Latin Common Turkic

Анна Каренина - 27

Total number of words is 4095
Total number of unique words is 1996
33.6 of words are in the 2000 most common words
48.3 of words are in the 5000 most common words
55.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қаумалап жүретін көтерем тұқымды россиялық жылқыңызды бүлдіреді де,
першерон, не тіпті битюк тұқымын өсірсеңіз-ақ, бүлдіре алмайды оларды.
Бəрі де сол сықылды. Шаруашылығыңызды көтеруіңіз керек əлі.
— Көтерер жайы болса, көтереді ғой, Николай Иваныч! Сіздің жайыңыз
жақсы жатыр да, мен болсам, үлкен ұлды университетте ұста, кішілерін
гимназияда тəрбиеле, — олай боп отырғанда, першерон алу қайдан келсін
маған.
— Банк бар ғой оған.
— Калған-құтқанымды көтерме саудаға салсын дейсіз бе? Жоқ, рахмет!
— Шаруашылық дəрежесін бұдан да көтеру керек, көтеруге болады
дегенге өз басым қосылмаймын, — деді Левин. — Мен өзім сонымен
айналысып та келем, қаражатым да бар, түк шығара алмадым бірақ.
Банктің кімге пайдалы екенін де білмеймін. Осы менің өзімді алсаңыз да,
шаруашылықта ақшаны неге жұмсасам да, түгел зыянға соғып жатыр: мал
алсаң да — зыян, машина алсаң да — зыян түге.
— Дұрысы сол, əне, — деп, бурыл мұртты помещик те, тіпті сүйсіне
күліп, қостай кетті.
— Бір мен ғана емес, — деді Левин жалғай сөйлеп, — шаруашылықты
пайдалы етеміз деп жүрген қожайындарды да түгел дəлел етуіме болады;
бірен-сараны ғана болмаса, тегіс зыян тартып жүр. Шаруашылығыңыз
пайдалы ма екен — өзіңіз айтыңызшы ал? — деді де Левин, Свияжский
ақылының қабылдау бөлмесінен ары барайын десе-ақ, байқай қоятын
өткінші қорқыныш əлпетін де көзқарасынан іле-шала аңғара кетті.
Оның үстіне, Левин тарапынан мұндай сұрау берілуі де онша адалдық
емес еді. Қожайын əйел: быйыл жазда Москвадан бухгалтерия жайын жетік
білетін неміс шақырып əкеп, шаруашылығымызды бес жүз сом ақы беріп
есептеткенде, үш мың пəлен сом зыян тартқызады екен деді дегенді, жаңа
осы шай үстінде ғана айтқан болатын оған. Қожайын əйел дəл қанша екенін
білмегенмен, неміс шет тыйынға дейін есептеді-ау деймін деген болатын.
Свияжский шаруашылығының пайдасы айтылғанда, бастаушы,
көршісінің табысы қандай боларын біліп отырғандай, помещик те жымыя
күліп қойды.
— Пайдалы болмауы да кəдік, — деді Свияжский. — Ол өзі менің не
жаман қожайын екенімді көрсетеді де, не болмаса, капиталды рентаны
молайтуға жұмсап жатқанымды көрсетеді тек.
— Ə, рента деңіз! — деді Левин шошый сөйлеп. — Рента болса,
сіңірген еңбектен жері жақсарып келе жатқан Европада болуы кəдік те,
біздің жер сол сіңірген еңбектен түгел қожырап, яғни шіріп те бара жатыр,
— демек, рента да жоқ деген сөз.
— Рента неге жоқ болады? Заң ғой ол.
— Сол заңнан сыртқары жатырмыз біз: рента деген бізге түк те
түсіндірмей, қайта шатастырып болады. Одан да, сіз, рента жайындағы
ғылымның қалай...
— Айранға қалайсыздар? Маша, бізге бір не айран, не малина алғызшы
бері, — деді ол əйеліне. — Быйыл малина тамаша ұзақ шыдап тұр.
Содан, Левин əңгіме енді ғана басталды-ау деген жерге келгенде,
Свияжский оны бітті ғой деген кісідей, жаны жай таба масайрай түрегеліп,
жүріп те кетті.
Кеңескен кісісі кетіп қалған соң, Левин помещикпен əңгімелесіп,
қыйыншылықтың бəрі жұмысшымыздың қасиет, дағдысын білгіміз
келмегендіктен боп отыр деп дəлелдеуге кірісті; бірақ өз тұсынша, оқшау
ойлап үйренген өзге жұрт сықылды, помещик те өзгенің ойын түсінуге
сараң, өз ойына ерекше мығым болып шықты. Ол өзі орыс мұжығы деген
бір шошқа, шошқалықты жақсы көреді, оны сол шошқалықтан шығару
үшін билік керек болса, ол билік жоқ, таяқ керек жерде, соғұрлы либерал
боп алдық та, мың жылдан бері қолданған таяқты қапелімде қайдағы бір
адвокат, абақты дегендерге ауыстырдық, солар тұрғанда, күлімсі нас
мұжықтарға жақсы сорпа беріліп, тыныс алар ауасын текше футпен өлшеу
деген қалмайды деп қарысып отырып алды.
— Жұмысшыға жұмысты өнімді істетерлік амал табуға болмайды
дейтін мəнісіңіз не? — деді Левин, мəселеге кайта оралғысы келіп.
— Орыс жұртымен жүріп, ешуақытта да істеуге болмайды оны! Билік
жоқ, — деді помещик.
— Жаңа жағдайлар қалай табылмақшы екен? — деді Свияжский,
айранын ішіп, шылымын тартқан соң, таласып отырғандарға қайта келіп.
— Жұмысшы күшіне деген аужай атаулы түгел анықталып, зерттелген, —
деді ол. — Тағылық тамтығы — қарға тамырлы алғашқы қауым да өзінен
өзі құрып барады, крепостнойлық право болса, жойылды, еңбек
бостандығы ғана қалып отыр тек, оның түрі де анықталып, əзір тұр,
соларды алу керек, əне. Жұмысты күндеп істейтіндер мен батрақ фермер
дегендерден құтылмайсыз енді.
— Ол түрлерге Европа да риза болып отырған жоқ бірақ.
— Риза болмаса, жаңаларын іздеп жүр. Табатын да түрі бар.
— Менің айтып отырғаным да сол, — деді Левин. — Соны біз өз
тұсымыздан неге іздемейміз, ал?
— Неге екені, о да темір жол салу əдісін тосыннан ойлап шығарумен
тең нəрсе. Ойланып, табылған нəрсе олар.
— Бізге олар лайық келмесе, келеңсіз соқса қайттік ал? — деді Левин.
Содан ол, Свияжский көзіндегі қорқу əлпетін тағы да аңғара кетті.
— Солай, біз оны: бөркімізбен-ақ ұрып аламыз. Европаның іздеп
жүргендерін тауып та қойғамыз! Соларды мен түгел білгенмен, ғапу
еткейсіз, жұмысшыларды орналастыру мəселесі жөнінде Европада не
істелгенін өзіңіз білер ме екенсіз түгел?
— Жоқ, біліңкіремеймін.
— Европада қазір ең ақылды адамдар ойын орап жүрген де сол мəселе
боп отыр. Шульце-Деличе бағыты... Одан соң, ең либералшыл Лассаль
бағытының жұмысшы мəселесі жөніндегі бүкіл сол ұшан-теңіз əдебиеті...
Мильгаузен құрылысы дегендер, өзіңіз де білетін шығарсыз, — факт ол.
— Түсінігім болғанмен, тым күңгірт білем.
— Жоқ, құр жеңер ақыға айтып отырсыз сіз; соның бəрін де менен кем
білмейсіз, анық ол. Əрине, мен де əлеумет өмірінің профессоры емеспін,
бірақ ол ден қойған нəрсем менің, шынында, ден қоям десеңіз сіз де
айналысуыңыз керек.
Солар бірақ неменеге тыянақтаған?
— Ғафу етіңіз...
Помещиктер түрегелген соң, Свияжский де Левинді ақылының
қабылдау бөлмелерінің ар жағына үңілетін жайсыз əдетіне тағы да
тоқтатқан күйі, қонақтарын аттандыруға шығып кетті.
ХХVІІІ
Сол кеште əйелдер қасында отырғаны Левинді де қатты жалықтырып
жіберді: қазір өзі шаруашылығы жайында сезіп жүрген наразылығы жалғыз
өз басының ғана жайы емес, Россиядағы тіршіліктің жалпы жағдайы екен,
орта жолдағы мұжықтағыдай, жұмысшылар қайда істесе де, əйтеуір бір
қарым-қатнас жасау деген арман емес, шешуді қажет қып отырған міндет
екен деген ой Левинді қай уақыттағыдан болса да, қатты тықыршытты.
Содан, өзіне сол міндетті орындау орайы келіп тұрған сықылды көрінген
соң, соны істеп көрейін дегенге де шықты.
Левин əйелдермен қоштасарда, ертең тағы да күні бойы болып, қазына
орманындағы қызық əңгекті салт атпен бірге барып көруге уəде етті де,
жұмысшы мəселесі жайында Свияжский ұсынған кітаптарды алғалы, жатар
алдында қожайын кабинетіне кірді. Свияжскийдің кабинеті кітап
жыйналған шкафтар мен екі стол қойылған өте бір үлкен бөлме екен —
столдың бөлме ортасында тұрған біреуі жазу жазатын шомбал стол екен де,
екіншісі шамдар айналасына түрлі тілдердегі газет, журналдардың соңғы
нөмерлерін жұлдызша жыйнаған дөңгелек стол екен. Жазу столының
қасына түрлі істерге арнап, алтын жарнамалы жəшіктері бар, текше істеліп
қойыпты.
Свияжский кітаптарды алып, тербелгіш орындығына келіп отырды.
— Немене қарап жатырсыз? — деді ол, дөңгелек стол қасына тоқтап,
журналдарды қарап тұрған Левинге.
— Айтпақшы, сонда бір қызық мақала бар еді-ау, — деді Свияжский,
Левин ұстап тұрған журнал жайын айтып. — Польшаны бөлшектеу
жөніндегі, — дегенді қосып қойды жадырай сөйлеп, — басты айыпкер
Фридрих болмай шықты мүлде. Оны істеген...
Содан, жаңа ашылған сол өте маңызды, қызықты жайды өзіне біткен
əдетінше қысқаша айқын етіп айтып берді. Қазір Левин ойын көбінесе
шаруашылық жайы иектеп кеткенімен, қожайын сөзін тыңдай тұрып:
«Осының ойында не отыр екен өзі? Польшаны бөлшектеудің не қызығы бар
екен бұған?» — дегенді ішінен сұрай да тұрды. Свияжский айтып болған
соң, Левин: «Неменесі бар екен ал?» — деп еріксіз сұрады. Ештеңесі де
жоқ екен, бірақ. Қызығы сол «болмай шықты» деген сөз ғана екен.
Свияжский бірақ, өзіне соның неге қызық көрінген мəнісін түсіндірмеді де,
түсіндруді керек те деген жоқ.
— Дегенмен де, əлгі шəмкес помещик қатты қызықтырды өзімді, —
деді Левин күрсініп қойып. — Ақылды да кісі екен, көп шындық та айтты
өзі.
— Түу, қойыңызшы! Нағыз қыйракезік құпыя крепостник бір, бəрі сол
олардың! — деді Свияжский.
— Солардың-ақ бастаушысысыз ғой өзіңіз...
— Я, оларды тек өзге жаққа бастап жүрмін, — деді Свияжский күліп.
— Менің ойымды қатты бөлген мынау болып отыр, — деді Левин. —
Соның айтқаны рас, біздің шаруамыз, яғни пайдалы шаруашылық деген
өрге баспай жатыр да, тек анау жыбыртқы помещик сықылдылардың
өсімқор шаруашылығы, яки нағыз жай шаруашылық ғана өрбіп келе жатыр.
Соған кіналі кім?
— Əрине, өзіміз. Оның үстіне, шаруашылығымыз өрге баспай жатыр
деу де бекер сөз əшейін. Васильчиковтың шаруашылығы қарыштап-ақ
келеді.
— Завод қой...
— Дегенмен де, неменеге таңырқайтыныңызды білмей отырмын сіздің.
Халықтың өзі материалдық, рухани дамудың сонша төмен сатысында
тұрған соң, өзіне жат нəрсеге түгел қарсыласа беретін де сықылды.
Европада пайдалы шаруашылық халық білімді болған соң да, ілгерілеп
отыр; демек, халықты біз де жетілдіруіміз керек деген сөз,— əңгіме сонда
жатыр.
— Халықты қалай жетілдіру керек екен?
— Халықты жетілдіру үшін: мектеп, мектеп, мектеп деген үш нəрсе
керек.
— Халықты матеоналдық дамудың төмен сатысында тұр дегенді өзіңіз
айттыңыз ғой, бірақ. Мектеп не көмек бермек бұ жерде?
— Сіз бар ғой, менің есіме ауыруға айтылған ақыл жайындағы бір: «Іш
жүргізетін тұз ішуіңіз ғой», — «Ішкізген екен: нашарлай түсіпті». —
«Сүлікті байқап көріңіз». — «Байқаған екен: нашарлай түсіпті». —
«Ендеше, құдайынызға сыйыныңыз тек». «Сыйынған екен: нашарлай
түсіпті», — деген анекдотты салып отырсыз. Екеуміз де сол сықылдымыз.
Мен тұрып саяси экономияны айтсам, сіз тұрып — жаман дегенді айтасыз.
Социализмді айтсам — жаман дейсіз. Білімді айтсам — жаман дейсіз.
— Айтты-айтпады, мектеп не көмек бермек сол?
— Халыққа өзге талғау тауып береді.
— Дəл осыны түсінбей келем өмірі, — деді Левин өршелене қарсыласа
кетіп. — Халықтың материалдық жайын жақсартуға мектеп қалай
болыспақшы? Мектеп пен білім халыққа жаңа талғау тауып береді дейсіз.
Тауып бергені жаман сол, өйткені соны қанағаттандыруға халықтың
дəрмені жетпейін деп отыр. Ал, қосу, алу амалы мен катехизисті63 білу
халықтың материалдық жайын жақсартуға қалай болысатынын өмірі
түсінген емеспін өзім. Осыдан үш күн бұрын кешке жақын бір бала
көтерген қатынға жолығып, қайда барасыз деп сұрағаным бар. «Балаға
жылауық ауру жабысқан соң, емдетейін деп құшнаш кемпірге апарып едім»
дегенді айтты ол. Жылауықты қалай емдейді екен кемпір, деп сұрадым мен.
«Баланы тауық қонағына отырғызып, бірдеңелер айтады екен».
— Өзіңіз-ақ айтып отырсыз, əне! Сол қатын жылауық баланы емдетуге
тауық қонағына апармасын десек, сол үшін керек ол... — деді Свияжский
масайрай күліп.
— Жо-жоқ! — деді Левин ренжіп, — сол емнің өзі де маған халықты
құр мектеппен емдеу сықылды көрініп отыр. Халық кедей де, білімнен де
шола жатыр, баланың жылауық екенін шырқырауына қарап білген
кемпірше, біз де айнытпай біліп отырмыз оны. Бірақ жылауық балаға
қонақтағы тауықтар себі тиетін мəнісі өзімізге қандай түсініксіз болса, сол
кедейлік пен білімсіздік сорынан құтылуға мектеп себі тиетін мəнісі де
сондай түсініксіз нəрсе бір. Халықтың кедей болмау жағына болысуымыз
керек.
— Я, бұ жөнде сіз, кем дегенде, өзіңіз соғұрлы жек көретін Спенсерге
астасады екенсіз; білім деген мол дəулеттің, жайлы тұрмыстың, сол
айтқандай, таза жүрудің нəтижесі болуы кəдік дегенді о да айтады, бірақ
оқый білмеу, санай білмеу деген...
— Ə, бəрекелде, Спенсерге астасқаныма өте қуанып та, не болмаса,
қатты қайғырып та қалдым, қайта; менің тек көптен білетін нəрсем ол.
Мектеп себі тимейді, қайта, халық неғұрлым бай, сейілі мол болатын
экономикалық құрылыс жасалса, соның себі тиеді, — мектеп деген де сол
кезде болады.
— Алайда мектеп деген бүкіл Европада міндетті нəрсе қазір.
— О жөнде Спенсерге өзіңіз қалай қосылып отырсыз ал? — деді Левин.
Бірақ Свияжский көзінде қорқыныш ізі қылт ете түсті де:
— Жоқ, əлгі жылауық дегеніңіз тамаша нəрсе екен бір! Шын-ақ өзіңіз
естідіңіз бе, соны? — деді күлімсіреп.
Левин осы адамның өмірі мен пікірі арасындағы байланысты сол күйі
таба алмайтынын да аңғарайын деді. Бажайылаған ойы неге əкеп соқса да,
тіпті бүлк ететін түрі жоқ екен өзінің; бажайылау шалымы ғана керек екен
өзіне. Сөйтіп, бажайылау шалымы тұйыққа əкеп тіреген кезде ғана жайсыз
тиеді екен оған. Өзі тек соны ғана жек көріп, тайқай соғады екен де,
əңгімені бір, жайлы-көңілді нəрсеге бұрып əкетеді екен.
Бүгінгі бүкіл əсер, бүкіл ойдың негізгі сүйеніші болған, орта жолдағы
мұжық үйінде алған əсерден бастап, сол күнгі əсердің бəрі де Левинді
қатты толғандырды. Тек жұртшылық алдында айтатын пікірлерін ғана əзір
ұстағанмен, сірə, Левиннен жасырын өзге бір өмір негіздері бар, оның
үстіне, легион атанған тобырға қосыла, қоғам ойына өзінде жоқ бөгде пікір
арқылы басшылық етіп отырған осынау сүйкімді Свияжский; өз ойларын
орынды айтқанмен, өмір азабын көре келіп, бүкіл бір тапқа, тап болғанда,
Россиядағы ең таңдаулы тапқа зіл шақырып, теріс бағып отырған əлгі
шатынауық помещик; өз кəсібіне өзі наразы боп, соның бəрін түзейтін жол
табармын деген көмескі үміт — түгел қосылып, іштегі абыржу сезімі мен
тез арада шешермін деген дəмеге келіп тоғысты.
Левин өзіне сайланған оңаша бөлмеде, қозғалған сайын қол-аяғын кенет
көтеріп тастайтын серіппелі бостекте жатқан күйі, көпке дейін ұйқтамады.
Свияжский ақылды-ақылды көп нəрселер айтқанымен, араларындағы
əңгіменің ешқайсысы да Левинді қызықтырған жоқ; бірақ помещик
дəлелдері талқылауды тілей берді. Левин соның сөзін есіне лажсыз түгел
түсіріп, соған берген өз жауабын да, ойынша, түзетіп жатты.
«Рас, мен оған: шаруашылығымыз ілгерілемегенде, жетілдіру атаулыны
мұжық жек көргендіктен ілгерілемей отыр, оларды күшпен ендіруіміз керек
дегенді айтып отырсыз, сол айтқан жетілдіру шараларынсыз шаруашылық
түгел ілгерілемеген болса, айтқаныңыз орынды да болған болар еді;
шаруашылық бірақ ілгерілеп келеді, ілгерілегенде, орта жолдағы
қарттағыдай, жұмысшылар өз əдеттеріне сай істеген жерде ілгерілеп отыр,
деуім керек еді. Сіз бен біздің шаруашылық жөніндегі ортақ
наразылығымыз, не өзіміз, не жұмысшылар айыпты екенін ғана дəлелдейді.
Біз болсақ, жұмысшы күшінің қасиеті қандай дегенді сұрамай, көптен-ақ
өзімізше, европаша кесіп-пішіп келеміз. Жұмысшы күшін өрен күш деп
санамай, орыстың соқыр сезімді мұжығы дейік те, шаруашылықты да соған
сай құрып көрейік. Шаруашылығыңыз қарттың шаруашылығынша
жүргізіліп, жұмыстарының жемісті болатынына жұмысшыларды да
қызықтыратын амал тауып, жетілдіру шараларының да солар таныйтын
орта деңгейін ұстаған болсаңыз, — онда топырақты да шірітпей,
бұрынғыңыздан екі есе, үш есе артық алар едіңіз деуім керек еді оған.
Соны қақ бөліңіз де, жартысын жұмысшы күшіне беріңіз; өзіңізде қалған
қалдығының өзі де артып түсіп, жұмысшы күшіне де артық тиеді. Ал, оны
істеу үшін шаруашылық дəрежесін төмендету керек те, жұмысшыларды
шаруашылық табысына қызықтыру керек. Оны қалай Істеу жағы талдай
түсетін мəселе болғанмен, орайы келіп тұрған, күмəнсіз мəселе».
Осы пікір Левинді тіпті шыйыршық атқызды. Сол пікірін орындаудың
жай-жапсарын ойластырып, тұн жарымына дейін ұйқтаған жоқ. Өзінің
келесі күні жүрер ойы жоқ еді, қазір бірақ үйге ертең ерте қайтайын деп
байлады. Оның үстіне, көйлегінің өңірін ойған əлгі балдыз қыз да ұялтып,
бір жаман қылық істеп өкінген адамның сезіміндей сезімге де келтіре берді.
Ен, бастысы — кешеуілдетпей аттануы да керек бола берді: күздік астық
себілмей тұрып, соны жаңа жүйемен себу үшін, мұжықтарға жаңа жобаны
да ұсынуы керек еді. Бұрынғы шаруашылықты түгел төңкерістірейін
дегенге де шықты ол.
XXIX
Левин жоспарын орындаудың қыруар қыйыншылықтары да болды;
бірақ өзі бар күшін сала кірісті де, ойындағысы болмағанмен, өзін өзі
алдамай-ақ, істей берсең бітеді екен дегенге сенетін де дəрежеге жетті. Ең
бір басты қыйыншылық: шаруашылық жүріп жатқандықтан, соны тұтас
тоқтатып, басынан түгел қайта бастап, машинаны да жүріс үстінде қайта
оңдау керек болғандығы еді.
Левин үйіне келісімен, жоспарын сол кештің өзінде-ақ приказшіге
айтқан кезде, приказші де əңгіменің бұрынғы істегендеріміздің бəрі
пайдасыз, құр əуре екен деген жағын сүйсіне қостай кетті. Мен соны
əлдеқашан-ақ айтып едім, тыңдағыңыз келмеді ғой деді приказші. Левиннің
бүкіл шаруашылық кəсібіне жұмыскерлер мен бірге жарнашы боп
атсалысыңыз деген ұсынысына келгенде, приказші ешбір анық пікір
айтпай, құр əшейін сары уайымға сала келіп, іле-шала: қара бидайдың
қалған бауларын тартқызып, қайта жыртқызуға ертең кісі жіберу керек еді
дегенді айтқан соң, қазір бұған уақыт жоқ екенін Левин де сезейін деді.
Левин осы жөнде мұжықтармен де сөйлесіп, жерді жаңа шартпен
тапсыру туралы өздеріне ұсыныс жасағанда, сол басты қыйыншылыққа о
жерде де жолыға берді, мұжықтар күнделікті жұмысқа сонша батып
жатқандықтан, сол кəсіптің пайда, залалын ойлауға да мұрсалары келмеді.
Сыйыршы Иван дейтін көңілшек мұжық Левиннің семьяңызбен сыйыр
қорасының пайдасына қатнасыңыз деген ұсынысын əбден түсінген кісідей,
сол кəсіпті мүлде қостай да кетті. Левин бірақ пайданың "болашақтағы
пайда екенін түсіндіре бастаған кезде, Иван жүзі құп-қу болып, түгел
тыңдай алмадым-ау деген өкініш білдіре, қайдағы бір шұғыл жұмыстарды
да таба қойды: бөліктегі пішенді шығарып тастағалы біресе ашаға
жабысып, біресе су құйып, біресе көңді аршып тұқыраңдады.
Енді бір қыйыншылық: помещикте шаруаларды барынша тонай беруден
өзге мақсат бар дегенде солардың тіпті мүлде сенбейтіндігі еді.
Помещиктің нағыз мақсаты (өздеріне ол не сөз айтса да) өмірі бізге шынын
айтпауында жатыр деген сенімнен айнымады олар. Пікір айтамыз деп көп
нəрселерді көйткендерімен, нағыз мақсаттары не екенін өздері де өмірі
айтпайтын. Оның үстіне, шаруалар (шəмкес помещик сөзін Левин де
орынды көріп жүрген) қай келісім болса да, шаруашылықтағы жаңа əдіс
пен жаңа құралдарды қолданудың қай-қайсысына болсын кіріптар
етілмейтін болайық дегенді аумайтын, бірінші шарт етіп қойған-ды. Олар
өзі плуг жақсы айдайды, топырақ майдалағыш жұмысты тез істейді дегенге
көнгендерімен, солардың бірде-бірін қолдануға болмайтын мəнісі не
дегенге мыңдаған себептер табатын да, Левин шаруашылық дəрежесін
төмендету керек екеніне көзі жете тұрса да, шаруашылықты жетілдіру
жұмысының пайдасы айқын көрініп тұрған соң, бас тартуға да қыймайтын.
Левин əуелгі кезде жұмыскер мұжықтар мен приказшіге
шаруашылықты серіктестік жаңа шарт бойынша, сол қалпымен тұтас
өткізіп жіберейін дегенге де келді, бірақ оның жөні келмейтініне көзі тез
жетті де, шаруашылықты бөлім-бөлімге бөлейін деп ұйғарды. Бірнеше
бөлімдерге бөлінген: сыйыр қорасы, бақ, огород, пішендік, егіндік дегендер
жеке-жеке статья болды. Левин ойынша, əңгіме жайын жұрт біткеннен
жақсы түсінген сыйыршы көңілшек Иван, артельді көбінесе өз семьясынан
құрап алып, сыйыр қорасына қатнасуға шықты. Сегіз жылдан бері қарапая
күйі тыңайып жатқан арғы егін жайды, Федор Резунов дейтін ақылды, ағаш
ұстасының жəрдемімен, қоғамдық жаңа шарт бойынша алты мұжықтың
семьясы алды, Шураев дейтін мұжық та сол шарт бойынша бүкіл огородты
көтеріп алды. Қалған шаруашылығы əлі сол бұрынғы қалпында
болғанымен, осы үш статьяның өзі де шаруашылықты жаңаша құрудың
бастамасы болғандықтан, Левин көңілін көншітіп те тастады.
Рас, сыйыр қорадағы жұмыс бұрынғысынан əлі де болса мандый
қоймады да, сыйыр қорасын жылы ұстау, сарымай алу дегенге Иван қатты
қарсы тұрып, сыйыр малы суық жерде азықты аз жейді, кілегей майы деген
бұйым емес деп қарысқан күйі, ежелгі əдетінше жалақы тілеп, алған
ақшаларың жалақы емес, алатын пайдаңнан алдын ала тиген үлесің деген
сөзді тіпті қаперіне алмай қойды.
Рас, Федор Резунов дүрмегі де уақыт аз дегенді сылтауратып, егіс жерін
плугпен қайта аударамыз деген уəделерін орындамады. Рас, ол дүрмектегі
мұжықтар да сол жұмыстарды жаңа шарт бойынша істейміз деп
келіскендерімен, оны жұртшылық жері деп санамай, ортаққа берілген жер
десіп, сол артельдегі мұжықтар мен Резуновтың өзі де: «жерге ақша
алсаңыз, сіз де тыныш, біз де емін-еркін болар едік» дегенді Левинге талай
рет айтты. Оның үстіне, сол мұжықтар о жерге саламыз деп уəделескен
сыйыр қорасы мен сарайды да түрлі сылтаулармен ылғый кешеуілдете
жүріп, ақыры қысқа əкеп соқты.
Рас, Шураев та көтеріп алған огородтарын мұжықтарға тілкемдеп
үлестіріп жіберейін деген ой қылды. Өзіне жер бергендегі шартты мүлде
теріс түсінген кісіге ұқсағанда, қасақана теріс түсінген де түрі бар екен
өзінің.
Рас, мұжықтармен Левин де əлсін-əлі сөйлесін, осы кəсіптің пайдасын
түгел түсіндіре жүре, сол əңгімеде мұжықтар да оның құр сыңғыраған
даусын ғана естігендері болмаса, өзге не айтса да, ол алдауына
түспейтіндерін өздері де кəміл біліп отырғандырын сезе жүрді. Левин оны,
əсіресе, ең ақылды деген Резунов мұжықпен сөйлескен кезде келіп сезді, ол
өзі Левинді əрі сылтың етіп, əрі өзге алданса алданар, бірақ бұл отырған
Резунов алдана қоймас деген мықты сенімін, көзіндегі ойнақшыған күлкісі
айқын көрсетіп тұрғанын Левин де шалып қалды.
Левин бірақ, соның ешқайсысына да қарамай, ісіміз болса ілгерілеп
келеді, əрі айтқанымнан да қайтпай, есепті мықты жүргізе отырып,
шаруашылықты осылай құрудың пайдалы екенін болашақта өздеріне
дəлелдеп беремін де, одан ары өзі де түзеліп кетеді деп ойлады.
Қолында қалған өзге шаруашылығы мен осы жұмыстары, кабинетте
кітап соңына түскен еңбегі түгел қосыла келіп, Левин қолын бүкіл жаз
бойы босатпай қойғандықтан, тіпті саятқа да жөнді шыққан жоқ өзі.
Облонскийлердің Москваға қайтып кеткенін солардағы ер тоқымды əкелген
кісіден август айында келіп білді. Дарья Александровнаның хатына жауап
бермей, дойырлық істегені есіне түскенде, бетінен оты шыға ұялып,
кемемді өртеген екем де, оларға енді өмірі бармайтын болған екем деген
сезімге келді. Қош айтыспай аттанып, Свияжскийлерге де сол қылықты
істеді өзі. Оларға да өмірі бармайтын болды енді. Қазір өзіне бəрібір боп
кетті соның. Шаруашылығын жаңаша құру жұмысы да көңілін тым қатты
бөліп кетті, бөлгенде де өмірінде ешнəрсе ешуақытта əлі күнге дейін бүйтіп
бөлген жоқ еді. Свияжский берген кітаптарды қайта оқып шыққан соң,
өзінде жоқ нəрселерін көшіріп алып, соған қоса осы нəрсе жөніндегі саясиэкономикалық, социалистік кітаптарды да қайта оқыды, бірақ істеген ісіне
жанасарлық ештеңе табылмай, ойлаған ойы да дəл шықты. Мəселен, ойын
билеген мəселелердің шешу жөнін қалаған сəтте табармын деп, еңалдымен
өте ден қоя зерттеген Милле кітабы сықылды саяси-экономикалық
кітаптардан Европа шаруашылығының жай-күйіне сабақталған заңдарды
ғана тапты; бірақ Россияға қолдануға жарамайтын сол заңдардың неге
ортақ заң болатын мəнісін тіпті таба алмай да қойды ол. Социалистік
кітаптардан көргені де осылар боп шықты: олары не сонау студент кезінде
қызыға оқыған, қолдануға жарамайтын ғажайып қыялдар боп шықты да, не
болмаса, Россиядағы егін кəсібіне түк қатнасы жоқ, Европа басындағы жайкүйдің жамау-жасқау, түзетулері боп шықты. Саяси экономия: Европа
дəулеті бұрын-соңды дамып келе жатқан заңдар — ең маңызды, жалпыға
бірдей, шүбəсіз заңдар дегенді айтты. Социалистік ғылым бұл заңдар
бойынша даму деген — құртуға апарып соғады деп дəлелдеді. Сол екеуінің
бірде-біреуі де Левин мен бүкіл орыс мұжықтары, орыс диқандары, жалпы
дəулетті молайтуда миллиондаған қолдары мен миллион десе жерлері
неғұрлым өнімді болу үшін не істеу керек дегенге жауап бермек түгіл, тіпті
титтей емеурін де білдірген жоқ.
Сол істі ақыр қолға аларын алған соң, өз пəніне байланысты нəрселерді
қалдырмай, түгел оқып та шықты өзі, бұл істі жергілікті жерде тағы да
зерттей түсу үшін күзге қарай шетелге баруға да ой қылды, ой қылғанда, əр
түрлі мəселелерде өзіне сонша жиі кездесе беретін жағдайлар, бұл мəселеде
ендігəрі алдымнан шықпайтын болсын деп ойлады. Мəселен өзі, сөйлесіп
отырған адамның ойын ұғынып, өз ойын айта бастаса-ақ, капелімде:
«Кауфманшы, Джонсшы, Дюбуашы, Мичелиші? Соларды оқыған жоқсыз
ғой. Оқыңыз; ол мəселені олар шешіп те қойған», — деп қарсы шыға
келетін өзіне.
Қазір өзі Кауфман мен Мичели өзіне түк те айтпайтынын айқын аңлап
та қалды. Қалағанын біліп те шықты. Ол өзі Россиядағы жер де тамаша,
жұмысшылар да тамаша екенін, кей жағдайда сол жұмысшы мен сол жер,
орта жолдағы мұжықша, өнімді мол беретінін де түсініп алды; капитал
европаша жұмсалған көп жағдайларда, өнімді ол аз беретінін, оның өзі
жұмысшылар тек ырқынша істеуге бой ұрып, солай істегенде ғана жақсы
істейтіндігінен боп отырғанын, ал осы қарсы əрекет əлдеқалай əрекет емес,
халық рухына астасып жатқан түпкілікті əрекет екенін де аңлап алды. Бос
жатқан ұлан-байтақ жерлерге əдейі орын теуіп, өңдеп шығаруға жаралған
орыс халқы, сол жерлер түгел бос жатқан кезде, соған керекті амалдарды
ғана қолданып отырды да, ол амалдары жұрт ойлағандай, жаман амал да
бола қойған жоқ деп ойлады Левин. Соны өзі кітабымда теория жағынан
дəлелдеп, шаруашылығымда тəжрибе жағынан дəлелдейін дегенге шықты.
XXX
Сентябрь аяғында, артельге берілген жерге салынатын қора ағашы
жеткізіліп, сыйырдан жыйналған сарымай сатылған соң, пайданы бөліске
салды. Іс жүзінде шаруашылық жайы өте жақсы жүріп жатыр еді де,
жүрмеген күнде де, Левинге солай көрініп еді. Істің жайын теория жағынан
түгел түсіндіре, шығармасын бітіру үшін, шетелге барып, бұ жөнде сонда
істелген жұмыстарды сол жердің өзінде түгел зерттеп, онда істелген
жұмыстардың бəрі де — қадеге жарамайтын жұмыс екенін көрсететін
нанымды дəлелдер табуы керек болды, бітірем деген кітабы, Левин
ойынша, саяси экономияда төңкеріс жасауы былай тұрсын, тіпті сол
ғылымды мүлде жойып, халықтың жерге деген ықласы жөніндегі жаңа
ғылымның басы болуға тиіс еді. Левин ақша алып шетелге аттану үшін
бидайдың тапсырылуын ғана күтіп отырған. Бірақ жаңбыр басталып кетті
де, қырда қалған астық пен картофты да жыйнатпай, жұмыс біткенді, тіпті
бидай тапсыру ісін де тоқтатып тастады. Жол біткен ғой болып кетті; екі
тиірменді сел басып, ауа райы барған сайын ұласа берді.
Сентябрьдің 30-ы күні ертемен күн көзі көрініп, Левин де жол жүруге
мықтап дайындала бастады. Бидайды құя беріңдер дегенді айтып, ақша
алуға приказшіні көпеске жіберді де, жүрер алдындағы соңғы сілтеулерін
айтқалы шаруашылығын аралауға өзі де аттанды.
Левин алайда шаруасын түгел тындырып, жарғағынан сорғалаған су
біресе мойнына, біресе қонышына құйыла, көңілі мəз-майрам болып, үйіне
кешке қарай оралды. Кешкі тұрым күн райы одан бетер бұзылды: тұла
бойы су боп, құлағын, басын сілкіп келе жатқан аты, қыйыршық қар қатты
шықпырта берген соң, қырындай да жүрді; бірақ күлəпара киген Левин түгі
құрамай, төңірегін жадырай шолып, біресе жол қуалай аққан лай суға,
біресе жалаңаш бұтақтарда мөлдіреген тамшыларға, біресе көпір
тақтайында ерімей бозарып жатқан қыйыршыққа, біресе шегіршіннің
жалаңаш ағаштар төңірегіне қалың түсіп, əлі де сола қоймаған шырын
жапырақтарына қарай түсіп келеді. Төңіректегі табиғат тұнжырап
тұрғанмен, Левин өзін ерекше жарқын сезіп келеді. Шеткері деревня
мұжықтарымен арадағы əңгіме, солардың өз жұмыстарына жаттыға
бастағанын да байқатып тастады. Левин киімін құрғатайын деп түскен қора
күтуші қарт, Левин жоспарын ұнатқан да болуы керек, сыйыр сатып алатын
серіктікке кірейін деп едім дегенді өзі айтып салды.
«Өз мақсатыңа тек тайынбай тарта беруің керек, ойдағыма жетпей
қоймаймын да, — деп ойлады Левин, — талмай істеп, еңбек етуге
татырлық нəрсе табылып жатыр. Бұл менің қара басымның қамы емес,
ортақ игіліктің мəселесі жатыр бұ жерде. Бүкіл шаруашылық, əсіресе бүкіл
халық ахуалы мүлде өзгеруі керек. Кедейлік орнын жаппай дəулет,
молшылық алуы керек; жауығу орнын — ынтымағы жарасқан мүдделер
алуға тиіс; қысқасы қан төгілмесе де, асқан ұлы революция жасалуға тиіс,
əуелі біздің уездің шағын аумағында басталып, бара-бара губерния, Россия
көлеміне, бүкіл жер жүзіне жайылуға тиіс. Əділ пікір жемісті болмай
қоймайды өйткені. Я, істесең ісіңе татыйтын мақсат жосақты мақсат ол.
Балға қара галстукпен барып, Щербацкая көнбей қойып, осы, мен боп келе
жатқан сол Костя Левиннің о кезде өзінше жан есіркегендей сонша байғұс
болуы — ештеңені де дəлелдеп тұрған жоқ. Өз басын тұтас ойлағанда,
Франклин де өзін байғұс сезіп, өзіне өзі о да сенбеген деп білем. Онда
тұрған дəнеңе де жоқ. Өз жоспарын сеніп айтатын оның да Агафья
Михайловнасы болған болуы керек».
Левин осындай ойлармен үйіне ымырт жабыла жетті.
Көпеске кеткен приказші бидай ақшасының біразын ала келіпті. Қора
күтушісімен келісім болған соң, приказші астықтың қай жерде болсын
далада тұрғанын жол-жөнекей біліп, өзгелерге қарағанда өзінің жыйнаусыз
160 шөмелесі түк емес екен деген ойға келіпті.
Левин тамақ ішкен соң, қашанғы əдетінше, орындығына кітабын ала
отырып, соны оқыған күйі, сол кітапқа байланысты жолаушы жүретін
жайын тағы да ойлап кетті. Бүгін өзінше, шаруасының жайы тым айқын
көрінгендіктен, өз пікірінің мағнасын баяндайтын талай-талай дəуірлері де
ойында өзінен өзі екшеліп қалды. «Мұны жазып қою керек, — деді
ойланып. — Бұрын керек болмас деп жүрген қысқаша кіріспем осы болуға
тиіс». Левин жазу столына барғалы түрегелген соң, аяғына жанаса жатқан
Ласка да керіле түрегеліп, бір жаққа барамыз ба дегендей Левинге
жалтаңдай қарады. Бірақ наряд алғалы бастықтар келіп қалғандықтан,
ойдағысын жазуға уақыты болмай, Левин ауыз үйдегі соларға шығып кетті.
Нарядын беріп, яғни ертеңгі жұмыстың жөн-жосығын сілтеп, өзінде
бұйымы боп келген мұжықтарды түгел қабылдаған соң ғана кабинетіне
барып, жұмысына отырды Левин. Ласка стол астына кеп жатты; Агафья
Михайловна да шұлығын ала, өз орнына келіп отырды.
Левин біраз уақыт жазған соң, Кити мен соның көнбегені, соны соңғы
рет көргені есіне қапелімде ерекше айқын-айқын түсе кетті. Левин
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 28
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.