Latin Common Turkic

Анна Каренина - 33

Total number of words is 4143
Total number of unique words is 1973
36.3 of words are in the 2000 most common words
51.4 of words are in the 5000 most common words
58.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
проспектін бойлай тартып келеді. Оны ойлар жайы да болған жоқ, өйткені
болар жайды еске алғанда, соның өлімі хал-жайымның қыйыншылығын
бірден-ақ түгел түзеп жібереді деген жорамалын басынан арылта алмай да
қойды. Нан сатушылар, жабық дүкендер, түнгі арбакештер, тротуар
сыпырған қора күтушілер шалынып отыр да, не күтіп түр, қалар қақым
болмағанмен, не қалауым керек деген ойларын жеңбекші боп, соларды
түгел қадағалап келеді. Есік алдына да келді. Есік түбінде көшірі ұйқтаған
бір күйме мен арбакеш тұр екен. Сенекке кірген соң, Алексей
Александрович, мыйының алыс түкпірінен тапқандай бір байлауды
ойластырып, реттеп те алды оны. Ол байлауы: «Алдау болған күнде, түс
жорытпай, тып-тыныш жүріп кетейін де, шын болған күнде
сыпайыгершілік сақтайын» деген байлау еді.
Швейцар, Алексей Александрович қоңырау соққанша-ақ есікті ашып
жіберді. Галстук тақпай, ескі сюртук, туфли киген швейцар Петровтың,
басқаша айтқанда, Капитонычтың, сұры біртүрлі оғаш екен.
— Барыня не боп жатыр?
— Кеше босанды аман-есен.
Алексей Александрович тоқтай қалып, бозарып кетті. Соның өлімін
қатты қалағанын қазір келіп аңғарды өзі.
— Денсаулығы ше?
Ертеңгіліктегі алжапқышын салған Корней баспалдақтан жүгіре түсті.
— Өте сəл боп жатыр, — деді ол. — Кеше докторлар жыйыны болып
еді, қазір де осында отыр доктор.
— Нəрселерді ал,— деді де Алексей Александрович, хабарды естіген
соң, дегенмен де, өлуінен үміт бар екен деген оймен, көңілі жадырағандай
болып, ауыз үйге барып кірді.
Киім ілгіште əскери пальто тұр екен. Алексей Александрович соны
көрген соң:
— Кімдер бар еді? — деп сұрады.
— Доктор мен акушерка, Вронский граф үшеуі бар.
Алексей Александрович ішкі бөлмелерге қарай тартты.
Қонақ үйде ешкім жоқ екен; Алексей Александровичтің дыбысын естіп,
Аннаның кабинетінен көгілдір ленталы шүперек баскиім салған акушерка
шықты.
Акушерка
Алексей
Александровичке
келе-ақ,
жан
тəслімі
жақындағанын таймаңдай білдіріп, қолынан ұстап, жатын бөлмеге алып
кірді.
— Құдай жарылқап, келгеніңіз жақсы болды! Сізді ғана арман етіп
жатыр ылғый.
— Мұзды тезірек беріңіз! — деді жатып бөлмеден доктордың өктем
даусы.
Алексей Александрович Аннаның кабинетіне келіп кірді. Соның столы
қасындағы аласа орындықтың арқалығына қырын бере, бетін қолымен
басып Вронский жылап отыр екен. Доктор даусын естіген соң ұшып
түрегеліп, көзінен қолын ала бере, Алексей Александровиті көрді. Күйеуін
көргенге қатты сасып қалып, қайта отырған күйі, бір жерге кіріп кетейін
деген кісідей, мойнын ішіне ала құнысып кетті өзі; бірақ дəтін бекіте
түрегелді де:
— Өлу жаққа шықты. Докторлар да үміт жоқ деп отыр, — деді. —
Түгел ырқыңыздамын, осында болуға рұқсат беріңіз тек... дегенмен де,
ырқыңыздамын өзім, мен...
Алексей Александрович Вронскийдің көз жасын көрген соң, қасірет
тартқан өзге жұрттың сұрын көргенде көңілі босайтын əдеті ұстағанын
сезді де, бетін бұра, Вронскийдің, сөзін де түгел естімей, есікке қарай асыға
жөнелді. Жатын бөлмеден Аннаның əлдене айтқан дауысы естілді. Даусы
бір өте айқын нашпен, көңілді жарқын шығады. Алексей Александрович
бөлмеге кірген соң, кроватьтің қасына келді. Аннаның беті соған қарап
жатыр екен. Өңі албырап, көзі балбұл жана, монтыйған аппақ қолы
кофтасының жеңінен сыпырыла шығып, соны қайыра, көрпенің бұрышын
ойын ғып жатыр. Анна өзі əрі сау, əрі жасақ көріну үстіне, тіпті мəзмайрам, көңілді сықылды екен. Даусын нашына төтенше дұрыс келтіріп,
соны сөзіне, сыңғырай, тез сөйлеп жатыр.
— Неге десең мен, Алексей Александрович айтып жатырмын, Алексей
(екеуі де Алексей, оғаш жатқан, сұмдық тағдыр екені рас емес пе?)
көңілімді жықпаған да болар еді. Мен де ұмытып, ол да кешірген болар
еді... Неге келмей жатыр екен өзі? Тұрған бойы мейрім оның, сол мейрімін
өзі де білмейді. Ойпыр-ай! Не деген сағыныш десеңші, құдайым! Су
беріңдер тезірек! Айтпақшы, анау қызыма зыян болады екен ғой ол!
Жарайды, жақсы, емізетін кісі қойыңдар оған. Жарайды, көндім, соның өзі
абзал тіпті. Əлгі келген соң, көруге қыйналып жүрер. Беріп жіберіңдер
қызды.
— Анна Аркадьевна, ол кісі келген. Мына тұр! — деді акушерка,
Алексей Александровичке Аннаның назарын аудармақшы болып.
— Түу, бос сөз құр! — деді Анна, күйеуін көрмей. — Қызды беріңдерші
маған, бере тұрыңдар! Əлі келген жоқ ол. Оны өздерін, білмеген соң,
кешірмейді деп, сонсын айтып тұрсыңдар. Ешкім де білген емес. Жалғыз
өзім ғана біліп, сонда да ауыр тиген өзіме. Оның көзін біле білу керек,
Сережаның көзі де құдды сол сықылды, соған қарауға шыдай алмайтыным
да содан менің. Сережаға тамақ беріп пе едіңдер? Білемін, ұмытып кетеді
оны түге. Ол болса, ұмытпаған да болар еді. Сережаны бұрыш бөлмеге
көшіріп, Mariette сонда жатсын деп сұрау керек.
Анна қапелімде құныса бұйығып, жым-жырт қоя қойды да, біреу салып
кете ме деп, содан қорынған кісідей, қолын көтеріп, бетін қалқалай берді.
Күйеуін көріпті.
— Жо-жоқ, — деді ол, — одан қорықпаймын, өлем деп қорқып
жатырмын. Алексей, бері кел. Уақытым аз болған соң да, асығып
жатырмын, тіршілігіме аз-ақ уақыт қалды, қазір қызуым көтерілген соң, түк
те білмейім мен. Қазір бəрін біліп, көріп жатырмын.
Алексей Александровичтің əжімді жүзіне қасірет ізі ұялай кеп кетті;
Аннаның қолынан ұстап, əлдене айтайын дегенмен, сөйлей алмай қойды
тіпті; астыңғы иегі діріл қағып, əбігер көңілін басқалы əлі де алысып,
Аннаға тек анда-санда ғана қарап отыр. Сол қараған сайын, Аннаның өмірі
бүйтіп қарамаған бір қараспен, өзіне сүйсіне елжіреп» жүйесі босай
қараған көзін де қоса көріп отыр.
— Тұра тұр, білмейсің сен... Сабыр етіңдер, сабыр етіңдер... — деді де
Анна ойланған кісідей кідіре қалды. — Я, — деді сөзін сабақтап. — Солай,
я. Айтайын дегенім мынау менің. Таңырқамай-ақ қой маған. Сол
қалпындамын мен. Бірақ өзге біреу бар бойымда, содан қорқам мен, — ол
соны сүйіп, мен сені жек көрмек болсам да, бұрынғымды ұмыта
алмағамын. Мен емес ол. Қазір тұла бойым түгел өзіммін. Өлем енді,
өлетінімді білемін, содан сұра оны. Қол-аяғым мен саусағымдағы
зілгеуірлерді қазір де сезіп жатырмын. Мынау саусақтарым не деген дөкей
десеңші! Бірақ ұзамай бəрі де бітеді оның... Кешірім ет сен, мүлде кешір!
— Маған керегі жалғыз сол əне. Мен бір сұмдық жан өзім, бірақ: азап
шеккен əулие анаң күйі — солай деуші ме еді өзін? — бұдан да жаман
болған дейтін даяшым. Римге кетем мен де, құла түзі бар оның, сонсын
зарарым да ешкімге тимейді менің, тек Сережа мен қызымды ғана əкетем...
Жоқ, кешіре алмайсың сен! Білемін, кешіруге болмайды оны! Жо-жоқ, кете
бер, асқан текті адамсың сен бір! — Анна лапылдаған бір қолымен соның
қолын ұстап, бір қолымен итеріп те жатыр.
Алексей Александровичтің көңілі босай-босай, қазір тіпті қатты босап
кеткен соң, соған қарысуын да қойды. Көңілімнің босауы деп білетін жайы,
жан-дүниесінің қайта, өмірі сезбеген бір жаңа бақытқа тосын душар етіп
тұрған рақат күйі екенін де қалт сезе кетті өзі. Өмір бойы өзі жолын
тұтқысы келетін христиан заңы да дұшпанына кешірімшіл етіп, жақсы
көруге жазды дегенді ойлаған жоқ-ты ол; бірақ дұшпанымды жақсы көріп,
кешірім етем деген қуанышты сезім жан-дүниесін кернеп əкетті. Тізерлей
отырып, кофтасының, сыртынан күйдіріп тұрған қол иініне басын қоя,
балаша солқылдай жылады. Анна күйеуінің қасқа тартқан басын құша,
соған жақындаған күйі, көзін бір астамсынған əлпетпен көтере қарады.
— Мінеки ол, білгемін мен! Қош болыңдар енді, қош болыңдар түгел!..
Тағы да келді ғой өздері, неге кетпей жүр түге?.. Мынау үстімдегі ішікті
ары алып тастаңдаршы!
Доктор қолын босатып жастыққа жайлап салды да, иығынан асыра
жауып қойды. Анна ырқына көне, шалқая жатты да, қарсы алдына көзі
жалтылдай қарады.
— Маған керегі сол кешірім ғана болатын, ұмытпа соны, өзге ештеңенің
де керегі жоқ маған... Неге келмей отыр анау? — деді Анна, есік жақтағы
Вронскийге қарап. — Бері кел, бері! Қолыңды бер мынаған.
Вронский кровать қасына келіп, Аннаны көрген соң, бетін қолымен
тағы да баса берді.
— Бетіңді аш, қара мынаған. Əулие адам бұл, — деді Анна. — Аш, аш
бетіңді! — деді Анна ашулана сөйлеп. — Алексей Александрович, бетін
ашшы ананың! Кергім кеп жатыр өзін.
Алексей Александрович Вронскийдің қолын ұстап, бетінен былай ала
берді, қайғы мен ұяттан əлпеті сұмдық бұзылып кетіпті.
— Қолыңды бер, кешір айыбын.
Алексей Александрович қолын оған, көз жасы парлай тұрып ұсынды.
— Құдая тəуба, тəуба, — деді Анна, — болды енді түгел. Тек аяғымды
жазыңқыраңыз. Бəрекелде, тамаша болды. Мынау гүлдер не деген жаман
жасалған гүлдер өзі, бəйшешекке ұқсамайды тіпті, — деді Анна обояларды
нұсқап. — Жасаған, құдайым-ой! Қашан тынады десеңші бұл? Морфина
беріңізші. Доктор! Морфина беріңіз, уа жасаған құдайым-ай!
Содан соң-ақ Анна төсегінде төңбекши арпалысып кетті.
Бұл ауруды доктор мен докторлар босанудан кейінгі асқыну, мұндайдың
жүзден 99 қазаға ұшырайды дегенді айтысты. Күні бойы қызуы қайтпай,
сандырақтап, есін білмей жатты. Түн ортасында ауру тіпті сұлқ түсіп,
тамыры да соқпай қалды.
Жан тəсілім болады деп минут сайын күтісті.
Вронский үйіне кетіп, таңертең білейін деп қайта келген соң, Алексей
Александрович ауыз үйде жолығып:
— Осында-ақ болыңыз, бəлкім, сұрап қалар сізді, — деді де, əйелінің
кабинетіне өзі ертіп кірді.
Анна таң ата тағы да арпалысып, тағы да шыйрап, ойы мен сөзі тағы
лепіре келіп, есін тағы да білмей қалды. Үшінші күні де солай болған соң,
докторлар үміт бар дегенді айтты. Алексей Александрович сол күні
Вронский отырған кабинетке кіріп, есікті жапты да, қарсы алдына келіп
отырды.
— Алексей Александрович, — деді Вронский, түсінісер сəті тақап
қалғанын сезіп, — сөйлер жайым жоқ боп отыр, түсінер емеспін. Аяңыз
мені! Сізге қанша ауыр болғанмен, сенер болсаңыз, маған одан да
батыңқырап тұр.
Вронский тұруға да оңтайланды. Алексей Александрович бірақ
қолынан ұстады да:
— Құлақ қоюңызды сұраймын маған, қажет боп отыр сол, — деді. —
Өзім жөнінде сізді адастырмау үшін, өзіме тірек боп келген, тірек болатын
сезімімді түсіндіруім керек боп отыр сізге. Өзіңіз білесіз, мен өзім бас
ашуға бекіп, соны тіпті бастап та қойған кісімін. Сол істі бастай тұра,
батылым жетпей қыйналғанымды да сізден жасырмаймын мен; одан да,
сізден де кек алсам деген ниетім болғанын да алдыңызда мойындай
кетемін. Телеграмма алған соң, бұлай қарай сол сезіммен оралып, ең
арғысын айтсам: өлуін де тілегемін оның. Бірақ... — деді де, осыған
сезімімді ашсам ба екен, ашпасам ба екен деген оймен, үндемей отырып
қалды. — Өзін көрген соң кешірдім де бірақ. Сол кешірім еткен бақытым
міндетімді де ашып берді менің. Біржола кешірдім. Бұл бетімді қойса, ол
бетімді тосып, шапанымды алса, көйлегімді қосып бергім келеді де, тек
кешірім ететін бақытымнан айыра көрме деп жалынамын құдайға! —
Көзінен жасы мөлдірей тұрып қараған сабырлы, байыпты көзқарасы
Вронскийді қайран қалдырды. — Жайым сол əне. Басымды батпаққа
батырып, қауымға таба етемін десеңіз де ықтыярыңыз, бірақ оны өзім
тастамаймын да, өкпе-қалдық сөзді сізге де айтпаймын өмірі, — деді ол. —
Өз міндетім өзіме сайрап тұр: онымен бірге болуға тиіспін де, болмақпын
да əрі. Өзіңізді көрем деген ойы болса, өзім білдірем сізге, бірақ енді
кеткеніңіз де жөн болар дейім.
Түрегеліп еңкілдей жылағанда, сөзі де бөлініп кетті оның. Вронский де
түрегелгенмен, бойын жаза алмай, бүктеле тұрып, қабағының астынан
қарады оған. Алексей Александровичтің сезімін түсінген де жоқ өзі. Бірақ
оның осы сезімі өзінін, дүние тану қарымында тіпті ойы шалмайтын, озық
бірдеңе екенін де сезінейін деді.
ХVІІІ
Алексей Александровичпен əңгімелескен соң, Вронский қайда
жүргенін, қайда кетіп, қайда аттанарын есіне əрең-əрең түсіре, Карениндер
үйінің есігі алдына шықты. Өзін өзі ұятты, айыпты, жасыған жан сезіп, сол
жасыған жайын жуатын мүмкіншіліктен де ада боп қалған адамға ұқсап
тұр. Осы күнге дейін оп-оңай, астамсый басып келген жолынан қағып
жібергендей сөзді өзін. Өмірінің соғұрлы бекем көрінген, үйреншікті
əдеттері мен уставтары қапелімде қажетке жарамайтын, түгел бір жалған
нəрселер боп шықты. Осы күнге дейін сорлы жан танылып, бақытына
кездейсоқ кезіккен, біраз сөлекет қырсық көрініп, қапы жүрген күйеуің
соны өзі шақырып, қол жетпес биікке өзі көтеріп жіберді де, ол күйеуі сол
биікке шыққан соң, қытымыр, күлкі, бояма адам көрінбей, қарапайым,
мейрімді, кең адам болып шықты. Оны сезбеске Вронскийдің де дəрмені
қалған жоқ. Рольдері де кілт өзгеріп кетті. Ол биіктесе, өз сағы сынып, ол
он, болса, өзі теріс шыққанын да сезінейін деді Вронский. Сол күйеуі
қасірет тарта жүріп мархабатты жан боп шықса, алдап жүрген өзі
бақайшақ, пасық шыққанын да қоса сезді ол. Бірақ өз басы орынсыз
менсінбей жүрген сол адам алдында, өз пасықтығын сезінген осы жайы
басындағы қайғының шет-жағасы ғана болатын. Өз байқауынша, соңғы
кезде өзіне салқын тартып, қазір өзінен біржола қол үздім деп білген Анна
жөніндегі ынтығы қай уақыттағысынан да қатты күшейгендіктен, өзін енді
сұмдық бақытсызбын деп те сезді. Аннаның өзін осы ауруы үстінде толық
пайымдап, жан дүниесін білген соң, соны өзі өмірі сүйген жоқ екем деп те
қалған. Содан Аннаны қазір біле келіп, соны шынымен құлай сүйген
шағында, соның алдында сағы сынып, біржола қол үзе, өзі жөнінде соның
есінде құр өңкей ұят нəрселер қалдырды. Бəрінен сұмдық ұятты, күлкі
жайы, Алексей Александрович келіп, ұяла басқан бетінен қолын алғаны
болды. Карениндер есігінің алдында, лағып қалған жаншa, қайда барарын
да білмей тұрып қалды өзі.
— Арбакеш керек пе еді? — деп сұрады швейцар.
— Я, арбакеш керек.
Үш түн бойы ұйқы көрмеген Вронский, үйіне келген соң, шешінбей,
қолын айқастыра, басын соған салып, диванға етпетінен сұлай кетті. Басы
зіл-көтерем боп тұр. Нағыз қыйлы-қыйлы елес, естегілері мен ойлары
төтенше айқын шалынып, бірінен соң бірі зымырай өтіп жатыр: біресе
ауруға берем деп қасықтан асырып алған дəрісі, біресе акушерканың аппақ
қолы, біресе Алексей Александровичтің кровать алдындағы еденде отырған
қызық отырысы елестеп кетеді.
«Ұйқтайын да ұмытайын!» — деді ол, шаршауын шаршағанмен,
ұйқтайым десе-ақ, ұйқтай кететін cay адамның сабырлы сеніміне салып.
Шынында да басы лезде мəңгіріп, ұмыта ұйқтағалы, балбырай жөнелді.
Сана-сезімсіз өмір теңізінің толқындары басына үйіріле берген шақта,
қапелімде — денесінен құдды бір керемет күшті электр тогі атылып
кеткендей — қатты селк ете түсіп, диван серіппесінде денесі түгелімен
шоршып кеп кетті де, қолын таяна, үрейі ұшып тізерлей отыра қалды.
Өмірі тіпті ұйқтамаған адамша, көзі шарасынан шығып кетті. Бұдан бір
минут бұрын басы зеңіп, бойы босап тұрған жайы сап болды.
«Басымды батпаққа батырсаңыз да ықтыярыңыз» деген, Алексей
Александровичтің сөзін естіп, қарсы алдында отырған өзін де көре кетті;
беті албырай қызарып, көзі жайнай, өзіне қарамай, Алексей
Александровичке емірене, сүйе қараған Анна жүзін де көріп қалды;
Алексей Александрович келіп, бетінен қолын алғанда, өзінше, есуас, күлкі
көрінген өз кескінін де шалып қалды. Вронский аяғын тағы да көсіліп,
бұрынғы жатысынша диванға қайта құлап, көзін де қайта жұмды.
«Қой! Ұйқтайын!» — деді ішінен тағы да. Бірақ көзін жұма жатып,
Аннаның бəйгеден бұрынғы естен кетпес кеште көрген дидарын одан да
айқынырақ көрді.
— Ол енді жоқ та, болмайды да, өзі де оны жадынан жоқ етсем деп
жатыр. Онсыз бірақ өмір сүрер жайым жоқ менің. Қайтып, қалай
татулассақ екен десеңші? — деп даусын шығара айтты да, сол сөздерді ой
да жүгіртпей, қайталай берді. Сол сөздерді қайталауы, өз сезуінше, басында
қаулап тұрған жаңа бейне, жаңа елестердің туу жағын да бөгеп қалды. Ол
сөздерді қайталауы қыялын бірақ көп бөгеген жоқ. Жақсы шақтарымен
қоса əлгідегі сағы сынған жайы бірінен соң бірі сапырылып тағы да
елестей бастады. «Қолын ал»,— деді Аннаның даусы. Күйеуі келіп, бетінен
қолын алған соң, мат болып, ұялып тұрған өз бет əлпетін де сезе кетті.
Ұйқтаймын-ау деген титтей . үміті жоғын сезгенімен, ұйқтамақшы боп
сол жатқан күйі, қай-қайдағы ойлардың əлдеқалай кезіккен сөздерін баяғы
сол күбірлей қайталаған қалпы, жаңа бейнелер туу жағын сол арқылы
бөгесем деп қояды өзі. Құлағын түре жатып, бір оғаш, жынды сыбыр
қайталаған: «Бағалай да, пайдалана да білген жоқсың бағалай да, пайдалана
да білмедің» деген сөздерді де естіп қалды өзі.
«Бұ несі? Жынданайын дедім бе, əлде? — деді ішінен. — Мүмкін.
Жынданғанда неден жынданады, атылғанда неден атылады дейсің?» — деп
өзіне өзі жауап берді де, ағасының əйелі Варя кестелеген жастық бас
жағында жатқанын көріп, қайран қалды. Жастықтың шашағын шұқылап,
Варяны соңғы рет қашан көргенін ойлай бастады. Бірақ өзге бір бөгде
нəрсені ойлау өзіне қыйын да тиді. «Жоқ, ұйқтау керек!» — деп жастықты
жақындатып, басын тыға жатқанмен, көзін жұмып жату үшін де күш
жұмсауы керек болды. Басын лып көтеріп, түрегеп отырды. «Маған енді
тынған шаруа ол, — деді ішінен. — Істейтін шаруамды ойлауым керек. Не
қалды екен?» Аннаға деген махаббатынан сыртқы өмірін ойымен тез
шарлап та шықты.
«Дəреже жағы ше? Серпуховской ше? Қауым жағы ше? Сарай жағы
ше?» Ойы ештеңеге де дəйектемеді. Бурый соның бəрінде де мағна
болғанымен, қазір түгі де жоқ болып шықты. Диваннан түрегеліп, сюртугін
шешкен соң, белдігін босатты да, еркінірек тыныстайын деп, жүндес
көкірегін ашып тастап, бөлмеде жүре бастады. «Ұятқа қалмайын деп...—
деді қайталап, — осылай жынданып, осылай атылады жұрт», — деді баяу
сөйлеп.
Есікке барып, жауып қойды оны; содан соң көзі бедірейе, қатты
тістенген күйі, столға келіп, алтыатарды алған соң, оқтаулы сайын
оңтайлады да, қолына алтыатарын ұстай, тас түйілген оймен, тұқыра
тұрып, екі минуттай ойланып қалды. «Əлбетте», — деді өзіне өзі, ұзақ
толғанған ойының қыйсынды, айқын аңғары күмəнсіз қортындыға
əкелгендей болып. Шынына келгенде, өз ойынша бұра тартқысыз көрінген
ол «əлбеттесі», осы сағат ішінде өзі он мəртебе шарлаған, тап сол сықылды
ойлар мен елестерді қайталау жайының ғана нəтижесі болатын. Бір жола
қол үзген бақытын сол ойлауы ойлау, өміріндегі бүкіл мағнасыз болашақты
сол елестеуі елестету, сағы сынған жайын сол сезуі сезу болды да тұрды.
Ол елестер мен сезімдердің жосығы да сол жосық болды да қойды.
Осы естегілері мен пікірінің шырмаяқ шыйырына үшінші рет тағы да
ойысқан соң, «əлбетте» дегенді қайталады да, алтыатарын сол жақ
кеудесіне тіреп, қолын, қапелімде жұдырық түйген адамша, пəрменінше
түгел дір ете қысып, серіппені басып кеп жіберді. Оқ дауысын
естімегенмен, кеудесіне соққан қатты тепкіннен аяғы тайып кеп кетті.
Столдан ұстауға қарманып жүргенде, алтыатарын түсіріп алып, теңселіп
барып жерге отыра кетті де, жан-жағына таңырқай қарады. Қағаз
корзинкасына, жолбарыс терісіне, столдың бунақ-бунақ аяғына төменнен
қарай отырып, бөлмесін танымай да қалды өзі. Қонақ үйде сықырлата тез
басқан қызметкерінің, дыбысы шалынып, есі кіріп те кетті. Күш сала
ойланып, еденде отырғанын аңғарған соң, жолбарыс терісі мен қолындағы
қанды көріп, атылғанын да түсіне қойды.
— Ақмақтық болған екен! Тимепті ғой, — деді ол, алтыатарды қолымен
шарлай іздеп. Алтыатары қасында жатыр еді де, арыдан іздеп кетті ол.
Соны іздеп жүріп, екінші жағына ауып кетіп, бойын ұстай алмай, қансырай
барып жығылды.
Жүйкем нашар дегенді таныстарына талай рет шағып жүретін,
бакенбардылы сəнқой қызметкері, мырзасының еденде жатқанын көріп,
қатты шошып кеткендіктен, солай қансыратып тастаған күйі, жəрдемге кісі
əкелгелі ұша жөнелді. Бір сағаттан соң арасының əйелі Варя келіп, жан
жаққа іздете шаптырған үш докторы бір мезгілде: жеткен соң, жаралы
адамды солардың жəрдемімен төсекке салып, соны баққалы қасында қалып
қойды.
XIX
Алексей Александровичтің əйелімен көрісуге қамдана тұрып, сол əйелі
райынан шын қайтып, өзі де кешірген күнде, сол өзі зəуде өлмеуі де кəдікау дегенді ойламаған қатесі, өзі Москвадан келген соң екі айдан кейін —
мейлінше бір күшті қателігі болып, алдынан бұрқ етіп шыға келді. Бірақ ол
қатесі сол кездейсоқ жайды тек ойластырмағандығынан ғана істелген қате
емес, өлім халіндегі əйелімен көрісетін сол күнге дейін өз жүрегін
білмегендіктен істеген қатесі болатын. Төсек тартқан ауру əйелінің қасында
отырып, өзге адамдардың қасіретін көргенде жүйесі босай бірге күйзеліп,
бұрын өзі зыянды күйректік деп ұят көретін сезімге де өмірінде тұңғыш рет
тоғылған болатын; соны аяу, соның өлуін тілегеніне өкіну, əсіресе соған
кешірім ету қуанышы қасірет қамырығын тарқату үстіне, бұрынғы кезде
өмірі сезбеген жан тыныштығына да кенелткенін кенет сезе кеткен-ді өзі.
Қасіретіне сабақ болған нəрселер рухани қуанышының қайнар көзіне
айналған соң, кіна тағып, өкпе айта, өштесіп жүрген шағында шешілместей
көрінген нəрселері, кешірім етіп, жақсы көрген кезінде жай, айқын нəрсе
боп шыға келгенін де қалт сезінген болатын.
Əйелін кешіре отырып, қасірет өкінішіне бола аяп та кетті оны.
Вронскийді де кешіріп, əсіресе, күйік үстінде істеген қылығын құлағы
шалған соң, оны да аяған болатын. Баласын да бұрынғыдан бетер аяп,
көңілімді соған тым аз бөліппін-ау деп, өзіне өзі өкпелеген де болатын енді.
Ал, жаңа туған титімдей қыз жөнінде ерекше бір аяушылық сезімі үстіне,
балажандылық барын да сезінейін деген. Өз қызы болмаса да, сол жаңа
туған дəрменсіз қызға, шешесі ауру кезінде елеусіз қалған соң, өзім
қарайласпасам, өліп қалуы да кəдік-ау деген оймен, басында құр жаны
ашығандықтан ғана үйріле келіп, соны жақсы көріп кеткенін өзі де
байқамай қалған. Балалар бөлмесіне күніне неше дүркін барып, сонда ұзақ
отырып жүргендіктен, сол барда именшектей беретін емізуші əйел мен
даяшы екеуі де үйреніп кеткен оған. Ұйқтап жатқан баланың тук-тук,
тыржыйған қызылшақа бетіне бағзы кезде жарты сағат уақыт томсара
қарап, шытына жыбырлаған қабағын, көзі мен кеуілжірін сырт жағымен
уқалаған маймыш саусақты бұлтыйған қолын қадағалайтын да отыратын
өзі. Алексей Александрович өзін өзі əсіресе сондай сəттерде тым
тынышты, риза сезіп, өз жайында өзгерте қоярлық пəлендей, ерекше
ештеңе де жоқ деп білетін.
Бірақ уақыт неғұрлым көбірек өткен сайын, осы жаны өзіне қазіргі
күнде қаншама табиғи болғанмен де, ол қалпында қоймайтындарын да
соғұрлы айқын аңғара берді. Жан-дүниесін басқарған рухани игі күштен
өзге, өмірін қоса билеп жүрген осы құралпы, яки одан да басым жатқан
жəне бір дүлей күш барын да сезінейін деді, ол күш оның тып-тыныш
көніп жүре берем дегеніне ырық бермейтін күш боп шықты. Жұрт біткен
өзіне қыпылдай қарасып, жайын да түсінбей, өзінен бірдеңелер күтіп
жүргенін де сезе берді. Əсіресе, əйелімен арадағы қарым-қатнастың
баянсыз, жасанды екенін қатты сезінді өзі.
Өлім төнгенде жуасыған жайы өткен соң, Анна да Алексей
Александровичтің өзінен сескене соғып, масыл көріп, көзіне де тура қарай
алмай жүргенін байқайын деді ол. Анна өзі бірдеңе айтайын десе де,
батпаған кісі сықылданып, араласып тұра алмаймыз ғой дегенді күн ілгері
сезген кісідей, одан бірдеңелер күтті де жүрді.
Февраль аяғында Аннаның жаңа туған қызы ауырып қалды, оның аты
да Анна қойылған болатын. Алексей Александрович таңертең балалар
бөлмесінде болып, докторға кісі жіберуге жөн сілтеген соң, министрлікке
кетті. Ісін тындырып, үйге сағат төртке қарай оралды. Ауыз үйге кірген соң,
жиекті киім киіп, аю терісінен желең сала, американ ақ итінін, терісінен
істелген қапталша ұстап тұрған сұлу малайды көрді.
— Кім екен бұл?— деп сұрады Алексей Александрович.
— Елизавета Федоровна Тверская княгиня, — деді малай, Алексей
Александровичтің байқауынша, жымыя күлгендей болып.
Алексей Александрович күллі осы ауыр күндерде де қауымдағы өз
таныстары мен, əсіресе, əйелдер жағы, өзі мен əйелін ерекше елегендерін
де байқап жүретін. Сол таныстарының бəрі де əлденеге қуанған
қуаныштарына əрең ие боп тұрғандарын аңлай беретін өзі, бұрын адвокат
көзінен көрген сол қуанышты қазір малай көміпси де келді ол. Біреуді
күйеуге берін жатқандай түгел сүйсіпіп тұрған сықылданатын. Өзіне
жолыққанда Аннаның денісаулық жайын да қуана сұрасқандай болатын.
Тверская княгиня отырған соң, соған байланысты есіндегі жайлары мен
жалпы жек көруі Алексей Александровичке жайсыз тиді де, балалар
бөлмесіне тіке келіп кірді. Сережа бірінші бөлмесінде аяғын орындыққа
тірей, столға етпеттей жатып, көңілдене күбірлеп, бірдеңе салып жатыр
екен. Анна ауырған кезде француз əйелдің орнында болып, қазір баланың
қасында ернек тоқып отырған ағылшын əйел апыл-ғұпыл түрегеліп, қайта
отырды да, Сережаны жұлқып қалды.
Алексей Александрович баласының басынан сыйпап, тəрбиеші əйелдің
Анна жайы қалай деген сұрауына жауап берген соң, baby 74 жайында
доктордың не дегенін сұрады.
— Қауіпті ештеңе де жоқ, ваннаға түсіріңдер дегенді жазып кетті
доктор, сударь.
— Дегенмен, безілдегенін қоймаған екен əлі, — деді Алексей
Александрович, көрші бөлмедегі баланың бажылын тыңдай тұрып.
— Емізушісі жарамайды ғой деймін, сударь, — деді ағылшын əйел
кесіп.
— Неліктен олай деп ойлайсыз? деді Алексей Александрович кідіре
қалып.'
— Поль графиняның баласы да осылай болған, сударь. Емдетіп жүрген
баласы: емізушінің сүті болмай, əшейін аш бала боп шыққан, сударь.
Алексей Александрович бірнеше секунд ойланып тұрды да, екінші
есікке барып кірді. Емізуші көтерген қыз, аузына тосқан, торсыйған
емшекті де ембей, үстіне төнген даяшы мен екеуінің қосыла кіш-кіштеген
дауысына да жұбанбай, басын шалқалата тыржыйып, зар қағып жүр екен.
— Əлі де пəс боп тұр ма? — деді Алексей Александрович.
— Тіпті маза кермейді, — деді даяшы күңк етіп.
— Эдвард мисс, емізушінің, бəлкім, сүті жоқ шығар дегенді айтады, —
деді Алексей Александрович.
— Өзім де солай ойлайым, Алексей Александрович.
— Онда неге айтпай жүрсіз?
— Кімге айтайын айтқанда? Анна Аркадьевна болса, сырқат əлі, — деді
даяшы ренжи сөйлеп.
Даяшы сол үйдегі қарт қызметші болатын. Оның осы жай сөздері-ақ
Алексей Александровичке өз жайын мегзей кеткен тəрізді көрінді.
Бала одан бетер шыңғырып, тыпыр қағып, шыйқылдай жылады. Даяшы
қолын бір сілтеді де, балаға барып, емізушінің қолынан алған күйі, шайқап
ала жөнелді.
— Емізушіні байқатуға доктор шақыру керек, — деді Алексей
Александрович.
Көрер көзге сап-сау, сəнді киінген емізуші əйел, айнып кетеме дегеннен
қорқып, өзінше бірдеңе деп мұрнынан міңгірледі де, дəп-дəу емшегін қайта
салып, сүті жоқ деген күдіктерін кекете жымың ете түсті. Алексей
Александрович осы жымыңды да өз жанымды сықақ еткендік деп жорыды.
— Бақытсыз байғұс бала-ай! — деді даяшы, баланы кіп-кіштеген күйі,
сол жүрісінен танбай.
Алексей Александрович орындыққа
даяшыға жүзін шер баса, мұңая қарады.
отырып,
ары-бері
аяңдаған
Барып-барып баяуқыраған баланы шұңғыл кроватьқа салып, жастығын
жөндеп, даяшы былай жылысқан соң, Алексей Александрович түрегеліп,
аяғын ұшынан əрең басып, баланың қасына барды. Балаға, жүзін сол шер
басқан күйі томсара қарап, бір минуттай тұрып қалды өзі. Бірақ қасы мен
қабақ терісі қалт жазылып, жүзі жымың ете түсті де, бөлмеден де сол
ақырын басқан күйі шығып кетті.
Ac үйден қоңырау соғып, жалшысы кірген соң, докторға тағы да кісі
жіберіңдер деп бұйырды. Əлгі аяулы баланың қамын ойламағанына əйеліне
де қынжылып, əйеліне сол қынжылып отырғанда барғысы келмеуі үстіне,
Бетси княгиняны да көргісі келмеді өзінің. Бірақ үйреншікті əдетінше,
кірмегеніне əйелі таңырқайтын болған соң, өзін өзі күштеп, жатын бөлмеге
қарай беттеді. Жұмсақ кілемді баса, есікке жақындай беріп, естімесем
дейтін əңгімесін де лажсыз ести кетті.
— Егер сол жүрмейтін болса, сіздің де, оның да шалқайған жайын
түсінген болар едім мен. Күйеуіңіз бірақ ол тұрғыдан жоғары адам болуға
тиіс,— деді Бетси.
— Күйеуіме бола істеп отырғам жоқ, өз зауқым соқпай отыр. Айтпай-ақ
қойыңыз оны! — деді Аннаның ашынған дауысы.
— Рас қой, бірақ өзіңізге бола атылған адаммен қоштаспаймын дейтін
жөніңіз жоқ сіздің...
— Зауқым соқпайтыны да содан менің.
Алексей Александрович қорыққан əлпетпен , жазықты адамша кідіре
қалып, білдірмей қайта жөнелуге де ой қылды. Бірақ мұным мін болар
деген оймен, тағы оралды да, жөтеліп қойып, бөлмеге қарай беттеді.
Дауыстар жым басылған соң, о да кіріп барды.Тықыр қырғызған қара
шашы қаулай тебендеген Анна, сұр желеңін кие, басы доп-домалақ боп
көшеткеде отыр екен. Күйеуін көрген соң, қашанғы əдетінше, жүзіндегі
жарқын шырайы лып жоқ болып кетті; басын тұқырта, Бетсиге қобалжый
қарады өзі. Ең соңғы үлгімен істелген қалпағын, басына шамдал
төбелдірігінше əлдеқайда аспандата қондырып, бір жақ кеудесі мен бір жақ
етегіне бажырайған жолақты қыйғаш ендіріп, көгілжім көйлек киген Бетси,
ұп-ұзын сымпыш белін тіп-тік ұстап, Аннаның қасында отыр екен де,
Алексей Александровичке басын ие, сылтың күлкімен қарсы алды.
— Ə! — деді ол таңырқаған адамша. — Үйде болғаныңызға қуанып
қалдым ғой əбден. Ешқайда көрінбей де қойдыңыз тіпті, Анна ауырғалы
мен де көргем жоқ. Істеген қайырымыңызды түгел естіп жатырмын. Рас,
ғажайып күйеу екенсіз бір! — деді ол, əйеліне еткен кеңшілігіне бола,
мархабаттылық орденін тартқандай, жылы шыраймен мəн бере сөйлеп.
Алексей Александрович басын сұлық иді де, əйелінің қолын сүйіп,
денсаулық жайын сұрады.
— Тəуірмін ғой деймін, — деді Анна, күйеуінің көзінен тайқай қарап.
— Бірақ бет ажарыңыз безгек адамның ажары сықылды екен, — деді
күйеуі, «безгек» деген сөзді баса айтып.
— Екеуміз тым көп сөйлесіп кеттік, — деді Бетси, — ол менің
өзімшілдігім ғой деп те отырмын, жүремін енді.
Бетси түрегелгенмен, Анна қалт қызарып кетіп, қолынан шап етіп ұстай
алды.
— Жоқ, отыра тұрыңыз. Сізге бір айтатыным бар менің... жоқ, сізге екен
ғой, — деп Алексей Александровичке бұрылғанда, Аннаның мойны мен
маңдайына дейін қызарды. — Сізден ештеңе де жасырғым келмейді,
жасырар түгім жоқ əрі.
Алексей Александрович қолын шыртылдата, төмен қарап кетті.
— Вронский граф Ташкентке жүрер алдында біздікінде болып, қош
айтқысы келеді дегенді айтып отыр Бетси. — Анна күйеуіне қарай қоймай,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 34
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.