Latin Common Turkic

Анна Каренина - 11

Total number of words is 4045
Total number of unique words is 1889
36.4 of words are in the 2000 most common words
51.5 of words are in the 5000 most common words
57.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қыйғалы тұрмыз деп, өлердегі сөздерін айта жабысады. Қыз аң-таң боп, тіл
қатыса бастайды. Қапелімде шұжық бакенбардылы, қып-қызыл, шаян
сықылды бір мырза сап ете түседі, бұл үйде менің əйелімнен өзге ешкім де
тұрмайды деп, екеуін қуып шығады.
— Сіз өзіңіз, бакенбардысы сол сіз айтқандай, шұжық сықылды екенін
қайдан білесіз?
— Білетін мəнісімді тыңдай беріңіз. Бүгін соларды жарастыруға
барғамын.
— Сонымен не шықты, ал?
— Ең қызығы осы арада оның. Сол бақытты сұлудың өзі титулярный
советниктің жұбайы екен де, титулярный советник екен əрі. Титулярный
советник шағым беріп, жарастырушысы мен болып жүрмін соның
жарастырушы болғанда, қандай жарастырушы десеңізші!.. Сенсеңіз бар
ғой, маған салыстырғанда Талейран да түк болмай қалды.
— Не қыйыншылығы бар екен?
— Айтайын, тыңдай-беріңіз... Біз болсақ, келістіре кешірім сұрап:
«Өзіміз де қапа болып қалдық, жартымсыз жансақ кеткенімізді кешіріңіз»
деп жалындық. Шұжық сақал титулярный советник жіби бастап, өз сезімін
де қоса білдіргісі келеді, бірақ соны айта бастаса-ақ, күйіп-пісіп, ащы
сөздер айтып кетеді де, тілмарлық талантымды тағы да кеп жұмсаймын
мен. «Сөзіңізге құп, екеуінің қылығы жаман екені жаман, бірақ жаңсақ
басқандарын, жастығын еске алыңыз деп отырмын; оның үстіне өздері
ертеңгі асты жаңа ғана ішкен адамдар болатын. Біліп отырсыз ғой. Өздері
де шынымен өкініп, айыптарын кешіруіңізді жалына сұрап отыр».
Титулярный советник тағы да жұмсара бастайды. «Сөзіңізге құп, кешіре-ақ
қояйын, граф, бірақ маған жар боп отырған адал əйелдің қайдағы бір
қаніпе... балалардың аңду, ажуасына, содыр-сойқанына ұшырауы деген...»
Ол бала болса, білесіз ғой, көзбе-көз сол жерде отыр, соларды
жарастыруым керек менің. Тілмарлығымды тағы да жұмсап, істі тындыруға
тақап келсек-ақ болды, титулярный советнигім тағы да шарт кетіп, шұжығы
шошаңдап, жүзі қып-қызыл боп шыға келген соң, тілмарлық мəймөңкесіне
майын тамыза тағы да басамын.
— Ə, бұл əңгімені сізге айту керек екен ғой! — деді Бетси, ложасына
келген əйелге күле қарап. — Мені əбден күлдіріп болды өзі.
— Жə, bonne chance 31, — дегенді қосып қойды, желпуіш ұстаудан бос
қалған саусағын Вронскийге бере беріп, сөйтті де алдағы аяда жұрт көзіне
түгел шалына, газ жарығына шыққанда, келісе, жап-жалаңаш көрінейін
деген оймен, көйлегінің көтеріліп кеткен аспасын иығын ырғай, төмен
түсіріп жіберді Бетси.
Вронский француз театрына тартты. Онда, шынында да, француз
театрындағы ойынның, ешқайсысын қақа жібермейтін полк командиріне
жолығуы керек болатын, үш күннен бері ойын бөліп, қызық көріп жүрген
елшілігі жайын сонымен сөйлесейін деп ойлаған. Бұл іске шатылғандар
Вронскнй жақсы көретін Петрицкий мен кызметке жуырда кірген жəне бір
аяулы, артықша жолдасы Кедров дейтін жас князь болатын. Бұл мəселеде,
əсіресе, полк мүддесіне кəкір келіп тұрған.
Екеуі де Вронский эскадронында болатын. Полк командирше Венден
дейтін титулярный советник келіп, офицерлеріңіз əйелімді қорлады деп
шағым беріпті. Венденнің айтуына қарағанда, — үйленгеніне алты ай
болған, — жас келіншегі шешесімен бірге шіркеуде болып, қапелімде,
белгілі жағдаймен, сырқаттанып қалғанын сезген соң, одан ары тұруға
дəрмені келмей, қолына ілінген əулекі арбакешке отыра салып, үйге
қайтыпты. Содан офицерлер қуалап, əйел шошып кеткендіктен, үйге
баспалдақпен жүгіре кірем деп, ауруы одан бетер үдеп кетіпті. Венденнің,
өзі болса, мекемеден келе, қоңырау шылдыры мен қайдағы бір даң-дүң
дауыс естіген соң, сыртқа шығып, хат ұстаған мас офицерлерді көріпті де,
итеріп шығарыпты. Қатаң жаза берілуін сұрапты ол.
— Жоқ, не десеңіз, о деңіз, — депті полк командирі, Вронскийді
шақырып алып, — Петрицкий асқынып бара жатыр. Уақыйғасыз құр өтетін
апта жоқ. Анау чиновник те ісін аяқсыз қоймайды, шырқай береді ары.
Вронский істің насырға шапқанын түгел аңғарған соң, бұл жерде дуэль
болар орайы жоқ, сол титулярный советникті иліктіріп, істі қымтай салу
жөнінде қолдан келгендерді түгел істеу керек деп ойлаған. Полк командирі
Вронскийді шақырғанда, тап сол мархабатты, ақылды, əсіресе, полк
абройын қадір тұтатын адам деп білгендіктен шақырған болатын. Екеуі
кеңесе келіп, Петрицкий мен Кедров екеуі Вронскиймен бірге сол
титулярный советникке кешірім сұрай баруы керек деп ұйғарған.
Вронскийдің аты мен флигель-адыотанттық даңқы титулярный советникті
жұмсартуға көп көмек беруі керек екенін полк командирі де, Вронский де
түсінген болатын. Шынында ол екі қарудың екеуі де ішінара шын қару боп
шықты; бірақ жарастыру нəтижесі, Вронский айтқандай, екіталай-дүдамал
қалыпты.
Вронский француз театрына келген соң полк командирін фойеге алып
шығып, сəтін де, сəтсіздігін де тегіс айтып берді. Полк командирі түгел
ойластыра келіп, істі аяқсыз қалдыруға ұйғарды, одан соң ермек көріп,
Вронскийден дидарласу жұмысының егжей-тегжейлерін де сұрастырып
шықты; Вронскийдің: титулярный советник толастай бере, əңгіме жайы
есіне түсіп кетсе-ақ, қалт қайта бұрқырап, Вронский болса, жарастырудың
соңғы жарты ауыз сөзіне келгенде жалт беріп, Петрицкийді алдына тоса,
имене берген əңгімесін тыңдай тұрып, полк командирі ішек-сілесі қата ұзақ
күлді.
— Сұмдық та, қызық та уақыйға екен бір. Кедров қайдан шайқассын ол
мырзамен! Сонша қатты ашуланды ма, өзі? — деді қайыра, күле сұрап. —
Бүгін Клер қандай десеңші! Керемет! — деді француздың жаңа
актрисасының жайын айтып. — Қашан көрсең де, күн сайын жаңа. Бұл тек
француздар қолынан ғана келеді ғой жалғыз.

Бетси княгиня үйіне соңғы актының ақырына қарамай қайтты.
Сопайған боп-боз бетіне опа сеуіп, соны сүртіп, оңдалып алған соң, үлкен
қонақ үйге шай жасаңдар дейін деп, жуынатын бөлмесіне кіргені сол еді,
Үлкен Морскаядағы абажадай үйіне күймелер бірінен соң бірі сау ете түсті.
Қонақтар кең есік жақтан келген соң, өткен-кеткенге өнеге болам деп,
əйнекті есік ішінде ертеңгісін газет оқып отыратын семіз швейцар сол дəу
есікті сықыр еткізбей ашып, келгендерді қасынан өткізе бастады.
Қабырғалары қоңырқай, жүндес кілем төселген, шам астында
дастарқаны шағылыса шаңқыйған стол үсті жап-жарық, күміс самаурыны
жылтырап, шай шынылары мөлдірей көрінген үлкен қонақ үйге: шашын
жаңалап тарап, жүзін жаңалап жасаңғыратқан қожайын əйел бір есіктен
кіргенде, қонақтар екінші есіктен бір мезгілде келіп кірді.
Қожайын əйел қолғабын самаурын қасына отырған соң шешті.
Жұртшылық көрнексіз бір малайлардың көмегіне сүйене, орындықтарды
жылжытып, екі жарыла, — қожайын əйел отырған самаурын жақ пен қонақ
үйдің соған қарсы екінші жағына, — қара барқыт киінігі, қарасы тікірейген
əдемі, елші əйелінің қасына жайласты. Екі төбе жұрттың, екеуінің əңгімесі
де, ə дегендегі ежелгі əдет бойынша кездесу, амандасулар киіп кетіп, тіл
қатар желеу іздегендей, шай ұсынулар бөліп, ауытқый берді.
— Актрисалық жағынан өзі төтенше жақсы жатыр; Каульбахты
зерттеген болуы керек, тəрізі, — деді елші əйелінің тобындағы тілмар, —
қалай құлағанын байқадыңыз ғой.
— Қой, жарқыным, Нильсонды айтпай-ақ қоялық! Айта қояр түк те
жаңалығы жоқ оның,— деді көнетоз жібек көйлекті, қасы тып-тықыр,
жасанды шаш қоспаған, қып-қызыл, жуан ақсары əйел. Ол кісі қарымқатнаста қарабайыр, дөкірлікпен аты шығып, enfant terrible 32 атанған
Мягкая княгиня дейтін кісі болатын. Мягкая княгиня екі үйірменің
аралығына отырып алып, сөздерін тыңдай, оған да, бұған да қатнасып
отырған. — Каульбах жайындағы сол сөзді, уəделесіп қойғандай, бүгін үш
кісі айтты маған. Сол сөздің соғұрлы неменесі ұнап қалғанын да білмеймін
соларға.
Əңгімені осы кірме сөз бөліп кетті де, тағы бір тың тақырып ойластыру
керек болды.
— Бізге бір ілмесі жоқ қызық əңгіме айтып беріңіз, — деді, енді не
бастарын білмей, қоса қысылып отырған тілмарға, ағылшынша small-talk
дейтін əсем сөйлеудің асқан шебері боп жүрген елші əйелі.
— Ілмелеспей күлкі жоқ, онсыз түктің сыйқы жоқ деген ғой, — деді
тілмар, сөзін күлімсірей сабақтап. — Айтып көрейін бірақ. Тақырып
беріңіз. Əңгіме біткен тақырыпта боп отыр. Тақырып берілсе, құрап
шығару қыйын емес одан. Кымыс етсе-ақ, қазір ақылды сөз сөйлеуге өткен
ғасырдың атақты самар жақтары да қыйналған болар еді деп ойлаймын
өзім. Ақылды сөз біткен жалықтырып та жіберді ғой...
— Əлдеқашан айтылған əңгіме оныңыз, — деп елші əйелі күле сөйлеп,
сөзді бөліп жіберді.
Əңгіме сыпайы басталды да, сол өте сыпайылығынан тағы да тоқтап
қалды. Өмірі жаза баспайтын, жақсы қару — мысқыл сөзге ойысудың
орайы келді.
— Осы Тушкевичте Louis XV тəріздес бірдеңе барын байқайсыздар ма,
сіздер? — деді тілмар, стол қасында тұрған əдемі аққұба жігітті көз
қыйығымен нұсқап.
— Е, əлбетте! Қонақ үймен аузының дəмі бір, мұнда соғұрлы жиі келе
беретіні де содан өзінің.
Осы қонақ үйде отырып, яғни Тушкевич пен қожайын əйел арасындағы
қарым-қатнас жайында айтылмайтын əңгіме емеурін арқылы айтылған соң
да, ол əңгімені жұрт қолдасып кетті.
Оның үстіне, самаурын мен қожайын əйел маңындағы əңгіме де:
қоғамдық соңғы жаңалық, театр, соны сынау сықылды қажетті үш тақырып
арасында біраз уақыт дəл осылай ауытқый жүріп, соңғы тақырыпқа, яғни
мысқыл сөзге тірелген соң барып баяндады.
— Мельтищева да, — қызы емес-ау, шешесі, — өзіне diable rose
костюмін тіктіріп жатқанын естіген боларсыздар.

— Қойыңызшы! Жоқ, тамаша екен онысы!
— Сол ақылымен жүріп, — ессіз кісі емес қой өзі, — соның күлкі нəрсе
екенін аңғармайтынына таңмын.
Мельтищева сорлыны іліп-қағып, тəлкек қылатын сөз əрқайсысынан-ақ
табылып, əңгімелері лаулай жанған отша шытырлап, маздай жөнелді.
Бетси княгиняның сурет көшірмелер жыйнауға құмарпаз, мейірбан,
күпсердей күйеуі, əйеліне қонақтар келіп отырғанын білген соң, клубқа
барар алдында, қонақ үйге соқты. Жұмсақ кілемде жүрісін естіртпей, ептеп
басқан күйі Мягкая княгиняның қасына келді.
— Қалай, Нильсон ұнады ма, сізге? — деді ол.
— Ойпыр-ай, осылай да ұрланып келуге бола ма екен? Шошытып
жібердіңіз ғой, — деді княгиня. — Опера жайында сөйлеспей-ақ қойыңыз
менімен, музыкадан дəнеңе де білмейсіз. Одан да сіздің деңгейіңізге мен
түсейін де, қыштарыңыз бен суреттеріңіздің жайын сөйлесейін сізбен.
Жаймадан жуырда не қазналар сатып алдыңыз өзіңіз?
— Қаласаңыз, көрсетейін. Байыбына бармайсыз ғой бірақ.
— Көрсетіңіз. Мен əлгі, анау... не деуші еді өздерін... банкирлер...
солардан үйренгемін, тамаша суреттері бар. Көрсеткен бізге.
— Немене, Шюцбургтердікінде болып па едіңіз? — деді самаурын
қасындағы қожайын əйел.
— Болғамыз, ma сһеrе. Күйеуім екеумізді тамаққа шақырып, сол
тамақтың тұздығы мың сом болды деген маған, — деді Мягкая княгиня,
сөзін жұрт тыңдап отырғанын сезген соң, жарқын-жарқын сөйлеп. —
Онысы бір оңбаған, шикі тұздық екен өзі. Соларды шақыру керек болған
соң, тұздықты мен сексен бес тыйынға жасап едім, жұрт біткен риза болды
тіпті. Мың сомдық тұздық деген қолымнан келмейді менің.
— Оны жасайтын жалғыз сол! — деді қожайын əйел.
— Керемет! — деді енді біреуі.
Мягкая княгиня сөзінің əсері қашан болсын біркелкі шығатын да,
əсерінің сыры, жаңағыдай өзі онша орынды сөйлей қоймағанмен, жай
нəрсені мəнді етіп айтуында жататын. Өзі жүрген қоғамда мұндай сөздері,
жалпы алғанда, нағыз өткір қалжыңша əсер ететін. Мягкая княгиня сол
сөзінің неге олай əсер ететін мəнісін түсінбегенмен, əйтеуір сол əсерін
біліп, соны пайдалана беретін.
Мягкая княгиня сөйлеп отырған кезде, жұрт біткен соны тыңдап, елші
əйелі қасындағы əңгіме тоқырап қалған соң, қожайын əйел қоғамды бір
жерге түгел тоғыстырғысы келді де, елші əйеліне тіл қатты:
— Шайға зауқыңыз жоғы анық қой? Біздің жаққа шықсаңыз деймін
онда.
— Жоқ, осы жердің өзі жақсы бізге, — деп елші əйелі күле жауап берді
де, бастаған əңгімесін жалғап əкетті.
Əңгімелері өте бір сүйкімді əңгіме болатын. Ер-əйелді Карениндерді
сөгіп отырған.
— Анна өзі Москваға барамын деп қатты өзгеріп кетіпті. Өзінде бір
оғаш нəрсе бар сықылды, — деді Аннаның білісі.
— Өзгерісінің үлкені, Алексей Вронскийдің
келгендігінде ғой оның, — деді елші əйелі.
елесін
қоса
ала
— Оның несі бар дейсіз? Елесі жоқ адам, елестен құр адам деген
мысалы бар Гриммнің. Сол өзі əрі соған деген əлдененің жазасы да ғой
деймін. Соның не жаза екенін де өмір бойы түсінбей келем өзім. Бірақ
əйелге елессіз жүру деген жайсыз нəрсе болуға тиіс.
— Рас қой, бірақ елеспен жүрген əйелдің ақыры əдетте жаманға апарып
соғады, — деді Аннаның, білісі.
— Тіліңізге шоқ түссін, — деді Мягкая княгиня қапелімде, сол сөзді
естіген соң. — Каренина деген — əйел жосақты əйел. Күйеуін
жақтырмасам да, өзін өте жақсы көремін.
— Күйеуін неге жақтырмайсыз? Өзі бір сонша тамаша адам ол кісі, —
деді елші əйелі. — Ондай мемлекет адамы Европада азғантай-ақ дейді
күйеуім.
— Менің күйеуім де соны айтады, бірақ сенбеймін өзім, — деді Мягкая
княгиня.— Күйеулеріміз айтпаған болса, барын барша көрген де болар едік,
Алексей Александрович деген, меніңше, əшейін бір ақмақ адам өзі. Оны
мен сыбырлап айтам құр... Түгел айдан ашық істеліп жатқаны, рас емес пе?
Бұрын соны ақылды кісі дегенде, іздеп-іздеп, сол ақылын таппаған соң,
өзімді ақмақ екем деуші едім; содан өзін ақмақ деп сыбырлай айтуым-ақ
мұң екен, бəрі де аян бола кетті тіпті, рас емес пе осың?
— Бүгін өзіңіз ашулы екенсіз!
— Ашулы түгім де жоқ. Өзге жолым болмай отыр. Екеуміздің біріміз
ақмақ екеніміз —ақмақпыз. Бірақ өзіңіз білесіз, өзің жөнінде өмірі айтуға
болмайды оны.
— Дəулетке мəз ешкім жоқ, ақылына мəз əркім, — деді тілмар француз
елеңін айтып.
— Міне, міне тап сол, — деді Мягкая княгиня, тілмарға апыл-ғұпыл
бұрылып. — Бірақ Аннаны қыймаймын сіздерге, əңгіме сол. Өзі бір сонша
сүйкімді, аяулы кісі. Жұрт ғашық боп, көлеңкедей ілесіп қалмай жүрсе, не
істемекші екен ол?
— Менің де сөгейін деген ойым жоқ, — деді Аннаның білісі ақтала
сөйлеп.
— Өзімізге көлеңкеше ілескен ешкім жоқ болса, ол біздің сөге беруге
хақымыз бар деген сез емес.
Мягкая княгиня Аннаның білісін келістіре мұқатып тастады да,
түрегеліп, елші əйеліне ілесе, Пруссия королы жайында жалпы əңгіме боп
жатқан столға барып қосылды.
— О жерде не мысқыл айттыңыздар? — деп сұрады Бетси.
— Карениндер жайы. Княгиня Алексей Александровичке мінездеме
беріп шықты, — деді елші əйелі, күлімдеген күйі, стол қасына отыра беріп.
— Естімегеніміз жарамаған екен, — деді қожайын əйел, кірер есікке
қадала қарап. — Ə, ақыры сіз де келген екенсіз ғой! — деді, кіріп келе
жатқан Вронскийге күлімдей сөйлеп.
Вронский осында кездескен жұртты түгел танумен бірге, күн сайын
бəрін көріп жүргендіктен, бөлмеде бірге отырған адамдар қасынан қазір
ғана кетіп, қайта оралған кісідей, жай шүйіркелесе кірді.
— Қайдан дейсіз бе? — деді елші əйелінің сұрауына жауап бере сөйлеп.
— Лаж нешік, мойындайын. Буффтен келдім. Жүз көрген шығармын
деймін, бірақ ылғый жаңа көргендей боламын. Тамаша! Ұят екенін де білем
өзім; бірақ операда ұйқтап қалам да, Буффте ақырғы минутына дейін міз
бақпаймын, көңілді де əрі. Бүгін...
Француз актрисасын атап, сол жөнде бірдеңелер айтуға оқталып еді,
елші əйелі бірақ түршіге қалжыңдап, сөзін бөліп жіберді.
— Ол сұмдықты айтпай-ақ қойыңыз, жарқыным.
—Жарайды, ол сұмдықты жұрт біткен менсіз де білетіндіктен, айтпайақ қояйын.
— Ол бір, опера сықылды. жағымды болса, жұрт біткен сонда барар еді
ғой, — деп Мягкая княгиня да іліп əкетті.
VII
Кірер есіктен аяқ дыбысы шалынған соң, Бетси княгиня Каренина
екенін біліп, Вронскийге қарады. Есікке қараған Вронский жүзіне бір жаңа,
оғаш əлпет орала кетті. Кіріп келе жатқан əйелге əрі қуана , əрі қадала,
жүрексіне қараған күйі, жайлап түрегеле берді. Қонақ үйге Анна кеп кірді.
Қашанғы əдетінше бойын тіп-тік ұстап, қауымдағы өзге əйелдер жүрістұрысынан өзгеше бір нығыз, лыпылдай басқан жеңіл жүріспен, көз
қыйығын аудармай, қожайын əйелге дейінгі бірнеше қадам жерді басып
кеп, қолын күлімсірей қысты да, сол күлімдеген күйі Вронскийге қарады.
Вронский майыса иіліп, орындық та ыңғайлай берді.
Анна тек басын изеді де, қызарып кетіп, қабағын шыта қойды. Бірақ
іле-шала таныстарына басын лыпылдай изеп, ұсынған қолдарды қыса,
қожайын əйелге бұрылды.
— Лидия графинянікінде болып едім, ертерек келермін десем, отырып
қалыппын. Джон мырза болды үйінде. Келісті адам екен бір.
— Ə, əлгі миссионер ғой, анау?
— Я. Үнді тұрмысы жайында өте қызық əңгімелер айтты.
Анна келумен үзілген əңгіме, үрлеген шам отындай тары да шалқый
бастады.
— Джон мырза ғой! Джон мырза, я! Көргемін өзін. Жақсы сөйлейді.
Васильева құлай ғашық боп қалыпты өзіне.
— Айтқандай, кіші Васильева Топовқа шығады дегені рас па екен сол?
— Рас, шығатын боп қойды десіп жүр.
— Ата-анасына таңмын өзім. Сол некенің өзін құмарлық неке екен
деседі жұрт.
— Құмарлық дейсіз бе? Пікіріңіз қыңыр пікір екен! Құмарлық дегенді
қазір кім сөз қылады сол? — деді елші əйелі.
— Істер лаж не? Сол бір ежелгі ақмақ салт қалмай-ақ келеді, əйтеуір, —
деді Вронский.
— Сол салтты ұстағандардың өзіне жаман ол. Өз басым парықты некені
ғана бақытты неке деп білемін.
— Рас қой, бірақ соның есесіне, тап сол тіштімтайлы еткен құмарлық
келгенде, парықты неке бақытының да күлі көкке ұшатын шағы бола
береді, — деді Вронский.
— Бірақ парықты неке дегенде, екеуінің желігі басылған некені айтамыз
ғой біз. Ол желік жұпар сыяқты нəрсе бір, соқпай кетпейді.
— Онда шешек сықылды махаббатты егуді де үйрену керек екен ғой.
— Жас күнімде дьячокқа ғашық болғаным бар менің, — деді Мягкая
княгиня. — Себебі тиді ме, тимеді ме соның, білмеймін.
— Жоқ, қалжың өз алдына, меніңше, махаббатты тану үшін алдымен
қателесіп алып, содан соң барып түзелу керек, — деді Бетси княгиня.
— Тіпті некеден соң да сөйту керек пе? — деді елші əйелі қалжыңдай
сөйлеп.
— Өкінудің ерте, кеші жоқ деген, — деді тілмар ағылшын мəтелін
айтып.
— Расы сол, — деп Бетси де қағып əкетті, — қателесу керек те түзелу
керек. Бұған қалай дейсіз? — деді, сол əңгімені салмақпен, сəл күлімсірей,
үнсіз тыңдап отырған Аннаға қарап.
— Меніңше, — деді Анна да, шешіп алған қолғабымен ойнай тұрып, —
меніңше...бac қанша болғанда, ақыл сонша болса, жүрек қанша болғанда,
махаббат түрлері де сонша, ғой деймін.
Вронский Аннаға қараған күйі, не дер екен деп, жүрегі лүпілдей, аңыра
қалған еді. Анна əлгі сөздерді айтқанда, қатерден құтылған кісідей,
күрсініп салды.
Анна кенет соған бұрылды.
— Москвадан хат алып едім. Кити Щербацкая қатты ауру деп жазыпты.
— Апыр-ай, ə? — деді Вронский шытынып.
Анна бетіне қатулана қарады.
— Қаперіңізге келмей отыр ма сол?
— Қатты келіп отыр, қайта. Сізге өздері не деп жазған екен, білсем
болар еді соны? — деп сұрады Вронский.
Анна түрегеліп, Бетсидің қасына барды.
— Бір шыны шай беріңізші маған, — деді, Бетси орындығының арт
жағына тоқтап.
Бетси княгиня шай құйғанша, Аннаның қасына Вронский де келді.
— Немене жазыпты сізге? — деді қайыра сұрап.
— Осы еркектердің қайырсыздық дегенді қашан болсын айта жүріп,
соны түсінбейтіндерін ойлай берем өзім, — деді Анна, Вронскийге жауап
бере қоймай. — Сізге өзім əлдеқашан-ақ айтайын деп едім, — дегенді қоса
айтты да, бірнеше қадам жүріп барып, бұрышта альбом тұрған стол қасына
отырды.
— Сөзіңіздің мағнасына онша түсіне алмай қалдым, — деді Вронский,
бір шыны шайын əпере беріп.
Анна өз қасындағы диванға қараған соң, Вронский де отыра кетті.
— Я, сізге айтайын дегенім, — деді Анна, Вронскийге қарай қоймай. —
Жаман істедіңіз, жаман, өте жаман.
— Жаман істегенімді білмейді дейсіз бе, мен? Бірақ солай басуыма
себеп болған кім еді десеңізші?
— Оны неге айтасыз маған? — деді Анна, Вронскийге қатулана қарап.
— Неге екенін өзіңіз білесіз, — деді Вронский, Аннаның көзіне көзі
түсе, содан айрылмай, қуана, батыл жауап беріп.
Ол қысылмай, Анна қысылды бірақ.
— Оныңыз тек, сізде жүрек жоғын көрсетеді, — деді Анна. Бірақ көз
жанары: жүрек барын білемін сізде, сол үшін де қорқамын сізден деп тұр
екен.
— Қазіргі айтқаныңыз ғашықтық емес, қате нəрсе болатын.
— Осы сөзді айтпаңыз деп тыйғаным есіңізде ғой, оңбаған сөз бір, —
деді Анна селік етіп; бірақ тыйғамын деген жалғыз ауыз сөзбен-ақ,
Вронскийге өзінің белгілі десі барын мойындап, сол арқылы оның да
ғашықтық жайын айтуына дем бергенін іле-шала сезе кетті. — Сізге осыны
əлдеқашан-ақ айтайын деп едім, — деді сөзін сабақтап, Вронскийдің көзіне
батыл қараған күйі, беті ду ете албырай қызарып, — бүгін болса, өзіңізге
кездесетінімді біліп, əдейі келдім. Тындым болуы керек дегенді айтқалы
келдім сізге; өмірі ешкім алдында қызарып көрген жан емес едім, сіз бірақ
өзімді өзім əлденеге айыпты сезетін етіп жібердіңіз мені.
Вронский Аннаға қарай отырып, жүзіндегі рухани жаңа көркіне таңтамаша болды.
— Не қалап отырсыз менен? — деді Вронский жайымен, шындай
сөйлеп.
— Қалағаным, Москваға барып, Китиден кешірім сұраңыз, — деді ол.
— Қалағаныңыз ол емес сіздің, — деді Вронский.
Анна қалағанын айтпай, өзін өзі зорлағанын айтып отырғанын
Вронский аңғарып тұр.
— Мені, өзіңіз айтқандай, жақсы көрсеңіз, — деді Анна, сыбырлай
сөйлеп, — тыныштық табайын, сол айтқанымды істеңіз.
Вронский жүзі жайнап қоя берді.
— Бар өмірім бір өзіңіз екенін білмейсіз бе сіз; бірақ тыныштық дегенді
өзім де білмеймін, сізге де берер жайым жоқ. Тұрған бойым, махаббатым
түгел... сол. Өзім мен сізді бөлек ойлар дəрменім жоқ менің. Өзім мен сіз
өзім үшін біреу-ақ. Өзіме де, сізге де алдымызда тыныштық болар орайын
жəне таппай отырмын. Көрерім құр қапалық пен бақытсыздық орайы... Не
болмаса, бақыттылық орайын көрсем, не еткен бақыт десеңізші ол!.. Орайы
жоқ дейсіз бе, оның? — деді ерні ғана қыбыр етіп; Анна бірақ естіп қалды.
Көңліндегісін айтқалы о да ақыл қуатын түгел жұмсады; бірақ оны айту
орнына, махаббат толы жанарын Вронскийге салған күйі, ештеңе деген
жоқ.
«Осы екен ғой! — деді Вронский сүйсіне ойланып. — Күдер үзе
күйзеліп, дəйегі жоқ көргенім — осы екен ғой! Сүйеді екен ғой мені.
Мойындап отырғаны сол мұның».
— Солай етіңіз де, мен десеңіз, өмірі маған ол сөздерді айтпаңыз, тату
дос боп жүрейік, — деді сөзбен, көз жанары бірақ мүлде өзге нəрсе айтып
тұр.
— Дос болмаймыз екеуміз, өзіңіз де білесіз оны. Жұрт біткеннен не
асқан бақытты, не асқан бақытсыз жан болу-болмауымыз, — өз билігіңізде
тұр.
Анна бірдеңе дейін деп еді, Вронский бөліп кетті.
— Менің сұрарым-ақ, қазіргідей үміт қып, қазіргідей қыйналуға ерік
беріңіз деп, соны ғана сұраймын; ол болмаса, жоғалыңыз деңіз бір, жоғалам
да кетемін. Отыруым өзіңізге ауыр тисе, қайтып мені көрмейсіз.
— Ешқайда қуар жайым жоқ сізді.
— Ешнəрсе өзгертпеңіз тек. Бəрін сол күйінде қойыңыз, — деді
Вронский, даусы дірілдеп. — Əне, күйеуіңіз де келді.
Шынында, осы сəтте қонақ үйге жөңкеріле, жайбарақат басып, Алексей
Александрович те кеп кірді.
Əйелі мен Вронскийді шола қарап, қожайын əйелдің қасына келе, шайға
отырды да, үйреншікті қалжыңбас əлпетіне баса, қашанда естіле кететін,
байсалды даусына сала, əлдекімді қағыта сөйледі.
— Рамбульеңіз түгел екен, — деді, жұртты тегіс шолып шығып, —
сəулет пен саз ғой бір.
Бірақ осындай сөз тəркін sneering 34 деп атайтын Бетси княгиня,
онысына шыдай алмай, ақылды əйел болған соң, əңгіме бетін жалпы əскери
міндет жайындағы келелі сөзге кілт бұрып жіберді. Алексей
Александрович те əңгімеге дереу үйіріле кетіп, Бетси княгиня тиісіп
отырған жаңа указды ден қоя арашалай бастады.
Кішкене стол қасында отырған Вронский мен Анна екеуі сол күйі отыра
берді.
— Ерсі боп барады мынасы, — деді бір əйел, Каренина мен күйеуі,
Вронский үшеуін көз қыйығымен нұсқай, сыбыр етіп.
— Мен не айтып ем өзіңізге? — деді Аннаның білісі.
Бірақ, жалпы үйірмеден оқшау шығып кеткен екеуі, ол əйелдер түгіл,
өзгелерінің де мазаларын алғандай, қонақ үйдегі жұрт түгелімен, тіпті
Мягкая княгиня мен Бетсидің өзі де солар жаққа дүркін-дүркін жалтақтай
қарасты. Ол жаққа бірде-бір қарамай, басталған əңгіменің қызығынан бас
алмаған жалғыз Алексей Александрович қана болды.
Жұрттың азарда-безер боп отырғанын көрген соң, Бетси княгиня
Алексей Александрович əңгімесін тыңдай тұруға өзге біреуді қоя салып,
Аннаның қасына барды.
— Күйеуіңіздің əрі айқын, əрі дəл айтатынына қашан болсын қайран
қалам өзім, — деді Бетси. — Сол кісі сөйлегенде, ой шалмайтын ұғымның
өзі де оңай боп кетеді маған.
— Əлбетте! — деді Анна, бақытқа бата, жайнай күлімсіреп,Бетси
айтқан сөздің бірде-бірін түсінбей. Үлкен стол басына келіп, жалпы
əңгімеге о да қатнаса бастады.
Алексей Александрович жарты сағат отырған соң, əйеліне келіп, үйге
бірге қайталық дегенді айтты; Анна бірақ күйеуіне қарай қоймай, кешкі
асқа қаламын деп жауап берді. Алексей Александрович бас ие қоштасып,
шығып кетті.
Каренинаның жылтырақ жарғақ киген жуан, карт, татар көшірі суыққа
тоңа шыйыршық атқан, сол жақтағы көк атты есік алдында əрең, ұстап тұр
екен. Малай күйме есігін ашып тұр. Сыртқы есікті ұстап швейцар тұр екен.
Анна Аркадьевна ішігінің ілгегіне шалынған шілтерін кіп-кішкене
қолымен лыпылдай жазып, өзін аттандырып жүрген Вронскийдің сөзін
еңкейе тұрып тыңдады.
— Ештеңе айтпадыңыз сіз; тіпті мен де қалағам жоқ делік, — деді
Вронский. — Маған бірақ достық керек емесін өзіңіз де білесіз, өмірімдегі
жалғыз бақытым, өзіңіз сол азарда-безер болатын сөз болуы да ықтимал...
махаббат, я...
— Махаббат... — деді о да, өзектен шыққан үнімен баяу қайталап,
сөйтті де, шілтерін жазып ала бере, жалма-жан: — Ол сөзді мен, өзіме
деген мағнасы өзіңіз ойлағаннан əлдеқайда артық болған соң да сүймеймін,
— деп қосып жіберді де, бетіне жалт қарады. — Қош болыңыз!
Анна Вронскийге қолын берген соң, швейцар қасынан елпілдеген
шапшаң жүріспен өте шығып, күймесіне барып зып берді.
Көз қарасы мен қолының жұғысуы Вронскийді шарпып жіберді.
Алақанының Анна жанасқан жерін сүйіп алды да, көңілдегі мақсұтқа соңғы
екі айдағыдан осы кештің өзінде көбірек жақындадым деген оймен, үйіне
қарай мəз бола аттанды.
VIII
Алексей Александрович əйелінің Вронскиймен дербес стол басында
əлдене жайын ентелей əңгіме етіп отыруында оғаш, ерсі ештеңе де жоқ деп
қарады; бірақ солары қонақ үйде отырған өзге жұртқа оғаш, ерсі көрінгенін
аңғарған соң, өзіне де ерсі көрініп кетті. Соны əйеліме айтайыншы деген
ойға келді.
Алексей Александрович үйіне оралған соң, қашанғы əдетінше,
кабинетіне барып, орындыққа отырды да, папизм жайындағы кітабының,
қағаз кесетін пышақ сап қойған жерін ашып, əдетінше сағат бірге дейін
оқыды; əлденені серпейінші деген кісідей, кен, маңдайын құр оқта-текте
сүртіп қойып, басын шайқай түсіп отыр. Дағдылы сағаты жеткен соң
түрегеліп, жатар алдында жуынып-шайынып та келді. Анна Аркадьевна əлі
де жоқ екен. Қолтығына кітабын қыса жоғары шықты; бірақ бүгінгі кешкі
ойы қызмет жайындағы үйреншікті жорамал, пікірлер орнына, əйелі мен
сол кездескен қайдағы бір жайсыз пікірлерге толып алды. Төсекке жата
қалатын əдетіне баспай, қолын артына ұстаған күйі, бөлмеде ары-бері жүре
бастады. Жаңа кезіккен жайды бажайылау кepeк деген оймен, жата алған
жоқ.
Алексей Александрович əйелімен сөйлесу керек деп шешкенде, өзіне ол
оңай да, жеңіл де көрінген болатын; бірақ сол жаңа кезіккен жайды қазір
қайта ойластырған шақта, өзіне бір өте шытырман қыйын нəрсе боп та
көрінді.
Алексей Александрович қызғаншақ кісі емес еді. Өз нанымынша,
қызғаншақтық деген əйеліңді қорлайтындықтан, əйеліңе сенімің болуы
керек деп білетін. Бірақ сол сенімің, болу мəнісі не, жас əйелің ылғый
өзіңді сүйеді дегенге неге сеніп кетуге тиіссің дегенді өз басынан сұрап
көрген жан емес-ті; бірақ өзі сенбеу дегенді білмегендіктен, сене беретін
де, сенімін, болу керек дегенді айта да беретін өзіне. Ал, қазір болса,
қызғаншақтық ұятқа қалдырады, сенімін, болуы керек деген нанымы
айнымағанмен де, қайдағы бір мəні жоқ, қыйсынсыз нəрсеге бетпе-бет
келгенін сезіп, не істерін білмеді. Алексей Александрович өмірге бетпе-бет
келіп, əйелім өзімнен өзге біреуді сүюі мүмкін-ау деген ойға келгенде, сол
өзі түк мəні жоқ, түсініксіз нəрсе боп та керінді, өйткені өмір дегеннің өзі
сол болатын. Алексей Александрович өмір бойы қызмет ауқымында болып,
сонда істеп, өмірдің, елес жағын ғана көріп келген. Содан ол, өмірдің өзіне
кезіккен сайын-ақ, тайқап шыға беретін. Қазір өзі құзар үстіндегі көпірмен
жүріп келіп, сол көпірі бұзып алынған көпір боп, төменде толқын тулап
жатқанын қалт көре кеткен кісінің сезіміндей бір сезімге келді. Ол толқын
— өмірдің өзі екен. де, көпірі — Алексей Александрович сүрген сол бір
жасанды өмір екен. Əйелім өзге біреуді сүюі мүмкін-ау деген сұрау ойына
алғаш келгенде, шошып та кетті өзі.
Жалғыз шамдал жағылған ас үйдің сыңғыраған паркетін баса, жуырда
жасалып, диван тұсына ілінген өзінің үлкен суретіне ғана жарық түскен
қоңырқай қонақ үйдің кілемін кезе, əйелінің кабинетін аралай, сол
шешінбеген күйі, ары-бері, бап аяңмен қыдырып жүр, əйелінің кабинетінде
жанған қос шырақ, туысқандары мен білістері суреттерің соның
столындағы, өзі көптен қанық білетін, əдемі əшекей-үшекейлерін жарық
қып тұр. Əйелінің бөлмесі арқылы жатын үйдің есігіне дейін барып, қайта
оралып жүр.
Сол серуеннің əрқайсысында-ақ, көбінесе жап-жарық ас үйдің паркетін
басқан кезде, кідіре қалып, өзіне өзі: «Рас, мұның өзін шешерін шешіп,
тыйым салып, бұл жөндегі көзқарасың мен байлауыңды айтуың қажет», —
деп қояды. Сөйтеді де, кейін қарай оралады. «Айтқанда не айтасың, бірақ?
Байлауың не болмақ?» — деді қонақ үйде ішінен, жауабын таппады.
«Айтты-айтпады, не болды екен өзі? — деді ішінен, кабинетке бұрылар
жерде. — Ештеңе де жоқ. Сонымен өзі көп сөйлесті-ау. Қайтер дейсің?
Қауымдағы əйелдің өзге біреумен сөйлесуінде не тұр дейсің, сол? Оның
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 12
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.