Latin Common Turkic

Анна Каренина - 08

Total number of words is 4199
Total number of unique words is 2128
34.4 of words are in the 2000 most common words
49.1 of words are in the 5000 most common words
56.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Ə, ə! Сен өзің түсінген екенсің ғой, оны? — деді Николай, қуана саңқ
етіп.
— Дегенмен, біле білсең, өз басым, сенімен арадағы достықты көбірек
сыйлаймын. Неге десең...
— Неге, неге, ал?
Константин достықты сыйлағанда, Николай бақытсыз болған соң, соған
достық керектіктен сыйлаймын дегенді айта алмады. Бірақ Николай оның
дəл сол сөзді айтқысы келгенін аңғарды да, қабағын шытқан күйі, араққа
тағы да бас қойды.
— Жетті ғой, Николай Дмитрии! — деп Марья Николаевна, бортыйған
қолын графинге соза, ұмтыла берді.
— Қоя бер! Жабыспай! Періп жіберермін! — деді Николай ақырып.
Марья Николаевна жуас, мейірбан жымыңына сала күлімсіреген соң,
Николай да босап кетіп, арақты Марья ала қойды.
— Солай, сен мұны ештеңе түсінбейді дейсің ғой? — деді Николай. —
Осыны бəрімізден де түгел артық түсінеді бұл, — деді. — Шынында,
жақсы, сүйкімді бірдеңе бары рас та ғой өзінде?
— Сіз өзіңіз, Москвада бұрын өмірі болған жоқ па едіңіз? — деді
Константин оған, бірдеңе дей отырғысы келіп.
— Қой, сіз деме бұған. Оныңнан қорқып кетеді бұл. Шарменкелер
үйінен кетем дедің деп соттаған келісім судьясынан өзге, сіз деген сөзді
ешкім айтқан емес бұған. Уа, тəңірім-ай, дүниеге толып кеткен не деген
мағнасыз нəрселер десеңші, түге! — деді Николай, қапелімде жарқын
сөйлеп. — Сонау жаңа мекемелер, сонау келісім судьялары, сонау земство,
не деген масқара, түге!
Сөйте келіп, жаңа мекемелер жайындағы пікірлерін де айта бастады өзі.
Константин Левин тыңдауын тыңдаса да, соған өзі де қосыла, жиі
айтып, бүкіл қоғамдық мекемелер мəнін жоққа шығарып жүрген пікірін
қазір ағасының аузынан келіп естуі қолайсыз тиді.
— Оның бəрін о дүниеде түсінеміз ғой, — деді ол қалжыңдап.
— О дүниеде дейсің бе? Əй, о дүниеңді сүймеймін-ау, мен! Сүймеймін,
— деді Николай шатынай шошыған көзін баурының, жүзіне қадай қалып,
— Əттең, өзіңнің де өзгенің де арамдық, былықтарынан құтылғаның,
жақсы-ақ болатын сықылды-ау, бірақ өлім десе қорқып кетем өзім,
қорыққанда да зəрем қалмайды тіпті, — деп селк ете түсті. — Жə, бірдеңе
ішсеңші, ал. Шампанға қалайсың? Бір жерге барайық па, əлде. Цығандарға
барайық! Өзім бар ғой, цығандар мен орыс өлеңдерін аса жақсы көріп
кеттім тіпті.
Тілі күрмеліңкірейін деді де, бұйымдардың бірінен біріне секіре
бастады барып. Константин, Маша екеуі селбесе, ешқайда бармайық
дегенге көндіріп, төсекке сілейе мас күйі апарып жатқызды.
Маша, Константинге: тарыққан кезде хат жазып тұрайын да, сізге
барып, сонда тұруға Николай Левинді де көндірейін деп уəде берді.
ХХVІ
Константин Левин Москвадан ертеңгісін шығып, кешкісін үйіне келді.
Жол-жөнекей вагонда келе жатып, көршілерімен саясат, жаңа темір жол
жайларын сөз қылып, пікірлерінен Москвадағыша мұнда да шатасып, өзіне
өзі кейіп, əлденеге ұялып та келді; бірақ өз станциясында сыртқа шыққан
соң, қаптал шапанның жағасын көгере киген қыйсық Игнат көшірді;
станция терезелерінен түскен «солғын сəуле жарығы шалған кілем жапқан
шанасың абзал-саймандары шығыршық, шашақты, құйрықтары түйілген
аттарын көріп, Игнат көшір нəрселерін жайластыра жүріп, деревня
жаңалықтарын, жұмысшы жалдаушы келгенін, Пава бұзаулағанын айтып
болғанша, — Левин де шатасқан ойларынан біраз айығып, өзіне өзі көп
ұялған жайы да серпілейін дегенін сезе бастады. Оның өзін Игнат пен
аттарын көрген жерде-ақ сезінген болатын; бірақ Игнат əкелген тонын киіп,
шанаға орана отырып, деревняда беретін бұйрық-жарлықтарын ойластыра,
арыса да елірмесін қоймаған — бұрын салт мінілетін дон атына қарай түсе,
жүйткіте жөнелген кезде келіп, басынан еткен жайларды мүлде басқаша
түсінейін деді. Өзіне өзі келген соң, өзге болуды да қалаған жоқ. Енді тек
бұрынғымнан түзік болсам дегенді ғана ойлады. Біріншіден, үйленуден
табам деген төтенше бақытқа сенбейін де, сол арқылы, əлгідей барды
елемеуді қояйын дегенге келді. Екіншіден, ұсыныс жасағалы жүргенде
есіне түссе қатты қыйнаған арсыз нəпсіге енді қайтып ілесуші болмайын
деп түйді. Содан соң, Николай ағасын есіне алып, өрлігі ұмытпайын өзін,
халі қыйындаған кезде болыса кету үшін көзімнен қалт қылмай, қадағалай
берейін деп кесесті ішінен. Ол жайы ұзамайтын жай екенін сезіп те шыққан
өзі. Одан соң, ағасының коммунизм туралы əңгімесі де, кезінде өзі жеңілжелпі қарағанмен, қазір ойландыра бастады. Экономикалық жағдайды
өзгертуді өзі бос сөз деп санағанмен, халықтың кедейлігіне қарағанда,
артық дəулетін ылғый бір əділетсіздік деп білгендіктен, өзім оң болайын
деп бұрын да көп істеп, құба тұрып келгенімен, енді одан да көп істеп, сəнсалтанатты одан да азайтайын деген ойға келді қазір ішінен. Соның бəріне
де əзін көндіре беру соғұрлы оңай көрінгендіктен, бүкіл жол бойы аса бір
тəтті қыялмен келді өзі. Жақсы, жаңа өмірге үміт артқан жарқын сезімге
шүйгий, түнгі сағат тоғызда жетті үйіне.
Левин үйінде экономка міндетін атқарып жүрген, қарт даяшы Агафья
Михайловна бөлмесінің терезелерінен үй алдындағы қарлы ашыққа сəуле
түсіп тұр екен. Агафья əлі ұйқтамапты. Сол оятқан Кузьма есік алдына
ұйқылы көзімен, жалаңаяқ жүгіре шықты. Ласка дейтін қаншық тазы да
Кузьманы жығып кете жаздап, қарғып түрегеле, аяғының арасында
қыңсылай бұлаңдап, аяғын көкірегіне салғалы шаншыла тұрғанымен, бата
алған жоқ.
— Тез қайттыңыз ғой, жарықтығым, — деді Агафья Михайловна.
— Сағынып кеттім, Агафья Михайловна. Қонақтау қызық, өз үйін, озық
деген ғой, — деді де, кабинетіне қарай беттеді Левин.
Əкелген шырақ сəулесінен кабинет іші де ақырын-ақырын жарық
тартты. Таныс суреттер: бұғы мүйіздері, жыйнаулы кітап текшелері, кептен
жамау тілеп тұрған булықты пеш айнасы, əкесінің диваны, үлкен стол,
столда жатқан беті ашық кітап, сынық күлсалғыш, өзі жазған дəптер —
түгел көріне кетті. Соның бəрін көргенде, жолда ойлап келген жаңа
тұрмысты жасау орайы келе қояр ма екен деп, бір сəтке күдіктеніп те
қалды. Өмірінің күллі сол іздері өзін орап алып: «Қой, сен бізден кете
алмайсың да, өзге адам бола алмайсың: күдігің, күдік, өзіңе өзің мəңгі
кейігенің кейіген, түзелемін деген құр əурең — əуре, құлдырауың қоса бар,
орайы келмеген, оралар жайы жоқ бақытты мəңгі күткенің күткен боп, сол
күйіңде қалғаның қалған», — десіп тұрған сықылды.
Мұны бірақ дүниелігі айтып тұрса, ішкі бір үні: өткенге көнудің керегі
жоқ, басыңды не саққа жүгіртсе де орайы келе береді деп тұр. Левин өзі сол
үнге құлақ асты да, əрқайсысы бір-бір пұттық екі гир жатқан бұрышқа
барып, көңлін жадыратпақшы боп, сол екі гирді ойнақшыта бастады. Есік
сыртынан сықырлаған аяқ дыбысы шалынды. Гирлерін апыл-ғұпыл қоя-қоя
салды Левин.
Приказшы кіріп, құдайға шүкір, бəрі бабында дей тұра, жаңа сөредегі
зығырдың қызып кеткенін қоса хабарлады. Ол хабарына Левин шамданып
та қалды. Жаңа сөренің жарым-жартысын Левиннің өзі ойлап, өзі салған
болатын. Приказшы соған ылғый қарсы болғандықтан, зығыр қызып
кеткенін қазір ішінен насаттана да хабарлап тұр. Левин болса, ол зығыр
қыза қалған күнде, жүз мəртебе айтқан шараларының тек істелмегендігінен
ғана қызғанын айқын біліп отыр. Левин кейіп кетті де, приказшыны сөгіпсөгіп алды. Бірақ, бір маңызды, жақсы уақыйға да бар екен: көрмеден
сатып алған Пава дейтін қымбатты, жақсы сыйыры бұзаулапты.
— Кузьма, тонды əкел. Сіз болсаңыз, фонарь əкелсін деңіз, барып
көрейін.
Қымбат сыйырлардың қорасы қазір үй сыртында болатын. Левин сыйыр
қораға ауланы аралай, сирен түбіндегі үрлесін қарды жанай жүріп келді.
Тоңазыған есік ашылғaн кезде, жылы көңнің исі бұрқ ете түсті де, жаңа
жайған сабан үстінде тұрған сыйырлар, үйренбеген фонарь сəулесінен
қаймығып, қозғала берісті. Голландиялық қара-ала Сыйырдың жайқындай
жазық жотасы көріне кетті. Бүркіт дейтін сіргелі бұқа жусап жатыр екен,
қасынан жұрт еткен кезде түрегелейін деді де, қайта тынышталып, бірер
дүркін пысқырып қана қойды құр. Гиппопотам сықылды, жойдасыз зор,
əдемі қызыл Пава кіргендерге сыртын бере, бұзауын қорый иіскеп тұр екен.
Левин бөлікке кіріп, Паваны шола қарады да, тəлтіректеген, сида аяқ
қызылала бұзауды тік тұрғызып қойды. Пава қызғанып, мөңіретейін деген
соң, Левин бұзауын алдына қоя салып еді, сыйыр қайта баяуқырап, қатты
күрсініп алды да, тарақ тілімен бұзауын жалай бастады. Бұзауы емшек
іздеп, енесінің баурын түрткілеп, құйрығын сыйпақтатып жүр.
— Жарықты бері сал, Федор, фонарьды мұнда əкел, — деді Левин,
бұзауды шола қарап. — Енесінен аумайды екен! Түсі əкесіне тартыпты.
Тұрықты да, толымды да келіпті. Жақсы ғой, ə, Василий Федорович? —
деді приказшыға, бұзаудың қуанышымен, зығыр жайында тіпті татуласа
кетіп.
— Неге тартып жаман тусын? Айтпақшы, сіз кеткеннің ертеңіне
жұмысшы жалдаушы Семен келген болатын. Сонымен келісіп қоюымыз
керек, Константин Дмитрич, — деді приказшы. — Машина жайын бұрын
айтқам өзіңізге.
Осы бір мəселенің өзі-ақ Левинді қыруар, күрделі шаруашылықтың
жай-жапсарына түгел қандырып тастады да, сыйыр қорадан шыға, тіке
конторына келіп, приказшы, Семен екеуімен сөйлескен соң, үйіне орала,
үстегі қонақ үйге тура тартты.
XXVII
Үйдің өзі атамзаманғы, үлкен үй болатын да, Левин жалғыз
тұрғанымен, түгел жақтырып, бəрін алып тұратын. Өзі соның өрескел
екенін де, тіпті қазіргі жаңа жоспарына қабыспайтын, жаман қылық екенін
де білетін, бірақ сол үйдің өзі Левинге бір бүкіл дүние боп көрінетін. Дүние
болғанда, əке-шешесі сонда тұрып, сонда өлген дүние еді.Олардың сол
өмірі Левинге жетілу атаулының асыл арманы көрініп, өз əйелі, өз семьясы
арқылы сол өмірді қайта жаңғыртуды қыял ететін.
Левин өз шешесін еміс-еміс қана білетін. Шеше деген ұғымы жадында
бір қасиет нұрындай шалқып, болашақта алатын өз əйелі де шешесіне
біткен сол бір əйелдік аяулы, асыл нұсқаның жалғасы болуға тиіс деп
қыялдайтын.
Əйелді өзі некесіз сүю мүмкін емес деп білгені былай тұрсын, тіпті
алдымен семья жағын ойлайтын да, өзіне семья құрап беретін əйелді содан
сабақтап шығаратын. Сондықтан үйлену жөніндегі ұғымы да үйлену
жайын жалпы тіршілік ісінің бірі деп қарайтын көп таныстарының
ұғымына ұқсамайтын; Левинге ол — өмірдің, басты мəселесі болатын да,
өмірдің барлық бақыты соған байланысты деп білетін. Қазір сол екеш содан
да бас тартуы керек боп отыр!
Левин қашан да шай ішетін кішкене қонақ үйіне кірген соң, кітап ұстай
өз орындығына отырды да, Агафья Михайловна, Левинге шай əкеп қойып:
«Жə, отырайыншы, жарықтығым» деген дағдылы сөзін айта, терезе
алдындағы орындыққа барып отырды; Левин қанша оғаш көрінгенмен де,
өз қыялын қоймағанын, онсыз өмір сүрер жайы жоғын сол жерде кеп сезді.
Ол болсын, өзге болсын, əйтеуір, бірі болатыны ақыйқат екен. Левин кітап
оқып, оқығанын ойлана, дамылсыз балпылдаған Агафья Михайловнаның
сөзін тыңдағалы аялдай түсіп отыр; соған қоса, шаруашылық пен семья
тұрмысының неше қыйлы суреттері де қыялына үздік-создық келе берді.
Жан-дүниесінің қыйыр түкпірінде əлденелер қалыптасып, өлшеніп,
құралып жатқанын да сезейін деді.
Левин өзі Агафья Михайловнаның: Прохор құдайды ұмытты, ат ал деп
сыйлаған ақшаңызға ылғый арақ ішіп, əйелін таяққа сілейтіп салды деген
əңгімесін де тыңдап шықты; тыңдай отыра, əрі кітап оқып, əрі сол оқуы
сабақтаған ойларын да есіне ала отырды. Онысы Тиндальдың жылылық
жайындағы кітабы болатын. Тиндальды тəжрибе жағын оңай жасағанын
місе тұтып, философиялық жағын жеткізбепті деп кіналаған пікірін де
есіне түсірді. Сөйтіп отырып: «Екі жылдан соң, сыйырымның келесінде
голландиялық тұқымнан екі сыйыр болады, оған қоса Паваның өзі де тірі
болуы кəдік, Бүркіттен туған он екі құнажыным болады, анау үшеуін əрі
көркі етіп жайып жіберсек — ғажайып қой бір!» — деген қуанышты ойы да
қапелімде қалқып шыға келді. Левин кітабына тағы да кірісті.
«Жарайды, электр мен жылылықтың айырмасы жоқ-ақ бола қойсын;
бірақ сонда теңеуді шығару үшін бір санның орнына бір санды қоюдың
қыйсыны келе қояр ма екен? Жоқ. Ендеше қайттік? Табиғаттағы күш
атаулы арасындағы байланыс соқыр сезім арқылы былайша да сезіле
береді... Павадан туған бұзаудың қызылала сыйыр болатыны өте бір
сүйсінерлік нəрсе боп отыр, бүкіл сыйыр келесіне анау үшеуін қоса жайып
жіберсек... жақсы-ақ қой шіркін! Қоралы сыйыр алдынан əйелім екеуміз
қонақтарды ерте шығар едік... Əйелім: осы құнажынды Костя екеуміз
балаша бағып өсірдік дер еді. Соған өзіңіз қалайша соғұрлы бой ұрады
екенсіз? — дер еді қонақ. Костя бой ұрған нəрсенің бəріне де бой ұрам дер
еді ол. Бірақ, сол өзі кім болды екен десеңші?» — Содан ол, Москвада
болған жайларды есіне тағы да түсірді... «Амал нешік?.. Айып жоқ менде.
Бірақ енді бəрі де жаңа бағытпен тартады. Өмір у көнбейді, өткен көнбейді
дегендер бос сез құр. Тұрмысты анағұрлым түзеп, анағұрлым оңдау
жолына жан салу керек...» Левин еңсесін көтере отырып, ойланып кетті.
Левиннің келу қуанышын əлі де жөнді біле қоймай, қорада үре жүгіріп
жүрген кəрі Ласка, құйрығын бұлғай, ауа лебін ала оралған күйі, Левинге
келіп, еркелет дегендей жалтақтай қыңсылап, басын қолының астына
тығып жіберді.
— Тек сөз білмейді, — деді Агафья Михайловна. — Төбет болса...
Қожайын келіп, құлазып отырғанын біліп жүр ғой.
— Неге құлазыймын?
— Əй, мен кермей отыр дейсіз бе, жарықтығым? Мырзаларды білетін
уақытым жетті ғой. Мырзалар қолында жасымнан-ақ өскемін. Уақасы жоқ,
жарықтығым. Тек денің сау, арың таза болсын.
Левин, ойын қалай аңғарып қойғанына таңырқап, Агафьяға тесіле
қарады.
— Немене, тағы шай əкелейін бе? — деп, Агафья кесені алып шығып
кетті.
Ласка Левин қолының астына басын сұғып, əлі де əуре боп жүрген.
Левин сыйпаған соң, басын көсілген артқы аяғына сала, Левин қасына бүк
түсіп жата кетті. Өзіне енді бəрі де жақсы, жайлы келген соң, аузын сəл
ашыңқырап, ернін сылп еткізіп қойып, моқал тісін жабысқақ ерніне жайлы
қымтаған күйі, балбырай бұйығып, тым-тырыс жым болды. Левин оның
осы соңғы қылығына зейін сала, қадағалай қарады.
«Менің күйім де осы ғой! — деді ол ішінен, — осы! Еш уақасы жоқ...
Бəрі де жақсы».
XXVIII
Анна Аркадьевна бал өткен соң-ақ, Москвадан сол күні шығамын деп
күйеуіне ертең ерте телеграмма берді.
— Жоқ, жүруім керек, Жүруім керек менің, — деді жеңгесіне, дітін
өзгерткенін сонша бір қыруар ісі есіне түскен адамша баян етіп, — жүретін
болған соң, бүгін жүргенім абзал!
Степан Аркадьич түскі тамақты үйде ішпегенмен, қарындасын
шығарып салуға кешкі сағат жетіде келемін деп уəде берді.
Кити де келмей, басым аурып жатыр деп хат жазып жіберіпті. Долли
мен Анна екеуі балалар мен ағылшын əйелді ала отырып, түскі асты оңаша
ішті. Балалардың айнығыштығынан ба, əлде өте қағілездігінен бе, не
болмаса, Аннаның, өздері сонша жақсы көрген күндегі қалпынан сол күні
мүлде өзгеріп, өздеріне көңіл бөлмей қойғанын сезгендіктен бе, — əйтеуір,
əпкесімен ойнағандарын қалт доғарып, суынысымен-ақ, соның жүретінжүрмейтінін тіпті қаперлеріне де алмай қойды. Анна өзі таңертеңнен беріақ жүру қамында болатын. Москвадағы таныстарына хат жазып, есептерін
тіркеп, буынып-түйіне берген. Доллиғa өзі жалпы сабырсыздау да көріне
берді, сабырсыздық болғанда, Долли басынан кешіргендіктен жақсы
білетін, көбінесе, өзіне өзі бір себептен налығандықтан туатын
сабырсыздық еді онысы. Анна киінгелі бөлмесіне кеткен соң, артынан
Долли да барды.
— Өзің бір түрлі екенсің бүгін! — деді Аннаға ол.
— Мен бе? Солай керіндім бе саған? Біртүрлі боп тұрғам жоқ, екестеніп
тұрмын. Өзімнің бір сөйтетінім бар. Жылағым келе береді ылғый. Өзі бір
есуас қылық болғанмен де, өте шығады, əйтеуір, — деді Анна лыпылдай
сөйлеп, сөйтті де қызарып кетіп, түнгі баскиімі мен бəтес орамалын салған
титтей дорбасына еңкейе берді. Көзі төтенше жаудырап, қайта-қайта жас
толып кетіп тұр. — Өстіп Петербургтен де кеткім келмеп еді, енді бұ
жерден де кеткім келмей тұр.
— Мұнда келгенде, игілікті іс істеп кеттің ғой, — деді
Долли Аннаға зейін сала қарап.
Анна оған көзі жасқа шылана қарады.
— Олай демей-ақ қой, Долли. Ештеңе істегем де, істей алғам да жоқ
мен. Жұрттың өзімді бұзғылары келгеніне таңырқай берем құр. Не істей
қойдым, не істей алмақ ем мен? Кешіру үшін өз жүрегіңнің де махаббаты
жетіп жатты сенің...
— Сенсіз не болып, не қоярын құдай білетін еді ғой! Не деген
бақыттымын десеңші, Анна! — деді Долли. — Жаның жақсы, түгел жайнап
тұр ғой сенің.
— Ағылшындар айтпақшы, əркім жанында да бір Ckeletons 25 бар ғой.
— Қайдағы Ckeletons дейсің сенде жүрген? Түгел жайнап тұрсын.
— Бар ғой, — деді Анна қапелімде, жасын тыйған соң жайдары,
сылтың күлкісі де ернін қалт əжімдей қойып.
— Сенің сол Ckeletons дегеніңнің өзі де түнермей, күліп тұрған нəрсе
бір, — деді Долли күлімсіреп.
— Жоқ, түнек нəрсе. Ертең жүрмей, бүгін жүрген мəнісімді біліп
тұрсың ба өзің? Ол менің алқымыма тығылып, алдында айтқалы тұрған
айыбым, — деді Анна, орындыққа шегіне орнығып, Долли көзіне тіке
қарап.
Соны айтқанда, Анна қара бұрымы толқып жатқан мойны мен құлағына
дейін қызарып кеткенін керіп, Долли қайран қалды.
— Жə, — деді Анна сөзін сабақтап, — түскі тамаққа Кити неге
келмегенін білесің бе? Маған қызғанышы бар оның. Бүлдіріп алғам мен...
Сол балдың соған қуаныш болмай, азап болуына себеп болған менмін.
Бірақ, шынын айтқанда, айыбым жоқ менің, болғанда да азғантай ол, —
деді, «азғантай» деген сөзді, даусы сыңғырай, соза айтып.
— Ойпыр-ай, осыны өзің Стива сықылды айттың-ау! — деді Долли
күліп.
Анна көңліне ауыр алып қалды.
— Жо-жоқ, қой əрі! Стива емеспін мен, — деді шытынып. — Мен
мұны, өз басыма тіпті күдіктенер жайым болмаған соң айтып отырмын
саған, — деді Анна.
Бірақ сол сөзді айта сала, сол сөздің əділ сөз емес екенін өзі де сезе
кетті; өзіне өзі күдіктенуі былай тұрсын, Вронский десе-ақ, дегбірі қаша
беретінін сезіп, сонымен ендігəрі кездеспейін дегендіктен ғана, мегзеген
күнінен ерте кетуге айналған.
— Рас, сонымен мазурка билегеніңді Стива айтқан маған, өзі əрі...
— Өзі бар ғой, бір қызық нəрсе боп шықты соның. Табыстырайын
дегенім де сол еді, қапелімде өзге нəрсе боп кетті. Өзім тіпті лажсыз да...
Анна қызарып кетіп, қоя қойды.
— Түу, олар лезде сезе қояды оны! — деді Долли.
— Қой, бұл арада ол тараптан елеулі бірдеңе болса, өзім де күйінген
болар едім мен, — деді Анна Доллидың сөзін бөліп. — Соның бəрі ұмыт
боп, Кити де өзіме өшіккенін қояр дегенге сеніп отырмын өзім.
— Əйтсе де бар ғой, Анна, шынымды айтсам, Китиге сол некені онша
қаламаймын мен. Қайта, аралары ашылып, Вронский саған бір күнде
ғашық боп қалса, сол абзал болар еді деймін.
— Қойшы, тəйір, ақмақтық болар еді ғой ол! — деді Анна, ойындағысы
сезбен айтылғанын естіп, жаны жай тапқандықтан, қою бояуы бетіне тағы
да шыға келіп. — Сөйтіп, өз басым сонша жақсы көрген Китиді де өзіме
жау ете аттанғалы отырмын енді. Шіркін, неткен сүйкімді десеңші Китидің
өзі! Долли, өзін, түзейсің ғой мұны? Я?
Долли күліп жібере жаздады. Аннаны өзі жақсы кергенмен, осал жағын
білгенге сүйсініп те отыр.
— Жау дейсің бе? Жайы келмес оның.
— Өздеріңді өзім қандай жақсы керсем, өздерің де мені түгел сондай
жақсы көрулеріңді қалар едім мен; қазір өзім бұрынғымнан да жақсы көріп
кеттім сендерді, — деді Анна, көз жасы мөлдірей отырып. — Ойпыр-ай,
екесті боп кеттім-ау өзім бүгін!
Бетін орамалымен сүртті де киіне бастады.
Жүзі шаттана қызарып, шарап пен шылым аңқыған Степан Аркадьич
кешігіп қалып, дəл жүрер алдында келді.
Аннаға қосыла Доллидың да көңлі босап кетіп, қайынсіңлісін ақырғы
рет құшақтаған кезде келіп:
— Біліп қой, Анна: істеген жақсылығыңды өмірі ұмытпаймын. Өз
басым өзіңді ең аяулы досымдай жақсы көргенімді де, ылғый жақсы көре
беретінімді де есіңнен шығарма!— деді күбірлеп.
— Жақсы көрер нем барын түсінбеймін, — деді Анна, Доллиды сүйген
күйі, көз жасын көрсетпей.
— Сөзімді түсіндің де, түсінесің де. Қош бол, сəулетім!
XXIX
«Түу, тынды ғой əйтеуір, құдай жарылғап!» — Вагонға кірер жолды
үшінші қоңырауға дейін қалқалаған ағасымен ақырғы рет қоштасқанда,
Анна Аркадьевнаның басына алғаш келген ой осы болды. Анна диванына
отырды да, вагон ішін ала көлеңкеде шола қарады. «Құдай оңдап, Сережа
мен Алексей Александровичті де ертең көретін болдым, үйреніскен жақсы
өмірім де бұрынғыша тарта береді енді».
Сол күні, күні бойы қам жеген қалпы, жолға да ықласпен, ұқыпты
жайласты Анна; кіп-кішкене епті қолы қызыл дорбасын бір ашып, бір
жауып, кішкене жастығын ала тізесіне қойған күйі, аяғын құнттай орап,
жайғаса отырды. Бір сырқат əйел ұйқтағалы төсегін салып жатыр. Өзге бірекі əйел Аннамен тіл қатысып отыр да, жуан бір кемпір аяғын қымтай
түсіп, вагонға от жағу жөнінде реніш айтып отыр. Анна əйелдерге бірнеше
сөзбен жауап берді де, əңгіме қызығы болмайтынын көрген соң, Аннушкаға
фонарын алдырып, орындық жақтауына орната, сумкасынан қағаз кесетін
пышағы мен ағылшын романын алды. Əуелгі кезде жөнді оқый алған жоқ.
Алғашқыда апыр-топыр жүріс те бөгей берді; содан соң поезд жүрген
кездегі дыбыстарға құлақ салмасқа жəне болмады; содан соң келіп,
назарын, біріншіден, сол жақ терезені соғып, əйнекке жабысқан қар,
тұлабойын қар сыбап, шымқана киініп, жанай өтіп бара жатқан кондуктор
сыйқы, екіншіден, сыртта қазір сұмдық түтек боп тұр деген əңгімелер де
аудара берді. Одан соңғылары да түгел сол сарында болды; дүңк-дүңк
соққан сол шайқалыс — шайқалыс; терезедегі сол қар — қар; лезде ысып,
лезде суып, қайта қапалатқан сол буы — бу; адамдардың ала көлеңкеде сол
қараңдағаны — қараңдаған; сол дауыс — дауыс бола берген соң, Анна да
кітап оқып, оқығанын түсіне бастады. Аннушка да бір қолғабы жыртық
қарымды қолына қызыл дорбаны ұстап, тізесіне қоя қалғып отыр. Анна
Аркадьевна оқуын оқып, түсіне отырғанымен, өзге адамдардың жайын
оқып, яғни солардың өмір суреттерін қадағалау деген жайсыз да тиіп тұр.
Сол өмірге Аннаның өзі ынтығып отыр. Кейіпкер əйелдің ауруды қалай
күткенін оқыса, сол ауру бөлмесінде аяғын ептей басып, өзі жүргісі келіп
кетті; парламент мүшесінің сөйлеген сөзін оқыса, сол сөзді өзі сөйлегісі
келді; леди Мэридің құсқа салт атпен шығып, жеңгесін тəжке етіп, жұрт
біткенді таңырқатқан өжеттігін оқыса, сол өжеттікті өзі істегісі келе берді.
Бірақ істей қояр ештеңе болмағандықтан, жып-жылтыр пышағын кіпкішкене қолымен ойнақшыта отырып, кітапты да құныға оқыды.
Роман кейіпкері ағылшындық бақытым деп білген барондық пен мекенжайға жете бастаған шақта, сол мекен-жайға сонымен бірге барғысы келіп
отырып, соның өзі оған да, маған да ұят-ау деген сезім сап ете түсті. Бірақ
неден ұялмақ сонда ол? «Мен неден ұялмақпын?» деді өзіне өзі, қорлана
таңырқап. Кітапты қойды да, қағаз кесетін пышағын қос қолдап қыса
ұстаған күйі, орындық арқалығына шалқая отырды. Ұялатын ештеңе де
жоқ екен. Москвада көрген-білгенін де түгел саралап шықты. Бəрі жақсы,
бəденді екен. Балды да, Вронскийді де, соның жеңіле қараған махаббатты
жүзін де, сонымен арадағы ілтипатын да түгел ойлап шықты: ұялатын
ештеңе де жоқ екен. Бірақ, сонымен қатар, еске алғандарының дəл осы,
Вронскийді ойлаған жеріне келгенде, ішкі бір үн: «жылы ғой, өте жылы,
күйіп тұр», — дегендей, ұялу сезімі де күшейіп қоя берді. «Несі бар екен?
— деді Анна ішінен, бекіне сөйлеп, орындыққа оңдала отырып. — Не деген
сөз ол? Соған тайсалмай қараудан қаймықпақшы ма екем мен? Несі бар
екен? Сол сəби-офицермен екеуміздің арамызда əрбір таныс адамдар
арасындағы ілтипаттан өзге не ілтипат бар екен, не ілтипат болмақ екен?»
Анна мұқата мырс етіп, кітапқа қайта кіріскенмен, оқығанынан енді ештеңе
де түсіне алмады. Қағаз кесетін пышағын əйнекке ары-бері сүйкеп, содан
соң жып-жылтыр, сұп-суық қырын жағына басты да, қапелімде себепсіз
билеген бір қуаныштан дауыс шығара күліп жібере жаздады. Жүйкежүйкесі қайдағы бір құлаққа оралған ішектей, барған сайын шерте бұралып
келе жатқанын сезейін деді. Көзі де барған сайын үлкейе ашылып, қолаяғының саусақтары да қымсына қыймылдап, тынысын да ішінен əлдене
тарылта қысып, сол бір бұлдыраған ала көлеңкеде бар бейне, бар дыбыс
төтенше жарқырап, өзін таң қалдырып тұрғандай сезді. Вагон осы ілгері
кетіп бара ма, кейін кетіп бара ма, тіпті тұр ма екен əлде, деген күдіктер де
өзіне минут сайын келе берді. Қасымда отырған осы Аннушка ма екен, өзге
біреу ме екен, əлде? «Анау тұтқадағы тон ба, аң ба, əлде? Өзім орнымда
отырмын ба, осы? Өзіммін бе, өзге біреумін бе?» Сол бір тұман ойға
берілуден өзі де шошыйын деді. Бірақ соған əлдене тарта берді де, Анна
берілсе де, қойса да, соның ырқынан шыға алған жоқ. Өзіне езі келгелі
түрегеліп, шəлісін серпіп, жылы желеңін де шешіп тастады. Үйге кірген
ұзын тымпайы шапанды, бір түймесі жоқ, арық мұжықтың от жағушы
екенін, өзіне өзі келген соң барып аңғарды, термометрді кеп қараған
мұжыққа қар мен жел есіктен ілесе кірді; содан соң тағы да түгел
сапырылып кетті... Қынамасы салбыраған əлгі мұжық қабырғада əлденені
қыйқалап кеміріп жатыр, кемпір болса, аяғын вагонның бүкіл өнбойына
көсіліп, қап-қара тұманға толтырып жіберген, содан соң барып əлдекімді
пəршелеп жатқандай, қатты шықырлап, қарш-қарш етіп кетті; содан соң бір
қып-қызыл от көзді жасқандырып, содан кейін бір қабырға келіп түгел
қалқалай салды бəрін, Анна құлап кеткендей сезді өзін. Бірақ сол өзі
қорқыныш көрінбей, түгел көңілді тиіп тұр. Қар сыбап, шымқана оранған
біреудің даусы Аннаның құлағына əлдене деп айқай салды. Анна түрегеле
бере, ес жыйды; станцияға келгендерін, əлгі кондуктор екенін сонда келіп
аңғарды. Аннушкаға əлгіде шешкен жылы желеңі мен шəлісін алдырып,
киінді де, есікке қарай тартты.
— Шығайын деп пе едіңіз? — деді Аннушка.
— Я, тыныстайын деп едім. Мына жер өте ысып кетті, тіпті.
Соны айтты да есікті ашты Анна. Жел мен түтек алдынан қарсы
ұмтылып, есікке таласа кеп кетті. Аннаға соның өзі де шат көрінді. Есікті
аша, далаға шықты Анна. Жел де соның тек шығуын күтіп тұрғандай, қуана
ысқырып, қапсыра көтеріп, ала жөнелейін деп еді, Анна бірақ суық
діңгектен ұстай алып, көйлегін қымтанған күйі, платформаға түсті де,
вагонды айналып кетті. Жел есік алдында қатты болғанмен, вагон
ығындағы платформада баяу екен. Анна қар аралас суық ауаны кеудесін
толтыра, сүйсіне сімірген күйі, вагон қасында тұрып, платформа мен жапжарық станцияны шола қарады.
XXX
Станция бұрышынан ұйтқый соққан долы боран вагон дөңгелектерінің
ара-арасы мен бағандарға ысқыра соқтығып тұр. Вагон, баған, адам
болсын, кез шалған дүниенің бəрін бір қырынан сыбаған қар, барған сайын
көміп барады. Боран сəл толастай қалғанымен, соңынан тағы да ышқына
соғып, тіпті қарсы тұрар қайрат жоқ сықылданып кетеді. Сөйтіп тұрған
кезде, əлденендей бір адамдар жарқын-жарқын сөйлесе, платформа
тақтайларын сықырлата басып, үлкен-үлкен есіктерді дамылсыз ашыпжауып, сапырылысып жүр. Аннаның аяғы астынан біреудің еңкейген
көлеңкесі қараң ете қалды да, темір шықылдатқан балға дыбысы шалынды.
Түтеген түнекте екінші жақта біреудің: «Асығыс телеграмма бер!» деген
ашулы даусы шықты. «Бері қарай тартыңдар! №28!» деп саңқылдасқан
жəне бір əрқыйлы даустар шалынып, қар сыбап, тұмсаланған бір адамдар
да жүгіріп етті. Ауыздарында шылымдары жылтылдап, қасынан қайдағы
бір екі мырза өте бірді. Анна тыныстап алғалы ауаны тағы да сіміре жұтқан
соң, вагонға кіргелі діңгектен ұстайын деп, қолын муфтадан шығара
бергенде, қасына əскери пальто киген жəне бір адам келіп, фанарының
қалтыраған сəулесін түсіріп тұра қалды. Анна қарап жіберісімен-ақ,
Вронскийдің жүзін таный кетті. Вронский қолын козырегіне қоя, алдында
иіле тұрып, бірдеңе керек емес пе екен, қызметіңізге жарамас па екем? —
деп сұрады. Анна ештеңе дей қоймай, едəуір уақыт қадала қарап тұрды да,
Вронский көлеңкеде болғанмен, жүзінің де, кезінің де əлпетін көрмесе де,
көре кеткендей болды. Бұл əлпеті де, Аннаға кеше қатты əсер еткен, ізет
тұта сүйінген сол əлпеті екен. Анна өзі Вронскийді өз басы үшін, кез келген
жерде кездесе кететін, ылғый бір қалыпты, жүздеген жігіттердің бірі
көргендіктен, ешуақытта ойламайын дегенді соңғы күндерде ішінен сан рет
айтып, əлгінде де ауызға алған болатын; бірақ сонымен қазір алғаш
кездескен сəтте. Аннаны бір қуанышты мақтан сезімі де билеп əкетті.
Вронскийдің бұл жерге неге келгенін сұраудың да керегі болған жоқ оған.
Ол оны, Вронский өзіне сіз қайда болсаңыз, сол жерде болғалы келдім
мұнда деп айтатын сөзіндей-ақ айнытпай біліп тұр.
— Келе жатқаныңызды білмеп едім сіздің. Неге келе жатырсыз? — деді
Анна, діңгекке созған қолын ала беріп. Соны айтқанда, жүзінде бір
елбіреген қуаныш пен құйқылжу да гүл жайнап қоя берді.
— Неге дейсіз бе? — деді Вронский қайыра, Аннаның кезіне шаншыла
қарап. — Өзіңіз білесіз ғой, сіз қайда болсаңыз, сол жерде болғалы келе
жатырмын, — деді, — əйтпес дəрменім қалған жоқ менің.
Осы кезде, жел де тосқауылды жеңгендей, вагон төбесіндегі қарды
бұрқырата ұшырып, қайдағы бір жұлынған қаңылтырды сілкілеп жатты да,
ілгергі жақта паровоздың жуан даусы көмескілеу, дарылдап қоя берді.
Алай-түлей түтеген сұрапыл боран Аннаға енді бұрынғыдан да əсем
көрініп кетті. Вронский Аннаның дəті бармай, жасқанып жүрген, нағыз жан
іңкарын айтты. Анна ештеңе демесе де, жүзіндегі тартысын Вронский де
аңғарды.
— Айтқаным ауыр тисе, кешірім етіңіз, — деді ол, жеңіле сөйлеп.
Айтар сезін өзі сыйлай тұрып, ізет тұта айтқанмен, сонша бекіп, орныға
айтқандықтан, Анна көпке дейін ештеңе дей алмай қалды.
— Айтып тұрғаныңыз жаман сөз сіздің, жақсы кісі болсаңыз, сол
айтқаныңызды, мен сықылды өзіңіз де ұмытуыңызды өтінем, — деді Анна,
тұрып-тұрып.
— Сіздің жалғыз ауыз сөзіңізді, желп еткен қыймылыңызды өмірі
ұмытпаймын мен. ұмытар жайым жоқ...
— Болды! Болды! — деді Анна безектеп, Вронский телміре қараған
жүзін суытайын десе де, дəрмені келмей. Сөйтті де, суық діңгектен ұстай,
басқышқа шыға, вагон сенегіне зып беріп кіріп кетті. Бірақ болған əңгімені
қыялында таразылай, сол кішкене сенекте кідіре де қалды. Осы бір
минуттік əңгіме екеуін өте жақындатып кеткенің өз сөзін де, оның сөзін де
есіне алмай-ақ сезіммен аңғарып тұр; сол сөзден əрі қорқып, əрі масайрап
та кетті өзі. Бірнеше секунд тұрған соң, вагонға кіріп, орнына кеп отырды.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 09
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.