Latin

Соңғы парыз - 07

Total number of words is 4270
Total number of unique words is 2343
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Онда абайламай, ет қызумен сайлап алып, естері енді кіріп жатыр
ғой.
– Жə-ə...
– Қалқам-ау, сенің "жəң" қай "жə?" Ертең төңкеріп тастап, орныңа...
ана быдық ағасын қояды. Арқа тірейтін астанада анадай азаматы
тұрғанда бұндағы қос уыс халы қты басқара алмас деп пе едің?
– Қой əрі, неше, сірə, халық ойыншық болып кетсе де.
– Қоятыны жоқ. Қазіргі халық, айналайын інім, майы, суы құюлы
машина сияқты. Ондай халықты басқару үшін ақылдың керегі жоқ.
Тетігін тапса, көрінген тырқылдатып əкетіп жатқан жоқ па?
Қара тырнағына дейін күйіп тұрса да, сол арада қалай күліп
жібергенін байқамай қалған-ды. Ол жаңа Əзімнің осында тұратын
быдық ағасын айтқанда, құдды кісіге шабатын бурадай орақ тұмсық ірі
қара жігіт көз алдына тұра қап еді. Колхоз түгіл қарауындағы он шақты
кісі: "бізді мына пəледен құтқара көр. Өлетін болдық",– деп үстінен
арыз айтып келе бергесін, бір жолы онымен оңаша сөйлескені бар-ды.
Сонда ол бұған астындағы орындығымен көтеріліп кеп бетіне бетін
тақап отырған еді де, сосын түкірігін шашырата тұтығып: "ме-мен
деген... жұмысым жақсы деген. Те-тек сөз үйір деген",– демесі бар ма.
Онсыз да күйзелген халықты ендігі жерге сол быдық басқарса... Бірақ,
кім біледі, қойса бұ да "мен деген", "сен деген" деп те істеп кететін
шығар... Осы елі құрғырды кім басқармады. Кейінгі жылдары өзі де
талай бастықтың алдында болып жүр. Оларға тартылған теңіз,
күйзелген халық жөнінде жыларман боп зарын шағып жатқанда, ой,
заңғар-ай, иманы селт етсейші. Үстіне кіргеннен-ақ сазара қалады; сез
лəмін байқағасын түсін суытып ала қояды да: "Айттың ғой, кө-рерміз.
Ойласармыз. Ақылдасармыз" деп өздері машықтанып алған бес-алты
ауыз буынсыз, былқылдақ сөзбен шығарып салатын. Шынында да,
алдына келген кісіге əлгіндей бес-алты ауыз сөз төңірегінде сөйлесуге
шамасы келсе, обалы не керек, айналайын халық бастыққа онша
салмақ салгызбай, Сары Шая айтса айтқандай, "майы, суы құюлы
машинадай əркім-ақ тырқылдатып əкетіп" жүрген жоқ па?
Осы кезде бақыр ұстаған біреу жүгіріп барып лапылдап жатқан
пештің көмейіне шаж еткізіп су шашып жіберді.
Тағы шашты. Сары Шая бұған тағы бірдеңе айтқалы мойнын созып
келе жатқан-ды. Пеш көмейінен көтерілген көк ала бу бұның мына
жағынан құлағына аузын тақап қалған Сары Шаяны көміп жіберді. Өзі
көрінбесе де, есесіне енді бу арасынан біреу қылғындырып жатқандай
қырылдақ дауыс естілді. Қырылдақ дауыс құдды бұзылған радиодай
қытырлап құлағын тырнап барады. Бұл құлағын алып қашқан сайын
анау да бұған қайта-қайта төніп, бу арасынан балп-балп аузы,
безеңдеген тілі жынына тие бергесін, ертеден бері жібермей тас қып
ұстап алған қолын қатты жұлқып босатып алды. Сонан кейін Сары
Шаяны легенмен жасқап жуытпады. Апыл-ғұпыл жуынды. Асығыс
киінді. Əлгі пəле бір жерден шығып қала ма деп сасқалақтап жүріп
терін басуға да мұрсаты болмапты. Сыртқа шыққан бойда топырақ
суырған ызғарлы суық желден тітіркеніп ықтасынға тұра қалды.
Түймесін салғалы ауына апара берген қолы кенет ауада қалт тоқтап:
"Не шаруамен келе жатыр екен?"– деп ойлады. Ойламайын десе де,
Бəкизаттың анада астанада дем алып қайтқаны есіне түсе берді. Осы
бір тікендей қадалған ой үйге келе жатқанда да аяқ басысын ауырлата
түсті. Үйге кірер жерде есіне тағы да сол түсіп, "апыр-ай, ə?" деп,
есіктің тұтқасына соза берген қолын кейін тартып алды. Кір киімдерді
салған қалайы легенді қасына қойып, тақтай басқыштың бір шетіне
таман ысырылып отырды. Əлденеге мырс етіп, басын шайқады. Сары
Шая ойлағандай ол, əрине, бұларды "көп бидай ішіндегі жалғыз
арпадай тұншықтырып", аз ағайынға азар беруге келе жатқан жоқ
шығар. Бұны "тағынан" тоңқалаң асыру да ойында жоқ болар. Үлкен
ұлық орында отырған жігіт ауылдағы бұларға қол ластап қайтсін.
Сонда... Иə, сонда оны Құдайдың мына қақаған қара суығында жылы
орнынан қозғап, қыс ішінде қиянда жатқан бұларға əкеле жатқан...
сондай-ақ ол не шаруа? Бұл жақта оған тіреліп тұрған не бар? Ағайынтумалары аман. Аға-жеңгесінің шаруасы шаршысына кеп тұр. Рас,
азамат шырқап кетсе де, шығандағы ауылын ұмытқан жоқ. Туған
жерге жыл сайын бір соғады. Бірақ ол... бұрын елге қырда қызғалдақ
гүлдеп, көк жусан құлпырып түлеп тұрғанда, ылғи ерте көктемде
келуші еді ғой. Астананың ығына үйренген жігіт пəлендей алыпжұлып бара жатқан шаруа болмаса, қиянда жатқан елден не алады?
Сонда... Бəсе, сонда оны не түлен түртті? Оны жұрттан бұрын Сары Шая
қайдан білді? Апыра-ай, ə? Жə, келсін. Жолы болғыш жігіттің қайығы
желге өрлеп тұрғанда, қай ісі қалай дерің бар ма?
Бұл ішке кіруге асықпады. Көңіліне алмайын десе де моншада
есіткен əлгі хабар ойынан кетер емес. Іші құрғыр оның тегін келе
жатпағанын сезді. Анада Бəкизат астанада болғанда... Тоқта, сонда
екеуінің арасында уəделескен бірдеңе болды ма екен? Əсіресе осы
күдік көкірегіне тікендей қадалып тұрып алды. Үй алдында терін
басып отырып, тағы да мырс етіп басын шайқады. Сары Шая қайдан
білді? Кімнен есітті? Иісшіл иттей тіміскілеп жүріп қыбыр-жыбырды,
жұрттан бұрын сол біледі. Көрдің бе, жаны қысылғанда жаңа қаңылтыр
легенге қарғып шыққанын. Жиналыста да солай. Ел алды боп келеді.
Ел алды боп жарыс сөзге жазылады. Бір сөйлегенге қанағат қылмай,
қосымша сөз сұрап, сұқ қолы шошаңдап отырғаны.
Қалай десе де, жиналыс жалықтырған жұрт Сары Шая сөйлегенде
бір көтеріліп қалады. Сары Шая үлкен бастықтарға тиіспесе де, меском,
профкомға тісі балғадай. Əсіресе, өткен жиналыста мескомның
мойнына мініп алды. "Жұрттан жинаған взностың үстінен жеді",– деді.
"Балықшыларға келген ботевка жең ұшынан жалғасып тамыртанысына кетіп жатыр",– деп соқты. "Əттең, əне бір заман болғанда ит
жеккенге айдатар едім" – дей берді де, "ит жеккен демекші" деп аяқ
астынан өз сөзін өзі айрандай ірітіп, əңгімені ит жөніне бұрып жіберді:
– Ойбай-ау, теңізім тартылып, халқым қиналып, бала-шағаға ас
тауып бере алмай отырғанда, бұл халық бір үйге бір ит аз дегендей
қазір екеу, үшеуден асырайтынды шығарды. Кісі қабатын зиянкес
иттер көбейді. Қабаған ит ұстаған балықшылар ендігі жерде жат
пиғылды зиянкес деп саналсын. Кəне, кім осыған қол көтереді,–
дегенде, жаңа ғана қалғып отырған кісілер көздерін ашып алып, ду
күлген-ді.
Қалай десе де, Сары Шая айтыпты, Сары Шая үйтіпті-бүйтіпті деген
неше түрлі қиян-пұрыс қылық осы өңірдің халқының аузында. Осы
жұрт онан азар да безер боп ат-тонын алып қашып жатады. Қолынан
келсе қайсы біреу оны қара жерге тығып жібергісі кеп қаны қайнап
тұрса, екінші біреу оған зəру. Өйткені бұл ауылда басқа былай тұрсын,
балаларға аспан астының ілім-білімін үйретіп жатқан əлгі
өшетілдердің қолынан келмейтін арызға, актіге, малға, жанға куəлік
жазарда қолы жүйрік. Ең əрісі қай статья, қай кодекс қандай қылмысқа
жататынын сол біледі. Баяғыда "алтын заң" шыққанда осы Сары Шая
СССР Конституциясын жұрттан бұрын жаттап алып, саяси оқу
жүргізем деп жалақтап шыққанда, қашанда теңіз қашағанын қуып
аулайтын кəсіпқор балықшылар қолға түспей сорлататын. Сол
жылдары Сары Шая Құдайдан күннің бұзылғанын тілейтін. Өйткені,
балықшылар дауылда теңізге шықпай, жағада тор-тұзақты тосаптан
тазартып жатады. Мұрны тосап исін жаратпайтын. Сары Шая
балықшылардың жел жағына шығып отырады. Ық жақта бұл не айтса
соған айран-асыр қап аузын ашып тыңдайтын кəсіпқой немелерге
"сталиндік алтын заңды" əлқисса ғып жатқа айтып беретін зеректігі
жұрттың есінде. Сонда оны тыңдаған кісілер жағасын ұстап: "Ойбай
бұның басы алғыр ғой. Тек сорлатқанда Құдай өзіне пəтуа бермеген",–
десетін. Иə, көп кісіге оның пəтуасыздығы бағын байлап жүргендей.
Əйтпегенде, осы ауылда қызыл тілге келгенде тірі жанға дес бермей,
сұқып тұратын сол. Тауып айтатын сол. Білікті сол. Білімді де сол. Тек
бір жан оның қайда оқығанын білмейді. Қанша оқығаны да белгісіз. Бір
жолы кісі басы құралған гу-гу жиында Сары Шая сұңқылдап отырғанды. Баяғыда, осындай алқалы жиында ата-бабалар бірінен бірі аруақ
асырмақ болғанда атын жарыстырып, итін таластырып, батырын
төбелестіріпті. Өз бойынан мұнан басқа артықшылық таппай
қызылөңештеніп алған атаң қазақ қыза-қыза келе арғы тегінде сүйегі
əлдеқашан қурап қалған шалдарын салыстырып та түк шығара
алмағасын, қала көрген қазіргі жігіттер білім таластыратынды
шығарды. Сары Шая сұңқылдайтын əлгі жиында балықшы ауылдың
ши борбай жастары білім таластырып, бірі – КазГУді, бірі СаГУді
бітірдім деп қызыл шеке боп жатқанда, Сары Шая тұрыпты да "ал мен
ҚЖМ-ды бітірдім" деп қиқ етіп күліпті. Сонда жастар жағы онысы – қол
созым жердегі Құланды Жетіжылдық Мектебі екенін біліп жырқ-жырқ
күлсе, ал шалдар жағы тағы да жағасын ұстап:
– ҚЖМ дей ме, əй? Апыр-ай, ə? Ал мынау біз есітпеген оқу ғой?
– Иə, мынанікі мықтырақ оқу болды. Əйтеуір, осы жазған арыз да,
акті де жоғарыға өтімді еді-ау! – десіпті.
Шынында да, басқа шаруаға қырсыз Сары Шая қағазға жүйрік. Істі
болған кісілерге кассациялық шағым дейсің бе, қолхат, тілхат дейсің бе,
бұзатын іс, кайта қарайтын іс, ақтайтын, қаралайтын қағаз, соның
қайсысы болса да, құдды үнді шайын ішкендей танауының ұшы шыпшып тершіп, рахаттанып кірісетін. Оның ықыласпен кіріскенін
көргенде арбалған торғайдай есі шығып отырған арыз иесі: "Е, Құдай
бере көр!"– деп бір көтеріліп қалатын. "Бұның бəрі тарих",– деп Сары
Шая қолынан шыққан қағаздың көшірмесін əспеттеп, темір сандықтың
түбіне тығып тастайды екен. Жəне жоғарыға жазған қағазды аяқсыз
қалдырмай, жауап алғанша үсті-үстіне жаза бергесін, ақыры бір күні ақ
істі қарайтып, қара істі ағартып шығарады екен. Ана жылы осы ауылға
басқарма боп сырттан келген жігітпен Сары Шая шиедей боп айтысып,
ақыры оны орнынан алғызғанда, құдды жау қашырған батырдай
күпсінген-ді:
– Ойбай-ау, текелік қылам дейді. Бұл елдің өзінің телісі мен тентегі
тұрғанда оны қалай басыма шығарып бақылдатам. Қызыл шеке боп
айтысқан бір жиналыстан кейін өзіне осылай қатарласып кеп
иығымды иығына сүйкей бердім де: "Үстіңнен ана жаққа қағаз
айдатайын ба? Комиссия шығартайын ба?"– деп едім. Бастықтың жаны
тəтті болмасын ба, жаңа ғана жалына қол апартпай тұрған неме сол
арада көрер көзге жуасып, алдыма түсіп құрдай жорғалай жөнелмесі
бар ма? Сөйтіп, айналайын, бұл ағаң басқарманы да бас білдіріп алған...
Сен сонда Сары Шаяның сөзіне ден қоймай, салғырт тыңдап едің-ау.
Қазір ойлап қараса, оның мына сөзінің ар жағында "сені де бас
білдірем" деп бұған қыр көрсеткен күш жатыр екен. Бұны бас білдіруге
құдіреті жетер-жетпес, ал бірақ жаңа моншада жынына қанша тигенде
оған түк істей алмаған өзінің сол арадағы дəрменсіздігіне ызасы
келген-ді...
– Апа... қызың оқудан келмеген бе?
– Қайдам, о да кешігіп жатыр ғой.
– Бұл кезде оқу бітпеуші ме еді?
– Келетін уақыты болған, кім білсін, сенің əлгі қартайса да қайыған
іңгендей ыңырсуын қоймаған қайын енең үйіне əкетпесе...
Иə, сөйткен болды. Пақыр баланы сол қақсал бауырынан шығармай
өбектеп кетті. Көз ашқалы көріп келе жатқаны соның тізгіні мен
жетегі. Қаршадайынан қыз екенін құлағына құйып тастағаны
сонша,құп-құртақандай болып ап үйден аяғын қия басса үлпілдеп
киініп алады. Сондайда бұл өз қызын өзі танымай тосырқап қалатын.
– Əй, балам...
Ана даусы алыстан естілді. Сен суып кеткен шайыңды аузыңа апара
бергенсің-ді. Кеседен басыңды көтеріп, дауыс шыққан жаққа қарап
едің; көзің əуелі самаурынға түсті; бұрқ-бұрқ қайнаған ескі жез
самауырдың ығында иегін тізесіне қойып, бір шөкім боп отырған
томашадай кемпірді сосын көрдің.
– Еркек қостың жағдайы белгілі еді ғой. Шайың суып кетті. Кəне,
кесеңді бер!
Байқап отырсың: аузы берік ана аржағын ашып айтпаса да, жалғыз
баланың үйде ғана емес, түздегі өмірі де мəз емесін көкірегі сезеді.
Желтоқсанның кешегі қара суығында сылағы түскен қамыс қоста
талай түн дірдектеп тоңып шыққанын да сезетін шығар-ау? Əсіресе,
сол бір түн... Иə, сол түні таң алдында ауа райы шұғыл бұзылып, көктен
қара нөсер құйып берген-ді. Қалжырап қатты ұйқтаған кісілер
алғашқыда түк сезген жоқ-ты. Сен тек қос самайдан сырғанап аққан
мұп-мұздай жылымшы бірдеңе тəніңді қарып бара жатқасын шошып
оянғасың-ды. Тула бойың дір етіп, тітіркеп қалдың да, үстіңе жамылған
су-су көрпеге иегіңді тығып ала қойдың. Қамыс қостың төбесі тулақ
сабағандай сатырлап тур екен. Қатты жел қара дауылға айналыпты.
Əлгіде тулақ сабаған долы қатындай дүсірлеген қара нөсер, енді қазір
ызалы аш иттер қосқа жабылып, іргеліктің қамысын тұс-тұстан
тырналап талап жатқандай. Əдепкіде төбеден бір-бірлеп үзілген
тамшылар бара-бара жеделдетіп, жел ызғыған қостың əне жері де,
тырс-тырс, мына жері де тырс-тырс...
Ұйқыдан берекет кетті. Жаурап ыңырсыған кісілер əр жерде қозғала
бастады. Тамшыдан зықың кеткесін, қол созым жерде жатқан біреудің
көрпесіне кіргенсің-ді. О да жаурап жатыр екен, жабысып құшақтай
алды. Бір тамшы булардың дəл көкірегі тұсынан тырс-тырс тама
бергесін астына шелек қойып едің-ау. Құрсын, қаңылтыр шелектің түбі
қаңғырлап ала жөнелмесі бар ма... Қасында тоқты қошқардай мекіреніп
жатқан бала жігітпен екеуара жамылған су-су көрпе не оған, не саған
жетпей, бір жақ бүйірі мұздап ашылып қала берген-ді.
Ұйқы арсыз ғой. Сүйтіп жатып көзі ілініп кеткен екен. Қанша уақыт
өткені белгісіз, бір кезде дірілдеп оянса, кеудесін басқан əлдебір ауыр
салмақтан көкірегі қысылып барады екен. Əуелі бұның не екенін
білмеді. Сосын абайлап қарап еді, сүйтсе су толған шелек бағанағыдай
қаңғырламай, енді қазір əлгінде ғана іргені тырналаған көп ит құдды
суға бас қойып шылп-шылп жалап жатқандай... Сен мөймілдеп толған
шелекті сыртқа апарып төккенсің-ді. Сүйек сүйегіңнен еткен сол түнгі
суықты сен қазір де сезгендей денең тітіркеп қалды.
– Əлгіде жаман ағаң іздеп жүр еді, тапты ма?
– Иə, моншаға келді.
– Алып-жұлып бара жатқан ол не шаруа екен?
– Белгілі ғой... Қара аспанды қапылтып...
– Е, пəтшағар! Шырағым, сол пəледен аулақ жүрші. Кесеңді бер.
Шаруаңды айтпадың ғой. О жақта шаруаларың қалай болды?
– Апа, балықты жақсы ұстадық. Мынау балаңның табысы,– деп бел
ортасынан жіппен байлаған бір бума ақшаны алдына тастай салдың.
– Бұны қайтем. Келінге бер.
– Өзің жұмсарсың.
– Жоқ, айналайын. Былтыр берген ақшаң да солайымен қарап тұр.
Сан білмегесін, осы жаужегір көбейсе, басым айнала бастайды.
Осы үйдің əне бір бақытты кезіндегідей, сен сақылдап рахаттана
күліп едің-ау. Бірақ ұл бол, қыз бол жеңілтек, ыржақай кісілерді
жақтырмайтын қатал ана самауыр тасасынан түсін суытып қарағанда,
күлкіні кілт тия қойдың.
– Мен өлгесін не болсаң – ол бол, ал менің көзім тіріде, неше, сірə,
қатын Құдай болса да, бұдан былай төбеңе шығарғаныңды көрмейін.
– Апа-ау, марқұм əкем өле-өлгенше өзіңді төбесіне шығарғанда
үндемеуші едің ғой?
Анасы есітпеді ме, ар жағына бұрылып, күйбеңдеп бірдеңе іздеп
кетті. Сонан бойын қайта тіктегенде кəрі ана кенет күліп:
– Жаман неменің сөзден тосқан жерін қарашы. Е, сондай-ақ сенімен
əкең тең бе еді? Ал, сенің ана шүйке басыңмен мен тең бе едім,– деді.
Ашусыз, зілсіз айтты. Сəл отырғасын сөзін сонан ары жалғап:– Бір
кезде бауырымнан шыққан бала болсаң да, бұл күнде, шырағым, біз
бала боп, сендер дана болған кез ғой. Құдай алмағасын сендермен
бірге əзір таң атырып, күн батырып, қара жерді қатар басып жүргенім
болмаса, кəрі анаңда ендігі ұрпақтың көшіне ілесер не қауқар қалды
дейсің. Көзім тіріде, өзіңе айтсам деген бір сөзім бар еді, балам,– деді.
– Иə, апа...
– Кесеңді бер...
Бұрын да ана мен бала арасында оңашада оны-пұны күңкілдесіп
қалатын ортақ əңгімелер болатын. Бірақ бұл жолғы əңгімесінің түрі
бөлек сияқты.
– Сендердің заманыңда біз түсінбейтін мінез көбейіп барады, балам.
Басқаны қайтейін, бауырларыңнан бізден құлқы мен мінезі бөлек
ұрпақ өсіп келеді. Олармен сөйлесетін тіліміз де басқа,– деді анасы.
"Мен жоқта балалардың тілі тиді ме екен?",– деп ойлап, ана сезінің
аржағын шыдамсыздана тосқансың-ды.
– Біздің заманымызда кісінің қолымен істейтінді сендер көктемірге
істетіп қойдыңдар. Аспандағы құстарың – темір. Жердегі көліктерің –
темір. Тұтынған дүние-мүліктеріңе дейін темір. Аспан астымен
тілдестіріп отырған, үйде де, түзде де сырласың мен мұңдасың сол əлгі
таңның атысы, күннің батысы дамыл көрмей сарнайтын да тұратын
заржақ темір. Сиынарың мен сүйенерің темір болғанда, темірге
табынып, тірлігің темірге тəуелді боп отырғанда елжірек сезім
сендерді қайтсін. Көк темір құрсанған мына қаһарлы заманда азамат
қатты болмай, су тиген жабағыдай ылжырап тұрса... е, сонда сенің
кебіңді кимей қайтеді дейсің.
Қарт ана бетін ары бұрып, көзін жұмып селк-селк күлді. Бұл не?
Мысқыл ма? Анасы неге беті қатты заманның темірдей қатайып бара
жатқанын айтты? Əлде... бұл сыртта жүргенде от басында біреу-міреу...
– Апа, шыныңды айтшы, өзіңді біреу ренжіткен жоқ па?
– Ой, ақымақ балам-ай. Маған кім тіл тигізуші еді. Сенің қатының ба,
қайын енең бе?
– Қайдан білейін...
– Білмесең, жөніңе тыныш отыр. Көзім тіріде кісіден зəбір көрем деп
жүргем жоқ. Зəбір көрсем де балаға шағынбаймын. Сені туып едім деп
жатырын сəдеттейтін ана мен емес. Қартайған шағымда от көсейтін
көсеудей қысқа қолымды ұзарт деп те жалынбаймын. Саған айтпағым
басқа.
– Иə, апа...
– От басының тірлігі деп, бала-шағаға қарайлап омала берме. Сонан
соң туған жерім, кіндік қаным тамған топырағым еді деп, бұл
адыраның анасын бір, мынасын бір қимай жүріп, ақырында бейіт
күзеткен бəдіктей көшкен елдің жұртында қалып қойма!
– Апа-ау, өзің едің ғой, күні кеше ауыз ашсаң ата қоныс деп...
– Иə, айттым. Ата қоныстан кетсек, сүйегім көмусіз қалатындай
көргенім рас. Қайтейін, туған жері құрғырды қимаушы едім. Кешегі
бізден бұрын өткен шалдардың əр төбе басында қарақшыдай қалқиған
зиратына көзің түссе де көкірегі құрғырға тіл бітіп, осы елдің өткенкеткені ойыңа орала кетеді. Біз соған да мəз болатынбыз. Қай нəрсенің
де қадірі мен қасиеті басында бағы тұрғанда екен. Қазір осы жердің
мен қимайтын ештеңесі қалмапты.
Сен аң-таңсың. Өз құлағыңмен есіткен мына əңгімеге əлі де болса
сенер-сенбесіңді білмей, аңтарылып отырсың.
– Шырағым, баяғының шалдары да бірдеңе білген ғой,– деп кəрі ана
бұған жүзін қайта тіктеді.– Солар еді ғой "у ішсең – руыңмен" деген.
Елің көшсе – сен де көш. Ендігі қалған тірлігіңде не көрсең де, кешегі
жақсы кезде теңізді бірге кешкен кісілермен бөле-жара көр. Жат жер
деп жүрексінетін не бар. О да осы қазақтың өздеріңдей маңдайдағы
бір-бір қарақтары өсіп-өнген, Баба түкті Шашты Əзізден бата дарыған
киелі қара жер емес пе? Көрерсің, ертең топырағына бір-екі аунап
тұршы. Сонан кейін, е, тəйірі, біз сияқты күні өткен біреу болмаса,
өздеріңдей келешегі алдағы азаматтың тұрған жері де туған жерден
кем боп па еді? Көк темірге канат бітіріп қойған мына заманда көшу,
тəйірі, сол баяғының жаман қатындарының үй аударып тіккенінен несі
қиын дейсің. Тек ендігі жерде қайда бет түзесең де, кəрі анаңды
көшіңнен қалдырмай, ала жүрсең болғаны.
Мынау, сірə, жалғыз бала теңіздің арғы бетінде жүргенде, түнде
кірпік ілмей тебіреніп жатқанда тапқан ақылы ғой. Күнде-күнде келін
жұмысқа, немере оқуға кетіп, оңаша үйде жалғыз қалғанда терезеден
түскен сары шуақта ұршық созып отырып та, түйе қорада қараша
інгеннің бауырында жабысып тұрып та талай-талай тебіренген боларау. Сонда адам көкірегінде жуық арада өліп болмайтын осы бір туған
жердің топырағына бауыр басып, жабысып қалған жаны сірі сезімнің
тамырын, көз жасын кеудесіне тамшылатып отырып бір-бірлеп үзбеді
дейсің бе? Енді, міне, кəрі ана, бұған сол қиналғанын да сездірмей,
басындағы қақыра жаулықты қақшаңдата береді.
– Кешегі сендердің бала кездеріңде бұл теңізді біз де кезбедік пе.
Сонда теңіздің арғы бетінде қостанып жатқан балықшылар шөлдеп
бара жатса, əлі есімде, екі кісі жағаға біріне-бірі қарама-қарсы отыра
қап, қолмен əрі-бері қазғанда, ар жағынан ішуге жарайтын кермек су
шығушы еді. Ал сол жерлерден қазір таңдай жібітер тамшы таппайсың.
– Теңіз тартылғалы жер астының суы алыстап кетті ғой.
– Теңізді айтасың, бұл елдің баяғыда мал жайылған қыр жақтың да
тұзы бетіне шығып кетіпті. Анада адайдағы қыз шақырып, қырдағы
түйе ауылға барғанда көрдім. Тамыры ащыға тиген шөп екеш шөп те
қап-қара боп күйіп кетеді екен. Бұ да құдіреті күшті Құдайдың бізге
жіберген зауалы да.
– Жоқ, апа, бұл адамның ісі.
– Тəйт, əрі! Жер бетіне жақсылық жіберсе де, жамандық жіберсе де –
бəрі бір Алланың қалауымен болған.
– Жə, солай-ақ болсын. Бірақ осы заманның бір білгір ғұламасы теңіз
суы мен жер астындағы су сабақтас деген қисын айтады.
– Оны ғұлама болмай-ақ қатын басымызбен біз де білеміз. Басына
сəлде салмағаны болмаса, сол шіркіндерің баяғының құран ашқан
молласынан айырмасы шамалы. Сендердің ғұламаларың да қит етсе
кітап ашады.
Бүгінгі ана сені тіпті қайран қалдырды. Өзінің баяғыда жиынды
жерде бір жанды бетіне қаратпай өрлеп сөйлейтін отты шағын қайта
тапқандай. Басындағы қақыра жаулықты қайқайтып көтеріп алған.
Бағанағы бүкиген бел жазылып, баласының алдында омыраулап,
өктем сөйлеп отыр. Ондайда даусы да дəл баяғы жас кездегідей
сампылдап шығады:
– Сол немелер білгір болса бұндағы халықтың жаз болса ауыз су
таппай, қатын-балалары шелегі даңғырлап дала кезіп кететінін неге
көрмейді? Осы ауылдың ортан қолдай жігіттері... Əне, əнекей, жұмыс
таба алмай, сенделіп жүр! Кеше адайдағы апаң келіп кетті.
– Олар əлі қырда отыр ма?
– Сөзімді бөлме. Үш үй елсіздегі бір ескі қораны жөндеп алыпты.
Əзір соның ығын лаждап отырған көрінеді. Олар да жаны сірі. Шыдай
береді. Адайдағы апаң айтады: өзімізге бəрібір-ау, балаларға жұмыс
табылмағаны жаныма батады дейді. Рас қой, жұмыссыз үйге кісі сия
ма? Аяғың жетіп жоғарыға барып жүресің, осы ауылдың басындағы
қиындықты неге айтпайсың?
– Ой, Құдай-ай! Апа сен де...
Күйіп кетіп шоқпардай жұдырықпен оз тізесін өзі қойып қалды.
Тыңдайтын құлақ болса, бұл айтпаған сөз бар ма? Бір жолы Қозы
Қарын: "балық... балық" деп жынына тие бергесін, бұ да шыдамағанды. Былайғы кезде үндемей құтылатын жуас жігітке сол арада жігер
бітіп: "Балықты бюрода айтамыз. Активте айтамыз. Қос уыс
жиналыстың бəрін де айтатынымыз балық. Ал, халық сорлы қашан
аузымызға түседі"...– дей бергенде, жиналыс басқарып отырған Қозы
Қарын столды қойып қалды. Алдында жатқан күл салғыш шоршып
түсті. Кілмік көзге қаһар бітіп: "Жолдас, абайлап сөйле! Əлгі сөзің үшін
жауап бересің" деп еді, бұ да тайсалмай: "Е, берсем берем", деді; "кердің
бе, тілі шыға бастаған. Омай-ау, сонда халықтың жалғыз жан ашыры
сен болып, біз тек балықтан басқа түк білмейтін керең болғанымызау",– деген-ді...
– Ай, апа-ай... біз де айтып жатырмыз-ау. Бірақ... Əй, құрысыншы!
– Айтудың да айтуы бар. Бастықтың алдына барғанда сен, сірə,
марту басқан қатындай үнің шықпай қалатын шығар?
– Қайт дейсің, апа, нашар бала тапқан өзіңе ренжімесең, маған
ұрысқаннан не шығады.
Ана бұған алара қарады:
– Сен мұндар енді өзіңнің жамандығыңды анаңның жатырынан
көрейін дедің бе? Тоғыз ай, тоғыз күн көтергенде жатырындағы
баланың қандай екенін қай ана біледі дейсің. Сен жəне мен туғанда екі
шекең тоқпақтай сəби едің, ер жеткесін ащы көлден шабақ аулап жеп
жүрген ана, жаман Жақайым жігіттеріне тартып кетеріңді қайдан
білейін,– деді кəрі ана күліп. Əзілі ме, шыны ма, соның қайсысы болса
да күліп отырып көңілдегісін айтты.
– Қайт дейсің, апа. Жақсы болса да, жаман болса да балаң аянып
жүрген жоқ.
– Сөзінің сиқын. Қатын – ерге, ер – жерге қараған заман. Алдында ел
басшысы тұрғанда халық байғұс қиналса да жас баладай көзі
жаутаңдап, сенің аузыңа қарайды. Қайткені сол – қиналған халқыңа
ақыл тап, жөн сілте!
Қарт ана саңқылдаған даусын кенет кілт үзіп, сыртқа құлақ тікті.
Сүйткенше аттылы біреу тоң жерді дүңк-дүңк бастырып кеп үй алдына
тоқтады. Дүрс етіп аттан түсті. Сыртқы есік шалқалай ашылды. Осыған
дейін өз үйіндей еркінсіп келе жатқан еңгезердей біреу есік аша берді
де, аяғының астына қарап кілт тоқтады. Қара елтірі тымақ, қара елтірі
тон киген еңгезердей ірі кісі əлденеге аяқ астынан жүрексінгендей
табалдырықтан аттауын аттаса да, сонан ары аяғын баспай, төбесімен
үй тіреп тұрып қалды.
– Жезде, жоғары шық!– дедің сен.
Еңгезердей кісі ілгері басудың орнына кейін шегіншектей береді.
Наразы дауыста бірдеңе деп күңкілдеді. Дəл қазіргі түрі айнадай
жалтыраған сырлы еденді бір басса ана бөрене аяқ сереңдеп құлап
түсетіндей, ал бір құласа үйелеген түйедей сол орыннан енді қайта
тұра алмайтындай тізесі дір-дір.
– Ау, жездеке, есік алдында тұрып қалдың ғой. Былай, төрге шық!
Қонақ шал қос қолымен босағадан ұстады:
– Ой, енеңді ұрайын,– деді күлкісін əзер тежеп тұрған саған алара
қарап.– Төрге шық, төрге шық дейді. Төрге қалай шығам, қайқайып
басатын қазақтың қара жері болса екен, айдың күні аманда үйдің
табанын тақтайлап, мынау көк тайғақ мұздай жалтыратып қойғаның.
Сен күліп кеп оны қолтығынан алдың. Қонақ шал сонан кейін ғана
бойын билегендей боп:
– Апыр-ай, бұл үйге ендігі жерге табанымызды тағалап келмесек
болмас,– деді. Қанша келсе де, əдеті осы: төрге біреудің қолынан ұстап,
бөрене аяғын бір-бірлеп басып əрең шығады. Бұл келгенде балықшы
ауылдың балалары мəз. Шара табақтай жалпақ беті мен бүкіл
тамағының асты сақалға толған осы бір таудай шалдың сырлы еденді
басарда құдды мұзға түскен түйедей, аяғын əрең-əрең қозғап,
бүгежектеп қалатынын көргенде əсіресе мəз боп ішек-сілесі қататын.
– Басқа ермек болмағасын шешең екеуің ертелі-кеш тақтай
жалайсыңдар да отырасыңдар-ау, сірə!
Сен күліп төрге төсек салдың. Төсекке киімшең бойымен шыққан
қонақ əуелі тері тонын шешті. Сосын басынан тымағын алды. Аяғынан
кең етігін қолқ-қолқ шығарып, есіктен төрге дейін тілмен жалағандай
жалтырап жатқан еденнің қай жеріне тастарын білмей көтеріп ұстап
түр еді, сен қол создың:
– Маған беріңіз.
Қонақ шал етікті ұстата салды. Сонан соң демін бір алғандай жанжағына қарады да, самауыр жанында қақыра жаулығы қайқайып
отырған бастасына көз тастады.
– Қалайсың? Қуаттысың ба?
– Шүкір. Біздің ендігі тірлігіміз белгілі ғой: отырса да – тəуба, тұрса
да – тəуба.
– Қабағыңда кірбің бар ма, қалай?– деді қонақ шал бастасына қайта
қарағанда көзінің үстіне қолын көлегейлеп.– Келін, бала ренжітпей ме,
əйтеуір?
– Осыларды қойшы. Бұлардың қолынан кісі ренжіту де келмейді.
Көптен көрінбей кеттің. Үй ішің аман ба? Қызымыз қалай?
– Қыздарың қартайды ғой. Тісі жас, түсі тəуір бір сіңлісін іздеп
жүрмін.
– Тұтақ! Еркек шіркіннің кеудесін көтере алмай жүріп те
қартаймайтын көңілі-ай!
Əлгінде көрші үйден жүгіріп келген кішкентай екі бала босағаға
жабысып алған. Өздері тығылып тұрған тасадан басын бір шығарып,
бір тартып алып жылтың-жылтың етеді. Тор алдында теңкиіп жатқан
нар тұлғалы шал күлсе де, сөйлесе де жолы болып жымыңдаса қалады.
Осы шалдың тамағы астындағы қаба сақалға оқта-текте бес саусақтың
бесеуін бірдей сұғып жіберіп қышыр-қышыр қасығаны тіпті қызық.
Ондайда біріне-бірі: "Ана қара! Ана қара!" деп жырқ-жырқ күледі.
Қонақ шал оларға көз қиығын тастап жымиып қояды; бұл өзі осы
өңірге сонау колхоздасу тұсында келген кірме. Жасында тақымы
терден кеппеген ұры бопты дейді. Анау-мынау кісінің аяғы жетпейтін
қиян қашықта жатқан Қара-қалпақ, түркпен еліне қасына кісі ертпей,
жалғыз жортыпты деседі.
Бір жолы Каспий мен Арал арасындағы елсіз түзде жалғыз келе
жатқанда, ойда жоқ жерден өкпе тұстағы қоңыр жалдың астынан салт
атты біреу сумаң етіп шыға кепті дейді. Астындағы ат елең ете қалған
жаққа бұл бұрылмай, қабақ астында тұнжыраған суық көздің қиығын
тастаса... сіңірлі мықты ат үстінде үйелмендей боп біреу отыр екен
дейді. Сүр шекпеннің салақтаған ұзын жеңінен жуан дойырдың шеті
көрініпті. Ерден ердің сірə да қаупі бар. Бұл да бойын дереу жиып ап,
жең ішіндегі дойыр қамшыны уысына қысып ұстапты. Ат үстінде
үйелмендей боп отырған əлгі бейтаныс бұжыр қара кісінің өңменінен
өтіп бара жатқан жылан көзіне бұ да тайсалмай тура қарапты деседі.
Дүниеде ерлік пен ірілікті ғана құрметтейтін қанжығалы екі ұры сол
арада ат үстінде аз тілдессе де, бір-біріне рай беріп тарасқан екен
деседі.
Сонан күндердің бір күнінде Адай жігіттің басына зобалаң туып,
еліне сыймай қашып шығыпты. Барар жер, басар тау таппай тірлік
тығырыққа тірелгенде, Адай жігіттің есіне баяғыда құба жонда
кездесетін жылан көз бұжыр қара түсіпті-ау! Қоштасарда оның: "Мені
іздесең – Арал теңізінің батыс жағынан табасың", дегені есінде қапты.
Сол жылан көзді əрі-бері ойлап, ақырында аты да есіне түсіпті.
Кəлен...Иə, атым Кəлен деп еді-ау. Кəлен... Кəлен... Сонан бұл күн жүріп,
түн жүріп Кəленді табады. Əлімнің бір қызына үйленіп, үстіне үй
көтереді. Кішкентай қараша келіншектің етегінен қара сирақ балалар
бірінен соң бірі дүниеге келеді. Сонан кешегі колхоздастыру кезінде
Кəлен екеуі ел алды боп колхозға кіреді. Ел алды боп бір-бір қайық ау
алады. Сүйтіп, қыс демей, жаз демей көк теңіздің қашағанын қуып
аулап бергенде, о, дариға-ай... бұл екеуінің алдына бүкіл Аралдың арғы,
бергі бетінде жан түспей-ақ кеткен еді-ау!
Енді, міне, Кəлен дүние салды. Бұл қартайды. Бұның дəл өзіндей қолаяғы серейген төрт ұл түгел ер жетті. Күйеуге шыққан қыздарын
айтпағанда, Адай шалдың қара шаңырағы астынан өсіп-өнген төрт ұл
қазір төрт үй. Оқуға қыры болмағасын бастауыш мектепті бітірербітірместе кəpi əкенің қолынан қос ескекті ала сала бəрі де
балықшылық кəсіпке түсіп еді; бұлардың сорына теңіз тартылды.
Балықтан басқа кəсіп бұл өңірде, сірə да, жоқ. Кəсіп іздеп қоныс
аударам, көшем дегендердің сен бəрін жіберіп жатырсың. Тек Адай шал
мен баяғыда осы колхозды өз қолымен құрысқан тағы екі шалды
кейінге ірке бергенсің-ді. Соларға бола ауданға қайта-қайта шапқылап
жүріп, түйе фермасын ұйымдастырды. Сонан бері қыс шығаршықпаста түйеші шалдардың үйін қырға көшіріседі. Қолы қалт етсе
артынан іздеп барады. Қара азық жеткізеді. Шай-суын үзбей апарып
тұрады. Жиі қатынап жағдайын жасап тұрғасын, басқарма дегенде
олардың да шығарда жаны басқа. Əсіресе, Адай шал дəн риза.
Салдырлақ машинаның шаңы бұрқ етсе болды, кемпіріне дауыстап:
– Əй, қайдасың? Бауырың келе жатыр, қазан көтер! Бол,
өзі де жүк арасынан көрпе-жастық алып, əпі-шəпі боп
Əншейінде əзіл-қалжыңға орашолақ аңқау шал бұнымен
басында тақымдаса отырғанда сөзшең-ақ. Кісі аузына
қайдағы бір қыршаңқы сөздерді тауып айтып:
бол!– деп,
жатқаны.
дастарқан
түспейтін
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 08
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654