Latin Common Turkic

Анна Каренина - 01

Total number of words is 4065
Total number of unique words is 1993
36.9 of words are in the 2000 most common words
50.4 of words are in the 5000 most common words
56.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Бірінші — төртінші бөлім
Маған қысас қылсаң,
зауалыңды берермін.
БІРІНШІ БӨЛІМ
I
Бақытты семья біткен бір-біріне ұқсас та, əрбір бақытсыз семья өзінше
бақытсыз.
Яблонскийлер үйінің ырың-жырыңы шықты. Үйлеріндегі бұрынғы
тəрбиеші-француз əйелмен күйеуінің өсегі барын білген соң, əйелі
күйеуімен бір үйде отасып тұра алмаймын дегенді айтты. Осы жай үшінші
күнге созылғандықтан, ерлі-зайыпты екеуінің де, семья мүшелері мен
қызметкерлерінің де зықысы қалған жоқ. Семья мүшелері мен
қызметшілері бірге тұрар жайлары қалмағанын аңғарысып,
Облонскийлердің семья мүшелері мен қызметкерлерінен гөрі, кез келген
керуен сарайда тоғысқан тосын адамдар арасы əлдеқайда жуық екенін
түгел сезісті. Əйелі өз бөлмесінен шықпай қойды да, күйеуі үш күн бойы
үй қарасын көрмеді. Балалары болса, лағып қалғандай күллі үйді кезе
жүгірді де жүрді; ағылшын əйел экономка əйелмен ұрсып қалып, жаңа
орын қарастыр деп білісіне хат жазыпты; аспазшы болса, қорадан, тіпті,
кеше түскі тамақ кезінде кетіп қалған болатын; қара жұмыстағы кухарка
мен көшір екеуі де есеп айрысуды сұрады.
Жанжалдан соң, үшінші күні Степан Аркадьич Облонский князь—
Стива, қауымда өзін солай атайтын,—дағдылы сағаты, яғни ертеңгі сағат 8
де, əйелінің бөлмесінде оянбай, өз кабинетіндегі сақтиян диванда оянды.
Əлі де болса ұйықтай түсейін дегендей, бордақы, толық денесін
серіппесінде жөңкерілте аунатып, екінші жағындағы жастықты қапсыра
құшып, бетін көме жатты; содан, қапелімде ұшып түрегеліп, диванға отыра
бере, көзін ашып алды.
«Айтты-айтпады, қалай боп еді өзі?—деді, түсін есіне түсіріп. — Қалай
еді, ə? Я! Алабин Дармштадта қонақасы берген еді ғой; жоқ, Дармштадт
емес, америкалық бірдеңе болатын. Солай, бірақ сол Дармштадтың өзі
Америкада болды ғой. Я, Алабин қонақасын шыны столдарға жасаған, я,—
столдарының өзі де: Il mio tesoro 1 деп, жоқ, Il mio tesoro емес, одан гөрі
тəуірірек бірдеңе жырлап тұрған, əрі қайдағы бір кішкентай графиндер тұр
еді, солардың өзі əйелдер еді-ау!», — деді есіне түсіріп.
Степан Аркадьичтің көзі шаттана жайнап, күлімсірей ойланды. «Айттыайтпады, жақсы, өте жақсы шықты. Онда айтулы нəрселер толып жатыр
əлі, тіпті, өңіңде ойын шалып, сөзіңмен жеткізе алмайсың». Содан, шұға
перделердің біреуінің бүйірінен сыздықтап түскен сəулені аңғарып, аяғын
диваннан жалма-жан түсіріп жіберді де, əйелі тіктіріп берген (туған күніне
былтыр тартқан сынлығы) сап-сары сақтиян ойдырған туфлиін тауып алып,
тоғыз жылдан бергі, ескі əдеті бойынша, орнында отырған күйі, жататын
бөлмесінде шапаны ілулі тұратын жерге қол созды. Содан, əйелінің
бөлмесінде жатпай, кабинетінде жатқан жайы есіне қалт осы ара да кеп
түсті; жүзіндегі жымын, күлкісі лып басылып, қабағы қатпарланып қоя
берді.
«Əй,əй, əй! Əə!..» — деді, өткен жайды есіне түсіре ыңыранып.
Əйелімен арадағы жанжалдың егжей-тегжейі тағы да түгел елестеп,
жалтарар жайы қалмай, соның бəрі өзінен болып отырғаны батып та кетті,
тіпті.
«Я! Ол енді кешірмейді де, кешірер жайы да жоқ. Ең сұмдығы, соның
бəріне, айыбым жоқ болса да, мен айыпты боп отырмын — мен. Барлық
драма сонда боп тұр,— деді ойланып.— Əй, əй, əй!» — деді, сол
жанжалдың ішінен өзіне бір қатты тиген жайын есіне қапалана түсіріп.
Бəрінен жайсыз тигені, əйелдіке алған дөкей алмұртты қолына ұстай,
театрдан емен-жарқын, көңлі көншіп қайтқанда, қонақ үйде əйелі жоқ
болған алғашқы минут еді; əйелінің кабинетте болмағанына таңырқай
жүріп, ақыры, жай-мəністі түгел ашып салған сол хаты құрғырды ұстап,
жататын бөлмесінде отырған үстінен шыққан болатын.
Күйеуінің ойынша ылғый бір қамкөңіл, дүниеқор, тайыз көрінетін
Долли қолына хат ұстап, қыбыр етпей отырған күйі, Степан Аркадьичке
жаны түршіге, қапаланып, долдана қараған.
Мынау не? Мынау? — деген ол, хатты көрсетіп.
Соны ойлаған сайын, Степан Аркадьич, сасып қалып, сол уақыйғаның
өзінен гөрі, əйелінің əлгі сөздеріне жауап беру жағынан қатты қысылатын.
Осы сəтте оның жайы да, ойда жоқта бір өте ұятты қылығы білініп
қалған адамдар жайындай болып еді. Əйелі алдында айыбы ашылған соң
көрсететін бет əлпетіне де келе алмай қалған еді. Қорланып, жалтару,
басын арашалап, кешірім сұрау, тіпті бүлк етпеу орнына — істеген
қылықтарынан онысы жақсы да болар еді!—қараптан-қарап тұрып беті
(Степан Аркадьич «мый рефлекісі ғой» деп ойлады, физиологияны жақсы
көретін өзі) үйреншікті, мейрімді күлкісіне салып, жымың ете қалғанда,
онысы бір сөлекет жымын, боп шыққан.
Осы ақымақ күлкісіне өзі де опық жеген болатын. Сол күлкіні көргенде,
Долли, жанына батып кеткендей, дір ете қалып, долылығы ұстап кеткен
соң, ащы сөзді ағытып-ағытып жіберіп, бөлмеден шыға жөнелген. Содан
бері күйеуін көргісі келмей қойған.
«Бəрі сол сөлекет жымыңның қырсығы» — деп ойлады Степан
Аркадьич.
«Бірақ не істерсің? Не лаж етерсің?» — деп ішінен күйзелгенмен, жауап
таба алған жоқ.
ІІ
Степан Аркадьич өзіне өзі адал адам болатын. Айыбына өкінемін деп
өзін өзі алдай да алған жоқ, сендіре де алған жоқ. Қазір өзі отыз төрт жасқа
келген, көрікті жеңісқой адам болған соң, бесеуі тірі, екеуі өлі — жеті
баланың анасы боп отырған, өзінен бір-ақ жасы кіші əйелін сүймегеніне де
өкіне қойған жоқ. Айбын тек мықтап жасыра алмағанына ғана өкінді.
Жайы ауырлап кеткенін сезіп, əйелін, балаларын да аяй берді. Осы хабар
əйеліне сонша əсер ететінін білсе, əйелінен өз кінасын мықтап жасыруы да
кəдік еді. Бұл мəселені өзі ешуақытта да анықтап ойлаған жоқ-ты, бірақ
мұның опасыздық істеп жүргенін əйелі көптен аңғарғанмен де, тек
білмегенсіп жүре берді-ау деп еміс-еміс шамалаушы еді. Ілмие қартайып,
көріксіз тартып, қызығар түгі қалмай, құр семья қамқоры болып отырған,
сол қарапайым ана, əділдікке келсе, тіпті кешірімді болуы керек сықылды
көрінетін еді өзіне, Бірақ мүлде басқа боп шықты.
«Ой, сұмдық-ай! Ойпыр-ай, сұмдық-ай! — деп Степан Аркадьич ішінен
айтқанымен, ештеңе таба алған жоқ.— Осы əлекке дейін жайымыз қандай
жақсы, қандай əсем тұрып едік десеңші! Ол болса, көңлі хош, балаларымен
мəз болып жатушы еді де, мен болсам, балаларымен айналысып,
шаруашылықты қалай басқарам десе де, алдынан кесекөлденең тұрмаушы
едім. Рас, соның біздің үйде тəрбиеші болғаны да жақсы болған жоқ.
Жақсы болмады! Үйіңдегі тəрбиешіңді айналдыруда бір масқара, пасықтық
та жатыр. Бірақ, қандай тəрбиеші десеңші! (Степан Аркадьичтің есіне m-llе
Rolandtың мүлайым қара көзі мен жымың күлкісі қалт түсе кетті.) Бірақ өзі
үйімізде жүргенде ештеңе дей қоймаушы едім мен де. Ең сұмдық жері,
соның өзі... Қас қылғандай, бəрінің қабаттасқанын айтсаңшы! Əй, əй, əй!
He істерсің, не лаж етерсің?»
Шиеленіскен күллі сұрау біткенге өмірдің өзі беретін жалпы жауаптан
өзге жауап болған жоқ. Ол жауабы: күнделікті тіршілікпен айналысып,
алдана беру еді. Ұйқыны алданыш етуге де болмай қалды, графин əйелдер
салған əнге, кемінде кеш батқанша, оралар жай жоқ; демек, өмір ұйқысын
алданыш ете тұру керек.
«Арғысын көре жатармыз»,— деп Степан Аркадьич өзін өзі жұбата
түрегелді де, көк жібек астарлы сұр шапанын киіп, шашағын шалған күйі,
кебежедей кең кеудесіне ауаны толтыра тартып, толық денесін сонша жеңіл
алып жүретін қыйсық аяғын шыйрақ баса терезеге кеп пердені жоғары
сырған соң, безілдете қоңырау соқты. Қонырау берілісімен-ақ, көйлеккөншек, етігі мен телеграмманы ала, ескі досы, камердинер Матвей келіп
кірді. Матвей соңынан, қырынатын жабдықтарын алып, шаштараз да кірді.
— Мекемеден қағаз бар ма? — деді Степан Аркадьич, телеграмманы
ала, айна алдына отырып жатып.
— Столда тұр, — деп Матвей, баринға қуыстана, жаны ашый қарады да,
сəл кідіріп тұрып, мекер күлкісіне сала: — Қожайыннан арбакештер
келіпті, — дегенді қосып қойды.
Степан Аркадьич жауап бермей, Матвейге құр айна бетінен ғана
қарады; екеуінің айнада кездескен көз қарастары, бірін бірі түсіне
кеткендерін аңғартып тұр. Степан Аркадьичтің көз қарасы: «Оны несіне
айтып тұрсын? Білмеуші ме едің?» — деп тұрған сықылды.Матвей
салмағын бір аяғына аудара қыйсайып, қолын жекетінің қалтасына сала,
сəл жымыя тұрып, баринына мейірбамси, үнсіз қарады.
— Арғы жексембіде келіңдер деп жібердім, оған дейін сізді де, өздерін
де əурелемесін дедім, — деді Матвей, жұптап алған сөзін айтып тұрғандай.
Матвейдің қалжыңдап, өзіне көңіл аударса екен деп тұрғанын Степан
Аркадьич те түсінді. Телеграмманы жыртып, қашан болсын қағаберіс
қалатын сөздерін ойша тауып оқыды да, Степан Аркадьичтің жүзі жайнап
қоя берді.
— Матвей, ертең Анна Аркадьевна қарындасым келетін болыпты, —
деді, шаштараздың, шыйыршықталған салалы бакенбарды арасындағы
қызғылт жолдарды тазартып жатқан, бортыйған жып-жылтыр қолын сəл
кідірте тұрып.
— Ой, құдай-ай, жақсы болған екен, — деді Матвей, сол жауабы
арқылы осы келудің, маңызын, яғни Степан Аркадьичтің аяулы қарындасы
Анна Аркадьевна ер-əйелді екеуін татуластыруға сеп болатынын бəрінен
кем түсінбейтінін білдіріп.
— Өзі ме екен, күйеуімен келе ме екен? — деді Матвей.
Шаштараз үстіңгі ернін айналдырып жатқандықтан,Степан Аркадьич
сөйлей алмай, бір саусағын ғана шошайтты.
Матвей де басын айнадан изеп қойды.
— Жалғыз екен ғой. Үстіңгі үйді əзірлейміз бе?
— Қайда əзірле дейді екен, Дарья Александровнаға айт.
— Дарья Александровнаға дейсіз бе? — деді Матвей күдіктене, қайыра
сұрап.
— Я. Білдіріп қой. Əрі мына телеграмманы ала барып, не дегендерін
айтып кел.
«Байқайын деген екенсіз ғой», — деді Матвей түсіне қойып, бірақ:
— Құп болады, — дегеннен басқа сөз айтқан жоқ.
Матвей сықырлауық етігін ептей басып, телеграмманы ұстай, бөлмеге
қайта оралғанда, Степан Аркадьич жуынып, таранып болып, киінуге де
айналған екен. Шаштараз кетіп қалыпты.
Дарья Александровна біз кетеміз, соны айтып бар деді. Өздері, яғни, сіз
өзіңіз қалағанын істей берсін деді, — деп көзі ғана күлімсіреп, қолын
қалтасына сала, басын қыйсайта тұрып, баринға қадала қарады.
Степан Аркадьич лəм деген жоқ. Сөйтіп тұрып, əдемі жүзінде əрі
мейірлі, əрі аяныштылау — Ə? Матвеймісің?—деді басын шайқап қойып.
— Уақасы жоқ, сударь, орнына келеді.
— Орнына келеді дейсің бе?
— Дəл айтасыз.
— Солай деп ойлайсың ба? Ана жақтағы кім өзі? — деді Степан
Аркадьич, есік сыртынан əйел көйлегінің, сыбдырын естіп.
— Мен ғой бұл, — деді əйелдің салмақты, сүйкімді даусы, сөйткенше,
есіктен даяшы Матрена Филимоновнаның ызғарлы шұбар жүзі қылт ете
қалды.
— Жə, немене, Матреша? — деді Степан Аркадьич, есікке қарай
шығып.
Степан Аркадьич əйеліне сыпыра айыпты боп, оны өзі де сезіп
жүргенмен, үйдегілердің бəрі де, тіпті Дарья Александровнаның маңдай
алды досы — даяшыға дейін, осы Степан Аркадьич жақта болатын.
— Не боп жатыр? — деді ол, мұңайып.
— Сударь, тағы да жалыныңыз, барып. Құдай оңдап, илігер де бəлкім.
Таусылып бітті тіпті, қарасаң — жаның ашыйды, үй ішінің де берекесі
кетіп болды түгел. Балаларды аяу керек, сударь. Жалыныңыз, сударь. Лаж
не! Қолмен істегенді мойынмен...
— Қабылдамайды ғой ол...
— Қабылдамаса, өз парызыңыздан құтылыңыз. Құдайым кең, құдайға
сыйыныңыз, сударь, құдайға.
— Жарайды, бара ғой, — деді Степан Аркадьич, қапелімде қызарып
кетіп. — Кəне, олай болса, киінелік,— деп Матвейге бұрыла, шапанын лып
шешіп тастады.
Матвей көзге ілінбес бірдеңені үрлеп қойып, көйлекті қамытша, əзір
ұстап тұр екен, баринның бордақы денесін соған тіпті сүйсіне сұғып та
жіберді.
ІІІ
Степан Аркадьич киініп болған соң, үстіне əтір бүркіп, көйлегінің
жеңін оңдап, əдетінше қалта-қалтасына шылымын, ақшалығын, сіріңкесін,
қос шынжырлы, албыр-салбырлы сағатын салды да, орамалын желпіп
қойып, қамкөл болғанмен, өзін өзі əтір аңқыған, тап-таза, жарқын, денесін
сергек сезе, аяғын ырғай басып, асүйге шықты, онда кофесімен қоса,
қасында хаттар, мекемеден келген қағаздар күтіп жатқан болатын.
Келісімен хаттарды оқып шықты. Əйелінің мекен-жайындағы орманды
сатып алам деген көпестен келген бір хат өте жайсыз тиді. Ол орманды сату
да қажет болатын; бірақ қазір, əйелімен татуласқанша, оны ауызға алар да
жөн жоқ еді. Ең жайсыз жері, əйелімен татуласу ісіне ақша мүддесінің кеп
араласуы болды. Сол бір мүдденің ырқына көшіп, сол орманды сату үшін
ғана татуласқалы жүр ғой дейді-ау деген ойдан қорланды.
Степан Аркадьич, хаттарды бітірген соң, мекемеден келген қағаздарды
алдына тартты, екі істі тез қарап шығып, жуан қарындашпен бірнеше
белгілер салған соң, істерін сырып қойды да, кофе ішуге кірісті; кофе
үстінде əлі де дымқыл, ертеңгі газетті ашып, оқый бастады.
Степан Аркадьич либералшыл газетті, либералшыл болғанда, тым асып
кеткені емес, көпшілік қолдайтын бағыттағы газетті алып оқыйтын. Өзі,
шынына келгенде, ғылымға да, көркем өнерге де, саясатқа да бой ұра
қоймағанмен, сол нəрселерге көпшілік пен газеттің көзқарасы қандай
болса, Степан Аркадьич те сол көзқарасты мықты ұстап жүретін де,
солардан көпшілік тайқаған кезде, бұ да тайқап шыға келетін, яки,
дұрысырақ айтқанда, олардан бұл тайқамай, қайта, байқаусызда бұдан
олардың өздері тайқап кететін.
Степан Аркадьич бағыт, көзқарастың бірде-бірін сайлап алған адам
емес-ті, өзі қалпақ пен сюртук түрін таңдап алмай, жұрттың киюіне қарай
алса, бағыт пен көзқарас дегендер де өзіне солай, өз беттерінше келе
салатын. Бірақ белгілі қоғамда өмір сүріп, əдетте, жасы толысқан кезде
дамыйтын, біраз ой қаракеті керек боп жүрген ондай кісіде көзқарас болуы
деген де қалпағы болуындай-ақ қажет нəрсе болатын. Оның, өз тобындағы
көп адамдар жақтап жүрген консерватившіл бағыттан либералшыл бағытты
артық көруінде бір себеп болған болса, ол оның либералшыл бағытты
орынды көргендігінен емес, өзінің тіршілік түріне сол бағыттың
жақынырақ келгендігінен еді. Либералшыл партия Россиядағының бəрі
оңбай жатыр десе, шынында, Степан Аркадьичтің де борышы басынан
асып ақшасы ылғый жетпей жүретін. Либералшыл партия неке күні өткен,
оны қайта құру керек дейтін болса, шынында, семья өмірі Степан
Аркадьичтің де көңлін жарытпай, өз бітіміне мүлде жараспайтын
өтірікшілдікке, мекерлікке душар еткен. Либералшыл партия дін деген
елдің надан жағын ауыздықтайтын нəрсе деп, дұрысырақ. айтқанда, соған
жорыйтын болса, шынында, Степан Аркадьич те, тіпті қып-қысқа дұғаның
өзінде-ақ, аяғы аурып, шыдай алмай, өмір сүру деген осы дүниенің өзінде
көңілді болса игі еді деп жүргенде, о дүние жайындағы күллі осы көпірме,
қорқынышты сөздердің не керегі бар екен деп, түсінбей əуре болатын.
Сонымен бірге, Степан Аркадьич қызық қалжыңға үйір адам болған cоң,
ақыр тұқымды мақтан ететін болсақ, Рюрикпен тынбалық та, түпкі атамыз
— маймылдан безбелік деп. кей-кейде жай адамдардың басын қатыруды да
жақсы көретін. Сөйтіп, либералшыл бағыт Степан Аркадьичтің үйреншікті.
салтына айналып, тамақтан соң тартатын шылымындай басын
айналдыратын баяу əсеріне бола, газетін де жақсы керіп кеткен . Жетекші
мақалаларды оқып шықты ол, онда: радикализм консерватившіл
элементтерді түгел жұтып қоятындай көріп, революцияшыл саяси құпыя
қозғалысты басуға үкімет шара қолдануға міндетті-мыс деп сұңқылдау
біздің заманымызда мүлде бос сұңқыл, қайта «біздің ойымызша, қатер
тамыры ойжота айтқан, революцияшыл саяси құпыя қозғалыста тұрған
жоқ, прогресті бөгейтін, тырысқақ салытта жатыр» деп, тағы-тағы
сондайларды айтыпты. Финанс жөніндегі екінші мақаланы да оқып шықты,
онда Бентам мен Милле ауызға алынып, министрлікті де шанша кетіпті.
Степан Аркадьич өзіне тəн шалымды байыпшылдығы арқылы шаншу
атаулының: кімнен кімге қарай, не жөнінде жұмсалып отырған мəн-жайын
түсіне қоятын да, соның өзі көңлін, қашан да бір, едəуір көпшітіп
тастайтын. Матрена Фелимоновнаның кеңесі мен үйіндегі əбігер жай есіне
түсіп, ол лəззəті де бүгін су сепкендей сап болды. Лақапқа қарағанда, Бейст
граф Бисбаденге қарай өтіпті, ендігəрі ақ шаш болмайды, жеңіл күйме
сатылады деген хабарлар мен жас бике жасаған ұсынысты да оқып шықты;
бірақ осы хабарлар бұрынғыдай жай отырып, сылтың ететін жан лəззəтін
берген жоқ.
Газетін оқып, екінші шынаяқ кофесін ішіп, май жаққан қалашын жеп
болған соң, түрегелді де, желеткесіндегі қалаш ұнтағын қағып тастап, кең
көкірегін кере, масайрақ күлімсіреді, күлімсірегенде, жанына бірдеңе өте
жайлы тигендіктен күлімсіреген жоқ, асы жақсы сіңгендіктен күлімсіреді.
Бірақ осы шат күлкісі есіне бəрін қалт түсіріп жібергендіктен, ойланып
та кетті өзі.
Есік сыртынан екі баланың даусы естілді (Степан Аркадьич кіші ұлы
Гриша мен үлкен қызы Таняның дауыстарын таный кетті). Екеуі бірдеңені
тартып келе жатып, құлатып алғандай болды.
— Жолаушыны төбесіне отырғызба деп айттым ғой мен, — деді қызы,
шаңқылдап, ағылшынша сөйлеп, — ал, жыйнап көр енді!
«Ырың-жырыңы шықты-ау, түге, — деді Степан Аркадьич ойланып, —
балалардың бетімен жүргені анау». Сөйтті де, есік алдына келіп, екеуіне
дыбыс берді. Балалар поезд етіп жүрген қобдыйларын қоя сала, əкесіне
келді.
Сүйікті қызы жасқанбай жүгіре кірген күйі, əкесін құшақтай алып,
бакенбардысынан аңқыған танымал əтір исіне ежелгі əдетінше, қуана
күліп, мойнына асыла кеп кетті. Əкесінің еңкейгенде қызара нұрланған
мейрімді бетінен қызы ақырын сүйіп алып, қолын босата бере, қайта
жөнелейін деп еді, əкесі жібермеді.
— Мамаң не істеп жатыр? — деді əкесі, қызының былпылдаған, жұпжұмыр мойнынан сыйпай тұрып. — Сəлеметсің бе, — деді, амандасқан
баласына күлімсірей қарап.
Ұл баласын өзі қатты сүймейтінін сезіп, қашан да байсалды болуды
көздектің баласы да соны сезіп, əкесінің салқын күлкісіне жылы ұшыраған
жоқ.
— Мамам ба, мамам, тұрған, — деді қызы.
Степан Аркадьич күрсініп қойды. «Демек, түні бойы тағы да
ұйқтамаған екен ғой» — деп ойлады.
— Немене, көңілді ме, өзі?
Қызы əке-шешесінің жанжалдасып қалғанын жақсы иілетін, шешесінің
көңілді болар жайы қалмай, əкесі соны білуі керек болса да, осылай сүйкей
сұрап, мекерсіп отырғанын да біліп тұр. Қызы соған бола қызарып та кетті.
Соны аңғарып, əкесі қоса қызарды.
— Білмеймін, — деді қызы. — Өзі маған оқымай-ақ, Гуль мисске ілесіп,
əжеңдікіне барып сайрандап кел деген.
— Ендеше, бара ғой, Танчурочкам! Айтпақшы, тоқтай қалшы,— деді,
қызын өйте-бүйте тоқтатып, былпылдаған қолын сыйпай тұрып.
Кеше пеш қуысына қойған бір қалбыр конфетті алып, қызы жақсы
көретін шоколад, жұмсақ конфеттер əперді.
— Гришаға ма? — деді қызы, шоколад конфетті көрсетіп.
— Я, я, — деді де, қызының иығынан тағы да сыйпап, шашының
тұқылы мен мойнынан сүйді де, қоя берді.
— Күймеңіз əзір, — деді Матвей. — Айтпақшы, бір арызшы əйел келіп
тұр, — деп қосып қойды.
— Көптен тұр ма? — деді Степан Аркадьич.
— Жарты сағаттай болды.
— Дереу баяндап тұр деп талай айттым ғой саған!
— Тым құрса, кофеңізді ішкізуіміз керек қой, — деді Матвей, дөкірлеудостық əлпетпен, онысына ашулануға да болмайтын еді.
— Жə, тезірек шақыр, — деді Облонский, қынжыла шытынып.
Арызшы, штабс-капитан Калинин дейтін əйел, орайы жоқ бір оспадар
нəрсені сұрай келіпті; бірақ Степан Аркадьич, қашанғы əдетінше, əйелді
отырғызып, сөзін бөлмей, əбден тыңдап алды да, кімге, қалай бару жайын
жеткізе айтып, арбыйған, ірі, əсем, айқын жазуын көсілте сілтеп,
болысатын адамға беріңіз деп, əйелдің қолына тіпті жап-жатық хат та
жазып берді. Степан Аркадьич, штабс капитанды жөнелткен соң, қалпағын
алды да, бірдеңе ұмытқан жоқ па екем деп, ойланып тұра қалды. Ұмытсам
деген əйелінен езге ештеңе де ұмытқан жоқ екен.
«Ə, сол бар екен ғой!» — деп тұқырағанда, əдемі жүзі жабырқап та қоя
берді. «Барсам ба екен, бармасам ба екен?» — деді ішінен. Содан, іштегі
үні өзіне: бармағаның жөн, мұнда алдаудан өзге ештеңенің, де орайы жоқ,
екеуіңнің қарым-қатнасыңды жамап-жасқаудың жайы келмейді, өйткені
оны тағы да елбірей сүйетіндей əдемі етіп, яки сені, сүйер діңкесі жоқ қарт
етуге болмайды. Алдау мен жалғаннан езге ештеңе де өнбейді енді дегенді
айтып тұр; алдау мен жалған болса, Степан Аркадьичтің бітіміне
жараспайтын ол.
«Дегенмен де, ерте ме, кеш пе бару керек қой, əйтеуір; бұл күйде қала
алмайды ғой ол»,— деді көңлін демдеп алғысы келіп. Кеудесін көтере,
шылымын шығарып тұтатты да, екі рет сорған соң, меруерт сауытқа тастап,
тұнжыраған қонақ үйден тез етіп, əйелінің бөлмесіне кіретін екінші естікті
барып ашты.
ІV
Дарья Александровна кофта киіп, бір кезде тегіле біткен қалың шашы
сиреген соң, бұрым етіп, желкесіне қайыра түйреп қойыпты, жүзі
омсырайып жүдеп кетіпті, сол жүдеуліктен аларыңқы тартқан үлкен көзі
қымсына қарап, бөлмедегі ашық шифаньер алдында шашылып жатқан
бұйымдар арасында əлденелерді саралап тұр екен. Күйеуінің келе жатқан
дыбысын естіген соң, есікке қараған күйі, жүзіне бір тыжырынған, суық
əлпет бергенсіп, кідіріп тұрып қалды. Күйеуінен де, сонымен қазір
кездесуден де қорқып тұрғанын сезейін деді өзі. Шешесінікіне алып кететін
балалары мен өз бұйымдарын сайлап алайын деп, осы үш: күннен бері он
мəртебе оқталған шаруасына қазір ғана кіріскенмен,— дəті оған тағы да
бармады; бірақ қазірдің өзінде де, бұрын талай айтқан əдетіне басып, бұ
күйінде қала алмайды ол, бір шарасын істеп, сазайын тартқызып, масқара
етуім керек оны, жаныма салған жарасының өшін аздап болса да, алуым
керек одан дей берді ішінен. Кетемін дегенді əлі де айтқанмен, кетер жайы
жоғын да сезе жүрді; кете алмағанда, соның өзін күйеуім деуін қоя алмаса
жақсы көруін жəне қоя алған жоқ. Оның үстіне, осында, өз үйінде отырып,
бес баласын бағуға əрең төтеп жүрсе, соның бəрін сонда алып барғанда,
жайлары бұдан да жаман болатынын қоса сезді. Тіпті, осы үш күннің
өзінде-ақ жайсыз сорпа бергендіктен кіші ұлы аурып қалса, өзгелері кеше
тіпті жөнді тамақ та іше алмай қалды. Кетер жайы жоғын өзі де сезді; бірақ,
сонда да болса, өзін өзі алдап,. бұйымдарын сайлай жүре, кетемін деп
құбылуын қоймады.
Күйеуін көрген соң, бірдеңе іздеген боп, қолын шифаньер тартпасына
сұққан күйі, күйеуіне тек, қасына əбден таяп келгенде ғана барып қарады.
Бірақ қайыспас, суық. əлпет берем деген жүзі, мұңая, құлазый қарады.
— Долли! — деді күйеуі, жүрексіне шыққан бəсең дауыспен. Мойнын
ішіне тыға құнысып, мұқаған, аяныш пішін көрсетем дегенмен, өзінен
жасаң, жарқын лебіз есіп тұр екен.
Жасаң, жарқын лебіз есіп тұрған кескінін əйелі лып шолып шықты. «Ə,
көңлі хош, бақытты екен ғой бұл! — деді ойланып. — Мен ше?.. Маған
мұның осы жұрт біткен ұнатып, мақтап жүретін мейрімділігі де
жиіркенішті; сол мейрімділігінің өзінен түршігем», — деп ойлады əйелі.
Ерні қымтырыла, шамкес, боп-боз жүзінің оң жақтағы көк еттері жыбыр
қағып кетті.
— Не керек өзіңізге? — деді, ызылдап, кеудеден шыққан бір бөтен
дауыспен.
— Долли!—деді күйеуі тағы да, даусы дірілдей шығып. — Анна келеді
екен бүгін.
— Келсе қайтейін? Қабылдар жайым жоқ оны! — деді əйелі
шаңқылдап.
— Дегенмен де, Долли...
— Аулақ жүріңіз, аулақ,— деді əйелі, күйеуінің бетіне де қарамай
бажылдай сөйлеп, ол бажылы бір жері аурып кеткен адамның бажылындай
боп шықты.
Степан Аркадьич əйелін ойлаған кезде тыныш ойлап, Матвейдің
сөзімен айтқанда, бəрі де орнына келеді деген дəмемен тыншығып, газетін
де тыныш оқып, кофесін де тыныш отырып ішіп еді; бірақ əйелінің
қыйнала қажыған, қасіретті жүзін кəріп, тағдырға көне, налыған əлгі
даусын естігенде, тынысы тарылып, алқымықа əлденелер тығылып, көз
жасы мөлдіреп қоя берді.
— Тəңрім-ай, не істеп едім! Долли-ay! Құдай ақы!.. Əшейін...— дей
беріп, арғысын айта алмай, өксігі өңменіне тіреліп тұрып қалды.
Əйелі шифаньерді тарс жауып, бетіне жалт қарады.
— Долли-ay, не дейін мен? Жалғыз-ақ: кешір, кешірім ет... Есіңе
түсірсең, тоғыз жылғы өміріміз минуттік бір... жууға татымас па еді
деймін...
Əйелі төмен қараған күйі тыңдай отырып, көңлімді айықтырар бірдеңе
айтса игі еді деп, жалына күткендей болды.
— Минуттік көрсеқызарлықты...— деп, күйеуі арғысын айта берейін
деп еді, бірақ осы сөз ауызға алынуы-ақ мұң екен, əйелі, бір жері ауырып
кеткендей, ернін тағы да қымтый қойып, он, бетінің көк еті тағы да жыбыр
қағып кетті.
— Аулақ, аулақ жүріңіз, бұл жердей! — деп бұрынғыдан бетер
шаңқылдады,— көрсеқызарлығыңызды да, арамзалығыңызды да айтпаңыз
маған!
Жөнелейін дей бере, теңселіп кетіп, орындық арқалығын демеу етіп
ұстай алды. Күйеуінің беті де жалпайып, ерні бұртыя, көзі жасқа толып
кетті.
— Долли-ау! — деді, солқылдай жылап.— Құдай үшін, балаларды
ойласаңшы, олардың не жазығы бар. Айып менде, мені жазғыр, айыбыңды
жу деп маған бұйыр. Қолымнан келгенге түгел əзірмін! Айыпты — мен,
айыбымды айтып жеткізер сөз жоқ! Бірақ, кешіргейсің Долли!
Əйелі отыра кетті. Қыйнала, алқына алған демін естігенде, күйеуі де
қатты аяп кетті өзін. Долли сөйлейін деп неше дүркін оқталса да, дəрмені
жеткен жоқ. Күйеуі күтті де тұрды.
Балаларды ескергенде сен, соларды құр ермек еткелі ескеріп тұрсың да,
мен болсам, солардың енді құрығанын біліп ескеріп отырмын,— деді
Долли, осы үш күн ішінде өзіне өзі бір мəртебе де айтпаған сөздерінің бірін
айтқандай боп.
Əйелі «сен» деген сөзді ауызға алғанда, күйеуі де жүйесі босай жалт
қарап, қолын алғалы қозғала бергенмен, əйелінің аза бойы қаза тұра,
қыйыстап кетті.
— Балалар есімнен кетпейді де, сондықтан сол балаларды сақтау үшін
дүниеде бар нəрсені түгел істер едім де деймін; немен сақтарымды əзім де
білмеймін бірақ: əкесінен алып кетерімді де, əлде сол салдуар əкеге, — рас
айтам, сол салдуар əкеге — тастап кетерімді де білмеймін... Кəне,
айтыңызшы, соның... болары болған соң, бірге тұруымыз мүмкін бе біздің?
Мүмкін бе сол? Айтыңызшы, кəне, мүмкін бе сол? — деді, даусын көтере,
қайталай айтып.— Өз күйеуім, өз балаларымның əкесі, сол балаларының
тəрбиешісімен ашына боп, көңіл қосқан соң...
— Ойпыр-ау, не істермін? Не лаж етермін?—деді күйеуі, даусы
жыламсырай шығып, не айтып тұрғанын өзі де білмей, басы барған сайын
тұқырып.
— Сіз деген маған жексұрын, сұмырай адамсыз! — деді əйелі
шаққылдап, өршелене долданып.— Көз жасыңыз — жас емес, су! Мені
ешуақытта да сүйген емессіз сіз; жүрек те, мейрім де жоқ сізде! Маған бір
зəндемі, жексұрын, жат адамсыз, рас айтам, жат адамсыз мүлде! — деді, өз
басына сұмдық көрінетін сол жат деген сөзді жаны ауыра, налый айтып.
Күйеуі əйеліне қарауын қарағанмен, жүзіндегі ашу əлпеті шошытып та,
таңырқатып та жіберді. Жаны ашығанына əйелі неге шамданғанын түсіне
алмай да қалды өзі. Бірақ əйелі оның сыйқынан махаббат көрмей, опық
жеген əлпет көріп отыр. «Қой, мені бұл жек көріп кеткен екен. Кешірім
етпейді бұл»,— деп ойлады күйеуі.
— Сұмдық қой бұл! Сұмдық!—дей берді.
Осы кезде екінші бөлмеде баланың шар еткен даусы шықты, құлап
түскен болу керек; Дарья Александровна да құлақ тігіп, жүзі қапелімде
жылынып сала берді.
Өзі қайда екенін, не істейтінін білмей қалған болуы керек, бірнеше
секундтай ойланып барып, лып түрегелді де, есікке қарай тұра жөнелді.
«Баламды жақсы көреді екен ғой өзі,— деді күйеуі ойланып, бала
шарылы шыққанда əйелінің жүзі өзгеріп кеткенін аңғарып,— баламды
ендеше, өзімді қалай жек көрмекші бұл?»
— Долли, тағы бір сөзім бар еді,— деді, əйеліне ілесе жүріп.
— Ілескеніңізді қоймасаңыз, жұртты да, балаларды да шақырам мен!
Жүзқара адам екеніңізді бəрі де білсін! Мен өзім бүгін кетемін де, сіз
болсаңыз, ашынаңызбен осында тұра бересіз!
Əйелі соны айтты да, есікті тарс жауып, шығып кетті. Степан Аркадьич
күрсініп қойып, бетін сүртті де, бөлмеден маң-маң басып кете берді.
«Матвей ғой: орнына келеді дейді, қалай келмекші? Тіпті жуықтайтын түрі
көрінбейді. Ойпыр-ай, неткен сұмдық десеңші! Айқайлап масқара етті-ау,
өзі,— деді ішінен, əйелінің айқайы мен жүзқара, ашынаң деген сөздерін
есіне түсіріп.— Қыздар да естіп қалды ғой деймін, бəлкім! Масқара сұмдық
қой, сұмдық». Степан Аркадьич бірнеше секундтай жалғыз тұрып, көзін
сүрте, кеудесін күрсіне көтерді де, бөлмеден шығып кетті.
Күн жұма күн еді, сағатшы неміс асүйде сағат бұрап отыр екен. Степан
Аркадьич осы ұқыпты қасқабас сағатшы жайында, неміс деген «сағатты
бұрау үшін, өмір бойы өзі де бұраулы тұрады» дейтін қалжыңы есіне түсіп,
жымың етіп күліп қойды. Степан Аркадьич тəуір қалжыңды жақсы көретін.
«Орнына келсе, келетін де болар-ау, бəлкім! Орнына келеді деудің өзі
жақсы сөз екен бір,— деді ойланып.— Айта білу керек қой оны».
— Матвей! — деді дабыстап,— Марьяны қасыңа ал да, Анна
Аркадьевнаға диван бөлмесіне, солай əзірлей бер өзің,— деді, Матвей
келген соң.
— Құп болады.
Степан Аркадьич ішігін киіп, есік алдына шықты.
— Тамақты үйде ішпейсіз бе? — деді Матвей, аттандыра шығып.
— Ыңғайы білер. Шығыныңа мынаны ал, айтпақшы,— деді,
ақшалығынан он сом əперіп.— Жете ме?
— Жетсін, жетпесін, місе ету керек қой, — деді Матвей, күйме есігін
сарт еткізіп, есік алдына шегіне беріп.
Сөйткенше, Дарья Александровна да баласын жұбатып болып, күйме
дыбысынан күйеуінің аттанғанын аңғара, бөлмесіне оралды. Сыртқа
шықса-ақ, жан-жағынан анталап тұрған үй шаруасынан саялайтын жері
жалғыз осы болатын оның. Қазір, балалар бөлмесіне шыққан сəл уақыттың
өзінде-ақ, ағылшын əйел мен Матрена Филимоновна екеуі: серуенге
шығатын балаларға не кигіземіз? Сүт береміз бе? Өзге аспазшы алдырамыз
ба, əлде? деген тəрізді, Дарья Александровнаның бір өзі ғана жауап бере
алатын, бірнеше тығыз-таяң сұрауларды беріп тастаған болатын.
— Əй, мені қойыңдаршы сол! — деді де, бөлмесіне келген соң, əлгіде
күйеуімен сөйлескенде отырған орнына қайта отырып, саусақтары
арбыйып, жүзігі сылқылдаған етсіз қолын түйген күйі, жаңағы əңгімені
есіне түгел түсіре бастады. «Жүруін жүріп кетті ғой! Анаумен арасы не боп
тынды екен десеңші? — деді ойланып. — Шын-ақ көріп жүр ме екен өзі
соны? Сол жағын сұрамағаным не өзінен? Қой, қой, табысар жайым жоқ.
Бір үйде тұрған күннің өзінде де жат адамбыз енді. Жат болғанымыз —
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 02
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.