Latin Common Turkic

Анна Каренина - 22

Total number of words is 4202
Total number of unique words is 2093
34.8 of words are in the 2000 most common words
49.3 of words are in the 5000 most common words
56.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Я, түгел түсіндім енді, — деді Дарья Александровна сөзін сабақтап.
— Түсіне бермейсіз сіз оны; сіздер сықылды басы бос, таңдап табатын
еркектерге, кімді сүйетіндеріңіз қашан болса да айқын. Бірақ қызға біткен
сол нəуетек ұятынан өте алмай, сарыла күткен қыз, сіздер сықылды
еркектерді шалғайдан көреді де, ылғый сөз малданады құр, — қыз дегенде
тіпті, не айтарын білмейтін сезім болуы да кəдік.
— Рас қой, бірақ жүрегі қоспаса...
— Жоқ, қосады жүрегі, өзіңіз ойлап қараңыз бірақ: сіздер сықылды
еркектер қызға көз тастап, үйлеріне барып, жақын болып, сынай қарап,
сүйер ме екем дегенді аңдып жүресіздер де, сүйетіндеріңізге көздеріңіз
жеткен соң барып ұсыныс жасайсыздар...
— Жоқ, онша дұрыс емес оныңыз.
— Бəрібір, не əбден ғашық боп болғанда, не таңдаған екеудің, бірі
артық боп шыққанда барып жасайсыздар ұсынысты. Қыздан сұрамайды ол
жағын. Өзі таңдай қойсын десе, өзі де таңдай алмай: болады, жоқ, — деген
бір-ақ жауап береді.
«Я, Вронский екеумізге таңдау жасаған екен ғой», — деді Левин
ойланып; ішінде тіріле бастаған өлі үміті тағы да сөніп, жүрегін құр
жаныштап сығып жіберді.
— Дарья Александровна, — деді ол, — не көйлек, не өзге бір сатып
алар нəрсені солай таңдағанмен, махаббатты таңдауға болмайды. Қалаған
екен, құп сонысы... Қайталаудың жайы жоқ оны...
— Əй, астамдық-ай десеңші! — деді Дарья Александровна, тек əйелдер
ғана білетін, сол бір өзге сезіммен салыстырғанда, мына сезім пасық
көрінген соң, Левинді жек көре сөйлеп. — Китиге ұсыныс жасаған
кезіңізде, ол өзі тап сол жауапты бере алмас халде жүрген. Екі ойлы
болатын өзі. Не сіз, не Вронский деген ой болатын онысы. Оны өзі күн
сайын көріп, сізді көптен бері көрген де жоқ еді. Өзі егер бойжетіңкіреген
қыз болып, — мысалы соның орнында мен болсам, екі ойлылық деген
болмаған да болар еді. Вронский өзіме əсте жақпайтын да, сол жақпаған
күйі барып тынды.
Левин есіне Китидің жауабы келіп түсті: Жоқ, мүмкін емес ол... деген
болатын Кити.
— Дарья Александровна, — деді ол сұлқ сөйлеп, — маған деген
сеніміңізді бағалап та отырмын; менің ойымша, ағат кетіп жатырсыз ғой
дейім. Дұрыс айтайын, бұрыс айтайын, бірақ өзіңіз соғұрлы жек көріп
отырған сол астамдығым, Катерина Александровна жайында ой атаулыға
орайымды келтірмей де қойды, тіпті бар ғой, түк орайы жоқ соның.
— Мен тек бір-ақ нəрсе айтам енді: өзіңіз білесіз, мен айтқанда
балаларымнан кем көрмейтін сіңлім жайын айтып отырмын. Сізді сол сүйіп
еді дегелі отырғам жоқ мен, тек əшейін, сол минутта көнбеуі дəнеңені
дəлелдеп тұрған жоқ дегенді ғана айтқалы отырмын.
— Білмедім! — деді Левин ұшып түрегеліп. — Жанымды қалай
ауыртқаныңызды білер ме едіңіз десеңізші! Балаңыз өлген боп тұрып,
өзіңізге: сондай да сондай болатын еді өзі, өлмегендей де еді, өзіңіз де
қуаныш еткендей едіңіз десе, бұ да соған тең нəрсе боп тұр. Өлер бала
өлген соң не керек бірақ...
— Не деген қызықсыз өзіңіз, — деді Дарья Александровна, Левиннің
толқығанын елемей, мұңая, сылтың етіп. — Рас, қазір өзім барған сайын
жете түсініп те келемін, — деді ойлы пішінмен. — Сөйтіп, Кити келгенде
келмейін деп отырсыз ба бізге?
— Жоқ, келмеймін. Əрине, Катерина Александровнадан тайқайын деп
тұрған жоқпын мен, бірақ шамам келген жерде көзіне көрініп, көңіліне дық
болудан құтқарсам деп тұрмын.
— Тіпті қызық боп кеттіңіз, — деді Дарья Александровна қайыра
айтқан күйі, Левин жүзіне елжірей қадалып. — Жарайды, жақсы, ол
жайында түк айтпағандай боп қоя салайық. Таня, неге келдің сен? — деді
Дарья Александровна, келген қызына французша сөйлеп.
— Күрегім қайда, мама?
— Мен французша айтқан соң, сен де солай айт.
Қызы айтайын дегенмен күректі французша не дейтінін ұмытып
қалыпты; шешесі айтып берді де, күректі қайдан іздейтінін французша
айтты сонсын. Левинге онысы да сөлекет көрініп кетті.
Дарья Александровна үйіндегілердің бəрі де, балалары да қазір өзіне
бұрынғысындай сүйкімді көрінбей де қалды.
«Балаларымен французша несіне сөйлеседі екен бұл? — деді ойланып.
— Не деген селкеу, жалған нəрсе десеңші! Балалары да сезген онысын.
Французша үйретіп алып, шыншылдықтан шығарайын деп жүр ғой», —
деді өзінше ойланып, осының бəрін Дарья Александровна тоқсан рет
толғанып, сонда да болса, шыншылдыққа нұқсан келгенмен де, балаларын
осы жолмен үйрету қажет екен деген ойын біле қоймай.
— Апыр-ау, қайда бармақшысыз? Отыра тұрыңыз.
Левин шайға қарап қалғанымен, мəз қалпының, бəрі жоқ болды да,
ыңғайсыз да тие берді өзіне.
Шайдан соң Левин атты əкелсін дегелі алдыңғы бөлмеге шығып қайта
оралғанда, Дарья Александровнаның ренжіп, өңі бұзыла, көзіне жас алып
отырған үстінен шықты. Левин шығып кеткен кезде, Дарья
Александровнаның, балаларына бүгін мəз болып, мақтан етіп отырған
жайын кенет түгел бұзып жіберген бір уақыйға болыпты. Гриша мен Таня
екеуі допқа таласып төбелесіп қалыпты. Дарья Александровна балалар
бөлмесінде шаң-шұң еткен дауысты ести жүгіре шығып, қыян-кескі боп
жатқан үстіне барыпты. Таня Гришаның шашынан алып тұр екен де, Гриша
болса, жүзі долдана бұзылып, Таняны кез келген жеріне жұдырықтап жүр
екен. Дарья Александровна соны көргенде, жүрегінің бір жері жұлынып
кеткендей болыпты. Тіршілігіне бір қара түнек орнай кеткен
сықылданыпты: соғұрлы өзі мақтан етіп жүрген балалары құр əшейін жай
балалар болу үстіне, тіпті дөрекі, тəрбиесі жаман, дүлей, ожар ыңғай
көрсеткен долы балалар боп шығыпты.
Шешесінің өзге ешнəрсе айтуға да, ойлауға да шамасы келмей, Левинге
сол бақытсыздығын айтпасқа лажы болмай қалды.
Левин Доллидың налып отырғанын көрген соң, онда тұрған жаман
ештеңе де жоқ, баланың бəрі де төбелесе береді, деп жұбату жаққа шықты;
бірақ соны айта отыра, Левин ішінен; «Қой бəйпектемеймін мен,
балаларыммен французша сөйлеспеймін, балаларым мұндай болмайды
менің; баланы бұзып, шалжақ етіп алмау керек тек, аяулы бала болады
олар. Солай, балаларым мұндай болмайды менің».
Левин қош айтысып, жөнеле берді де, Долли да бөгеген жоқ.
XI
Июль айының орта кезінде Левинге əпкесінің деревнясындағы староста
жұмыстарының бет алысы мен пішен шабу жайында есеп бере келді,
Покровское мен ол деревня арасы жыйырма шақырымнан артығырақ
келетін. Əпкесінің мекен-жайындағы түсімнің дені жайылмадағы
пішендіктерден түсетін. Ілгергі жылдарда мұжықтар шабындықты десесіне
жыйырма сомнан беріп үлесіп алатын. Левин мекен-жайды өзі басқаруға
алған соң, шабындықты байқай келіп, бұрынғыдан да қымбат тұрады екен
деген байлаумен десесіне жыйырма бес сомнан жаңа баға белгілеген.
Мұжықтар ол бағаны өздері де бермей, Левиннің сезіктенуінше, өзге
алушыларды да жуытпай қойған. Сонсын Левин онда өзі барып,
пішендіктің жарым-жартысы жалдап жыйнатылсын да, жарым-жартысы
ортаққа берілсін деп жөн сілтеген. Ол жаңа тəртіпке өз мұжықтары бар
шараны қолдана бөгет жасағанымен, ісі оңға басып, пішендіктен сол
алғашқы жылдың өзінде-ақ екі есеге жуық түсім алынған. Үшінші жыл мен
өткен жылы да мұжықтар қарсыласа жүріп, пішен жыйнау жұмысы сол
тəртіппен өткізілген.
Мұжықтар быйылғы жылы үшінші бөліктегі пішенді түгел алып
қойыпты да, староста енді пішен жыйналып болған соң, жаңбырдан
қорықтық та, конторшыны шақырып, соның көзінше бөліп, мырзаға он бір
шошақ салдырдық деп, соны айтқалы келіпті. Үлкен пішендіктің шөбі
қанша болып еді деген сұрауға берген екі ұшты жауабын, старостаның
асығыстық істеп пішінді сұраусыз бөлуін, сол мұжықтың бүкіл сөз
саптасын көрген соң, Левин пішеннің бұл бөлісінде бір арамдық барын
байқады да, жай-мəнісін өзім барып тексерейін дегенге келді.
Левин деревняға түскі тамақ кезінде келіп, ағасын асыраған кемпірдің
күйеуі, көңілдес қартыныкіне атын қойған соң, пішен жыйнаудың жайжапсарын білейін деген оймен, ара бағушы қартқа қарай тартты. Сөзшең,
жылы шырайлы Парменыч қарт Левинді қуана қарсы алып,
шаруашылығын түгел көрсетіп, өзінің бал аралары мен быйылғы жылғы
ара ұстау жайын түгел айтып шықты; Левиннің пішен жайындағы сұрауына
жауапты екі ұшты, қырсау қайырды бірақ. Онысы Левин тұспалдаған ойды
одан əрі растады. Левин пішен басына барып, шошақтарды да қарап
шықты. Шошақтарда елу арба толатын шөп жоқ екен де, Левин пішен
тартқан көліктерді дереу шақырып, бір шошақты бұзып сарайға тасуға
бұйырды. Шошақ шебі тек отыз екі арба ғана шықты. Староста: пішен өзі
көлпілдек пішен болатын, шошақта тапталып қалған болу керек, əйтпесе,
құдай ақы, бəрі де əділ істелген деп безектегенмен, Левин де: пішенді мен
айтпай бөлгенсіңдер, сондықтан шошақта елу арба пішен бар деп қабылдай
алмаймын деген сөзінен қайтпай қойды. Ұзақ керілдесе келіп, ақыры
мұжықтарға мына он бір шошақты əрқайсысын елу арбадан есептеп, өз
үлестеріңе алыңдар да, мырзаның үлесін қайта бөліңдер дейік деп келісті.
Соны сөйлесіп, шөмелелерді бөлісу түс кайтқанша созылды. Соңғы пішен
бөлінген соң, Левин ендігіні сен бақыла деп конторшыға тапсырды да, өзі
шілік бүрінен белгі қойылған шөмеле қасына отырып, жұрт құжыған
пішендікті тамашалай қарады.
Алдындағы саздан арғы өзен иінінде мəз-майрам жамырай
шаңқылдасқан қатындар тізбегі шұбарта қыбырлап жүр де, көгере
шиендеген жерде жаюлы жатқан пішен көгілдір-шалғырт ирек-ирек жал
болып, тез созыла үйіліп жатыр. Аша алған мұжықтар, қатындар соңынан
ілесе, сол үйінділерден аумақты, биік етіп көлпілдек шөмелелер салып
барады. Шөбі жыйналған шабындықтың сол жағын ала арбалар салдырлап,
үсті-үстіне, үйе шаншып əперген шөмелелер лезде жоқ болып жатыр да,
оның орнына иісі аңқыған пішен ат сауырына төндіріле, төпелеме арба боп
тиеліп жатыр.
— Ашық-жарықта жыйнап алған жөн! Пішен сонда пішен болады! —
деді, Левин қасына отырып жатқан қарт. — Пішен емес, шай ғой! Үйрек
балапандарына шашқан жемдей қақшуларын қарашы, — дегенді де қосып
қойды, тиеп жатқан шөмелелерді мегзеп. — Түскі тамақтан бері тең
жартысын тасып қойды.
— Соңғысы ма? — деді қарт дабыстап, арба жəшігінің алдына тұрып
алып, кендір делбенің ұшын сілтей, қастарынан өтіп бара жатқан жігітке.
— Соңғысы, əке! — деп жігіт саңқ етті де, атын тежей, арба жəшігінде
қоса күлімдеп отырған қызыл шырайлы келіншекке жымыңдай қарап, шүу
дей жөнелді.
— Бұл кім өзі? Балаңыз ба? — деді Левин.
— Кенже балам, — деді қарт жылы шыраймен күлімсіреп.
— Жақсы жігіт екен!
— Жаман жігіт емес.
— Үйленіп қойған ба?
— Я, Филип күнінен бері үш жылға аяқ басты.
— Немене, балалары да бар ма?
— Қайдағы бала! Бір жыл бойы жар дегеннің не екенін білмей, ұялып
жүрді өзі, — деді қарт. — Пішен-ақ! Нағыз шай! — дегенді қосып қойды,
əңгіме бетін өзгерткісі келіп.
Левин Ванька Парменов пен əйеліне зейін сала қарап отыр. Екеуі
Левинге жақын шенде шөмеле тиеп жүр. Иван Парменов арбадағы пішен
үстіне тұрып алып, үйе шаншып əперген пішенді қақшып ала, тегістей,
таптап тұр да, əдемі жас келіншегі соны əуелі құшақпен əперіп, содан соң
ығын таба ашамен əперіп жатыр. Жас келіншек ығына келтіре, жарқын,
оңай істеп жүр. Жарпымен тапталып қалған пішен айырға бірден алына
қоймайды. Ол оны əуелі жаймалап алып, айырын шаншады да, содан соң
майысқақ, шапшаң қыймылмен денесінің бар салмағын соған сала, қызыл
белбеулі қыпша белі майыса лып көтеріп, бойын жаза, ақ көйлекті аршын
төсі көріне, ашаны қос қолдай ыңғайлы ұстаған күйі, биік салынған пішен
үстіне лақтырып кеп тастайды. Иван да оған ешбір артық қару
жұмсатпайын дегендей, шаншулы пішенді құшағын кең жая қақшып алып,
арба үстіне жаймалай салып тұр. Келіншегі соңғы пішенді тырмалап
əперген соң, мойнына төгілген қоқымды қағып, тотықпаған ақ маңдайына
түсіп кеткен қызыл орамалын түзеді де, шөпті таңғалы арба астына кірді.
Иван оған шығыршықтан қалай ілудің жайын айтты да, сол айтқан бір
сөзге қарқылдай келіп күлді. Екеуінің жүзінде де жуырда тұтаған қуаты
күшті, жас махаббат көрініп тұр.
XII
Тиелген пішен таңылып та болды. Иван қарғып түсе, тойып тұрған
мойтап атының тізгінін алды. Келіншегі тырмаларын тиеулі пішен үстіне
лақтырып тастады да, қолын сермей, ширақ баса, топталып тұрған
қатындарға қарай тартты. Иван жолға шыққан соң, өзге арбалар кіресіне
барып қосылды. Қатындар тырмаларын иықтарына сала, киімдері құбыла
жалтылдап, мəз-майрам, жарқын үндері жамырай, арбалар соңынан ілесе
тартты. Өрескел, жат дауысты бір қатын шырқай жырлап, қайырар жеріне
таман келгенде, жуан, жіңішкелі, неше алуан, елу шақты ажарлы дауыс сол
жырды басынан тағы да іліп əкетіп, бір кісідей, лап қосыла кетті.
Жырлаған қатындар Левинге жуықтай бере, оған тіпті, өзіне қарай бір,
күркіреген шаттық бұлты қаптап келе жатқан сықылды көрінді. Бұлт
қаптап келіп, Левинді басып кетті де, сол жатқан шөмеле, пішен тартқан
арбалар мен өзге шөмелелер де, күллі пішендік, одан арғы жер — айқай,
ысқырық, алқыныс аралас сол бір шадыман шат жырдың ырғағына түгел
қосыла, тербеліп ала жөнелді. Сол жарқын шаттыққа Левин де қызығып,
өмір қуанышының сол лебізіне қосыла кеткісі де келді. Бірақ істер түгі
болмаған соң, сол жатқан күйі жатып, көріп, тыңдай беруі керек болды.
Жырлаған жұрт көзден таса боп, дауысы да естілмей кеткен кезде,
жалғыздықтың, сылқымсоқ жүрістің, сол өмірге жат қараудың күйігі
Левинді жабырқатып та жіберді.
Пішен жөнінде өзгелерден гөрі өзімен көбірек таласып, не өзі ренжітіп,
не өзін алдағылары келген сол мұжықтардың бірсыпыралары, сол
мұжықтың өздері Левинге масайрай бас иісті. Солардың бұған деген ешбір
қастықтары, опықтары болмауы, бола алмауы былай тұрсын, тіпті алдамақ
болғандары да естерінен шығып кеткен тəрізді. Соның бəрі де шадыман
ортақ еңбектің теңізіне тоғылып кетіпті. Құдай күнді де, күшті де беріпті.
Күн де, күш те еңбекке арналып, сыйлығы да соның өзінен табылыпты.
Еңбек болғанда, кім үшін істелген еңбек? Жемісі не болмақ оның? Ол
ойлар бөгде, болымсыз ойлар бір.
Левин өзі осы өмірді жиі-жиі тамашалап, осы өмірді сүрген адамдарға
əлсін-əлі қызыға да беретін, бірақ бүгінгі күні, əсіресе, Иван Парменовтың
жас жарына деген ілтипатын көргендегі əсерден соң, Левинге өзі сүрігі
жүрген сол бір ауыр, сылқымсоқ, жасанды, жалқы өмірін осы бір еңбекші,
кіршіксіз, əсем ортақ өмірге ауыстыру өз қолымда екен ғой деген ой
тұңғыш рет айқын келді.
Қасында отырған қарт үйіне əлдеқашан қайтып кетіпті; жұрт түгел
екшеліп қалыпты. Жақындары үйлеріне қайтып, алыстары пішендікте
кешкі астарын ішіп, түнеуге қамданысып жатыр. Левин, жұрт көзі сол
шалмаған күйі, сол шөмеледе қарап, тыңдап, ойлай түсіп жата да берді.
Пішендікте түнеуге қалған жұрт жазғы қысқа түнде, тіпті ұйқтаған да жоқ.
Əуелі кешкі ас үстінде отырып масайрай сөйлеген дабырлары мен
қарқылдары естіліп тұрды да, соңынан қайта жырлап, күлісіп қоя берді.
Еңбек еткен бүкіл ұзақ күндері өздерінде шаттықтан өзге із
қалдырмапты. Таң қылаңы алдында түгел жым басылды. Саздағы заржақ
бақалардың құр түнгі шырылы мен таң алдында көтерілген буалдыр ішінде
пішендікке шүйгіген жылқылардың пысқырығы ғана естіледі. Левин көзін
ашып, шемеледен түрегелді де, жұлдыздарға қарап, таң атып қалғанын
аңғарды.
«Жə, сонымен не істемекпін? Қалай істемекпін өзін?» — деді ішінен,
осы қысқа түнде сан ойланып, сан сезінген нəрселерін өзінше түгел түйіп
айтқысы келіп. Сан ойланып, сан сезінген нəрселері түгел келіп, жеке-жеке
үш пікірге құйған болатын. Оның бірі — байырғы өмірінен, пайдасыз
білімінен, түкке себі жоқ білігінен пар кешу еді. Ол пар кешуі өзіне рақат
таптырып, оңай да, жеңіл де соқты. Екінші пікірлері мен түсініктері сол
қазіргі қалаған өмірі жайында болатын. Ол өмірдің қарапайым, таза, заңды
өмір екенін айқын сезіп, қанағат, жұбаныш, қасиетті де содан табам дегенге
кəміл сеніп отыр, солардың жоқтығы шымбайына соғұрлы батып та
жүретін өзінің. Үшінші саладағы пікірі ескі өмірден жаңа өмірге қалай
көшер екем деген мəселеге келгенде, айналақтай да берді. Бұл арада ештеңе
де айқын көрінбей қойды өзіне. «Əйел алсам ба екен? Жұмысым болып,
соны қажет тұтам ба? Покровскоені тастап кетсем бе екен? Жер сатып алам
ба? Қоғамға жазылсам ба екен? Шаруа қызына үйленем бе? Оның орайын
қалай табам? — деп ішінен қайыра сұрағанымен, жауабын таппады. —
Айтпақшы, өзім түні бойы ұйқтағам жоқ та, айқын байыптайтын жайым да
болмай тұр, — деді ішінен. — Соңыра анықтайын. Айқын жері-ақ, əйтеуір
осы түн тағдырымды да шешіп берді өзі. Семьялы тұрмыс жайындағы
бұрынғы ойларымның бəрі де жуыспайтын, бос нəрсе болып шықты бір, —
деді ішінен. — Мынаның бəрі де əлдеқайда оңай, əлдеқайда жақсы
жатыр...»
«Не деген сұлу десеңші! — деді ойланып, аппақ шарбы бұлттан дəл
төбесіндегі аспан жүзіне меруерт сауыттай шыйыршықтала қалған
ғажайып суретке қарап. — Осы əсем түндегілер түгелдей не деген əсем
нəрсе десеңші! Мына шыйыршық қашан құрала қалды екен əрі? Əлгіде
аспанға қарағанымда — тек екі жолақ ақ бұлттан басқа түк те жоқ еді. Я,
өмірге деген өз көзқарасым да осылай білінбей өзгере салды, əне!»
Левин пішендіктен шығып, үлкен жолға түсе, деревняға қарай тартты.
Баяу жел тұрып, сұрлана тұнжырап кетті де, əдетте сəрі алдында,
қараңғыны түре шапақ атар шақтағы бұлыңғыр таң қараңғысына айналды.
Левин суықтан бұйыға, жерге тұқыйған күйі, тездете тартты. «Бұ
немене екен? Біреулер келе жатыр-ау өзі», — деді, қоңрау даусын естіген
соң, басын ойлана көтеріп. Өзі келе жатқан сол үлкен тақтақ жолмен,
алдында қырық қадамдай жерде төрт атты шатырлы күйме қарсы келе
жатыр екен. Тəртеге жеккен аттары жол қомынан тəртеге қарай тығыла
түсіп келеді де, күйме текшесіне қырындай отырған епті жемшік,
дөңгелектер тақтақ жолдан аумасын деп, тəртені жол қомына дəл ұстап
келеді.
Левин құр соны аңғарды да, келе жатқан кім болды екен дегенді де
ойламай, күймеге жай əшейін қарай салды.
Күйме бұрышында бір кемпір қалғып отыр екен де, тəрізі жаңа ғана
оянған бір жастау қыз, ақ қалпағының бауын қос қолдап ұстаған күйі,
терезе қасында отыр екен. Левинге жат, сəулетті, шытырман ішкі өмірге
толы, ойлы, нұрлы қыз шашыраған шапаққа Левиннен аса қарап келеді.
Сол көрген шапағы таралысымен-ақ, алдауы жоқ əсем көзі Левинді
шалып кеп кетті. Соны таныған соң, таңырқаған қуанышы жүзін жылтып
та жіберді.
Левин жаза басқан жоқ. Дүниедегі көз тек осы көз ғана болатын. Жарық
дүниеде бүкіл əлем, өмір мағнасын тоғыстыруға шарқы жетер жалғыз ғана
жан бар еді оған.
Осы отырған сол екен. Кити екен сол. Левин оның темір жол
станциясынан Ергушовоға бара жатқанын да аңғарды. Содан, ұйқысыз
өткен осы түнде Левинге толғау салған нəрселер де, тыянақтаған
тоқтамдары да қапелімде түгел жым-жылас сап болды. Шаруа қызына
үйленем деген қыялын еске алғанда тұла бойы түршікті. Соңғы кезде өзін
соғұрлы тыйтықтата қыйнаған, өмірінің жұмбағын шешер орайы, тек сол,
бұлдырай шырқап, жолдың екінші тарабына қарай тартқан сонау күймеде,
тек сонда ғана тұр екен.
Кити қайтып қараған жоқ. Рессор дыбысы естілмей де кетіп, қоңрау
дыбысы ғана еміс-еміс шалынайын деді. Үрген иттер үні күйменің
деревнядан да өткенін білдіріп тұр, — сөйтіп, төңіректе құр құлазыған тұз,
алдыңғы жақта деревня, иесіз үлкен жолда оқшау тартқан, дүние. біткенге
өгей, жалғыз өзі ғана қалды ол.
Бүгін түндегі ой, сезімдеріне түгел тұлға болған сол əлгі, өзі тамаша
еткен меруерт шыйыршықты табармын деген үмітпен аспан жүзіне де
қарады. Аспанда енді ол шыйыршыққа ұқсас дəнеңе де жоқ екен. Сол
шырқау биікте ғажайып өзгеріс боп кетіпті. Шыйыршық бұлттың ізі де
қалмапты, барған сайын ұсақ тартқан тілкем-тілкем шарбы бұлттар
аспанның тең жартысын ала теп-тегіс тұтасып қалыпты. Көк жүзі көгере,
жайнай ашылды да Левиннің телміре қараған қарасына сол мөлдірей
төнген, шырқау күйінен өзге түк көрсеткен жоқ.
«Жоқ, — деді Левин ішінен, — еңбек толы, қарапайым осы өмір қанша
жақсы болса да, қайрылар жайым жоқ екен бұған. Соны сүйеді екем».
XIII
Көрер көзге нағыз суық, парықты адам көрінген осы Алексей
Александровичтің жалпы мінез бітіміне қайшы жатқан бір осалдығы барын
ең жақын адамдарынан өзге ешкім де білмейтін. Алексей Александрович
не баланың, не əйелдің жас төккенін жайбарақат көріп, тыңдап отыра
алмайтын. Көз жасын көрсе-ақ есі шығып, ой ойлау қабілетінен мүлде
айрылып қалатын. Кеңсе басқарушысы мен секретары екеуі сол жайын
білгендіктен, істеріңізді бүлдіріп алайын демесеңіздер, жылай көрмеңіз деп
арызшы əйелдерге зыр ете түсетін. «Ашуланып қалған соң, сөздеріңізді
тыңдамайды», — дейтін олар. Алексей Александровичтің көз жастан көңілі
босағаны, ондайда шынында да, шыйыршық атқан ашуынан білінетін.
«Істер лажым жоқ, лажым. Аулақ жүруіңізді сұрайым, аулақ», — дейтін
ондайда ақыра сөйлеп.
Бəйгеден қайтқан жолда Анна өзіне Вронскийге деген ілтипатын айтып,
соның соңынан бетін қолымен баса жылап жіберген кезде, Алексей
Александрович, Анна өзін құса қылып отырса да, көз жасы дегендегі
қашанғы əдетінше, көңілі босағанын сол сəттің өзінде де сезе кеткен-ді.
Соны да, сол минутта ол, өз сезімін таныту дəрежесіне жараспайтынын да
білген соң, бойында тіршілік қалпы барын шалдырмасқа тырысып, сол
үшін қозғалмай да, қарамай да қойған Аннаға. Жүзіндегі сол оғаш сұлық
əлпеті де содан пайда болып, Аннаны қатты таңырқатып жіберген.
Екеуі үй қасына келген соң, Аннаны күймеден түсіре, өзін өзі күштей,
дағдылы сынық мінезіне сала, соған қоштасқан күйі, өз басына келер-кетер
түгі жоқ сөздерін де айтқан-ды; байлауымды ертең хабарлармын деген
оған.
Алексей Александровичтің жаман күдіктерін əйелінің сөзі расқа
шығаруы жүрегін қатты тіліп те жіберді. Ол жарасын, əйелінің көз жасын
сырттай аяған бір оғаш сезім жамалып, одан бетер күшейтті. Алексей
Александрович бірақ, күймеде оңаша қалған соң, сол аяныштан, соңғы
кезде өзін қатты қыйнаған сол күдіктер мен қызғаныш күйігінен мүлде
құтылғанын сезіп, таңырқап та, қуанып та кетті.
Ұзақ ауырған тісін жұлдырып тастаған адамның сезіміндей бір сезімге
келді өзі. Жағынан бір зар илете ауыртып, басының өзінен де зор, үлкен
бірдеңені суырып алғанын сезген ауру адам, жаны тынғанына əлі де сене
қоймағанмен, тіршілігін соғұрлы ұзақ шырмап, бар ойы сол болған бейнеті
енді жоқ, тағы да тіршілік етіп, тісімнен өзгені де ойлап, өзгеге де ден
қоюға жарадым деген сезімге қалт келе кетеді. Алексей Александрович те
сол сезімге келді. Ауруы əрі оғаш, əрі қатты болғанмен, қазір айығып та
кетті; тағы да тіршілік етіп, əйелімнен өзгені де ойлайтын болдым деген
сезімге келді өзі.
«Ар да, жүрек те, дін де жоқ, бұзылып кеткен əйел! Соны аяп, өзімді
өзім алдамақ болғанмен, онысын ылғый біліп те, көріп те жүретінмін», —
деді ішінен. Шынында да, соны ылғый көріп жүрген тəрізденді өзі; бұрын
өзіне жаман ол-пұлы жоқ сықылды көрінетін өткен өмірлерінің жайжапсарын да есіне түсірді, — қазір сол жай-жапсары ол өмірдің біржола
бұзылған өмір екенін де айқын көрсетіп тұр. «Өмірімді сонымен жалғап
жаңылысқан екем; бірақ жаңылысымда жаман түк те жоқ менің, олай
болса, бақытсыз болар жайым жəне жоқ. Жазықты мен емес, сол, — деді
ішінен. — Бірақ шаруам жоқ онда. Мен үшін жоқ кісі ол...»
Анна душар болар нəрсеге баласы да душар боп, Анна сықылды оған
деген сезімдері де өзгеріп, қаперіне алмайтын боп кеткен өзі. Алайда,
көңілін қəзіргі ұялаған мəселе, Аннаның, өз құлдырауымен қоса жағып
кеткен сол батпағынан, өз басыма қайтсем аса жайлы, сыпайы, қолайлы
етіп арылар екем, олай болса, қайтсем аса əділ келер екем, талмай қызмет
ететін пайдалы, пак өмірімнің жолымен қайтсем тарта берер екем деген
мəселе болды.
«Сұрқыя əйел қылмыс істеді екен деп бақытсыз болар жайым жоқ
менің; мен тек сол душар етіп отырған ауыр ахуалымнан құтылатын ең
жайлы жолды ғана табуым керек. Табамын да оны, — деді ол ішінен,
барған сайын түнере түсіп. — Бас-аяғы мен ғана емеспін». Содан, тарихи
мысалдарды айтпағанның өзінде, жұрт біткеннің есінен шыға қоймаған
Менелайдың Аяулы Еленасынан бастап, жоғарғы қауымдағы əйелдердің
күйеулеріне істеген қазіргі опасыздықтарының талай-талайлары-ақ
Алексей Александрович қыялында самсап көріне де кетті. «Дарьялов,
Полтавский, Карибанов князь, Паскудин граф, Драм... Я, Драм да бар...
сондай адал, іскер адам өзі... Семенов, Чагин, Сигонин, — деді Алексей
Александрович есіне түсіріп. — Осы адамдарға, мəселен, қайдағы бір
орынсыз redicule 53 тап болып қалса-ақ, өз басым содан бақытсыздықтан
өзге өмірі ешнəрсе көрмейтім де, сол бақытсыздыққа ылғый қоса
қамығатынмын», — деді Алексей Александрович ішінен, онысы бекер
болғанмен, өзі əрі ол сықылды опасыздыққа өмірі қоса қамықпайтын да,
өзін өзі неғұрлым жоғары бағалаған сайын, күйеулеріне опасыздық істеген
əйелдер мысалы да соғұрлым қалыңдай беретін. «Бұл өзі əркімдер-ақ
душар болатын бақытсыздық бір. Сол бақытсыздыққа өзім де душар боп
отырмын. Əңгіме тек осы ахуалға қайтсем жақсырақ төтеп берем дегенде
болып отыр». Содан ол, өзіне ұқсап осы сықылды ахуалға түскен
адамдардың əрекет түрлерін де ақтарыстыра бастады.
«Дарьялов дуэльге шыққан еді...»
Алексей Александрович қарулылық жағынан жалтаң адам болатын да,
соны жақсы білген соң, дуэль деген жас күнінен-ақ көңілін тым қобалжыта
беретін. Алексей Александрович өзіне оқталған пистолет жайын ойласа-ақ
шошып кететін де, өмірінде мылтық атаулыны қолданбайтын əсте. Сол
қорқыныш дуэль жайын жас шағынан-ақ жиі ойлатып, өмірін қатерге
тосатын сол ахуалды өз бойына өлшей де беретін. Өмірде жолы боп,
орнықты дəрежеге жеткелі ол сезімін өзі əлдеқашан ұмытып та кеткен;
бірақ үйреніскен сезімі ырқына қоймай, су жүректігінен қазірде де қатты
қорыққан соң, Алексей Александрович ізнар атыспасын алдын ала біліп
отырып-ақ, дуэль жайындағы мəселені жан-жағынан ұзақ ойластырып,
көңілінше көп жүйеледі.
«Күмəн жоқ, біздің қоғам деген (Англия қоғамындай емес) əлі де сонша
тағы жатыр өзі, көптеген адамдар-ақ, — деп Алексей Александрович,
пікірлерін қатты қадірлейтін адамдарын да сол көптің ішіне қосып қойды,
— дуэльге жақсы қарайды. Бірақ нəтижесі не боп шықпақ десеңші?
Дуэльге шақыра-ақ қояйын, — деді Алексей Александрович ішінен,
шақырған соң өткізетін түні мен өзіне оқталған пистолетті елестете береақ, селк ете түскен күйі, өмірі оған баспайтынын да түсіне кетіп, — дуэльге
шақыра-ақ қояйын оны. Өзімді де үйретсін делік, — деді ойын жалған, —
орын-орнымызға қойсын, серіппені басайын, — деді ішінен, көзін жұма
сөйлеп, — оны мен өлтірген-ақ боп шығайын, — деп Алексей
Александрович ішінен айтқан күйі, сол есуастық ойды серіпкелі басын да
сілкіп қойды. — Бұзақы əйелім мен балама деген ілтипатымды анықтау
үшін адам өлтірудің не мəні бар? Əйеліме істейтін амалымды да шешуім
керек менің. Бірақ не өзім өліп, не жаралы болуым кəдігірек те, күмəнсіз де
нəрсе. Жазықсыз адам бола тұрып-ақ, не өліп, не жараланып — құрбан
болуым кəдік. Одан да сорақы бұл. Тіпті ол олма: мен тараптан дуэльге
шақыру деген адалдық та емес. Достарым өзімді дуэльге өмірі
жібермейтінін де — Россияға керекті, мемлекеттік адамның өмірі қатерге
түсуіне жол бермейтінін де күн ілгері біліп отырғам жоқ па өзім? Онда не
боп шықпақ? Онда, əңгіменің қатер шегіне жетпейтінін күн ілгері өзім біле
тұрып, сол шақыру арқылы өзіме өзім құр кейбір жалған атақ жамағым
келгені боп шықпақ. Адалдық емес ол, алдамыш нəрсе, өзіңді де, өзгені де
алдағандық құр. Дуэль қыйсыны келмейді де, оны ешкім күтпейді де
менен. Менің мақсатым — тіршілік-қарекетімді қырсықсыз істей беруіме
керекті есемнен айрылмауда жатыр». Алексей Александровичке маңызы
бұрын да үлкен көрінетін қызмет бабы қазір əлдеқайда маңызды тартып
кетті.
Алексей Александрович дуэльді салмақтай келе, қош кермеген соң, өзі
ойлаған кейбір еркектер істеген өзге жайға — бас ашy жағына қарай
ойысты. Алексей Александрович бас ашысқан белгілі жайларды есіне түгел
түсіре келіп (бас ашу деген өзі қанық білетін ең жоғарғы қоғамда да өте көп
болатын), бас ашу мақсаты өз ойындағыдай боп шыққан бірде-бірін
таппады. Сол бас ашудың қай-қайсысында болсын, опасыз жарын күйеуі не
қыйып, не сатып кететін де, кінасы болғандықтан неке қыйысуға қақы жоқ
жағы жаңа күйеуіне заңды қосылды-мыс деген жалған ырымын жасап,
қосыла салатын. Алексей Александрович өз жайына келгенде, бас ашуды
заңға жүгіне, яғни айыпты əйелін теріске шығара ашудың орайы жоқ екенін
айқын көрді. Əйел қылмысын ашуда заң талап ететін өрескел дəлелдерді
айтуға өзі жүрген өмірдің қыйын жағдайы да жол бермейтінін қоса
аңғарды; ол дəлелдерді жұмсауға сол өмірдің белгілі қыспақ жолы да дес
бермейтінін көріп отыр, ол дəлелдер болған күнде де, соларды жұмсау
деген қоғам ішінде Аннадан гөрі өз беделін көбірек түсіреді.
Бас ашу жағына бару деген тек сот шыршуына соғар еді де, өсекке
таңып, қауымдағы мəртебелі дəрежесін кеміткелі жүрген жауларына олжа
да болған болар еді. Жай-күйімді — зықым кетпей-ақ — анықтасам деген
басты мақсаты бас ашу арқылы да қолға түспес жаққа шықты. Оның үстіне,
бас ашқанда, тіпті бас ашам деудің өзінде-ақ, əйелі күйеуімен қатнасын
дереу үзіп, ашынасына қосыла кетуі де айқын еді. Алексей Александрович
болса, өз байқауынша, қазір əйелінен безініп, селқос тарта тұрса да, соған
деген қатынас жөнінен көңілінде соның Вронскийге бөгетсіз қосылып, өз
қылмысы өзіне ұтымды боп шықпаса екен деген жалғыз ғана сезім қалып
еді. Сол жалғыз ойдың өзі-ақ Алексей Александровичті соғұрлы
шыйрықтырғандықтан, соны құр елестетсе болды, ішкі күйіктен күйзеле
ыңыранып, түрегелген күйі, күйме ішінде ауыса отырып, содан соң
қабағын қарс жаба, ыңыршақ, тоңғақ аяғын түбіт шəліге ұзақ орап əурелене
де берді.
«Ресми бас ашудан өзге тағы да Карибанов, Паскудің, əлгі анау
мейірбан Драм сықылды амал істеуге де, яғни əйеліңнен бөліне салуға да
болады», — деді, баяуқыраған соң, ойлана сөйлеп; бірақ бұл шара да бас
ашу үстіндегі сол қолайсыз масқараға соғады екен, ең бастысы — ресми
бас ашу сықылды бұ да, əйелін Вронский құшағына бере салады екен. «Жожоқ, орайы келмейді оның! — деді, шəліні орауға тағы да кірісіп, əңгірлей
сөйлеп. — Бақытсыз болар жайым жоқ менің, ол екеуінің де бақытты болар
жөні жоқ əрі».
Жайы белгісіз шақта қыйнаған қызғаныш сезімі, əйелінің сөзі тісін
ауырта жұлып алған сəтте-ақ, басыла кеткен болатын. Бірақ ол сезімнің
орнын: əйелім құр масайрап жүрмей, қылмысы үшін сазайын да тартса
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 23
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.