Latin Common Turkic

Анна Каренина - 04

Total number of words is 4177
Total number of unique words is 1951
38.4 of words are in the 2000 most common words
53.5 of words are in the 5000 most common words
60.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жауып. Николай ағасы есіне түсе кетіп, соны ұмытқаным неткен
оңбағандық деген де ойға келді.
— Сабыр ет, сен, сабыр ет, — деді Степан Аркадьич, Левиннің қолына
күлімсірей түртіп қойып. — Мен саған білгенімді айтып отырмын, тағы да
айтып қояйын, осы бір жолы тар, нəзік істе, тұспалдап қарағанда, менің
ойымша, жоралғы сен жақта тұрған сықылды.
Левин орындыққа шалқая отырды, өңі де бозарып кетіпті.
— Мен саған мəселені қолдан келгенше тезірек шешсең дер едім, —
деді Облонский ойын сабақтай, Левиннің бокалын толтырып жатып.
— Жоқ, рақмет, іше алмаймын енді, — деді Левин бокалын сырып
қойып. — Мас боп қалам... Жə, өз күйің қалай, ал? — деді, əңгіменің бетін
өзгертейін дегендей.
— Тағы бір сөз: мəселені, əйтеуір, тезірек шешкенің жөн болар еді
деймін. Бүгін сөйлеспей-ақ қойсаң деп отырмын, — деді Степан Аркадьич.
— Ұсынысын, ұсыныс жосақты болсын десең, ертең күндіз бар, құдай
жолыңды оңдасын əрі...
— Сен өзін, маған саятқа келмекші едің ғой ылғый? Келсең осы
көктемде кел енді, — деді Левин.
Əлгі əңгімесін Степан Аркадьичпен отырып ауызға алғанына шын
өкінді енді. Ойындағы өзгеріс сезімін қайдағы бір Петербург офицерінің
бəс таласы жайындағы əңгімемен Степан Аркадьичтің ұсыныс, кеңестері
кірлеп те тастады.
Степан Аркадьич жымың етіп күліп жіберді. Левин ішінде не боп
жатқанын біліп те отыр өзі.
— Бірде болмаса, бірде барармын, — деді ол. — Я, баурым, əйел деген,
айналасын түгел үйіріп тұрған винт қой бір. Жаман дегенде, өте жаман
мына менің жайым боп отыр. Бəрі де əйелден соның. Сен өзін, маған ашық
айт, — деді, шылымын шығара, бір қолымен бокалын ұстай отырып, —
кеңес бер маған.
— Не жөнінен дейсің?
— Мына жөннен. Мысалы, сен үйленген адам екенсің де, əйеліңді
жақсы көре жүріп, өзге бір əйелге қызыққан екенсің делік.
— Ғафу ет, мынауың бір... қазір өзім тойып отырып, қалаш дүкені
қасынан өте бере, қалаш ұрлауыммен тең, мүлде түсініксіз, ішке қонбайтын
нəрсе екен өзі.
Степан Аркадьичтің көзі ерекше жайнап кетті тіпті.
— Неге түсініксіз болады? Қалаш исі деген де нəпсіңе ие қылмай, қатты
аңқыйды-ау кейде.
Himmlisch ist's, wenn ісһ bezwungen
Меіne irdische Begier;
Aber noch wenn's nicht gelungen,
Hatt'ich auch recht hubsch Plaisir 8!
Степан Аркадьич соны айтып, жымыя күліп қойды. Левиннің де езу
тартпасына болмай қалды.
— Рас, қалжыңы жоқ, — деді Облонский сөзін жалғап. — Əйел деген,
түсіне білсең, сүйкімді де момын, сүйе білетін, бəрін қыйған, құлазыған
сорлы жан өзі бір. Қазір, əңгіме болары болған соң келіп, — түсіне білсең,
қалай тастап кетерсің оны? Семья шырқын бұзбау үшін айрыла-ақ қоялық
делік; сонда жаның қалай ашымайды, мауқын қалай баспайсың көңлін
қалай жібітпейсің деймін?
— Қой, ғафу ет, жарқыным. Меніңше, əйел біткен екі сортқа бөлінетінін
өзін, де білесің... жоға, яғни... дұрысырақ айтқанда: əйелдің де... əйелі бар...
Мен өзім ардан безген əсем жан бар дегенді білмеймін де, білген де
емеспін, ал анау қалтқы ішінде отырған бұйра шаш, боянған француз
əйелге келсек, барып тұрған сұмырай ол маған, ардан безгендердің бəрі де
солай.
— Інжіл айтқан əйел ше?
— Өй, қойшы əрі! Ол сөзді əдет қылатынын білсе, Христос оны өмірі
айтпаған да болар еді. Жұрттың күллі Інжілден білетіні сол сөз құр. Əйтсе
де мен ойымды айтып отырғам жоқ, сезгенімді айтып отырмын. Арсыз
əйелдерден аза бойым қаза тұрады. Сен өрмекшіден қорықсаң, мен сол
сұмырайлардан қорқамын. Өрмекшіні зерттемеген соң, құлқын да
білмейсің сен: менің жайым да солай.
— Олай деу оңай ғой саған; қыйын мəселенің бəрін сол қолымен алып,
он, иығынан асырып тастайтын, əлгі Диккенс жазатын мырзаның қылығы
сықылды мұның. Жалтару деген факты болғанмен, — жауап емес ол. Не
істейін, айтшы өзің, не істеуге болады? Əйелің болса қартайып, өзің
болсаң, құлшынып тұрсын. Əне-міне дегенше, əйеліңді қанша
қадірлегенмен, əсіресе, сүймейтініңді де сезе кетесің. Осы арада келіп
махаббатың қалт біліне қалса-ақ сорым қайнады дей бер! — деді Степан
Аркадьич күйзеле мұңайып.
Левин мырс етіп күліп жіберді.
— Рас, қайнауы қайнады, — деді Степан Аркадьич — Не істейін енді?
— Қалаш ұрлама!
Степан Аркадьич қарқылдай күлді.
— Əй, өсиетшілім-ай! Мынаны түсін бірақ: екі əйел бар да, біреуі құр
өз қақын айтып қарысады, ол қақы сенің махаббатың да, оны оған бере
алмайсың да əрі, екіншісі болса, түгіңді қаламай-ақ, түгел жолыңа тігеді.
Не істеуің керек? Қалай еткен жөн? Сұмдық драма осында боп тұр.
— Сен менің бұл жөндегі өсиетімді қалап отырсаң, айтайын саған, бұл
жерде драма бар дегенге өз басым сенбеймін тіпті. Оның мəнісі мынау.
Меніңше, махаббат деген... Той дейтін кітабында Платон айтқан екі
махаббат есіңде ғой, адам таразысы сол екі махаббат деп білемін. Біреулер
құр бірін түсінеді де, біреулер екіншісін түсінеді соның. Платон
махаббатын түсінбейтіндердің драма деген сөзі құр бос сөз əшейін. Ондай
махаббатта ешбір драма болуы мүмкін емес. «Сарық басқаныңызға əбден
рақмет, сау боп тұрыңыз» — бар драмасы сол əне. Платон махаббатына
келсек, драма деген болмайды онда, өйткені ондай махаббатта бəрі аян,
бəрі пак келеді, неге десеңіз...
Осы сəтте Левиннің ез күналары мен басынан кешірген ішкі күрестері
де есіне сап ете түсті. Сөйтіп отырып, ойда жоқта:
— Айтты-айтпады, сенікі дұрыс та болуы кəдік. Орайы өте келіп тұр...
Қой, түк те білмейді екем мен, — дегенді қосып қойды.
— Көрдің ғой, міне, — деді Степан Аркадьич, — сен өзің тым тұтас
жатқан адамсын бір. Сенің қасиетің де, кемшілігің де ол өзі. Əзің тұтас
бітім болған соң, өмір біткен де тұтас құбылыстан құралса екен дейсің,
болмайтын нəрсе ол. Сен мына қоғамдық қызмет жайынан да жиіркене
безіп жүрсін, өйткені істейтін іс мақсатқа үнемі сай келіп тұрса екен дейсің,
о да болмайтын нəрсе. Сен өзің тіпті əрбір адамның қызметінде мақсат
болса екен, махаббат пен семья тұрмысы да ылғый тұтас тұрса екен дейсің.
Оның да жөні жоқ нəрсе. Өмірдің бүкіл алуан жағы, əсем сыны, күллі көркі
көлеңке мен сəуледен келіп құралады.
Левин күрсінді де үндемей отыра берді. Өз жайын ойлаймын деп,
Облонский сөзін тыңдаған да жоқ тіпті.
Сөйтіп отырып екеуі, дос адам бола тұра, тамақты бірге жеп, шарапты
бірге ішіп, бұрынғыдан да жақындасып кету орнына, бір-бірінде ісі болмай,
əрқайсысы өз жайларын ойлап кеткенін қалт сезе қойысты. Облонский,
тамақтан соң жақындасу орнына дай-дай боп кететін сол əдетті талай рет
өткергендіктен, ондайда не істеу жайын да жақсы білетін.
— Есебіңді əкел! — деп дабыс берді де, езі көрші залға шығып, таныс
адъютантына табысқан соң-ақ, актриса мен соны ұстап отырған қожайын
жайында сөйлесе жөнелді. Адъютантпен арадағы əңгімесі, жанын қымс
етсе қатты түйілдіріп қыйнай беретін Левин əңгімесінен ойын қалт
айықтырып, сергітіп жібергенін де сезе кетті Облонский.
Татар қарт жыйырма алты сом пəлен тыйынның есебі мен арақ ақшасын
қоса айтып келгенде, Левин, деревня адамы болған соң, өзіне тарап он төрт
сомнан, өзге уақыт болса, шошып та кеткендей еді, қазір соны қаперіне де
алмай төлей салды да, тағдыры шешілгелі тұрған Щербацкийлердікіне
барғалы, қайта киінейін деп үйіне қарай тартты.
XII
Кити Щербацкая княжна он сегізде болатын. Жұрт арасына шыққаны да
осы қыс еді. Қауымда екі əпкесінен де озық шығып, княгиня ойынан да
асып түсті өзі. Ол аз болса, Москва балдарында билейтін бозбалалар да
Китиге түгел ынтық боп, алғашқы қыстың өзінде-ақ: Левин сықылды, ол
кеткен соң, Вронский граф тəрізді елеулі екі жұбай да тап бола кетті.
Левиннің қыс басында көрініп, жиі келіп, Китиді де анық сүйіп жүргені
ата-ана арасында Китидің болашағы жайындағы алғашқы келелі əңгіме мен
князь, княгиня арасындағы айтысқа əкеп соқты. Князь Левин жаққа шығып,
Китиге бұдан артық қалайтын ештеңем де жоқ дегенді айтты. Княгиня
болса, əйелдердің мəселеге орағыта келетін əдетіне басып, Кити жас қой,
Левин болса, елеулі діті барын ешнəрсе деп көрсете қойған жоқ, Кити де
өзін іш тарта қоймайды деп, тағы-тағы сондай дəлелдерді келтірді; бірақ
қызына жақсы жұбай күтіп, Левин қолайына жақпай, оны өзі кім дерін де
білмей жүрген басты пікірін айтқан жоқ. Левин тұтқыйыл жүріп кеткен
кезде, Княгиня қуанғаннан күйеуіне: «Ойым орынды шыққанын көрдің
ғой», — деді насаттанып. Ал, Вроиский келген кезде, одан бетер қуанып,
Кити құр жақсы жұбай емес, ересен жұбай табуға тиіс деген пікіріне
орнығып та алды.
Ана дегенге Вронский мен Левин арасында теңей қойғандай ештеңе де
жоқ еді. Анаға: Левиннің ұшқары, оғаш пікірлері де, оның ойынша,
тəкаппарлығына сабақтасқан қауымдағы икемсіздігі де, оның ұғымынша,
деревняда малмен, мұжықпен айналысқан қайдағы бір тағы тұрмысы да
жаққан жоқ; қызына ғашық бола тұра, үйіне ай жарым бойы қатынап,
бірдеңе күте, бірдеңе аңдыған сықылданып, ұсыныс жасасам үлкен құрмет
боп кете ме деп қорыққан кісіше, қалыңдық қызы отырған үйге келе жүре,
жылы сөйлесуді білмегені де тіпті ұнаған жоқ оған. Сөйтіп жүріп,
сөйлеспеген күйі кенет кетіп те қалған. «Өзінің онша ұнамды болмағаны да
жақсы болды, Кити де сүйген жоқ өзін», — деп ойлаған анасы.
Вронский сол ананың тілегіне түгел сай келе кетті. Өте бай, ақылды,
əйгілі, жолында сарайдың тамаша əскери мансабы жатқан, жампоз адам
екен. Одан артықты қалаудың да орны жоқ еді.
Вронский бал болса-ақ Китиге үйіріліп, сонымен билеп, үйіне де келіп
жүретін болды, демек, дітінің мықтылығына да шүба келтіруге болмайтын
еді. Бірақ солай бола тұра, шешесі қатты абыржып, бүкіл осы қыс бойына
маза көрмеді.
Княгиняның өзі бұдан отыз жыл бұрын күйеуге шығарда жеңгесі жүріп
құда түскен. Жай-күйі бұрыннан түгел белгілі боп қойған күйеу жігіт
қалыңдығын көре келіп, өзі де көрінген болатын; құда түсетін жеңгесі
жайын білген соң, алған əсерін кеп айтқан; алған əсері жақсы боп шыққан;
содан, арнаулы күнінде ата-анасына айтылып, қалаулы ұсыныстары қабыл
алынған болатын. Бəрі де оңай, орайы келе кеткен əшейін; өзгеге болмаса
да, княгиняның өзіне солай көрінген. Бірақ үйреншікті көрінген, осындай,
қызды күйеуге беру жұмысы оңай-оспақ, əшейін жұмыс емес екенін өз
қыздарының тұсында келіп білген болатын ол. Үлкен екі қызы — Дарья
мен Натальяны күйеуге берерде қанша қорқыныштар кешіріп, қанша ойлар
ойлап, қанша ақша шығарып, ерімен де қанша шайқаспады десеңші өзі!
Қазір кіші қызын жұрт алдына шығарарда сол қорқыныштарды тағы да
өткеріп, сол күдіктер тағы да туып, күйеуі мен, үлкен қыздары
жайындағысынан да қатты шекісіп қалды. Қарт князь да, əке біткен
сықылды, қыздарының абройы, пəктігі дегенде ерекше тар кісі болатын;
қыздарын əсіресе, сүйікті қызы Китиді есі кете қызғанып, княгиняға да
қызыңның беделін түсірдің деп қадам басқан сайын қыйғылық салатын.
Княгиня онысына сонау алғашқы қыздарының тұсында-ақ үйренісіп кетсе
де, қазір, князьдың тарынар дəлелі де үлкен екенін сезе беретін. Соңғы
кезде қауым салтында кеп нəрселер өзгеріп, ана міндеті де қыйындап
кеткенін керіп жүрді өзі. Кити құрбылары қайдағы бір қоғамға ұйымдасып,
қайдағы бір курстарға барып, еркектермен де емін-еркін сөйлескендерін
көріп жүрді; олар өзі көшелерде оңаша серуендеп, көбі тіпті тізе бүгуді де
қойып кеткен, ең үлкені, күйеу таңдау деген ата-ананың жұмысы емес, өз
жұмысымыз дегенге кəміл сеніп алған бəрі. Сол талдырмаш қыздардың
бəрі де, тіпті қарт адамдар да: «Бұл күнде қызды күйеуге бергенде,
бұрынғыша бермейді» деп, соны айтып жүрді түгел. Бірақ қызды бұ күнде
қалай беру жайын княгиня ешкімнен де біле алған жоқ. Бала тағдырын атаана шешсін деген француз салты қабыл алынбай, теріске шығарылды. Қыз
бала мүлде еркін болсын деген ағылшын салты да орыс қоғамына
үйлеспегендіктен, қабылданған жоқ. Орыстың құда түсу салты да бір түрлі
рабайсыз нəрсе саналып, жұрт біткен, тіпті княгиняның өзі де күлкіге
айналдырды. Күйеуге қалай шығу, қалай беру жағын білген жан болған жоқ
бірақ. Осы жөнде орайы кеп, княгиня сөйлескен жұрттың бəрі де: «құдай
сақтасын, біздің шақта ол ескілікті тастайтын уақыт жеткен. Неке қосатын
ата-ана емес, жастардың өздері ғой; демек, өз білгендерінше қосылу жағын
да жастардың өз ырқына беру керек», — деген жалғыз ғана сөзді айтқан
болатын. Əрине, олай деу қызы жоқ кісіге жақсы еді. Княгиня болса, жуық
жүрсе-ақ қызы сүйіп қалатынын біліп отыр, сүйгенде де, ала қойғысы
келмейтін, яки күйеулікке татымайтын біреуді сүйіп қалуы кəдік. Содан,
біздің шақта жастар өз тағдырын өздері реттеуі керек дегенді княгиня
құлағына қанша құйса да, бес жасар баланың ең жақсы ойыншығы қай
уақыт болса да оқтаулы пистолет болуы керек дегенге қандай сенбесе, оған
да сондай сенбей қойды. Княгиняның Кити жөнінде үлкен қыздарынан гөрі
көбірек абыржыған мəнісі сол еді.
Енді ол Вронский қызға құр айналып-үйірілуімен ғана тынбағай еді деп
қорықты. Қызы Вронскийді сүйіп қалғанын көрген соң, адал адам ғой, олай
етпейді ол деумен жұбатты өзін өзі. Бірақ сонымен бірге, қазіргі емін-еркін
аралас арқылы қыздың басын оп-оңай айналдырып жіберетінін де, жалпы
сол күнаға еркектердің жеңіл-желпі қарайтындарын да білетін өзі. Кити
өткен аптада шешесіне мазурка үстінде Вронскиймен сөйлескен жайын
айтқан болатын. Княгиняны бір жағынан сол əңгіме де тыншықтырған;
бірақ мүлде тыншығар жайы бола қойған жоқ. Вронский Китиге: біз,
ағайынды екеуміз не нəрсе де болсын, шешемізге сонша бағынып
үйренгендіктен, маңызды бірдеңе істейміз десек-ақ, шешемізге ақылдаспай
істеуге əсте батпаймыз дегенді айтыпты. «Петербургтен шешем келуін
қазірдің өзінде де ерекше бір бақытымдай күтіп жүрмін», — депті ол.
Кити сол сөздерді айтқанда, ешбір мəн беріп айтқан жоқ. Бірақ шешесі
басқаша ұқты оны. Княгиня өзі кемпірді күн сайын күтіп жүргендерін де,
баласының таңдауына кемпірдің қуанатынын да біліп отырғанмен,
шешемді ренжітем бе деп соның ұсыныс жасамай жүргені жəне таң көрінді
өзіне; алайда, некенің өзін де, əсіресе, абыржыған көңлін басуды да қатты
қалағандықтан, соған сене де берді өзі. Күйеуін тастағалы отырған үлкен
қызы — Доллидің бақытсыздығын көру княгиняға қазір қанша батқанымен,
күллі сезімі кіші қызының тағдырын шешу жайындағы əбігер ойына ауып
кетті. Левин келуімен бүгін өзіне тағы бір беймазалық жамалды. Бір кезде,
өз ойынша, Левинге іш тартқандай боп жүрген қызы, аса адалдық істеймін
деп Вронскийге көнбей қоймағай еді, Левиннің осы келуі тегі, аяқтауға
тақап қалған жұмысты шатыстырып, бөгеп тастамағай еді деп қорықты ол.
— Немене, келгеніне көп болып па өзінің? — деді княгиня, екеуі үйге
оралған соң, Левин жайын сұрап.
— Бүгін келіпті, maman.
— Айтайын деген бір сөзім... — дей бастады княгиня, шыйрай-шыңдап
келе жатқан əлпетінен, не айтқалы тұрғанын Кити де түсіне кетті.
— Мама, — деп Кити, тұтана, жалт бұрыла қарады оған, — сол жөнде
ештеңе айтпай-ақ қойыңызшы осы. Білем, бəрін де білемін.
ІІІешесі қалаған ойды өзі де қалап тұрғанмен, шеше сөзінің сарыны
жəбірлеп те тастады.
— Айтайын дегенім-ақ: біреуге үміт артқан соң...
— Мама, айналып кетейін, алла риза болсын, айтпаңызшы. Соны айтса,
жаным түршігеді тіпті.
— Айтпайын, айтпайын, — деді шешесі, қызынын, көзіндегі жасын
көріп. — Тек бір ауыз сөз, жаным: сенен жасырар сырым жоқ деп уəде
беріп едің ғой өзің. Жасырмайсың ғой?
— Өмірі түк те жасырмаймын, мама, — деді Кити, шешесінің бетіне
қызара, тура қарап. — Бірақ айтар да ештеңем жоқ енді. Тіпті... өзім...
айтам дегенде де, не айтарымды, қалай айтарымды білмеймін... білмеймін
тіпті.
«Қой, мына көзбен тұрып өтірік айта алмайды бұл», — деп ойлады
шешесі, қызының қыбыжықтап, қарқ боп тұрған тұрысына күлімсірей
қарап. Күлімсірегенде, қазір жан дүниесінде боп жатқан ахуал жазғанның
өзіне орасан, мəнді көрініп тұр-ау деп күлімсіреді княгиня.
XIII
Кити тамақтан соң, сауық-кеш басталғанша бозбаланың майданға кірер
алдындағы сезіміндей бір сезіммен жүрді. Жүрегі қатты лүпілдеп, ойы
ешнəрсеге дəйектемей қойды.
Сол екеуі тұңғыш рет тоғысатын бүгінгі кеш тағдырымдағы тындымды
кеш болуға тиіс-ау деп сезінді Кити. Сөйтіп екеуін бірге де, бөлек те
дамылсыз елестетті өзі. Өткенді ойлаған кезде Левинге деген ілтипатын
еске алып, соған ықыласы түсе, елжірей үйіріліп те отырды. Бала шағын,
өлген ағасы мен Левиннің достық жайын ойлау Левинге деген сол
ілтипатына төтенше бір ақындық əсемдік те беріп кетіп тұр. Левиннің
бұған деген махаббаты да, өзі сенгендіктен, мəртебе, қуаныш болатын
өзіне. Содан Левинді ойлау деген өзіне оңай да соқты. Вронскийді ойлаған
ойына, ол өзі мейлінше байсалды, қауымдық жетік адам бола тұрса да, бір
ынғайсыз нəрселер араласа берді. Левинге келгенде, өзін өзі мүлде
қарапайым, қалтқысыз сезіп отырса, Вронскийге келгенде, бір түрлі жалған
нəрсе бар сықылданды, — ол өзі өте сыпайы, сүйкімді Вронский басында
емес, өз басында сықылды сезілді. Бірақ соған орай, Вронский екеуі
көретін болашақты ойласа-ақ, көз алдына бір ересен бақытты байтақ өмір
елестей кетіп тұрды;
Левин екеуінің болашағы бұлдыраған бір тұман боп көрінді.
Сауық кешке қайта киінгелі үстіңгі үйге кеп, айнаға қарады да, өзінің
бір бар қуаты бойында, бабындағы күні екенін байқап, қуанып та кетті,
алдағысына қалағаны да осы еді өзінің: сырттай сабырлы, жүріс-тұрысын
керікті еркін сезді өзі.
Сағат жеті жарымда, Кити қонақ үйге келісімен-ақ: «Константин
Дмитрии Левин келді». — деп мəлімдеді малайы. Княгиня əлі де
бөлмесінде болғандықтан, князь да шыққан жоқ екен. «Дəл шықты», —
деді Кити ойланып, қаны жүрегіне түгел лүпілдей құйылып. Айнаға қарай
салып, боп-боз жүзінен шошып та кетті өзі.
Левин ерте келгенде, өзін оңашада кездестіріп, ұсыныс жасағалы
келгенін де қазір өзі əбден біліп тұр. Əңгіме біткен мүлде өзгеше, тосын
жағынан тұңғыш рет тек осы арада кеп шалынды өзіне. Мəселе оның бір
өзіне — кімді сүйіп, кімнен бақыт табуына, — соқпай, өзін, сүйген адамды
осы сəтте жəбірлеп те алуын, кəдік дегенге қоса соғып тұрғанын тек осы
арада келіп аңғарды. Əрі қатты жəбірлегенде... не үшін жəбірлемекші
десеңші? Сол сүйкімді жігіт өзін жақсы көріп, ғашық болғаны үшін
жəбірлемек қой. Бірақ, болары болған соң, сол керек те, сол eп.
«Тəңрім-ау, соны шын-ақ өзім айтуым керек пе? — деп ойлады Кити. —
Не айтпақшымын оған? Сені сүймеймін демекпін бе, шын-ақ? Оным өтірік
болады ғой. Не айтпақпын оған? Өзге біреуді сүйемін демекпін бе? Қой,
орайы жоқ оның. Зытып жөнелейін».
Левин тықырын естігенде Кити есікке келіп те қалып еді. «Қой!
Адалдық болмайды ол. Несіне қорқамын? Ешбір жаманшылығым жоқ
істеген. Тəуекел! Шынын айтамын. Оған айтудың ыңғайсыз ештеңесі де
жоқ. Өзі де келді, міне», — деді Кити ішінен, көзі өзіне жайнай қадалып,
жүрексіне басқан күшті кескінін түгел керіп, Кити рақым сұраған адамша,
жүзіне қадала қараған күйі, қолын ұсына берді.
— Уақтынан гөрі тым ертерек келдім ғой деймін, — деді ол, бос тұрған
қонақ үйді шола қарап. Ойы орнынан шығып, сөзін бөгер ештеңе жоғын
көргенде, жүзі құбылып кетті.
— Жо-жоқ, — деді Кити, стол қасына отыра беріп.
— Менің ойлағаным да сізді осы оңаша кездестіру еді, — деді Левин,
бетім қайтпасын деп, түрегеп тұрған күйі. Китиге қарай қоймай.
— Мамам қазір шығады. Кеше өзі қатты шаршап қалыпты. Кеше...
Кити осыны айтқанда, ерні не деп тұрғанын өзі де білмей, еркелей
жалынған көзін Левиннен де алмай отырып, айтты.
Левин қарағанда, қызарып кетіп, тым-тырыс қоя қойды.
— Көп уақытқа келген, келмегенімді білмеймін... ол өзіңізге
байланысты деп едім ғой сізге...
Таяп тұрған нəрсеге не дерін білмей, Кити одан сайын тұқырып кетті.
— Ол өзіңізге байланысты дегенде, — деді Левин, — айтайын дегенім...
айтқым келгені... мен сол... менің жарым болса деп келіп едім! — деді, не
деп тұрғанын өзі де білмей; бірақ ең қорқынышты сөз айтылары айтылып
қалғанын сезген соң барып кідірді де, Китиге қарады.
Ол болса, бұған қарай қоймай, демін алқына алып отыр екен. Өзі
насаттанып, жан-дүниесі бақытқа байып алыпты. Левин айтқан ғашықтық
өзіне осынша қатты əсер етеді дегенді ешбір ойлаған да жоқ еді өзі. Бірақ
ол əсері құр, лез арасындағы əсер боп шықты. Есіне Врокский түсе кетті.
Жаудыраған, шыншыл нұрлы көзін Левинге көтере қарады да, тас түйілген
əлпетін көрген соң:
— Ол болмайды ғой... кешіріңіз, — деді жалма-жан.
Осыдан бір минут бұрын Левинге қандай жақын, өміріне қандай
маңызды еді десеңші өзі! Қазір қандай жат тартып, алыстап кетті десеңші
одан!
— Басқаша болар орайы да жоқ еді, — деді Левин, Китиге қарамаған
күйі.
Басын иіп, кетуге де ыңғайланды.
ХІV
Бірақ дəл осы кезде княгиня да шықты. Екеуінің оңаша отырғандарын,
бет əлпеттерінің де бұзылып кеткенін көргенде, өңі қуарып сала берді.
Левин иілгенмен, ештеңе деген жоқ. Кити де үндемей, төмен қарап отыр.
«Құдая шүкір, көнбеген екен», — деді шешесі ойланып, бейсембі күні
қонақтарды қарсы алардағы əдетінше жүзі жайнай күлімсіреп. Отырған
соң, Левиннен деревня дағы тұрмыс жайын сұрастыра бастады. Левин де
қонақтар келгенде, байқаусыз аттанармын деп, солардың келуіне қарап,
қайта отырды.
Бес минуттан соң, Китидің өткен қыста күйеуге шыққан досы,
Нордстон графиня келіп кірді.
Өзі бір қара көзі жайнап тұратын, сап-сары, қатыңқы, сырқат, күйгелек
əйел болатын. Китиді өзі жақсы көретін де, ол жақсы көруі ерге шыққан
əйелдердің қызға деген қашанғы махаббаты сықылды, Китиді де күйеуге
өзімдей бақытты етіп берсек деген ниетінен білініп тұратын, сондықтан
Вронскийге берсек дейтін оны. Қыс басында осы үйде жиі ұшырасқан
Левин өзіне əман да сүйкімсіз көрінетін: Левинмен жолыққан сайын, соны
ылғый қалжың етіп отыруды жақсы көретін өзі.
— Мен соның өзіме сол өз мəртебесінің мұнарасында тұрып, қомсына
қарағанына қызығамын: менімен мардымды əңгіме сөйлеспегенде, мені не
ақымақ деп біледі де, немесе менсінбейді құр. Мен сол: менсінбегенін
жақсы көрем! Өзімнен азар да безер болғанына қатты қуанам, — дейтін ол
Левин жайында.
Бұл сөзі рас та болатын оның, өйткені Левин өзінен азарда-безер боп,
күйгелектігің тұрмыстың ауыр азап, жеңіл тұзабының бəріне жыбыртқылап
жиіркене, селқос қарап, — соны мақтан тұта, қасиет санайтын қылығын
жек көретін.
Қауымда сырттай дос бола жүріп, ішінен бірін бірі сонша жек
кергендіктен, бірімен бірі тіпті жөндеп сөйлесе де, бірін бірі тіпті мұқата да
алмайтын екі адамның жиі ұшырайтын мінезі Нордсон графиня мен Левин
арасына да орнығып алған еді.
Нордстон графиня Левинге келе сала-ақ тиісе кетті.
— Ə! Константин Дмитрич! Біздің салдуар Вавилонға тағы келген
екенсіз ғой, — деді ол, титімдей сап-сары қолын ұсына бере, Левиннің қыс
басында Москваны Вавилон деген бір сөзін есіне түсіріп. — Немене,
Вавилон түзеліп пе, əлде өзіңіз түзелгенсіз бе? — деп қосып қойды, Китиге
мысқылдай қарап.
— Сезімді сол күйі ұмытпай жүргеніңізге жырғап қалдым ғой тіпті, —
деді, көңлін демдеп алған Левин, əдеті бойынша, Нордстон графиняға
өшіккен қалжыңбас қалпына қалт түсе кетіп. — Сол сөздер өзіңізге қатты
тиген ғой деймін!
— Ə, өйтпегенде ше? Түгел тоқып жүрем мен. Немене, Кити, тағы да
коньки тепкенсің бе?..
Сөйтті де Китимен сөйлесе кетті өзі. Қазір Левинге, кету деген қанша
ыңғайсыз келгенмен де, бүкіл кеш бойы осында болып, өзіне əрі Кити оқтатекте ғана қарап, көзіне көзі түсуден тайқап отырғанын керуден гөрі сол
ыңғайсыздыққа барғаны жеңіл көрінді. Тұрайын деп отырғанда, княгиня
үндемей қалғанын аңғарып:
— Москваға көп уақытқа келіп пе едіңіз? Сіз осы келістіруші
земствомен айналысып жүрген сықылды едіңіз ғой, көп кідіруге болмайтын
да шығар, — деп тіл қата бастады.
— Жоқ, княгиня, земствоны қойғамын, — деді Левин. — Бірнеше күнге
келіп едім.
«Өзінде бір ерекшелік бар-ау осы, — деді ойланып Нордстон графиня,
түйілген, қатаң жүзіне қадала қарап, — пікір айту жағына бір түрлі
араласпай отыр ғой өзі. Қой, мұны мен қозғап жіберейін. Кити алдында
ақымақ етуге жаным құмар өзін, соны істейін».
— Константин Дмитрии, — деді Левинге ол, — біздің Калуга
деревнясындағы мұжық біткен мен қатын біткендер қолдағыларын түгел
ішіп қойып, қазір түк төлемей отыр бізге, соны білесіз ғой, солары не,
түсіндіріп беріңізші маған. Немене солары? Мұжықты ылғый мақтап
жүрсіз ғой өзіңіз.
Осы кезде бөлмеге жəне бір əйел кірген соң, Левин Түрегелді.
— Ғафу етіңіз, графиня, шынын айтсам, өз басым одан ештеңе
білмеймін де, ештеңе айта алмаймын да сізге, — деді де, əйелге ілесе
кірген əскери адамға қарады.
«Вронский осы болуға тиіс», — деп ойлаған күйі, анығын білейін деп
Китиге қарады. Вронскийге қарай сала, Левинге о да көз салды.
Жанарының нұры еріксіз жалт ете қалған осы бір қарасының өзінен-ақ, осы
адамды сүйетінін Левин түсіне кетті, түсінгенде де, Кити соны сөзбен
айтқандай-ақ айнытпай түсінді. Бірақ бұл адам неқылған адам екен? — деп
ойлады.
Енді, — ерсі болсын, болмасын, — Левиннің отырмасына болмай да
қалды; Китидің сүйген адамы не еткен адам екенін білуі де керек болды.
Əйтеуір бір жөннен бақытты боп жүрген бəс таласын көргенде, сондағы
жақсылық біткенді дереу жоққа шығарып, тек жаман жағын ғана көруге
əзір тұратын адамдар да болады; сол бақытты бəс таласының қайта,
көбінесе өздерінен асып кеткен артық жағын табуға талпынып, жүректері
шымырлай ашып, тек жақсылық жағын ғана іздейтін адамдар да жоқ емес.
Левин сондай адамдарға қосылатын. Бірақ Вронскийдің жақсы, ұнамды
жақтарын тауып алу да қыйынға соққан жоқ. Ол жақтары көзіне ə дегендеақ шалына кетті. Вронский өзі бет бітімі өте сабырлы, орнықты, мейірбанəсем келген, орта бойлы, қараторы, тығыршықтай жігіт екен. Қысқа етіп
алдырған қара шашы мен жаңа қырғызған иегінен бастап, ине-жіптен жаңа
шыққан мол мундиріне дейін, бет əлпет, кескінінің бəрі түгел сыпайы, əсем
келіпті. Вронский əйелге жол берді де, əуелі киягиняға, одан соң Китиге
бұрылды.
Китиге келген кезде əсем көзі ерекше назбен жайнап, болар-болмас леп
берген шадыман, сыпайы-мəз күлкімен (Левинге солай көрініп кетті)
Китиге ізет тұта, ептеп иілді де, саласыз, жалпақ қолын ұсына берді.
Өзінен көз жазбай отырған Левинге қарамаған күйі, жұртпен түгел
амандасып, бірер сөз айтқан соң барып, отырды.
— Рұқсат болса, екеуіңізді таныстырып қояйын, — деді княгиня,
Левинді нұсқап.— Константин Дмитрич Левин. Граф Алексей Кириллович
Вронский.
Вронский түрегеліп, Левиннің көзіне жылы ұшырай қарап, қолын да
солай кеп қысты.
— Мен сізбен осы қыста бір ас ішпек болдым ғой деймін, — деді ол,
сыпайы, жарқын күлкісіне сала жымыйып. — Сіз бірақ деревняға
тұтқыйыл жүріп кетіпсіз.
— Константин Дмитрич қаланы да, біз сықылды қала адамдарын да жек
көріп, безе береді, — деді Нордстон графиня.
— Осынша ұмытпағаныңызға қарағанда, менің сөзім өзіңізге қатты
тиген болуға тиіс, — деді Левин, бірақ осыны бұрын айтқаны есіне түсіп,
қызарып та кетті өзі.
Вронский Левин мен Нордстон графиняға қарап, күлімсіреп қойды.
— Ылғый деревняда тұрасыз ба өзіңіз? — деді ол. — Меніңше,
қыстыкүні жабырқататын да шығар деймін өзі?
— Шаруа болса, жабырқатпайды ғой, өзі де жабырқатпайды былайша,
— деді Левин зілденіп.
— Деревняны жақсы көрем өзім, — деді Вронский, Левиннің сөз
ыңғайын таныса да танымаған əлпет көрсетіп.
— Бірақ ылғый деревняда тұруға, сіз көнбес едіңіз деймін, граф, — деді
Нордстон графиня.
— Көп тұрып көргем жоқ, білмеймін. Бірақ бір ғажап нəрсе сезгенім
бар-ды, — деді ойын сабақтап ол. — Қыстыкүні шешеммен Ниццаны
қыстап, деревняны, шоқай, мұжықты орыс деревнясын сонша сағынғаным
бар бір. Ницца деген де, өзіңіз білесіз, көңілсіз қала емес өзінше. Аз
уақытқа Неаполь мен Сорренто да тəп-тəуір. Россия, атап айтқанда,
деревня міне, дəл сол жерде жүргенде еске ерекше түседі. Олардың өзі
бір...
Ол өзі осыны айтқанда, Китиге де, Левинге де арнай, жарастықпен
қараған сабырлы көзін екеуіне кезек төңкере отырып айтты, — айтқанда да,
сірə, ойына келгенін айта берген тəрізді.
Нордстон графиняның бірдеңе дегелі отырғанын аңғарған соң, бастаған
сөзін бітірмей тоқтады да, соны ден қоя тыңдай қалды.
Əңгіме бір минут тынбағандықтан, тақырып табылмай қалған кезге деп,
классикалық білім мен нақты білім, жалпыға бірдей əскери міндет
сықылды үлкен екі зеңбіректі ылғый əзірлеп отыратын қарт графиня
соларын жұмсай алмай қалса, Нордстон графиня да Левинді қоңаштай
алған жоқ.
Қалауын қалағанмен, көпшілік əңгімесіне Левин де қосыла алмады;
минут сайын ішінен: «кетейінші» дегенмен, бірдеңелер күтіп, кете алмай да
қойды.
Əңгіме айналғыш стол 9 мен рух жайына көшкен кезде, спиритизмге
сене беретін Нордстон графиня да көрген кереметтерін көйіте бастады.

— Ойпырай, графиня-ай, мені де сөзсіз апара көріңіз сонда! Жер
біткенді кезсем де, о сықылды төтенше нəрсені керген жоқ едім, — деді
Вронский күлімсіреп.
— Жарайды, келесі сембіде болсын, — деді Нордстон графиня. — Сіз
ше, Константин Дмитрич, сенуші ме едіңіз? — деді Левиннен сұрап.
— Менен несін сұрайсыз? Не дейтінім белгілі ғой өзіңізге.
— Дегенмен, пікіріңізді білсем деймін ғой сіздің.
— Менің пікірім, — деді Левин, — сол айналғыш столдың өзі білімді
қоғам дегеннің мұжықтан артықшылығы жоқ екенін көрсетеді ғой деймін.
Олар болса тіл мен көзге, бал-бəлгерлікке сенеді де, біз болсақ...
— Немене, сенбейсіз бе?
— Сенер жайым жоқ, графиня.
— Егер өзім көрсем ше?
— Құбыжықты көзбен көрдік дегенді қатындар да айта береді.
— Сіздің ойыңызша, өтірік айтып отырмын ба, мен?
— Қойсаңшы, Маша, Константин Дмитричтің айтқаны сене алмаймын
деген сөз ғой əшейін, — деді Кити, Левинге бола қызарып кетіп, онысын
Левин де түсініп, жауап беруге бұрынғыдан бетер шыйрығып келе жатқан
соң, əңгіме насырға шабар деген оймен, емен-жарқын күлкісіне сала
Вронский де араласа кетті.
— Тіпті мүмкіндігі жоқ дейсіз бе? — деді ол. — Неге олай болады?
Өзіміз білмейтін электрді де бар дейміз ғой; өзіміз біле қоймаған жаңа
күштің болмайтын мəнісі не ендеше, күш болғанда...
— Электр табылған кезде, — деді Левин де көлденеңдей кетіп, — ол тек
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 05
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.