Latin Common Turkic

Анна Каренина - 13

Total number of words is 4043
Total number of unique words is 2068
34.2 of words are in the 2000 most common words
47.0 of words are in the 5000 most common words
53.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Үлгеруіміз біледі ғой, Константин Дмитрич, — деді приказші.
— Неге үлгермейсіз?
— Тағы да он бес жұмысшы жалдауымыз керек. Келмей жатқаны анау.
Бүгін келгендері, жазға жетпіс сомнан сұрайды.
Левин үндеген жоқ. Əлгі күш тағы да қарсыласа кетті. Олардың қанша
тырысса да, нағыз бағаға отыз жеті, отыз сегіз, қырық жұмысшыдан артық
жұмысшы жалдай алмағанын жақсы білетін өзі; мықтаса — қырық, артық
жалданбайтын. Дегенмен де, күреспей қоя алмайтын жаққа шықты Левин.
— Келмесе, Сурыға, Чефировкаға жіберіңдер. Іздеуіміз керек.
— Жіберуін жіберем ғой, — деді Василий Федорович, мұңая сөйлеп. —
Жəне мына аттар да нашарлап кетті өзі.
— Сатып аламыз. Сіздің ылғый аз бен пəске жүгіретініңізді білем ғой,
— деп қосып қойды Левин, күле сөйлеп, — бірақ өзіңізше істеуіңізге
быйылғы жылы ырық бермеймін мен. Өзім істеймін бəрін.
— Онсыз да аз ұйқтайтын көрінесіз ғой. Қожайын көз алдында жүру
бізге де көңілдірек...
— Сөйтіп, Қайыңды Алқап сыртында жоңырышқа сеуіп жатыр екен
ғой? Барып көрейін, — деді Левин, көшірі əкелген тəпелтек құла Колпикке
міне беріп.
— Бұлақтан өте алмайсыз, Константин Дмитрич, — деді көшірі
дауыстап.
— Онда орманмен кетем.
Левин сөйтіп, шалшықтан осқыра, тізгінді сүзе тартқан дейлі, көбең
аттың жайсаң жорғасымен қорадағы батпақты, кеше, қақпадан ары далаға
шыға жөнелді.
Мал мен астық қораларында жүргенде көңілді Левин, қырға шыққан
соқ тіпті көңілденіп кетті. Дейлі аттың жорғасымен балбырай шайқалып,
қар мен ауаның балғын, жылы исін сіміре, кей жерлерде қалған, із көлкіген
ылжырақ, соқта қарды кеше, орманды аралай жүргенде, қабығындағы
қынасы жасарып, бүршіктері бөрткен ағаштарының əрқайсысына қуана
жүрді. Орманнан ары шыққан соң, алдынан кең өлкеде бірде-бір алақшын,
шұқанағы жоқ, тек кей жерлердегі өзек-өзекте еріген қар жұқанасы ғана дақ
түсірген теп-тегіс, керіле жатқан, барқыт кілемдей бір когал көрінді. Левин
көгалын таптап жүрген шаруа жылқылары мен жабағыларына да
(жолыққан бір мұжыққа қуып жібер деп тапсырды оны), Ипат мұжықтың
аусар, қылжың жауабына да ашуланған жоқ, Левин оған жолығып:
«Немене, Ипат, жуырда себесіңдер ме?» — деп сұрағанда, Ипат: «Алдымен
айдауымыз керек қой, Константин Дмитрии», — дегенді айтты. Ілгері
барған сайын, өзі де көңілденіп, шаруашылық жоспарлары да бірінен бірі
өте елестей берді: күллі далаға, түбінде қар жатпастай етіп, түскі күнге
бағыттай шыбықтар егу керек; егін жайды көк төгетін алты бөлікке, шөп
егілетін қосалқы үш бөлікке болу керек; егін жайдың арғы шетіне сыйыр
қораларын салып, тоспа қазып, тыңайтқыш жасау үшін сыйырларға
көшпелі қоршаулар жасау керек. Со кезде барып: 300 десе бидай, 100 десе
картоф, 150 десе жоңырышқа өседі де, шірік десе дегеннен бірде-бір десе
болмайды.
Левин осындай ойларды ойлай, шиенімді таптап кетпейін деп, атын
астық арасына жайлай бұрып, жоңырышқа сеуіп жүрген жұмыскерлерге
келді. Тұқым артқан арба аралыққа қойылмай, егінге қойылыпты да, күздік
бұдайды арба мен аттар таптап тастапты. Екі жұмыскердің екеуі де, ортақ
шылымды тартқан болуы керек, аралықтағы ашықта отыр екен. Арбадағы
тұқым араластырылған топырақ майдаланбай, жентек-жентек күйі, кейі
тығыздалып, кейі тоң боп қалыпты. Қожайынды керген соң, Василий
жұмыскер арбаға қарай жүрді де, Мишка барып тұқым себуге кірісті.
Бұлары жақсы қылық болмағанмен де Левин жұмысшыларға ашулана
бермейтін. Василий келген соң, Левин атын аралыққа апар деп тапсырды.
— Түп құрамайды, сударь, жетіліп кетеді, — деді Василий.
— Ақыл үйретпе жарқыным, — деді Левин, — айтқанды істе.
— Құп, — деп Василий аттың басын сыйпай берді. — Константин
Дмитрии, себу дегеніңіз бірінші сорт боп жатыр, — деді жалпаңдай сөйлеп.
—Тек жүру жағы шаркез! Шаркейіңе бір пұт қып жабыстырып аласың.
— Топырақтарың неге екшелмеген? — деді Левин.
— Е, үгеміз ғой, — деді Василий, тұқымды көсіп алып, топырақты
алақанына сала уқалай тұрып.
Екшелмеген топырақ салып бергендеріне
болмағанмен де, реніжітерлік нəрсе болды бір.
Василийдің
жазығы
Левин ренішін басатын əрі өрескел көрінген нəрсені тағы да түгел
жақсы етіп шығаратын, өзіне аян бір амалды талай рет істеп, игілігін
көргендіктен, сол амалды қазір де қолданды. Əр аяғына жабысқан
зілгеуірдей жентек балшықты сүйрете басып жүрген Мишкаға қарады да,
атынан түсіп; Василийдің сепкішін ала, тұқым себуге жөнелді.
— Қай жерге тоқтап едің сен?
Василий аяғымен салған белгіні көрсеткен соң, Левин білгенімше
себейін деп, тұқымды ала, солай қарай тартты. Жүру деген, саз кешкендей
қыйын келді де, Левин, тіліктен шыққан соң, терлей тоқтап, сепкішті
қайтып берді.
— Жарайды, барин, жаздыкүні тек, осы тілік үшін мені жазғырып
жүрмеңіз, — деді Василий.
— Несі бар екен? — деді Левин, қолданған амалының қонымды амал
екенін сезе, жадырай сөйлеп.
— Əшейін, жаздыкүні керерсіз деймін. Ала болады. Былтыр көктемде
мен сепкен жерге қараңызшы. Қалай түсіргем! Мен өзім туған əкеме
істегендей істеймін, Константин Дмитрии. Өзім де жаман істемеймін, өзге
де жаман істесін демеймін. Қожайынға жақсы екен, бізге де жақсы.
Қарасаң, əнеки, — деді Василий егін жайды нұсқап қойып, — жаның
жырғайды.
— Жазда бір жақсы жаз-ау, Василий.
— Əлбетте, қариялар есінде жоқ, соднай жаз ғой бір. Осы таяуда үйде
болып едім, қариямыз да сегіз бөліктің үш бөлігіндей бидай егіп алыпты.
Қара бидайдан айырып ала алмайсың деседі.
— Бидай себе бастағаныңызға көп болып па еді?
— Арғы жазда өзіңіз үйреттіңіз ғой оны; екі шенем астықты өзіңіз
бергенсіз маған. Соның төрттен бірін саттық та, сегізден үшін сеуіп
қойдық.
— Жарайды, уақып боп, топырақтың жентегін үгітіп қой, — деді Левин,
атына бара беріп. — Мишкаға да көз қырыңды сала жүр. Алда-жалда
шығымы жақсы болғандай болса, десе басы елу тыйыннан берем өзіңе.
— Көп-көп рақмат айтамыз. Өзіңізге былайша да үлкен ризамыз ғой
деймін.
Левин атына мінген соң, өткен жылғы жоңырышқасы бар жер мен
жаздық бидайға арнап плугпен жыртқан егіндікке қарай тартты.
Аңыздағы жоңырышқа шығымы тамаша жақсы екен. Өзі түгел өніп,
бидайдың, өткен жылғы сынық сабақтары арасынан қаулай көгере көрініп
тұр. Ат шашасынан батып, жіпсілең жерден аяғын шылпылдата суырып
келеді. Плуг жыртқан жермен жүруге мүлде болмай қалыпты: тек мұз
тұрған жерлері ғана көтермесе, жібіген бораздаларда ат аяғы шашадан
жоғары кірін кетеді. Айдау аса жақсы екен; екі күннен соң тырмалап, себе
беруге де жарап қалыпты. Бəрі аяулы, бəрі көңілді. Левин қайтқанда, су
тартылған шығар деген сеніммен, бұлақ арқылы жүрді. Шынында да сол
бұлақтан кеп өте бергенде, екі үйрек ұшты, «Жылқышы да болуға тиіс», —
деп ойлады Левин, содан, дəл үйіне бұрылар жерде орман қараулшысына
жолығып, жылқышы бар шығар деген болжалын о да қостады.
Левин түскі тамақты ішіп алып, кешкілікке мылтығымды əзірлеп
үлгерейін деген оймен, үйіне қарай тайпалта жөнелді.
ХІV
Левин үйіне бір мəз-майрам шат көңілмен таяна бере, үйге келетін
үлкен жол жақтан қоңырау даусын естіді.
«Ə, темір жолдан келе жатқан ғой бұл, — деп ойлады, — Москва
поезының уақыты осы кез еді... Кім болды екен бұл? Николай ағаң боп
қалса ше? Бəлкім, суға аттанармын да, не болмаса саған барармын деп еді
өзі». Николай ағаңның келуі көктемдегі масайраған көңілді бұзады-ау деп,
аза бойы қаза тұра қорықты. Бірақ, сол сезімінен ұялып кетті де, жан
құшағын қалт жайып жібергендей, осы өз ағам болса игі еді деп, бар
жүрекпен ынтығып, жүйе-жүйесі босай, қуана күтті енді. Атын тебініп
қалып, боз қарағаннан өте бере-ақ, темір жол станциясы жақтан таяп келе
жатқан үш атты жемшік пен тон киген мырзаны көрді. Ағасы емес екен ол.
«Шіркін, шешіле сөйлесетін бір бəденді адам болғай еді-ау», — деп ойлады
Левин.
— Ə! — деп Левин, екі қолын көтере қуанып, саңқ етті. —
Қуандыратын қонақ екен ғой! Па, қуанғанымды-ай саған! — деп Степан
Аркадьичті танып, сапылдай сөйледі.
«Күйеуге шыққан-шықпағанын, шықпаса қашан шығатынын анық
білетін болдым», — деп ойлады.
Көктемнің осы бір əдемі күнінде соны ойлағанда, түк қамықпағанын да
сезе кетті өзі.
— Немене, күткен жоқ па едің? — деді Степан Аркадьич шанадан түсе,
кеңсірігі мен бетіне, қасына батпақ шашыраса да дені сау, жарқын, жайнай
қарап. — Бірінші — сені көрейін деп, — деді ол, Левинді құшақтай, сүйіп
жатып, — екінші — құс атайын деп, үшінші — Ергушоводағы орманды
сатайын деп келдім.
— Əбден жақсы! Жаз қалай екен, ал? Шанамен қалай жеттің өзің?
— Арбамен бұдан да жаман, Константин Дмитрич, — деді таныс
жемшік.
— Келгеніңе тіпті қуанып қалдым, — деді Левин, шын пейлімен балаша
қуана күлімдеп.
Левин қонағын келімді-кетімді кісілер түсетін бөлмеге апарып, Степан
Аркадьичтің нəрселерін де: мешогін, құндақты мылтығын, шылым салған
сумкасын қоса кіргіздірді де, қонағы жуынып, қайта киініп алғанша,
жыртылған жер мен жоңырышқа жайын айтайын деп конторға кетті өзі. Үй
абройын қашан да қатты ойлап жүретін Агафья Михайловна, Левинге ауыз
бөлмеде жолығып, қонақасы жайын сұрады.
— Қалағаныңыз болсын, тек тезірек істеңіз, — деді де, приказшіге
жөнелді.
Левин қайта оралған кезде, жуынып, таранып болған Степан Аркадьич,
есігінен күле жайнап шығып келеді екен, екеуі қосылып, жоғарғы үйге
беттеді.
— Саған жеткеніме қандай қуандым десеңші! Сенің бұ жерде істеп
жатқан құпыяңның не екенін енді білдім мен. Дегенмен де, қызығып
отырмын өзіңе. Үй қандай, өзгесі қандай аяулы десеңші түгел! Жарық та,
жарқын да, — деді Степан Аркадьич, бүгінгідей жаз бен ашық күн əмісе
бола бермейтінін ұмытып. — Əрі даяшың да қандай əсем кісі десеңші!
Алшалғыш тартқан əдемі əйел қызметші болғаны да жаман болмас еді:
бірақ сопылық, салған, қалпыңа қарай осының өзі де өте жарасып тұр.
Степан Аркадьич қыруар қызық жаңалықтар үстіне, Левинге өте-мөте
бір қызықты жаңалық — ағасы Сергей Ивановичтің быйылғы жазда
деревнядағы осыған келгелі жүрген жайын да айтып берді.
Степан Аркадьич Кити мен жалпы Щербацкийлер жайынан лəм деп
ештеңе айтқан жоқ; əйелінің құр сəлемін тапсырды да қойды. Лезин де
қонағының тартымдылығына риза болып, өте қуанып қалды. Өзі оқшау
кеткелі, қашанғы əдетінше, көкейіне ұшан-теңіз ой, сезімдер құралып,
төңіректегілерге соны айта алмай жүргендіктен, Степан Аркадьичке
көктемнің жырға толы қуанышын да, сəтсіздіктері мен шаруашылық
жоспарларын да, оқыған кітаптары жөніндегі пікірлері мен діттерін де,
əсіресе, өз шығармасының идеясын да үйіп-төгіп ақтара салды,
шығармасының негізі, өзі аңғармағанмен, шаруашылық жөніндегі байырғы
шығармаларды түгел сынау болып шыққан. Қашан болсын, бəрін
емеуріннен таный кететін сүйкімді Степан Аркадьич, бұл келуінде тіпті
сүйкімді екен де, Левин осы жігітте өзін бəйпектей сыйлау үстіне, өзіне
деген де бір нəуетексінген тосын əлпет барын қоса аңғарды.
Агафья Михайловна мен аспазшы екеуінің қонақасымыз ерекше жақсы
болғай деп жанталасып жүрген ықласы, қарны ашқан көңілдес екеуінің құр
қаужануға тек отыра сала, май жаққан нан, тоңазыған ет, тұздалған
саңрауқұлаққа тойып қалып, қонақты келістіре таңырқатам деп жүрген
аспазшы сорпасын Левин пирогсыз беріңдер деумен ғана барып тынды.
Бірақ, Степан Аркадьич, өзге қонақасыларға үйренген адам бола тұрса да,
қай-қайсысын болсын, өте жақсы деп таптың: жеміс сусыны да, нан да, май
да, əсіресе тоңазыған ет, тұздалған саңрауқұлақ та, қалақай сорпасы да, ақ
құйған тауық еті де, Қырымның ақ шарабы да — түгел бір тамаша, өте
жақсы тағамдар болды.
— Əбден жақсы, əбден, — дей берді ол, қуырдақтан соң, жуан
шылымын тұтатып жатып. — Мен өзім саған келгенде, ізі-шу, қымқуыт
шайқаған пароходтан тып-тыныш жағаға шыға келгендей болдым.
Сонымен сен, жұмысшы жайының өзі де зерттеліп, шаруашылық əдісін
сайлап алуда басшылық ететін болуы керек дейді екенсің ғой. Ол жөнде
мен өзім бір ашықауызбын құр; бірақ, менің ойымша, теория мен соны
жұмсау жағы жұмысшыға да ықпал ететін тəрізді.
— Рас қой, сабыр ет бірақ: мен айтқанда, саяси экономияны айтып
отырғам жоқ, шаруашылық ғылымын айтып отырмын. Бұ ғылымның өзі де
жаратылыс ғылымы сықылды боп, сол құбылыс пен жұмысшыны, соның
экономикалық, этнографиялық жақтарын қадағалауы тиіс...
Осы тұста варенье алып Агафья Михайловна кеп кірді.
— Түу, Агафья Михайловна, — деді Степан Аркадьич бұртыйған
саусағының ұшын тамсап қойып, — тоңазыған етіңіз, жеміс сусындарыңыз
не деген десеңізші!.. Айтпақшы, уақыт болды ғой деймін, Костя? — деп
қосып қойды.
Левин терезеге бұрыла, жалаңаш орман үстінен еңкейіп бара жатқан
күнге көз салды.
— Уақыт болған екен, — деді ол. — Кузьма, кемеш арбаны жабдып
жібер! — деді де, төменгі үйге тұра жөнелді.
Степан Аркадьич төмен түскен соң, жылтыр сырлы жəшіктің кенеп
қабын құнттай сыпырып, жəшікті ашты да, жаңа фасонды қымбат
мылтығын құрастыра бастады.
Арақтың бір үлкен түсім боларын түйсінген Кузьма, Степан
Аркадьичтің қасынан кетпей, шұлығын да, етігін де кигізіп, онысына
Степан Аркадьич те ден қоя келіп, отыра берді.
— Костя, Рябинин көпес келсе, — өзіне бүгін кел деген болатынмын, —
қарсы алып, тоса тұрсын дегенді тапсырып қой...
— Орманыңды Рябининге сатушы ма едің?
— Я. Білуші ме едің оны?
— Білмегенде ше, білемін. «Орайлы, ада-күде» істерім болған онымен.
Степан Аркадьич күліп жіберді. «Ада-күде, оройлы» деген сөз көпестің
бір құныққан сөзі болатын.
— Рас, өте қызық сөйлейді өзі. Қожайынның қайда баратынын білген
екенсің ғой! — деп қосып қойды, Левин қасында қыңсылай оралып, біресе
қолын, біресе етігін, біресе мылтығын жалап жүрген Ласканы жұлқып
қойып.
Екеуі сыртқа шыққан кезде, кемеш арба есік алдына келіп те тұр екен.
— Алыс жер болмағанмен, жабды деген мен едім; жаяу-ақ барамыз ба,
əлде?
— Жоқ, көлікпен барғанымыз жақсы, — деді Степан Аркадьич,
арбаның қасына келе беріп, арбаға отырған соң, аяғын жолбарыс бөстекке
ораған күйі, шылымын шегіп. — Сен өзің қалай, тартпайды екенсің осы!
Шылым деген құр сарық басу ғана емес, сол сарық басудың шырайы мен
шырқы ғой бір. Өмір деген осы да, шіркін! Өз басым да осылай тұруды
қалаған болар едім.
— Қаласаң,біреу қырсық қып жүр ме? — деді Левин күлімсіреп.
—Жоқ, бақытты адамсын сен бір. Не сүйсең, бəрі өзіңде тұр. Атты
сүйсең — ат, итті сүйсең — ит, аңды сүйсең — аң, шаруашылық сүйсең —
шаруашылық, бəрі өзінде.
— Өзімде барға қуанып, өзімде жоққа қыйналмайтынымнан шығар,
бəлкім, — деді Левин, Кити есіне түсіп.
Степан Аркадьич біле қойып, бетіңе қарағанмен, ештеңе деген жоқ.
Щербацкийлер жайын сөз қылуға Левиннің батпай отырғанын байқап,
қашанғы əдебіне баса, олар жайында Облонский де ештеңе демегеніне
Левин қатты риза болған болатын; Левин бірақ өз басын сонша қыйнаған
сол жайды білейінші деп қазір ынтыққанмен де, сез қылуға бата алмай
келеді соны.
— Жə, өз шаруаң қалай, ал? — деді Левин, тек өз жайымды ғана ойлай
беру келіспес деген оймен.
Степан Аркадьичтің көзі жайнап қоя берді.
— Сыбағалы азық тұрғанда, қалашты қалау деген ішіңе кірмейді ғой
сенің, — ол өзі сеніңше, қылмыс та боп шығады; махаббатсыз өмір деген
менің де ішіме кірмейді, — деді ол, Левин сұрауын өзінше түсініп. —
Қайтерсің, жаратылысым сол. Шынында өзге біреулерге келер-кетер кəкірі
де аз оның, өзіңе болса, соғұрлы лəззəт бір...
— Немене, жаңа бірдеңе бар ма еді, əлде? — деді Левин.
— Бар ғой, баурым! Түсіңде көретін əлгі... Оссияни əйелдерін... сол
əйелдердің кейпін білесің ғой өзің. Сол əйелдер өңіңде де тап бола береді...
Сұмдық əйелдер сол, əне. Əйел деген қанша зерттесең де, ылғый сол жаңа
күшпен жазбайтын, сондай нəрсе бір.
— Олай болғанда, зерттемегеннің өзі абзал екен.
— Жо-жоқ. Шындықты ашу рақат емес, іздеу рақат депті ғой бір
математик.
Левин үнсіз тыңдап, өзін өзі қанша күштегенмен, көңілдесінің жандүниесіне ешбір жуыса да алмай, соның сезімі мен сондай əйелдерді
зерттеудің қызығына түсіне де алмай қойды.
XV
Құс аңдыйтын жер таяу өзен бойындағы ұсақ көк теректер іші екен.
Левин, орманға келген соң, арбадан түсті де, Облонскийді, қары арылған
бір мүк, сазды ашықтың қойнауына апарып жайластырды. Өзі екінші
шетіндегі егіз қайыңға қайта оралып, мылтығын төменгі қу бұтақтың
сынығына сүйеп қойды да, қаптал шекпенін шешіп, белдігін қайта буына,
қол ыңғайын байқап қарады.
Екеуіне ілесіп жүрген қылшығы қылаң тартқан кəрі Ласка, Левин
тұсына ептей жатып, құлағын елеңдей тікті. Күн үлкен орманнан ары,
еңкейіп кетіпті; көк терек ішіне шашырай шыққан қайыңдар, салбыраған
бұтақтарының буазыған бүршіктері жарылуға жақындап, шапаққа
шағылыса айқын көрініп тұр.
Əлі де қар жатқан қалың орман суы, ирек-ирек, жіп-жіңішке бұлақ боп,
еміс-еміс естіле əлі де ағып жатыр. Ұсақ құстар шырылдап, оқта-текте
ағаштан ағашқа ұшып-қонып жүр.
Тып-тыныш тына қалған кездерде, еріген қар мен өскен шөптер
қозғаған, өткен жылғы жапырақтардың, шыртылдаған дыбысы шалыныпшалынып кетеді.
«Қарай гөр! Шөп өскені де естіліп, көрініп тұр!» — деді Левин ішінен,
инедей қылтыйған шиен шөп қасынан қозғалған көк теректің дымқыл,
шалғырт жапырағын аңғарып. Ол өзі тұрған күні тыңдап, төмен үңіле,
біресе мүк басқан дымқыл жерге, біресе құлақ тіккен Ласкаға, біресе
алдындағы тау алқымына ендеген ұшан-теңіз жалаңаш орман басына,
біресе ақ шарбы бұлт іліне, күңгірт тартқан аспанға қарап тұр. Қыйыр
орман үстінен бір қаршыға қанатын баяу сермей, биік ұшып етті; екінші
біреуі де сол ұшыспен солай қарай бет ала, асып кетті. Қалыңдағы құстар
жамырай, дүрліге шуылдасты. Жақын маңда үкі əупілдеп, Ласка елең ете,
бірнеше қадам ептей басын барды да, басын қайыра тұрып, құлағын түре
қалды. Өзен аржағынан көкек үні естілді. Өзі екі дүркін кəдімгідей
шақырып, содан қыңқ етіп қалды да, сасып шатасып кетті.
— Қарай гөр! Көкек келіпті ғой! — деді Степан Аркадьич бұтадан шыға
келіп.
— Я, естіп тұрмын, — деді Левин, даусы өзіне ерсі көрініп, орман
тыныштығын бұза қойғысы келмей. — Кешікпейді енді.
Степан Аркадьичтің нобайы бұтаға қайта кірген соң, Левин жарқ еткен
сіріңке отын, соның соңынан қызарған шылым шоғы мен көгілдір түтінін
ғана көрді.
Степан Аркадьич қайырған шаппа дыбысы: шық! шық! етті.
— Анау шарылдаған немене өзі? — деді Облонский, ойнақ сап,
шіңгірлеген құлын даусындай, созыла шыңғырған бір дабысқа Левин
көңлін қоса аударып.
— Ə, білмеуші ме едің оны? Қоянның еркегі ғой. Жə, сөзді қоялық!
Келе жатыр, тыңдай қал! — деді Левин, даусы саңқ ете, шаппасын қайыра
беріп.
Шалғайдан шыққан нəзік сусыл шалынды да, екі секунд өткен соң-ақ,
саятшыға соғұрлы таныс, біркелкі, үйреншікті қосыла шыққан екінші,
үшінші сусыл шалынып, сол үшінші сусылдан соң барып, құрқылдаған
дыбыс та естіле бастады.
Левин оң жақ, сол жағына көз жүгірте бере, қарсы алдындағы
көктеректер басында ұйлыға тұрған өндір шыбықтар үстін ала, көгілдіркүңгірт аспанда келе жатқан құс та көріне кетті. Құс өзі Левинге тура келе
жатыр екен: жібі жиі нəрсені біркелкі дарылдата жыртқан дыбысқа ұқсас,
таяу құрқылдаған дауыс дəл құлағының қасынан естілді; құстың ұзын
тұмсығы мен мойны да көрініп. Левин қарауылға іле берген сəтте,
Облонский тұрған бұтадан қып-қызыл нажағай жарқ ете қалды; құс оқтай
шаншылып кетті де, жоғары қайта көтерілді. Нажағай тағы да жарқ етіп, оқ
тигені де естілді; құс ауадан түспейін дегендей, қанаты қалбалақтап, сəл
кідіріп тұрды да, сазды жерге салмағымен кеп сылқ ете түсті.
— Шын-ақ тимеді ме? — деді Степан Аркадьич дабыстап, түтіннен
көре алмай қалған соң.
— Мінеки, құсың! — деді Левин, Ласканы нұсқай көрсетіп, ол болса,
бір құлағын түре, түбіт құйрығының ұшын көтере бұлғап, лəззəтқа бата
түсейін дегендей, жай жүріп, өлген құсты қожайынына қарай, күлімдеген
тəрізденіп əкеле жатқан болатын. — Жарайды, саған сəті түскеніне қуанып
тұрмын өзім, — деді Левин, сонымен бірге осы жылқышыны өзім ата
алмай қалдым-ау деген қызғаныш сезімі де қысып кетіп.
— Он, жақ мойны тым шалыс соғып тұр, — деді Степан Аркадьич,
мылтығын оқтап жатып. — Тсс... келе жатыр.
Шынында да іркес-тіркес зымырай ұшқан, қатты сусыл шалынды. Екі
жылқышы бірін бірі қуалай, ойнай ұшып, саятшылардың дəл үстіне келіп
қалды. Мылтық төрт атылып, жылқышылар, қарлығаштай қалт жалтарды
да, көзден ғайып боп кетті.
.................................................................................................................................................
Саят бір тамаша саят болды. Степан Аркадьич тағы да екеуін түсіріп,
Левин түсірген екеуінің бірін алып, бірін таба алмады. Батыстағы ақ күміс
Шолпан төменде, қайың арасынан əсем нұрын шаша, сығалап тұр;
шығыстағы Cap жұлдыз талаурата қызарып, көп өрлеп қалыпты; Левин
төбесіндегі Жетіқарақшы жұлдыздарынан көз жазып, таба алмай тұр.
Жылқышылар да ұшқанын қойыпты; бірақ Левин, өзіне əзір қайың
бұтағынан төмен көрінген Шолпан жұлдызы содан жоғары шығып,
Жетіқарақшы жұлдызы түгел айқын көрінгенше, тоса тұралық деп
ұйғарды. Шолпан бұтақтан жоғары шығып, Жетіқарақшы қара-көк аспанда
шөміш сабымен түгел көрінген кезде де, Левин күтіп тұра берді.
— Уақыт болды ғой деймін? — деді Степан Аркадьич. Орман тымтырыс, қыбыр еткен құс баласы жоқ екен. — Əлі де тұра тұрайық, — деді
Левин.
— Ықтыярың.
Екеуі қазір бір-бірінен он бес қадамдай жерде тұрған болатын.
— Стива! — деді Левин, қапелімде жұлып алғандай, — балдызыңның
күйеуге шыққан-шықпағанын, шықпаса қашан шығатынын неге айтпайсың
маған?
Левин өзін соғұрлым орнықты, байсалды сезгендіктен, қандай жауап
болса да көңлімді қобалжыта қоймайды деп ойлады. Бірақ Степан
Аркадьич берген жауапты ешбір күткен де жоқ еді.
— Күйеуге шығам деп ойлаған да емес, ойламайды да ол, өзі болса,
қатты сырқат та, докторлар шетелге жіберген. Тіпті өзі не болар екен деп
қорқысып та жүр.
— Не айтасың өзің? — деп Левин шыр ете түсті. — Қатты ауру ма? Не
болған екен? Өзі қалай...
Екеуі осыны сөйлесіп тұрған кезде, Ласка құлағын тіге қойып, жоғары
аспанға үңілді де, содан соң екеуіне кеи қарады.
«Сөйлесетін уақытты тапқан екен, — деді ойланып. — Құс болса, келе
жатыр... Міне, дəл өзі соның. Қапы қалады ғой бұлар...» деді Ласка
ойланып.
Бірақ дəл осы сəтте, құлақтарына осып жібергендей, қатты сусылды
екеуі де қалт ести қойып, мылтықтарын апыл-ғұпыл алысымен-ақ, қос
нажағай қатарынан жарқ етіп, екі оқтың бір сəтте тигені қатар естіле кетті.
Биікте келе жатқан жылқышы, қанаты қалт қомдалып кетіп, ну ішіне,
жіңішке шыбықтарды жапыра, құлап кеп түсті.
— Па, шіркін! Ортақ болдық қой! — деді Левин, сапылдай сөйлеп,
Ласканы ала, жылқышыны тапқалы ну ішіне қарай тұра жүгірді.
«Айтпақшы əлгі, дық болған не еді өзі? —деді есіне түсіріп. — Ə, Кити
ауру еді-ау... Апыр-ай, тым аяныш болған екен», — деп ойлады.
— Ə, тапқан екенсің ғой! Əй, ақылды жазғаным-ай, — деді, Ласканың
аузындағы жып-жылы құсты алып, толып қалған торына сала беріп. —
Таптым, Стива! — деді дабыстап.
ХVІ
Левин үйге оралған жолда, Кити науқасы мен Щербацкийлер
жоспарының жай-жапсарын түгел сұрастырды, əрі, мойындай қоюды ұят
кергенімен, сұрап білгендері жанына жағып та кетті. Жаққанда, əлі де үміті
болған соң жағып, оның үстіне өз жанын қатты ауыртқан соның өзіне
батқанына да неғұрлым сүйсініп қалды. Дегенмен, Степан Аркадьич Кити
науқасының себептерін шертіп, Вронский атын қоса атаған кезде, Левин
кес-кестей де кетті.
— Семья жайын біле қояр ешбір хақым жоқ менің, шынын айтқанда,
түк қызығы да жоқ соның.
Степан Аркадьич Левиннің бұдан бір минут бұрын сонша жарқын
отырған жүзін соғұрлы тұнжыратып жіберген, өзі қанық білетін қалт
өзгерісті аңғарып, болар-болмас күлімсіреп те қойды.
— Сен өзің Рябининмен орман жайын əбден тындырып қойып па едің?
— деді Левин.
— Я, тындырғамын. Нарқы да тамаша нарық болды, отыз сегіз мың.
Сегізін алдын ала береді де, қалғанын алты жылда өтейді. Көбірек те əуре
болдым өзіне. Асыра берген де ешкім болмады.
— Демек, орманыңды тегін беріпсің деген сөз ғой бұл, — деді Левин
тұнжырап.
— Қалай, неге тегін болады! — деді Степан Аркадьич мейірбан
жымыңына баса, Левинге енді бəрі де жақпайтынын біліп.
— Неге екені сол, орман десесі кем дегенде бес жүз сом тұрады, — деді
Левин.
— Шіркін, селолық қожайындарым-ай, осы! — деді Степан Аркадьич
қалжыңға жеңдіріп. — Бұларың біздің қалалық ағайындарды менсінбеудің
сарыны ғой құр!.. Əйтпесе, іс істеуге келгенде, біз озамыз ылғый. Сенер
болсаң, түгел есептедім өзім, — деді, — орманның өзі өте пайдалы
сатылғандықтан, сол тіпті айнып кете ме деп те қорқамын. Орман бір
қынжыла қояр орман емес, көбінесе отындық орман болатын, — деді
Степан Аркадьич, қынжыла қояр деген сөзімен Левиннің күдігі орынды
күдік емес екеніне көзін əбден жеткізгісі келіп. — Əрі, десе басы мықтаса
отыз саженнен артнай отырғанда, ол болса маған, екі жүз сомнан беріп
отыр.
Левин жаратпай, күлімсіреп қойды. «Бұл мінездің жалғыз мұның ғана
мінезі емес, бүкіл қала адамдарының мінезі екенін білемін, — деді
ойланып, — деревняда өздері он жыл ішінде екі-ақ дүркін болып,
деревняның екі-үш сөзі құлақтарына тиіп кетсе-ақ болды, түгел біліп алдық
деген сеніммен, соларды орны келсін, келмесін, төпеп қолдана береді құр.
Қынжылар, мықтаса отыз сажен деп, сол сөзді айтуын айтқанмен, түк те
білмейді өзі».
— Сенін, о жақтағы мекемеңде жазатын нəрселеріңді үйретпеймін мен,
— деді Левин, — керек болса, өзіңнен сұрап алам оны. Сен болсаң, орман
жайындағы сауатты түгел білем деп сенімді де көрінесің. Қыйын сауат ол.
Ағашты санадың ба, өзің?
— Ағашты қалай санамақ екен? — деді Степан Аркадьич күле сөйлеп,
көңілдесін тарынып отырған қалпынан əлі де сол айықтырып жібергісі
келіп. — Озық ақыл болса, құм мен планет шұғласын да санай алар еді...
— Əлбетте, Рябининнің озық ақылы санайды оны. Сен сықылды тегін
берген кісінікі болмаса, көпестің ешбірі де санамай алмайды. Орманыңды
білем мен, саятқа шыққанда жыл сайын болып жүрем өзінде, сенің сол бес
жүз сом сап ақша болатын орманыңа, ол болса, несиеге қаратып екі жүз сом
берген. Демек, сен отыз мың сомды сыйға бергенсін деген сөз оған.
— Қайтейін сол, тақақтай беріп, — деді Степан Аркадьич қаусай
сөйлеп, — ешкімі неге бермеген онда?
— Неге бермегені, көпестер мен ымы-жымы бір оның; аузын алып
қойған ол. Бəрімен де істес болғамын, білем оларды. Көпес емес,
жалдаптар ғой бір. Ол деген, он, он бес процент алатын ісіне аяғын изеп те
баспайды, сомды жыйырма тыйынға қақшып алу оның аңдығаны.
— Жарайды, жетер! Тарынып отыр екенсің.
— Тарынған түгім де жоқ, — деді Левин тұнжырап, екеуі үйге тақай
бере.
Темірмен, былғарымен тырсылдата қаптап, құлақ бауын тырсылдата
тартқан тоқ ат жегулі арба есік алдына келіп те тұр екен. Арбада Рябининге
көшір боп келген, қаны бетіне шыға тырсылдап, белін тырсылдата буынған
приказші отыр екен. Рябинин өзі үйге кіріп те қалған екен, екеуіне ауыз
бөлмеде жолықты. Рябинин кемиегін қырғызып тастаған, шадырайған
шалғырт көзді, бойшаң, ашаң, тоқтасқан, мұртты адам болатын. Түймелері
шонданайдан төмен қадалған салпы етек көк сюртук, қызасығы қырысып,
балтыры жазылған ұзын қоныш етік, оның сыртынан үлкен калош киіп
алыпты. Бетін сүлгісін алып толайымен бір-ақ сүртті де, онсыз да құп
жараса қонып тұрған сюртугін қаусырынып қойып, келгендерге күлімсірей
амандасқан күйі, əлденені қармап қалғысы келгендей, қолын Степан
Аркадьичке лып соза берді.
— Ə, сіз де келген екенсіз ғой, — деді Степан Аркадьич қолын ұсына
беріп. — Жақсы бопты.
— Тақсыр, Жол жаман болса да, сіздің əміріңізді елемеске батылым
бармады. Бүкіл жол бойы орайы кеп жаяу жүрсем де, мерзімінде жеттім
əйтеуір. Константин Дмитрии, сəлеметсіз ғой, — деді Левинге, оның қолын
да қармап қалуға қамданып. Бірақ Левин шытынған күйі, Рябинин қолын
аңғармаған кісімсіп, жылқышыларын шығара бастады. — Саятқа шығып
көңіл көтерген екенсіздер ғой? Демек, қай құс болды екен бұл? — дегенді
қосып қойды Рябинин, жылқышыларға жиіркене қарап, — демек, тəтті
болған болды ғой, — деді де, жақтыра қоймай, қой терісі илеуіңе татыса игі
дегендей, басын қатты күдікпен шайқап-шайқап қойды.
— Кабинетке қалайсың? — деді Левин Степан Аркадьичке, тұнжырай
шытынған күйі французша сөйлеп. — Кабинетке барып, сонда
сөйлесіңіздер.
— Қайда десеңіз де құппыз əбден, — деді Рябинин жақтырмай, бұлдана
сөйлеп, езгенің, ісі түсіп қысылса қысылар, менің ісім түсіп, ешуақыт,
ештеңеден қысыла қоймаспын дегенді таныта кеткісі келгендей.
Рябинин кабинетке кірген соң, əдеті бойынша, Исаның суретін іздеп
шола қарағанмен, соны көрген соң да шоқынған жоқ. Шкаф пен кітап
қатарларына қарағанда да, сол əлгі жылқышыларға қарағандағы күдікпен
қарап, жиіркене жымыйды да, сол қой терісі илеуіңе татыйды деген сөз
көкейіне ешбір қонбай, жақтырмаған əлпетпен басын шайқап-шайқап
қойды.
— Немене, ақшаны ала келдіңіз бе? — деді Облонский. — Отырыңыз.
— Ақшадан тартынбаймыз ғой біз. Дидарласып, сөйлесуге келдік.
— Не жайында сөйлеспекпіз? Отырсаңызшы, өзіңіз.
— Отыруға болады, — деді Рябинин отыра бере, — орындықтың
арқалығына өліп-талып, əреңмен шынтақтап. — Кеміту керек, князь. Күна
болғалы тұр. Ақша болса, бір тыйынына дейін, ада-күде əзір. Ақша
жағынан кідіріс болмайды.
Осы арада Левин мылтығын шкафқа қойып, есіктен шығып қалса да,
көпестің сөзін естіп, кідіре кетті.
— Онсыз да орманды тегін алып отырсыз ғой, — деді Левин. — Мынау
кеш кеп қалды, əйтпегенде, бағасын өзім кесетін ем оның.
Рябинин түрегелген күйі, Левинді аяғынан басына дейін, үнсіз
күлімсірей шолып шықты.
Константин Димитрич өте саран, өзі, — деді ол, Степап Аркадьичке
күлімсірей қарап, — ада-күде ештеңе сатып ала алмайсың. Бидай сатса,
ақшасын да жақсы бердім.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 14
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.