Latin Common Turkic

Анна Каренина - 28

Total number of words is 4210
Total number of unique words is 2035
35.3 of words are in the 2000 most common words
50.4 of words are in the 5000 most common words
57.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
түрегеліп, бөлмеде жүре бастады.
— Қойыңызшы, жабырқайтын дəнеңе де жоқ, — деді оған Агафья
Михайловна. — Үйде неменесіне отыра бересіз? Ақыр баратын болған соң,
жылы суға барсаңыз да болар еді.
— Арғы күні өзім де жүргелі тұрмын, Агафья Михайловна. Шаруаны
тындыру керек тек.
— Əй, сізге қалған қайдағы шаруа дейсіз! Мұжықтарды былайша да аз
сыйлаған жоқсыз ғой! Бариніңіз патшадан алғыс алады дегенді өздері де
айтып жүр. Қызық та əрі: мұжықтардың қамын несіне ойлайды екенсіз
деймін сол?
— Оларды ойлап жүргем жоқ, өзіме бола істеп жүрмін мен.
Агафья Михайловна Левиннің шаруашылық жоспарының жайжапсарын түгел білетін. Левин оған өз ойын қымс етсе-ақ түгін қалдырмай
түгел ағытып, екеуі талай рет таласып та қалып, Агафья Михайловнаның
айтқандарына көнбей де жүретін. Қазір бірақ Левин айтқандарын мүлде
басқаша түсінді ол.
— Өз басыңды бəрінен гөрі көбірек ойлау керек екені белгілі шаруа, —
деді ол күрсініп қойып. — Əлгі Парфен Денисыч əшейін-ақ сауатсыз адам
боп жүр екен, қалай өлді солай, таза арулап, қастерлесті де кетті, — деді
жуырда өлген қора бағушының жайын айтып. — Құдай тек əркімге соның
жолын берсін де.
— Оны айтып тұрғам жоқ мен, — деді Левин. — Өзіме пайдалы жағын
істеймін дегенді айтып тұрмын. Мұжықтар жақсы істесе, маған да пайдалы
тиеді.
— Я, не істесеңіз де, еріншек болған соң, ауырдың үсті, жеңілдің
астымен жорытқаны жорытқан сол. Ұяты болса істейді де, болмаса — түк
те тындыра алмайсыз.
— Апыр-ау, Иван сыйыр қорасына жақсы қарай бастады дегенді өзіңіз
айттыңыз ғой.
— Менің айтарым бір-ақ нəрсе тек, — деді Агафья Михайловна,
əлдеқалай келмей, əбден жұпталып жүрген ойын айтқандай боп, —
үйленуіңіз керек, сол əне айтарым!
Өзі əлгіде ғана ойлаған жайын Агафья Михайловнаны да ауызға алуы
Левинді кейітіп, жəбірлеп те тастады. Левин шытынып қойды да, Агафья
Михайловнаға да жауап бермей, жұмысына қайта отырған күйі, сол
жұмыстың маңызы жайында ойлағандарын тағы да түгел саралай бастады.
Жым-жырт үйде ол Агафья Михайловна бізінің дыбысын ғана тыңдай
отырып, есіме түспесе екен деген нəрсе ойына келгенде, қабағын тағы да
шытынды.
Сағат тоғызда қоңырау даусы шалынып, батпақта шайқалған арба
сықыры естілді.
— Əнеки, қонақ та келіп қалды сізге, жабықпайтын болдыңыз, — деді
Агафья Михайловна, түрегелген бойы есікке қарай беттеп, Левин бірақ
одан да озып кетті. Қазір жұмысы мандымаған соң, кім келсе де, қонақ
келгеніне қуанды ол.
XXXI
Левин баспалдақтың орта шеніне жеткен кезде, ауыз үйде жөтелген
таныс дауыс естілді; ол жөтелді бірақ аяғының дыбысынан шала
естігендіктен, қателескен болғай едім деп те дəмеленді; содан соң барып,
құр сүйегі қалған, еңгезердей таныс кескінді түгел көріп, алданар жайы
жоқ сықылды бола тұрса да, қателескен шығармын, тонын жөтеле шешіп
тұрған мына еңгезердей адам Николай ағаң болмас деп сонда да дəмелене
берді.
Левин ағасын жақсы көргенімен, бірге болуы қашан да қыйнай беретін
өзін. Қазір Левин, көңіліне келген ойы мен Агафья Михайловна ескерткен
сөздің əсерінен ештеңеге жіп таға алмай, шатасып тұрған кезде, ағасына
жолықпақ болғаны тым ауыр сықылды да көрінді. Дені сау, жарқын бөгде
қонақ келіп, көңілімдегі күңгірт нəрселерімді ашып, ермек болады деп
дəметкен кезде, өзін əбден білетін, ойында жатқан ең аяулы сырын түгел
ақтартып, ашық айтқызатын ағасымен де көрісетін жаққа шықты. Левин де
қалаған жоқ еді оны.
Левин сол сөлекет сезіміне бола өзіне өзі кейіп, ауыз үйге жүгіре
шықты. Ағасын жақын келіп көрген соң-ақ, түңілдіріп тұрған сол сезімі
жоқ болып, жаны да ашып кетті. Ауру-сырқау жүдеткен Николай ағаң
бұрын қанша қорқынышты болғанмен, қазір одан да жүдеп, одан да
қалжырап қалыпты. Теріге ілінген құр сүйегі ғана тұр.
Ауыз үйде өзі, сорайған арық мойны кегжеңдей, шарфысын шешіп тұр
екен де, оғаш бір аянышты əлпетпен күлімсіреп қоя берді. Левин сол
жуасый, басыла күлген күлкісін көрген соң, тамағын діріл қысып тұрғанын
да сезе кетті.
— Саған келіп қалдым, міне, — деді Николай көмескі дауспен, інісінің
жүзінен көзін титтей аулармай. — Көптен-ақ ойлап ем, ылғый сырқаттəна
бердім. Қазір əбден айығып та қалдым, — деді ол, арбиған арық
алақанымен сақалын салалай сыйпап.
— Я, я! — деді Левин. Содан соң ағасымен сүйісіп, денесі кебірсіп
тұрғанын ерні де сезіп, бір түрлі жалтылдай қараған бадана көзін
жақыннан көргенде, бұрынғысынан да қорқынышты соқты өзіне.
Левин бұдан бірнеше апта бұрын ағасына үйде бөлінбей қалған азынаулақ сыбағаны сатқан соң, саған ендігі тиетін үлес екі мың сомдай болады
деп жазған.
Николай қазір келгенде, сол ақшаны да алайын, əсіресе туған ұямда
болып, алдағы тіршілігіме батырларша күш жыйнау үшін жерге де
жұғысайын деп келдім дегенді айтты. Өте еңкіш тартып, бойына қарағанда,
болжалсыз арықтай тұрса да, қашанғы əдетінше жүріс-тұрысы шапшаң да,
шалымды да жатыр екен. Левин кабинетке əкеп кіргізді оны.
Ағасы бұрын болмаған бір əдетпен ерекше құнттай киініп, сирек, ұяң
шашын тараған соң, күлімсіреген күйі үстінгі үйге тартты.
Левин бала күнінде бір жиі көретін ең жайдары, жарқын қалпында екен
өзі. Тіпті өзі Сергей Ивяновичті ауызға алғанда да ашу шақырған жоқ
Агафья Михайловнаны көрген соң, қалжыңдай сөйлесіп, байырғы
жалшылар жайын да сұрап шықты. Парфен Денисычтің қаза болған хабары
жайсыз да тиді өзіне. Өңінде қорқу іреңі де біліне кетті: бірақ іле-шала
дəтін бекітіп те алды.
— Карт кісі еді ғой өзі, — деді де əңгіме бетін бұрып əкетті. — Я,
үйінде бірер ай тұрып, Москваға кетем сонсын. Əлгі Мягков дейтін орын
берем деп уəде еткен, қызметке де кірем ғой деп тұрмын. Тұрмысымды
енді мүлде өзгеше құрармын деп отырмын, — деді ойын сабақтап. — Əлгі
əйел бар ғой, шығарып жібергем оны.
— Марья Николаевнаны ма? Қалай, неге шығардың?
— Əй, бір оңбаған əйел екен! Жаманатты қып болды өзімді тіпті. —
Бірақ олары қандай жаманат екенін айтқан жоқ ол. Марья Николаевнаны
қуғанда, шайың сұйық болды, əсіресе, өзімді ауру адамша күтесің деп
қудым деуге ауызы барған жоқ. — Онсын, қазір тұрмысымды да мүлде
өзгертейін деген ойым бар жалпы. Əрине, жұрт біткен сықылды менің
істеген ақмақтығым да аз емес, бірақ дəулет деген — ақырғы нəрсе ол, аяр
жайым жоқ оны. Денсаулық болсын тек, құдай оңдап, денсаулығым да
түзелді, əйтеуір.
Левин тыңдай отырып ойланғанымен, айтар сөзін таба алмай да қойды.
Николай да солай сезіп отырған тəрізді; інісінің шаруа жайын сұрастыра
бастады ол; мəймөңкесіз сөйлейтін болған соң, өз жайын айтуға Левин де
қуанып кетті. Ағасына жоспарлары мен істеген ісін айтып шықты.
Ағасы тыңдауын тыңдағанмен, қызықпаған да тəрізденді.
Осы екі адам бірі біріне сонша жуық, сонша жақын болғандықтан,
титтей қыймыл, дауыс тəркінің өзі-ақ екеуіне сөзбен айтатындарынан
əлдеқайда артық айтып жатты.
Қазір екеуінің көңіліндегі жалғыз ғана ой — Николайдың ауруы мен
өлер шағы жақындағаны боп, өзгенің бəрін сол жеңіп жатыр. Бірақ оны
айтуға дəті бармай, сондықтан екеуінің де ойын ораған жалғыз дықты жаба
сөйлеген сөзі, нені айтса да, — түгел жалған сөз болып шықты. Кешкі
əңгіме бітіп, жатуға бейімделу дегенге өмірі бүйтіп қуанған емес еді Левин.
Бөгде, ресми дидарласу дегендердің ешқайсысында да бүйтіп, бүгінгісіндей
өтірікші, мекер кісі боп əсте көрген жоқ еді өзі. Сол мекерлігін ұғып, соған
өкінуі де одан бетер мекер етіп жіберді өзін. Өлім аузында отырған ағасын
аяп жылағысы келгенмен, соның қалай тіршілік етпек болған əңгімесін
тыңдап, демей беруі де керек болды.
Бір-ақ бөлмеге от жағылып, өзге үй ылғал болған соң, Левин ағасын
қалтқы қойып, өз бөлмесіне жатқызды.
Ағасы ауыру адам болғандықтан — ұйқтасын, ұйқтамасын — жатқан
соң да жөтеле аунақшып, қақырығы түспеген кезде, əлдене деп күңкілдеп
те жатты. Кей-кейде қатты алқынған кезде: «Əй, құдайым-ай!» дегенді де
айтып жатты. Кейде қақырық булықтырған кезде: «Əй! Ақсайтан!» деп
кейіп те қойды. Левин де соны тыңдап, көпке дейін ұйқтаған жоқ. Левин
ойы неше саққа жүгіргенмен, сол ойларының ақыры: өлім деген бір-ақ
сөзге құйды да тұрды түгел.
Өлдің-өштің дейтін құтқармайтын өлім Левинге тұңғыш рет бар
қаһарын төге келіп елестеді. Ұйқылы-ояу ыңыранып, əдеті бойынша құдай
мен сайтанға талғамай сыйынып жатқан сүйікті ағасына аранын аша төнген
сол өлім, Левинге бұрын алыс көрінгенімен, тіпті жап-жақын екен. Левин
сол өлім өз басында да барын сезінейін деді. Бүгін болмаса ертең, ертең
болмаса отыз жылдан кейін өлсең — бəрібір емес пе оның? Бірақ сол
құтқармайтын өлімнің не екенін білмек түгіл, соны өмірі ойламақ түгіл,
соны ойлау деген қолынан тіпті келмейтін де, батпайтын өзі.
«Жұмыс істейін, бірдеңе тындырайын деп жүріп, соның бəрі бітіп —
өлетінімізді де ұмытып кетіппін өзім».
Левин төсегіне қараңғыда тізесін құшақтай, бүрісе отырып, тас түйіле,
демін ішіне тартып, ойланып та кетті. Бірақ неғұрлым түйіле ойлаған
сайын, оның да сөзсіз солай боп, өмірінде өлім бар-ау, бəрі де бітеді-ау,
ендеше ештеңені де бастаудың керегі жоқ еді-ау деген кішкентай бір
жағдайды аңламай, шын ұмытып кетіп, соған істер амалы да қалмағаны
соғұрлым айқындала берді. Я, сұмдық болғанымен де, солайы солай оның.
«Айтпақшы, əлі тірі кісімін ғой. Не істеу керек екен енді?» — деді
күйзеліп. Шам жағып, ептеп түрегелді де, айнаға барып, беті мен шашын
көре бастады. Солай, самайына ақ кіріп қалыпты. Аузын ашып қарады. Азу
тістері бұзыла бастапты. Бұлшық етті білектерін де ашып қарады. Рас, күші
көп екен əлі. Бірақ сонау өкпесінің тамтығымен ғана тыныстап жатқан
Николиньканың да дені сау еді ғой. Сөйтіп тұрып, бала күнінде екеуінің
бірге жатып, бірін бірі жастықпен атқылап, сілелері қата сақылдай күлгені,
Федор Богданычтың тек есіктен шығуын ғана аңдыйтындары да есіне қалт
түсе кетті, ондайда өмірдің сол ұлан-асыр, мəз-майрам қызығына түсіп
кеткен соң, тіпті Федор Богданычтан қорқудың өзі де тоқтата алмайтын.
«Қазір сол, сыйқы кеткен құр қуыс кеуде болыпты да... өзім болсам, неге
жүргенімді де, не боларымды да білмейтін жан болыппын...»
— Хқа! Хқа! Əй, ақсайтан! Немене, сен, күйбеңдеп жатпай жүрсің? —
деді ағасы əңгірлей дабыс беріп.
— Білмеймін, бір түрлі ұйқым қашып кетіпті.
— Мен жақсы ұйқтаппын ендеше, қазір тіпті терім де басылып
қалыпты. Көйлегімді сыйпап көрші. Тер жоқ па екен?
Левин сыйпап көріп, қалтқыдан шыққан соң, шамды өшіргенімен,
көпке дейін тағы да ұйқтай алмады. Қалай тіршілік ету мəселесі мен шешуі
жоқ — өлім деген жаңа мəселенің қалай кезіккен жайы енді-енді ғана
айқындалайын деді.
«Я, өледі ғой бұл, жазға салым өледі, қалай болысу керек екен десеңші
өзіне? Не айта алам бұған? Не білем бұл жөнде мен? Соның барын өзім де
ұмытып кетіппін».
XXXII
Жұрттың орынсыз кешірімшілдік, бəйпегі өз басына ыңғайсыз
тигенмен, солардың орынсыз тақақтап, кінəмшіл болуы да кешікпей
мазаны кетіретінін Левин əлдеқашан аңғарған болатын. Ағасының жайы да
солай боларын сезіп жүрген өзі. Шынында, Николай ағаңның жуастығы да
көпке жараған жоқ. Келесі күні таңертеңнен бастап-ақ, ашу шақырып,
інісінің ең жанды жеріне тие, шұқшыйып ілік таға бастады ол.
Левин өзін өзі жазықты сезгендіктен, ол жайды түзей алмады. Екеуі
мəймөңкені қойып, шүйіркелесе сөйлесейік демекші, ашық келіп,
ойлағандары мен сезгендерін дəл айтқан болса, бір-біріне екеуі тура
қараған болар еді де, Константин: «өлесің ғой, өлесің, өлесің сен!» дегенді
ғана айтып, — Николай: «өлетінімді біліп отырмын; қорқамын бірақ,
қорқамын!» — деп жауап берер еді дегенді Левин сезді де жүрді. Шешіле
сөйлескен болса, екеуі де одан өзге ештеңе айтпаған болар еді. Бірақ олай
тіршілік етудің реті келмейтін болған соң да, Константин, өмір бойы қанша
оқталса да қолынан келмеген нəрсені, өз байқауынша, көп адамдар-ақ
жөнін тауып жақсы істеп жүрген, онсыз тіршілік етіп болмайтын нəрсені
істейін дегенге тырысты: ойындағысынан өзге нəрсені айтуға тырысып,
онысы жалған шығып, ағасы да соны аңлап, соған шамданатынын үзбей
сезіп жүрді өзі.
Николай үшінші күні жоспарыңды қайта айтшы деп інісін шақырып
алып, жоспарын мінегені былай тұрсын, тіпті қасақана коммунизмге
апарып шатыстыра бастады.
— Сен өзің құр бөгде пікірді алып тұрып, əбден бүлдіріп барып,
қыйсынсыз жерге жапсырғалы жүр екенсің.
— Ойпыр-ау, оның түк қатнасы жоқ деп отырмын ғой саған. Олар
болса, меншік, капитал, мұра əділдігін жоққа шығарып отыр да, мен
болсам, сол басты стимулды 64 (Левин осындай сөздерді қолдануды жек
көрсе де, жұмыс қызығына түскеннен бері, орыста жоқ сөздерді лажсыз жиі
қолдана бастаған) жоққа шығармай, еңбек жағын ғана реттесем деп
жүрмін.
— Айттым ғой, əне, бөгде пікірді алғансың да, соның, күш-қуатын түгел
сыпырып тастап, мынауым бір жаңа, нəрсе деп сендіре қойғың келіп жүр
сенің, — деді Николай ашулана, галстукты мойны кегжең етіп.
— Қой, менің пікірім оған түк жанаспайтын пікір...
— Онда, — деді Николай Левин, көзі кəр төге жалт еткен күйі, кекете
күліп, — онда кем дегенде бір əсемдік, былайша айтқанда, геометриялық
— айқындық, шүбəсыздық жатыр. Ол өзі утопия болуы да кəдік. Бірақ
өткендегіден: меншік, семья түгел тұлдыр етіліп, tabularasa 65жасалып,
еңбек те реттеледі делік. Сонда өзіңде түк те жоқ емес пе...
— Неменеге таңып отырсың өзің? Ешуақытта да коммунист болған
жерім жоқ менің.
— Мен болғам ендеше, оны ертерек деп те білем, бірақ бірінші
ғасырлардағы христиан діні сықылды орынды да, болашағы да бар оның.
— Мен болсам, жұмысшы күшін табиғи-тəжрибе тұрғысынан алып
қарау керек, яғни соны зерттеп, қасиетін тану керек дегенді ғана ойлап
отырмын, əрі...
— Оның бос əурешілік əшейін. Ол күш, даму дəрежесіне қарай, белгілі
қарекет тұрғысын өзі-ақ тауып алады. Құл, одан соң metayers 66 дегендер
барлық жерде де болған; жұмысты ортаққа істеу, жалға беру, батрақ
жұмысы дегендер, іздейтін болсаң — өзімізде де бар.
Осы сөздер айтылғанда, Левин қапелімде қызарақтап та қалды, өйткені
ол сөздер шын сөз болған соң, ішінен қорқа да жүретін өзі, — шын
болғанда, коммунизм мен белгілі түрлер арасын үйлестірсем дейтін де,
онысының орайы келер-келмесі де екі ұрық болатын.
— Мен өзім жұмыс дегенді өзім үшін де, жұмысшы үшін де өнімді
істеудің əдісін іздеп жүрген кісімін. Жаңаша құрғым да... келіп жүр, — деді
қызарақтап.
— Ештеңе де құрғың кеп жүрген жоқ сенің; əшейін бүкіл өміріңдегі
ойын, сол болған соң, ерекше болайын дегенсіп, мұжықтарды жай қанап
жүргем жоқ, идеямен қанап жүрмін дегің келіп отыр.
— Жарайды, олай дейтін болсаң, қоя-ақ қой ары! — деді Левин, сол жақ
бетінің еті жыбыр қағып бара жатқанын сезіп.
— Сенің басыңда наным деген болған да емес, жоқ та ол, саған керегі
құр намысқа тырысу ғана болып отыр.
— Жарайды, соның жақсы, жайыма қойшы ары!
— Қойсам қойдым! Қарамды көрсетпей-ақ əлдеқашан кетуім керек еді!
Келгеніме қатты өкініп те отырмын!
Левин ағасын жұбатайын деп соңынан қанша талпынса да, Николай
түкке де құлақ асқысы келмей, айрылғанымыз əлдеқайда абзал деп отырып
алған соң, ағасының құр өмірден зықысы кеткенін де Константин
аңғарайын деді.
Константин əлдене деп кейіткен болсам, кешірім еткейсің дегелі қайта
оралғанда, Николай тіпті жүруге бейімделіп те қалған еді.
— Ə, кешірімділік де! — деді де Николай күліп жіберді. — Оң болғың
кеп тұрса, ол қолқаңды бере-ақ қойдым. Сенікі оң, бірақ жүруін жүрем
енді!
Николай інісімен дəл жүрер алдында ғана сүйісіп, соған қапелімде бір
түрлі шындай қараған күйі:
— Дегенмен де, сөге-жамандамағайсың, Костя! — деп даусы да
дірілдеп қоя берді.
Шын ниетімен айтқан сөзі — жалғыз осы сөз еді. Ол сөздің аржағында:
«жайымның жаман екенін көріп, біліп тұрсың ғой, бұдан соң көріспеспіз
де, бəлкім» — деген ишара жатқанын Левин де аңғара кетті. Соны
аңғарғанда көз жасы да парлап қоя берді. Левин ағасын қайта сүйгенімен,
ештеңе айта алмады да, айтар мұрсасы да болған жоқ.
Ағасы кеткен соң үшінші күні, Левиннің өзі де шетелге аттанды. Темір
жол бойында Китидің немере ағасы — Щербацкийге жолығып, тұнжыраған
сыйқы қайран қалдырды оны.
— Не болған саған? — деп сұрады Щербацкий.
— Жай, əшейін, жарық дүниенің қызығы аз боп жүр.
— Азы қалай? Келіңіз, қайдағы бір мюлузаға барғанша, Парижға
барайық бірге. Қызыққа көзіңіз сүрінсін!
— Жоқ, қызықтап біткемін. Өлер шағым да жетті.
— Бəрекелде, қызық мынау болды-ау! — деді Щербацкий күліп. — Мен
жаңа бастайын деп жүрмін ендеше.
— Жуырда мен де солай ойлағам, бірақ кешікпей өлерімді де біліп
жүрмін қазір.
Левин сол соңғы күндерде ойлаған нағыз шынын айтты. Дүние
біткеннен өлім елесін ғана көріп, не соған жақындадым дейтін де жүретін
өзі. Қолға алған ісі сол үшін де билеп əкетті өзін. Келер ажал келгенше,
бірдеңе етіп өмір сүре тұру да керек еді. Оған деген дүниені қараңғылық
түгел қоршап алды; бірақ сол қараңғылық салдарынан, осы қараңғыда
қармайтын жалғыз ғана арқауы өз ісі боп көрінген соң, бар күшін сала
соған ғана жармасып, соған қол артты.
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
I
Ер-əйелді Карениндер бір үйде тұрған күйі, күн сайын көрісіп
жүргендерімен, бір-біріне мүлде жат кісі боп кетті. Алексей Александрович
жалшы əйелдің түйсінер хақы болмасын деп, əйелін күн сайын көріп
тұруды ереже етіп ұстағанмен, үйден тамақ ішпейтін боп алды. Вронский
Алексей Александрович үйінде өмірі болмағанымен, Аннаны үйден сырт
жерде көріп, онысын күйеуі де біліп жүрді.
Үшеуінің жайы да өте қыйынға соққандықтан, соның өзі құр өте
шығатын, уақытша қыйнаған, өзгеретін қыйыншылық деп күтпесе, ол
халде бір күн тұруға ешқайсысының да дəрмені жетпегендей еді. Алексей
Александрович өзге құштарлық біткен тəрізді, бұл құштарлық та тынады,
жұрт біткен түгел ұмытады, атым масқара болмайды деген ойда болды.
Осы жай өзінен сабақталып, жұрт біткеннен гөрі сол жай өзіне қатты
батқан Анна да соның бəрі тез арада түгел шешіліп, беті ашылады дегенге
мықты сеніп, соны күткендіктен ғана төзіп жүрді. Ол жайды не шешерін
білмесе де, соның шешілер шағы кешікпей келмей қоймайды дегенге бір
түрлі кəміл сене де берді өзі. Аннаның ырқына лажсыз көнгендіктен, сол
қыйыншылықты шешетін, өзіне байланысы жоқ бір жағдай болады дегенді
Вронский де күтті.
Қыс ортасында Вронский бір өте көңілсіз апта өткізді. Петербургке
келген шетелдік король баласына қосылып қойылған соң, соған
Петербургтің игілік орындарын көрсететін болды. Вронскийдің өзі де
көрікті адам болатын; оның үстіне, ондай адамдармен жүргенде, өзін өзі
ізетпен келісімді ұстайтын өнері мен жұғыса білетін дағдысы да бар еді;
король баласына өзі сонысына жарай қосылған болатын. Бірақ өз міндеті
өзіне өте ауыр да көрінді. Король баласы үйіне барғанда, Россияда осыны
көрдің бе деп сұрайды-ау деген нəрсенің бірде-бірін қақас жібермеуге
тырысты; орыс сауықтарын осындайда мейлінше көріп қалуға да зауқы
соға берді оның. Вронский соның қай жағында болсын, король баласына
жетекші болуға міндетті еді. Ертеңгісін екеуі игілік орындарын көруге
шықса, кешкісін ұлт сауықтарына қатнасып тұрды. Король баласының
денсаулығы, тіпті сол король балалары арасында да төтенше денсаулық
екен; денесін əрі гимнастика ойнап, əрі жақсы күту арқылы, əбден
күшейтіп алғандықтан, сауық үстінде артық қыймылдағанмен,
Голландияның жып-жылтыр үлкен көк қыярындай жасаңғырайды да
тұрады екен өзі. Король баласы көп саяхаттаған адам екен де, қатнас
жолдарының қазіргі жеңілдігінің басты бір пайдасы ұлт сауықтарына
араласуға себі тиетінінде деп біледі екен. Өзі Испанияда да болып, онда
музыка шығармаларын атқарып, мандолина тартатын бір испан қызбен де
жақындасып кетіпті. Швейцарияда гемза соғып алыпты. Англияда қызыл
фрак киіп, дуалдан ат қарғытып, бəстескенде екі жүз қырғауыл атып
түсіріпті. Туркияда гаремде болып, Үндіде пілге мініп жүріпті де, қазір
Россияда орыстың арнаулы сауықтарының қызығын түгел көрейін деген
ойға келіпті.
Король баласының қасында ойын-сауықтың бас мистріне ұқсап жүрген
Вронскийге король баласына əрқыйлы адамдар ұсынған орыс сауықтарын
түгел реттеп көрсету деген де өте көп еңбекке түсті. Ат желісі, аңыздар, аю
аулау, үш атты серуен, цығандар, орыстың ыдыс ұрып сындыратын
ойындары түгел көрсетілді. Король баласы да орыс салтына өте оңай
төселіп алып, ыдыс тізген подносты ұрып, тізесіне цыған қызын мінгізіп:
тағы нелерің бар, орыс салты дегеннің бас-аяғы осылар ғана ма? — деп
сұрағандай да болып жүрді.
Шынында орыстың күллі сауықтарынан король баласына неғұрлым
көбірек ұнағандары француз актрисалары, балет бишісі, ақ қағазды шампан
шарабы ғана болып шықты. Вронский өзі король балаларына үйір
болғанмен, əлде соңғы кезде өзі өзгеріп кеткендіктен бе, əлде осы король
баласына əбден жақын боп алғандықтан ба, — əйтеуір, осы апта деген
өзіне жаман ауыр тиді. Осы аптада өзі, асқан жынды адам қасына қойылып,
сол жындыдан қорқумен бірге, соған жақын жүруден өз ақылым не болды
екен деп шошыған адамның сезіміндей сезімге де келе берді. Вронский
датқа қалмай, мейлінше ресми ізетшілік қалпын бір секунд бəсеңдетпеу
керек екенін де сезіп жүрді ылғый. Король баласына орыс сауықтарын
көрсетеміз деп əлекке түсіп, Вронскийді таңырқата берген сол адамдарға
король баласының жұғысу тəркі де астам соғып жатты. Өзі зерттеп білсем
деп жүрген орыс əйелдері жайындағы пікірі де Вронскийді құса қылып,
талай рет қызартты. Вронскийге король баласының ауыр тиген ең басты
себебі, Вронский сол король баласынан өзін де лажсыз көре берді. Сол
айнадан көргені Вронскийдің менмендігіне де жаға қойған жоқ. Ол өзі өте
ақмақ, өте қайсар, денсаулығы да өте күшті, өте таза жүретін адам екен де,
өзге түгі жоқ екен. Өзінің жентельмендігі де рас екен, онысын Вронский де
бекер дей алған жоқ. Өзі жоғары адамдарға салмақпен қарап, ештеңе іздей
қоймайды екен де, тең адамдарға жұғысқанда еркін, қарапайым келіп,
төмен адамдарға астамсып, мейірбанси қарайды екен. Вронскийдің өзі де
солай болған соң, соны бір үлкен мəртебе көріп жүретін; бірақ король
баласына қарағанда өзі төмен болғандықтан, өзіне сол король баласының
астамсып, мейірбанси қарауы да зығырданын қайнатып жүрді.
«Былшыйған ақмақ немене! Шын-ақ осындай болдым ба екен?» — деп
ойлады ол.
Не болса, о болсын, əйтеуір, жетінші күні, Москваға жүрер алдында,
қош айтысып, алғысын алған соң, сол ыңғайсыз ахуал мен жағымсыз
айнадан құтылғанына Вронский де бір жасап қалды. Король баласына түні
бойы орыстың батырлық-ерлігі көрсетілген аю аулаудан қайтқан соң,
станцияда келіп қош айтты.
ІІ
Вронский үйіне оралған соң, бөлмесінен Аннаның хатын тауып алды.
Анна: «Ауру, əрі бақытсызбын. Жүре алатын да, бұдан ары сізді көрмеуге
шыдай алатын да жайым жоқ. Кешкісін келіңіз. Алексей Александрович
сағат жетіде кеңеске кетеді де, онға дейін сонда болады», — деп жазыпты.
Аннаның тіке үйіне шақырған оғаш жайын сəл ойланып тұрды да, күйеуі
үйге келтірме деп қойса да, Вронский барайын деген ойға келді.
Вронский осы қыста полковник дəрежесіне шығарылған соң, полктан
сыртқары, жалғыз тұратын. Ертеңгі асын іше салысымен, диванға
қыйсайды да, соңғы күндерде көрген сорақы нəрселерін бес минуттай
ойлап жатып, ол ойлары Анна мен аю аулауда үлкен орын алған айдаушымұжық жайындағы елестерге барып шатысып, ұласып кетті; сөйтіп жатып
ұйқтап та қалды. Қараңғыда қалтырай оянып, апыл-ғұпыл шам жақты.
«Немене бүл? Не нəрсе? Түсімде не сұмдық көрдім өзім? Я, я. Сақалы
қаужыйған, кішкентай, кірқожалақ, айдаушы-мұжық еңкейе бірдеңе істеп,
қапелімде французша бір оғаш сөздер айтқан сықылды болды. Я, одан өзге
ештеңе де көргем жоқ түсімде, — деді ішінен. — Соның бірақ сонша
сұмдық көрінгені несі?» Мұжық пен сол сөйлеген французша түсініксіз
сөздерді есіне қайта алысымен, жұлын тұтасы шымырлап, қорқып кетті.
«Немене бұл өзі?» — деп ойлады да, Вронский сағатына қарады.
Сегіз жарым екен. Кісі шақырып алып, апыл-ғұпыл киінді де, түсін
мүлде ұмытып кетіп, кешіккеніне ғана қыйналған күйі, есік алдына шықты.
Карениндер есігінің алдына келе бере сағатына қарап еді, он минуты кем
тоғыз екен. Кірер есік алдында қос көк ат жеккен, ені тар, биік күйме тұр
екен. Аннаның күймесі екенін таный кетті. «Маран бармақ екен ғой, — деді
ойланып Вронский, — сонысы жақсы да болатын еді. Осы үйге кіруді жек
көрем өзі. Бəрібір бірақ; жасырынып жүрер жайым жоқ», — дегенді ішінен
айтты да, Вронский бала жасынан ұялар ештеңем жоқ деп үйренген
адамның əдетіне сала, шанадан шығып, есік алдына келді. Есік ашылып,
шəлі ұстаған швейцар күймені шақырды. Жай-жапсарды байқауға
жаттықпаған Вронский, дегенмен де, қазір өзіне швейцардың таңырқай
қараған əлпетін шалып қалды. Вронский есікке кіре бере Алексей
Александровичпен де қақтығып қала жаздады. Газ шамдалының жарығы
қара қалпағы астында қаны қаша омсырайған жүзі мен пальтосының
құндыз жағасынан жылтырай көрінген ақ галстугіне дəл түсе кетті.
Карениннің бедірейген нұрсыз көзі Вронскийге қадала қарады. Вронский
иіле берді де, Алексей Александрович тамсанып қойып, қолын қалпағына
таман көтерді де, өтіп кетті. Вронский оның күймеге сол қарамаған күйі
мініп, шəлі мен дүрбісін терезеден алған соң, жүріп кеткенін түгел көріп
тұрды. Вронский ауыз үйге кеп кірді. Қабағы түнере, көзі зіл шақыра,
астамсый жалтылдап тұр.
«Қызық мынау болды-ау! — деді ойланып. — Егер сол қарсы тұрып,
абройын арашалайтын болса, мен де қарап қалмай, сезімдерімді айтпақ
едім ғой; осалдығы ма екен, арамдығы ма екен мұнысы... Алдампаз
болмайын, болғым келмейді деп жүргенде, соның керіне түсіріп кетті-ау,
мені».
Аннамен Вереде бағында сөйлескеннен бері Вронскийдің пікірі көп
өзгерген болатын. Өзіне түгелімен құлай беріліп, тағдырымды осы ғана
шешеді деп жүрген Аннаның осалдығына амалсыз көніп, өзгелеріне де
алдын ала түгел көнген күйі, бұл байланыс, ол кездегі ойындай, тына
қалады дегенді де əлдеқашан қойып кеткен ол. Баққұмарлық жоспары тағы
да артқа сырғып, бəрі белгіленіп отырған қызмет ауқымынан кеткенін
сезген соң, өз сезіміне түгелдей беріліп, сол сезімі Аннаға күннен күнге
күштірек тели түскен өзін.
Аннаның ары кетіп бара жатқан дыбысын ауыз үйде тұрып-ақ естіді.
Өзін күте, тың тыңдап, енді қонақ үйге қайтқанын да аңғара кетті ол.
— Жоқ! — деді Анна, соны көре шаңқ етіп, сол алғашқы даусымен
бірге, көзіне жасы да келіп қалды, — жоқ, осы күйі осыдан танбайтын
болса, тынатын шағы да əлдеқайда ерте оның, ерте!
— Не болды, достым?
— Не болды? Бір сағат, екі сағат деп күте-күте, зарығып біттім ғой...
Жоқ, қойдым, ал!.. Сенімен керісер жайым жоқ менің. Орайың келмеген де
шығар. Жоқ, қойдым!
Анна екі қолын Вронскийдің иығына артқан күйі, ұзақ қарады оған. Өзі
көрмегелі бері жүзінде не болғанын тоқып тұр. Ол жайында қыялдаған
(өмірде орайы жоқ, өлшеусіз озық) елесің əр жолыққандағы əдетінше,
соның сол өз бойына таңып тұр.
III
— Əлгіге жолықтың ба? — деп сұрады Анна, екеуі шəмдал астындағы
стол қасына кеп отырған соң, — кешіккеніңнің жазасы сол, əне.
— Жолықтым, онысы не өзі? Кеңесте болуға тиіс еді ғой ол?
— Болып, қайта оралып еді, тағы да бір жаққа кетті. Уақасы жоқ бірақ.
Өзің қайда болдың? Король баласының қасында болдың ба, ылғый?
Анна Вронский тіршілігінің, жай-жапсарын түгел біледі екен. Вронский
түні бойы ұйқтамаған соң, көзім ілініп кетіпті дейін деді де, Аннаның
бақытқа бата, лепіріп отырған дидарын көргенде ұялып кетті. Содан ол,
король баласының аттанғаны жайында, барып есеп беруім керек болды
дегенді айтты.
— Тынды ма енді? Аттанды ғой ол?
— Құдай оңдап, тынды, əйтеуір. Соның өзіме қандай қыйын тигеніне
сенбейсің ғой сен.
— Неге өйтеді? Жігіт болған жерлеріңнің қашанғы тіршілігі сол емес
пе, — деп Анна, қабағын түйген күйі, стол үстінде жатқан тоқымасын
алып, Вронскийге де қарамай, тоқымадағы ілгектерін шығара бастады.
— Ол тіршілікті мен əлдеқашан тастағам, — деді Вронский, Анна
əлпетінің өзгерісіне таңырқаған күйі, соның мəнісін білейін деген оймен.
— Шынымды айтсам, — деді аппақ жиі тісін көрсете күлімсіреп, — сол
тіршілікті көре жүріп, осы аптада өзім айнаға қарағандай болып, жайсыз да
тиді өзіме.
Анна тоқымасын ұстағанымен, тоқый қоймай, Вронскийге бір
жалтылдаған, оғаш, суық көзбен қарады.
— Бүгін таңертең Лиза келген болатын маған — Лидия Ивановна
графиня бола тұрса да, маған келуден əлі қорықпайды өздері, — деп
кірістіріп қойды Анна, — Афиналық сауық-кештеріңнің жайын сол айтты.
Не деген оңбағандық десеңші!
— Менің айтайын дегенім де...
Анна кес-кестей кетті.
— Өзің бұрын білетін Therese ғой ол əлгі?
— Айтайын дегенім...
— Не деген оңбағансыңдар десеңіні, еркектер! Əйел есінен соның
кетпейтінін неге түсінбейді екенсіңдер, сендер, — деді Анна, өршелене
қыза сөйлеген күйі, шамданған себебін де оған сол арқылы ашып. —
Əсіресе, сенің тіршілігіңді біле алмайтын əйелді айтып отырмын. Сенің сол
өзіме айтқаныңнан өзге, не білем? He білдім мен? — деді Анна. — Сен
соны өзіме шын айтып жүрген-жүрмегеніңді қайдан білем мен...
— Анна! Ренжітесің мені. Маған сенбейсің бе, өзің? Саған ашпайтын
ойым жоқ дегенді өзіңе айтпап па едім мен?
— Я, я, — деді Анна, қызғаныш ойын айықтырғысы келгендей. — Бірақ
маған қандай ауыр екенін білер ме едің десеңші, сен! Сенемін саған... Ал,
не дейін деп едің өзің?
Вронскийдің айтайын деп отырғаны ə дегенде есіне түспей де қалды.
Соңғы кездерде Аннада жиі-жиі ұшырап жүрген қызғаныш құсасы
Вронскийді де шошытты, сол жайын жасыруға жан салып, қызғаныш
себебі өзіне деген махаббаты екенін біліп жүрсе де, Аннаға өзін
суындырып та жіберді онысы. Соның махаббаты бақытым дегенді де өзіне
өзі сан рет айтқан болатын ол; сөйтіп, күллі өмір игілігінен махаббатты
артық көретін əйелдерше, Анна келіп өзін сүйген кезде, — сол
махаббаттан, Анна соңына ілесе Москвадан келе жатқандағысынан
əлдеқайда алыстап та кетті өзі. Ол кезде өзін бақытсызбын дегенмен,
бақыты алдында болатын; қазір болса, жақсы бақыт дегендер артта қалды
деп сезінді ол. Анна да алғаш көргендегісінен мүлде өзге боп кеткен.
Құлығы да, көркі де өзгеріп, құлдыйлай түскен. Анна өзі далыя жайылып,
актриса жайын айтқан кезде, бет пішіні де əрін бұзып жіберген бір долы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 29
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.