Latin

Соңғы парыз - 16

Total number of words is 4239
Total number of unique words is 2251
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бас кеңірдегі үзілетіндей кегжең етіп шалқалай бере қалт тоқтады.
Кірпігін қағып қалды; көзі осы жолы кəрі қақсалдың сыртында тұрған
əйелге түсті де, денесі тоқ ұрғандай дір етті. Мең-зең басын сілкіп қап
қайта қарады. Иə, қателеспепті. Бəкизат. Түрінен адам шошығандай;
шашы қобырап кеткен. Үсті-басы да ебіл-себіл; əсіресе, иінінде əзер
ілініп тұрған алба-жұлба халатқа көзі түскенде қыбырсыз қатты да
қалды. Иə, мынау астанадан киіп қайтқан халат. Жағасы мен жеңінің
аузына қара жібектен жіңішкелеп əдіп жүргізген. Біздің ел емес, кім де
болса оты, суы басқа, ұсынықты бір елдің шеберлерінің қолынан
шыққан халаттың өңірі дар-дар айырылыпты.
– Көрдің бе? Көрдің бе, жауыз? Қанішер.
Иə, көрді. Көріп тұр. Бəкизаттың аяғына жығылып кешірім сұрағалы
ілгері ұмтыла бергенде, кəрі қақсал қызына:
– Ойбай қаш, мынау өлтіреді,– деді...
Құрсын, итыржыңмен өткен өмір ғой! Сен жалт бұрылдың да,
тəлтіректей басып балықшыларыңа кеткенсің-ді. Бəкизат кешпес, осы
жолы айрылысар деп еді; жоқ, үйтпеді; не қылса да, араларындағы екі
жапырақ бала себеп болды ма, кім білсін...
***
Əлде ояу, əлде ұйықтап жатқанын білмейді. Құлағына əуелі алысалыстан, талай қыр, талай асу-асудың ар жағынан сырт-сырт дыбыс
келді. Сол еміс-еміс, сырт-сырт бір қырдан кейін бір қыр, бір жалдан
кейін бір жал асып жақындап келеді, жақындап келеді. Жақындаған
сайын құлақ тігіп тыңдаудың орнына əлденеге жүрегі дүрсілдеп əкетіп
барады. Əзір бұған сыры белгісіз, зəресін алған сырт-сырт шыныменен
жақындап қалды ма, əлде кеудесін дүрсілдетіп алып бара жатқан
жүрек соғысы ма, оны да анық біліп жатқан жоқ. Бар білгені демі
алқымға тығылып қысыла бастаған-ды. Сүйткенше, қыр жақтан, аспан
мен жер арасынан алып Көк Өгіз көрінді. Теңіз өңірінің түз сепкен тері
тулақтай ала тағанақ жерін күтір-күтір басып желіп келеді...
Бұл көзін ашып алды. Ақшағылтақ ай сəулесі түскен бөлме іші
бозамық екен. Өңіндегі қиындық аз дегендей, түс екеш түсі
бұзылғанына қынжылып жатты да, қатар тұрған керуетке көз салып
еді. Керует бос. Үй жым-жырт. Тек көшенің арғы бетіндегі дырдудың
жуық арада аяқситын түрі жоқ. Қызып алған көңілді жиын күле ме, əн
айта ма, əзілдесе ме. Үйықтай алмағасын басын көрпемен бүркеп алды.
Олай-бұлай дөңбекшіді. Ана жолы Шалқарға қой сата барғанда темір
жол ауруханасында істейтін таныс дəрігердің кеңесі есіне түсті де,
жүзге дейін ішінен қайта-қайта санап, қиыр-шиыр боп жатып бір кезде
көзі ілініп кеткені сол екен, бұл тағы да дəл əлгіндей жаман түстен
шошып оянды. "Туһ, сайтан алғыр. Не боп кетті, өзі? Алғашқы түс
бұнан бұрын да талай көріп жүргесін бе, онша ойына ала қойған жоқты. Ал мынадан зəресі қалмады. Бұрын қыр жақтан қара жерді
қамырдай илеп дүрсілдеп желіп келетін алып Көк Өгіз бұл жолы бір
шалғайы салбырап теңізге тиіп тұрған қара бұлттың ар жағынан желіп
келе жатты. Екі көзі қанталап кеткен. Танауынан күс-күс дем шығады.
Дем алған сайын дауыл тұрғандай төменде теңіз толқып, топырақ
борап, əлгінде ғана тамылжып тұрған дүние дем арасында ұйқы-тұйқы
болды да кетті. Сол алай-дүлейде қара бұлттың аржағынан шыққан
Көк Өгіз бұрынғыдай қара жерді баспай, темір тұяқтар қаңылтырмен
қаптап тастаған аспанды дабыл қаққандай даңғырлатып желіп келе
жатты. Даңғыр-дұңғыр. Даңғыр-дұңғыр. Бұл жастықтан басын көтеріп
алғанда аспанның дəл өзінен шыққан əлгі дабыл құлағынан əлі де сөніп
болған жоқ-ты. Бір ғажабы, кеудесінде дүрс-дүрс соққан жүрекпен
бірге үй ішіндегі шыны атаулы шайқалып миын шағып зың-зың ете
ме?
Бұл алақан астында лүп-лүп соққан жүрегін қос қолдап қысып алды.
Айналасына абайлап көз тастады. Дүниеге жаңа келген кісідей көзі
түскен нəрсенің бəріне күдіктене қарап отырды да, бетін жастыққа
басып жата кетті. Құрсын, ұйқы ұйқы болмады. Ширыққан жүйкелер
ұйықтап бара жатса шиыршық атып, қол-аяғы селк етіп оянып кетеді.
Оянған бойда қайта-қайта түсіне кірген əлгі алып Көк Өгіз тағы да бір
жерден шыға келетіндей, төңірегіне алақ-жұлақ қарап отырғаны. Енді
жатқысы келмеді. Жатса тағы да түсіне жаңағы пəле кіретін болғасын
түрегеліп, төсектен аяғын салбыратып отыр.
Басы зілдей. Қалайда бұған бірдеңе көрінді. Көзі ұйқыға кеткенін
аңдып тұрғандай түсіне не Көк Өгіз кіреді, не бастықтар кіреді. Сол
немелердің бұған өңінде де бауыры бітіп тұратыны шамалы еді; а л
түсіне кіргенде тіпті ызбарланып, ит көрген текедей көздері ежірейіп
кетеді. Аузын аша алмай тұрған бұған біресе Тəшір Қара, біресе Қозы
Қарын тап-тап беріп: "балық... балық" деп безектейді. Бұл таңданып
алақанын жаяды. "Əке-көкелер-ау, теңіз тартылып, су ашып жатқанда
балық қайдан болады?" дегісі келеді.
Тамағы құрғап қалды. Тілі тіл сияқты емес. Жұрт құсап бұрын да
тақылдап тұрғаны шамалы еді, жаны қысылғанда тіпті тиесілі сезін
айтып деректесуге жарамай, таңдайына жабысып алғанын кермейсің
бе?
Түн ортасы ауды. Бəкизаттың келмесіне кезі жетті. Заты жуас
болғанмен, бұл өзі ашуланса адамды тыңдамайтын томырық еді. "Енді
келсе де кіргізбеймін",– деп, əлгінде ішінен бір байламға кеп бекіп
алған-ды. Сонан кейін көңілінен Бəкизатқа орын қалдырмай, ақи-тақи
айдап шыққан сияқты еді. Сүйтсе, жоқ... өзіне өңінде тыйым салса да,
түсінде дəрменсіз боп шықты. Бұл жолы қасындағы төсекте біреу
жатқан сияқтанды. Иə, жатыр. Кеудесіне дейін жамылған атлас көрпе
астынан əйел мүсінін аңғарды. Əйел болғанда мынау басқа емес,
түнімен дегбірі қалмай күткен өз əйелі. Жағасына жіңішкелеп шілтер
жүгірткен жібек іш көйлектің жұп-жұқа өңі жас əйелдің жүрек
тынысын жасыра алмай тұр. Ана үйде əн айтып, би билеп шаршап
кепті. Жəне кеш бойы астанадан келген қонақпен билегенін де білетін
сияқты. Соны біле тұра қызғанбайтынына таңданды. Есіл-дерті
мазасын алып тұрған күдікті анықтағысы кеп, əйелдің шашына қарай
береді. Қанша қараса да көзі əйелдің шашына түспей, жұп-жұмыр əдемі
иегінің астынан сырғанап ауып бара жатқан ақшағылтақ ай сəулесіне
ұсталып қала бергені. Алақандай ақшыл сəуледе кісі арбайтын əзəзіл
сиқыр бардай, иегі астында білінер-білінбес бұғақ пен аппақ тамағын
албыратып тұрып алды. Бұл онан сайын тақатын тауысып, əне бір
үйленген жылдардағыдай емешесі құрып барады. Қазір атып тұрып,
қасына жетіп барайын десе... қол-аяғын қозғалтпай темір кереуетке
таңып тастағандай. Неғұрлым тұрғысы кеп ұмтылған сайын,
солғұрлым дəрменнен айырылып, тұла бойындағы бір мүшесін қозғай
алмады. Сонсоң "Бə-ки-зат..." деп дыбыс берейін деп еді, оған даусы
шықпады. Бірақ өз даусы өзіне естілмесе де, қасындағы əйелдің
құлағына шалыныпты. Бұл дыбыс бергенде ол басын жастықтан
көтеріп алып: "Бəкизат ана үйден əлі келген жоқ қой"– деп еді, оның
бет-өңіне үңіле қарағанда өз көзіне өзі сенбеді. Бұл не? Не ғажап?
Ертеден бері емешесі үзіліп жатқан мына əйел Бəкизат болмай, басқа
біреу... Басқа болғанда да мынау бұның есігі алдында отыратын қызыл
орамалды қыз ғой? Иə, сол!
Бұл оянғасын да қыбыр етпеді. Жаңа ғана қолға ұстатқандай апанық көріп жатқан Бəкизаттың, басын көтергенде, үш ұйықтаса
ойында жоқ əлдебір басқа кісіге айналғанына қайран. Бұл қалай? Сірə,
тегін болса жарар еді? Сонда... Тоқта, бұл... бұл ненің нышаны болуы
мүмкін?
"Таңға қанша қалды екен?" деп ойлады. Таң таяу болса конторға
барып, Сырдарияда болған соңғы бір айда жиналып қалған қағаздарды
қарағысы келді. Ана жолы ауыл іргесін үңірейтіп көтеріле көшіп
кеткен жиырма бес үйден кейін де көшеміз деп жатқандар аз болмас.
Адай шал да бағана тегіннен-тегін келіп жүрген жоқ. Конторға барып
айтам деген шаруасы – көшуден басқа не дейсің?
Ұйқыдан күдер үзді. Онсыз да көзі ілінсе келіспеген бірдеңелер
түсіне кіріп, зықы кетіп бітті. Əсіресе, жаңағы түс бұған мүлде
түсініксіз. Неге жорырын білмеді. Он үш жыл отасқан əйелін бұл түсі
түгіл, осы күні өңінде де түсіне алмай қойды. Жə, əйелі солай болсын,
ал бұның кабинет алдында өткен-кеткеннің бəрінен қысылып өзөзінен абыржып болатын ұялшақ қыздың түсінде дəл бұлайша
батылдана қалғаны қалай?
Апыр-ай, ə?.. Бұны қалай түсінуге болады? Бұны неге жорырын
білмей тым-тырыс үйде қыбыр етпей жатыр еді. Əлдене сықыр етті.
Бұл елең етті. "Қайталар ма екен" деп демін алмай, əрі-бері тосып еді.
Сықыр қайталанбады. Бірақ... бұл жатқан бөлменің есігі жартылай
ашық. Өзі ашық қалдырды ма, əлде біреу ашты ма? Айтса да, есіктің
аржағында біреу тұрғаннан сау ма?
Басын көтерді. Көзін есіктен айырған жоқ. Əлде қалай кірпік қақса
да қапы жіберіп алатындай, ұйқы қашқан жанарына шыр жолатпай
бағып қапты. Мынау, егер хатшы қыз болса, қара торы беті өз-өзінен
өртеніп табалдырықтан аттау мұң боп тұрған шығар? Шиедей қызыл
ернін қанын шығара қырқып алмады дейсің бе? Бір басып, бір тоқтап
есікке əзер жеткен шығар-ау? Діріл енген қолын соза бергенде топсасы
майланбаған есік сықыр етті ме екен? Оқыс дыбыстан ол бишара дір
етіп, ілгері соза берген қолын дереу кейін тартып алып кеудесіне
қысып тұра қалған болар? Өзі барып жəрдемдеспесе ұялшақ қыз қазірақ жалт бұрылып тұра жөнелер-ау. Бұл "тоқта" деуге əзер қалды.
Жастыққа шалқалап жата кетті; өз өзінен мырс етті. Босағаны бағып
отыратын бишара қызды қарағаннан-қарап қиялдағаны қызық. Көзін
сəл жұмса да, осы бір ұйқы қашқан кезде көңіл алдауға жараған əдемі
елестен айрылып қалатындай. Сонда бұл не? Уақыт өткізу үшін ойлап
тапқан ермек пе? Əлде тентек ақын арман ететін əлгі бір "қатыны
жатып қасында, қыз ойлайтын қайран күн" бұның басынан өтіп
болмаған ба? Ол күн біреуден ерте, біреуден кеш өтер. Бұл бірақ ондай
кісіге ұқсаушы ма еді? Бəкизатпен қатар жатқанда қайсы бір түндері
бұның да көз ілмей шығатын кезі болатын. Сонда теңіз тірлігінің
қиындап бара жатқанын ойласа ойлаған шығар, бірақ əлгі тентек ақын
аңсайтын қайран күнді қиялдап көрген жоқ еді ғой?
Осы күнгі өз басындағы халді қанша ойласа да, түбіне жете алмады.
Қалайда қазіргі тірлігі бір түрлі. Өзге түгіл бұның өзіне түсініксіз. Тек,
бір таң қалатыны, бір сезім бұның бойында өмірін тауысып өліп бара
жатқан осы бір кезде басқа бір беймағлұм сезім жүрегіне ұрық сап
жатыр ма, қалай? Əлгі өмірін тауысқан сезім тамырын тегіс үзіп
болмай жатып та сыр-сипаты əзір белгісіз жаңа жас сезім тұла бойына
тамыр жіберіп балапан көк қылтия ма? Е, бəрекелде? Ендеше əлгі
тентек ақын дəмеленетін қайран күннен сенің де қашып құтыла
алмағаның белгілі болды.
Ертеңгісін басы ауырып тұрды. Шешесі екеуі алдарына жайған
дастарқан басында шүңкиіп отырып шай ішті.
***
Бұл ертеңіне қонақ келген үйден көңілі ауырлап шыққан еді; өзін
есік алдына дейін шығарып салған атақты жерлесімен қоштасар жерде
құрдасының қолын қысып жатып жүзін жылытып күлімсіреуін
күлімсіресе де, бірақ арғы жағы жібімей мұп-мұздай боп кетті. Былай
шыға бере мырс етті. Көлгірлік деген иттің өзгелер сияқты бұның
өзінің де қолынан келгеніне таң қалды.
Өзіне салғанда осы үйге аяқ басатын ойы жоқ еді. Анасы қоймады.
"Екеуің бір жылы туып едіңдер" деді. "Бірге өсіп едіңдер" деді. "Жас
кездеріңде егіз қозыдай жұптарың жазылмайтын еді. Осы араның төлі
болғанмен қазіргі мекен-жайы бөлек болғасын о да құдайы қонақ.
"Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал арнайы барып сəлем
береді" деген бұрынғы қазақ. Бар, шырағым, бар",– деп қоймағаны. Ал
барды. Ал сəлем берді. Дидарласты. Арбасты. Кəне, сонан не тапты?
Жүз көріскенмен ар жақтарында мұз боп қатып жатқан жүрек жібіді
ме?
Бұл барғанда Əзімнің үкі көз быдық ағасы есік алдында жатқан аяқ
киімдерді жиыстырып, күйбеңдеп жүр екен. Бұны күтпегесін бе, сірісі
қажалған резеңке галошты қолына ұстай түрегелді де, дөп-дөңгелек
үкі көзі ұясынан шығып аңырып тұрып қалды. Сосын іле-шала есін
жиды. Бірақ сасқанда қолындағы галошты қайтерін білмей, қос қолдап
қысқан күйі қалбалақтады да қалды:
– Ал деген... Бəрекелде, жақсы келдің деген. Əзімжан үйде. Кір... Кір
деген.
Қонақ жігіт шар айна алдында түр екен. Жаңа ғана қырынған күтімі
қатты бетін қияр суымен шайып, енді исі бұрқыраған шетел кремін
жағып алақанмен ысқылап жатқан үстіне бұл кірді. Қонақ жігіт бірден
бұрылған жоқ. Есіктен кіріп келе жатқан бұны шар айнадан көріп:
– Ə, құрдас... Кел! Кел!– деді де, асықпай ақырын бұрылды. Бұны дəл
баяғы жас кездегідей, бас сап құшақтай алатындай қос қолын созып
келе жатты. Тек қолдасар жерде алғашқы беттегі ықыласынан кілт
айнып, құрдасының қолын саусағының үш жағынан сəл қысты да,
босатты.
– Отыр,– деді орындықты иегімен нұсқап.
– Сапар оң болсын!
– Иə, əумин деген,– деді үкі көз ағасы.– Əзімжан деген... айналайын
деген, туған жерін ұмытпайды деген... ұмытпайды деген... Осы жолы
тіпті күтпеген жерден келді деген.
– Бір есептен, қазір келгені дұрыс болды. Кейінірек келсе, кім біледі,
көшіп жатқан халықтың орнын сипап қалар ма еді...
– Апыр-ай, Апыр-ай деген... Тек, əйтеуір, түбі қайыр болсын деген.
Əзім мына сөздің өзіне түк қатысы жоқ сияқты міз бақпады. Сен үй
ішіндегілерге байқатпай, терезеге тұтқан ақ жібек пердеге жалтақтап
қарай бердің. Əзім оны байқады ма, жоқ па, белгісіз көз қиығын саған
керенау тастап, миығынан мырс-мырс күлді:
– Жас кезіңде түйедей жүндеп жатса да үндемеуші едің. Байқаймын,
батырым, сенің де терің жұқара бастаған екен. Немене, өзің шаптығып
тұрсың ғой?
– Біздің орнымызда болсаң, терің жұқарған емес, тесілген болар еді.
– Рас, рас деген. Ел жағдайы қиындап кетті деген... Құрыды, құрыды
деген.
– Кел, отыр,– деді Əзім тор жақта тұрған бір орындықты көрсетіп.
Сен қозғала қоймағасын ол күліп кеп қолтығыңнан алды да, төр
жақтағы орындыққа апарып отырғызды. Сонан кейін де өзімсініп кете
беретін жас кездегі еркіндікке басып, сені ықтияр еркіңе қаратпай
баурына тартты.
– Ту, черт, құшаққа сыймайсың ғой,– деді күліп.
Сен тартыншақтап бойыңды алып қашып отырсың.
Қарамайын десең де көзі құрғыр ықтияр-еркіңнен тыс көше беттегі
терезелерге тұтқан ақ жібек пердеге түсе берді. Мүмкін, түнде көргені
Бəкизат емес, қайын енесі болар? Айтса да, сол қақсал жасы ұлғайған
сайын кəрілікті мойындағысы келмей, шашын жұдырықтай ғып
желкесіне түйіп алатын боп жүр ғой.
– Шешең қалай, қуатты ма?
– Шүкір...
– Қолынан талай дəм татып едім. Уақытым аз боп тұр. Дегенмен,
кіріп шығармын.
– Келеріңде алдын ала хабар бер, қамсыз қалмайық. Сыбағалы
малыңды жеп кет.
Əзім күтімі қатты бетіне сыңар əжім түсірмей, сылқ-сылқ күлді:
– Ай, құрдас-ай, үкімет қанша оқытса да қазақшылығың қалмайды.
Европалықтар қонағын бір стакан кофемен шығарып салатын
дəстүрден Құдай біледі, сен ғой бейхабарсың.
Сен құрдасыңа үнсіз бұрылып, ұзақ қарадың. Осы жігіт өзі білетін
əлдебіреуге ұқсай ма, қалай? Тоқта, сол өзі кім еді? Кім де болса, о да
жақтырмаған кісінің жер-жебіріне жеткісі келгенде көз қиығын дəл
осылай керги тастап, дəл осылайша сұлу бетіне сыңар əжім түсірмей
сылқ-сылқ күлмеуші ме еді? Иə, сондай біреуді білетін...
– Достым, əр елдің өз дəстүрі бар. Азияда отырып, əлдеқайдағы
Европаңды қайтейін.
– Сөз болғаныңа. Ата-бабаңның аты мен ала шапаны қазір қай
қазақтың кəдесіне жарап жатыр.
Енді сен күлдің:
– Шапанын білмеймін, ал атын өзің мініп келген секілді едің ғой...
Осал жерін дəл басып ұстасаң да, бірақ өңін билеп үйренген неме бұл
жолы да міз бақпады. Ол үндемегесін сен сөзді жалғап:
– Мақалаңды оқыдым,– деп едің,
Əзім есітсе де, бірақ есітпеген сыңай танытты. Тек оның аңғалақ көз
аясы ұшқысы кеп қанатын қомдай түсіп, тұғырына қайта отырған
үкідей бір-екі қомпалаңдады да басылды:
– Ойбай, ол мақала керемет болды деген. Керемет деген. Əзімжан
деген... айналайын деген... табиғаттың бермесін тартып əперем деп
жатса, құрсын, құрсын деген... бұл халық құрыған деген... құрыған
деген. Маңдайына ыссы май тамсын деген.
– Иə, жерлестеріңе мақалаң ұнамады.
– Саған ше?
– Мені қайтесің. Менің қай сөзім сенің миыңа кіріп еді. Онан да сен
бұндағы халықтың не дейтінін тыңда,– деп құрдасын сөзге жетелеп
көріп еді, ол бірақ осы жолы тағы да түк сезбей, түк есітпей кереңденіп
ала қойды. Бұнда келсе, Аралды ауызға алмайды. Ал, ана жақта
Аралдың жер бетіндегі жан алғыш жалғыз Əзірейілі осы. Бұлар
Амударияда жатқанда тағы бір мақаласы шықты: "Біз табиғаттың құлы
емеспіз, қожасымыз" депті. "Табиғатқа біз де қарсы емеспіз, тек біздер
табиғаттың адам баласына, ала-бөле совет елінің өскелең
шаруашылығына келтіретін пайдасына қарай бағалаймыз" депті. "Рас,
баяғыда ата-бабаларымыз табиғаттың сұлулығына тамсанған.
Ақындар сылдырап аққан суға, сыбдырлаған жапыраққа, айға, күнге,
жұлдызға қарап жыр арнап емешесі үзілген. Бірақ, ол дəурен өтті. Ол
кездің көңілшек шалдарымен күліп қоштастық. Қазір істің заманы.
Экономикалық прогреске қолма-қол септігін тигізіп, əл-ауқатымызды
өркендететін шұғыл шараларды шұғыл қарастырып жатырмыз.
Ашығын айтсақ, санаулы құмыры қалған кəрі Аралдың біз үшін қазір
неғұрлым тез тартылып, теңіз астында жатқан пəленбай гектар
құнарлы жерді тезірек босатып алудан артығы жоқ",– депті.
Жұрт мақаланы жабыла оқыды. Бұ да оқыды. "Ынданы ашылған
адам əлемді апатқа ұшыратпай тынбас-ау" деп ойлады. Жалғыз Əзім
болса бір сəрі ғой. Қазір аспан астындағы ел болған ел, халық болған
халықтан қанша Əзімдер шығып, жұдырықтай жердің жан алғыш
жендетіне айналып жатыр. Егер, адам баласына ақыл кіріп, ашқарақ
ындынына тез арада тиым болмаса, көрерсің де білерсің, Аралдың кебі
көп ұзамай жер бетіндегі қалған көлдер мен теңіздердің де басына
келер-ау!
– Былтыр Алматыға барғанда ойламаған жерден сендердің бір
жиналыстарыңның үстінен шыққаным бар. Қызыл кеңірдек боп жатыр
екенсіңдер. Мені байқамаған шығарсың. Кейінгі жақтағы бір орынға
отыра кеткем.
– Көрдім. Жиналыс соңынан соғар деп отырсам, жып беріп тайып
кетіпсің.
– Мазалағым келмеді. Менсіз де айғайларың жетерлік көрінді. Бір
Аққұба жігіт үш рет сөз алып сөйледі.
– Иə, кер ауыз біреу. Соның алдында докторлық диссертациясын
құлатып жіберіп едік. Саған, əрине, оның... сөзі ұнаған болар?
– Ұнағанда қандай. Өзіне құдай баспен бірге жүректі де берген екен.
Есіңде ме, сол айналайын, сөзінің соңын "келешекте адамның болуболмауы табиғаттың болу-болмауына тікелей байланысты",– деп едіау.
– Табиғатты құртайын деп жатқан кім бар?..
– Құрт-құртпа оны өздерің білесіңдер. Қайсы бірде жазғандарыңды
оқып қалатынымыз бар. Сонда біріңнің аузыңа бірің түкіріп қойғандай,
қит етсе, "табиғаттың қатесін түзетеміз" деуші едіңдер. Қазір оны
қойдыңдар. Енді экономикалық прогрестің мүддесіне қарай
пайдаланып жатырмыз дейтін сылтау таптыңдар.
– Бұл, сірə, мен ғой?
– Иə, сен.
– Есіңде болсын, табиғат көрмеге қоятын экспонат емес. Халық
шаруашылығының күнделікті мұқтажы мен мүддесіне...– дей бергенде,
сен күйіп кетіп:
– Қой, əрі!– деп қолыңды ызалана сілтедің,– халық қамын шын
ойласаңдар ұмытпас едіңдер ғой!
Қай заманнан көкірегіңде қордаланып жүрген ыза мен күйінішті
алғаш рет сыртына шығарып ашынып сөйлегесін бе, сен өзіңнің
əншейінде булығып, ішіңнен тынатын да жүретін тұйықтығыңнан
арылғансың. Əзімге тайсалмай тура қараған ала көздің жанарында
батыл жігер бар. Əсіресе, екіленіп қызып кетіп, киіп кетіп, омыраулап
сөйлегенде даусы да жасырақ кездегі анасының даусындай саңқ-саңқ
етіп:
– Иə, солай академик жолдас-с...– дедің де, тоқтадың.
"Мына жаман қайтеді, əй?" деді Əзім ішінен... Сөйтсе де, сыртындағы
салқын қандылықты сақтап, бөрі айбатын алдыра қойған жоқ.
– Сен-н, айналайын, ауылда жүріп...– дей түсті де, Əзім сөзі қынусыз
шыққаны ұнамады ма, аяқ астынан кілт тоқтады. Əлгінде орындықтың
арқалығына іле салған костюмының қалтасын қарап емен трубка
алды. Сосын сен көрмеген бір əсем коробка ішінде иісі бұрқыраған
гаваялық темекінің бір шұқымын саусақ ұшымен іліп алып, оны да
баппен асықпай əлгі емен трубкаға сап бармағымен үстінен ақырын
нығырлап басып-басып қойды. Сонан соң да өзінің осы дүние өртеніп
бара жатса да абыржып саспайтын əдеттегі іш пыстырарлық қимылын
бұрынғысынан да көрі баяулатып, əлгінде қалтасынан темекімен қоса
алған коробка ішінде ақсиған сіріңкелердің бірінен кейін бірін таңдап,
ақырында, əйтеуір, көңілі тоқтаған бір талшықты ұстады...
Осы жігіттің ана жолы да осыған ұқсас жынына тиген бір қылығы
есіне түсіп отыр. Ол былтыр жаз еді-ау. Аз ғана күнге соғып кетуге
келген құрдасына осы елдің хал-жайын сөйлескісі кеп үстіне кірген-ді.
Терезелерін тұмшалап қымтап тастаған үй қара көлеңке екен.
Табалдырықтан аттауын аттаса да, бұл бірақ қара көлеңке бөлмеде
көзі үйренгенше аяғын ілгері баспай, есік алдында тұрып қалған-ды.
Қай жаққа жүрерін білмей тұрғанда, перде тұтқан есіктің ар жағынан
қаз дауыс қаңқ етті:
– Кім де болсаң бері кел!
Құрдасы қара көлеңке бөлменің тор жағында болыскей керуетте
аяғын аяғына сап жатыр екен. Сені о да көрді. Бірақ тырп етпей жата
берді. Сен керуетке тақап келе бердің де, амандасар жерде көз алдыңа
атам заманғы бір елес кеп тоқтап қалдың. Лəм деместен жалт бұрылып
жүре берген саған ол іле дауыстап:
– Əй, тоқта!– деп еді. Сен қайрылған жоқсың. Жын ұрғандай сыртқа
атып шықтың да, желге қарсы омыраулап жүріп кеттің. Сырт алайтүлей. Сол баяғы Аралдың өрттей ыстық күні. Сол баяғы жынды жел.
Шаңдағы шыға бораған топырақ. Құйындай ұйытқыған сезім саған да
ештеңені байқатып та, ойлатып та келе жатқан жоқ. Есіңе қайдағыжайдағы түсіп, жаңа, ойда жоқта осы өлкенің бір жерінде сүйегі қурап
қалған жетінші атасы көзіне елестеп кеткені. Көшпелі елдің еразаматы көп қыдыратын заман ғой. Жетінші атасы бір ауылдан
шығып, бір ауылға маңдай түзеп келе жатыпты. Шөл қинап келе
жатқан салт атты жолаушының алдынан терең сай кездесіпті. Сай
табанындағы салқын сабатта қырық шатыр. Қаңтарулы қырық ат.
Қырық нөкер. Тұсарлықтан келетін көк майсаға тізерлеп шегеріп
тастаған қырық нар. Əр қайсысының жанында тең-тең жүк. Бұл өңірде
дəл бұндай сəн-салтанатпен хан тұқымы бекзадалар ғана жүреді. Соны
білген жетінші атасы ханға сəлем беріп қос қолын ұсынғанда,
шатырдың дəл төрінде жаңағы Əзім сияқты шалқасынан жатқан хан:
– Кісі бойындағы мүшенің бəрі бір ғой,– деп шуаш сасыған аяғын
ұсына қойыпты дейді... Қайдан есіне түсті? Неге түсті? Хан аяғын
ұсынғанда атасы байғұс не күйге түсті? Қорлықтан көзіне қан толып
кеткен сорлы тап сол арада шуаш сасыған аяқ хандікі ме, қаранікі ме,
оншасын ойлап жатпай қамшымен тартып-тартып жіберіпті дейді.
Айызын солай бір қандырар-қандырмаста қырық нөкер тарпа бас
салып сыртқа сүйреп алып шығып, етбетінен жығып сап дүре соғыпты
дейді.
Атасы пақыр намыс үшін отқа түсті. Ары, намысы үшін ажалынан
бұрын өлді. Ал сен?.. Бəсе, сен ше? Көкірек тола ашу баяғы Қыдырбай
атаңша сыртқа ақтарылып шықпай, ішіңде тұншыға беретіні не?
Академик болмақ түгіл, екі аяғы аспаннан салбырап түссе де
астамдығын көтере беретінің не? Түнде əйелін ақ жібек перде ұстаған
терезе алдына оңаша алып шығып емешесі үзіліп тұрғанын көрді. Осы
үйде бірге қонып шықпасына кім кепіл? Соның бəрін жаны, жүрегімен
сезе тұра еркек басымен қолынан түк келмей, сүмірейіп үйге қайтып
келген жігерсіздігі... Соған төзгені... Сонысы не?
Қаз дауыс саңқ етті:
– Сен, айналайын, ауылда жүріп от басы, ошақ бұтының күнбе күнгі
қамынан басқа дүниені ойлауды қойған екенсің. Əрине, бүгінгі күнге
де қызмет істеу керек. Бірақ...
Əзім тағы да кілт тоқтады. Бойын ызаға алдырып, өзін əзер ұстап
отырған ірі қара жігіттің қатты бұзылған кескінін байқады. Себебін де
іші сезетін сияқты. – ...бұл дүниеге бізден кейін де келетін ертеңгі
ұрпақтың қамын ұмытпауымыз керек. Ертеңгі ұрпақ сіз бен біз сияқты
теңізден шабақ ауламайды. Олар басқаша өмір сүреді. Атамекен, ата
кəсіп, ата-баба салты мен дəстүрі, есіңде болсын, ілгері талпынған
ұрпақты шалғайдан тартып, ойы мен өрісін өсірмейтін нағыз
кертартпа қылық.
– Ой, айналайын, тусаң, ту деген... Дұрыс, дұрыс де-ген...
– Сен жақсы жігітсің. Жаның, жүрегің жақсы. Білем халқыңа жаның
ашиды...
– Иə, рас деген. Қайтсын... Қайтсын деген...
– Институт бітіргесін астанада қалуың керек еді. Сен Бəкизатқа
үйлендің де...
– Жə, мені қайтесің...
– Қайтпегенде ше. Алыстағы ауылдың ортасына түсіп, ой өрісің
еспей қалды.
– Е, солай де?
– Қатты айтсам, кешір. Бірақ білесің ғой, дос жылатып...
– Айта бер!
Денедегі діріл дауысқа көшіп, демігіп бара жатқасын лажсыз
тоқтадың. Аз іркіліп, қайта сөйлеп кеттің:
– Халықтың бетке ұстаған аз ғана азаматы бар. Астанадағы
оқымыстылардың бірісің бе, бірегейісің бе, əйтеуір, атағың жер
жарады. Осы өңірдің халқы арамыздан шыққан азаматымыз деп
сыртыңнан күпілдескенде, бишаралардың басындағы бөркі желп-желп
етеді...
– Тағы не айтасың?– деді Əзім.– Байқауымша, маған артық кеткен
бірдеңең бар сияқты. Көпсініп тұрғаның болса, қайтып ала ғой.
– Саған берерім де, аларым да жоқ.
– Ендеше тіліңді тарт. Тайраңдап барасың.
– Үндемеуге де болар еді...
– Ең дұрысы – сол.
– Жоқ, айналайын, бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Ойымдағы
бойымда кетпесін. Ыңғайы келгенде айтып қалайын. Бұл ел өзіңді арқа
тірер азаматы көретін. Ал сен... Сен... Сол халықтың тарыққанда
тартқылап емер аузындағы ағы мен басындағы бағына жармастың.
– Əй, сен деген... Қой, қой деген. Əзімжан соңыра халықты қарық
қылады деген...
– Ақсақал, араласпаңыз!
– Аға, араласпа. Бұның арғы жағында айта алмай жүргені бар екен.
Жарайды, айтсын.
– Айтсам, туған жеріңе істеп отырған мына қиянатыңды елің де,
жерің де кешпейді. Құдай деген соқыр шал бар болса, табиғатта кие
бар деген рас болса, сен кəрі Аралдың киесіне ұшырарсың-ау.
Əзім ашулану орнына рахаттана қарқ-қарқ күлді. Иығында жатқан
бүршік-бүршік сүлгінің салбырап алдына түскен шетімен көзін сүртті.
– Жə, таусылып қайтесің. Менің Арал жөніндегі ойымды қазір
ұқпасаңдар да, соңыра көздерің жеткесін түсінесіңдер. Көрерсің,
соңыра басы өзің боп маған мəрмəрдан ескерткіш қоясыңдар.
Енді сен күлдің:
– Саған? Мəрмəрдан? Ой, шіркін, есек дəме-ай! Сонда саған
ескерткішті не үшін қояды? Əлгі халық аңызында келді жұтатын осы
заманның тажал Көк Өгізі деп қоя ма?
– Əй, слушай!.. Сен... Сен деген, абайла деген... Əзімжан үкімет адамы
деген. Жаңағы сөзіңе тиісті жерде жауап бересің деген...
Үстіңе төніп тұрған мына имек тұмсық қара кісіге түсетін бурадай
екен. Аузынан түкірік шашырап болып тұр. Несі бар, тағайындаса,
басқарма болады да шығады. Қос уыс колхоз түгіл бұның əкесіндей
жерлерде де осы жайсаңдай біреулер отырған жоқ па? Сары Шая айтса
айтқандай, халық айналайынның сыры белгілі: күңкілдейдікүңкілдейді де көнеді. Көнгенді айтасың мықты бір орынға иығында
басы бар, маңдайында көзі бар, қанар қапқа толтырған еттей біреуді
əкеп креслоға қонжитып отырғызса, жетіп жатыр. Ал, мынаны
басқарма сайласа колхозшыларды клубқа жиып алып: "Сендер деген
құрыған... құрыған деген. Ана жақта бастықтар жан алып жатыр деген.
План... план деген... Маңдайыңа ыссы май тамсын деген..." деп, жұрт
алдында екі езуінен көбік шашырап, жараған бурадай шабынып тұрып
алғанда, көрерсің де білерсің, қай балықшы қайқаңдамас екен.
– Əй!.. Əй, сен деген... неге күлесің деген?..
Байқап тұрсың: жаңағы сөзің Əзімнің шымбайына қатты батты.
Орнынан созалаңдап түрегелді де, саған көз қырын да салмай, сыртын
беріп бұрылып кетті:
– Ойыңдағыны айтқан сияқтысың. Қалай, енді ризасың ба?
– Жоқ, əлі де саған айтарым бар.
Саған шүйдесін көрсетіп, сыртын беріп тұрған Əзімге қарап
"апырай, осындай біреуді қайда көріп едім?"– деп ойлағансың-ды.
Қайда көрді? Кім еді сол өзі? Кім де болса о да дəл мынау сияқты
орнынан созалаңдап тұратын. Кердең-кердең басатын. Кекірейіп
қарайтын. Сөзі де ауыздан шыққанша іш пыстырып болатын біреу еді
ғой. Иə, сондай біреуді білетін.
– Ендеше құмардан шық. Валяй!– деді Əзім.
– Бар бəлені бастаған Бабаев болатын.
– Кім?
– Академик Бабаев. Сенің сүйікті ұстазың.
– Ондай академикке өзім ұстаз болам деп жүрсем, сен де...
– Білгем жоқ, кешір. Қайсысың қайсысына ұстаз болсаң да, əйтеуір
екеуің де пышақтарың жалақтап Аралдың алқымына тақап
тұрасыңдар.
– Иə, сонсын... Сөзіңнің ыңғайына қарағанда бұл жолы да Құдай
жолы құрмалдықсыз бітпейтін шығар, сірə?
– Біз ауыл адамымыз. Ғылыми сөз аузымызға қайдан түссін.
– Бетің енді түзелді. Аралдың келешек тағдыры – халық емес,
ғалымдардың қолында. Ал, ғылымға, айналайын, өзіңнің аузыңа түсе
беретін əлгі ауыл арасының бата, жаназа... сондай тағы нелер бар еді?
Со жағына сен жүйрік едің ғой?
– Əркім білгенін айтады. Академик Бабаевтың Аралға қарсы
болғанда аржағындағы пиғылы белгілі. Осы өңірде тұратын бүкіл
халықтың қазіргі таңдағы тағдыры мен болашақ ұрпақтың...
ұрпақтардың тағдырын ол академик өз басының мүддесіне құрбандық
қып отыр.
– Құрбандыққа шалып десең, дəл өз сөзің болады да шығады.
– Кекет...
– Жоқ, шыны сол. Сені бұрын Құдайдың көктен тастаған кітабын
ғана оқиды деп ойлаушы едім, сөйтсе кейінгі кезде қолыңнан ғылыми
кітаптар да түспейді деп жүр ғой.
"Бұған кім айтты екен? Басқа кім дейсің, Бəкизат... Иə, сол айтқан
болды".
Əзім сенің қатты бұзылған түріңнен шошып:
– Жə, сабыр!.. Сабыр,– деп, сені орныңа отырғызғысы кеп еді, сен
қолын қағып жібердің.
– Ары итеріп, бері жығатын баяғы əдетіңді əлі тастамапсың. Мен
саған халық жөнінде сөйлесем деп келсем...
– Халық қамын мен ойламай жүр дейсің бе? Халықты ойлағасын да...
келешекте халыққа шаруашылықтың қай түрі тиімді – күріш пен мақта
ма, əлде балық па? Біздің айтысымыз осы.
– Бос сөз.
– Жоқ, айналайын, бұл үлкен проблема. Тұйық теңізде келешек жоқ.
Ал келешексіз теңіздің тағдырына бола, төрт ел, түсінесің бе, төрт ел
бірдей қарап отырған екі өзеннің суын халықтың аузынан жырып
алып, Аралға беріп қойып отыра алмаймыз. Сеніңше, халық не болса ол
болсын, тек теңіз аман болсын деуіміз керек пе? Жоқ, ол болмайды.
Өзің, айналайын, бар, орныңа отыршы.
– Ал отырдық.
– Иə, бəсе сөйтші. Қазір, халық жер бетіне симай барады.
Демографтардың болжамы бойынша, таяу жылдарда əлі де екі-үш есе
өседі. Сонша халықты бұрынғы ата-баба кəсібімен асырау мүмкін емес
екенін əркім айта бастады. Ертең сонша халықты асырау ғана емес,
жұмыс тауып беру үшін де балық шаруашылығынан гөрі мақта, күріш
шаруашылығы тиімді, демек, келешегі күшті деп, прогрессивтік
жолын ұсынып отырмыз.
– Сол тиімді шаруашылығың мына халықтың түбіне жетіп отырған
жоқ па? Кеше осы ауылдан жиырма бес үй көшкенде ішінде болған
жоқсың...
– Есіттім. Ол уақытша күйзеліс. Ал большевиктер...
– Қой əрі!– деп сен қолыңды ызалана сілтедің.– Егер халықтың
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 17
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654