Latin Common Turkic

Анна Каренина - 09

Total number of words is 4073
Total number of unique words is 2061
35.4 of words are in the 2000 most common words
50.2 of words are in the 5000 most common words
56.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Өзін əуелде қыйнаған қыйын ахуал қайта жаңғырғанымен тұрмай, тіпті
күшейіп кетті де, бұрауы шерткен əлде нем кез келген сəтте шарт кетер ме
екен деп те қорықты. Түні бойы ұйқы кермеді өзі. Бірақ қыялын кернеген
сол бір сарылу мен ойларда жайсыз, сыйықсыз да ештеңе жоқ еді; қайта,
қуандыра, шарпый тасытқан бірдеңелер бар еді. Анна орындықта отырған
күйі таң ата қалғып еді, оянған кезде түгел аппақ, жап-жарық тартып, поезд
Петербургке таянып та қапты. Үйі, күйеуі, баласы, бүгінгі мен келер күндер
қамын ойлаған ойлар сол сəтте-ақ қауырт қамажаулай кетті.
Петербургке келіп, поезд тоқтасымен, далаға шыққан соң, Аннаның
назары түскен алғашқы адамы күйеуі болды. «Құдай-ау! Құлағы неге
бүйтіп кеткен мұның!» деп ойлады Анна, күйеуінің салғырт, салтанатты
кескіні мен, əсіресе, дөңгелек қалпағының етегін тірей, қазір өзін қайран
қалдырып тұрған құлағының шеміршегіне қараған күйі. Күйеуі Аннаны
көрген соң, ерні үйреншікті сылтың күлкісіне ыңғайлана, шаршаған үлкен
көзбен Аннаға тесіле қарап, алдынан қарсы жүрді. Анна күйеуінің
шаршаған, оқты көзін көргенде, соны өзге түрде көрсем деген кісідей,
жүрегін бір сүйкімсіз сезім шымылдатып шағып-шағып алды. Өзін,
əсіресе, күйеуіне кездескенде өзіне өзі өкінген сезімі қайран қалдырды. Ол
сезімнің өзі Аннаның күйеуіне деген көлгірлігіне ұқсас, қашаннан бергi
қанық сезім болатын; Анна бірақ сол сезімді бұрын аңғармай келіп, жаны
ауыра жаңа ғана-айқын сезіп тұр.
— Жə, өзіңді көргенше, үйленгеніне екі жыл толмаған кісідей, күйіпжана асыққан базынашыл күйеудің базынашыл екенін кердің ғой, — деді
күйеуі, даусы сол саябыр қалпы, шəңкілдей шығып, қашан да Аннаға
сөйлегенде қолданатын сарынына сала, біреу шынында да солай сөйлеп,
соны сылтың етіп тұрғандай.
— Сережа cay ма? — деді Анна.
— Іңкар боп жүргенде тартқан бар сыйлығың со болғаны ма маған? —
деді күйеуі. — Cay, сəлемет...
XXXI
Сол түні Вронский де ұйқыны қаперіне алған жоқ. Қарсы алдына
қараған күйі, кірген-шыққандарды шола түсіп, орындығында отырды да
қойды, бейтаныс адамдарын өзі бұрын да таңырқата қобалжытып келсе,
қазір одан да паң, одан да кесірлі көрініп кетті. Жұртқа бір бұйым сықылды
қарап отыр өзі. Қарсысында отырған округтік сотта істейтін бір күйгелек
жас жігіт Вронскийдің сол түріне тіпті құса боп отыр. Ол жігіт
Вронскийден темекі тұтатып, тіл қатып өзінің бұйым емес, адам екенін
сездіргелі, тіпті қағып кетіп жүрсе де, Вронский өзіне баяғы сол фонарьға
қарағандай қарауын қоймаған соң, ол жігіт те сол адам ғұрлы көрмегеніне
шала бүлініп, тыжырына да берді.
Вронский ешкімді де, ештеңені де көрген жоқ. Өзін өзі патша сезгенде,
Аннаға əсер еткеніне сенгендіктен сезген жоқ — оған өзі əлі сенбейтін де,
— қайта сол Анна өзіне əсер етіп, бақытқа байыта, мардамсытқандықтан
сезіп отыр.
Осыдан не шығып, не қоярын өзі білген де, ойлаған да жоқ тіпті. Ол тек
осы күнге дейін салдуарлыққа салынумен шашылып жүрген күші түгел
бір-ақ жерге тұтасып, тас түйілген қуат пен жан тұшынған бір-ақ мақсатқа
беттегенін сезіп отыр. Оны қарқ қып отырған да сол. Оның бар білгені:
соған айтқан шыны ғана болып, сол барған жерге бірге бара жатырмын
деумен, өмірінің бар бақыты, бар мағнасы енді соны ғана көріп, соны ғана
есту боп отыр. Содан, сельтер суын ішкелі Бологовода Вагоннан шығып,
Аннаны көргенде, алғашқы сөзі ойындағысын оған еріксіз жеткізгенін де
аңғарды. Соған сол сөзді айтуын айтқан соң, ол енді оны біледі, соның
жайын ойлайды деп қуанып та кетті, өзі. Вронский түнімен ұйқтаған жоқ.
Вагонына оралған соң, Аннаны кергендегі жай-күйін, айтқан сөздерін
дамыл алмай, түгел ақтарып шықты да, келешекте болады-ау дегендердің
суреттері, жүрегін тулата, көз алдынан лек-легімен өте бастады.
Петербургке келіп, вагоннан түскен соң, түнде ұйқтамағанмен, өзін өзі
салқын ваннадан шыққандай, ширақ та, жасаң да сезінді. Аннаның
шыққанын күтіп, өз вагоны қасында кідіріп те қалды. «Тағы да керейін, —
деді ішінен, лажсыз, күлімсіреп, — жүріс-тұрысын, жүзін көрейін;
бірдеңелер айтып, мойнын бұра жалт қарап, күлімсірер де, бəлкім». Бірақ
Аннаны көруден бұрын, қалың жұрт арасында станция начальнигі
құрметтей ертіп келе жатқан күйеуін көрді. «Ə, солай де! Күйеуі екен ғой!»
Вронский Аннаның күйеуі, соның өзіне байланысты адам екенін алғашқы
рет осы арада ғана келіп аңғарды. Өзі Аннаның күйеуі барын білгенімен,
соның бар екеніне сенбей жүретін де, соған тек басын, иығың қара
шалбарлы аяғын көрген соң ғана келін сенді; əсіресе, сол күйеуі Анна
қолын меншікті кісідей жайбарақат алған шақта кеп кəміл сенді.
Дөңгелек қалпақты, жотасы сəл шығыңқы, Петербургтегілерге тəн
жасаң жүзді, қайсар қатаң кескінді Алексей Александровичті көріп,
Вронский сенуін сенсе де, қаңрығы түтей қайнар бұлақ басына келгенде,
сол бұлақтан əрі ішіп, əрі лайлап жатқан не ит, не қой, не шошқаны көрген
адамның сезіміндей бір жексұрын сезімнен тұлабойы түршікті. Жаясы
жөңкеріле бұрылған, молтақ аяқ Алексей Александровичтің жүріс-тұрысы
Вронскийді тіпті қорландырып та жіберді. Өзі оны сүйетін кісі тек өзім
ғана деп білетін. Анна сол баяғы қаз қалпы, баяғы түрімен тұр екен де,
Вронскийдің еңсесін көтере тасытып, жанып бақытқа байытып та тастады.
Екінші кластан жүгіріп келген неміс малайға нəрселерімді алып жүре бер
деді де, өзі Аннаға келді. Вронский ер-əйелді екеуінің алғашқы кездесуін
көргенде, Аннаның сəл қысылыңқырай сөйлесіп тұрғанын ғашыққа біткен
қағілез сөзіммен аңғара да кетті. «Қой, ол оны сүймейді де, сүйе алмайды
да», — деді өзінше түйіп.
Тіпті арт жақтарынан келгеннің өзінде-ақ, Анна Аркадьевна келе
жатқан сол екенін сезе қоя, жалт бұрылып, таный сала, күйеуіне қайта
сөйлегенін де Вронский қуана шалып келеді.
— Түніңіз жайлы өтті ме? — деді ол, Анна мен күйеуіне қоса иіліп, бұл
сəлемін əрі Алексей Александрович өзіме берілген сəлем деп білуін өтіне,
тану-танымау ықтыярыңыз ғой дегенді қоса айтты.
— Рахмет, өте жақсы етті! — деді Анна.
Жүзі сынықтау екен де, бірде күлкісінен, бірде кезінен жалт беріп,
жайнай көрінетін ойнақылығы жоқ екен; бірақ Вронскийді шалып
кеткеннің өзінде-ақ, бірдеңелер көзінде елп етіп кетті де, лезде сөнген сол
оттың өзі-ақ Вронскийді қарқ қып тастады. Анна Вронскийді білетінбілмейтінін аңдағалы күйеуінің бетіне қарады. Алексей Александрович
Вронскийдің кім екені есіне түсе қоймай, бойкүйезси қарап тұр.
Врокскийдің сабырлы, қайсар мінезі Алексей Александровичтің қатігез
қайсарлығына, тасқа соққан шалғыдай осы ара да қақтығып кеп қалды.
— Вронский граф қой, — деді Анна.
— Ə! Таныс сықылды едік-ау, — деді Алексей Александрович, қолын
ұсына селқос сөйлеп. — Онда анасымен кетіп, мұнда баласымен келген
екен ғой, — деді, əр сөзін ақша бергендей, жұптай, анық айтып. — Сіз əлі,
демалыстан қайтқан шығарсыз? — деді де, жауап беруін күтпей, қалжыңға
сала, əйеліне қайта тіл қатты: — Немене, Москвада айрылар шақта ағылтегіл болыса алдыңдар ма?
Əйеліне айтқан осы сөзі арқылы Вронскийге де оңаша қалсақ екен
дегенді сездіріп, соған бұрыла қалпағын да қозғап қойды. Вронский бірақ
Анна Аркадьевнаға:
— Қош көрсеңіз, сіздікінде болармын деймін, — дегенді айтып қалды.
Алексей Александрович Вронскийге шаршай қарады.
— Келгеніңіз жақсы болады, — деді ол, сұлық сөйлеп, — дүйсембі
күндері қабылдаймыз. — Содан соң, Вронскийді біржола қоя берді де,
əйеліне: — Сені қарсы алып, базынашыл екенімді көрсетуге жарты сағат
уақытым болғаны қандай жақсы болды десеңші, — деді, сол қалжыңдай
сөйлеген күйі.
— Сен сол базынашыл екеніңді мен қаттырақ бағаласын деп баса айтып
келесің-ау, — деді Анна да, соның қалжыңына сала, арт жақтарынан келе
жатқан Вронскийдің аяқ басқан дыбысына құлағын еріксіз тосып. «Қойшы,
не шаруам бар менің?» — деп ойлады да, күйеуінен өзі жоқта Сережа жайы
не боп, не қойғанын сұрай бастады.
— Түу, тамаша! Өзі ете орнықты да болды дейді Mariette, əрі өзі...
ренжісең де айтайын... күйеуіңнен артық сағынбады ғой деймін сені. Маған
бір күн қыйғаныңа тағы да mersi, достым. Сүйкімді самауырынымыз да мəз
болатын болды. (Əйгілі Лидия Ивановна графиняны, қашан болсын ылғый
əбігерленіп, күйіп-пісіп жүретіндіктен самауырын дейтін өзі.) Сұрап та
қояды сені өзі. Қос керсең, соған бүгін барғаның да жөн болар еді деймін.
Қыйт еткенге жанашып жүреді. Қазір бүкіл өз шаруасы үстіне,
Облонскийлерді жарастыру жағын да қатты ойлап жүр.
Лидия Ивановна графиня Аннаның күйеуіне дос адам болатын да,
Петербургтегі қауым үйірмелерінің бірін басқарып отыратын, күйеуі
жағынан сол үйірмеге өзгеден гөрі Анна жақын болатын.
— Е, жаздым ғой ол кісіге.
— Жоқ, жай-жапсарын түгел білуі керек ол. Шаршамасаң, барып қайт,
достым. Күйме десең, Кондратий береді оны, мен комитетке кетем. Түскі
тамақта жалғыз болмайтын болдық тағы да, — деді Алексей
Александрович, қалжыңын қоя сөйлеп. — Сенбейсің ғой, қалай бауыр
басып кеткем десеңші...
Соны айтқан соң, əйелінің қолын ұзақ қысып, күймеге бір ерекше мəз
жымыңмен əкеп мінгізді.
XXXII
Үйге келген соң, Анна алдынан алғаш шыққан адам — баласы болды.
Тəрбиешісінің айқайына қарамай, Анна алдынан баспалдаққа жүгіре
шығып: «Мама, мама!» деп масайрай айқайлап та жіберді ол. Аннаға
жүгіріп келіп мойнына асыла кетті.
— Мамам дедім ғой, сізге! — деді тəрбиешісіне, шаңқылдап. —
Білгемін!
Анна көңліне күйеуі сықылды, баласы да бір торығу тəрізді сезім салып
жіберді. Оны бұл күйінен артықша елестететін өзі. Оның осы тұрған
түрінен де лəззəт алу үшін Аннаның шындыққа қарай төмен түсуі керек
еді. Ақсары шашы бұйралана біткен, көк көзді баласы, етті-жеңді
қаздыйған аяғына шұлығын тырсылдата киіп тұрған, осы күйінде де əсем
еді. Анна опын, жанаса тұрып, еркелеген лебін сезгенде бойы сүйсіне
жадырағандай боп, соның жаутаң қаға, алаңсыз сүйе қарап тұрған көзін
көріп, қаперсіз сұрауларын есіткенде, көңлі де баяуқырайым деді. Анна
Доллидың балалары беріп жіберген базарлықтарын əперіп, Москвада Таня
дейтін қыз бар екен, Таня өзі оқый білумен бірге, тіпті балаларды да
үйретеді екен дегенді айтып берді баласына.
— Немене, жаманмын ба мен одан? — деп сұрады Сережа.
— Дүниедегінің бəрінен сен артықсың маған.
— Білемін оны, — деді Сережа күліп жіберіп.
Анна кофе ішіп болғанша, Лидия Ивановна графиня да келді деп
хабарлады. Лидия Ивановна графиня, өзі бір сырқат адамдай, жүзі сарғыш
тартқан, қара көзі нұрлы, ойлы келген, бойшаң, толық кісі болатын. Анна
өзін жақсы да көретін, бірақ бүгін соның бар кемшілігін алғаш көрген
адамдай болды өзі.
— Жə. достым, зəйтүн бұтағын жалғадың ба? — деді Лидия Ивановна
графиня, бөлмеге кірісімен-ақ.
— Я, түгел тынды, əйтеуір, бірақ өзі біз ойлағандай, сонша бір маңызды
нəрсе емес екен түге, — деді Анна.— Belle soeur 26 өзі, тым бір мойып кісі
тегі.
Бірақ өзіне қабыспайтын нəрселерге түгел құлақ түре қалып, өзіне
қабысатын нəрселерге əсте құлақ аспауды əдет еткен Лидия Ивановна
графиня, Анна сөзін бөліп əкетті.
— Айтты-айтпады, дүниеде қайғы, қорлық деген толып жатыр ғой тіпті,
бүгін сонша қалжырадым өзім.
— Не боп еді? — деді Анна, күліп жібере жаздап.
— Құр əшейін шындыққа бола сайысам деп жүріп-ақ діңкем құрыйтын
жаққа шықтым өзім, кейде тіпті шала бүлінемін. Жамиғат ісі жап-жақсы
жүріп кететін түрі бар еді (онысы филантропиялық, патриоттық-діни
мекеме болатын), əне бір мырзаларға түк істеуге болмай қойды, — деді
Лидия Ивановна графиня, тағдырын қағыта жеңіле сөйлеп. — Өздері сол
пікірге қосыла кетіп, тамтығын қоймай бұзып алды да, соны енді соғұрлым
тайыз, іліп-тартып кіналауға кірісті. Ол істің маңызы үлкен іс екенін, сіздің
күйеуіңіз боп, екі-үш кісі ғана біледі де, өзгелері соны құлату жағында жүр
тек. Кеше Правдин маған хат жазыпты...
Правдин шетелде жүрген, белгілі панславист болатын да, Лидия
Ивановна графиня, сол жазған хаттың мазмұнын айтып берді.
Графиня одан кейін шеркеулерді бірлестіру ісіне қарсы істелген жəне
бір қолайсыз жай мен қулық-сұмдықтарды айтты да, сол күні тағы бір
қоғамның мəжлісі мен Славян комитетіне бармақшы болғандықтан, асығып
аттана жөнелді.
«Осының бəрі бұрын да болды ғой, бірақ сонда неге аңғармаған өзін? —
деді Анна ішінен. — Бүгін əлде өте шамданып жүр ме екен өзі? Шынында
да: ізгілікті мақсұт тұтқан христиан бола жүріп, көрінгенге ашуланып,
көрінгенді жау санап, христиан мен ізгілік жолындағы көрінгенді жау
еткені күлкі нəрсе ғой бір».
Лидия Ивановна графиня кеткен соң, білісі боп жүрген — директордың
əйелі келіп, қала жаңалықтарын қалыбынша айтып берді. Тамаққа
келмекші боп, сағат үште о да қайтып кетті. Алексей Александрович
министрлікте болатын. Анна жалғыз қалған соң, тамаққа дейінгі уақытын
баласы тамақ ішкенде (тамақты жеке ішетін ол) қасында болып, нəрселерін
реттеп, столында жыйналып қалған хат-хабарларды оқып, соларға жауап
беруге жұмсады.
Жолда келе жатқанда сөзден себепсіз ұялу, абыржуы мүлде басылып та
кетті. Өмірдің үйреншікті қалпына араласқан соң, өзін тағы да орнықты,
мінсіз сезе бастады.
Кешегі қалпы есіне түскенде қайран қалды өзі. «Не боп еді, ə? Түк те
жоқ екен. Вронскийдің айтқаны оп-оңай тыя салатын, ішке қонбайтын
нəрсе бір, жауабын өзім де бергемін. Оны күйеуіме айтудың керегі де жоқ,
айтуға болмайды да. Оны айту деген — мəні жоқ нəрсеге мəн бергендік
болады». Анна өзі Петербургте күйеуінің қарамағындағы бір жас жігіт
өзіне қырындаңқырағанын айтқанда, Алексей Александрович: қауымда
жүрген əйел болған соң, ондайға қай-қайсысы болса да, кезіге береді, бірақ
өз басым əдебіңе əбден сенемін де, өзімді де, өзіңді де қызғаншақтық
күйігіне өмірі сала алмаймын дегенін ойластырып шықты. «Демек, айтып
керегі жоқ деген сөз ғой? Я, құдай оңдағанда, айтатын ештеңе де жоқ
екен», — деді ішінен.
XXXIII
Алексей Александрович министрліктен сағат төртте оралды да,
қашанғы əдетінше, Аннаға кіруге қолы жуырда тие қойған жоқ. Тосып
отырған арызшыларды қабылдап, іс басқарушы əкелген кейбір қағаздарға
қол қойғалы кабинетіне кірді. Түскі тамаққа (Карениндердікінен қашан да
екі-үш кісі тамақ ішіп тұратын): Алексей Александровичке, немере қарт
əпкесі, департамент директоры мен əйелі, Алексей Александровичке
қызметке ұсынылған жəне бір жас жігіт келді. Солармен кеңесе тұрайын
деп Анна да қонақ үйге шықты. Сағат дəл бесте, қоладан құйылған I Петр
сағаты бесті соғып болғанша, Алексей Александрович те, қазір тамақтан
соң жүруі керек болғандықтан, кабинетінен ақ галстук тағып, қос
жұлдызды фрагін киген күйі шықты. Алексей Александрович өмірінің бос
минуты қалмай, түгел бөлініп қойылған-ды. Содан, күн сайын істейтін
жұмыстарын істеп үлгіру үшін, ұқыптылықты өте берік ұстайтын өзі. Оның
ұраны-ақ «Аптықпа да, тынықпа», — деген сөз болатын. Залға кірген соң,
жұрттың бəріне иіле амандасты да, əйеліне күлімсіреген күйі, апыл-ғұпыл
отыра кетті.
— Жалғыздығым бітті білем, я. Жалғыз тамақ ішу неткен жайсыз
десеңші (жайсыз деген сөзді баса айтты өзі), сенбейсің ғой сен.
Ac үстінде, əйелімен Москвадағы жайларды сөйлесіп, Степан Аркадьич
жайын сылтың ете, күлімсірей сұрастырып отырды; əңгіме бірақ көбінесе
жалпы əңгіме болып, Петербургтегі қызмет, қоғам істерінің жайына соғып
жатты. Тамақтан соң қонақтармен жарты сағат бірге боп, содан, əйелінің
қолын тағы да күлімсірей қысты да, сыртқа шыға, кеңеске жүріп кетті.
Келгенін біліп, кешкісін келсін деп шақырған Бетси Тверская княгинянікіне
де, орын алынып қойылған театрға да Анна бұ жолы барған жоқ. Көбінесе,
бармаған себебі киемін ғой деп келген көйлегі əзір болмапты. Анна
қонақтар кеткен соң, киім-кешегімен айналысқанмен де, тегінде қатты ыза
болып еді. Москваға жүрер алдында, өзі жалпы құба киінудің шебері
болғандықтан, қайта оңдап беруге тігіншіге үш көйлегін беріп кеткен
болатын. Ол көйлектері жөнделгенде, соғұрлым білінбейтін боп жөнделіп,
бұдан үш күн бұрын бітіп тұруға да тиіс еді. Сол көйлектің екеуі мүлде
бітпей қалыпты да, қайта оңдалған біреуінің өзі де Анна айтқандай болмай
шығыпты. Тігінші əйел келіп, осылай жөнделгені жақсы деп
дəлелдегенімен, Анна ырық бермей, түтеймін деп, соңынан тіпті өз сөзінен
өзі ұялды. Ашуын əбден басып алғалы балалар бөлмесіне барды да, кеш
бойы баласымен бірге болып, төсекке өзі жатқызып, өзі шоқындырып,
көрпeciн өзі жауып салып шықты. Ешқайда бармай, сол кешті сонша жақсы
өткізгеніне өзі де қуанып кетті. Көңлі сонша сергіп, тынышталып алған
соң, темір жолда өзіне аса мəнді шалынған ахуалдың бəрі де қауым
өміріндегі əшейін болымсыз дағдылы жайлардың бірі екенін, өзінен де,
өзгеден де ұялар дəнеңесі жоғын соғұрлым айқын аңғарды. Анна өзі
күйеуін күткелі, ағылшын романын ала пеш қасына келіп отырды. Дəл
тоғыз жарымда күйеуі берген қоңырау шылдыры естілді де, бөлмеге кеп
кірді ол.
— Келдің бе, əйтеуір! — деді Анна, қолын ұсына беріп.
Аннаның қолын сүйіп, қасына кеп отырды күйеуі.
— Жалпы байқауымша, жүрісіңнің өзі сəтті жүріс болды ғой деймін, —
деді Аннаға.
— Рас, өте сəтті жүріс болды, — деді де, Анна басынан бастап:
Вронскаямен жүрген сапарын, барып жеткенін, темір жолдағы уақыйғаны
түгел айтып шықты. Содан соң, əуелі ағасын, одан кейін Доллиды аяған
жайларын айтты.
— Бауырын, болғанымен де, ондай адамды кешіруге болмас еді деп
ойлаймын, — деді Алексей Александрович зілденіп.
Анна жымың етіп күліп қойды. Күйеуі бұл сөзді айтқанда, туыс деп
қарау менің шын пікірімді айтқызбай қоя алмайды деп, дəл сол оймен
айтқанын Анна аңғарып отыр. Күйеуінің сол мінезін білетін де, жақсы да
көретін өзі.
— Түгел жақсылықпен тынып, өзіңнің келгеніңе де қуанып отырмын,
— деді күйеуі, сөзін сабақтап. — Жə, ондағылар менің кеңесте
қабылдатқан жаңа ережелерім жайында не деседі екен?
Ол ереже жайында Анна өзі ештеңе естімепті де, күйеуіне соғұрлы
маңызды боп отырған нəрсені тіпті оп-оңай ұмытып кеткеніне ұялып та
қалды.
— Ендеше, бұл жерде үлкен шу көтеріп жіберді, — деді күйеуі,
тоқмейілси күлімсіреп.
Анна сол іс жайында Алексей Александрович өзіне бір жақсы лепес
айтқысы келгенін аңғарғандықтан, сұрау бере отырып, күйеуін сол
əңгімесіне салып жіберді. Сол ереже қабылданғанда өзіне жасалған овация
жайын күйеуі жаңағы тоқмейіл жымыңына сала отырып айтты.
— Өз басым өте қуандым. Ол өзі осы іс жайында өзімізде ақыры
орынды да, орнықты да көзқарас бола бастағанын көрсетеді.
Алексей Александрович кілегей, нанмен екінші стакан шайын ішкен
соң түрегеліп, кабинетіне қарай тартты.
— Сен өзің ешқайда бармапсың ғой; жабырқаған да боларсың деймін,
тəрізі?
— Жо-жоқ! — деді Анна, ілесе түрегеліп, залды аралай кабинетіне
қарай шығарып келе жатып. — Қазір не оқып жүрсің өзің? — деді.
— Қазір Dus de Lille, Poёsie des enfers 27 оқып жүрмін, — деді күйеуі. —
Өте тамаша кітап бір.
Анна, жақсы керген кісінің бала мінезіне күлетін күлкіге сала
күлімсіреп, қолын күйеуінің қолына төсей, кабинетінің есігі алдына дейін
шығарып салды. Анна оның кешкісін кітап оқымаса отыра алмайтын əдетін
жақсы білетін. Ол оның бар уақытының бəрі де қызмет бабындағы
міндеттеріне сарп боп жүрсе де, ақыл əлемінде туған тəуір нəрсені түгел
қадағалап отыруды да борышым деп санайтынын жете білетін. Ол оның
шынында да саяси, философиялық, діни кітаптарға ден қойып, көркем өнер
өз бітіміне мүлде жат болған соң, сол жайына қарамай, яки, дұрысы сол
себепті, ол салада шу көтерген нəрсенің ешқайсысын құр жібермей, түгел
оқып отыруды да борышым деп санайтынын қанық білетін. Алексей
Александровичей, саясат, философия, дін жөнінде не шүбə келтіріп, не
іздестіре тауып жүретінін де білетін өзі; бірақ көркемөнер, поэзия, əсіресе,
өз басы түгін түсінбейтін музыка мəселелері жөніндегі пікірі нағыз бір
белгілі, орнықты пікір болатын. Шекспир, Рафаэль, Бетховен жайында,
поэзия мен музыканың жаңа мектептерінің маңызы жайында сөйлеуді
жақсы көретін өзі, оларды жүйе-жүйесімен өте бір айқын келтіріп, түгел
орын-орнына қойып отыратын.
— Ал, тəңріге тапсырдық, — деді Анна, шамына қалқан əзірленіп,
орындық қасына графинмен су қойылған кабинет есігі алдына келген соң.
— Мен барып, Москваға хат жазам.
Күйеуі қолын қысып, тағы да сүйді. «Дегенмен де, жақсы адам өзі, өз
тұрғысында шыншыл, мейірбан, өте тамаша кісі бір, — деді Анна ішінен,
күйеуіне біреу кіна тағып, сүюге болмайды деген соң, соған ара түскен
адамша сөйлеп. — Бірақ құлағының біртүрлі сонша қалқыйып кеткені несі
екен! Шашын алдырғандікі ме екен, əлде?»
Дəл сағат он екіде, Анна əлі де болса жазу столының басында отырған
күйі, Доллиға деген хатын жазып болуға айналған кезде, туфли киген
аяғының баппен басқан дыбысы естілді де, жуынып, таранып, қолтығына
кітап қысқан Алексей Александрович Аннаның қасына келді.
— Жетті ғой, жетті, — дегенді ерекше күлімсірей айтып, жатын бөлмеге
қарай өтіп кетті.
«Осыған солай қарағандай не хақы бар еді соның?» деп ойлады Анна,
Вронскийдің Алексей Александровичке қараған қарасын есіне түсіріп.
Шешінген соң Анна да жатын бөлмеге кетті, бірақ Москвада жүргенде
көзі мен күлкісінен шашырай ұшып тұрған ойнақылығы жүзінде жоқ
болуы үстіне, тіпті сол оты қазір не сөніп қалып, не болмаса алыс бір жерге
тығып тасталған тəрізді екен.
XXXIV
Вронский Петербургтен жүрерінде Морскаядағы үлкен пəтер үйін əрі
досы, əрі сүйікті жолдасы Петрицкийге тастап кеткен болатын.
Петрицкий өзі аты онша шыға қоймаған, əрі дəулетсіздігі үстіне сыпыра
борышқа батып, кешкісін ылғый мас болып жүретін, əр алуан лас, күлкі
жайлары үшін гауптвахтаға да жиі-жиі түсе беретін, бірақ жолдастары мен
басшылары жақсы көретін жас поручик болатын. Вронский темір жолдан
шыққан беті сағат он екіде пəтеріне тақала беріп, есік алдында тұрған
таныс арбакеш күймесін көрді. Оның үстіне, берген қоңырауына іш жақта
қарқылдай күлген еркектер күлкісі мен былдырай сөйлеген əйел даусын,
«сұмдардың бірі болса, жібермеңдер!» — деген Петрицкийдің айқайын
естіді. Вронский шабарманына өз жайыңда ештеңе айтпа деді де, аяғын
ептей басып, алдыңғы бөлмеге кірді. Петрицкийдің көзтанысы Шильтон
баронесса көгілдір атлас көйлегі мен қызыл шырайлы ақша жүзі құйылыса
жайнап, бөлмені Париж сөз нақышына сарша торғайша сыңғырай
толтырып, дөңгелек стол алдында кофе қайнатып отыр екен. Петрицкий
пальтошең отыр екен де, ротмистр Камеровский, қызметтен келген болуы
керек, бүкіл формасымен отыр екен.
— Бəрекелде! Вронский ғой! — деп Петрицкий шаңқылдай сөйлеп,
орындықты салдырлата ұшып түрегелді. — Қожайынның өзі! Баронесса,
жаңа шаугімнен кофе құйып жібер өзіне. Ойымызда жоқ едің! Кабинетіңнің
көркіне риза шығарсың деймін, — деді баронессаны нұсқап. —
Таныссыңдар ғой?
— Таныс болмағанда ше! — деді Вронский, жарқылдай күлімсіреген
күйі, баронессаның кішкентай қолын қыса беpiп. — О не дегенің! Ескі дос
қой.
— Жолдан келген екенсіз ғой, — деді баронесса, — жөнелейін, ендеше.
Айтпақшы, бөгетім болса, аттанайын қазір.
— Қай жерде жүрсеңіз, сол жер үйіңіз ғой сіздің, баронесса, — деді
Вронский. —Сəлеметсіз ғой, Камеровский, — дегенді де қосып қойды,
Камеровскийдің қолын солғындау қысып жатып.
— Мінеки, осындай жақсы лебізді өмірі айта білмейсіз, — деді
баронесса Петрицкийге қарап.
— Қой, неге айтпайын? Тамақтан соң осал айтпаймын мен де.
— Е, тамақтан соң талпынғаныңызды қайтейін! Кəнеки, кофе берейін
сізге, барып жуынып, реттеле қойыңыз, — деді баронесса, қайта отыра
қала, жаңа шаугімнің винтін тыйрақси айналдырып жатып. — Пьер, кофе
əперіңізші, — деді Петрицкийге, араларындағы қатнастарын жасыра
қоймай, Петрицкийге фамилиясы бойынша, Пьер деген ат таңып. — Үстеп
сала түсейін.
— Құстырып аларсыз.
— Жоқ, құстырмаймын! Жə, əйеліңіз кəне? — деді баронесса,
Вронскийдің жолдастарымен сөйлесіп тұрған сөзін қалт бөліп жіберіп. —
Сізді біз осында жүріп үйлендіріп те қойғамыз. Ала келдіңіз бе əйеліңізді?
— Жоқ, баронесса. Мен өзім цыган боп туып, цыган боп елетін кісімін.
— Соныңыздың өзі абзал, өзі. Қолыңызды əкеліңіз.
Баронесса Вронскийдің қолын сол ұстаған күйі, қалжыңын араластыра
тұрып, өміріне арнаған соңғы жоспарларын да айтып, ақыл да сұрай
бастады.
— Сол күйі басымды ашқысы келмей жүр оның. Не істеуім керек
менің? (Оның дегені күйеуі болатын.) Енді тіпті соттаса бастайым ба деп те
тұрмын. Не ақыл бересіз соған? Камеровский, кофеге қарай тұрыңызшы, —
тасып кетті; қолым тимей тұрғанын көрдіңіз ғой менің! Соттасайын деген
мəнісім, дəулетім керек боп тұр өзіме. Соның мені опасыздық істеді деген
ақмақтығы не деген ақмақтық десеңізші, — деді сілтідей тынып, — содан
келіп мекен-жайымды да пайдаланбақшы болады өзі.
Вронский əдемі əйелдің осы бір қызық былдырын сүйсіне тыңдап,
қолпаштай, қалжыңы аралас кеңестер бере, жалпы осы іспеттес əйелдермен
сөйлесудегі қанық сарынына да қалт түсе кетті. Оның Петербургтік
əлеміндегі адам біткендер бір-біріне мүлде қарсы жатқан екі сортқа
бөлінетін. Оның бірі: пасық, ақмақ, көбінесе, күлкі адамдар араласқан
төменгі сорт болатын, олары: бір еркек неке қыйған бір əйелмен тұра беруі
керек; қыз күнасыз, əйел арлы, ер жігерлі, тартымды, орнықты болуы
керек; бала тəрбиелеп, нан тауып, борышты өтеуі керек деген, тағы-тағы
сондай ақмақтыққа сене беретін адамдар болатын. Ол өзі ескіні салт
тұтқан, күлкі адамдар сорты болатын. Сонымен бірге, осы тұрған өздері
түгел кіретін, салуатты нағыз адамдардың да сорты бар еді, ондағылар
көбінесе сəулетті, сұлу, мархаматты, батыл, жарқын келіп, нəпсі атаулы
дегенге қымсынбай кірісіп, өзге жұртты түгел күлкі ететін адамдар болуы
керек еді.
Вронский мүлде өзге дүниені көріп, Москвадан көп əсермен
келгендіктен, тек алғашқы минутта ғана аңтарылып қалды да, ежелгі
ақжарқын, жағымды дүниесіне, аяғын ескі туфлиіне сұғып жіберген
адамша, іле-шала-ақ қосылып кетті.
Кофе сол шықпаған күйі шықпай, бəріне шашырай тасып, жұртты у-шу
күлкіге батыра, масаты кілем мен баронессаның көйлегіне барып төгілді,
оның сөйтуі керек те еді.
— Жə, қош болыңыз енді, əйтпесе тіпті өмірі жуынар түріңіз
көрінбейді, жөн білгі адам болған соң, кір-қоң жайындағы айыптың үлкені
де менде қалып, ұятқа душар болатын да сыйқым бар екен. Сөйтіп, тамаққа
пышақ тақала берсін деп кеңес бересіз ғой?
— Сөз жоқ, қолыңыз ерніне қалай да жуық тұратын болсын деймін.
Қолыңызды сүйген соң-ақ, жақсылықпен тынғаны, — деді Вронский.
— Сонымен бүгін француз театрында болғанымыз ғой! — деді де,
баронесса көйлегі судырай, көзден ғайып болды.
Камеровский қоса түрегелген соң, Вронский кеткенін күтпей-ақ қол
берді де, жуынатын үйге қарай тартты. Ол жуынып жатқанда, Петрицкий
сол кеткелі əз жайынын, қаншалықты өзгергенін қысқаша түгел суреттеп
шықты. Ақшадан түгі қалмапты. Əкесі ақша да бермеймін, борышыңды да
өтемеймін депті. Тігінші де, тақыр жерге отырғызу амалына шығыпты,
екінші біреуі де тақыршаққа отырғызатын қауіп туғызыпты. Полк
командирі де бұл жанжал қоймайтын болса, қызметтен шығу керек дегенді
айтыпты. Баронесса да ащы тұрынша жабысып, əсіресе, ақша берем
деумен-ақ ығыр қып болыпты; шығыс бітімінде құйылыса келген, тіпті бар
ғой, «Рабека мұңлының genre» 28 тақлеттес, ғажайып əсем жəне біреуі бар,
өзін көрсетемін өзіңе дегенді де айтты Вронскийге. Кеше Беркошевпен де
керісіп қалғам, секундант та жібермек болған ол, ештеңе шықпайды, əрине.
Жалпы айтқанда, бəрі де бабы, бəрі де көңілді ете. Петрицкий бұдан ары
жолдасына өз жайының егжей-тегжейін білуге де мұрша бермей, қызыққызық жаңалықтарды айту жағына барып кірісті. Вронский Петрицкийдің
соғұрлы қанық əңгімесін үш жыл тұрған пəтерінің соғұрлы қамбыл
жағдайында тыңдап, Петербургтегі үйреншікті, алаңсыз өміріне қайта
оралғанын да сүйсіне сезінді.
— Қой, əрі! — деді Вронский саңқ етіп, қып-қызыл күдіс мойнына су
құйып тұрған жуынғыш шүмегін тастай беріп. — Мүмкін емес! — деді,
Лораның Мелеевке тиіп, Фертингофты тастап кеткен хабарын естіген соң.
— Өзі сол ақмақ, риза күйі ме əлі? Бузулуковтың жайы немене, ал?
— Түу, Бузулуковтың қызығы бар бір — керемет! — деді Петрицкий
саңқылдай сөйлеп.— Балқұмар еді ғой өзі, Сарай жанындағы балдың бірдебірін, қақа жібермейтін. Бір үлкен балға жаңа каска киіп барыпты. Жаңа
каскаларды көріп пе ең өзің? Өте жақсы, жеңілдеу де. Бузулуков тұрса...
Қоя тұр, тыңдасаңшы өзің.
— Тыңдап тұрмын, я, — деді Вронский түкті орамалмен сүртіне тұрып.
— Ұлы княгиня мен бір елші етіп барады екен, Бузулуковтың сорына,
екеуі жаңа каскалар жайын əңгіме қылыпты. Содан ұлы княгиня жаңа
касканы көрсетейінші деген де ойға келіпті... Біздің көгершін, тұрғанын да
көре қойыпты. (Петрицкий соның каскамен тұрған тұрысына да салып
жіберді.) Ұлы княгиня касканы сұраса — бермепті ол. Мұнысы несі?—
деседі. Құр əйтеуір, көздерін қысып, ым қағып, қабақтарын шытқан болады
оған. Бер деседі. Бермейді. Қалшыйып қатып қалыпты. Не деген қызық
десеңші!.. Тек, анау... əлгі біреуі... каскасын алмақшы болады... бермейді!..
Содан ол, жұлып кеп алып, ұлы княгиняға бере салады. «Жаңа каска
дегеніміз осы» дейді ұлы княгиня. Касканы аудара бергенде, қызығы сонда
екен, сау ете түсіпті! Алмұрт пен конфет екен, конфеті екі қадақ
шығыпты!.. Қымқырып жүрген көгершіннің өзі екен соны!
Вронскийдің ішек-сілесі қатты. Содан соң да, өзге жайларды сөйлесе
отырып, есіне каска түсіп кетсе-ақ, бекем біткен жиі тісі көріне,
кеңкілдеген күлкісіне сала, кепке дейін сілесі құрый күле берді.
Вронский жаңалықтарды түгел біліп алған соң, малайы болысып,
мундирін киді де, қызмет орнына көрінуге тартты. Көрінген соң, баурыма,
Бетсиге соғайын да, бірнеше адамдармен дидарласып алып, Каренина
кездесетін қауымға да барып тұруды бастайын деген ойы болды. Үйінен
аттанғанда, Петербургтегі қашанғы əдетше, түнде кеш оралатын боп
аттанды.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
I
Қыс аяғына таман Щербацкийлер үйінде Китидің денсаулық жайын
біліп, əлсіз тартқан қуатын қалпына келтіруге керекті шаралар жөнін
шешетін консилиум өткізілді. Кити науқас болатын да, көктем таянған
сайын денсаулығы да нашарлай берген. Үйдегі докторы балық майын, одан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 10
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.