй, айналайын, ортағыңды соңыра кек базарда айтарсың. Кезек
менікі!
– Ə, ортақ, мені жүдə қапа қылдың...
Енді бір кезде шаң-шұң болып қалған дауысқа жалт қарап еді,
осында келгелі балықтың қаны-жыны, шырышы жұққан сары ала
сауыс таразы басына жиналып қалған кісілер қабылдаушыны жағадан
алып жатыр екен.
– Əй, мынау не істеп кетті? Ісі өнбейтін жаман қатындай қағаз
шұқылап кеткені несі, əй?
– Қағазыңды қой, балықты қабылда.
– Бол! Бол!– деп ызалы біреулер ана жақта өжектесе, мына жақта:
– Ə, əке, тезірек алың!– деп майысады.
Өрттей ыстық күн тас төбеге кеп тұрып алды. Сен кісілеріңді іздеп,
келесі қабылдау пунктіне барып едің, бұл жер тіпті ығы-жығы екен. Ау
қарап қайтқан балықшылардың жуық арада аяқситын түрі жоқ.
Бұнда да қабылдаушыны жағадан алған кісілердің даусы алыстан
естіліп жатты:
– Енеңді с...-ай!.. Буаз қатындай маймаңдап аяғын баспай қойды ғой
мынау.
– Ақсақал, тіліңді тарт.
– Ал тартпадым... Ал кесші менікін?
Сен күліп жібердің. Көткеншек Көшен. Əне, анау Сары Иван... Əй,
мынау кім? Сары Шая ма, əй? Бұл ант соққан қайдан жүр? Кешелі-бүгін
о жақтан кеме келген жоқ еді ғой? Бұлардың балықты қырып ұстап
жатқан хабарын есітіп, кездейсоқ біреудің көлігімен теңіз басын
жағалап жетті-ау?
"Райым" колхозының кісілері де осы арада екен. Бұлар да қан
сасыған қыруар байлықты тачкамен тасып зыр-зыр қағып жүр. Сен
бұнда айналмай, өзіңнің кісілеріңе қарай өте бергенсің-ді. Көзі кенет
бір келіншекке түсті де, тұра қалды. Түсі таныс. Шырамытады. Иə,
Сырдарияға барып жүргенде "Райым" балықшыларының арасынан
көретін. Өзі тығыншықтай тобылғы торы екен. Басын ақ шыт
орамалмен тастай ғып тартып апты. Басындағы шыт орамалдай,
үстіндегі шыт көйлектің бір етегін алдыңғы жағынан көтеріп
ышқырына қыстырып алған. Өзіне сұқтана қарап тұрған бөгде кісінің
назарын əлі байқаған жоқ.
Келіншек ауылдас жігіттердің осынау жан алып, жан беріп жатқан
абыр-сабырда да қатарласа қалса, жанары жалт ететін сұғанақ көзіне
онша селт етпей, тек ақ шыт орамал тартқан əдемі басын бауырына
алып жымиып қана қояды екен. Екеу ара қолдасып көтерген зембілдің
бір басын ауырсынып жүрген жоқ. Тек онсыз да өзіне ынтық
еркектердің қытығына одан əрі тие түскісі келе ме, қалай, күміс
теңгедей қабыршықтар саулап төгіліп жатқан кебіртең жерді
келіншектің қарулы аяғы дік-дік басып бара жатқан. Кенет келіншек
бойын бір лезде жиып алып, буған "сен де осындай ма едің?" дегендей
шытына қарады. Қанша дегенмен бөгде кісіден қысылды ма, өзінің əлгі
бір əдемі аяқ алысын əнтек бұзып алды. Зембілді еңкейіп жерге қоя
бере бір қолымен жалма-жан көйлегінің шалғайын тартқылап төмен
түсіріп жатты.
Бұрын Бəкизаттан басқа əйелге дəл бұлай қызығып қарамаушы еді;
осы жолғы қылығына өзі де таң қалды. Байқауынша, жеме-жемге
келгенде бұның батылдығы жетсе, тобылғы торы келіншек
тайынайын деп тұрған жоқ.
Бұл беті ду ете қап, көзін келіншектен тайдыра берді. Кетіп бара
жатып кісілердің тасасынан əлгі жаққа тағы бір көз тастап еді,
тобылғы торы келіншек басына байлаған орамал шетімен көзінің
алдында шүпірлеген терді сүртіп, қалайы кружкамен көлеңкеде тұрған
бөшкеден су ішкелі еңкейіп жатыр екен.
Жұмысты жапырып істеп жатқан кісілердің арасынан көзі Сары
Шаяға түсті. Осы ыссыда ақ тер-көк тері шығып зембіл көтеріп, тачка
айдап жанталасып жатқан кісілерге Сары Шая "ананы – үйт, мынаны –
бүйт" деп, біреуге "тездет" деп, біреуге, "бол! бол!" деп айқайға басып
жүр. Сені көргесін тіпті жанталасып, қабылдаушы жігітке жетіп барып:
– Біздің кісілерді жібер. Балық қызып барады,– деп
еді.
Қабылдаушы:
– Ары... ары тұр!– деп, оны кеудесінен итерді.
– Əй, қалқам, ары тұрың не? Мынау үкіметтің балығы екенін білесің
бе?
– Білем.
– Ал бұның қып-қызыл байлық екенін білесің бе?
– Білем... Білем, ақсақал.
– Жоқ, білмейсің. Білмегесін де маған ары тұр дейсің. Бұның қадірін
сен білмесең де, ана жақта білетін кісілер бар. Осы балықты, нанбасаң,
қазір қалаға апаршы. Жұрттың көзіне алыстан бір көрсетші. Сумка
ұстаған қатындар соңыңнан қалай жүгірер екен. "Екі есе, үш есе
бағасына сат" деп, жалынып, аузы-басын бояған ақ жеңгелерің өзі
соңыңнан ақ балтыры жарқылдап қуып бергенде, машинамен
қашпасаң, басқа көлігіңді құтқармайды. Сен, қалқам, абайла, үкіметтің
қып-қызыл байлығын осыдан күнге қалдырып шіріттің бар-ау...
– Əй, сен өзің не қылған кісісің? Ары тұр дегенді білесің бе?
– Е, білмесем – үйрет. Ал айтпады деме... мына балық шірісе ісім
сенімен болады. Қазақ ССР заң кодексінің статьясына ілігесің.
Іліктірем.
– Көрерміз.
– Көретіні жоқ, қылмысқа тарттырмасам, атым өшсін!
– Ой, сорлы. Онан да ана жаққа барып балық тасыспайсың ба!
Шынында да, балық көп, кісі аз, жігіттер үлгере алмай жатқан-ды.
Сары Шая үнсіз шегініп кетті де, балық салған зембілдің бір басын
ұстады. Екінші басын көтеретін серік іздеп жан-жағына қарағанда, көзі
Көткеншек Көшенге түскені.
– Əй, бер кел.
– Мен неге барам? Өзің кел.
– Кел, қолдас.
– Ал, қолдаспаймын. Сонда...
– Əй, көткеншек сорлы, сөзді қой. Кел, көтеріс!
– Ал көтеріспегенім. Сонда қайтесің?
Сары Шая "бұған не істесем?" дегендей ши қалпақтың астына қолын
сүңгітіп жіберіп шекесін қасып тұр. Кенет жымың етті. Өзі қанша
шақырса да, анадай жерде ит көрген текедей, бір орыннан табаны
аумай одырайып тұрған қырсық шалға енді бұл да айбатын шығарып:
– Өзім де саған көтергізбеймін,– деп еді, бұндайда қашанда
қасарысып кері жығылатын қара шал:
– Қалай көтергізбейсің?– деп шақ етті.
– Қалайы сол, көтергізбеймін дегесін көтергізбеймін.
– Ал мен көтерем.
– Жоқ, көтермейсің.
– Көтерем.
Көткеншек Көшен дедектеп жүгіріп барды. Көзі шатынап кеткен.
Шеке тамыры білеудей. Енді, ол:
– Жоқ, көтерем,– деп өзеленіп, зембілдің екінші басынан шап беріп
ұстады. Екеуі бір зембіл балықты көтеріп дедектеп ала жөнелді.
"Ой, қырттар-ай!" дедің. Осы қырттарды да адам деп былтыр осы
екеуіне қалай жұмыс тапсырғаныңа күліп тұрсың. Былтыр да дəл осы
биылғыдай балықшы ауылдың азаматтары жаз бойы жөндеп табыс
таппай, қатын-балалар тарыға бастаған-ды. Күн көріс аса қиындаған
бір кезде шай-сулық ақша болсын деген оймен əр үйден бір-бір қойдан
жинап, осы екі қыртқа алдағы базарға үлгеріңдер деп қалаға қой
айдатқан-ды. Екеуінің астына бір-бір жарамды түйе берді. Бас-аяғы
жетпістен астам қойды үш күндік жолда ыстыққа ұрындырмай, отынсуын қандырып, əуенімен айдап жеткізіңдер деп тапсырды да, өзі
Шалқарға салдырлақ машинамен тартып кетті.
Қой айдаған кісілер ертең базар деген күні алдын кештете қалаға
жетуге тиіс-ті. Бірақ олар уəделескен күні келген жоқ; күн шығаршықпаста базар басталып кетті. Сен дызалақтап жаның шығып
барады. Міне, күн көтерілді. Онан түс ауып, базар тарқауға қарады.
Қой айдаған кісілер сол жоқтан жоқ... Сүйтсе, Сары Шая мен
Көткеншек Көшен алдарына салып берген бір қора қойды басқарма
бала айтқандай екі күн ыссыға ұрындырмай, отын-суын қандырып,
əуенімен айдап ертең базар деген үшінші күні уəделі уақытта Ұлы
Құмның шетіне аман-есен ілігіпті-ау. Басқарманың құм ішіне кіргесін
қойдан айырылып қалмаңдар, абай болыңдар деген тапсырмасын дақа
қатты сақтапты. Құм ішінің əдетте қалың өсетін қызыл шағылына
кірген қойлар бет-бетіне бытырап бара жатыр екен. Көткеншек Көшен
мен Сары Шая астындағы жүрдек атанмен желіп жүріп, екеуі екі
жақтап қайырып, шашау шығармай, иіріп ұстапты. Құм арасының бой
алып өскен қызыл изені мен қара бұйра жусанын қуалап жүріп
жайылған қойлар екеуінің көз алдында жоны бұлтылдапты да
отырыпты. Бір шоқалақтан кейін бір шоқалақ асып, бір өрге
тырмысып, бір ылдиға құлап, бір көтеріліп, бір түсіп келе жатып, сонан
бір кезде алдарында дөңкиген биік ақ шағылдың басына шыққан екен.
Жазылы түйе үстінде қоқырайып отырған Көткеншек Көшен мен
Сары Шаяның ілгергі жағынан, көз ұшынан үлек мойын қызыл
водокачка сорайып тұра қалыпты. Жазылы түйе үстінде қоқырайып
отырған мына екеуге мойын созып "Əй, мынау сендер ме?" деп
таңдана қарағандай. "Иə, біз!.. Біз ғой" дегендей бұлар да дереу қопаң
етіп көтеріліп қойыпты. Шалқар шаһарының жер тістеген аласа
үйлерінен жалғыз бой асырып тұрған қызыл водокачкамен бұлар
осылай үнсіз тіл қатысып алғаннан кейін тіптен көңілденіп кеткен.
– Əй, ана қызыл мойынды көрдің бе?
– Е, көрмегенде ше!..
– Осы жарықтықтың жер түбінен көрінетіні-ақ жақсы.
– Өзі су тартады дейді ғой.
– Əй, қайдам... Мен білсем, дəу де болса, бұны өзіміз сияқты жер, суы
басқа жолаушыларға белгі үшін салған.
– Болса болар. Ана қараш, көш жерден "мен мұндалап" тұрғанын.
– Орыстар біледі ғой. Осы қызыл мойынды осы күнгі орыстар емес,
баяғы Мекелайдың орыстары салыпты деген не?
– Рас болар. Қай заманда да біздей емес, бұл орыс тас қалауға шебер
ғой.
– Иə, шіркіндердің ерінбейтінін қайтерсің.
Екеуі дөңкиген екі ақшағыл құмның басында сирағы серейген екі
жазылы атан үстінде бірімен бірі алыстан айқайлап тіл қатысып
тұрған-ды. Айтар əңгімелері бітіп қап, көз ұшындағы қалаға қарап тымтырыс түр. Сары Шая ши қалпақтың астына қолын сұғып жіберіп, ақ
қылшық шекесін қасып ойланып қалған сияқты. "Апыр-ай, ə,– деп
ойлады,– мына қойларды ғой ертең қаланың қу мүйіздері пышақ
ұшынан бөлісіп əкетеді. Бұлар аты-жөнін білмейтін əлдебіреудің
қорасына апарып байланады. Пышағы жалақтаған бір қу теріге үйген
етті қадақтап сатады. Онан ол ет бұлар білмейтін біреудің қазанына
түседі. Онан бірер қайнап, буы бұрқыраған табақ-табақ етті алдарына
алғасын-ақ сенің сонша жерден қоңын қисайтпай, отын-суын
қандырып мəпелеп бағып əкелген ақтылы ала қойың қаланың қай
қуының қарынында кететінін бір Құдай білсе білер, ал, бірақ сенің
білмейтінің ақиқат. Ендеше, бұлардың өзіне бұйырмайтын нəрсені
осынша өбектейтін несі бар? Онан да қасындағы серігін кішкене
қылжақтап көңіл көтеріп алмай ма? Əй, осы итті жұрт неге
"Көткеншек" деп əлдеқандай қылады? Əне! Əнекей!.. Қара атанның екі
өркеші арасында иегі астында ұйысқан қара сақалын көкке көтеріп
əуелете түсуін қараш! Ал, мына қойлар... Тəйірі, күні ертең қала
алаяқтарының қазанында қып-қызыл қуырдаққа айналатын момақан
мына жануарлар қайда кетер дейсің, құм ішінің шебіне əзір жайыла
тұрсын. Жаман қара шалмен кішкене тəжікелесіп көңіл көтеріп
алғасын, о, Құдай иек астындағы қалаға жостырып қуалап айдап
берсек... е, тəйірі, бір қозғалып кеткен тұяқ жер қоя ма? Басқарма бала
кешкі асын алдына ала бергенде біз де жетерміз-ау".
– Əй, Көшен?
– Уа, не?
– Осы халық сені неге Көткеншек дейді?
– Е, десе несі бар? Көткеншек болғасын дейді де.
– Сен, ендеше... менің де көткеншектігім бір басыма жететінін
білесің бе?
– Е, онда осы жұрт сені неге Көткеншек демейді?
– Дер, демес, ал өзің менімен көткеншектесесің бе?
– Е, несі бар... Кел!.. Көткеншектесіп көрейік!– деп Көшен шап етті.
Осыған дейін екеуі дөңкиген екі ақшағыл құмның басында бірін-бірі
алыстан қайрап айқайласып тұрған-ды. Əлгіден кейін екеуі де кенет
астарындағы түйенің басын асығыс бұрып, кендір қамшымен
остыртып тартып-тартып қалды да, құдды қазір бірінің-бірі қолында
өлетіндей тап берді. Тайрақтатып желіп келді. Майса құмға май
табандары мамырлай кіріп, бас білгеннен бері талай бұйданы үзген
жырық танаулары шуылдап, екпіндеп желіп келген екі атан бірін-бірі
төспен қағатындай омыраулай тоқтады. Жазы үстінде қоқырайған
екеудің де көздері қып-қызыл, ежірейіп кеткен. Бірі бажбиған сапсары. Екіншісі шүңірек, тебен инедей қадала кетеді.
– Кəне, кел! Келе ғой! Тəуекелің жетсе, менімен көткеншектесіп көр.
– Келсең – кел! Тек қалай көткеншектесеміз?
– Қалай болса солай. Қайсысына да тұрам.
Сары Шая құм арасының көгін қуалап бытырай жайылып бара
жатқан қойларға көз тастады. Онан астындағы ұзын сирақ қара
атанның танауын шуылдатып кимелеп тұрған қиқар шалға қарап еді.
Мына түрі құдды кезегін күткен батыр сияқты шүңірек көзі шатынап
тұр екен. Теке сақал тікірейіп əуелеп кеткен. Жаңа бұган "келсең – кел"
дегенде көйлек жағасынан қиқарлана созған сіңір мойын ұзара түсіпті.
Е, Жасаған, күзгі қара суықта түбін жел қазып тастаған қара кеңірдек
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 15
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654