Latin Common Turkic

Анна Каренина - 15

Total number of words is 4145
Total number of unique words is 1975
37.2 of words are in the 2000 most common words
52.7 of words are in the 5000 most common words
59.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Көп терлетудің керегі жоғын анық білесіз бе, өзіңіз?
— Керегі жоқ, — деді ағылшын. — Қатты сөйлей көрмеңіз. Ат
тықыршып қалады, — дегенді қоса айтты, екеуі сабан үстінде аяғын алмакезек басқан дыбыс шалынып тұрған жабық бөлік алдына келген соң, иегін
солай изеп қойып.
Ағылшын есік ашқан соң, Вронский бір кіп-кішкене жалғыз терезелі,
ала көлеңке бөлікке келіп кірді. Бөлікте тұмылдырықты қарагер бие, жаңа
төселген сабан үстінде, аяғын алма-кезек басып тұр екен. Вронский бөлік
ішін алакөлеңкеде шола бере, сүйікті биесінің бар тұлғасын бір қараспенақ, еріксіз тағы да шолып шықты. Фру-Фру өзі бойы орташа келген,
бітімінде кемшіліктері де бар жылқы екен. Сүйек бітімі жіп-жіңішке
келіпті; төс сүйегі өте салық болғанмен, омырауы тар екен. Сауыры сəл
шөмектеу бітіп, алдыңғы, əсіресе, артқы аяқтары едəуір талтақ келіпті.
Қолы мен санының шақпақ еттері де онша кесек емес екен; бірақ соған
орай, айылдығы аса жалпақ екен де, қазір ішін тартқызып, жаратқан кезде,
онысы ерекше таңырқатып та тұр. Жіліншік сүйектері, алдынан қарағанда,
саусақтан жуан емес екен де, соған орай, бүйірден қарағанда, төтенше
жалпақ екен. Қабырғадан өзге денесі, қос бүйірден қаншырдай тартылып,
тұрқын созып қойған сықылды екен. Бірақ осы кемшіліктерін түгел
ұмыттыратын, өте бір озық жатқан сапасы да бар екен; ол сапасы қан жағы
екен де, ағылшындар айтқандай, ол қаны көрініп те тұр екен. Атлас
сықылды жып-жылтыр, жұп-жұқа, ыңғайлы терісіне тарау-тарау жайылған
Тамырлары астында шор-шор көрінген шақпақ еттері де сүйек сықылды
қатты екен. Көзі тосырая ойнақшып, жалтылдай қараған құп-қу етсіз басы
да, қаны шеміршегіне қызара құйылған талыстай танауының желбезегіне
таман жеткенде жайылып кетіпті. Бүкіл сол тұрған тұлғасында, əсіресе, бас
бітімінде белгілі бір қуат пен, соған қоса бір нəзік əлпет бар екен.
Сөйлемесе тек, сірə, ауыз бітімінің өзгешелігі ғана сөйлеуге дес бермейтін
жануарлардың бірі екен өзі.
Вронскийге, қазір өзі соған қарай тұрып сезгендерін, сол бие де, ең
болмағанда, түгел түсініп тұрғандай көрініп кетті.
Вронский келіп кірісімен-ақ, о да ішіне ауаны ышқына тартып,
тосырайған көзін, аласына қан толардай қайшылай қадап, келгендерге
қарсы тұстан тұмылдырғын сілке, аяғы майыса, кезек баса тұрып қарады.
— Тықыршып тұрғанын көрдіңіз ғой, əне, — деді ағылшын.
— Ой, жануарым! Ой! — деді Вронский биеге жақындай, жылы-жылы
сөйлеп.
Вронский бірақ неғұрлым жақындаған сайын, бие де соғұрлым
тықыршып кетті. Вронский басына жуықтаған кезде ғана барып, бие қалт
басылып, тып-тықыр майда түк басқан көк еттері дірілдеп қоя берді.
Вронский биенің бекем біткен мойнын сыйпап, қыр желкесінде екінші
жағына жығылып кеткен жалын оңдай, бетін жарғанаттың қанатындай
делдиген, жұп-жұқа танауына тақай жақындады. Бие ауаны осқыра тартып,
делдеңдеген танауынан күрсіне шығарған күйі, дір ете қалып, құлағын
жымыра, Вронскийдің жеңінен ала түсейін дегендей, қатқыл қара ернін
соза ұмтылды. Бірақ тұмылдырығы бары есіне түсіп, соны сілкіп қойды да,
қаздыйған аяғын тағы да алма-кезек ауыстырып баса бастады.
— Так, жануарым! Так! — деп Вронский, сауырын қолымен тағы да
сыйпап, бие жайы өте жақсы екен деген қуанышты оймен, бөліктен қайта
шықты.
Биенің тықыршығаны Вронскийді де шалып кетті, қаны жүрегіне
құйылып, бие сықылды өзі де жүріске ынтығып, қыршып алғысы кеп
тұрғанын сезінді, қорқыныш та, көңілді де келіп тұр.
— Сөйтіп, сізге сеніп тұрмын, — деді ол ағылшынға, — алты жарымда
сонда болсын.
— Бəз бабында бəрі, — деді ағылшын. — Өзіңіз қайда барасыз,
милорд? — Деді тұтқыйыл сұрай кетіп, өзі əсте қолданбайтын сол бір myLord деген атауды қолданып.
Вронский басын таңырқай көтерді де, қарай білетін əдетінше,
ағылшынның өжет сұрауына таңданған күйі, көзіне қарамай, маңдайына
қарады. Ағылшын бірақ бұл сұрауды бергенде, Вронскийге қожайын деп
қарамай, атқа шабушы деп қарағанын аңғарған соң:
— Брянскийге баруым керек еді, бір сағаттан соң үйде боламын, — деп
жауап берді.
«Бүгін осы сұрауды неше рет берді десеңші, өзіме!» деді ішінен, бір
сирек əдетіне сала, қызарып кетіп, қадала қарады оған. Сөйтті де,
Вронскийдің тынын біліп тұрған кісідей:
— Бəйге алдында байсалды болу деген басты əңгіме, — деп қосып
қойды, — көңліңізді алаң ғып, ешнəрсеге кірарзып жүрмеңіз.
— All right, — деп Вронский күлімдей жауап берді де, коляскаға қарғып
мінісімен-ақ, Петергофқа тарт деп бұйырды.
Вронский бірнеше қадам жүрген соң-ақ, таңертеңнен жауғалы құрыстап
тұрған бұлт, шымқап алып, қалың нөсер құйып кеп берді.
«Жаман болды-ау! — деді Вронский, колясканың төбесін көтеріп
жатып, — былайша да батпақ еді, енді тіпті саз боп кететін болды». Жабық
коляскада жалғыз отырып, шешесінің хаты мен ағасы жазған сəлемді алып,
оқып шықты.
Я, бəрі сол, баяғы бір сарын екен. Анасы да, ағасы да, бəрі түгелдей
осының жүрек ісіне килігуді керек деп тапқан. Сол килігулері Вронскийдің
ашуын қоздырып, сирек сезінетін бір сезімге əкеп түсірді. «Не шаруалары
бар екен өздерінің? Қыйт еткені менің қамымды ойлауды борыш көретін
мəнісі не екен сол? Неге жабыса береді екен солар маған? Неге екені,
осының өзін өздері түсіне алмайтын бірдеңе деп біледі. Бұл өзі қауымның
бір əдеттегі пасық байланысы болса, маған тиіспеген де болар еді. Мұнын,
ойыншық емес, өзге нəрсе екенін де, сол əйелдің маған өмірімнен қымбат
екенін де сезіп жүр олар. Олардың түсінбейтіні сол да, соған қынжылады
түге. Тағдырымыз не тағдыр болса, ол тағдыр болсын, жасауын жасап
қойғамыз оны, оны даттар жайымыз жоқ біздің, — деді, біз деген сөз
арқылы Анна мен өзін қоса айтып. — Жоқ оларға керегі, өмірді қалай
сүруді үйрету болып жүр бізге. Бақыттың не екенін де түсінбейді олар. Осы
махаббатсыз бізге_ бақыт та, бақытсыздық та — өмір де жоқ екенін
білмейді олар», — деп ойлады ол.
Вронский киліге береді деп бəріне түгел ашуланғанда, сол бəрі
дегендердің, айтқаны оң екенін де ішінен сезген соң ашуланды. Анна
екеуін жалғаған махаббат, біреу-міреудің өмірінде жайлы, жайсыз ұғымнан
өзге із қалдырмай өте шығатын қауымдық байланыс сықылды, минуттік
көрсе қызарлық емес екенін де сезіп келеді өзі. Күллі қауым көзіне шалына
кететін жерде жүрген екеуіне махаббаттарын жасыру, өтірік айту, алдау
жайы да ауыр азап, қыйын сор екенін қоса сезіп келеді; екеуін жалғаған
ынтықтық құмары да соғұрлым күшті соғып, өз махаббаттарынан өзгені
екеуі де түгел ұмытып жүргенде, өтірік айту, алдау, қулыққа сала, үнемі
өзге жайды ойлау деген де соған сайып тұр.
Вронский өз бітіміне соғұрлы жат өтірік айту, алдау қажет болған
жайлары да жиі жолыққанын есіне түгел түсіріп шықты; сол алдау мен
өтірік айту қажет болғандықтан, Аннаның да талай дүркін ұялғанын есіне
ерекше айқын түсірді. Содан келіп, Аннамен араласқалы бері бағзы-бағзы
уақыттарда сезетін оғаш сезімдерін де түйсінейін деді. Онысы бір
əлденеден: əлде Алексей Александровичтен, əлде өзінен, əлде күллі
қауымнан түршіккен сезім еді де, — оны өзі жақсы білмеуші еді. Бірақ сол
оғаш сезімді өз бойынан ылғый серпіп тастап та жүретін. Қазірде де бойын
серпіп қойып, ой ұшығын жалғап əкетті.
«Я, бұрын өзі бақытсыз болғанмен, асқақ та, тыныш та адам еді, қазір
болса, өзі оны білдірмегенімен де, тыныштық тауып, астамсыр жайы
қалған жоқ. Я, тындым ету керек мұны», — деді өзінше байлау айтып.
Содан, бұл өтірікті тыюымыз керек, тыйғанда, неғұрлым тезірек
тыйсаң, соғұрлым жақсы болады деген айқын ой басына алғашқы рет осы
арада келді. «О да, мен де бəрін тастап, махаббатымызды ала, бір жаққа
жоғалуымыз керек», — деді ішінен.
XXII
Нөсер ұзақ жауа қоймай, батпақта делбесіз шапқан қосар аттарды соза
тартқан түптегі аттың бар желісімен жүрген Вронский жүйткіте жеткенде,
күн тағы да көрініп, бас көшенің екі жағындағы дача төбелері мен баудағы
қарт жөке ағаштары жауын суынан жылтылдап, бұтақ-бұтақтағы тамшы
жарыса тамып, төбе-төбелерден төгіле құйып тұр екен. Ол енді осы нөсер
гипподромды да бүлдіріп кетеді-ау дегенді ойлай қоймай, қазір осы жаңбыр
арқасында Аннаны үйінде жалғыз жолықтыратын шығармын деп қуанды,
өйткені су емінен жуырда қайтқан Алексей Александрович Петербургтен
келіп орнықпағанын қанық білетін өзі.
Вронский, Аннаны жалғыз жолықтырармын деген дəмемен, жұрт
назарын аудара қоймайын деп, қашанғы əдетінше, көпірден өтпей түсті де,
жаяу тартты. Көше жақтағы есіктен бармай, қора жақтан барып кірді.
— Барин келді ме? — деп сұрады бақшашыдан.
— Жоқ, келген жоқ. Барыня үйінде. Сыртқы есік жақтан-ақ кіре беріңіз;
кісілер жүр сонда, ашып береді, — деді бақшашы.
— Жоқ, бақ жақпен барам.
Содан, Аннаның жалғыз екеніне көзі жеткен соң, өзі əрі бүгін келем
деген уəде бермегендіктен, бəйге алдында келер деу Анна ойында да жоқ
шығар, аңдаусыз барайын деді де, қылышын қымтый ұстаған күйі, гүл
егілген жол құмын ептей басып, баққа шығатын террасаға қарай тартты.
Вронский енді өз халінің əрі ауыр, əрі қыйыншылығы жайында жолда
ойлағандарын түгел ұмытып та кетті. Қазір ол, Аннаны жалғыз қыялымда
ғана көрмей, өмірдегі бар көркімен отырған өз келбетін көремін деген бір
ғана ойдың үстінде болды. Вронский дыбысым шықпасын деп, террасаның
қыялау басқыштарына аяғын түгел дағдай басып, үйге кіріп қалған кезде
кеп, өз басы ылғый ұмыта беретін, Аннамен арадағы қарым-қатнасында ең
бір азап жақ боп жүрген, — телміре қараған қарасы өзіне жексұрын
көрінетін баласы да есіне қалт түсе кетті.
Ол баланың қырсығы екеуінің қарым-қатнасына өзгеден гөрі көбірек
тиетін. Ол бала барда Вронский де, Анна да жұрт біткеннің көзінше айта
алмайтын əлдене жайын айтуға батпақ түгіл, тіпті бала түсіне алмайтын
нəрсені мегзеп айтуға да батпайтын. Ол жайында екеуі уəделеспегенмен де,
өзінше қалып алып кеткен жай болатын онысы. Ол баланы алдауды екеуі
өздеріне мін көргендей де еді. Бала барда таныс адамдарша ғана
сөйлесетін. Бірақ, осылай сақтана жүрсе де, сол баланың көзі өзіне сүзіле,
шұқшыя, таңырқай қадалып, біртүрлі жасқаншақ, ызақор тартып, бірде
еркелей, бірде суық келіп, имене беретінін де Вронский жиі көретін. Осы
адам мен шешесі арасында мағнасын түсінуге өз тəлеті жетпейтін
əлденендей бір маңызды жайлар барын да бала сезіп тұрған сықылды
болатын.
Бала өзі, шынында да сол жайды түсіне алмайтынын сезіп, осы адамға
деген сезімін анықтайын десе де, ой қуаты жетпейтін, Вронский жайында
əкесі де, тəрбиешісі де, даяшысы да ештеңе демегендерімен, соны бəрі
жақсы көрмек түгіл, қайта жандары түршіге, шошый қарап, шешесі болса,
соған бір аяулы досындай қарайтынын да, балаға біткен қағілез
сезімталдығымен айқын аңғарып жүретін.
«Бұл немене екен өзі? Кім болды екен бұл? Қалай жақсы көруге болар
екен өзін? Түсінбегеніме айыпты ма екем əлде; əлде ақмақ, əңгүдік бала ма
екем?» деп ойлайтын. Вронскийді қымсындыра беретін сол бір сынай,
телміре, бір жағынан, жек көре қарайтын əлпеті де, жасқаншақ,
ызақорлығы да осыдан болатын оның. Вронскийдің соңғы кезде сезіп
жүрген себепсіз жексұрын оғаш сезімі де, сол бала болса-ақ, айнымай сап
ете түсетін. Сол бала отырса-ақ, Вронский мен Анна екеуінде де заулап
келе жатқан бағыты, барар бағытынан əлдеқайда аулақ тартып кеткенін
компасқа қарап көргенмен, жүрісті тоқтатуға дəрмені жетпей, барар
бағытынан минут сайын алыстай түссе де, шегінемін дегенді өліммен тең
көрген теңізшінің сезіміндей бір сезім пайда болатын-ды.
Өмірге қаперсіз қарайтын осы бір бала, екеуінің біле тұра, білгілері
келмеген нəрселерінен, қаншалықты ауытқып бара жатқандарын көрсететін
компас еді.
Сережа бұ жолы үйде жоқ екен де, Анна жалғыз өзі террасаға шығып,
серуенге кеткен баласы жаңбырда қалып, соның қайтуын күтіп отыр екен.
Баласын іздеуге қыз бен бір адам жіберіп, күтіп отырғаны сол екен. Кең
тігілген ақ көйлегін киіп, терраса бұрышындағы гүлдердің қалтарысында
отыр екен де, Вронскийдің келгенін естімей де қалды. Қара бұйра шашы
жараса, басын еңкейткен күйі, маңдайын жақтауда тұрған сап-салқын су
сепкішке төсей, Вронскийге соншалық қанық, сақыйналы əдемі екі
қолымен су сепкішті демей ұстап отыр екен. Бар келбеті, басы, мойны,
қолының көркі Вронскийді əрдайым бір тосын нəрседей таң-тамаша
қалдыратын. Аннаға өзі сүйсіне қараған күйі тұрып та қалды. Бірақ соған
жақындайын деп, аяғын басқаны-ақ сол еді, Анна да соның келе жатқанын
сезе қойып, су сепкішті ысыра, албыраған бетін соған қарай жалт бұрды.
— Немене? Сырқаттанып қалдыңыз ба? — деді Вронский французша,
қасына келе беріп. Ол өзі оған қарғый ұшып келуге де бар еді; бірақ бөгде
адамдар болар деген оймен, балкон есігіне қарады да, қорқып, жалтақтайды
екем-ау дегенді сезіп, əр кездегі əдетінше, қызарып қоя берді.
— Жоқ, саумын, — деді Анна, түрегеле бере, Вронскийдің ұмтыла
созған қолын қатты қысып. — Келер деген жоқ едім... сені.
— Құдай-ау! Не деген суық қол өзі! — деді Вронский.
— Мені қорқытып жібердің өзің, — деді Анна. — Жалғыз өзіммін,
Сережаны күтіп отыр ем, серуенге кетіп еді; осы жақтан келеді олар.
Əзі бірақ байсалды болайын дегенмен де, ерні дірілдей берді.
— Келгеніме кешірім етіңіз, сізді көрмесем, күнді батыра алмайтын да
болдым, — деді Вронский, араларындағы орысша өте суық сіз бен
қорқынышты сен екеуінен тайқай, французша сөйлеп.
— Кешірер не бар дейсіз? Қуанып кеттім сонша.
— Жоқ, не сырқат, не кейіген адамсыз, — деді Вронский, Аннаның
қолын ұстаған күйі, үстіне түсіп кете жаздап. — Не ойлап едіңіз?
— Баяғы бір жай ғой, — деді Анна күлімсіреп.
Аннаның айтқаны шыны еді. Не ойлап едіңіз дегенді қашан, қай
минутта сұраса да, Анна сол: бір жай, өз бақытым мен бақытсыздығым
жайын ойлап отырмын дегенмен жаңылмас та еді. Қазір Вронский үстінен
шыққан кезде де, ойлап отырғаны дəл мынау еді оның: өзге жұртқа,
мəселен, Бетсиге (Анна оның қауымнан жасыра Тушкевичпен жалғасып
жүргенін жақсы білетін) түгел бір оп-оңай болғанда, маған осынша азап
болғаны несі екен? — дегенді ойлап отыр еді. Бүгін кейбір реттерден осы
ойы қатты қыйнаған да болатын. Вронскийден бəйге жайын сұрастырды
Анна. Вронский жауап беруін бергенмен, қабаржып отырған жайын керген
соң, көңлін аулағысы келіп, бəйге əзірлігінің жай-жапсарын бажайлап
тұрып айта бастады.
«Айтсам ба екен, айтпасам ба екен? — деп ойлады Анна, Вронскийдің
сабырлы, мейрімді көзіне қарай отырып. — Өзі сол бəйгесіне соғұрлы
құлай беріліп, қарқ боп жүрген соң, оны байыбына бара түсінбейді де, ол
уақыйғаның өзімізге деген мағнасына түгел жетпейді де ғой бұл».
— Сіз бірақ мен кірген кезде ойлап отырғаныңыздың жайын айтпай
кеттіңіз, — деді Вронский, əңгімесін бөліп, — соны айтыңызшы!
Анна жауап бере қоймай, басып сəл тұқыртқан күйі, ұзын кірпіктері
қоршаған нұрлы көзбен Вронскийге қабағының астынан қуыстана қарады.
Үзілген жапырақты ойнатып отырған қолы қалтырап та кетті. Вронский
сонысын көрген соң, Аннаға бір сонша жағып кететін, қайт етпей, құл бола,
мөлие жеңілген əлпет көрсетті.
— Бірдеңе болған ғой, көріп отырмын. Қайғыңыз барын біле тұрып,
соған ортақтаспайынша, бір минут тыныштық табар жайым болар ма екен
менің? Құдай риза болсын, айтыңызшы! — деді қайыра жалынып.
«Рас, оның мағнасына түгел жетпейтін болса, кешірмеймін де мұны.
Айтпағанның өзі артық, сынап не керек сол?» — деді Анна ойланып,
Вронскийге сол қараған күйі, жапырақ ұстаған қолы одан бетер қалтырап.
— Құдай риза болсын! — деді Вронский, қолын ұстай бере, қайталап.
— Айтайын ба?
— Я, я...
— Екіқабат боп қалыппын, — деді Анна ақырын, баяу сөйлеп.
Қолындағы жапырақ одан бетер қатты қалтырағанмен, сол сөзді
Вронскийдің құп алған-алмағанын көрейін деп, бетінен көз айырмады.
Вронский бозарып кетіп, бірдеңе дейін дегенмен, одан да қайтып, Аннаның
қолын қоя берген күйі, басы тұқырып кетті. «Я, ол уақыйғаның мағнасына
түгел жетейін деді бұл», — деп ойлады да Анна, риза бола, қолын қысып
қойды.
Бірақ, əйел болған соң, ол хабардың мəнін өзім түсінгендей о да түсінді
ғой деген оймен, Анна жаңылып та кетті. Сол хабарды естігенде,
əлдекімнен түршіккен оғаш сезімі буып кеткенін Вронский əлдеқайда
күшті сезінді; бірақ соған қоса, қалаған дағдарысы қазір жету жаққа бет
алып, бұдан əрі күйеуінен де жасыруға жай қалмай, осы бір сөлкеу жайды
қалай дегенмен де, тезірек ашу керек екенін түсіне кетті. Оның үстіне,
Аннаның абыржуы да қоса батып тұр өзіне. Аннаға жүйе-жүйесі босай,
жеңіле қараған күйі, қолын сүйіп, түрегелді де, террасада үн-түнсіз жүре
бастады.
— Я, — деді, Аннаға тартынбай жетіп келіп. — Қарым-қатнасымызға
мен болсам да, сіз болсаңыз да, ойыншық деп қараған емеспіз, тағдырымыз
шешіліп те қойды. Ауғал ғып жүрген өтірігімізді тындыру керек енді, —
деді жалтақтай қарап.
— Тындыру керек дейсің бе? Қалай тындырайық, Алексей? — деді
Анна, ақырын сөйлеп. Қазір өзі тынышталып, жүзі елжірей күле жайнап
тұр екен.
— Күйеуді тастап, өмірімізді қосуымыз керек.
— Өміріміз былайша да қосылған өмір ғой, — деді Анна, естілерестілмес етіп.
— Рас қой, бірақ біржола қосуымыз керек.
— Ал, қалай қосайық, Алексей, үйретші, — деді Анна, жай-күйінің
қыйындап кеткенін жабырқай мұқатып. — Осындай күйден де құтылатын
жол бола ма екен? Күйеуімнің жары емес пе екем мен?
— Қандай күйден болса да құтылуға болады. Беки білу керек, — деді
Вронский. — Басыңдағы жайыңнан бəрі артық солардың. Сенің, жұрт
біткеннің бəрінен, қауымнан да, балаңнан да, күйеуіңнен де қысылып
жүргеніңді танып тұрмын мен.
— Қой, күйеуіңнен қысылдың дей көрме тек, — деді Анна, жай
сылтыңмен. — Оны білмеймін де, ойламаймын да өзім. Ол жоқ кісі бір.
— Шын сөзін, емес бұл. Білемін сені. Күйеуің жайында да қыйналып
жүрсің.
— Білмейді де ол, — деп Аннаның жүзі қапелімде қып-қызыл боп кетті;
беті де, мойны да, маңдайы да қызарып, ұялғаннан кезінен жасы да шығып
кетті. — Қойшы, айтпай-ақ қоялық соны.
XXIII
Вронский, қазіргісіндей батыл кіріспегенмен де, Аннаның өз жайын
талқыға салуға талай жолы-ақ тартып көрген болатын оны, соның қайқайсысында болсын, жаңағыдай қайраған сөзіне Аннаның əлгі берген
жауабы сықылды үстірт, жеңілтек пікіріне тап бола беретін. Сол жайының
өзінде Аннаның бір айқындай алмайтын, не болмаса тіпті, айқындағысы
келмейтін əлденелері бар тəрізденіп, соны айта бастаса-ақ, осы отырған,
нағыз Анна əлдеқайда жоқ боп кетіп, Вронскийге жат, өзге бір, оғаш əйел
шыға келгендей болатын да, Вронский де өзін сүймей, қорқа беретін; ол
болса, мұны бет бақтырмайтын. Вронский бірақ бəрін айтуға шешіле кірісті
бүгін.
— Біле ме, білмей ме ол, — деді Вронский дағдылы орнықты, салмақты
сарынына сала сөйлеп, — біле ме, білмей ме ол, онысында шаруамыз жоқ
біздің. Біз бүйтіп... əсіресе, қазіргі күнде бұл күйі қалар жайыңыз жоқ
сіздің.
— Не істеуіміз керек, сізше? — деді Анна, баяғы сол жеңілтек
сылтыңына басып. Анна өзі екіқабат жайымды оңай-оспақ көре ме деп,
сонша қорқа отырып, қазір Вронский содан бірдеңе қолдану керек деген
түйін шығарғанына қынжылып та қалды.
— Өзіне түгел айту керек те, тастап кету керек.
— Мақұл, соны істей қойған-ақ болайын мен, — деді Анна. — Соның
не боларын білесіз бе, өзіңіз? Алдын ала-ақ түгел айтуға бармын, —
дегенде, бұдан бір минут бұрын елжірей қарап отырған көзінде мысқыл
оты жалт ете түсті. — «Ə, сіз өзіңіз өзге біреуді сүйіп, қылмысты қылыққа
кіріскен екенсіз ғой? (Анна күйеуінің мінезіне сала, осының өзін құдды
Алексей Александровичше істеп, қылмысты деген сөзді баса айтты.) Дін,
семья, азаматтық жағынан ақыры неге соғарын ескерткемін сізге.
Айтқанымды тыңдамаған өзіңіз болатынсыз. Енді келіп өз атымды масқара
етер жайым жоқ менің... өз баламды, — дегісі де келе тұрып, баласын мазақ
ете алмады бірақ... — Атымды масқара етер жайым жоқ», тағы да осы
сықылды бірдеңелер, — дейді деп қосып қойды. — Жалпы ол мені жібере
алмаймын дегенді мемлекеттің əуеніне баса, ашық, айқын айтады да,
шатақты тыюға қолынан келген шараларын істейді. Айтқандарын саспай,
мұқыят істейді əрі. Не болары сол, əне. Ашуына мінгенде, адам емес,
машина боп кетеді ол, машина болғанда, қаһарлы машина бір, — дегенді
қоса айтты да, айтқанда, Алексей Александровичтің кескінің сөйлеу нəшін,
мінезін егжей-тегжейімен есіне түгел түсіріп, басынан жаман деп тапқан
нəрселерін түгел кіна етіп, соның алдындағы өзінің сұмдық айыбы үшін де
оған түк кешірім бермей айтты.
— Жоқ, Анна, — деді Вронский, жұбатқысы келіп, даусын бəсеңдете,
төндіре сөйлеп, — дегенмен де, өзіне айтуын айтып тұрып, сонсын,
қолданған шарасына қарай амалын істеуіміз керек.
— Немене, қашу керек пе?
— Қашпайтын да немене бар дейсің? Бұл күйде қала берудің орайын
көре алмай тұрмын мен. Оны өзім үшін емес, сіздің қасіретіңізді көрген соң
айтып тұрмын.
— Ə, қашып кетіп, сіздің ашнаңыз болуым керек екен ғой? — деді
Анна, зіл шақыра сөйлеп.
— Анна! — деді Вронский, өкпелей базына етіп.
— Я, — деді Анна, ойын жалғап, — ашнаңыз болып алып, түгел қор
қылу керек екен ғой...
Анна баласын тағы да айтайын дегенмен, аузы бармады ол сөзге.
Вронский Аннаның адуын, адал бітіммен отырып, осы алдамыш
ахуалға қалай көніп, содан қалай құтылғысы келмей отырғанын түсіне
алмады; соның басты себебі Аннаның аузы барып айта алмай отырған бала
деген сөз екенін түсінген жоқ ол. Анна өзі баласын, соның əрі, əкесін
тастап кеткен шешесіне деген болашақ қарым-қатнасы жайын ойлағанда,
істеген ісін ойланып-толғанбай істеп, əйел болған соң, бəрі байырғы
қалпында қала берсін де, балам жайы не болады деген сұмдық сұрауды
ұмытатын болайын деумен, өзін өзі құр жалған толғау, жай сөзбен
жұбатпақ болғанына үрейі ұшып та кетті.
— Өтінем де, жалынам саған, — деді Анна, қапелімде бер өзге, шын,
елжірей шыққан лебізбен, Вронскикдің қолын ұстай беріп, — ол жөнінде
əсте сөйлеспе менімен!
— Қой, Анна...
— Əсте. Өз ырқыма бер. Жайымның асқан арам, сұмдық жай екенін де
білем. Бірақ оны шеше қою сен ойлағандай оңай-оспақ нəрсе емес. Өз
ырқыма қой да, айтқанымды жықпа. Ол жөнінде əсте сөйлеспе менімен.
Уəде бересің ғой маған? Жо-жоқ, уəде бер!..
— Уəдем əзір, бірақ, əсіресе əлгі айтқандарыңды естігеннен кейін,
тыныштық табар жайым болмай отыр. Сен тыныштық таппай тұрып,
тыныштық табар жайым жоқ менің...
— Мен бе? — деді Анна қайырып. — Бағзы кезде қыйналып та қоям,
рас; бірақ əлгі жөнде өзін, менімен əсте сөйлеспейтін болсаң, ол
қыйналғаным басылып та кетеді. Менімен сол жөнде сөйлессең, сонда ғана
қыйнайды ол мені.
— Түсінсем не дейсің, — деді Вронский.
— Сенің адал бітіміңе, — деп Анна киіп əкетті, — өтірік айту деген
қандай ауыр екенін де білемін, аяймын сені əрі. Өміріңді маған бола қайтіп
қор еткеніңді көбірек ойлаймын.
— Маған бола бəрін қалай құрбан етті екен деп, мен де қазір соны
ойлап едім, — деді Вронский. — Сен бақытсыз боп отырғанда, өзімді өзім
кешірер жайым жоқ менің.
— Мен бақытсызбын ба? — деді Анна, соған жақындаған күйі,
махаббаттың мəз жымыңына сала қарап, — мен деген бір — алдына ішуге
ас қойған аш адам сықылды жанмын. Бəлкім, ол, көйлегі жыртық,
қоңылтақ, ұялып та отырған болар, бірақ бақытсыз жан емес ол.
Бақытсызбын ба мен? Жоқ, менің бақытым əне...
Анна қайтып келе жатқан баласының даусын естіген соң террасаны тез
шолып өтті де, ұшып түрегелді. Көзінде Вронскийге қанық оты лап ете
түсіп, сақыйналы əдемі қолын шапшаң көтере, Вронскийдің басын құшқан
күйі, сарыла қарап тұрып, ерні күлімсірей ашылған əдемі жүзін таяп келіп,
аузы мен екі көзінен лып ете сүйіп-сүйіп алды да, итеріп кеп жіберді. Анна
кетейін деп еді, Вронский жібермеді.
— Қашан? — деді, сүйсіне қараған күйі, сыбырлай сөйлеп.
— Бүгін, сағат бірде, — деп Анна да сабыр етіп, қатты күрсініп сала,
баласының алдынан барғалы, елпілдей тез басып, шыға жөнелді.
Жаңбыр, Сережа үлкен бақта жүргенде жауыпты да, даяшысы екеуі
күркеде отырып қалыпты.
— Жə, хош бол, — деді Анна Вронскийге. — Бəйгеге кешікпей бару
керек. Бетси соға жүрем деген маған.
Вронский сағатқа қарады да, асығып жүріп кетті.
ХХІV
Вронский Карениндер балконында сағатқа қарағанда, қатты абыржып,
өз ойымен əуре боп тұрғандықтан, цифрдағы сағат тілін көруін көрсе де,
қай сағат екенін аңғара алмапты. Тас жолға шыққан соң, батпақта дағдай
басып, коляскасына қарай тартты. Аннаға деген сезім өзін қатты иектеп
кеткендіктен, қай сағат екенін де, Брянкскийге баруға уақыт бар ма, жоқ па
дегенді де ойлаған жоқ. Басында құр, неден соң не істейтін едім деген, жиі
ұшырай беретін бір, үстірт ойдың ғана қабілеті қалыпты. Қалың жөке
ағаштың қыйыстап қалған көлеңкесіндегі коляска текшесінде қалғып
отырған көшіріне келіп, терлеген аттар үстінде ұйлыға шалқып, ұйтқый
құжынап жүрген шіркейлерді тамашалаған соң, көшірін оятып, коляскаға
қарғып мінді де, Брянскийге тарт деп бұйырды. Жеті шақырым шыққан
соң-ақ, көңлі əбден орнығып, сағатына қарады да, бес жарым болған соң,
кешіккенін де аңғара кетті.
Сол күні бірнеше бəйге: əуелі айдамалы бəйге, одан соң офицерлердің
екі шақырымдық, төрт шақырымдық бəйгесімен əлгі, Вронсккй өзі
қатнасатын бəйге бар еді. Вронский өз бəйгесіне үлгергенмен, Брянскийге
баратын болса, бəйгеге келген күнде де, сарай адамдары түгел жыйналып
қалған кезде келетін жаққа шықты. Жақсы да емес еді онысы. Брянскийге
бірақ барам деп сөз беріп қойған соң, ілгері тарта беруге бекіді де, көшіріне
аттарды аяма деп бұйырды.
Брянскийге келген соң, бес минут болды да, қайта заулатты. Осы тез
жүріс өзін шынықтырып та тастады. Аннамен қатнасы жайындағы ауыр
ойлар мен соңғы əңгімелерінен кейінгі енжарлық көңлінен шығып та кетті;
қазір өзі бəйге жайын, қайткенмен де үлгерем ғой деген үмітін елегізе,
балбырай ойлап, бүгін түнде жолығамыз-ау деген бақыт дəмесі де
қыялында ауық-ауық маздай жанып келеді.
Дачалар мен Петербугтен бəйгеге бара жатқан экипаждардан оза, бəйге
деңгейіне жақындаған сайын, алдағы жарыс сезімі де өзін соғұрлы билеп
əкетті.
Пəтер үйінде ешкім жоқ екен: түгел бəйге басына кетіпті де, қақпа
қасында малайы ғана тосып тұр екен. Вронский киініп болғанша, малайы:
екінші бəйге де басталып қалды, сізді сұрай көптеген мырзалар келіп кетті,
ат қорадағы бала екі рет жүгіріп келді дегенді айтты.
Вронский асықпай киініп болып (өзі өмірі асықпайтын да, саспайтын
да), баракқа тарт деп бұйырды. Барақ тұрған жерден гипподром төңірегінде
құжыған экипаж, жаяулар мен солдаттар, шатырларда қайнаған халық
көрініп те тұр. Вронский баракқа кірерде қоңырау даусын естуіне
қарағанда, екінші бəйге болып жатқан да түрі бар екен. Ат қораға жете
бергенде, Махотиннің ала аяқ жирен Гладиаторына кездесті, көк құлағы
шаншыла, жойдасыз ұзын көрінген, көк ендірген сары кежім жауып,
гипподромға апара жатыр екен оны.
— Корд қайда? — деді Вронский атшыға.
— Қорада, ерттеп жатыр.
Аузы ашық бөлікте Фру-Фру ерттеулі де тұр екен. Сыртқа шығаруға
ыңғайласа бастады.
— Кешіккем жоқ па?
— All right! All right! Бəз бабында бəрі, бəз, — дей берді ағылшын. —
Абыржый бермеңіз.
Вронский тұлабойы түгел дірілдеп тұрған биенің сымбатты, сүйікті
келбетін тағы да шолып өтіп, сол көріністен көзін əрең айырған күйі,
далаға қайта шықты. Шатыр маңына, ешкім назарына шалынбайын деп,
нағыз қолайлы көзін тауып келді өзі. Екі шақырымдық жарыс жаңа ғана
аяқталып, көз біткен аттарын өліп-тіріле төпеп, бағанға таяп келе жатқан
алдағы кавалергард пен артындағы лейбгусарға қадалып отыр екен.
Айналманың іші, сыртындағы күллі жұрт бағанға қарай иін тіресе
ұмтылып, кавалергард тобындағы солдаттар мен офицерлер өз офицер
жолдасының озып келетін салтанатын қуаныш қып, жаңғырықтыра
айқайласып жатыр. Бəйге аяқталғанын білдіре қоңырау соғылып, үстіне
батпақ шашырай, озып келген бойшаң кавалергард еріне етпеттей, терден
қарауыта, қатты тыныстаған көк айғырының тізгінін ірке бастаған
жөнелдеме кезде, Вронский де кеп топ ішіне байқаусыз қосылып кетті.
Айғыр, алпамсадай денесінің қатты екпінін, аяғын ішірене тіреп тежей
берді де, кавалергард офицері шырт ұйқыдан оянған адамдай, төңірегіне
сол кезде кеп қарап, əрең дегенде барып жымыя күлді. Өз адамдары,
өзгелер тобы төңірегін қоршап əкетті.
Вронский шатырлар алдында емін-еркін, баптана сөйлесіп жүрген
мəртебелі қауым тобына қасақана жуымады. Каренина да, Бетси де,
ағасының əйелі де сонда екенін білгенмен, алаң болармын деп, оларға да
əдейі бармады. Бірақ дамылсыз жолыққан таныстары бұрынғы
жарыстардың жай-жапсарларын айтып, кешіккен мəнісін сұрап, тоқтата да
берді өзін.
Жарысқандар бəйгелерін алуға шатырға шақырылып, жұрт біткен солай
ойысқан кезде, Алексей сықылды төртпақ, орта бойлы болғанмен, одан гөрі
сұлуша, қызыл шырайлы келген, мұрны қызара, масалақ тартқан, ашық
жүзді, эксельбант таққан Александр дейтін полковник ағасы қасына келді.
— Менің сəлемімді алып па едің? — деді ағасы. — Өміpi тапқызбайдыақ екенсің өзің.
Александр Вронский
тұрмыс жағынан
əумилікке,
əсіресе,
маскүнемдікке салынып, сол жөнде аты шығып кеткенмен де, əбден сарай
адамы боп алған-ды.
Қазір інісі мен өзіне өте бір жағымсыз нəрсе жайында сөйлескенмен,
көп адамдар көзі өздеріне қадала қалуы кəдік екенін білген соң, інісімен
əлденендей бір маңызсыз нəрсе жайында қалжыңдасқан адамша,
күлімсірей тұрып сөйлесті.
— Алуын алғанмен, шынында сенің неменеге шыжық боп жүргеніңді
түсінбеймін, — деді Алексей.
— Шыжық болғанда, жаңа осында сені жоқ екен, өзін əрі дүйсембі күні
Петергофта көріпті деп бетіме басқан соң, шыжық боп жүрмін.
— Тікелей құжыр ғып жүрген адамдар ғана талқылайтын іс бар да, сен
əлгі соғұрлы шыжық боп жүрген іс бар, сондай бір...
— Əлбетте, олай болғанда қызмет істемей-ақ...
— Килікпеуіңді сұраймын, айтарым сол.
Алексей Вронскийдің шытынған жүзі боп-боз тартып, шығыңқы біткен
астыңғы иегі, сирек ұшырайтын бір əлпетпен, дірілдеп қоя берді. Өзі өте
мейірлі адам болғандықтан, сирек те ашуланатын, бірақ ашуы ұстап, иегі
дірілдейтін болса-ақ, қатерлі боп кететінін Александр Вронский де білетін.
Александр Вронский емен-жарқын күлімсірей салды.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 16
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.