Latin Common Turkic

Анна Каренина - 16

Total number of words is 4148
Total number of unique words is 2033
34.1 of words are in the 2000 most common words
49.2 of words are in the 5000 most common words
55.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Мен əшейін шешеңнің хатын берейін дегемін. Жарыс алдында
көңліңді бұзбақ-ақ, жауап бере сал соған. Bonne chance ,37— деп күлімсірей
кірістіріп қойды да, Алексейдің қасынан тайқай жөнелді.
Ол кеткен соң, Вронскийді достық құттықтау тағы да тоқтатты.
— Көңілдесіңді білгің келмес пе екен! Сəлеметсің ғой, mon сһеr, — деді
Степан Аркадьич, қызыл шырайлы жүзі мен жылтырата тараған
бакенбардысы Петербургтегі осы нұрлар арасында да Москвадағы
шырынан кем емес екен. — Кеше келіп едім, сенің салтанатыңды көретін
боп, өте қуанып тұрмын. Қашан көрісер екеміз?
— Ертең артельге кел, — деп Вронский ғафу өтіне, пальтосының
жеңінен қысты да, гипподромның ортасына қарай тартты. Тосқауылды
үлкен жарыста шабатын аттар сол жерге əкелініп те жатқан.
Жарыста сабыла терлеген аттарды атшылар жетелеп қайта əкетіп жатыр
да, алдағы жарысқа қосылатын, көпшілігі ағылшын тұқымды, төбелдірік
кигізілген, бауырлары қаншырдай, үлкен бір ғажайып құстарға ұқсаған
жаңа, тың аттар бірінен соң бірі шығып жатыр. Қаншырдай жараған сұлу
Фру-Фруды, көсіктей бақайшағын серіппеше майыстыра бастырып, он,
жақта жетелеп жүр. Соның деңгейінде қалқан құлақ Гладиатордың кежімін
алып жатыр. Арт жағы ғажайып əсем келген, бақайшағы тұяғына тым
тақала, төтенше қысқа біткен айғырдың көрікті, кесек, мінсіз түрі
Вронский назарын еріксіз аударып та əкетті. Өз биесіне таман барайын дей
бере, танысы кеп тағы да тоқтап қалды.
— Ə, Каренин ғой мынау! — деді сөйлесіп тұрған танысы. — Шатырда
отырған əйелін іздеп жүр. Əйелін көріп пе едіңіз?
— Жоқ, көрмедім, — деді де, Каренина отыр деп сілтеген шатырға тіпті
көз қырын да салмай, биесінің қасына кетті Вронский.
Вронский ер-тоқымын қарап, керекті жарлығын беріп үлгергенше,
бəйгеге шабушыларды нөмір алып, сапқа шығыңдар дегелі шатырға
шақырып та қалды. Шатырда жүздері байсалды, қату тартқан, көбінің жүзі
бозарып кеткен он жеті офицер тоғысып, нөмірлерін таратып алысты.
Вронскийге 7-ші нөмір тиді. «Атқа қоныңдар!» деген дауыстар да
шалынды.
Вронский бəйгеге шабатын өзгелермен бірге өзінің де көз біткенді
қадалтқан орталық боп тұрғанын сезіп, атының қасына тас түйілген бір
қалыппен барды, əдетте мұндай кезінде жүріс-тұрысы да салғырт, сабырлы
келетін өзінің. Корд бəйге салтанатына мейрамда киетін костюмі — қара
сюртугін түймелене киіп, шықшытын тірелте қатты қатырма жағасын
салып, дөңгелек қара қалпағы мен саптама етігін киіп шығыпты. Қашанғы
əдетінше, маңғазсыған, сабырлы қалыппен, биенің қос тізгінін де өзі ұстап
тұр екен. Фру-Фру безгек қысқандай қалшылдаған күйі, таяу келген
Вронскийге көзінен ұшқын ұша, қырындай қарады. Вронский саусағын
салып, айылын байқап шықты. Бие одан бетер қырындап, аузын аша,
құлағын да жымыйтып жіберді. Ер ерттеуін тексергенге күлкісі келіп,
ағылшынның ерні де шүрішіп кетті.
— Абыржый бермейсіз, мініп алыңыз.
Вронский бəс таластарын ақырғы рет тағы да шолып шықты. Оларды
жарыс үстінде көре қоймайтынын да біліп түр өзі. Ат жіберілетін сөреге
қарай, екеуі ілгері кетіп те қалыпты. Вронскийдің қауіпті бəс таластарының
бірі, көңіл жетер жігіті — Гальцин — торы айғыры мінгізбей, қасында
күйбеңдеп жүр екен. Тар шалбарлы тəпелтек лейбгусар ағылшындарға
еліктеймін деп, атының сауырына мысықша мықшыя отырып, шоқырақтата
жөнелді. Кузовлев князь Грабов заводынан шыққан таза тұқымды биесінің
үстінде боп-боз боп отыр да, ағылшын сұлығынан алып жетелеп барады.
Кузовлев жүйкесінің ерекше «осал», асқан əйеңкес екенін Вронский мен
жолдастары түгел білетін. Олар оның қыйт еткен нəрседен, тіпті көшелі
атпен жүруден де қорқатынына қанық болатын; бірақ сол өзі бəйгеге
əркімдердің мойны үзіліп, бəйге қорқынышты соққан соң, тосқауыл басы
доктор, крес қадаған лазарет арбасы, жəрдемші əйелдер тұрған дəл қазіргі
шақта келіп шаппақ болыпты. Екеуінің бір-біріне көзі түсіп кетті де,
Вронский жылы ұшырай қостап, ым қағып қойды. Ол тек, Гладиаторға
мінген, басты бəс таласы Махотинді ғана көрген жоқ.
— Асықпаңыз, — деді Корд Вронскийге, — есіңізден шығармайтын
нəрсеңіз: тосқауылға келгенде, тартпаңыз да, қыстамаңыз, таңдап қарғуға
еркіне қоя беріңіз.
— Жарайды, жақсы, — деді Вронский, тізгінді ала беріп.
— ЬІңғайыңыз келсе, бəйгенің алдында болыңыз; бірақ соңында болған
күнде де, соңғы минутке дейін күдер үзуші болмаңыз.
Бие қозғала бергенше-ақ, Вронский қарулы, ымқырулы қыймылмен
бедер-бедер болат үзенгіге лып еткен күйі, былғарысы сықырлаған ерге
денесі сыптай боп, оп-оңай орнығып та алды. Оң аяғын үзенгіге басып, қос
тізгінін машық ебімен саусақтарының арасына теңеп ұстаған соң, Корд та
қолын босата берді. Фру-Фру қай аяғын бұрын басарын білмей қалғаннан,
тізгінді тал мойнымен соза тартып, үстіндегі адамды жайлы арқасында
жатық ырғай, серіппеше майыса басып, тұра жөнелді. Корд қарыштай
адымдап, ілесе тартты. Алақызған бие, үстіндегі адамды жаңылтқысы кеп,
тізгінді бір о жағына, бір бұ жағына соза тартып барады да, Вронский
баяуқыратпақ боп, жылы сөйлеп, сыйпай түсе, құр əуре боп барады.
Ат жіберетін сөреге бет ала, тосулы өзенге таяп та қалған өздері.
Бəйгеге шабуылдар алда да, артта да көп келе жатқан, Вронский арт
жағындағы батпақты жолда шоқыртқан ат дыбысын қалт ести кетті де,
қалқан құлақ, ала аяқ Гладиаторға мінген Махотин кеп оза берді. Махотин
ірі тісі ақсыя күлімсірегенмен, Вронский ашулана қарады оған. Вронский
өзін жалпы жақсы көрмейтін де еді, қазір ең қауіпті бəс таласым деп
білгендіктен, қасынан шауып өтем деп атын елеуреткеніне тіпті қынжылып
қалды. Фру-Фру жүйтки жөнелгелі аяғын сілтей, ыршып барып, кере
тартқан тізгініне кектене, үстіндегі адамды зіркілдете, тапырақ желіске
барып түсті. Вронский соңынан Корд та қабағын шыта, жорға жүріспен
дедектей ұшты.
XXV
Бəйгеге офицерлерден небəрі он жеті адам қатнасты. Бəйге, шатырлар
алдындағы төрт шақырымдық сопақша, үлкен айналмада шабылмақ
болатын. Ол айналмаға он тоғыз тосқауыл — өзен бөгеті, шатырлардың
өкпе тұсына екі кез келетін, үлкен бітеу бөгет, құр арық, сулы арық,
төбешік, шөп-шалам қосып тапталған ирланд үйіндісі (тосқауылдар
ішіндегі ең бір қыйыны), оның қалтарысына ат көзіне шалына қоймайтын
жəне бір арық жасалыпты, демек, шапқан ат екі тосқауылдан не қатар
қарғып, не өліп тынатын түрі бар екен; одан ары екеуі сулы, біреуі құр жəне
үш арық бар екен де, — бəйге көмбесі шатырлар тұсында екен. Бірақ бəйге
сөресі айналмадан басталмай, одан ары жүз сажен жерден басталады екен,
бұл екі арада өзен тосып жасаған, ені үш кез келетін алғашқы тосқауыл бар
екен де, шапқан адамдар содан өз беттерінше не қарғытып, не кешіп
өтулері керек екен.
Бəйгеге шабушылар үш қайтара қатарласса да, əр жол сайын
біреулерінің аты ілгері шығып кетіп, басынан тағы да қайта бастау керек
бола берді. Ат жіберудің білгірі Сестрин дейтін полковник ашу шақыра
бастап, ақыры төртінші жолы келіп: «Тартыңдар!» — деп саңқ еткен де,
бəйгешілер де жөнеліп кеп берді.
Шұбартқан салт аттылар шоғыры қатарласып жатқанда, бүкіл көз, бүкіл
дүрбі біткен сонда отырған болатын.
«Жіберді! Жөнелді!» — десіп, тып-тыныш күтіп отырған жұрт ду ете
қалысты.
Топ-топ, жалғыз-жалғыз жаяулар да жақсылап кергелі о жерден бұ
жерге жүгірісе бастады. Алғашқы сəтте түйдегімен жөнелген салт аттылар
шоғыры созыла тартып, екіден, үштен, жалғыз-жалғыздан құйысқан
тістесе, өзенге таман жақындағаны көрініп тұр. Көріп отырған жұртқа
солардың бəрі бірге келе жатқан сықылды; бірақ, атқа шабушыларға мəні
үлкен секундтық айырмашылықтары да бар еді.
Аласұрып, қатты қымсынған Фру-Фру алғашқы сəтті қапы жіберіп
алып, бірнеше ат өзінен бұрын жөнелгенмен, Вронский, тізгінді сүзе
ұмтылған биесін бар күшін сала тежеп, үшеуінен өзенге жетпей-ақ, сып
етіп өте шықты да, алдында Махотиннің тек жирен Гладиаторы ғана қалды,
Гладиатор Вронскийдің қарсы алдында бөксесін баппен, жеңіл ала
зымырап келеді де, одан ары, жұрттың ең алдында, өлі-тірісі белгісіз
Кузовлевті дөңгелектетіп, сəулетті Диана кетіп барады.
Əуелгі сəттерде Вронский өзін де, биесін де əлі игере қойған жоқ
болатын. Алғашқы, өзен тосқауылына жеткенше атының шабысын да
басқара алған жоқ өзі.
Гладиатор мен Диана бірге жетіп, тіпті бір сəтте-ақ: өзен үстінен лыплып ырғыған күйлері, аржағына бұлдырай жөнелісті; екеуінің соңынан
Фру-Фру да, ұшып келе жатқандай, ырғығаны білінбей қалқый жөнелді де,
Вронский ауада келе жатқанын сезген кезде, өзеннің аржағын ала, атының
дəл аяғы астына таман тыраңдап жатқан Кузовлев пен Диананы қалт көре
кетті( Кузозлев аты ырғыған соң, тізгінін қоя беріпті де, аты өзін ала
басынан аса барып жығылыпты). Вронский ол жайды кейін барып білді,
қазір ол Фру-Фрудың дəл аяғы тиетін жерге Диананың не басы, не аяғы тап
келетінін ғана керіп келеді. Фру-Фру бірақ сол ырғу үстінде-ақ аяғы,
арқасы арқылы, құлаған мысықша қайрат қылған күйі, Диананы жанай өтіп
дік етті де, ілгері қарай зымырай жөнелді.
«Ой, аяулым!»,— деп ойлады Вронский.
Вронский биесіне өзеннен өткен соң барып ие боп, үлкен бөгетте
Махотиннің соңынан өтейін де, содан арғы екі жүз сажен келетін
тосқауылсыз жерде озып көрейін бұдан деген оймен, тізгінін тежей де
бастады.
Үлкен бөгет патша шатырының дəл алдында болатын. Екеуі сайтанға
таман (үлкен бөгет солай аталған) таяна бере-ақ, патша да, күллі сарай
адамдары да, құжынаған халық та түгел сол екеуіне, Вронский мен ат бойы
алдында келе жатқан Махотинге қарасты. Вронский бүкіл тұс-тұстан өзіне
қадалған сол көздерді сезсе де, биесінің мойны мен құлағынан өзге, өзіне
қарсы зымыраған жер мен алдында аяғын баппен жедел сілтеп, арасы
ылғый бір қалыпта келе жатқан Гладиатордың ала аяғы мен сауырынан өзге
ештеңені көрген жоқ. Гладиатор ештеңеге ілекпей, шолақ құйрығын
шыбжың еткізіп ырғыған күйі, Вронскийге көрінбей де кетті.
— Уа, бəлі! — деді біреудің жалғыз даусы.
Осы сəтте бөгет тақтайы Вронскийдің көзінің де, өзінің де алдында
қараң ете қалды. Астындағы биесі шабысын титтей айнытпай, қалқып аса
берді; тақтай көрінбей кетті де, арт жағынан бірдеңе тық ете түсті тек. Алда
келе жатқан Гладиаторға өршеленген бие, бөгет алдында тым ертерек
ырғып, артқы аяғын соған соғып алған екен. Бірақ шабысы сол күйінен
танбады да, Вронский Гладиатор соңынан тағы да сол бұрынғы деңгейге
келгенін бетіне жентек-жентек лай шашыраған соң барып аңғарды.
Гладиатордың, сауырын, шолақ құйрығын, ұзамай, жедел зымыраған баяғы
сол ала ағын алдынан тағы да көрді.
Вронский Махотиннен енді озуым керек-ау деп ойласымен-ақ, Фру-Фру
да сол ойын біле қойып, ешбір деметпей, көтеріле сілтеген күйі, Махотинге
нағыз қолайлы, керме жақтан кеп жақындай бастады. Махотин керме
жақты бермеді. Вронский сырт жағынан орала озайын дегенше, Фру-Фру
да аяғын қалт өзгертіп, дəл сол жағынан кеп оза бастады. Фру-Фрудың
қарауытып терлей бастаған иығы Гладиатордың саурына қатарласып та
қалды. Екеуі біраз жерге қатарласа сілтеді. Екеуі бірақ тосқауыл алдына
таяған жерде, Вронский үлкен айналмаға жеткізбейін деп, тізгінге сүйеген
күйі, Махотиннен дəл төбешікке жеткенде, сып етіп өте шықты.
Махотиннің батпақ шашыраған бетін де шалып қалды көзі. Махотин өзіне
тіпті күлімсіреген де сықылданды. Вронский Махотиннен озуын озғанмен,
қалыспай келе жатқанын да қалт сезіп, Гладиатордың біркелкі дүрсілі мен
танауынан үзіле-үзіле шыққан, əлі тіпті тың тынысын дəл арт жағынан
тынбай естіді де отырды.
Арық пен бөгеттен жасалған ілгергі екі тосқауылдың екеуінен де оңай
өткенімен, Вронский Гладиатордың пырылы мен дүрсілі жақындап
қалғанын да ести кетті. Вронский биесінің басын жіберісімен-ақ, шабысы
кілт үдеп, Гладиатор тұяғының дыбысы тағы да сол бұрынғы деңгейден
шыққанын қуана сезінді.
Вронский бəйгенің алдына шығып — өзінің де көкейін төсіп, Корд та
кеңес берген дітіне жеткен соң, озып келетініне де сеніп алды енді. Сабыры
қаша қуанып, Фру-Фруға деген мейрімі де күшейіп кетті. Артына бұрыла
қарайын десе де, батылы оған бармай, өзін де баяуқыратып, биесін де
жібермей, Гладиаторда қалды-ау деп келе жатқан қарымға оның қарымын
да тең ұстайын дегенге тырысып келеді. Ең қыйын, жалғыз тосқауыл
қалды. Содан жұрттың алды болып өтсе, бірінші боп келмекші. Ирланд
үйіндісіне де таяп қалды. Ол үйіндіні Фру-Фру екеуі де сонау алыста келе
жатқанда-ақ көріп, биесі мен екеуі де лез арасында қоса күдіктене кетті.
Биесі именгенін құлақ тігісінен байқап, қамшысын көтергенмен, күдігі бос
күдік екенін де дереу аңғара қойды өзі: биесі не керегін біліп келеді екен.
Бие қаруына қару қоса, Вронский ойлаған ойдан айнытпай, баппен ырғый
ұшқан күйі, жерге дік ете бере көтерген екпін күшіне ілесе, арықтан
əлдеқайда ары асып кетті. Фру-Фру күш те жұмсай қоймай, сол аяғын,
солай сілтеген қалпы, зымырай жөнелді.
— Уа, бəлі, Вронский! — дескен, сол тосқауыл қасында тұрған топты
жұрттың — Вронский өзі білетін полк адамдары мен жолдас-жораларының
дауыстары шалынды оған; Яшвиннің даусын тануын танығанмен, өзін көре
алған жоқ бірақ.
«Уа, сəулеттім, менің!» — деді ол Фру-Фруды ойлай, арт жағында не
боп, не қойып жатқанын тыңдаған күйі. «Қарғып кеткен екен ғой!» деді,
арт жағынан Гладиатордың дүрсілін естіп. Су салулы, екі кез келетін соңғы
жалғыз арық қалды. Вронский оған да қарай қоймай, əлдеқайда озық
келсем деген оймен, тізгінін дөңгеленте ұстап, биесінің басын сілтесіне
қарай бір көтере, бір жібере зымырата бастады. Биесі ақырғы қаруын
жұмсап келе жатқанын да сезейін деді өзі; биенің мойны мен иығы ғана
терлеп қоймай, желкесінен де, басынан да, қамыс құлағынан да тер
тамшылап, əрі қатты, əрі жиі алқына да бастады. Бірақ енді қалған 200
сажен жерге осы қаруының өзі де артығымен жетерін Вронский біліп
келеді. Вронский биесі шабысты тым үдетіп жібергенін, жерге өзі жуықтай
зымырап, сілтестің де ерекше жатық тартып кетуінен ғана барып сезінді.
Биесі, арықты қаперіне де алмай, ұшып өте шықты. Өткенде де тіпті құстай
ұшып өтті; Вронский бірақ дəл осы кезде бие қыймылына ілесе алмай
қалып, не болғанын өзі де білмей, ерге дүңк ете, кешірімсіз бір жаман
қыймыл істегенін сезіп, шошып кетті. Отырысы қалт өзгерген соң-ақ, бір
сұмдық болғанын аңғара қойды. Вронский не болып, не қойғанын
байыптағанша-ақ, жирен айғырдың ала аяғы дəл қасынан ағараң ете түсті
де жанынан Махотин зымырап өте шықты. Вронскийдің бір аяғы жерге
тиісімен-ақ, биесі де сол аяғына қарай сұлай кетті. Вронский аяғын
босатып алу-ақ мұң екен, биесі қатты пырылдаған күйі қабырғалай
жығылып, тер басқан, тал мойнын соза тұрайын деп тырбанған боны,
Вронский аяғының астында, оқ тиген құсша тыпырлады; Вронскийдің
орашолақ қыймылынан биенің белі үзіліп кетіпті. Бірақ, Вронский оны
əлдеқайда кейін барып білді. Қазір ол Махотиннің тек зымырай ұзап, өзі
болса, сұлық жатқан батпақ Жерде теңселе басқан күйі жалғыз тұрып
қалып, Фру-Фру болса, қарсы алдында басын өзіне бұра, əдемі кезі
жаудырай қараған бойы, алқына тыныстап жатқанын ғана көріп тұр.
Вронский не болып, не қойғанын əлі сол білмеген күйі, биені тізгінінен
тартқылай да берді. Биесі ердің қапталын сықырлата, тағы да балықша
төңбекши ұмтылып, алдыңғы аяқтарын көсілмегенімен, бөксесін көтеруге
дəрмені жетпей, қалт сенделіп барып, қабырғалай қайта жығылды.
Вронский, құмарлықтан сұры қаша бозарып, астыңғы иегі қалтырап кетті
де, биені өкшесімен ішке теуіп жіберіп, тізгінінен тағы да тарта бастады.
Бие бірақ тұмсығын жерге тірей, қозғалмаған күйі, иесіне құр жаутаңдай
қарады.
— Ааа! — деді Вронский, басын шеңгелдей ыңыранып. — Ааа! Не
істегемін десеңші! —деді бебеулеп. —Бəйгеден де қалдым! Кешірілмес
кінаны өзім істеп, ұятты да болдым! Мынау аяулы, сорлы биенің обалына
да өзім қалдым! — Ааа! Не істегемін десеңші!
Жұрт та, доктор мен фельдшер де, өз полкының офицерлері де соған
қарай жүгірді. Сорлы болғанда, түгел аман, түгі құрамағанын сезіп тұр өзі.
Биенің белі үзілген екен, атып тасталсын деп байласты. Вронский
сұрауларына жауап та бере алмай, ешкіммен сөйлесе де алмай қойды. Жалт
бұрылған бойы, басынан ұшып кеткен фуражкасын да алмай, қайда бара
жатқанын да білмей, гипподромнан безіп ала жөнелді. Өзін өзі бақыты
күйген жанша сезінді. Бақытсыздықтың ең ауырын, ауыры болғанда, өзі
істеп алған, түзелмейтін бақытсыздықты өмірінде тұңғыш рет сезгені осы
болды оның.
Вронский, соңынан фуражкасын ала Яшвин қуып жетіп, үйіне апарып
салған соң, жарты сағаттан кейін барып есін жыйды. Бірақ осы бəйге
жайында есінде қалған бйыл өмірінде көкейінде бір ұзақ сақталған ең ауыр,
ең азап ой болды.
ХХVІ
Алексей Александровичтің əйелі мен арадағы қарым-қатнасы сырттай
сол бұрынғы күйі болатын. Жалғыз бір айырмашылығы, Алексей
Александрович бұрынғыдан да жұмыс басты боп кеткен. Жыл сайын
қыстыкүнгі қат-қабат жұмыстан қажыйтын денсаулығын түзегелі, ілгергі
жылдардағысынша, жаз шығысмен шетелдегі су еміне кетіп, əдетінше,
июль айында оралып, үйреншікті жұмысына, жігеріне жігер қоса кіріскен
болатын өзі. Əйелі де, əдетінше, дачаға кетіп, өзі Петербургте қалған.
Тверская княгиня үйіндегі кештен соң, сөйлескен сөзінен бері Аннамен
өзі күдігі, қызғанышы жайында ешуақыт сөйлескен жоқ еді де, біреуді
ілмелей сөйлейтін үйреншікті сөз сарыны əйелімен арасындағы қазіргі
қарым-қатнасына көбірек қабысатын еді. Əйеліне біраз салқындау да
болатын өзі: əйелі бет бақтырмай қойған соң, алғашқы түндегі əңгіме
жөнінде əйеліне құр кішкентай кірарзып жүрген сықылды еді. Соған деген
ілтипатындағы реніш шалығы болмаса, өзге ештеңе де жоқ еді. «Менімен
түсінісе қойғың келмеді ғой сенің, — дегендей болатын өзі, сонымен ойша
сөйлесіп, — өзіңе жаман ол. Түсінісуге енді өзін, жалынарсың да, мен
көнбеспін. Өзіңе жаман ол», — дейтін ойынша, өртті өшірем деп құр
əуреленіп-əуреленіп, сол əуре болғанына ашуы келіп кеткен соң: «Бүл
болмасаң, күл бол! Өртенбесең одан ары!» дегісі келген адамша.
Қызмет жөнінде ақылды, майталмен адам бола тұрып, əйеліне олай
қарауы əбден есуастық екенін де түсінбей қойды өзі. Оны түсінбегенде,
өзінің шын жайын аңлауы өте сұмдық көрінген соң да түсінбеді, содан
келіп, семьяға, яғни əйелі мен баласына деген сезімдері жатқан жəшікті де
жан-дүниесіне тарс жауып, қаттап-мөрлеп, бекітіп тастады. Өзі сақ əке бола
тұрып, осы қыстың аяғынан бері баласына да əйелінше ерекше суық
тартып, ілмелей сөйлейтінді шығарды. «Ə! Жігітім!» дей келетін болды
оған.
Алексей Александрович қызметім быйылғы жылғыдай əсте көп болып
көрген емес деп, соны ойлап, соны айта беретінді шығарды; быйыл бірақ
қызметті өзіне өзі тауып алып, онысы əйелі мен семьясына деген сезімдері
мен ойлары жатқан жəшікті ашпаудың бір амалы екенін де, олары оңда
неғұрлым көбірек жатқан сайын, соғұрлым қорқынышты боп кеткенін де
мойындай қоймады. Алексей Александровичтен əйелі жайында не ойы
барын хақы бар біреулер сұрай қалған болса, моп-момын, жұп-жуас
Алексей Александрович ешбір жауап бермес еді де, қайта, соны сұраған
адамның өзіне қатты ашуланған да болар еді. Əйелінің денсаулығын
сұрағанда, Алексей Александрович бет əлпетінде болатын бір астамдық,
қатаңдық та осыдан шығып жататын. Алексей Александрович, əйелінің
құлқы мен сезімдері жайында ойына түк алғысы келмейтін де шынында ол
жөнде дəнеңе де ойламайтын.
Алексей Александровичтің түпкілікті дачасы Петергофта болатын да,
Лидия Иванавна графиня əдетте жазды күні Аннамен сол жерде көрші
тұрып, ылғый араласып жүретін. Лидия Ивановна графиня Петергофта
тұрудан быйыл айнып шығып, Анна Аркадьевнанікінде де бірде-бір
болмай, Аннаның Бетси мен Вронскийге жақындасуы жайсыз екенін де
Алексей Александровичке құлақ қағыс ете кеткен-ді. Алексей
Александрович менің əйелім күдікке таңатын кісі емес деген пікір айтып,
Лидия Ивановна графиняны қатты қайтарып тастағалы, жуымайтын да боп
алған оған. Қауымдағы көп адамдар əйелін оқты көзбен атып жүргендерін
де көргісі келмей, көрмей де қойған өзі; Бетси тұратын, жақын маңында
Вронский полкының лагері бар патша селосына барсам екен деп əйелі
неменеге ерекше етпеттей бергенін де түсінгісі келмей, түсінбей де қойған.
Ол жайды ойламайтын да, ойлағысы келмейтін де өзінің; бірақ соған қоса
өзі, қапы жүрген еркек екенін өмірінде өзіне өзі айтпай-ақ, аптар ешбір
дəлелі түгіл, күдігі де болмағанмен, ішінен соны жете біліп жүретін де,
содан келіп мейлінше бақытсыз да болатын.
Əйелімен бақытты тұрған сегіз жыл өмірі ішінде Алексей
Александрович опасыз бөгде жарлар мен қапы қалған ерлеріне қарай түсіп:
«Осы күйге түсуге қайтып жол береді екен? Сорақы сол жайды қайтып
шешпей жүр екен?» дегенді өзіне өзі талай-талай-ақ айтқан болатын. Бірақ
қазір өз басына күн туған шақта, сол жайды қалай шешу жөнін ойлау түгіл,
тіпті соны білгісі де келмей қойды өзінің. Білгісі келмегенде, ол өзі бір өте
сұмдық, тым сөлкеу нəрсе болған соң да білгісі келген жоқ.
Алексей Александрович шетелден келгелі дачада екі-ақ дүркін болды.
Бір жолы кеп түскі тамақ ішті де, екінші жолы қонақтар қасында сауық
кешін еткізгенмен, бұрынғы жылдардағы əдетінше соның бірде-бірінде де
қона кеткен жоқ-ты.
Бəйге күні де Алексей Александровичтей, өте бір жұмыс басты күні
болатын; бірақ таңертеңнен бастап-ақ күн кестесін жасап алды да, сəске
тамағын іше салысымен дачадағы əйеліне соғып, бəйгеге сол жерден баруға
ұйғарды, онда Сарай адамдары түгел болатын еді де, өзі де баруы керек еді
оған. Əйеліне соғайын дегенде, сыпайыгершілікке бола сонда аптасында
бір рет болып тұрайын дегендіктен соғатын болды. Оның үстіне, қалыпты
тəртіптері бойынша, солкүні айдың он бесіне қарай əйеліне шығынға
ұстайтын ақша да апарып беруі керек еді.
Ойына десін жүргізіп үйренген əдеті бойынша, əйелі жайында
осыларды түгел ойластырғанмен, əйелінің өз басына тəн нəрселерге ол
ойларының ойысуына жол берген жоқ.
Алексей Александровичтің бүгінгі таңертеңгі уақыты өте жұмыс басты
уақыт болатын. Өткен күні оған Лидия Ивановна графиня Петербургте
жүрген, Қытайдағы əйгілі саяхатшының кітапшасына қоса хат жіберіп,
əртүрлі ойлар бойынша, өте қызықты, керекті адам көрінген сол
саяхатшының өзін де қабылдауын сұраған. Алексей Александрович
кітапшаны кешкісін оқып бітіре алмай, таңертең бітірді. Содан соң келіп,
Алексей Александровичтей, күнделікті істер деп атайтын, уақытты сонша
көп алатын істері жалғасын: арызшылар келіп, баяндамалар, қабылдау,
тағайындау, босату, наград, пенсия, жалақы болу, қатнас қағаздар жазу
жағы басты. Одан соң өз шаруасы болып, доктор мен іс басқарушы кіріп
шықты. Іс басқарушы уақытты көп ала қойған жоқ. Алексей
Александровичке керекті ақшаларды ғана берді де, жайы жамандау боп
жатқан істер жөнінде қысқаша мəлімдемелер жасады, өйткені быйылғы
жылы жүріс-тұрыс көп болғандықтан, қаржы көбірек шығып кетіп,
тапшылық боп қалған-ды. Уақытты бірақ Алексей Александровичтің
көңілдесі боп жүрген — Петербургтің əйгілі докторы көп əкетті. Алексей
Александрович ол докторды бүгін күткен жоқ еді де, соның келгеніне
таңырқауы үстіне, доктор өзі Алексей Александровичтен хал-жайын өте
тақақтай сұрастырып, көкірегін тыңдап, қолымен тықылдатып, баурын
басып көргеніне одан бетер таңырқады. Лидия Ивановна досы Алексей
Александровичтей, денсаулық жайы быйылғы жылы пəс боп жүргенін
байқап, докторға: барып ауруын қараңызшы деп өтінгенін Алексей
Александрович білген жоқ болатын. Лидия Ивановна графиня «осыны мен
үшін істей көріңіз» депті докторға.
— Мен оны Россия үшін істеймін, графиня, — депті доктор.
— Баға жетпес адам! — депті Лидия Ивановна графиня.
Алексей Александровичқа доктор көңлі тіпті көншімей қалды. Бауры
едəуір ұлғайып, қорегі кеміп, судың да түк себі тимеген деп тапты ол.
Мүмкіндігінше жүріс-тұрыс жағын көбейтіп, ой жағын қыстай беруді
азайтып, əсіресе, кеи беру жағын мүлде қойыңыз" дегенді, яғни Алексей
Александровичің, қояр орайы жоқ, алар тынысындай нəрсені, қойыңыз
дегенді əкеп жапсырды; сөйтті де, Алексей Алекснадрович көңлінде:
түзелер жайы жоқ, бір жаман нəрсе бар екен-ау деген жағымсыз ой қалдыра
аттанды.
Доктор, Алексей Александровичтен шыққан соң, есік алдында өзінің
бір жақсы танысы, Алексей Александровичтің іс басқарушысы Слюдин
дейтінге ұшыраса кетті. Екеуі университеттегі кездерінен-ақ жолдас
болатын да, бірін бірі, сирек жолықса да, құрмет тұтысып, жақсы көңілдес
адамдар боп жүретін. Доктордың ауру жайындағы ашық пікірін Слюдинге
айтқандай ешкімге айтпайтыны да содан еді.
— Сол кісіде болғаныңызға, тіпті қуанып қалдым өзім, — деді Слюдин,
— жайы жаман боп жүр өзінің, меніңше де... Немене екен өзі?
— Неменесі сол, — деді доктор, көшіріне атты əкел деп, қолын
Слюдиннің басынан асыра бұлғап қойып. — Не екені сол, — деді доктор,
шыта қолғабының саусағын аппақ қолына ұстаған күйі, кере созып тұрып.
— Шекті шерттіре бұрамай тұрып, үзіп көріңіз,— үзу деген қыйынға
соғады оны; бірақ соны шерттіре бұрап тұрып, сол шерткен шекке
саусағыңыздың салмағын салсаңыз-ақ — шарт кетеді. Ол кісі болса, жұмыс
дегенге табанды, ұқыпты қарауынан шегіне жете əбден бұралып болған кісі
бір; ауыр, бөгде салмақ жəне қосылып тұр, — деді доктор, сөзін қорыта,
қабағын едəуір көтере сөйлеп. — Бəйгеде боласыздар ма? — дегенді
кірістірді, көлденең тартқан күймесіне қарай түсіп бара жатып. — Я, я,
əрине, көп уақыт алады, — деді доктор, Слюдин айтқан əлденеменеге ести
қоймаса да, жауап беріп.
Уақытты соғұрлы көп алған доктор кетісімен, əйгілі саяхатшы келіп,
Алексей Александрович əлгіде ғана оқыған кітапшасы мен ол нəрсе
жайында бұрыннан білетіндерін де пайдалана отырып, ол нəрсені білу
жағы да терең жатқанын аңғарта, оқымыстылық көзқарасының қарымына
саяхатшыны қайран қалдырды.
Петербургте жүрген губерниялық бастаушы келгенін де саяхатшымен
қоса хабарлаған болатын, онымен де сөйлесу керек болды. Ол аттанған соң,
іс басқарушымен күнделікті жұмысты тындырып, содаң соң бір елеулі,
маңызды мəселе жайында əжептəуір бір адамға барып қайтуы керек болды.
Алексей Александрович сағат беске қарай, тамақ кезінде əрең оралып,
тамағын іс басқарушымен бірге отырып ішті де, дача мен бəйге жаққа
менімен бірге жүр деп өтіл етті.
Алексей Александрович, не екеніне ой жүгіртіп жатпай, қазір əйтеуір
əйелімен кездескен жерде үшінші біреу болуын да керекси беретін.
ХХVІІ
Анна есік алдындағы қайыршақты шықырлатқан дөңгелек дыбысын
естіген кезде, көйлегіне Аннушканың жəрдемімен ақырғы желбірлерін
жапсырып, үстіңгі үйдегі айна алдында тұрған болатын.
«Бетси келуге ерте ғой əлі», — деген оймен, терезеге қарай бере-ақ,
күйме мен содан шығып келе жатқан шошайған қара қалпақты, Алексей
Александровичтің соғұрлы қанық қалқан құлағын көре кетті. «Орайсыз
келді-ау мынау, шын-ақ қонбақ па екен?» — деген ой түсіп, осының аяғы
неге соғар екен деудің бəрі өзіне бір сонша сұмдық, қорқыныш-көрініп
кетті де, бір минут ойлануға да шарқы келмей, алдарынан жүзі жайнай мəз
болып, жүгіре шықты, содан, өзіне қанық алдау, арбау желігі ұстап кеткенін
сезе, сол желіктің əуеніне қалт төңкерілген күйі, не айтып, не қоярын да
білмей, сөйлеп ала жөнелді.
— Түу, не деген жарастықты! — деді күйеуіне қолын бере, үйде жүретін
адамдары — Слюдинге күлімсірей амандасып. — Қонатын шығарсың
деймін? — деу болды, алдау желігі айтқызған алғашқы сөзі, — бірге
баратын болдық енді. Тек əлгі Бетсиге уəде бергенім өкініш боп тұр. Маған
соға жүрмек еді өзі, Алексей Александрович Бетси есімі аталғанда
шытынып қоя берді.
— Қой, қой, жұбы жазылмайтындарды айырар жайым жоқ менің, —
деді ол, үйреншікті қалжыңбас сарынына салып. — Біз Михаил Васильевич
екеуміз-ақ кете береміз. Докторлар да өзіме жаяу жүр дегенді айтып жатыр.
Жолда жаяу тартып, су емінде жүрмін деп қыялдағым кеп тұр.
— Асығатын түк те жоқ, — деді Анна. — Шайға қалайсыздар? —деп
қоңырау да соғып жіберді өзі.
— Шай əкеліңіз де, Сережаға Алексей Александрович келгенін айта
қайтыңыз. Жə, денсаулығың қалай, ал? Михаил Васильевич, сіз маған
келген жоқсыз ғой; балконым қандай жақсы, қараңызшы, — деді Анна
біресе оған, біресе бұған қарай отырып.
Өзі өте қарапайым, табиғи отырып сөйлегенмен де, тым көп, тез сөйлеп
кетті. Михаил Васильевичтің таңырқай қараған қарасында өзін
қадағалағандай бірдеңе барын аңғарғандықтан, ол жайын өзі де сезіп отыр.
Соның арасынша Михаил Васильевич террасаға шығып та кетті.
Анна күйеуінің қасына кеп отырды.
— Ажарын, онша жақсы емес екен өзі, — деді ол.
— Я, — деді күйеуі, — бүгін өзіме доктор да келіп, бір сағат
уақытымды алды. Денсаулығымды сонша қымбат көрген досжарандарымның бірі жіберді ғой деймін өзін...
— Жоқ-а, не айтты өзі?
Анна денсаулығы мен жұмыстарының жайын сұрастырып, мұнда келіп,
тынықсаңшы деп те жабысты.
Соның бəрін де көзі ерекше жайнай, жарқын отырып, тез айтты өзі;
бірақ Алексей Александрович ол əлпетіне түк мəн берген жоқ енді. Соның
құр сөзін естіген күйі, онысына өзінің сол тура мəнін ғана берді де отырды
ол. Өзі де қалжың араластырғанмен, жауабын да жай қайтарды. Сол
əңгіменің өнбойында ерекше ештеңе бола қоймағанмен, Анна өзі аясы аз
бүкіл сол əңгімені соңынан есіне түсіргенде, бетінен өмірі оты шыға
ұялмай түсіре алмайтын да боп кетті.
Тəрбиеші бастаған Сережа келіп кірді. Алексей Александрович
байқайыншы деп өзіне өзі жол берген болса, Сережаның əуелі əкесіне, одан
соң шешесіне жүрексіне қараған əңкі-тəңкі көз қарасын аңғарған да болар
еді. Бірақ өзі ештеңе көргісі келмеген соң, көрмей де қойды оны.
— Ə, жігітім! Өсіп қалыпты ғой өзі. Шынында да əбден үлкен кісі боп
қалыпты. Сəлемет пе, жігітім!
Сөйтті де қорқып тұрған Сережаға қолын ұсынды.
Əке дегенде бұрын да жүрексіне беретін Сережа, қазір əкесі өзіне
жігітім деген ат қойып, Вронскийді де дос па екен, қас па екен деген
жұмбақ көңлін ұялағалы, əкесіне тоңторыс та боп кеткен. Сая болшы
дегендей шешесіне жалтақтай қарады. Жалғыз шешесімен жүргені жайлы
да болатын өзіне. Бұл кезде Алексей Александрович тəрбиешімен
сөйлескен күйі, баласының иығынан қымтый ұстап отырған да, Сережаның
өбі қаша қыйналып, жыларманға келіп тұрғанын Анна да көріп отырған.
Баласы кірген сəтте де қызарып кеткен Анна, Сережаның қысылып
тұрғанын байқаған соң, ұшып түрегеліп, баласының иығынан Алексей
Александровичтің қолын алып, бетінен сүйді де, террасаға апара салып,
қайта оралды.
— Айтпақшы, уақыт боп қалыпты ғой, — деді Анна, сағатына қарап
жіберіп, — Бетсидің келмей жатқаны несі бұл!..
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 17
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.