Latin Common Turkic

Анна Каренина - 14

Total number of words is 4033
Total number of unique words is 2071
34.5 of words are in the 2000 most common words
47.9 of words are in the 5000 most common words
55.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Өз дүниелігімді өзім неге тегін берейін сізге? Не тауып, не ұрлап
алған жерім жоқ оны.
— Құдай жазбасын, қазіргі шақта ұрлау дегеннің орайы жоқ нəрсе ол.
Қазіргі шақта ада-күде түгел ашық сотқа түседі, қазір түгел игі нəрсе бəрі;
ұрлық деген қайда дейсің ол. Адалын айтып отырмыз. Орман қымбат түсіп
тұр, ұпайың да қайтпайды. Аздап болса да кемітілсе деймін.
— Істеріңіз өзі тынып па еді, тынбап па еді, əлде? Тынған болса,
саудаласар ештеңе жоқ та, тынбаған болса, — деді Левин, — орманды өзім
сатып аламын.
Рябинин жүзіндегі жымыңы лып жоқ боп кетті. Жүзіне бір қаршығаша
қараған жыртқыш, қатаң əлпет пайда бола қалды. Арбыйған саусақтарымен
сюртугін дереу ағытып жіберіп, шалбарланбаған көйлегін, желеткесінің
жез түймелері мен сағатының бауын аша, көнетоз ақшалығын тездете
суырып алды.
— Орман менікі, жарқыным, — деп, жалма-жан шоқынып жіберіп,
қолын да соза берді. — Ақшаны ал, ағаш менікі. Тыйын санап отырмайды,
Рябинин осылай саудаласады, міне, — деді ол, шытынған күйі, ақшалығын
сермей сөйлеп.
— Сенің орныңда болсам, асықпаған да болар едім, — деді Левин.
— Құдай жазбасын, — деді Облонский таңырқап, — сөз беріп қойдым
ғой.
Левин есікті сарт еткізіп, бөлмеден шыға жөнелді. Рябинин есікке
қараған күйі, басын күлімсірей шайқады.
— Бəрі жастық, ада-күде балалық қой бір. Арыма сенсеңіз,
Облонскийдің тоғайын анау-мынау кісі емес, демек, мына отырған Рябинин
алыпты деген жалғыз сол атағыма бола алғалы отырмын. Орайы қалай
қайтарын құдай білсін əлі. Құдайға наныңыз. Сол, жарқыным, шартын
жазайық.
Көпес бір сағаттан соң, желеңін құнттай қаусырынып, сюртугінің
ілгектерін іле, шартты қалтасына салған күйі, тырсылдай өбектелген
арбасына отырып алып, үйіне жөнеліп те кетті.
— Ойпыр-ой, əлгі мырзаларды-ай! — деді приказшіге, — бір бұйым
екен түге.
— Айнықатесі жоқ, — деді приказші, делбені көпеске бере, былғары
алшалғышын түймелеп жатып. — Саудаңыз не болды, ал, Михаил
Игнатьич?
— Тек, тек...
ХVІІ
Степан Аркадьич жоғары шыққанда, көпестің үш айды алға сала берген
ақшасын қалтасына сықай басып шықты. Орман жайындағы іс тынып,
ақша қалтасына түсіп, саяты тамаша болған соң, Степан Аркадьич əбден
көңілденіп алып, Левиннің де құрысын жазайын дегенге ойы қатты құлады.
Тату-тəтті басталған күнді кешкі ас үстінде де солай аяқтағысы келді.
Левин сүйменді қонағын айналып-үйіріліп, жылы ұшырайын дегенмен,
көңлі шынында да ойпаң-тойпаң болған соң, өзін өзі баса алған жоқ. Кити
күйеуге шыққан жоқ деген хабар еліттіре үйіріп, бірте-бірте иектеп те
əкетті.
Кити күйеуге шықпай, ауру болғанда, өзін елемеген адамға
ғашықтықтан ауырған. Сол қорлық өзін иықтап та тұрған сықылды.
Вронский Китиді елемесе, Кити Левинді елемеді. Олай болса, Вронскийдің
Левинді менсінбес хақы бар да, сондықтан мұның жауы да ол. Левин бірақ
оның бірде-бірін ойлаған жоқ. Осында өз басына бір қорлық бар-ау дегенді
еміс-еміс сезінді де, содан келіп қазір көңліне дық түскеніне ашуланудан
гөрі, кез келген нəрсенің бəріне кіна таға берді. Орманның беталды
сатылып, Облонскийдің алдауға түсіп, түскенде өз үйінде отырып түсуі,
Левинді шамдандырып та жіберді.
— Жə, тындырдың ба? — деді ол, Степан Аркадьичті үстіңгі үйде
қарсы алып. — Кешкі асқа зауқың қалай?
— Зауқым бар, ішемін. Деревняда араным ғажап ашылып кетті тіпті!
Əлгі Рябининге ас іш демегенін, не сенің?
— Əй, қойшы соны!
— Дегенмен, соған өзің пəс қарайды екенсің! — деді Облонский. —
Қолыңды да бермедің өзіне. Қолыңды бермегенің не сол?
— Бермегенім, малайға қол ұсынбаймын мен, бірақ сол малайдың өзі де
бұдан жүз есе артық жатыр.
— Дегенмен өзің тым кертартпа екенсің! Сословиелердің араласуы,
кəне, ал? — деді Облонский.
— Жаққан кісі араласса араласа берсін, өз басына жақпайды.
— Байқауымша, өзің əбден кертартпа екенсің бір.
— Кім екенімді, шынында, өмірі ойлаған да емеспін. Константин
Левин, — өзге түгім де жоқ менің.
— Əрі өте тарынып отырған Константин Левин ғой, — деді Степан
Аркадьич күлімсіреп.
— Тарынып отырғаным рас, неге екенін білесің бе? Ғафу ет, сенің
беталды сатқаныңа тарынып отырмын...
Степан Аркадьич, жазықсыз жазғырылып, жазықсыз кейітіліп отырған
адамдай, жайбарақат шытына салды құр.
— Жарайды, жетер! — деді ол. — Біреу-міреу бірдеңе сата қалса, сол
сатып болысымен-ақ: «Əлдеқайда қымбат тұратын еді бұл», — деп іле
түсушілік қашан болмаған дейсің? Сатып болғаныңша, ешқайсысы да
бермейді... Қой, сол сорлы Рябининде өшің бар екен, байқауымша.
— Болуы да ықтимал. Соның не жөнінде екенін білесің бе, өзің?
Кертартпа, яки өзге бір сұмдық сөздерді тағы да айтасың ғой сен; бірақ,
дегенмен де өзім əрі санына қосылып, əрі, сол сословиелер араласып жатса
да, осы қосылғанымның өзін қатты қуаныш қып жүрген дворяндар, осылай
толайым кедейленіп жатқанын көргеніме қынжылып, соған ренжимін мен...
Кедейленгенде сəн-салтанат салдарынан кедейленсе, — бір сəрі ғой ол;
баринша өмір сүру деген — дворяндар ісі, ол тек дворяндар қолынан ғана
келеді. Қазір қасымыздан мұжықтар да жерді көтере алып жатыр, — оған
ренжімеймін де мен. Барин ештеңе істемеген соң, жұмысты мұжық істеп,
сылқымсоқ адамды сырып шығара береді. Солай болуға да тиіс. Мұжыққа
өз басым өте қуаныштымын да. Бірақ осы кедейленудің өзіне, атауға тілім
жетпейтін, қайдағы бір кегім қозып, қарауға да ұяла берем. Біресе, Ниццада
тұратын барыняның ғажайып мекен-жайын жалдампаз-поляк жарты
құнына сатып ала қояды. Біресе, десесі он сом тұратын жерді көпеске бір
сомға жалға бере салады. Біресе, отыз мыңды сен əлгі залымға аты жоқ,
жөні жоқ сыйлай салып отырсың.
— Сонда қайтелік? Əр ағашты санайық па?
— Сөзсіз санау кепек. Сен санамағанмен де, Рябинин санап қойды оны.
Рябинин балаларының тіршілік, біліміне қаражат қалып отырғанда, сенің
балаларың құр алақан қалуы да кəдік.
— Қой, ғафу ет, сол санағанда да, бар болса бір болымсыз ғана нəрсе —
бары. Біздікі өз кəсібіміз де, онікі өз кəсібі, пайда керек оған. Əйтсе де
болары болған соң, болды да. Ə, мінеки, ең сүйікті, қуырған жұмыртқам да
бар екен. Агафья Михайловна бізге əлгі ғажайып жеміс сусынын да береді
енді...
Степан Аркадьич стол басына отырып алып, мұндай түскі, кешкі
тамақты көптен бері жеген жоқ едім деп, Агафья Михайловнамен
қалжыңдаса бастады.
— Тым құрса, сіз мақтаңызшы, сөйтіп, — деді Агафья Михайловна, —
Константин Дмитрии болса, нан қыртысын берсең де, бəрібір, — жейді де
жүре береді.
Левин өзін өзі баспақшы боп қанша қамданғанымен де, тұнжыраған
күйі, үнсіз отыра берді. Степан Аркадьичке бір сұрау беруім керек екен
десе де, сол сұрауды қашан, қалай берудің түрін де, уақытын да таба
алмады. Степан Аркадьич төмен түсіп, шешініп, қайта жуынған соң, түнгі
бөртпеш көйлегін киіп, төсекке жатты да, Левин, ойындағысын сұрауға да
дəті шыдамай, əртүрлі ол-пұл жайларды əңгіме еткенсіп, айналсоқтай
берді.
— Сабынды осы қызық жасайды екен-ау өзі, — деді ол, Агафья
Михайловна қонақ үшін əзірлесе де, Облонский пайдаланбаған бір кесек
жұпар сабынды айналдыра қарап тұрып. — Қарашы өзің, өнер табысы ғой
бұ да.
— Рас, өнер қарымы бəріне де жетті ғой, қазір, — деді Степан
Аркадьич, жіпсіп, рақаттана есінеп. — Театрлар, мəселен, əрі анау сауық
орындары... А-а-а! — деді есінеп. — Түгел электр жарығы... А-а!
— Рас, электр жарығы, — деді Левин. — Я, айтпақшы, Вронский қайда
өзі қазір? — деді, сабынды қалт қоя беріп.
— Вронский ме? — деді Степан Аркадьич, есінегенін қойып. —
Петербургте ол. Сенен соң ұзамай-ақ аттанып еді, Москваға қайтып
оралған жоқ содан. Əрі бар ғой, Костя, саған мен шынын айтайын, — деді
сөзін сабақтап, столға шынтақтай бере, ұйқы тығыла жасаураған мейрімді
көзі жұлдызша жайнап, қызыл шырайлы əдемі жүзіне қолын жастай
отырып. — Айып өзіңде сенің. Бақталасыңнан жасқанып қалдың сен. Мен
болсам, жүлденің қай жағыңа көбірек ауып тұрғанын білмеймін деп, сондаақ айтқамын саған. Неге киіп кетпедің өзің? Мен саған сол кездің өзіндеақ...— деп, аузын ашпай, жағымен ғана есінеп қойды.
«Осы өзі менің ұсыныс жасағанымды біле ме екен, білмей ме екен, ə?
— деді Левин, Степан Аркадьичке ойлана қарап. — Рас, жүзінде бір
шалдырмайтын қулық тұр мұның», — деп, қызарып кеткенін сезді де,
Степан Аркадьичтің көзіне томсара, тіке қарады.
— Ол кезде Кити тарапынан бірдеңе болған болса, онысы құр сырт
бітімін ғана əуес көргендік болатын, — деді Облонский жалғай сөйлеп. —
Оның бар ғой, сол əлгі асқақ ақсүйектігі мен қауымдағы болашақ пəрмені
Китиге өсер етпей, шешесіне əсер етті.
Левин шытынып қоя берді. Қыз көнбей, басынан кешірген қорлығы,
жүрегін осы қазір ғана түскен жаңа жараша қарыды. Үйінде болған соң,
қабырғалар ғана қамсау боп тұр.
— Тоқта, тоқта, — деді ол, Облонскийді кес-кестей кетіп, — ақсүйектік
дейсің ғой сен. Олай болса, өзіңнен-ақ сұрауға дес бер: Вронскийдің
ақсүйектігі болмақ түгіл, кімнің ақсүйектігі болсын, — мені елемейтін не
қылған ақсүйектік екен ол? Вронскийді ақсүйек дейді екенсің де, мені
демейді екенсің ғой сен. Əкесі тұлдыр күнінде есеге алаяқтықпен ілініп,
шешесі құдай білсін, кім көрінгенді адақтаған адамды... Қой, ғафу ет, мен
өзім өткендегі өрендерінен білімнің биік тұрғысында тұрған (ақыл, дарын
— бір төбе ол) үш-төрт пак буынды атай алатын, əкем мен атам сықылды,
ешкімге, ешуақытта арамдық қылмай, ешкімге, ешуақытта ділгер болмай
өмір сүрген өзім мен өзіме ұқсас адамдарды ғана ақсүйек деп санаймын.
Ондай білетіндерім толып жатыр тіпті. Менің ормандағы ағашты
санағанымды пасықтық көреді екенсің де, өзің, болсаң, отыз мыңды
Рябининге сыйлай салады екенсің ғой. Сен болсаң жалдама ақы жəне
сондай, мен білмейтін, бірдеңелер алады екенсің, де, мен болсам, соны
алмай, мұра мен еңбек дүниесін ардақтайды екем ғой... Ақсүйек дегендер
осынау күштілер дүниесінің қайрымен ғана күн көріп, жыйырма тыйынға
сатыла кететіндер емес, мына біз боламыз.
— Кімді қағытып отырсың өзің? Мен өзім саған қосылып та отырмын,
— деді Степан Аркадьич, Левиннің жыйырма тыйынға сатыла кететіндер
деп атағандарының ішінде өзі де барын сезгенмен, шын ниетіне сала,
жадырай сөйлеп. Левиннің шыйрағаны өзіне шынымен ұнап та кетті. —
Кімді қағытып отырсың сен? Вронский жайында айтқандарыңмың бекер
жерлері көп болғанмен, ол жайды айтқалы отырғаным жоқ. Мен саған,
сенің орныңда болсам, маған ілесіп Москваға барар едім де, сонсын... деп
турасын айтып отырмын.
— Жоқ, сенің білетін, білмейтініңді қайдам, өз басыма бəрібір оның.
Айтып та қояйын өзіңе: ұсыныс жасауын жасағанмен, қыз көнбей қойған,
қазір Катерина Александровнаны еске алудың өзі де бетіме салық, ауыр
нəрсе бір.
— Неге? Сөз-ақ қой!
— Жарайды, айтпай-ақ қоялық. Өзіңе өрескел кеткен жерім болса,
кешірім ет, жарқыным, — деді Левин. Қазір ағытарын түгел ағытып алған
соң, таңертеңгі қалпына тағы да түсті. — Стива, ашуланбайсың ғой маған?
Ашуланба, аяулым, — деді де, қолынан күлімдей ұстады.
— Жо-жоқ, түк те ашуланбаймын, ашуланар түгім жоқ.
Түсініскеніміздің өзіне қуанып отырмын. Таңертеңгі саятты білесің ғой,
жақсы болады бір. Барсақ па екен деймін? Осы күйі ұйқтамай-ақ, саяттан
станцияға тіке тартар едім.
— Соның өзі абзал.
ХVІІІ
Вронскийдің ішкі тіршілігін түгел бір нəпсі құмары ошап алғанмен,
сыртқы тіршілігі қауым, полктағы байырғы сол үйреншікті жолмен,
өзгермеген күйі, зымырап тарта берді. Вронский полкты өзі жақсы көру
үстіне, полктағылар өзін де жақсы көрген соң, полк мүдделері тіршілігінен
маңызды орын алып кеткен болатын. Полктағылар Вронскийді жақсы көру
үстіне, құрметтеп, мақтан етіп те жүретін, мақтан еткенде, орасан бай,
білімі, қабілеті тамаша, қыйлы-қыйлы салуы бар, атақ, мансапқа десі жүріп
тұрған адам болса да, соның бəрін елемей, полк пен жолдастық мүддесін
тіршілік мүдделерінің бəрінен де жақын кереді деп мақтан ететін.
Вронский де жолдастары өзіне солай қарайтынын аңғарумен бірге, сол
өмірді өзі жақсы көрген соң, өзіне деген сол көзқарасты сүйей беруге
міндеттімін де деп сезінетін.
Əрине, ғашықтығы жайында жолдастарының ешқайсысымен
сөйлеспегені де өзінен өзі түсінікті, тіпті жығыла мас боп ішкен кездерінде
де, ол жайын айтқан емес-ті (оның бержағында, өмірі есінен тана мас та
болмайтын өзі), байланысы барын бетіне салық еткісі келетін жеңілтек
жолдастарына да лəм деп жақ ашпайтын. Бірақ, ғашықтық жайы күллі
қалаға аян боп, — Каренина екеуінің қарым-қатнасын жұрт біткен өйтіпбүйтіп дұрыс тұспалдап жүргенімен, — жас жігіттердің көпшілігі Каренин
дəрежесі жоғары болғансың ғашықтық байланысының қауымға дабыра боп
кететін дəл сол, қыйын жағына қызығатынды шығарған.
Анна десе ауыздарының суы құрыйтын жас əйелдердің дені Аннаны
əділ деуден əлдеқашан-ақ жалығып, жұрт пікірінің бет алысы
анықталысымен, Аннадан безінудің бар хиқметін көрсетеміз деп, соны
ойлап, соны аңдуды ғана тыныс көріскен. Уақыты келгенде, Аннаға
шашатын топырақтарын да əзірлеп қойысқан-ды. Егде адамдар мен
дəрежесі жоғары адамдардың көпшілігі əзірленіп жатқан қоғамдық осы
шыршуға наразы да болып жүретін.
Вронскийдің шешесі баласының байланысын біліп, басында риза да
боп қалған, — өйткені, өз ұғымынша, аяулы жас адамға жоғарғы қауыммен
байланысты болудан озар көрік жоқ деп білген, оның мəнісі, Вронская
графиняның ұғымынша, өз ұлы жайында сонша көп нəрселер айтып, өзіне
соғұрлы жағып кеткен Каренина, қанша дегенмен де, күллі көргенді, үлгілі
əйелдерден айнықатесі жоқ сықылды көрінген. Бірақ, баласы мансабы
артатын, өзіне ұсынылған маңызды қызметтен полкта қалам деп бас
тартқанда, Каренинаны сонда көріп жүру үшін ғана бас тартып, онысына
дəрежесі жоғары адамдар да наразы екенін соңғы кезде кеп білген соң,
шешесі де өз ойынан айныған болатын. Сол байланыс жайында бүкіл
білген-түйгендеріне қарағанда, бұл өзі ол кісі қостай қоятындай қауымдағы
сонау сəулетті, сəнді байланыс болмай, жұрттың айтуына қарағанда,
баласын ақмақ ететін, қайдағы бір салдуар, ұрыншақ құштарлық болған
соң да, ұната қойған жоқ-ты оны. Вронскийді Москвадан тұтқыйыл
аттанып кеткелі көрмегендіктен, өзіме келіп кетсін деп үлкен ұлы арқылы
талап та қойып жатқан.
Інісіне ағасы да риза болған жоқ. Ол оның қандай ғашықтық екенін де,
үлкені ме, кішісі ме, əлсізі ме, күштісі ме, арсызы ма, арлысы ма дегенді де
қазбалап жатпады (балалары болған соң, биші əйел ұстап отырғандықтан,
ол жөнінде кешірімді де болатын өзі); бірақ осы ғашықтық ұнайды деген
адамдарға да ұнамағанын білген соң, інісінің қылығын ол да қостаған жоқ.
Вронский қызмет кəсібі мен қауымға араласу үстіне, атты да өте жақсы
көретін жəне бір кəсіпке үйір болатын.
Быйылғы жылы офицерлердің тосқауыл арқылы жарысатын бəйгесі
тағайындалған. Вронский жарысқа жазылып, ағылшындық таза тұқымды
бие сатып алған соң, алдағы бəйгеге, тежеле кіріскенмен, ғашықтық
жайына да қарамай, етпеттей кеткен-ді...
Ол екі құмардың екеуі де бір-біріне бөгет болған жоқ. Қайта, көңлін
қатты өрепкіте берген ойларынан серпіліп, дамыл алатын, ғашықтығына
қатнасы жоқ, өзге бір кəсіп пен ермек керек боп жүрген өзіне.
XIX
Красное селодағы бəйге күні Вронский полк артелінің залына бифстек
жейін деп əдеттегісінен ертерек келді. Салмағы қажетті төрт жарым пұттан
артпағандықтан, өзін өзі онша қыса да бермейтін дегенмен, толыса беру
керексіз болған соң, үн тамағы мен тəтті тағамға да жуый қоймайтын. Ақ
желеткесінің сыртынан киген сюртугін ағыта, столға қос қолдай
шындақтап, əзірлеткен бифстегін күткен күйі, тарелкеде жатқан француз
романына үңіле қарап отыр. Кітапқа қарағанда, кірген, шыққан
офицерлермен сөйлеспейінші деп, ой ойлай, қарап отыр.
Ойлағаны, Аннаның бүгін бəйгеден соң көрісейік деген уəдесі еді. Бірақ
Аннаны өзі үш күннен бері көрмей, əрі шетелден күйеуі келіп
қалғандықтан, сол көрісудің жөні келер, келмесін де, соны қалай
анықтарын да білмей отыр. Аннамен соңғы жолы немере əпкесі Бетсидің
дачасында көріскен болатын. Карениндер дачасына орайына қарай аз да
баратын өзі. Қазір соған баруға да көңлі құлап, соның ебін табу жағын
ойластырып отыр.
«Демек, бəйгеге келе ме, келмей ме екен, соны білші деп Бетси жіберіп
еді деймін ғой, демек, барайын» — деді ішінен ұйғара, кітаптан басын
көтеріп, содан, көремін ғой деген оймен, көңілдене жүзі де жайнап сала
берді.
— Коляскаға үш ат жегіп, тезірек жабдытуға үйге кісі жібер, — деді,
күміс табақпен ыстық бифстек əкеп тұрған қызметшіге, соны айтты да,
табақты жақындатып алып, тамағын жей бастады.
Қатардағы бильярд бөлмесінен ұрған шар дыбысы мен гу-гу сөз, күлкі
естіліп тұр. Кірер есіктен екі офицер көрінді: біреуі паж корпусынан полкке
жуырда кеп кірген, жүзі жұп-жұқа, шілмиген, жап-жас офицер екен де,
екіншісі қолына білезік салғап, кіп-кішкене жұмық көз, боржыйған қарт
офицер екен.
Вронский соларға қарай сала, шытынып, байқамаған кісіше кітабына
қырындаған күйі, тамағын жей отырып, оқый да берді.
— Немене? Жұмысқа күшейіп барайын деп жатырсың ба? — деді
боржық офицер, қасына отыра беріп.
— Көріп отырсың, ғой, — деді Вронский, қабағын шыта, аузын сүрткен
күйі, бетіне қарай қоймай.
— Толысып кетем деп қорықпайсың ба? — деді анау, жас офицерге
орындықты ыңғайлап жатып.
— Не дейді? — деді Вронский, жақтырмай тыжырынған күйі, жиі-тісі
көріне, зіл шақыра сөйлеп.
— Толысып кетем деп қорықпайсың ба деймін?
— Жігітім, херес əкелші!—деді де, Вронский жауап бермей, кітабын
екінші жағына қойып, оқый бастады.
Боржық офицер шараптар картасын алып, жас офицерге бұрылды.
— Ішетін нəрсемізді өзің таңдай бер, — деді бетіне қараған күйі,
картаны соған бере беріп.
— Сірə, рейнвейн ішерміз, — деді жас офицер, Вронскийге көз
қыйығымен жүрексіне қараған күйі, болар-болмас қана қылтиған мұртын
саусағымен шыйратып қоймақ болып. Врокскийдің бұрыла қоймағанын
көрген соң, жас офицер түрегелді.
— Бильярд бөлмесіне барайық, — деді ол.
Боржық офицер де қайт қылмай түрегеліп, екеуі есікке қарай тартты.
Осы арада бөлмеге бойшаң, сымбатты келген Яшвин ротмистр кіріп,
жоғарыдағы екі офицерді иегімен кекете нұсқаған күйі Вронскийдің қасына
келді.
— Ə! Мұнда екенсің ғой! — деді ол саңқылдай сөйлеп, Вронскийдің
пагонына добалдай қолымен қатты ұрып қойып, Врокский ашулана
қарағанмен, жүзі үйреншікті, орнықты жылы шырайына қалт қайта түсіп,
жайнап қоя берді.
— Ақыл тапқансың, Алеша, — деді ротмистр, күжілдей қатты сөйлеп.
— Қазір, жеп болған соң, бір рюмка қағып ал.
— Ішкім келмей отыр.
— Жұптарының жазылмауын, — деді қосып Яшвин, осы кезде
бөлмеден шығып бара жатқан екі офицерге сылтың ете қарап. Содан өзі
Вронскийдің қасына кеп отырғанда, орындық тұрқынан əлдеқайда салалы
жатқан тар шалбарлы тізесі мен сырымасы үшкіл бұрыштанып бүгіліп те
кетті. — Кеше сенің Краснен театрына соқпағаның не? Нумерова жапжақсы ойнады. Қайда болдың өзің?
— Тверскийлердікінде отырып қалыппын, — деді Вронский.
— Ə! — деп Яшвин де қосыла салды.
Яшвин өзі ойынпаз, шайпау, ереже атаулыны білмейтін адам ғана емес,
қайта құлықсыз ережелерге құныққандығынан да Вронскийдің полктағы
таңдаулы көңілдесі болатын. Вронский өзін жақсы көрген де, арақ ішсе
күбіше қотарып, ұйқтамаса түгі құрамай, төтенше күштілігін көбінесе сол
жағынан көрсету арқылы, бір қалпынан аумайтындықтан жақсы көретін;
бастықтар мен жолдастары жөнінде де құлықтық үлкен қайрат көрсетіп,
сонысы арқылы өзін өзі əрі сыйлатып, əрі қорқыта жүретіндіктен жақсы
көретін; ойын ойнаса он мың сомдарға ойнап, əрі ылғый арақ ішіп жүрсе
де, сол ойынды сонша шебер, орнықты ойнаумен Ағылшын клубында озық
ойынпаз атанғандықтан жақсы көретін. Вронский оны сыйлап, жақсы
көргенде, əсіресе, Вронскийдің өзін Яшвин де атағы мен байлығына бола
сүймей, өз басына бола сүйетінін сезінгендіктен жақсы көретін. Вронский
ғашықтығы жайын айтам десе, күллі жұрттың ішінен жалғыз соған ғана
айтқандай еді. Яшвин өзі сезім атаулыдан түгел безінгендей көрінгенмен,
— Вронский қазір бар өмірін кернеген күшті құмарын жалғыз сол Яшвин
ғана түсіне алатындай сезетін. Оның үстіне, Яшвин өсек пен жанжалда
рақат бар деп білмейтін болуы керек те, ғашықтық сезімі болса, оны
айнытпай түсініп, яғни ғашықтық деген — қалжың, ермек емес, ересен бір
елеулі, маңызды нəрсе деп біліп, соған сенетін болуы керек дегенге
Вронский де бойұрып жүретін.
Вронский ғашықтығы жайында онымен сөйлесе қоймағанымен, Яшвин
түгел біліп, айнытпай түсініп жүргенін байқап, сол жайын көзінен
көргеніне көңлі де жай тауып қалатын.
— Ə, рас! — деді ол, Вронскийдің Тверскийлердікінде бол дым деген
сөзіне; сөйтті де қара көзі жалт етіп, мұртының сол жақ жебесін ұстай,
жаман əдеті бойынша, аузына жымырып жалмай бастады.
— Жə, өзің қайттің кеше? Ұттың ба? — деді Вронский.
— Сегіз мың. Үшеуі жаман адамдар екен, берер-бермесі екі ұрық боп
тұр.
— Мен жөнде ұтыласың ендеше, — деді Вронский күліп. (Яшвин
Вронский жөнінде үлкен бəс тіккен болатын).
— Түк те ұтылмаймын. Махотин ғана қауіпті тек.
Əңгіме сонымен бүгінгі бəйге не болар екен дегенге қарай көшті,
Вронскийдің де қазіргі ойлағаны тек соның жайы ғана болатын.
— Жүрейік, болдым, — деді де Вронский түрегеліп, есікке қарай
тартты. Яшвин қоса түрегеліп, сыйда аяғы мен сорайған бойын жаза
керілді.
— Түскі тамаққа ерте болған соң, шарап жұтып алуым керек боп тұр.
Қазір барайын. Ей, шарап əкелші! — деді, команда бергенде əйнек
дірілдейтін, əйгілі, жуан даусына сала дабыстап. — Қой, керегі жоқ, — деді
іле-шала қайта дабыстап. — Үйге қайтсаң, бірге жүрейін мен.
Сөйтті де Вронскиймен бірге жөнелді.
XX
Вронский іші екіге бөлінген, əрі таза, əрі кең бір чухон құжырасында
тұратын. Петрицкий лагерьде де қасында бірге болатын. Вронский мен
Яшвин екеуі үйге кеп кіргенде, Петрицкий ұйқтап жатыр екен.
— Түрегел, ұйқтауың жетті ғой, — деді Яшвин, қалтқыға кіре, мұрнын
жастыққа көме жатқан Петрицкийді иығынан жұлқып қалып.
Петрицкий тізелей ұшып түрегеліп, жалтақтай қарады.
— Сенің баурың келді осында, — деді Вронскийге. — Құрғыр өзі, мені
оятып жіберіп, тағы да келемін деп кетті. — Соны айтып, көрпесін
жамылды да, жастыққа қайта құлады. — Қойсаңшы, Яшвин, — деді,
көрпесін сыпырып жатқан Яшвинге ашуланып. — Қойшы! — деп бері
қарай аунап, көзін ашып алды. — Одан да не ішетінімді айт сен; аузым
жаман татып тұр, тіпті.
— Арақ абзал бəрінен, — деді Яшвин дүр етіп. — Терещенко! Баринға
арақ пен қыяр əкелші, — деді, өз даусына өзі сүйсінгендей, дабыстай
сөйлеп.
— Арақ дейсің бе? Ə? — деді Петрицкий, көзін тыжырына уқалап: —
Өзің де ішесің ғой? Бірге ішейік, ендеше! Ішесің бе, Вронский? — деді
Петрицкий, түрегеле бере, жолбарыс терісіндей көрпені қолтығынан төмен
шымқай оранып.
Қалтқы есігінен шыққан соң, қолын көтере, французша: «Король бопты
Ту-ла-да» деп əндетіп те жіберді. — Ішесің бе, Вронский?
— Жоғал əрі, — деді Вронский, малайы əперген сюртугін киіп жатып.
— Қайда барғалы тұрсың? — деді Яшвин. — Анау үш ат жеккен
коляскаң да келіп қапты, — дегенді қоса айтты, таяп келген колясканы
көріп.
Вронский Петергофтан он шақырым жердегі Брянскийге баруға
шынында уəде байлап, ат ақшасын ала бармақшы болған; соған да барып
үлгерейін деген ойға келіп тұр ол. Жолдастары бірақ өзге жерге барғалы
тұрғанын да түсіне қойысты.
Петрицкий əндеткен күйі: ол Брянский дегенің кім екенін білеміз
дегендей, көзін қыса, ұртын толтыра үрледі.
— Байқа, кешігіп жүрме! — деді Яшвин тек, сөйтті де, əңгімені
өзгертейін деген оймен: —Немене, сарым қолайыңа жағып жүр ме? — деп
сұрады, өзі сатқан, түптегі атқа терезеден қарай тұрып.
— Тоқтай қал! —деді Петрицкий саңқ етіп, кетіп бара жатқан
Вронскийге, — ағаң хат тастап, бірдеңе жазып кеткен болатын саған.
Сабыр ет, қайда еді өзі?
Вронский кідіре қалды.
— Қайда оның?
— Қайда еді бəсе? Əңгіме сонда боп тұр-ау! — деді Петрицкий
масаттана, сұқ қолымен маңдайын тірей ойланып.
— Айтсаңшы, ақмақтық қой мұның! — деді Вронский жымыя күліп.
— Пеш жаққамын жоқ. Бір жерде болуы керек осында.
— Жетті ғой алдауық! Хат қайсы?
— Жоқ, шып ұмытып тұрмын. Түсімде көрдім бе, əлде? Сабыр ет,
сабыр ет! Ашу не керек сол! Кешегі мен сықылды, адам басы төрт бөтелке
ішкен болсаң, қайда жатқаныңды да білмес едің сен. Сабыр ет, есіме
түсірейін қазір!
Петрицкий қалтқы аржағындағы керуетіне барып жатты.
— Сабыр ет! Мен осылай жатып, ол осылай тұрып еді. Жə-жə-жə, солай
екен... Міне хатың! — деді де, Петрицкий матрацтың астына тығып қойған
хатты суырып əперді.
Вронский хат пен ағасы жазған сəлемді алды. Онысы Вронский күтіп
жүрген нəрсенің, дəл өзі боп шықты: шешесінің келмедің деп өкпелеген
хаты мен ағасының сөйлесуіміз керек деген сəлемі екен. Вронский бұл
сəлемнің де сол жайында екенін түсіне кетті. «Не шаруалары бар екен
өздерінің!» деп ойлады Вронский, хатты жолда жөндеп оқығалы,
сюртугінің түймелері арасына жұмарлай сұғып жатып. Сенекте: бірі өз
полктарынан, бірі өзге полктан келген екі офицер жолықты оған.
Вронский пəтері қашан болса да күллі офицерлердің ойнағы болатын.
— Қайда тарттың?
— Петергофқа баруым керек еді.
— Патша селосындағы ат келіп пе еді?
— Келіпті, бірақ көргем жоқ əлі.
— Махотиннің Гладиаторы ақсап қалыпты десіп жүр ғой.
— Бекер сөз! Тек осы батпақта қалай жарысар екенсіңдер дейім, — деді
екінші біреуі.
— Па, сақтаушыларым келген екен ғой! — деді, алдында подносқа арақ
пен тұздалған қыяр сап көтерген шабарман тұрған Петрицкий, келген
офицерлерді көрген соң, саңқылдай сөйлеп. — Сергу үшін іш деп отырған
мына Яшвин ғой мұны.
— Əй, көресімізді көрсеттіңіз-ау кеше, — деді келгендердің бірі, — түні
бойы ұйқы бермедіңіз ғой.
— Жо-ға, қалай аяқтадық десеңші, біз! — деп Петрицкий шұбырта кеп
жөнелді. — Волков үйдің төбесіне шығып алып, жабырқап тұрмын деп те
соқты. Мен тұрып: музыка əкеле гөр, жаназа маршын тартсын деймін! Сол
күйі, жаназа маршы үстінде төбеде отырып, ұйқтап та қалды ол.
— Сөзсіз ішіп жібер арақты, ішіп жібер, содан соң сельтер суын жұтып,
көп лимон же. — деді Яшвин, баласына дəрі іш деп жабысқан анаша,
Петрицкийге төне тұрып, — содан соң барып, азырақ,— бір бөтелке
шамасы шампан ішіп ал.
— Мынауың табылған сөз екен. Сабыр ет, Вронский, ішіп жіберейік.
— Жоқ, қош болыңдар, мырзалар, бүгін ішпейтін күнім менің.
— Немене, ауырлап кетем дейсің, бе? Өзіміз-ақ ішеміз, ендеше. Сельтер
суы мен лимон əкел, кəне.
— Вронский! — деді біреуі дабыстап, Вронский сенекке шығып
қалғанда.
— Немене?
— Шашыңды қырғызсаң болар еді деймін, əйтпесе, анау қасқаңның
өзінде де шашын, өте ауыр келіп тұр екен.
Вронский шынында да мезгілсіз қасқа тарта бастаған болатын. Жиі тісі
көріне, мəз бола күлді де, фуражкасын қасқасына түсіре киген күйі, сыртқа
шығып, коляскасына барып мінді.
— Ат қораға тарт! — деп, оқығалы хатты алуға ыңғайлана берді де,
атты қарап шыққанша алаң болмайын деген ойға келді соңынан. «Соңыра
таман оқыйын!..»
XXI
Тақтайдан уақытша ат қора етіп жасалған балаған гипподром қасына
салынған еді де, аты соған кеше келтірілмекші еді. Атын өзі əлі көрген жоқты. Соңғы күндерде өзі атын мініп көрмей, ат жаратушыға
тапсырғандықтан, қазір соның не күйде келіп, не боп тұрғанынан түк те
білмейтін. Вронский коляскадан шыға салысымен-ақ, соның коляскасы
екенін алыстан танып тұрған ат бақташы (грум) дейтін бала, ат
жаратушыны да шақыра қойды. Ұзын қонышты етік, шолақ желетке киіп,
иегінің тек қырпуына ғана шоқша сақал қойған, қатыңқы ағылшын, атқа
жүруге ебі жоқтардың жүрісіне сала, қолтығын көтере қомпаңдап, алдынан
қарсы шықты.
— Жə, Фру-Фру қалай? — деді Вронский ағылшынша сұрап.
— All right 36 , sir — бəрі бабында, сударь, — деді ағылшын,
көмекейінің бір жерінен бұлдырата сөйлеп. — Бармағаныңыз абзал болар,
— деп қосып қойды, қалпағын көтеpiп. — Тұмылдырық кигізіп қойып
едім, аласұрып тұр. Бармай-ақ қойыңыз, алаңызып қалады.
— Жоқ, барайын. Көргім келіп тұр.
— Жүріңіз, — деді ағылшын, аузын сол ашпаған күйі, шытына сөйлеп,
сөйтті де шынтақтары ырғала, былқылдай басып, алға түсе жөнелді.
Екеуі барақ алдындағы аулаға келіп кірді. Жасана жаңа күрте киіп,
қолына сыпыртқы ұстаған пысықша нəубетші бала, келгендерді қарсы
алып, ілесе жүрді. Барақ ішіндегі бөліктерде бес ат тұр екен де, Вронский
бүгін осында келтірілмекші, басты бəс таласы, Махотиннің бес вершоктік
жирен айғыры — Гладиатордың да келіп тұрғанын біле қойды. Вронский өз
атынан гөрі, өзі көрмеген сол Гладиаторды көруге көбірек ынтықты;
Вронский бірақ ат асырау жөніндегі сыпайыгершілік заңы бойынша, оны
көру түгіл, тіпті жайын сұраудың өзі де ерсі екенін жақсы білетін. Ат
бақташы бала сол жақтағы екінші бөлік есігін, Вронский коридорда келе
жатқанда-ақ ашып қойғандықтан, сүйекті жирен жылқы мен ала аяғын
Вронский де көре өтті. Соның Гладиатор екенін білуін білгенмен, бөгде
адамның ашық тұрған қатынан тайсалған сезімдей бір сезіммен тайсала
өтті де, Фру-Фру бөлігіне келді.
— Мак-к... Мак... аты осында тұр, осы бір есімді жөндеп айта алмай-ақ
қойдым өмірі, — деді ағылшын, тырнағы кірлеп кеткен бас бармағын
иығынан асыра, Гладиатор тұрған бөлікті нұсқап.
— Махотиндікі ме? Я, менің елеулі жалғыз бəс таласым да сол өзі, —
деді Вронский.
— Сіз соған мінген болсаңыз, сіз жөнде бəс тіккен де болар едім, —
деді ағылшын.
— Фру-Фру елірмелеу де, ол қарулырақ жатыр, — деді Вронский, өз
жүрісін мақтағанға жымыя күліп.
— Тосқауылды жарыста əңгіме біткен pluch пен жүрісте ғой, — деді
ағылшын.
Вронский өз басында сол pluch, яғни батылдық пен жігер жағын
жеткілікті сезу үстіне, тіпті бір, ең маңызды жері, сол pluch жөнінде
дүниеде өзінен озар ешкім жоғына да əбден сенімді болатын.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 15
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.