Latin Common Turkic

Анна Каренина - 29

Total number of words is 4020
Total number of unique words is 1975
35.4 of words are in the 2000 most common words
49.4 of words are in the 5000 most common words
56.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
əлпет көрсетіп кетті. Вронский Аннаға қарағанда, жұлған гүлі солған соң,
көркіне бола жұлам деп қор еткен гүлінің, сол шырайын əрең барып
аңлаған адамша қарады. Өз сезімінше, махаббаты күшті жатқан кезінде,
алда-жалда өз басым қатты қалаған болсам, сол махаббатты жүрегімнен
жұлып тастаған да болар едім-ау дегенмен, қазір өзі Аннаны сүймейтін
тəрізді боп отырған кезде, Аннамен арадағы байланысы ажырамайтынын
да қоса біліп отыр.
— Ал, кəне, король баласы жайында не айтқың келіп еді маған?
Ақсайтанды айдап жібердім, —дегенді қосып қойды Анна. Ақсайтан деп
араларындағы қызғанышты айтатын. — Я, король баласының жайын айта
бастадық ғой дейім? Олай неге ауыр болды өзіңе?
— Ойпыр-ай, сұмдық екен! — деді Вронский, жоғалтқан ойының
желісін тауып алғысы келіп. — Жақын таныс болудан ұта қояр түрі жоқ
екен өзінің. Анықтап айтатын болсақ, көрмелерде алдыңғы медаль алатын,
асырауы келіскен айуаннан асар түгі жоқ екен, — деді Аннаны қызықтыра
қынжылып.
— Қойшы, онысы несі? — деді Анна қарысып. — Дегенмен де көпті
көрген, білімді адам болар өзі?
— Онысы мүлде өзге білім — өздерінің білімі. Айуандық лəззəттен
өзгені түгел жек көретін солар сықылды, мұның білімі де сол білімді жек
керуге хұқықты болудың ғана білімі көрінеді.
— Сол айуандық лəззəтті бəрің де түгел жақсы көресіңдер ғой, — деді
Анна, өзінен тайқай қараған түнеріңкі көз қарасын Вронский тағы да
аңғара кетті.
— Немене өзің, соны соғұрлы арашалай бересің? — деді ол күлімсіреп.
— Арашалап отырғам жоқ, бəрібір маған; бірақ сол лəззəттерді өзің
сүймеген болсаң, көнбеген де болар едің деп ойлаймын. Хауаның костюмін
киген Терезаны көріп отыру лəззəт қой саған...
— Тағы да килікті ғой сайтан! — деді Вронский, Аннаның столға
қойған қолын ұстай бере, сүйіп алып.
— Я, шыдар жайым қалған жоқ бірақ! Сені күтем деп, қалай
зарыққанымды білмейсің ғой сен! Қызғаншақ емеспін ғой деп ойлаймын.
Қызғаншақтығым жоқ менің; сен қасымда отырғанда, сене де берем саған;
бірақ жаныма жақпас өміріңді əлдеқайда бір жерде жалғыз сүріп
жүргенде...
Анна одан сырыла отырып, тоқымасындағы ілгегін өйте-бөйте босатып
алған күйі, шамдал жарығына шағылысқан аппақ жүн жіптің ілмектерін
сұқ саусағы арқылы бірінен соң бірін шала бастағанда, кестелі жеңнен
шыққан сүйрік қолы да дірілдей жыпылдап орағыта бастады.
— Қалай болды өзі? Алексей Александровичке қайда кездесіп жүрсің?
— деді қапелімде, даусы шашырай шығып.
— Есікте түйісіп қалдық.
— Сол күйі о да бас иді ме, саған?
Анна иегін ілгері соза, көзін шала жұмып, бет əлпетін тез өзгерте,
қолын жыйып алған кезде, Вронский де соның əдемі жүзінен, Алексей
Александрович өзіне амандасқан кездегі əлпетті айнытпай көре кетті.
Вронский жымың ете түсті де, Айна болса, əсем көркінің бірі боп
көрінетін, кеудеден шыққан сүйкімді күлкісіне сала, масайрай күлді.
— Өзін тіпті түк түсінбей қойдым, — деді Вронский. — Сенің дачадағы
сөзіңнен соң, сенен айрылып кетіп, мені де дуэльге шақырған болса...
осыны өзім түсінбей-ақ қойдым, əйтеуір: осындай күйге қалай шыдап жүр
екен десеңші өзі? Қасірет шеккені көрініп тұр өзінің.
— Ол ма? — деді Анна сықақпен. — Əбден риза ол.
— Олай түгел жақсы болатын болса, неменеге қыйналып жүрміз
бəріміз?
— Ол қыйналмайды тек. Оны да, оның сол бойына түгел жайылып
алған өтірігін де білмейді дейсің, бе, мен?.. Бірдеңені сезген соң, менімен
тұрған сол сықылды тұра беруге болар ма еді десеңші? Ештеңе түсінбейді
де, сезбейді де ол. Бірдеңе сезген адам, күналы əйелмен бір үйде тұра
беруге болар ма еді? Сол əйелмен сөйлесуге бола ма? Сол əйелге сен
дегенді айтуға болар ма еді?
Анна соның сыйқына амалсыз тағы да салды. «Сен, Анна, ma сһёrе,
сен!»
— Еркек те, адам да емес, қуыршақ ол бір! Өзге ешкім білмесе де, мен
білем оны. Əттең, өз басым соның орнында болған болсам, мен сықылды,
сол əйелді əлдеқашан өлтіріп, парша-паршасын шығарар едім де: Анна, сен
та сһёrе дегенді ауызға да алмас едім. Адам емес, министрліктің машинасы
ол бір. Ол менің сенің жарың екенімді де, өзі жат, артық адам екенін де
түсінбейді... Жə, айтпай-ақ қоялық!..
— Дұрыс емес оның, дұрыс емес, достым, — деді Вронский, Аннаны
баяуқыратқысы келіп. — Бірақ дегенмен де, ол туралы айтпай-ақ қоялық.
Өзің не істедің, соны айтып бер маған? Өзін, неғып ауырдың? Не науқас
екен ол, доктор не деді?
Анна оған сылтың ете, қуана қарады. Күйеуінен өзі тағы да бір күлкі,
оспадар нəрселер тауып, соны айтудың орайын аңдып отырған түрі бар
екен.
Вронский бірақ сөзін сабақтап əкетті.
— Менің түсінуімше, ол өзі науқас емес, екі қабат жайын, ғой деймін
сенің. Қашан болар екен ол?
Аннаның көзіндегі сылтың оты сөніп кетті де, бұрынғы əлпетін бір өзге
күлкі — Вронский білмейтін əлденені түйіктен, баяу бір мұң күлкісі —
шала қойды.
— Кешікпейді, жақын. Жайымыз бір азап жай, шешуіміз керек деп едің
ғой өзің. Осы күйдің өзіме қандай ауыр екенін білер ме едің десеңші сен,
өзіңді емін-еркін, батыл сүю үшін не берген болар едім десеңші! Қызғанам
деп сені де, өзімді де қыйнамаған болар едім-ау... О да ұзамай болады, бірақ
екеуміз ойлағандай болмайды ол.
Сол болады дегені қалай болар екен деген ой келгенде, Анна өзіне өзі
сонша аяныш көрініп кетті де, көзінен жасы мөлдіреп, айтар сөзін айта
алмай да қалды. Шамдал жарығына шағылысқан сақыйналы, аппақ қолын
Вронскийдің жеңіне қоя берді.
— Екеуміз ойлағандай болмайды ол. Оны айта қояйын деген де жоқ
едім саған, өзің айтқыздың бірақ. Кешікпей түгел шешіледі, бəріміз де
түгел тыншығамыз, азап тартуды да қоямыз енді.
— Түк түсінсем неқыл дейсің, — деді Вронский, Анна сөзін түсіне
тұрып.
— Қашан дегенді сұрадың ғой, сен? Кешікпейді. Оған мен де жетпеймін
бірақ. Сөзді бөлме! — деді де, асыға сөйледі. — Оны білгенде де, анық
білем өзім. Өлемін де, өте қуаныштымын соған, өлемін де өзімді де,
өздеріңді де құтқарамын.
Көзінен жасы моншақтай ақты; Вронский соның қолына еңкейген күйі,
ой толқынын білдіргісі келмей, сүйе бастады, ол толқуының түк тірегі
жоғын өзі де білгенмен, басуға да шарқы жеткен жоқ оны.
— Міне, осылай, осы жақсы мінеки, — деді Анна Вронскийдің қолын
пəрменінше құшырлана қысып. — Бізге қалғаны жалғыз осы, мінеки.
Вронский бойын жыйнай, басын көтеріп алды.
— Не сөз бұл! Немене жоқтан өзгені айтасың өзің!
— Жоқ, шын ол.
— Немене, немене шын?
— Шыны — өлемін. Түс көргем.
— Түс дейді? — деді Вронский қайырып, түсінде көрген өз мұжығы да
есіне қалт түсе кетіп.
— Түс, я, — деді Анна. — Ол түсті əлдеқашан көргемін. Түсімде жатын
бөлмеме бірдеңе алғалы, бірдеңе білгелі жүгіре кіріппін; өзің білесің, түсте
көретін əдетімізше, — деді Анна, көзі шарасынан шыға шошый сөйлеп, —
бөлменің бұрышында бір нəрсе тұр екен.— Əй, жоқты айтпашы ары! Қалай
сеніп жүрсің...
Сөзін бөлдірмеді Анна бірақ. Айтқан нəрсесі өзіне бір маңызды нəрсе
болатын.
— Сол бірдеңе жалт бұрылып еді, көрген нəрсем, сақалы қаужыйған,
кіп-кішкентай, қорқынышты бір мұжық болып шықты. Зыта жөнелейін деп
едім, бірақ мешогіне еңкейіп, содан қолын сұғып бірдеңені ақтарып іздей
бастады...
Анна мұжықтың мешок ақтарып жатқан сыйқына салып көрсетті.
Жүзінде шошыған əлпеті сайрап тұр. Вронский де өз түсін есіне осылай
шошый түсіріп, жүрегі тас төбесіне шықты.
— Ақтарып жатып бар ғой, кешікпейді, кешікпейді дегенді французша
айта жүріп: «ll faut le battre le fer, le broyer, le petrir...»67 деп шөлдірлейді өзі.
Қорыққанымнан, оянсам екен деп жатып, оянып та кеттім... Түсімде
ояныппын бірақ. Содан бұл не болды екен деп сұраймын өзімнен өзім.
Корней тұрып: «Босанарда, босанарда өлесіз, босанарда, бəйбіше...» дейді
маған. Сонсоң оянып та кеттім...
Не деген алжасу десеңші! — деді Вронский, даусында түк дəрмен
жоғын өзі де сезіп.
»Жарайды, айтпай-ақ қоялық. Қоңырау соқ, шай əкел дейін. Жə, қоя
тұр, боп қалдым енді...
Бірақ өзі кілт кідіре қалды. Бет əлпеті лезде өзгеріп те кетті. Қорқуы
мен толқуы орнын қапелімде бір салмақпен, балбырай, баяу аңлаған əлпет
алды. Ол өзгеріс мəнін Вронский түсіне алмай да қалды. Анна өз
бойындағы жаңа өмірдің қыймылын аңлады.
IV
Алексей Александрович есік алдында Вронскикге ұшырасқан соң,
дітіне алған Италия операсына қарай тартты. Онда екі акт біткенше
отырып, керекті кісілерін түгел көрді. Үйіне оралған соң, киім ілгішті зер
сала қарастырып, əскери пальто жоғын байқады да, əдетінше, кабинетіне
қарай тартты. Бірақ, əдеті бойынша, жататын уақытында жата қоймай,
кабинетінде түнгі сағат үшке дейін ары, бері қыдырды да жүрді.
Сыпайыгершілікті сақтап, ашынаңды үйіңде қабылдама деп алдына қойған
жалғыз шартты орындағысы келмеген əйеліне деген ашуы тыныштық
бермеді өзіне. Əйелі талабын орындамағандықтан, соның сазайын
тартқызып, басыңды ашып, балаңды алам деген зілін орындауы керек боп
тұр. Сол іске байланысты қыйыншылықты өзі түгел білгенмен, соны
істеймін деп айтарын айтқан соң, сол зілін енді орындауы керек оның. Бұл
күйіңізден құтылудың абзал жолы осы деп өзіне Лидия Ивановна графиня
да құлақ-қағыс етіп, соңғы кездегі бас ашу тəжрибесі де бұл істі кемеліне
əбден келтіріп болғандықтан, Алексей Александрович те ресми
қыйыншылықты жеңу орайы бар екен деген ойға келді. Оған қоса,
жығылған үстіне жұдырық демекші, Алексей Александровичке қызмет
жағынан да бұратана елдерді орналастыру, Зарайская губерниясының
жерлерін суландыру жөніндегі істер қыруар жайсыздықты əкеп үйе
салғандықтан, осы соңғы кездің бəрін де өзі өте налып жүрген болатын.
Түні бойы өзі ұйқтамады да, ашу-ызасы қайдағы бір даму жолымен
орасан ұлғайып келіп, ертеңгісін нағыз шегіне жетіп болды. Апыл-ғұпыл
киініп жіберді де, шарасы толы ашуым шайқап алам ба деп қорқа көтеріп,
əйелімен түсінісуге керекті қайратын ашуыммен бірге ада етіп алмайын
деген оймен, əйелі түрегелгенін білісімен-ақ, іркілмей кіріп барды.
Күйеуімнің жайын сонша жете білем дейтін Анна, сол кіріп барғандағы
түрін керіп, таң-тамаша болды. Қабағы қарс жабылып, көзі де Аннадан
айный, қарсы алдына қараған күйі, тұнжырап тұр екен; ернін сілтідей тына,
тістеніп алыпты; жүріс-тұрыс, қыймылында, үн лебізінде, əйелі өмірі бір
көрмеген батылдық пен қатаңдық бар екен. Бөлмеге кірген күйі, əйелімен
де амандаспай, соның жазу столына тура барды да, кілтті алып, тартпаны
ашты.
— Не керек еді?! — деді Анна шаңқ етіп.
— Ашынаңыздың хаты керек, — деді ол.
— Бұ жерде жоқ ол, — деді Анна, тартпаны жаба беpiп; бірақ оның сол
қыймылынан-ақ, күйеуі дəл түскенін аңғара қойды да, Аннаны итеріп
тастап, соның ең керекті қағаздарды салып жүретін, өзіне аян портфеліне
шап ете түсті. Анна жұлып алайын деп еді, қағып жіберді ол.
— Отырыңыз! Сөйлесуім керек сізбен, — деді ол, портфельді
қолтығына қысқан күйі, шынтағымен қатты қымтығандықтан, иығы да
қомдалып шығып кетті.
Анна оған таңырқай, жүрексіне қараған күйі, жақ ашқан жоқ.
— Ашынаңызды үйде қабылдауға жол бермеймін дегемін сізге.
— Бір жəйттен, көруім керек болып еді...
Ешбір сылтау таба алмай кідіріп те қалды Анна.
— Əйелдің ашынасын көруі неге керек болғанын қазымырлар жайым
жоқ менің.
— Менің ойым, тек əшейін... — деді Анна қызарақтап, күйеуінің
дойырлығы шамдандырғанға, ерленіп те кетті өзі. — Мені жəбірлеуді опоңай көріп тұрғаныңызды қалай сезбей тұр екенсіз өзіңіз? — деді ол.
— Адал адам, адал əйел жабірленеді деуге болар, бірақ ұрыға —
ұрысын, деу la constatation d'un fait 68 тек ол.
— Қаталдықтың осынау жаңа тұрпатын сізден əлі көрген жоқ едім мен.
— Күйеуі құр сыпайыгершілікті ғана сақтау шартымен əйелін адал
атының аясына алып, ерік беріп қойғанын қаталдық дейді екенсіз ғой сіз.
Қаталдық па екен сол?
— Білгіңіз келіп тұр екен ақыр, қаталдықтан да жаман, арамдық
оныңыз! — деді Анна, шарт кетіп, шаңқылдаған күйі, тұра сала, кетуге бет
алып.
— Жо-жоқ! — деді күйеуі шəңкілдей айқайлап, даусы енді əдеттегісінен
бір нота ащы шыққан күйі, Аннаның қолын қарымды саусағымен шап етіп
қатты сыққандықтан, қысқан жеріне білезігінің қып-қызыл табы түскен
бойы, орнына күшпен қайта отырғыза салды. — Арамдық дейсіз бе? Ол
сөзді қолданғыңыз келсе, ашынасына бола байын, баласын тастап тұрып,
байының нанын жеп отыру — арамдық деген сол əне!
Анна тұқырып кетті. Кеше ашынасына күйеуім сен, өз күйеуім артық
адам деп айтқандарын айтпақ түгіл, оны ойлаған да жоқ өзі. Күйеуінің сөзі
əділ сөз екенін барынша сезінген күйі, құр:
— Менің жай-күйімді өз білгенімнен жаман етіп суреттей алмайсыз,
оның бəрін несіне айтып тұрсыз? — деді ақырын.
— Несіне айтып тұрмын ба оны? Несіне дейсіз бе? — деді күйеуі сол
түтеген күйі. — Сыпайыгершілікті сақтау жайындағы ырқымды
орындамағандығыңыздан, осы ахуалды тындыру жөнінде шара қолданғалы
отырғанымды сіз біліп қойсын деп тұрмын.
— Онсыз да кешікпей, жуырда тынады ол, — деді Анна, сөйтіп, қалаған
өлімі қазір жақын қалғанын ойлағанда, көз жасы тағы да мөлдіреп қоя
берді.
— Ашынаңыз бен екеуіңіз ойлап тапқандарыңыздан гөрі, ертерек
тынады ол! Сіздерге айуандық құштарды қандыру керек боп жүр...
— Алексей Александрович! Мархабаттылық емес деп отырғам жоқ
оны, бірақ жатқанды төмпештеу деген адамшылық емес ол!
— Əлбетте, сіздің білеріңіз-ақ өзіңіз де, өз күйеуіңіз болған адамның
қасіреті қаперіңізге келмейді ғой сіздің. Оның тұрмысы түгел шайқалып,
қа... қасі... қасірет тартуы жеткені бəрібір ғой сізге.
Алексей Александрович сонша тез сөйлегендіктен, жаңылып кетіп, осы
сөзді тіпті айта алмай да қойды. Ақыры оны қасірет деп те жіберді. Аннаға
күлкі көрініп кетті де, осындай сəтте күлкі араластырғанына ұялып та
қалды. Соның жайың қалт тұңғыш рет сезіп, соның жайына көшіп, соны
аяп та кетті өзі. Бірақ Анна не айтып, не істей алсын десеңші? Үндемей,
төмен тұқырып кетті ол. Күйеуі де біраз үндемей тұрып, содан соң барып
шəңкілдеуін азайта, салқын үнге салып, ерекше ешбір маңызы жоқ,
əлдеқалай тапқан сөздерін тəптештеп сөйлей жөнелді.
— Сізге айтқалы келгенім... — деді ол...
Анна жалт қарады оған. «Жоқ, əшейін солай көрінген екен өзіме, —
деді ойланып, күйеуінің қасірет деген сөзде жаңылып қалғандағы бет
əлпетін есіне түсіріп, — жоқ, көзі осылай бозарып, жайбарақат тоқмейілсіп
тұрған адам анау-мынауды қайдан сезсін десеңші?»
— Ештеңені өзгертер жайым жоқ, — деді Анна күбірлеп.
— Сізге айтқалы келгенім, Москваға кетем де, қайтып бұл үйге
оралмаймын, байлауым жайындағы хабарды адвокат арқылы білесіз, бас
ашу жағын соған тапсырамын. Балам қарындасыма кетеді, — деді Алексей
Александрович, баласы жайында айтайын дегенін есіне əрең түсіріп.
— Сережаны керек етіп тұрғаныңыз, маған батсын дейсіз ғой, — деді
Анна, күйеуіне қабағының астынан сүзе қарап. — Сүймейсіз оны сіз...
Қозғамаңыз Сережаны!
— Əлбетте, сізден түршіккен соң, тіпті балама деген махаббатымнан да
айрылғамын. Дегенмен де ала кетем өзін. Қош болыңыз!
Содан ол кетуге бейімделіп еді, енді Анна жібермеді оны.
— Алексей Александрович, қозғамаңыз Сережаны! — деді тағы да
күбірлеп. — Одан өзге айтар ештеңем де жоқ. Менің... дейін қозғамаңыз
Сережаны. Жуырда босанам, қозғамаңыз оны!
Алексей Александрович тұлан тұтып, Аннадан қолын босатып ала,
бөлмеден үндемей шыға жөнелді.
V
Алексей Александрович келіп кіргенде, Петербургтің əйгілі
адвокатының қабылдау бөлмесі жұртқа лық толы екен. Бірі кемпір, бірі
жас, бірі көпес: үш əйел, бірі саусағына жүзік салған банкир — неміс, бірі
— сақалды көпес, бірі — мойнына креш таққан, вице-мундирлі, шадыр
чиновник: үш мырза көптен күтіп отырған түрі бар екен.
Қауырсын қаламдары сусылдап, екі жəрдемшісі столда жазу жазып
отыр. Алексей Александрович құныға беретін, жазу жабдықтары да ересен
жақсы екен. Алексей Александровичтің аңғармас жайы болған жоқ оны.
Жəрдемшілердің бірі көзін сүзе қараған күйі, орнынан тұра қоймай,
Алексей Александровичке зіл тастай сөйледі.
— Не керек еді сізге?
— Адвокатта шаруам бар еді.
— Адвокат бос емес, — деп жəрдемші тік жауап берген күйі, күтіп
отырғандарды қаламмен нұсқады да, жазуына кірісіп кетті.
— Уақыт таба алмас па екен ол кісі? — деді Алексей Александрович.
— Бос уақыты жоқ, жұмыс басты ылғый. Шыдап тоса тұрыңыз.
— Карточкамды бере салмас па екенсіз онда, — деді Алексей
Александрович маңызданып, аты-жөнін əйгілеуі қажет екенін көрген соң.
Жəрдемші карточканы алып, мазмұнын да қостай қоймаған əлпетпен,
есікке қарай тартты.
Алексей Александрович жария сот дегенге негізінде қосылғанмен, өзіне
аян жоғарғы қызмет бабы жағынан, соның бізде кейбір қолданылу
жайларына онша қосылмайтын да, мықтап бекіген ондай нəрселерді, өз
шарқына қарай мінеп те жүретін. Күллі өмірі əкімшілік қызметінде
еткендіктен, бірдеңеге өзі қосылмаған кездерде, ол қосылмауын: əрбір істе
қате болмай тұрмайды, түзетесің де оны деумен барып жұқартатын. Сот
ісінің жаңа мекемелеріндегі адвокатура жағдайларын қостамайтын өзі.
Бірақ адвокатураға осы күнге дейін ісі түсіп көрмегендіктен, ол қостамауы
құр теория жүзінде ғана қостамағандық болатын; қазір адвокаттың
қабылдау бөлмесінде алған жайсыз əсерден соң, ол қостамауы одан əрі
күшейіп кетті.
— Қазір шығады, — деді жəрдемші, содан екі минут өткен соң,
шынында да, адвокатпен кеңесіп, есіктен шығып келе жатқан қарт
заңқойдың дерендей кескіні мен адвокаттың өзі қоса көрінді.
Адвокат өзі қоңырқай-жирен сақалды, қасы ақшұлан ұзын біткен,
тəпелтек, кең иықты, шот маңдай, қасқалау адам екен. Галстугы мен қос
шынжырынан тартып, жылтыр ботинкасына дейін, күйеу жігітше, ыздыя
киініпті өзі. Бет əлпеті ақылды, қажырлы келген адам екен де, киім киісі
тырқылау, жарасымсыз екен.
— Келіңіз, — деді адвокат, Алексей Александровичке қарап. Сөйтті де,
Алексей Александровичке қасынан тұнжырай тұрып өткізген күйі, есікті
жауып алды.
— Отырмас па екенсіз? — деп, қағаздар қаптап жатқан жазу столының
жанындағы орындықты нұсқады да, ақшұлан түк басқан молтақ саусақты
титтей қолын сүрткен күйі, председатель орнына, басын бір жағына қырын
сала келіп отырды. Бірақ, сол отырысында өзінін, орныққаны да сол еді,
стол үстінен бір күйе ұшып өте берді. Адвокат, өзінде бола қояр деп
ойламайтын бір шапшаңдыққа салып, қолын жая күйені қағып алды да,
бұрынғы отырысынша қайта жайласты.
— Ісім жайында əңгіме бастаудан бұрын, — деді Алексей
Александрович, адвокат қыймылын көзбен таңырқай қадағалап, — менің
сол айтайын деген ісім құпыя болуға тиіс дегенді ескертейін деп отырмын.
Адвокаттың салбырай біткен жирендеу мұрты болар-болмас жымыңнан
қозғалып ашыла берді.
— Өзіме сеніп айтқан құпыяны сақтай алмасам, адвокат болмаған да
болар едім мен. Алда-жалда растау керек десеңіз...
Алексей Александрович адвокаттың жүзіне қарай сала-ақ, ақылды
көкшіл көзі, бəрін біліп болғандай, күлім қағып отырғанын көре қойды.
— Фамилиямды білесіз бе, менің? — деді Алексей Александрович, сөз
тартып.
— Өзіңізді де, пайдалы — дей беріп тағы да бір күйе қағып алды, —
қызметіңізді де, бір орыстай-ақ білемін, — деді адвокат иіліп.
Алексей Александрович, көңлін демдей күрсініп салды. Алайда,
оқталуын оқталып қалған соң, именгенді де, мүдіргенді де қойып, кейбір
сөзді дауысы шəңкілдей тəптештеп, сөйлеп ала жөнелді.
— Алдау керіп, бағым тайған жар едім, — деді Алексей Александрович,
— əйеліммен арамызды заң жүзінде үзсем, яғни айрылыссам деп едім де,
айрылысқанда, балам шешесінде қалмаса деп едім.
Адвокаттың көкшіл көзі, күлмейін дегенімен де, қуаныш кернегендіктен
ойнақшып кетті. Ол ойнақшуда пайдалы тапсырма алған адамның жалпы
қуанышы ғана емес, — масайрау, сүйсіну қуанышы, əйелінің көзінен
көрген сонау сойқанды жалтылға ұқсас жалтыл тұрғанын да Алексей
Александрович көре қойды.
— Бас ашу жайында менің көмегім тисе дейсіз бе?
— Дəл түстіңіз, я, сіздің сол елегеніңізді пайдаланып қалсам деп
отырғанымды да ескерте кетуім керек өзіңізге. Сізге құр алдын ала
ақылдасуға ғана келіп отырмын. Бас ашуды қалағанда, маған соның орайын
келтіретін түр жағы маңызды соғып отыр. Талаптарыма түр жағы сай
келмесе, заңды дауымнан бас тартуым да əбден мүмкін нəрсе.
— Е, ол қашан да солай ғой, — деді адвокат, — өз ырқыңызда ол қашан
да.
Адвокат, қуаныш кернеген түріммен отырып, алдымдағы адамды
жəбірлеп алармын дегенді сезіп, көзін Алексей Александровичтің аяғына
қарай аударды. Соның қарсы алдында ұшып жүрген күйеге қарап, қолын
қамдай берді де, Алексей Александровичтің дəрежесін сыйлап, ұстамады
оны.
— Бұл нəрсе жайында заңымыздың ережелері өз басыма жалпы мəлім
болғанмен де, — деді Алексей Александрович сөзін жалғап, — тегі
тəжрибеде осындай істің істелу түрін білсем деген ойым бар еді.
— Сіз маған, — деді адвокат, жоғары қарамаған күйі, алдындағы
адамның сөз ыңғайына ықлас қоя төңкеріліп, — тілегіңізді орындау орайы
келетін жолдарды ыспаттаса деп отырсыз ғой.
Содан, Алексей Александрович басын қостай изеген соң, адвокат та
Алексей Александровичтің таңлақ-таңлақ, қызарған жүзін тек оқта-текте
ғана шола түсіп, сөзін сабақтап əкетті.
— Өзіңізге белгілі, біздің заңдарымыз бойынша, — деді, заңдарымызды
қостаңқырамаған лебіз білдіре сөйлеп, — бас ашу орайы тек мына
жағдайларда келеді... Тұра тұр! — деді есіктен бас сұққан жəрдемшісіне,
сонда да болса түрегеліп, бірер сөз айтты да қайта отырды. — Ер-əйелді
адамдардың біреуі кем болған жағдайда, одан соң белгісіз себеппен бес
жыл бөлек жүрген жағдайда, — деді түк басқан молтақ саусағын бүгіп
қойып, — одан соң опасыздық істеген жағдайда (осы сөзді тіпті түшіркене
айтты өзі) келеді орайы. Тармақтары мынау (жағдайлар мен тармақтарды
бір ыспаттаудың жөні келмейтін тəрізді болғанмен, жуан саусақтарын
бүгуін қойған жоқ): не күйеуі, не əйелі кем болуы керек, одан соң не күйеуі,
не əйелі опасыздық істеген болуы керек. — Саусақтары түгел бүгіліп
болғандықтан, қайта жазып, тағы да айтты: — Мұнымыз теория
жағындағы көзқарас, сіз бірақ маған зауімен келгенде, осының тəжрибеде
қолданылу жағын білсем деп келдіңіз ғой деймін. Сондықтан, бастапқы
жораларға сүйене отырып, бас ашу жағдайларының бəрі де: бітім кемшілігі
жоқ екен, қалай дейін мен? Белгісіз шет кету де жоқ екен, не деп
түсінейін?.. дегенге құятынын мəлімдеуге тиіспін сізге.
Алексей Александрович басын мақұлдай шұлғыды.
— Ер-əйелді адамның біреуі опасыздық істесе, күналі жағын өзара
келісу арқылы ашу керек те, ондай келісім үстіне, лажсыз ашылуға да тиіс
дегенге келіп құяды. Соңғы жағдай тəжрибеде сирек кездесетінін де айта
кетуім керек, — деді де адвокат, Алексей Александровичке жалт қарап
алған күйі, пистолетінің онысын да, мұнысын да қолайлы жағынан
суреттей келе, алушым қайсысын қалар екен деп күтіп тұрған сатушыша,
жым басыла қалды. Бірақ Алексей Александрович үндемеген соң, адвокат
тағы да сөйледі: —Ең үйреншікті, ең жай, ең орындысы — өзара келісіп
істеген опасыздық деп білем өзім. Ой өрісі кенде адаммен сөйлессем, бұлай
айтпаған да болар едім, — деді ол, — бізге ол түсінікті ғой деймін, бірақ.
Дегенмен де Алексей Александрович соғұрлы дал болып
отырғандықтан, опасыздық жайында өзара келісім болғаны жөн дегенге
бірден түсінбеген соң, сол аң-таң əлпетін көзі арқылы барып танытты;
бірақ адвокат та іле-шала болыса кетті оған:
— Жұрттың бұдан ары бірге тұрар жайы жоқ — факты сол. Соны екеуі
де қостаған күнде, егжей-тегжейі, ресми жақтары дегендердің деркері
болмай қалады. Оған қоса ең оңай, ең дұрыс амал өзі.
Алексей Александрович əбден түсінді енді. Бірақ ол шараға бастырмай
жүрген діни талаптары да бар еді өзінің.
— Бұл жайдағы мəселеге қатнасы жоқ оның, — деді ол. — Бұл арада
лажсыз ашу жөнінде қолымдағы хаттар растап отырған бір-ақ жағдайдың
орайы келіп тұр.
Хаттар ауызға алынғанда адвокат та ернін жымырып, нəзік даусы құлақ
жара, өкіне ыңыранды.
— Ғафу етерсіз, — деді ол сөз бастап. — Өзіңізге аян, бұл сықылды
істер дін орындарында шешіледі; ғұлама поп дегендер бұл сықылды
істердің егжей-тегжейін қоймай тақақтауға өте бейім келеді, — деді, ғұлама
поптардың талғауын қостаған əлпет көрсете күлімсіреп. — Хат дегендер де
ішінара растауы кəдік екені сөзсіз; бірақ қылмыс деген тікелей, яғни қуалар
арқылы анықталуы тиіс. Жалпы айтқанда маған сендім деп құрмет
білдірген болсаңыз, қолданатын шараларды сайлап алу жағын өз ырқыма
берсеңіз деп отырмын. Ақырын ойлаған адам, айласын да қыяды.
— Олай болғанда... — деді Алексей Александрович, қапелімде бозарып
сала беріп, бірақ осы тұста адвокат та түрегеліп, сөзін бөлген жəрдемшісіне
жолыққалы тары да есік аузына шықты.
— Арзан товар саудалап отырғамыз жоқ дегенді айтыңыз, ол əйелге! —
деді де, Алексей Александрович қайта оралды.
Орнына келген соң, байқатпай тағы да бір күйе қағып алды. «Жазға
қарай репізім оңатын болды!» — деді түнере ойланып.
— Жə, сөйтіп, сөйлейін деген едіңіз ғой... — деді ол.
— Байлауымды жазба түрде хабарлаймын сізге, — деді Алексей
Александрович, түрегеле бере, стол шетінен ұстап, біраз томсарып тұрып:
—Демек, сөзіңізге қарап, бас ашу орайы бар екен деп қорытуға болады ғой
деп тұрмын. Шартыңыз қандай екенін де айтуыңызды сұрасам деймін, —
деді.
— Еркін қыймылдауға ырық беріп қойсаңыз, бəрінің де орайы келеді,
— деді адвокат, сұрауға жауап бере қоймай. — Хабарыңызды қашан алам
деуіме болар екен? — деп сұрады адвокат, есікке қарай беттеген күйі, көзі
мен жылтыр ботинкасы қоса жалтылдап.
— Бір аптадан соң. Осы іс жайында іздену жағын қолыңызға алатын
болсаңыз, қандай шартпен алатын жауабыңызды да, марқабат істеп,
хабарлап қойыңыз маған.
— Өте жақсы.
Адвокат ізет тұта бас иіп, келген адамды есіктен шығарып салған соң,
жалғыз қалып, қуанышты сезімге құлпыра балқыды. Сонша көңілденіп
кеткендіктен, өз ережелерін де былай қоя, саудаласып отырған барыняға
кеңшілік етіп, саймандарды келер қыста Сигониндікінше барқытпен
қаптату керек дегенді ада-күде шешкен соң, күйе ұстағанын да қойды ол.
VI
Алексей Александрович он жетінші август комиссиясының мəжлісінде
келістіре жеңіп шыққанмен, сол жеңудің салдары өзін морытып та кетті.
Бұратана елдердің тұрмысын бар жағынан түгел зерттеу жөнінде жаңа
комиссия
құрылып,
Алексей
Александрович
жігер
жұмсай
дігерлеткендіктен, баратын жерлеріне де төтенше тез аттандырылды. Үш
айдан соң баяндама тапсырылды. Бұратана елдердің тұрмысы саяси,
əкімшілік, экономикалық этнографиялық, материалдық, діни жақтарынан
түгел зерттеліпті. Сұрау біткеннің жауабы тамаша жазылып, күмансыз
жауаптар болып шығыпты, өйткені ол Жауаптар қашан болсын адам
пікірінің ағат басуына апарып соғатын шығармалар емес, түгелдей қызмет
жөніндегі шығармалар болатын. Жауаптың бəрі де ресми мəліметтерге,
губернаторлар мен архиерейлердің уездік начальниктер мен уағыздардың
білдірулеріне сүйенген мəлімдемелеріне негізделе жазылыпты, олар болса,
болыстық басқармалар мен жергілікті священниктердің мəлімдемелеріне
сүйеніпті сондықтан да олары түгелдей күмансыз жауаптар екен. Мысалы,
егін шықпайтын мəнісі не, жергілікті елдердің өз діндерін ұстайтын мəнісі
не деген, тағы-тағы сол сықылды мəселелер, қызмет машинасы
түзелмейінше шешілмейтін, ғасырлар бойы шешілмей келе жатқан
мəселелер түгел айқын, күмансыз шешіліпті. Шешілгенде де Алексей
Александровичтің пайдасына шешілген. Бірақ соңғы мəжілісте шымбайына
батқанын сезіп жүрген Стремов комиссияның мəлімдемелерін алу үстінде,
Алексей Александрович күтпеген тосын əдіс қолдана бастады. Стремов
өзге бірсыпыра мүшелерді ілестіре, Алексей Александрович жаққа қалт
шыға келді де, Каренин ұсынған шараларды іске асыруды құлшына қорғау
үстіне, сол іспеттес ұшқары өзге шараларды да ұсына кетті. Алексей
Александровичтің негізгі пікірі боп жүрген шаралардан аса соққан сол
шаралар қабылданған соң, Стремовтың əдісі де айшықталып шыға келді.
Əбден шегіне жеткен сол шаралар қапелімде сонша бір есуастық іс боп
шықты да, мемлекет адамдары да, қоғам пікірі де, ақылды əйелдер де,
газеттер де сол шараларға бірден түгел жабыла кетіп, ол шаралардың өзіне
де, оны ойлап шығарған айтулы əкесі — Алексей Александровичке де
лағнаттарын айтып, қарсы өpe түрегелді. Стремов болса, Каренин
жоспарына көз жұмып ілесе беріппін де, қазір өз істегеніме өзім таңырқап,
өзім құса болам деген нысай көрсетіп, сырттап шыға берді. Алексей
Александровичты морытып та кетті сол. Бірақ Алексей Александрович ден
саулығы құлдырап, семья күйігін тарта тұрса да, міз баққан жоқ. Комиссия
дай-дай болды. Стремов бастаған бірсыпыра мүшелер өз қателерін Алексей
Александрович басқарған тексеру комиссиясы мəлімдеме берген соң, сеніп
қалдық деумен жуып-шайып, ол комиссияның мəлімдемесі құр шыймай,
бос қағаз екен дегенді айтты. Қағазға деген ондай революцияшыл
ыңғайдың қауіпті екенін аңғарған адамдар партиясын ерте, Александр
Александрович тексеру комиссиясы жасаған мəліметті жақтаудан танбады.
Соның салдарынан жоғарғы жерлерде, тіпті қоғам арасында да бəрі
шатысып кеткен соң, осы жайға жұрт біткен түгел елеңдегенмен, бұратана
елдердің күйзеліп, қырылып, яки гүлденіп жатқаны рас, өтірігін ешкім де
біле алмай қойды. Осының салдарынан, бір жағынан əрі əйелінің
опасыздығына бола жұртқа да жек көрінішті боп жүрген Алексей
Александровичтің халі өте қыйындап та кетті. Алексей Александрович осы
халде жүргенде де өте бір маңызды байлау жасады. Істің жайын зерттеу
жөнінде жергілікті жерге өзім баруға рұқсат сұраймын деп, комиссияны таң
қалдырды. Содан, Алексей Александрович рұқсат сұрап алды да, шалғай
губернияларға жүріп кетті.
Барар жеріне жеткенше жол жүрісіне деп өзіне он екі атқа есептеп
берген лау ақшасын дəл жүрер алдында қағаз жазып, əдейі қайтарып
жібергендіктен, Алексей Александровичтің аттануы үлкен əңгіме болды.
— Мұнысы асқан ізгілік екен бір, — деді Бетси, Мягкая княгиня екеуі
отырғанда, соның жайын айтып. — Қазір қай жер болса да темір жол барын
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 30
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.