Latin Common Turkic

Анна Каренина - 06

Total number of words is 4101
Total number of unique words is 1979
36.9 of words are in the 2000 most common words
50.2 of words are in the 5000 most common words
57.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
түймесін жұлып алғалы бұрай түсіп, оқып отыр. Шешесі бала қолын
дамыл-дамыл қақса да, бортыйған қолы түймеге қайта-қайта жармаса
береді. Шешесі түймені үзіп алып, қалтасына да сап қойды.
— Қолыңды жыбырлатпа, Гриша, — деді де, көптен істеп жүрген
көрпесіне қайта кірісті, оның өзін қолына қашан да бір ауыр минуттарда
алатын, қазірде де долдана тоқып, баулықтарын саусағына шалып, санай
түсіп отыр. Кеше өзі күйеуіне қарындасының келген-келмегенінде
жұмысым жоқ дегенді айт деп жіберсе де, соның келуіне бəрін сайлап
дегбірі қаша күтіп отырған.
Доллиді қасіреті тыйтықтатып, есі-дерті ылғый сол боп кеткен. Алайда,
Анна қайынсіңлісі Петербургтегі бір мəнді адамның əйелі боп,
Петербургтің grande dame атанғанын ұмытпайтын. Осы жағдайдың,
арқасында, Долли да күйеуіне айтқандарын орындаудан қайтып, яғни
қайынсіңлісі келетінін ұмытпасқа шыққан. «Айтты-айтпады, Аннаның түк
те жазығы жоқ, — деп ойлаған Долли. — О жайында өңкей жақсылықтан
өзге білер ештеңем де жоқ менің, өзіме дегенде де ылғый мейрім,
жарастығын ғана көретінмін». Рас, Петербургтегі Карениндердікінен ала
білген əсеріне келген де, сол үйдің өзі ұнаған жоқ болатын; семьялық
тұрмысының бар бітімінде бір жалған нəрсе жатқан. «Бірақ қабылдамас
мəнісім не соны? Өзімді тек жұбатайын демесе, болғаны əйтеуір! — деп
ойлаған Долли. — Христианның күллі жұбатуын да, жырғатуын да,
кешірімін де — мың мəртебе түгел ақтара ойлағамын, бірі де керекке
жарамайды оның».
Долли бұл күндердің бəрінде де балаларымен ғана отыратын. Өз
қайғысын айтқысы келмеген соң, өзегіндегі ол қайғымен жүріп, өзгені
айтуға да жайы болмаған. Айтарын, əйтеуір, Аннаға айтатынын білген соң,
соған айтам ғой деген ой, бір жағынан қуандырып жүрсе, сағым сынған
жайымды соның қарындасына айтып, сол қарындасының жұбатып,
жырғататын дайын сөзін естімек болдым-ау деген ой, бір жағынан
күйіндіріп те жүретін өзін.
Сағатына қарай түсіп, Аннаның келуін минут сайын күтіп отырғанмен,
қонақтың, дəл келген кезін, əмісе болатын бір əдетпен, қақас жіберіп
алыпты, өйткені қоңырау шылдырын естімей қалыпты өзі.
Есік алдына таянған көйлек сыбдыры мен аяқ тықылын естіп, жалт
қарағанда, жапа шеккен жүзінен қуаныш көрінбей, таңырқағандық көріне
кетті. Түрегеле-ақ, қайынсіңлісін құшақтай алды.
— Қалай, келіп те қалдың ба? — деді Аннаны сүйіп жатып.
— Көргеніме қуанып кеттім ғой, Долли!
— Мен де қуаныштымын, — деді Долли, болымсыз күлімсіреген күйі,
Аннаның білетін-білмейтінін бет əлпетінен аңғарғысы келіп. «Біледі екен»,
— деді ойланып, Анна жүзіндегі аяушылықты аңғарған соң. — Жүре ғой,
бөлмеңе алып барайын, — деді сырласу сəтін шамасы жеткенше, кейіндете
тұрғысы келіп.
— Мынау Гриша ма? Тəңрім-ау, қалай өсіп кеткен өзі! — деп Анна
Гришаны сүйген соң, Доллидан көз алмай, тоқтай берді де, қызарып кетті.
— Жоқ, рұқсат етсең, ешқайда бармай-ақ қоялық.
Анна орамалын, қалпағын шешіп жатып, түгел бұйраланған қара
шашының талына қалпағы ілініп қалған соң, басын шайқап жүріп, шашын
əрең жазды.
— Көңлің хош, денін, сау жайнап тұр екенсің өзің! — деді Долли,
қызғанып кеткендей.
— Мен бе?.. Рас, — деді Анна. — Тəңрім-ау, Таня ғой! Сережамның
құрдасы ғой менің, — дегенді қосып қойды, жүгіре кірген қызға бұрыла
қарап. Қызды қолына көтере сүйді. — Əсем қыз екен өзі! Балаларды түгел
көрсетші!
Таня балаларды түгел атап, аттары түгіл тіпті жылдары, айлары, мінез,
сырқаттарына дейін тегіс айтып берді, онысын Долли да қолпаштамай қоя
алған жоқ.
— Жарайды ендеше соларға барайық, — деді Долли. — Тек Вася
ұйықтап жатыр еді қазір.
Екеуі балаларды көріп шыққан соң, кофе ішерде қонақ үйге оңаша кеп
отырды. Анна подносты ұстай берді де, сырып қойды.
— Долли деймін, өзі де айтты маған, — деді ол.
Долли Аннаға қоңырая қарады. Енді бір жанашығансыған-көлгір сөзді
де көйітер деп ойлады; Анна бірақ ондай ештеңе де айтпады.
— Долли, сəулем! — деді ол. — Мен саған сол болып сөйлеп,
жұбатайын деп отырғам жоқ сені, жарамайды ол. Бірақ өзіңді аяймын
əшейін, қабырғам қайысады, жаным!
Қалың кірпік көмген нұрлы көзінен қапелімде жасы да мөлдіреп қоя
берді. Жеңгесіне өзі жақындай отырып, Доллидың, қолын кішкене
қайратты қолына қыса ұстады, Долли қыйыстамағанмен, жүзіндегі сұлық
əлпетін өзгерткен жоқ.
— Жұбатар жөн қалған жоқ мені. Болары болған соң, бəрі де бітіп,
шыңына жеткен түгел! — деді ол.
Осыны айтқан соң-ақ, Доллидың жүзі қалт жұмсарып сала берді. Анна
Доллидың қатып-сенген арық қолын көтеріп сүйді де:
— Жə, Долли, не істеу керек? Не лаж ету керек? Мұндай жағдайда
қалай еткен еп болады? Міне, соны ойлану керек, — деді.
— Бітері біткен, ештеңе де жоқ енді, — деді Долли. — Ең жаманы бар
ғой, соның өзін тастай алмайтыным болып отыр; балалар бар, байлаулы
кісімін. Бірақ бірге тұруын тұра алмаймын онымен, оны көру деген — азап
маған бір.
— Көгершінім, Долли, айтуын айтқан маған ол, бірақ өзіңнен естісем
деп отырмын, түгел айт маған.
Долли Аннаға қуыстана қарады.
Анна жүзінен көлгірлігі жоқ көңілдестік пен сүйіспеншілік есіп тұр
екен.
— Мақұл, — деді Долли қапелімде. — Басынан айтайын бірақ, Күйеуге
қалай шыққанымды өзің де білесің. Maman тəрбиесімен пак ескенім былай
тұрсын, тіпті ақымақ та болатынмын. Ештеңені тəрік еткен емеспін.
Күйеулері əйелдеріне бұрынғы өмірлерін айтады дегенді де білемін, бірақ
Стива...— дей беріп, түзей сөйледі, — бірақ Степан Аркадьич ештеңе де
айтқан емес маған. Сенбессің де сен, бірақ өз басым күні бүгінге дейін
соның білетін əйелі жалғыз өзім ғана деп ойлайтынмын. Сегіз жыл жүргем
сол оймен. Тіпті бар ғой, суық жүрісі бар деп сезіктену былай тұрсын,
соның тіпті қыйсыны жоқ нəрсе деп білетінмін, сөйтіп, осындай ұғыммен
жүргенде, бар сұмдық, бар жексұрындықты бір-ақ білу деген не қорлық
десеңші өзің... Сонымды ұқ сен. Бақытыңа əбден сеніп жүріп, қапелімде...
— деп Долли, еңірей жаздап барып жалғады сөзін, — хат алу... хат
болғанда соның қолымда тəрбиеші боп жүрген ашнасына жазған хаты. Жожоқ, жойдасыз сұмдық бұл! — Долли орамалын апыл-ғұпыл алып, бетін де
қалқалай берді. — Көрсе қызарлық дегенді де білем мен, — деді, сəл
кідіріп, — мені бірақ əбден ойланып, амалын асырып алдау деген... кіммен
десеңші? Соған қабаттап менің күйеуім болу деген... сұмдық қой бір!
Түсінуге ақылың жетпес əлі...
— Жо-жоқ, түсініп отырмын! Түсініп отырмын, Долли сəулем, түсініп
отырмын, — деді Анна Доллидың қолын қыса түсіп.
— Хал-жайымның қандай сұмдық екенін түсініп жүр ғой дейсің бе,
сол? — деді Долли.— Түк те түсінбейді. Көңлі хош, бақыты басында оның.
— Ой, қойшы! — деді Анна көлденеңдей кетіп. — Адам есіркегендей,
өкінішпен-ақ еңсесі түсіп кетіпті...
— Өкіну қолынан келе қояр ма екен соның? — деді Долли, сөзді бөле,
қайынсіңлісінің бетіне зейін сала қарап.
— Рас айтам, білемін оны. Қарағанда, жаным ашып кетті өзіне. Екеуміз
де білеміз жайын. Мейрімділігіне қоса паңдығы да бар, бірақ, қазір сонша
жасып қалған. Өзімді тербеген басты нəрсе... — (Анна осы арада Доллиды
тербейтін басты нəрсені де таба қойды.) —екі нəрседен қыйналады екен
өзі: бір жағынан, балалардан ұялса, екінші жағынан өзіңді сүйе тұрып... рас
айтам, дүниеде өзіңнен артық көрері жоқ бола тұрып, — дей бере,
Доллидың қарсыласайын деген сөзін бөліп жіберді, — жаныңды ауыртып,
қор еткеніне қыйналады екен. «Жо-жоқ, кешірмейді ол» дейді қымс етсе
өзі.
Долли қайынсіңлісінің сөзін тыңдаған күйі, қыйыстай ойлана қарап
отыр.
— Рас, оның жайының да сұмдық жай екенін білемін; бар бақытсыздық
өзінен боп отырғанын сезетін болса, — деді Долли, — жазықсыздан
жазықтының жайы жаман соғады. Бірақ сонау əйелден соң, қалай кешіріп,
қалай жары болмақпын тағы да? Соған деген бұрынғы махаббатымды
жақсы көргендігімнен де, сонымен тұру деген өзіме азап болғалы отыр
енді...
Осы арада еңіреп жіберіп, сөзі бөлініп те кетті. Бірақ өзі жұмсарған
сайын, құса еткен нəрсесін, қас қылғандай қайта айта бастайтын.
— Жас қой, əдемі ғой ол, — деді сөзін сабақтап, — менің балғын
шағымды, бар көркімді алған кім еді, Анна, білесің ғой өзің? Соны мен
соның балалары алған. Мен соның қызметін істеп, барымның бəрін сол
қызметке бергемін, демек, оған енді жасаңырақ, залымырақ жан жағымды
болыпты. Шынын айтқанда, екеуі мені өзара сөз қылып, немесе, тіпті, қор
қылғанда, ауызға да алмай қойған шығар-ау, — түсініп отырмысың? — деп,
көзінде өшпенділік оты тағы да лаулап қоя берді. — Сөйтіп отырып та
сөйлемекші ғой маған... Сонда мен сене қоймақ па екем оған? Ешуақытта
да сенбеймін. Қой, еңбегім мен азабымның жұбаныш, сынлығы түп-түгел
біткен жері осы... Сенерсің бе, қайдам? Жаңа осында Гришаның сабағын
оқыттым: бұрын сол қуанышым болса, қазір азабым боп кетіпті. Неге бола
талпынып, неге бола еңбек етпекпін? Балалар неме керек? Сұмдық жері
сол: қапелімде жан-дүнием астан-кестең боп кетті де, соған деген махаббат
пен наз орнын жалғыз ғана ашу-ыза, я, сол ұялап алды. Өзін өлтірер едім
де...
— Жаным, Долли, түсініп отырмын, өзіңді қыйнама бірақ. Сен өзің
сонша зəбір көріп, жаның күйгендіктен де көп нəрсені басқаша сайыптап
отырсың.
Долли басылған соң, екеуі бірер минут тым-тырыс отырып қалды.
— Не істейін, Анна, ойла да жəрдем ет. Түгел ақтара ойланып, түк таба
алмай қойдым.
Анна да ештеңе ойлап таба алмағанмен, жеңгесінің əр сөзіне, жүзінің əр
құбылысына жүрегі қоса емірене берді.
— Бір-ақ нəрсе айтам мен, — деді Анна сөз бастап, — мен соның,
қарындасымын да, мінезін де білемін, бұл қылығының бəрін, құлай
берілген сол көрсеқызарлығын түгел ұмыту керек те (деп қолын маңдай
үстін ала үйіріп қойды), райынан əбден қайтару керек. Сол істеген
қылығына қалай бардым деп қазір өзі сенбей де, түсінбей де жүр.
— Жоқ, түсінеді ол, түсінген де оны! — деді Долли көлденеңдеп. —
Мен бірақ... мені ұмытып отырсын сен... маған жеңіл ғой дейсің бе?
— Сабыр ет. Маған ол айтқан кезде, шынымды айтсам, сенің жайкүйіңнің мұндай сұмдық екенін түсіне қоймаған кезім болатын. Əзі мен тек
шырқы бұзылған семьясын ғана көргемін. Соны аясам да, өзіңмен сөйлесе
келе, əйел болған соң, өзім де өзге нəрсе көріп отырмын, қасіретіңді
көргенде, қалай аяғанымды да айтып жеткізе алар емеспін өзіңе! Бірақ,
жаным, Долли, қасіретіңді жете түсінгенмен де, бір нəрсені білмей
отырмын: білмегенде... көңліңде соған деген əлі қаншалықты махаббатың
барын білмей отырмын; кешіруге қарымың жетер махаббатың бар ма, жоқ
па, — ол жағын өзің білесің; егер сол бар болса, кешіргейсің демекпін!
— Жоқ, — деді Долли сөз бастап, Анна бірақ қолын тағы да сүйіп, сөзін
бөліп жіберді.
— Қауымды сенен гөрі көбірек білем мен,— деді Анна. — Мен өзім сол
Стива сыяқты адамдарды да, солардың осыған қалай қарайтындарын да
қанық білемін. Сен болсаң, сол екеуі сөз қылды мені дейсің. Сөз қылған
жоқ. Ондай адамдар опасыздық істегендерімен де, ошағының басы мен
əйелі дегендер — қасиетті көрінеді өздеріне. Сол əйелдер өз бастарына
біртүрлі шекі көрініп, семьяға да қырсықтарын тигізбейді. Олар өзі семья
мен сол əйелдер арасына жұғыстырмас бір шек те қоя жүреді. Өзім оны
білмесем де, солайы солай оның.
— Əлбетте, бірақ сүйді ғой соны...
— Сабыр ет. Долли, жаным, Стиваны мен өзіңе ғашық боп жүргенде де
көргемін. Маған келсе сені айтып, жылап жүрген кездері де есімде менің,
сен өзіне қандай жыр, қандай шың едің десеңші, өзімен бірге көбірек
жасасқан сайын, өзің де оған солғұрлы биіктей бергеніңді білемін. Сөз
айтса болды: «Долли деген ғажайып əйел ғой» — деп қоса айтқанда, сықақ
етіп күлетін кездеріміз де болған. Сен оған əман да бір шалқыған сыр
болатынсың сол күйіңде қалғаның қалған, ал анау көрсеқызарлығы болса,
шын көңлі емес ол оның...
— Бірақ сол, көрсеқызарлығы қайталаса қайттік?
— Мен білсем, қайталамайды ол...
— Өзін, болсаң кешірер ме едің, ал?
— Білмеймін, салмақтар жайым жоқ... Жоқ-ə, жайым бар, — деді Анна
ойланып алып; содан, хал-ахуалды ойымен қармап, ішкі таразысына тарта
келіп: — Жоқ, жайым бар, жайым. Кешірер едім, я. Бұрынғы күйімдей
болмасам да, кешірер едім, я, кешіргенде де тіпті, содан түк сезіп, түк
білмеген кісіше кешірер едім, — дегенді қоса айтты.
— Əрине, — деп Долли да, сан дүркін толғанған ойын айтқандай, сөзді
лып бөліп жіберді, — əйтпесе кешіргендік те болмас еді ол. Кешірген соң,
біржола, мүлде кешірген жақсы. Кəне, жүрейік, бөлмеңе апарайын сені, —
деп Долли түрегелді де, жол-жөнекей Аннаны құшақтай қысты. — Сəулем,
келгеніңе қандай қуаныштымын десеңші сенің. Əлдеқайда сергіп,
жеңілденіп қалдым.
XX
Анна сол күні, күні бойы үйде, Облонскийлердікінде боп, ешкімді де
қабылдаған жоқ, өйткені таныстарының кейбіреулері Аннаның келгенін
біліп сол күні-ақ келе бастаған еді. Анна ертеңгі уақытының бəрін Долли
мен балалар қасында өткізді. Баурына тек түскі тамақты қалайда үйде
ішетін бол деп хат жазып жіберді. «Тəңір жарылқағыр, келе гөр»,— деп
жазды.
Облонский түскі тамақты үйге кеп ішті; əңгіме де жалпы сарында боп,
əйелі де бұдан бұрынғы əдетін қойып, «сен» деп сөйлесті онымен. Күйеуі
мен əйелі арасындағы дүрдараздық айыға қоймағанмен, айрылысу жайында
сөз болмаған соң, Степан Аркадьич те түсінісер, татуласар орайымыз бар
екен деген ойға келді.
Түскі тамақты ішіп бола Кити де келіп жетті. Аннаны өзі білуін
білгенмен, тым аз білетіндіктен, қазір əпкесіне келерде, жұрт біткен сонша
мақтап жүрген Петербург қауымының сол əйелі өзімді қалай қабылдар екен
деп қорқыңқырап та келген болатын. Бірақ Анна Аркадьевнаға ұнап та
қалыпты өзі, — оны қазір келіп керді. Анна өзінің, көркі мен жастығын
таңсық көргендей болған соң, Кити де көңлін демдеп алмай жатып, соның
ыңғайына төңкерілу үстіне, ерге шыққан егде əйелдерді сүйе кететін
талдырмаш қыздардың, қылығына басып, соны сүйе қалғанын да сезе кетті.
Анна өзі, Китиге таң көрініп, тартып əкеткен — көз тастасындағы кейде
мұңлы, жеңілгек əлпеті болмаса, қауым əйеліне, яки сегіз жасар баласы бар
анаға ұқсаудан гөрі, қайта, жүріс-тұрысының икемділігі, жасаңдығы
жағынан, бірде күлкісінен, бірде көз қарасынан қылаң беріп, жүзінен
кетпейтін ойнақылығы жағынан, көбінесе жыйырма жасар қызға
ұқсаңқырайды екен. Аннаның асқан қарапайым, жасырар түгі жоғын Кити
де сезіп отыр, бірақ өзінде бір, Кити қарымы шалмайтын, ақындық,
шытырман ірі тілектердің өзгеше, жоғары дүниесі жатыр екен.
Түскі ас ішіліп боп, Долли өз бөлмесіне шыққан соң, Анна лып
түрегеліп, шылым тартып отырған ағасының қасына келді.
— Стива, — деді оған, масайрай ымдаған күйі, көзімей есікті нұсқай,
шоқындырып. — Бар, тəңрі жар болсын.
Облонский Анна сөзін түсініп, шылымын тастады да, есікке барып, жоқ
болды.
Степан Аркадьич кеткен соң, Анна əлгіде өзі балалар арасында отырған
диванға қайта оралды. Балалар өзі осы əпкесін əлде шешелері жақсы
керетінін аңлаған соң ба, əлде өздері бір ерекше əсемдігін сезген соң ба,
əйтеуір балада бола беретін бір əдетше, жаңа əпкесіне алдымен екі үлкені,
оған ілесе кішілері де түскі тамаққа дейін-ақ жұғысып алып, қасынан
шықпай қойған болатын. Содан келіп араларынан: əпкесінің, қасына
жақынырақ отыру, бір жеріне тиіп кету, кішкентай қолын ұстап, сүйіп алу,
жүзігімен ойнау, немесе көйлегінің бүрмелерін шұқылау сықылды, ойынға
ұқсас бірдеңелер шығарып алған.
— Кəне, кəне, бұрынғымызша отырайық, — деді Анна, өз орнына
отыра беріп.
Гриша Анна қолының астына басын тағы да сұғып жіберіп, көйлегін
жастана жатқан күйі, мардамсый, қарқ болып, масайрап қоя берді.
— Сөйтіп, балдарыңыз қашан болмақ енді? — деді Анна Китиге қарап.
— Келесі жетіде, тамаша бал əрі. Сол əлгі ылғый қызықты балдардың
бірі.
— Ондай ылғый қызықты балдар да бар ма? — деді Анна базынамен іле
сөйлеп.
— Ерсі дегенмен де, бары бар. Бобрищевтер балы ылғый қызықты
келеді, Никитиндер балы да солай, Межковтардың балы ылғый көңілсіз
болады. Байқаған жоқ па едіңіз оны?
— Жоқ, жаным, маған ондай қызықты бал дегендер жоқ енді, — деді
Анна, соны айтқанда Кити де өзі аша алмаған ерекше дүниені көзінен кере
қойды. — Маған деген бал машақаты азырақ, көңілсіз келеді ...
— Балда болу қалай көңілсіз болады сізге?
— Балда болу неге көңілсіз болмайды екен маған?
Аннаның, берілер жауапты біліп отырғанын Кити де аңлай қойды.
— Неге екені, жұрт біткеннен қашан да озып тұрсыз.
Аннаның да қызаратын мінезі бар еді. Қызарып кетті де:
— Біріншіден, өмірі озып көрген емеспін де, екіншіден, озған күннің
өзінде де, оның не керегі бар дейсіз маған? — деді.
— Ол балға барасыз ба өзіңіз? — деді Кити.
— Бармасқа болмайды ғой деймін. Жарайды, соны ала ғой, — деді сүпсүйір, аппақ саусағынан оңай жылжыған жүзігін суырып жатқан Таняға.
— Баратын болсаңыз, қатты қуанар едім. Балға барғаныңызға сонша
ынтықпын өзім.
— Барған күнде де сіздің мауқыңызды басармын деген оймен барам ғой
деймін... Гриша, жарқыным, жұлмаламашы, онсыз да өзі түгел қоқып кетті
тіпті, — деді шашының Гриша ойнап отырған селкеу талдарын жөндеп
қойып.
— Балда көгілдір киінетін сықылды елестейсіз маған.
— Неге көгілдір киінеді екем? — деді Анна, күлімсірей сұрап. — Кəке,
балалар, бара қойыңдар. Естисіңдер ме? Гуль мисс шайға шақырыя жатыр,
— деді, балалардан босана, ас үйге жөнелтіп жатып.
— Мен болсам, балға неге шақыратыныңызды да біліп отырмын. Сол
балдан күткен нəрсеңіз көп болған соң да, жұрт түгел болып, түгел
қатнассын деп отырсыз.
— Оны қайдан білесіз? Рас.
— Шіркін, сіздің шағыңыз не еткен жақсы шақ десеңізші, — деді Анна,
ойын сабақтап.— Швейцария тауларында жатқан көгілжім тұмандай, сол
бір тұманды білем де, есімде де ол. Балалық шағын, енді-енді аяқтап бере,
осы тұман лəззəт дүниесін түгел шымқап алады да, сол бір бақытты, шат,
қыруар-кең, аймақтан жолың бірте-бірте тарыла кеп, əрі нұрлы, əрі сырлы
көрінсе де, осы бір сəулет сарайына кіру көңілді де, үрейлі де соғады... Кім
етпеген жол дейсіз ол?
Кити үндемей күлімсірей берді. «Содан қалай өтті екен десеңші, өзі?
Осының сол бір хикаяларын түгел білер ме едім десеңші», — деп ойлады
Кити, Аннаның күйеуі — Алексей Александровичте поэзиялық түк жоғы
есіне түсіп.
— Бірдеңелер білгемін. Стива айтқан, құтты болсын, əбден ұнатқамын,
— деді Анна ойын жалғап, — темір жолда жолыққам Вронскийге.
— Ə, сонда болып па еді ол? — деді Кити қызарып кетіп. — Стива не
деп еді?
— Стива түгел көйіткен маған. Өзім де өте қуанған болар едім.
— Кеше өзім Вронскийдің шешесімен бірге келгемін, — деді Анна
жалғай сөйлеп. — Соның жайын айтудан шешесінің де жағы сенген жоқ;
сүйікті баласы екен өзі; шеше дегеннің балажан келетінін білем ғой, бірақ...
— Шешесі не айтты сізге?
— Ой, толып жатыр! Сүйікті баласы екенін де білем оның, бірақ
дегенмен де бір сері көрінеді өзі... Мысалы, бауры сонау бала кезінде бір
ерекше ерлік істеп, суға кеткен əйелді құтқарып қалғандықтан, бар дəулетті
соған бергісі де келді дейді шешесі. Қысқасы, батыр көрінеді бір, — деді
Анна күлімсіреп, станцияда берген əлгі екі жүз сомын есіне қоса түсіріп.
Бірақ ол екі жүз сомның жайын айтқан жоқ əзі. Соны ойлау өзіне бір
түрлі жағымсыз көрінді. Соның өзінде өз басына қатнасы бар, болу жағын
да қалай қоймайтын, бірдеңе бар сықылды сезді.
— Үйге кел деп кемпір қатты жалынып еді, — деді Анна, сезін жалғап,
— со кісіні көруге қызығып, ертең өзім де барғалы отырмын. Айтпақшы,
Долли қасында Стива да кабннетте ұзақ аялдауға айналды ғой деймін, —
дегенді кірістіре, Китидің байқауынша, əлденеге көңлі жарым болған
адамша, əңгіме бетін аудара сөйлеп, түрегелді Анна.
— Жоқ, мен бұрын барам! Жоқ, мен! — деді балалар, шайларын ішіп
бола, Анна əпкесіне қарай шаңқылдай жүгірісе шығып.
— Бəрің бірге келіңдер! — деп Анна да балалар алдынан күле жүгіріп,
құшақтаған күйі, опыр-топыр мəз бола шуылдаған балалар тобын
түйдегімен құлата салды.
XXI
Долли бөлмесінен үлкен шай ішілерде шықты. Степан Аркадьич
шыққан жоқ. Əйелінің бөлмесіндегі артқы есіктен шыққан болу керек ол.
— Үстіңгі үй саған салқын болады ғой деймін, — деді Долли, Аннаға
ескерте сөйлеп, — төменгі үйге түсірсем деп тұрмын сені, жақынырақ
боламыз əрі.
— Түу, мен жөнде қам жемей-ақ қойыңдар, жарқыным, — деді Анна,
Доллидың бетіне қадала қарап, татуласты ма екен, қайтті екен,
аңғарайыншы деген кісідей.
— Бұл жақ жарық келеді өзіңе, — деді жеңгесі жауап беріп.
— Қашан болсын суыр сықылды кез келген жерге ұйқтай берем деп
айттым ғой саған.
— Не жөніндегі əңгіме бұл? — деді Степан Аркадьич кабинетінен
шыға, əйелінен сұрап.
Сөз төркіне қарай татуласқандарын Кити де, Анна да енді келіп
аңғарысты.
— Аннаны төмеңгі үйге түсірейін деп едім, перде құру керек боп тұр
бірақ. Өзім құрмасам, құра алар кісі жоқ соны, — деді Долли, соған қарап.
«Əбден татуласқан-татуласпағандарын құдай білсін?» — деді Анна
ойланып, Доллидың сабырлы, салқын лебізін естіген соң.
— Туу, қойшы, Долли, бəрін қыйындата бермей, — деді күйеуі. —
Қаласаң мен-ақ істеп берейін, бəрін...
«Рас, татуласқан болу керек», — деп ойлады Анна.
— Бəрін қалай істейтініңді білем ғой сенің, —деді Долли. — Матзейге
істемейтін нəрсені істе дейсің де, бəрін былықтырады ол. — Долли осыны
айтқанда, үйреншікті сылтың күлкісіне сала, ерні шүріше күлді.
«Құдай оңдап, əбден-ақ татуласқан екен», — деп ойлады да, сол
татуласуға себеп болғанына қуанған күйі, Доллиды кеп сүйіп алды Анна.
— Тіпті өйтпейміз, Матвей екеумізден неменеге безесің соғұрлы? —
деді Степан Аркадьич, əйеліне болар-болмас жымың ете қарап.
Долли қашанғы əдетінше, бүкіл кеш бойы күйеуін аздап сылтың ете
жүрді де, Степан Аркадьич болса, көңлі хош, емен-жарқын отырғанымен,
кешірім алған адам болған соң, кінамды ұмыта қалған боп көрінбейін деп,
бойын тежей ұстады.
Облонскийлердің шай үстінде сөйлескен, үй ішіне бір өте-мөте
қуанышты, кешкі тəтті əңгімесін сағат тоғыз жарымда бір, жай уақыйға
келіп бұзып кетті, бірақ сол жай уақыйғаның өзі жұрт біткенге біртүрлі
оғаш та көрінді. Анна Петербургтегі жалпы таныстарының жайын айтып
отырып, ұшып түрегелді.
— Ол менің альбомымда өзі, — деді, — айтпақшы, Сережамды
көрсетейін, — дегенді аналық мақтаныш күлкісіне сала қосып қойды.
Əдетте сағат онда қоштасарда болсын, балға барар алдында болсын,
баласын көбінесе өзі жатқызып үйренгендіктен, содан осынша шалғай
жүргеніне жабырқап та кетті Анна өзі не жайын əңгіме етсе де, ойы сол
бұйра бас Сережасына дамыл-дамыл ойыса беретін. Соның суретіне қарап,
соны əңгіме еткісі келіп кетті. Алғашқы сылтау табылысымен-ақ түрегеліп,
жеп-жеңіл, өжет жүрісіне сала, альбомға жөнелді. Үстіңгі үйдегі бөлмесіне
баратын баспалдақ сырттан кіретін үлкен, жылы баспалдақтың текшесіне
барып түйісетін.
Анна қонақ үйден шыққан кезде, алдыңғы бөлмеден қоңырау шылдыры
естілді.
— О кім болды екен? — деді Долли.
— Маған келуге ерте, өзге біреуге келсе, кеш, — деді Кити ескертіп.
— Қағаз əкелген болар, — деп Степан Аркадьич те қосып қойды, содан
Анна баспалдақ деңгейінен өте бере, келген адамды айтқалы малай да
жоғарыға жүгіре шықты, келген адам шамдал қасында тұрып қалыпты.
Анна төменге қарай салысымен-ақ, Вронскийді таный қойды да, жаны жай
тапқандай бір оғаш сезім бітіп, қорқу орнына жүрегінде бірдеңе қапелімде
бұлқынып кеп кетті. Вронский пальтосын шешпеген күйі, қалтасынан
бірдеңе алып тұр екен. Анна орта баспалдақтың деңгейіне жеткен кезде,
Вронский жоғары қарап, көрді де, бет əлпетінде бір ұялып, қорыққан
сыңайы шалынды. Анна, сəл тұқыра қарап өте берді де, ізінше Степан
Аркадьичтің кіріңіз деп шақырған жарқын даусы мен Вронскийдің
көнбеген сабырлы, сынық, бəсең даусы шықты.
Анна альбомды алып қайта оралғанда, Вронский жоқ екен де, Степан
Аркадьич: əйгілі мейманымызға ертең беретін қонақасымыздың жайын
білгелі келіпті дегенді айтты.
— Азарда-безер боп кірмей қойды. Бір түрлі тосаң екен өзі, — деді
Степан Аркадьич.
Кити қызарып кетті. Оның неге келіп, неге келмей кеткенін жалғыз өзім
түсінем деп ойлады ол. «Біздікінде болған-ау өзі, — деді ойланып, —
таппаған соң осында деп ойлаған ғой; бірақ əрі кеш, əрі Анна бар деп
кірмеген болу керек».
Үйдегілер ештеңе деспей, бір-біріне жалтаңдай қарасты да, Аннаның
альбомын көруге кірісті.
Уəделі қонақасылары жайын білгелі біреудің сағат тоғыз жарымда
көңілдесіне келіп, кірмей кетуінде тұрған ешбір өрескелдік те, оғаштық та
жоқ еді; бірақ жұрт біткенге оғаш көрінді сол. Өзгеден гөрі Аннаға жайсыз,
оғаш көрінді онысы.
XXII
Кити мен шешесі екеуі гүлдер қойылған, қызыл шапанды, опа жағынған
малайлары бар, жап-жарық үлкен баспалдаққа келіп кіргенде, бал жаңа
ғана басталған еді. Зал ішіндегі жүріс-тұрыстың, ара ұясындай гулеген, бір
қалыпты дыбысы келіп тұр екен, екеуі есік аралығындағы ашықта тұрған
айна алдында шаштарын, көйлектерін оңдағанша, əркестр скрипкаларының
алғашқы вальсті бастаған саябыр-анық дауыстары да естіле кетті. Екінші
бір айна алдында ақ самайын жөндеп, əтір аңқып тұрған жай киімді қарт
баспалдақта екеуіне қақтығып қалып, бейтаныс Китиге сүқтана қарап,
қыйыстай берді. Щербацкий қарт князь, сыңқылдақтар дейтін қауым
жігіттерінің сақал-мұртсыз біреуі, желеткесінің өңірі шалқыя ашылып, ақ
галстугін жүре жөндеген күйі, екеуінің қасынан басын ие, жүгіріп ете берді
де, Китиді кадриль билеуге шақырып, қайта оралды. Бірінші кадрильді
Вронскиймен билейтіндіктен, Кити ол жігітпен екінші кадрильді билейтін
болды. Қолғабын ағытып тұрған əскери адам есік алдынан қыйыстай берді
де, күлгін киінген Китиге қызыға қарады.
Китидің балға деген киім-кешегіне, таранып, сылануы мен күллі
əзірлігіне көп еңбек, қыруар ойлар жұмсалса да, қазір балға сол күлгін
желеңді, шытырман тор көйлегімен шыққанда, бүкіл сол ою-өрнек, шілтер,
киім-кешек əшекейлерін өзі де, үйдегі адамдары да əшейін оп-оңай жасай
салғандай, осы тор көйлек; осы шілтерлер ішінде, шашын осылай үйе
тараған күйі, қос жапырақты осы қызғалдақты бірге тағып туа қалғандай,
сонша бір еркін, жай шыға салды.
Залға кірерде қарт княгиня белбеуінің бұралып кеткен лентасын
жөндейін деп еді, Кити сəл қыйыстай берді. Жасанған жабдығының бəрі де
өзі құйылысып, өзі жарасып тұруы тиіс те, ештеңесін жөндеудің керегі жоқ
деп ойлады ол.
Китидің бір мəз-майрам күндерінің бірі болатын. Көйлегінің еш жері де
қисаң келген жоқ, шілтер шашақтарының да сырғығаны болмады, оюөрнектері де қыры сынып, үзіле қойған жоқ; майысқан биік өкшелі қызғылт
туфлиі де аяғын қыспай, ойнақшытып тұр. Жасанды, қалың ақсары шашы
да өз шашындай құйылысыпты. Қолымен қол бола, сынын бұзбай
жабысқан сүйір қолғабының үш түймесінің үшеуі де ағытылмаған күйі,
салулы тұр. Медальонының қара барқыт бауы да мойнына тамылжый құп
жарасып қалыпты. Ол барқыт баудың өзі бір əсем бау болатын да, Кити
үйінде айнадан мойнын көрген сайын сол барқыт баудың не деп тұрғанын
да сезе жүретін. Өзге нəрселеріне түгел күдігі болса да, барқыты көрік
беріп тұратын. Кити осы бал үстінде де айнадан сонысына қарап,
күлімсіреп қойды. Кити жалаңаш иығы мен қолының мрамордай сұп-суық
тартқанын да сезейін деді, өзі соны ерекше жақсы да көретін. Əдемілігін
сезгендіктен, көзі жайнап, қызғылт ерні күлімсіреп те жіберді. Кити залға
кipген соң, биге шақыруды күтіп отырған тор-лента-шілтері алуан түсті
əйелдер тобына жетпей-ақ (Кити ол топта өмірі билеген емес еді), биге
шақырып қоя берді, шақырғанда, бал иерархиясының бас кавелері, бал
біткеннің, əйгілі дирижері, сауық мейстрі, үйленген, əрі сұлу, əрі сымбатты,
таңдаулы кавелер Егорушка Корсунский шақырды. Алғашқы вальсті бірге
билеген Банина графинядан босай салысымен, шаруашылығын, яғни билей
жөнелген бірнеше жұпты шолып шықты да, залға енген Китиді көре қойып,
тек бал дирижерлерінде ғана болатын бір ерекше бейпіл жорғаға сала
жортып келіп, иіле бере, тіпті билейтін-билемейтінін де сұрамай, қыпша
белінен қымтығалы қолын икемдей берді. Кити желпуішін кімге берер екем
деп қарасымен, қожайын əйел жымыя күліп, ала қойды.
— Дер кезінде келгеніңіз қандай жақсы болды, — деді Корсунский
Китиге, қыпша белінен қымтый беріп. — Əйтпесе, кешігіп келу деген не
өнер дейсіз сол.
Кити сол қолын соның иығына майыса артты да, қызғылт туфли киген
титтей аяғы музыка ырғағына қосыла, тайғақ паркетте баппен, жеңіл
басып, лыпылдай жөнелді.
— Сізбен билеп жүріп, тынығып та қалады екенсің — деді Корсунский
Китиге, вальстің алғашқы баяу жүрісіне сала беріп. — Не деген ықшам,
əсемдік десеңші, precision19, — деді оған, күллі қамбыл таныстарына
айтатын сөзін айтып.
Кити Корсунскийдің мақтауына күлімсіреген күйі, иығынан аса залға
қыдыра қарап жүр. Кити өзі балдағы бет біткеннің бəрі тұтас бір тылсым
боп көрінетін жаңа араласқан адам да емес еді, əрі өзі балдан балға
сабылып, балдағы бет біткеннің бəрі сонша таныс боп, жалығып біткен де
қыз емес еді; тек сол екеуінің орта деңгейіндегі қыз еді де, — көңілі
алақызғанымен, қадағалай алатын да қарымы бар еді. Оның көргені:
залдың сол жақ бұрышына қоғамның өншең ығай мен сығайлары барып
жыйналыпты. Корсунскийдің əйелі, жап-жалаңаш Лиди сұлу да сонда
отыр, қожайын əйел де сонда екен, қоғамның ығай мен сығайлары қайда
болса, ылғый сонда жүретін Кривин де басы жалтырап сол жерде отыр;
баруға бата алмай жігіттер де солай қарайды; Кит и қыдыра қарап, Стиваны
да сол жерден тапты, содан соң барып қара барқыт көйлек киген Аннаның
əсем кескіні мен бас бітімін де сол жерден көрді. Анау да сол жерде екен.
Кити өзін, Левинге көнбей жіберген кештен бері көрген жоқ болатын.
Китидің шалымды көзі таный кетіп, өзіне қарап отырғанын да аңғарып
қалды.
— Немене, тағы бір жол билейміз бе? Шаршаған жоқсыз ба? — деді
Корсунский аздап алқына сөйлеп.
— Жоқ, рақмет.
— Қай жерге апар дер едіңіз?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 07
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.