Latin Common Turkic

Анна Каренина - 10

Total number of words is 4175
Total number of unique words is 1962
36.9 of words are in the 2000 most common words
51.7 of words are in the 5000 most common words
58.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
соң темір затын, одан соң лапис дəрісін берсе де, үшеуінің де себі тимеген
соң, жаз шыға шетелге бар деп өзі кеңес бергендіктен, əйгілі доктор
шақырылған болатын. Əлі де жасаң, өте сұлу, əйгілі доктор науқасты
қарайық деген талап қойды. Ол өзі қыз ұялшақтығы деген тек тағылық
сарқыты, жалаңаш жас қызды əлі де жасаң еркектің сыйпауынан табиғи
ешнəрсе жоқ дегенді өте бір ықласпен айтқандай болды. Оны өзі табиғи
деп тапқанда, сол кəсіпті күн сайын істей жүріп, оның үстіне, өз
байқауынша, жаман ештеңе сезіп, ештеңе бар деп ойламағандықтан
тауыпты да, сондықтан қыздың ұялшақтығын тағылық сарқыты деп білу
үстіне, тіпті өз басымды қорлағандық деп санайтын болыпты.
Доктор біткен түгел бір саладағы мектепте оқып, бір салалы кітап пен
бір ғылымды біле тұрса да, осы əйгілі докторды кейбіреулер əрі жаман
доктор деп жүрсе де, княгиня үйі мен соның топтары, сол əйгілі доктор
жалғыз білетін бір ерекше нəрсе бар, Китиді де сақтап қалса, сол сақтап
қалады деп, біртүрлі сеніп кеткен соң да көнбеске болмады. Ұялғаннан есі
шығып, ебі қашқан ауру қызды зейін сала, тықылдата ұрып, қарап шыққан
əйгілі доктор, қолын құнттай жуып, қонақ үйде князьбен сөйлесіп тұр.
Князь өзі докторды жөтеле тұрып, шытына тыңдады. Көпті көрген, ауруы
жоқ, есті адам болған соң, медицинаға да сенбейтін өзі, Кити науқасының
себебін жете білетін адам жалғыз өзі болған соң да, сол комедияға іштей
түгел ашуланып тұр əрі. «Баяғы сол бір тарсыл ғой» — деп ойлайды
ішінен, аңшылар сөздігіндегі осы бір атауды əйгілі докторға да қолдана,
қызының ауруы жайындағы белгілерді айтқан былшылын тыңдай тұрып.
Бұл арада доктор да сол бір тентек шалдан безінген əлпетіне əрең ие боп,
соның айнымас ұғымына əрең илігіп тұр. Ол өзі қартпен сөйлесер ештеңе
жоғын да, бұл үйдің басшысы — шешесі екенін де біліп тұрған болатын.
Оның ойы: бар моншағын соның алдында ақтару еді. Осы кезде княгиня да
докторын ерте, қонақ үйге келіп кірді. Сол комедия өзіне түгел бір күлкі
көрінгенін білдірмейін деп, князь да қыйыстай берді. Княгиня не істерін
білмей, есі шығып кетіпті. Кити алдында жазықты сезіп тұр өзін.
— Кəнеки, тағдырымызды шешіңіз, доктор, — деді княгиня. — Түгел
айтыңыз маған. «Үміт бар ма екен?» — дегенді айтқысы келгенмен, ерні
дірілдеп кетті де, ол сұрауды айта алмады. — Қалай екен, доктор?
— Қазір мына бастасыммен сөйлесіп алайын да, пікірімді сізге содан
кейін мəлімдейін, княгиня.
— Он да біз шыға тұрайық па?
— Қалағаныңыз білсін.
Княгиня күрсініп салды да, шығып кетті.
Докторлар оңаша қалған соң, үй дəрігері көкірек аурудың басталу
салқыны бар ма деймін, бірақ... — деп тағы-тағы сондайлар жайында,
пікірін жүрексіне тұрып айта бастады. Əйгілі доктор соны тыңдай келіп,
сөзінің орта шенінде үлкен алтын сағатын алып қарады.
— Солай ғой, — деді ол. — Бірақ...
Үй дəрігері ізет тұта, сөзін бөліп, тына қалды.
— Өзіңіз білесіз, көкірек аурудың салқыны бар дегенге аузымыз
бармайды біздің; өкпе тесілгенге дейінгі белгіден ештеңе білінбейді. Бірақ
сезіктенуімізге болады. Оған: тамақты пəс ішу, жүйкелеу жəне басқа сол
сықылды тұспалдар да бар. Көкірек ауру салқыны бар деп сезіктенген
күнде, тамақ ішуін оңдау үшін не істеуіміз керек дегенге сайып отыр
мəселе.
— Дегенмен, мұндайда ылғый бір көңіл күйі мен рухани себептер де
қоса жүретінін білесіз ғой, өзіңіз, — дегенді үй докторы да жыбыртқы
жымыңмен саумалап қосып жіберді.
— Əрине, өзінен өзі түсінікті ғой ол, — деді əйгілі доктор, сағатына
тағы да қарап қойып. — Айтпақшы, Яуз көпірі салынып па, əлде, айналып
өту керек пе екен əлі? — деп сұрады. — Ə, салынған екен ғой. Онда
жыйырма минут бола алады екем əлі. Сөйтіп біз, мəселе: тамақ ішуін
оңдап, жүйкесін жөндеу керек дегенге сайып тұр дедік. Бірі біріне ұштасып
жатыр, осының о жақ, бұ жағына бірдей шара істеу керек.
— Шетелге бару жайы ше? — деді үй докторы.
— Шетелге баруға оз басым жау кісімін. Əрі аңғарар болсаңыз: көкірек
аурудың, басталу салқыны болған күнде, соны өзіміз білмей отырып,
шетелге барудың себі тимейді. Тамақ ішуін түзеп, зыян тигізбейтін дəрі
беру керек.
Əйгілі доктор осыдан соң, Соден суымен емдеймін деген жоспарын
айтып шықты, оны ұсынғандағы басты мақсаты, ол су зыян тигізбейді
дегендік екен.
Үй докторы ден қоя, ізетпен тыңдап шықты.
— Бірақ мен шетелге барса дегенде, есіне түсе беретін əдетін өзгертіп,
сол жағдайдан айықтырайын деп едім. Шешесі де қалай берді əрі, — деді
ол.
— Ə! Жарайды, олай болса, барса барсын. Тек əлгі, неміс шерменделер
зыян тигізеді ғой деймін... Айтқанды тыңдаса, болғаны... Жарайды онда,
барса барсын.
Сағатына тағы да қарады.
— О! Уақыт болған екен, — деді де есікке қарай тартты.
Əйгілі доктор (сыпайылық сезімі түрткендіктен) ауруды тағы да көруім
керек еді дегенді айтты.
— О несі! Тағы да қарау керек пе екен! — деді шешесі шошып кетіп.
— Жо-жоқ, кейбір жайларды білейін деп едім, княгиня.
Сонсын, шешесі докторды ерте қонақ үйдегі Китиге келіп кірді. Сола
жүдеген Кити, ұялғанынан жүзіне қызыл рең жүгіріп, көзі ерекше
жаутаңдап, бөлменің ортасында тұр екен. Доктор кірген кезде, тұла бойы
ду етіп, көзіне жасы толып кетті. Дерті мен емі өзіне сонша бір ақмақтық,
тіпті күлкі нəрсе көрінетін түгел! Өзін емдейміз дегендері қыйраған
құмыраның сынығын құрағандай, күлкі болып көрінетін бір. Тілім-тілімі
шыққан жүрегі болатын оның. Домалақ, ұнтақ дəрімен емдегенде,
осылардың ойы немене екен десеңші? Бірақ шешесі өзін өзі айыпты санап
жүргендіктен, оны ренжітудің де орны жоқ еді.
— Отыра қойыңыз, княжна, — деді əйгілі доктор.
Китиге қарсы күлімсірей отырып алып, тамырын ұстап, жалықтырғыш
сұрауын тағы да бере бастады. Кити жауап беріп отырып, қалт ашуланып
кетті де, ұшып түрегелді.
— Ғафу етіңіз, доктор, осыңыздан шынында түк те шықпайды. Бір
сұрағаныңызды үш сұрайсыз менен.
Əйгілі доктор көңліне ауыр алған жоқ.
— Ауруға біткен шамкестік қой, — деді княгиняға, Кити шығып кеткен
соң. — Əйтсе де, болдым мен...
Доктор осыдан соң, асқан ақылды əйелдің алдында тұрғандай,
княгиняға княжна жайын ғылми жағынан анықтай айтып, керегі жоқ болса
да, əлгі суды қалай ішу жөнін сілтеумен барып түйді. Шетелге баруға бола
ма деген сұрауға, қыйын мəселе шешкендей, терең ойланып та қалды
доктор. Ақырында: барса барсын, бірақ неміс шерменделерге сенбесін,
қалаған нəрселерін түгел маған айтсын деген байлау жасады.
Доктор аттанған соң, біртүрлі шаттық кіргендей де боп кетті. Қызына
шешесі де масайрай оралып, Кити де жадыраған шырай көрсете құбылды.
Қазір өзі əмісе-ақ, жиі-жиі құбылып тұратын.
— Рас айтам, айықтым, maman. Алда-жалда, барайық дейтін болсаңыз,
барайық! — деді де, алдағы жүрістеріне ден қойып отырған кісі боп
көрінгісі келіп, жүріс əзірліктерін де айта бастады.
II
Доктор кеткен соң Долли келді. Ол өзі сол күні консилиум болатынын
білген соң, жуырда босанып (қыс аяғында қыз тапқан болатын), өз қайғысы
мен өз қамы толып жатса да, емшектегі баласы мен науқас қызын тастап,
Китидің сол күні шешілгелі отырған жайын білгелі соғыпты.
— Жə, немене? — деді, қонақ үйге кірген соң, қалпағын шешпей
жатып. — Түгел жарқын екенсіңдер. Жақсы ғой деймін шамасы?
Доллиға доктор сөздерін айтпақшы болысқандарымен, доктор өзі əрі
жатық, əрі ұзақ сөйлесе де, айтқан сөздерін ешбір жеткізіп айтуға
болмайтын сөз боп шықты. Бар қызығы-ақ, шетелге жүру жайынын,
шешілгені екен тек.
Долли амалсыз күрсініп салды. Аяулы досы боп жүрген сіңлісі
аттанатын болыпты. Өз тұрмысы болса, жадырауы жоқ тұрмыс болатын.
Степан Аркадьич татуласқаннан кейінгі қарым-қатнастары да жасытып
жіберген өзін. Тыянақты дəнеңе де қалмай, Степан Аркадьич болса, үй
қарасын тіпті, өмірі көрмеу жаққа да шыққан, ақша жағы да үнемі болмай,
опасыздық бар-ау деген сөзін Доллиды дамылсыз қыйнағанмен, басынан
кешкен қызғаныш күйігінен қорыққандықтан, ол сезігіп бойына жуытпай
да жүретін. Бастан кешкен алғашқы қызғаныш долығының қайта оралар
жайы да жоқ еді, тіпті опасыздықты ашқан күннің өзінде де, алғашқыдай
əсер ете алмағандай еді өзіне. Опасыздықты өйтіп ашу деген, өзін енді
семья дағдысынан айырып, күйеуін де, əсіресе, сол жөндегі өз осалдығын
да елетпей, өзін өзі алдауға да салындырғандай еді. Оның үстіне: біресе
емшектегі баласы емізілмей, біресе даяшы қызы кетіп, біресе балаларының
бірі қазіргідей аурып қалып, үлкен семьяның қамы қоса қыйнап жүрген
өзін.
— Не болсын, өз балаларың қалай? — деді шешесі.
— Əй, maman, өз қайғыңыз да толып жатыр ғой. Лили аурып қалып еді,
жұпар болмағай деп қорқып отырмын. Білейінші деп, əшейін қазір ғана
шығып тұрмын, əйтпесе, құдай көрсетпесін, жұпар болса, бүлк етпей
отырып қалам ғой деймін.
Доктор кеткен соң қарт князь да кабинетінен шығып, Доллиға бетін
сүйгізіп, сөйлескен соң, əйеліне тіл қатты:
— Қалай ұйғардыңдар? Жүресіңдер ме? Мені қайтпексіңдер, ал?
— Сен қаласын ғой деймін, Александр, — деді əйелі.
— Мейілдерің.
— Мaman-ау, папам неге бізбен бірге бармайды? — деді Кити. — Оған
да, бізге де көңілдірек болар еді.
Қарт князь түрегеліп, Китидің шашын сыйпап-сыйпап қойды. Кити
басын көтере, əкесіне амалсыз күлімсірей қарады. Əкесі өзімен аз сөйлессе
де, семьядағылардың бəрінен қашан болсын артық түсінетін сықылды
көрінетін. Əкесінің сүйікті, кенже қызы болғандықтан, сол əкенің осыған
деген махаббаты да оның өзін байыпшыл етіп тұрған сықылды керіне
беретін. Қазір Кити көзі əкесінің сарыла қараған мейрімді, көкшіл көзіне
түскенде, өзін көктей өте көріп, басындағы жайсыз ахуалын түгел түсініп
тұрғандай сезді. Кити қызарып кетіп, сүйгізгелі созыла беріп еді, əкесі
бірақ шашын құр салалап қойды да, сөйлей жөнелді:
— Осы бір ақмақ жасанды шаш түйіс-ай десеңші! Қызыңның шын
шашына қолың жетпейді де, арамқатқан қатындардың шашын сыйпайсын
құр! Жə, Долинька, жай нешік, — деді үлкен қызына қарап, — козырың не
істеп жүр?
— Ештеңе істеген жоқ, папа, — деді Долли, əңгіме күйеуі жайында
екенін аңғарып. — Ылғый жүрісте болады да, өзін тіпті көре де бермеймін
мен, — дегенді сылтың күлкіге сала, қосып жібермесіне де болмай қалды.
— Немене өзі, орманын сатуға дерезняға жүрген жоқ па əлі?
— Жоқ, əлі сол жыйналумен жүр.
— Солай де! — деді князь. — Онда менің де жыйналуым керек болды
ғой? — Құп болады, — деді отыра беріп əйеліне. — Ал, Катя, сен болсаң
енді, — деді кенже қызына бұрылып, — күндердің күнінде, тамаша бір
таңертең оянып, өзіңе өзің: мен бар ғой, мүлде cay, көңілді екем өзім, жүр,
папа, ертемен барып, аязда тағы да серуендейік десең деп отырмын. Қалай
дейсің?
Əкесінің айтқаны өте жай сөз сықылды болғанмен, осы сөздер
айтылғанда Кити, айыбы ашылған қылмысты адамша қысылып, сасып та
қалды. «Рас, бұл кісі түгел біліп, түгел түсініп отыр да, осы сөз арқылы
өзіме: ұяты ұят болса да, өз ұятыңа көнуің керек қой деп отыр». Китидің
бірдеңе деп жауап беруге де дəрмені келмей қалды. Бірдеңе дей берейін
деді де, қапелімде жылап жіберіп, бөлмеден зыта жөнелді.
— Сенің қалжыңыңның сыйқы осы ғой! — деп княгиня күйеуіне шап
ете түсті. — Қашан болсын сенің... — деп қамырықты сезін де шұбырта
бастады.
Княгиняның кінам сөзін томсара отырып, ұзақ тыңдағанмен, князьдың
жүзі де барған сайын түнере берді.
— Сорлының өзі сонша жан есіркегендей боп отырғанда, көңілдегі
дығын жанай айтқан титтей емеуріннің өзі де батып кететінін сезбейсің ғой
сен. Ойпыр-ай! Адам сөйтіп те қателеседі екен-ау! — деді княгиня, сөз
əлпетінің өзгерісіне қарай, Вронскийді айтып отырғанын Долли мен князь
да аңғарайын деді. — Сондай тозаңы, рақымсыз жандарға қарсы заң
жоғына да түсінбеймін өзім.
— Əй, тыңдамай-ақ қалсамшы! — деді князь, тұнжырай сөйлеп,
орындығынан тұрған күйі, кетейін дей бере, есік алдына тоқтай қалып. —
Заң бар, бəйбіше, ақыр аузымды қышытарың қышытқан соң, айтайын мен
саған: соның бəріне өзің, өз басың ғана айыптысын. Ондай алаяқтарға
қарсы заң қашан да болған, бар да ол! Я, егер сол қыйсыны жоқ нəрсе
килікпеген болса, мен өзім қарт кісі бола тұрып-ақ, сол сыяқты сылқымды
тұйыққа тосқан да болар едім. Жə, енді емдей бер де, сонау шерменделерді
үйіңе тасый бер.
Князьдың тағы да талай сөзді сапырғалы тұрған түрі бар еді, княгиня
бірақ соның сөз тəркін естісімен-ақ, шиеленіскен мəселелер жөніндегі
қашанғы əдетіне баса, дереу жуасып, райынан да қайта қойды.
— Alexandre, Alexandre, — деп күбірлеген күйі, жақындай түсіп, жылап
та жіберді.
Княгиня жылаған соң-ақ, князь да толастап, қасына келді.
— Жə, қой, жетті! Саған да ауыр екенін білемін. Не істерсің? Бүлінген
ештеңе жоқ. Жасаған жар болсын... Рақмет...— деді князь, не деп тұрғанын
өзі де білмей, қолына жасы тие сүйгенін сезіп, княгиняға солай жауап берді
де, бөлмеден шығып кетті.
Кити əлгіде, бөлмеден жасы парлай шығып кетісімен-ақ, Долли бұл
арада əйел араласатын іс барын семьядағы аналық əдетіне баса аңғара
қойып, соны істеу жағына ыңғайлана бастаған болатын. Қалпағын шешкен
соң, білегін іштей сыбанған күйі, соны істеуге қамдана да берген. Шешесі
əкесіне кеп ұрынған кезде, қызға біткен ізетін сақтай отыра, шешесін
басуға да тырысты. Князь тұтаған кезде, үндеген жоқ; анасы үшін ұялса,
мейрімді мінезіне лезде қайтқан əкесіне елжіреп те отыр; бірақ əкесі кеткен
соң, керекті тапқан басты нəрсесін істеуге кірісіп, — Китиге барып,
жұбатайын дегенге шықты.
— Maman, менің сізге көптен айтқалы оқталып жүрген бір нəрсем:
Левин соңғы келгенде, соның Китиге ұсыныс жасамақ болғанын білуші ме
едіңіз? — деу еді. Соны Стиваға айтыпты өзі.
— Айтса қайтеді екен? Түсінбеймін...
— Былайша, Кити көнбеген шығар, бəлкім? Өзі айтқан жоқ па сізге?
— Жоқ, онысы жайында да, мұнысы жайында да ештеңе айтқан жоқ;
тым тəкаппар қыз бір. Менің білерім-ақ осының бəрі сонау...
— Я, Левинге көнбесе, қыйын болған екен онысы, — анау болмаса,
Левинге көнген де болар еді ғой, білемін... Сонсын анау өзі сонша жаман
алдап та кетті ғой əрі.
Қызына қатты айыпты болдым-ау деген ой княгиняға сонша сұмдық
көрінгендіктен, ашуланып та кетті.
— Қойшы əрі, түк те түсінбеймін! Қазір бəрі де өз ақылымызбен күн
көреміз дейді де, шешеге ештеңе де айтпайды, содан келіп міне...
— Maman, соған барайыншы мен.
— Бара бер. Қой дер дейсің бе саған? — деді шешесі.
III
Долли Китидің кабинетіне кеп кіргенде, былтыр екеуі осы бөлмені мəзмайрам бола, түшіркене жүріп, бірге жыйғандары есіне түсе кетті, бұл өзі
Китидің бұдан екі ай бұрынғы жап-жас, ақ-жарқын, күлгін киінген
шағындай, vieux saxe 29 қуыршақтар қойылған, құп жарасқан, күп-күлгін
бөлме болатын. Есікке таяу бір аласалау орындыққа отырып алып, көзін
кілем бұрышына бедірейе қадап қалған Китиді көргенде, Доллидың жүрегі
су ете түсті. Кити əпкесіне қарауын қарағанмен, біраз суық тартқан салқын
əлпеті өзгере қойған жоқ.
— Қазір үйге барып отырып қалған соң, маған баруың мұң болады
сенің, — деді Дарья Александровна Китидің қасына отыра беріп. —
Өзіңмен бір сөйлесейін деп келдім.
— Не жайында? — деді Кити, лып ете, басын шошый көтеріп.
— Сенің қайғың жайы болмай, не жайы дейсің?
— Қайғым жоқ менің.
— Қой, Кити. Мен шын-ақ білмейді деп ойлайсың ба өзің! Бəрін білем
мен. Шынын айтсам, болымсыз нəрсе ол бір... Бəріміз де өткеміз одан.
Кити үндемей, бет пішіні қатайып қоя берді.
— Қасірет тартуыңа татымайды сенің ол, — деді Дарья Александровна,
сөзін сабақтай, іске төте кірісіп.
— Мені бойына тоғытпаған соң, татымайтыны рас, — деді Кити, даусы
дірілдей шығып. — Айтпай-ақ қой! Айтпа, жарқыным!
— Кім олай деді саған? Ешкім де олай деген жоқ. Сені сүйгені сүйген,
сүйген күйі жүр ол, тек...
— Əй, осы бір көңіл айту-ақ күйдіріп болды мені! — деп Кити шыр
етіп, ашуланып қоя берді. Орындықта бұрыла бере, қызарып кетті де, ұстап
отырған белдігінің өткермесін біресе о қолына, біресе бұ қолына қысып,
саусақтары жыпылдай бастады. Долли сіңлісі ашуланғанда, қолы көрінген
нəрсеге жармаса беретін мінезін жақсы білетін; Кити ашуланған кездерінде
өзін өзі ұмытып, толып жатқан орынсыз, жаман сөздер де айтып
тастайтынын білетін, сондықтан Долли жұбатайын деген ойға да келді;
бірақ керейті кетіп қалған еді оның.
— Немене, менің бір сазайымды берейін деп пе едің? — деді Кити
жыпылдай сөйлеп. — Мені бір өзімді жан екен демеген адамға ғашық боп,
сол ғашықтық күйігінен өле жаздап отыр екен дейсің ғой? Соны маған өз
əпкем айтып, соған... соған... қоса қайғырып, көңіл айтпақ ойы бар екен
ғой!.. Ол есіркеу, ол көлгірліктің керегі жоқ маған!
— Кити, əділдік емес қой мұның.
— Неге қыйнайсың өзің?
— Қой, қайта мен... ренжігеніңді көріп...
Кити бірақ ашу үстінде не дегенін естіген де жоқ оның.
— Мен күйзеліп, мен жұбанар ештеңе де жоқ. Өзімді сүймеген адамды,
өмірі сүйер жайым жəне жоқ менің, тəкаппарлығым жетеді оған.
— Мен де айтып отырғам жоқ оны... Сұрайтыным-ақ шыныңды айт
маған, — деді Дарья Александровна, Китидің қолын ұстап, — Левин айтып
па еді өзіңе, соны айтшы маған?
Кити Левин ауызға алынысымен-ақ, тарс кеткендей болды; орындықтан
ұшып түрегеліп, өткермені жерге лақтырып жіберген күйі, қолын жұлқына
сермеп, сөйлеп ала жөнелді.
— Бұ жерде Левин не керек тағы? Мені қыйнау неменеге керек саған,
түсінбей тұрмын? Тəкаппармын деп айттым ғой, тағы да айтайын: өзіңе
опасыздық етіп, өзге əйелді сүйген адамға қайта оралған сенің қылығыңды
мен ешуақытта, ешуақытта да істемеймін. Ішіме қонбайды оның,
қонбайды! Сен істесең де, істер жайым жоқ менің!
Осы сөздерді айтқан соң, Кити əпкесіне қарады да, Доллидың үндемей,
мұңая тұқырып отырғанын керіп, кетем деген ойынша, бөлмеден шыға
жөнелу орнына есік жанына отырып, бетін орамалымен баса, қоса тұқырып
кетті.
Екі минуттей үндескен жоқ. Долли да өз жайын ойлап кетті. Өзі де
ылғый сезіп жүретін сол бір сағы сынған жайын сіңлісі кеп есіне салғанда,
сай сүйегі сырқырады. Сіңлісінен ондай қаталдық күтпегендіктен,
ашуланып та қалды оған. Бірақ қапелімде көйлек сыбдыры мен қысыла
егіліп жылаған дыбыс естіді де, əлдекімнің қолы төменнен келіп, мойнына
орала кетті. Кити алдында тізерлей отыр екен.
— Долинька, бақытсызбын ғой сонша, бақытсызбын! — деді Кити
жалына күбірлеп.
Ағыл-тегіл жас апалы-сіңлілі екеуінің өзара шүйіркелесу машинасын
қамбыл жүргізіп жіберетін қажетті майдай тиді де, жылап-сықтап алған
соң, екеуі ойларындағыдан өзге жайды сөйлесе жөнелді. Екеуі бірақ бөгде
жайды айта отырып, бірін бірі түсіне де отырды. Кити қызу үстінде,
күйеуінің опасыздығы мен өзінің де сағы сынған жайын айтқан сөзі сорлы
əпкесінің өңменінен өтіп кетсе де, кешіргенін қоса аңғарып отыр. Екінші
жағынан, білсем деген жайын Долли да түгел біліп алды; тұспалы дұрыс
шыққанына көзі жетіп отыр: Китидің, жазылмас күйігінің түбі Левиннің
тап сол ұсыныс жасауы мен өзінің көнбегенінде жатыр екен, Вронский
болса, алдап кеткен, содан келіп, Левинді сүйіп, Вронскийден безуге де
барып отыр екен өзі. Кити ол жөнде ештеңе деген жоқ; жан күйігінің
жайын ғана айтты.
— Менде тұрған түк те күйік жоқ, — деді ол, баяуқырап алған соң, —
бірақ бар ғой, дүние біткеннің бəрі, əсіресе, өз басым, оңбаған, жексұрын,
оспадарсыз көрініп кетті өзіме. Дүние біткен жөніндегі ойымның не деген
оңбаған ой екеніне тіпті ақылың жетпейді сенің.
— Қойшы, сенде жүрген қайдағы оңбаған ой ол? — деді Долли.
— Нағыз оңбаған, оспадарсыз ой; айтып жеткізе алмаймын саған.
Сағыну да, жабығу да емес, əлдеқайда жаман нəрсе бір. Өзімдегі жақсылық
біткен жасырынып қалып, өңкей бір оңбаған нəрсе қалған сықылды. Қалай
айтсам екен десеңші өзіңе? — деді ойын сабақтап, əпкесінің аң-таң бола
қараған көзін көрген соң. — Папам, жаңа өзіме де айта бастады... Меніңше,
күйеуге шығуы керек дегенді ғана ойлап жүр ол мені. Шешем де өзімді
балға апарғанда: күйеуге тек тезірек беріп, тезірек құтылу үшін апаратын
сықылды. Бұл ойымның жалған ой екенін де білемін, бірақ арылар амалым
жоқ содан. Күйеу дегендерді көргім келмейді тіпті. Мені өздері өлшепшенеп жүрген сықылды да көріне береді. Бұрын бал көйлегін киіп, бір
жаққа бару деген де өзіме оңай лəззəт көрініп, өзіме өзім сұқтана да
беретінмін; қазір əрі ұят, əрі ыңғайсыз тиеді өзіме. Қалағаның сай!
Доктор... Я...
Кити күрмеліңкіреп те қалды; одан əрі ол өзіне осы өзгеріс біткелі
Степан Аркадьичтен аза бойы қаза тұрып, соны көрсе-ақ, ең оспадарсыз,
сорақы дүлейлікті елестете қоятынын да айтқысы келіп еді.
— Солай, өз басыма бəрі де ең оспадарсыз, ең оңбаған нəрсе боп
көрінеді, — деді жалғап. — Дертім ол менің. Айығатын да болар, бəлкім...
— Ойлама онда.
— Қалан ойламассың. Тек балалар қасында боп, саған барсам ғана
басыламын.
— Қап, біздікіне бара алмайтынын, өкініш болды-ау.
— Жоқ, барамын. Жұпар боп ауырғам, maman-нан сұраймын.
Кити айтқанынан қайтпай, əпкесінікіне шығып алды да, шынында да
жұпар боп ауырған балаларды түгел бағысты. Апалы-сіңлілі екеуі алты
баланы түгел аман алып шыққанмен, Китидің денсаулығы түзелмеген соң,
Щербацкийлер ұлы ораза үстінде шетелге жүріп те кетті.
IV
Петербургтың жоғарғы тобы шынына келгенде біреу-ақ; бірін бірі біліп,
біріне бірі тіпті барып та жүреді түгел. Бірақ осы үлкен топтың бас-басына
бөлімшелері де болады. Анна Аркадьевна Каренина соның əралуан үш
тобынан дос тауып, тығыз байланысты болатын. Соның бірі қоғам
жағдайында нағыз қыйлы-қыйлы, қыруар қызық жолдармен кеп астасып,
айрылып жататын — күйеуінің қызметтес адамдары мен қол
астындағылардан құралған, қызмет бабындағы, ресми тобы болатын. Сол
адамдарды əуелгі кезде тіпті тағзым етуге тақала сыйлағаны Аннаның есіне
қазір əрең-əрең түсетін де боп кетті. Қазір оларды өзі, бірін бірі айнытпай
білетін уездік қаладағыдай түгел білетін боп алды; тіпті кімнің қандай əдет,
əлсіздігі барын да, кімнің аяғын қай етігі қысатынын да біліп болды;
олардың бір-біріне, басты орталыққа деген ілтипатын да біліп шықты; кімді
кім, қалай, немен жақтап жүргенін де, кіммен кім неде табысып, неде
кетісіп жатқанын да біліп алды; бірақ Лидия Ивановна графиня көкейіне
құя тұрса да, үкіметтің, еркектердің тұрғысындағы ол топ Аннаны
қызықтыра қоймады да, өзі де сырттай берді одан.
Аннаға жақын екінші үйірме — Алексей Александровичтің сол əлгі
мансапқа жол тартқан үйірмесі болатын. Ол үйірменің, орталығы Лидия
Ивановна графиня еді. Ол өзі құдайшыл, көріксіз, ізгі, қарт əйелдер мен
білімпаз, ақылды, баққұмар еркектер үйірмесі болатын. Сол үйірмедегі
ақылды адамдардың бірі үйірмені «Петербург қоғамының ары» деп те
атапты. Алексей Александрович те сол үйірмені қатты қадірлеп, жұрт
біткенмен сонша шығысып кете білетін Анна да Петербургтегі өмірінің
алғашқы кездерінде дос-жаранды сол үйірмеден тапқан болатын. Қазір,
Москвадан оралған шақта, сол үйірме де өзін безер етіп жіберді. Өзіне өзі
де, өзге жұрт та түгел құбылып жүргендей көрініп, сол қоғам өзін сонша
жалықтырып, ынғайсыз тигендіктен, Лидия Ивановна графиняға баруды да
ретіне жарай азайта берді.
Анна байланысы бар, ақырғы, үшінші топ, шынына келгенде қауым
болатын ол, — қауым болғанда, бал, қонақасы, сəулетті киім-салтанат
қауымы, жарты қауым жайына түсіп кетпейік деп, бір қолын сарайға арта
жүрген қауым болатын, бұл топтың мүшелері жарты қауымды жек көреміз
деп ойлағандарымен, таңдау-талғаулары сол қауымға ұқсас болғаны былай
тұрсын, тіпті айнымайтын. Анна өзі бұл топқа немере ағасының əйелі
Бетси Тверская княгиня арқылы кеп астасатын, Бетси болса, жүз жыйырма
мың сом кіріс алып тұратын да, Аннаны қауымға келген күннен бастап-ақ
жақсы көре, əспеттей күтіп, Лидия Ивановна графиня тобын тəлкек ете
жүріп, Аннаны өз тобына тартып əкеткен.
— Қартайып, алжыған кезде өзім де сол сықылды боламын, — дейтін
Бетси, — бірақ сіз сықылды əдемі, жас əйелге мешеу топқа бару əлі ертерек
жатыр.
Анна алғашқы кезде Тверская княгиняның ол қауымынан, қолынан
келгенше, сырттап та жүрді, өйткені ол қауым Анна қаражатынан шығынды
артық тіледі, оның үстіне, Аннаның өзі де бірінші топты ішінен тəуір көрді;
бірақ Москваға барып келген соң, керісінше шықты соның. Анна өзі
көңілдес достарынан тайқап, үлкен қауымға баруды шығарды. Онда
Вронскийді кездестіріп, сол кездесулерде сабыры қаша қуанатын да болды.
Вронскийді əсіресе, Бетсидікінде жиі кездестіретін жаққа шықты, Бетси өзі
туысында Вронскийдің немере əпкесі, Вронская болатын. Вронский Анна
жолығар жердің бəрінде болып, ыңғайы келсе-ақ соған деген махаббатын
айта беретінді шығарды. Анна оған ештеңе деп емеурін білдіре қоймаса да,
сол Вронскийді вагонда алғаш көрген күні құйқылжыта жадыратқан сезімі,
соған əрбір жолыққан сайын-ақ, жан-дүниесінде лаулап қоя беретін болды.
Соны көрсе-ақ, көзінде қуаныш нұры маздап, ерні күлімдей жымыйып
жүргенін өзі де сезгенмен, сол қуаныш əлпетін өшіруге дəрмені де жетпей
қойды.
Анна өзі əуелгі кезде сарізіме түсуге дəті барды деп соған наразы
болғанына шынымен сеніп те қалып жүрді; бірақ Москвадан келген соң
кешікпей-ақ, соны жолықтырармын деп сауық-кешіне барып тұрып, сол
жоқ болғанға жабырқап кеткендіктен, өзімді өзім алдаған екем ғой, сарізіме
түсуі түршіктірер нəрсе емес, қайта, өмірімнің, бар қызығы екен ғой
дегенді айқын аңғарды.
Əйгілі əнші екінші əн салған соң да, үлкен қауым түгел театрда еді.
Вронский орындығында отырған күйі бірінші қатардағы əпкесін көрген
соң, үзіліс арасын күтпей-ақ, соның ложасына барды.
— Түскі тамаққа келмегеніңіз не? — деді əпкесі. — Ғашықтардың осы
бір көріпкелдігіне-ақ қайран қаламын, — деп, Вронский өзі ғана еститіндей
етіп: — болған жоқ ол,— дегенді қосып қойды күлімсіреп. — Операдан соң
келіңіз бірақ.
Вронский қыйпақтай қарады оған. Əпкесі бас изеп, ишара етті.
Вронский күлімдеп алғыс айтқан күйі, қасына кеп отырды.
— Қалжыңдарыңыз есімнен кетпейді тіпті! — деді, осы бір ынтықтың
орайлы болуын қадағалап, ерекше лəззəт тауып жүрген Бетси княгиня,
сөзін сабақтап, — соның бəрі қайда кеткен десеңізші! Қолға іліктіңіз білем,
сүйіктім.
— Өзім де сол қолға түсуді қалаймын тек, — деді Вронский сабырлы,
мейірбан күлкісіне сала. — Шынымды айтсам, қолға сол өте аз түстім деп
қана арман етем ғой деймін. Үміт те үзейін деп жүрмін өзім.
— Қандай үмітіңіз болмақ еді? — деді Бетси, досына бола ренжіп
қалып, — entendons nous 30...— бірақ өзіңізде не үміт барын өзіңіз қандай
білсеңіз, мен де сондай өте жақсы білем деген оты көзінде жалт ете түсті.
— Түк те үмітім жоқ менің, — деді Вронский, жиі тісін көрсете күліп.
— Ғафу етіңіз, — дегенді қосып қойды да, Бетсидің қолындағы дүрбісін
алып, жалаңаш иықтар көрінген қарсыдағы ложалар қатарын қыдыра қарай
бастады. — Күлкі болмасам, не қылсын.
Бетси мен бүкіл қауым адамдары көзінше күлкі болар қылыққа
бармайтынын өте жақсы білетін өзі. Қыз бен жалпы басы бос əйелге ашына
болған сорлының ролі де осы адамдар алдында күлкі болуы кəдік екенін
жете білетін; бірақ ерлі əйелге таңылып, соны бұзып əкетуге бар өмірін
қалайда бəс тіккен адам ролі сықылды рольде асқан ұлы, əдемі бірдеңе бар
да, өмірі күлкі болар жайы жоқ деп білгендіктен, асқақ шат күлкісі
мыйығында ойнай, дүрбіні қойып, немере əпкесіне қарады.
— Түскі тамаққа келмегеніңіз не, ал? — деді əпкесі, Вронскийді тамаша
етіп.
— Айту керек əлі, сізге оны. Қолым тимеді, неден тимеді десеңізші əрі?
Жүзін, мыңын айтсам да... таба алмайсыз оны. Əйелін қорлаған кісіні
күйеуімен жарастырып жүрдім. Рас айтам, я!
— Немене, жарастырдыңыз ба?
— Жуықтады ғой деймін.
— Айтуыңыз керек екен маған оны ,— деді əпкесі түрегеле беріп, —
ендігі үзілісте келіңіз.
— Болмас; француз театрына барғалы отырмын.
— Нильсоннан кетпексіз бе? — деді Бетси шошып кетіп, бірақ
Нильсонды хор айтушының ешқайсынан тіпті айыра білмейтін өзі.
— Істер лаж не? Баяғы сол елшілігім жайында сонда біреулермен
жолықпақшы болып едім.
— Əй, ереңсіз елші жазғандар-ай, өле қоймас олар, — деді Бетси,
əлдекімнен естіген осындай бірдеңелерді есіне түсіріп. — Олай болса,
отырыңыз да, немене екен, айтып шығыңыз?
Сөйтті де қайта отырды өзі.
V
— Сыпайыгершілікке біраз шет болғанымен де, соғұрлы қызық болған
соң, айтқым келе береді өзің — деді Вронский, əпкесіне көзі күлімдей
қарап. — Фамилияларын айтпай-ақ қояйын.
— Сонысы жақсы, былай-ақ тұспалдаймын.
— Тыңдай беріңіз. Емен-жарқын екі жас жігіт келе жатыпты...
— Сіздің полктың офицерлері шығар, əрине?
— Офицер деп отырғам жоқ, ертеңгі ас ішіп шыққан жай бір екі жас
жігіт екен...
— Ішіп алыпты деп аударып қойыңыз.
— Мүмкін. Көңілдері емен-жарқын күйі, жолдастрынікінен түскі тамақ
ішуге келе жатыпты. Содан, көздерін салса, арбакешке отырған бір əдемі
əйел озып барады екен, екеуіне жалтаңдай қарап, иек қағып, күліп бара
жатқан сықылды көріне кетіпті. Əрине, екеуі ілесе заулапты. Бар
пəрмендерінше шауыпты. Екеуін қайран қылғанда, əлгі сұлу сол өздері келе
жатқан үйдің алдына кеп тоқтапты. Сұлу əйел жоғарғы қабатқа жүгіре
шығып кетіпті. Екеуі құр қысқалау бет пердесі астынан қып-қызыл ернің
кіп-кішкене, əдемі аяғын ғана көріп қалыпты.
— Сіз бар ғой, осыны соғұрлы төндіріп айтқандықтан, сол екеудің бірі
өзіңіз сықылды көрініп отырсыз маған.
— Əлгіде маған не деп едіңіз өзіңіз? Сонымен, екі жігіт барып
жолдастарынікіне кіріпті, онікі де қоштасу қонақасы екен. Рас, екеуі ішіп те
жіберіседі, қашан да қоштасу қонақасы үстіндегі əдет бойынша, артық
ішкен болуы да кəдік. Содан, тамақ үстінде, осы үйдің үстінде кім тұрады
деп сұрасады. Ешкім білмейді, екеуінің сұрауына қожайынның тек. малайы
ғана: жоғарыда мамзельдер тұрады-ау деймін, осында көп қой өздері деп
жауап береді. Тамақтан соң жігіттер қожайынның кабинетіне барып,
белгісіз сұлуға хат жазады. Хатты өлдік-өштік ден өзеурей жазады да,
түсінікті бола қоймаған жерлерін айтып бергелі, жоғарыға өздері алып
кетеді.
— Ондай шатпақты маған несіне айтып отырсыз? Я?
— Қоңырау соғады. Бір қыз шыққан екен, екеуі хаттарын береді де,
екеуміз де қатты ғашық боп қалғандықтан, қазір осы есік алдында жан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 11
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.