Latin

Соңғы парыз - 29

Total number of words is 4304
Total number of unique words is 2209
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Бəкизат лəм деп тіл қатпай, үн-түнсіз келді де қолтығынан алды.
Екеуі де лəм демей, əлгінде қасқыр ішікті қалдырып кеткен күресін
мұзға бет алып желге қарсы жүріп кетті.
***
Бұлар күресін мұздың ық жағын ала тоқтады; Бəкизат бағана осы
маңда қалған қасқыр ішікті тауып əкеліп, ыққа қарап қарын қақтықақты да, Жəдігердің иығына жапты; сонан кейін де Жəдігерді балаша
өбектеп біресе ішіктің өңірін қаусырды; біресе ішіктің жел жұлқылап
жатқан қос шалғайын қайырып əкеп тізесін қымтады; сосын өзінің
мойнынан түбіт шарқатты шешіп алып Жəдігердің мойнына орады;
ашық теңіз үстінің қара дауылын басынан өткізген əйел өзінің де
қалшылдап ұшып бара жатқанына қарамай, əлі де болса Жəдігердің
асты-үстіне түсіп жаны қалмай бəйек боп жатыр.
Жəдігер аң-таң; мынау анасы болмаса, бұның өз басы өмір бақи əйел
нəсілінен көрмеген ықылас, пейіл. Бұл жəне дəл осындай ықылас,
пейілді Бəкизаттан күтіп пе еді?! Жəдігер соның сырына ақылы
жетпей, таңданып тұрғанда, Бəкизат қолынан ұстады; бұның құдды
сексеуілдің шырпысындай секиген саусақтарын уысына алып тас қып
қысып тұрды да, сосын бір-бірлеп бас-басына уқалай бастап еді;
Жəдігер əлденеге мырс етті; бетіне дереу мысқыл шауып, əйелдің
уысындағы қолын тартып алды; қайта ұмтылған əйелді жолатпай,
кеудесінен тіреп тұра қалды:
– Ққаайтесің...
Əйелден бетін бұрып сырт айналып тұр; əлгі ызалы мысқыл бетінен
айықпады; ғұмыр бойы аңсаса да, əйел нəсілінен көре алмаған осынша
ағыл-тегіл ықыластың бұл сорлыға қара жерде емес, қара дауыл қуған
алақандай сеңде бұйырғанын көрмейсің бе? Бұл не, тағдыр ма? Əлде,
Тəңірінің тəлкегі ме? Адамның да, Құдайдың да тəлкегін бұл бір басына
жеткендей көріп еді ғой. Төзіп те еді ғой. Енді бұнысы не? Жөніне
тыныш өлтірмей, азабы мен мазағына тепкілетіп өлтірмек болғаны
ма? Жо-қ, енді мен де төзбеймін! Есітемісің, Тəңірі?.. Төзім таусылды,
төзбеймін, төзбеймін! Ал, кəні... менен аяп қалған, маған сақтаған тағы
қандай азабың... мазағың бар? Бар болса, аяма... Жібер! Кəне, жібер!..
Қазір! Қазір жібер!..
Жəдігер иығындағы ішікті бір сілкіп лақтырып тастады да, күресін
мұздың ығынан атып шықты. Үсіген аяғы бұл кезде сонау қара
башайдан бастап, балтырын, санын əлдебір темір құрсаумен жанын
шығара сығып бұрап жатқандай, қан-қақсап бара жатқанына қараған
жоқ; бұл бірақ теңіз үстінің азынап соғып тұрған қара дауылына қарсы
қарап тұра қалды да, дəл бір жын ұрған нақұрыс адамша қатты күлді:
ха-ха-ха-а!.. Мынау ойда-жоқта болған оқыс қылық еді; Бəкизат шошып
кетті: "Ойпырмай... Ойпырмай",– деді сасқалақтап, "Жынданғаннан сау
ма?" Кəпелімде не істерін білмей қалған əйел есін жиям дегенше
болмай, жаңа ғана қайдағы бір қияңқылық ұстап, тағдырына, əрілесе,
тіпті, Тəңірінің өзіне мойын ұсынбай, көк бет өжеттікке басып
қарқылдап тұрған еңгезердей ірі еркек, кенет тағы да көре көзге кілт
өзгеріп, белі бүгіліп, шоқ етіп отыра қап өкіріп жылап жіберді.
Бəкизат енді бəрін ұқты. Бəріне түсінді "Кешір!.. Кешір",– деп аяғына
жығылғалы қасына жетіп барса да, бірақ жеме-жемге келгенде дəті
жетпей, ілгері созған қолын жия алмай тұрып қалды.
Ай сəулесі астында шөкелеп отырып қалған еңгезердей ірі еркек əлі
қыбырсыз. Тек ауық-ауық иығының басы селк етеді. Бəкизат тілінің
ұшында тіленіп тұрған сөзді де айта алмай, үні өшіп тұрды-тұрды да,
иығының басы селкілдеп отырған Жəдігерді қолтығынан демеп
тұрғызып еді; ішін өртеген күйік сыртқа шығып жеңілдеп алғасын ба,
əлгідей емес, Жəдігер бір түрлі иі жығылып, жуасып қапты; иығына
жапқан ішікке оранды да, күресін мұзға арқасын сүйеп шалқалап жата
кетті. Өзін ажалдан құтқаратын бұл дүниеде дəл қазір ешқандай
құдірет күш жоқ еді; оны өзі білді; таң атқанша бір жағына шығарын да
білді; ендігі қалған бір тұтам тіріліктің азаппен өтетініне де көңілі
кəміл сеніп жатыр. "Тағдырдың салғаны сол болса, амал қанша, бұған
да көнеді. Бəріне көніп те, төзіп те келе жатқан жоқпыз ба",– деді
ішінен.
Анада бұлар күзгі қара суықта күні ұзын теңізде болып, сонан қас
қарая бергенде сілесі құрып келсе, қамыс қос ызғып тұр екен. Біреу от
жақты. Жаурап өліп бара жатқан кісілер отқа жақындады. Қаудырлақ
қара тонды арқасына жамылған қара шал қалш-қалш етеді. Көп ұзамай
қызыл ұшқын сіркіреп лаулап жанып кеткен отқа қара шал ентелеп
жақындай түскен-ді. Сары Иван: "мына сорлы қайтеді, əй? Отқа түсесің
ғой",– деп еді; қыршаңқы шал: "ал түсем, сонда қайтесің",– деп
шыныменен отқа түскісі келгендей ілгері итіне түсті; Сары Иван:
"қайтейін, күйіп өлесің ғой",– деп еді; Көткеншек Көшен енді ежірейіп;
"ал... ал күйіп өлем",– деді; Сары Иван: "саған дауа жоқ екен",– деп
қолын сілтеп, тұрып кетті. "Үсіп өлгенше, қайта күйіп өлгенім артық",–
деді қара шал шаңқылдап. Отқа қанша шабынса да сүйек-сүйегіне суық
өткен, бір шайнам ет жоқ тарамыс арық денесі қалшылдап ұшып
барады. "Адамнан асқан итжанды кім бар. Сүрікті күн жеткенде бəріміз
де өлерміз ғой. Сонда көрерсіңдер, қара жердің астына түскен адам үш
күннен кейін тозаққа да үйренетін шығар",– деді қара шал. Сазарған
жұрт үндемеді. "Ішіңді с... мына ит өмірдің тозақтан несі кем. Нағыз
тозақ осы емес пе?"– деді де, қара шал отқа кептіріп отырған
қолындағы су киімді лақтырып жіберіп тұрып кеткен-ді.
Қыршаңқы шал күйінгенде айтты демесе, бұл Жəдігердің өзінің де
көкейінде жүрген ой еді; ана дүниенің тозағы қандай болатынын кім
білсін; ал мына дүниенің азабы мен тозағын бұл жалғанда Арал
өңірінің халқынан артық кім көрген; егер күндердің күнінде халық
шеккен қасіретке ескерткіш қойылар болса, келешек ұрпақ тек
аралдықтарға ғана қояр-ау!
Жəдігер жылағысы кеп еді; бірақ көзінен жас шықпады; шыбын жан
үшін арпалысқанмен ештеңе шықпасын біліп жатыр; оған өзінде
қауқар да қалған жоқ; ендігі қалған тірлікке бола басын ауыртқысы
келмей, сең соққан балықтай сүлесоқ жатқан; кенет аппақ ақ қырау
кірпік асты-үстіне айқасып көзі жұмылып бара жатқанын сезбей
қалды; соның аржағында титығы құрып қалжыраған дене түк сезбей,
жан мен тəн тыным алып қалғып кеткені, əлде шыныменен талықсып
кеткені белгісіз; түс пе, əлде əне бір кісі титығы құрып талықсып
жатқанда бастан кешетін сандырақ па... Иə, сандырақ болса сандырақ
шығар, бұл əйтеуір əлдебір түсі суық дүниеге атын ақырын бастырып
кіре бергені сол екен, анадай жерде бұның дəл өзіндей ат үстінде басы
былғақтап келе жатқан тағы біреуді көзі шалды; Жəдігер кірпігін
қағып қап, назарын тіктеп қайта қарап еді; бұның өзі сияқты түсі суық
дүниеге кіріп келе жатқан əлгі жолаушы жалғыз емес, екеу боп шықты;
олар бұны көрді ме, жоқ па, белгісіз; бұл оларды көрді; жəне құр көріп
қойған жоқ... кім де болса, мыналар да бұның өзі сияқты аяқ жолынан
адасқан жолаушы екенін біліп жөн сілтеп жібергелі атын жеделдете
бастырып қасына қатарласа бере назарын тіктеп қараса... Əй, мынау...
Мынау басқа емес, бұның өзі ғой. Ана Жəдігер де, мына Жəдігер де
бұның өзі. Бұл дүниеде екі Жəдігер болғанына таңданған жоқ; қайта,
ана Жəдігердің басқа біреу болмай, бұның өзі болғанына көңілденіп,
атын қатар бастырып келе жатып, ана Жəдігердің аржағында бұнан
əлденеге сырт айналып, бетін алып қаша берген əйелге назар аударды.
– Бұл кім?– деді мына Жəдігер.
– Танымадың ба?– деді ана Жəдігер.
– Жоқ,– деді мына Жəдігер.
– Бəкизат қой,– деді ана Жəдігер.
Мына Жəдігер "аа",– деп ауыз ашқанша болмай, Бəкизат бұнан бетін
жасырған күйі жалма-жан атына қамшы басты.
– Əй!.. Əй, тоқта!– деді мына Жəдігер.
Бəкизат қайырылмады; ана Жəдігер де мына Жəдігерге жөнін
айтпастан атын борбайлап, кəпелімде қарасы көзден үзіліп ғайып
болған əйелдің соңынан шаба жөнелді. Аналардың қайда асыққанын,
неге асыққанын мына Жəдігер білген де, түсінген де жоқ; тек ана
Жəдігерден жөн сұрай алмай қалғанына қынжылып тұрды да,
кəпелімде көзден қарасы үзіліп кеткен əлгі екеудің əлі де болса ілгергі
жақтан ат тұяғының дүбірі естіліп тұрған бағытты бетке ұстап, аяңға
көшкен ат үстінде тізгіні қолынан түсіп келе жатқан-ды; кенет
астындағы ат аяғын баспай осқырып тұра қалды; бұл бойын дереу
жиып ала сала ұмтылып ат үріккен жаққа қарап еді; тізгін ұстаған қолы
қалтырап кетті. Төбесі опырылып ортасына түскен қираған үйлердің
есіктері мен терезелері құдды көзін ойып əкеткендей бұған қарап
үңірейе-үңірейе қапты. Сол қап-қара боп үңірейген есіктер мен
терезелердің бəрінен ондаған, жүздеген мысық қаптап шығыпты. Енді
кідірсе үстіне келген аттылыға атылатындай бəрі бірдей желке жүні
үрпиіп, жанары жалындаған сап-сары көздер кірпік қақпай бажбиябажбия қалған екен. Жəдігер тілін кəлимаға келтіруге шамасы келмеді.
Осқырынып үріккен атты бұл бұрды ма, əлде аттың өзі бұрылды ма,
оны да білген жоқ. Ат жалт беріп, келген ізімен ағыза жөнелді.
Соңынан қалмай ізін өкшелеп қуып келе жатқан мың-сан мысыққа
бұрылып қарауға да шамасы келмей, құстай ұшқан аттың жалына
жабысып алды. Ізін өкшелеп келіп қалған мына мың-сан мысықтардың
кісі жаны түршіккендей бажылынан есі шығып, қол-аяғы қалшылдап,
тақымы ерден босап бара жатыр еді; соның аржағы... аржағында бұл
жабайы мысықтардың бажылынан шошып оянды ма, əлде санасы
оралып есін жиды ма, ол арасын білген жоқ; көзін апалақтап ашып
алғанда байқағаны қатты соққан жүрек дүрсілдеп алқымына тығылып,
қол-аяғы, бүкіл бар денесі қалшылдап əкетіп барады екен. Жаңағы
жабайы мысықтардың жан түршіккендей жаман дауысы əлі де
құлағында тұрды.
Жəдігер көпке дейін өзіне келе алмады. Бұл не, түс пе? Сандырақ па?
Енді, сірə, осыдан былай қарай сана шатасып, сандырақтай бастайтын
шығар; Жəдігер көзін сəл жұмса да төбесі ортасына опырылып құлаған
жаңағы үйлер мен жабайы мысықтар елестеп шошып ояна берді. Бұл
осындай бірдеңені білетін. Иə, баяғыда бұлардың ауылынан жетпіс
шақырымдай жерде Ленин атында үлкен балық колхозы болған. Теңіз
тартылғанға дейін ол өзі балық жайылымына қолайлы көп-көп қоғалы
көлі, қолтығы, басаты бар тірлікке таптырмайтын жер еді; халқы да
талапкер еді; суы тайыз болғандықтан ала-бөле Аралдың сол тұсы
қатты тартылып, бір кезде үй іргесіне толқын ұрып жатқан теңіз тез
арада жүз шақырымнан астам қашыққа көз асып кеткен-ді. Сонан
бастап суы қашып қу тақырға айналған жерден ұшқан аппақ тұз
тұрғын халықты тұншықтырып, тірлік тығырыққа айналған халық
бұнан он бес жыл бұрын бір мезгілде көтеріле кошіп, басқа жаққа
қоныс аударған болатын. Жан-жаққа тарыдай шашырап кеткен елдің
жұртында қалған мысықтар сонан бері жылдан-жылға күшіктеп, өсіпөніп көбейгені сонша, қазір ол жаққа жалғыз-жарым адам аяқ
баспайтын.
Сары Иван əне бір кезде бошалап жоғалып кеткен түйесін іздеп
жүріп, баяғыда ел көшіп кеткен сол əлгі Ленин колхозының ескі
жұртына бара қалған екен. Жабайы мысықтар қуып иманы ұшқан
Сары Иван сол жолы ауылға ес-түсі қалмай оралған-ды. Онда да
астындағы ат жарамды, жүйрік болғасын соңына түсіп қуған жабайы
мысықтардан əзер-əзер жанын алып қашыпты...
***
"Апырай, адам жаны кеудеден шығып болмайтын не деген сірідей
берік. Қашанғыдан бұрын жаны құрғыр осынша азап шегіп қиналып
жатқанда қайдағы-жайдағы есіне түсіп, бірінен-бірі өткен ашқарақ
ойлар иттей талауын қараш. Əлде бұ да дүниеден түк бітірмей,
бармағын шайнап өткен бар-бар дəрменсіз шерменделердің бəріне
ортақ па?"
Жəдігер иегі дірілдеп, кемсең-кемсең етті; бір түйір жас жанарынан
ыршып, аппақ ақ қырау кірпікке ілінді; бұрын бір басына жеткендей
қара күш те, қайрат та бар еді; əлгінде жарыққа тығып алған аяғы үси
бастағалы əлсіреді; ықсыз, панасыз ашық теңізде өткізген бір күн...
жəне мына бір түн қажытты; тəні де, жаны да қажып, титығы құрып
əлсіреп жатып адам өмірінің түкке тұрмайтынын ойлады; шыбыш
ешкі құйрығындай басы-аяғы бір тұтам шолтаңдаған сол неме ақтық
деммен алқымға таялып, дөңгеленіп келіп қалды; бұл оған қиналған
жоқ; жə, несіне қиналады; қашаннан көті белгілі дүние емес пе? Кісіні
жарылқадым дегені де белгілі еді ғой; ол əуселесін де көрген;
мықтағанда қойнына бір түнеп шығып, нəпсісін басқасын, ертеңіне
төсектен тұра сала салтақ борбайын шайса шайып, шаймаса түк
көрмегендей құйрығы бұлтылдап жөніне тартып кете баратын əлгі бір
жезөкшелердің мекерлігінен несі артық? Опасыз дүниеден өзгелер
сияқты өзінің де опа таппағанына өкіне ме? Пішту! Бұны қинаған жай
басқа: бұл өз ойынан өзі қашып құтыла алмай жатыр. Осы шіркін бұған
бұрын да үйір еді; тек бұрын мезі қылмайтын; бұл бұрын теңіздің не
арғы, не бергі бетінде сылағы түскен қамыс қоста өткізген талай-талай
ұйқысыз түндерде əр ойдың басын бір шалатын; сонда сан қилы ойдың
шиырынан шыға алмай малтықпаушы ма еді? Күні бойы көк теңізде
жүріп, қалжырап келген балықшылар кешкі асты қалғып-шұлғып
отырып ішетін де, дастарқан жиналар-жиналмаста отырған жеріне
қисая-қисая кететін; сыртта жел тұрып, іргеде ұлы теңіз өкіріп жатса
құба-құп; ал, егер түн шырадай тымық болса, əдетте салған жерден
қатты ұйықтап кететін балықшылардың қорылынан тітіреп тұрған
қамыс қоста таң бозарып атқанша кірпік ілмей, көзі бақырайып
жатпаушы ма еді?..
Көрмейсің бе, жаны құрғыр кеудеден шығып болмай, ажалмен
арпалысып жатқанда, қас қылғандай қайдағы-жайдағылар есіне түсіп,
итке талатқандай ашқарақ ойлар жабылып жатыр. Өздері неткен
жиіркенішті; ойдың жиіркенішті болатынын бұрын неғып білмеді
екен? Өлексеге жиналған құзғындай өріп кеткен не пəле? Əлде... Бұ да
құдіреті күшті Құдай бұның жанын жай алмай, əдейі осылай ашқарақ
ойға талатып, азапқа салу үшін жіберген зауал ма?
Жəдігер тағы да көңілі толқып бара жатқасын тістеніп алды; ой
толқытты ма, əлде шыныменен титықтап қалжырағандікі ме, көңілі
құрғыр не болса соған босап, Тəңіріге айтсам деген көкіректе қоралаған
ойға да шамасы келмей жатыр; шамасы келгенде Тəңірге "мені қалай
жазаласаң да мейлің, сен тек ана бишара əйелге рахымыңды түсір,
желеп-жебе,– демекші еді; "бұл да бағы жанбаған байғұс, қаңғалап кеп
отқа түсе беретін көбелектей, өз сезіміне өзі өртеніп жүрген сорлы",–
демекші еді; не пайда, айта алмады; қара башайдан қара санға дейін
мұзға айналған аяғы оған шамасын келтірмей, жанын шығара
сырқырап кетті; қанша шыдап бақса да өзін осыдан артық ұстай
алмайтындай; енді болмаса, титығы құрыған тəн шеккен мына азап
ықтияр-еркіне қаратпай жан дауысы ышқынып шығып кететіндей
қорықты да, ернін қырқа тістеп дір-дір етіп қатты да қалды; көзі
қарауытып кетті; сана сəптіреп, талықсып жатып есін əрең-əрең
жиғанда анық сезгені – аштық пен суық екі жақтап титығы құрыған
денеде əзір ажалға беріспей, жан таласа қайрат қып лүп-лүп соғып
жатқан жалғыз – жүрек екен; "ой, айналайынай",– деді Жəдігер; небəрі
жас бала жұдырығындай кіп-кішкентай нəрсенің өмір үшін арпалысқан
өлермендігіне ырза боп сүйсініп жатты да, аппақ ақ қырау кірпік
астында мүлгіген көзін ашып еді; ай төбеден ауып барады екен; көк
мұзда тырп етпей шалқасынан жатқан кісіге сонау биікте суық ауа
қоралаған ай құдды қайнаған қазан бетіндей буланып, ту-ту алыста
бұлдырады; жаңа бұл көзін ашқанда күміс табақтай айды біреу ылдиға
қарай домалатып жібергендей, құлдилап баратты. Жəдігер үсіген
аяғының ауырғанын ұмытып, аспан мен айға кезек қарап жатқанда,
əлгі ай сол құлдилап аққан беті жолында тұрған қазандай қара бұлтқа
кірді де, зым-зия батып кетті.
Жəдігер сығырақ айдан көз жазғасын қасында күйбектеп жүрген
əйелді көргісі кеп еді; бірақ дүниені буып тұрған тастай қараңғыға
көзін тігіп қараса да, кірпігінің ұшынан арғы жерге жанары жетпеді;
сосын қыбыр етпей жатып, қасында күйбектеп жүрген əйелдің
қимылын бақты; əйел, міне, бұның жел жағына шығып жүрелеп
отырды; басын сүйеді; басын бауырына тартып құшағына тас қып
қысты да, қыбыр етпей отырып қалды; ызғырық суық желдің өтінде өзі
де қалшылдап ұшып бара жатқанына қарамастан қолын қайта-қайта
ілгері созып ішіктің өңірін қымтады; ебедейсіз саусақтар сонан ары
тағы да сипалап, бұның қасы мен кірпігіне тұрып қалған бір қырау, бір
мұзды үгіп түсірді; сосын екі алақанын демімен үрлеп алды да, бетін
сипап еді; Жəдігер шыңғырып жібере жаздады; тұла бойындағы бар
жан əйелдің алақаны тиген беттің ұшында тұрғандай, ақырын
сипағанның өзінде күлдіреген тері алақанға жабысып сыдырлап бара
жатқандай жанын шығара тызылдап ала жөнелді; тістеніп алған
Жəдігер сонда да дыбыс шығармай, дір-дір етеді. Əлгінде күресін
мұздың ығына əкеп жатқызғаннан бері тірліктен нышан бермей сессіз
сұлық қалған-ды. Сонан қорыққан əйелдің əсіресе қазір күдігі күшейіп,
қолын жалма-жан Жəдігердің омырауына сұғып еді; саусағының ұшы
баяғыда өздері бір уыс бұзау жүнін түкірікпен дымдап, алақан
арасында əрі-бері уқалап, əп-сəтте жұмарлап жасап ала қоятын жүн
доптай бірдеңеге тиді де, қолын тартып алды; бұның не екенін білген
жоқ еді; ішік арасынан іле-шала əлдебір болымсыз тірілік
шықылдағанда, əйел қуанып: "бишара тірі екен ғой",– деді; түнерген
түсі суық дүниеде бұның өзі мен Жəдігерден де басқа тəңірінің тағы бір
тірі жəндігі барын дəтке қуат қылды; көңілін аққа ұйытқан сайын ол
енді Жəдігермен бірге Тəңірінің осы бір кіп-кішкентай болымсыз
тірлігінің де амандығын қоса тіледі.
Жəдігер əлі қыбыр еткен жоқ. Бірақ осылай тірлігінен нышан
бермей, сұлық жатып та бəрін білді. Əсіресе əйелге айран-асыр. Мынау
шынында да Бəкизат па?! Бұл білетін Бəкизат осындай ма еді?! Əсіресе
бұның барар жеріне жете алмай, жарты жолда зорығып жығылған
кіреші көлігіндей жүрімі таусылып, ит жыртқан қара терідей өмірдің
осы бір ақырғы шағында бұған Құдай не ғып рахымын түсірді? Анасы
болмаса, бұл басқа əйелден осынша ықылас, пейіл күтіп пе еді? Мына
қарашы, құдды бала баққан анадай, шырқырап үстіне түсуін қараш.
Қолынан келсе бұған шыбын жанын үзіп беруге пейіл.
Жəдігер көңілі толқып, ырзалығын қалай сездірерін білмей жатқанды. Кенет ерлі-зайыпты екеуінің арасындағы итшілікпен өткен
берекесіз он үш жыл есіне түсті. Соған кім кінəлі? Бұл ма? Құдай куə,
тіріде басқаға жазығы болса болған шығар, ал бұған... Жо-қ, он үш жыл
бірге тұрғанда бұның бетіне жел боп тиген жері жоқ еді ғой. Үйдегі
барлы-жоқ аз ғана дəулет қолында болды. Өзі де қолына жылтырақ
бірдеңе түссе осының үстіне жапсырғанша асықты. Сонда бұл неден
жазды? Тоқ-та... Қайда келіспеген бірдеңелерді соғып кеткені несі.
Жазған-ау, əйел болған əйел о бастан-ақ, Тəңірі тумысынан ерекше
жаратқан жөні бөлек нəсіл емес пе еді? Дені дұрыс еркек қазіргі
ұрғашының қай қылығын кінəлауға дəті жетуші еді? Қазір түгіл, ана
заманда да хан құшағында қалтырап жатқаннан гөрі, құл құшағында
құтырып шыққанды армандап, есіл-дерті жар төсегін жалынмен
өртегісі кеп тұратын сол нəсіл сенің кемді-күнгі тірлікте киген мен
ішкеніңе құл боп қайтсін. Бұл ой басыңа қазір келіп отыр, ал бұрын...
Бəсе, бұрын көрінген еркектен қызғанғаннан басқа не білді? Жанын
ұқты ма? Тəнін жылытты ма? Тым құрыса, қойнында жатқан əйелдің
қай қасиетін қадірлеп, қай қылығын... Айтса да "қыз қылығымен" деп
бұрынғылар ден қойған, исі ұрғашыларда қытық оятар қылық
болатынын сен, сірə, білдің бе? О, жазған! Жазған!..
Жəдігер тапжылмай басын сүйеп отырған əйелге тіл қатқысы келді
ме, əлде тіпті маңдайына жазған бір тұтам тірлікте жұртқа ұқсап жар
сүйіп те келістіре алмай, дүниеден пұшайман боп өтіп бара жатқан
қасіретін айтып шағынғысы келді ме, қайтты, бірақ оған үсіп, жаны
кетіп қалған ерін қиыспай, бекерден-бекер қиналып ырсылдай
бастады. Басқа елдің еркектері қандай болатынын қайдам, ал қазақ
жігіттері өзінікін қызғанып, өзгенікіне қызыққаннан басқа не біліпті.
Жазатайым біреудің беті жылтыраған ұрғашысын көрсе, май иісін
сезген мысықтай көзі жайнап басына бір қарап, бөксесіне екі қарап
емешесі үзіліп шыға келгені болмаса, исі ұрғашыны əсте ұрғашы
қылатын əлгі қытық оятар құдіреттің сырын қай еркек біліп еді? Оны
білсе, тірлікте өз дегені болмаса, өзгенің ырқына көнбейтін осы бір
нəсілі асыл жынысты о бастан-ақ Тəңірі ерке қып, тек еркелеу үшін
жаратқанын ойлар еді ғой. Жер астындағы пəлені білетін қазіргі
жетішкі əйелдер түгіл, абыройын алақанымен жапқан сонау Хау Ана
заманында да осы нəсіл Құдайдың құдіретімен көкірегінде қазір
ұшатын құстай бұлқынтып қойған жұдырықтай жүрек жатқызыптұрғызғанда болмаса, қалған уақытта кімнің жетегіне еріп еді? Кімнің
əміріне көніп еді? Жазған басы, соны да білмеді. Бұл заман түгіл бағзы
заманда да Хау Ана анамыз көкірегін ешкімге бермей, өзін жер
тəңірісіндей көріп жүріп те, жарықтық зəті əйел емес пе, көңілін тапса,
Адам Атаның құшағына құлап түспеді дейсіқ бе? Адам Атаның
орашолақ тілмен лаждап жеткізген ілтифатына ырза боп кеткенде,
тым құрыса, қазіргідей бомба жарып, темір тұяқ танкілер тапап жатса
да мыңқ етпейтін құдайдың қара жері де емес, көк мұзға шалқалап
жата кеткені тегін бе еді? Кім біледі, ол Анамыз да сезімге толқығанда
əлдебір жеміс ағаштың саясында тыныстап жатқан Адам Атаның
кеудесіне құс боп қонып, бұлбұл боп сайрап, еркелетсе еркелеп, ал,
егер, əлдеқалай ренжісе, ол жарықтық та болмашыға қылтия қалатын
осы күнгі кінəмшіл қала бикештеріндей ауызы-басы томпайып
наздана қалған шығар-ау?
Сорлатқанда, бұл да сенің санаңа кеш жетті. Бас-аяғы бір тұтам
тірліктің ақыры, міне, ит жыртқан қара терідей ырым-жырым. Соған
кім кінəлі? Кі-м? Өзегін өртеп бара жатқан сауалды Жəдігер өзінен де
гөрі осынау рахымнан нышан сезілмей, түнеріп тұрған түсі суық
дүниенің дəл өзінен сұрағысы кеп кетті. Кім кінəлі? Бəкизат па? Жоқ, ол
əйел еді; əсіресе, бірінші баладан кейін бұрын істемегенін істеп, түнде
өз төсегін тастап бұның қасына кеп жататынды шығарды; бірақ сен
суы ашыған теңіздің қашаған балығын қуып аулап, үй көрмей тентіреп
жүрдің; көбіне дарияның сағасына құйған лай судан балық ауласа,
кейде теңіздің арғы бетіндегі балықшы қоста айлап жатып алатын;
сонан апта өткесін, ай өткесін, бір заманда үсті-басы кірлеп, сақал-мұрт
өсіп, азып-тозып келетін; алдына қойған асты да қалғып-шұлғып
отырып бір-екі асаса асап, асамаса төсекке бара сала жығылар еді;
жастыққа басы қалай тиді, солай қор ете қалар еді; қасына кеп
құшағына кірген əйелді де сезбес еді; қалжырап келіп қатты
ұйқтайтыны сонша, жас əйелдің жалындаған өрттей ыстық денесі мен
дір-дір еткен демі де қаперіне кіріп шықпайтын; сонан сен тек өзіңнің
баяғы бала жастан қалыптасқан дағдың бойынша таң сыз бере оянар
едің; оянғасын да төсектен тұрғың келмей, қатты ұйқыдан басың
ауырып, денең сынып, іштегі-тыстағы дыбысқа құлақ түріп жатар едің;
бірақ қанша құлақ түрсе де күнде-күнде іргеде өкіріп жататын ұлы
теңіздің əдеттегі гүріл-сарылы естіле қоймағасын елеңдеп, ұйқылы
көзін ашып алса... Иə, өзі күнде оянатын – таң алдындағы елең-алаң;
төбеден ауып бара жатқан толық айдың сəулесі терезеден түсіп тұр;
тек күнде-күнде осы кезде өзімен бірге ояна сала жағы жыртылғанша
есінеп, басы былғақтап тұрып жататын балықшылар көзіне түспес еді;
қамыс қостың балық сасып тұратын үйреншікті иісі де мұрнына
келмегенге таңданар еді де, жастықтан басын көтеріп алып түнеп
шыққан жеріне қараса... Мəсссаған! Асты да аппақ! Үсті де аппақ. Сол
аппақ мамық төсекте, ел тұра қоймаған елең-алаңда өзімен бірге
атылас көрпе астында аппақ денесі алаулап уыздай жас келіншек
жатыр. Денесін денесімен өртеп жібергісі келгендей бауырына бетін
басып, жабысып алған мына əйел өзге емес, өзінің əйелі екенін
білгенде, ой-хой, дүние-ай, қабағында қорғасындай ұйып тұрған əлгі
ұйқы сəтте шайдай ашылып кетуші еді-ау! Ыстық қан бірден басқа
шауып, қос шекедегі көк тамырлар кенет қанға толып лүп-лүп соғып
кететін; құлақ шуылдап, дүрс-дүрс соққан жүрек бүтіл денені
құйындай үйіріп бара жатқанда, бұл жастықтан басын жұлып көтеріп
алатын; қатты соққан жүрек дүрсілі енді бұның өзіне де естілетін;
түнімен бауырында тыныстап шыққан əйелдің таң алдындағы тəтті
ұйқысын бұзғысы келмесе де, бірақ бір дегеннен ес-түсінен айырып
баурап əкетіп бара жатқан ала құйын сезімді, сол арада, тежесе сəл
тежеп, аблығын басатын да, ал тежемесе түнде қойнына кіріп
көкірегін қыж-қыж қайнатып жатқан өз əйеліне өзі қызығып, қырғи
көздене қарайтын!
Тек сол арада Құдайдан Үкімет пен партияның қаулы-қарары мен
сьез шешімі есіне түспегей де. Əсіресе балық жоспары бұл
бесжылдықта да орындалмай, ана жақта Үлкен Кісі, мына жақта Қозы
Қарын қаһар төгіп, өкіл үстіне өкіл шаптырып жатқаны есіне түскенде,
жаңа ғана ықтияр еркіне қаратпай, үйіріп əкетіп бара жатқан ала
құйын сезім бір сəтке бəсеңсісе бəсеңсір, бірақ басылмайтын; қайта,
ойға алған бір ісі орындалмай, берекеті кеткен осы елге, берекеті
кеткен осы елдің берекесіз басшыларына қолын бір сілтер еді де,
ұйқысынан ояна сала жұп-жұмыр аппақ білегі шап беріп мойныңа
орала кеткен əйелді... өзінің əйелін... Құрысын, айтты не, айтпады не,
ол бір тіріде жар төсегінің қызығын көрген бар-бар еркек бастан
кешкен белгілі жағдай ғой.
Əне, əп-сəтте опыр-топыры шыққан төсекте аппақ боп талмаусырап
əйел жатыр; ала көлеңке үйге енді-енді ене бастаған таң шапағы алабөле атластай аппақ санына түсіп, аяғын жия алмай, бұнан да, онан да
тер иісі аңқып кеткен қапырық ауаны ауызымен де, мұрнымен де
танаулап ентіге дем алады.
Ой-хой, сол арада бұл өзін дəл бір құс ілген қырандай сезіп, көңілін
пірлеп, төсектен ышқыр бауын ұстай түрегелер еді ғой. Əлгінде ғана
қос шекедегі көк тамырлар лүпілдеп қатты соғып, тура басқа шапқан
ыстық қан саябырлап сабаға түскен; дене құп-қунақ; дененің барыжоғын екі аяқ, сірə, сезіп тұрған жоқ; қызығы қалмаған дүниесі құрғыр
да, бұ да болса, бұның анда-санда басынан кешетін бір отты шағы едіау?! Бұл сүйтіп көңілі тасып шаттанып тұрғанда, қас қылғандай, кенет
есіне өкіл түсетін де, аяқ астынан əбігерленіп асыға бастаушы еді.
– Кетіп барасың ба?
– Иə...
– Ерте ғой.
– Амал жоқ... Əне бір қызыл көз пəле...
– Қызыл көз? Ол кім?
– Өкіл. Жан алатын əзірейілдей қырып барады.
– Ой, Құдай, соны да адам деп...
– Құрысын, пəле. Басың бəлеге қалады. Қозы Қарын бізге кіл
осындайларды жібереді.
Сол жылы теңіз өңірі қатты қуаңшылыққа ұшыраған-ды. Əсіресе,
шілде айларында Сырдарияның ит кешіп өтіп жатқан лай, сасық суын
ішкен балықшылар жаппай сары ауруға шалдығып ауруханаға түскенді. Жоспар орындалмай жаны қысылған басқарма ауылдағы ескек, таяу
ұстауға жарайтын шал-шауқандарды жинап балыққа салған-ды. Күні
бойы көк теңізде ассыз, сусыз ау қарап, сілесі құрып қайтқан кісілерді
өкіл жиекке шыға бергенде алдынан күтіп алып, үйлеріне жібермей,
жағаға иіріп отырғызып қойып жиналыс ашты. Қара костюмның өңір
түймесін тыңқитып салып алған өкілдің түсі суық. Үні қатқыл. Салған
жерден басқармаға шүйлікті. Балықшыларың ауруханада жатып алды
деді; мына түрлеріңмен үшінші бес жылдықта да жоспарды
орындайтын сыңайларың жоқ деді. Үкімет пен партия алдында Үлкен
Кісіні тағы да ұятқа қалдырғалы отырсыңдар деп зіркілдеді де, сөзінің
соңында басқармаға қатты шүйлікті. Осыдан жоспар орындалмаса,
ісіңді бюрода қаратам деп бір пəленің шетін шығарып қойды. Басқарма
үндемеді. Үйлеріне тезірек қайтқысы кеп əзер отырған кісілердің
ешқайсысы да жарыссөзге зауқы болмай, басы бауырына түсіп, қайсы
біреулер қалғып кеткен-ді.
– Кəне, кім сөйлейді?– деді өкіл.
Ешкім селт етпеді. Үнсіздік ұзаққа созылып, өкіл шыдамын тауысып
ширыға бастаған-ды. Ертеден бері өкіл сөзін бір жамбасына қисайып
жатып тыңдаған Көткеншек Көшен кенет қозғалып, қолын бұтындағы
су-су дамбалдың ауына апара бере, екінші жамбасына қарай
аударылып түскен-ді. Қара шалдың қозғалғанын байқап қалған өкіл:
– Ақсақал, сөйлейсіз бе?– деп еді.
Қырсық шал жөніне қарап тыныш жатпай:
– Жоқ, сөйлемеймін. Тек, былай тасымды алмастырып қойып
жатырмын,– деді.
Қатындар теріс қарап бетін шымшып, қалған жұрт қыран-топан
күліп, өкіл бұлан-талан ашуланып жиналыстың аяғы іри-тіри болды да
кетті. Өкілдің құсы Жəдігерге түсті: "Адамдарың тəртіпсіз",– деді. "Сьез
қарары, пленум шешімдері бұлардың миына кіріп шықпайды. Балық
жоспары, əне орындалмай жатыр",– деді.
– Жоспарға қысылмаңыз. Оны үйтіп-бүйтіп бірдеңе қылармыз.
– Ка-к? Үйтіп-бүйткені қалай?
– Айттым ғой, оның бір сыласы болады.
Өкіл енді бұған теке көзденіп ежірейе қарады:
– Сен осы жау емессің бе?
"Ой, бишара",– деді бұл ішінен. Үкіметтің жалғыз жанашыры өзі де,
ал қалған жұрттың бəрі совет үкіметін қалай құлатудың есебін таппай
жүрген дəл бір тап жауындай көріп, кісі болған кісіге күдікпен
сенімсіздене қарайды. Əсіресе бұған сенбеді. Жер-жебіріне жетіп
ұрысып жатқан өкілге бір ауыз қарсы сөз айтпай, темен қарап
ыржалақтап күле беретіні көбірек күдік туғызып, жау болмаса болмас,
бірақ өздерінің арасында тонын теріс айналдырып киіп алып жүрген
жаудың құйыршығы сияқтанатын. Əне, көрмейсің бе, балық жоспары
орындалмай, ана жақта Үлкен Кісі, бұл жақта Қозы Қарын ұйқы, күлкі
көрмей өкіл үстіне өкіл шаптырып жатса, ал бұл социалды жарысқа
ұйытқы боп жұртты қызу еңбекке құлшындырып жіберудің орнына
"үйтіп-бүйтіп" деп жайбарақатқа салады.
– Бала, абайла!
Сол жиналыстан кейін Көткеншек Көшен қырсығы ұстады да, келесі
күні теңізге шықпай шіреніп жатып алды: "Балығыңның басын
ұрайын, қара қайығың мен қара торың əне, қайтып ал!". Оны көрген
қалған шалдар да теңізге шықпаймыз деп тулап, сөйлесуге барған
өкілмен тілдеспей қойыпты. Не істерін білмей сасқан өкіл басқарманы
шақырып алып "маған осы ауылдың қыз-келіншектерін жиып бер!"–
деп əлек шығарды.
– Жарайды... Ол қиын емес. Ал сосын... оларды жиып алғанда не
істемексіз?
– Білгің келеді, ə?
– Əрине. Білуге тиіспін ғой.
– Оларды жиып алғанда, мені, немене, арландық қылады деп
ойлайсың ба? Жоқ, айналайын, жиналыс ашам.
– Жиналыс?..
– Иə, оларға балық жоспарына қатер төніп тұрғанын айтам. Биыл
тағы да жоспар орындалмаса, басы басқарма болып, бəрің жауап
бересіңдер деймін. Бұным, қалай, дұрыс па?
– Қайдам...
– Қайдам-сайдамды қой...
– Жарайды, дұрыс делік... Бірақ, сонда осы ауылдың қылқандай қызкеліншектерін жиып алып жиналыс ашқанда...
– Айтатын сөз көп.
– Мəселен?..
– Əй, сен немене... мені тергемексің бе?
– Құдай сақтасын... Тек, былай...
– Былай дейсің, ə? Сонда ол қалай? Қалай деп тұрмын ғой саған?
– Білгім келгені ғой...
– Білгің келеді, ə? Жарайды, біл! Біліп ал! Қыз-келіншектерге совет
үкіметі сендерге теңдік əперді ме? Əперді деймін. Бүкіл əлемде, тек
біздің елде ғана əйелдер теңдік алды. Еркекпен бірдей тең праволы
болдыңдар. Сол рас па деймін. Рас болса, əйел жолдастар, давай, іс
жүзінде дəлелдеңдер! Ауруханада жатқан еркектер аяғына мініп
кеткенше теңізге шығасыңдар! Балық аулайсыңдар! Бұл партия, Отан
алдындағы парыздарың...
Не шайтан түрткенін, сол арада мырс етіп күліп жібергені. Онсыз да
бұған күдікпен қарап, басқан ізінен пəле іздеп жүрген өкіл дір етіп,
оқты көзін өңменіне қадап:
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 30
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654