Latin Common Turkic

Анна Каренина - 07

Total number of words is 4135
Total number of unique words is 1990
36.4 of words are in the 2000 most common words
50.4 of words are in the 5000 most common words
57.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Каренина осында ғой деймін... Соған апарыңыз.
— Қалауыңыз білсін.
Содан Корсунский жүрісін тежей: «pardon, mesdames, pardon, pardon,
mesdames» 20 деп сөйлей билеп, залдың сол жақ бұрышындағы топқа тура
тартып келіп, тор, шілтер, лента теңізін аралай бұлтарып, бикешін түкке
ілектірмей шұғыл бұрғанда, үлбіреген шұлықты жіңішке жіліншігі ашылып
кетті де, етегі дөңгелене барып, Кривиннің тізесін жаба салды. Корсунский
еңкейе иіліп, ашық көкірегін кере түзеле тұрды да, Анна Аркадьевнаға
апарғалы Китиге қолын ұсынды. Кити қызары кетіп, етегін Кривиннің
тізесінен жыйнап алды да, басы аздап айналған күйі, Аннаны іздеп, қыдыра
қарады. Анна Китидің қалайда соны кисе екен деген көгілдір көйлегін
кимей, ойындысы үлкен, қара барқыт көйлек киіп келіпті де, қырналған піл
сүйегі сықылды етті иығы мен көкірегі, саусақтары кіп-кішкене жіңішке
біткен жұп-жұмыр қолы түгел ашық тұр екен. Көйлегі Венеция торымен
түгел торланып тасталыпты. Қоспасыз қара шашына меруерт гүлдің
кішкене бір шоғын қыстырып қойыпты да, қара лента белбеуінің ақ
шілтерлі арасына сондай біреуін жəне қадап алыпты. Шаш тарасы
білінбейді де. Білінгенде тек сол бір қайратты қара бұйра шашының қашан
да желкесі мен самайынан бөліне шығып тұратын қысқа-қысқа
шыйыршықтары ғана жараса көрініп тұр. Берік біткен жұп-жұмыр
мойнына інжу тізбегін салып қойыпты.
Кити Аннаны күн сайын көріп, ашық болғанда, қалайда бір көгілдір
киім киген кескінде елестететін. Бірақ қазір оның қара көйлек киіп келгенін
көргенде, бар əсемдігін түсінбеген екем ғой деп ойлады. Қазір оны өзі бір
күтпеген мүлде жаңа мүсінде көріп тұр. Ол өзі Аннаның көгілдір көйлек
кие алмайтынын енді ғана аңғарып, əсемдігінің өзі сол киген киімінен
қымс етсе оза көрініп, киімі өмірі көрінбейтінін енді ғана кеп түсінді.
Үстіндегі сəнді шілтерлі қара көйлегі де көрінбей кетіпті; ол тек əйнек екен
де, аржағынан қарапайым, табиғи, əрі көркем, əрі жарқын, əрі ойнақы өзі
ғана көрініп түр екен.
Өзі сол шоғырға Кити келгенде, қашанғы əдетінше, шаншыла тіп-тік
тұрып алып, мойнын қожайынға болар-болмас бұра қарап сөйлесіп тұр
екен.
— Жоқ, мен өзім түсінбесем де, тас атқан кісі емеспін, — деді
қожайынға, əлдене жайында, иығын қомдай жауап беріп, соны айта сала,
мейірлене қамқорсый күлімсіреп Китиге бұрылды. Киген киімін əйелдің
бір жүгірте қарайтын қарасымен шолып жіберді де, киімі мен көркін
қостағанын Кити түсінгендей етіп, басын сəл изеп қойды. — Сіз өзіңіз
залға да билей кіреді екенсіз, — деді қосып.
— Менің жақсы жəрдемшілерімнің бірі бұл кісі, — деді Корсунский,
бұрын өзі көрмеген Анна Аркадьевнаға. — Балдың қызықты, тамаша
болуына княжна болысып жатыр. Бір жол вальс билеп жіберейік, Анна
Аркадьевна, — деді майыса кетіп.
— Немеңе, таныс па едіңіздер? — деді қожайын.
— Біз таныс болмаған кім бар дейсіз? Əйеліміз екеуміз ақ бөрі
сықылдымыз, түгел таныйды жұрт, — деді Корсунский жауап беріп. — Бір
жол вальс билейік, Анна Аркадьевна.
— Билемес орайы барда, билемейтін едім, — деді ол.
— Бүгін билемеуге болмайды бірақ, — деді Корсунский жауап беріп.
Осы тұста Вронский де келіп жетті.
— Жарайды, бүгін билемеуге болмайтын болса, жүріңіз онда, — деді
Анна, Вронскийдің сəлемін аңлай қоймай, Корсунскийдің иығына қолын
лып арта беріп.
«Бұған өзі неге рйза болмай жүр екен?» — деді Кити ойланып,
Вронский, сəлеміне Аннаның қасақана тіл қатпай кеткенін аңғарып.
Вронский Китидің қасына келгенде, алғашқы кадрильді билемек болсақ та,
бағанадан сізді көре алмай қойдым, деп өкіне сөйлеп келді. Кити ол сөзін
вальс билеп жүрген Аннаға қызыға отырып тыңдады. Ол өзін Вронский
вальс билеуге шақырар деп күткенмен, шақыра қоймаған соң, бетіне
таңырқай қарады. Вронский қызарып кетіп, вальс билеуге іле
шақырғанымен, қынша белінен қымтый, қозғала берісімен-ақ, музыка кілт
тына қалды. Кити бетіне қарап еді, беті тіпті сонша төніп тұр екен де,
Китидің сол кезде соған қараған, сол əрі жауап бермей кеткен махаббат
толы сол бір көзқарасы, соңынан, бірнеше жылдар өткен соң да, көп
уақытқа дейін жанын қыйнай ұялтып, жүрегін тіліп жіберіп жүрді.
— Pardon, pardon! Вальс, вальс! — деп Корсунский залдың екінші
жағынан айқайлай шақырып, қолына ілінген алғашқы бойжеткенмен өзі де
билей жөнелді.
XXIII
Вронский Китимен екеуі вальсті бірнеше жол билеп шықты. Кити
осыдан соң шешесіне келіп, Нордстонмен бірер ауыз сөз сөйлескенше,
алғашқы кадрильді билейік деп Вронский де сап ете түсті. Кадриль үстінде
де мардымды ештеңе айтыла қойған жоқ, əредік-əредік əңгімеде біресе ерəйелді Корсунскийлер жайы сөз болып, Вронский оларды қырық жасар,
қылықты балалар деп, қызық əңгіме ете суреттеп, біресе қоғамдық болашақ
театр жайы сөз болып жүрді де, сөз сабағы Китиді тек бір жолы ғана
сүйкеп кетті, Вронский о жолы Левин жайын сұрап, өзі осында ма дей
келіп, маған өзі өте ұнайды дегенді де қосып жіберді. Бірақ кадриль биінен
одан артық ештеңені Кити де күткен жоқ еді. Оның дегбірі қаша күткені
мазурка болатын. Оның ойынша, мазурка үстінде бəрі де шешілуге тиіс
сықылды көрінді. Кадричь үстінде мазуркаға шақырмағаны да Китиді
абыржыта қойған жоқ оның. Кити бұрынғы балдағысындай өзімен ол
мазурка билейді деп сенгендіктен, бес кісіге билегелі отырмын дегенді
айтып, мазуркаға шықпай қалды. Бал өзі соңғы кадриліне дейін түгелімен
бір шадыман гүл, дыбыс, қозғалыстан құралған тылсым түс сықылды
көрінді де отырды Китиге. Өзі билемеді де, құр қатты шаршап кеткенін
сезген кезде келіп, тынықсам-ау дегенді айтып отырды. Бірақ, көнбеске
сылтауы болмаған соң, бір тұйық жігітпен соңғы кадрильді билеп жүріп,
Вронский мен Аннаға vis-a-vis 21 түсетін орайы да келе кетті. Кити Аннаға
осында келгелі шендесе қойған жоқ еді де, оның бір онда жоқ, мүлде жаңа
қалпын осы арада келіп тағы да көрді. Көргенде, Анна бойында Китидің
өзіне сонша қанық бір, табысқа тасығандық кескіні бар екен. Көргенде,
Анна өзі сүйсіндірген сүйініш шарабына елтіп тұр екен. Кити сол сезім мен
соның белгілерін білгендіктен, соны Аннадан да көрді, — көргенде,
бақытқа байып, тасығандықтан кезінде тұтана дірілдеген нұры мен ернін
еріксіз қымсынтқан жымың күлкісін, дақ-дақ түскен маңғаз қыймылын, əрі
дұрыс, əрі қунақ жүріс-тұрысын түгел көрді.
«Кім болды екен? — деді Кити ішінен. — Бəрі ме екен, бірі ме екен?»
Содан, əңгіме сабағынан айрылып қалып, соны таба алмай, өзімен бірге
қыйнала билеп жүрген жігітке де болыса қоймай, Корсунскийдің де жұрт
біткенді біресе grand rond 22 , біресе сһаіnе 23 деп құбылтқан шадыман,
өктем, қатты айқайына құр бержағымен бағынып, қадағалай келе, жүрегі де
алқымына тығыла берді. «Жоқ, көпшіліктің кеу-кеуіне елтіп жүрген жоқ ол,
бір адамның сүйсінгеніне елтіп жүр. Кім болды екен онысы? Шын-ақ сол
ма екен?» Анна мен сол сөйлескен сайын-ақ, Аннаның көзінен қуаныш
нұры жалт етіп, бақыт күлкісі қызғылт ернін қымтып қалып тұр. Анна өзі
сол қуаныш белгілерін көрсетпейін деп күш салса да, ол белгілер бетіне
өзінен өзі шыға келіп тұрған сықылды. «Анау қандай екен?» деп, Кити
Вронскийге қарап жіберді де, шошып кетті. Китидің Анна жүзіндегі
айнадан сонша айқын кергендерінің бəрі сонда тұр екен. Қашан болсын
сабырлы, орнықты көрінетін мінезі мен жүзіндегі алаңсыз салғырт əлпеті
қайда кетті екен десеңші өзінің? Жоқ, қазір ол Аннаға тіл қатқан сайын,
алдына жығыла кететін кісідей, басын сəл еңкейте түсің отыр да, көз
қарасынан жеңілу мен жасқанудың ғана əлпеті көрініп тұр. «Ренжітейін
деген ойым жоқ менің, — деп тұрған сықылды көз қарасы əрдайым, —
өзімді кұтқарсам деймін де, қалай құтқаруды білмеймін». Кити Вронский
жүзінен бұрын өзі өмірі бір көрмеген əлпет көріп тұр.
Екеуі жалпы таныстар жайын сез қылып, тіпті бір болымсыз нəрселерді
айтып отыр да, сол айтқан сөздерінің əрқайсысы Китиге өз тағдыры мен
екеуінің тағдырын қоса шешіп жатқан сықылды көрініп тұр. Сол əңгіменің
жəне бір оғаш жері: екеуі тіпті шынында да Иван Ивановичтің французша
сөзінің кісі күлерлік қызық сез екенін айтып, Елецкаяға жақсырақ тең
табуға болатын еді ғой деп отырса да, ішінара келгенде, сол сөздерін
өздеріне балай мəн бере айтып, ол жайды Кити қандай сезсе, өздері де
сондай сезіп отыр. Кити көңлінде бүкіл бал, күллі қауым түгел бір тұман
боп, көрінбей де кетті. Өзіне тек тəлім алған қатаң тəрбиесі ғана тірек боп,
қалаған нəрселерді қалтқысыз істетіп, яғни би билетіп, сұрауларға жауап
бергізіп, тіл қаттырып, тіпті күлдіріп те тұр. Бірақ мазурка басталатын боп,
орындықтар реттеліп, кейбір жұптар шағын залдан үлкен залға жөнеле
бастаған шақ, Китидің де қапа боп, шошып кеткен шағы болды. Бес кісіге
көнбей қойғанда, енді келіп мазурка биінен құр қалатын жаққа шықты.
Тіпті өзін шақырады дейтін де үміт қалған жоқ, өйткені қауым арасында өзі
ауызға қатты ілінгендіктен, осы күнге дейін шақырылмады деген ой
ешкімнің қаперіне келген жоқ. Шешесіне сырқатпын дегенді айтып, үйіне
кетіп қалуы да керек еді, бірақ оған да дəрмені келмеді. Өлмеген құр
сүлдері қалды.
Кішкене қонақ үйдің төріне таман келді де, орындыққа сылқ отыра
кетті. Көйлегінің үлбірей дөңгеленген етегі балғын денесін қоршай, бұлтша
көтерілді; қызға біткен ашаң, жап-жалаңаш нəзік қолының бірі сылқ құлап,
күлгін көйлегінің қабаттарына шомып жатыр; екінші қолына желпуішін
ұстап, елпілдете тез сілтеп, пысынаған жүзін желпи түсіп отыр. Бірақ, шөп
басына жаңа ғана қона сап, əшекейлі канатын қайта жая, лып етіп ұша
жөнелуге əзір отырған көбелек түрі осылай болса да, жүрегін бір сұмдық
қорлық шымырлата шағып жатыр.
«Мүмкін, жаза басып отырған шығармын, олай болмаған да шығар,
бəлкім?» — деді де, көрген нəрселерінің бəрін есіне тағы да түсірді.
— Кити-ау, мұның не сенің? — деді Нордстон графиня, кілемде
аяғының дыбысын естірмей келіп. — Түсінбедім мұныңа.
Кити төменгі ерні дір етіп, ұшып түрегелді.
— Мазурка билемейсің бе, Кити?
— Жо-жоқ, — деді Кити, даусы жыламсырай дірілдеп.
— Соны өзі мазуркаға көзімше шақырды менің, — деді
Нордстон. — Ол екеуінің кімдер екенін Китидің түсінетінін біле сөйлеп.
—Щербацкая княжнамен билемейсіз бе? — деді ана əйел.
— Қойшы, бəрібір маған! — деді Кити.
Китидің өз жайын өзінен өзге ешкім де түсінген жоқ, кеше оның,
бəлкім, анық сүйген адамына да көнбей, көнбегенде, өзге біреуге
сенгендіктен көнбегенін де ешкім білген жоқ.
Нордстон графиня өзімен мазурка билеген Корсунскийді тауып алып,
Китиді де шақырыңыз дегенді айтты.
Кити онымен бастапқы жолы билеген еді де, Китидің бақытына,
Корсунский əрі ылғый зыр жүгіріп, шаруашылығын реттеп жүргендіктен,
сөйлесудің де керегі бола қойған жоқ. Вронский мен Анна екеуі Китиге
тіпті тұспа-тұс отыр екен. Кити өзі ол екеуін шалымды көзбен алыстан да
керіп, жұбымен кеп қақтыққанда жақыннан да керген болатын, екеуін
неғұрлым көбірек керген сайын, бақытсыздыққа душар болғанын да
солғұрлым біле берген. Екеуі осы жұрт толы залда да өздерін оңаша
отырған жанша сезіп отырғандарын Кити айқын керді. Вронскийдің қашан
да бір соғұрлы орнықты, бір бетті дидарынан жазықты болған есті иттің
əлпетіне ұқсас, жаутаңдай жеңілген əлпет көргенде, Кити таң-тамаша
болды.
Анна күлімсіресе, қоса күлімсіреп отыр ол. Анна ойланса, о да
байсалды бола қалады. Анна жүзіне Кити көзін қайдағы бір керемет күш
тартты да отырды. Қарапайым қара көйлегімен-ақ əсем көрініп отыр өзі,
білезік салған жұп-жұмыр білектері де əсем екен, інжу тізбегін салған,
берік біткен мойны да бір əсем тұр, тарауы жазылған толқын шашы да əсем
жатыр, кіп-кішкене аяғы мен қолының маңғаз, икем қыймылы да тым əсем,
сонау сұлу жүзі де əсем құйқылжып тұр; бірақ сол əсемдігінде қасарысқан
қатал, сұмдық бірдеңелер бар екен.
Кити соны бұрынғыдан бетер тамашалай отырып, одан сайын күйзеле
де берді. Өзін өзі жаншылып кеткен жанша сезіп, жүзі де сол жайын
танытып тұр. Вронский мазуркада қақтығып қалған жерде керіп, танымай
да қалды, — соғұрлы өзгеріп кетіпті өзі.
— Тамаша бал ғой! — деді Китиге ол, бірдеңе дей салғысы келіп.
— Я, — деді Кити.
Мазурканың орта кезінде, Корсунский жаңа шығарған бір қыйын биді
атқара келіп, Анна үйіріле тұрған жұрттың ортасына шықты да, екі кавалер
алып, бір əйел мен Китиді шақырды. Кити Аннаға келгенде, қорқа қарап
келді. Анна, көзін сүзе қарап, қолын күлімсірей қысты оның. Ол күлкісіне
Кити қорланып, таңырқай қарағанын байқады да, ары бұрылып, екінші
əйелмен жарқылдай сөйлесті.
«Рас, өзінде бір албырт, əсем, жат нəрсе бар екен», — деді Кити ішінен.
Аннаның кешкі тамаққа қалғысы келмесе де, қожайын жабысып
болмады.
— Қойыңыз, Анна Аркадьевна, — деп Корсунский де тіл қатып,
Аннаның жалаңаш қолын фрагының қолтығына көміп те жіберді. —
Кадрильді қалай құбылттым! Un Bijou! 24
Содан Аннаны еліктірмек боп, аздап жүре де бастады өзі. Қожайын да
қостай күлімсіреп тұр.
— Жоқ, қалмаспын, — деді Анна күлімсіреп; бірақ күлімсірегенмен де,
берген жауабының қалшыйған сұрына қарап, Корсунский мен қожайын:
қалмаса қалмас деген ойға келді.
— Жоқ, Москвадағы бір балдарыңыздың өзінде де былайша,
Петербургте бүкіл қыс бойы билейтін биімнен көп билеп тастадым, — деді
Анна, қасында тұрған Вронскийді шола қарап. — Жолға жүрер алдында
тынығып алу керек.
— Ертең анық жүретін болдыңыз ба? — деді Вронский.
— Я, жүрем ғой деп тұрмын, — деді Анна, Вронскийдің батылы бара
сұрағанына таңырқағандай боп; бірақ осыны айтқанда көзінен қалтырай
шашыраған нұры мен күлкісі Вронскийді де шарпып жіберді.
ХХІV
«Рас, менің өзімде жұртты түршіктіріп тұрған бір жексұрын нəрсе
болуы керек, — деді Левин ойланып, Щербацкийлердікінен шыға,
ағасынікіне қарай жаяу тартып келе жатып. — Өзгенің ілігіне жарамаспын
да деймін өзім. Паңдық деседі жұрт. Қой, сол паңдығыңның өзі жоқ менде.
Паң болсам, өзімді осы күйге салмаған да болар едім». Содан, осы кеште өз
басы кездескен сұмдық ахуалға өмірі кездескен жоқ шығар-ау деген
бақытты, мейірбан, əpi ақылды, сабырлы Врокскийді ойластырды. «Рас,
соны қалауы керек болатын оның. Ебі сол еді, ешкімді, ештеңені даттайтын
жайым жоқ. Айып өзімде. Сол өз өмірін өз өміріме əкеп жалғайды деп
ойлайтын не хақым бар еді менің? Кім едім мен? Неге татымақ едім?
Ешкімге, ештеңеге ілікке жарамайтын қор адам мен бір». Содан, Николай
ағасын есіне түсіре келді де, сол ойына қуана үйірілді. «Дүниедегінің бəрі
де оңбаған, жаман нəрсе деген сонікі дұрыс та емес пе екен, өзі? Николай
ағаң жайындағы бұрын, соңғы пікіріміздің əділ пікір болуы да неғайбыл.
Əрине, жыртық тон киіп, жығыла мас боп жүргенде көрген Прокофий
тұрғысынан қарасақ, сұмырай адам екені де рас оның; бірақ өзім басқаша
таныймын оны. Жанын білем де, бір-бірімізге ұқсаспыз деп ұғамын. Мен
болсам, соған барып, соны тауып алу орнына ас ішкелі осылай
ойысыппын». Левин фонарь қасына келіп, ақшалығынан ағасынын, адресін
алып оқыды да, арбакеш шақырды. Ағасына жеткенге дейінгі ұзақ жол
бойына Николай баурының өмірінен өзі білетін уақыйғаларды түгел теріп
шықты Левин. Есіне түсіргендері: ағасы университетте жүргенде болсын,
университеттен соңғы бір жыл ішінде болсын, жолдастарының сылтыңына
да қарамай, сопылық құрып, дін, ораза, тақуалық ғұрыптарының бірдебірін қалт қылмай, түгел орындап, лəззəт дегенге, əсіресе, əйел жағына
тіпті жуымай да қойған; сөйтіп жүріп, қапелімде одан қалт айнып
шыққанда, нағыз тозақы жандарға қосылып алып, нағыз əумиі шалдуар
жолға барып түскен. Содан соң оның тəрбиелеймін деп деревнядан бала
алып тұрып, ашу үстінде сілейтіп салғандықтан, мертіктірдің деп айып
тағылған жайын да есіне түсірді. . Содан кейін алаяқ карташыға ақша
ұтқызып, вексель беріп тұрып, карташы алдап соқты деп үстінен өзі шағым
берген жайын да ойлап шықты. (Ол əлгі Сергей Иваныч төлеген ақша
болатын.) Содан соң оның бүлік салды деген айыппен бір түн бөлімде
түнеп шыққанын да ойға алды. Шешемнің мекен-жайынан тиетін
сыбағамды бермей қойды-мыс деп Сергей Иваныч баурымен соттасып,
ұятқа қалдырғанын да есіне түсірді. Батыс өлкеге қызметке барғанда,
сондағы бір старшинаны сабаймын деп сотты болған соңғы ісін де
ойластырып шықты... Соның бəрі де бір сұмдық тозақылық болатын, бірақ
онысы Николай Левинді, оның бүкіл тарихы мен жүрегін білмейтіндерге
солай көрінуі кəдік бола тұрса да, Левинге оғұрлы тозақылық боп
көрінбейтін.
Николай өзі құдайшыл, сопы болып, ораза ұстап, шеркеу жолын тұтып,
құмарпаз бітіміне дін арқылы тоқтау салар жəрдем іздеп жүргенде де,
ешкім қолдамай, қайта жұрт біткенге қосылып өзіне өзі күлетіні де
Левиннің есінде еді. Нұх сопы деп өзін тəжкелей де беретін жұрт; бірақ ол
бетінен айныған шағында келіп, соның ешқайсысы да болыспай, түгел
шошып, сілтідей тына, тайқап шыға беріскен одан.
Николай ағаң тұрмыс тұрғысынан тым сорақы бола тұрса да, ішкі,
нағыз жан-дүниесі жағына келгенде, өзінен безіп жүрген жандардан
əділдігі артық екенін де Левин сезіп жүретін. Мінезінің ұрыншақ боп,
ақылының əлденеге кенде туғаны да — айыбы емес еді оның. Қашан да
жақсы адам болуды қалайтын еді. «Өзіне түгел айтып, түгел айтқызам да,
жақсы көретінімді де, сондықтан өзін түсіне білетінімді де көрсетемін», —
деді Левин ішінен беки сөйлеп, адресте көрсетілген үйге сағат он бірде
таяна беріп.
— Жоғарыда 12-ші мен 13-ші, — деді швейцар, Левиннің сұрауына
жауап беріп.
— Үйінде ме екен?
— Үйінде болуы керек.
12-ші бөлменің есігі сəл ашық тұр екен, соның жарық шалған
жапсарынан жаман, жасық темекінің қою түтіні шығып тұр да, Левин
білмейтін бір дауыс естіледі; бірақ Левин ағасының да осы үйде екенін біле
қойды; соның жөтелін естіді.
Левин есікке кірген кезде, бейтаныс дауыс:
— Бəрі сол, істің қаншалықты орынды, саналы істелуіне байланысты
ғой, — деді.
Константин Левин есіктен қарады да, шашы беріктей боп, сөйлеп
тұрған, бүрме тонды жас жігіт пен жаға, жеңсіз қыл көйлек киіп диванда
отырған шұбарлау жас əйелді көрді. Ағасы көрінген жоқ. Ағасының
осындай бөгде адамдар арасында тұратынын ойлап, Константиннің өзегі
удай ашып кетті. Константин, дыбысын ешқайсысы ести қоймаған соң,
калошын шешіп, бүрме тонды мырзаның не айтып тұрғанын тыңдай
бастады. Қайдағы бір кəсіп жайын айтып тұр екен ол.
— Қойшы, құрып қалсын сол, қастерлі таптары құрғыр, — деді
ағасының жөтеле шыққан даусы. — Маша! Сен бізге бір кешкі тамақ
ыңғайлап, қалғаны болса, шарап берсең деймін, болмаса — кетейік.
Əйел түрегеліп, қалтқы сыртына шыға Константинді көрді.
— Бір барин келіп тұр, Николай Дмитрии, — деді əйел.
— Кім керек екен? — деді Николай Левиннің ашулы даусы.
— Мен ғой бұл, — деді Константин Левин, жарыққа таман шыға беріп.
— Мені кім өзі? — деді Николайдың даусы бұрынғыдан бетер ашулана
шығып. Ағасының əлденеден қармана ұстап, тез түрегелгені естіліп тұрды
да, абажадай, арық, еңкіш кескіні соғұрлы таныс болғанмен, сүреңсіз,
сырқат сыйқына таң қалдыра, көзі бажырая қорқып, қарсы алдындағы
есікке шыға келгенін бір-ақ керді Левин.
Өзі бұдан үш жыл бұрын, Константин Левин соңғы рет көрген
кездегісінен де жүдеп кетіпті. Шоп-шолақ сюртук киіп алыпты. Қолы мен
сүйектері де бұрынғысынан арбыйып кеткен сықылды. Шашы да
сиреңкіреп кетіпті, мұрты да ернінде сол күйі тікірейе қадалып, кірген
адамға кезі де сол күйі, бір түрлі тосаң, аңқаусый қарап тұр.
— Ə, Костя екенсің ғой! — деді қапелімде, баурын таныған соң,
қуанғаннан көзі жайнап сала беріп. Бірақ жас жігітке де сол секундте жалт
қарап, галстугі қылғындырып тұрғандай, басы мен мойны қоса дірілдеп,
Константин сонша қанық білетін бір қыймыл жасады; сөйтті де, арыпашқан жадау жүзіне мүлде бір қатты зарыққан, өзгеше, қатаң əлпет біте
кетті.
— Сіздерді білмеймін де, білгім келмейді де, деп өзіңізге де, Сергей
Иванычке де жазғамын. Саған не керек еді, сізге?
Өзі Константин Левин ойлағаннан мүлде өзгеше екен. Константин
Левин ойлағанда, жұртпен араласуын соғұрлы қыйындатып жүрген,
мінезіне біткен ең ауыр, ең жаман жағын ұмытып кетіпті;қазір өзін бетпебет керіп. əсіресе, басын əлгі дірілдей бұрған кезде, Левин есіне соның бəрі
түгел түсті.
— Сені көру ештеңеге керек боп тұрған жоқ маған, — деді ол,
жүрексіне сөйлеп. — Өзіңді əшейін көрейін деп келдім.
Інісінің жүрексінгені Николайды да жібіткендей болды. Ерні дір ете
қалды.
— Ə, соған келіп пе едің? — деді ол. — Онда, үйге кір де жайласып
отыр. Кешкі асқа қалайсың? Маша, үш кісіге əкел. Жо-жоқ, тұра тұр. Мына
кісінің кім екенін білесің бе, сен? — деді баурына қарап, бүрме тонды
мырзаны нұсқай сөйлеп. — Крицкий деген мырза бұл кісі. Киевте
жүргендегі досым, өте тамаша адам бір. Əрине, залым адам болмаған соң,
полиция да қудалапты өзін.
Сөйтті де, əдеті бойынша, үйдегілерді түгел шолып шықты. Есік
алдындағы əйелдің кетейін деп қозғала бергенін байқап: «Тұра тұр дедім
ғой», — деді ақырып. Содан, Константин қанық білетін, əңгіме айтудағы
байырғы шорқақтығы мен орашолақтығына сала, жұрт біткенді тағы да
шола қараған күйі, Крицкий жайын баурына ағытып айта бастады: кедей
студенттерге қарайласатын қоғам мен жексембілік мектептер ашамын деп
университеттен қуылғанын да, одан халық мектебіне оқытушы боп кіріп, о
жерден де қуылып, содан соң əлдене жөнінде сотталғанын да түгел айтып
берді оның.
— Сіз өзіңіз Киев университетінікі ме едіңіз? — деді Константин Левин
Крицкийге, жым-жырт тына қалғандарын жайсыз көріп.
— Я, Киев университетінікі едім, — дедім Крицкий ашулана, түксие
сөйлеп.
— Ал, анау əйел болса, — деді Николай Левин Крицкийдің сөзін бөле,
əйелді нұсқай сөйлеп, — өмір серігім менің, Марья Николаевна дейтін кісі.
Əне бір үйден алғамын өзін, — дегенде мойны да кегжең ете түсті. — Бірақ
өзін жақсы көрем де сыйлай берем, өзімді білейін дегендердің бəрінен де,
— деп даусын көтере, қабағын түйе кірістіріп қойды, — осыны жаратып,
осыны сыйлауды сұраймын. Əйелім орнында жүрген соң, бəрібір ғой оның,
бəрібір. Жайы сол, кіммен астас болғаныңды біліп қой, сен. Егер, сағым
сынады екен десең, құдайыңа қош айт та, жүре бер, əне.
Жұрт біткенге тағы да қуыстана қарап, шолып шықты.
— Сағым неге сынады, түсінбедім.
— Кешкі асқа үш кісілік тамақ, арақ, шарап əкелсін деп, солай айт,
Маша... Жо-жоқ, қоя тұр... Жо, керегі жоқ... Бара бер.
XXV
— Кердің ғой, — деді Николай Лезин, сөзін сабақтап, қабағын əрең
шыға, кекжең етіп. Өзіне не айтып, не істейтінін байыптау да қыйын
сықылды. — Көрдің, ғой, əне, — деп бөлме бұрышында жіппен шандулы
жатқан қайдағы бір, қырлы темірлерді көрсетті. — Көрдің, ғой, ə? Кіріскелі
отырған жаңа ісіміздің басы сол. Ол іс деп отырғанымыз — өндіріс артелі...
Константин тыңдай қойған жоқ онша. Көкірек аурулы Николайдың
дертті жүзіне қадала қараған сайын, жаны қатты ашый берді де, ағасының
артель жайында айтқан сөзіне де құлақ қоя алмады. Константин ол артелі,
өз басын құр жеккөрінішіліктен құтқарудың якоры екенін де аңғарып отыр.
Николай Левин сөзін доғарар емес:
— Жұмыскерді капитал жаныштап жатқанын өзің де білесің, — біздегі
жұмыскер-мұжықтар, еңбектің бар ауыртпалығын атқарып, қанша еңбек
етсе де, мал қатарындағы тұрмыстан құтылмас күйге түсіріліп отыр. Өз
күйлерін оңдап, кеңілдерін көтеріп, білім алады дейтін еңбекақы
пайдасының бəрін, барлық жыйған-тергендерін капиталистер сыпырып
алады. Қоғам дегеннің өзі де, солар көп істеген сайын, көпестер мен жер
иелері баи түсетін боп, жұмыскерлер болса, қашан да жұмыс малы
қатарында қалатын ыңғаймен құрылып отыр. Сол тəртіпті өзгертуіміз
керек, əне, — деп, сөзін бітірді де, баурына жалтаңдай қарады.
— Əрине ғой, — деді Константин, ағасының сүйегі сорайған бетіне
шыға келген қызыл реңге қадала қарап.
— Сөйтіп, əне, өзіміз де слесарьлық артель құрғалы отырмыз, ондағы
бүкіл өндіріс, пайда, басты-басты өндіріс құралдары түгел ортақ болады.
— Ол артель қайда болмақшы? — деді Константин Левин.
— Қазан губерниясындағы Воздрема селосында болады.
— Селода болмағы несі? Селодағы шаруа онсыз да жетіп жатқан
сықылды, меніңше. Слесарьлық артель неменеге керек селоға?
— Неге керек болғанда, мұжықтар осы күні де бұрынғыдай құл боп
отырғандықтан, сол құлдықтан оларды құтқарамыз деу Сергей Иваныч
екеуіңе жақпағандықтан керек боп отыр, — деді Николай Левин, қарсы
сөзге шамданып.
Константин Левин осы тұста тұнжыраған, лас бөлмені шола отырып,
күрсініп салды. Ол күрсінісі Николайды одан бетер шамдандырғандай
болды.
— Сергей Иваныч екеуіңнің ақсүйектік аужайларыңды білемін. Оның
ақыл күшінің бəрін қазіргі қара күнді ақтауға жұмсап жүргені де қанық
маған.
— Қойсаңшы, Сергей Иванычты неменеге айтып отырсың езің? — деді
Левин күлімсірей күңк етіп.
— Сергей Иванычты ма? Неге айтатын жайым мынау оны! — деп,
Николай Левин Сергей Иванычты атағанда, қапелімде ақыра қоя берді, —
жайы мынау оның... Айтатын да не бар тіпті? Айтарым тек... неменеге
келдің өзің мағам? Оны жақтырмасың бар екен, жақсы бопты, құдайыңа
сыйын да кете бер! — деді орындықтан ақыра түрегеліп, — кет деген соң,
кет енді!
— Жақтырмаған түгім жоқ менің, — деді Константин Левин, жүрексіне
сөйлеп. — Таласпаймын да тіпті.
Осы кезде Марья Николаевна да оралды. Николай Левин Марьяға
шатынай қарады. Ол болса, Николайға тез келді де, сыбырлап бірдеңелер
айтты.
— Денсаулығым да жоқ, ашуланшақ та боп кеттім, — деді Николай
Левин баяуқырап, алқына тыныстай отырып, — оның үстіне, Сергей
Иваныч пен оның мақаласын əкеп бұлдайсың сен маған. Онысы бір барып
тұрған шатпақ, өзін өзі алдаған өтірік өңкей. Əділдікті өзі білмейтін адам,
ол жайында не жазбақшы екен? Мақаласын оқып па едіңіз, сіз? — деді
Крицкийге қарап, стол басына қайта отырған күйі, тең жарасын ала
шашылып жатқан шылымды, орын босатқалы сыра беріп.
— Оқыған жоқпын, — деді Крицкий, тұнжыраған күйі, əңгімеге
араласқысы келмеген адамша.
— Неге? — деп Николай Левин енді Крицкийге де киліге кетті.
— Неге екені, соған тіпті уақыт рəсуа еткенді орынсыз көрдім.
— Яғни, ғафу етіңіз, уақытыңыз рəсуа болатынын қайдан білдіңіз оған?
Ол мақаланың өзі көп адамның қарымы жетпейтін мақала. Яғни олардан
жоғары жатыр ол. Мен болсам, бір сəрі, ол айтқан пікірдің егжей-тегжейін
түгел керіп, осал болар мəнісін біліп отырған кісімін.
Бəрі де жым басылды. Крицкий баяулай түрегеліп, бас киімін ала
бастады.
— Ac ішпейсіз бе? Қош болыңыз, ендеше. Ертең слесарьды ала келіңіз.
Крицкий шығып кетісімен, Николай Левин де ым қағып, күлімсіреп
қойды.
— Бұ да жаман жатыр екен, — деді. — Көріп отырмын ғой...
Бірақ осы кезде есіктен Крицкий шақырды оны.
— Тағы не керек болды екен? — деді де Николай коридорда тұрған
соған шығып кетті. Левин Марья Николаевнамен оңаша қалған соң, тіл қата
бастады:
— Ағаймен тұрғаныңызға көп болды ма? — деді əйелге.
— Я, екі жыл боп қалды. Денсаулығы да өте нашарлап кетті өзінің. Көп
ішеді, — деді əйел.
— Ішкені қалай?
— Арақ ішеді, ол болса, зыянды өзіне.
— Кеп іше ме соғұрлы? — деді Левин күңкілдеп.
— Я, — дей салды əйел, Николай Левин көрінген есікке қыпылдай
жалтақтап.
— Не айтып отырсыңдар? — деді Николай қабағын шыға, екеуіне
қорыққан адамша кезек қарап.
— Ештеңе айтқамыз жоқ — деді Левин қысылып.
— Айтқыларың келмесе мейілдерің. Тек онымен сөйлесер ештеңе жоқ
саған. Ол болса — күң, сен болсаң — баринсың, — деді мойны кекжең
етіп.
— Керіп отырмын ғой, сен өзің менің адас істерімді түсініп те, бағалап
та, өкініп те отырған боларсың — деді тағы да даусын көтере сөйлеп.
— Николай Дмитрии, Николай Дмитрии, — деді Марья Николаевна,
қасына келе, сыбыр етіп.
— Жə, жə, жақсы, жақсы!.. Айтпақшы, əлгі асың не болды, өзі? Ə, міне,
өзі де келді, — деді поднос көтерген малайды көріп. — Бері, мұнда қой, —
деп тарына сөйлеген күйі, арақты алып, бір рюмкасын құйып жіберді де,
оптыға жұтып салды. — Ішем десең, іш! —деді көңілденіп баурына. —
Жарайды, Сергей Иваныч жайын айтпай-ақ қоялық. Дегенмен де келгеніңе
қуанып қалдым өзім. Не саққа жүгірткенмен де, жат адам дар емеспіз ғой,
əйтеуір. Кəне, ішіп жібер. Не істеп, не қойып жүрсің, айта отыр? — деді
жалғай сөйлеген күйі, бір үзім нанды қарбыта асап, жəне бір рюмканы құя
отырып. — Жайың қалай?
— Деревняда, сол бұрынғымша, жалғыз жүріп жатқан жайым бар,
шаруашылықпен айналысамын, — деді Константин, баурының оптыға
ішіп-жегеніне шошый қарағанмен, елеңсіз отырған адамсып.
— Неге үйленбей жүрсін?
— Реті келмей жүр, — деді Константин қызарып.
— Неге келмейді, мен болсам, боларым болған кісі. Өмірімді де
ойрандап болдым. Оны айтқамын да, айта да бермекпін, егер сол керек
болған кезінде, тйісті сыбағамды берген болсаңдар, өмірім де түгел өзегіне
болған болар еді деймін.
Константин Дмитрич əңгіме бетін лып бұрып жіберді.
— Ванюшкаң Покровскоеде менің конторшым екенін білуші ме едің,
сен? — деді ол.
Николай мойны кекжең ете, ойланып қалды.
— Кəне, сол Покровскоеде не боп, не қойып жатқанын айтшы, маған?
Үй əлі тұр ма, қайыңдар ше, класымыздың қайыңы ше? Əлгі Филипп
бақшашы да тірі жүр ме, əлі? Күрке мен диван да есімнен кетпейді тіпті!
Байқа, үйдегі нəрселердің ешқайсысын ауыстырып жүрме, одан гөрі тезірек
үйлен де, болған бұйымдарды қайта құрап ал. Əйелің жақсы əйел боп
жолықса, саған барсам, сол кезде барам мен.
— Жə, қазір-ақ келе бер, — деді Левин. — Жақсы да жайласып кетер
едік деймін екеуміз!
— Сергей Иванычке жолықпасымды білсем, барған да болар едім,
саған.
— Сергей Иванычке жолықпайсың. Мүлде дербес тұрып жатырмын
одан.
— Əлбетте, дегенмен де, екеуміздің бірімізді таңдауың керек қой сенің,
— деді Николай, баурының кезіне жүрексіне қарап. Ол жүрексінісі
Константинді тебірентіп те жіберді.
— Бұл жөндегі бар өсиетімді білгің келсе, айтып та қояйын саған,
екеуіңнің ол жанжалдарыңда өз басым ешқайсынына да тартпаймын.
Екеуің де теріссіңдер. Сен болсаң, көбінесе сырттай теріссің де, ол болса,
іштей теріс.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 08
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.