Latin Common Turkic

Анна Каренина - 30

Total number of words is 4030
Total number of unique words is 1899
35.5 of words are in the 2000 most common words
49.6 of words are in the 5000 most common words
56.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жұрт түгел біліп отырғанда, почта аттарына ақша беру не керек екен
десеңші сол?
Мягкая княгиня бірақ қостай қоймай, Тверская княгиняның пікіріне
шамданып та қалды.
— Қыруар миллион сомаңыз жатқан соң, — деді ол, — айта салу деген
жақсы ғой сізге, өзім болсам қайта, күйеуімнің жаздыкүні тексеруге
шыққанын жақсы көрем. Ол болса, денсаулығы өте жақсы, жайлы жүреді
де, мен болсам, сол ақшаларға, салтым бойынша экипаж, арбакеш ұстап
отырам.
Алексей Александрович шалғай губернияларға бара жатып, Москвада
үш күнге аялдады.
Келген күннің ертеңше, дидарласайын деп генерал-губернаторға
тартты. Қашан болсын экипаж, арбакештер бықып тұратын газет мүйісінің
түйіскен жерінде Алексей Александрович қапелімде атын атап сонша қатты
айқайлаған бір жарқын дауысты естіген соң, жалт қарамасына да болмай
қалды. Тротуар бұрышында салтты шолақ пальто киіп, салтты шұнтыйған
қалпағын шекесіне сала, қып-қызыл еріндері арасынан ақ тісі жарқырай
күлімсіреп гүл жайнаған, жап-жас, шадман Степан Аркадьич тоқтай
қалыңдар деп өзеурей айғайлап тұр екен. Бұрышқа тоқтаған күйменің
терезесінен бір қолымен ұстаған күйі күлім қаға, күйеуіне қол бұлғап тұр
өзі, күймеден барқыт қалпақ киген əйел мен екі баланың басы
қылтылдайды. Əйел де мейір төге күлімдеп, Алексей Александровича қол
бұлғап отыр. Балаларымен отырған Долли екен ол.
Алексей Александрович Москвада ешкімді көрмейін, əсіресе, əйелімнің
бауырын көрмейін деген ойда болатын. Ол өзі қалпағын көтеріп қойып,
жүріп кетуге де ыңғайланғанымен, Степан Аркадьич көшірге тоқта деп
бұйырған күйі, күйеуіне қарай қарды кеше жүгірді.
— Апыр-ау, айтуға кісі жібермеген күна екен мынауың! Қашан кеп
қалдың? Кеше өзім Дюссода болып тұрып, тақтадағы «Каренин» деген
жазуды көрсем де, соны тіпті сен деген ойыма келмепті! — деді Степан
Аркадьич, күйме терезесіне басын сұғып жіберіп. — Əйтпегенде кіретін де
едім. Көргеніме қуанып кеттім ғой өзіңді! — деді, қарын түсіргелі аяғын
аяғына соғып. — Білдірмегенің, күна екен бұл! — деді қайталап.
— Жұмыс басты боп, уақытым Александрович, сұлық тіл қатып.
болмады, — деді Алексей
— Жүр, əйеліме барайық, сені көруге қатты ынтығып отыр өзі.
Алексей Александрович тоңғақ аяғын қымтаған шəліні сырып,
күймеден шықты да, қарды кешіп, Дарья Александровнаға келді.
— Бұ не, Алексей Александрович, бізден неғып сырттап жүрсіз, бүйтіп?
— деді Долли күлімсіреп.
— Қолым тимеді, тіпті. Өзіңізді көргеніме де қатты қуанып қалдым, —
деді ол, сонысына кейіп тұрғанын да айқын көрсететін лебізбен.
— Жə, Анна сəулем не боп жүр?
Алексей Александрович бірдеңе деп күңкілдеді де, кетуге ыңғайланды.
Степан Аркадьич бірақ жібермеді.
— Айтпақшы, ертең былай істейміз. Мұны түскі тамаққа шақыр, Долли.
Өзін Москва интеллигенциясына кенелту үшін Кознышев пен Песцовты да
шақырайық.
— Солай, келіңіз енді, — деді Долли, — қош көрсеңіз, сағат бес-алтыға
күтеміз. Ал, Анна сəулем жайы не? Тіпті көптен бері...
— Сау-сəлемет, — деді Алексей Александрович шытына күбірлеп. —
Өте ризамын! — деді де күймесіне қарай тартты.
— Келесіз ғой? — деді Долли дауыстап.
Алексей Александрович бірдеңе дегенмен, ағылған экипаж дабырынан
Долли ести алған жоқ.
— Ертең барам мен! — деді Степан Аркадьич оған дабыстап.
Алексей Александрович күймесіне мінген соң, көрмейін де, көрінбейін
де деп, түпкіріне таман барып отырды.
— Стива! Стива! — деді Долли қызарып.
Стива бұрыла қарады.
— Гриша мен Таняға пальто алуға ақша керек қой маған. Ақша
берсеңші!
— Ештеңе етпейді, мен береді дей сал, — деді де, өтіп бара жатқан
танысына басын мəз бола изеп, көрінбей де кетті.
VІІ
Келесі күні жексембі болатын. Степан Аркадьич Үлкен театрдағы балет
репетициясына соқты да, өз көмегімен жаңа орналасқан Маша Чибисова
дейтін əдемі биші əйелге уəде еткен маржандарын берген соң, театр
сахнасының күндіз қараңғы тартқан арт жағында тұрып, сыйлыққа
масайраған əйелдің əдемі бетінен сүйіп те жіберді. Маржан сыйлау үстіне,
балеттен соң сонымен жолығысу жөнінде де уəделесуі керек еді. Оған
балеттің бас жағында бола алмайтын жайын түсіндірді де, соңғы акты
кезінде келіп, кешкі асқа əкетем деп уəде берді. Степан Аркадьич театрдан
Охотный рядқа соғып, тамаққа деген балық пен жапырақты өзі таңдап алды
да, сағат 12-де Дюссоға да келіп жетті, бақытына қарай, онда бір қонақ
үйде: жуырда шетелден келіп, сонда түскен Левин, жоғарғы орынға жаңа
ғана жайласып, Москваны тексеріп жатқан жаңа бастық пен күйеуі
Каренин үшеуінде бірдей болып, қонақасыға оны да ала келуі керек еді.
Степан Аркадьич қонақасы ішуді жақсы көру үстіне, шағындау болса
да, ішіп-жемін қонақтың қалауына қоя, тəтті-дəмді қонақасы беруді одан да
жақсы көретін. Бүгінгі қонақасының программасы да қатты ұнады өзіне:
жас алабұға, жапырақ пен жай ростбиф болса да la piece de resistance 69
жағы — керемет екен де, соған сай шараптар да болады екен: бұл ішіп, жем
жағы еді. Ал, қонақтар жағынан Кити мен Левин, сол байқалмау үшін
немере əпкесі мен жас Щербацкий болады екен де, la piece de resistance
қонақтардан — Сергей Кознышев пен Алексей Александрович болады
екен. Сергей Иванович — москвалық, философ болатын да, Алексей
Александрович Петербугргтік, тəжрибе адамы болатын; оған қоса, елу
жасқа келсе де, бозбаладай елпілдеген, айтулы елгезек күлдіргі, либерал,
сөзшең, музыкант, тарихшы Песцов та шақырылып, Кознышев пен
Каренинге не тұздық, не қатық етілмекші еді. Екеуін қайрап салып,
қағыстыратын да сол болмашы еді.
Орман жөнінде көпестен екінші мерзімде алынатын ақша да алынып,
əлі жұмсалған жоқ болатын, соңғы кезде Долли да өте тынышты, мейрімді
болғандықтан, сол қонақасы жайында ойлаған ойы да Степан Аркадьичке
бар жағынан қуанышты келді. Өзі де мейлінше мəз-майрам шат болатын.
Тек бір: екі жағдай ғана жайсыз тиді; бірақ ол екі жағдай да Степан
Аркадьичтің жан-дүниесінде шалқыған шадман мейрімділік теңізіне
тоғылып кетті. Ол екі жағдай: біріншіден, Алексей Александровиче кеше
кешеде кездестіргенде, өз басына соның сұлық, тік келгенін байқаған
болатын, Алексей Александрович жүзіндегі сол əлпет пен өздеріне оның
келмей, келген хабарын да білдірмеген жайын Анна мен Вронский жөнінде
естіген сыбыстарына салыстыра келіп, ер-əйелді екеуінің арасында жайсыз
бірдеңе барын Степан Аркадьичте түйсінген болатын.
Бір жайсыздық сол еді. Өзге бір азырақ жайсыздық: бүкіл жаңа
бастықтар сықылды, мына жаңа бастықтың да ертемен сағат 6-да тұрып,
жұмысты жайлауыш атша жалықпай істей беретін, қол астындағылардан да
солай істеуді талап ететін салты бар, қытымыр адам боп шыққандығы еді.
Оның үстіне, бұл жаңа бастық араласып сөйлесуде де аю сықылды дойыр
адам екен де, Лақапқа қарағанда, бұрынғы бастық пен Степан Аркадьичтің
өзі осы күнге дейін жолын тұтып келген бағыттан мүлде алшақ бағыттағы
адам екен. Степан Аркадьич кеше қызметіне мундирін киіп барған соң,
жаңа бастық та өте жайдары келіп, Облонскиймен сырмінез адамынша
сөйлескен; сондықтан Степан Аркадьич соған сюртук киіп баруын да
міндет деп санаған болатын. Жаңа бастық жаман қабылдар ма екен деген
ой жəне бір жайсыздық боп тиді. Бірақ бəрі де орнына келіп, ойдағыдай
болады дегенді Степан Аркадьичтің соқыр сезімі де сезе берді. «Жұрт
біткен, адам біткен де өзіміз сықылды пенде ғой: ашу шақырып, керіске
түсетін не бар?» — деп ойлады ол, қонақ үйге кipген соң.
— Сəлемет пе, Василий, — деді, қалпағын шекесіне сала, коридорда
өтіп бара жатып, таныс малайға тіл қатып, — бакенбарды қойғансың ба
өзің? Левин 7-ші нөмірде ғой, ə? Алып баршы соған. Айтпақшы, Аничкин
граф (жаңа бастық сол болатын) қабылдай ма екен, соны да біле сал.
— Мақұл, — деді Василий күлімсіреп. — Көптеп бері келген жоқ едіңіз
бізге.
— Кеше келгемін, тек басқа есіктен кірдім. 7-ші осы ма?
Степан Аркадьич кірген кезде, Левин Тверь мұжығы екеуі бөлме
ортасында, аю терісін көзбен өлшеп тұр екен.
— Ə, атып алғансыңдар ма? — деді Степан Аркадьич, саңқылдап. —
Аяулы нəрсе екен! Қаншық аю ма? Сəлемет пе, Архип!
Мұжықтың қолын алған соң, пальтосы мен қалпағын шешпеген күйі,
орындыққа келіп отырды.
— Жə, шешіп, отырсаңшы! — деді Левин Стиваның қалпағын алып
жатып.
— Жоқ, уақытым болмай тұр, бір секундқа ғана келдім əшейін, — деді
Степан Аркадьич. Пальтосының түймесін ағытқанмен, соңынан барып
шешті де, Левинмен саят жайын, жақсы көретін ең сүйікті нəрселерінің
жайын сөйлесіп, бір сағат отырып қалды.
— Жə, шетелде не істедің, соны айтшы, жарқыным? Қайда болдың? —
деді Степан Аркадьич, мұжық шыққан соң.
— Я, Германия да, Пруссияда, Франция да, Англияда болдым
астаналарында болмағанмен фабрикалы қалаларында болып, қыруар жаңа
нəрселер де кердім. Барғаныма қуанып та отырмын.
— Əлбетте, жұмысшыны жайластыру жөніндегі ойыңды білем ғой.
— Жоқ, өзге нəрсе мүлде: Россияда жұмысшы мəселесі болу деген
мүмкін емес ол. Россияда жұмысшы жұрттың жерге деген ыңғайы ғана
мəселе боп отыр; ол мəселе онда да болғанмен, онысы құр бүлінгенді
жамау ғана боп отыр да, бізде болса...
Степан Аркадьич Левин сөзін ден қоя тыңдады.
— Рас, рас! — деді ол. — Сенікі оң болуы да кəдік, — деді. — Бірақ
жарқын қайтқаныңа қуанып отырмын өзім: аю аулауға шығып, жұмыс
істеп, көңліңді де көтеріп жүрсің. Əйтпесе, Щербацкий маған — сені
жолықтырыпты ғой өзі — біртүрлі уайымға салынып кетіпті, ылғый өлімді
айтады екен деген болатын...
— Қайтер дейсің өлімді ойлауды əлі де қойғам жоқ, — деді Левин. —
Өлер шағым жеткені де рас. Мұнын бəрі де бос нəрсе əшейін. Саған мен
шынымды айтсам, ойым мен жұмысымды қатты қадірлегеніммен де,
шынына келгенде: біздің осы бүкіл дүниеміз — титтей планетаны шалған
кішкентай тат деп білемін əшейін, соны ойла сен. Біз болсақ, ойымыз бен
ісіміз сықылды — бірдеңеміз ұлы нəрсе болуы керек деп ойлаймыз! Оның
бəрі тозаң əшейін.
— Дүние сықылды, мұның да ескі нəрсе, бауырым.
— Ескі де шығар, бірақ соны айқын түсінген кезде, бəрі де біртүрлі
құрдым нəрсе боп кетеді. Бүгін-ертең өлетініңді де, ештеңе қалмайтынын
да түсінген кезде, түгел құрдым боп шығады солай! Өз ойымды мен де өте
маңызды санағамын, бірақ осы аюды соққандай, соны тіпті орындаған
күнде де, құрдым нəрсе екен бір. Əшейін, өлімді ойламайын дейсің де, —
аң мен жұмыс қызығына түсіп, өмірді де солай өткізе бересің.
Степан Аркадьич Левин сөзін тыңдай отырып, жылы шыраймен,
жымыя күліп те қойды.
— Əлбетте! Маған өзің де оралдың, міне. Өмірден лəззəт іздейсің деп
дүрсе қоя бергенің есіңде ғой, маған?
Ақылгөйім, онша қатал болма сен!
— Жоқ, дегенмен де өмірдегі жақсы нəрсе... — дей беpiп, Левин
жаңылып қалды. — Қой, білмейді екем мен. Білерім-ақ сол, кешікпей
өлетініміз.
Неге кешікпей өлеміз?
— Өлімді ойласаң, өмір көркі аз болғанмен, — тынышты да болады
екенсің.
— Жоқ, қоштасар шақ қызығырақ соғады қайта. Жə, болмас, жүрейін
мен, — деді Степан Аркадьич, оныншы рет түрегеліп.
— Қой, отыра тұр! — деді Левин, жібермей. — Енді қашан жолығамыз?
Ертең жүрем мен.
— Мен бе, жақсы! Менің келгенім... Бүгін қалайда біздікіне келіп, тамақ
іш. Сенің ағаң мен менің күйеуім Каренин болады.
— Ол осында ма еді? — деді де Левин Китиді де сұрайын деген ойға
келді. Қыс басында оның Петербургке барып, елшідегі əпкесінікінде
болғанын естігенмен, қайта оралған-оралмағанын білмейтін өзі, бірақ
сұрамайтын да жаққа шықты. «Болды не, болмады не, — бəрібір».
— Келесің ғой, сөйтіп?
— Əрине.
— Ендеше сағат бесте, сюртугіңді кие келесің.
Степан Аркадьич түрегелді де, төмендегі жаңа бастыққа қарай тартты.
Степан Аркадьичтің соқыр сезімі алдамапты. Қытымыр жаңа бастық өте
құрметшіл адам боп шықты да, Степан Аркадьич сонымен ертеңгі ас ішіп
отырып қалып, Алексей Александровичке сағат төртке қарай кеткенде əрең
барып жетті.
VІІІ
Алексей Александрович тауаптан келген соң, ертеңгі уақытын
қалпынша үйде өткізді. Бүгін ертеңгілікте істейтін екі жұмысы бар еді:
біріншіден, Петербургке кетіп бара жатып, қазір Москвада жатқан бұратана
елдердің өкілдерін қабылдап, соларды жөнелтуі керек еді; екіншіден,
адвокатқа айтқан хатын жазуы керек еді. Келген өкілдердің, Алексей
Александровичтің өз қалауымен шақырыла тұрса да, қолайсыз, қатерлі
жақтары көп болғандықтан, Алексей Александрович соларға Москвада
жолыққанына қатты қуанды. Өз қызметтері мен міндеттері жөнінен ол
өкілдік мүшелері түк те білмейді екен. Өздері құр көңілшектікке сала,
нағыз хал-жайымыз бен мұң-мұқтажымызды шағып, үкіметтен жəрдем
сұрасақ болғаны деп сенеді екен де, кейбір арыздары мен тілектері
жауыққан партияны қолдап, олай болса, барлық істі жоққа шығарғалы
тұрғанынан түк те білмейді екен. Алексей Александрович солармен көп
əуре болып, осыдан аумасқа тиіссіз деп қолдарына программа жазып
берген соң, соларды жөнелтті де, өкілдерге бағыт сілтеу үшін Петербургке
де арнаулы-арнаулы хат жазды. Бұл жөндегі басты жəрдемшісі Лидия
Ивановна болуға тиіс еді. Өкілдер ісі жөніндегі маман сол болатын да,
өкілдерге бағытты дəл сілтеп, айғайшы болу да тек соның ғана қолынан
келетін. Алексей Александрович соны бітірген соң, адвокатқа да хат жазды.
Өзіңізге ұнаған жағын істеуден титтей тартынбаңыз деп рұқсат берді оған.
Вронскийдің əлгі тартып алынған портфельден табылған, Аннаға арнаған
үш сəлемін хат ішіне қоса салды.
Алексей Александрович үйінен семьяға қайтып оралмаймын деген
дітпен аттанып, адвокатта болып, бір адам болса да өз дітін соған айтқалы
бері, əсіресе, сол сықылды өмір ісін қағаз ісіне айналдырғалы, өз дітіне
күнбе-күн үйір боп кеткендіктен, соның орындалу орайына да көзі айқын
жеткен болатын қазір.
Степан Аркадьичтің жарқын шыққан даусын естіген кезде, Алексей
Александрович адвокатқа жазған хатын желімдеп те жатқан. Степан
Аракдьич Алексей Александровичтің жалшысымен керілдесіп, келгенімді
мəлімдеңіз деп қадалып тұр екен.
«Бəрібір, — деді Алексей Александрович ойланып, — сонысы абзал:
қарындасы жөніндегі жайымды қазір айтамын да, ас ішуге үйіне бара
алмайтын мəнісімді де түсіндіремін».
— Шақыр! — деді дабыстай сөйлеп, қағаздарын жыйыстыра
қобдыйына салып жатып.
— Көрдің бе əне, өтірік айтқаныңды, үйде екен ғой! — деді Степан
Аркадьичтің даусы, жібермей тұрған малайға, сөйткенше, пальтосын
шешкен күйі, Облонский бөлмеге де келіп кірді. — Түу, үйде болғаныңа
қатты қуандым ғой! Сөйтіп енді...— дей берді Степан Аркадьич, мəз
болып.
— Жоқ бара алмаспын, — деді Алексей Александрович, тұрған күйі,
қонағын да отырғыза қоймай, сұлық сөйлеп.
Алексей Александрович бас ашу жайында қарсы іс қозғап отырған
əйелінің баурына да суық аужайымды дереу білдіре қояйын деп ойлады;
бірақ Степан Аркадьич жан-дүниесінің кемерінен шалқый асып жатқан
мейрімділік теңізін ескерген жоқ ол.
Степан Аркадьичтің жайнаған нұрлы көзі шарасынан шығып кете
жаздады.
— Неге бара алмайсың? Не айтқың кеп тұр өзіңнің? — деді аңтарыла,
французша сөйлеп. — Жоқ, уəде — уəде. Бəріміз де келеді деп отырмыз
сені.
— Сіздердікіне бара алмаймын дегенде, арамыздағы туысқандық қатнас
тынатын болған соң, бара алмаймын дегелі тұрмын.
— Қалай дейді? Қалайша ол? Неге? — деді Степан Аркадьич
күлімсіреп.
— Неге екені, сіздің қарындасыңыз, өзімнің əйелімнен бас ашу
жайында іс қозғап отырмын. Мен өзім...
Бірақ Алексей Александрович сөзін бітірмей-ақ, Степан Аркадьич те, ол
ойлағаннан мүлде бір өзге күйге басты. Степан Аркадьич таң қалып,
орындыққа сылқ отыра кетті.
— Қой, Алексей Александрович, не айтып тұрсың өзің! — деді
Облонский безектеп, жүзінде күйініш ізі біліне кетіп.
— Солайы солай.
— Ғафу ет, сене алмаймын да, сенер жайым жоқ оныңа...
Сөзінің əсері ойдағы жерден шықпаған соң, түсінісуі керек екенін де
сезіп, ол түсінісуі қандай түсінісу болса да, қайынағасына деген ілтипаты
сол күйінде қалады деген оймен, Алексей Александрович те келіп отырды.
— Я, бас ашуды талап еткенде, халім қыйын болған соң, талап етіп
отырмын, — деді ол.
— Мен бір-ақ нəрсе айтам, Алексей Александрович. Мен сені білгенде,
озық жатқан, əділ адам деп білем де, Аннаны білгенде — ғафу еткейсің, ол
жөндегі пікірімді өзгертер де жайым жоқ — озық жатқан тамаша əйел деп
білем, олай болса, ғафу еткейсің, сене алмаймын да оныңа. Бұ жерде
түсінбеушілік болуы керек,— деді ол.
— Əлбетте, тек түсініспеушілік болған болса...
— Сабыр ет, түсініп отырмын. — деді Степан Аркадьич сөзді бөліп. —
Бірақ, əрине... Керегі тек: асықпау ғой деймін. Керегі жоқ, асықпау керек!
— Асыққам жоқ мен, — деді Алексей Александрович, сұлық сөйлеп, —
бірақ мұндай істе ешкіммен ақылдасуға да болмайды. Мықтап бекіп
отырмын өзім.
— Сұмдық екен мынау! — деді Степан Аркадьич, ауыр күрсініп. —
Мен болсам, бір-ақ нəрсе істеген болар едім, Алексей Александрович.
Құлдық қылайын, соны істе сен! —деді. — Байқауымша, іс əлі басталмаған
да сықылды. Сол істі бастаудан бұрын, менің əйеліме кездесіп, сонымен
сөйлес сен. Аннаны сіңлісіндей жақсы көрсе, сені де жақсы көреді, ол
ғажайып əйел бір. Құдай ризалығына, сонымен сөйлес сен! Құлдық
қылайын, осы достығыңды қый маған!
Алексей Александрович ойланып кетті де, Степан Аркадьич ойын
бөлмей, қабырғасы қайыса қарады оған.
— Барасың ғой соған?
— Білмей отырмын. Сендердікіне сондықтан бармағам. Қатнасымыз
өзгеруі керек қой деп ойлаймын.
— Неге өзгереді? Өзгерер жөнін көрмей отырмын мен. Ойлауды маған
бер, туысқандық қатнасымыздың үстіне, менің қашан да өзіңе деген достық
сезімім сықылды сезім, ішінара, маған дегенде өзіңде де бар ол... Оның
үстіне, шын сыйласып та жүреміз, — деді Степан Аркадьич, күйеуінің
қолын қыса ұстап. — Сенің сол жаман жораң тіпті шын болған күнде де, о
жақ, бұ жағыңның бірін кіналау дегенді мойныма өмірі алмаймын да,
қатнасымыздың, өзгеретін себебін де көрмей отырмын. Бірақ, айтқанымды
істеп, əйеліме келіп жолық енді.
— Ол іске əртүрлі қарайды екеміз біз, — деді Алексей Александрович
сұлық сөйлеп. — Əйтсе де, айтпай-ақ қоялық оны.
— Қойсаңшы, келмей не бар саған? Тым құрса, бүгінгі асқа келуге
болады ғой? Əйелім де күтіп отыр. Кел, айналайын. Ең бастысы, сонымен
сөйлес. Ғажайып əйел ол. Құдай ризалығына, құлдық қылайын, жалынып
отырмын!
— Олай құзыр қылсаңдар — барайын, — деді Алексей Александрович
күрсініп.
Содан, əңгімені өзгерткісі келіп, əлі де қартая қоймағанмен, сондай
жоғарғы орынға кенет тағайындалып, екеуінің де көңлін бөліп отырған, —
Степан Аркадьичтің жаңа бастығының жайын сұрастырды.
Алексей Александрович Аничкин графты бұрын да жек көріп, пікірлері
де алшақ түсіп жүргенмен, қызметте өзі қыры сынған адам болған соң,
жоғарғы орынға шыққан адам жөнінде қызметшілер басында болатын
белгілі өшпенділігі де ұстап кетті қазір.
— Немене, көріп пе ең өзін? — деді Алексей Александрович, кекете
мырс етіп.
— Көрмегенде ше, кеше болған біздің мекемеде. Істі өте жақсы білетін,
өте іскер адам сықылды өзі.
— Солай де, іскерлігінің бағыты не екен ал? — деді Алексей
Александрович. — Iс істеу ме екені əлде, істелген істі қоқыту ма екен?
Біздің мемлекеттің бақытсыздығы — сол қағаз басты əкімшілік болса, бұ да
соның айтулы өкілі бір.
— Шынында соның мінеп-сынар несі барын білмеймін өзім. Бағытын
да білмеймін оның, білерім-ақ: сабаз жігіт бір, — деді Степан Аркадьич. —
Қазір сонда болдым өзім, шынында да, сабаз жігіт екен. Екеуміз ертеңгі
асты бірге ішіп, шарапқа апельсин қосатын əлгі бір ішімдік бар еді ғой,
соны үйреттім өзіне. Өте салқын келеді ол ішімдік. Бір таңырқағаным,
соны білмейді екен өзі. Қатты ұнатты соны. Жоқ, шынында, аяулы жігіт
бір.
Степан Аркадьич сағатқа көз салды.
— Алда, сығыр-ай, сағат беске кетіпті, мен əлі Долговушинге баруым
керек еді! Солай, айналайын, асқа кел енді. Келмесең, əйелім екеумізді
қатты кейітесің.
Алексей Александрович қайынағасын, қарсы алғандағысынан мүлде
өзге əлпетпен жөнелтті.
— Уəде еткен соң, барам ғой, — деді ол, мұңайып.
— Сенер болсаң, бағалап та, өкінбессің деп сеніп те тұрмын, — деді
Степан Аркадьич, күлімдеп.
Содан, пальтосын жүре киіп, қолы да малайдың басына тиіп кетіп,
күлген күйі шыға жөнелді.
— Сағат бесте, сюртук киіп кел, жарқыным! — деді есік аузына қайта
орала, тағы да дабыс беріп.
ІХ
Қожайынның өзі келген кезде, сағат алтыға кетіп, қонақтардың да
кейбіреулері келіп қалған еді. Есік алдында бір мезгілде кеп түйіскен
Сергей Ивнович Кознышев, Песцов екеуімен бірге кірді өзі. Облонский
Москва интеллигенциясының басты өкілдері дейтіні де осы екеуі болатын.
Ақыл, мінез жағынан екеуі де сыйлы адамдар еді. Екеуі бірін бірі
сыйлағандарымен, барлық жөннен-ақ рақайға келмей, өзара мүлде шалғай
жататын, — екеуінің онысы алшақ бағытта болғандықтан емес, қайта сол
бір дəл лагерьде əрқайсысының өз шалығы бар еді. Келісу жағына
келгенде, бұлдыр мəселедегі пікір алалығындай олақ ешнəрсе
болмағандықтан, екеуі пікірлері жөнінде əсте табыспауы үстіне, бір-бірінің
лаға адасқанын ашусыз, əжуа етіп отыруды да көптен бері əдет етіп кеткенді.
Степан Аркадьич қуып жеткен кезде, екеуі есікке кіре, ауа райын əңгіме
етіп тұр екен. Облонскийдің атасы, Александр Дмитриевич князь бен жас
Щербацкий, Туровцын, Кити, Каренин бəрі, тіпті, қонақ үйде отыр екен.
Степан Аркадьич өзі болмаған соң, қонақ үйдің де сəні болмай
тұрғанын дереу аңғара кетті. Бір киер сұр жібек көйлегін киген Дарья
Александровна, бір жағынан, балалар бөлмесінде тамақты оңаша ішетін
балаларына алаң болса, екінші жағынан, күйеуінің əлі күнге дейін
келмегеніне алаң болам деп, сол қоғамды жөндеп араластыра алмаған да
түрі бар екен. Жұрт біткен, қонаққа келген поп қызынша (қарт князь солай
ат қойыпты), осында неге келдік деп аң-таң болған адамдай, томсарыспау
үшін өзара сөз тартысып отыр екен. Ақкөңіл Туровцын өзін өзі ауқымнан
сырт сезген кісідей, Степан Аркадьичті қарсы ала, қалың ерні
күлімсірегенде: «Е, баурым, ақылдылар арасына қонжыйтқан екенсің мені!
Ішіп алып, Chateau des fleurs-ке шығу — маған деген құрмет сол ғой əне»,
— дегенді сөзбен айтқандай-ақ болды. Қарт князь Каренинге көзі
жалтылдай, қырынан томсара қарап отыр екен де, сол мемлекет
майталманының мөрін, қонақ асыға беретін соқыр балықша ашып салуға,
өйткен-бүйткен сөз ойлап қойғанын да Степан Аркадьич түсіне кетті.
Константин Левин кіргенде қызармайын деп, Кити де есік жаққа дəтін
бекіте қарап отыр екен. Каренинді өзіне таныстырмағандарына жас
Щербацкий де түк бүлк етпеген пішін көрсеткісі келіп отыр. Каренин өзі
Петербургтегі қонақасыларда əйелдермен болған кездегі əдетінше фрак
киіп, ақ галстук байлап келіпті де, келгенде тек берген уəдесін орындау
үшін ғана келіп, осы қоғамда болу өзіне ауыр жүк боп отырғанын да
Степан Аркадьич, жүзіне қарап біле қойды. Степан Аркадьич келгенше
қонақ біткенді тоң-торыс, суық тартқызып отырған да сол екен.
Степан Аркадьич қонақ үйге кіре ғафу өтініп, бүкіл кешігу, жоқ
болуына қашан да қара лақ боп шалынатын князьді көлденең тартып, сол
кідіртті дегенді айтқан соң-ақ, жұрт біткенді лезде қайта таныстырып,
Алексей Александровичті де Сергей Кознышевке табыстыра, Польшаны
орыстандыру жөнінде тақырып та тауып бере қойды, ол екеуі де Песцовты
ала сол тақырыпқа шұқшыя кетісті. Стива Туровцынды да иығынан
жұлқып қойып, күлдіргі бірдеңе сыбырлады да, əйелі мен князьдың қасына
əкеп отырғызды. Содан соң Китиге бүгін əдемі екенсің дегенді айтып, жас
Щербацкийді Каренинге таныстырып шықты, Сол қоғамды өзі əп-сəтте
қамырша илеп, араластырып жібергендіктен, қонақ үй де құп жарасып,
дауыстар да гуілдеп қоя берді. Тек Константин Левин ғана жоқ екен.
Онысы жаман да бола қойған жоқ, өйткені Степан Аркадьич ас үйге шыға,
портвейндері мен херестері Леведен келмей, Депреден келгенін көрген соң
шошып кетіп, Левеге көшірді, неғұрлым тезірек жіберіңдер дегенді айтты
да, қонақ үйге қайта оралды.
Ac үйде Константин Левин жолықты оған.
— Кешіккем жоқ па, мен?
— Кешікпей жүруші ме едің, сен? — деді Степан Аркадьич қолтықтай
беріп.
— Жұрт көп пе үйіңде? Кім-кімдер бар? — деді Левин, еріксіз қызара,
баскиімінің қарын қолғабымен қағып жатып.
— Түгел өзіміздің адамдар. Кити де осында. Жүр, Каренинге
таныстырайын сені.
Степан Аркадьич, либерал адам бола тұрса да, Каренинмен танысу
деген мақтан екенін де білгендіктен, қалаулы жолдас-жораларын да
таныстырып, қарқ қып тастайтын. Бірақ бұл сəтте Константин Левиннің ол
танысу лəззəтін сезе қояр дəрмені де жоқ еді. Китиді өзі, үлкен жолда бір
минут кергенін айтпағанда, Вронскийге кездескен, есінен кетпейтін сонау
сауық-кешінен бері көрген жоқ еді. Бүгін оны осында көретінін ішінен
білген де болатын. Бірақ өз ойының ырқына жеңдіріп, соны тіпті білмеймін
демекші де болған. Қазір Китидің осында екенін естігенде, қапелімде
сонша қуанып, сонша қорқып кеткендіктен, жүрегі аузына тығылып,
айтайын дегенін айта алмай да қалды.
«Қандай болды екен десеңші өзі? Бұрынғысындай ма екен, əлде
күймеде көргендегімдей болды ма екен? Дарья Александровна шын айтқан
болса, не болды? Шын болмаста несі бар оның?» — деді ол ойланып.
— Айтпақшы, Каренинге таныстыршы мені, — дегенді əреңмен барып
айтты да, қонақ үйге тартынбай кірген күйі, Китиді де көре кетті.
Ол өзі бұрынғысындай да, күймеде көргеніндей де емес, мүлде басқа
екен.
Жүрексініңкірей, қорқып, ұялшақтап отырғандықтан, бұрынғысынан да
əсем екен өзі. Левин бөлмеге кіріп барған лезде, о да көре кетті мұны.
Күтіп отыр екен өзін.
Кити қуанып кетіп, сол қуанышынан соғұрлы қысылғандықтан, Левин
қожайын əйелге келіп, соған тағы да қараған сəтте, оның өзіне де, Левинге
де, түгел көріп отырған Доллиға да, шыдар дəті қалмай, жылап жібергелі
отырғандай көрініп кетті. Кити бір қызарып, бір бозарып, тағы да
лапылдап, Левинді күте, ерні болар-болмас дірілдеген күйі, мелшиіп қатып
қалды. Левин қасына келе, бас иіп, қолын үнсіз ұсынды. Ернінің сəл
қыбырлап, көзінің жарқырай түсіп, жасаурағаны болмаса, Китидің:
— Көптен көріскеміз жоқ-ау! — дегендегі күлкісі тіпті сабырлы күлкі
боп шықты да, сұп-суық қолымен Левин қолын қысқанда да тайынбай
қысты.
— Сіз көрмесеңіз де, мен көргемін, — деді Левин, мəз бола, жарқылдай
күлімсіреп. — Сізді мен темір жолдан Ергушовоға бара жатқанда көргемін.
— Қашан дейсіз? — деді Кити, таңырқап.
— Ергушовоға бара жатқанда, — деді Левин, жан-дүниесін кернеген
бақыты тұншықтырып тұрғанын сезіп. «Күналы əлдене жайындағы
ойымды осынау тебірентерлік жанға əкеліп жалғауға дəтім қалай барды
екен десеңші менің! Солай, я, Дарья Александровнаның айтқаны да рас
сықылданып тұр», — деді ол ойланып.
Степан Аркадьич Левинді қолтықтай сала, Каренинге алып барды.
— Рұқсат болса,екеуіңізді таныстырып қояйын, — деп екеуінің де атыжөндерін айтып шықты.
— Қайта ұшырасқанымыз тым қанібет болды, — деді Алексей
Александрович сұлық сөйлей, Левиннің қолын қыса беріп.
— Таныс па едіңіздер? — деді Степан Аркадьич таңырқап.
— Вагонда үш сағат бірге болғамыз, — деді Левин күлімсіреп, — бірақ
маскарадтан шыққандай, ынтық боп кеткеміз, өзім сөйткем, əйтеуір.
— Солай де! Ықлас етіңіздер, — деді Степан Аркадьич ас үйге қарай
нұсқап.
Еркектер ас үйге шыққан соң, алты түрлі арақ, сонша түрлі ірімшік,
кішкентай күміс күрек қойылған, қойылмаған уылдырық, шабақ балық,
нешетүрлі консервтер, француз наны туралы тарелкалар тұрған, суық
тағамды стол басына келді.
Еркектер исі аңқыған арақтар мен суық тағамдар қасына келіп, ас ішуге
ыңғайланып тұрған соң, Сергей Иванович Кознышев пен Каренин, Песцов
үшеуінің Польшаны орыстандыру жайындағы əңгімелері де толастап
қалды.
Нағыз бұлдыр, келелі керістерді де кілт аяқтау үшін тұздығын ойда
жоқта тауып, кеңескен адамдарының көңлін де сол арқылы хош етуге елден
ерекше шебер жатқан Сергей Иванович, қазір де сол амалын істеді.
Алексей Александрович Польшаны орыстандыру ісі тек жоғары
принциптер арқылы істелуі керек те, ол принциптерді орыстың əкімшілік
орындары ендіруі тиіс деп дəлелдеді.
Песцов болса, бір халық бір халықты сіңіргенде, елі тек жиі болуы
керек деп, көнбеді.
Кознышев екеуін де қолдағанмен, шек қоя сөйледі. Содан, қонақ үйден
шыққан кезде, Кознышев əңгімені қорытайын деген оймен:
— Олай болса, бұратана елдерді орыстандыру жөнінде істейтін бір
амалымыз — баланы неұрлым көбірек шұбырту болуы керек, — деді
күлімсіреп. — Жұрт біткеннен тек мына баурымыз екеуміз ғана сəл
жатырмыз. Ал мына, сіздер сықылды, əйелді мырзалар, əсіресе, мына,
Степан Аркадьич, сіз сықылды кісілер, нағыз патриоттық істеп жатыр деп
білем; бала қанша өзі сізде? — деді қожайынға жылы шыраймен күлімсірей
қараған күйі, титтей рюмканы алдына қойып жатып.
Жұрт ду күліп, əсіресе, Степан Аркадьич мəз бола күлді.
— Бəрекелде, ең жақсы амал мынау екен! — деді ол, ірімшігін
қарбытқан күйі, алдына қойылған рюмкаға бір ерекше арақты құйып
жатып. Əңгіме шынында да қалжыңға кеп тоқтап қалды.
— Мына ірімшік жаман емес екен. Қалай көресіздер? — деді қожайын.
— Шын-ақ гимнастика ойнағансың ба тағы да? — деді Левинге, бұлшық
етін сол қолымен мыта қарап. Левин қолын күлімсірей шыйырғанда, тас
түйілген бұлшық еті жұқа шұғалы сюртугінен Степан Аркадьичтің қолына,
жұп-жұмыр ірімшік сықылды шодырайып біліне кетті.
— Бұлшық етіңе болайын! Самсоным!
— Менің ойымша, аю аулауға күш көп керек болуы керек, — деді,
аңшылық жайын тым бұлдыр білетін Алексей Александрович, ірімшігін
ыңғайлап, нан арасында өрмекші ұясындай үлбіреген ұлпаны үңгіп жатып.
Левин жымың ете түсті.
— Түк те керегі жоқ. Аю дегенді қайта, бала соғып алады, — деді ол,
қожайын əйелмен бірге тағам столына келген əйелдерге басын сəл ие,
сырыла беріп.
— Сіз, аю соғып алыпты деді ғой маған? — деді Кити, білегі ағара
көрінген шілтерін серпіп қоя, бұлтылдап ілінбей жүрген саңрауқұлақты
шанышқысымен түйрегелі əуре боп отырып. — Жерлеріңізде аю бола ма?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 31
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.