Latin

Соңғы парыз - 30

Total number of words is 4331
Total number of unique words is 2344
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Неге күлесің?– деді. Түрінен адам шошығандай. Осынау
шыжғырған ыстықта қара костюмның өңіріндегі бар түймесін
тыңқитып салып апты. Сыртына сірə да қан теппейтін қара сұр қалақ
бет, əсіресе қазір сыздап ала қойған. Қозы Қарынның қарауында
осындайлар көбейіп кетті. Тағдыр бұның таланына осындайларды
бұйыртты. Бұлардың алдында өмір сүрген, əне бір үсті-басын
былғарылап, беліне қара құмандай наган байлап алған əкесімен тұстас
ұрда-жық ұрпақтың да қандай болғаны белгілі. Əу баста əйел теңдігін
шығарған солар. Өзге əйел түгіл, өз əйелінің қойнына ұрланып барып,
сонан бір кезде бір қолымен ышқыр бауын ұстап, ал, ана екінші
қолыңдағы темекі тұқылын қақала-шашала соратын-соратын да,
аяғын ұрлана басып үн-түнсіз төсегіне барып жатып, жұрт көзінше
тақуа бола қалатын сол немелер əйел теңдігі қандай болатынын, сірə
білді ме екен? Қос уыс жиналыс болса, қызыл өңеш боп қиқулап шыға
келетін сол қызыл көздер исі ұрғашының құлқын қаулы шығарып
өзгертуге болмасын қайдан білсін...
– Тағы күлдің ғой?
– Жылайын ба?
– Жоқ, аржағыңда бір пəле бар. Давай, айт!
– Айтсам, несі бар, айтам... Балалар теңізге шықпайды.
– Ка-к? Тоқта! Əй!.. Əй!..
Сен қайрылған жоқсың. Соңыңнан сыртқа жүгіре шыққан өкілдің
жұдырығын түйіп, аспан астын көшіре шаң-шұүңдап жатқан
айқайынан ұққаның – мəселеңді бюрода каратам. Ит жеккенге айдатам.
Жер басып жүргізбеймін. Құртам-жоям...
Дала алай-түлей екен. Он күннен бері күндіз-түні топырақ борап
тұрған-ды. Тартылған теңіздің түбінен ұшқан аппақ ақ сор алды-
артынан ұйытқып соққанда, əдетте сыртқа шыққан кісі жалт беріп
қайтадан ішке тығылатын. Бұндайда қырда жүрген аң да, мал да отын
ала алмай, беті ауған жаққа ығып кететін. Дауыл арты жауынға ұласа
қалса тіпті жаман. Көктен тұз жаңбыр жауып, жер бетіне қылтиып
көрініп келе жатқан шөп өрт шалғандай қап-қара боп күйіп, аяқ жетер
жерде жайылым қалмай бара жатқан-ды. Алды-артынан ұйытқыған
аппақ ақ сор бұның көзін ашқызбай, дем алғызбай, аузы-мұрнына
тыққылап жатыр. Бетіндегі бар түктің бəрі – кірпік, қас, шашқа дейін
кəпелімде аппақ ақ сор болды да шықты. Бұл бұрын бұндайда Аралды
апатқа ұшыратқан ана жақтағылардың жер астында жатқанын да, əзір
жер басып жүргендерін де боқтар еді; бұл жолы жаңағы өкілге қаны
қайнап, қара тырнағына дейін күйгені сонша, аспан мен жер арасын
ұйқы-тұйқы қып борап жатқан ақ түтек арасында желге қарсы
омыраулап басып, жынды адамша өз-өзінен сөйлеп келе жатты. Егер
сол арада көлденеңде біреу тұрса, бұның жүрегін өртеген талай у мен
зəрді есітер еді: "жерді, елді аздырып-тоздырғандарың аз боп па еді",–
дер еді бұл; "енді сендер ана сүті ауызынан кеппеген қылқандай
қыздар мен көп балалы, ауру-сырқау қатындарды балыққа
салмақсыңдар ғой",– дер еді; "көз ашқалы қызыл тобық боп су кешкен
балықшылардай, сендер енді осы елдің əлгі қылқандай қыздарын
кеудесін қара қайықтың қырына қажатып, өкірген теңізде өжектеген
толқынмен арпалысып жүріп ау қаратпақсыңдар ғой. Сүйтіп қолы
теңдікке жеткен бақытты əйелдер партия съезінің тағы бір тарихи
шешіміне орай еркектермен бірге үн қосып, балық жоспарын үш есе
асыра орындап, көшпелі Қызыл Туды жеңіп алу керек қой. Қызыл
тақтаға суреті ілінуі керек қой. Жоқ, айналайын, сол адыра қалғыр
Қызыл Ту да, қызыл тақта да аты-заты болмаған бағызы заманда Адам
Атаны көргенде Хау Анамыздың өзі ұрғашылығы есіне түсіп, қырық
айлалы түлкіге айналып қылмыңдап, қылығымен арбап баққанда, онан
өсіп-өнген бүгінгі заманның қыз-келіншегіне не жорық. Көрмейсің бе,
олар абыройын алақанмен жапқан Хау Анамыздың заманына қалай
қайтып барудың есебін таппай, үстіндегі тылтиған лыпаның етегін
күнде қырқып жүрген жоқ па? Үстінде жағасы, жеңі жоқ тылтиған
лыпаның етегіне тыным бермей, қолына қайшы түссе бас салып қырқа
бастайтын сол қарақтарым сендердің күнде-күнде қызыл өңеш боп
қиқуласқан съезіңді, пленумыңды, құлаш-құлаш қаулы-қарарыңды
қайтсін",– дер еді.
Қап, не қыласың, осыларды жаңағы неме айтпады? Болса да, ол
залымның сені аямасы белгілі. Шынында да, сол күннің ертеңіне
құртам, жоям деп ауданға шапты; бара сала Қозы Қарынға жамандап,
айтқанына жетіп ісін бюрода қаратты. Құдай оңдап, халық жауы деп ит
жеккенге айдатқан жоқ. Бірақ есесіне онан басқа пəле-жаланың бəрін
бұған үйіп-төгіп сол жолы бюродаа... бюрода-а... Жəдігер сонан арғы
жағын есіне түсіре алмай, санасы сəптіреп, талықсып кетті.
***
Таң таяу еді; дауыл ішін тартса да ашық теңіз үстінің ызғары əлі
күшті-тұғын. Бəкизат Жəдігерді ығына алып, желге сыртын беріп тырп
етпей отырғалы да біраз болған-ды, кенет Жəдігер қозғалды; тіл
қатқысы келген сыңай байқалғасын Бəкизат ұмтылып еңкейе берді де,
əлденеге кілт тоқтады; неге бүйткенін білген жоқ; тек əлденеден секем
алып, жұлын-жүйкесі сəтте ширыға қалды; сескенген жаққа қарауға
жүрегі дауаламай, іші мұздап тұрды да, сəлден соң көз қиығын тастап
еді; қарауын қараса да, көзін тартып алды; жүрек шапшып алқымға
тығылды; үрейі ұшқаны сонша, дүрс-дүрс соққан жүрек пен жан
дауысы қосыла бірге шығып кетті; бірақ шыңғырған дауыс ауыздан
шыға бергенде сақырлаған аязға сіңіп кетті ме, əлде шапшып алқымға
тығылған жүректің дүрсілі көміп жіберді ме, əйтеуір өз дауысы өзіне
есітілмей, ішінде тұншығып қалғандай; бүтіл дене безгек буғандай
қалшылдап тұрды да, əлгі жаққа тағы да жасқаншақтап қарап еді; көзге
түртсе көрінбейтін тас қараңғы түннен жаңа бұның жүрегін шошытқан
екі түйір шоқ сол қалпында қып-қызыл боп маздап тұр екен; бұның
назар аударғанын байқады ма, шоқ сəтте зым-қайым жоқ болды.
Бəкизат ытқып Жəдігердің аржағына шықты. Ақ қар, көк мұзда
зорығып жығылған нардай боп сұлап жатқан ірі денені тасалап бұға
қалды да, қараңғы түннен тінткілеп жаңағы екі түйір шоқты іздеп еді;
бірақ сырын бүгіп меңіреуленіп алған түн-түнек міз бақпады.
Бəкизат қозғалуға қорқып тұр. Назары сəл тайса да, тарпа
бассалғалы тұрған пəлемен арбасып кірпік қақпай қатты да қалды.
Бұның не екенін, неге жорырын білмей ақылы дал боп тұрғанда, екі
түйір шоқ тағы да тап жаңағы жерден маздап қоя берді.
– Жə-ді-гер!.. Жəдігер!..– деді Бəкизат; қос шоқ сəтте сөнсе де, ілешала қайта маздады; сонан кейін қос шоқ бір сөніп, бір маздап, мынау
шынында да сиқырымен арбап тұрған жын ба, шайтан ба, сондай
бірдеңе сияқтанды.
– Бұл не?– деді Бəкизат.
– Ққоорықпа...
– Білесің бе? Бұл не?
– Ққаасқыр...
Бəкизат тілі байланғандай дыбысы шықпай қалды; тек аттай тулап
кеткен жүрек шапшып құлағына дүрс-дүрс соқты.
– Ққаалтамды ққара... ссіріңке...
– Сіріңке?..
– Иəə... бұлар ооттан ққоорқады.
Жəдігер "қасқыр дегені болмаса, тəйірі зəті ит қой",– деп көңілін
аулағысы келіп еді; бірақ оған шамасы келмеді; осы кезде бұлт
тасасынан ай шықты; қасқыр жарықтан жасқанып, жер бауырлап жата
қалды. Бəкизат əлде де болса қасқырға назарын тіктеп тура қарай
алмай, жасқаншақтап көзінің қиығымен бағып тұр. Мұзға басын салып
бұғып жатқан қасқыр ұзақ аңдысудан жалықты ма, бір кезде аяғына
мініп ақырын түрегелді.
– Жəдігер... Жə-дігер...
– Ссіірріңке...
Көкжал бөрі үй аумағындай мұздың ана басындағы екеуді
салбыраған ауыр қабақ астынан бағып тұрды да, кенет басын төмен
салып бүлкілдеп жорыта жөнелді; көз қиығын олардан бір сəт
айырмай, ит бүлкілмен жортып отырып ық жаққа шықты; қарын үрлеп
тастаған тақыр мұзға бауырын төсеп жатты да, қыста да, жазда да
ылғалданып тұратын қара тұмсықтың дəл ұшы жыбырлап ауадан иіс
іздеп еді; жел беттен теңіз бен адам иісі жарысып қатар жетті; оған
місе тұта қоймаған бөрі əлде де болса ақи-тақиына жетіп анықтай
түскісі кеп, сүймен тұмсығын ілгері созып бір жоғары, бір төмен
қыдыртып иіс тартып еді; бұл жолы таң алдындағы тастай шымыр
ауадан ұстара жүзіндей өткір иіс лап бергенде, бөрінің жон арқасы дір
етті; өзі де ана жылы төртбақ қойшы атып өлтірген сұр қаншық
алдынан шыққандай атып тұра жаздады; арландық құрып жүрген
отты шағына қайта қауышқандай, бара сала арсалаңдап сұр
қаншықтың тұла бойын иіскелеп, сосын екеуі асыр сала ойнап
кететіндей еді; атып тұратындай жерден бауырын жедел көтере түсті
де, əлденеге қыңсылап жата қалды; шəугім басы сылқ түсіп жер
бауырлап бұғып жатты да, жүрегін шайлықтырған күдікті анықтағысы
кеп ауадан қайта иіс тартты. Иə, қателеспепті. Мынау сұр қаншықтың
иісі; бірақ мынау баяғы өзі білетін иістен басқа; баяғыдай ыстық қанға
шоқтай тиіп, денені дуылдатып ала жөнелетін əне бір жас тəнге ғана
тəн құдірет күш баурап тұрған жоқ. Осыдан кейін бері қанша жел
тартса да, мұрнына анада сұр қаншықтан сыпырып алған ескі терінің
иісі келді де тұрды; жүрегі шайлыққан бері бауырын жерден көтермей,
артқа қарай ығысып шегіне бастады. Кейінгі жақта атысқан-шабысқан
күресін мұздың тасасына жеткесін тұмсығын жоғары көтеріп ұзақ
ұлыды.
Құлағын сыртқа тігіп жатқан Жəдігер мынада қандай да болса, ішін
өртеп бара жатқан ауыр қасірет барын білді. Ызалы тағының жан
ашуын біреуден алмай тынбасын да білді; ол бірақ мына көкжалдың
бірнеше күннен бері нəр татпаған аш екенін білген жоқ; қырда қанша
жортса да тіске ілігер нəпақа таппаған соң, кеше дауыл басталардың
дəл алдында қиястап жағаға келген-ді; тірілігі қыр мен теңіз арасында
өтіп келе жатқан көкжал жылда-жылда қазіргідей қара суықта қырда
отырған қойшылар ойға көшіп, қораға кіріп алғанда қатты қиналатын;
бұл кезде сарышұнақ, балпаққа дейін қыс азығын жазда дайындап
ініне бекініп алып, қырда үнем созар нəпақа қалмағанда көбіне теңізге
құлайтын; толқын ұрып, сең соғып, ағыспен жағаға шығып қалған өлі
балық іздейтін; теңіз тартылғалы өлі балық та құрып кетті.
Сұр қаншық оққа ұшатында төртбақ қойшы бұны да атқан еді; қалың
сан еттің арасында қалған оқ сонан бері ауа райы сəл бұзылса да
сүйектері қан қақсап сырқырап қоя беретін-ді. Осы жолы да ауа райы
бұзылатынын алдын ала білді; бірақ бірнеше күн нəр татпаған аш бөрі
жаңа-жаңа ұстаса бастаған жас мұзды тіміскілеп жағалаудан кетпей
жүріп алып еді. Қырдан соққан қара дауыл қас қаққанша əлсіз мұздың
көбесін қақ айырып ашық теңізге қуып ала жөнелгенде, аш бөрі де
тоқымдай бір сеңде ығып кете барған-ды...
Қасқыр күресін мұздың тасасынан тұмсығын шығарып ілгері жаққа
көз салып еді, əйел əлі де есін жия алмай тұр екен; екі аяқтылардың
ұрғашыларының қауқарын білетін қасқыр онан онша айылын жиған
жоқ; ол көбіне-көп сұр қаншықтың терісін жамылып, сес шығармай
бұғып жатқан залымнан қорықты; жəне мынау сұр қаншықты соғып
алған төртбақ қойшының дəл өзі; сол жолы терісін сыпыртпай
құтылып кеткен бөрінің, Құдай айдап, тоқымдай сеңмен өзі ығып
келгеніне қуанып, алақанына түкіріп жатқандай.
Көкжал бөрі сояудай найза тістерін алдыңғы жағынан ақситып үнсіз
ырылдады. Екі аяқтылар бұнан есесін қайтарып, өшін ала алды ма, жоқ
па, оны өздері біледі, ал бұның оларға есесін берген жері жоқ; əсіресе,
сұр қаншық барда екеуі жұбын жазбай, үнемі бірге жортып, тапа-тал
түсте өріске шабушы еді. Əне, алас-қапаста арқасына тірілей өңгеріп
алған тоқтыны Бел-Аранның күнгей бетіндегі апанның алдына топ
еткізіп алып ұрды да, сұр қаншық екеуі екі жақтан тиісіп кетті; бұнан
бұрынырақ ауыз салған сұр қаншық ыстық қанға тұмсығын тығып
жіберіп, құмардан шыға тойып алды; қанша тойса да, бəрібір қарны
шықпайды; тек бүйірі бұлтиып, жұп-жұмыр сауыры мен, əсіресе
қазіргідей мажыра жаздың шуағында, күн шұғыласы түскен қылшық
құндыз түктеніп жылт-жылт етеді; аң да болса, нəсілі ұрғашы емес пе,
бұндайда сұр қаншық арланының көзіне түскісі кеп аржағы тілеп
тұрады.
Несін айтасың, ол кезде жас бөрі өмірге ырза еді! Дүние осы күйінен
құйттай да өзгермейтіндей көруші еді ғой! Өздері де өзгермей, мəңгібақи осы күйде тұратындай көруші еді! Бүгін де, ертең де, онан арғы
күндер, жылдардың бəр-бəрінде де сонау төбедегі аппақ ақ шарбы бұлт
дəл осы қазіргідей жөнін болжатпай, əлдеқайда маңып ығып бара
жататындай! Сол аппақ ақ шарбы бұлттың аржағында, алыс-алыста,
құдды жаңа ғана сумен шайғандай көк ніл аспан соңырағы күндерде де
көктен жерге мейірлене қарап күлімдеп тұратындай! Ең арысы,
балықшылар ауылының сыртында тұла бойын күж-күж қара тас
басқан жапырық тау екеш тау да соңырағы күні де, дəл осы қазіргідей
бір жағына теңізді, екінші жағына далиған даланы алып, дүниені екіге
бөліп, кəрі бураша қара жерге шөгіп жатып алатындай еді-ау? Жас
бөрінің өзі де соңыра əлі талай жыл... бəлкім, талай-талай жылдар өмір
сүретіндей еді! Сол сан жетпейтін ұзақ... ұзақ жылдардың бəрінде де
сұр қаншықпен екеуі жұбын жазбай, қырда, қара жонда бірге жортып,
тапа-тал түсте өріске шауып, малшы ауылдың бұйығы өмірін сілкілепсілкілеп алатын қызықты күндер бұл жалғанда сірə да таусылмастай
көретін!
Сұр қаншық аңнан қайтқан сайын күшіктерін көргенше жаны
қалмайтын; келе сала жерден бауырын жаңа көтерген күшіктерді
желкесінен тістеп, апаннан бір-бірлеп сыртқа алып шығатын; əдетте
жас бөрі бұндайға араласпай, оқшаулау шетте қаннен-қаперсіз жатар
еді; ене бауырына жармасқан мына бір жұмаланған сұр күшіктердің
ертең, əлі-ақ сирақтары серейіп, сіңірі жуантып шыға келетін алдағы
уақытты ойлар еді; сонан бір кезде жон арқасындағы қара қылшықтар
қалыңдап, əр талы айғыр жалындай адырайып-адырайып шыға
келгенде, бұ да бөлтіріктерін ертіп жортуылға шығар еді; екі
аяқтылармен алыс-жұлыста өтетін алдағы əлі талай ұлы жорықжортуыл да, өздері сияқты мыналар да тапа-тал түсте өріске шауып,
қырдың ұйқылы-ояу бұйығы тірлігін дүрліктіріп тастайтын өжеттікке
баулып бағар еді.
Сұр қаншық күшіктерімен əлек; желіні жер сызып жүріп те ұрғашы
екені есінен бір сəт шықпайды; əне, бауырына жармасқан топ-томпақ
күшіктердің ауызы жеткені емшекке жармасып, ауызы жетпегені
домалап құлап жатқанымен ісі жоқ; есіл-дерті жас бөрінің назарын
аударғысы кеп алдынан ойқастап, олайда-бұлайда өтеді; бұның бəрі
əншейін, бер жағындағы қылымсу; сұр қаншық талай қылықты соңыра
күйлегенде шығарады; ол кезде... е-е, ол кезде күнде-күнде өріске
шауып, ыстық қан шоқтай қайнаған жас дене қандай құп-қунақ?
Əсіресе, су жұқпайтын жұп-жұмыр сауыр құлын мүсінденіп, жас бөріге
жанынан өтіп бара жатып ретін тауып өзін қалай да сездіріп
қылымсып бағады. Ол кезде теңіз əлі қайтпаған. Жел тұрса жыны
қозып өре түрегелетін теңіз шілде айының қайсы бір шырадай
тымықтарында да шарасына симай, ісініп ыңыранып жатқаны;
күндізгі қапырық ыстық теңіз өңірін буып тұрады; сонан қашан кеш
түсіп, күндізгі ыстық қайтқанша жас бөрі сыртқа шықпай, апанда
көлеңкелеп жатып алады; күн ұясына қалай қонды, солай теңіз беттен
баяу леп шығады; күндізгі қапырықта бір бүршігі қыбыр етпей,
селтиіп қалған шөп басына дереу жан еніп, сілкініп, тұла бойын шаңтозаңнан арылтып, судыр-судырлап ала жөнелді. Жас бөрі бұның бəрін
білуші еді!
Теңіз өңірінің осы бір кезі қандай тамаша еді? Сонан кішкене сабыр
етсе, күнде-күнде Бел-Аранның кезінен аса соғатын қырдың қоңыр
желі күллі жан-жануардың көңілін ашып, дене сергіп жан мен тəн
рахатқа кенелер еді! Қырдан соққан қоңыр желмен əдетте жарысып
іле-шала келетін осы өңірдің кəдімгі таспа боз кер жусанының тұла
бойында бұрқырап тұнып тұратын қатықтай иіс сəтте тынысқа жетіп,
қанға тарағанда, жас бөрі күні бойы қасында бүйіріне бүйірін тақап
жатқан сұр қаншыққа жалтақтап шыдамсыздана, қызыға қарар еді де,
атып тұрар еді; сонан түнде қанша жортса да төрт аяғы денесін сезбес
еді!
Соның бəрі қазір көзден бір-бір ұшқан. Көзден ұшқасын көңілді де
суытып, кешегі күннің қызығынан түк қалмаған; ал қызығы
қалмағасын көкірегі құрғыр да бір кезде сол ана балықшылар
ауылының арқа бетіндегі мыжырық кəрі таудың баурайында қаңырап
бос қалған өздерінің апанындай үңірейіп тұрады деп, бұл, сірə, ойлап
па еді?
Мүмкін, қасқыр ештеңе ойламаған шығар. Аңның аты аң ғой, жаны
тебіреніп ойлауға зердесі жетті дейсің бе. Ал, мынау қашаннан бері
өзімнің де жанымды жегідей жеп жүрген көп ойдың бірі еді; қырдан
соққан кешегі қара дауылда тоқымдай бір сеңмен ығып келген
қасқырды жазарда, қалам ұшына қалай ілінгенін байқамай қалыппын.
Алайда, оқушым, қасқыр əлгінде ық жақтан кеп жел тартқанда
Жəдігердің үстіне жамылған ішіктен нафталин сіңген ескі терінің иісін
сезуін сезді. Жəне мынау анада төртбақ қойшы соғып алған сұр
қаншықтың терісі екеніне де кəміл сенген-ді. Ендеше, бұны да соғып
алғысы кеп сұр қаншықтың терісін жамылып жатқан төртбақ
қойшының дəл өзі; анада сұр қаншық екеуі күнде-күнде қойға шауып
қораны қандап жүргенде, бұ да қарап жатпай, бұлардың ізін аңдып
жүріп, бір жолы Бел-Аранның баурайында кісі аяғы баспаған терең
шатқалдағы апанның үстінен шығыпты; жарық дүниеге келгелі атаенесінен басқа ешкімді көрмеген күшіктер ойда жоқта үстінен шығып,
апанның алдына талтайып тұра қалған еңгезердей екі аяқтыны
көргенде зəрелері ұшып жалт беріпті; төртбақ қойшы асықпай,
жайғасып отырып алған да, ін түбінен бір-бірлеп алып шыққан
күшіктерді жиде сойылдың жұмыр басымен қақ тұмсықтан бір-бір
ұрып өлтіріп кеткен-ді; бұнан кейін де екі жыл қатарынан бұлардың
күшіктері баурын көтерер-көтерместе, ұрып өлтіріп, екі жағы да
көкірегі қарайып жүрген-ді. Үш жыл қатарынан бауырынан өрген
күшіктерінен айрылған ызалы қаншық ажалына көрінді ме, əсіресе сол
жолы көзіне қан толып, əдеттегі сақтығын ұмытып, жас бөріні өзі
бастап барып тапа-тал түсте өрістегі малға шапты; əп-сəтте бес-алты
қойды тамақтап, апай-топайын шығарды; қан көргесін құтырып
кеткен еді; қара дөңнің баурайында бытырай қашқан қойларды қуып
жетіп, ауызы іліккенін алып ұрып қан-жоса ғып жүргенде, əлдеқайдан
атын борбайлап келіп қалған төртбақ қойшыны кеш байқады; қойшы
ат жалына қарай еңкейе бере қолындағы темір таяқты кезеді ме, жоқ
па – аспан жарылғандай тарс етті; бөрі не болғанын байқамай қалды;
тек тағы бір қойды тамақтан ала берген сұр қаншықтың тісі
алқымынан ажырап домалап түскенін көрді; бұл ес жиям дегенше
темір таяқ тағы тарс етті; бұл жолы жас бөрінің қалың қара етіне
сексеуілдің шоғы кіргендей, күйдіріп ала жөнелді; сонан ары не боп, не
қойғанын білген жоқ; жанын ала қашып бара жатып артына қарағанда,
төртбақ қойшы қан-қан кеудесін көтеріп түрегеле берген сұр
қаншықты аттың омырауына алып жатыр екен; аржағын көре алмады;
ізінен сорғалап қан ағып, бір жығылып, бір тұрып, апанға əрең жетті;
жамбасын күйдіріп бара жатқан сексеуілдің шоғы жанын қоярға жер
таптырмай бара жатса да жағын ашпады; қан сорғалаған бөксесін де
жаламады; шəугім басын апанның шілде айларында да сыз тартып
тұратын салқын топырағына салды да, салбыраған ауыр қабақ
астында тас жұмып алған көзін ашпай, сұлық түсіп жатты да қойды.
Жас бөрі үшін ауыр күн басталды; жара ақи-тақи жазылып кетпесе
де, қан қатқан аузы қара қотырланып қалған-ды; көптен нəр татпаған
аш бөрі аяғына амалсыз мінді; сыртқа шығып, апан алдында ақсиып
жатқан сүйектерді иіскеледі; оқ қалған бөксесі əлі де сыздап ауырады;
мыжырық таудың баурайында тұрып кешегі күндері сұр қаншықпен
бірге жүрген жерлерге көз салған шұнақ құлақ, шəугім бас жас бөрінің
бүтіл бет алабында бір жері селт етпеді; жас бөрі іші өлген құр денені
ақырын қозғап, аяғын ақырын-ақырын басып, апанның қарсы бетіне
өскен қотырқара, баялышқа аунап, тұла бойындағы басы артық жабағы
жүннен, соқталанып қатқан қаннан арылды...
Сонан бері сылтиды. Бұрынғыдай бауырын жазып жүгіре алмайды.
Қырда үйір-үйір жайылған киіктер дүркірей қашқанда, бұрынғыдай
арам тер боп қумай, көбіне-көп қойлы ауылдарды торыды. Қорадағы
қойларға түсе алмағанда, ауылдан ұзап шыққан бота, тайлақтарды
жеді. Түйеге де шабатын əдет шығарды. Кеше, қар түсердің алдында
төртбақ қойшының ауыл сыртындағы қара отқа тұсап жіберген атын
жарып кеткен-ді. Сонан бері қалай кездестірерін білмей, қанына
қарайып жүрген қойшы өз аяғынан үстіне келген көкжал бөріні осы
жолы құтқармасын, қалайда терісін сыпырып аларын біліп жатыр.
***
Мезгіл-мезгіл талықсып кетіп жатқан Жəдігер осы жолы есін жияржимаста байқағаны – бұрынғыдан да əлсіреп қалған. Қалшылдап ұшып
бара жатқан денеде қол мен аяқ бар ма, жоқ па, білмеді. Өзінде қол да,
аяқ та болмаған секілді. Кідірмей тас біткен құлақ ашылып, теңіз
үстінің дыбысы еміс-еміс естіле бастап еді; осы кезде біреу иығын
ақырын қозғап тіл қатты. Жəдігер бұның Бəкизат екенін білді. Сол
бойда есіне қасқыр түсіп, тынышсызданып тіл қатқысы кеп еді; бірақ
оған шамасы келмеді. Тіл орнында бір жаңқа мұз міз бақпай жатып
апты. Əкесі ме, кім еді, дүниеден түңілгенде "адам өмірінің ақыры ит
жыртқан қара тері",– дейтін. Бұ да өмірін ырым-жырым қып бітірді;
жанарындағы майы таусылған шырақтай мына бір сығырайған, сірə,
бұның жарық дүниеден ендігі көрер соңғы сəулесі болар. Əзер-əзер
үзілмей тұрған сығырық сəуле қалай сөнсе, бұ да осыған дейін өзі
талай барып қайтқан тұңғиық тылсымға тіл тартпай жөнеле
беретіндей көріп еді; сүйтсе... Жасаған Ие-ау, бұл қалай? Бір денеде, бір
терінің ішіне сиып тұрған тəн мен жан түптің түбінде бірінен-бірі
ажырап, тəн топыраққа айналғанда, жан, адам жаны жаһаннамнан
мəңгілік мекен алатыны рас па? Тəн өлсе өлер, жан өлмей ме? Сонда
осы елдің кеше ит қосып айтақтаған кір сақал жаман шалдары да
бірдеңе білгені ме? Міне, тəн əлсіреді. Шыбын жан болса да алқымға
таялған ақырғы демнен əне-міне үзілгелі тұрғанда, бұның санасы
əлсіреудің орнына құдіреттің өзінен қуат алып сəулеленіп кеткені
қалай? Сол кір сақал шалдар айтса айтқандай, жан тəсілімде адамның
бой салатыны рас па? Адам бой салғанда бұрын соң басына келмеген
қайдағы-жайдағылардың өріп кететіні ме?.. Сосын, бұл неге қайдағы
бір көңіл босататын елжірек сезімге бой алдырып жатыр? Сондай-ақ
бұнда балалық шақтан басқа өмір болмағандай, ала-бөле бала кезі...
бала... "Жалғыз бала".
Жəдігер бұны ішінен ойлағанын, əлде даусын шығарып сыртынан
айтқанын білмеді. Қалайда, бас-аяғы жоқ осы бір жалғыз ауыз сөз тағы
да тіліне оралды: "жалғыз бала..."
Иə, бүйдеп ата-анасы айтатын. Апалары да айтатын. Бес қыздан
кейін көрген түсі басқа бала болғасын, бұны бишаралар құстың
балапанындай уызынан шайқап өсірмеді ме? Бұл туғанда бүкіл
балықшы ауыл қуаныпты. Шілдеханаға жиналған жұрт жөргекте
жатқан қызыл шақаға көз тиеді деп бетін жөргектің шалғайымен
көлегейлеп тұрып, аузы дуалы бір кемпір, бір шалға үш қайтара
құлағына айқайлатып азан шақырып "Жəдігер" деп атын қойса да, кім
біледі, осы шаңырақтың түбінде үмітін ұстар жалғыз еркек кіндік
болғасын болар, бүкіл балықшы ауыл бұны кейін "жалғыз бала" деп
кетіп еді?
Кейін апалары күйеуге шықты. Балалы-шағалы болды. Сонан келе,
бұны көрсе бишаралар "ой, жалғызым!"– деп аржағы аңырап
тұрғандары. Сүйткен бала кімге не корсетті? Кімнің басына шырақ
жақты? Бұл елдің шамасы келгендері ойға-қырға көшіп жатыр. Бөксе
басар кемпір-шалы барлар ғана ескі жұртта табан аумай отыр. Қарлы
қара аспан басына түссе де, ата мекеннен іргесі көтерілмей, тістесіп
отырған қос уыс халқына не істеді?
Шіркін, ол кезде Арал қандай еді! Аралдың адамдары қандай еді!
Күнге күйген жылтыр қара кісілер тепсе темір үзгендей еді-ау! Ұшан
теңізді өрлей салған қара торды күн шықпай қарайтын қайратты
жігіттер əдетте ол кезде таңмен таласа тұрар еді; үй ішімен бірге ерте
тұрып үйренген бала да таң қараңғыда оянар еді; бірақ кіп-кішкентай
болып алып, ішіне қулық түйген пəле бала ояу екенін сездірмей, көрпе
астынан бəрін сығалап көріп жатар еді; ояу баланы ұйықтап жатыр деп
ойлаған жандар, əне... үй ішінде үнсіз қозғалып, ыммен сөйлесіп əлекке
қалып жүргені қандай қызық! Соған мəз болған бала жырқ етіп күліп
жібере жаздап, алақанымен аузын баса қалады. Көре қал, нағыз қызық
қазір болады. Күнде-күнде таңмен таласа оянатын əкенің теңізге
шығар алдында жұрттан жасырып істейтін "ұрлығы" бар. Бұнысы тіпті
қызық! Əкесі ұрлығын істемес бұрын əуелі есік-терезені ішінен тас қып
бекітіп алады. Үй ішінде өздерінен басқа ешкім болмаса да, əуелі
үрейлі көзі алақтап,, жан-жағына қарап шығады да, сосын жүк
арасынан жайнамаз алады. Қу бала бұнан кейінде не болатынын
алдын-ала біледі. Бұның білетінінен бейхабар аңқау əкені алдаған
қулығы өзіне орасан қызық көрінеді де, көрпе астынан қыбыр етпей
сығалайды да жатады.
Бірақ, қанша сығаласа да үлкендердің тірлігінің бəріне бірдей зейілі
жете бермейді; ал зейілі жетпегеннің бəрі бұған түсініксіз, бəрі жұмбақ;
мəселен, балалар ешкімнен ештеңе жасырмайды; қуанышы болса да,
реніші болса да, бəр-бəрі сыртында; бұлар солай болғанда, ал ана
үлкендердің не болса соны жасырып, ұрланып əлек-шəлек болатыны
түсініксіз? Соңыра өзі де үлкен болғасын, əкесі құсап өз үйінде отырып
та, не болса сонан қорқып, есі шықпаса не қылсын? Ондай өмірдің несі
қызық?
Бала олай ойлайды, бұлай ойлайды, қанша ойласа да басы
жетпегесін жалығады. Сосын өмір бақи өспей, осы қазіргі қалпында
бала боп қалғысы келетін.
Ол кезде кішкентай Жəдігер көп сұраққа жауап таппайтын; əсіресе,
бір аяғын соғыста беріп келген əкенің дап-дардай болып алып жүк
арасынан жайнамазын аларда сонша неге үрейі қалмай қорқатын
себебіне тіпті ақылы жетпейтін. Ақылы жетпегесін түсінбейтін. Ал
түсініксіз нəрсенің бəрі бала болған балаға қызық. Неғұрлым қызық
болса, соғұрлым тамаша. Ал тамашаның бəріне бала болған бала
ынтығып құмарта түседі.
Кішкентай Жəдігер өздігінен басы жетпеген көп нəрсеге кейін
түсінді; сүйтсе, теңіз алғаш рет сол жылдары қатты тартылып, су
жағадан қаша бастапты. Тірлігіне талшық қып отырған теңіз тағдыры
таразыға түскенін көрген халық сасыпты. Ал сасқан халықтың жайы
белгілі: Жердегілерден үміт үзген халық көктен медет тілейді. Бұны
əдетте ауылдағы кір сақал шалдар бастайды. Осы жолы да Сібірден
есебін тауып аман оралған бір кір сақал құран ашсын. Жұртты жиып
ақсарбас шалғызсын. Садақа таратсын. Тартылған теңіздің онан бəрібір
толмасы белгілі. Қайта су жағадан бұрынғыдан бетер алыстап қаша
бергесін əлгі кір сақалдар сассын. Атам заманда сүйегі қурап қалған
əулие шалдардың жаңбыр шайып, жел-құз жеп тастаған жапан түздегі
жапырық моласына шырақ жаққызсын. Ел ішінде етек алып бара
жатқан жарамсыз, жат қылық жоғарыға жетсін. Жұрт оны Сары
Шаядан көріпті. Рас болса, рас шығар! Сол шіркін заңға жетік. Қаламы
да жүйрік. Аяқ жететін жерге өзі барады. Ал аяқ жетпейтін жерге
домалақ қағазды білдірмей, астыртын домалатады да жібереді.
Жоғарғы жақтағыларға керегі осы: əңгіме жоғарыдан шықпай,
төменнен шыққасын, төмен болғанда да қара бұқараның дəл өзі
қырағылық көрсетіп, дер кезде көземелдеп отырғасын қалай
қолдамасын. Бұлар да қолдады. Шұғыл шараны жедел жүзеге асырмақ
боп жер-жерге өкіл шаптырсын. Радио, газет шуласын. Олар ана жақта
аспан астын шулатып жатқанда, мына жақта қаламы жүйрік қулар
арамызға ұрланып кіріп алған жаулардың халық санасын дінмен улап,
ескілік салт-сананы қоздырып жатқан арам ниетін əшкерелеп
құтыртып жазсын. Сүйтіп, тап күресі мен ескілікке қарсы ашқан қан
майдан басталсын да кетсін. Күнде жиын. Күнде қиқу. Қозы Қарын
балықшы ауылдың кəрі-жасына ескіліктің тамырына балта шабуға
шақырып, ұран тастаған екен, бірақ кір сақал шалдар санасын улап
тастаған жұрт жұмған аузын ашпай, тым-тырыс отырып апты. Қарсы
да болмапты, қолдамапты да. Тілін тістеп тымырайып алған үнсіз
көптің арасынан бір кезде бір қол шошаң ете қапты. Сөз бергенше
шыдамай отырған Сары Шая жұрт алдына жүгіріп шығыпты.
Жайшылықта да етегі жел шақырып делиіп тұратын ши қалпақты
басынан жұлып алған екен, осы жұрттың айтқаны рас болса, сол арада
Сары Шаяның құдды жүні жидіген шанаштай əр жер-əр жерінде
бозамық қылшық ербиген ақ құйқа басының үнемі тершіп тұратын тас
төбесінен бу шығыпты деседі. Кім білсін, рас болса, рас шығар, төбесі
тершіп жүретіні рас. Сары Шая қызыл мата жапқан мінбеге шыға сала
"ə" дегеннен Үкімет пен партияның қаулы-қарарын қызу қолдап
"Құдай жоқ! Құдай жоқ!"– деп жұрт алдында тепсініп тұрып алыпты
деседі. Қозы қарынға мына бажбық көз сарының өжеттігі ұнапты да,
жиналыс біткен бойда оны қасына шақырып алып: "маладес, маладес,
жігіт екенсің",– деп арқадан қағыпты да, қияндағы балықшылар
аулына дінсіздер қоғамына бастық қып тағайындап кетіпті. Сонан бері
Сары Шая ат үстінде. Темір тəртіпті алдымен ағасынан бастапты:
"Бірің – аға, бірің – жеңгемсің",– депті. "Туыстығымызда мін жоқ",–
депті; "бірақ, айналайын аға, мені басқа білмесе де, сен білесің. Маған
туыстық парыздан көрі партия алдындағы парыз қымбат. Əуелі
партиялық парызымды орындаймын. Соңыра айтпады деп
жүрмеңдер... Сендердің осы ауылдағы əне бір жаман шалдардың сөзіне
еріп Құдай, Құран, Дін, сосын тағы салт-сана, ырым-жырым, қырушыруларың... кевенематри, тамырына балта шабам. Солай ағасы!
Осыдан айтқанды тыңдамасаң, ағам болсаң қайтейін, аямаймын",–
депті де, есікті тарыс жауып шығып кетіпті.
Сонан бері əкесі таң намазын түпкі бөлмеде тығылып отырып
оқитын; сосын аяғын ұшынан басып жалғыз бала жатқан төсекке
баратын. Əкесінің қазір өзіне келетінін білетін қу бала көрпе астында
дем алмай, тым-тырыс бола қалатын. Қыбыр етпей, көзін тарыс
жұмып жатып та дəл қазіргі əке ойының аржағын білетін. Төсекке
ентелеп төніп тұрған əкенің басында жалғыз баладан басқа не ой
болушы еді; "жалғыздың жанына жамандық бере көрме",– деп Тəңірге
жалбарынып тұрған шығар-ау!
Кішкентай Жəдігер ояу жатып, өп-өтірік ұйқтағансып аңқау əкесін
алдаған өзінің орынсыз қылығынан өзі қысылатын; балаға бауырынан
байланып, көзімен де, көңілімен де аймалап тұрған əке дəл қазір құдды
ботасын баурына алып, тұла бойы түгел еміреніп тұрған кəрі түйеге
ұқсайтын; сол кезде өзі де əкесін ышқыны кете жақсы көріп, кішкентай
баланың кіп-кішкентай жүрегі кіп-кішкентай кеудесін дүрсілдетіп
қатты-қатты соға бастайтын; енді кішкене кідіргенде жылап жіберер
еді; абырой болғанда, сол кезде əкесі кетуге бет алатын; кетіп бара
жатып та қашан есіктен шыққанша жалтақтап артына қараумен
болатын; сыртқа шыққасын үй іргесінде сүйеулі тұрған қос ескек, бір
таяуды қолтығына қысып, ағаш аяғын сүйретіп басып теңізге бет
түзеп бара жатқан осынау елең-алаңда, анасы пақыр мал қорада
топатай шелекті тізесіне қондырып, қараша іңгеннің баурында
жабысып тұратын; ботасы ерте өлген іңген əдетте исіне қоймайды;
қашан тас емшектің тамыры жібіп исінгенше, исінгесін де сыздықтап
шыққан ақ əуелі топатайға бір түйір-жарым түйірлеп тырс-тырс
тамып, сосын іле-шала ақтың көзі ашылып, топатайдың түбін
тесетіндей тызылдап ала жөнелер еді; баяғыда бұл елдің ер азаматы
соғысқа кетіп, торт жыл ескек тартқан қара кемпірдің тастай
саусақтары сонан қашан тас емшектің сүтін қақтап сауып алғанша
ыңырсыған іңгенге үнін қосып тұрып та, анасы пақырдың да бар тілегі
бес қыздан кейін көрген осы жаманның үстінде болмады дейсің бе?..
Жəдігер жылады ма, жылағысы келді ме, иегі кемсеңдеп қалды.
Əкесі марқұм дүние тауқыметінен құтылып, қара жердің астында
жатыр; көп ұзамай, бұ да əке қасынан орын алады; арқасындағы жүгін
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 31
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654