Latin

Соңғы парыз - 20

Total number of words is 4257
Total number of unique words is 2332
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жер. Қазір көресің.
Жаңағы ұры жол бұлар баратын жерге жақындаған сайын құдды
тазы қуған түлкінің құйрығындай олай бір, бұлай бір бұлтақтап ойға
түсті, қырға шықты; енді жеттік пе дегенде ат тұсарлығынан келетін
қалың қауға кіріп, əйнекті алдыңғы жағынан сырт-сырт сабалап ала
жөнелген кісі бойы көк шалғынды тұмсығымен тіліп ізін білдірмеуге
қарады; жолсызбен ұзақ жүріп, тау қойнауын біраз сүзгілеген машина
жолында жатқан əлдебір тасқа баурын дүңк-дүңк соқты; төрт доңғалақ
кезек сүрініп шайқалақтап калғанда қатар отырған бұлардың иықтары
қағысып қап еді; қаладан шықпай жатып көңіліне желік кірген
келіншек бұған тіпті мəз бола сықылықтап күліп жатыр:
– Мынау қандай тамаша... Шөп арасында жасырынып жатқан тағы
осындай тастар жоқ па?
– Бəтіш, міне... келдік.
Балапан көкті баурына жиған бес-алты түп шидің жанынан жайлап
өткен машина тұмсығын тау өзеніне тірей тоқтады; өзеннің бұлар
тоқтаған жағы теп-тегіс жазық; əр жерге қолдан отырғызғандай қадау
өскен ақ қайың қыз беліндей бұралып, ал жасыл алқаптың шалғай шеті
сонау тау етегін бөктерлей көз ұшына асып кетіпті.
– Тамаша!..
– Ие, керемет! Жарықтық, Жетісу – жер жаннаты десе дегендей ғой...
Шіркін, сол күнгі тау бөктері-ай! Түс тақау болса да, күн қызуы
киіздей қалың көктің ине батпайтын тығыз арасына əлі де дендеп
жете қоймаған; қыр адамы біле бермейтін əлдебір ұп-ұсақ қылқанақ
гүлдер Əзім екеуі жаңа машинадан түсе сала толарсақтан кешіп кеткен
əлгі тып-тығыз қалың көктің əр жер-əр жерінен бой оздырып, нəпнəзік майысқақ сабағы сонау тау беттен соққан сəл лепке ақырын
ырғалады; Сен жаңа машинадан түсе сала Əзім жұлып берген гүлді
иіскеп, қала тірлігінде кездесе қоймайтын осы бір өзгеше тазалық пен
тыныштыққа сұқтанып қызыға қарап келе жатқансың-ды; Əзім кенет
əлденеге мырс етті; бұл тегін емес; бұның ары жағында қаңдай да
болмасын реніш жатқанын ішің сезді де, соны өз аузынан есіткің кеп
жалт қарағаныңша болмай, ол сөйлеп кетті:
– Туған жерің үшін жаныңды жалдап жүресің. Бірақ соныңды біліп,
еңбегіңді бағалап жатқан бір пенде болмағасын жігерің құм болады
екен.
Бұл жаңа машинадан түсе сала аяғындағы туфлиді бір-бір сілкіп
шешіп кеткен-ді; соның рахатын енді көрді; кілем түкті көк майсаны
жалаң аяғымен қорғалақтамай кешіп келе жатып, Əзімнің тағы бір
тебіреніп бастаған сырын ынталана тыңдап еді; Əзім тыңдаушы
табылғанға көңілденді ме, қызып кетіп, сөз арасында əне бір жылдары
тасы өрге домалап, өзі де дəл бір Үлкен Кісі жасаған баяндамадан
кейін іле-шала сөз алып мінбеде сөйлеп тұрғандай қолын қызулана
сермеп-сермеп қалды; тағдыры таразыға түскен кəрі Аралдың кейінге
қаратпай қазір, қазір болғанда да тап осы қазір, қолма-қол шешетін
күрделі мəселелерді айтқанда жыпылдап аузы-аузына жұқпады.
Иə, қалайда сол күнгі Əзім сені таңғалдырды; сөзі де, өзі де таң
қалдырды; əншейінде аузынан сөз ыңыранып шаққа шығатын мырғам
жігіттің дəл бұлайша аузы-аузына жұқпай жыпылдап сөйлей
алатынына қайран қап, жалтақтап қарай берді; сосын осы жігіттің
басына ертегі дүниелер болмаса, осы дүние шындығында онша
ұшыраса қоймайтын қияли əдемі ойлардың қалай сиып тұратынына
таңғалды; ие, бұл байғұстың ұйқы, күлкі көрмей арқа еті арша боп
жүріп жасаған тамаша, ғажап жоспарлары ертең жоғарыға барғанда
дер кезде шешімін таппай, көп кабинеттің бірі болмаса бірінде,
тұқшыңдаған біреудің қағаздарының арасында жатып қап сорлатады
ғой; əйтпесе, Əзімде қапы жоқ; оның ойы іске асса, несін айтасың, теңіз
тартылғалы Арал өңірінің ит байласа тұрғысыз аппақ тұзы аспанға
шығып, бұрқырап жататын қу даласы күні ертең-ақ құлпырып шыға
келер еді ғой; сонда бұл өңір Жетісудан кейінгі екінші жер жаннатына
айналар еді-ау! Иə, соңыра теңіз суы əбден тартылып қу тақырға
айналғасын бұл өлкенің алдымен ата кəсібі өзгерер еді;
балықшылықты тастап, жаппай диқаншылыққа ауысқан болашақ
ұрпақ білек сыбанып жіберіп, тың игеруге кірісер еді-ау! Олар тың
жерге соқа салам дегенше, ана жақтан бір басшы қиқулап ұран тастаса
болды, көрпе-төсегін буып-түйіп əзір отыратын, айналайын, көп ұлтты
Совет елінің ұл-қыздары, қатын-баласын жетелеп тұс-тұстан ағылып
берер еді; сонау мұхиттың арғы жағында іріп-шіруге қараған азғын
елдің əпербақан жастарына ит ұқсасын; сəті түсіп осыдан Əзімнің ұлы
ойы іске асып, бұлар дегеніне жетті бар ма, атақты Тұран ойпатының
жанынан жақында пайда болған Арал ойпатына тың көтеруге
жиналған, əлгі айналып кетейін, қырық сідік Совет жастары күні ертең
бір кісінің баласындай, бір ененің баурын бөліп емген тел қозыдай боп
бір бөтелкені бөліп ішіп, бір селеткені бөле-жара ащылап, туыс боп
бауырласып шыға келер еді-ау! Сосын олардың араларындағы қыл
өтпестей тату-тəтті достығын ұлан байтақ Совет елінің бүкіл газеті
құтыртып жазар еді; мына жақтан радио, телевизор жарық дүниеге
жар салып жатқанда, ана жақта болса-болмаса да қысқа күнде қырық
жиналыс өткізіп, қиқуласып жататын бастықтар биік мінбеден үстіүстіне ұран тастап, космонавтар шұрқ-шұрқ тесіп тастаған көк аспанды
дəл бір жел көтерген киіз үйдің түндігіндей желпілдетер еді-ау!
Жə, өмір жетсе, оған да жетерміз; ол заманда балықшылардың күн
сайын іргесін құм басып, қара жерге кіріп бара жатқан тамдарының
орнына Əзім жоспарлаған ақ шаңқан əсем үйлер, сəулетті сарайлар бой
көтерер еді-ау! Қала орнар еді-ау! Бұған Əзім баяғыда-ақ
"коммунизмнің ұлы құрылысы" деп ат қойған. Əзім сондай ұжмақ
өмірді қазіргі ұрпақ келешекте сөзсіз көреді деп жеңсік бермейді.
Көргенді айтасың, Бəтішжан, соңыра сен өзің де суы тартылған теңіз
орнына орнаған сол сəулетті қаланың сəнді бір үйінде тұрасың.
Тұрғанды айтасың, дəл ана Нева проспектісінен бірде кем соқпайтын
салқар көшеде коммунизмнің белсенді құрылысшыларымен бірге
кешкі қоңыр салқында сейілдеп қыдыратын да күн болады əлі!
Бұның бəрін бұрын академик Əзімнің мақалаларынан оқитын; енді
соны тау етегінде, ақ қайың өскен алаңда отырып Əзімнің өз аузынан
есіткенде есі шығып кетті; есіткен құлақты еліктірмей қоймайтын
сиқыр əңгіме бір сəтте жан-тəнін баурап алды; соның əсері ме, енді бұл
да осы күннен бастап Арал болашағын дəл Əзімше ойлап, дəл Əзімше
қиялдап, үнемі тебірене толқып кететін болды; сондайда суы қазірдің
өзінде жарма-жар тартылып, көп жер түбі көрініп қара
қойыртпақтанып жатқан теңіз соңыра, соңыра болғанда академик
Əзімнің ғылыми болжамы бойынша басы-аяғы он, əрілесе он бес
жылдың о жақ-бұ жағында əбден таңқылдап кеуіп қара жерге айналған
кезде, сəті түсіп, партия қолдап, ұлы көшбасшы көсемнің мəңгі тірі
аруағы желеп-желеп дегеніне жетсе, көрерсің де білерсің, күні ертең
теңіз түбінен дүркіреп көтерілгелі тұрған бір сондай ғажайып тамаша
өмір бұның көз алдына шілдеде сағым көтергендей кілкіп тұрып алды;
бұл басы жұмыр пенденің маңдайына жазған бір тұтам тірлікте я
көріп, я көре алмай пұшайман боп өтетін ұжмақ қой.
Құсқанат қиялдан туатын ғажайып ертегі дүние болса осындай-ақ
болар-ау! Енді сен де құдды ертек тыңдаған баладай есің шыға елітіп
барасың. Əзім болса аруақ қонған шабытты ақындай. Адам баласының
сол, анау жарқын болашағы – коммунизмнің қызықты күндері туралы
қызына сөйлеп, қиялыңды қанаттандырып бақты. Сен болсаң, атақты
академиктің аузына қарап арбалып қалғансың-ды. Сонан тек академик
сөзін бітіргенде ес жиды; не деген ғажап! Тама-ша! Ура-а!.. Басқа сөз
аузына түспей, Əзімге бұрылып алақанын шарт-шарт соқты.
– Əзім...
– Ие, Бəтіш?
– Сонда қалай... Соңыра тартылған теңіз орнына салынатын үйлерде
де... ана астанадағыдай ыстық су, ванна, сауна...
– Əрине... Ондағы ванна, сауна астанадағыдан əлдеқайда жақсы
болады. Өйткені, керек жабдықтың бəрін шет елден сатып аламыз ғой.
– Тама-ша! Тек оған алтын, валюта...
– Табылады. Табамыз. Жаңа айттым ғой, соңыра теңіз тартылғасын
Арал ойпатынан тың игеріп, мақта егеміз. Ал ақ мақтаны – ақ алтын
деп бекер айтпаған...
– Тек сол қашан болады?
– Дəл айту қиын. Оның бəрі теңіздің тартылуына байланысты.
Мынадан кейін бұл, шынында да, ғажап ертек тыңдағандай екі көзі
шоқтанып, жүрегі лүпілдеп алып ұшып бара жатты. Өзі де сол анау
алдағы ғажап өмірді аңсағандай беті алаулап, алабұртып кеткен еді.
Тек əттегене-ай... Кесір қылғанда теңізі құрғыр жуық арада тартыла
қояр дейсің бе.
Əзім əлі сөйлеп отыр; бұл жолғы сөзі өктем; өркөкірек кісінің ірілігі:
Гагарин ғарышқа ұшқан күннен бастап адам баласының табиғатқа
табынған тəуелділік заманы өтті деді; ендігі жерде ақын айтса
айтқандай, табиғат тек адамға табынады деді; тек адамның құдіретіне
бас иіп құлдық ұрады деді; табиғатты адамның аяғына жығып берген
күннен бастап, айналаңа қарашы, жеңімпаз Совет халқы небір асау
өзенді арнасынан бұрып, кері ағызып жіберіп жатқан жоқ па?! Суы
тартылған қанша көл қылтанақ шөп шықпайтын қу тақырға айналды!
Көлі несі, əне кешегі телегей теңізге қара! Бізге теңізің де бұйым
болмай қалды! Қос дарияны сағасынан қылғындырып буып тастағанда
теңіздің өзі бас-аяғы жиырма, жиырма бес жылда түбі көрініп шыға
келді ғой! Бəтішжан, күш – атасын танымайды! Күштің құдіретін ертең
көресің! Ертең теңізден тартып алған жерді халық игілігіне жаратып,
жаппай соқа саламыз. Тың игереміз. Мақта егеміз. Оның бəрі соңыра
тарихқа алтын əріппен жазылады. Сол күннен бастап жағрапия пəнінің
оқулығына Арал ойпаты деген атпен енетін ұшы қиырсыз мақта
алқабы жазда жаппай қауыз жарып, ақ ұлпаланып бөртіп ала жөнеледі.
Бəтіш-жан, байқап отырсың ғой... ақ мақ-та! Ақындар оны ақ алтын дер!
– Бəтішжан, бізді алда сондай бір тамаша, ғажап күндер күтіп түр. Ал
менің өз басыма ештеңенің керегі жоқ. Сен оны білесің ғой.
Иə, біледі. Білгенде қандай! Сенде атақ та, даңқ, дəреже де жетеді:
академиксің. Жақында сені Мемлекеттік сыйлыққа ұсынды. Əрине,
шаппай берсін. Сені алады деген дабыра елден тарап, астана тұрсын,
ана жақта ит арқасы қиянда жатқан балықшы ауылда да дүңкілдеп,
көрші-қолаң аға-жеңгеңнен сүйінші сұрап, əлден құттықтап жатыр.
Кешегі күні қаталап өліп бара жатқан қатын-бала шелегі даңғырап
дала кезіп кеткенде, сен жатпай-тұрмай табаныңнан таусылып жүріп
су қоймасын таппадың ба? Анада астанада болғанда бұны
институтына апарып, өзінің тікелей басшылығымен жасалған жер
астындағы су қоймасының картасын көрсетпеді ме. Сонда мынау бір
күтпеген қуаныш болғасын ба, кенет көзіне жас кеп қалып еді ғой.
Үлкен кабинеттің бір қабырғасын тұтас алып жатқан көлдей карта
алдында ертең осы елдің ырысы болғалы тұрған ағыл-тегіл байлыққа
сенерін де, сенбесін де білмей, дір-дір еткен ернін қайта-қайта
тістелеп, демін жұтып тұрды да, кенет Əзімді бас салып құшақтай an,
ерні тиген жердің бəрін шөп-шөп сүйген-ді.
Жасаған-ау, мынау телегей теңіз ғой! Жер бетіндегі Арал теңізінен
жеті қат жер астындағы Əзім ашқан теңіз əлдеқайда үлкен. Суы да мол.
Жəне өзі қандай терең! Қазинесі кең Құдай-ау, қайсы бір қуаңшылық
жылдарда қылтанақ шықпай, шаңдағы бұрқырап жататын сүреңсіз
қазақ даласының асты көлдария екен ғой! Əзім болмағанда бұл ел
ағыл-тегіл мол судың үстінде отырып та мал-жаны шөлден қырыла
жаздапты-ау! Осы жұрт Əзімнің картасын неге алдына жайып қойып,
ойы, қырына көз жетпейтін кең даланың кез келген жеріне бұрғы
салмайды? Сонда Əзім айтса айтқандай, ақ шаңдағы аспанға шығып
жатқан Арал өңірі жаппай суармалы егіске айналар еді-ау!
Жұрты құрғыр соны неге көрмейді? Əлде көргісі келмегенде көзін
əдейі тас қып жұмып ала ма? Сірə, көзі тіріде қасында қатар жүрген
замандастар жанын ұқпағанда Тəңірі тумысынан артық жаратқан ұлы
жандардың ақылдан азап шегіп, дүниеден санамен сарғайып
пұшайман боп өтетіні содан ба? Соны ойлағанда сен қайсы бір түндері
көз ілмей шығатынсың. Сондайда қасыңда арғы беттен титығы құрып
кеп, басы жастыққа тиер-тиместе қор ете қалатын Еңбек Озатымен
жатқан қандай азап! Сен шыдамай бір жастық, бір көрпені қолтығыңа
қысып, басқа бөлмеге барып жатасың. Сонан қашан таң сарғайып
атқанша басыңа қайдағы-жайдағы келеді. Ана жақта Аралдың ұлы
перзенті де ойы онға бөлініп, төсекте дөңбекшіп жатқан сияқтанады.
Кейін сондай ұйқысыз түндер көбейді. Сол ұйқысыз түндердің бірінде
биыл қалайда Əзімді көргісі келді, Қалайда жазғы демалысты астанада
өткізуге бел байлап еді. Бір есептен Еңбек Озатының еріп бармағаны
жақсы болды. Соған өзі дəн риза.
Міне, екеуі қатар келеді. Тау өңірінің биыл əсіресе, қақалып өскен
кілем түгіндей тып-тығыз көгін қатар басып келе жатып көз қиығын
Əзімге тастап еді. Жасаған-ау, бұның да самайын ақ шалған ба?
Шамасы, халқын ойлап қиналатыны ғой. Əзімді аяп кетті де, қолын
ұстап үнсіз қысып еді, тілсіз ықыласыңды о да үнсіз қабылдап басын
иді. Осыдан кейін əрқайсысы өз ішіне үңілгендей ұзақ үндемеді.
Əзімнің не ойлағанын қайдам, ал бұл оқымысты жігіттің жаңа бұған
ағынан жарылып тебіреніп айтқан сырының əсерінен əлі де малтығып
шыға алмай қойды. Оның айтқандарына ақылы жетпей бара жатса –
таң қалады. Сонша кемел ой мен кемеңгер дана ақыл бір адамның
басына қалай сиятынына қайран. Қасында қатар келе жатқан əдемі ақ
сары жігіт өздерінен, өздері несі, осынау жарық жалғанда жер басқан
жұмыр басты пенденің бəрінен өресі озық туған оқшау жан сияқтанып
кеткен-ді. Сонан ба, ол жаңа елім, жерім деп тебірене сөйлеп кеткенде
дүние шіркін жағрапия пəні өтетін класта тұрған дəл ана балалардың
глобусындай, жұдырықтай боп дөңгеленіп жүре берген еді-ау! Сөздері
қандай уытты! Тыңдаған сайын бір құдірет күш адамды үйіріп-үйіріп
алады да, сосын қиялын көкке сүйреп, ата-баба көксеген адамзаттың
қол жетпес жарқын болашағына ала жөнеледі. Қай ақын еді? Қап, аты
ауызға түспеуін қарашы. Кім де болса, отыз жетінші жылы атылып
кеткен бір сорлы: "жер айналмай тұрмайды дүние жай, келер, кетер
адамзат із қалдырмай", деп еді-ау!
Рас қой. Ай өтер. Жыл өтер! Жылдар өтер-ау! Дүниеден бұлар да
өтер. Бұлар өткен дүниеге соңыра бұлардан кейін қазақтың ғылым
қуған талай ұл-қыздары келіп XX ғасырдың аяқ кезінде өмір кешкен
осы күнгі ұрпақтың өмірін зерттемес дейсің бе? Сонда олар дүние
байлығын сараң қатындай бауырына басып алған тасбауыр
табиғатпен жағаласып жүріп бермесін тартып алған, садағаң кетейін,
Совет дəуірінің жеңімпаз құрылысшыларының ерлігіне ауыз ашып, көз
жұмар-ау! Айтса да анау Байқоңыр космодромы! Сонау күнде-күнде үй
іргесін дүңкілдетіп бомба жарып, жұмыр жерді сілкілеп жатқан Семей
полигоны! Сонау Арқада бетегелі, бозды ата мекеніңе темір соқа сап,
қоңын айырып жыртып жатқан тың игерушілердің ерлігі неге тұрады?
Ал кеше қос дарияңды қылғындырып сағасынан буып тастағанда,
аспан астын алып жатқан телегей теңізге сыңар тамшы татырмай
қойған құдіретке қалай табынбас! Қалай таңданбас! Тірі болсақ, сонау
2000 жылдың аржағында да даңқы жер жарған талай бесжылдық
болар. Академик Əзімнің есімі сол бес жылдықтарда да суы тартылған
теңіз орнынан тың игеріп, дүние жүзілік рекордтар жасайтын Еңбек
Озаттарының аузында шамшырақтай аңызға айналар-ау!
Сол күні бұл өзін Хау Анадан кейін жарық дүниеге келген
ұрғашылардың ішіндегі ең бақыттысы сезіп еді. Міне, балауса көк
балбырап тұрған тау етегінде соңыра аты тарихқа алтын əріппен
жазылатын Аралдың Ұлы Перзентімен қолтықтасып қатар келеді.
Бұндай бақыт қазақтың қай ұрғашысына бұйырған. Тек Құдай бұған
оны көп көрді ғой. Жə, бұны күнəсі үшін қарғасын. Ал Əзімнің жазығы
не? Жатса-тұрса ойлағаны осы елдің қу тақырын гүлдетем деп жарғақ
құлағы жастыққа тимей табанынан таусылып жүрген жоқ па? Бұрын
бұндай қиындық басына түспей бұла боп өскен сорлы суыққа төзімсіз
боп шықты. Мына түрімен қазір-ақ суыққа ұшып өледі. Арқа тірер
азаматтан айрылған сорлы халық қорғансыз, панасыз қалады-ау.
Бəкизат Əзімді ық жағына алып, үсті-басын қымтай бастады.
Жұтаған елді жарылқамаса да, жылда-жылда келген сайын жұрттың
көңілін тауып жұбатып кетуші еді; ол əсіресе соңыра теңіз тартылып,
бұл өлкенің жаппай ақ мақта алқабына айналатынын айтқанда сенерсенбесін білмей есі шығып кеткен жұрттың арасында əрқашан ынтшынымен ықылас қойып тыңдайтын Бəкизатқа осы жігіт ғалымнан
гөрі шабытты ақынға ұқсаушы еді; иə, ақын десе ақын! Əзім келген
сайын осы ауылда қиялилар көбейіп, екі кісі бас қосса, қайдағы жоқты
соғып көкіп отырғандары. Сондайда желөкпелеу біреу: "апырай, сол
күнді де көрер ме екенбіз",– деп əуейіленіп, əркімге бір қарап алақтап
отырғаны. Сен де сол күнді аңсап ылғи қиялданатынсың. Анада
астанада болғанда бір ай құлағын əлдилеген ғажайып хикая ма, аңыз
ба, ертек пе, əйтеуір адамның аңсары ауып, арманын үздіктірген
алдағы жарқын болашақты осы жолы тағы да айтса екен деп, Əзімнің
аузына қарап болып еді; неге екенін қайдам бұл жолы Əзім олар
жетелеген əңгімеге аяқ баспады. Сосын шыдамын тауысқан жұрт:
– Əзімжан-ау, не ойлағаның бар? Аузы-басына қарап отырған теңіз
тартылды, балық құрып кетті. Кəсіп қалмағасын шамасы келгендер
қатын-баласын жетелеп көшіп жатыр. Арқа тірер азаматым... асқар
тауым-ау, сен бұған не дейсің?
– Иə, шырағым, қатарыңнан озып туған бала едің. Мына дағдарған
халқыңа ақыл тап. Жөн сілте!
– Өзіңнің əлгі осы елге орнатам деген ұжмағың қайда, сол қашан
болады? Соны тездетпейсің бе? Титықтадық... титығымыз құрыды ғой,
шырағым,– деп жұрт жан-жақтан жамырап еді; бұрын бұндайда
желдей есе жөнелетін жігіт, бұл жолы əлденеге жерлестері сүйреген
жаққа аяқ баспады. Елге келген сайын əлгі бір жұртқа уағыздайтын
жарқын болашақты да ауызға алмады. Тіпті бұлармен ол жөнінде
сөйлескісі келмей, салған жерден сырғанақтап қашып:
– Болады... болады, ақсақал. Кішкене шыдаңдар,– деді де, орнынан
тұрып кетті. Жұрт аң-таң. Сен де түкке түсінген жоқсың. Сыртқа
шығып бара жатқан жігіттің əлденеге иығының басы əнтек жығылып,
əсіресе жауырын тұсы сыртынан қарағанда құдды киім астына жастық
тыққандай күдістеніп, сүдіні қашып кеткен екен.
Жоқ, мынау бұл білетін Əзім емес. Бəсе, бұрынғы Əзім болғанда, өз
аулына өзі ұрланған кісідей хабар-ошарсыз қараңғы түнді жамылып
келер ме еді? Сосын тұзы жеңіл əлдебіреулердей бүгін келе сала
ертеңіне кетем деп апалақ-құпалақ асықпас еді ғой. Жоқ, бұның бұл
жолғы қылығы бұлар білетін, жер қозғалса қозғалмайтын мырғам,
маңғаз жігітке мүлде ұқсамады. Абырой атағы аспандап тұрған қазіргі
шақта бұған өзінің бұрынғы асып-саспайтын мырғамдығы қаңдай
жарасқан болар еді. Жəне оның осы жолғы келісінің жөні бөлек
болғасын қасына кісі-қараны көбірек алып қоңыраулатып келетін жөні
бар еді ғой. Сонда ертең өзіне өмірлік жар болғалы отырған бұның да
ағайын, тума алдында абыройы көтеріліп, төбесі көкке жетіп қалар еді.
Бұл болса да бетіне күле қараған қаймана көп еркекке қолды бола
кететін əлдебір астымен алысқан ұрғашы емес еді ғой.
Жоқ, бұл жолғы Əзім бұны қайран қалдырды. Бұрынғы Əзім
болғанда өзін əлдеқандай көретін бұндағы ағайын, тумамен де салған
жерден апақ-шапақ араласып кетпей, олар мен өзінің арасын алшақтап
ар жақ, бер жақ қып бөліп тұратын шекара қалдырар еді. Арғы жаққа
оларды, бергі жаққа өзін ұстап, үнемі ара қашықтығын сақтап отырар
еді. Егер, жазатайым, ағайын-тумалардың ішінде адыраңдаған əумесер
біреу; "ой, азаматым, келдің бе?"– деп арсалаңдап, əлгі шекараның
ресми салтын бұзып құшақтамақ болғанда, бұрынғы Əзім болғанда,
сол арада түсі сұп-сұр боп суып сала берер еді-ау. Бойына жуытпай
алара бір қарар еді ғой. Сонда жаңағы адыраңдаған неме қайтерін
білмей, алақанымен құйрығын кезек сипап қипалақтап қалар еді.
Соны көргенде мына жақта тұрған қалған ағайын өзінен-өзі
қысылып, шегіншектеп кейін ығыса берер еді. Сонан соң атақты жігіт
пен өздерінің екі арасын білдірмей, бөліп тұратын əлгі шекарадан бұл
ауылда бір адам əрі қарай аттап баспай, тіпті кешегі күні əкесінің көзін
көрген үлкендер де Əзімнің алдында əдеп сақтап ызылып бағар еді.
Осыдан кейін Əзімнің өзі де шекараны қапысыз күзеткен қатал
сақшыдай, олардың алдында өзін ұстаудай-ақ ұстап бағар еді-ау: осы
сəттен бастап енді оның отырған-тұрғаны есептеулі. Сөзі санаулы.
Қимыл-қозғалысы өлшеулі. Күлкісі екеш күлкісі де əлдебір сараң
қолдан сығымдап шығарғандай өзінің қадірін сақтай білмейтін
жəркелеш біреулерше кім болса соған қосылып жырқылдай бермей,
анда-санда, онда да осы түс өзіне тиімді деп тапқанда ғана ішін
бүлкілдетіп ырқ-ырқ күлер еді.
Жасыратыны жоқ, саған да осы Əзім ұнайтын. Осы Əзімнің өзі көріп
жүрген кісілердің бірде-біріне ұқсамайтын осындай ерекше
артықшылығы ұнаушы еді. Жəне сен білетін бұрынғы Əзімнің
ішімдікке əуестігі жоқ сияқты еді. Əсіресе елге келгенде татып
алмайтын. Баяғыда өзімен бірге оқыған кейбір қатар-құрбылар
қиылып: "алып жібер, мына халқың саған қарап отыр",– деп
өзімсінетіні бар. Бірақ олар қанша қиылса да дініне берік жігіт ерніне
тигізетін де қоятын. Қыстағаннан ештеңе шықпасын байқаған əлгілер
енді атақты жігіттің бұнысына да ырза болып: "бұл айналайын солай
ғой" – дегенде, мына жақтан көтермеші біреулер қосыла кетіп: "оу,
бүйтпесе бұл Əзім бола ма!"– деп қостап, гуілдеген жұрт кеш бойы
Əзімге жан-жақтан сұқтанып та, таңданып та, табынып та жатқаны. Иə,
сен білетін бұрынғы Əзім... Жоқ, бұл тегін емес, не қылса да бұнда
бұлар білмейтін бір гəп бар. Іші құрғыр бірдеңе сезді. Тек неге
жорырын білмеді. Көңілге енген күдіктен тынышы кеткені сонша, со
күні кеш бойы Əзімнен көз айырмады. Байқап отыр: Əзім алдына
келген арақты қайтармады. Əдепкіде қыстың көзі қырауда атсоқты
боп шаршап келгесін ішкен шығар деп ойлап еді; жоқ, ол келесі күні де
алдына келгенін-келгендей қағып тастап, тос айтатын тағы кім бар
дегендей дастархан басында дуылдаған жиынға көзі телмеңдеп дəмете
қарады. Сүйтіп отырып қызып қалды. Қызғасын көңілденді.
Көңілденгесін күлкі көбейді, əркімге бір ыржалақтады. Əрі-берідесін
арақ құйған рюмканы азырқанып: "бұны ішеміз бе, əлде көзге
тамызамыз ба?"– деп жұртты ду күлдірді де, өзіне үлкен рюмка сұрап
алды.
Сен:
– Енді ішпе,– деп сыбырлап едің, Əзім қызып қалғанына қарамай:
– Жарайды, Бəтіш. Қойдым, қойдым,– деп күтпеген жерден жөпжөндем бола қалды. Сосын столға қол таянып, түрегеле берем дегенде,
денесін билей алмай толықсып бара жатқасын, сен оны жалма-жан
қолтығынан сүйедің де, оңаша бөлмеге апарып диванға жатқыздың.
Əзім ұрысады деп қорықты ма, оңаша шыққасын жас бала сияқты бір
түрлі елпілдеп, не дегеніңнің бəріне оңай көніп, оңай келісіп жіптіктей
бола қалғаны. "Енді ана жаққа барма, жатып тынығып ал",– деп едің,
"жақсы, жақсы"– деп бұған да келісіп, басының астына салған жастыққа
шалқалап жата бере сені баурап өзіне тартты. Сосын құшағынан
босатпай, қатты қысып, əуелі маңдайыңнан, сосын көзіңнен, иегіңнен,
екі бетіңнен кезек-кезек сүйді де, бір кезде ернімен ерніңді іздеп тауып
жабысып ұзақ сүйді. Сен де дегеніне көніп, бауырына тартқан ыстық
құшаққа алаулаған бетіңді бастың да тып-тыныш бола қалдың. Сонан
бір кезде ыстық құшақтар қайта ажыраса бергенде, Əзім:
– Знаешь, Бəтиш...– деді.
– Иə, Əзім...
– К черту Алматы...
Ойыны, əлде шыны екенін ажырата алмай қалдың да, анықтанығын өзінен білгің кеп, назарыңды тіктеп едің, ол əлденеге
тайсақтап көзін алып қашты.
– Бəтіш... Жаным, қазір менен ештеңе сұрамашы.
– Жарайды, сұрамайын. Тек, сен жаңа...
– Ой, ол жəй... Əншейін...
– Солай ма?
– Иə, солай. Жал-пы...
– Иə?..
– Жалпы, білгің келсе... шынымды айтайын, астана надоела мне...
– Қалай?
– Бəтіш... біз басқа қалада тұрамыз...
Шыны секілді. Ішің мұздай болды. Əлі де болса сыр бермеуге
тырысып, диванда жатқан жігіттің жанына отырып, шашын сипап:
– Қой, қалқам, ойнасаң да ондай нəрсені айтпа,– деп едің.
– Шын... Шын айтам, Бəтіш. Біз басқа қалада тұрамыз,– деді Əзім.
– Жаным-ау, сонда бұның жөні қалай? Бастықтарға жақпай қалып,
басқа жаққа жұмысқа жіберіп жатыр ма?
– Қорықпа... Академикке қайда да жұмыс табылады.
– Білем ғой, бірақ...
– Айттым ғой, Бəтіш... басқа қалада тұрамыз... Өтінем, ол жайында
əзір ештеңе сұрамашы! Сұрама!
– Жарайды, сұрамайын. Басқа қалада тұрамыз дедің ғой. Сонда ол өзі
қайдағы қала?
– Кейін... Кейін айтам...
Түкке түсінген жоқсың. Сосын өзіңше долбар жасап, бұрынғы
семьясы бетке шіркеу боп, басқа жаққа лажсыз жүз тасалай тұруға
мəжбүр болды ма деп ойладың. Алайда оны кейін Əзімнің өзінен білгің
келді. Осы кезде сарт етіп есік ашылды да, бұлардың үстіне біреу баса
көктеп кіріп келді:
– Əзімжан-ау... Ау, сен... қайда, қайда жүрсің деген. Ана жақта
үлкендер... үлкендер деген...
– Қазір.
–Ал, шырағым, бол! Тез... тез деген,– деді де, ағасы шығып кетті.
***
Астанада тұру саған арман еді-ау! Анасы пақыр да анада астанаға
барып қайтқалы астана десе ішкен асын жерге қояды; сонан бері
айтатыны астана; күндіз аңсаса, түнде түсіне кіреді; түсінде ылғи
астанада жүреді; астанада тұратын қызы мен күйеу баласына
қияндағы балық колхозынан қыдырып келіп жатқан əлдебір салпы
етек кемпір емес, ақ шаңқан əсем үйлерді тау баурайына тақап салған
сұлу қаланың сəні мен салтанатына етене боп бауыр басып алған
ежелгі тұрғыны сияқтанып, күнде-күнде көшеге шығады. Бір жолы
қарлы шыңнан ескен кешкі қоңыр самалда сейілдеп жүргенде
орталықтағы гүлзарға арлан итін жетелеп келген осы қаланың дəл
өзіндей қызыл ерін сəнқой кемпірімен шүйіркелесе қапты: салған
жерден сөздері жарасып, аузы аузына жабыса қалғаны сонша, жаңа
ғана қасында ойнап жүрген немере қызынан көз жазып қап,
ұйқысынан шошып оянса... Құрысын, өзінің іргесін құм басқан
жапырық үйі. Жапырық үйдің қапырық ауасынан өкпесі қысылып, ақ
тер-көк тер боп алқынып қалған екен; көзін уқалап жіберіп апалақтап
жан-жағына қарап еді; көзі құрғыр да түспейтінге түсіп, қол созым
жердегі айнадан өзін көріпті; өзінің ода-одасы шыққан бурыл шашын
көріпті; күн санап əжімі қазылып бара жатқан шандыр бетін көріпті де,
түнімен жамбасын тесіп шыққан тастай төсекте қолы түкке бармай,
көңілі құлазып жүдеп отырып қалыпты...
Құрысын, дүние баянсыз болғасын, түс қайдан баянды болсын; түс
секілді тұрлауы жоқ тəркі дүниеде де тырнақ ілігер тиянақ қалмаған;
бəрі жалған: бəрі алдамшы; баянсыз; баянсыз болмаса, жаңа ғана
жасыл жапырақ жамылған жұмыртқадай аппақ үйлер қайда? Өткенкеткенге тілі шықпаған жас балаша əлденені былдырықтап сылдырcылдыр ағып жатқан жаңағы арық қайда? Сосын бəрі көз бояушының
қолындағы алдамшы сиқыр болмай, шын болса, неге ғайып болды?
Осындай түстен кейін анасы ішінен азып, бір жанды көргісі келмей
бөлмесіне тығылып алатын. Ұрынарға қара таппағанда құсы ылғи
күйеу баласына түсіп: "əй, Еңбек Озаты, қалайсың? Бес жылдық
жоспарды үш жылда орындай аласың ба?"– деп мырс-мырс күлетін.
Қайта Əзім келгесін қабағы ашылды. Бетіндегі құрысқантырысқандар құдды ыстық сорпа бүріккен терідей сəтте жібіп, жүзіне
жылы рай жүгірді. Əсіресе, Əзімді көргенде жас сəбиге еміренген
анадай тас жүрегі жібіп, үні де бурасыраған кəрі іңгендей ыңырсып
шықты.
Бұлар жүретін күні бірге кетем деп əлек шығарып еді; Əзім ана
жаққа орналасқасын өзім əдейі келіп көшіріп əкетем деп алдап-сулап
əзер көндірді; анаңның тілін тапқан ептілігіне ырза болсаң да, бірақ
астанасын тастағанға ырза емессің. Əрине, бұл тегін емес; бұнда бұл
білмейтін бір сыр бар. Көкірекке жабысқан күдік қазір де маза бермей
тұр. Бірақ аспан астына алағай-былағайды салып жатқан осынау қара
дауыл, қараңғы түн, борап жауған кардан зықы кетіп, қол-аяғы
қалшылдап тұрған сорлыдан бірдеңе сұрауға дəті бармады.
Əзім ішік астында ығы кетіп, бүрсектеп қолын қолтығына тығып
алған; қалш-қалш етеді. "Бишара өлетін шығар",– деді Бəкизат. Осы ой
басынан кетпей қойды. Бұлар буынып-түйініп жүргелі отырғанда,
қыңыр неме қырсығы ұстап, құла далаға шығынып кетіп сорлатты ғой,
əйтпесе бұлар осы халге душар болар ма еді. "Бəрі соның кесірі. Сол,
сол сұмырай кінəлі",– деді Бəкизат. Бүйдеп ішінен айтты ма, əлде жаны
шын күйгенде ширығып тұрып ықтияр-еркінен тыс ышқынып даусы
шығып кетті ме, оны өзі де білген жоқ. Осы немеге зығыры қайнағанда
ылғи анасы есіне түседі. Əне бір тұста анасы қабағы ашылмай қойған
күйеу баласының түсін ұнатпай: "қызым, Еңбек Озаты неге көңілсіз?
Бұған не болды? Əлде социалды жарыста жеңімпаздарға беретін
көшпелі Қызыл Туды көрші колхоз жеңіп əкетті ме?"– деп мырс-мырс
күліп еді; ертеден бері басын көтермей тұнжырап отырған Жəдігер
осы тұста қайын енесіне атып жіберердей алара қарады да, алдына
келген асты ішпестен тұрып кетті. Сыртқы есік сарт етіп жабылып,
қызымен екеуі оңаша қалғасын: "көрдің бе, əлгінің түрін. Не пəленің
бəрін ішіне жиып, үнсіз сазарып алады. Сосын темір істікпен піскектеп
жатсаң да, аржағынан сыңар сөз шықпай сазарып алатынын қайтерсің.
Құдай біледі, бұл кісі өлтіргенде де дəл осылай беті шімірікпей
сазарып алатын болар",– деп еді анасы. Айтқаны келді де тұрды. Анада
астанада болып қайтқанда бұны Əзімнен қызғанып өлтіре жаздаған
жоқ па? Тіпті кеше өзінің туысы – Сары Шаяны да жұрттың көзінше
араша бермей шырылдатып сабап, беті-аузын даладай қан қылды ғой.
Баласындай кісіден таяқ жегесін қайтсын, бишара алау-далау боп
сыртқа жүгіріп шығып: "ойбай, халқым, қайдасың? Мына ит өлтірді ғой
мені. Бастық болса қайтейін. Совет заңында бастық еңбек адамын
сабасын деген статья бар ма екен? Бұл Совет адамының құлқына
жатпайтын жат қылық. Бұны əшкерелеу, жауапқа тарту керек",– деп
айқай салсын. Ит талаған мысықтай шарылдап жатқан дауыстан
иманы ұшқан халық – кəрі-жас түгелдей үйлерінен жүгіре шығып,
Сары Шаяны қаумалап жиналып қалсын. Анасы, бұны да қоярдақоймай жетелеп апарған еді.
– Қызым, көрдің бе? Əзімге кеткенің жақсы болды, əйтпесе, бұл сені
де өлтіретін еді,– деді анасы. Өлтірер-өлтірмес, ал ағасын өлімші қып
сабап, күрек тісін сындырды. Мұрнын қанатты. Жұдырық қатты тиген
оң көзі шыға жаздап, қанталап ісіп кеткен-ді.
Қаһарға мінген Сары Шая жиналып қалған халық алдында
қалшылдап: "ал, ағайын, біліп қой, мен енді оны құртам. Қол-аяғына
кісен салғызып, тура итжеккенге айдатам. Жарық дүние көрсетпеймін.
Ендігі жерге оның күндізін де – түн, түнін де – түн ғып, тура тамұқтың
түбіне жіберем. Сүйтермін-ау мен оны!"–деді де, Сары Шая сол арада
мұрнынан аққан қанды бет-аузына үйкеп жағып-жағып алды. Қойнықонышын куəлерге қол қойғызып, мөр басқан актіге толтырып алып,
дереу ауданға шапқан-ды.
Анасы айтса-айтпаса да, жалғыз туысын көк ала торғайдай қып
сабаған қаныпезерден не үміт, не қайыр. Онан адамгершілік күтіп "əнеміне келіп қалар",– деп күні бойы екі көзі төрт болып, жолына қарап
жүрген бұнда ес жоқ. Ашу-ыза алды-артын ойлатпай, намыс отына
өртенген неменің бұлар қашан аттанып жүріп кеткенше ауылға
оралмасын білмеді ме? Осы даланың бір жерінде жаралы тағыдай
жерге сыймай жүргенін де білді ғой. Соны біле тұра неге күтті? Бұл
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 21
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654