Latin

Соңғы парыз - 11

Total number of words is 4225
Total number of unique words is 2055
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
еркелеп тұратын; сен оның Əзім екеуіңе айтқан жаңағы сөзіне де онша
мəн бере қойған жоқсың-ды. Оны да осы қыздың тек өзіне ғана
жарасатын көп қылықтың бірі шығар деп қалғансың-ды. Сөйтсе, жоқ...
Шыны секілді. Орынбор жағасына келген сəттен бастап, Əзімнен
іргесін аулақ салып, бойын тартып ала қойды. Керек десе, Əзіммен
бірге киноға да бармады. Биге де шықпады. Орынбор жағасына келген
күні... Жоқ, ұмытпаса, соның ертеңіне Əзім құшақтамақ болғанда, қыз
жолатпай ыршып түсті. Ештеңеден беті қайтып көрмеген жігіт
құшағын ашып қайта ұмтылғанда, қыз оны кеудесінен тіреп тұра
қалды:
– Мынаны білесің ғой,– деді мойнындағы бойтұмарды көрсетіп.
– Ой, оны қойшы!
– Қоятыны жоқ, болмайды.
– Шешең көріп тұрған жоқ қой.
– За то Құдай көреді. Антты бұзған күнə.
Əзімнің қабағы түсіп кетті. Бұл оның көкірегінде көптен бері сары
уыздай шайқап жүрген арманы еді; енді соны дəл іске асырмақ
болғанда, кесір қыздың қырсығып көнбей қойғаны ызасына тиді.
Бəкизат оның көңіл күйін көрсе де, түк білмегенсіп қыздардан
жұбын жазбай қойған-ды. Тек бір жолы... Сол өзі ұмытпаса түс ауып,
күндізгі аптап ыстықтың беті қайтқан кез-тұғын. Суға ұзақ түскен
қыздар мен жігіттер жағаға жүгіріп шығып, ыстық құмға бауырын
басып жата-жата қалды. Əзім анадай жерде газетпен бетін бүркеп
жатқан Бəкизатқа білдірмей, аяғын ақырын басып жақындап барды.
Бəкизат оны байқаған жоқ; тек Əзім газеттің бір шетін көтеріп, бетінен
сүйгелі ұмтыла бергенде, қыз атып тұрды.
– Болмайды.
– Бір рет...
– Жарты рет те болмайды. Ауылға барғасын, пожа-луйста.
– Орамал арқылы сүюге де болмай ма?
– Орамал-л?..
– Иə, орамал арқылы. Құдай біледі, шешеңе орамал арқылы
сүйіспеймін деп уəде берген жоқ шығарсың?
– Əй, бұл басыңа қайдан келді?
Екеуі қосыла күлді. Осыдан бастап олар орамал арқылы сүйісіп
жүрді. Əзім қызды сүйетін кезде əрдайым жанынан аппақ ақ жібек
орамал шығаратын.
Бұлар күнде-күнде тал түсте демалатын. Жігіттер палатканың
іргесін түріп тастап шахмат ойнайтын да, ал қыздар бұнда келгелі де
қыз сырының шетіне шыға алмай, өзара сыбырласып, сықылықтап
күліп жатушы еді; бір күні түсте күлкі сап боп тыйыла қалды. Бірақ
ойын қызығына түскен жігіттер оны байқаған жоқ. Керек десе, сонан
бастап қыздардың күнде тал түсте палатканың сырт жағындағы ақ
шоқалақтың тасасына тығылып отырып ұрланып шарап ішіп, сосын
қақалып-шашалып темекі шегіп жүргенінен де бейхабар еді; Тек,
ауылдан шығарда анасына ант берген Бəкизат бұған араласқан жоқтын. Қыздарға сыртын беріп, теріс қарап отырып топыраққа əлде
бірдеңелерді сала бастаған еді де, кенет есіне не түскенін қайдам,
мойнындағы бойтұмарды ашып қарады. Көз жүгіртіп, асығыс оқыды.
Өзіне өзі сенбегендей, көзін уқалап жіберіп қайта оқығанда қуанып
кетіпті.
– Қыздар! Қыздар!– деп орнынан атып тұрды.– Қыздар, бері
келіңдер! Міне!.. Міне, қараңдар!– деп бойтұмардағы жазуды əр қызға
бір көрсетті.– Көрдіңдер ме? Міне!.. Міне, оқыңдар! Мамам "шарап ішпе.
Шампан ішпе" деген ғой. Ал... сыра ішпе деген жазу жоқ. Ал, кеттік!
Сыра ішеміз.
Сол күні Бəкизат сыраны қыздардың бəрінен көп ішіпті. Келесі
күннен бастап қыздар палаткаға сумка-сумка сыра əкеліп, жігіттерден
жасырып ішетін болыпты. Босаған бөтелкелерді дүкенге тапсырмай,
палатканың о жер бұ жеріне құмға көме беріпті. Сонан бір күні бұлар
ауылға кайтатын болды. Ойында ештеңе жоқ. Əзіммен бұл екеуі
қыздарға көмектесіп палатканы жығып жатқан-ды. Əзім де, сен де аяқ
астында бұлтылдаған жұп-жұмыр бірдеңеге табандарың тайғанап,
құлап қала бергенсіңдер. Шалқалап құлаған Əзім əлгі құм арасында
бұлтылдаған тастай бірдемеге басын қатты ұрып алды. Ыңырсып біраз
жетті. Сосын жатқан жерін сипа лап, құм арасынан сыртында "Жигули"
деген жазу бар бос бөтелкелерді қазып алып жатып:
– Жəдігер, бері кел! Көр, мына софы қыздардың не істеп жүргенін,–
деді.
Қыздарда үн жоқ. Əсіресе балықшы ауылдың қыздары бетінен от
шығып, бірінің тасасына бірі тығыла берді. Тек Бəкизат қыңған жоқ.
Қайта өзінің осындайда ештеңеден тайсалмай, қайсарланып кететін
өжеттігіне мініп, екі бүйірін таянып алды.
– Сен қыз тұра тұр. Осыдан ауылға барғасын көресің. ІІІешеңе айтам.
– Айта бер. Мамамның өзі кінəлі. Сыраны жазбаған.
Бұлар жүкті машинаға тиесе де, табан астынан айнып, тағы да бір
күнге ерулеп қалды. Бұған қыздар да, жігіттер де қуанып, даланы
басына көтере дуылдап дүкенге барды; бөтелке-бөтелке сыра
құшақтап, қосқа келді; палатка құрған жоқ; тор қалтадағы сыраларды
мұздатып суға салып қойды да, сол күні таң атқанша ашық аспан
астында сайранды салған еді-ау! Əуелі əн айтты; сосын биледі; күн
қызуы қайтқан кешкі қоңыр салқында жарысты; жарыста бірінші
орынды қыздардан – Бəкизат, жігіттерден – сен алдың. Əзімнің
ұсынысы бойынша бірінші орын алған екеуді жарыстырып еді; қолаяғы жеп-жеңіл қағілез қыз салған жерден суырылып алға түсті.
Қыздар мен жігіттер қыран топан.
Бəкизат жеткізер емес. Соңында арпаң-тарпаңдап келе жатқан бұған
жалтаң-жалтаң қарап, қол созым алда бара жатқан-ды. Кенет көзіне
тер құйылды. Дүние бұлдырап кетті ме, əлде Бəкизат екеуінің арасы
əлгіден де гөрі алшақтап ұзай бастады ма, бұл кірпігін қағып қап қайта
қарағанда жаңа ғана оқ бойы алда табаны жерге тимей құлдырап бара
жатқан Бəкизат қалай болғаны белгісіз, қапелімде басқа бейнеге
ауысып, қол-аяғы шидиген əлде бір кіп-кішкентай сап-сары қыз көз
ұшында бара жатты. Зырқырап бара жатып, жалт етіп артына
бұрылғанда, мынаның шүйкедей сары қыз екенін, əлде түлкінің күшігі
екенін айыра алмай қалды. Əсіресе біздей тұмсығы мен бір шөкім беті,
шикіл сарылығы түлкінің күшігі сияқтанып кетті. Шықылықтаған
күлкісіне дейін қас пен көздің арасында адамға айналған түлкі
күшігінің күлкісінен аумады да, бұл төбеге ұрғандай кілт тұра
жаздады; қол-аяғы, бүкіл тұла бойы дірілдеп əкетіп бара жатқан
денесін дереу билеп алды да, жүгіріп кетті. Мынаны кім де болса қуып
жетіп, қолға ұстап көргісі келді. Қол-аяғы шидей пəлеге жете
алмағанына намыстанып ызалана бастады. Тертедей сереңдеген ұзын
аяқ арпаң-тарпаңдап аннан-саннан бір тиеді. Бірақ жете алмады; тіпті
жеткізер түрі жоқ. Жеткізбесін білген қыз артына жалтақ-жалтақ
қарап, сықылықтап күліп, қол созым алда зырлады да отырды.
Көзіне тер құйылып, алқына бастады. Əлі құрып бара жатқанын
біліп, қарақшыға дейін қалай да қуып жеткісі кеп өкпесін қолына ала
өңмендеп ұмтыла берген. Қыз да сол кезде тəсіл жасап ілгері созған
қолының саусағының ұшы тиер-тиместе бұғып қалды. Сен қолыңды
қапелімде жия алмай, екпініңмен ағып өтіп, қарсы алдыңда қауқиған
əлдебір бұта түбіндегі топырақты бұрқ еткізе бір аунап түскенсің-ді.
Көзің қарауытып кетті. Басың айнала ма, қалай? Өзіне өзі келіп те
үлгерген жоқ. Қыз күлкісі енді қасынан шықты. Түлкінің күшігіндей
бір пəле тағы да зырқырап қаша жөнелетіндей қорқып, сен апалаққұпалақ атып тұрғансың-ды; үсті-басыңнан сау-сау төгіліп жатқан
құмды да қақпастан күлкі шыққан жаққа қарап едің... Сүйтсе, Бəкизат
екі бүйірін таянып апты. Қасыңда сықылықтап күліп тұр екен.
– Ой, сен... екенсің ғой? Ал, мен... мен шатасып.
– Ша-та-сқаның қалай?
– Басқа біреумен шатастырып...
– Басқа біреу? Кіммен?
– Өзім де түсінбеймін. Көзіме...
– Көзіңе не болды? Топырақ түсті ме?
– Жо-жоқ... Қос көрінді ме, білмеймін. Түсініксіз... Бір елес...
– Елес-с?
– Құрсын, қайтесің... Ал, енді... Керемет жүйрік екенсің!
Қыздар мен жігіттер ана жақта əлі де қыран-топан. Əлі де улапшулап даланы бастарына көтеріп жатыр.
– Демалайық!
Сүйдеді де, Бəкизат өзінің қасынан саған да орын көрсетіп қарақшы
тіккен нар шоқалақтың күнгей бетіне отыра кетті. Ақ тер-көк тері
шығыпты. Екі беті алаулап қызарған. Екі иінінен ентіге дем алып
отырып, көз қиығын саған тастап қояды. Сосын сенің самайыңнан
саулап аққан терді ып-ыстық алақанымен сүртіп отырып:
– Жəдігер,– деді қыз.
– Аа?..
– Маған ренжіген жоқсың ба?
– Жо-қ...
– Иə, ренжіме. Мен қыздар институтында қысқа қашықтықтағы
жарыста екінші орын алғам...
– Талай жүйрікті көріп едім, ал, сен... айтатыны жоқ, керемет
екенсің.
Бəкизат сен білетін қыздардың ешқайсысына ұқсамаушы еді-ау!
Əттең, не пайда, жұрты құрғыр осы бір бала мінезді, ақ жарқын елгезек
қыздың таныса да, танымаса да жан біткенді жатсынбай, өз аяғынан
жайраңдап жетіп баратын жайдары мінезін түсінді ме? Біреуге
жеңілтек көрініп, ойы бұзықтар оңай олжалағысы келді. Соны өзі де
білді. Бір күні бұнан "Мен жеңілтекпін бе? Қалай ойлайсың, жігіттер
жеңілтек қызды жақсы көрмей ме?" деп сұраған-ды. Сен сонда қарсы
алдыңда аузыңнан шыққан сөзді аңдып көзі жаутаңдап тұрған қызды
əрі аяп, əрі жанын үзіле жақсы көріп едің-ау!
Сол күні бұл үйықтай алған жоқ. Ештеңе ойламайын деп көзін жұмса
да, бағанағы елес тіріліп, көз алдына қол-аяғы шидей мыршай сары
қыз тұра қалады. Осындай біреуді білетін сияқты. Бірақ қанша ойласа
да, есіне түсіре алмады. Есіне түсіре алмаған сайын мазасы кетті. Жер
бетінде ең жақсы көретін қыз, бұлайша иманын ұшырып, басқа
құбыжық бейнеге ауысқанына қайран. Бұл не? Бұнда не сыр бар?
Түн ортасы ауды. Ұйықтай алмай зықы кеткесін түрегеп, теңіз
жағалап жүріп кетті. Ай əлі тумаған. Айдай əлемді салбырап үстінен
басып тұрған қап-қара аспанда ине шанышатын орын қалмай
жыпырлаған жұлдыздар құдды жерге құлап түсіп, түп-түгел теңіз
түбінде жымыңдайтын сияқты. Сонау аспандағы жұлдыздар сияқты
теңіз түбіндегі мына жұлдыздар да сəт сайын бірі өліп, бірі тіріліп, ал
ағып түскен жұлдыздың орнына бұлардың да бір жас ұрпағы дереу
пайда боп, сəуле шашып, жер беті сияқты ту сонау айдай əлемде де
өмір жалғасып жатыр екен.
Түн құшағында түксиген теңіздің əрегірек бір жерінен əлдебір құс
қырқылдады. Сен оған назар аударғанша болмай, мына жақта су шолп
етті. Дəл сол арадан тағы бір балық секірді. Сірə, жар сүйген жастар
жалғыз жер беті емес, су астында да жүрегін қолына ұстаған əлдебіреу
өліп-тіріліп шоршып, секіріп жата ма? Кім білсін, солай болса солай
шығар. Тек, мынау да балықтардың ішіндегі бас терісі келіспеген біреу
болар-ау. Көрмейсің бе, бұл жазған да алдынан өтіп бара жатқан ақ
шабақты ұстамақ боп ұмтылғанда, оспадар қимыл жасап, су астынан
солаң етіп көтеріліп, шалп еткізе қайта құлап түсті. Осындай оңтайы
келіп тұрғанда бұның өзі де қолына түсіп тұрғаннан айырылып қала
беретін ебедейсіздігі есіне түсіп, езу тартып күлімсіреген еді-ау!
***
Оқу бітіретін жылы бір күні Бəкизатты іздеп ЖенПИ-дің
жатақханасына барсаң, төрт керуетті бір-біріне бүйірін тақап
тығылыстырып қойған бөлмеде қыздар толып отыр екен; күтпегесін
бе, Бəкизат қысылып қалды. Оның қысылғанын көріп, сен тіпті
ыңғайсызданып, бұрылып қайта шығып кетудің де есебін таба алмай,
есік алдында қипақтап-сипақтап тұрып қалғансың-ды. Көңілге
болмаса, Бəкизат көбіне-көп құрбы қыздар мына терте сирақ ұзын
қараны жігіті екен деп ойлап қала ма деп қысылатын сияқты. Əйтеуір
бұл есіктен басын сұқпай жатып:
– Жерлесім. Біздің ауылдың баласы,– деп таныстырып еді, бір кіпкішкентай тықылдақ қыз:
– Жігіт біткеннің бəрі сенің жерлесің болады,– деп, шағып алды.
Қалған қыздар көпе-көріне құптамаса да, іштерінен ырза болып, бірбіріне көзінің астымен қарап жымыңдасып жатыр. Бəкизат оны
байқады ма, жоқ па, белгісіз. Байқаса да құрбылар алдында сыр
алдырмай, өзін əдепті ұстап:
– Бір мектепте оқыдық,– деп еді, жаңағы қыз жарқ етті:
– Бəлкім, бір партада қатар отырған шығарсыңдар?
Сол арада не түлен түрткенін қайдам, аузын бағып жөніңе қарап
отырмай:
– Жоқ, қатар отырған жоқпыз. Əзім екеуміз мектепті Бəкизаттан екі
жыл бұрын бітірдік,– деп, аузын жапқанша болмай, əлгі жырқылдақ
қыз есікке жалт қарап:
– Кімді айтса сол келеді,– десін.
Шынында да, айқара ашылған есіктің аржағынан Əзім кіріп келе
жатты. Үй тола қыздарды көргенде көзі жайнап кетті. Сен есебін
тауып шығып кеткің кеп, есік жақта отырғансың. Əзімді көргенде атып
тұрып, қайта отырдың. Күлегеш қыз бұған да жырқ етті.
Əзім үй тола қыздарды шетінен бауырына бір-бір қысып, Бəкизатқа
ең соңынан мысық табандап жақындап келе берген-ді. Осы сəтті аңдып
отырған əлгі жырқылдақ қыз:
– Қыздар, көздеріңді жұмыңдар!– деп еді, қыздардың да тілегені осы
сияқты, жырқ-жырқ күліп, бəрі бір кісідей алақанымен бетін баса-баса
қалды. Сен өзіңнің қыз емес екенің есіңе түсіп, "мен қайтем?" дегендей
жаңағы жырқылдақ қызға қараған едің; ол саған да "көзіңді жұм"
дегендей дереу ымдай қойды. Өзің қаламасаң да, үй ішін ұршықтай
үйіріп отырған пысық қыз бұйырғасын лажсыз көзіңді жұмып едің,
қылжақ қыз құлағыңа сыбырлап:
– Енді аша бер!– деді. Бұл жолы ол күлмесе де, бірақ сен көзіңді
ашқанда қалған қыздар қыран-топан күліп жатыр екен. Қайсы бірі
ішегі түйіліп, жастыққа бетін басып құлай-құлай кетіпті. Бəкизатты
құшағынан босатқан Əзім енді саған бұрылып, анадағы құрылысшы
ағасы сияқтанып аяғын сыздап басып жақындап қалған екен.
Амандасқалы орныңнан тұра бергеніңде, ол сенің иығыңнан басып
орныңа қайта отырғызды.
– Ау, бала,– деп, өзіне қарағанда сенің шынында да əлі бала екеніңді
білдіргісі келді ме, қайдам, арқаңнан қақты да, – ay, сені таба алмай
қалдық қой. Сүйтсе, сені іздесе, тек осында келу керек екен ғой,– деді
күліп.
– Қой, жоқты соқпа. Мен сабаққа да бармай, бір жеті үйде ауырып
жаттым ғой.
Ағыңнан жарылып шыныңды айтқансың-ды. Басқа кісі болса,
қысылар ма еді, ыңғайсызданып кешірім сұрар ма еді, ал Əзім
құлағына да қыстырмады. Қайта, саған бұл арада да ұпай салғысы кеп,
аузынан бір сөз шықса жырқ-жырқ күліп жолы бола қалатын жəркелеш
қыздарға қарап:
– Бұл осылай. Ал, бұған не дейсің,– деп еді, жəркелеш қыздар бұған
тіпті мəз.
Сен əлі де болса шығып кетудің есебін таппай, терлеп-тепшіп
отырғансың-ды. Жырқылдақ қыз қалайы шəйнекті бұрқылдатып шəй
əкелді. Қастан шықпағыр Əзім:
– Іш, бала! Іш!– деп, ыстық шайды саған тыққыштап болды. Сен
кесеге аузыңды апара бергеніңде, Əзім:
– Шай ішпесе, басы ауырады. Ағаңның бала кезден сондай əдеті
бар,– деп, қыздарды тағы күлдірді.
Құрсын, қара терге түсті. Қалтасынан орамал іздеп таба алмады.
Соны байқап қалған Əзім:
– Жақсы болды, ағаң терледі, енді басының ауырғаны жазылады,–
деді де, онсыз да күлкіге булығып өліп отырған қыздардың көзінше
жанынан əтір иісі аңқыған жібек орамал шығарып, бұның тершіген
алақанына ұстата қойғаны. Іш жарғыш келгірлер ду күлді.
Сен сыртқа ата жөнелдің. Осыдан кейін жыл бойы Əзім мен
Бəкизатты көрген жоқсың. Тіпті, көргің келмеді. Жарайды, Əзім Əзім
болсын. Бəкизаттың жəркелеш қыздарға қосылып күлгеніне жол
болсын. Бəкизатқа ренжігенде есіне анада Орынбор жағалауындағы
жарыс түсті. Құрық бойы алға түсіп алып сықылықтап күліп бара
жатқан осы қыздың қас-қағымда əлдебір қол-аяғы шидей, мұрны
біздей мыршай сары пəлекетке ауысқаны қайдан тегін болсын? Бұнда,
қандай да бір сыр бар.
Сол күні түнімен ұйықтай алмаған-ды. Тек таң алдында көзі ілініп
кеткен екен, біреу бұған: "жүр, ойнайық!" дегені. Бұл жалт қарады.
Жаңа ғана есіне түсіре алмаған түлкінің күшігіндей біз тұмсық, секпіл
бет мыршай пəлені көргенде шошып оянып еді... Бəрі, бəрі есіне түсті.
Ол өзі баяғыда... Баяғы болғанда... ұмытпаса, бұның мектепке я барған,
я барайын деп жүрген бала кезі-тұғын. Сонда да жаңа түсіне кірген
түлкінің күшігіндей, кіп-кішкентай қыз бұны қолынан тартып... Жожоқ, ол кейін болды. Оның алдында анасы бұған күлше пісіріп берді.
Қоламтадан жаңа шыққан ыстық күлше қолына тиген бойда бұл
сыртқа жүгіріп шыққан еді ғой. Иə, сыртқа жүгіріп шықты. Сосын, аш ит
қыңсылап аяғына орала берді. Бұл нан ұстаған қолын артына
жасырып, бос қолымен итті жасқай бергені сол еді... шидей нəп-нəзік
саусақ бұның нан ұстаған қолынан тартты. Бұл ит екен деп қалған-ды.
"Кет! деп жекігелі жалт қараса, күнде-күнде өзімен бірге ойнайтын
кішкентай сары қыз: "жүр, ойнайық!" деп тұр екен. Бұл қуанып,
күлшені қызға ұстата салды. Қыз "қуып жет"" деді де, жүгіре жөнелді.
Тарпаяқ қара бала тұра қуды. Қашанғылары осы. Есіл-дерті ойнағысы
кеп екі көзі жайнаңдап тұратын секпіл бет, селеу шаш, мыршай сары
кіп-кішкентай қыздың іш пыстырып зеріктірмейтін бірдеңесі бар.
Жанына жуып кетсе, бұны не түртіп қашады. Не бірдеңесін алып
қашқысы кеп қол-аяғы тақат таппай жыбыршып тұратын. Өзінің кіпкішкентай қағылез денесі де құстай ұшуға жаралғандай еді. Зырқырап
бара жатып, жалтақ-жалтақ қарап шықылықтап күледі. Шүйкедей
қызға жете алмағанына бұл ызаланады. Қол созым алда аяғы-аяғына
жұқпай құлдырап бара жатқан кішкентай қыз ешқайда бұрылмай,
күнде-күнде өздері ойнайтын ауыл сыртындағы ақ құмға жеткенше
жүгіреді.
Қыз құмға бұрын жетеді. Ақ шоқалақтың аржағына қалай асып түсті,
солай құлайды. Шалғайласа жеткен тарпаяқ қара бала топырақты бұрқ
еткізе кішкентай қызға қатарласа жығылып еді; аптығын басарбаспастан нанға ауыз салды. Кішкентай қыз өз үлесін жалмаңдап бұдан
бұрынырақ жеп болды да, əлденеге ауыл жаққа мойын созып қарады.
Сосын бұған қарай ысырылды. Бүйірін-бүйіріне тақап қатарласып
жатты да, əлденеге тып-тыныш бола қалды. Ернін жымқырып тістеп
алған. Демін ішіне жұтып тымырайып жатты да, бұны шынтағынан
түртті. Ала көз қара басын көтеріп алды. Ойынға зауқы болмаса да,
тағы да бір жаққа жүгіреміз екен деп аузындағы нанды апалақ-құпалақ
асығыс жұтты да, жас ыршып кеткен көзі жаутаңдап кішкентай қызға
қарап еді, қыз "қазір... қазір" деді де, балағы салпылдаған күлдəрі
дамбалды жалма-жан аяғының басына қарай ысыра бастады. Жетесіне
бірдеңе жаңа жеткен қара бала қорқып кетті. Көзін жұмып, қайта ашып
алғанда кішкентай қыз дамбалды шешіп, ақ шоқалаққа арқасын бере
шалқалай құлапты да, енді бұны тосып жаутаңдап қарап жатыр екен.
Баланың есі шықты. Алақанымен бетін баса қалғанын біледі. Соның
аржағы... Аржағында не боп, не қойғанын бала білген жоқ-ты; тек
соның ертеңіне кешегі сұмдықты есіне алып еді: үйге қалай жеткенін
есіне түсіре алмады. Тек сырттан кіріп кеп, ес-түс жоқ төсекке
құлағанын біледі. Сол үстіне анасы кірді. Оны біледі. Анасы көрпе
астында дір-дір етіп жатқан бұны құшақтап "кім тиді?" деп еді; бұл
"жоқ, сұрама. Сұрама",– деді де, сосын "кетпе, кетпе! қорқам" деп
анасынан айырылмай, жабысып алды. Үлкен кісілердің əлгі бір "ақ пен
қызыл арасында шайтан жүреді" дегені есінде қалған бала көзін ашуға
қорықты.
Көзін ашса, шам жақпай, бұрыш-бұрышқа қараңғы орнап, түксиіп
тұрған үлкен үйдің бір жерінде екі шекесінде екі тұлымшақ селтиген
сап-сары пəле тығылып тұрғандай. Анасы қалай кетсе, о да солай
қасына жетіп кеп "жүр, ойнайық!" деп сиқырымен арбап ауыл
сыртындағы ақ шоқалаққа ылықтырып алып кететіндей. Анасына
"Кетпе! Кетпе!" деп жабысып алған бала, бір кезде көзі ілініп кеткен
екен. Сол бойда түсіне көрші үйдегі күнде-күнде өзімен бірге
ойнайтын кішкентай мыршай сары қыз кіріпті. Бұл түсінде де дəл
өңіндегідей осы пəледен тезірек құтылғысы кеп əзерде-безер. Онан
құтылудың басқа амалын таппағасын қолындағы күлшесін беріпті.
Жаңа ғана қасында ауызы-басы бұлтылдап нан жеп тұрған кішкентай
қыз бала, о, Жасаған... бұның назары сəл басқа жаққа ауып еді; о да
қапелімде басқа бейнеге ауысып, ор ауыз сары лаққа айналыпты.
Жеп тұрғаны да бұл берген нан емес, бір бау көк құрақтың
қауылдырығын жалмаңдап сытыр-сытыр сыдырып жеп бола сала,
тағы да бұған көзін сатып телміре қапты. Бұл түкке түсінбей
таңданады. Лақ та соны байқады. Аржағында күдік қалдырғысы
келмегендей нағыз лақтың даусына салып "мəə-ə-ə" деді. Бұл бəрібір
сенер-сенбесін білмей, кірпігін қағып қап қайта қарап еді, көк құрақты
кіп-кішкентай аузы шүпілдеп сытыр-сытыр жеп тұрған жаңағы ор
ауыз сары лақ... жоқ, лақ дегені лақ емес, екі шекесіне екі мүйіздің көк
тұқылы қылтиған сары шайтан... шайтанның нағыз өзі... Бала шыр етіп
шошып оянған-ды.
***
Бəкизатты көрмегелі күз өтті. Онан қыс түсті. Міне, күлімдеп көктем
де шықты. Сонда Əзім екеуіне көңілі мықтап қалғаны сонша, кейінгі
кезде олардың осы дүниеде бар-жоғын да ұмытқандай есіне алудан да
қалып бара жатқан-ды. Тек сол күні... Айтса да, сол күн өзі қалай болып
еді? Неден басталып еді? Ұмытпаса... Иə, ұмытпаса сол күні
мемлекеттік емтиханға əзірлік басталған еді-ау? Бұл кітаптан түс
ауғанша бас көтерген жоқ; тек түс ауа бергенде басы сынып бара
жатқасын дем алғысы кеп сыртқа шығып еді. Көктемнің пышақ
жүзіндей өткір сəулесі көзін қарып алды. Бұл жасқанып, бетін бұра
бергенде көзі жатақхана алдында бір өзі жеке тұрған жалғыз терекке
түскен еді. Бəкизат пен екеуінің шырғалаңмен басталған шымшытырық тірлігінің түп басында осы теректің тұрғаны ақиқат! Тағдыр
ма, əлде Тəңірінің маңдайға жазғаны ма, əйтеуір үш қабат үйден бойын
асырып тұрған зəулім теректі көргенде, бұл жанарын ала алмай
арбалып қалған еді-ау!.. Апырай, деп ойлаған еді, осы терек күні кеше
басқаша еді. Күні кеше ылғал тартып ісінгені болмаса, тұла бойын
бершімек безге толтырып алған, құшақ жетпейтін қыжым-қыжым
күпшек, құдды, кəрі сиырдың қыртыс-қыртыс мойны сияқты еді-ау! Ал,
енді қараш, Ай мен күн астын қуантып, дүркіреп кірген көктемнің
құдіреті мына кəрінің қасаң жанын қалай жібіткен! Кешегі бездер бүгін
бүр жарған. Кеше сонау құс ұшар биікте жел астында қалтыраған сыпсидам жалаңаш бұтақтардың бүгін балапан жапырақтарын
жыпырлатып бауырына толтырып ала қойғанын қарашы!
Судыраған жапырақ арасында пыр-пырлаған торғайларды əлі
көрген жоқсың. Бірақ осы пақырлардың тірлігіне көктем əкелген
мазасыз əбігерді жаның сезіп түр. Бұлар да ертең бауырынан өрер
болашақ ұрпақтың қамымен қапылып жүріп, біріне-бірі жаңа қауышып
жатыр ма? Мына кəрі сиырдың мойнындай қыжым-қыжым қара
теректің қай бұтағына ұя салу керек екенін ақылдасып, шықылықтап
соз таластырып жатпаса не қылсын? Тұла бойыңды анық сезе
қоймаған əлдебір қуаныш баурап, күлімсіреп тұрсың. Жылда-жылда
қыстан аман шыққан сайын адамдар сияқты бұлардың да тірлік
қамына кірісетінін қайтерсің! Бұл не ғажап! Бір тұқым болып алып
жылдың төрт мезгілін адамнан бетер білетінін қайтерсің! Тіпті ай мен
жылдың қалай болатынын алдын ала болжауға келгенде, бұлар бізден
əлдеқайда сергек те сезімтал-ау. Көрмейсің бе, күнде-күнде сабақ,
сессия деп жанын жалдап жүріп көктемнің келгенін де білмей қапты.
Біз ғой, қит етсе адамбыз, жер тəңіріміз деп кеудеге ұрамыз. Сонда
дүние қадірін осы пақырлар құрлы білдік пе? Ертеңді ойладық па?
Қолына ойыншық түскен сотқар баладай, біз осы дүниенің басы-көзіне
қарамай, тек қиратып, тек сындырып, тек бүлдіргеннен басқа не
бітірдік? Ал мына пақырлар... Айналайындар-ай, өздері өмірге қандай
құштар! Құп-құртақандай болып алып осы пақырлардың жылдажылда дүние қапылып бара жатса да, өздерінің болымсыз тірлігіндегі
дағдылы əбігерінен жаңылмайтынын қайтерсің!..
Кəрі дүниенің жылда-жылда жастық шағына бір рет қайта қауышып,
қайта құлпырып түлеп шыға келген қуанышы, сол күні қолды-аяққа
тұрғызбады. Көкірек алып ұшып барады. Əлденені аңсады ма,
армандады ма, алып ұшқан көңіл əйтеуір бұны сол күні алды-артына
қаратпай, құстай ұшып трамвайға барған еді-ау! Баруын барса да, бірақ
əлгі алып ұшқан құс қанат көңіл аялдамада да аялдауға шамасын
келтірмей, жүгіріп ала жөнелген еді ғой! Неге асықты? Қайда асықты?
Кімге асықты? Білген жоқ. Тек үш қабат сары үйді көргенде алып
ұшқан жүрек аттай тулап ала жөнелген еді-ау! Бірақ, алдында əлде
бақыт, əлде сор күтіп тұрғанын білген жоқ-ты. Көшеде кездескен
кісілерді таныса да, танымаса да бас жоқ-аяқ жоқ ыржалақтап күле
беріпті. Тіпті "қайда барасың?" деген вахтер кемпірге дейін көзіне
жылы ұшырап, бұған да ыржың етіп күліпті де үш қабат үйдің үшінші
қабатына ұмтылыпты.
Құдай бұған басқаны бермесе де, сирақты берген. Тертедей ұзын аяқ
көстеңдеп екі басқышты бір аттап, жоғарыға ұмтылып келе жатты да,
кенет... төбеге ұрғандай қалшиып тұра қалды. Құрбы қыздар мен
жоғарыдан төмен түсіп келе жатқан Бəкизатқа көзі түскен-ді. Сені
Бəкизат та көрген сияқты. Саған көзі түсер-түспесте кірпігін қағып
қалды. Тық-тық басып келе жатқан қара туфли күрмеу түскендей
кібіртіктеп бөгеле түсті де, қайта жүріп кетті. Қасындағы бір қызды
иығынан тартып, құлағына сыбырлап еді, сен анадағы тілі ащы
тықылдақ қызды бірден таныдың; оған не деп сыбырлады екен? Е, не
деуші еді; бұның сонда тершіген алақанына қыстыра салған Əзімнің
орамалын айтатын шығар?
– Айтпай-ақ қой. Түсінем ғой,– деді де, Бəкизат қапталыңа симай
тұрған қолыңды сыртынан ұстап ақырын қысты.– Сабаққа
дайындалып жатқан шығарсыңдар?
– Иə, солай... Ал, өздерің?..
– Бізде де сол. Жаңағы қыздармен читалкаға бара жатыр едік.
– Онда... Сен бара бер. Мен тек... былай... соғып кетейін деп...
– Келгенің жақсы болды. Енді кідіргенде өзім іздеп барғалы жүр
едім.
Сенер-сенбесіңді білмей, қызға күдіктене қарап едің. Шыны сияқты.
Бəкизат бұрын істемеген əдетін жасап, осы жолы бас-аяғыңа мұқият
қарады да, əлденеге ду қызарды.
– Сен де келмей кеттің...
– Иə, рас... Ке-шір.
– Оқасы жоқ. Ал енді... маған сондай қиын болып жүр, қиналып
жүрмін...
Бəкизат ерні дірілдеп, жас құйылып кеткен жанарын қайтерін
білмей, кірпігін сабалады да қалды.
– Бəкизат...
– Қайтесің. Көңіл бөлме.
Бұл, əрине, тегін емес. Бұның аржағында қыз жанын қан қақсатып
ауыртып тұрған қандай да бір себеп бар. "Үй іші аман ба екен? Бірақ
онда жасырмас еді, айтар еді ғой. Əлде... Əзім екеуінің арасы?.. Анада
Арал балаларының айтып жүргендері. Апыр-ай, сол рас болмаса не
қылсын?"
Бəкизат сырт айнала бере көзін сүртті. Кідіріп барып қайта
бұрылғанда, құп-қу бетке күлкі оралды:
– Осы күндері біртүрлімін. Жүйкем құрып жүр...
Шынында да, қан-сөлсіз беттегі кірпіктер сабаудай боп ұзарып
жүдеп кетіпті.
– Жəдігер, кішкене... былай... былай бұрылшы!
Қыз ойының ар жағын білмесең де, айтқанын екі етпей сырт
айналып бұрыла бергенсің-ді. Сүйтсе, бұл жаңа қыздарға жол бермек
боп қабырғаға жабысып тұра қалғанда арқасын ақ борға үйкеп алған
екен. Бəкизат арқасын қағып жатқанда, бұл басы айналатын
сияқтанды. Осының бəрі əлде түс, əлде өңі екенін біліп тұрған жоқ. Егер
өңі болса, басынан кешіп жатқан мына халге нанар, нанбасын білмей
тұрғанда, Бəкизат "нан, нан" дегендей, бұған:
– Үсті-басыңа қарап жүрсейші,– деді.
Жасаған-ау, осы қыздың бұрын Əзімге қосылып жуас жігітті жүндеп
алғысы кеп тұратыны қайда? Сен түкке түсінген жоқсың. Түс көрген
адамдай, аң-таңсың. Мынау өңі емес, түсі боп жүрмесін. Егер, түсі болса,
онда басы да түсінде айналып тұрмаса не қылсын? Ендеше өңі қуарған
жүдеу қызды да түсінде көріп түр. Сондықтан, кенеттен килігіп жатқан
мына ағыл-тегіл қуаныш пен күдіктің үміт пен үрейдің қайсысына ден
қоярын білмей, қызға "сен айтып жіберші" дегендей жаутаң-жаутаң
қарайтын болар? Бірақ Бəкизат үнсіз. Өңі сынық. Жаңа ғана өңіріндегі
түймелерді тартқылап түр еді; енді қараса түймелерді тастай сала,
аяғындағы қылмиған қазық өкше туфлидің тұмсығымен табанның
астына түрткілеп кетіпті.
– Үйің... Үйіңнен хат аласың ба?
Бəкизат басын изеді. Кезін көтермей, кірпігін сабалап томен қарап
түрып қалды. Мына түрі қазір көңілін аулап жұбатпаса, еңіреп жылап
жіберетіндей. Бірақ сен не айтарыңды білген жоқсың. Қайсы бірде
темір керуетте түнімен кез ілмей, дөңбекшіп шығатын кездер
болатын. Сонда осы қызға кездессем айтар едім деп армандайтын
ағыл-тегіл əңгіменің дəл енді қолма-қол керек болған кезде бірі басына
келмегеніне таң қалып тұр. Қызды жұбататын жібі түзу бір сөз аузына
түспей сасқанда, əлгінде терек басына ұя салып əбігерге түсіп жатқан
жаңағы кіп-кішкентай құстардың өмірге құштарлығы есіне түсті. Соны
айтқысы кеп оқтала бергенде, Бəкизат:
– Арал балаларынан есіттім. Былтыр күзде шешең келіпті ғой,– деді.
– Иə... Иə, келді,– дедің əңгіменің басталғанына қуанып,– көп болған
жоқ. Қаланы бір күн аралатып едім, екінші күні беттемей қойды.
"Кентті жұрт қызық-ау. Шіркіндер, ерінбей-жалықпай тасты үйе
берген екен?" – деді.
Бəкизат ішек-сілесі қатқанша күлді; əрі-берідесін əлі құрыды ма,
əлде əдейі істеді ме, сілесі құрып бара жатқасын бұның иығына қолын
салып асылып тұрып күлгені. Бұл жолы да сен түкке түсінбей,
бағанағы түстің жалғасын көргендей аң-таңсың.
Бəкизат күлкісін əзер тыйды.
– Елге қайтарда апамның не дегенін білесің бе?
– Иə, не деді?
– Балам-ау, мына қаланың кісілері жұмыс істемей ме? Таң атса бəрі
көшеге шығып шапқылайды да жүреді ғой деді.
Соны айта сала қыздан бұрын бұл өзі күлді; былтырдан бері
шешесінің сөзін кімге айтса да, басқадан бұрын өзі күлетін боп жүргенді. Бəкизат қайтадан ештеңеге зауқы шаппай, көңілсізденіп кірбиіп тұр
екен. Қолындағы кітап салған сумканы жоғары көтеріп бауырына қыса
түсті де, кідірмей қайта жерге түсірді. Сен ұмтылып қыз қолындағы
сумкаға жармастың.
– Биыл оқу бітіресің ғой?– деді Бəкизат.
– Иə, құдай қаласа...
– Құдай қаласа... енді үйленетін шығарсың?
– Ой, ол... Ол əзір болмайтын...
– Неге? Анаңа қолғанат керек емес пе? – деді де, Бəкизат бұған күлкі
тепсініп келе жатқан көзін қулана тастады. – Солай емес пе?
– Солайы солай ғой... бірақ оған...
Аржағын айта алмай, сол арада қыз алдында қызарақтап қала
берген едің-ау. "Не қылса да,– деп ойлағансың-ды,– əркімнің
басынатын бір кісісі болатыны ғой. Əзімнің алдында осы қыздың өзі
қысылып, туфлидің тұмсығымен аяғының астын түрткілеп тұрғанын
талай көріп еді..."
– Үндеме, сені өзім үйлендірем,– деді Бəкизат. Енді тіпті еркінсіп,
арқаңа қағып-қағып қойды.
Бұған орай не деу керек екенін білген жоқсың да, əлгінде арқаңды
үйкеп алған аппақ ақ борды алақаныңмен ысқылап кеттің.
– Естимісің, Құдай қаласа, сені өзім үйлендірем.
– Кім?.. Кімге?
Өз даусы өзіне əзер жеткен сияқты еді, сүйтсе, Бəкизат естіпті:
– Қыз көп емес пе?
– Көбі көп қой, бір... бірақ... сол қызы құрғырлар...
– Іркілме, айт. Айта бер!
– Айтсам... Солар қайда?
– Қасыңда тұрған жоқ па,– деп Бəкизат та осы арада əзілге
жеңдірмек боп күлді де, бірақ ыңғайсызданды ма, іштей толқып іркіліп
барып,– ұнатсаң...– деп күлкісін кілт тыйып, көзінің астымен саған
қарады.
ді.
Сен болсаң, қыз аузынан құдды үкім есітетіндей есің шығып кеткен– Ұнатсаң... Иə, ұнатсаң маған-ақ үйлен.
Құрсын, құлақ қатты шыңылдап кетті. Таудай тулаған жүрек
кеудеде емес, құлақтың дəл түбінде дүрсіл сап жатқандай.
– Əй, Жəдігер... Есітіп тұрсың ба?
Иə, есітіп тұр. Басыңды изедің. Оны өзің біліп тұрсың. Əлдене
аяғыңның басына дүрс етіп құлап түсті. Башайың шым етіп ауырып
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 12
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654