Latin

Соңғы парыз - 31

Total number of words is 4361
Total number of unique words is 2087
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
апаратын жеріне жеткізе алмай, жарты жолда зорығып жығылған
кіреші көлігіндей, ақ қар, көк мұзда өлі мен тірі арасында титықтап
жатыр. Бұл жазғанға, тым құрыса басқалар сияқты Құдайдың қара
жерінен бір уыс топырақ бұйырмай, көк теңіздің ортасында үсіп
өлгенін қарасайшы. Жə, өкінері жоқ, тіріде адам сияқты өмір сүре
алмағасын, адам сияқты өлім бұған қайдан бұйырсын. Бір есептен,
бұған осылай ыққан сеңде толқын шайқап, тербеліп жатып жан тəсілім
болған əбден лайық. Иə, бұған сол... сол лайық, ха-хаа...
Жəдігердің кеудесі қысылды; əзер-əзер үзілмей тұрған əлсіз тынысы
тоқтап қалды ма, əлде тағы да талықсып баpa жатты ма, санасы
сəптірей бастаған осы бір сəтте аржағынан ықтияр еркінен тыс шығып
кеткен əлгі ызалы күлкі бұның өзіне де есітілген сияқтанды. Иə, есітті.
Жəдігер өзінен əлі де болса дыбыс шығатын дəрмен табылғанына
таңданып еді...
***
Бұл екеуі əлгінде бір-біріне жақындап келген еді де, бата алмай
тұрып қалған еді; бірі – əйел; тізесі дірілдеп, екі аяғы денесін əзер
көтеріп түр; қолы сəл қалтыраса да, уысына қысып алған əне бір кіпкішкентай қорапша ішінде бірдеңе қоса шылдыр-шылдыр етеді. Ал
екіншісі – қырдың көкжалы; екі аяқтылар мен алыс-жұлыста өткен
мігерсіз өмірде бұ да оларға аз лаң салған жоқ: өріске шапты; қораға
түсті; қойларын қырды; сиырын жарды.
Екі аяқтылар да бұны аяған жоқ: жолына қақпан құрды; жалғыз оққа
байлады; соққыға жықты; иттерге талатты; тайыншадай көкжал
бөрінің тұла бойында қазір оқ тимеген, иттер таламаған, қанды ауыз
қақпан шаппаған сау тамтық жоқ; құйрық пен құлақты баяғыда бергенді; онда сұр қаншық тірі еді; бір жолы бұл сұр қаншықтың соңын ала
шимен қоршаған қойлардың үстіне кіре бергенде иттер біліп қалды;
қойлар дүркірей атып тұрды; алас-қапаста жас бөрі тісіне ілінген бір
тоқтыны арқасына өңгере сала сұр қаншықтың соңынан сыртқа атып
шыға бергені сол еді; арс еткен ауыз құлақ шекеге қадалды; сол жолы
ит аузында кеткен құлағына да қайрыла алмай, зытып берді... Сонан
бастап бұл өңірге "шұнақ құлақ көкжал" атанып еді; сұр қаншық оққа
ұшқаннан кейін де екі аяқтылар бұны қара жерді өздерімен бірге қатар
басқызып жүргізгісі келмеді. Бұ да осыған дейін шанышқыдан
жырылған шабақтай, терісін сыпырғызбай келіп еді; тағдыр бұларды
енді аядай мұзда кездестірді. Тайсақтайтын жер емес; жарық дүниеде
енді я ол, я бұл жүреді; ол жүрсе, бұның терісі сыпырылады. Оны екі
аяқты қандай білсе, төрт аяқты бұ да сондай біліп шыбын жанды
шүберекке түйіп тұр. Мына шүйкедей əйелді өрістен талай-талай
өңгеріп əкетіп жүрген тоқты құрлы көріп тұрған жоқ. Қазір де
шырқыратып бассалғалы талай ұмтылса да, бірақ əйел соның бəрінде
де қолындағы əне бір кіп-кішкентай қорапшадан от шашып бетін
қайтарып тастап тұр. Соған ыза болды ма, жақындап келіп жер
бауырлап жатқан бөрі атып тұрды. Төрт аяғына түгел мінгенде,
тайыншадай көк жалдың жотасы шығып зіңкиіп кетті. Желке жүні
түгел тікірейіп, тұла бойындағы бар ызғар, бар-бар зəрді сүймендей
тұмсықтың дəл ұшына жиды да, дыбысын шығармай ырылдап еді.
– Жəдігер!.. Жəдігер...– деді Бəкизат. Абыржи шыққан əйел даусын
есітсе де, қыр тағысы оған қыңбады. Мына аядай мұзда өзінен де басқа
біреулер бар ма, жоқ па, тіпті миына кіріп шықпайтын сияқты. Сіңірлі
жуан аяғына міне сала шəугімдей басын жоғары көтеріп, түндегі дауыл
шудадай түтіп дал-дұлын шығарған бұлтқа қарады. Сосын сол далдұлы шыққан бұлттардың ара-арасындағы саңылаудан, сонау алыста
сəулесін сарқып сығырайған жұлдыздарға қарады. Онан суық бу
қоралаған солғын айға қараған боп тұрып та салбыраған қабақ астынан
көз қиығын əйелден айырмады. Осы қазір ол мына əйелден де гөрі
оның жанында сұр қаншықтың терісін жамылып тымтырыс боп бұғып
жатқан пəледен көбірек қауіптенді. Төртбақ қойшының қолы қатты.
Оны біледі. Ызалы бөрі ана жылы сұр қаншықтан айрылғасын күндізтүні осы қойшының аулын торыған-ды. Шаруаға мығым қойшының
қорасы да тап-тұйнақтай екен. Төбеге лайды қалың құйыпты. Жас бөрі
құдды ін қазғандай жата қалып лай сылақты тырнағымен айырып,
дене сиғандай тесік жасап алып еді; аржақтан қырдың қара отына
семіріп, қоңынан жарылып тұрған қойлардың күлімсі шайыр исі лап
беріп тұмсыққа ұрды. Қар түскелі тісі қызылға тимеген аш бөрі
сілекейін жиюға да шамасы келмей, жаны дызығып шиыршық атып
кеткені сонша, əдеттегі сақтық есінен шығып кетті. Дүркірей атып
тұрған қойлардың үстіне төбеден ырғып түсе сала, тісіне ілінген
момынның мойнын бір-ақ бұрады; аузына əлі бір жапырақ ет тиген
жоқ; бірақ қан көргесін құтырып кеткен тағы тоқтайтын емес; əп-сəтте
үш-төртеуін топалаң келтіре сала, қан-қан аузын тағы да бір
момынның алқымына салып тамақтай бергенде, сарт етіп есік
ашылды; айлы түннің аппақ сəулесімен ілесе енген ақ көйлекті, ақ
дамбалды біреу ішке айқайлай кірді; бірақ бұл кезде көзі қызарып
есіріп алған бөрі онан айылын жиған жоқ; тас қараңғы қораның төрт
қабырғасы арасында есі шығып, бірін-бірі басып опыр-топыр боп
жатқан коп момынның бірін алқымнан ала сала тамақтай бергенде,
əлгі ақ көйлек, ақ дамбалды құшақтаса кететіндей үстіне төніп қалып
еді; қасқыр оны кеш байқады; соның аржағы... Сарт-сұрт жағалас болды
да кетті; бөрі бірін біліп, бірін білген жоқ; тіс тисе дыбыс шығаруға
шамасы келмейтін əлгі момынды тамақтай алды ма, жоқ па, білген
жоқ; бар білгені – қатер төнген жаққа қарысқан мойнын күшпен бұрып
арс етті; бірақ бұл ауыз салам дегенше, анау бұрын қимылдап қайың
сойыл қара тұмсыққа сарт етті; көз оты жарқ етті; жас бөрі бұрын
бұндайда жасу орнына, дыбысын шығармай долдана түсуші еді; осы
жолы денесіне таяқ батқан иттей қаңқ етті; бірақ есін тез жиды; қайың
соққы қайта сілтелгенше бөрі жанын ала қашты; тар қорада опыртопыр боп жатқан қойлардың бір май, бір ет бып-былқылдақ қоңына
сояудай-сояудай тырнақтарын түгел батыра төрт аяғын қатты тіреп
сыртқа бір-ақ ытқыды; иттер арс-арс үріп, азан-азан боп жатқан
ауылдан ұзағасын қасқыр тоқтап, артына бұрылып еңсеріле қарап
тұрды да, соңынан өкшелеп келе жатқан ешкім болмағасын тұмсығын
желге төсеп жата кетті. Аузындағы жағы қарысқанша тістеп алған
зілдей бірдеңені жаңа байқады. Бірақ оның не екенін білген жоқ; тек
бел ортасынан тістеп алған зілдей нəрсе жерге түскенде бөрі атып
тұрды, суық жанар сəтте зəрленіп, тұла бойы без-без бүршімек дырау
сойылды бас салып қауып-қауып алды... Сонан бері бөрі қолы қарулы
қойшыдан қайбартып, бетпе-бет кездесуден қашып жүрген-ді...
– Жəдігер!.. Əй, Жəдігер... қасқырдың менімен тіпті ісі жоқ. Айға
қарап тұр.
– Ссааққ... ббоолл...
– Қорқам...
Қасқыр бұларға əлі назар аударған жоқ. Борбайын көтеріп,
қасындағы күресін мұзға сарыды. Сосын торт аяғына бірдей шіреніп,
бауырын керіп сілкініп-сілкініп алды да, басын жерге салып сөмпеңдеп
жорта жөнелді. Жолын кеселеген күресін мұзды айналып өтпей, арғы
жағына ырғып түсті. Үй аумағындай мұздың су шайып жатқан
жиегімен басын жерден көтермей, бүлкілдеп жүрді де, кенет кілт
тоқтай қап аяғының астын шыр айнала иіскелеп кетті. Арқасы мұзға
жабысып қатып қалған қызыл қанат қылағай шабаққа əрі-бері ауыз
салып еді; бірақ шыныдай жылтыр мұзға тісі ілікпей, қайта-қайта
тайып кетіп ызасына тиді. Қасқыр ширығып, шыдамсыздана
қыңсылап алды да, жер бауырлап жата қап, қайсы бір жылдары
ашыққан-ашыққанда тышқан інін қазғандай шыңылтыр, шыны мұзға
тырнақ салды. Əйел есінен мүлде шығып кетті. Қызыл қанат шабақты
көк жентек мұз бен қосып шақыр-шұқыр шайнады. Аузы-басын
қанатып тілгілеп тастаған шыны мұзды тілімен үйіріп талмап жұтты.
Ішіне не барғаны белгісіз, оны аш бөрі ойлаған да, білген де жоқ.
Əлгінде қашыр-қашыр шайнап əзер жұтқан мұзшабақ ішке барғасын да
жуық арада ерімей, бүйірінің бір жағын мұздай қып жатып алды. Ашық
теңіз үстінің таң алдында тіпті күшке мініп қылшылдап кеткен аязы
қатты қысқан арық дене ауық-ауық тітіркеп қалады.
***
Сонда да дəл қазіргідей күз бен қыстың аралығы еді; қар əлі жауа
қоймаған; бірақ ұдайы арқадан соғып тұрған қара суық аңның да,
адамның да зықын алып тұрған-ды.
Қыр тағысына қашанда қазіргідей күз бен қыс қиын. Қыс азығын
əдетте жаз басынан қамдайтын тышқан екеш тышқан бұл кезде
сыртқа шықпай, жер астына тығылып алған. Тырнақ батпайтын тоң
жерді қазу қандай азап! Бар өмірін қыр мен теңіз арасында алысжұлыспен өткізген көкжал қазір кеп нəрсені білетін: ол, мəселен,
қойшылардың бəрі бірдей емес, олардың ішінде де бойкүйез бозымдар
аз емесін біледі. Ондай бозымдар қорасына қасқыр түсіп, қойын қырып
жатса да үйден аттап шықпайды. Мықтағанда көрпе астында жатып
сырттағы иттерге айтақтайды. Немесе: "Қатын, қатын... иттер азанқазан боп кетті, ауылға қасқыр келген жоқ па? Бар, қарап келші",– деп
қасында жатқан əйелін жұмсайды.
Сұр қаншықтан айрылғасын жас бері көбіне-көп осындай
қойшыларды айналдырды. Бірақ олар ит-құстан зықы кете бастаса,
қырдан көтеріліп, ойдағы қораға көшіп алады. Қырда тек өзіне
сенетіндер қалады... Əсіресе, төртбақ қойшы қырда ұзақ отыратын. Сол
жылғы қырдың қара оты тіпті əлемет болған-ды. Əсіресе, күз
басындағы екі жауыннан кейін қырдың қара оты қайта көтеріліп,
жусан мен изен басы бүрленіп бабына кеп балбырап тұрды. Қойға қоң
бітіретін қырдың осы бір кезін қимаған төртбақ қойшы сол жылы қар
түскенше көшпей, қара дөңнің ығында ұзақ отырып қалған-ды. Оның
өзі сияқты иттері де шетінен жаужүрек, өжет еді; жас бөрі соның бəрін
білді; бірақ аштық шыдатпай ішін тырнап бара жатқасын қара дөңде
отырған жалғыз үйді үш күн торыды; төртінші күні де тағыларға тəн
сақтықпен күдікті жерді баспай, ық жақты ала ақырын-ақырындап
келе жатты; үш күннен бері өзі жүрген іздің үстін басып, аңдысып-ақ
келе жатқан көк жал көзін бір сəт аяғының астынан алып, анадай
жерде ши қораға иіріп тастаған қойлардың əсіресе, осы қазір қырдың
қара отына семіріп қоңынан жарылып тұрған кезі екенін ойлап кетті
ме, əлде ық жағын ала келгесін бір қора қойдың ұйыған қатықтай
шайыр иісіне елітіп басы айналып кетті ме, əйтеуір, жаңа ғана аяғын
абайлап басып аңдысып келе жатқан ізден ауытқып шығып кеткенін
байқамай қалған-ды. Алдыңғы, əлде артқы аяғы екенін білмеді. Қай
аяғы болса да, бұл аса сақтықпен сүр топырақты сипай баса бергенде
əлдене аяғының дəл астынан сарт етті. Қасқыр атып түсті. Бірақ қазақы
күпінің жеңіндей сала құлаш құйрықты темір азу бірдеңе сарт етіп
қапты да, тістеген жеріне қадалып жабыса қалды. Қасқыр шоршып
атып-атып түсті. Ет қызумен ештеңе сезген жоқ; тек тістеген жерінен
айрылмай, тас қып жабысып алған мына бір темір азу пəле соңынан
қалмай, сарт-сұрт сирағына ұрып шылдыр-шылдыр сүйретіліп келеді.
Бауырын жазып жүгірейін десе əлгі пəленің тап-тастай қыры қос
тілерсегін сабалап, қайта-қайта омбылап жығыла берді. Қапелімде қос
тілерсектің терісі сыдырылып, ізінен қан тамшылап келе жатты. Бірақ
жаны ышқынған қасқыр оны білген де, сезген де жоқ.
Қойшы ауылдың иттері кеш біліп қалған-ды. Қара тазы бастаған бір
топ ит арсылдап келеді. Бұл болса бауырын жаза алмай шоқаңдап
қалды. Қасқыр мыналардың құтқармай, қазір-ақ қуып жетерін білді де,
кілт тоқтады. Анау-мынауға иліге қоймайтын тоң мойынды түбінен
бұрап, артына бұрылып еңсеріле қарады. Иттер арсылдап келіп қалды.
Қасқыр ызғар шаша ырылдап, аппақ тістерін ырсита сақ-сақ етті.
Сосын тістеген жерінен айрылмай жабысып алған əлгі пəле есіне түсті
ме, қайрыла бере арс етіп қауып алды. Көк темірді шайнап тастағысы
келгендей, азу тісін шақырлата басып қалып еді; асты-үстінен бірнеше
тіс сынып, аузы даладай қанады.
Иттер аспан астын көшіріп арсылдап келеді. Іштерінде үнсіз түйіліп
алған тек қара тазы. Көкжал бөрінің көбіне-көп қорқатыны да қара
тазы. Қалғандарының жайы бұған белгілі: өңшең нəсілсіз. Ел шетіне
бөрі келсе осылай арс-арс үріп, бірін-бірі айдап салады, қалған уақытта
жалғыз жүріп түк бітіре алмайтын өңшең қорқақ. Бірақ... қалай десе де,
көптің аты көп; қойшының қатыны көңілі түссе итаяққа жуынды
құйып, сүйек-саяқ тастағанда таласа кететін нəсілсіз немелер, қырдың
көкжалын көргенде осылай демде ауыз біріктіріп ала қояды. Көре қал,
қазір де жұдырықтай түйіліп алған мына көп шуылдақ тобын жазбай
арсылдап кеп жан-жақтан ауыз салғанда, бұл əр иттің аузында бір-бір
жапырақтан кетер-ау!
Сол түні ай сүттей жарық еді; қайтерін білмей сасқанда көзі жерге
жарты беліне дейін кіріп кеткен қазандай қара тасқа түсті. Қасқыр
бөксесін дереу тасқа бұрып тұра қалды да, құйрығына жабысқан пəлені
бұлғап ұра бастады.
Қанша ұрса, сонша миы солқ етіп тəлтіректеп құлай жаздап, аяғына
əзер-əзер тұрып қалады. Бірақ жабысып алған пəле құйрығымен қоса
үзіліп түспей айрылар емес.
Иттер тіпті жақын қалды. Қасқырдың басы айналып тұр. Денесін
əзер-əзер билеп, құйрығын тасқа бұрды. Салмақты төрт аяққа салып
шіреніп тұрды да, төңкерген қазандай қара тасқа құйрығын бұлғап
ұрып еді; қос шекесі солқ етіп, құлағы шаншып кетті. Көзі қарауытып,
құлап бара жатқан секілденіп еді; əлгінде ғана түйдек шоғырын
жазбай, ұмар-жұмар келіп қалған көп шуылдақтың арсылы кілт үзіліп
өшіп кеткен-ді. Көк жал есін тез жиды. Қалайша құламай, төрт аяғы
денесін көтеріп тұрғанына таң қалды. Сосын... Иə, сосын тап жаңа ғана
зілдей боп жерге тартып тұрған бөксесі дем арасында қаңбақтай жепжеңіл боп кетті. Қаңбақтай жеп-жеңіл дене бұның демеусіз-ақ өз-өзінен
ырғып, анадай жерге бір-ақ түсті. Бөрінің жанын сақтап қалған да осы
еді; оң қапталынан арс еткен қара тазы "əттегене-ай",– дегендей, ауыз
тола тістер сақ-сақ етті...
Сонан бастап бұны бұл өңір "шолақ құйрық көкжал" деп атап
кеткен-ді. Көкжал көпке дейін өзінің қазіргі халына үйрене алмады.
Құйрықсыз дене құдды рөлсіз қайықтай. Əсіресе, өріске шапқанда
қиын. Көсіліп жүгіргенде өз денесін өзі билей алмай, біресе оңға, біресе
солға ауытқып жолдан шығып кете берді. Бірақ... қуғын-сүргінсіз күн
өтпейтін бөрі жүре келе бұған да үйренді. Қыр мен теңіз арасында
жалғыз жорытқан шолақ құлақ, шолақ құйрық көкжалды балықшы
елдің бала-шағасына дейін тегіс білген-ді.
Бəкизат көзін көкжалдан айырмай түр. Аядай мұзда кездесіп, бірбірімен аңдыса-аңдыса ақыры бұның да сырын алған сияқты.
Əдепкідей емес, қазір бұған да бойы үйреніп келеді. Қасқыр да қыбыр
етпеді. Əлгінде ық жақтан жақындап кеп басын мұзға салып жатқан
жерден əлі қозғалған жоқ. Салбыраған қабақ астынан аржақ ойын
аңғартпай, салғырт көз салып жатқан қыр тағысы, кенет басып көтеріп
алды. Əйелге суық жанарын тіктеп шаншыла қараған сияқтанды.
Əйел Жəдігердің қолынан ұстай алды. Жаны кетіп қалған қолдың
мұп-мұздай саусақтары сексеуіл шырпысындай секейіп-секейіп қапты.
– Жəдігер... Жə-дігер...
Жəдігер санасы сəптіреп талықсып жатып та бірдеңелерді сезетін
сияқты. Шап беріп ұстай алған əйелдің қолының дірілінен əлдебір
қорқыныш сезді. Есіне іле-шала əлгінде тоқымдай сеңмен ығып келген
қыр тағысы түсті де, Бəкизатқа "қалтамдағы оттықты ал!" дегісі келді.
"Ал! Ал!"– деп айтып та жатқан секілді. Бірақ бұл қанша айтса да,
Бəкизат есітпей ме? Əлде есітуін есітсе де көңіл бөлмеді ме? Сосын бұл
сөзбен айтып жеткізе алмағанын көзбен сездіргісі кеп, жаутаңдап
қарайтын сияқты. Иə, қарап жатыр. Бірақ бұл қанша қараса да, көзіне
тіреліп тұрып алған мына бір тас қараңғы түнек жанарын дарытпай
қайырып тастап тұр. Құрдан-құр арпалыса-арпалыса Жəдігер де
қалжырады. Кезіне тірелген тас қараңғы түнек бір кезде кеудеге көшіп
көкірегін жаншып баратты. Сонан-ау, сірə... жаңа ғана жан жоқ
сияқтанып бет-бетіне секейіп кеткен саусақтардың сүйегінің ішінен
əлдебір ұп-ұсақ қылқанақ инелер тесіп шыға алмай жатқандай,
шымылдап шаншып қоя берді. Жəдігер осы жолы да əр кездегідей
дыбысын шығармай тістеніп ала қойды. Жоқ, тістеніп алғысы келіп
еді; өзіне салса шынында да тістеніп алған сияқты. Ол əйтеуір осылай
өзімен-өзі əлек болып жатып жаңа қатер тіккен қыр тағысы да,
айтқанына құлақ аспай қойған қыңыр əйел де кəперінен шығып кетіп
еді; осыдан кейін де сана сəптіреп бірді-бірге шатыстырып жатқанда,
кенет көкірегі үстінде əлдене оз тірлігінен белгі беріп бүлк-бүлк етті.
Бұның не екені Жəдігердің есіне бірден түсе қоймады. Осы жолы
бұрынғыдан да гөрі қатты əлсіреп қалғанын сезіп жатыр. Үсіген дене
құдды оты сөнген ошақтай, қызуынан айрылып əбден мүздап, аузымұрны буланбағалы əлдеқашан. Ашық теңізде өткен бір күн... Жəне
мына бір түн бұның да титығына жетіп əлсіреген кезде көзіне көрінген
тірі жəндік болғасын ба, Жəдігердің назары осыған ауды. Бұның зер
салғанын сезді ме, титтей тірілік те жаны байыз таппай қозғалақтап
қомп-қомп етіп аударылып түсе берді. Міне, бұның жүрегін іздеп
тапты. Бұның бүтіл денесінде əлі де болса ажалға беріспей, қайрат
көрсетіп жатқан жалғыз осы болғасын ба, өзінің кіп-кішкентай, ыпыстық көкірегімен басып жата қалды.
Жəдігер қозғалса үркітіп алатындай қорқып, қыбыр етпей бағып
жатыр. Осы бір құп-құртақандай тірліктің бар мұғдары жас бала
жұдырығындай болып алып, əлдекімнің өмірі үшін осыншама өлімін
сала жанталасқанына қайран. "Е, пақыр!"– деді Жəдігер. Үсіп өлуге
қараған кісінің қай жері сүлдерін сарқып əлсіреп бара жатқанын қайдан
біледі? Əлде бұған Құдай сездіре ме? Осыған ойы жетпей жатқанда,
əлгі пақыр бұны тағы да таң қалдырып үсіген дененің əлсіреген жерін
дəл тауып, баурын басып жата қалып еді; сол араға дереу жан еніп, қан
тамырлар лүп-лүп соқты да кетті. "Айналайын-ай!"– деді Жəдігер.
Ырзалығын сыртына шығарып есіттіріп айтқысы келіп еді; оған бірақ
шамасы келмеді. Əлсіреген сана тағы бір оралғанда "осы мен тірімін
бе?"– деп ойлады.
Тірі бола қалғанда да, мынау бұның үзілер алдындағы ақырғы,
соңғы тынысы. Əлі де болса бұны ақырына дейін өлтірмей тынысдемін созып, бар мен жоқ, өлі мен тірі арасында жатқан осы бір шақта
есіне қайдағы-жайдағыны салып санасына саңылау сəуле беріп тұрған,
ол, сірə, Құдай да, Адам да емес, мына бір көкірегі үстінде өз тірлігінен
нышан беріп бүлк-бүлк етіп жатқан кіп-кішкентай пақыр болар-ау! Иə,
осының, осы пақырдың шерепеті! Иə, соның...
Жəдігер талықсып кетті. Сонан бір кезде есін жиғанда біреу бұны
жұлқылап жатыр екен.
– Жəдігер!.. Жəдігер!..
Бұл құлағының дəл түбінен шыққан əйел дауысын əзер есітті. Бірақ
əйелдің бұнша неге жанұшыра мазасызданып жатқанын білген жоқ.
Ертеден бері басын мұзға салып жайбарақат жатқан көкжалдың кенет
орнынан атып тұрғанын да көрген жоқ-ты. Төрт аяғына түгел мінгенде
қырдың көк жалының жотасы бұрынғыдан да көрі зорайып, зіңкиіп
кетті. Анау-мынау емес, тайыншадай ірі денеге рабайсыз шəугім бас
пен күдірейген жалға оның талай иттің аузында кеткен шұнақ құлағы,
бір тұтам шолақ құйрығы қосылғанда мына бөрі тіпті үрей ұшырды.
– Жəдігер!.. Жəдігер!..
Қасқыр жақындап қалды. Тағы сұр қаншықтың терісін жамылған
кісіде өзіне қарсы қайрат көрсетер қауқар жоғын білетін сияқты.
Бəкизат қорапшаны тас қып ұстаған қолын кеудесіне қысып дір-дір
етіп тұр. Жұлын-жүйкелер шарт үзілетіндей ширығып барады. Қасқыр
əйел мен екі арада бір ырғитындай жер қалғанда шұнақ құлақтың
тұқылын жұмып алды.
Бəкизат шыңғырып жіберді. Қасқыр оған қыңған жоқ. Қайта
шекеден шыққандай ащы дауыс ызаландыра түскендей. Сүймен
тұмсықтың дəл ұшына жапсырған былғары жамау қатты жиырылып,
сояудай тістер алдыңғы жағынан ырсиып сақ-сақ етті. Сол сəтте өзі де
құдды шіреніп тартқан садақтай атылуға əзірленіп қалған-ды. Əйелдің
қолындағы қорапша сылдырады. Іле-шала сіріңке жарқ етті. Атылғалы
тұрған қасқыр кенет артқа қарай ытқып түсті. Бəкизат тары түйіріндей
күкірттің құдіретіне көтеріліп кетті. Артқа қарай ытқып түскен
қасқырдың соңынан бұ да жедел ұмтылып, қорапшада қалған
сіріңкенің бəрін бір-ақ уыстап алды да, бəріне бірден от алдырды.
Жарқыл-жұрқыл от алған сіріңкелерді жүгіріп барып қасқырға жете
бере лақтырып еді; онсыз да беті қайтып қалған қасқыр жанын ала
қашты. Енді бір басса аржағында қап-қара боп қайнап жатқан теңізге
құлайтын болғасын кілт тоқтады. Жиегін су шайып жатқан мұздың
шетіне бөксесін бере шегініп барды да, əйелге қарсы қарап тұра қалды.
Əйел де кілт тоқтады. Орынсыз батылдықтан өзі қорқып кетті. Енді
кейін қарай қалай шегінерін білмей, қасқырмен бетпе-бет кеп
қалшиды да қалды. Қолындағы қорапшада жалғыз тал да сіріңке
қалмаған-ды. Қасқыр қозғалар емес. Бəкизат болса тұрған жерге
табаны жабысып қалғандай. Кішкене қозғалса да қарсы алдында көз
айырмай аңдысқан көкжал бас салатындай. Ендігі тұрыстың ұзаққа
созылмасын екі жағы да білді. Бұл жолы да қимылды қасқыр бұрын
бастағысы келгендей ауыз тола тістер ақсиып үнсіз ырылдай
бергенде, əлдене аяқ астынан тарс етті. Онсыз да ширығып тұрған
жүйкенің бір жері үзіліп кеткендей. Бəкизат кеудесін ұстай алды.
Аяғына басып тұра алмай, əлі құрып отыра кетті. Денесінен оқ тиген
жерді іздеп, о жер-бұ жерін сипап еді; өзі аман сияқты. Есесіне оқ
қасқырға тиген бе, қалай? Итше қаңқ етіп, бөксесін басып шоңқайып
отыра кетті. Жаралы тағы ештеңеден тайынбай, оққа қарсы шабады
деп есітетін... Бəкизат кірпігін қағып қайта қарап еді; қасқыр шоңқайып
отырған тоқымдай сең үлкен мұздан əп-сəтте іргесі ажырап, ары қарай
ығып барады екен. Қол-аяғынан əл кеткен əйел отырған жерге шөгіп,
бетін басты да жылап жіберді.
Қасқыр қапелімде қарасы көзден үзіліп, қашықтап кетті. Айлы түнде
жал-жал толқындар ереуілдеп, өкіріп жатқан теңізде, қалт-құлт батып
шыққан тоқымдай сеңде ығып барады. Сүмсік бөксесін мұзға тіреп,
сүймендей тұмсығын көкке созып ұзақ-ұзақ ұлыған даусы көпке дейін
құлақтан үзілмеді. Бір сеңмен ығып келген қырдың көкжалы, əне
тоқымдай тағы бір сеңмен ығып барады...
***
Есін жияр-жимаста Жəдігердің байқағаны – бүтіл денесі алаулап
күйіп барады екен. Ала-бөле екі беттің ұшы шоқ басқандай шыдатпай
əкетіп бара жатты. Жаңа ғана тұла бойында сау тамтық қалмай үсіген
дененің, енді бұлайша неге күрт өзгеріп, күйіп-жанып бара жатқанына
түсінбеді; мынау дененің қызуы ма? Дененің қызуы көтерілгенде кісі,
сірə, осылай... үсті-басы өртеніп бара жатқандай күйіп-жана ма? Айтса
да... бұл бұнан бұрын да басынан осындай... Жо-қ, осыған ұқсас бір
халды көшпеп пе еді? Иə, бұл қыста балықшыларға еріп күні бойы
теңізде боп, сонан ел жата жаурап қайтқанда анасы пақыр алдынан от
жағып қоюшы еді-ау. Сонда бұл отқа түсетіндей шабынып отырып
алғанда сүйегіне өткен суыққа бəрібір жуық арада жылу бара қоймай
қалш-қалш ұшып бара жатқанда, ала-бөле екі беті дəл осылай шоқ
басқандай өртеніп бара жататын еді ғой? Жəдігер бетін оттан алып
қашқысы келіп еді; алып қашайын десе, ту сыртынан құшақтап қысып
алған əлдекім тырп еткізбеді. Бұл оның құшағынан босанғысы кеп
бұлқынды ма, əлде бұлқынғысы келді ме, өкпесі қысылып, талықсып,
сəптіреген сана бірді-бірге шатыстырып, мынау əлгінде өзі ойлағандай
алдынан анасы жағып қойған от емес, осы өңірдің өрттей ыстық күні
сияқтанды. Əсіресе, əне бір Арал өңірінің сары маса, сары сонасы
құтырып кететін шілде айында өрттей ыстық күн тас төбеге кеп
тапжылмай тұрып алғанда, бұның өзі де жанын қоярға жер таппайтын!
Жəдігер бұлқынды. Жоқ, бұлқынғысы келгенде қол-аяғын тырп
еткізбей құшақтап қысып алған əлгі қаныпезердің құшағынан босана
алмады. Осыған дейін мынау бұған істер пəленің бəрін тіс жарып, тіл
қатпай, үнсіз істеп жатқан-ды; кенет тіл қатты. Даусы құлағына жетуін
жетсе де, сөзі естілмеді. Жəдігер жанын азаптап жатқан жендетті
білгісі келді; кім екен деп ойлауын ойлады; бірақ əйелі есіне түспеді;
кім де болса, мынаның нəсілі ұрғашы екенін білді; мынадай екіжүзді
көлгірлік тек əйелдің... əйел нəсілдес ұрғашылардың ғана қолынан
келеді. Бұны жай өлтірмей, отқа итеріп, жанын азаптап қинап өлтіргелі
жатып та, ой залым-ай, бұның бетін сипай ма, саусақтарын уқалай ма?..
Айналайын-ай!– дей ме? Омай! Емешесі үзілуін көрдің бе? Не деген
жəдігөй, сиқыр!
Өп-өтірік жылағансып, даусына діріл ендіріп "кешір!"– дей ме?
Бұнысы не тағы? Сонда бұл нені кешірмек екен? Өз қолымен отқа
итеріп, тірілей күйдіріп өлтіргелі жатқан жауыздығын кешіре ме?
Əлде, онан да басқа бұның алдында бетін өртеп тұратын масқара
қылығы бар ма? Əлде, бұнысы жылы сөзбен алдап-сулап сиқырымен
арбағысы кеп тұрған əйел нəсілінің əдеттегі əнжілігі ме? Бəсе, бұл кісі
арбайтын сиқыры бар көлгір біреуді білуші еді ғой! Сол өзі... сол... сол
кім еді? Кім?
Жəдігер есіне түсіре алмады. Сосын жанарын жытылап қарайтын
сияқты. Бірақ көзіне орнап алған тас қараңғы түнектен əлде бірдеңе
елестеп бұған бір жақындап, бір алыстап бедер-болмысын танытпай
қойған-ды. Кезін тігіп қайта-қайта қарағасын ба, бір кезде кезіне ақитақи орнап алған түн түнектің бір жағынан қол-аяғы шидиген кіпкішкентай қыз... бəлекей қыз əлденеге аяғын бері баспай, алыстан
елестеп тұрып алды. Білетін секілді. Бірақ анық-танығын есіне түсіре
алмай ойланып кетті ме... екі арада, əлгінде ғана аяғын бері баспай
тұрып алған жаңағы бəлекей қыз кенет қапелімде қасына жетіп кеп
"жүр, ойнайық!"– деп тұрғанын байқамай қалып еді.
Жəдігер жалт қарап еді, көзіне орнап алған қараңғы түн бəрібір
сейілмей, дүниенің бас-аяғын бұрынғыдай буып тұр екен. Бірақ, бұл
жолы қараңғы қанша буып тұрса да, əлсіз жанарға сəуле енді ме, шап
беріп білегінен ұстай алған мына бір шидей саусақ пен түлкінің
күшігіндей, кіп-кішкентай сары қызды көрді. Ал кіп-кішкентай қыздың
шекесінде селтиген екі тұлымшақты көргенде бəрі есіне түсті: иə,
мынау... Мынау бұнымен баяғы бала кезде бірге ойнайтын кішкентай
сары қыз. Қазір де қол-аяғы шидей болып алып, бұны əлдебір жаққа
қызықтырып дызылдап жүгіре жөнелетіндей. Жəдігер сонан бері
қанша уақыт өтсе де, оның өспей, сол баяғы күйде қарап тұрғанына таң
қалғанша болмады... жаңа ғана: "Жүр!.. Жүр, ойнайық!"– деп бұның
жанын алып дігерлеп тұрған түлкінің күшігіндей мыршай сары қыз
дегені қапелімде ор ауыз сары лаққа айналып, көк құрақты екі ұрты
бұлтылдап күрт-күрт шайнап тұр. Жəдігердің иманы ұшты.
Өзінің дəл сол бала кезіндегідей, мына пəлені көргісі келмей
алақанымен бетін баса қалды. Жоқ, бетін баса қалғысы келгенде, əлгі
ор ауыз лақ дегені сəтте шандыр бет сары кемпірге айналып, бұны
қозғалтпай, бауырына тас қып қысып ала қойды. Жəдігер титығы
құрып, тырп ете алмай талықсып жатыр. От əлгіден де гөрі жақындай
түсті. Лапылдаған жалын бұл жолы Жəдігердің бүтіл денесін
алаулатып өртеп бара жатқандай; отқа күйіп бара жатқан бұның өзі
ғана емес, үстіндегі киімдері де өртене бастағандай. Түтеп жанған
иістен тынысы ауырлап, алқына бастады ма? Ол енді бұрынғыдан
бетер жанталасып, жұлқынып, үстінде өртеніп бара жатқан киімдердің
шешкенін шешіп, шеше алмағанын дал-дұл ғып жыртып лақтырайын
деп еді; бірақ əлгі сары мыстан күллі ұрғашыларға тəн екіжүзді
көлгірлікпен өп-өтірік бұған жаны ашып, аяғансып баурына тас қып
құшақтап отырып, саусақтарын, қолын уқалап, айналып-толғанып
отырып та, көрдің бе, қол-аяғын тырп еткізбей қойды. Онсыз да ақтық
дем алқымға тірелген осынау шағында, бұл сорлыны жөніне өлтірмей,
лапылдаған отқа өз қолымен итеріп жатып та сиқырымен арбап, өпөтірік жылаған мекерлігі жынына тиді.
Жəдігерде қарсыласар қауқар қалған жоқ-ты. Тек өзін отқа итеріп
жатқан мына сары мыстанға; "істеріңді істеп қал!" дегендей тырп
етпей сұлық жатып, ақтық демі үзілер алдында қас қағымдай ғана бір
сəтке, онда да шыбын жан шеккен бір азап пен бір азаптың арасында
ақтық рет көзін ашып, осынау адыра қалғыр дүниеге, адыра қалғыр
дүниенің қашанда безеретін де тұратын бетіне соңғы рет назарын
тіктеп бір қарағысы келіп еді; бірақ оған шамасы келмеді. Бүтіл
денесін лапылдап өртеп бара жатқан алапат оттың бір түйір шоғы
шашырап жанарына түсіп еді; сəулесі əлсіреп сөніп бара жатқан жанар
шоқ түскен бойда жалындап ала жөнелді. Бұның денесімен бірге енді
екі көзі де от боп қосыла жанып, бүтіл дүние қып-қызыл боп
жалқылдап кетті. Өртенген жалғыз бұл емес, енді аспан да, жер де
алаулап өртеніп барады. Əлгінде аспанның жарым-жартысын алып
жатқан қорғасындай қара бұлтты да жалын шарпып қызарып кетті.
Аспанда алапат дауыл тұрды, сеңдей сапырылысып ұйқы-тұйқысы
шыққан əлгі қан қызыл бұлттан жер бетіндегі көлді көлдей, теңізді
теңіздей жұтатын тажал көк өгіз түсіп келе жатты. Өрт шарпыған
мына жер, сонау аспан сияқты бұлттан аяғы салбырап түсіп келе
жатқан тажал өгіз де қып-қызыл. Су тартылған теңіз орнында əр жерəр жерде көз ойдымданып қалған тұз көл-көлшіктерді жұтқалы қос
танауы қатты басқан көріктей күсілдеп, ту сонау аспаннан аранын
ашып салбырап түсіп келе жатқан мына алып қызыл өгізді көргісі
келмей, бұл көзін жұма берді. Кірпігі кірпігіне айқасып, ақырынақырындап жұмылып бара жатқан көздің жанарындағы ақтық сəуле де
əлсіреп сөніп бара жатты. Тас жұмылған көзбен бірге жанарында
жалындаған жаңағы қызыл шоқ та сөнген еді.
***
Бəкизат самолетті тас төбеге келгенде көрді. Ал ұшқыш сонау
төменде, небəрі үй аумағындай сеңде қарайған екеуді көре сала шұғыл
төмендеді. Самолет құлақ жара арылдап келді де, əлгі екеудің
деңгейіне қатарласа бере жоғарыдан бір бума зат тастады. Сыртынан
киізбен ораған жұмсақ нəрсе мұзға солқ етіп бүйірін соқты да, жанына
аунап түсті. Самолет қайқаң етіп жоғары көтеріліп бара жатып төменде
қалған жаңағы екеуге қол бұлғағандай қос қанатын екі жағына кезек
сілтеп, келген жағына тартып тұрды. Ұшқыш жігіт əлгілерді
қимағандай, əлсін-əлі артына мойнын бұрып, жалтақтап қарай берді.
Соңғы қарағанда аспан астын алып жатқан телегей теңіз ортасында,
үйдей-үйдей толқындар бірінен кейін бірі иығына іліп алып
қақпақылап əкетіп жатқан бір шөкім сең қапелімде көзден алыстап
кеткен-ді. Жерге қашанда қыран ұшар биіктен қарап дағдыланған
қырағы жанар жал-жал толқын ортасында қалт-қалт еткен кішкентай
мұзда қарайған екі ноқатты көргенде көңіліне тағы да күдік қашып:
"Үшеу еді ғой?– деп ойлады.– Үшінші қайда?" Көзін талдыра қараса да,
балықшы ауылдың бет алдынан ыққан кешегі үшеудің бас-аяғын
түгендей алмады. Түндегі айқай жел басылса да, түбіне дейін
шайқалып кеткен теңізде тыным жоқ. Кəрі жыны тарқамай, төменде
қап-қара боп қайнап жатыр. Тек əдеттегі бұлыңғыр мұнар ауырлай
түсіпті. Күн əлі шықпаса да, аржақта алаулаған өрттей сəуле əлден
аспанның жарым-жартысын шарпып, шығыс бет түгелдей жалқылдап
тұр екен.
Ұшқыш жанарын жытылап, көз ұшында қалтылдап ығып бара
жатқан тоқымдай сеңнен назарын ілгері оздырып арығырақ қарап еді,
телегей теңіздің сонау шалғай шетінде бұлдыраған бір нəрсеге көзі
сүрінді. "Бұл не?" деп ойлады. Көзін тігіп шұқшия қарағанда, мынау
ыққан мұздың жолында бүйірін тосып кеселеп тұрған алып кеме
тəрізденді. Ұшқыш осы өңірде туып өскен жігіт-ті. Мынау алғашқыда
ойлағандай кеме де, басқа ештеңе де емес, осы жұрт атынан қаралай
қорқатын кəдімгі Барса-Келмес. Теңіз тартылғанша құс пен аңға мекен
болған арал. Үйір-үйір құлан, мың-мың қара құйрық, ақбөкен нелер
заманнан бермен аралдың азғантай тұрғындарымен аралас-құралас
өсіп-өніп келген-ді. Оты-суынан арылғалы олар да басын қайттап, бетбетіне босып кетті. Қазір кең далаға симай, көз ұшында мылтықты,
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 32
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654