Latin Common Turkic

Анна Каренина - 19

Total number of words is 4084
Total number of unique words is 2085
34.3 of words are in the 2000 most common words
48.5 of words are in the 5000 most common words
55.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бикеге. — Сізді көрмегеніме он — он бір жыл боп қалды ғой деймін өзі.
— Я, кіреш пен сол крешті көтерсін деген күшін құдай өзі береді ғой.
Осы өмірдің несіне ілекер боп жүргеніне өзің де таңырқай бересің...
Аржағынан! — деді аяғындағы шəлісін шалыс қымтаған Варенькаға
қынжылып.
— Жақсылық істесін дейтін шығар, — деді князь, көзі күлімдеп.
— Оны сарапқа салатын біз емеспіз, — деді Шталь ханым, князь
бетіндегі əлпет ыңғайын танып. — Сөйтіп, əлгі кітапты жібересіз ғой
маған, граф қарағым! Көп-көп рақмет сізге,— деді жас шведке бұрылып.
— Ə! — деп князь, қасында тұрған Москва полковнигін көре саңқ етіп,
Шталь ханымға басын иді де, қызы мен Москва полковнигін қосып алып
жөнеле берді.
— Біздің ақсүйегіміз ғой, князь, бұл! — деді Москва полковнигі, Шталь
ханым өзімен таныспағанға наразы боп жүрген соң, қағыта кетейін деген
ниетпен.
— Баяғы бір қалпы ғой сол, — деді князь.
— Сіз өзіңіз осыны ауруына дейін, яғни жатып қалуынан бұрын білуші
ме едіңіз, князь?
— Я, менің тұсымда жатып қалған, — деді князь.
— Өзін он жылдан бері тұрмайды деседі...
— Тобан аяқ қой, сонсын тұрмайды. Бітімі жаман өзінің...
— Қойшы, папа! — деді Кити шаңқ етіп.
— Жеңіл ауыздар солай десе береді, достым. Сенің Варенькаңның соры
қайнағаны қайнаған ғой сол, — деп қосып қойды. — Əй, осы ауру
барынялар-ай десеңші!
— Жо-жоқ, папа! — деп Кити шыр етіп қарсыласа кетті. — Варенька
өте жақсы көреді өзін. Оның үстіне өзі де сонша жақсылық істеп жүр!
Қалаған кісіңнен сұрай бер! Мұны да, Aline Штальды да түгел біледі жұрт.
— Мүмкін, — деді князь, қызының қолын шынтағымен қымтып қойып.
— Бірақ кімнен сұрасаң да, ешкім білмейтіндей болғаны жақсы ғой оның.
Кити үндеген жоқ, үндемегенде, айтар түгі жоқтықтан үндемеген жоқ,
құпыя сырын əкесіне де ашқысы келмегендіктен үндемеді. Алайда, бір
таңырқарлық нəрсе, Кити өзі əкесінің көз қарасына көнбейін, аяулы
сырыма араластырмайын деп, сонша түйіле тұрса да, көкірегінде ай бойы
аялаған Шталь ханымның сол əулие бейнесі жым-жылас жоқ бола
қалғанын да сезіне кетті, жоқ болғанда, тасталған көйлекте елестеп тұрып,
сол көйлектің жұмарланып жатқанын аңғарған сəтте келіп жым болатын
бейнеше жоқ болды. Бітімі жаман болған соң, тұрмай жатып алып, үндемес
Вареньканы шəліні шалыс қымтадың деп қыйнаған тобан аяқ əйелдің
жалғыз өзі ғана қалды. Бұрынғы Шталь бикені ешбір қыял күші қайта
оралтпас жаққа шығып кетті.
ХХХV
Князь өзінің мəз-майрам шаттығын үйішінің адамдарына да,
таныстарына да, тіпті Щербацкийлер тұрған неміс қожайынға да жұқтырып
жіберді.
Кити екеуі су бойынан оралған соң, князь полковникті, Марья
Евгеньевна мен Варенька үшеуін кофе ішуге шақырып, стол мен
орындықтарды баудағы талшын түбіне шығарыңдар да, ертеңгі асты сол
жерге жасаңдар деп бұйырды. Князь көңілді болған соң, қожайын да,
жалшы да жадырап кетті. Князьдың жомарт кісі екенін олар да білетін еді
де, жарты сағаттан соң, талшын түбіне тоғысқан орыстың сол сау-сəлемет
адамдарының шат дүрмегіне Гамбургтың ауру докторы да терезеден
қызыға қарап тұрды. Төбесіне көгілдір ленталы шоқ байлаған княгиня
жапырақтың дірілдеген дөңгелек көлеңкесінде, ақ дастархан жабылып,
шəугім, нан сарымай, ірімшік, тоңазыған құс еті қойылған стол басына
жайласып алып, жұртқа шыныаяқ, май жаққан нандар əперіп отыр.
Столдың екінші басына жайласқан князь тамақты қарбыта асап, көңілдене,
жарқын-жарқын сөйлеп отыр. Князь өзі, сатып əкелген əр алуан
қобдыйларын, құрама ойыншықтарын, қыруар сортты пышақтарын қасыңа
жайып қойыпты, олардың өзін қай суға барса да үйіп-төгіп ала
бергендіктен, жұртқа түгел тарту етіп, оның ішінде жалшы əйел Лисхен
мен қожайынға да беріп жатыр, өзі былдырақтатып нашар білетін неміс
тілінде қожайынмен қалжыңдай сөйлесіп, Китиді жазған су емі емес, сіздің
осы құнары күшті тамағыңыз, əсіресе, қараөрік қатқан сорпаңыз деп
дəмелендіріп те қояды. Княгиня да күйеуінің орысқа біткен дағдысын
сылтың еткенімен, су еміне келгелі бері бітпеген бір жадырау, жарқын
қалыпқа түсіп алған. Полковник те, қашанғы əдетінше, князь
қалжыңдарына күле түсіп отыр; бірақ ол өз ойынша, Европа жөнінде, зейін
сала зерттедім деп білгендіктен, княгиня жағында болды. Ақкөңіл,
аңқылдақ Марья Евгеньевна князь айтқан күлдіргілердің бəріне де шексілесі қатып күліп отыр. Князь қалжыңы қозғап, бойы болар-болмас
шымырлаған күлкіден Вареньканың өңі де, Кити əлі күнге дейін əсте
көрмеген бір əлпетпен құбыла түсіп отыр.
Осының бəрі Китиді де көңілдендіргенмен, алаң болмас жайы жəне
болмады. Өзі сонша сүйген достары мен өмірі жайында əкесінің жарқын
көз қараспен отырып-ақ білдіре кеткен түйткілін Кити шеше алмай да
қойды. Ол түйткілге Петровтарға деген ілтипатының бүгін сонша айқын,
жайсыз аңғарылған өзгерісі жəне келіп жамалды. Жұрт біткен түгел
жарқылдап отырғанда, Кити жарқылдай алмай, ол жағы өзін одан бетер
тағы қыйнады. Кити өзі, бала күнінде бір жазығы болып бөлмесіне жауып
тасталғанда, əпкелерінің мəз күлкілерін ести тұрып келген сезіміндей бір
сезімге келіп отыр.
— Апыр-ау, үйіп-төгіп мұны неменеге ала бергенсің? — деді княгиня,
күлімдеген күйі, күйеуіне кофе құйған шыныаяқты əпере беріп.
— Былай, аралауға шығып, дүкенге барсаң-ақ: «Эрлаухт, экспеленц,
дурхлаухт» 46 дегенді шұбырта, сатып ала қойыңыз деп жабыса кетеді түге.
Содан, «дурхлаухт» десе-ақ, шыдап тұра алмаймын да: он талерден47
айрылып шыға келем ылғый.
— Еріккендік қой бұл тек, — деді княгиня.
— Əрине, еріккендік. Еріккенде, тіпті қайда кетеріңді білмейсің,
бəйбіше.
— Қайдағы ерігу дейсіз, князь? Германияда қызық нəрсе деген толып
жатыр қазір, — деді Марья Евгеньевна.
— Қызық нəрсесін түгел білем мен: қараөрік қатқан сорпасы да, бұршақ
тыққан шұжығы да қанық. Түгел білемін.
— Жоқ, князь, не десеңіз о деңіз, бұлардың мекемелері қызық мекеме
бір.
— Неменесі қызық екен? Түгел мəз болып, мыс тыйынша қызара бөртіп
жүргені түге; бəрін жеңдік деп қарайды. Сонда, мен мəз болатын немене
бар, ал? Ешкімді жеңген жерім жоқ, етігіңді құр өзің шеш те, есіктен өзің
шығарып қой. Таңертең тұра сала киініп жібер де, жексұрын шайын ішуге
салонға тарт. Өз үйіңдегідей қайда дейсің! Бабыңмен оянасың, əлденеге кен
бұрқылдап алып, кемеліңе келген соң, ойластырып та шығасың түгел,
асығу деген жоқ.
— Уақыт деген — ақша ғой, сол жағын ұмытады екенсіз өзіңіз, — деді
полковник.
— Не қылған уақыт дейсіз! Бүкіл бір айыңды елу тыйынға қыятын да
бағзы уақыттар бар, əйтпесе бүйтіп жүріп жарты сағатта соқыр тыйын да
таппайсың. Солай ма, Катенька? Немене, өзің, көңілсіз отырсың?
— Əшейін, өзім.
— Қайда тарттыңыз? Отыра тұрсаңызшы, — деді князь Варенькаға
қарап.
— Үйге баруым керек еді, — деп Варенька түрегеле беpiп, тағы да
сылқылдай күлді.
Жөнделген соң жұртпен қоштасып, қалпағын алғалы үйге қарай тартты.
Соңынан Кити қоса кетті. Китиге енді Варенька екеш Варенька да өзге
адам боп көрінейін деді. Пəс ештеңесі болмағанымен, Кити қыялдаған
бұрынғы Варенькадан өзге Варенька болып кетті.
— Түу, көптен бері бүйтіп күлмеген едім, — деді Варенька, қолшатыры
мен қапшығын жыйыстырып ала беpiп. — Папаңыз не деген сүйкімді адам
өзі!
Кити үндемеді.
— Қашан көрісер екеміз? — деп сұрады Варенька.
— Maman, Петровтардікіне кіріп шықсам деп еді. Онда болмайсыз ба?
— деді Кити, Вареньканың пікірін тартып.
— Боламын, — деді Варенька, — аттанғалы жатқан өздері, нəрселерін
жыйнасайын деп уəде бергем.
— Ендеше мен де барамын.
— Жоқ, не бар сізге?
— Неге, неге, неліктен? — деді Кити, көзі шарасынан шыға жаутаңдап,
Вареньканы жібергісі келмей, шатырына жабыса кетіп. — Жоқ, тоқтаңыз,
неліктен ол?
— Сол, папаңыз келіп отыр, оның үстіне сіз жүрген соң, қысыла да
береді өздері.
— Жоқ, Петровтардікіне бара бергенімді қаламайтын мəнісіңізді
айтыңыз сіз маған? Қаламай тұрсыз ғой? Неліктен сол?
— Олай дегем жоқ мен, — деді Варенька жайбарақат.
— Жоқ, жарқыным, айтып беріңіз!
— Түгел айтайын ба? — деді Варенька.
— Түгел, түгел айтыңыз! — деді Кити жепілдетіп.
— Бөтен ештеңе де жоқ, əшейін, Михаил Алексеевич (суретшіні солай
атайтын) бұрын ертерек аттансам деп жүреді екен де, қазір аттанғысы
келмей қойыпты, — деді Варенька күлімсіреп.
— Я! я! — деді Кити, Варенькаға түнере қараған күйі, дікілдете сөйлеп.
— Содан Анна Павловна да əлденеге, осында сіз болған соң кеткісі
келмей отыр мұның дегенді айтып қалды. Əрине, олары орынсыз
болғанымен де, жанжалдары сіз жөнінде содан барып шығыпты. Сол бір
ауру адамдардың қандай шамкес келетінін де білесіз ғой өзіңіз...
Кити сол үндемеген күйі, қатты шытына берді де, Варенька бұрқ еткелі
тұрған ыңғайын танып, онысының жас екенін де, сөз екенін де білмей,
Китиді жұмсартып, жұбатайын деген оймен, жалғыз сөйледі.
— Одан да бармағаныңыздың өзі абзал... Білесіз ғой өзіңіз, ренжіп
жүрмеңіз...
— Өзіме де сол еп еді, сол! — деді Кити шапшаң сөйлеп, Вареньканың
қолындағы шатырын жұлып алған күйі, досының көзіне де қарай қоймай.
Варенька, досының балалық ашуына қарап, күлейін дегенмен,
өкпелетіп алармын деп қорықты.
— Ебі не? Түсінбей тұрмын, — деді Варенька.
— Еп екені, соның бəрі де көлгірлік болып шықты, өйткені жүректен
келген түгі жоқ, бəрі де бір ойжота нəрсе боп шықты құр. Бөгде адамға
жұғысып нем бар еді десеңші менің! Сөйтіп міне, сол жанжалдың себебі
мен болып шығыппын, өзіме ешкім істей ғой деп өтінбеген істі барып
істеппін. Бəрі сол көлгірліктен боп отыр! Көлгірлік! Көлгірлік сол!..
— Апыр-ау, көлгірсігенде не мақсатпен көлгірсімек? — деді Варенька
ақырын ғана.
— Ойпыр-ай, неткен кещелік, сұмпайылық десеңші! Тіпті ділгер түгім
жоқ еді ғой... Бəрі сол көлгірліктен! — деді Кити, шатырды бір ашып, бір
жауып тұрып.
— Апыр-ау, не мақсатпен дейсіз?
— Жұртқа да, өзіне де, құдайға да қош көрінгелі, жұрт біткенді
алдағалы көлгірсиді. Жоқ, енді оған ұрынар жайым жоқ менің! Ақмақ-ақ
болайын, бірақ өтірікші, алдампаз болмайын, əйтеуір!
— Апыр-ау, алдампаз кім екен? — деді Варенька кірарзып. — Осыны
өзіңіз, құдды бір...
Бірақ Китидің долдығы ұстап кеткен екен. Варенькаға сөз бермей
қойды.
— Сізді айтып тұрғам жоқ, айтып тұрғаным мүлде басқа менің. Сіз бір
кəміл адамсыз. Рас, рас айтам, бар кəмілдік сізде тұр, білемін; өзім ақмақ
болған соң, не лаж етерсің бірақ? Өзім ақмақ болмасам, ол да болмаған
болар еді. Мейлі, болсам бола-ақ қояйын, бірақ көлгірситін жайым жоқ.
Анна Павловнада не шаруам бар менің! Өз білгендерінше өмірлерін сүре
берсін мейлі, мен де өзімше сүре берем. Əзге болар жайым жоқ... Соның
бəрі де жуыспай жатыр, жуыспай!..
— Апыр-ау, жуыспай жатқан немене ол? — деді Варенька аң-таң боп.
— Бəрі де жуыспай жатыр. Жүрегім қосқан өмірден өзге өмір сүрер
жайым жоқ менің, ережелеріңіз бен өздеріңіз-ақ жарый беріңіздер. Сіздерді
мен жай сүйіп жүрсем, сіздер мені шынында, құр жебеп қалмаққа,
үйретпекке сүйіп жүр екенсіздер!
— Əділдік болмады мұныңыз, — деді Варенька.
— Əділдік болмайтын мен өзгенің жайын айтып тұрғам жоқ, өз
жайымды айтып тұрмын.
— Кити! — деп шешесінің даусы естілді. — Бері келіп, папаңа
құймаларыңды көрсетші.
Кити паңсынған əлпетпен, досымен татуласпаған бойы, столдағы
қорапты құймаларын ала шешесіне жөнелді.
— Не болған саған? Немене өзің қызарып кеткенсің? — десті шешесі
мен əкесі қосыла шу етіп.
— Жай əшейін, — деді Кити, — қазір келейін, — деді де, қайта жүгіріп
кетті.
«Өзі əлі осында екен ғой! — деді Кити ойланып. — Тəңір-ау, не
айтамын бұған! Не істеп, не айтып кеттім десеңші! Неменеге ренжіттім
өзін? Не істеймін енді? Не айтамын бұған?» — деп ойлады да, Кити есік
алдына келіп кірді.
Варенька қалпағым киіп, шатырын қолына ұстаған күйі, Кити
қыйратқан серіппені қарап, стол қасында отыр екен. Басын көтеріп алды.
— Варенька, кешіріңіз мені, кешірім етіңіз! — деді Кити, күбірлен
сөйлеген күйі, қасына таяна беріп. — Не айтып, не қойғанымды білмеймін
өзім. Мен...
— Шынын айтқанда, сізді кейітейін деген жоқ едім мен, — деді
Варенька күлімсіреп.
Екеуі татуласып кетті. Бірақ əкесі келген соң-ақ, Кити араласып жүрген
сол дүние түгел өзгеріп сала берді. Кити өзі, білгендерінен түгел пар
кешпегенмен, қалаған қалпымдай болам деген оймен өзін өзі алдап
келгенін де аңғарайын деді. Көзі жарқ ете түскендей болды өзінің;
шығайын деген шыңында көлгірлік пен мақтансыз баян тауып тұрудың да
тым қыйын екенін сезе кетті; оның үстіне, өзі араласып жүрген осы бір
қайғы-қасірет, ауру, өлмелі адамдар дүниесінің де аса ауыр дүние екенін
жете сезінді. Соны жақсы көрем деп өзін өзі күштеп жүргені азап көрініп
кетті де, таза ауаға, Россияға, Ергушовоға тезірек жетуге аңсай ынтықты,
Долли əпкесі балалары мен сол Ергушовоға барып қалғанын да Кити хат
арқылы біліп алған.
Варенькаға деген махаббаты суыған жоқ бірақ. Кити қоштасып тұрып,
Россияға, бізге келіңіз деп қолқалады.
— Сіз күйеуге шыққан кезде барамын, — деді Варенька.
— Өмір-ғұмыры шықпаймын мен.
— Ендеше, мен де өмір-ғұмыры бармаймын.
— Ендеше күйеуге соған бола ғана шығам мен. Байқаңыз, уəде есіңізде
болсын! — деді Кити.
Доктордың болжалы расқа шықты. Кити Россияға əбден жазылып
қайтты. Бұрынғысындай алаңсыз, ақ-жарқын болмағанмен, тынышталып та
алды өзі. Москвадағы қасіреті есте қалған бір елес ғана боп кетті.

 
ҮШІНШІ БӨЛІМ
І
Сергей Иванович Кознышев ой еңбегінен тынығайын деген оймен,
бұрынғы əдетінше, шетелге бару орнына, май айының аяғында
деревнядағы бауырына келді. Өз нанымы бойынша, ең жақсы тұрмыс
деревня тұрмысы болатын. Қазір бауырына келгенде, сол тұрмыстың
рақатын көрейін деп те келді. Осы жазда Николай ағасы келеді деп
күтпегендіктен, Константин Левин де қатты қуанып қалды.
Бірақ Сергей Ивановичті жақсы көріп, сыйлай тұра, деревняда
бауырымен тұруы Константин Левинге ыңғайсыз да тиді. Бауырының
деревняға деген аужайы ыңғайсыз тию үстіне, тіпті жағымсыз да көрінді
өзіне. Константин Левинге деревня деген — өмір мекені, яғни қуаныш,
бейнет, еңбек мекені болатын да, Сергей Ивановичке, бір жағынан,
еңбектен тынығу болса, екінші жағынан улаған денсаулыққа пайдасын біле,
сүйсіне қолданатын шипа дəрісі болатын. Деревня Константин Левинге
жақсы көрінгенде, күмəнсіз пайда келтіретін еңбек өрісі болған соң, жақсы
көрінетін. Сергей Ивановичке ерекше жақсы көрінген деревня, соның
өзінде түк істемей, босқа жүруге болады дегендіктен жақсы көрінді. Оның
үстіне Сергей Ивановичтің халыққа деген ілтипаты да Константинді біраз
шамдандырып тастады. Сергей Иванович халықты сүйем де білем деген
сөздер айтып, мұжықтармен де əлсін-əлі кеңесіп, кеңескенде, көлгірлік,
мəймөңкеге салмай, орнымен жақсы істеп, сондай кеңестердің
əрқайсысынан халық пайдасына да, сол халықты өзінің білетінін дəлелдеу
жөнінде де ортақ түйіндер шығарып жүрді. Халыққа деген ондай ілтипат
Константин Левинге ұнай қоймады. Константинге халық деген ортақ
еңбекте тек басты атсалысушы ғана болатын да, мұжықты барынша
сыйлап, өзі айтқандай асыраған əже сүтімен кірді-ау дейтін қайдағы бір
бауырлас қыймастықпен сүйе тұра, ортақ жұмыста өзі де атсалысушы
болған соң, кейде сол адамдардың қайратына, момындығына, əділдігіне
сүйсіне жүре, ортақ іске өзге сапалар керек болған кезде халықтың
аңқаулық, салақтық, маскүнемдік, өтірікшілдігіне де əлсін-əлі күйіне де
беретін. Константин Левиннен халықты сүйесіз бе деп сұрай қалса, не деп
жауап берерін де ныспы білмеген болар еді. Халықты да адам атаулы
сықылды сүйіп те, сүймей де жүре беретін өзі. Əрине, өзі мейірбанды адам
болған соң, адамды сүймеу жағынан сүю жағы басым жататын да, халыққа
да осылай болатын. Халықты бір ерекше бітім болған соң сүйемін, я
сүймеймін дегенді де айта алмайтын өзі, өйткені өзі халықпен бірге жасап,
бар мүддесі сол халықпен байланысты болу үстіне, өзін өзі тіпті сол
халықтың бір бөлшегімін деп санап,өзі мен халықта тұрған ешбір ерекше
сапа, кемшілік бар деп білмегендіктен, халыққа өзін қарсы да қоя
алмайтын. Оның үстіне, мұжықтармен өзі қожайын, арашашы, əсіресе
ақылшы ретінде (мұжықтар сеніп кеткендіктен, ақылдасуға өзіне қырық
шақырым жерлерден келіп тұратын) ұзақ жылдар біте қайнап, бірге жүрсе
де, халық жайында ешбір белгілі байлауы болмаған соң, халықты сүйесің
бе деген сұрауға жауап беруден қысылғандай да түрі бар еді. Халықты
біледі деген сөзді айту, адамды біледі деген сөзді айтумен бірдей еді өзіне.
Ол өзі неше қыйлы адамдарды, оның ішінде өзі жақсы, қызық адамдар деп
білетін мұжықтарды да үзбей бақылап, танып отыратын да, солардың жаңа
сапаларын дамылсыз байқап, олар жөніндегі бұрынғы байлауларын
өзгертіп, жаңаларын жасап отыратын. Сергей Иванович соған қыйғаш
жатыр екен. Константин сүймеген сол деревня тұрмысын, қыйғаш түсе,
Сергей Иванович сүйіп, Сергей Иванович мақтады, Константин сүймеген
адамдар табы жөнінде де қыйғаш шығып, халықты да сол Сергей Иванович
сүйді, адам атаулы жөнінде де бір түрлі алшақ келіп, халықты да сол біліп
шықты. Оның əдіс алған ақыл-ойында халық тұрмысының белгілі түрлері
де айқын қалыптаса кетті, ол түрлер ішінара халық тұрмысының өзінен
сабақталғанымен, көбінесе сол алшақтық айқастан келіп құралды. Халық
жөніндегі пікірі мен соған іш тартқан ілтипатын да ешуақытта өзгертпей
қойды өзі.
Халық жайын сөз еткенде де, ағайынды екеуінің арасында болған
таластарда Сергей Ивановичтің халық туралы, оның мінезі, қасиеті,
талғауы туралы ұғымы белгілі ұғым болған соң, бауырын ылғый жеңіп
шыға берді. Константин Левиннің, ешбір белгілі, баянды ұғымы
болмағандықтан, сол таластарда Константиннің өзіне өзі қайшы келгені де
ылғый ашылып қалып отырды.
Сергей Ивановичше інісінің өзі жүрегі жақсы жаралған (французша
өзі солай деп келетін), айтулы жігіт болатын, бірақ ақыл жағы əжептəуір
алғыр келгенмен де, минуттік əсерге бағына беретіндіктен, қайшылық жағы
қалың көріне беретін. Өзі ағалық кешірімділігіне басып, кейде оған
дүниелік мəнін түсіндіргенімен де, өзін оп-оңай жеңе беретін болған соң,
айтыса беруден де лəззəт ала алмайтын.
Константин Левин ағасына орасан ақылды, білімді, асқан мархабатты,
ортақ игілік жолында қайраткер болуға қабілеті бар адам деп қарайтын.
Бірақ өзі неғұрлым ержетіп, ағасын неғұрлым жете білген сайын, ортақ
игілікке деген, сол өз басында мүлде жоқ деп жүрген қайраткерлік
қабілетті, бəлкім, сапа емес шығар, қайта мейрімді, адал, игі ниеттер мен
талғаулардың жетпей жатқандығы болар, тіпті адамның өзін өмірдің сансыз
тарау жолдарынан бір-ақ жолын таңдап алып, соны ғана көксететін жүрек
дейтін өмір күші мен ықлас күшінің жетпей жатқандығы болар деген ойға
да ішінен соғұрлым жиі-жиі келе берді. Ағасын неғұрым көбірек білген
сайын, Сергей Иванович те, ортақ игіліктің көптеген өзге қайрат серлері де,
ортақ игілік жөніндегі сол сүйіспеншілікке жүрекпен келмей, əшейін
сонымен айналысқанымыз жақсы болар деген ақылмен келіп, ол игілікпен
тек сол үшін ғана айналысып жүргендерін де соғұрлым көбірек байқай
берді. Ортақ игілік пен өлмес рух жайындағы мəселелер ағасының көкейіне
шахмат ойыны, яки жаңа машинаның тауып істелген құрылысы жайындағы
мəселелерден артық қонған түгі болмаған соң да, Левиннің жорамалы беки
түсті.
Оның үстіне, Константин Левин деревняда, əсіресе жазды күні, ылғый
шаруашылықпен айналысып, керекті жұмыстарын түгел қайта істеп
шығуға жаз айының ұзақ күні де жетпей жатқанда, Сергей Иванович ағасы
демалысқа келіп, деревняда болуы жəне ыңғайсыз тиді. Ағасы бірақ қазір
дем алып, яғни шығармасын жазудан қолы бос жатқанмен де, ой еңбегіне
сонша үйреніп кеткендіктен, көңіліне келген ойларын қысқаша жайлап
айтып отыруды да, оны тыңдайтын адам болуын да жақсы көре берді. Ең
үйреншікті, табиғи тыңдаушысы інісі болып шықты. Сондықтан екеуі бірбіріне əшейін дос адамша қарағандарымен, ағасын жалғыз тастап кету
Константинге де ыңғайсыз тиетін болды. Сергей Иванович күн көзіне шыға
шалғынға жатып алып, сол қақтала жатқан күйі, жалқаусый сөйлей беруді
де жақсы көретін.
— Сенбейсің ғой сен, — дейтін інісіне, — осы хахол еріншектігі қандай
рақат десеңші маған. Басымда бұдыр ой жоқ, жым-жылас тіпті.
Бірақ Константин Левин соның сөзін тыңдаудан іші пысып, тықыршып
отыра да алмайтын, отыра алмағанда, əсіресе өзі болмаса, тартып жүрген
көңді тілік түспеген жерге əкетіп, көріп тұрмаса, қалай болса солай төге
салатындарын; плуг жүздерін бекітпей алып тастап, содан соң тұрып: плуг
дегенің бір ойжота, бос нəрсе екен, Андревна соқадай қайдан болсын деп,
тағы-тағы талайларды күжітетіндерін білгендіктен отыра алмайтын.
— Қойсаңшы, ыстық күнде жүре бермей, — дейтін оған Сергей
Иванович.
— Жоқ, əшейін конторға ғана кіріп шығам, — дей салып, Левин егін-
жайға шырқай жөнелетін.
II
Июнь айының алғашқы күндерінде даяшы, үнемпаз Агафья
Михайловна жаңа ғана тұздаған саңрауқұлақтарын салған банктерін
подвалға апара жатып, тайып жығылып, қолының басын шығарып алды.
Курсты жаңа ғана бітірген, земствоның бір мылжың, студент жас дəрігері
келді. Қолды қараған соң, шыққан жоқ екен деп, компрес қойды да, түскі
тамаққа аялдап, əйгілі Сергей Ивановичтің əңгімелеріне рақаттанғандай
боп, дүниеге көзі қарағы екенін өзі де көрсеткісі келгендіктен, земство
жайы жаман дей отыра, уездік өсектерді де түгел айтып берді. Сергей
Иванович зейін сала тыңдап, сұрастыра келе сөйлей бастады да, бірнеше
ұрымтал, тұжырымды пікірлерін айтып, онысын жас доктор да жалбаңдап
бағалаған соң, інісіне қанық бір емен-жарқын қалпына да келе кетті, бұл
қалыпқа өзі, əдетте, жақсылап, шешіле сөйлескенде келетін. Доктор кеткен
соң, Сергей Иванович қармақ алып өзенге барсам дегенді айтты. Балық
аулауды өзі жақсы көретін де, сондай жартымсыз ермекті жақсы көрем
дегенді мақтан еткендей де болатын.
Жыртқан жер мен шабындық жаққа жүргелі тұрған Константин Левин
ағасын қос аяқ арбамен апарып салайын дегенді айтты.
Жылдың бұл тұсы жаз ортасы жуықтаған кез болатын, бұл тұста:
быйылғы астықтың аңғары анықталып, келер жылдың егін қамы да
ескеріле бастайды; шабу шағы жетіп, қара бидай түгел бас жарып, дəн ала
қоймаған, əлі де жеңіл масағы желге жайқала толқыйды; арасына шоқ-шоқ
сарыбас шөп өскен қара көк сұлылар кеш егілген егінге теңеле қоймайды;
ерте егілген зығырлар жер бетін жасыра шашақ атады; мал таптап, жол-жол
тартқан шегедей пар-пар жарым-жартылай айдалып та қалады; сыртқа
шығарылып, дегду тартқан үйінді көң иісі, ертеңгісін шиен шөп иісіне
қосыла аңқыйды; жазықтарда шалғы күткен жағалау шалғындары,
арасында оталған атқұлақ сабақтары шоғыр-шоғыр қарайып, теңізше
тұтаса шалынады.
Бұл тұстың өзі ауылшаруашылық жұмысында халық күшін жыл сайын
түгел жұмылдырып, жыл сайын қайталап отыратын, жыйын-терін
алдындағы аз күндік толас кезі болатын. Егін ересен шығып, ашық, ыстық
жаз күндері жеткен, түні қысқа, шық түсіп қалатын кез еді.Ағайынды екеуі
пішендікке бару үшін орманды аралай жүретін болды. Сергей Иванович
жапырақ көмген орман көркін тынбай тамашалап, біресе көлеңке жағынан
қарауыта көрініп, жетім сары жапырақтары шұбарта, гүл атқалы тұрған
қарт жөке ағашын, біресе быйыл өнген ағаштардың жұбаржатша
жылтылдаған жас шыбықтарын бауырына нұсқай түсіп келеді. Константин
Левин табиғат көркі жайында сөйлеуді де, тыңдауды да сүймейтін. Айтқан
сөз көрген нəрселерінің көркін алып жіберетін. Ағасын қоштай түсіп
отырғанымен, өзге жайды ойлап келеді амалсыз. Екеуі орманнан өткен соң,
бар назары кей жерлері қуаң шөпті, кей жерлері тапталып, айқыш-ұйқыш
тілінген, кей жерлерінде үйінділер жатқан, кей жерлері айдалып та
қойылған, белеңдегі пар түріне құлады. Левин арбаларын есептей келіп,
керек нəрселерді түгел тасып алуға жетеді екен деген оймен, көңілі көншіп
алды да, пішендікті көрген соң, ойы пішен шабу мəселесіне қарай ойысты.
Пішен шабуда көңілге қашан да бір ерекше дық нəрсе барын сезе кететін
өзі.
Пішендікке келген соң, Левин де атын тоқтата берді. Қалың шөптің
көлеңкелі түбіндегі таңертеңгі шық əлі кебе қоймаған екен де, Сергей
Иванович аяғым су болмасын деген оймен, алабұға аулап жүрген шілікке
дейін пішендік арқылы арбамен апарып сал деп сұрады. Константин Левин
шалғынын жапыруды қанша аяғанымен де, пішендікті аралай тартты. Биік
шыққан шалғын шөп дөңгелектер мен ат аяқтарына судырай оралып,
арбаның шабақтары мен күпшегіне дəні тегіліп қалып жатыр.
Ағасы бұта түбіне жайласып, қармағын жазуға кірісті де, Левин атын
əрі апарып байлаған соң, жел қозғамай тынып тұрған көгілдір-шалғырт
шалғынның жайқын теңізіне жүзе жөнелді. Дəні пісе жібектей оралған
шалғын шөп, жайылмаларда белуардан келіп тұр.
Константин Левин пішендікті кесе өтіп, жолға шықты да, аралары бар
аулағыш алып келе жатқан ісік көз қартқа жолықты.
— Немене? Ұстап алдың ба, Фомич? — деді Левин.
— Қайдағы ұстау дейсіз, Константин Митрич! Өзіміздікін сақтап қалсақ
та сол. Екінші рет қашты, ақмақтар... Нұр жауғыр, жігіттер шауып жеткені.
Жерлеріңізді жыртып жатыр екен. Аттарын доғара сала, шауып жетісті...
— Жə, не айтасың, Фомич, — шабайық па, тұра тұрайық па, əлде?
— Қайтер дейсіз! Біздіңше, Петр күніне дейін тұра тұрған да жөн. Сіз
болсаңыз, ылғый ертерек шауып жүрсіз. Қайтер дейсіз, құдай берер, шөп
жақсы ғой. Малға да кеңейіп қалады.
— Ауа райын қалай ойлайсың?
— Құдай біледі де. Ауа райы да бұзыла қоймас, бəлкім.
Левин бауырына қайта оралды. Сергей Иванович ештеңе
ұстамағанымен, зеріге қоймай, көңілі де мəз-майрам тəрізді екен.
Доктормен арадағы əңгімеге елеңдеп қалған ағасы сөйлескісі кеп
отырғанын Левин де таный кетті. Левин болса, одан гөрі, үйге тезірек
жетіп, ертеңгі күнге шалғышыларды шақыруға жөн сілтеп, шабындық
жайында көкейін тескен күдігін шешіп алу жағын ойлады.
— Жə, жүреміз ғой,— деді ол.
— Асығып қайда бармақпыз? Отыра тұрайық. Келісіп су боп қалыпсың
ғой өзің! Балық ұстамасаң да жақсы екен. Саят атаулының жақсы жері —
осы табиғаты ғой. Мынау болатша мөлдіреген су не деген əсем су десеңші!
— деді ол. — Мынау жатқан шалғын жағалар да, — деді ойын сабақтап, —
өзіме əрқашан бір жұмбақ боп көрінеді, — білесің бе оны? Шөп деген суға
қарап: біз болсақ, ырғаламыз да тұрамыз, — дейді.
— Ол жұмбағыңды білмеймін, — деді Левин самарқау сөйлеп.
ІІІ
— Менің ойлағаным бар ғой, сенің жайың боп отыр, — деді Сергей
Иванович. — Əлгі доктордың айтуына қарағанда, уездеріңде боп жатқан
жайдың өзі келеңсіз жай екен деп отырмын; доктордың өзі ессіз жігіт емес
екен онша. Сенің жыйналысқа бармай, жалпы земство ісінен шеттеп
кеткенін, де жақсы қылық емес, саған менің айтқаным да, айтарым да сол.
Жөні түзу адамдар алыстай беретін болса, түгел не боп кетерін құдай
білсін, əрине. Біз төлеген ақшалар жалақыға кетіп жатыр да, не мектеп, не
фельдшер, не босандырушы əйел, не аптека жоқ, құр қалып отырсыңдар.
— Байқап көрдім ғой, — деді Левин сүле сапа, ақырын тіл қатып, —
жайым жоқ екен! Не істемекшімін!
— Немене жайын, жоқ? Шынымды айтсам, түсінбеймін оныңа.
Жаймашуақтық, іс білмегендік дегім келмейді де; сонда құр, жалқаулық
қана болғаны ма?
— Сол үшеуінің ешқайсысы да емес. Байқағам да, ештеңе өндіре
алмайтынымды көріп те отырмын, — деді Левин.
Ағасы айтқан сөздердің байыбына да бара қойған жоқ өзі. Өзеннің
аржағындағы айдауды шолған күйі, қарайған бірдеңе көрді де, соның не
жылқы, не салт атпен жүрген приказші екенін айыра алмай қойды.
— Неге ештеңе өндіре алмайсың? Талаптануын талаптанып тұрып,
соның орайы өзіңше келмей қалса-ақ, көне кетеді екенсің ғой сен. Намыс
деген кəне?
— Намыс дейсіз бе, — деді Левин, бауырының сөзі қытығына тиіп
кетіп, — түсініңкіремедім. Университетте отырып өзіме: интеграл есебін
өзгелер білгенде, сен білмейсің десе, намыс та болған болар еді ол. Ал, бұл
араға келгенде, сол істерге деген белгілі қабілетін, болуы керек те, əсіресе,
сол істердің бəрі бір өте маңызды істер дегенге ең алдымен нанымың
болуы керек.
— Сонда немене! Мұның маңызы жоқ па екен? — деді Сергей
Иванович, көкейін тескен нəрсесін інісі маңызсыз көріп, əсіресе, айтқан
сөзін де тыңдаңқырамай отырғаны қытығына тиіп кетіп.
— Өз басыма маңызды көрінбейді де, көңілімді де тарта қоймайды,
істер лажың не?.. — деді Левин, көріп отырғаны приказші екенін
ажыратқан соң, сол өзі жер жыртқан мұжықтарды жіберіп қойған-ау деген
оймен. Соқаларын төңкеріп те тастапты олар. «Қалай-ақ жыртып қойды
екен?» деп ойлады.
— Дегенмен, құлақ сал бері, — деді ағасы, ақылды сұлу жүзі түнере
отырып, — бəрінің де бір шегі болуы керек. Аусар болсаң да, адал адам
болып, жалған істі жаның сүймеу деген өте жақсы нəрсе бір, — бəрін
білемін оның сенің айтып отырғандарың, не құр мағнасыз бос сөз ғой
деймін де, не болмаса, өте теріс бағып отырған сөз ғой деймін. Əйтпесе,
өзің сүйемін деп сендіріп...
«Сендірген жерім жоқ өмірі», — деді Левин ойланып.
— ...тырған сол халық, жəрдем болмаса құрығалы отырғанын қалай
маңызсыз көрмексің сен? Дөкір құшнаш қатындар балаларды қор қылып,
халықты надандық жайлап, қыйт еткен писарьдің билігінде қалып отыр да,
сен болсаң, сол халыққа болыссын деп қолыңа қаржы беріліп отырғанда,
соны өзіңше маңызсыз көрген соң, болыспай отырсың. — Содан келіп,
Сергей Иванович екінің бірісің деген түйін айтты: — Не, қолыңнан келетін
нəрсенің түгін көре алмайтын боп, соншалық кенжелеп қалғансың да, не
болмаса соны істесең тыныштық, паңдығыңның мен білмейтін бірдеңесі
қурап қалады деген жаққа шыққансың.
Константин Левин не жеңіліп, не болмаса, ортақ іске сүйіспеншілігім
жетпей жатыр деп мойындай кетуден өзге ештеңе қалмағанын сезінейін
деді. Соған өзі қорланып та, кейіп те кетті.
— Соның екеуі де бар, — деді Левин шорт кетіп. — Пəлендей...
мүмкіндік барын көріп тұрғам жоқ өзім.
— Не дейді? Ақшаны жақсы орналастырып, дəрігерлік жəрдем беруге
болмай ма екен?
— Болмайтын сықылды меніңше... Су тасқындарымыз, дүлей
борандарымыз, жұмыс шағымыз тұрғанда, біздің уездің төрт мың шаршы
шақырым жеріне дəрігер жəрдемін түгел беру орайын өз басым көре алмай
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 20
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.