Latin Common Turkic

Анна Каренина - 18

Total number of words is 4142
Total number of unique words is 1893
36.2 of words are in the 2000 most common words
51.5 of words are in the 5000 most common words
57.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қуанып, тұма жақтан Кити де келіп жетті.
— Ал, Кити, сенің танысам деп қатты ынтыққан m-lle... мінеки.
— Варенькаң, — деп Вареньканың өзі айтып жіберді. — Жұрт біткен
өзімді солай атап кетіпті.
Кити қуанғаннан қызарып кетіп, жаңа досының қолын үнсіз қыса берді
де, ол досы қысқанына қыса жауап бермей, қолын қолына берген күйі,
қозғалмай тұрып қалды.
M-lle Варенька қолын қысқанға қыса жауап бермегенімен, баяу, қуана
жымыйған күлкісі, аздап мұң қосыла жүрсе де, жүзін жадырата ашып, ірі
біткен əсем тістері де көріне кетті.
— Өз басым осыны көптен аңсап едім, — деді ол.
— Өзіңіз сонша жұмыс басты болған соң...
— Қойыңызшы, қайта, тіпті түк жұмысым жоқ менің, — деді Варенька,
алайда, соны айтысымен-ақ, жаңа достарын қалдыра тұратын орайы келіп
кетті, өйткені бір ауру орыстың бүлдіршіндей кішкене екі қызы жүгіріп
келді оған.
— Варенька, мамам шақырып жатыр! — десті екеуі шаңқылдап.
Варенька екеуіне ілесе жөнелді.
XXXII
Вареньканың өткендегі егжей-тегжейі мен Шталь бике екеуінің қарымқатнасы, Шталь бикенің өз жай-жапсары жайында княгиняның білгендері
мыналар болып шықты.
Жұрт түрлі саққа жүгіртіп, біреулер күйеуін азапқа салған өзі екен десе,
екінші біреулер шалдуар мінезді күйеуі азапқа мұны салыпты деп аңыз
еткен Шталь бике қашан болсын сырқатты да, көңлі көтеріңкі де əйел
болатын. Күйеуінен айрылып қойған соқ тапқан тұңғыш баласы, туа салып
өлгендіктен, Шталь ханымның балажан екенін білген туысқандары осы
хабардан өзі өліп кетпесін дегеннен қорқып, сарай аспазшысының
Петербургте сол түні, сол үйде туған қызын алып, Шталь ханым
баласының орнына əкеп салған. Сол қыз осы Варенька екен. Шталь бике
кейіннен Варенька өз қызы емес екенін білсе де, содан соң көп ұзамай-ақ,
Варенька туысқандарынан ешкім қалмағандықтан, ары қарай тəрбиелей
берген.
Шталь бике шетел оңтүстігінде төсектен түк қозғалмаған күйі, ешқайда
шықпай, он жылдан аса тұрыпты. Содан біреулер Шталь бикені ізгілік
жолын тұтқан, аса діншіл, қоғамдық дəрежесі бар əйел бопты дегенді де
шығарыпты, екінші біреулер өзі сол жан бітімінде-ақ жақынжамбарларының ырысына жаралған нағыз жоғары құлықты жан болатын
деген ойларын айтыпты. Бірақ оның католик, протестант, православный
діндерінің қайсысын қолдайтынын бірде-біреуі білмепті, жалғыз бір
күмансыз жағы — күллі шеркеулер мен уағыза адамдарының ең
жоғарғыларымен достасып алғаны ғана болыпты.
Варенька шетелде сонымен ылғый бірге болыпты да, Шталь бикені
білгендер m-lle Вареньканы да түгел біліп, жақсы көріп, түгел осылай атап
кетіпті.
Княгиня
осы
егжей-тегжейлерін
түгел
білген
соң,
қызының
Варенькамен жақындасуында өрескел ештеңе де жоқ екен деген ойға келді,
оның үстіне Вареньканың тəлім-тəрбиесі де ең жақсы тəлім-тəрбие болып
шықты. Французша, ағылшынша өте жақсы сөйлейді екен, əсіресе, Шталь
ханымның ауру болғандықтан, княгинямен танысудан да құр қалдым деген
арманын айтып келгені жағып кетті.
Кити Варенькамен танысқан соң, жаңа досына күннен күнге қызығып,
күн сайын бір жаңа қасиеттерін де таба берді.
Княгиня Варенька əнді жақсы салады екен дегенді естіп, кешке бізге
келіп, əн салып беріңіз деп шақырды.
— Рас, жөнсу болғанмен, өзімізде де фортепиано бар, Кити күй тартады
да, сіз бір жанымызды жырғата көңіл ашып бересіз, — деді княгиня көлгір
күлкісіне салып, Вареньканың əн салғысы келмей тұрғанын
аңғарғандықтан, Китиге онысы өте-мөте келіссіз де көрініп кетті енді.
Бірақ Варенька дегенмен де кешкісін, нота дəптерін бірге ала келді.
Княгиня Марья Евгеньевнаны қызымен қоса, полковник үшеуін шақырды.
Варенька бұл арада танымайтын кісілер бар-ау дегенді тіпті қаперіне
алмайтын жан екен де, келе сала фортепианоға да жұғыса кетті барып.
Күйді өзі қосып тарта алмағанмен, əн салғанда нотаны əдемі оқыйды екен.
Күйді жақсы қосатын болған соң, Кити тартты.
— Талантыңыз төтенше талант екен, — деді княгиня Варенькаға
алғашқы пьесаны келістіре айтып шыққан соң.
Марья Евгеньевна мен қызы екеуі де алғыс айтысып, мақтап салды.
— Мынаны қарақыз, — деді полковник терезеден көз салып, — əніңізді
тыңдауға қанша жұрт жыйналып қалған десеңізші, — шынында да терезе
алдына жұрт едəуір көп жыйналып қалыпты.
— Осыған көңілдеріңіз тынса, үлкен қуанышым сол менің, — деді
Варенька жай ғана жауап беріп.
Кити досына арқалана қарады. Ол өзі досының өнеріне де, үніне де,
өңіне де сүйсінгенмен, Вареньканың өз əні жайында, сірə, түк те ойланбай,
мақтау-мадақ дегенді тіпті қаперіне де алмай тұрған тəліміне көбірек
сүйсінді; өзі құр: əлі де айта түсем бе, əлде жетер ме екен? — деп, соны
ғана сұрап тұрған сықылды екен.
«Егер мен осы болған болсам, — деп ойлады Кити ішінен, — осы əнді
қандай мақтан еткен болар едім! Терезе алдындағы сонау топты жұртқа
қарап, қандай қуанған болар едім десеңші! Бұл болса, ойына түк келіп
тұрған жоқ. Мұны қозғап жүрген əшейін: бас тартпай, maman сүйінер
қылық істейін деген ниет қой құр. Не бар екен десеңші өзінде? Бірін
елетпей, еріксіз сабырлы ететін сол күшті өзіне не беріп тұр екен десеңші?
Өзінен соны біліп, үйренуді қандай қалаған болар едім мен», — деп ойлады
Кити, сол сабырлы пішінге қадала қараған күйі. Княгиня тағы да
айтыңызшы деп жабысқан соң, Варенька екінші пьесаны да фортепиано
қасына шаншыла тұрып, қоңырқай ашаң қолын соның ырғағына төңкеріле
қозғап, баппен, айқын, əсем етіп айтып шықты.
Дəптерде жазылған одан соңғы пьеса — Италия əні екен. Кити
кіріспесін тартқан соң, Варенькаға қарады.
— Мұны қоя тұралық, — деді Варенька қызарып кетіп.
Кити Вареньканың жүзіне қыпылдай, шошына қарады.
— Жарайды, басқасы-ақ болсын, — деді Кити лып етіп, бетті аудара
бере, сол пьесаға өлденелер астасып жатқанын аңғара кетіп.
— Жоқ, — деп Варенька нотаны қолымен баса күлімсіреді, — жоқ,
осыны-ақ айталық. — Сөйтті де, ол пьесаны да бұрынғысындай салмақпен,
салқын, əсеы тұрып айтып шықты.
Варенька бітірген соң, тағы да түгел алғыс айтысып, шай ішуге тартты.
Кити мен Варенька үй қасындағы бау ішіне шықты.
— Əлгі əнге астасқан бір есте қалғаныңыз бары рас қой деймін? — деді
Кити. — Өзге нəрсе айтпай-ақ, рас па — соны айтыңыз? — дегенді де
қосып қойды жалма-жан.
— Жоқ, неге айтпайын? Айтуын айтамын, — деді Варенька сабырлы
күйі, сөйтті де, жауап болғанша, жалғап та əкетті: — Рас, ол естегінің өзі
бір кезде ауыр да болатын. Өзім бір адамды сүйіп, сол əлгі нəрсені соған
айтқамын.
Кити Варенькаға бадана көзі жаутаң қағып, үнсіз егіле қарады.
— Мен оны, ол мені сүйген болатын; бірақ шешесі шекі көрген соң,
өзгеге барып үйленді ол. Қазір өзі бізден шалғай тұрады да, оқта-текте ғана
көрем əшейін, Роман деген менде болған жоқ қой деп ойлап па едіңіз? —
деді Варенька, соны айтқанда, Китидің сезуінше, бір кездерде тұлабойын
түгел шалған сол бір от əдемі жүзінде болар-болмас ду етіп барып
басылды.
— Неге ойламайын? Өз басым еркек болған болсам, сізді білген соң-ақ,
ешкімді сүйе алмаған да болар едім. Тек соның шеше ыңғайына қалай
кетіп, сізді қайтіп бақытсыз еткеніне ғана түсінбеймін; жүрек жоқ болған
ғой өзінде.
— Жо-жоқ, өте жақсы адам бір ол, өзім де бақытсыз кісі емеспін; қайта,
əбден бақытты адаммын. Жə, сөйтіп, бұдан əрі əн салмаймыз ғой бүгін? —
дегенді қоса айтып, үйге қарай беттеді.
— Не деген жақсы жансыз өзіңіз, не деген жақсысыз! — деп Кити
саңқылдай сөйлеп, тоқтата бере, сүйіп алды. — Сізге бір, тым болмаса
титтей ұқсаған болсамшы, шіркін!
— Өзге біреуге ұқсау не керек дейсіз сізге? Өзіңіз де жақсысыз, — деді
Варенька, шаршаған, момын күлкісіне халып.
— Жоқ, мүлде жаман жанмын мен. Жə, бері, айтыңызшы маған. Сабыр
етіңіз, отыра тұрайық, — деді Кити Вареньканы отырған отырғышына,
қасына ала қайта отырғызып. — Махаббатыңызды елемей, көңіл қойғысы
келмей кеткен адамды ойлағанда, шын-ақ жəбірленбейсіз бе, соны
атыңызшы?
— Жоқ, елемейін деген жоқ ол; оның өзімді сүйгеніне шəк
келтірмеймін, бірақ ана сөзін жықпайтын ұл боп шықты бір...
— Рас қой, бірақ шешесінің ырқы болмай, құр əшейін өзі болса ше? —
деді Кити, өз сырын өзі ашып, ұяла ду еткен бетінің қызылы танытып
қойғанын сезіп.
— Онда ол жаманшылық істеген болар еді де, мен де аямаған болар
едім оны, — деді Варенька, əңгіме өзінен кетіп, Китиге жеткенін түсіне
қойған кісідей.
— Жəбірлеу болса ше? — деді Кити. — Жəбірлеуді ұмытуға болмайды,
болмайды оны, — еді, соңғы бал үстін де музыка толастаған кездегі көз
қарасы есіне түсіп кетіп.
— Не жəбірлеуі бар? Жаманшылық істеген жоқсыз ғой сіз?
— Жаманшылықтан да асып жатыр, — ұят.
Варенька басын шайқап қойып, қолын Китидің қолына салды.
— Немене ұяты бар? — деді ол. — Өзіңізге селқос кісіге сүйем дегенді
айтқан жоқсыз ғой сіз?
— Əрине, айтқам жоқ; өмірі жалғыз ауыз сөз айтпағанымды да білетін
өзі. Көзқарас бар да, тəлім бар. Жүз жыл жасасам да, жадымнан салар
жайым жоқ оны.
— Ендеше немене? Түсінбейім. Қазір өзін сүйесіз бе, сүймейсіз бе,
əңгіме сонда жатыр, — деді Варенька аты-жөнін түгел атап.
— Көрмегенім сол болсын; кешірер жайым қалған жоқ.
— Ендеше немене?
— Ұялып, қорлана беремін.
— Əттең! Жұрт біткеннің бəрі сіз сықылды сезімтал болар ма еді
десеңізші, — деді Варенька. — Басынан кешірмеген қыз бар дейсіз бе оны.
Соның бəрі де соғұрлы бір маңызды нəрсе емес.
— Енді немене маңызды екен? — деді Кити, Вареньканың жүзіне
елеңдей, таңырқай қадалып.
— Түу, маңызды нəрселер көп қой, — деді Варенька күлімсіреп.
— Ол немене екен?
— Түу, маңызды нəрселер көп-ақ, — деді Варенька, не айтарын білмей.
Бірақ осы кезде терезеден княгиня даусы да естіле кетті.
— Кити, түннің сызы бар екен! Не шəліңді алып, не бөлмеге келсеңші.
— Рас, уақыт бопты! — деді Варенька түрегеле беріп.
— Əлі өзім m-me Berthe кіріп шығуым керек еді; шақырып қалып еді.
Кити Вареньканың қолынан ұстаған күйі, одан: «Осындай сабырлылық
беріп тұрған, сол ең маңызды нəрсе не екен, не болды екен? Білесіз ғой,
айтсаңызшы?» — деп елең қағып, көз қарасы арқылы жалына сұрап тұр.
Бірақ Варенька, Кити көзі өзінен не сұрап тұрғанын түсінген де жоқ тіпті.
Оның көкейі əлі де болса m-me Berthe бүгін кіріп шығып, сағат 12-ге дейін
maman шайына үлгеру ғана болып тұр. Бөлмеге кірген соң, ноталарын
жыйыстырып, үйдегілермен түгел қоштасып болды да, кетуге бет алды.
— Рұқсат етсеңіз, мен ертіп барайын, — деді полковник.
— Айтты-айтпады, осы түнде қалай жалғыз барсын? — деді княгиня да
қостай кетіп. — Тіпті Параша болса да біреуді қосып жіберейін.
Ертіп бару керек деген сөзді естігенде Вареньканың күліп жібере
жаздағанын Кити де көріп тұр.
— Жоқ, мен өзім ылғый жалғыз жүремін, ешуақытта ештеңем
құрамайды оған, — деді Варенька, қалпағын ала беріп. Сөйтті де, Китиді
тағы да сүйіп, не нəрсе маңызды екенін сол айтпаған күйі айтпай,
ноталарын қолтығына қыса шыйрақ басып, маңызды нəрсе не болды екен,
қызбалықты сабыр мен дегдарлықты өзіне не беріп тұр екен деген
құпыясын ала, жазғы түннің қараңғысына шым бата жөнелді.
XXXIII
Кити Шталь ханыммен де танысып, ол таныстығы Варенька екеуінің
достығына қосыла келіп, езіне күшті əсер ету үстіне, қам көңлінің
жұбанышы да болып алды. Ол жұбанышты өзі, осы таныстығы арқасында
ашылған, өткендегісіне түк ұқсастығы жоқ бір жаңа дүниеден келіп тапты,
ол дүниенің өзі шыңында тұрып, сол өткендегілерге жайбарақат қарарлық
тамаша қыяпатты дүние екен. Китидің бүгінге дейін құр дақпыртпен ден
қойған өмірінің үстіне, рухани бір жаңа өмір кеп ашылды. Ол өмір
ашылғанда, дін арқылы ашылды да, ол діннің өзі Китидің бала жасынан
білетін, таныстары кездесе беретін Тұлдар Үйіндегі тауап, сажда мен попқа
қосыла словян сүрелерін жатша үйренетін дінге түк ұқсастығы жоқ, өзге
дін болып шықты; ол діннің өзі не түрлі тамаша пікір, сезімдермен астасып
жатқан қыяпатты, тылсым дін екен де, оның өзіне, əмір солай болған соң,
сене беру үстіне, сүйе беру де керек екен.
Кити соның бəрін білгенде, алып қашты сөз арқылы білген жоқ. Шталь
бике Китимен сөйлескенде, есіңдегі бір жас шағыңдай, жақсы сүйетін
сүйкімді сəбимен сөйлескендей шүйіркелесе сөйлесе жүрді де, қасірет
біткеннің қай-қайсысында болсын адамды жұбататын тек махаббат, сенім
екеуі ғана болмақ, бізде Христос есіркемейтін болымсыз қасірет дейтін жоқ
дегенді тек бір жолы ғана ауызға алып, əңгіме бетін өзге нəрсеге қалт
бұрып əкетті. Кити бірақ Шталь бикенің əрбір қыймылы, əрбір сөзі, өзі
айтатын əрбір ғажайып көз қарасы, əсіресе, Варенька арқылы біліп алған
күллі өмір тарихының бəрінен осы күнге дейін өзі білмей жүргендері мен
«маңызды нəрсе не» екенін де біліп шықты.
Бірақ Шталь бикенің мінезі қаншама қыяпатты, тарих біткені қаншама
тебірентерлік, сөйлеген сөзі қыяпат, назға қаншама толы болғанмен де,
Кити өзі одан бір қысылатын кескіндерді де амалсыз байқап қалып жүрді.
Шталь бике одан туысқандарының жайын сұрастыра отырып, жақтырмай
жымың еткенін де Кити аңлап қалып, онысы христиан ізгілігіне жарамсыз
да көрініп кетті. Кити Шталь бике үйінде отырған католик священнигіне
тап келгенде де, Шталь бике бетін шамдал қалқанының қалтарысына
қалтқылап алып, қатты жымыңдағанын да қоса байқады. Осы аңлаған екі
нəрсесінің екеуі де болымсыз нəрселер болғанмен, езін қымсындыра берген
соң, Кити Шталь бикеден күдіктенейін де деді. Бірақ оның есесіне, Китидің
арман етсе, арман етер ең аяулы жаны, ештеңе қалап, ештеңе аямайтын, не
туысқан, не досы жоқ, құлазып, мұңая торыққан жалғыз Варенька ғана
болып шықты. Тек өзіңді өзің ұмытып, өзгені сүйсең болғаны, жаның жай
тауып, бақытты, жайсаң жан болады екенсің, дегенді де Варенькаға қарап
аңғарды ол. Сондай болсам дегенге Кити көңлі де құлап кетті. Қазір Кити
ең маңызды нəрсе не екенін айқын аңғарып алған соң, соған сүйсіне беруді
де місе тұтпай, өз алдынан ашылған жана өмірге жаны түшіркене түгел
беріліп те кетті. Варенька айтқан Шталь бике мен өзгелер істеген істер
жайындағы əңгімелер ізімен болашақ өмірінің жоспарын да жасап шықты
Кити. Шталь ханымның Варенька көп əңгіме еткен немере сіңлісі Aline
сықылды Кити де, қай жерде жүрсін, ғарыптарды тауып, соларға қолынан
келгенше болысып, Інжіл таратып, аурулар мен қылмыстыларға, өлетін
жандарға Інжіл оқып тұруға бел байлады. Қылмыстыларға Aline құсап
Інжіл оқып берсем деген пікір Китиді өте-мөте қызықтырып əкетті. Бірақ
соның бəрі де Китидің не шешесіне, не Варенькаға ашпаған құпыя арманы
болатын.
Сөйтсе де, Кити қазір, ойындағы жоспарын қарыштай орындайтын
орайлы шақты күте жүріп те, аурулар мен ғарыптар соғұрлы көп жатқан су
емінің басында, Вареньқаға еліктеп, жаңа ережелерін қолданатын ыңғайын
да оп-оңай таба берді.
Княгиня əуелгі кезде, өзі engouement деп аталған Шталь ханыммен,
əсіресе, Вареньканың ықпалына Китидің құр қатты түсіп кеткенін ғана
байқап жүрді. Ол өзі Китиі Вареньканың құр қайрымына ғана еліктеп
қоймай, соның тіпті жүрген жүрісі, сөз сөйлесі, көз ымдасы сықылды
тəліміне де еріксіз еліктеп бара жатқанын көре берді. Бірақ княгиня содан
соң келіп, қызында ол ынтыққа соқпайтын, қайдағы бір рухани, елеулі
өзгеріс боп бара жатқанын да аңғарайын деді.
Княгиня Китидің кеш болса-ақ, өзіне Шталь ханым тартқан француз
інжілін оқыйтын əдет шығарғанын да көре бастады; бұрын өзі оны
істемейтін; ол өзі қауым адамдары арасындағы таныстарынан да тайқап,
Варенька қамқор боп жүрген аурулармен, əсіресе, Петров деген бір ауру
суретшінің кедей семьясына барып шүйіркелесіп кетті. Кити өзі сол
семьяда бағымпаз əйелдің міндетін атқарып жүргенін, сірə, мақтан көретін
де сықылданды. Оның өзі түгел бір жақсы нəрсе болған соң, онысына
княгиня да ешшай деп қарсы бола қойған жоқ, оның үстіне Петровтың
əйелі де əбден бір кісілікті əйел боп шықты, Китидің қайрымын байқаған
соң, жұбаныш періштесі деп принцесса да мақтап салды өзін. Егер артық
кетпей, мəнімен істелсе, осының бəрі де өте жарасып тұрғандай еді.
Княгиня болса, қызының ұшқары кетіп бара жатқанын көріп, өзіне оны
айта түсіп те жүрді.
— Jl ne faut jamais rien outrer 43, — дей берді оған.
Қызы бірақ ештеңе деген жоқ, ол тек ішінен христиан ісінде артық
кеттің деуге болмайды ғой дегенді ғана ойлады. Бұл бетіңе осса, ол бетіңді
тоса бер, шапаныңды сыпырса, көйлегіңді қоса бер, деген уағыза жолын
тұтып отырғанда, қайдағы артық кеткендік дейсің? Дегенмен де, княгиняға
сол артық жалпылдауы бір жақпаса, өз сезуіне қарағанда, Китидің түгел
шешіле қойғысы келмегені одан бетер жақпады. Шынында, өзінің жаңа
көзқарасы мен сезімдерін шешесінен Кити де жасыра берді. Оларын
жасырғанда, шешесін бір қадірлемегендіктен, сүймегендіктен жасырған
жоқ, өз анасы болған соң жасырды. Кити оларын шешесінен гөрі өзгелерге
тезірек те ашқан болар еді.
— Анна Павловна біздің үйге көптен бері бір түрлі келмей кетті-ау, өзі,
— деді княгиня бір жолы, Петрованы ауызға алып. — Шақырғамын өзін.
Əлденеге наразы кісі сықылды бір.
— Қой, мен байқағам жоқ, maman, — деді Кити өршеленіп.
— Солардікінде көптен болған жоқсың ба, өзің?
— Ертең тауға барып серуен жасамақ болғамыз, — деді Кити.
— Несі бар дейсің, барыңдар, — деді княгиня қызының, қысылған
өңіне қадала, сол қысылудың, себебін байыптағысы келіп.
Сол күні Варенька түскі тамақ ішуге келіп, Анна Павловна тауға ертең
бармайтын болды дегенді айтты. Китидің қызарып кеткенін княгиня тағы
да байқады.
— Кити, сенің, сол Петровтармен жайсыз бірдеңең жоқ па еді өзі? —
деді княгиня, екеуі оңаша қалған соң. — Біздікіне балаларын жіберуді де,
өзі келуді де қойып кеткені несі соның?
Кити оған арамызда түк те болған жоқ, Анна Павловнаның, маған
неменеге наразы кісіге ұқсап жүргенін тіпті білмеймін деп жауап берді.
Китидің жауабы бар шыны еді. Анна Павловна өзіне неге қоңырайғанын
білмегенмен, тұспалдап та жүретін өзі. Тұспалдаған нəрсесі, шешесіне айта
алмайтын нəрсе болатын да, өзіне де айтпайтын оны. Онысы, тіпті, өзін,
біле тұрып та, өзіңе өзің айта алмайтын нəрселердің бірі болатын;
қателестіріп жіберетін сонша бір қорқынышты, ұят нəрсе өзі.
Кити сол семьяға деген ілтипатын есіне қайта-қайта түгел түсіріп
шықты. Екеуі жолыққанда Анна Павловнаның мейірбан дөңгелек жүзінде
біліне кететін аңқылдаған көңілшектігін де еске алды; ауру жайын сөз
қылған өздерінің əңгімелерін де, істеме деп тыйым салған жұмыстан соның
көңлін бұрғалы, серуенге əкетпек болған уəделерін де ойлап өтті; өзіне кіші
баласы бауыр басып алып, «Менің Китиім» деп, мұнсыз тіпті жатқысы
келмей, қарысатынын да есіне түсіріп шықты. Соның бəрі қандай жақсы
еді десеңші! Содан соң өзі Петровтың мойны қылқыя күрең сюртук киген
ап-арық кескінің шыйыршықталған сирек шашын, əуелгі кезде Китиге
қорқынышты көрініп, аңтарыла қараған көкшіл көзің бұл барда шыйрақ,
сергек көрінгісі келетін қалбалаңдаған қыймылын да еске алды. Кити
əуелгі кезде күллі көкірек аурулар сықылды одан да жиренген жиркенішін
қойғалы, өзін өзі күштеп, соған бірдеңе тауып айтайыншы деп талаптанған
талабын да ойлап өтті. Өзіне қарағанда, соның сол бір жасқана, елжірей
қараған көз қарасы мен өзі де оны қоса есіркеп, ебі қаша берген оғаш
сезімін де, содан соң келіп, осының үстінде өз ізгілігін қоса байыптаған
жайларын да есіне алды. Соның бəрі де қандай жақсы еді десеңші! Бірақ
солар өзі түгел əуелгі кездің əңгімелері болатын. Қазір, осыдан бірнеше күн
бұрын, соның, бəрі кілт бұзылды да кетті. Анна Павловна Китиді жайдары
жүзбен көлгірси қарсы алып, күйеуі мен екеуін көз жазбай қадағалады да
қалды.
Петровтың Кити таянғандағы сол бір тебіренерлік қуанышы Анна
Павловнаның суынуына қалай себеп болды екен десеңші!
«Рас, — деді Кити есіне түсіріп, — осыдан үш күн бұрын, Анна
Павловна: «Мінеки, ылғый сізді күтіп отыр өзі, жаман əлсіреп
отырғанымен, сізсіз кофе ішкісі де келмей қойды», — деп қынжыла
айтқанда, өзінде бір сөлкеу жатқан, мейірбандылығына мүлде ұқсамайтын
нəрсе бар көрінген».
«Рас, ол кісі, бəлкім, күйеуіне менің сол шəлі бергенімді де шам көрген
болуы кəдік. Соның бəрі сонша бір жай нəрсе болғанымен, күйеуінің соған
соғұрлы ебі кетіп, алғысты соғұрлы ұзақ жаудыра бергені де ыңғайсыз
тиген өзіме. Содан соң, сол кісі сонша жақсы етіп жасап берген мына
суретім жəне бар. Ең үлкені — наз тола, қысыла қараған сонау көз қарасы
болып отыр! Рас, рас айтам, солай ол! — деді Кити ішінен, шошына қайрақайра айтып. — Жоқ, мүмкін емес, болмайтын нəрсе ол! Сонша аяныш,
байғұстың өзі!» — деді ішінен содан соң.
Осы күдік Китидегі жаңа өмірдің шырын бұзып та жіберді.
XXXIV
Щербацкий князь Карлсбадтан соң, өз айтуынша, орыс-рухына
кенелейін деп Баден мен Киссингендегі орыс таныстарына барып, əйелі
мен қызына су емі бітер алдында ғана оралды.
Князь бен княгиняның шетел тұрмысына деген көзқарастары мүлде
алшақ-алшақ шықты. Княгиня бəрін тамаша көріп, орыс қоғамындағы
өзінің орнықты дəрежесіне де қарамай, шетелде, өзі болып көрмеген — өзі
орыс барынясы болған соң — Европа əйелдеріне ұқсаймын деп, соған
тырыса көлгірсуі өзіне біраз ыңғайсыз да келіп жүрді. Князь болса, қайта,
шетелдегінің бəрін жексұрын көріп, Европа тұрмысын ауырлап, өзінің
орыстық дағдысынан аумай, шын түрімнен гөрі шетелде европалыққа аз
ұқсайыншы дегенге тырысты.
Князь өзі жүдеу тартып, жақ терілері шалбарлана босап қалғанымен,
көңлі мəз-майрам шат болып қайтты. Китидің мүлде оңалып кеткенін
көрген соң, мəз көңілі одан бетер шалқыды. Кити Шталь ханым мен
Варенька екеуіне дос боп алды деген хабар мен Китиде бір əлденендей
өзгерістер болды деп княгиня айтқан бақылаулар князьды да
қымсындырып, өзі жоқта қызын қызықтырған нəрселердің бəріне
үйреншікті қызғаныш сезімі де қозып кетіп, қызым өз ықпалымнан
қайдағы бір қолым жетпес қыяға кетпегей еді деп қорықты. Бірақ ол
хабарлар, князьдан қашан да үзілмейтін, əсіресе, Карлсбад суынан күшейіп
қайтқан мейрім, шаттық теңізіне тоғытылып та кетті.
Князь, келген күннің ертеңіне ұзын пальтосын кие, орысқа біткен
əжімдері андыздай көрініп, болпыйған жақ еттерін қатырма жағасы тірей,
мəз-майрам шат көңілмен, қызын ерте, су басына қарай тартты.
Ертеңгі шақтың өзі бір келісті шақ еді: баулары бар, тап-тұйнақтай,
əдемі үйлер, сыраға сылқыйып алып, қолдары қып-қызыл боп, жұмысты
қыза істеп жүрген қызыл шырайлы қызметші неміс əйелдер мен
шаңқыйған күң көзі де көңілді мəз етіп тұр; бірақ екеуі су бойына
жуықтаған сайын аурулар да жиі-жиі ұшырап, немістің кенелген қалыпты
тұрмысы арасында түрлері де сүреңсіз көріне берді. Ол алшақтық Китиді
таңырқатпайтын да болып кетіпті. Шаңқыйған күн көзі, жайнаған көк
майса, музыка үні дегендер Китиге сол, өзі бақылап жүрген таныс
адамдары мен оңалу, нашарлау өзгерістерінің табиғи елшеуі болып алыпты;
бірақ июнь күндеріндегі ертеңгілік шақтың нұры мен жайнаған көркі,
салтты шадман вальс тартып жатқан оркестр үні, əсіресе, қызметші дөкей
əйелдердің тұрпаттары Европаның шартарабынан тоғыса, ілби басып
жүрген мынау тірі аруақтармен салыстырғанда, князьға біртүрлі ерсі,
ұсқынсыз да көрініп кетті.
Қазір өзі сүйікті қызын қолтықтағанға мақтанышы ұстап, жастық шағы
қайта оралғандай боп келе жатса да, аршынды жүрісі, май басқан кесек
мүшелері өзіне сөлекет көрініп, ұялып кеткендей де болды. Жұрт арасында
жалаңаш жүрген адам сезіміндей бір сезімге келді.
— Жаңа достарыңа таныстырсаңшы мені, — дей берді, қызының қолын
шынтағымен қымтый түсіп. — Өзіңді осынша оңалтқанға, сенің сол Соден
жексұрыныңды да жақсы көріп қалдым өзім. Бұл араларың бір жабырқау
жер екен тек. Мына біреу кім?
Кити, өздері жолыққан таныйтын, танымайтын адамдарын түгел айтып
беріп келеді. Екеуі баққа дəл кіре беріс жерде қосшы əйелмен жүрген соқыр
m-mе Berthe-ге жолықты, Китидің даусын естігенде, қарт француз əйелдің
елбірей кеткен əлпетіне князь да қуанып қалды. Əйел өзі французға біткен
артықша жайдарылығына сала, князьбен де тіл қатыса кетіп, өзіңіз осындай
əсем қызыңыз бар кісі екенсіз деп мақтай тұрып, Китиді де көзінше аяулы,
асыл қазна, жұбаныш періштесі деп жер-көкке сыйғызбай жіберді.
— Я, өзі де екінші періште мұның, — деді князь күлімсіреп. — 1-ші
нөмірлі періште m-lle Варенька деп жүр бұл.
— Oh! M-lle Варенька деген нағыз періште ғой ол, allez
Berthe де іліп əкетті.
44,—
деп m-me
Екеуі галлереяда Вареньканың өзіне де жолықты. Екеуін көрген соң-ақ
Варенька əдемі қызыл сумкасын ала қарсы жүрді.
— Мінеки, папам да келді, — деді Кити оған.
Варенька жұрт біткенге істейтін əдетінше, бұ жолы да сəлем мен тəжім
арасында бір орта деңгеймен табиғи, жай иіліп қойды да, князьбен жұрт
біткенмен сөйлескендегі табиғи, жай əлпетіне сала, сөйлесіп кетті.
— Демек, сізді мен, білгенде жете біледі екем, — деді князь оған
күлімсіреп, ол сөзіне Кити де əкесіне досының ұнап кеткенін біліп, қуанып
қалды. — Сонша қайда асығып едіңіз?
— Maman осында еді, — деді Варенька, Китиге қарап. — Түн бойы
ұйқтамаған соң сыртқа шығыңыз деп доктор да кеңес берді өзіне. Соған іс
апара жатырмын.
— 1-ші нөмірлі періште осы екен ғой! — деді князь, Варенька кеткен
соң.
Кити əкесінің Вареньканы сықақ еткісі келгенімен, Варенька өзіне ұнап
қалған соң, ол сықаққа ешбір бара алмағанын да аңлап тұр.
— Жə, достарыңның бəрін де көретін болдық қой, — деп қосып қойды
князь, — мені білемін деп бойына тоғытса, Шталь бикені де көреміз.
— Сен оны білуші ме едің, папа? — деді Кити қорқып кетіп, Шталь
бикені айтқанда князь көзінде жалт еткен сылтың отын байқап.
— Күйеуін білетінмін де, пиетисткалыққа
аздап білетін жайым болған.

жазылғанша, өзін де аз-
— Пиетисткалық деген не ол, папа? — деді Кити, жоғары бағалап
жүрген Шталь ханымның ондай аты болғанына шошып кетіп.
— Өзім де жөнді білмеймін. Өзі əйтеуір кез келген нəрсеге, кез келген
бақытсыздыққа бола құдайға алғыс айтып, тіпті күйеуі өлгеніне де құдайға
риза болып жүретінін білем құр. Екеуі отаса алмаған соң да, күлкі жері сол
оның.
— Мына біреу кім? Өңі неткен аянышты өзінің! — деді князь, сəкіде
отырған күрең пальтолы, ақ шалбарлы, орта бойлы ауру адамды аңғарып,
шалбары сүйегі сорайған етсіз аяғына бір түрлі оғаш бүктеліп кетіпті.
Ол мырза қалпақ батып қызарған сырқатты кен, маңдайын аша,
шыйыршықталған сирек шашын басқан ши қалпағын көтере берді.
— Əлгі суретші, Петров қой ол, — деді Кити қызарып кетіп. — Анау
кісі соның əйелі, — деді қосып, екеуі таяна бере, соқпақ жолмен жүгіріп
кеткен баласының соңынан қасақана тұра жөнелген Анна Павловнаны
нұсқап.
— Неткен аяныш, жүзі не деген сүйкімді өзінің! — деді князь. —
Бармағаның не сенің? Бірдене айтайын деді ғой саған өзі.
— Жарайды, барайық ендеше, — деді Кити, жалт бұрыла кетіп. —
Денсаулығыңыз қалай бүгін? — деді Петровқа.
Петров таяғына сүйене түрегеліп, князьға жүрексіне қарады.
— Қызым ғой бұл, — деді князь, — рұқсат етсеңіз, танысып қоялық.
Суретші басын ие күлімсірегенде, бірқыйлы оғаш жарқыраған аппақ
тістері де көріне кетті.
— Кеше сізді келеді ғой деп едік, княжна, — деді Китиге ол.
Осыны айта бере, жығылып кете жаздап барып, əдейі істеген адамсып,
соны тағы да қайталап қойды.
— Баруын барайын-ақ деп едім, бірақ Варенька сіздер бармайтын
болыпты, соны айт деп жіберді деген соң, бармадым.
— Бармағаны не? — деді Петров, қызара жөтелген күйі, əйелін көз
қыйығымен шола іздеп. — Анета, Анета! — деп дауыстай сөйлегенде,
қылқыйған аппақ мойнының білеудей тамырлары жіпше созылып кетті.
Анна Павловна қастарына келді.
— Біз бармаймыз дегенді айт деп княжнаға қалай кісі жіберіп жүрсің
сен! — деді суретші, үні біте, əйеліне түтей күбірлеп.
— Сəлеметсіз ғой, княжна! — деді Анна Павловна, бұрынғы шырайына
түк ұқсастығы жоқ бір көлгір жымыңға салып. — Танысқанымыз өте
жақсы болды, — деді князьға қарап. — Өзіңізді көптен күтіп едік.
— Біз бармаймыз дегенді айт деп, княжнаға қалай кісі жіберіп жүрсін,
сен? — деді суретші тағы да, бұрынғыдан бетер долдана, қырылдай сөйлеп,
даусының қарымы жетпегендіктен, сөзіне ойындағы қаһарын бере
алмағанына, одан бетер түтеп кеткен сықылданып.
— Ой, тəйір-ай. Бармаймыз ғой деп едім, — деді əйелі қынжыла сөйлеп.
— Апыр-ау, біз...— дей беріп күйеуі, жөтел буып кетіп, қолын бір-ақ
сілтеді.
— Түу» уһ! — деді князь, ауыр күрсініп. — Ой, ғарыптар-ай!
— Рас, папа, — деді Кити. — Білген кісіге, үш баламен жүріп, ешбір
күтуші, түк қаражатсыз отырғандары қандай ауыр десеңізші. Академиядан
бірдеңелер алады ғой деймін өзі, — деді Кити қунай сөйлеп, Анна
Павловнаның өзіне деген ілтипатының оғаш өзгерісіне шиткіген көңіл
толқынын сонымен басқысы келіп.
— Ə, мінеки Шталь бике де бар екен, — деді Кити, қол күймені нұсқап,
сондағы қолшатыр астында жастықпен өбектелген бір көкшіл, сұр нəрсе
оранған бірдеңе жатыр екен.
Шталь ханым сол боп шықты. Арт жағында өзін тартып жүретін
үйелмендей неміс қызметкер тұр екен. Қасында Кити атын білетін швед
графы тұр. Бірнеше ауру адамдар, сол əйелге бір, төтенше нəрсе көрген
адамдарша қарап, күйме маңына аялдап қалыпты.
Князь Шталь ханым қасына келді. Əкесінің көзіндегі сылтың отын Кити
де дереу көре кетті. Князь Шталь бикенің қасына келген соң, қазір жұрт
сонша аз сөйлейтін, өте жатық білетін француз тілінде асқан бір сынық,
биязы мінезбен сөйлесе кетті.
— Есіңізде бар-жоғымды білмеймін, бірақ қызыма деген мейріміңізге
алғыс айтқалы өзімді білдіре кетсем деп едім, — деді князь оған, қалпағын
алған күйі, кие қоймай.
— Александр Щербацкий князьсіз ғой, — деді Шталь бике, ғажайып
көзін князьға көтере қарап, ол қарасынан Кити жақтырмағанын да байқап
қалды. — Өте қуандырып жібердіңіз. Қызыңызды сонша жақсы көріп
кеттім өзім.
— Денсаулығыңыз əлі сол пəс қалпы ма?
— Тіпті соның өзіне үйреніп те кеттім, — деді де, Шталь бике князьды
швед графымен таныстырды.
— Дегенмен, өзіңіз онша өзгере қоймаған екенсіз, — деді князь Шталь
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 19
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.