Latin Common Turkic

Анна Каренина - 34

Total number of words is 4108
Total number of unique words is 1814
36.8 of words are in the 2000 most common words
51.1 of words are in the 5000 most common words
57.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
өз басына қанша ауыр тигенмен, ойындағысын түгел айтқалы асығып
отырған сықылданды. — Мен болсам, қабылдар жайым жоқ дегенді айтып
отырмын.
— Достым, сіз, о жағын Алексей Александровичке байланысты
дегенсіз,— деді Бетси түзетіп.
— Жо-жоқ, қабылдар жайым жоқ оны, одан өнер ештеңе де... — деп
Анна, қалт бөгеліп, күйеуіне қыпылдай қарады (күйеуі қараған жоқ оған).
— Сөздің қысқасы, зауқым жоқ соған...
Алексей Александрович солай жылжып, қолын алайын деген ой қылды.
Анна алғашында қымсынып қалып, қолын күйеуінің сыйпалай іздеген,
тамыры білеудей, жіпсу қолынан тартып алды; соңынан бірақ өзін өзі
зорлай, қолын қайта қысты оның.
— Сенгеніңізге үлкен рақмет сіздің... бірақ, — деді ол, өз тұсынша опоңай, айқын шешетін нəрсені Тверская княгиня барда барлай алмайтын
болғанын қысыла, қынжыла сезіп, Тверская болса, соның махаббат, кешірім
сезіміне кенелуіне қырсық жасап, қауым алдында тіршілігіне ие қылмай,
иектеп əкететін дүлей күштің нысайы боп көрінетін өзіне. Тверская
княгиняға қарап, кідіре қалды ол.
— Жə, қош бол, сəулетім, — деді Бетси түрегеле беріп. Ол Аннаны
сүйіп, сыртқа шыққанда, Алексей Александрович ілесе шықты.
— Алексей Александрович! Мен өзім сізді нағыз мархабатты адам деп
таныйтын кісімін, — деді Бетси, кішкене қонақ үйге кідіре бере, Алексей
Александровичтің қолын тағы да ерекше қатты қысып. — Мен өзім бөгде
адам болғанмен, Аннаны соғұрлы жақсы көріп, өзіңізді сыйлағандықтан,
кеңес берсем деген де ойға келіп тұрмын. Қабылдаңыз соны. Алексей
Вронский деген басына нағыз аброй қонған адам бір, Ташкентке жүргелі
жатыр өзі.
— Кеңес беріп, елегеніңізге рақмет сіздің княгиня. Бірақ əйелімнің
біреуді қабылдау, қабылдамау жағы өзі шешетін мəселе ол.
Осы сөздерді, əдеті бойынша қасын кере, маңыздана тұрып
айтқанымен, онысы қандай сөз болса да, осы күйде жүріп маңызданар
жайы жоқ екенін де қалт ойлай кетті өзі. Сол сөзінен соң өзіне іркіле
күлімсірей қараған Бетсидің де зілді, сылтың күлкісінен соны көріп қалды
ол.
XX
Алексей Александрович Бетсиге залда қоштасқан соң, əйеліне оралды.
Анна жатыр екен де, күйеуінің дыбысын естіген соң, бұрынғы күйінше
апыл-ғұпыл қайта отыра қалып, шошый қарады оған. Күйеуі оның
жылағанын да аңлай кетті.
— Маған деген сеніміңе үлкен рақмет сенің, — деп, Бетси барда
французша айтқан сөзін орысша жуаси айтты да, Аннаның қасына келіп
отырды. Орысша сөйлегенде, оған өзі «сен» деп сөйлегендіктен, сол «сені»
Аннаны да қатты шамдандырды. — Сенің сол айлауыңа да əбден ризамын
өзім. Ақыр жүретін болған соң, Вронский графтың мұнда келуінің түк
қажеті жоқ қой деп отырмын мен де. Айтты-айтпады...
— Айттым ғой, қайталайтын немене бар сол? — деді Анна, ашуын
тежей алмай, қалт іліп əкетіп. «Біреу бір əйелді жақсы көріп, соған бола
өлмек боп, соған бас тігіп жүрген соң, ол əйелдің де онсыз тіршілік етер
жайы жоқ боп отырғанда, сол адамның соған келіп қош айтуының түк
қажеті болмаған екен ғой. Түк қажеті жоқ екен ғой соның!» Анна ернін
жымыра тістеніп, балбұл жанған көзін күйеуінің бір-бірін баяу сыйпап
отырған, тамырлары адырайған қолына қарай төңкерді.
— Өмірі ауызға алмай-ақ қоялық соны, — дегенді жайбарақат қоса
салды Анна.
— Ол мəселені шешу жағын өзіңе салып отырмын мен, өте қуанып
отырғаным да... — деп Алексей Александрович жалғай беріп еді.
— Менің ойымның сіздің ойдан шыққаны ғой, — деді Анна сөзді
аяқтап, соның не айтқалы отырғанын өзі күні бұрын біліп отырса да,
күйеуінің соғұрлы баяу сөйлегеніне шамданып.
— Я, — деді ол қоштап, — семьяның нағыз қыйын шаруасына Тверская
княгиняның араласуы да тым орынсыз соғып тұр, əсіресе өзі...
— О жөнде айтқан сөздің ешқайсысына да сенбеймін өзім, — деді Анна
зыпылдай сөйлеп, — менің білерім-ақ өзімді шын жақсы көретіні соның.
Алексей Александрович үндемей, күрсініп салды. Анна секем
алғандықтан, желеңінің шашағын шұқылай ойнап, күйеуінен азар да безер
боп, түршіге қарап отыр, сол сезімін қоймағанына өзі де кейіп жүретін.
Аннаның қазіргі бар ынтығы — күйеуінің сол ығыр қылған отырысынан
құтылу ғана болды.
— Əлгіде докторға кісі жібердім, — деді Алексей Александрович.
— Сап-саумын, доктор не керек маған?
— Жоқ, əлгі кішкентай шырылдап қоймай жүр, емізетін əйел де
жарытпайды деседі.
— Мен соны емізейін деп жалынғанда, неге рұқсат бермедің өзің? Бала
болған соң, бəрібір (ол «бəрбірі» не екенін Алексей Александрович те
түсіне кетті), қор қылады оны. — Анна қоңырау берді де, баланы алып
келіңіздер деп бұйырды. — Емізейін дегенде, рұқсат бермей қойып, мені
кеп жазғырмақ енді.
— Жазғырғам жоқ мен...
— Жоқ, жазғырып отырсыз! Құдайым-ай! Неге өлмедім екен десеңші!
— деп еңіреп те жіберді. — Кешірім ет, құса болған соң, қыңыр сөйлеп
кетіппін, — деді ол, өзіне өзі келіп. — Бара бер енді...
«Қой, болмайтын əңгіме бұл», — деді Алексей Александрович əйелінен
шыққан соң.
Қауым алдында халінің хал сыйқы қалмай, əйелі болса əбден безініп,
көңіл аужайына қарамай, тіршілігін иектеген жалпы сол құпыя дүлей
күштің де баса-көктеп, өз ырқын орындату үстіне, əйеліне деген ілтипатын
қоса өзгертуін талап еткен жайы бүгінгідей əсте айқын шалынған емес-ті
өзіне. Бүкіл қауым мен əйелі өзінен əлдене талап етіп жүргендерін айқын
аңғарғанымен, соның дəл немене екенін де түсіне алмай қойды. Соған бола
жан-дүниесін ашу қыстап, тыныштық бермей, істедім деген ерлігінің
сəкісін кетіргенін де сезе берді өзі. Аннаның Вронскиймен араласып
қойғаны абзал болар еді дегенімен, жұрт біткен бірақ, соның орайы жоқ деп
білетін болса, екеуінің араласуына тіпті қайтадан жол берейін де,
балаларды қор еткізбейін, өз жайымды өзгертем деп солардан қол жулы
болмайын дегенге де бел байлады. Онысы қанша сөлекет болғанымен,
айрылысудан гөрі жақсы да болатын, айрылысқан күнде, мысы құрыған
Анна масқара күйге ұшырап, өзі болса, жақсы көрген жандарынан түгел
жұрдай болатын да еді. Өзін өзі бірақ дəрменсіз сезді ол; өз басына түгел
қарсы шығып жүрген жұрт, қазір өзіне табиғи, сыйымды көрінген
нəрселерін істеуге жол бермей, қайта өздеріне жаққан сөлекет нəрсені
істететіндерін де күні бұрын біліп отырды ол.
XXI
Жас устрица алған Елисеевтен жаңа ғана келген Степан Аркадьич,
Бетсиге залдан шығып болмай-ақ, есік аузында жолыға кетті.
— Ə, княгиня! мынау бір жақсы жолығу болды-ау! — деді ол, сөйлесе
кетіп. — Сіздікінде болып едім мен.
— Жолыққанда, минуттік жолығу ғой, жүргелі тұрмын мен, — деді
Бетси күлімсірей, қолғабын киіп жатып.
— Қолғабыңызды кимей тұра тұрыңыз, княгиня, қолыңызды сүйейін.
Қолдан сүю сықылды ескі салттың оралғанына риза болғанымдай,
ешнəрсеге риза болған емеспін өзім, — деді Бетсидің қолын сүйіп. —
Қашан көрісер екеміз?
— Татымайсыз, — деді Бетси күлімсіреп.
— Жоқ, татысам мен татыйын, нағыз байсалды кісі боп кеткем. Мен
деген өз семьям түгіл, өзге семьялар ісін де жөндеп жіберетін кісімін, —
деді ол, мағналы əлпетпен.
— Түу, қуанып кеттім ғой! — деді Бетси, Стиваның Анна жайын айтып
тұрғанын түсіне қойып. Содан екеуі залға қайта оралып, бұрышқа кеп
тұрды. — Аннаны тыйтықтатады ғой дейім анау, — деді Бетси мағналы
сыбырмен. — Сұмдық, сұмдық бір...
— Ойыңызға мен де қуанып тұрмын, —деді Степан Аркадьич, басын
шайқай, қасіретіне шын мұңая, қоса қамыққан əлпетпен, — Петербургке
соған бола келдім.
— Бүкіл қала айтып отыр соны, — деді Бетси. — Сұмдық жай бір. Анна
жасыра, жасыра болды. Оның өз сезімін ойыншық етпейтін əйел екенін де
түсінбейді анау. Жігерін, жетсе, ерлік етіп алып кет те, не болмаса, басын
аш деген екінің бірі болу керек қой. Ол болса, соны тұншықтырумен келеді.
— Я, я, дəл сол... — деді Облонский күрсініп. — Өзім де соған бола
келдім. Яғни, о да емес-ау шынында... Өзімді камергер еткен соң, алғыс
айтуым да керек болды. Бірақ ең бастысы, осыны реттеу болып тұр.
— Жə, жасаған жар болсын! — деді Бетси.
Степан
Аркадьич
Бетси
княгиняны
сенекке
дейін
шығарып,
қолғабының өp жағын ала, тамыры соғып тұрған жердей сүйген соң,
княгиня күйерін де, күлерін де білмейтін бір ерсі өтірікті соғып жіберді де,
қарындасына қарай тартты. Қарындасының жылап отырған үстінен шықты
өзі.
Степан Аркадьич көңілі көпіре мəз-майрам боп келгенімен, Анна
көңілінің ыңғайына көше, қоса қамығып, ақынша толғанған сарынға өзөзінен іле-шала-ақ ойыса кетті. Аннаның денсаулығы мен ертеңгі уақытты
қалай өткізген жайын сұрады ол.
— Өте жаман, өте. Күнім де, таңым да, өткенім де, келер күнім де түгел
сол, — деді Анна.
— Уайымға салынып кеткенсің ғой деймін өзің. Сілкініп тастап тұрып,
өмір дегенге тура қарау керек қой. Ауыр екенін де білем, бірақ...
— Əйел дегендер адамды тіпті жаманшылығына бола-ақ жақсы көреді
деп естігенім бар, — деді Анна қапелімде, — бірақ соны өзім ізгілігіне
бола-ақ жек көріп кеттім. Бірге тұрар жайым қалмады тіпті. Білер болсаң,
түрінің өзі-ақ тұла бойымды түршіктіріп, шыйыршық атқызады. Бірге
тұрар жайым жоқ сонымен, жайым қалмады тіпті. Не істеуім керек мен?
Бақытсыз шағымда, бұдан өткен бақытсыздық болмас деп те ойлағамын,
бірақ басыма түскен қазіргі сұмдық жайды айтып жеткізе алар емеспін.
Сенер болсаң, өз басым соның мейрімді, текті адам екенін, соның
тырнағына татымайтынымды біле тұрып та жек көремін өзін. Соны өзім
мархабаттылығына бола жек көремін тіпті. Маған тек...
Анна өлуден өзге ештеңе қалған жоқ дейін деп келе жатқанда, Степан
Аркадьич аржағын айтқызбай іліп əкетті.
— Ауру болған соң, ашушаңсың да ғой, — деді ол, — сөзге бақсаң, өте
асыра айтып отырсың, сен. Алып-жұлып бара жатқан түк те жоқ мұнда.
Степан Аркадьич күліп те жіберді. Осындай күйзелу үстінде, Степан
Аркадьич орнында өзге біреу болса күлмеген де болар еді (күлкі деген
өрескел де көрінер еді), бірақ Степан Аркадьич күлкісінде мейірім жағы,
əйелдерше елжіреген базына жағы басым болғандықтан, сол күлкісі
жəбірлеу орнына, қайта, жұмсартып, жұбатып та жіберді. Жайлап жұбата
сөйлеген сөзі мен күлкісі бадам майынша балқытып, уата да берді. Ол
жайын Анна да кешікпей сезінейін деді.
— Жоқ, Стива, құрығаным құрыған менің! Құрудан да сорақы. Құрый
қойғам жоқ əлі, болды-бітті деуден де аулақпын; бітпегенін сезіп отырмын,
қайта. Шерте бұралған ішектей, шарт кетуге шақ тұрған жанмын бір. Бірақ
біткен жоқ əлі... бітсе, сұмдық боп бітеді.
— Түк те етпейді, жайлап босату керек ішекті. Шығарыңа жол
табылмайтын хал-жай деген болмайды.
— Ойлай-ойлай болдым да. Тек жалғыз...
Стива Аннаның шошый қараған көзінен, өз ойынша, сол жалғыз жолы
өлім деп тұрғанын тағы да түсіне кетіп, аржағын айтқызған жоқ оған.
— Қой, — деді ол. — Қаперіңе келмесін. Өз жайыңды мен көргендей
көре алмайсың сен. Рұқсат етсең, пікірімді ашық айтайын мен. — Сүйкімді
жымыңына сала, тағы да күліп қойды өзі. — Басынан бастайын: сен
болсаң, өзіңнен жыйырма жасы үлкен адамға шыққан кісісің. Күйеуге
шыққанда, не сүймей, не сүю дегенді білмей шыққансың сен. Оныңды
қателік-ақ болсын делік.
— Сұмдық қателесу! — деді Анна.
— Қайта айтайын бірақ: болары болып қойған факт ол. Содан соң келіп,
күйеуіңнен өзге адамды сүйген бақытсыздыққа ұшырадың делік.
Бақытсыздық ол; бірақ о да болары болып қойған факт. Соны күйеуің де
мойындап, кешірген болатын. — Степан Аркадьич, қарсылық айтама деп,
əр пікірі сайын аялдай бергенімен, Анна ештеңе деген жоқ. — Солай ол.
Ендігі мəселе: күйеуіңмен тұра аласың ба, жоқ па дегенде болып отыр. Сен
қалай көресің? Ол қалай көреді соны?
— Түк те білмеймін мен.
— Қой, төзер жайым жоқ соған дегенді өзің, айттың ғой.
— Жоқ, айтқам жоқ мен. Қойдым оны. Ештеңе білмеймін де,
түсінбеймін де мен.
— Сөзге қонақ бер, кəне...
— Түсіне алмайсың сен. Басым төмен қарап, қайдағы бір шыңырауға
шырқап бара жатқанымды сезіп отырып-ақ, сақтанбаймын мен. Сақтанар
жайым жоқ əрі.
— Түкте етпейді, төсеніш төсейміз де, қағып аламыз. Өз қалауыңды, өз
сезіміңді айту жағын мойныңа ала алмайтыныңды да түсініп, біліп
отырмын мен.
— Түк те қалауым жоқ... түгел тынса екен деймін тек.
— Бірақ о да керіп, біліп отыр мұны. Бұл соған сенен кем батып жүр
ғой дейсің бе? Сен қыйнала, ол қыйнала берумен, осыдан не шығады
сонда? Бас ашылса, түгел шешілгелі де тұр, — деп Степан Аркадьич басты
пікірін күшпен айтты да, Аннаға мағналы қараспен жалтаңдай қарады.
Анна ештеңе демей, тоқырайған басын шайқай салды құр. Бірақ
бұрынғы əсем шырайы кенет жалт еткен жүзінен, соның өзін орайы жоқ
бақыт кеткен соң да, айтпай отырғанын Степан Аркадьич түсіне кетті.
— Қатты аяймын екеуіңді! Осыны реттесем, өзім де бақытты болар
едім-ау, деймін! — деді Степан Аркадьич, батымырақ күлімсіреп. —
Ештеңе айтпай-ақ қой, айтпа! Құдайым ойымдағымды айтуға дес берсін де
тек. Соған барайын мен.
Анна жаудыраған ойлы көзбен қарады да, ештеңе деген жоқ оған.
ХХІІ
Степан Аркадьич Алексей Александровичтің кабинетіне кіргенде, біраз
баптанған əлпетпен келіп кірді, бұл оның өз мекемесінде председатель
орындығына отырардағы əлпеті болатын. Алексей Александрович қолын
артына ұстай, бөлмеде ары-бері аяңдап, сол əлгі Степан Аркадьич пен əйелі
екеуі сөйлескен жайды ойлап жүрген-ді.
— Бөгемес пе екем сені? — деді Степан Аркадьич, күйеуін көргенде,
үйренбеген бір қысылу сезімі білінгенін қалт түйсіне кетіп. Сол
қысылғанын білдірмейін деп, жаңа сатып алынған, бір қыйлы жаңаша
ашылатын шылым салғышын алып, терісін иіскеді де, шылымын шығарды.
— Жоқ. Бірдеңе керек боп па еді? — деді Алексей Александрович,
қырсау сөйлеп.
— Я, келген жайым, былайша со... я, сөйлесуім керек еді, — деді
Степан Аркадьич жүрексінбес жерде жүрексінгенін таңырқай сезіп.
Осы сезімі сонша бір тосын, оғаш сезім болғандықтан, осынау дауыс,
істеймін деген нəрсесі жаман нəрсе екенін айтып тұрған ар дауысы екеніне
де Степан Аркадьич сенбей қалды. Степан Аркадьич өзін өзі басып,
жүрексінген көңілін орнықтырып та алды.
— Сен менің, қарындасымды жақсы көрсем, өзіңе де шын іш тартып,
сыйлап жүретініме сенерсің деп ойлаймын, — деді ол қызарып.
Алексей Александрович ештеңе демей, кідіре қалғанымен, айтқанын
қайт етпей мойын сұнған бет əлпеті, Степан Аркадьичті қайран қалдырды.
— Ойыма алып, сөйлесейін деп келгенім, қарындасым жайы мен сол
екеуіңнің ортақ жайың еді, — деді Степан Аркадьич, əдетте жоқ
жасқаншақтығын қоя алмай,əлі де əуре болып.
Алексей Александрович мұңая мырс етіп, қайынағасына қарап алды да,
жауап бермеген күйі, столына келіп, содан бір бастап қойған хат алып,
қайынағасына берді.
— Өзім де ылғый соны ойлаймын. Қасында болғаным құрыстандыра
берген соң, хат арқылы айтқаным тəуір болар деп, жаза бастағаным мынау
еді, — деді ол, хатты беріп жатып.
Степан Аркадьич хатты алған соң, өзіне бедірейе қадалған жабырқаңқы
көзге аң-таң боп таңырқай қарады да, оқый бастады.
«Қасыңызда болғанымды ауырсынағыныңызды да аңлап отырмын.
Соған, көзім жетуі өз басыма қанша ауыр келгенімен, оның солайы солай,
өзгеше болар орайы да жоқ екенін көріп отырмын. Өз басым сізді
айыптамаймын да, өзіңізді ауру кезіңізде көрген соң, арамызда болған
жайларды түгел ұмытып, жаңа өмір бастайын деп бекінгеніме де
құдайымыз куə. Істеген ісіме өкінбеймін де, өмір-ғұмыры өкінбекші де
емеспін; бар тілегім !бірақ сіздің игілік көріп, жаныңыздың жырғауы еді де,
соған шарқым жетпегенін де көріп отырмын қазір. Өз басыңыз қайтсе шын
бақытты болатынын, жаныңыз қайтсе жай табатынын өзіңіз айтыңыз
маған. Өзімді өзім ырқыңызға түгел беріп, əділетті сезіміңізге жүгініп
отырмын».
Степан Аркадьич хатты қайта беріп, күйеуіне сол аң-таң боп қараған
күйі, не айтарын білмеді. Сол үндеспеу екеуіне тым ыңғайсыз тигендіктен,
Каренин жүзінен көз алмай, томсара қарап отырып, Степан Аркадьичтің
ерні діріл қағып кемсеңдеп те кетті.
— Оған айтайын дегенім, міне, осы еді, — деді Алексей Александрович
бұрыла беріп.
— Я, я... — дей берді Степан Аркадьич, өксігі алқымына
тығылғандықтан, жауап беруге дəрмені келмей. — Солай, я. Жайларыңды
түсініп отырмын, — деді ақыры, тілі орамға келіп.
— Соның не тілегі барып білсем деймін мен, — деді Алексей
Александрович.
— Өз жайын өзі білмейді ғой деп қорқам сол. Төрелер жайы жоқ оның,
— деді Степан Аркадьич, көңілін демдеп алып. — Мойып қалған өзі,
мойығанда да осы мархабатыңнан мойыған сенің. Мына хатты оқыйтын
болса, дəнеңе деуге де дəрмені келмей, басын құр тұқырта береді ол.
— Онда не істеу керек ал? Қалай түсіндіріп... тілегін қалай білу керек
оның?
— Сен маған пікірімді айтуға рұқсат берсең, осы жайды тындыру
жөнінде керек деген шараларыңды дəл көрсету өзіңе байланысты ғой деп
отырмын.
— Демек, ол жайды тындыру керек дейді екенсің ғой сен? — деді
Алексей Александрович кескестеп. — Қалай тындыру керек ал? — деді ол,
қолын көз алдына, əдетінде жоқ бір ишарамен əкеліп, — түк орайын
көрмей тұрмын соның.
— Қандай жайдың болса да, орайы келеді, — деді Степан Аркадьич,
түрегеле шыйрай сөйлеп. — Бір кезде айрылысам деген де ойың болған...
Рақайға келіп, бақытты тұра алмайтындарыңа көзін, қазір жеткендей
болса...
— Бақытты да əр қыйлы түсінуге болады. Өз басым түк қаламай-ақ,
түгел көнген де болайын мен. Сонда осы ахуалымыздан шығатын қандай
жол бар біздің?
— Менің пікірімді білгің келіп отырса, — деді Степан Аркадьич, сол
əлгі Аннамен сөйлескендегі бадамша балқытқан биязы жымыңына салып.
Мейрім төге, соғұрлы төндіре жымыңдаған соң, Алексей Александрович те
өз босаңдығын сезіп, соның ыңғайына көше, Степан Аркадьич айтқалы
отырған сөзге лажсыз сене кетуге де бейімделді. — Ол оны ешуақытта да
айтпайды. К,аласа қалайды-ау деген, орайлы көретін бір-ақ нəрсесі бар
оның, — деді Степан Аркадьич, — ол мына қарым-қатнастарыңды тыйып,
соған байланысты ойларды түгел доғару жағы боп отыр. Екеуіңнің
жағдайыңда жаңа қарым қатнас жағын қарастыру қажет қой деп ойлаймын.
Ол қарым-қатнас екі жағың тек еркін болғанда ғана жасалмақшы.
— Бас ашу ғой, — деді Алексей Александрович, жақтырмай кейіп кетіп.
— Я, бас ашу ғой деп ойлаймын. Бас ашу, я, — деді Степан Аркадьич
қызарып. — Аралары екеуің араларыңдай боп жүрген ер-əйелді адамға, қай
жағынан болса да, ең орынды жолы осы. Ер-əйелді адамдар бірге тұрар
жайымыз жоқ деп отырса, не қайран етпекпіз? Ол өзі қашан да бола беретін
нəрсе. — Алексей Александрович қатты күрсініп салып, көзін шарт жұмып
алды. — Бұ жерде: ер-əйелді адамның бірі өзге неке қалай ма, қаламай ма?
— деген бір-ақ ой бар тек. Қаламаса, тіпті оңай нəрсе бұл, — деді Степан
Аркадьич, қысылып-қымтылғанын барған сайын қоя сөйлеп.
Алексей Александрович ренжи шытынып, өзіне өзі бірдеңе дегенімен,
түк жауап берген жоқ. Степан Аркадьичке соғұрлым оп-оңай көрініп тұрған
нəрсені Алексей Александрович мың мəртебе ойланған болатын. Соның
бəрі де онша оңай нəрсе көрінбегені былай тұрсын, тіпті мүлде орайы жоқ
нəрсе көрінген өзіне. Егжей-тегжейін біліп алған соң, қазір өзіне бас ашу
жұмысының да орайы жоқ көрінген-ді, өйткені өз бағасын білу мен дінді
сыйлау сезімі, өзі кешірім еткен, жақсы көретін əйелін жалған зинақорлық
жөнінде жазғыру жұмысын мойнына алуына жол бермесе, соның айыбын
ашып, масқара етуіне тіпті жол берген жоқ. Бас ашу жағын орайсыз
көрсетіп тұрған одан да маңыздырақ, өзге себептер де бар еді.
Бас ашқан күнде баласының жайы не болмақ? Шешесінде қалдыру да
орайсыз соқты. Басы ашылған шеше заңсыз семьялы болған соң, ондағы
өгей баланың жай-күйі мен тəрбиесі де оңбайтыны айдан ашық. Өзіме
алып қалсам ба екен? — дегенмен, онысы құр кек алу болатынын
білгендіктен, оны да қалаған жоқ өзі. Бірақ күллі осы айтылғандардың
үстіне, бас ашуға келісім берген күнде, Алексей Александрович Аннаны өзі
сол арқылы қор ететін болған соң, бас ашу жағын тіпті орайсыз көрді.
Дарья Александровнаның: бас ашуға бекіген күнде, өз басыңызды ғана
ойлап, сол арқылы Аннаны қор етесіз ғой деп Москвада айтқан сөзі де
көкейіне қонып қалған-ды өзінің. Содан келіп, Алексей Александрович сол
сөздерді өзінің кешірімі мен балажандылығына байланыстыра келе, соны
енді өзінше жорый бастаған. Аннаға еркіндік беріп, басын ашуға келісу
деген сөз — өзі жақсы көретін балалар өміріне жалғаған ақырғы
дəнекерінен айрылып, Аннаны да жақсылық жолындағы соңғы тыянағынан
тұттай ғып, қор болуға душар ету деген сөз еді. Анна өзі басы ашылған
күнде, Вронскийге қосылып, ол байланысы, күйеуі тірі тұрғанда, шеркеу
заңы бойынша, неке қыя алмайтын əйел болған соң, заңсыз, қылмысты
байланыс болатынын да біліп жүрген ол. «Бұл оған қосылуын
қосылғанмен, бірер жылдан соң не мұны ол тастап кетеді де, не болмаса
өзге біреуді өзі барып жаңалайды мұның, — деп ойлады Алексей
Александрович. — Басын заңды етіп ашуға келісім берген соң, қор
болғанына өзім кіналы болам оның». Алексей Александрович осыларды
жүз мəртебе түгел ойластырып, бас ашу ісі, кайынағасы айтқандай, оп-оңай
болмауы былай тұрсын, тіпті мүлде орайы жоқ нəрсе екеніне де көзі жеткен
кісі болатын. Степан Аркадьичтің бірде-бір сөзіне сенген жоқ ол, соның
əрбір сөзін жасынға шығаратын мыңдаған дəлелдері де сай тұрды, бірақ
соны тыңдай тұра, сол айтқан сөздер арқылы, өзі бағынатын, тіршілігін
билеген жойқын дүлей күш те қоса айтылып тұрғанын сезе берді ол.
— Мəселе тек бас ашу жұмысын сенің қалай істеп, қандай шарттар
қоюға келісетініңде болып отыр. Ол өзі ештеңе қаламайтын болған соң,
өзіңнен сұрауға да батпай, өз мархабатыңа салып отыр бəрін.
«Уа, құдайым-ай! Құдайым-ай!» — деді Алексей Александрович, бас
ашқанда айып-қыйыбын ері көтеретін жай-жапсарды есіне түсіре,
ұялғанынан бетін Вронскийше қолымен қалқалай басып.
— Көңілің əптер-тəптер ғой, түсініп отырмын оныңды. Бірақ ойға
салатын болсаң...
«Оң бетіңе осқанға сол бетіңді тоса бер, шапаныңды шешкенге
көйлегіңді қоса бер»,— деді Алексей Александрович ойланып.
— Жарайды, бопты! — деді ол, дауысы шəңкілдей шығып, — өзімді де
масқара етіп, баламды да берейін тіпті, бірақ... бірақ қойған жөн болмас па
екен осыны? Əйтседе, қалағаның білсін...
Содан ол, қайынағасына сырт берген күйі, жүзін сол көрмейтіндей етіп,
терезе алдындағы орындыққа барып отырды. Іші удай ашып, ұялып та
кетті; бірақ сол қайғыру, ұялу үстіне, өзінің асқан көнбістігіне сүйініп,
қуанып та қалды.
Степан Аркадьич те көңілі босап, үндеген жоқ.
— Алексей Александрович, сенер болсаң, сенің мархабатыңды
бағалайды екен өзі, — деді ол. — Бірақ құдайдың бір əмірі ғой деймін, —
дегенді қоса айтты да, онысының ақмақтық екенін сезіп, сол ақмақтығына
күліп жібере жаздап, əрең тоқтады.
Алексей Александрович бірдеңе айтайын дегенімен, жас буып
сөйлетпеді.
— Маңдайға біткен бақытсыздық қой бұл бір, мойындау керек оны.
Осы бақытсыздықты болары болған факт деп білген соң, оған да, саған да
болыссам деп отырмын өзім, — деді Степан Аркадьич.
Степан Аркадьич күйеуінің бөлмесінен шыққанда, көңілі босай
шыққанмен, сол істі ойдағыдай тындырғанына риза болған соң, онысының
бөгеті болған жоқ оған, өйткені Алексей Александрович айтқан сөзінен
қайтпайтынына сеніп те шықты өзі. Ол сүйінішіне осы іс істелген кезде
əйелім мен көңіл жетер таныстарыма сұрау беремін деген ойы қоса кеп
жамалды: «Патша екеуміздің арамызда қандай айырмашылық бар? —
Патша бас ашқанда ешкім жырғамаса, мен ашқанда үш кісі жырғап отыр...
Немесе: патша екеуміздің арамызда не ұқсастық бар? Мен болсам...
Дегенмен, жақсылап ойланып алайын», — деді өзіне өзі, күлімсіреп.
ХХІІІ
Вронскийдің жарасы, жүрегін шалмағанмен де, катерлі жара болды.
Бірнеше күндей өлі мен тірінің арасында жатты өзі. Тілі алғаш орамға
келген кезде, бөлмесінде ағасының əйелі, жалғыз Варя ғана бар екен.
— Варя! — деді ол, жеңгесіне жүзін суыта қарап, — өзімді өзім
жазатайым атып алғамын, ол жайды аузыңа алмай-ақ қой əсте, жұртқа да
солай дей сал түгел. Əйтпесе, тым ақмақтық жай боп тұр өзі!
Варя, ол сөзіне жауап бере қоймай, үстіне төне кетіп, жүзіне қуанышпен
күлімсірей қарады. Көз жанары шапыраштанбай, нұрлы болғанмен, қараған
қарасы суық екен.
— Құдай жарылқаған екен ғой! — деді Варя. — Аурықсынбайсың ба?
— Мына жерім аздап аурықсынады, — деді ол, көкірегін мегзеп.
— Кел, таңып берейін ендеше.
Варя жарасын таңып болғанша, Вронский де жалпақ бетін үнсіз
тыжырына, көзі сонда болды ылғый. Варя таңып болған соң, Вронский:
— Сандырағым емес; өзін өзі əдейі атыпты деген бір ауыз əңгіме
болмасын, жарқыным, — деді.
— Ешкім де айтпайды. Тек ендігəрі жазатайым атпассың деп ойлаймын.
— Атпайтын болуым керек, бірақ болғаны да тəуір еді...
Сөйтті де самарқау күлімсірей салды ол.
Осы сөзі мен күлкісі Варяны соғұрлым шошытқанмен, жарасынын,
кезегі қайтып, оңалуға бет алған соң, қайғысының бірсыпырасынан мүлде
айыққандай да болды өзі. Бұрын сезіп келген ұяты мен сағы сынған жайын
осы қылығы арқылы жуып тастағандай көрді ол. Енді өзі Алексей
Александровичті де шімірікпей ойлайтын жаққа шықты. Соның
мархабатын салмай мойындап, сағы сынудан өзін де аман сезінді. Оның
үстіне, бұрынғы тіршілік ауқымына да қайта кеп түсті өзі. Үйреншікті
əдетіне сүйене, жұрт бетіне ұялмай қарап, тіршілік ететін орайын да
аңлайын деді. Дамыл алмай алысса да, бір сезімін көкейінен шығара алмай
қойды, ол сезімі Аннадан біржола айрылдым-ау деп күйінген өкініші
болатын. Күйеуінің алдында айыбым жуылғандықтан, Аннаны енді қояйын
да, опығы бар соны мен күйеуінің арасына бұдан былай əсте көлденең
тұрмайын деген ойы көкейінде мықтап шешіліп те қойды; бірақ Анна
махаббатынан айрылдым-ау деген өкінішін ойынан шығара алған жоқ, сол
арқылы танып, сол шақта қадірін соғұрлы аз білсе де, қазіргі кезде бар
көркімен көкейінен кетпейтін бақытты минуттарын да жадынан шығара
алмайтын болды.
Серпуховской өзін Ташкентке тағайындау амалын тапқан соң, ол
ұсынысына Вронский де титтей қобалжымай көне кетті. Бірақ жүрер күні
неғұрлым тақалған сайын, орынды көріп қыйған құрбандығы да өз басына
соғұрлым ауыр тие берді.
Жарасы жазылған соң, Ташкентке жүрудің қамын істеп, жан-жаққа да
жүре бастады өзі.
«Соны бір көріп тұрып, содан кейін қарамды өшіріп, өлейін», — дегенді
ойлады да, қоштаса барғанда, сол пікірін Бетсиге де айтты. Бетси сол
елшілікпен Аннаға барып, оң көрмеді деген жауап əкелді.
«Сонысы жақсы, — деді Вронский, сол хабарды алған соң, ойлана
тұрып. —Ақырғы күшімді сілкіп əкетуі кəдік осалдығым екен оным».
Келесі күні Вронскийге Бетсидің өзі келіп, Облонский арқылы түзік
хабар алдым, Алексей Александрович басын ашатын болыпты, сенің де
көре алатын мəнісің сол оны дегенді айтты.
Вронский тіпті Бетсиді жөнелту дегенді де білмей, өз байлауын да түгел
ұмытып, қашан ашады екем, күйеуі қайда екен дегенді де ойламай,
Карениндердікіне іле-шала-ақ аттана жөнелді. Ешкімді, ештеңені де
көрмей,баспалдаққа жүгіре шыққан күйі, қатты жүрістен жығылып кете
жаздап, Аннаның бөлмесіне шапшаң басқан бойы кіріп барды. Бөлмеде
біреу бар ма, жоқ па дегенді де ойластырып, байқамай, Аннаны шап
құшақтай алып, бетін, қолын, мойнын шөлпілдете сүйіп ала жөнелді.
Осы жолығуға Aннa да əзірленіп, соған айтатын сөзін де ойлап
қойғанымен, содан дəнеңе де айта алмай қалды. Вронскийдің құмары қоса
буып əкетті оны. Анна оны да, өзін де басайын дегенмен, кешігіп қалды.
Соның сезімі өзін де шарпып кетті. Еріндері дірілдеп кеткендіктен, көпке
дейін ештеңе дей алмады.
— Солай, билеп əкеттің мені, — сенікімін мен, деді Анна тұрып-тұрып,
Вронскийдің қолын көкірегіне басып.
— Солай болуға тиіс болатын! — деді ол. Тірі тұрғанымызда солай
болуға тиіс ол. Оны түсінген кісімін енді.
— Рас қой оның, — деді Анна, барған сайын бозара, Вронскийдің
басын құша тұрып. — Дегенмен де, болған əңгімелерден соң, осында бір
сұмдық нəрсе бар сықылды көремін.
— Бəрі, бəрі де ұмыт болады, бақытқа батамыз əлі! Махаббатымыз арта
түскен болса, соның өзінде сұмдық бірдеңе болған соң да, арта түсіп отыр,
— деді ол, басын көтере, берік тістері ашыла күлімсіреп.
Соның сөзіне емес, сүйіп тұрған көзіне бола, Аннаның да күле жауап
бермеуге жайы болған жоқ. Анна оның, қолын алып, сұп-суық беті мен
қырылған шашын əкеп сыйпатты.
— Мына қысқа шашпен отырғанда, өзіңді танымайды екем мен.
Соғұрлы əсем боп кеткенсің. Бала сықылдысың. Бірақ не деген боп-бозсың
десеңші өзің!
— Рас, өте əлсізбін, — деді Анна күлімсіреп. Ерні тағы да дірілдеп қоя
берді.
— Италияға барамыз, оңаласың əлі, — деді Вронский.
— Ер-əйелдікісіше, өзіміз ғана оңаша семья боп тұратын ондай атты
күн де болар ма екен десеңші? — деді Анна, Вронскийдің көзіне жақындай
қадалып.
— Соның өзгеше болар шағы бар ма еді деп, мені таңырқатқаны сол
жағы боп отыр, қайта.
— Ол өзі бəріне де көнді дегенді айтады Стива, соның мархабатын
қабылдар жайым болмай тұр менің, — деді Анна, Вронскийдің бетінен
тайқай, ойлана қарап. — Бас ашуды қаламаймын да, қазір бəрі бір маған.
Тек Сережа жайын не деп шешерін білмей отырмын соның.
Осындай көрісу үстінде Аннаның баласы мен бас ашу жайын қалай
ойлап, есіне қалай алып отырғанын Вронский тіпті түсіне алмай қойды.
Бəрі бір емес пе еді оның?
— Оны ауызға алып, ойламай-ақ қой, — деді ол, Аннаның қолын өз
қолына қарай тартып, назарын өзіне аудармақшы болып; Анна бірақ сол
қарамаған күйі қарамай қойды оған.
— Əттең, неге өлмедім екен десеңші, өлгенім жақсы еді ғой! — деді
Анна, үн шығармай-ақ, бетін жасы жуып кетіп; бірақ Вронскийді
кейітпейін деп, күлмекші де болды.
Ташкентте тағайындалған əрі мақтаулы, əрі қатерлі қызметтен бас тарту,
Вронскийдің бұрынғы ұғымынша, масқара, орайсыз да нəрсе еді. Қазір
бірақ, титтей ой жүгіртпей-ақ бас тартты да, олқылығын жоғарғы адамдар
қос көрмегенін аңғарған соң, қызметтен де босап шыға берді.
Бір айдан соң, Алексей Александрович баласын алып пəтерінде қалды
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 35
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.