Latin

Соңғы парыз - 22

Total number of words is 4219
Total number of unique words is 2335
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
анда-санда кар астында дүңкиіп көміліп қалған əлдебір томардың
түбірі ме, індікеш пе, шұқыр ма, сондай бірдеңелер кездесіп қалғанда
зырлап келе жатқан атшана кенет бауырын соғып екі жаққа кезек
дудаңдап шайқалақтап кеткенде болмаса, қалған уақытта жыл бойы
арқасына ер тимей, балықшы ауылдың сыртындағы қара отқа
жайылып, кереге жалданып алған күйлі ат əрі-берідесін еті қызып
еліріп, төрт аяғы денесін сезбей кетті; шебер біреудің қолынан шыққан
екі кісілік жеңіл шананы бұйым құрлы көрмей құстай ұшып келеді;
тұяқтан ұшқан қар танауына кіріп, қайта-қайта пысқырып, екіленіп
тартқан аттың екпінінен тура қарсы алдынан соққан өткір желге делбе
ұстаған Əзімнің екі беті ду-ду қызарып алған; қасы, кірпігі, бүкіл
омырауы қатты сыдырған аттың төрт тұяғынан ұшқан қар.
Əзім қызу. Жəне шығарып салған жаңағы қошеметшіл көптің кеукеуіне көңілденіп еліріп апты; ауылдан шыға бере атқа қамшы басты;
салған жерден бауырын керіп қатты сыдырып кеткен жарау аттың
сауыры жылт-жылт етеді; Əзім қос қолдап ұстаған делбені қайта-қайта
сермеп сауырына шарт-шарт ұрады да, ара-арасында қиқулап делебе
қоздыра түседі. Еті қызған ат əрі-берідесін арындап кетті; күн кештете
көтерілген жел де қазір қатайып, түнде жауған күрпік қардың бет жағы
əлден түтігіп, ақ жүлгеленіп сусып көше бастады.
Бораған қар делбе ұстаған Əзімге тіпті жайсыз; əсіресе, төрт аяқ
топылдап құстай ұшқан аттың бауыры ұйқы-тұйқы борасын; тұяқтан
ұшқан қар артқа қарай уыстап шашқандай Əзімнің омырауы мен бетіне
шып-шып ұрып келе жатқан-ды. Ағызып келе жатқан ат кенет қар
астындағы əлдебір қазан шұңқырға аяғын тығып, басын бауырына ала
қос тізерлеп құлай жаздады; бірақ сіңірлі, мықты жануар бір-екі
омбылады да, ізінше бойын билеп алды.
Ауылдан шықпай жатып шанада шалқалап жатып алған əйел қарсы
алдынан соққан өткір желден бетін қашыртпай бір түрлі жайлы
рахатта бесік тербеткендей шайқалақтап келе жатқан-ды. Көзі ілініп
кеткен екен; түсіне кіргені, əлде ұйқылы-ояу тербеліп келе жатып
кемпірдің қолында қалған баласы есіне түскені белгісіз, сасқалақтап
басын көтеріп ала бере:
– Мұрат! Мұратжан!– деп, дауысы ышқына қатты шығып кеткенін
өзі де байқамай қалды. Қызуы сəтте тарқаған еді. Жел шұғыл
көтеріліпті. Көк жүзін түсі суық бұлт басып, айнала төңірек түнеріп,
былайғы уақытта көк жиекке кез жетпей далиып жататын теңіз
өңірінің басы-аяғы бүрісіп бір уыс бола қапты. Ал алды-артында ық
қалмаған аңыраған ашық теңіз үсті болса-болмаса да түтігіп борап
жатыр екен. Сен бұзылған түсі суық дүниеге шошына қарадың.
– Əзім, айналайын... қайтайық! Өтінем! Өтінем!
Осыған көрінген шығар, сорлы бұны тыңдамады ғой.
Аттың желігі мен ана пəленің қызуы қосылып еліріп алған. Не қылса
да, Құдай бұларға көресіні көрсетейін деп алда күткен азап па, əлде
ажалға бастап тұрды ма, əйтеуір бұны тыңдамады, тыңдамақ түгіл сол
арада қайта бұрынғыдан бетер екіленіп еліре түсті.
Кенет ол:
– Əне!.. Əне, Жəдігер... Анау сол! Сол жайсаңның өзі!– деп делбе
ұстаған қолын дереу ілгері созып, бұл кезде борап жауып кеткен ақ
түтек қар арасынан қылаң берген жалғыз қарайғанды көрсетті.
Енді оны сен де көрдің. Иə, сол! Дəл өзі. Қарсы алдынан соққан
қырдың атан түйені жыққандай əупіріп соққан қара желі мен борап
жауған қарға қыңбай омыраулап басып келеді екен.
Екінші тарау
Апырай-ай, бұл неден қателесті? Неге бұлай болды? Осыған дейін
бұл ниет қылған істің бəрі ылғи да ойлаған жерінен шығатын да
тұратыны қайда? Сірə, не қылса да, бір жерде қателесті ғой? Сонда...
Тоқта... Бұл жазған неден қателесті? Неден қателесті екен?
***
Айтса да, сол күні бұны Үлкен Үйге шақырған еді-ау. Бар пəле содан
басталмаса қайтсін? Жəне бер жағындағы əлдекім емес, Үлкен кісінің
дəл өзі шақырды дегенде, бұл тұра жүгіретіндей орнынан атып тұруын
тұрса да, бірақ көзі қабырғадағы қоңыраулы сағатқа түсті де, қайта
отырды. "Неге шақырды екен? Жақсылық болғай еді?" Əлденеге алып
ұшып бара жатқан жүрегін əрең басты. Жүрек жақсылыққа да алып
ұшады деуші еді ғой.
"Иə, Алла,– деді ішінен,– бəле-жалаңның бетін аулақ қыла көр". Бір
кезде қаршадайынан мектепте құдайсыздар ұжымын басқарып, колхоз
клубының сахнасынан "Құдай жоқ! Құдай жоқ",– деп тақылдап
тұратыны есінен тарс шығып, енді қазір көсем портретін ілген ат
шаптырым кабинетте академик басымен Жаратушы Жаппар Иеге
жалбарынып ерні күбірлеп отырғанын өзі де байқамады.
Бұрын бұндайы жоқ-тұғын. Осының бəрі анада парткомиссияға
шақырғаннан кейін болды. Сонан бері Үлкен Үйден жүрегі шайлығып
қапты. Сонда көрген қорлығын бұл кейін тірі жанға тісінен шығармай
тістеніп бақса да, жамандық естілмей тұра ма, жұрты құрғыр қапелімде
құлақтанды да кетті. Не қылса да, сол күні бұны тергеуге алған қасқа
бас: "Академикке тəпіріш көрсеттім",– деп мақтан үшін əркімге айтқан
сияқты. Түбі осылай насырға шабарын қасқабаспен сөздері жараспай,
салған жерден ілкем-шалыс түскеннен-ақ білген-ді. Қап, не қыласың...
Бұның өзінен де болды. Тым құрыса, қазіргідей басына бұлт үйіріліп
əңгімелі болып тұрғанда қиқарланбай, шақырған уақытқа дəл барғанда
əлде қайтер еді? Ал бұл жатты да қитықты.
Бұрын бұл үйдегі бастықтардың қай-қайсысына да өзімсініп еркелеп
барушы еді; енді маңдайшасына иесінің аты-жөні жазылған алақандай
қаңылтыр ілген емен есікке келді де, құдды маңдайы тарс етіп тас
қабырғаға тірелгендей қалт тоқтады; өзінен бұрын келген төрт-бес кісі
отыр екен; жұпыны киінген жүдеу біреулер екен; мыналар сияқты, бұл
да емен есікке баса-көктеп кіре алмай қорғалақтап қалған
батылсыздығын
жуып-шайғысы
келгендей,
иығын
қомдап
қоразданып алды; сосын бұнда істі боп келген əлдебіреу емес,
жұрттың сұрауымен сахнаға шығатын əншідей тамағын кенеп тынысдемін кеңітіп алды; сосын барған жерін өкіректеп пысымен басып
жүретін өзінің əншейіндегі өркөкірек менмендігіне бақты да, емен
есікті қымсынбай жұлқып ашты; ішке де баса-көктеп кіріп баруын
барды; табалдырықтан да аттауын аттаса да, бірақ онан ары баспай
қалшиып тұра қалды; өзіне-өзі сенер-сенбесін білмегендей кірпігін
қағып қалды; сосын "қайда келдім?" дегендей кекірейіп, əуелі қарсы
алдында басы столға кіріп кеткен қасқа басқа қарады; қасқа бас
тұқшиып қағазға үңіле қапты; бұны байқамады ма, байқаса да
ұлықсатсыз кіргенге қитықты ма, басын қағаздан көтермей тұқшия
қапты; мына түрі бұған бір шөкім бетінен бұрын, əуелі небəрі сабын
қайнатқан сараң қатындардың бұзаушығындай бастың дəл төбесінде
жалтыраған алақандай қасқасын көрсеткісі кеп, əдейі төмен қарап
тұқырайып алған сияқты; сен, əрине, Үлкен Үйде де дəл осындай
қағазбасты тұғыжымдар аз емесін білетінсің; ондайлар бұның
институтында да жеткілікті; сен, бірақ, еш уақытта да осындай
тұғыжым тірліктің түп астарын ойлап көрген жоқсың; тек үлкен ел
болғасын оның алып тірілігіне өздеріндей ірі тұлғалармен бірге дəл
осылардай құмырсқа өлермендікпен қыбыр-қыбыр, жыбыр-жыбырлап
болымсыз да өнімсіз бірдеңелер істеп жататын біреулер керек
сияқтанатын; ана жылы соғысты жеңіспен аяқтаған ұлы көсем грузин
шарабы толған хрусталь фужерді жоғары көтеріп, сайыпқырандары
алдында айтатын "винтик" осылар. Десе дегендей: шойыннан құйған
алып машина апырып-жапырып дүрс-дүрс соғып жатқанда, соның əр
жерінде кенедей жабысқан кіп-кішкентай бірдеңелер жанталаса
тұқшыңдап тық-тық, шық-шық етпеуші ме еді? Əрине, сен оның не
істеп жатқанын білмейсің, білгің де келмейді; сондықтан оған онша бас
ауыртпай "бір қажеті бар шыгар" дей салатынсың; адам ба, машина ма
– тұғыжым тірліктің түбі бір; ол таңдандырмайды; қасқа бастың да
тұғыжымдығына таңданып тұрған жоқсың; сені тек тұқыраңдап
қағаздан басын көтермей жатқан қасқа бастың отырған орны
таңдандырып еді; табалдырықтан аттаған кісі енді бір басса маңдайы
тарс етіп төрдегі қабырғаға тиетіндей тым қораш; осы бір
күркентайдың ұясындай тым кішкентай, тым қораш кабинеттің
төрінде тұқшыңдап қағазға үңілген тұғыжым қожасы тіпті кісі көңілі
толмайтын қораш-ау қораш! Сен енді академик басыңмен сол қораш
кабинетте тұқшыңдаған мына бір қораш кісінің алдына істі боп
келгеніңе жаттың да қорландың.
Кенет көңіліңе күдік қашты: "Осы өңім бе?" Егер түсі болмай, өңі
болса бұл қорлық басына қалай келді? Бұған осындай жерге келу
лайық па еді? Жə, келген екен, келгесін ендігі тұрысының жөні қалай?
Бəлкім, бұны шақырған мына тұқырақ емес, бұдан гөрі салауаттырақ
басқа біреу болар? Бұрын соң басына бұндай іс түсіп көрмегесін сасып
жүріп, қателесіп басқа есікті ашпасын? Сүйтуі мүмкін ғой? Ендеше
мына тұқшыңдаған тұғыжым неме қағаздан басын көтермей тұрғанда
білдірмей шығып кетсе қайтеді? Бұл жаңа кірерде шала-пұла жапқан
есікке қарай артымен шегіншектей бергенде... Қасқа бас қағаздан
басын көтерді:
– Иə?..
Бұл не дерін білмеді; қапелімде не ілгері, не кейін барарын білмей,
қараптан-қарап тізесі дірілдеді; қасқа бас оны байқады ма, жоқ па,
белгісіз; алдында қалшиып тұрған нар қасқа кісіге назарын тіктеді;
əдепкіде "бұл кім өзі?" дегендей шегір көзін сығырайтып таңырқай
қарады; иə, таныды; бұрын ылғи Үлкен Үйдің дəлізінде кездесетін;
кездескен сайын бұл елп етіп сəлем берсе де, бірақ ол көзіне ілмей
кекірейіп өте шығатын; сол менменсіген такаббар академик алдында
тұр; жəне бұрынғы менмендігіне баспай, əдеп сақтап жіптіктей бола
қалған инабаттылығына іші жылып кетті; орнынан атып тұрып
орындық ұсына жаздады да, өзін əзер ұстады; былайғы кезде көзіне
ілмейтін такаббар ғалымның қазіргі тұрысының түп астары есіне
түскенде, бір шөкім бет күйген терідей бүрісе қалды; сосын батпан
салмақ пайда бола қалған бөксесін сəл көтеріп, алдында тұрған
академикке саусағының мұздай ұшын ұстатты да, қолын ірікпей тез
тартып алды; сосын барып оған иегімен орындық ымдап "отырыңыз"
деді.
Қап, жаңа шығып кеткенде болады екен. Кісі істі болғанда осындай
түкке тұрмайтын шүлтікейлердің де басынып, шікірейе қалатыны
жынына тиіп тұр: "винтик!". Жарықтық, айтпайтын, айтса тауып
айтатын еді ғой.
Е, Құдай, адам қор болайын десе қапелімде. Столдың аржағында
жемтігін аңдыған күшігендей бұны көзінің астымен бағып, əлденеге
əңгімені бастамай отырған мына неменің бір шөкім бетіне əлі назар
салған жоқ.
– Шақырып жатыр дегесін...
– Иə, шақырдық...
– Жұмысты тастап келгем. Мүмкін болса, тезірек...
– Тезірек дейсіз, ə?..
– Иə, тезірек...
– Жоқ, бұнда келгесін біраз айналасыз. Шаруаның реті солай... Итак...
Қасқа бас қолын құшырлана уқалап орнынан тұрды. Столдың бер
жағына өтпей, аржағында сыр жаққан емен паркетті сықыр-сықыр
басып жүр.
– Арыз көп. Мынаны көрдіңіз бе?
Кілт бұрылып стол үстінде жатқан жуан сары папканың көкке
тойған қозының қарнындай бұлтиған бүйірін үстінен басып-басып
қойды.
– Осының бəрі арыз. Аты, атағы бар дыңдай ғалымдар жазған.
– Түсінем. Қазақ ғалымдары аты, атағы өсе бастаса арызды
көбейтеді.
– Жоқ, сіз күлмеңіз.
– Күліп тұрғам жоқ. Таныс қылық қой. Соны білгесін, былай...
əншейін...
– Былай əншейін дейсіз. Мақұл, мақұл... Ал мына арыздардың қайсы
бірі көз жасын қағазға бұршақтатып отырып жазған. Бұған не дейсіз?
– Не дейін... Ғылымды қойғасын көз жасын бұлап арыз. жазбағанда
не істейді.
Қасқабас жақтырмай қабағын шытып қалды. Сосын қолын артына
ұстады. Сырлы еденге енді салмағын салып сызданып басып жүріп
кетті.
– Үлкен Кісінің өзі бақылауға алып отыр. Біз бұны аяқсыз
қалдырмаймыз.
Тұқырақ өзіне-өзі ырза болғандай иығын қомдап қодилана түсті;
сосын желкесін күжірейтіп, мойнын ішіне тығып алды; үстіндегі
киімді де қара сұр кескініне лайықтап таңдап алғандай: мөлт қара
костюм; қара галстук; қара туфли; басынан аяғына дейін қараға
көміліп алып қыт-қыт күліп қасына келе берген тəшір қараның бар
бітімі құдды қара бүйе сияқтанып кетті; əсіресе оның тас төбесінде
жалтыраған əлгі бір алақандай қасқасына дейін шағар алдында у-зəрін
тісіне жиып, бүржие қалатын нағыз... мынау шынында да нағыз
қарақұрт қой. "Не ғып тұрсың, шақ! Шақсайшы!"– деп айқайлағысы-ақ
кеп ашу, ыза иектеп дір-дір етіп тұр; бұл неғұрлым жаны күйіп жарыла
жаздаған сайын ол сұм соғұрлым жайбарақат; шегір көзін сығырайтып
алған; əуелі бұның аяғынан басына асықпай бір қарап шықты; сосын
əлденеге қыт-қыт күлді; міне, қасына келді; қатарласа бере тоқтады;
қайтпек керек, бұған да көнді; ендігі тағдырының бір ұшы осы қасқа
бастың қолында.
Осыдан кейін өзімен-өзі оңаша қалса, көз алдына қыт-қыт күлген
тəшір қара елестейтін болды; түнде ұйықтағанда да түсіне не тəшір
қара кіреді, не қарақұрт кіріп шошып оянады; бұны неге жорырын
білмеді; тəшір қара тастай қараңғы үйдің бір жерінен шыға келетіндей
екі көзі алақтап отырғаны; сосын шамды сөндірмей, самаладай ғып
жағып қойып ұйықтайтын болды.
Осындай жамандардың зəбірі өткенде, бұл кешегі жақсы күндерін
еске алатын: иə, ол күндердің несін айтасың! Ол күндерде бұнымен
ақылдасам деп ат ізін құрғатпай ағылып келіп жататын ию-қию кісіден
есік алды құр болмайтын; таңның атысы, күннің батысы есігі алдында
кезек күтіп тұратын сол əлгі кандидаттық қорғайтындар мен
докторлықтан дəмесі барлар қайда? Алдағы академия сайлауына
түсетіндер ол кезде бұл үйге кірсе, бірге кіріп, шықса, бірге шығып,
алдын орап жүргізбеуші еді ғой? Ақ дастарқан жайған дəмге қайтақайта шақырып, қатыны бір жағынан, өзі бір жағынан майлы қасықтай
жылпылдап тұрушы еді-ау! Сосын бұны дастарқанның төріне əкекөкелеп отырғызар еді; əйелі бір жағынан, өзі бір жағынан елпілдеп
алдына тарелка қояр еді де, үйіп-төгіп ас салар еді; бір қолына вилка,
екінші колыңа пышақ ұстатар еді; сосын қайта-қайта тост көтеріп өзін
мақтар еді; əйелін, баласын мақтар еді; əкесін, шешесін, əкесінің əкесін,
шешесінің шешесін мақтай келе тілінің ебі бар қулар тұқым теберігінің
бір жерінен сен өзің білмейтін бір асыл қасиет тауып, аузы талғанша
дəріптеп ала жөнелетін еді ғой; соны тілге тиек қылған əлгі сумақай:
"қу тақырға шөп шықпайды. Ол бесенеден белгілі. Қазақ топырағынан
шығып жатқан қазіргі көзге түсіп жүрген көрнекті ғалымдардың
бəрінің де түпкі тегінде дегдар біреу болмаса, ойбай-ау, ана
пəленшекем, ана түгеншекем, мына арамызда отырған Əз-ағаң сияқты
аты шулы ұлы ғалымдар шығып, жеті қат жер астынан су қоймасын...
жоқ, су қоймасы несі, телегей теңіз тапқан, сол телегей теңіздің
картасын жасаған ұлы ғалым үшін..."
Дастархан басында рюмкасын əлден көтеріп қопаңдай бастаған
кісілер орнынан дүркірей атып тұрар еді; бəрі жапырлап жетіп келер
еді; бұның алдында бəрі иіліп-бүгіліп, рюмкаларын сыңғыр-сыңғыр
соғыстырып, бірінен кейін бірі бетіңнен сүйер еді ғой. Бұған əсіресе
дастарқан иесінің ықыласы ерекше болушы еді-ау! Əйелі екеуі екі
жағынан кеп шөп-шөп сүйгенде еріндері бетіңе желімдей жабысатыны
қайда? Сонан кейін де құшақтарын жаза алмай, қайта-қайта бауырына
қысқанда көңілі құрғыр босап, көзіне жас кеп қала жаздайтын да, сосын
ертеңгі сайлауда ақ шарды тек ақ дастарқан иесіне ғана беруге нық бел
буатын. Ау, кешегі ағыл-тегіл ақ дастарқан, ағыл-тегіл ықылас, сыйқұрмет жүйкесін құртып тұрғанда, оның ғылымға не қосып, не
қоспағанын қайтсін. Дастарқан иесі жөн білетін жақсы жігіт
сияқтанған. Бұл дегенде шығарда жаны басқасын қайтерсің! Егер сол
арада бұл отқа түс десе тайынбас еді! Оны айтасың, қалбалақтаған
сорлы, бұл егер сəл ыңғай білдірсе, ретін тауып астыңа əйелін салып
беруге де əзір еді-ау! Бұнысы, əрине, саған ұнаушы еді?! Сүйтсе, соның
бəрі бастағы бақ пен қалтадағы ақ шардың құдіреті екен: осы қазақ
айта беретін əлгі үйіне күліп кіріп, күңіреніп шығатын көп көлгір, көп
сиқыр, көп-көп мəймөңке жəдігөйлер кімнің тарысы піссе, соның дəнін
шоқитын торғай екен ғой; басыңа күн туғанда солардың бірде-бірі
қарасын беруге жарамай, үріккен торғайдай зым-қайым зытып берді;
енді олар мəуелеп пісіп тұрған басқа бір жемісті ағаштың бұтағына
барып қонады; ендігі соның шырынын жалап, жемісін шоқып, жасыл
саясында бұлбұл боп сайрайды.
Сонда, тоқта... осы жұрттың опасыз тəркі дүние деп қаралай
түңілетіні бекер болмағаны ма? Əлгі болдым, толдым деген төрт
құбыласы түгел кісілердің де басына бір күн бар, бір күн жоқ баянсыз
бақтан ата-бабаның қаралай түңілгені тегін болмағаны ғой? Бəтір-ау,
сонда қолдың кіріндей кемді-күнгі ырзық-несібеге шашылған несіпке
үймелеген сол əлгі жəдігөй, көлгір найсаптардың сарала етек
жезөкшелерден айырмасы қайсы? Төсек қызығының дəмін бір түн
бірге татқан еркектің құшағынан ертеңіне босанып шыға сала "сені
қайда көрдім?" дегендей, құйрығы бұлтыңдап жөніне тартып кете
баратын сайқалдар соны сайқалдықтан істесін. Мықтаса ол тəнін
сатты, ал жанын сатқан имансыздар... олар... Жə, тоқта!.. Олар имансыз
болғанда, сен... Бəсе, сен өзің... өзің ше? Ə, тиімсіз нəрсені ойлағың
келмейді?
Бұл қатты жүдеді; ұйқысы бұзылды; таң алдында көзі ілініп бара
жатса, түс көріп шошып оянады; қараңғы үйдің бір жерінде көрінбей
тығылып алған тəшір қара қыт-қыт күледі; бұл оны көргісі келмей
іргеге қарай аударылып түскенде, жамбасының асты сықыр етіп
шошып басын көтеріп алады; жан-жағына алақ-жұлақ қарайды; бірақ
бүкіл үйде бұның кеудесінде дүрс-дүрс соққан жүректен басқа сезік
туғызғандай өзге дыбыс жоқ; сосын қатты шаншып кеткен кеудесін
қос қолдап ұстап мықшиып отырады да, қайта қисаяды; бірақ көзден
ұйқы қашқан; кеудесі шанышқасын жүректің дəрісін ішеді; шекесі
сынып бара жатқасын бастың дəрісін ішеді; бірақ басы құрғыр бəрібір
зеңіп тұр; құлағы шуылдайды; екі құлақтың екеуіне де шегіртке кіріп
алып, миын шағып шырылға басатын да жататын сияқты; сонан зықы
кеткесін құлағын сыртынан бармағымен нығарлап бір-екі басса, əлгі
дыбыс кəдімгідей сап болады да, қолын тартып алса, қайтадан
шырылға басады.
Жүрегі құрғыр бір пəлені сезді; əсіресе Үлкен Кісі шақыратын күні
зықы кетті; қарағаннан қарап отырып жүрегі аблығып, түнімен көз
ілмеді; ертеңіне зілдей басын зорға көтерді; төсектен аяғын
салбыратып жіберіп, кірбиіп жүдеп отыр еді; есік сықыр етті;
əдеттегідей үстіне кіруге бата алмаған əйелі ішке басын жасқаншақтай
сұғып:
– Шай əзір...– деді де, жалт беріп есікті жалма-жан жаба берген-ді,
сен:
– Тоқта!..– дедің.
Жаутаңдаған жасық жанар есіктен қайта сығалады.
– Киімдерім əзір ме?
– Əзір, əзір... Жуып, өтектеп...
– Тоқта! Сен иінге сұғылмаған су жаңасын əзірле!
Қалбалақтап жүгіре жөнелген əйел ішінен: "Үлкен Үйдегі бір
мықтыға баратын болды ғой",– деп түйген-ді. Жоқ, бұл ешқайда да
бармайтын. Ол күні Үлкен Кісіге шақырған хабар бұған əлі жеткен жоқты. Үсті-басына сірə да ұқыпты қарайтын жігіт киімдерін астанадағы
ең таңдаулы портнойға тіктіретін де, сосын жай күндері де айт-тойға
баратындай қырын жықпай сықиып киінетін. Қай жерге барса да,
қатарласа кеткен кісілерден нар қасқа сұлу жігіттің өзі ғана емес,
үстіндегі ине-жіптен жаңа шыққандай жұтынып тұрған киімдері де
жұрт назарына бұрын шалынатын. Ол киген киімдердің елде жоқ
үлгісі мен ешкімнен, еш жерден кездеспейтін асыл матасы, асыл
матаның, əсіресе, мінсіз тігісінен астана əйелдерінің есі шығып:
"жігіттің сұлтаны ғой! Қазақта бұнан асқан мəдениетті жігіт жоқ!"– деп
тамсанып жатқанда, мына «ақта соны құлағы шалып қалған Аққұба
жігіт мырс ететін: "портновская культура!"
Парткомиссияда болғаннан кейін бұл үсті-басына бұрынғыдан да
мұқият қарады. Кісі істі болғанда, əсіресе, жұрты құрғырдың бас пен
аяққа шұқшия қарайтын мінезін біледі. Сақал, мұртын қырған ба, жоқ
па? Көйлегі шағаладай ақ па, жоқ па? Костюм, шалбар күндегіден
қалай, қыры жығылған ,ба, жоқ па?
Халық айналайын да жас баладай қызық құмар: бүгін бір бастық
кетіп, ертең бір бастық келіп абыр-сабыр боп жатса тіпті құба-құп;
аударыс-төңкеріссіз тыныш өмірден гөрі, тым құрыса, местком
жиналысында айқай шығып, путевканы ас қазаны ауыратын колит,
гастриті бар көп балалы жесір əйелге бермей, тағы да көңілдес
келіншегіне беріп, жұрт алдында май ұрлаған мысықтай жұмған аузын
аша алмай, жүні жығылып отырған бастыққа жабылып, иттей талап
жатса, мына жақта соған қыбы қанған қатындардың құдайы беріп, сол
күні жұмысты қойып, хии-и-лап күліп жолы болады; олар Əзім
парткомиссияға шақырылыпты, парткомиссияның бастығы да емес,
сонда істейтін əлдеқандай тұқырақ біреу оған "отыр" деп те айтпастан
тұрғызып қойып тəпірішке алыпты деп есітсе, е, онда бес қабат
институттың төбесі дауыл соққан үйдің түндігіндей желпілдеп кетерау!
Бұл соны білді; соны білгесін жұрт алдында өзін бұрынғыдай
барынша нығыз ұстады; үсті-басын бұрынғыдай сəндеп бақты; басына
үйірілген бұлтты бұл білдірмейін деп қанша тырысса да, бірақ иісшіл
иттей тіміскілеп жүретін қулар бəрібір білді; басқадан бұрын оны
алдымен өзінің кісілері білді: директордың кабинеті неге өлік шыққан
үйдей тым-тырыс? Телефондар неге көмейіне құм құйылғандай тіл-
жағы байлана қалған? Бəрінің үні өше қалғаны несі? Бұрын осылар
бірінен соң бірі жылан шаққан баладай жағы сембей шарылдап
жататыны қайда? Осы тегін бе? Жұрт жұмысты қойды. Бес қабат үйдің
қуыс-қуысының бəрі сыбыр-сыбыр, жыбыр-жыбыр, пыш-пыш.
Айтатындары – Үлкен Кісі неге сырт айналды? Үлкен Үй неге
шақыруды қойды? Телефондар неге тым-тырыс?
Əне, оң жақ шынтағы астында мелшиіп алған меңіреу телефондар
тілін жұлғандай; осы күндері бəрінен бұрын тілі жұлынған телефондар
бұның жанына қатты батты; кейде қастасқан біреу сымын қиып
кеткендей көреді де, оң шынтағы астында иін тірескен қызыл, жасыл,
ақ, сары телефондарға қол созып, əрқайсысының трубкасын бір
көтеріп тыңдап көреді; жоқ, істеп тұр; бұл тек өзіне жақын тұрған
көкірегінде жұдырықтай алтын гербі бар, піл сүйегі теңдес ақ сарыға
қол созбады; бұдан үміт үзгелі қашан; Үлкен Үйдегілер бұрын осы
алтын гербтімен күніне бір телефон соқпаса, не сол үйде күн сайын
қиқуласып жататын сан сапалақ жиналысқа, мəжіліске, конференция,
пленум, актив, съездерге əлдеқалай қатыспай қағажу қалса, қатысуын
қатысып, бірақ жарыссөзде жұрттан бұрын сөйлемесе, бұл сөйлегенде
жұрт дуылдата қол соқпаса, ең арысы жиналыстың президиум
құрамына кірмей, мына жақта көпшілік арасында қалып қойса да, сол
күні ұйқысы бұзылатын; ол күндер өтті; енді, керек десе, мына
мелшиген меңіреу телефондардан да күдер үзіп көзін ала бергені
солтұғын; жаңағы алтын гербті телефон ана телефондардай шар
етпей, көмейіне күміс қоңырау орнатқандай сыпайы үні сыңғыр етті;
күміс қоңырауда кісі шошитындай ештеңе болмаса да, бұл орнынан
атып тұрды; неге бүйткені санасына жетіп үлгірмей, қараптан-қарап
қалтырап кеткен қолы трубканы əрең көтерді.
– Ал... ал-ло...
Даусына діріл еніп, демі жетпей барады; қан шапшыған қос шекедегі
тамырлар қатты соғып, құлағы шыңылдап, ана жақтан ақырын шыққан
дауыстың қазір, бұл масқара болғанда, не айтқанын есітпей
қалатындай қорықты.
– Сə-леметсіз бе? Иə... иə, тыңдап тұрмын. Кешіріңіз... нешеде дедіңіз?
– Төрт.
– Құп... Сізге барайын ба?
Жоқ, Үлкен Кісіге...
Қабырғадағы сағатқа қарап еді, он екі; демек, əлі уақыт бар. Неге
шақырды екен? Бұл білерде, əдетте, Үлкен Кісі айлап, жылдап
сұранғанда кісінің кісісін таңдап, талғап қабылдаушы еді; иə, ол
өздігінен ешкімді шақырмаушы еді ғой; апырай, ə?.. Бұнда не сыр бар?
Бұл күнде бұның бары-жоғын басқа түгіл достары ұмыта бастағанда,
Үлкен Кісінің еске алғаны... Жақсылық болса жарар еді. Ал егер... Егер
де?.. Арғы жағын қазбалауға қорықты; қараптан-қарап қолы, аяғы
мұздап бара жатқанын іші қабыл алмады; бірақ тағдыры дəл қазір не
ары, не бері болғалы тұрғанда, көңілін жамандыққа бергісі келмеді;
жоқ, жоқ, Құдай жамандықтың бетін аулақ қылсын! Есіне қызыл бет
көмекші түсті. Айтса да, Үлкен кісі қырына алған кісілерді əдетте ол
қырып жібере жаздаушы еді ғой? Ал бағана бұған телефон соққанда,
оның əдетте кісінің төбесін тесе жаздайтын дүңкілдек даусы құлағына
зілсіз де зəрсіз естілген сияқты емес пе еді? Соған қарап Үлкен Кісі
бұның анадағы білместік қатесін бір жолға кешкен, райынан қайтқан
екен деп қалып еді.
Қоңыраулы сағат үшті соқты. Бір сағаттан кейін Үлкен кісінің
қабылдайтынын ойлағанда үміт пен үрей қосарлап, не қорқарын, не
қуанарын білмей, көкірегі тағы да аблығып кетті. "Иə, Алла,– деді
ішінен,– өзің қолда!"
Қоңыраулы сағат... Лып етіп орнынан атып тұрды. Үлкен Кісінің
алды қашан барса да ел тізгінін ұстаған өңшең ығайлар мен сығайларға
лық толы болатын. Бұл осындай орайы келіп тұрғанда шақырған
уақыттан сəл бұрынырақ баратын да, əлгі ел тізгінін ұстаған ығайлар
мен сығайлардың арасында елтең-селтеңдеп көзге түсіп қалғанды
əдетке айналдырып, машықтанып алған-ды. Қол, аяғы, жеп-жеңіл.
Жүрегі алып ұшқаны болмаса, көңілін жамандыққа бермеді; көзіне
түскен шашын əдеттегі машықпен кейін қарай сілкіп тастады да,
аяғын ширақ алып шапшаңдап сыртқа шықты; сүлік қара тосып тұр
екен; асыққандікі ме, бұл жолы өзінің арт жақтағы дағдылы орнына
отырмай, шофердің жанындағы орынға шалқалап жата кетті де, иегін
көтеріп: "Үлкен үйге" деді; мотор дүр етті; сүлік қара суға салған
қайықтай бауыры жер сызып жылжи жөнелді; əлгіндей емес,
алабұртқан жүрек аптығы басылып, тұсындағы əйнекке көз салды;
қала іші күндегідей, бүгін де берекесіз, ығы-жығы екен; "винтики" ,–
деді ішінен; ұлы көсемнің тапқырлығына толқып шабыттанып кеткені
сонша, тас көшеде тұяғы сыртылдап əрлі-берлі жосып жүрген мыналар
бұған шыныменен илеуіне жем тасыған құмырсқаға ұқсап кетті.
Пақыр пенденің тірлікте бітпейтін де қоймайтын шаруасы-ай!
Ертелі-кеш дорбасы салақтап, емпелеңдеп асыққан біреу; қайда
асығатынын, неге асығатынын адам біліп болмайтын үлкен қаланың
əдеттегі берекесіз де түсініксіз тірлігі əрі-берідесін жалықтыра
бастады; көк ала түтінді бұрқылдатып ағылып жатқан машинадан көз
сүрінеді; арқасына таудай топырақ үйіп, тас, ағаш, кірпіш тиеп алып
ыңыранған өңшең БелАЗ, КамАЗ, КРАЗдар; үлкен қаланың əлдебір
жерінде бесжылдық жоспарды үш жылда орындамақ боп Отанға,
Партияға ант беріп, енді əне қызыл танау боп жанталасып жатқан
əлдебір алып құрылысқа апара сала құятын ыстық қара май,
сылқылдаған көк соқта цемент тиеген көкқасқа самосвалдар арылдап
ағызып келе жатқанда, Құдай оңдап, алдынан ала таяқты, қызыл
картузды біреу шыға қалса құба-құп; онда темір тормоз шақыр-шұқыр
етеді; қалған уақытта құдды таудан дүркірей құлаған топан сумен
қосыла домалаған дөңбек тастардай гүрілдеп, дүрілдеп келе жатқан
əлгі КамАЗ КрАЗ, БелАЗдар күнде-күнде үйінен боз ала таңмен таласа
жем іздеп шығып, енді əлдебір көшені қысқа мойыннан кесіп өте
берген əлде кемпір, əлде шалдың зəресін ұшырып бітеді.
Айтса да, бүгінгі қала қандай көңілсіз; көптен бері жаңбыр тамбай
реңі қашқан сұр асфальт, сұрғылт үйлер түтін мен шаңға тұншыққан;
сол түтін мен шаңға тұншыққан сұрқай қаланың бұдан да гөрі сұрқын
қашырып жүдете түскісі келгендей, сапырылысқан көшеде сумкасы
салақтаған ебіл-себіл біреулер; таңның атысы, күннің батысы дүкен
жағалап жосып жүргендері; бүгін де солай, ертең де солай; бар
күндердің бəрінде де жем іздеп тас көшеде тұяғы сырт-сырт.
Бір ғажабы: мына сумка арқалап, дүкен жағалап жосып
жүргендердің арасында жастар жоқ; пəтшағарлар ас ішпейтін іші бітеу
ме? Əлде шетінен кекірігі азған осы қаланың ұл-қыздары ыстыққа
шықпай үйде көлеңкелеп жата ма? Бұның күнде-күнде көретіні кіл
кəрі-құртаң; кезерген ерін; кіртиген көздер; ана көшеде де, мына
көшеде де солар мықшыңдап сетке, сумка, дорба көтеріп қалт-құлт,
бүкшең-бүкшең; əне сетка түбінде томпайған көк базардағы корей
шалдан сатып алған төрт-бес тал жуа, бес-алты түйір картоп көтерген
кемпір жары жолда демікпесі ұстап, бүктетілген белін жаза алмай,
таяққа сүйеніп ырсылдап тұр; ал айран, сүт түскен əне бір дүкеннің ішісырты үйме-жүйме халық; бұлар да өңшең кəрі-құртаң; бұлар да шаңшұң; əне, қолына ештеңе ілікпей, өңіріндегі түймелер үзіліп алау-далау
боп шыққан бурыл бас біреу қолындағы бос сумканы құла далаға
кіжіне сілтеп, əлдекімге ызалы бірдеңелерді бат-бұттады да, тағы бір
дүкенге сүріне-қабына жүгіре жөнелді.
Мынау бұнан бұрын да көріп жүрген тірлігі; бірақ бұл бұрын
осындайларға көңіл аудармаушы еді; қазір алдағы кездесуді ойлағысы
келмеді де, тұсындағы əйнекке қайта төнді: мыналар коммунизм
құрып жатқан бақытты елдің пендесі емес, бұл білмейтін, бұған
белгісіз, басқа дүниеден келген бөгде біреулер сияқты; сосын бұның
өзі де шаң мен түтін астында тұншыққан осынау тірлікке əлдеқалай
тосыннан тап болып, түсіне алмай таңырқай қарайтындай.
Апырай, мына ит өмір қашан да осылай ма? Кеше де, арғы күні, онан
арғы, арғы күндер, апталар, айлар, жылдардың бəрінде де дəл осы
қазіргідей шаң, тозаң, түтін астында сумка, сетка, дорба арқалап,
бүкең-бүкең дүкен жағалап, сүт жетпегенде, айран жетпегенде, тым
құрыса, көк базардың жаймасында корей шалдың жуасы, сəбізі,
сарымсағы үзілмей, өзбек ағайындар мен ұйғыр ағайындардың өрігі,
мейізі, жеміс-жидегі үзілмей, қымбат та болса, əйтеуір, Құдай оңдап
ақшаңа табылып тұрғанын дəтке қуат қып, шөл далада сағым қуғандай
жығылып сүрініп, ит тірліктің түбіне жете алмай өте ме?
Бұл ой сенің басыңа жаңа келді. Ал басқалар ше? Басқа болғанда...
ана, қойнына бөтелке тыққан үрпек бас жастар бірдеңе ойлай ма? Осы
елдің, жердің, судың ертеңгі қожалары не ойлайды екен? Олар, сірə,
бірдеңе ойлай ма? Сірə, ойлана ма? Əлде ертелі-кеш шаң-шұң мен
опыр-топыр арасында жаға жыртылып, жең жұлынып, түйме үзіліп
жататын дүкендерден аулақта, тау суы сылдыр-сылдыр аққан тыныш,
таза көшелерде, фонтан, сквер, парк саясында ит жетелеп серуендеген
əпенде қыздар мен қойнына бөтелке тыққан əлгі əпенде бозбалалар
қыдырып жүріп, бір-біріне əлдеқалай кездесе қалғанда "чао!" деп қол
көтеріп, бірақ тоқтамай өтіп кетіп, уайым-қайғысыз уақыт өткізе ме?
Болса да, өз басың қала жастары ана жақта үй тонап, кісі өлтіріп жатса
да қаперіңе кіріп шыққан емес. Ал, əне бір қазақ жастарына көсемсіп,
қос уыс жиналыс болса кеңірдек керіп қиқулап шыға келетіндер ше?
Солардың бірі болмаса бірі қолы қалт еткенде шет жақтағы кішігірім
дүкендердің қаға берісіне бой тасалап тығылып тұрып төңірегіне көз
салса ғой, талайды көрер еді; басқасын қойғанда, олар шетелдік
сигардың бəсіне келіспей, "ну старик!"– деп бұртаңдап тұрған осы
қаланың бұйра бас, желкілдек шаштыларын көрер еді ғой. Əке-шешесі
болмаса, басқа кісі кескін-кейпіне қарап не ұлтын, не жынысын
айырып болмайтын осы қаланың құдды меңдуана жеген есектей
ұрынарға қара таппай қақтығысқан, соқтығысқан тағы талай ши
борбай үрпек бастарын көрер еді-ау.
Иə, мына тірлік бүгін бұған қатты əсер етті; тұсындағы əйнекке
қанша төнсе де, осылар мен осындайларға, сосын сумкасы салақтаған
əне бір кəрі-құртаңдарға мекен болып бара жатқан мына қаладан көз
қуанатын жібі түзу біреу көре алмағанына қайран қап отырғанда,
кенет... О, тоба! Тоба! Тіліне оралған осы бір жалғыз ауыз сөзді
күбірлеуге ғана шамасы келді; тұсындағы əйнекке қайта ұмтылды; қыз
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 23
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654