Latin Common Turkic

Анна Каренина - 23

Total number of words is 4142
Total number of unique words is 2003
35.4 of words are in the 2000 most common words
48.9 of words are in the 5000 most common words
55.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
екен деген өзге тілек кеп басты. Ол сезімге өзі мойын қоймағанмен,
шырқымды бұзып, абройымды алғаны үшін соның тақсіретін тартса екен
деп тіледі ішінен. Содан, дуэль, бас ашу, айрылысу жайларын тағы да
аударыстырып, тағы да жоққа шығара келіп, Алексей Александрович:
болған жайды қауымнан жасырайын да, қатнастарын тыйып, ең бастысы,
əйелімнің сазайын тартқызу жөнінде, — оған өзі мойын қойған жоқ еді —
қолдан келген шараны түгел қолдану арқылы қолымда ұстайын, — амалы
тек жалғыз сол екен деп түйді. «Семьяны сол əкеп кіріптар еткен ауыр
жайды ойластыра келіп, өзге амалдың бəрі де сыртқы status quo54-дан гөрі
екі жаққа да ауыр соғатындықтан, сол сыртқы қалыпты сақтауға өзім де
келісумен, айтқанымды о да айнытпай орындайтын, яғни ашынасымен
арадағы қатнасын тыятын қатаң шарт қоямын деген байлауымды білдіруім
керек оған». Ол байлауы ада-күде алынып болған соң, Алексей
Александровичке соны қостайтын жəне бір маңызды ой келді. «Дін жолына
да тек осылай байлағанда ғана шекі болмаймын, — деді ішінен, — күнəлі
əйелімді де тек осылай байлағанда ғана шетке қақпаған боп, қайта,
түзелуіне мүмкіндік беріп, тіпті, — өз басыма сол қанша ауыр тисе де, —
соны түзеп, сақтап қалуға күш-қуатымның да бірсыпырасын сарп еткен
боламын». Алексей Александрович əйеліне құлық жағынан ықпал ете
алмасын да, түзетем деген дəмесінен өтіріктен өзге ештеңе өнбесін де біліп
отыр; өзі сол ауыр минуттерді өткере отырып та, діннен таяныш табайын
дегенді ешбір ойлаған жоқ еді, сөйте тұра қазір, сол байлауы, өз ойынша,
дінге қабыса кеткен соң, соны дінге де қостатқанына көңілі мейлінше
көншіп, біраз тынышталып та қалды. Жалпы суыну, селқостық арасында
туып өзі ылғый жоғары ұстап жүрген дін қағыйдаларына тіршіліктің
осынша маңызды мəселесін сай істемедің деуге ешкімнің аузы бармайды
дегенді ойлау да өзіне қуанышты соқты. Алексей Александрович одан арғы
жай-жапсарды ойластырғанда, əйелімен арасы бұрынғы қалпынша қала
алмайтын мəнісін тіпті аңғарған да жоқ. Əйелін өмірі қайтып сыйлай
алмайтыны да күмəнсіз еді; бірақ соның оңбаған, опасыз жар болу
салдарынан тұрмысын шайқап, қасірет шегетін де ешбір себебі жоқ еді.
«Солай, уақыт түгел жайғастыра келе, бұрынғы қарым-қатнасымыз да
қалпына түседі, — деді Алексей Александрович ішінен, — түскенде де
өмір бойы өз басым зықым шығуды сезбейтіндей боп түседі. Ол бақытсыз
болған екен деп, жазықсыз менің бақытсыз болар жайым жоқ».
XIV
Алексей Александрович Петербургке келгенде, осы байлауға əбден
тыянақтау үстіне, əйеліне жазатын хатының жоспарын да көңілінше жасап
қойған болатын. Алексей Александрович швейцар бөлмесіне кірген соң,
министрліктен əкелген хаттар мен қағаздарға көз салып, бері кабинетіме
əкеліңдер деді.
— Қоя тұрылсын, ешкім қабылданбасын, — деді швейцардың
сұрауына, мəз-майрам көңілді шағының белгісі боп кеткен
«қабылданбасын» деген сөзді біраз түшіркене, нығыздай айтып.
Алексей Александрович кабинетінде ары-бері екі дүркін оралып
шыққан соң, алдын ала камердинер кіріп алты шырақ жағып қонған үлкен
жазу столының қасына тоқтады да, саусақтарын шыртылдатып қойып, жазу
жабдықтарын ыңғайлай келіп отырды. Столды шынтақтай, басын бір
жағына сала, сəл ойланып алды да, жаза бастаған соң, бір секунд кідірген
жоқ. Əйеліне арнау сез айтпай-ақ, орыс тіліндегідей салқындық сарыны
жоқ «сіз» деген есімдікті қолдана, французша жазды өзі.
«Сізге мен, соңғы əңгімемізде сол əңгіменің ілігі жөнінде өз
байлауымды хабарлаймын деген дітімді білдіріп едім. Ден қоя түгел
ойластыра келіп, енді сол уəдемді орындайын деген мақсатпен жазып
отырмын; байлауым мынау: сіздің қылығыңыз қандай қылық болса да,
жоғарыдан келген жарлық арқылы жалғасқан жан байланысымызды үзуге
қақым жоқ деп білемін. Семья деген ер-əйелді адамның біреуі кіділік істеді,
жүгенсіздік жасады, немесе тіпті қылмыс істеді екен деп бұзыла алмайды
да, тұрмысымыз бұрынғы қалпынша жүре беруге тиіс. Бұл өзі маған да,
сізге де, баламызға да қажет боп отыр. Осы хатқа желеу болған нəрсе
жайында өкініп те, өкінгелі де жүрген шығарсыз деумен, арамыздағы
жанжалдың себебін тамырымен жұлып тастап, өткенді ұмытуымызға
өзіңіз-ақ болысарсыз маған деп, əбден сеніп отырмын. Олай болмаған
күнде, өзіңіз бен балаңызды не күтіп тұрғанын өзіңіз-ақ байыптай беріңіз.
Соның бəрін бетпе-бет кездескенде толығырақ сөйлесерміз деген
сенімдемін. Дача маусымы аяқтап қалғандықтан, сейсембіден қалмай
Петербургке неғұрлым тезірек келуіңізді сұрар едім. Келуіңізге керекті
сілтеулер түгел беріліп қояды. Осы өтінішімнің орындалуына ерекше мəн
беріп отырғанымды байқауыңызды сұраймын.
А. Каренин.
PS. Жұмсауыңызға керек болар деген ақшаны хатпен қоса жібердім».
Хатты оқыған соң, оған да, əсіресе, ақша салу есіне түскеніне де əбден
риза боп қалды; қатал сөз, өкпе-қалдық болмағанмен, кешірімділік те жоқ
екен. Ең бастысы — қайтуына қолайлы көпір салынғаны болды. Хатты
бүктеп, піл сүйегінен жасалған үлкен шомбал пышақпен таптаған соң,
ақшаға қоса конвертке салды да, жақсы құралған жазу жабдықтарын
жұмсағанда жаны ылғый жай тауып қалатын əдетінше қоңырау соқты.
— Курьерге бересің, ертең Анна Аркадьевнаның дачасына жеткізетін
болсын, — деді де түрегелді.
— Құп болады, тақсыр, шайды кабинетке əкелеміз бе?
Алексей Александрович шайды кабинетке əкеліңдер деді де, шомбал
пышағын ойнақшыта орындығына қарай тартты, о жерде шамдал мен
евгюбикалық жазулар жайында, оқый басталған французша кітабы
əзірлеулі тұрған болатын. Орындық тұсында Аннаның əйгілі суретші
əсемдеп жасаған, алтын құрсаулы дөңгелек портреті ілулі тұрған. Алексей
Александрович соған көз салды. Мелшиген жанары сол портретке, екеуі
түсініспек болған сонау соңғы кештегісінше мысқылдай, бейпілси қарады.
Басына жарастыра, суретші келістіре жасаған қара шілтердің, қара шашы
мен аты жоқ саусағы жүзікке толы аппақ əдемі қолының түрі Алексей
Александровичке бəдік көрініп, құрыстандыра жаман əсер етті. Алексей
Александрович портретке сəл қарап тұрып, дір еткенде, ерні де «брр» деп
қоса дір етіп, жалт бұрылып кетті. Орындыққа апыл-ғұпыл отыра сала,
кітабын ашты. Оқуын оқыйын-ақ дегенімен, евгюбикалық жазу десе,
бұрын қатты соғып тұратын зауқы тіпті соқпай қойды. Кітапқа қарағанмен,
басқаны ойлап кетті өзі. Ойлағанда, əйелінің жайын ойлаған жоқ, соңғы
кезде өзінің мемлекеттік жұмысында білінген бір шиеленісушілік жайын
ойлады, ол өзі осы тұста қызметінің де басты мүддесі болып жүрген. Қазір
өзі сол шиеленісудің байыбына қай уақыттағыдан болса да терең бойлап,
көңілінде бір — өзін өзі жұбатпай-ақ айтқандай — соның бəрін шешіп
беретін, қызмет мансабы жөнінде өзін де шарықтата көтеріп, жауын да
жығып, сол жағынан мемлекетке де өте үлкен пайда келтіретін күрделі ой
туғанын сезінейін деді. Кабинетке шай əкеп қойған адам шығысымен-ақ,
Алексей Александрович те түрегеліп, жазу столына келді. Күнделікті істер
салулы портфельді ортаға тартып қойды да, тоқмейілси сəл күлімсіреген
күйі, қадаулы қарындашын алып, ілгеріде шиеленіседі-ау деп өзі сұрап
алдырған шытырман ісін оқуға кірісіп кетті. Шиеленісу жайы былай еді.
Алексей Александровичтің мемлекеттік адам ретіндегі ерекшелігі, өрлеген
əрбір чиновникке бітетін жалғыз өзіне тəн жеке сыйпаты, сарыла баққан
баққұмарлығы, байсалдылығы, адалдығы, қайсарлығы қосыла көп
мансабын көтерген сол бір сыйпаты — ресми қағаз дегенді елемей,
қатнастар жазу жағын азайтып, бар іске мүмкіндігінше қолма-қол араласуы
мен үнемшілдігінде болатын. Зарайская губерниясының далаларын
суландыру жайында Алексей Александрович министрлігінде жатқан,
ақшаны əрі текке шығын етіп, іске қағаз басты қараудың қатал мысалы
болған бір іс əйгілі 2-июнь комиссиясына берілген еді. Ол берілудің
əділеттік екенін де Алексей Александрович жақсы білетін. Зарайская
губерниясының далаларын суландыру ісін Алексей Александровичтен
əлдеқайда бұрынғы адамдар-ақ бастаған еді. Сол іске ақша, шынында да,
өте көп жұмсалып, түк тындырылмай текке кетіп, күллі сол істен ештеңе
шықпайтын да түрі бар еді. Алексей Александрович қызметке кірісе
салысымен-ақ, сол жайды аңғара қойып, сол іске араласа кеткісі де келген
болатын; бірақ өзін өзі əлі де бекем сезе қоймаған бастапқы кезде, ол ойы
тым көп мүддеге килігіп жатқандықтан, орынсыз соғатынын да білген еді;
содан соң өзге жайлармен айналысып кетіп, ол істі тарс ұмытып та кеткен.
Бүкіл өзге істер сықылды ол іс те өз бетінше селдіріңмен тарта берген. (Ол
істі көп адамдар, əсіресе, бір өте құлықты, музыкашы семья талшық етіп
келген болатын: ол семьяның қыздары түгел ішекті аспаптар тартатын.
Алексей Александрович сол семьяны білетін де, үлкен қызының біріне өкіл
əке болатын.) Сол істі бір қас министерліктің қозғауы, Алексей
Александровичтің пікірінше, арамдық та боп көрінген, өйткені қызмет
жөніндегі сыпайыгершілікті сақтап ешкім қозғамай жүргені болмаса, əр
министерлік сайын-ақ, істің одан да сорақылары бар еді. Қазір болса, өзіне
ақыры тас атарын атқан соң, сол тасты тайынбай қағып алды да, Зарайская
губерниясының далаларын суландыру жөніндегі комиссияның еңбектерін
зерттеп, тексеретін төтенше комиссия құруды талап етті ол; бірақ соған
орай өзі де ол мырзаларға ешбір есесін жібере қойған жоқ. Бұратана
елдерді орналастыру жөнінде жəне бір төтенше комиссия құруды талап
етті. Бұратана елдерді орналастыру жөніндегі іс 2-июнь комитетінде
əлдеқалай көтерілді де, Алексей Александрович бұратана елдер жайы тым
жаман болғандықтан, кешеуілдетуді көтермейді деп, пəрменінше қостай
кетті. Ол істің өзі комитетте бірсыпыра министерліктің қыйдаласуына
түрткі де болып шықты. Алексей Александровича қастасқан министерлік
бұратана елдердің хал-жайы өте бір гүлденіп тұрған хал-жай еді де, қайта
орналастырамыз деу солардың гүлдене беруіне қырсық тигізуі кəдік боп
отыр, алда-жалда жаман жағы болса, ол тек Алексей Александрович
министерлігінің заң қосқан шараларды орындамағандығынан болып отыр
деп дəлелдеген. Алексей Александрович қазір: біріншіден, бұратана
елдердің жайын жергілікті жерде тексеріп шығуды тапсырғандай жаңа
комиссия құрылсын; екіншіден, бұратана елдердің хал-жайы, шынында да
комитет қолындағы ресми мəліметтегідей боп шықса, бұратана елдердің
сол мұңдық хал-жайының себептерін: а) саяси, б) əкімшілік, в)
экономикалық, г) этнографиялық, д) материалдық, е) діни жағынан
тексеретін жəне бір ғылми комиссия құрылсын; үшіншіден, қастасқан
министерліктен бұратана елдердің қазіргі қыйын жағдайларының алдын
алуда сол министерліктің соңғы он жыл ішінде қолданған шаралары
жөнінде мəлімет талап етілсін; ақыры, төртіншіден, комитетке берілген
1863 жылғы 5-декабрь мен 1864 жылғы 7-июньдегі №№ 17015, 18308
мəліметтеріне қарағанда, негізгі, жүйелі заңның мағнасына тікелей қарсы
əрекет істеген мəнісі не екен, министрліктен сол жөнде түсінік алынсын
деп талап етейін дегенге келді, т..., 18-статья мен əрі 36-статьяның ескертуі.
Алексей Александрович осы пікірлердің желісін жазып алған соң, шырайы
кіріп, жүзі жайнап сала берді. Бір тарақ қағазды көшіріп бола түрегеліп,
қоңырау соқты да, керекті ақпарлар əкелсін деп, кеңсе басқарушысына хат
беріп жіберді. Түрегелген соң, бөлмені кезе жүріп, портретке тағы да қарап,
қабағын шытқан күйі, кекете күлімсіреді. Алексей Александрович
евгюбикалық жазулар жайындағы кітапты тағы да оқып, соған саңы ауған
соң, сағат 11-де жатуға кетті, содан төсекте жатып, əйелімен арадағы
уақыйғаны есіне алғанда, со күйі бір түнек боп көріне қойған жоқ ол.
XV
Вронский өзіне жайың жаман боп кетті ғой, күйеуіңе түгел ашып
салсаңшы деп жабысқанда, Анна ашу шақыра, қалшыя қасарысқанымен, өз
жайын өзі ішінен адалдығы жоқ, алдамыш жай деп біліп, соны өзгертуді
бар жүрегімен қалаған да болатын. Күйеуімен бəйгеден келе жатып, көңілі
əптер-тəптер кезінде түгел айтып та салған оған; соны айтқаны қатты бата
тұрса да, соған өзі қуанып та кеткен. Күйеуі əкеп тастаған соң, түгел
айқындалады енді, тымқұрса, өтірік, алдаудан құтыламыз, соған қуанам
деген-ді ішінен. Хал-жайы енді біржола күмəнсіз айқындалатын да боп
көрінген өзіне. Ол жаңа жайым жаман да болуы кəдік, бірақ көмескі, өтірігі
жоқ, айқын жай болады деп білген. Сол сөздерді айтам деп, өзіне де,
күйеуіне де қатты батқан есесін енді түгел айқындалып, сонымен
қайтарамыз деп ойлаған. Сол күні кешке Вронскийге жолыққанмен,
күйеуімен арасындағы əңгімені, жайын анықтау үшін айтуы керек бола
тұрса да, айтқан жоқ болатын оған.
Анна өзі келесі күні таңертең оянғанда, есіне алғаш түскен нəрсе
күйеуіне айтқан сол сөздері болды, сол сөздері өзіне сонша сұмдық
көрінгендіктен, енді сол өрескел, оғаш
сөздерді батылы барып қалай айтқанын түсіне алмай, содан енді не
шығарын да біле алмай қойды өзі. Бірақ айтылар сөз айтылып, Алексей
Александрович те түк айтпай кетіп қалған-ды. «Вронскийді көргенмен,
оған да айтқам жоқ. Сол кетуге бет алған сəтте, əлі де бұрылтып, айтайын
дегенмен, соған алғашқы сəтте неге айтпадым деп оғаш көрген соң, жəне
айныдым. Айтайын деп тұрып, айтпағаным не екен десеңші соған?» Содан,
осы сұрауына берер жауабы орнына ұят дуылы бетіне қызарып шыға келді.
Содан бөгеген не екенін де түсіне кетті өзі; түсінгені — ұят көрген екен.
Кеше кешке анықталған тəрізді көрінген хал-жайы, қазір анықталмақ түгіл,
тұйықталып та қалғандай болды. Бұрын ойына да келмеген масқарасынан
жүрегі тас төбесіне шықты. Күйеуім не істер екен дегенді ойлауы-ақ мұң
екен, қай-қайдағы қорқынышты ойлар қамалап қоя берді. Қазір үйден қуып
шығуға басқарушы келеді де, масқара жайым бар əлемге мəлімденеді деген
ой түсті. Өзіне өзі: үйден қуып шыққан соң, қайда барам десе де, жауабын
таба алған жоқ.
Вронскийді ойлағанда, өзін ол сүймейтін сықылды, өзін шырмау көріп
жүрген тəрізді, оған өзін өзі ұсына алмайтын секілді де көрініп кетті,
сонысына қарай соған жауығайын деген де сезімге келді. Күйеуіне де
айтып, өз қыялында да дамылсыз қайталаған сөздерін өз басы жұрт
біткенге жеткізіп, түгел естіп қойған сықылды көрінді. Бірге тұрған
адамдарының бетіне қарай алмас жаққа да шықты. Қызды шақыруға да,
қала берсе тіпті төменгі үйге түсіп, баласы мен тəрбиеші əйелді көруге де
батылы бармады.
Анна есігі алдында көптен бері тыңдап тұрған қыз, бөлмесіне өзі келіп
кірді. Анна қыздың көзіне қуыстана қарап, шошый қызарып та
кетті.Қоңырау соқты ғой деп қалып ем, кіргеніме кешірім етіңіз деді қыз
оған. Көйлек пен хат əкеліпті қыз. Бетсидің хаты екен. Бетси Аннаға: бүгін
таңертең маған Лиза Меркалова мен Штольц баронесса екеуі көңілдес боп
жүрген Калужский мен Стремов қартты ерте келіп, крокет ойнамақшы
дегенді ескертіпті. «Ең болмаса, құлықтарын зерттеу ретінде келіп көріңіз.
Күтемін сізді», — деп бітіріпті.
Анна хатты оқып шығып, ауыр күрсініп те салды.
— Ештеңенің де керегі жоқ, — деді сыланып, таранатын столындағы
құмыралар мен щеткаларды ыңғайлап жүрген Аннушкаға. — Бара тұр,
қазір киініп, мен де шығамын. Ештеңенің де керегі жоқ.
Аннушка шыққанмен, Анна киінбей, басы да, қолы да сылқ түсіп,
əлденендей бір оқталу ишарасын істеп, бірдеңе айтайын десе де, ауық-ауық
селк ете қалып, қайта мелшие, сол отырған күйі отырды да қойды.
«Тəңірім-ай! Тəңірім-ай!» деп дамылсыз қайталай да берді өзі. Бірақ
«тəңірінің» де, «айының» да өз басына түк мағнасы жоқ, бос сөз болатын.
Өзі тəрбие алған дініне əсте шүбə келтірмесе де, өз жайына діннен жəрдем
іздеу деген Алексей Александровичің өзінен жəрдем іздеу сықылды жат
болатын оған. Дін жəрдемі тисе, өмірінің бар мағнасы боп отырған
нəрседен пар кешкенде ғана тиетінін күні бұрын біліп отыр өзі. Жандүниесінің, бұрын өзбасы өмірі сезбеген бір жаңа күйі ауыр тиюі үстіне,
содан өзі қорқайын да деді. Кей-кейде бір көз талғанда, екеу боп көрінетін
бұйымдай, жан дүниесіндегілер де түгел екі дай бола бастағанын сезейін
деді. Кей-кейде неден қорқып, не қалап отырғанын да білмей кетті өзі. Не
бұрынғысынаң қорқып, бұрынғысын қалап отыр ма, немесе алдағысынан
қорқып, алдағысын қалап отыр ма, дəл не екенін өзі де білген жоқ.
«Ойпыр-ау, не істеп отырмын мен!» — деді ішінен, екі самайы
тызылдап бара жатқанын сезе қойып. Самай шаштарын қос қолдай ұстап,
бүре тартып отырғанын, өзіне өзі келгенде бір-ақ көрді. Ұшып түрегеліп,
жүре бастады.
— Кофе əзір болды, мамзель мен Сережа екеуі күтіп отыр, — деді
Аннушка, келген сайын Аннаның сол бір қалыптан аумай отырған үстінен
шыға беріп.
— Сережа дейді? Сережа не бопты? — деді Анна қапелімде жадырай
сұраған күйі, баласы бары есіне таңертеңнен бері бірінші рет түсіп.
— Жазықты боп қалған ғой деймін өзі, — деді Аннушка күлімсіреп.
— Жазықтысы қалай ?
— Сіздің мүйісте бір шапталылар тұрушы еді; соның біреуін ептеп жеп
қойған ғой деймін өздері.
Баласын айту қамалып отырған тұйығынан Аннаны қалт шығарып та
жіберді. Бала үшін өмір сүрген ана болған соң, соңғы жылдарда өз қолына
алған, тым асыра айтқанмен де ішінара шындығы бар аналық міндеті есіне
түсе кетті де, қазіргі отырған қалпында да күйеуім мен Вронский жөніндегі
жайыма қатнасы жоқ жеке дүнием бар екен ғой деп қуана сезінді. Ол
дүниесі — баласы болатын. Өз басы не күйге түссе де, баласын тастар
жайы жоқ екен оның. Күйеуі мейлі масқара етіп, тентіретіп жіберсін;
Вронский мейлі өз басына салқындап, дербес өмірін сүре берсін (оны өзі
тағы да шіміркене, өкіне ойлады), баласын тастар жайы жоқ екен. Өмірінде
мақсат бар. Баласы қасында болатын сол жайын қорып, баласын алғызбау
жолында аянбай əрекет істеуі керек екен. Істегенде тіпті, баласын алып
қоймай тұрып, мүмкін болғанша, тезірек істеуі керек екен. Баланы алып,
жөнелуі керек екен. Ендігі істер жалғыз нəрсесі сол екен, əне. Көңілін
жұбатып алып, азап жайдан айығуды өзі де керек қып отырған. Баласына
байланысты төте əңгіме жөнінде, қазір соны алып бір жаққа жөнелем деген
ой көңілін жұбатып та тастады.
Тез киініп жіберді де төмен түсіп, əдетте, Сережа мен тəрбиешісі кофе
үстінде күтіп отыратын қонақ үйге тартынбай кіріп барды. Түгел ақ киінген
Сережа айна түбіндегі стол қасында, тұқыя еңкейген күйі, Анна білетін бір,
əкесіне ұқсас, ден қоя шұқшыйған əлпетпен, өзі əкелген гүлдеріне бірдеңе
істеп тұр екен.
Тəрбиеші əйелдің түрі тым қату екен. Сережа қыйт етсе істейтін
əдетінше: «А, мама!» — деп қатты шаңқ ете түсті де: шешеме əлде гүлді
қоя тұра амандассам ба екен, əлде веногімді жасап боп, гүлмен барсам ба
екен деп, бата алмай кідіріп қалды.
Тəрбиеші əйел амандасқан соң, Сережаның қылығына анықтама бере,
шұбалтып айта бастағанмен, Анна тыңдаған жоқ онысын; осыны бірге
алып кетер ме екем дегенді ғана ойлады ол. «Жоқ алмаймын, — деді түйіп.
— Баламмен жалғыз кетем».
— Я, əбден жаман қылық онысы, — деген күйі Анна, ұлының иығынан
ұстап, баланы əрі қымсындырып, əрі қуандырған, қаталдығы жоқ, именшек
көзқараспен қарады да, бетінен сүйді. — Екеумізді оңаша қалдыра
тұрыңыз, — деді таңырқай қараған тəрбиеші əйелге, сөйтті де баласын
жібермей, кофе жасаулы стол қасына барып отырды.
— Мама! Мен бар ғой... мен... жо... — деді баласы, шапталы жөнінде
өзіне не көрсеткелі отырғанын əлпетінен аңғарғысы келіп.
— Сережа, — деді шешесі, тəрбиеші əйел бөлмеден шығысымен, —
оның жаман нəрсе, ендігəрі істемейсің бе оны? Жақсы көресің бе мені?
Көзіне жас келіп қалғанын да сезейін деді Анна. «Жақсы көрмес жайым
бар ма мұны? —деді ішінен, баласының əрі қорқып, əрі қуана қараған
көзіне қадала отырып. — Əкесіне қосылып, мені қалай-ақ жазалар екен
осы? Қалай-ақ аямас екен мені?» Көз жасы жүзін жуып кеткендіктен, соны
көрсетпейін деп, ұшып түрегелген күйі, террасаға тіпті жүгіре шығып кетті.
Соңғы күндерде күркірей жауған жаңбырдан бері күн ашылып, суықтау
болып тұрған. Шаңқай ашық күн көзі жаңбыр шайған жапырақтар
арасынан көрініп тұрса да, ауа суық болатын.
Анна таза ауаға шыққан соң, бұрынғыдан да қатты шалғай суық пен
ішкі қорқыныштан дір ете түсті.
— Бара ғой, Mariettege, бара ғой, — деді соңынан шығайын деген
Сережаға: соны айтты да, террасадағы сабаннан тоқылған төсеніште жүре
бастады. «Қалай-ақ кешірмес екен солар мені, осының бəрі де өзгеше болар
жайы жоғын қалай-ақ түсінбес екен?» — деді ішінен.
Анна аялдады да, жаңбыр шайған жапырақтары шыңылтыр ашық күнде
жалтырай көрінген көк теректің жел тербеген басына қарай тұрып,
солардың кешірім етпей, өзіне енді мына аспан, мына көк майса сықылды
бəрі де түгелдей қатал боларын түсіне кетті. «Қойшы, ойлап керегі жоқ
тіпті, — деді ішікен. — Жыйналайын барып. Жыйналып қайда бармақпын?
Қайда кетпекпін? Қайсысын алып кетем? Я, кешкі поезбен Москваға кетеді
екем. Аннушка мен Сережаны, ең керекті бұйымдарды ғана алайын.
Дегенмен, одан бұрын екеуіне хат та жаза салайын». Анна үйдегі
кабинетіне тез оралып, столға отыра, күйеуіне хат жазды.
«Арамыздағы əңгімеден соң, үйіңізде бұдан ары тұра алмас жаққа
шығып отырмын. Баланы бірге ала кетпекпін. Өз басым, заңды білмеген
соң, баланың да ата-ананың қайсысында болатынын білмеймін; бірақ онсыз
тұрар жайым жоқ болған соң, бірге əкетейін деп отырмын. Мархабаттылық
істеп, баланы маған қалдырыңыз демекпін».
Осы араға жеткенше, əрі тез, əрі табиғи жазып келсе де, күйеуінде өзі
бар деп білмейтін мархабаттылыққа шақырып, хаттың өзін тебіренерлік
бірдеңемен аяқтауым керек-ау деген ой кідіртіп те тастады өзін.
«Өз күнəм мен өз өкінішімнің жайын айтып жата алмаймын мен,
өйткені...»
Ой ұшығын таба алмай тағы да тоқтап қалды. «Қой, ештеңенің де керегі
жоқ», — деді де хатты жыртып, мархабаттылық деген сөзді қоспай, қайта
көшірген соң барып желімдеді.
Вронскийге өзге хат жазуы керек еді. «Күйеуіме айтарымды айттым»,
— деп жазды да, одан ары жазуға дəрмені жетпей, көп отырды. Жазғаны
əйелдікке жараспайтын, соғұрлы өрескел соқты. «Оның үстіне, не
жазбақпын əрі?» — деді ішінен. Ұялғаннан жүзі тағыда қызарып, есіне
соның сабырлылығы түсе, соған қынжылғандықтан, бірер сөз жазылған
парақ қағазды қыйқымдап жыртып та тастады. «Ештеңенің де керегі жоқ»,
дегенді ішінен айта, қыюлы қағаздарын жыйнап, үстіңгі үйге шыққан соң,
тəрбиеші əйел мен өзгелеріне бүгін Москваға жүремін десімен, нəрселерін
де буып-түюге кірісіп кетті.
ХVІ
Нəрсе шығарған қора күтушілер, бақшашылар, малайлар, дача үйінің
бөлме-бөлмелерін кезіп жүр. Шкаф, комодтар ашылып тасталған; арқан
алғалы дүкенге де екі дүркін кісі барып келді; еденде газет қағаздары
қоқып жатыр. Екі сандық, мешоктер мен буылған шəлілер ауыз үйге
шығарылып та қойылды. Есік алдында күйме мен екі арбакеш тұр.
Аннушка үй қасына келген экипаж дүбірі естіледі дегенде, Анна
бұйымдарын буып-түйем деп ішкі үрейін ұмытқан күйі, кабинетіндегі стол
алдында жол қапшығына ол-пұлын салып тұрған болатын. Анна терезеден
қарай сала, есік алдына шығып, сыртқы есіктегі қоңырауды соғып тұрған
Алексей Александровичтің курьерін көрді.
— Немене екен, барып білші, — деді де, Анна бəріне түгел жайбарақат
сайланған күйі, қолын тізесіне қоя, орындыққа кеп отырды. Малай, жазуын
Алексей Александровичтің өзі жазған жуан пакет алып келді.
— Курьерге жауап ала кел деп бұйырыпты, — деді малайы.
— Жақсы, — деп Анна, ол шығысымен-ақ, саусақтары қалтырай тұрып
жыртты хатты. Қырын сындырмай, бел ортасынан желімдеген бір буда
ақша түсті ішінен. Анна хатты шығарып, аяқ жағынан бастап оқыды. «Келу
əзірліктеріңізді жасап қойдым, өтінішімнің орындалуына мəн беріп
отырмын» дегенді, оқыды. Анна хатты ары қарай шолып, қайта орала,
түгел қарап, басынан бастап тағы да тегіс оқып шықты. Бітірген кезде, тұла
бойы мұздап, басына бір күтпеген сұмдық бақытсыздық ошай кеткендей
болды.
Таңертең өзі күйеуіне айтқан сөздеріне опық жеп, сол сөздер айтпаған
сөз сықылды боп қалса екен дегенді ғана ойлаған болатын. Содан мына
хаттың өзі де сол сөздерді айтылмаған сөз етіп, Аннаның қалаған жерінен
кеп шықты. Қазір бірақ осы хаттың өзі Анна ойына шалынар нəрсенің
бəрінен де сұмдық боп көрінді.
«Еп айтқан! Еп! — деді Анна. — Əрине, қашан да еп оныкі, христиан
ғой, мархабатты ғой ол. Солай ол, арам, сұрқыя адам! Оны менен өзге
ешкім де байыптап, түсінбейді; түсіндірер менің де шарқым жоқ. Олар
болса-ақ: діншіл, қулықты, адал, ақылды адам деп келеді; мен көргенді
бірақ көрмей жүр олар. Өмірімді сегіз жыл тұншықтырып, маған біткен
тіршілік тынысын түгел буып, жаны бар əйел болған соң, бұған да махаббат
керек-ау дегенді ойына да алмағанын білмейді олар. Мені өзі аяқ басса-ақ
жəбірлеп, соны місе көргенін де білмейді олар. Өмірімді ақтауға бар
күшімді сала тырыспап па екем мен? Соны сүюге, соны сүйер жай
қалмағанда, баламды сүюге талпынбап па екем мен? Түсінер шағым келген
соң, түсініп отырмын бірақ: өзімді өзім алдай алмайды екем енді, тірі жан
екем де, айыбым жоқ екен, тəңірі өзімді солай жаратқан соң, сүюім де, өмір
сүруім де керек екен менің. Енді не бар ал? Өзімді де, оны да өлтіре салса,
түгел көніп, түгел кешірген де болар ем, жоқ, бірақ ол...»
«Соның не істейтінін қалай түйсінбедім екен өзім? Арам мінезіне тəн
қысастығын істемей қоймайды ол. Өзі оң боп шығады да, сорлаған мені
одан жаман, одан бетер сорлатады əлі...» Аннаның есіне хаттың «Өзіңіз бен
балаңызды не күтіп тұрғанын өзіңіз-ақ байыптай беріңіз» деген сөзі түсе
кетті. «Мұнысы баланы тартып алам деген дүмпуі де, кеще заңдары
бойынша, кəдік те онысы. Бірақ ол осыны неге айтып отырғанын білмейді
дейсің бе мен? Балама деген махаббатыма не сенбейді де, не (қашанғы
сықақ ететін əдетінше) менің сол сезімімді жек көреді, бірақ баланы
тастамайтынымды да, тастар жайым жоғын да, тіпті сүйгеніммен бірге
жүрген күннің өзінде де, ұлымсыз өмірім қаран өмір екенін біліп отыр ол,
өзінен бірақ баланы тастап қашып кетсем, нағыз жүзқара, сұрқыя əйелдің
қылығын істейтінімді де біліп, оны істер шамам жоғына да қанып отыр».
«Тұрмысымыз бұрынғы қалпынша жүре беруге тиіс» деген, хаттағы
екінші сөзді есіне түсірді Анна. «Ол тұрмыстың өзі бұрын да азап болса,
соңғы кезде сұмдық боп кеткен. Енді не болмақ ол? Ол оны түгел біліп,
менің тыныс алып, сүйгеніме өкінер жайым жоғына да қанып отыр; өтірік
пен алдаудан өзге ештеңе шықпайтынын да біліп отыр бұдан; мені бірақ
қыйнай беру керек боп отыр оған. Жайын білемін оның, өтірікке судағы
балықша жүзіп, рақат табатыны да мəлім маған. Бірақ ол рақатқа оны
шүйгітіп қоймаймын да, өзімді шырмамақ болған өтірігінің торын пəрепəре үземін; не болса, о болсын мейлі. Өтірік пен алдаудан жақсы,
əйтеуір!»
«Қалай үзем ал? Уа, тəңірім-ай! О заман да бұ заман, мендей сорлы
əйел болды ма екен десеңші?..»
— Жоқ, үземін, үзбей қоймаймын! — деді лепіріп, көз жасын ірке,
ұшып түрегеліп. Сөйтті де оған өзге хат жазбақ болып, жазу столына келді.
Бірақ ештеңені өзгертуге, қанша өтірік, қанша арам болса да, сол бұрынғы
күйден шығуға дəрмені жетпейтінін де ішінен сезіп тұр.
Жазу столына отырғанмен, хат жазу орнына қолын столға төсей
жастанып, балаша солқылдай жылап, кеудесі түгел бүлкілдеп те кетті.
Жылағанда, жай-күйімді айқындаймын, ашамын деген арманы біржола
бүлінгенге жылады. Түгел сол бұрынғы күйінде қалып, бұрынғыдан тіпті
əлдеқайда жаман боларын да күн ілгері біліп отыр өзі. Қауымда шайқап
жүрген жайы таңертең өзіне сонша құрдым көрінсе, қазір қымбат тартып,
күйеуі мен баласын тастап, ашынасына қосылған əйелдің масқара жайына
қыюға дəрмені жетпес жаққа шыққанын да сезіп отыр; қанша талпынса да
өзінен өзі күшті түспек емес екен. Еркін сүю дегенді ешуақытта білмей,
өмір бойы қайта қылмысты əйел күйінде қалып, қосыла өмір сүре
алмайтын, салтаң бөгде адаммен арадағы масқара байланысқа бола
күйеуімді алдағаным ашылып қалады-ау деп, минут сайын қыпылдайтын
жаққа да шығыпты. Өзі оның солай боларын да біліп, соған қоса сонша бір
сұмдық болған соң, соның тіпті немен тынарына да көзі жетпеді. Содан,
жазаланған балаша, ағыл-тегіл еңрей кеп жылады.
Малай аяғының дыбысы селт еткізіп жіберді де, бетін содан жасыра,
жазып жатқан адам боп отыра қойды.
— Курьер, жауап болса деп тұр, — деді малай.
— Жауап па? Я, — деді Анна. — Тоса тұрсын. Қоңырау соғам өзім.
Не жазбақпын мен? — деді ойланып, — Жалғыз өзім не шешпекпін? Не
білем мен? Не қаламақпын? Не сүймекпін?» Жан-дүниесі тағы да екідай
боп бара жатқанын сезейін деді. Сол сезімнен тағы да қорқып, өз
жайындағы ойлардан көңілін бəле тұратын бір алғашқы желеуге де жабыса
кетті. «Алексейді көруім керек екен (Вронскийді ішінен солай атайтын өзі),
не істейтінімді тек сол ғана айта алады маған. Бетсиге барайын; бəлкім,
сонда көрермін оны», — деді Анна ішінен, кеше өзі оған Тверская
киягиняныкіне бармаймын дегенде, олай болса мен де бармаймын деген
сөзін мүлде ұмытып кетіп. Анна столына келіп, күйеуіне: «Хатыңызды
алдым. А.», —деп жазды да, қоңырау соғып, малайына берді.
— Жүрмейтін болдық, — деді Анна үйге кірген Аннушкаға.
— Мүлде жүрмейміз бе?
— Жоқ, ертеңге дейін нəрселерді шешпеңдер де, күймені де осында
ұстаңдар. Княгиняға барам мен.
— Қай көйлекті əзірлейін?
XVII
Тверская княгиня Аннаны шақырған крокет ойны қоғамына
көңілдестерімен екі əйел қатнаспақшы еді. Ол екі əйел Петербургтегі
айтулы жаңа үйірменің əлденеге еліктемей солықтап, les sept merveilles du
monde 55 атанған басты өкілдері болатын. Рас, ол екі əйел жоғарғы
үйірмедегі əйелдер болғанмен, үйірмелері Анна қатнасып жүрген үйірмеге
мүлде жау үйірме еді. Оның үстіне, Аиза Меркалованың көңілдесі,
Петербургтегі ықпалы күшті адамдардың бірі Стремов қарт, қызмет
жөнінде Алексей Александровичтің жау адамы болатын. Анна осы
жайларды түгел ойлап, бармайын да деген, Аннаның сол жалына Тверская
княгиня хатындағы емеурін де сеп болған еді. Анна енді, Вронскийді
көрермін деген үмітпен, бару жағына шықты.
Тверская княгиняныкіне өзге қонақтардан бұрынырақ келді Анна.
Анна кірген кезде, Вронскийдің камер-юнкерге ұқсас, бакенбардын
тарап тастаған малайы қоса кірді. Фуражкасын сыпыра, Аннаға жол беріп,
есік алдына тұра қалды ол. Анна соны таныған соң, Вронскийдің кеше
келмеймін дегені есіне тек осы арада кеп түсті. Сол жөнде ол хат жіберген
тəрізді.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 24
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.