Latin Common Turkic

Анна Каренина - 32

Total number of words is 4163
Total number of unique words is 1971
37.3 of words are in the 2000 most common words
51.9 of words are in the 5000 most common words
58.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
берген жауабыңыз: əсте дегеніңіз бе еді, сол кездегіңіз бе еді, əлде?» деген
сөз еді. Мұндай шытырман сөйлемді Кити түсіне қояды деген де ешбір
дəме жоқ еді; Левин бірақ оған: бар өмірім осы сөздерді түсіну,
түсінбеуіңізге байланысты боп тұр деген əлпетпен қарады.
Кити де Левинге шындай қарап, содан соң қабағын түйе, маңдайын
таяна отырып, оқый бастады. «Осы ойым дұрыс па екен?» — дегенді
көзбен сұрап, оқта-текте Левинге де қарай түсіп қояды.
— Түсіндім, — деді Кити қызарып кетіп.
— Мынау не сөз? — деді Левин, əсте деген сөзді мегзеген ə əрпін
көрсетіп.
— Əсте деген сөз оныңыз, — деді Кити, — бекер сөз бірақ!
Левин жазуды тез сүртіп, борды Китиге берді де, түрегелді. Кити: о, к,
б, а, ж, ж, е,— деген бас əріптерді жазды.
Қолына бор ұстап, жоғары Левинге қараған күйі, жүрексіне, бақытқа
баи күліп отырған Кити мен көзі жалтылдай, біресе столға, біресе Китиге
қадала, стол үстіне төніп тұрған Левиннің сұлу кескінін көрген соң,
Алексей Александровичпен арадағы əңгімеге қайғырған Долли көңілі де
жұбанып сала берді. Левин де жазуды түсініп, қапелімде құлпырып қоя
берді. «Ол кезде басқаша айтар жайым жоқ еді», — деген сөз екен онысы.
Левин Китиге жай сұраған кісіше, жүрексіне қарады.
— Тек сол кездегіңіз бе еді?
— Я, — деді Китидің күлкісі.
— Қ-қ... Қазіргіңіз ші? — деді ол.
— Мінеки, оқыңыз. Қалағанымды айтам мен. Қатты қалар едім де
соны! — Кити: б, н, ұ, к, д, е, — деген бас əріптерді жазып шықты. Онысы:
«болған нəрсені ұмытып, кешіріңіз дер едім»,— деген сөз еді.
Левин борды саусақтары дірілдей, бүре ұстаған күйі, жəркішектеп
сындырды да: «ұмытар, кешірер ештеңем де жоқ, өзіңізді сүйгенім —
сүйген сол», — деген сөздердің бас əріптерін жазып шықты.
Кити Левинге күлімсіреген күйі жалт қарады.
— Түсіндім, — деді Кити күбірлеп.
Левин отыра қала ұзын сөйлем жазды. Кити: осылай ма еді? — деп
сұрау да бермей, түгел түсініп, борды алды да дереу жауап берді.
Левин Кити жазған сөзді көпке дейін түсіне алмай, əлсін-əлі қарай да
берді өзіне. Бақытқа елтіп, көзі мұнартып та кетті. Кити мегзеген сөзді,
Левин тіпті жаза алмай да қойды; бірақ Китидің бақытқа бай нұр жайнаған
əсем көзінен, Левин білуге керекті нəрселерін түгел түсінді. Сөйтіп ол үш
əріп жазды. Левин бірақ жазып болмай-ақ, Кити қолының қалқасынан
онысын да оқып шығып, өзі аяқтады да: Я деген жауап жазды.
— Secretaire ойнап отырсыңдар ма? — деді қарт князь қастарына келіп.
— Дегенмен, театрға үлгірем деген ойын, болса, жүрсек дейім.
Левин түрегеліп, Китиді есік алдына дейін шығарып салды.
Екеуінің əңгімесінде бəрі де түгел айтылды; Китидің Левинді сүйетіні
де, əке-шешесіне айтатыны да, ертең таңертең Левиннің баратыны да тегіс
айтылды.
ХІV
Кити аттанып, Левин жалғыз қалған соң, ертең соны тағы да керіп,
біржола қосылатын сəтке тезірек жетсем екен деп, тағаты қалмай, ынтығы
құрый тықыршып тұрғанын сезіп, Китисіз өткізетін осынау он төрт
сағаттан зəресі ұша қорықты. Оңаша болмай, уақытша алдана тұру үшін
біреу-міреумен бірге боп, сөйлесуі де қажет көрінді өзіне. Сөйлесіп көңіл
ашатын ең жақсы серік Степан Аркадьич болғандай еді, бірақ шынында
балет жаққа барғалы тұрып, сауық-кешіне барам деп тайып кетті ол. Левин
тек: бақытқа байыттың, жақсы көрем сені, істеген жақсылығыңды өмірғұмырымша ұмытпаймын дегенді ғана айтып қалды оған. Степан
Аркадьичтің Левинге қараған көзқарасы мен күлкісі: ол сезіміңді əбден
түсініп тұрмын дегенді көрсетті.
— Немене, өлмес жаққа шықтың ба? — деді Степан Аркадьич,
Левиннің қолын құшырлана қысып.
— Жжжоқ, — деді Левин.
Дарья Александровна да Левинмен қоштаса тұрып:
— Китимен қайта табысқаныңызға қандай қуандым десеңізші, байырғы
достықты бағалай білу керек, — деді құттықтағандай болып.
Дарья Александровнаның ол сөздері Левинге жайсыз тиді бірақ. Сол
жайдың бəрі бір ақылы шалмас, асқар шың екенін түсіне алмайтын болған
соң, Доллидың соны ауызға алмай, жайына отыруы да керек еді. Левин
солармен қоштасқан соң, жалғыз қалмайын деген оймен, ағасына барып
қосылды.
— Сен қайда барасың?
— Мəжіліске барам.
— Мен де барам ендеше. Баруға болады ғой?
— Неге болмасын? Жүр барайық, — деді Сергей Иванович күлімсіреп.
— Бүгін не боп жүр өзіңе?
— Маған ба? Басыма бақыт қонып тұр! — деді Левин, мінген
күймелерінің терезесін төмен түсіріп жіберіп. — Ештеңе етпей ме саған?
Əйтпесе тіпті қапырық боп кетті. Басым бақытқа жетіп тұр! Сен осы, өмірі
неге үйленбегенсің?
Сергей Иванович жымыя күлді.
— Өте қуанып отырмын, аяулы қ... ғой дейім өзі, — дей берді Сергей
Иванович.
— Жо-жоқ, айтпа, айтпа! — деді Левин сапылдап, ағасының ішігінің
жағасынан қос қолдай ұстап, қаусырындырып жатып. «Аяулы қыз екен
өзі», деген сөз Левин сезіміне тіпті үйлеспейтін, қарапайым, қалпынан
аумайтын сондай сөз болатын бір.
Сергей Иванович бір, сирек мінезге сала, мəз бола күлді.
— Дегенмен де, соған қатты қуандым деуіме болады.
— Оны ертең айт, ертең, өзге түк те жоқ! Түк жоқ, үндеме! — деп
Левин, ағасының ішігін тағы да қаусырындырып: — Өте жақсы көрем
өзіңді! — дегенді қосып қойды. — Немене, мəжілістеріңде болуға бола ма
маған?
— Əрине болады.
— Бүгінгі сөздерің не жайында еді? — деп сұрады Левин, күлімсіреген
күйі.
Екеуі мəжіліс үстіне келді. Левин протокол оқыған секретарьдың, соны
өзі, сірə, түсінбеген соң да, сүріне қабына тұрып оқыған оқысын тыңдап
шықты. Левин бірақ секратарьдың жүзіне қарай отырып, сүйкімді,
мейрімді, аяулы адам екенін де көре отырды. Ол жайы протокол
оқығандағы жаңылу, қысылуынан да шалынып тұр. Содан сөз де сөйлене
бастады. Өздері бір сомалар бөлу, кернейлер салу жайында керісіп, Сергей
Иванович екі мүшені ықсыратқан соң, біртүрлі мардамсый ұзақ тұрып
сөйледі; екінші бір мүше де қағазға əлденелер түртіп алып, басында,
жүрексінгенмен, соңынан майдалай тұрып, батыра жауап қайырды оған.
Одан соң Свияжский де (о да сонда екен) əлденені өте жатық, жарасымды
етіп айтып шықты. Левин соларды тыңдай отыра, бөлінетін жаңағы сома
да, салынатын керней де — ештеңе де жоқ, өздері тіпті ашу да
шақырыспай, түгел бір сондай мейрімді, аяулы адамдар болған соң,
араларындағы сол жайдың бəрі де соғұрлы жақсы, биязы шығып жатқанын
да айқын аңғарды. Өздері жан адамға зарарын тигізбей, жұрт біткенге
жайлы да келіп отыр. Левинге ең бір тамаша жері: бүгін өзіне солардың
бəрі де сыр-сыпасымен түгел көрініп, бұрын көзге шалынбайтын кішкентай
белгілері арқылы əрқайсысының жан-дүниесін танып, түгел бір мейрімді,
аяулы адамдар екенін айқын көргені болды. Соның бəрі де Левинді бүгін
елден ерекше өте-мөте жақсы көріп кеткен. Ол жайлары Левинмен
сөйлескен сөздерінен де, тіпті бейтаныс адамдардың да Левинге түгел
елжірей, сүйе қараған қарастарынан көрініп тұр.
— Немене, риза болдың ба?—деп сұрады Сергей Иванович одан.
— Əбден. Мұндай қызық болады дегенді тіпті ойлаған да жоқ едім!
Аяулы, тамаша нəрсе екен!
Левин қасына Свияжский келіп, үйінен шай ішуге шақырды. Левин
Свияжскийге несіне наразы боп, не қалап тұрғанын тіпті түсіне алмау
үстіне, есіне түсіре де алмай қойды. Свияжский де ересен мейрімді,
ақылды адам екен бір.
— Мақұл, барайын, — деді де Левин, əйелі мен балдызының жайын
сұрады... Содан Свияжскийдің балдызы жайында өз қыялынша некемен
астасып жататын ойы қазіргі ойына кеп, біртүрлі қызық тоғыса кеткен соң,
бақытқа батқан жайымды соның əйелі мен балдызындай шешіле айтар кісі
бола қоймас деген оймен, солардікіне баратын болғанына қатты қуанды өзі.
Свияжский Левиннен деревнядағы жұмысының жайын сұрастырғанда,
Европада жоқ бірдеңелер табудың ешбір орайы бола қоймас деген ойда
отырғанмен, онысының қазір Левинге де жайсыз ештеңесі болған жоқ.
Қайта, Свияжский сөзі оң сөз, осы істеп жүргендерімнің бəрі де бір құрдым
нəрсе деген сезімге келіп, Свияжскийдің өз əділдігін айтудан тайқай
беретін ғажайып биязы сынықтығын да көре отырды. Свияжский үйіндегі
əйелдер де ерекше сүйкімді əйелдер болып шықты. Солар өзі бəрін біліп,
қостап отырғанмен де, тек тартымдылық істеп айтпай отырған сықылды
көрінді Левинге. Сол үйде өзі алуан əңгімелер айтып, екі-үш сағат
отырғанмен, жан-дүниесін жайлаған жалғыз ғана нəрсені мегзеймін деп,
соларды тіпті ығыр қылып, əлдеқашан жатқылары келіп отырғанын да
аңғарған жоқ. Свияжский көңілдесін ауыз үйге шығарып салғанда, есінеген
күйі, соның бүгінгі оғаш ахуалына таңырқай да жүрді. Сағат екіге кетіпті.
Левин қонақ үйге келген соң, əлі де қалып тұрған он сағат уақытты осы
тағатсыздықпен отырып, қазір қайтіп жалғыз өткізем деген ойдан шошып
та кетті. Ояу отырған күзетші малай, шам жаққан соң кетейін деп еді,
Левин бірақ жібермеді. Левин бұрын байқамайтын осы Егор малай да өте
ақылды, жақсы, ең абзалы мейрімді адам болып шықты.
— Немене, Егор, ұйқтамау қыйын ба екен?
— Қайтер дейсіз! Қызметіміз сол ғой біздің. Мырзалар жаны тынышрақ
та, оған орай мұнда есеп жағы көп.
Егордың семьясы, үш ұл, бір тігінші қызы бар екен де, ол қызын қайыс
бұйым дүкеніндегі приказшіге бергелі жүр екен.
Левин бұ жөнде неке мəселесіндегі басты нəрсе махаббат жағы да,
махаббат барда бақытты да боласың, неге десең бақыт деген тек өз
басыңдағы нəрсе деген пікір айтты Егорға.
Егор өзі Левин пікірін ден қоя тыңдап, əбден түсінгендей болғанмен,
соны растағалы жақсы мырзалар қолында жүргенде, мырзаларыма қашан
болсын риза болып жүруші едім, қазіргі қожайыныма да, француз
болғанымен, əбден ризамын деп, Левин бір күтпеген тосын сөз айтты.
«Керемет мейрімді адам», — деп ойлады Левин.
— Қош, сен өзің қашан үйленіп едің, Егор, əйеліңді сүйіп алып па едің?
— Сүймегендеше,— деді Егор.
Содан, Левин Егордың да делебесі қозып, көңіліндегі жан сырын
шертсем екен деп отырғанын аңлай кетті.
— Менің өмірім де бір ғажайып өмір. Жасымнан-ақ...— деді ол, біреу
есінесе қосыла есінейтін əдетке сала, Левиннің шаттығы жұғып кеткендей,
көзі жайнай сөйлеп.
Осы кезде бірақ қоңырау шылдыры естілді; Егор кетті де, Левин жалғыз
қалды. Ac үстінде де өзі жөнді ештеңе ішпей, Свияжскийдікінде де шай
мен кешкі ас ішуге көнбегенімен, тамақ ойлар жайы да болған жоқ. Өткен
түні ұйқтамағанымен, ұйқыны да ойлай алмады. Бөлме ауасы қоңыр
салқын болса да, қапалай берді өзі. Екі желдеткіштің екеуін де ашып
тастап, соның тұсындағы стол қасына кеп отырды. Қар басқан үй
төбелерінен ары шынжырлы əшекей крес пен одан жоғары таман Сүмбілесі
сарғая жарқырап, жылжый өрлеген үш тағанды Үркер шоғыры көрінеді.
Левин біресе креске, біресе жұлдызға қараған күйі, бөлмеге біркелкі ағыла
кірген суық таза ауаны сіміре, қыялындағы бейнелер мен суреттерді
түсінде көрген кісіше, қадағалап отыр. Сағат төртке қарай кеткенде
коридордан аяқ дыбысы шалынып, Левин есіктен қылтыя қарады. Клубтан
қайтқан Мяскин дейтін танысы екен ол. Мяскин тұнжырай салбырап,
жөтеле басып келеді екен. «Бақытсыз сорлы!» деп ойласымен, сол адамды
жақсы көріп, жаны ашығандықтан, Левин көзіне жасы да іркіле кетті.
Сонымен сөйлесіп жұбатқысы да келді оны; бірақ жалаңқабат жейдешең
екені есіне түсіп, ойынан қайтты да, тым-тырыс тұрғанмен, өз басына терең
мəнді көрінген, түр-тұрпаты ғажайып крес пен сарғая жарқырап, шарықтай
өрлеген жұлдызға қарап, салқын ауаға тоғыла түскелі желдеткіш өтіне тағы
да кеп отырды. Сағат жетіге кеткен кезде еден сүртушілер дуылдап,
қайдағы бір қызметке шақырған қоңыраулар соғылып, Левин де тоңа
бастағанын сезейін деді. Желдеткіштерді жауып, жуынып, киініп алды да
көшеге шықты.
ХV
Көшелер əлі де бос екен. Левин Щербаикийлер үйіне қарай беттеді.
Сыртқы есіктері жабық, түгел ұйқтап жатыр екен. Левий қайта оралып,
нөмеріне кірген соң, кофе əкелуін сұрады. Егор жоқ екен, кофені күндіз
істейтін малай əкелді. Левин сонымен де сөйлесейін деп еді, бірақ малайға
қоңырау соққан соң, кетіп қалады ол. Левин кофесін ішіп, аузына қалаш
салайын деп еді, аузы бірақ қалашқа жуыспай да қойды. Қалашты түкіріп
тастап, пальтосын киді де, қыдырайын деп тағы да жөнелді. Левин
Щербацкийлер есігінің алдына екінші рет келгенде, сағат онға қарай кеткен
болатын. Үйдегілер жаңа ғана түрегеліп, аспазшы тамақ əкелуге кетіп
барады екен. Кем дегенде тағы да екі сағат шыдау керек болды.
Осы түн мен осы ертеңгілікте Левин мүлде сезімсіз тіршілік етіп,
заттық дүние жағдайларынан өзін өзі мүлде ада боп қалған адамдай сезінді.
Күн ұзын ас ішпей, екі түн ұйқтамай, аязда бірнеше сағат жейдешең
отырғанда, өзін өзі бұрын-соңды болмаған бір жасаң, сау-сəлемет адамша
сезгені былай тұрсын, тіпті денесіне түк байланысы жоқ адамша сезінді:
қозғалғанда көк еттерін шіремей-ақ қозғалып, істеймін дегендерін де түгел
істей беретіндей көрді. Керек болса, көкке де ұшып, үйдің, бұрышын
көшіріп қондырар едім деп те ойлады. Өзге уақыттың бəрінде көше
қыдырып, сағатына дамылсыз қарап, жан-жағына жалтақтаумен болды.
Сонда көрген дүниені соңынан қайтып көрген жоқ өзі. Əсіресе мектепке
тартқан балалар, үй төбелерінен тротуарға қонып жатқан көгілдір
көгершіндер, ұны шаңыта, көрінбес қолдар қалап жатқан сайкалар Левин
көңілін босатып та жіберді. Сол сайка, сол көгершін, сол екі бала жер
бетінде бір жоқ бітімдер екен. Бəрі бір мезгілде ұшырады соның:
көгершінге жүгіре жеткен бала Левинге күлімсірей қарады; көгершін,
қанаты сатыр етіп, күнге шағылыса, ауада ұшқындаған қар қылауын аралай
ұша жөнелді, үй терезесінен піскен нан иісі аңқып, сайкалар қаланып
жатыр. Соның бəрі қосыла келіп, төтенше бір жақсы нəрсе болған соң,
Левин күліп жіберіп, қуанған көзінен жасы да шығып кетті. Газеттер мүйісі
мен Кисловканы кеңінен орай, қонақ үйге тағы да келіп, сағатын алдына
қоя, он екі болуын күтіп қайта отырды ол. Көрші нөмердегілер машиналар
мен алдампаздық жайында əлденелер сөйлесіп, таңертеңгі дағдыша
жөтелісіп қояды. Сағат тілі он екіге таянғанын аңғарған жоқ олар. Сағат
тілі он екіге де жетті. Левин есік алдына шықты. Арбакештер түгел білетін
тəрізді екен. Өзара керілдесе, əрқайсысы өз көлігін ұсына, жүздері
масайрай жайнап, Левинді қоршай кетісті. Левин өзгелерін де ренжітпейін
деген оймен, олармен де жүруге уəде беріп, бір арбакешті алды да,
Щербацкийлердікіне тарт деп бұйырды. Қаны сыртқа тепкен қып-қызыл
күдіс мойнына көйлегінің ақ жағасын шапанынан шығара, шымқай
түймеленген арбакеш те бір əсем адам екен. Ол арбакештің шанасы да бір,
Левин соңынан қайтып мінбеген соғұрлы ыңғайлы, биік шана боп шықты,
аяғын баспағаны болмаса, аты да бір атырылып тұрған, сəйгүлік ат екен.
Арбакеш Щербацкий үйін біледі екен де, Левинге ерекше ізет көрсете,
делбені дөңгеленте ұстаған күйі «дбру» деді де, есік алдына əкеп түсірді.
Щербацкийлер швейцарының да түгел біліп тұрған түрі бар екен. Ол жайы
оның жымыя күлген күлкісімен:
— Көптен бері болмадыңыз ғой, Константин Дмитрии! — деген сөзінен
көрініп тұр.
Ол өзі түгел білу үстіне, қуанышы қойнына сыймай, сол қуанышын
білдірмеуге тырысып та тұрған сықылды. Левин соның сүйкімді көне
көзіне қарап, бақытына тіпті тағы да бір жаңа нəрсе жамалғанын түсіне
кетті.
— Тұрды ма екен?
— Кіре беріңіз! Жоқ, осында-ақ қойыңыз, — деді швейцар, күлімсіреп,
Левин баскиімін алғалы қайта оралған соң. Онысы да бірдеңені білдіре
кетті:
— Кімге хабарла дейсіз? — деп сұрады малай.
Малай өзі əрі жас, əрі қырымпоз жаңа малай болғанмен, өте мейрімді
жақсы адам екен де, бəрін түгел біліп тұр екен.
— Княгиняға... князьға... княжняға... — дей берді Левин.
Левиинің алғаш көрген адамы mademoiselle Linon болды. Шашы мен
жүзі құйылыса жайнап, залды аралай өтіп барады екен ол. Левин сонымен
тіл қатыса берісімен-ақ, есіктің іш жағынан қапелімде көйлек сыбдыры
шалынып, mademoiselle Linon Левин көзіне көрінбей де қалып, бақыты
таянғанға үрейі ұша қуанып та кетті. Mademoiselle Linon Левинді тастай
бере, екінші есікке қарай, асыға жөнелді. Сол шығысымен-ақ, паркетте
жеп-жеңіл шапшаң басқан аяқ дыбысы шалынып, Левиннің сонша ұзақ,
аңсай қалап, сарыла іздеген бақыты мен өмірі, өз басынан сона ғұрлым
артық көрген өзі де — қасына тез жақындап қалды. Кити, аяғы жерге
тимей, көз шалмас бір күшпен зымырай ұшып келеді екен.
Левин өз жүрегін кернеген махаббатқа оның да үрейі ұша қуанған,
алдау білмес, нұрлы көзін ғана көріп тұр. Сол бір коядер Левинді махаббат
сəулесімен тамылжый шарпып, жап-жақын келіп те қалды. Кити Левиннің
дəл қасына жанаса кеп тоқтады. Қолын да көтеріп, Левиннің иығына арта
салды əкеліп.
Өз мұрсасы жеткеннен аянған жоқ ол, — жүгіре жетіп, жүрексіне,
қуана, құшағына түгел беріле кетті оның. Левин де шап құшақтап, сүюге
ынтық аузына ернін төсеп, еңсей жабысты.
О да түні бойы ұйқтамай, таң атқалы күтіп отыр екен өзін. Əке-шешесі
де қайт етпей қостап, бақытына қоса жырғасыпты. Левинді күтіпті Кити.
Өздерінің бақытын Левинге алдымен өзі айтқысы келіпті. Соған жалғыз
жолығуға қам ойлап, сол ойына қуана, əрі жүрексініп, əрі ұялып, не істеп
жүргенін де білмепті. Левиннің жүрген дыбысын, сөйлеген даусын естіп,
mademoiselle Linon кеткенше ішкі жақта күтіп тұрыпты. Mademoiselle
Linon кеткен соң, қалай болмақ, не істеймін дегенді де қабырғасына
кеңеспей, Левинге келген күйі, істегені əлгі болды оның.
— Мамама барайық! — деді ол, Левиннің қолынан алып. Левин кепке
дейін ештеңе айта алмады, айта алмағанда, шалқып тұрған сезімін сөз
кірлетер дегендіктен емес, бірдеңе дейін десе-ақ, сөз орнына əрдайым
бақыт жасы төгіліп кеткелі тұрғанын сезгендіктен айта алмады. Китидің
қолын алып, соны сүйді.
— Шын-ақ па екен осымыз? — деді ол ақыры, даусы көмескі шығып. —
Өзімді сен сүйеді дегенге сене алмай тұрмын!
Ол «сеніне», өзіне қараған Левинше, Кити де жүрексіне күлімсіреді.
— Шын! — деді ол мағналы пішінмен, баяу сөйлеп.
Кити, Левин қолынан алған күйі, қонақ үйге кеп кірді.
Княгиня екеуін көрген соң, алқына тыныстап, жылап та, күліп те
жіберіп, Левин бір күтпеген қунақ жүріспен, қасына жетіп келген күйі,
басынан құша тұрып сүйгенде, Левин бетіне жасы да тиіп-тиіп кетті.
— Көңіл жайғасты деген осы! Қуаныштымын, Китиді жақсы көр.
Қуаныштымын... Кити!
— Тез табыстыңдар-ау! — деді қарт князь, жайбарақат көрінгісі келіп.
Левин бірақ, өзіне бұрылған кезде князьдің кезі де шыланып қалғанын
аңғара кетті.
— Қашан болсын, көптен қалағаным осы болатын менің! — деді ол,
Левиннің қолынан ұстай, өзіне қарай тартып. — Мына желөкпе қайдағыны
шығарып жүргенде-ақ, менің ойым...
— Папа! — деп Кити шыр етіп, аузын қолымен баса қойды оның.
— Жарайды, айтпай-ақ қояйын! — деді ол.— Өте-өте қуан... Қап! есуас
басым-ай...
Князь Китидің бетінен, қолынан сүйіп, бетінен қайыра тағы да сүйіп,
шоқындырып шықты.
Кити соның ет-жеңді қолын аймалай ұзақ сүйіп тұрғанын көрген соң,
бұрын өзіне жат адам боп шалынатын сол карт князьді жақын тұтқан бір
жаңа сезім Левинді де билеп əкетті.
ХVІ
Княгиня орындықта күлімсірей түсіп, үнсіз отыр; князь да соның
қасына кеп отырды. Кити əкесінің қолын əлі сол ұстаған күйі,
орындығының жанында тұр. Тым-тырыс бəрі.
Бірінші боп түгел сөзбен атап, бар ой, бар сезімін өмір мəселесіне
көшірген княгиня болды. Онысы алғашқы сəтте бəріне де түгел оғаш
көрініп, тіпті қатты да тиіп кетті.
— Қашан дер екеміз? Бата беріп, атауымыз керек қой. Тойың қашан
дейміз? Не ойың бар, Александр, сенің?
— Бұ жерде мынада тұр ғой билік, — деді қарт князь Левинді нұсқап.
— Қашан дейік? — деді Левин қызарып. — Ертең болсын. Маған
салсаңыздар, батаны бүгін беріп, ертең той жасау керек қой деп отырмын.
— Қой, mon сһеr, лақпай отыр өйтіп!
— Ендеше бір жетіден соң жасайық.
— Құдды есуастың сөзі.
— Жоқ, несі бар оның?
— Құдай жазбасын! — деді шешесі, сол дегбірі қашқанын қуаныш ете
күлімсіреп. — Жасауын қайтеміз?
«Жасау, ырым-сырым дегендер шын-ақ керек пе екен түге? — деді
Левин шошып кетіп. — Дегенмен де, сол жасау, бата, ырым-сырым
дегендер бақытыма кəкір келтіре қоя ма менің? Жоқ, түкте кəкір
келтірмейді!» Левин Китиге қарап, жасау деген сөзді көңіліне титтей ауыр
алмағанын да аңғара кетті. «Демек, керек болғаны ғой оның», — деп
ойлады Левин.
— Түк те білмеймін, ойымды айтқаным ғой əшейін, — деді ол, кешірім
өтініп.
— Былайша ақылдасқанымыз ғой. Бата беріп, атауымыз керек енді.
Солай ол.
Княгиня күйеуін келіп сүйген соң, кетуге ыңғайланды; күйеуі бірақ
жібере қоймай, ыстық-суығы басылмаған жас адамша құшақтап, елжірей
күлімсіреп, бірнеше қайтара сүйді. Кəриялар сəл уақыт шатасып кетіп,
ғашық боп отырған осы өзіміз бе, қызымыз ба дегенді де білмей қалған
сықылданды. Князь бен княгиня шыққан соң, Левин қалыңдығының
қасына келіп, қолын ұстады. Қазір өзі дəтін бекітіп, сөйлеуге де шарқы
келіп тұрған соң, Китиге көп нəрселер айтуы керек еді. Бірақ керекті
сөздерінен мүлде өзге нəрселер айтып кетті.
— Осының осылай боларын қалай білгем десеңші өзім! Өмірі үміт
еткен де жоқпын; бірақ ішімнен қашан болсын сеніп жүретінмін, — деді ол.
— Осының бұйрығы болғанына да сене берем өзім.
— Мен ше? — деді Кити. — Тіпті сол кезде-ақ... — Кити кідіре қалып,
алдау білмес көзін Левинге тайынбай тіккен күйі, тағы да сөйлеп кетті, —
тіпті сол, өз бақытымды өзім тепкен кезде-ақ ойым сол болатын. Қашан
болсын бір өзіңізді ғана сүйгенмен, көрсе қызарлық еткем. Айтайын
дегенім... Ұмытар ма екенсіз дейім соны?
— Жақсы жоралығы да болар оныңыз. Менің көп нəрсемді өзіңіз
кешіруіңіз керек, қайта. Сізге айтар нəрсем-ақ...
Китиге айтайын деп оқталған сөздерінің бірі болатын онысы. Китиге өзі
бірінші күннен бастап-ақ: өзіңіз сықылды пак кісі емеспін де, екіншіден,
дінге де сенбеймін деген екі нəрсе айтпақшы болатын. Соларды айту жағы
қыйнағанмен, екеуін де айтуым керек деп есептеген өзі.
— Жоқ, қазір қоя тұрып, соңыра-ақ айтайын! — деді ол.
— Жарайды, соңыра айтсаңыз, соңыра айтыңыз, бірақ айтпаушы
болмаңыз, əйтеуір. Қорқар түгім жоқ менің. Түгел білуім керек менің.
Болары болды енді.
Соз соңын Левин бітірді.
— Болды дегенде, қандай адам болсам, ондай адам болайын, қант
етпей, құп аласыз ғой мені? Сол ма?
— Сол, я.
Екеуінің əңгімесін mademoiselle Linon келіп бөліп кетті, ол болса,
көлгірсінгенмен де, елжірей күлімсіреп, сүйікті шəкіртін құттықтауға
келіпті. Ол шыққанша жалшы-малайлар да құттықтағалы сау ете түсті.
Содан соң ағайындары ағылып, қымғуыт думан басталып кетті де, сол
думаннан тойы өтер өткенше Левин де бас ала алған жоқ. Левин ылғый
құлазып, ебі қашып жүргенмен, бақыты да тасып, баурап əкетті өзін. Өз
басына түсетін, өзі білмейтін кəделер де көп екенін үздіксіз сезіп, сол
айтқандарын түгел істей жүре, соның бəрі бақытқа да байыта берді. Өзіне
қыз айттыратын құдалығын өзге құдалықтардан ала бөтен дара құдалық
көргендіктен, құдалық біткеннің үйреншікті жайлары басыма қонған
ерекше бақытыма кəкір келтірер ме екен деп те ойлады; бірақ ол ойы,
өзгелер істегенді өзі де істеп, бақыты онысына арта түспесе кемімей, қайта
бұрын-соңды теңі жоқ, ерекше бақыт бола берумен барып тыянақтады.
— Енді конфет жейміз, — деп m-lle Linon айтысымен, Левин де конфет
əкелуге жөнелді.
— Өте жақсы бопты, — деді Свияжский. — Букетті Фоминнан
алғаныңыз оң болар еді деймін.
— Сол керек пе еді?— деді де Фоминға жөнелді.
Жұмсайтын шығын, сыйлық жағы көп болатындықтан, қарызға ақша
алу керек дегенді айтты ағасы.
— Сыйлық керек пе еді? — деді де Фульдеге қарай шапты.
Өзін кондитер дүкенінде де, Фоминда да, Фульде де күтісіп, сол
күндерде бастас болған күллі өзге жұрт сықылды, олар да қуаныш етіп,
бақытына мəз болысып отырғандарын көрді. Өзін бүкіл жұрт жақсы көруі
үстіне, бұрын қоңырайысып, суық, селқос көрінетін адамдары да өзіне
түгел сүйсініп, айтқанын қайт қылмай, қуанышын елжірей, қылымсый
қоштасып, қалыңдығы жұрттан асқан дегдар кісі болғандықтан, дүниедегі
ең бақытты адаммын деген нанымын да қос кергендері тіпті ерекше нəрсе
болды. Кити де сол сезімде болатын. Нордстон графиня бұдан гөрі
тəуірірек болса деп, едім дегенді аузы барып, құлақ қағыс еткенде, Кити
соғұрлы шала бүлініп, дүниеде Левиннен өтер ешкім жоқ деп соғұрлы
төндіре дəлелдегендіктен, онысына Нордстон графиня да мойын қойып,
Кити барда Левинді сүйсіне қарсы алмай қоя алмайтын да жаққа шықты.
Левиннің түсінісеміз деп уəде еткен нəрсесі сол заманның ең бір ауыр
уақыйғасы еді. Левин қарт князьбен ақылдаса келіп, соның рұқсатын алған
соң, өзін қыйнаған нəрселері жазылған күнделігін Китиге берді. Ол
күнделігін өзі болашақ қалыңдығын еске алып жазған болатын. Левинді
істеген күнəлары мен дінсіздігі жөніндегі екі нəрсе қыйнайтын еді.
Дінсіздігін мойындауы елеңсіз өтіп те кетті. Кити өзі діншіл болатын да,
дін қағыйдаларына да шүбə келтірмейтін əсте, бірақ Левиннің сырттай
дінсіздігі тіпті қаперіне де келген жоқ. Махаббаты арқылы Левин жандүниесін өзі түгел білетіндіктен, сол жан дүниедегі өз қалауларын көріп те
отыратын, ал, жан дүниесінің дінсіздік жағы не дегенге келгенде, Китиге
бəрібір болатын оның. Мойындаған екінші нəрсесі болса, Китиді өксіте
жылатты.
Левин өзі Китиге күнделігін бергенде, іштей толғанбай берген жоқ-ты.
Кити екеуінің арасында құпыя сыр болуға тиіс емес деп білгендіктен,
осылай болуы керек деп байлаған болатын. Бірақ сол қалай əсер етер екен
дегенді ескеріп, Кити жайына ой жүгіртпеген-ді өзі. Сол күні кешке театрға
барар алдында солардыкіне келіп, Китидің бөлмесіне кіре, өзі салған
айықпас күйікке құса боп жылаған аянышты, əдемі, шерлі жүзін керген
соң, өткендегі масқара жайын Китидің сол кіршіксіз пактігінен бөліп
жатқан тұңғыйықты бір-ақ аңғарып, істеген ісінен шошып та кеткен өзі.
— Мына сұмдық кітабыңызды ары алыңызшы! — деді Кити алдындағы
стол үстінде жатқан дəптерді сыра беріп. — Мұны несін бергенсіз маған!..
Жоқ, дегенмен де тəуір болды, — деп қосып қойды, Левиннің күйінген
жүзін аяп кетіп. — Бірақ сұмдық нəрсе екен өзі!
Левин тұқырған күйі, үндеген жоқ. Ештеңе айта алмады.
— Кешірмейсіз ғой мені, — деді ол күбірлеп.
— Жоқ, кешіргемін, бірақ сұмдық нəрсе екен бір!
Алайда, Левин бақыты тым шалқып жатқандықтан, ол мойындауы
шырын бұзбай, қайта бір жаңа шырай беріп жіберді оған. Кити де кешірім
етті; бірақ Левин сол күннен бастап-ақ Китиден өзін бұрынғыдан да кем
санап, соның алдында бұрынғыдан да кішірейе иіліп, орынсыз тап болған
өз бақытын бұрынғыдан да күшті бағалайтын боп кетті.
ХVІІ
Алексей Александрович ас үстінде, одан соң айтылған əңгімелерден
алған əсерін есіне еріксіз түсіре, оңаша нөмеріне қайта оралды. Дарья
Александровнаның кешірім ету жайындағы сөздері қынжылтып та тастады
өзін. Өз жайына христиан ережелерін қолдану, қолданбау жағы, жеңілжелпі айтуға болмайтын, тым қыйын мəселе еді де, Алексей
Александрович теріске жорый, əлдеқашан шешіп те қойған мəселе еді.
Алексей Александрович жадына, айтылған əңгімелер ішінен көбірек
ұялағаны ақкөңіл, ақмақ Туровцынның: жігіттік істеген, дуэльге
шақырыпты да, өлтіріп тыныпты деген сөзі болды. Ізет сақтап, пікірлерін
айтпағандарымен, жұрт біткен соны қостаған тəрізді де көрінген.
«Əйткенмен, ол өзі тынған іс болған соң, оның жайын ойлайтын да
ештеңе жоқ», — деді Алексей Александрович ішінен. Алдағы жүрісі мен
тексеру ісінің жайын ғана ойлап, нөмеріне кірген соң, қасындағы
швейцардан: малайы қайда екенін сұрады; малайыңыз қазір ғана шықты
деді швейцар. Алексей Александрович шай əкелсін дегенді айтты да, стол
басына отыра Фрумды алып, сапарының бағыт жайын ойластыра бастады.
— Екі телеграмма бар екен, — деді қайта оралған малайы бөлмеге
кірген соң. — Ғафу етіңіз, тақсыр, қазір ғана шығып едім.
Алексей Александрович телеграмманы алып, желімін ашты. Бірінші
телеграмма Каренин көңіл ғып жүретін орынға Стремовтың
тағайындалғаны жайындағы хабар екен. Алексей Александрович
телеграмманы тастай салды да, қызара түрегеліп, бөлмеде жүре бастады.
«Quos vult perdere demental»72 ,— деді, quos деген сөз арқылы осы
тағайындауға болысқан адамдарды мегзеп. Ол орынды өзі алмағанға
қынжылған жоқ, бұлыққа алмаған да тəрізді езін; бірақ сол орынға, тілжағына сүйенген, мылжың Стремовтың қабілеті өзгелердің қайқайсысынан болсын кем жатқанын қалай көрмеді екен деп, соны түсінбей,
соған таңырқады. Осы тағайындау арқылы өздерін қор қылып, өз prestige 73
түсіргендерін қалай көрмеді екен!— деп кейіді.
«Тағы да осы сықылды бірдеңе болар», — деді ішінен кекете, екінші
телеграмманы ашып жатып. Əйелінен келген телеграмма екен. «Анна» деп
көк қарындашпен қойған қолы көзіне алдымен шалына кетті. «Өлім
халіндемін, келуіңді жалына сұраймын. Кешірім алып, көңілім қош боп
өлейін» деген сөздерді оқыды ол. Жиркене күлді де, телеграмманы тастай
салды. Оның ойынша, мұнысы бір титтей күмəні жоқ алдау мен айла боп
көрінді алғашында.
«Алдау дегеннен тартынбайды ол. Босануы керек болатын. Толғақ
болуы кəдік. Бірақ не мақсаттары бар екен десеңші? Баланы заңды бала
етіп, беделімді түсіре, бас ашуды бөгемекші ғой, — деп ойлады. — Бірақ
«өлім халіндемін» деген бірдеңе айтылыпты өзінде...— Телеграмманы
қайта оқып шықты; сөйтіп тұрып, телеграмма да айтылған сөздің төте
мағнасы қапелімде таң-тамаша қылды өзін. «Онысы шын болған күнде ше?
— деді өзіне өзі. — Хал үстінде қыйналып жатқан соң, райынан қайтайын
дегені шын болып, мен соған алдау шығар деп бармай қалсам, не
болмақшы? Оным əрі қаталдық болып, əрі жұрт біткенге өзімді кіналату
үстіне, кещелігім де болар еді».
— Петр, күймені қоя тұр. Петербургке жүрем, — деді ол малайына.
Алексей Александрович Петербургке барып, əйелімді көрейін дегенге
шықты. Ауруы алдау болса, тырс етпей, жүріп кетейін деп ойлады. Егер
ауруы шын болып, өлім аузында көргісі кеп жатса, көзі тірісінде барсам,
кешірейін де, тым кешігіп қалсам, ақырғы борышымды өтейін деді.
Не істеп, не қоям дегенді бүкіл жол бойы қайтып ойлаған жоқ.
Алексей Александрович түнде вагон соққандықтан, əрі шаршап, əрі
киімін де кір сезіне, қарсы алдына қараған күйі, не күтіп тұр дегенді де
ойламай, Петербургтың таң сəрідегі тұманына тоғылып иесіз тұрған Нева
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 33
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.