Latin Common Turkic

Анна Каренина - 12

Total number of words is 4120
Total number of unique words is 2092
33.4 of words are in the 2000 most common words
47.1 of words are in the 5000 most common words
54.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
үстіне, қызғану деген өзіңді де, оны да кеміткендік қой бір», — деді ішінен,
кабинетке кіре беріп, бірақ бұрынғы кезде өз басына осындай салмағы бар
сол топшылауларының, қазір ешбір салмағы да, мəні де қалмапты. Содан
жатын үй есігінен залға қарай қайта оралды. Бірақ, қоңырқай қонақ үйге
қайта кірісімен-ақ қайдағы бір дауыс: олай емес ол, алда-жалда өзгелер
аңғарған болса, бірдеңе бар деген сөз ол деді. Содан ас үйде тұрып: «Рас,
мұның өзін шешерін шешіп, тыйым салып, бұл жөндегі көзқарасыңды
айтуың қажет...» — дегенді ішінен тағы да айтып шықты. Содан қонақ
үйден бұрылар жерде: қалай шешу керек? — дегенді тағы да сұрады
ішінен. Содан соң барып: не болды екен? деді өзіне өзі. Содан кейін барып:
ештеңе жоқ деп жауап берді де, қызғаншақтық деген əйеліңнің сағын
сындыратын сезім дей тұрып, бірдеңе болған болуы керек деген нанымға
қонақүйде тағы да келе кетті. Денесі сықылды, пікірі де ешбір жаңалыққа
соқпай, орағыта айналып жүр. Соны аңғарып, маңдайын сүрте, əйелінің
кабинетіне келіп отырды.
Осы арада əйелінің көкшіл сорғыш пен хаты жатқан столы үстіне қарай
отырып, пікірі де қалт өзгеріп қоя берді. Əйелі мен соның не ойлап, не
сезіп жүрген жайларын ойластырды өзі. Əйелінің өз тіршілігің ой, тілегін
тұңғыш рет анық елестетіп, өзінің ерекше өмірі бар шығар, деген ой
келгенде, жүрегі су ете түсіп, сол ойын апыл-ғұпыл серпілте де бастады.
Əлгі, қарағысы келмей қорыққан түпсіз толқыны сол болатын. Ой,
сезіммен өзге нəрсеге ойысу — жан пəрмені болғандықтан, Алексей
Александровичтің бітіміне жат нəрсе еді. Ол жан пəрменін зыянды, қатерлі
қыялшылдық деп білетін өзі.
«Əрі ең жаман жері, — деді ойланып, — қазір ісімнің дəл бітерменге
келген кезінде (оның ойлағаны қазіргі қабылдатқалы жүрген жобасы еді),
жан қуатым мұқамай, ылғый тыныштық керек қып отырған кезімде, осы
бір ойсыз-мəнсіз абыржудың басыма үйіле кетпегі болып тұр. Істер лажың
не бірақ? Мен өзім аласапыран, абыржудың бетіне қарар дəрмені болмай,
көне беретін жан емеспін ондай».
— Ойланып, шешіп, айықтыруым керек, — деді даусын шығара сөйлеп.
«Оның сезімі мен жан-дүннесінде не болып, не қойып жатқанында
шаруам жоқ менің, ол өз ары мен дін еркіндегі іс», — деді ішінен кезіккен
жайға қолданатын заңның керекті пункті табылды деген оймен, көңлі
сергіп кетіп.
«Олай болса, — деді Алексей Александрович ішінен, — оның сезімі
жəне басқалары жайындағы мəселе өзінің арында тұрған нəрсе, мен
араласар жай жоқ оған. Өз міндетім айқын менің. Мен өзім семья басы
болған соң, соны басқаруға міндеттімін де, олай болса, бір жағынан
жауаптымын да əрі: аңғарған қауіптерімді айта сақтандырып, тіпті өкім де
жұмсауым керек. Айтарымды айтуға тиіспін өзіне».
Алексей Александровичтің қазір əйеліме айтамын дегендері түгел
айқындалып, көкейіне құралып та алды. Айтатындарын ойлай отырып, үй
ішіндегі əңгімеге уақытым мен ақыл күшім жұмсалатын болды-ау деп,
өкініп те қойды; бірақ, солай бола тұрса да, алдағы айтпақ сөзінің түрі мен
желісі көкейінде, баяндамаша, ашық, айқын жасалып та қалды. «Менің
жеткізе, құйып айтарым: біріншіден, жұртшылық пікірі мен
сыпайыгершілік мəнін түсіндіру; екіншіден, неке мəнінің дін жағын
ұғындыру; үшіншіден, керек бола қалса, баласының бақытсыздыққа
ұшырар жайын ескерту; төртіншіден, өз басының да бақытсыздыққа
ұшырайтынын айта кету болуы керек». Алексей Александрович содан
алақанын аудара, саусақтарын сұғылыстыра тартқанда, буындары шытыршытыр етті.
Қолын сұғылыстыра, саусақтарын шытырлататын — осы бір ишара,
жаман əдет, өзін ылғый тыншықтырып, бойын шыйратып та жіберетін,
қазір өзіне сол өте керек те нəрсе еді. Есік алдына келген күйменің дыбысы
естілді. Алексей Александрович зал ортасына тоқтай қалды.
Баспалдаққа шыққан əйел аяғының дыбысы шалынды. Алексей
Александрович айтар сөзін əзірлей, саусақтарын сұғылыстыра сығып, əлі
де болса, бір жерінен шырт етпес пе екен деп күтіп тұр. Бір буыны шырт
ете қалды.
Əйелі жақындағанын баспалдақ басқан жеңіл жүрісінен-ақ сезіп, айтар
сөзіне көңлі көншіп тұрғанмен, жай-күйді сарапқа саламыз-ау деген ойдан
түршігіп те кетті өзі.
ІХ
Анна тұқыра қараған күйі, құлапарасының шашағымен ойнап келеді
екен. Жүзі жарқырап нұр жайнап тұр; бірақ осы нұрының өзі шадман нұр
емес, — қараңғы түндегі қатты өрттің жарқылына ұқсас екен. Анна күйеуін
көрген соң, ұйқыдан оянған жанша, күлімсірей қарады.
— Жатқан жоқ па ең сен? Ғажап екен! — деп, құлапарасын сыпырып
тастай бере, кідіре де қоймай, ары, жуынар үйіне қарай тартты. —
Жатсаңшы, Алексей Александрович, — деді есіктен ары кіре беріп.
— Анна, сенің өзіңмен сөйлесуім керек менің.
— Менімен бе? — деп таңырқаған күйі, есіктен шыға күйеуіне қарады.
— Немене еді оның? Не жайы еді? — деді отыра беріп. — Сөйлесу керек
болса, сөйлесейік, ал. Ұйқтаған он, болар еді бірақ.
Анна өзі аузына түскенін айтып, сол сөзін тыңдай отыра, өтірікке ебі
барына таңырқап та қалды. Сөзі де ұйқысы келген адам сөзіне ұқсас, не
деген қарапайым, табиғи сөз десеңші! Өзін өзі өтіріктің түк өтпес сауытын
кигендей сезіп отыр. Өзін бір көзге түспес күш қолдап, сүйеп тұрған
сықылды сезінеді.
— Анна, сені сақтандыруым керек боп тұр менің, — деді күйеуі.
— Сақтандыру дейді? — деді Анна. — Неден сақтандырмақсың?
Анна өзі сонша жай отырып, жарқын қарағандықтан, жайын білетін
күйеуі болмаса, білмейтін адамдар үнінен де, сөз тəркінен де селкеу тұрған
ештеңе аңғармаған болар еді. Бірақ өзінен бес минут соң жатса-ақ, соның
жайын сұрап, өз қуанышы, өз шаттығы, қайғысын дереу жеткізіп тұратын
Анна жайын əбден білетін күйеуі үшін, — қазір сол күйеуінің жайын
білейінші, өз жайымды білдірейінші деп, жалғыз ауыз сөз айтқысы
келмеген нысайын көру көп нəрсені аңғартты. Бұрын өзі десе-ақ ылғый
ашық тұратын жан-дүниесінің де тарс жабылып қалғанын көре кетті
күйеуі. Ол аз болса, Аннаның сөз тəркіне қарап, əлгіден қысылмақ түгіл,
қайта өзіне тікесінен тіке: рас, жабылғаны жабылған, солай болуға тиіс,
солай болмақшы да деп отырған нысайын көріп тұр. Қазір өзі адам бір
үйіне зəуімен оралғанда, есігі жабық тұрған үстіне тап келген кездегі
сезіміндей сезімге де келді. «Дегенмен, кілті табылатын шығар əлі» — деп
ойлады Алексей Александрович.
— Мен сені аңғал, жеңілдікке салынып, өз жайыңды қауымның сөз
етуіне желеу боларсың ба дегеннен сақтандырғалы тұрмын, — деді ол, баяу
дауыспен. — Сенің сол Вронский графпен (осы есімді өзі салмақпен,
жайбарақат, созыңқырай айтты) өте өзеурей сөйлескен бүгінгі əңгімең жұрт
назарына шалынып та қалды.
Ол өзі сөйлей тұрып, соның күлімсірегенмен де, қазір өзіне бедірейе
сұмдық көрінген көзіне қараған күйі, сөйлеген сөзінің түк пайдасы жоқ,
бос сөз екенін де біліп тұр.
— Сенің қашанғы əдетің сол, — деді Анна, күйеуінің сөзінен түк
түсінбесе де, бар айтқандарынан қасақана тек соңғы сөзін ғана түсініп. —
Мен əйтеуір, біресе жабырқау, біресе жарқын атанып-ақ, жақпайтын боп
алдым саған. Жабырқағаным жоқ. Қорлап тұрған со болар сені?
Алексей Александрович дір ете қалды да, буынын шытырлатқалы
саусағын сыға бастады.
— Əй, шыртылдатпашы, жарқыным, денем түршігеді тіпті, — деді
Анна.
— Анна, не боп кеткенсің өзің? — деді Алексей Александрович саябыр
сөйлеп, дəтін бекіте, қолын қозғағанын қойып.
— Ал, немене еді оның? — деді Анна, сонша бір шын пейілмен тəлкек
ете таңырқап. — Не қалауың бар еді менде?
Алексей Александрович жақ ашпаған күйі, маңдайы мен көзін сүртіпсүртіп қойды. Ол өзі істейінші деп, яғни əйелін қауым алдындағы
қателіктен сақтандырайыншы деп ойлаған ойының орнына, əйелінің арына
бола амалсыз өзі əбігер боп, қыялындағы қайдағы бір қамалмен алысып
кеткенін кеп аңғарды.
— Айтайын дегенім мынау менің, — деді жайбарақат, сұлық сөйлеп, —
құлақ қоюыңды сұраймын маған. — Өзіңе аян, мен өзім қызғаншақтық
дегенді, адам басын қорлайтын, кемітетін, сезім деп білем де, ол сезімді
қолдануға өзіме өзім жол бермеймін əсте; бірақ баса-көктеп кетуге
болмайтын, сыпайыгершілік заңы бар белгілі. Сен бүгін өзіңді онша
көңілдегідей ұстап, көңілдегідей тұтпағаныңды өз басым байқамағанмен,
жұртқа еткен əсеріңе қарағанда, түгел аңғарыпты.
— Түк түсінсем бұйырмасын, — деді Анна, иығын бір ырғап қойып.
«Бəрібір бұған, — деп ойлады. — Əшейін жұртшылық аңғарған соң,
абыржытып отырған сол мұны». — Сырқаттанған екенсің, Алексей
Александрович, — дегенді қоса "айтты да, түрегеліп, есікке қарай бет
алды; күйеуі бірақ кідірткісі келген дей, алдын кес-кестей кетті.
Күйеуінің жүзі, Анна өмірі көрмеген бір қалыпқа түсе бұзылып,
тұнжырап кетіпті. Анна тоқтады да, басын кейін қарай, қыйсайта бұрып,
қолы жыпылдап, шаш түйрегіштерін ала бастады.
— Кəне, не дер екенсің, тыңдайын, — деді жайбарақат, сылтың ете
сөйлеп. — Тіпті немене екен, білейінші деп, ден қоя тыңдағалы да
отырмын өзін.
Анна осыны айтқанда, лебізіндегі айнымас, анайы-сабырлы сарын мен
тауып қолданған сөздеріне өзі де таңырқады.
— Сенің сезімдеріңнің егжей-тегжейлерін түгел қазбалауға хақым жоқ
менің, оның өзін жалпы пайдасыз, тіпті зыянды да деп білемін, — деп
бастады Алексей Александрович. — Біз өзіміз жан-дүниемізді актарып
жүріп, көбінесе сонда бір көрінбей жататын нəрсені де қазып шығара
беретініміз бар. Сенің сезімің болса — арыңның ісі ол; бірақ мен өзім
сенің, де, өзімнің де, құдайдың да алдында өз борышыңды көрсетуге
міндеткермін. Екеуміздің өміріміз қосылса, адам қосқан жоқ, құдай қосқан
оны. Ол байланысты үзсе, тек қылмыс. қана үзеді де, ол сықылды қылмыс
жазаға да жолығады.
— Түк түсінгемін жоқ. Қап, құдай-ай, қас қылғандай, ұйқым кеп
отырғанын қарашы! — деді Анна, қалған түйрегіштерін іздей, қолы
жыпылдап шашын шарлап қарап.
— Құдай ризалығына, олай деме; Анна. — деді күйеуі жуасый сөйлеп.
— Бəлкім, қателесетін де шығармын, бірақ, сенер болсаң сені айтқанда
мен, өзімді де қоса айтып тұрмын. Күйеуіңмін де, сүйемін де сені.
Аннаның жүзі сəл уақыт айығып, жанарындағы сылтың күлкі ұшқыны
да сөніп кетті; бірақ «сүйемін» деген сөз қайта шамдандырды. «Сүйемін
дейді? Сүйе алар ма екен бұл? Сүю дегенді естімеген болса, сол сөзді өмірі
айтпаған да болар еді. Сүю дегеннің не екенін де білмейді бұл», — деп
ойлады Анна.
— Алексей Александрович, шын түсінбей отырмын, — деді ол. —
Қалағаныңды анықтап айтшы өзің...
— Ғафу ет, сөзімді бітірейін. Мен сені сүйген кісімін. Бірақ өзімді
айтып отырғам жоқ мен; бұл жердегі басты адам — баламыз бен сенің өзің
боп отырсың. Тағы да айтайын, менің сөзім саған мүлде бос, орынсыз сөз
боп көрінуі де əбден ықтимал; мен оны адасқан соң да айтып тұрған
болармын, бəлкім. Олай болған күнде, маған кешірім етуіңді сұраймын.
Бірақ өз басың, титтей болса да бір дəлелі бар деп сезетін болсаң,
ойлануыңды өтінем онда, егер жүрегің маған айт дегендей болса...
Алексей Александрович не дегенін өзі де сезбей, əзірлеген сөзінен
мүлде өзге сөздерді айтып кетті.
— Айтар ештеңем жоқ. Жəне əрі... — деді Анна, қалт зыпылдай
сөйлеген күйі, күліп жібере жаздап. — Жататын уақыт та жетті ғой деймін.
Алексей Александрович күрсініп салды да, өзге ештеңе айтпай, жатын
бөлмесіне қарай беттеді.
Анна жатын бөлмеге кірген кезде, күйеуі жатып та қапты. Ернін қатты
қымтыған күйі, əйеліне көз қырын да салған жоқ. Анна өз төсегіне жатып,
тағы да тіл қатар ма екен деп, минут сайын күтті. Соның тіл қатуынан өзі
қорқып та, қалап та жатыр. Күйеуі бірақ үндеген жоқ. Анна қыбыр етпей
күте-күте көп жатып, ұмытып та кетті оны. Есіл-дерті өзге біреуде боп,
соны көріп, сол ой үстінде жүрегі толқый тулап, зымыян бір қуанышқа да
толып кеткенін сезіп жатыр. Қапелімде жайбарақат, біркелкі шыққан мұрын
шуылын естіді. Алексей Александрович əуелгі сəтте өз мұрнының
шуылынан шошынғандай, кідіріп те қалды; бірақ, екі рет тыныс алған соң,
жайбарақат, біркелкі шыққан жана шуыл тағы да естілді.
— Кеш боп кетті, кеш, кеш қалдың, — деді Анна, күбірлей күлімдеп.
Көзін ашқан күйі, көп уақыт қыбыр етпей жатып, қараңғыда өз көзінің
нұрын өзі көргендей болды.
X
Осы кештен соң-ақ, Алексей Александрович пен əйелі екеуіне бір жаңа
өмір басталды. Анна, қашанғы əдетінше, қауымға кыдырып, əсіресе, Бетси
княгинянікінде жиі болып, бəрінде де Вронскийге жолығып жүрді. Алексей
Александрович соны көріп жүрсе де, ештеңе істей алған жоқ. Əйелін
түсінісер сөзге тартқан талабының бəріне де қайдағы бір қасарысқан, аңтаң шадмандық қамалын қарсы тосты да тұрды ол. Сырттай байырғы
қалыптары болғанмен, ішкі қарым-қатнастары мүлде өзгеріп кетті,
мемлекет ісінде соғұрлым күшті адам боп жүрген Алексей Александрович
осы араға келгенде өзін тіпті əлсіз сезді.
Мойнына киілуге көтерілген ажырықты сезіп, басын егізше көне
тұқыртқан күйі, күте берді соны. Өзі əрдайым, осыны ойлай бастаса-ақ,
елжірей мейрім төгіп, иландыру арқылы əйелін əлі де сақтап қалар үміт бар
ғой деген сезіммен райынан қайтаруға талпыну керек екен деп, сонымен
сөйлесуге күн сайын оқталды. Бірақ, əрдайым, əйелімен сөйлесе бастасаақ, соны кеулеген арамдық, алдау сайтаны өзін де кеулегенін сезіп,
көңліндегі сөзінен мүлде өзге сөзді, өзге əлпетпен айтатынды шығарды.
Онымен сөйлессе-ақ, солай сөйлейтіндерді қалжың ететін қанық əлпетіне
амалсыз баратын боп алды өзі. Ол əлпетпен тұрғанда, əйеліне айтар
сөздерін айтуға да болмайтын еді.
.................................................................................................................................................
.................................................................................................................................................
XI
Вронскийге жылға жуық уақыттан бері бұрынғы тілегін түгел
қойғызып, өмір ынтығы көрінген жалғыз ғана тілек; Аннаға да орайы жоқ,
сұмдық, əсіресе, аңсаған бақыт арманы көрінген, — сол бір тілек шерқұмарын тарқата орындалып та шықты. Вронский боп-боз күйі, иегі-иегіне
тимей дірілдеп, Аннаға төне, не жөнінде, не деп жұбатарын білмесе де,
жұбатпақ болып жалынып тұр.
— Анна, Анна деймін! — деді ол, даусы дірілдей шығып. — Қойшы,
Анна!..
Бірақ Вронский неғұрлым қаттырақ сөйлеген сайын, Анна да, бір
кездерде тəкаппар, шадман болғанымен, қазір ұятқа қалған басын
солғұрлым тұқыртып, бүгіле түсіп, отырған диванынан Вронский аяқ
басқан иденге сырғып түсіп кетті. Вронский сүйемесе, кілемге сылқ ете де
түскендей еді өзі.
— Апыр-ай! Кешіре гөр! — деді өксіп қойып, Вронскийдің қолын
көкірегіне қысып.
Өзін соғұрлы жазықты, айыпты сезгендіктен, өзіне құр төменшіктеп,
кешірім сұрай беру ғана қалыпты; қазір өмірінде одан өзге ешкімі болмаған
соң, кешірім сұраған жалынышын да соған арнады өзі. Соның бетіне
қарағанда, жасыған жайын діңкелей сезіп, ештеңе де айта алған жоқ.
Вронский болса, өмірінен өзі айырған денені көрген қанішер сезіміндей бір
сезім үстінде тұр. Оның өмірінен айырған ол денесі екеуінің махаббаты,
сол махаббаттың алғашқы шағы болатын. Ұяттан осынша неге пар кештік
деген он бір түрлі жан түршігерлік, сұмдық боп көрінеді. Бар мəзірі
ашылып қалған ұят, Аннаны жердей ете жаныштап, анаған да батып тұр.
Бірақ өлген жанның денесінен қанішердің үрейі қанша ұшып тұрса да, сол
денені пəршелей кескілеп, тыққыштай жасырып, өлтіргенде тапқанын
пайдалануы да керек-ті.
Содан, қанішер сол денеге құмары қысып кеткендей, өшіге ұмтылып,
сүйрей жөнеліп, кескілеп кеп береді; Вронский де Аннаның бетін, иығын
осылай кеп құшырлана сүйе бастады. Ол болса, соның қолын ұстаған күйі,
қыбыр еткен жоқ. Рас, сол ұятқа сатып алғаным — осы сүйіс болатын. Рас,
өмірі мендік болатын мынау жалғыз қол да, сол сырласымның қолы менің.
Анна со қолды көтеріп, соны сүйді келіп. Вронский жүзіне қарайын деп,
тізелей отыра кетті; бірақ ол, жүзін қалқалаған күйі, ештеңе айтпады.
Ақыры, əл-дəрменін жыйнай түрегеліп, Вронскийді итере берді. Жүзі сол
əсем қалпы болған соң да, аса аянышты екен.
— Болары болды, — деді ол. — Сенен өзге менің ештеңем де жоқ.
Есіңде болсын сол.
— Өмірім болған нəрсені, есімде тұтпас жайым жоқ менің. Бұл
бақыттың бір минуты үшін...
— Қайдағы бақыт дейсің! — деді Анна, түршіге, түңіле сөйлеп, ол
түңілуі Вронскийді де еріксіз шалып кетті. — Құдай риза болсын, ештеңе
деме, жақ ашушы болма енді.
Ұшып түрегелді де, Вронскийден сырттай берді.
— Жақ ашушы болма енді, — деді қайыра айтып, сөйтті де жүзіне бір,
Вронскийге оғаш, қапа болған суық əлпет біте қоштасты Анна. Өзі осы
жаңа өмірге кіргендегі қуаныш, ұят, қорқыныш сезімін сол минутте
жеткізіп айтар сөз таба алмағанын да сезіп тұр, ол туралы сөйлеп, ол
сезімді жансақ созбен былғағысы келмеді. Бірақ содан соң да, тіпті екінші,
үшінші күні де сол шытырман сезімдерді жеткізіп айтар сөз таппақ түгіл,
жан дүниесінде болған жайларды да өзінше отырып, түгел ойластырар
пікір таба алған жоқ.
Өзіне өзі «Қой, қазір оны ойлай алар жайым жоқ; соңыра,
тынышталыңқыраған соң ойлаймын, — дей берді. Бірақ ол тыныштық
ойына өмірі оралмай да қойды, не істедім, не болмақпын, не істемекпін
деген ой көңліне келген сайын-ақ, шошып кетіп, сол ойды серпілткенше
дəті қалмады.
— Соңыра, соңыра, тынышталыңқыраған соң болсын, — дей берді.
Оның есесіне, ойына десі жүрмейтін болған соң, масқара жайы бар
мəзірімен түсіне кіретінді де шығарды. Бір түсі тіпті түн сайын көрінетін
боп кетті. Түсінде екеуі қосарымен күйеуі боп, қосыла үйіріліп отыр екен.
Алексей Александрович Аннаның қолын сүйе жылап: түу, жақсы болды
ғой енді! — дей түсіп отыр. Алексей Вронский де сол арада қоса күйеуі боп
жүр. Содан келіп, Анна, бұрын өзі осыны орайы жоқ көргеніне таңырқап,
екеуіне: бұл өзі оп-оңай нəрсе екен ғой тіпті, екеуің де мəз, екеуің де
ризасыңдар енді деп, күле түсіндіріп отыр. Бірақ сол түсі өзін булықтыра
қысып, шошып оянып та кетті.
XII
Левин, Москвадан қайтқан сонау бастапқы кездерде қыз көнбеген ұятты
жайын еске алса-ақ, тітірей қызарып: «физикадан бірлік ап, екінші курста
қалған шағымда да құрығаным ғой деп, ылғый осылай қызарып, осылай
тітіреп едім», — деп жүрді ішінен; «өзіме тапсырылған əпкем ісін бүлдіріп
алған соң да, құрыдым ғой деп осылай ойлағамын.
Содан келіп, не болды десеңші? — Қазір не заман өткен кезде, солар
өзімді қалай қайғыртты екен деп те таңырқаймын. Бұл қайғы да сол
сарынмен тынады. Уақыт өте келе, бұған да жаймашуақ қарайтын
боламын».
Бірақ өзі үш ай өткен соң да, соған жаймашуақ бола алмай, соны еске
алған сайын-ақ өзіне бастапқы күндердегідей, қатты бата берді. Семьялы
тұрмысты өзі соғұрлы ұзақ ойлап, соған əрі соғұрлы саймын деп жүргенде,
үйленбей қалып, одан қашанғыдан бетер қашықтап кеткен соң да, көңлі бір
тынбай қойды. Өзі тұрғы адамның жалғыз жүруі жақсы қылық емесін жанжақтағы жұрт түгел сезгені де шымбайына батып жүрді. Өзімен сөйлесе
беруді əуес көретін, Николай дейтін көңілшек мұжық сыйыршысына
Москваға жүрер алдында біржолы: «Қайтейін, Николай! Үйленгім келіп
тұр» — дегенде, Николай ешбір шəгі жоқ іс жайында сөйлеген адамша
«уақыт жеткелі қашан, Константин Дмитрии», — деп лып ете түскенін де
жақсы білетін. Бірақ үйлену деген қазір өзіне қашанғысынан да қашықтап
кетті. Орын иемделіп қойған соң, ол орынға таныс қыздарының өзге біреуін
ойша əкеліп қойғанымен, оның тіпті орайы келмейді екен деп те сезінді.
Оның үстіне, қыз көнбей, сол көнбеу үстінде өзі істеген ұят қылығы есіне
қоса түсіп, жəне қыйнады. Бұ жерде менің түк жазығым жоқ деп, өзіне өзі
қанша қақсағанмен де, есінде қалған сол ойы, со сықылды, ұяты күшті өзге
ойларға қосыла, өзін тітірете де, қызарта да берді. Өзге жұрт сықылды, өз
басында да өткеннен қалған, арын қыйнайтын, өзі аңлаған өрескел
қылықтар жоқ емес еді; бірақ сол өрескел қылықтар жайындағы ойлары,
мына бір ұяты күшті, құрдым ойлардай соғұрлы қыйнаған емес-ті өзін. Ол
жаралары өмірі жазылмайтын да. Есіндегі сол ойларға, қазір қыздың
көнбей қойып, сол сауық-кеш үстінде өзінің өзгелерге сорлы көрінген
мүшкіл халі жəне келіп жамалды. Бірақ уақыт, жұмыс дегендер ол жайын
елеген жоқ. Есіндегі ауыр ойларын деревняның келелі уақыйғалары, көзіне
ілекпей-ақ, қалыңдай басып, көміп жіберді. Китиді ойлауын да апта сайын
азайтайын деді. Сол өзі күйеуге шықты ма екен, шықпаса жуырда шықпақ
па екен əлде деп, сол хабар, ауру тісті жұлғандай, өзін мүлде айықтырып
жіберер деген үмітпен, күте-күте дəті де қалмады.
Сөйткенше, тамаша, қауырт əсем жаз да жарқырап шыға келді, жаз
болғанда, қалтарысы, алдауы жоқ, өсімдік, жануар, жұрт біткен қосыла
қуанатын сирек жаз бір. Сол əсем жаз Левинді одан бетер елегіздіріп,
оқшау жалғыз тұрмысын жалынышты болмай, тұрақты етіп құру үшін,
өткендегінің бəрінен пар кешейін деген пікірге де келтірді. Деревняға
оралғанда ойында келген жоспарларының кеп жерлері орындалмағанмен
де, ең үлкені — өмірінің пактігін сақтай білді. Ол өзі, əдетте, құлаған соң
қыйнаған ұятынан да айығып, жұрт бетіне жасқанбай қарай алар халге де
келіп алды. Николай ағасының денсаулығы пəс тартса да, емделгісі
келмегені жайында Марья Николаевнадан сонау февраль ішінде-ақ хат
алып, со хаттың салдарынан Москвадағы ағасына барып, оны доктормен
ақылдасып, шетелдегі су еміне баруға көндіріп те қайтқан болатын. Ағасын
көндіріп, ашуына тимей, жолына қарыз ақша берудің орайы өте жақсы
келіп, сол жөнде өзіне өзі риза да болып қайтқан. Левин өзі жазғытұры
ерекше көңіл бөлуді тілейтін шаруашылығы мен оқуының үстіне, осы
қыста əрі шаруашылық жайында шығарма да жаза бастаған, ол
шығарманың жоспары: шаруашылықтағы жұмысшы аужайы ауа райы мен
топырақ тəрізді əбден айқын нəрсе болып, демек, ғылымның
ауылшаруашылық жөніндегі күллі ережелері топырақ пен aуa райының
жалқы мəліметтеріне ғана сүйенбей, қайта, топырақ пен ауа райының
мəліметтерін қоса, жұмысшының айнымас, əйгілі аужайына сүйенетін
болсын дегенге саятын. Демек, Левин өмірі деген, жалғыздығына, яки
жалғыздық салдарына қарамай, аса бір толы өмір болатын да, басын
шарлаған ойларын Агафья Михайловнадан өзге біреу-міреуге
ағытпағанына көңлі жарым екенін де оқта-текте сезе түсіп қоятын, тіпті
соның əзімен де физика, шаруашылық теориясы, философия жайын
сарапқа салатын шағы аз болмайтын; философия деген Агафья
Михайловнаның жақсы көретін фəні болатын.
Жаз өзі көпке дейін шырай бере қойған жоқ. Оразаның соңғы
апталарында күн əрі ашық, əрі суық келді. Күндіз күнгей жерлер ерігенмен,
түнгі суық жеті градусқа жетіп тұрды; қабыршақ мұз қатқыл болған соң,
жүк тиегендер тіпті жолсыз жерлермен де жүре берді. Пасха қар үстінде
өтті. Содан, Əмбие мейрамының ертеңіне-ақ, жылы ескек қалт есіп берді
де, бұлт шымқап алып, жып-жылы бір нөсер жаңбыр үш күн, үш түн бойы
құйды. Жел бейсембі күні басылды да, табиғаттағы өзгеріс құпыяларын
қымтай тұрайын дегендей, бір қою сұр тұман келіп шөге салды. Су деген
тұман кезінде-ақ кернеп, мұз біткен сықырлай бұзылып, лай тасқындар
көпіре жосып, тұман Қызыл Қырқаның дəл үстінен сөгілді де, бұлт тілкемтілкем ыдырай, күн ашыла, нағыз жаз шырайы жарқ ете түсті. Ертеңгісін
шаңқыя шыққан күн су бетіне ілінген қабыршақ мұзды қылғып қойды да,
дегдіген жердің буына толы жылы ауа түгел шымыр қағып кетті. Қуаң
шөптер мен инеше қылтыйған шиен шөптер көгеріп сала берді. Бүрген,
қарақат, сірне қайың бүршіктері буазып, сап-сары бүр төгілген шыбық
талдарда сыртқа шыға шарлай ұшқан аралар андыздай гуледі. Жасыл
барқыт шиен мен қуқыл аңыз үстінде боз торғайлар көзге ілінбей
шырлайды, толып кеткен ботана суы тартылмаған ойпаттар мен саздарда
қызғыштар безілдейді, шырқау биікте жаз сыңқылына сала қаз, тырналар
өтіп жатыр. Жайылымдарда, тек кей жерлерінің ғана өлі жүні түспеген,
түлеу сыйырлар мөңірейді; тобын жаза маңырай жайылған енелері қасында
маймақ қозылар ойын салып жүр; құлдыраңдаған балалар кеберсіген
соқпаққа жалаңаяқ іздерін айғыздай салып жарысып барады; тоспа
басында кенеп шайған қатындардың шат даусы жамырай шығады, қорақорада соқа, тырма жөндеген мұжық балталары шыңылдайды. Нағыз
жаздың өзі екен келген.
XIII
Левин тонын қойып, тұңғыш рет бүрме шекпені мен үлкен етігін киді
де, күнге шағылыса көзін ұялтқан бұлақтардан өте, біресе мұз, біресе
қойбақты кеше, шаруашылығын аралай жөнелді.
Жаздың өзі — жоспарлар мен жобалардың тұсы бір. Левин де қораға
шыға бере, буазыған бүршіктеріндегі жас сабақ пен бұтақтардың қайда,
қалай өсерін əлі де білмейтін жазғытұрғы ағаштай, жаны сүйген
шаруашылығының қазір қай саласына кірісерін жақсы білмегенмен,
көкейінде бір ең жақсы жоспар, жобалар да толып тұрғанын сезе кетті.
Қашаға шығарылған сыйырлар, тып-тықыр боп түлеген түктері жылт-жылт
етіп, күн көзіне жылынып алған соң, жайылымды аңсап, мөңірей түсіп тұр
екен. Левин титтейіне дейін жай-жапсарын түгел білетін сыйырларын
тамашалап шыққан соқ, бұларды түзге жайыңдар да, қашаға бұзауларды
шығарыңдар деп бұйырды. Бақташы мəз болып, түзге шығуға қамданғалы
жүгіре жөнелді. Сыйыршы қатындар, белдемшелерін көтере, күнге
күймеген, əлі де аппақ, жалаңаяқ күйлері, батпақты шалпылдата кешіп, жаз
қуанышына тыраңдай мөңіреген бұзаулар соңынан шыбық ала жүгіріп,
қораға қайыра кіргізіп жүр.
Левин быйылғы жылғы төтенше жақсы төлді, — ерте туған бұзаулар
мұжық сыйырындай екен де, Паваның үш айлық, ұрғашы бұзауы жасқа
толған тайыншадай екен, — тамашалап шыққан соң, солардың астауын
сыртқа шығарыңдар да, пішенді решетке қойып беріңдер деп бұйырды.
Бірақ күздікүні жасалған решетка қыста пайдаланылмай, қашада тұрып
қыйрап қалыпты. Левин, наряд бойынша молотилкада жұмыс істейтін,
ағаш ұстасына кісі жіберді. Алайда, ағаш ұстасы сонау бұрқан мейрамында
жамалып қоятын тырмаларды түзеп жатқан болып шықты. Левин соның
өзіне өте қатты қынжылды. Қынжылғанда, шаруашылықтағы сол, Левин өзі
қанша жылдар бойы қайратын сала қарсы күресіп жүрген шалағайлықтың
қалмай қойғанына қынжылды. Аңысын аңдый келсе, қыстыкүні керегі жоқ
решеткалар, жұмыс аттары тұратын қораға апарылып, сол жерде қыйрапты,
қыйрағанда да. бұзаулардікі болған соң, құр əшейін ілекер етіп жасай
салғандықтан қыйраған. Оның үстіне, қыстыкүні-ақ қаралып, жөнделіп
қойылсын деп, үш ағаш ұстасы соған бола əдейі алынған тырмалар мен
бүкіл егіс құралдары да, сол шалағайлық салдарынан, жамалмай қалып,
үйте-бүйте, қазір тырмалайтын уақыт келгенде ғана жамалып жатыр екен.
Левин приказшіге кісі жіберді де, іле-шала өзі де соны іздеуге кетті. Сол
күнгі өзге жұрт сықылды, приказші де масайраған күйі, елтірі шолақ ішігін
киіп, қолындағы сабан сабағын сындыра, қырман жақтан келе жатыр екен.
— Ағаш ұстасы молотилкаға неге бармаған?
— Өзіңізге кеше мəлімдейін деп ем: тырмаларды жамау керек екен.
— Қыста не істелген онда?
— Ағаш ұстасы не керек еді сізге?
— Бұзау қорадағы рещеткалар қайда кеткен?
— Орнына апарылсын дегемін. Осы жұртқа бұйырып, не тынар дейсіз?
— деді приказші қолын сермеп қойып.
— Ол жұртқа емес, осы приказшіге деңіз! — деді Левин тұлан тұтып.
— Сізді несін ұстап жүр екем мен! — деді ақырып. Бірақ онымен ештеңе
өндірмейтіні есіне түскен соң, сөзін бітірмей кідірді де, құр күрсіне салды.
— Немене, себуге бола ма екен? — деді үндемей тұрып-тұрып.
— Ертең, не арғы күні Туркин сыртына себуге болады.
— Жоңырышқаны ше?
— Себіңдер деп Василий мен Мишканы жібергем. Бара ала ма, қайдам:
дой боп кетіпті.
— Неше десеге?
— Алты десеге.
— Түгел неге сеппейді? — деп Левин баж ете түсті.
Жоңырышқаның жыйырма десеге себілмей, тек алты десеге ғана
себілмек болғаны, бұрынғыдан бетер қынжылтты. Теория жағынан да, өз
басының тəжрибесі жағынан да, жоңырышқа егісі тек неғұрлым ерте, тіпті
қар барында егілсе ғана жақсы шығатын еді. Левин де соны өмірі бір істете
алмай жүрген.
— Адам жоқ. Осы жұртпен жүріп не істе дейсіз? Үшеуі келмей қалды.
Семен болса, анау...
— Онда, сабанды қоя тұруыңыз еді.
— Оны қоюын қойдым ғой.
— Жұрт қайда жүр онда?
— Бесеуі компот жасап жүр (онысы компост 35 дегені еді). Төртеуі
сұлыны аударыстырып жатыр; шалдығып қалмаса не қылсын, Константин
Дмитрии.
Левин «шалдығып қалмаса не қылсын» деген сөзден: тұқымға қойған
ағылшын сұлысын бүлдіріп алып, істе деп бұйырғандарын тағы да істемей
қойғандарын өте жақсы біліп тұр.
— Апырау, мен, сонау ораза үстінде-ақ айтып едім ғой, саңқулақтар!..
— деп шыр ете түсті.
— Абыржымаңыз, бəрін де тындырамыз уақытында.
Левин қолын торсандай сермеп, сұлыны көргелі қамбаға барды да, ат
қораға қарай оралды. Сұлы əлі бұзылмапты. Бірақ төменгі қамбаға тіке
қотару орнына, жұмысшылар оны күрекпен қопарыстырып жатыр екен,
Левин соның жөнін сілтеді де, жоңырышқа егісіне сол арадан екі жұмысшы
алып, приказшіге деген ашуы тарқай оралды. Оның үстіне, күн де бір
сонша жақсы күн болған соң, ашулануға да болмай қалды.
— Игнат! — деді, құдық басында жеңін сыбанып, коляска жуып жүрген
көшіріне дабыстап. — Ат ертте...
— Қайсысын ертте дейсіз?
— Колпик болса да, болар.
— Құп болады.
Левин, ат ерттеліп жатқанда, көз алдында күйбеңдеп жүрген
приказшіні, татуласқалы шақырып алып, алдағы көктем жұмыстары мен
шаруашылық жоспарларын айта бастады.
Көң ертерек тасый басталып, бастапқы шабыққа дейін түгел
тындырылып қойылсын. Қыйыр егін жайлар плугпен үзбей жыртылып,
қара пар қалпында ұсталатын болсын. Шабындық біткенді мойын серіктер
жыйнамай, жұмыскерлер жыйнасын дегендерді айтты.
Приказші ден қоя тыңдап, қожайынның жобаларын қостауға күш салған
сықылданып та тұрды; бірақ дегенмен де Левин соғұрлы қанық білетін,
қашан да қытығына тиетін бір үмітсіз, уайымшыл əлпетпен тұр екен. Ол
əлпеті: бəрі де жақсы ғой, бірақ құдай не берер екен десеңші деп тұр.
Левинді осы əлпетше ештеңе де кейітіп көрген емес-ті. Бірақ бұл əлпет
өзі Левинде боп кеткен приказші біткенге түгел ортақ əлпет болатын. Левин
жобаларына соның бəрінің, де ықлас түрі осы болғандықтан, қазір өзі
ашулануын ашуланбағанмен, кейіп қалды да, сол бір дүлей күшпен
күресуге өз басы бұрынғыдан бетер шыйрығып тұрғанын да сезе кетті, оған
өзі «құдай не берер екен» дегеннен өзге ат таба алмайтын да, өзіне қарсы
келетін де ылғый сол болатын.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 13
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.