Latin Common Turkic

Анна Каренина - 05

Total number of words is 4021
Total number of unique words is 1952
36.6 of words are in the 2000 most common words
51.5 of words are in the 5000 most common words
58.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
құбылыстың ашылуы ғана болатын да қайдан шығып, не істейтіні белгісіз
болатын, соны қолдану жағын тапқанша ғасырлар өтіп кеткен. Спириттер
болса, қайта, айналғыш столдарымыз жазып отырады да, аруақтар келіп
тұрады дегеннен бастап, содан соң, соның өзін бір белгісіз күш дегенді
шығарған болатын.
Вронский өзі Левин сөзіне қызыққан да болуы керек, қашанғы
əдетінше, ден қоя тыңдады соны.
— Солай ғой, бірақ спириттер: қазір сол күштің не екенін білмейміз де,
барын бар дейміз дегенді айтады, ол күштің сүйенген жағдайы сол жағдай
əне. Ол күштің не күш екенін ғалымдар ашуы керек. Өз басым, сол жаңа
күштердің болмайтын мəнісі жоқ қой деп ойлаймын, ол өзі...
— Болмайтын мəнісі мынау оның, — деп Левин киіп əкетті, —
электрды алсаңыз, шайырды жүнге ысқан сайын, əрдайым бір жаңа
құбылыс шыға береді де, мұнда əрдайым шыға бермейді ол, демек, бұл —
табиғи құбылыс емес деген сөз.
Вронский əңгіменің қонақтар үшін тым қатаң сарынға түсіп бара
жатқанын сезді білем, қарсылық еткенді қойды да, əңгіме аңғарын
өзгерткелі, масайрай күліп, əйелдерге бұрылды.
— Кəне, графиня, байқап көрейік қазір, — дей бастап еді, Левин де
ойындағысын айтып бітірейін деген жаққа шықты.
— Мен өзім, — деді ол, ойын сабақтап, — спириттердің сол өз
кереметтерін қайдағы бір жаңа күш демек болған ниеттерін нағыз сəтсіз
ниет қой деп ойлаймын. Рух күші дегенді баттыйта айтып отырып,
материалдық тəжрибеден өткізбек болады соны өздері.
Жұрт біткен қашан аяқтар екен деп күтіп отыр еді, Левин де сезе қойды
оларын.
— Мен болсам, өзіңіз бір асқан медиюмсіз 11 ғой деймін, — деді
Нордстон графиня, — біртүрлі, серпін бар екен өзіңізде.
Левин бірдеңе дегелі аузын аша берді де, қызарып кетіп қоя қойды.
— Кəне, княжна, келіңіз, столдарды сынайық қазір, — деді Вронский.
— Рұқсат етесіз ғой, княгиня?
Сөйтті де кішкене столды көзімен қыдыра іздей түрегелді Вронский.
Кити де стол қасынан түрегеп, Левин жанынан өте бере көзіне көзі
түсіп кетті. Левинге жаны да қатты ашып кетті өзінің, ашығанда, соның
бақытсыздығына себеп болған өзі болған соң ашыды. «Кешірім етер жөн
болса, кешіріңіз мені, — деп тұр көзі, — бақытқа қарқ боп тұрмын өзім».
«Бəрінен де бездім, өзіңізден де, өзімнен де бездім», — деді Левиннің
көзі, сөйтіп қалпағын алуға да ыңғайланды. Бірақ кетуіне тағдыр жоқ екен
оның. Жұрт стол қасына жайласуға ыңғайланып, Левин кетейін дей берген
кезде, қарт князь кіріп келіп, əйелдерге амандасты да, Левинге бұрылды.
— Ə! — деді қуана сөйлеп. — Қашан кеп қалдың? Мұнда екеніңді
білген де жоқ едім сенің. Келгенің жақсы болған екен.
Қарт князь Левинді біресе сен, біресе сіз деп сөйлейтін. Левинді
құшақтап, сөйлескен күйі, Вронскийді байқамай да қалды өзі, ол болса,
түрегеліп, князьдың қайырылуын тып-тыныш күтіп тұрған.
Кити бағанағы əңгімеден соң, əкесінің сыйласындылығы Левинге ауыр
кеп жатқанын да сезіп тұр. Əкесі, Вронскийдің сəлеміне барып-барып,
сұлық тіл қатып, Вронский о кісінің жақтырмағандай не жайы барын
түсінбей, неге өйткенін аңлайыншы дегендей, əкесіне аң-таң боп, жылы
ұшырай қарағанын көргенде, қызарып та кетті өзі.
— Константин Дмитричті бері жіберіңізші, князь, — деді Нордстон
графиня. — Тəжрибе жасалық деп отырмыз.
— Не қылған тəжрибе? Стол айналдыру ма? Жоқ, бикелер мен
мырзалар, ғафу етіңіздер, одан гөрі сақыйна салмақ ойнаған қызығырақ
болар дейім, меніңше, — деді қарт князь, Вронскнйге қараған күйі, ойынды
шығарып отырған сол екенін аңғарып. — Сақыйна салмақ ойнаса, бір сəрі
ол.
Вронский қарт князьға байсалды көзбен таңырқай қарай, сол күлімсіреп
қойды да, келесі жетіде болатын үлкен бал жайында Нордстон графинямен
сөйлесе кетті.
— Сіз де баратын шығарсыз? — деді Китиге қарап.
Қарт князь бұрылысымен, Левин де лып шыға жөнелді де, осы кештен
ала шыққан ақырғы елесі Вронскийдің бал жайындағы сұрауына жауап
қатқан Китидің бақытқа шома күлімсіреген бет пішіні болды.
ХV
Кити Левинмен сөйлескен жайын шешесіне сауық-кеші аяқталған соң
барып айтты, Левинге жаны қатты ашый тұрса да, өзіне ұсыныс жасалды
деген ой қуандырып та тастапты өзін. Орынды істегендігіне шəгі де жоқ
екен өзінің. Бірақ төсекке жатқан соң көпке дейін ұйқтай алмай да қойды.
Көз алдынан бір елес кетпей тұрып алды. Ол елес, əкесін тыңдай, өзі мен
Вронский екеуіне қарай түсіп тұрған Левиннің қасы түксие, мейрімді көзі
тұнжырап-мұңая қараған бет пішіні еді. Соны қатты аяғандықтан, Китидің
көзіне жасы да іркіліп қоя берді. Бірақ соның өзін кімге қыйып едім деген
ойға да келе кетті. Осы арада, ерге біткен сонау бір қажырлы пішінді, сонау
ізгі байсалдылықты, бар тұлғасынан жұрт біткенге леп беріп тұрған сонау
мейрімділікті қоса елестетіп шықты; сүйген адамының өзіне деген
махаббатын ойлағанда, жаны тағы да жадырай қуанып, жастыққа мəз бола
күлімсірей барып жатты. «Аяуын аяйсың ғой, бірақ не істерсің? «Жазығым
жоқ менің», — деді ішінен; бірақ ішкі бір үн басқа нəрсе айтып тұр өзіне.
Онысы Левинді əуре еткеніне өкінген өкініші ме, əлде көнбей кеткені ме,
— не екенін біле алған жоқ. Бірақ бақытына күдік киліккені күмансыз еді.
«Тəңірім-ау, есіркей гөр, есіркей гөр, тəңрім, есіркей гөр!» — дей берді
өзіне өзі, ұйқтағанша.
Осы кезде князьдің төменгі үйдегі кішкене кабинетінде сүйікті қызы
жайында ата-ана арасында жиі кездесетін айқай-сүреңнің бірі болып
жатқан-ды.
— Немене дейсіз бе? Неменесі сол! — деді князь, шаңқылдап, ішігінің
етегін бір серпіп, бір қымтанып. — Намыс, қасиет дегеннен түк те жоқ
сізде, сол қызды осы сорақы, шірік құдалықпен-ақ масқаралап, құртқалы
отырсыз!
— Ойпыр-ай, тəңірге жазған басым-ау, не істедім, князь? — деді
княгиня, жылап жібере жаздап.
Өзі қызымен сөйлескен соң, жаны жай таба мəз болып, əдетінше
князьбен қоштасқалы келген болатын, əрі Левиннің ұсыныс жасап, Китидің
көнбеген жайын айта қояйын демегенмен, Вронскиймен арадағы əңгіме бір
жайлы болуға əбден айналған сықылды, шешесі келісімен-ақ шешілгелі тұр
деген емеурін білдірген күйеуіне. Міне, осы араға, осы сөзге келгенде,
князь да аяқ астынан шарт кетіп, жағымсыз сөздерді жаудырып қоя берген.
— Не істедік дейсіз бе? Істегеніңіз мынау ендеше: біріншіден,
қызықтырып күйеу шақырып отырсыз да, күллі Москва əңгіме еткелі отыр,
орынды да онысы. Сауық-кеш жасайды екенсіз, қалаулы күйеу-сүйеуді
қойыңыз да, жұртты түгел шақырыңыз онда. Бүгінгідей күйеу-сүйеуді
көздестіргенді қойыңыз да, сыңқылдақ біткенді (князь Москва жігіттерін
солай атайтын) түгел шақырып, би билесін, тапер 12 алдырыңыз. Көруге
жаным түршігетін нəрсені істегенсіз де, қыздың басын айналдырып
жібергенсіз. Левин мың есе артық адам. Ал, анау Петербург сылқымы
болса, машинамен жасалады олар, бір қалыпқа соққан ылғый сілікпе түгел.
Оның, тіпті король тұқымы болса да, қызым ешкімге ділгер боп тұрған жоқ
менің!
— Ойпыр-ау, не істеппін мен?
— Істегенің... — деп князь ақыра қоя берді.
— Білемін, сенің сөзіңді тыңдасақ, — деп княгиня да кес-кестей кетті,
— бұл қызды біз күйеуге ешуақытта да бермейміз. Олай болатын болса,
деревняға кетуі керек.
— Кетсе кеткенінің өзі жақсы.
— Жə, сабыр ет. Мен барып жағынып жүр ғой дейсің бе? Жағынар
түгім жоқ менің. Өзі жас, өте жақсы адам сүйген соң, тəрізі Кити де...
— Əрине, тəрізді болса, сізге тəрізді ол! Үйлену жағын ойлауға
келгенде, менен аспай отырған адамды, шынында қалай сүйе қоймақ екен
қыз? Түу, көзіме көрінбесе екен сол!.. «Уа, шіркін, спиритизм, шіркін,
Ницца, шіркін, бал...» — деп князь содан əрі əйелін мазақ етем деп сөз
сайын тəжім ете бастады. — Əне, Катеньканы солай өзіміз бақытсыз етіп,
басын шынында өзіміз қатырғалы отырмыз...
— Апыр-ау, оны қайдан ойлап шығарып отырсың өзің?
— Ойлап отырғам жоқ, біліп отырмын; қатын емеспіз, оған көзіміз бар
кісі біздің. Көңлі шын құлап келген кісіні де көріп отырмын, ол анау Левин;
көңіл көтеруден өзге ойы жоқ, анау шыймайшыл — бөденені де көріп
отырмын.
— Қой, өз басың қатайын деген екен сенің...
— Дашенька сықылды, кеш қалғаныңда есіңе бір-ақ түсер əлі.
— Жə, жарайды, жақсы, айтпай-ақ қоялық, — деп княгиня, бақытсыз
Доллиді ойлай, князьды тоқтата берді.
— Қойғаның абзал, қош бол!
Ер-əйелді екеуі бірін-бірі шоқындырып, сүйісіп болған соң, үйді-үйіне
өзді-өз пікірімізде қалдық деген оймен тарасты.
Княгиня бүгінгі сауық-кеш Кити тағдырын шешуін шешіп болды,
Вронский дітінің мықтылығында күман болар жай қалған жоқ деп қатты
сенген еді басында; бірақ күйеуінің сөзі ойын ұйқы-тұйқы қылды.
Бөлмесіне келген соң да; келешектің не боларына көзі жетпей
шошығандықтан, Кити сықылды: «Тəңрім-ау, есіркей гөр, есіркей гөр,
тəңрім, есіркей гөр!» деп ішінен бірнеше қайтара айтып шықты.
XVI
Вронский семья тұрмысы дегенді өмірі білмейтін. Шешесі жас шағында
қауым арасында ересен əйел боп, күйеуге шығар кезінде де, шыққан соң да,
күллі қауымға аян көп хикаялы кісі болатын. Вронский паж корпусында
тəрбиеленген де, əкесін шала білетін.
Мектептен езі жастайынан-ақ тамаша офицер боп шығып,
Петербургтегі əскери бай қызметкерлер санатына бір дегеннен-ақ іліне
кеткен. Петербург қауымына өзі оқта-текте бара жүрсе де, ашналық
жанының, бəрі қауымнан сырт жерде болатын.
Петербургтің сəн-сəулетті, содыр тұрмысынан шыққандықтан,
қауымның сүйкімді, кіршіксіз қызымен жақындасу райысын тұңғыш рет
Москвада келіп білген ол. Китиге деген ілтипатында бір жаман нəрсе
болады деген ойына да кіріп шықпайтын. Бал сайын Китимен билейтін;
үйлеріне де келіп тұратын. Онымен сөйлескенде, əдетте, қауымда
ашылатын нешеалуан қысыр əңгімелерді айтып, айтқанда да, Кити үшін
ерекше мəні бар нəрсе етіп айтатын онысын. Китиге өзі жұрт көзінше
айтуға жарамайтын, селкеу ештеңе айта қоймаса да, барған сайын өзіне
бағынышты тартып бара жатқанын сезіп, соны көбірек сезген сайын да
жағымды тиіп, Китиге деген базнасы да арта түскен-ді. Кити жөніндегі
əрекетінің белгілі аты барын да білмейтін, білмегенде, онысы, үйленер діті
болмай тұрып, бойжеткен қызды босқа əурелеу екенін, ол əурелеу, өзі
сықылды ересен, жас жігіттер арасында əдет алған жаман қылық екенін
білмейтін. Осы сейілді алғаш ашқан өзі боп көрінгендіктен, сонысына
рақаттанып та жүретін.
Сол күні кешке Китидің ата-анасы не дегендерін естіп, өзі де сол
семьяның тұрғысында тұрып, Китиге үйленбеген күнде, оның
бақытсыздыққа душар болатынын біле алған болса, қатты таңырқап,
сенбеген де болар еді. Өз басына осындай жақсы, мол лəззəт беріп жүрген
нəрсе өзіне, əсіресе, Китиге жаман болады дегенге сенбес те еді. Үйленуі
керек дегенге тіпті одан бетер сенбеген болар еді ол.
Үйлену дегенді өмірі орайы бар нəрсе деп білмейтін өзі. Семья
тұрмысын сүймеуі былай тұрсын, өзі араласып жүрген бойдақтар
ауқымының ортақ көзқарасынша, семья дегенді, əсіресе, күйеу болу дегенді
бір түрлі жат, жау нəрсе көріп, көбінесе тіпті күлкі нəрсе деп білетін.
Вронский өзі ата-ананың не дегендерін сезе қоймағанмен, Кити екеуі
арасындағы рухани құпыя байланыс осы кеште тіпті күшейе түскенін сол
кеште Щербацкийлердікінен шыға бере-ақ сезгендіктен, бірдеңе істеу
керек-ау деген ойға да келді. Бірақ не істеп, не қою керек екенін ойлапойлап таба алған жоқ.
«Сонысы абзал болды, — деп ойлады, Щербаикийлердікінен келе
жатып, олардікінен өзі қашанғы əдетінше, бір жағынан бүкіл кеш бойы
шылым тартпағандықтан, кіршіксіз, жасаң сезіммен, соған қоса Китидің
өзіне деген махаббатына бусанған жаңа сезіммен шыққан болатын, —
менің де, оның да ештеме демегені абзал болды, бірақ көз қарас, лебіздегі
сол бір тілсіз сырласу арқылы бір-бірімізді сонша түсіне білгендіктен,
сүйемін дегенді де қай уақыттағыдан болсын айқын айтты маған. Шіркін,
не еткен сүйкімділік, не еткен сыпайлық, əсіресе, не еткен сенімпаздық
десеңші! Өзімді де тəуір, таза сезіп келемін. Өзімде жүрек пен қыруар
жақсы нəрсе барын да қоса сезіп келем. Сонау сүйіп тұрған сүйкімді көзін
айтсаңшы! Өзі əрі: өте... дегенді айтқанда...»
«Сонымен ше? Сонымен ешнəрсесі де жоқ. Маған да, оған да жақсы».
Сөйтіп, бүгінгі кешті қай жерде аяқтау жайын ойлана бастады.
Баруға ыңғайы бар жерлерді қыялдап қарады. «Клубқа барсам қайтер
еді? Игнатовпен карта ойнап, шампан ішсем бе екен, əлде? Қой,
бармаймын. Chateau des fleurs жаққа барсам, Облонский, күлдіргі мен
cancan 13 кездесіп қалар. Қой, жалықтырып жіберді. Щербацкийлердікін
өзім осылай жақсарып кететіндіктен де жақсы көрем. Үйге тартайын».
Дюссодағы өз нөмеріне тура келіп, тамақ алдырып ішкен соң, шешініп
жастыққа бас қойысымен-ақ, қашанғы əдетінше, қатты, жайлы ұйқыға кіріп
те кетті.
ХVІІ
Келесі күні, ертеңгі сағат 11 де Вронский шешесін қарсы алғалы
Петербург темір жолы станциясына шықты да, үлкен баспалдақ
басқышында жолыққан бірінші адамы сол поезбен келе жатқан қарындасын
қарсы ала шыққан Облонский болды.
— Ə! Алдыярым! — деді Облонский əңгірлей сөйлеп. — Сен кімге
келдің?
— Шешеме келдім,м— деп Вронский, Облонскийге жолыққан өзге
жұрт сықылды күле тіл қатып, қолын қысты да, баспалдаққа сонымен бірге
шықты. — Сол кісі бүгін Петербургтен келетін еді.
— Сағат екіге дейін күттім сені. Щербацкийлердікінен шыққан соң,
қайда бардың өзің?
— Үйге, — деді Вронский. — Шынымды айтсам, Щербацкийлердікінен
кеше өзім сонша жақсы боп шыққан соң, ешқайда да барғым келген жоқ.
— Ұшқыр атты қайдағы бір таңбасынан таныймын, ғашық болған
жігітті көз қарасынан таныймын, — деп Степап Аркадьич, бұрын Левинге
айтқанын айтып, тақпақтай жөнелді.
Вронский одан танар жайым жоқ деген бір əлпетпен жымыя күлді де,
əңгіме бетін қалт бұрып əкетті.
— Сен өзің кімді қарсы алмақ едің? — деді ол.
— Мен бе? Мен бір əдемі əйелді қарсы алғалы тұрмын, — деді
Облонский.
— Солай де!
— Honni soit qui mal у pense! 14 Анна қарындасымды қарсы алмақпын.
— Ə, əлгі Каренина ғой? — деді Вронский.
— Сен өзің рас білуші ме едің оны?
— Білетін болуым керек. Жо-жоқ... Білмейді екем, шынында, — деді
Вронский жаңғалақтанып, Каренинаны атағанда қыямпырыс, көңілсіз
бірдеңені еміс-еміс елестетіп.
— Əйгілі күйеуім Алексей Александровичті білетін шығарсың. Жер
жүзі біледі өзін.
— Білмегенде, атағы мен бітімі жағынан білем. Ақылды, ғалым, бір
түрлі алапатты адам деп, со жағынан білем өзін... Бірақ өзіңе аян, менің...
not in my line 15 емес қой ол, — деді Вронский.
— Рас, өте бір тамаша адам өзі; аздаған консерваторлығы демесе, аяулы
адам бір, — деді Степан Аркадьич аңлата сөйлеп, — аяулы адам.
— Олай болғаны өзіне жақсы ғой оның, — деді Вронский күлімсіреп.
— Ə, осында екенсің ғой,— деді шешесінің есік алдында тұрған, ұзын
бойлы қарт малайына қарап, — бері кір.
Вронский осы соңғы кезде Степан Аркадьичтің жұрт біткенге жалпы
жағымдылығы үстіне, өз ойынша Китиге жалғасып жатқан соң да, соған өзі
іш тартайын дегенін сезген болатын.
— Олай болғанда, жексембі күні бір таңқаларлық қонақасы береміз
ғой? — деді оған, күлімсіреп қолтықтай беріп.
— Сөз жоқ береміз. Қол қойғызам жұртқа. Айтпақшы, сен өзің кеше
менің Левин достыммен танысып па едің? — деп сұрады Степан Аркадьич.
— Таныспағанда ше. Бірақ əлденеге ертерек кетіп қалды өзі.
— Аяулы жігіт бір, — деді Облонский, — Рас емес пе?
— Білмеймін, — деді Вронский, — осы Москвалық біткеннің бəрінде,
əрине, сөйлесіп келе жатқан кісімнен өзгелерінде бір, — деп қалжың
араластырып қойды, — тік мінез бар ғой деймін. Бəрі бір танытып
жібергелі тұрған кісідей, əлденеге осқырып, шатынай келеді екен, түге...
— Бəрі бар, рас оның... — деді Степан Аркадьич мəз бола күліп.
— Немене, жуықтады ма? — деді Вронский қызметшіге.
— Поезд шықты, — деді қызметші.
Поезд жақындағаны станциядағы əзірлік қыбырынан, артельшілер
жүгірісінен, жандармдар мен қызметшілердің керіне бастауынан, қарсы
алушылар келісінен барған сайын айқын көрініп тұр. Аяз қысқан бу
арасында жол иініндегі рельстен өтіп жатқан шолақ тонды, ұйық етікті
жұмысшылар көріне бастады. Арғы рельстерден паровоз ысқырығы
естіліп, ауыр бірдеңелер жылжытқаны шалынды.
— Жоқ, — деді Степан Аркадьич, Левиннің Кити жөніндегі дітін
Вронскийге айтқысы келіп кетіп. — Жоқ, Левинді дұрыс бағаламадың сен.
Өте күйгелек адам өзі, рас, дөкірлік ететіні де бар, бірақ соған орай өте
биязы болатын да кісі кейде. Соғұрлым адал, шыншыл, жүрегі аяулы адам
бір. Бірақ кеше ерекше себептері де бар еді, — деді Степан Аркадьич,
күлкісіне мəн бере, көңілдесіне деген кешегі шын тілектестігін мүлде
ұмыта, соны енді Вронскийге білдіре сөйлеп. — Рас, аса бақытты болу,
болмауының да себептері бар еді өзінің.
Вронский тоқтай қалып, төтелей сұрады:
— Немене? Кеше əлде belle soeur 16-ыңа ұсыныс жасап па екен сенің?
— Кəдік, — деді Степан Аркадьич. — Кеше өзім сондай бір аужай
барын байқап едім. Рас, əрі ерте кетіп, əрі көңлі кірбең болса, солай-ақ
болғаны оның... Əлдеқашаннан-ақ ғашық боп жүретін, қатты аяймын өзін.
— Солай де!.. Əйтсе де, таңдаулы жұбай табам деуге Китидің де шарқы
келіп тұр, меніңше, — деді Вронский, кеудесін кере, тағы да жүре бастап.
— Дегенмен, білмеймін соны, — дегенді қосып қойды. — Я, ауыр ахуал ол
өзі! Жұрттың көбі Кларалармен танысқанды тəуір көретіні де содан болып
жүр. Ол жөнде жолың болмауы құр, ақшаңның аздығын көрсетсе, бұл
жерде таразы табағына адамшылылығың тартылады келіп. Айтпақшы, əне,
поезд да кеп қалды.
Шынында, əріректе паровоз айқайы шықты. Бірнеше минуттан соң,
платформа қалтырап қоя берді де, пысылдай атқан буын аяз бұқтыра үйіріп,
орта дөңгелегінің серіппесі баппен, баяу майыса созылған паровоз келіп
өтті, тұмсалана, қырау басқан машинисті құдыя қарап барады; тэндер 17
соңынан басқан сайын баяулап, платформаны одан əрі қалтырата, ит
қыңсылаған жүк вагоны ете бастады; ақыры, тоқтар алдында ырғалыса
түсіп, жолаушы вагондары жетті.
Пысықай кондуктор, жүріс үстінде-ақ ысқырық бере қарғып түсті де,
соның ізінше, тықыршыған жолаушылар да бір-бірлеп шыға бастады:
бойын тіп-тік ұстап, шытына қараған гвардия офицері; масайрай
күлімсіреп, сумка ұстаған жылпос кепес, мешок арқалаған мұжық түсіп
жатыр.
Вронский, Облонский қасында вагондар мен содан шыққан адамдарға
қарап тұрып, шешесін тарс ұмытып кетіпті. Əлгіде Кити жайында
білгендері елегіздіріп, қуандырып жіберіпті. Көкірегі өз-өзінен жазылып,
көзі де жайнап кеткен. Мерейін үстем сезіп тұр.
— Вронская графиня осы бөлімшеде, — деді пысықай кондуктор.
Вронскийдің қасына келе беріп.
Кондуктор сөзі қалт сергітіп, шешесін де, сонымен көріскелі тұрғанын
да есіне салып жіберді оның. Шешесін өзі іштей сыйламайтын да,
араласып жүрген тобының ұғымы мен өз тəрбиесі бойынша, шешесіне
мейлінше көнімді, ізетшіл болудан өзге жол бар деп білмесе де, соны неге
сүймеймін дегенді ойламайтын, содан келіп, сырттай неғұрлым көнімді,
ізетшіл болған сайын, іштей соғұрлы аз сыйлап, аз сүйетін боп кеткен оны.
XVIII
Вронский кондукторға ілесе вагонға барған соң, шығып келе жатқан бір
əйелге жол бергелі бөлімше кіреберісіне кідіре қалды. Қауым адамының
үйреншікті тəлімінше, əйелдің сырт бітіміне қарап жіберісімен-ақ, жоғарғы
қауым адамы екенін таный кетті Вронский. Кешірім өтініп, вагонға кірейін
деп тұрды да, осыған тағы бір қарау керек-ау деген сезімге келді, —
қарайын дегенде, əйел асқан сұлу болғандықтан, келбетінде шалынған
сəулеті мен сыланған сыпайлығын керейін дегендіктен қарайын деген жоқ,
сол əйел қасынан өтіп бара жатқанда, əдемі бет пішінінде бір ерекше
жайдары, наз көрінгендіктен қарайын деді. Вронский қарағанда о да
мойнын бұрды. Қалын кірпігінен қарауыта көрінген нұрлы, көкшіл көзі
Вронскийді шырамытқандай, жылы ұшырап қадала қалды да, біреуді
іздегендей, таянған топ жаққа қалт бұрылып кетті. Вронский осы титтей
қараған қарастық өзінен-ақ іркулі бір ойнақылық барын шалып қалды, ол
өзі əйел жүзінде шалқый ойнап, жаудыраған екі көздің арасында елбіреп,
қызыл ернін қымсынта иген болар-болмас жымыңынан білініп тұр екен.
Бар бітімінде бір артық нəрсе асып төгіліп тұрғандай, өзіне де ырық
бермей, біресе жалтылдаған көзінен, біресе күлкісінен көрініп-көрініп
кетеді. Көзіндегі сəулесін қасақана сендірсе де, ырқына көнбей, боларболмас леп берген күлкісінде маздап тұр.
Вронский вагонға кеп кірді. Шашын шоғырлай түйген, қаңсыған, қара
көз қарт анасы, баласына сығырая қарап, жұқа ерні жымыя күлімсіреді.
Диваннан түрегеліп, қапшығын қасындағы күтуші əйеліне берген соң,
қатыңқы кішкентай қолын баласына ұсынды да, қолына тұқырған басын
көтеріп, баласының бетінен сүйді.
— Телеграмманы алып па едің? Саумысың? Құдай-ə, тəуба!
— Жайлы келдіңіз бе? — деді баласы қасына отыра, есік сыртындағы
əйел даусына құлағын еріксіз түріп. Өзі ол дауыстың кіреберісте кездескен
əйел даусы екенін біліп отыр.
— Дегенмен де, оныңызды қостамаймын, — деді əйел даусы.
— Петербург көзқарасы ғой, сударыня.
— Петербург көзқарасы емес, əйел көзқарасы əшейін, — деді ол.
— Рұқсат етсеңіз, қолыңызды сүйейін, кəне.
— Қош болыңыз, Иван Петрович. Əрі əлгі баурым осында болса,
байқай жүріп, көрсеңіз маған жібере салыңыз, — деп əйел есік аузында
тұрып айтты да, бөлімшеге қайта кірді.
— Немене, баурыңызды таптыңыз ба? — деді Вронская əйелге
бұрылып.
Вронский оның Каренина екенін енді келіп білді.
— Баурыңыз осында жүр, — деді ол, түрегеліп. — Ғафу етіңіз, танымай
қалыппын сізді, таныстығымыз да тым қысқа болып еді, — деді Вронский
иіліп, — білмейтін де шығарсыз мені.
— Жо-жоқ, — деді əйел, — таныған да болар едім сізді, өйткені
шешеңіз екеуміз бүкіл жол бойы тек сізді ғана əңгіме еткен сықылды едік,
— деді əйел, сыртқа шығуға ынтыққан ойнақылығына ақыры кеп, күлкісі
арқылы көрінуге жол беріп. — Дегенмен, баурым жоқ болды ғой деймін.
— Шақырсаңшы, Алеша, — деді қарт графиня.
Вронский платформаға шығып:
— Облонский! Бармысың! — деп дабыс берді.
Бірақ Каренина баурын көрген соң, күтіп отырмай, елпілдеген жеңіл
жүрісімен вагоннан шыға жөнелді. Содан, бауры қасына келісімен-ақ,
өктем, сылаң қыймылына Вронскийді қайран қалдыра, баурының
мойнынан сол қолымен шарт құшақтап, өзіне қарай тез тартып, қатты сүйіп
алды. Вронский көз алмай қарап тұрып, неге екенін өзі де білмей, күліп
жіберді. Алайда, анасы күтіп отырғаны есіне түсіп, вагонға қайта кірді.
— Сүйкімді-ақ қой, рас емес пе? — деді графиня, Каренина жайын
айтып. — Күйеуі өзін қасыма отырғызғанына қатты қуандым. Бүкіл жол
бойы сөйлесіп келдік екеуміз. Сен болсаң... vous flez le parfait amour. Tant
mieux, mon cher. tant mieux 18 — деседі жұрт.
— Неменеге мегзегеніңізді білмей отырмын, maman, — деді баласы
сұлық тіл қатып. — Кəне жүрейік, maman.
Каренина графинямен қоштасқалы вагонға қайта кірді.
— Мінеки, графиня, сіз балаңызға, мен баурыма табыстым. Айтар
нəрсемді де түгел сарқып едім; айтар ештеңе де болмағандай еді енді.
— Жо-жоқ, — деді графиня, қолынан ұстай беріп, — сізбен жүріп,
жаһанды айналсам да, жабықпаған болар едім. Сөйлессең де, үндеспесең
де жарасып тұратын жаны игі əйелдің, бірі екенсіз сіз. Балаңыздың жайын
ойламай-ақ қойыңыз; өмірі қасынан шықпаудың жайы келмес.
Каренина тапжылмай, өзін өзі өте тік ұстап, көзі күлімсіреп тұр.
— Анна Аркадьевнаның сегіз жасар ұлы бар көрінеді, — деді графиня,
баласына түсіндіріп, — өмірі өзінің қасынан шықпаған екен, соны
қалдырғанына қыйналып келеді ылғый.
— Рас, графиня екеуміз, ол кісі өз баласын, мен өз баламды айтып,
ылғый əңгімелесіп келдік, — деді де Каренинаның Вронскийге деген наз
күлкісі жүзін тағы да жайнатып қоя берді.
— Өзіңізді өте жалықтырған да болар ол, — деді Вронский өзіне Анна
атқан осы сəкекүлдік добын түсірмей, дереу қағып əкетіп. Бірақ Анна
əңгімені ол сарында сабақтай бергісі келмеді білем, қарт графиняға қарай
бұрылды.
— Көп-көп рақмет сізге. Кешегі күннің қалай өткенін де білмей қалдым.
Қош болыңыз, графиня.
— Қош, достым, — деді графиня. — Кəнеки, əдемі бетіңізден сүйіп
қалайын. Турасын айтсам, өзім əшейін, қарттығыма басып, жақсы көріп
кеттім сізді.
Бұл сөздер қаншама қанық сөздер болғанымен, Каренина шын иланып,
қуанып та қалғандай болды. Қызарып кетіп, графиня ерніне бетін сəл
еңкейе тұрып тосты да, бойын қайта жазып, ерні мен көзінің арасында
толқыған сол күлкісіне сала, қолын Вронскийге ұсынды. Ұсынған əдемі
қолды қыса бере, өз қолын да соның қатулана қатты сілке қысқанына,
ерекше бірдеңеге қуанғандай, Вронский де қуанып кетті. Едəуір етті-жеңді
толық денесін соғұрлым жеңіл алған жедел жүріспен шыға жөнелді Анна.
— Аса сүйкімді кісі, — деді кемпір.
Баласы да соны ойлап тұрған. Əйелді өзі сымбатты кескіні таса
болғанша көзімен шығарып салды да, жүзіндегі жымыңы да жым басылды.
Анна ағасына барған соң, қолын қолына қоя, сірə, Вронскийге ешбір
қатнасы жоқ əлдене жайында жыпылдап бірдеңе айта бастағанын көрді де,
соған өзі жəбірленіп те қалғандай болды.
— Жə, maman, əбден сау-сəлеметсіз бе? — деді шешесінен қайра сұрап.
— Жақсы бəрі де, өте жақсы. Alexandre тіпті сүйкімді екен. Marie де өте
жақсы боп кетіпті. Тым қызғылықты екен өзі.
Содан ол, Петербургке əдейілеп барғанда көңлін көбірек бөлген
немересінің шоқыну тойы мен үлкен ұлына патшаның ерекше марқабат
етіп отырған жайын тағы да айта бастады.
— Лаврентий де келді, əне, — деді Вронский, терезеден қарай салып, —
мақұл десеңіз, жүрейік енді.
Графиня мен бірге келген қарт малайы түгел əзір болғанын айтқалы
вагонға кірген соң, графиня да жүрейін деп түрегелді.
— Жүрейік, жұрт сиреді енді, — деді Вронский.
Қапшық пен итті қыз алды да, өзге мешоктарды малайы мен артельші
алды. Вронский шешесін қолтықтады; бірақ бұлар вагоннан шығып қалған
кезде, өңдері қашқан бірнеше адам қастарынан қапелімде жүгіре-жүгіре
өтісті. Түрі өзгеше фуражка киген станция начальнигі де жүгіріп өтті. Сірə
бір ерекше уақыйға болған тəрізді. Жұрт поездан шегіне жосып келеді.
— Не?.. Немене?.. Қайда екен?.. Астына түсіпті!.. Жаншып кетіпті!.. —
деген сөздер естіледі өтіп жатқандар арасынан.
Степан Аркадьич те қарындасын қолтықтап, өңдері қашқан күйі қайта
оралып, халықтан ығыстай, вагон аузына кеп тоқтады.
Əйелдер вагонға кірді де, Вронский мен Облонский екеуі қаза жайын
білгелі жұрт соңынан қоса кетті.
Мастықтан ба, əлде қатты аяздан қорынып тым шымқанып алғандықтан
ба, шегініп келе жатқан поезды күзетші естімей астына түсіп, жаншып
кетіпті.
Вронский мен Облонский келгенше, əйелдер ол хабардың жай-
жапсарына қарт малайдан қанып та қойды.
Мылжалап кеткен елікті Облонский мен Вронский екеуі де керіпті.
Облонский қамығып та қалған тəрізді. Қабағын шытынып, жылауға да
тақап тұрған сықылды.
— Ойпыр-ай, не деген сұмдық! Ойпыр-ай, Анна-ай, сен көрер ме едің
десеңші! Ойпыр-ай, не деген сұмдық! — дей берді ол.
Вронский үндеген жоқ, əдемі жүзі түйіле тұрғанмен, əбден сабырлы
екен бірақ.
— Ойпыр-ай, графиня-ай, сіз керер ме едіңіз десеңші, — деді Степан
Аркадьич. — Əйелі де сонда екен... Көруге қорқасың өзін... Өлікті
бассалды барып. Шиеттей жанды асырап отырған жалғыз езі еді деседі.
Сұмдығы сол ғой!
— Əйелге бірдеңе қарайласуға болмас па екен? — деді Каренина
күйзеле күңкілдеп.
Вронский соған жалт қарады да, лып шыға жөнелді.
— Қазір келем, maman, — деп қосып қойды, есікке бұрыла беріп.
Вронский бірнеше минуттан соң қайта оралғанда, Степан Аркадьич
жаңа əнші əйел жайында графинямен сөйлесіп отыр екен де, графиня
баласын күте, есік жаққа тықыршый қарап отыр екен.
— Жүрейік енді, — деді Вронский есіктен кіре беріп.
Бəрі бірге шықты. Алдыңғы жақта Вронский мен шешесі екеуі жүрді де,
соңынан Каренина мен бауры екеуі жүрді. Шыға берісте Вронский соңынан
станция начальнигі қуып жетті.
— Жəрдемшіме екі жүз сом берген екенсіз, соны кімге арнағаныңызды
білдіре кетсеңіз деп едім?
— Жесір əйелге ғой, — деді Вронский, иығын бір бүлк еткізіп. — Несін
сұрайтынын білмеймін соны.
— Сіз беріп пе едіңіз? — деп артта келе жатқан Облонский əңгірлей
сұрады да, қарындасының қолын қымтып қойып: — Өте жарасымды, өте!
— дегенді қосып жіберді. — Аяулы жігіт өзі, рас қой? Қош болыңыз,
графиня.
Соны айтқан соң, қарындасы екеуі қызға қарайлап, тұрып қалды.
Бұлар шыққан кезде Вронский күймесі жүріп те кетіпті. Шыққан жұрт
əлі де əлгі уақыйғаны айтысып келеді.
— Сұмдық елім деген осы ғой! — деді бір мырза қастарынан өтіп бара
жатып. — Екі бөліп кетіпті, дейді.
— Менің ойымша, қайта, ең жеңіл, ең тез өлім ғой деймін, бұл, — деді
екінші біреуі.
— Шара қолданбайтындары несі екен десеңші, — деді үшінші біреуі.
Каренина күймеге отырған соң, Степан Аркадьич қарындасының ерні
дірілдеп, көз жасына əрең ие боп отырғанын көріп, таң қалды.
— Не болды, Анна? — деді ол, бірнеше жүз сажин жүрген соң.
— Жаман жора ғой, — деді ол.
— Жоқты айтпашы, — деді Степан Аркадьич. — Ең абзалы өзің келдің,
əйтеуір. Саған өзім қандай сеніп жүргенімді білмейсің ғой, шіркін.
— Вронскийді көптен білесің бе сен? — деп сұрады Анна.
— Я. Китиге үйлене ме деген де үмітіміз бар өзі.
— Солай ма? — деді Анна ақырын. — Кəне, енді өз жайыңды
сөйлесейік, — дегенді қосып қойды, бөгет болған бір артық нəрсені
айықтырайын деген кісідей, басын сілкіп қойып. — Өз шаруаңды
сөйлесейік, кəне. Хатыңды алған соң-ақ, жеткенім осы.
— Рас, барлық үміт сенде қалып отыр, — деді Степан Аркадьич.
— Кəне, айта бер маған, бəрін.
Степан Аркадьич те ағыта бастады.
Үйінін, қасына келген соң, Облонский қарындасын түсіріп, қолын
күрсіне қысты да, мекемесіне қарай тартты.
XIX
Анна бөлмеге кеп кірген кезде, Долли кішкене қонақ үйінде, қазір
əкесіне тарта бастаған, болпыйған, шамбыл шаш баласына французша
сабағын оқытып тыңдап отырған. Баласы күртесінің зорға ілініп тұрған
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 06
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.