Latin

Соңғы парыз - 02

Total number of words is 4181
Total number of unique words is 2285
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
əйелге қатарласа бере бауырыңа тартып құшақтамақ болып едің,
Бəкизат қолыңды қағып тастады.
– Бармайсың!
– Бəтіш, айналайын... осы жолы тағы бір сынап көрші. Оллаһи, барам
да қайтам.
Бəкизат лəм-мим деместен ширақ басып сыртқа беттеді. Сен
ұмтылып, ере түстің. Бірақ қатты жапқан есік қос босағаны солқ еткізе
сарт еткенде, селк етіп ілгері созған қолыңды жия алмай қалшиып
тұрып қалғансың-ды...
***
Шофер үнсіз кеп, қасына отырып жатқан бұған көз қиығын май-май
кепканың күн қағары астынан тастаған еді; əншейінде жолға шығар
алдында жүз грамды тастап алатын ыржақай жігіт бастығымен
құрбысындай қылжақтасушы еді; осы жолы бастығының іштен
əлденеге түсі қашып, сасқалақтап шыққан түрін көрді де, жым болды.
Шынашағына қалайы сақина салған қолын рөлге асып тастап, үнсіз
əмір тосып отыр.
– Кеттік!
– Мəмент.
Құнжыңдап, екі алақанына кезек түкіріп алды. Газ басар алдында да
құнжың-құнжың етіп əуелі аяғының астында, сосын алдында ілініпсалынып тұрған бірдеңелерге үңілді. Сонан соң ғана газ басты. Газды
басқанда ертеден бері капот астында бірдеңесі шақылдап, бірдеңесі
тақылдап дүрс-дүрс ұрып тұрған ескі мотор дегеніне көнбей қыр-р
етті. Шофер күйіп-пісіп, "шешеңнің шестернасын е...." деп боқтап
бірдеңені теуіп-теуіп қалғанда, аржағынан тағы бірдеңесі дыр-дыр
етіп, тұла бойы селкілдеп ала жөнелген алқам-салқам машина
ыңыранды да, төрт аяқтап тұрған жерден əрең-əрең жылжыды-ау,
əйтеуір.
Əр кездегісі осы. Оған бұл сыр мінез. Оған осы ауылдың халқы да
үйреніп, еті өліп кеткен. Ыза болғанда шофердің осылай қара темірді
шешесінің шестернасынан бастап боқтайтыны, онан бірдеңелерді
тепкілейтіні, онан капотты сарт-сұрт ашып жабатыны, тақа болмаса
шақылдаған бірдеңелерді шөппен шұқылап түкіріктеп-түкіріктеп
алатынына дейін бұл өңірдің кісілеріне таныс. Қырылдаса
қырылдасын. Дырылдаса, дырылдасын. Қалай десе де, əйтеуір
балықшы ауылдың ылаждап аяқ артып отырған жалғыз көлігі. Қалай
десе де, əлгілерден кейін бірдеңе қып қозғаларын біледі. Қозғалғасын
далада қалдырмай, баратын жерге бірдеңе ғып жеткізерін біледі.
Ал енді бар-ау... тосыннан көрген кісі бұны адам кəдесіне жарайды
деп, сірə да дəме қылмайтын. Тұла бойындағы темір атаулылар тот
басқан. Ағаш атаулылар əлдеқашан бояуы оңып, сыры кетіп, қиюы
қашқан. Шегелер босап, бөлек-салақ бірдеңелер былқылдапсылқылдап əзер-əзер ілініп тұрған атам заманғы ескі машина алдынан
бұрағанда болмаса, от алмайтын. Бір сөнсе, от ала қоюы қиын
болғасын шофер жігіт əдетте қонған, түстенген жерде болмаса, қалған
уақытта анау-мынау тоқтағанда ескі мотордың отын өшірмей
ентіктіріп қоятын-ды. Соған қарамай жүргенде желдей еседі. Жолға
түсіп заулап жүріп кеткесін, ол қашан майы, суы таусылғанша тоқтап
көрген емес-ті. Төрт доңғалағы аман болса, осы жолы да бас айналып
баратын без жүз шақырым жолға ел жата апарарын білді.
Машинада айта қалғандай жүк жоқ; тек ауылдағы қатын-баланың
ана жақта қостанып балық аулап жатқан ер-азаматтарға беріп
жіберген азын-аулақ шай-су, жылы киім-кешектер бар.
Салдырлақ машина көзді ашып-жұмғанша балықшылар аулының
жел жағында жотасы күдірейіп жатқан мыжырық ескі тау – БелАранның кезеңінен асып түсті. Тұла бойы күж-күж қара тас басқан
мыжырық тауды артқа тастағасын-ақ ұзақ жолдың алды ашылып сала
берді. Бір жағы – көк теңіз. Екінші жағы – жаз басынан шөбі қурап, сары
лай теңіздей сарғылтым тартып жатқан шетсіз-шексіз дала. Теңіз бен
даланың арасынан əрқашан ирелеңдеп, үнемі ілгері қарай жетелеп
отыратын айдау жолға бір түсіп алған алқам-салқам машина əлгі сары
лай
даланың
шаңдағын
бұрқылдатып
салдырлап-күлдірлеп
жостыртып келеді.
– Бала,– дедің сен былай шыққасын шоферге
балықшыларға бір қонамыз да, ертең ертелете қайтамыз.
бұрылып,–
Шофер мырс етіп, май-май кепканың күн қағарын көзіне түсіре
басып қойды.
– Неге күлесің. Айтқаным айтқан. Бір қонамыз да, ертең ертелете
жолға шығамыз. Қалайда ертең кешке үйде болуымыз керек.
– Басмотрым, бас-еке...
– Сөзді қой. Бас қамшыны! Зарлат!
– Мəмент, басеке.
Сүйдеді де тағы да екі алақанына кезек түкіріп, құнжыңдап рөлге
жабысты. Қызық жігіт: жолға шығайын деп отырып та арақты
дастарқан басындағы кісілердің бəрінен көп ішеді. Қырлы стаканға
құймай, құмырсқа бел, қылмиған рюмкаға құйған арақ алдына келсе
қабағы түсіп кетеді: "Мынау не? Онан да оймаққа құйып бермейсіңдер
ме? Бұны көзге тамызбасақ, қалай ішеміз,"– деп жұртты ду күлдіреді.
Сосын бөтелкеге ұмтылып арақты кесеге, немесе қырлы стаканға
толтырып құйып, шімірікпестен тартып жібереді.
"Пай! Пай, сексеуілдің шоғын жұтқандай болдым-ау",– деп, жұртты
тағы да ду күлдіреді де, маңдайынан бұрқ ете қалған терді сүртпестен
рөлге отырады. Тұла бойы тегіс балбырап, қарсы алдынан соққан түнгі
самалға омырауын төсеп жүргенді жақсы көреді.
Ондайда əлдебір асығыс, қауырт шаруа алқымнан алып, амалы
құрып тұрған біреу болмаса, басқармадан басқа кісі бұның
машинасына міне қоймайтын. Үйткені бұл ауылда салдырлақ
машинаның маңдайындағы екі фардың екеуі бірдей істегенін ешкім
көрген емес; теңіз өңірінің не бір көзге түртсе көрінбейтін тастай
қараңғы түндерінде аң жортпаса, адам жүрмеген жапан түзде қақ
маңдайындағы екі жарықтың бірі сөніп, бірі жанып шайтан отындай
жылтылдап келе жатады. Өлеусіреген сəуле бірде оң, бірде сол жақта
сығырыңдап, əлгінде ғана бас-көзіне қарамай салдыр-күлдірлеп келе
жатқан машина кілт баяулап, соқыр кісіше жолын сипалап қалады.
Осы жігіттің қылығына ыза болғанда қуып жібергісі келеді.
Жапырық кепканы көзіне түсіре басып киіп, тіл жағы байланғандай
тұнжырап алатын жігіттің арақ ішсе аузына тыным жоқ: өздері қонақ
болған үйдің əйелін əңгіме қылады. Ішкен-жегенін айтады. Тақа
болмаса, моллалармен бірге пəленшекем-түгеншекемнің жаназасына
кіріп, ақ арулап, ақирет сапарына шығарып салғандарын айтып,
қасындағы кісіге жалтақтап отырғаны. Ал егер, тыңдауға зауқың
болмаса, е, онда басың пəлеге қалды дей бер. Ол онда бір қолын рөлден
босатып алады; сосын қасындағы кісіні бүйірден түртіп қалады. Не
иығынан тартып, өзіне қаратып бұрып алады да, əңгіме соғады.
Бұндайда "кезіңе қара" деген – шамы. Бұралаң жол бабын таптырмай,
бұлталақтап келе жатқанымен ісі жоқ; екі көзін алдынан айырмай,
жағаласып отырудың орнына, ол енді басын тұсындағы терезеден
сыртқа шығарып, машинаның үстіндегілерге дауыстап тіл қатады.
Сен жол үстінде онымен сөйлеспейтінсің-ді. Осы жолы да оған
сыртыңды беріп, тұсыңдағы əйнектің ар жағында сұлап жатқан кең
дүниеге көз тігіп алғансың. Ауылдан шыққалы көкірегі құрғыр ит
талағандай, алау-далау: ойламайын десе де, ойынан Бəкизат шықпады.
Əсіресе жолға шығар алдындағы суық кескіні көз алдына тұрып
алғанда бір-екі рет жарты жолдан қайтып кеткісі келді. Бəкизаттың
жайы мəлім: көңілі қалса – қайтымы қиын. Көрерсің, ол енді
кешірмейді.
Жазған басы, апырай... Ана жолы бұған бірдеңе көрінді. Өмірінде
істемегенді істеп есінен тандыра сабағаны несі? Соның бəрі ішкеннің
кесірі. Жоқ! Жоқ, ішкенге дейін де қызғаныштан көкірегі қарайып, бір
жамандыққа ойы ауып жатқан үстіне аяғын ұшынан басып əйелі кірді.
Жоқ, бұл кейін болған-ды. Оның алдында бір күн... Жо-қ, екі күн бұрын
Бəкизат демалыстан оралған екен. Бəкизат келген күннің ертеңіне
Амудариядан сен де оралғансың-ды. Несін айтасың, көңілдісің. Тұщы
судың лай балығына қарық боп іші-сыртың майланып қайтқан
сапарың. Бəкизатқа сапарлары сəтті болғанын айта бастап еді, бірақ ол
тыңдамай, миығын тартып күлді де, тұрып кетті. Түрегеле бергенде
үстіндегі осы жолы астанадан киіп келген алды ашық халаттан жас
əйелдің күн тимеген аппақ тəні жарқ етіп, жанарын арбап алған-ды.
Сен өз əйеліңе өзің қызығып, сонан қашан төсекке жеткенше тақатсабырың қалмай, шыдамсызданып біткенсің-ді. Бірақ бұның сорына...
Иə, бұның сорына Бəкизат жатарда төсегінен жерігендей ана жақта
ұзақ жүріп алды. Бұл əрі-бері күтіп жатқанда көзі ілініп ұйықтап
кеткенін сезбей қалған-ды. Бəкизат ертеңіне тағы да үй-ішінің
шаруасын істеп, түн ортасы ауғанша төсегіне жуымай жүріп алғаны
жынына тиді. Ерегіскесін, енді сен де ұйықтамай, күте-күте төзімің
таусылып жатқанда, есік сықыр етіп аяғын ақырын басқан əйел ай
сəулесі түскен бөлмеге іш көйлегі ағараңдап кіріп келе жатты.
Құрсын, ар жағын ойлағысы келмейді. Абыройсыздыққа көрінді ме,
бұл өмірі істемегенін істеп, бір бөтелке арақты басына бір-ақ көтеріпті.
Бұрын татып алмағасын ба, отырған жеріне ес-түсінен айырылып
талып түсіпті. Сонан кейін не істеп, не қойғанын білмепті. Керек десе,
өзінің осы дүниеде бар-жоғын да білмей, есінен таныпты да, ми
айналғандай қап-қара тұңғиыққа шым батып жүре беріпті. Сонан тек
таң алдында жарық дүниеге қайтып оралыпты. Оны өзі біледі. Есін
жия сала əйел үстіндегі астанадан киіп келген алды ашық əдемі
халатқа құсы түскенін де біледі. Халатты өңірінен қос қолдап ұстап
тұрып, кіжініп қатты жұлқып дар-дар жыртқанын тіпті жақсы біледі.
Бұл тек сонан кейін не боп, не қойғанын білген жоқ-ты. Сонан кейін
Бəкизатты көк ала торғайдай қып өлтіре сабаған өзінің өрескіл
қылығын... Жоқ, оны білмеді. Ертеңіне есін жияр-жимаста біреу: "Əй,
қанішер, тұр! Тұр!"– деп жұлқылап жатыр екен. Сен мына бір
шаңқылдаған дауыстың кім екенін білген жоқсың. Шекесі жарылып
барады. Көзін аша алмады. Шаңқылдаған дауыс бұны жағынан
шапалақпен тартып қалды:
– Қанішер... Көр! Көр, не істегеніңді!
Бұл көзін əрең ашты. Аяғына əзер тұр. Əлі түкке түсінген жоқ. Түнде
не істегенін де білмеді. Астанадан киіп келген əдемі жібек халатқа
сонша неге өшіккенін де біліп тұрған жоқ. Неге өшіккенін білмесе де,
сен бірақ сол арада кəрі қақсалдың сыртында бишара боп бүрісіп
тұрған Бəкизаттың аяғына жығылғың кеп ұмтыла бергенсің-ді.
Кəрі қақсал шар етті:
– Ойбай, қаш! Мынау өлтіреді.
Сен кілт тоқтадың. Кейін қарай жалт бұрылдың да, лəм деместен
теңселе басып шығып кеткенсің-ді. Кəрі қақсал сенімен сыртқа
шалғайласып ере шығып, шабалаңдаған қаншықтай бір ана, бір мына
жағыңа шығып, ызалы бірдеңелерді шаңқылдап келе жатты. Сен
жұмған аузыңды ашқан жоқсың. Сол күні теңіздің ар жағында қостанып
балық аулап жатқан кісілеріне тартып кеткен-ді. Сонан араға талай
күндер салып қайтып оралғанда, Бəкизат үйде жалғыз, ертеңгі сабаққа
даярланып отыр екен. Бəкизат басын көтерді. Салқын қабақ астынан
сұлық қарады. Көріп тұр: жүдепті; үсті-басы кір; сақал-мұрт өскен; ағы
басым ала көздің жанары сынық. Стол шетін саусағының ұшымен
ысқылап тұрып, жаңа өзін көргенде сазара қалған əйелдің сүлесоқ
кескініне жасқаншақтай қарап еді.
– Иə, тағы сабағалы тұрсың ба?– деді ол.
– Кешір... Өтінем...
Бəкизат үндемеді. Сен біразға дейін бата алмай тұрдың да, өрттей
ыстық алақаныңмен əйелдің қалам ұстаған қолын сыртынан ақырын
қысып едің, əйел қолын тартып алды.
– Бəтіш... Кешір. Не көрінгенін білмеймін, халат... Халатыңды...
жыртып...
– Халат? Ал, мынау не?
Бəкизат тік жаға көйлектің өңіріндегі түймелерді үзе-мүзе
омырауын қатты жұлқып ашып жіберіп еді, ар жағынан əлде бір аюдай
тырнақ əйелдің мойны мен аппақ төсін сау тамтық қалдырмай, қанын
шығара осып тастаған екен. Мынаны көргенде зəрең ұшып кетті. Тілжағың байланғандай, түк айта алмай тұрып қалғансың-ды.
Бəкизат мырс етті де, сенің əр саусағы бақандай қолыңды ымдап:
– Бұның дəмін татқанбыз,– деді.
– Жоқ!.. Жоқ, айта көрме,– дедің сен дызалақтап,– Қанша ит... Иттігім
болса да, саған... Жоқ!.. Жоқ, саған қол көтеруім мүмкін емес.
– Сонда кім?
– Білмеймін. Білмеймін. Құран ұрсын! Нансаң, халаттан басқа...
Шынында да осы күндері теңіздің арғы бетінде балықшы қоста
жатып сол масқара түнді есіне түсіргісі кеп қанша ойласа да, халаттан
басқа ештеңе есіне түспей қойған-ды. Құрсын, сондағы өзінің сорақы
ісін ойласа, əлі күнге беті күйеді. Бəкизаттың айтқанына сенсе, бұл
əйелді төсекке алып ұрғасын "енді балықшыны да байқап көр", – деп...
О, масқара! Дудар бас дүр қара еркектің құдды жараған бурадай,
аузынан ақ көбік бұрқырап, тісін шықыр-шықыр қайрап үйелмендей
боп үстіне төніп келе жатқанын көргенде, онсыз да зəресі ұшқан тыр
жалаңаш əйелдің бүкіл денесі бір уыс болып жиырылып, көзін тас қып
жұмып ала қойғанын айтқанда, бұл соның ар жағын тыңдауға беті
шыдамай, сыртқа ата жөнеліпті...
– Масқара! Масқара!..
Даусың қатты шығып кеткен-ді. Шофер естіп қалды ма деп
ыңғайсызданып, көз қиығын қысыла-қысыла тастап еді. Құдай оңдап,
шофер түкпен ісі жоқ, көзін алдына тігіп рөлге жабысып апты.
***
Бел-Аранның кезеңінен асып, ұзақ жолдың алды ашылғасын бұ да
қашаннан бері жанын жеп, жүрегін тырнап жүрген мазасыз ойдан
арылғандай болды. Тер-тер беті түтігіп алған шоферға назар салған
жоқ. Тағы да тұсындағы əйнектен далаға көз тігіп, телміріп қарады да
отырды. Төбеде мөлиген көк аспан. Бір қапталда жарты дүниені алып
жатқан көк теңіз. Сол екеуі ту-ту көз ұшында жігі білінбей, бір-біріне
сіңіп кетіпті. Аспан да көк. Жер де көк. Күлімдеген көктен көзі талған
кезде бір уақыт теңізден назарын аударып, жанында рөлге жабысып
алған шоферге бұрылды. Шоферде үн жоқ. Уақытты ұтқысы келгенде
ұтырын тауып жолдан жалт бұрылады да, қай жылдан бері суы
тартылып таңқылдап кеуіп қалған қайсы бір басаттың, қолтықтың
тұзды сор борпылдап бетіне шығып жатқан аппақ ақ шаңдағын
бұрқылдатып төтелеп салады. Баяғыда кеме жүзген қолтық,
басаттардың бəрі қазір қара жер. Теңіздің бұл бетіндегі баяғы аралдар
– Жалаңаш, Бұйырғынды мен сол анау көз ұшында бұлдырап қалып
бара жатқан Көк-Арал – қазір қара жерге тұтасып кеткен. Баяғыда атабабалары қостанып жатып балық аулаған су ортасындағы сол
аралдарды сен көбіне-көп шамамен ойша танып, көңілі құрғыр күні
бойы құлазыды да отырды. Есіңе қай-қайдағылар түсіп, баяғыда осы
елдің басынан өткен өмір бірінен соң бірі тіріліп жатыр. Өткен күннің
қайта тіріліп жатқан елестері ызалы аш иттей, қасақана көкірегіңе
жармасып, ащы тырнақпен аямай осып-осып алады. Кенет, елең етіп,
еңсеңді тіктеп алдың: Əй-əй, мына шұңғыма шұқыр қайдан шықты?
Бұл жерде дəл осындай қазан шұңқыр жоқ еді ғой? Тоқта... Бəтір-ау,
мынау Шөміш-көл емес пе, əй? Тұзды сор бетіне шыққан мына
қазаншұңқыр баяғыда балығы тайдай тулаған атақты – Шөміш-көл
болды-ау! Ой, адыра қалған атамекен-ай!
Көзінің алды жыбырлап, жас дымдаған кірпік жыпылықтап кетті.
Арғы жағынан лықсып келіп қалған ащы өксік алқымда тіреліп тұр.
Ауыз ашса аржағынан ақтарылатындай қорықты да, дыбысын
шығармай дір-дір етіп тістеніп отырып қалды. Көз қиығын білдірмей
шоферге тастап еді. Құдай оңдап оның бұнымен ісі жоқ екен; екі көзі
алда; сырқылдақ машина сарт-сұрт; салдыр-күлдір; бауырындағы төрт
доңғалақ тұзы бетіне шыққан қазаншұңқырдың аппақ ақ шаңын
бұрқылдатып зулап келе жатыр еді; кенет əлде бір шұңқырға бауырын
сарт-сұрт соғып, сəл баяулай бергенде, соңында шұбалған аппақ сор
сəтте лап беріп, алдына шауып ұйқы-тұйқы борап ала жөнелді. Кабина
іші ұйтқыған ақ сорға толып кетті.
– Ну, сука... бля...
Бұлар Шөміш-көлді қысқа мойыннан кесіп өтті. Ал баяғыда, теңіз
тартылмай тұрғанда... е, ол кезде Аралға атпен жүрген кісі Шөмішкөлдің басын айналғанда бір күн уақыт кететін. Көл маңы ол кездерде
сыңсыған қамыс еді. Атты кісі ит тұмсығы батпай жарланып тұратын
ну қамысты жалғыз аяқ жолмен жарып келе жатады. Жалғыз-жарым
жолаушы кəдімгідей елегізіп, жолдың екі бетінде қап-қара боп
түксиген қалың қамысқа жалтақтап қарап болатын. Сəл сыбдыр шықса
да селк етіп, жылдам көз тігетін. Ілгерілеген сайын көлеңке қоюланып,
білектей нар қамыстар биіктей-биіктей, бір кезде үстіндегі аспанды
жауып алатын. Жел сəл білінсе де жер бетіндегі өсекші қатындар осы
араға жиналғандай, жан-жағың сусылдай жөнелетін. Судыраған құрақ
арасына жыбыр-жыбыр жан еніп, пыр-пырлап ұшып қонған əлде бір
əнші құстарға толып кететін. Иə, бұл аралар бір кезде сондай болған.
Əдетте Бел-Аранның кезінен асып түскен жолаушы сонан қашан
Арал қаласына жеткенше теңіз жағалауына иін тіресе қоныстанған
Көл-Қора, Көк-Арал, Ақ-басты, Ақ-Еспе, Сары-Басат, Тас-Түбектегі
балықшы ауылдардың біріне қонып, біріне түстенетін. Ол кездерде
бір-біріне іргесін тақап отырған балықшы ауылдардың үрген итінің
даусы естіліп жататын еді-ау! Сонан көктем шығып жер аяғы кеңігесін,
кəделі айт-тойларда осы өңірдің халқы бір-біріне қайықпен су арқылы
да, қара жермен бас жағалап келіп те, күндіз-түн ойын-сауық, күлкі, əн
сап жатқандары. Енді, міне... Соның бəрі көрген түс пе, əлде сағым
тарап алдамшы сиқырынан айрылған құла дала ма? Соның қайсысы
болса да ауылдан шыққалы бұрынғы ел сыймайтын теңіз өңірі құдды
кешкен ауылдың жұртындай құлазып тұр.
Бір кезде өздері қонған, түстенген үйлердің орнында қазір ошақтан
от өшіп, опыр-топыр құлаған үйінділер жатыр. Қай жаққа қараса да,
шырмауық өсіп, сораң басып жыныққан жұрт. Ара-арасында бота
шайнаған аттың құйрығындай селтиіп шилер ақсияды.
Кабинаның есік-терезесі жабықты. Соның өзінде түс ауа шофер
екеуінің қасы, кірпігі ақ айраңданып, көзі ашыды. Шөміш-көлді қысқа
мойыннан кесіп өткен машина қарсы алдындағы ащы сораң өскен
қайқаңға ыңыранып əрең көтерілді.
– Басеке,– деді шофер,– ана қызыл жарды көрдің бе? Есіңде ме,
баяғыда осы жардың басында бір үй болатын.
Иə, көріп отыр. Құлаған үй орнында қам кесек үйіліп жатыр.
– Басеке, есіңде ме... бір жолы осы үйге қонған едік қой?– деді шофер
əлденеге жырқылдап.
Онсыз да іші қан жылап отырғанда мына ыржақай жігіттің күлкісі
ызаға тиді. Бірақ үндеген жоқсың.
– Қазір есіңе түседі. Онда теңіз жаңа қайта бастаған, – деді де, шофер
басындағы кепканы шынашағына қалайы сақина салған қолының
сыртымен желкесіне қарай ысырып қойды. "Шамасы, не алпыс бес, не
алпыс алтыншы жылдың бірі болды ғой".
– Астымызда осы машина. Онда сыры жылтыраған, су жаңа. Мен де
зарлатып айдаймын. Бір шаруамен аудан орталығына бара жаттық.
Алдымыз кеш болғасын, жолда отырған осы үйге қонып едік...– деп
шофер тағы да жырқ-жырқ күлді.
– Жə, жетер!
– Басеке, кешір. Қазір есіңе түседі. Келіншегі сұлу екен. Ал үй иесі
кеш бойы көзін көтермей, кіндігінен төменгі жағын қызықтады да
отырды.
Есіңе түссе де, сен бірақ түсіңді бермей үнсіз отырсың.
– Апырай, сонда мына қазандай баста колхоздың уайымқайғысынан басқа ештеңе болмағаны ма, əй?!
Шофер деуін десе де, жол бойы сенің қабағың жадырамай, кірбиіп
отырған көңілсіз кескініңе жалтақтап қарап алды.
– Не басыңды ауыртайын. Шам сөнген бойда, бір Аллаға сиынып
аяғымды мысықша басып барсам, мə саған безгелдек... келіншек
күйеуінің құшағында ұйықтап жатыр. Жүрексініп тұрдым да, сосын...
шортснам дедім де, от жағынан қол салайын. Құдай біледі, есіңе енді
түскен шығар?
– Айта бер!
– Келіншек шар ете қалды. "Кет! Кет, мына шіркін қайтеді, əй?" деп
айқай салды. Ірге жақта жатқан күйеуі ұйқыдан ояна сала, бүйірін тыртыр қасып: "бұл қайсың, əй?" деп гүж етті.
Құрсын, сол түні ұйқы ұйқы болмай, таң атар-атпаста тұрып жүріп
кеткен-ді. Шыны керек, осы жігіттің көп қылығы ұнамайды. Бір жолы
қаладан қайтып келе жатқанда жол қысқарсын деп шоферлардың
əдетте оны-пұны салатын ұры қуысын қарап еді, ыбырсыған қоқырсоқыр арасынан екі кітап шықты. Бірі – орысша. Екіншісі – арапша.
Орысша кітаптың мұқабасында үш тонналық жүк машинаның тасқа
басқан суреті де, ал арапша кітап – құран екен. Алла тағаланың жұмыр
басты пендесіне көктен тастаған қасиетті кітаптың əр жеріне мазут
жұғып қарала дақ түскен күйсіз беттерді ілгерілеп ашып еді, ар жағы
да келісіп тұрған жоқ екен. Қай бетте де ет жеген қолдың майы сіңіп,
бас бармақ пен басқа да саусақтардың ізі баттиып-баттиып қапты.
– Əй, сен осы... комсомол емес пе едің?
– Болғам, басеке.
– Мынау не?
– Жит нəді, басеке. Жизна хреновато. Сосын, аздап молдалық қылам.
Ой, заңғар-ай, беті бүлк етпеді. Теңіз тартылғалы бұл өңірдің
халқының ісі мен мінезі ұсақтап барады. Ел ішінде ырым-жырым
көбейіп, садақа, жаназа десе, жұрт жұмысын тастай жүгіреді. Бұрынғы
активтердің көбі қазір басында сəлде, қолында Құран; бала
піштіргенде, өлік жерлегенде, үшкіріп-түшкіргенде əсіресе пітір-зекет
тиетін тұстарда, бір кездерде "Құдай жоқ! Құдай жоқ" деп, халықты
қырып жібере жаздаған қызыл көз белсенділер қазір молла жанында
мүлгіп отырғандары. Осы жігіт те əне бірде алыс жолдан шаршап
келгеніне қарамастан шаң-шаң машинасын үйге тұмсығын тіреп қоя
салды да, жаназаға жүгірді. Көріп түр: жүгіріп бара жатып басын
сүлгімен орап ала сала, сапта тізілген ақ сəлделі шалдардың арасына
зып беріп кіріп еді; үсті-басынан аңқып қоя берген арақ пен мазут исі
мұрындарына жақпады ма, пірəдар тақуа немелер кірпідей жиырыла
қалды. Құдды араларына əзəзіл жын-шайтан кіріп кеткендей,
шалғайымен қағып: "Өй, найсап! Өй, патшағар, кет! Аулақ, аулақ!" деп,
бұны араларынан аластамақ болып еді, бірақ бұл көнбеді... Тек əркім
бір түрткілеп шетке ығыса-ығыса, ақырында ақ сəлделі шалдар
тізілген саптың аяқ жағынан бір-ақ шықты.
Көзін жұмып апты. Мүлгіп түр. Шын көңілімен Құдайға жалбарынып
тұр ма, əлде анада аудан орталығында оқушы балаларға жол бермедің
деп бес сом штраф салған мұртты милицияны боқтап тұр ма, белгісіз.
Əйтеуір бұл қағынған ақ сəлделілер не істесе, соны істеп, құран ұстаған
қолын кеудесіне қойып, көзін жұмып, ернін жыбырлатып күбір-күбір
етеді. Осы тұрғанда өмір бойы темекі шегіп, арақ ішіп, аузы бұрқырап
жүрген бейпілдігі қаперіне кіріп тұрған жоқ. Қазіргі түрі көз ашқалы
ораза, намазды қаза жібермей, Құдай жолын тұтынған пірəдар
біреудей. Көңілін аққа ұйытқан тақуа түс мұсылманша моп-момақан
бола қапты. Жаназа соңында құран шыққандарға садақа таратқанда
үлесінен құр қалып бара жатқандай ұмтылады. Сыбағасын жұрттан
бұрын алады да, қай елдікі екені белгісіз, əйтеуір маршқа келетін бір
сазды ыңылдап, колхоз орталығындағы дүкенге тартады. Садақадан
тиген бес-он тиынға бір жарты алып, тылтиған тар шалбардың
қалтасына сүңгітеді де, маршқа келетін əлгі əнді ыңылдап үйіне
тартады.
Сүйтіп жүріп ісіне мығым. Алқам-салқам машинаның əзір лажға
жарап жүргені осының арқасы. Жəне бір жақсысы айтқаныңды қалт
етпейді. Бір жаққа жол түссе күн-түн əзір. Тіпті таң алдында басын
көрпемен бүркеп алып, бырқырап ұйықтап жатқан жерінен оятсаң, ол
"ааа" лап атып тұрады. Көзін уқалап жібереді. Басын сілкіп қалады.
Тарақ жүзі тимей дудырап тұрған үрпі-түрпі шашқа бақандай бес
саусақтың бесеуін бірдей сүңгітіп жіберіп, қасығаны, əлде осығаны
белгісіз, тырнап-тырнап алады да, сыртқа ұмтылады. Асыққанда "бас"
десең, о да алақанына түкіріп: "мəмент" деп құлшына түсетін əзір
жауап. Бір жолы онан "мəмент" деген не деп сұрап еді, сүйтсе, оны өзі
де білмейтін боп шықты. Басын қасып ойланып тұрып: "Қайдан
білейін, өзің бас дегесін, бассам басайын дегенім ғой",– деп міңгірледі.
Аты – Қожбан. Бірақ оны білетін бұл өңірдің халқы – жасы, кəрісі
–"шофер бала" дейді. Ақеден жігіт оған арланбайды. Жұрт өзін бала
деп, ал өзі өмірбақи бала орнында жүргесін, бұ да осы ауылдағы өзінен
үлкенді де, кішіні де "аға" дейтін. Үлкен жұмсаса да, кіші жұмсаса да
қайт етпей, жаман машинасы салдырлап кетіп бара жатқаны.
– Басеке, Аралға келдік!– деді шофер алдындағы қара жалдың арғы
жағынан ақ үйлердің төбесі көрінгенде.
Бұрынғы заман болғанда портта тұрған кемелердің ұзын-ұзын
сырғауылдары қаладағы биік үйлердің бəрінен бой асырып, анадайдан
аңдыздап-аңдыздап қоя берер еді. Теңіз қайтып, су қатынасы
тоқтағалы бұрын сонау теңіздің арғы бетіндегі Қоңырат, Үргеніш,
Мойнаққа қатынайтын ірі-ірі кемелер қазір дауылда жағаға шығып
қалған дəу балықтай, жиекте теңкиіп жатқалы қашан.
– Ал, бала... Айналайын. Қалаға соқпаймыз. Сырт жолмен тура
Сырдарияға тарт.
– Басеке, соқпаса болмайды, бензин бітіп қалды.
– Онда, соқсаң соқ, тек айналмайық. Алдымызда əлі де жүз шақырым
бар.
Май құятын жер ығы-жығы екен. Құйрық тістесіп тізіліп қалған
машиналар. Қаланікі, даланыкі, арқасына жүк тиеп алған өңшең МАЗ,
КРАЗ, БЕЛАЗ жан-жақтан əлі де ағылып келіп жатты.
– Ойпыр-ай, енді қайттік, ə? Аяқ астынан проблема...
– Қазір қайда да проблема, басеке, білмеймін ғой, бұл өмір өмір емес
автобаза, ішінде толып жүрген Краз, "Мазы-ы",– деді шопыр əндетіп.–
Солай басеке, қит етсе, біздің елде мұнай телегей теңіз деуші едіңдер.
Əне, о да Аралдың суы секілді тартыл...
Күңкілдеп тағы бірдеңе деді. Құлақ салып көріп еді, берен ауыз неме
əлдекімді орысша-қазақша араластыра боқтап отыр екен.
– Айналайын... Асылы, сен бұнда тоқтама! Тəуекел ет те, тура
Сырдарияға тарт!
– Басеке, ол болмайды. Бензин бітсе, машина үйтіп-бүйткенге
көнбей, төрт аяқтап тұрып алады.
– Оның рас. Бірақ... Кезек күтсек, кем дегенде жарты күніміз кетеді
ғой.
– Біз күтпейміз.
– Қалайша?
– Мə-мент.
Шынында да, осы "мəмент" дегенде қолдан келмейтін қиын
нəрсенің өзі оңайлана кетуші еді. "Осы жолы қайтер екен?" – деп артын
бағып отыр. Шофер алақанына түкіріп алды. Басындағы мыжырайған
кепканың күнқағарын көзіне түсіре басып қойды. Сосын газды дар-дар
басып жіберді де, жұрт есін жиям дегенше құйрық тістесіп тұрған
машиналардың ара-арасымен сынаптай сырғып ілгерілеп барып
қалды.
– Мынау кім, əй?
– А ну, проваливай!..
– Ох, ты нахал!
Алқам-салқам машина салдыр-күлдірлеп шланганың дəл түбінен
бір-ақ шықты. Өзін тілдеп жатқан кісілерге назар аударған жоқ.
Машинадан түсе сала кабинаға қайта еңкейіп, бір бума қақпыш балық
алды. Мынаның "мəментінің" сырына енді түсінді. Басқа кезде ұрысар
еді, осы жолы сен де түк білмегенсіп сырттап жүре бердің. Кендір
жіпке көзінен тізген қақпыш балықты алғаннан кейінгінің аржағында
не болатыны белгілі: көре қал, ол енді беті бүлк етпестен салып ұрып,
бензин беретін дөкейдің дəл өзіне жетіп барады. Оның ұлты, жынысы
кім болса, ол болсын, мейлі шүршіт болса да "са-лут" деп қолындағы
қақпыш балықты сатыр еткізіп алдына тастай салады. Ал егер ол
жұрттан қысылып ала қоймаса, басқа кісі ыңғайсызданса
ыңғайсызданар, ал бұның беті шімірікпейді. "Айналайын, бұндай
балықты қазір бүкіл Аралдан емге таппайсың. Сыраның бірден-бір
серігі", – деп, бензин беретін жігіттің аржағындағы қуысқа лақтырып
тастай салады.
Бір жолы Бəкизат курортқа жүретін болғанда пойызға билет сатпай
қойған-ды. Қайда осындай кісі жаны қысылғанда қайын ененің
қытыққа тиетін əдеті; сол жолы да қақсал бұған тиісіп: "Түкке икемің
жоқ. Қолыңнан судан шабақ аулап жегеннен басқа түк келмейді. Осы
үкіметтің əлгі жиналыс болса малшы, жалшы, балықшы дегендерді
желектетіп жұрттың алдына алып шығатыны қайда? Сонысы құр сөз
болмай, шын болса, сорлы-ау, белет сататын қызға балықшымын деп
бармайсың ба? Депломды балықшымын де!" – деп, жұрт көзінше
жанын жеп жатқанда, садағаң кетейін осы жігіт бұған көзін қысып
"мəмент"– деп еді; сонда да алқам-салқам машинаның кабинасынан
кендір жіпке көзінен тізген оншақты шабақты сатырлатып суырып
алған-ды. Осыған дейін бұлардың алдынан тарс жауып алған тас
қабырғадағы алақандай тесік ашылып, арғы жақтан жіптіктей
сызылған биязы қыз "ағай, сізге қай вагонға керек?" деген еді-ау.
Ауылдағы садақа, жаназаларда басына сүлгі байлап, құран шығарып
жүріп те, қалаға келе қалса бұндағылардың да тілін тауып ымы-жымы
біріге қояды. Əсіресе, осындай кісі амал таппай дағдарып қалғанда, осы
қағынған жол тауып жүзіктің көзінен өтетін бір пəлесі бар.
– Кеш жарық!
Ешкім үндемеді. Есітпей қалды ма деп сəлемін қайталап еді; бұл
жолы да үй ішіндегі жандардың ешқайсысы селт етпеді; сосын бұл
табалдырықтан аттауын аттаса да, сонан артыққа батылы жетпей, есік
алдында тұрып қалды. Енді ғана байқады; босаға жақта соқыр шамның
сəулесі түбінен аспай, бауырында дір-дір етеді; қос іші бу ма, түтін бе,
сырттан кірген бетте ештеңені жөндеп көре алмады. Тек көзі кішкене
үйренгесін байқады – қамыс қостың ортасында күлді-күйелеш ошаққа
қонжиып мініп алған құлақты қара қазан түр екен. Үсті-басын
кептірген кісілер қазанды қоршай отырыпты. Түтін мен будан
ешқайсысын айыра алмаса да, мыналардың арасынан тісі-тісіне тимей,
дір-дір етіп отқа түсіп бара жатқан біреуге көзі түсе берді.
– Мына жау алғырға не болған? Əй! Əй, сендер неге үрлемейсіңдер?
Шаңқ-шаңқ еткен дауысты таныды. Мынау, дəу де болса Көткеншек
Көшен. Жұрт бұдан кəдімгідей қорқатын.
Бірнеше жігіт жата қалып қазан астында бықсып жатқан отты жанжағынан жабыла үрледі. Мыналардың назар аудара қоймасын
байқадың ба, қолыңа ұстай кірген жол дорбаны есік алдына тастап,
түсін бермей тұнжырап отырған кісілердің арасына кірдің.
– Мына жау жегір жанатын емес қой. Құрғақ отын жоқ па? Үстіне
құрғақ отын тастаңдар!
Елгезек біреу елп етіп сырт жағында жатқан отынға қол соза бергенді. Бірақ қасындағы көршісі қолын қағып жіберді:
– Тек отыр. Əуелі от қызып жансын.
Балық талабы бұл жақта да нашар екенін ішің сезіп отыр. Суы
ашыған теңіз де бір, жайылымы азған жер де бір. Теңіз тартылғалы
көріп жүр: тұщы су таңдайына тимеген балықтар құдды жұт жылы
жайылым іздеген малдай, жаны қыдырып қолды-аяққа тұрмай кетті.
Мына пақырлар көк теңіздің қашағанын қуып аулаймын деп үй көрмей
тентіреп кеткелі қашан. Көңілсіз кісілер керек десе, бұнан ала жаздай
көрмеген қатын, баласын сұрауға да зауықсыз. Бəрінің көзі ортадағы
қазанда. Бұл келгенде беті буланған қазан сəлден соң сарқылдап
қайнап, қос ішін көңірсіген жас балық иісі алып кетті.
Ауылдан шыққалы
шыдамсызданып:
нəр
татпаған
шофер
аяқ
астынан
– Осы балық тас боп кетпесе, пісті,– деп қазанға мойнын соза беріп
еді, қара шал қақ басқа ожаумен тақ еткізіп салып қалды:
– Отыр, əрі! О несі сұқақтап...
Шофер мойнын ішіне тығып, бұғып қалды. Ысқаяқ қара шал теңіз
өңіріне белгілі кісі: аты – Көшен. Бірақ кері сиетін қырсық мінезіне
бола "Көткеншек" атанып кеткен-ді. Көшеннің иығында елтірі қара
тон. Басында елтірі қара бөрік. Бала қорқытатын бақсыдай бөрікті
жүнін жалбыратып бір шекесіне осқырта киіпті. Қарсы алдында
жанған отқа кірпік қақпай шаншыла қараған көздің жанары зəр төгіп
жалындай түседі.
Бұнда келгелі онан көз қиығыңды айырмай отырғансың. О да саған
назар салмай қыңыратқып отырған сияқты еді; сүйтсе, сыртын беріп
отырып та бағып отырыпты. Үнсіздік ауырлап бара жатқасын, сен
əңгіме қашырып:
– Бұл жаққа суық ерте түскен бе, қалай? Кəдімгідей күзгі қара
суықтың ызғары сезіледі,– деп едің, көңілсіз кісілер қостамады. Беті
буланған қазанды айнала қоршап қарауытып-қарауытып отыр.
– Апыр-ай, жер ала, бұлт шола деген. Бір теңіздің екі басы да екі
түрлі бола береді екен-ау. Ана жақ бағана біз шыққанда май тоңғысыз
жылы еді...
Қара шал осқырынып қалды:
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 03
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654