Latin Common Turkic

Анна Каренина - 17

Total number of words is 4070
Total number of unique words is 1972
36.1 of words are in the 2000 most common words
50.3 of words are in the 5000 most common words
56.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Я, — деп Алексей Александрович те түрегеліп, саусақтарын
сұғылыстырып шыртылдата бастады. — Бұлбұлды əнмен асырай алмайсың
демекші, сенің өзіңе ақша да апарайыншы деп келіп едім, — деді ол. —
Керек те шығар деймін саған.
— Жоқ, керегі жоқ... я, керек еді, — дей берді Анна, күйеуіне қарай
қоймай, шашының түптеріне дейін қызарып кетіп. — Айтты-айтпады,
бəйгеден осында соғатын шығарсың деймін сен.
— Əлбетте! — деді Алексей Александрович. — Ə, Петергоф сəулеті,
Тверская княгиня да келді міне, — деп қосып қойды, колясканың қауешек
қобдыйын шекшите биік орнатып, қайыс абзал тағына, таяу келген
ағылшын экипажына терезеден қарай салып. — Не деген сəнденіс десеңші!
Құйылысып тұр! Жə, біз де жүрейік ендеше.
Тверская княгиня, есік алдына келген соң экипаждан шыға қоймады да,
шиблет киіп, желең жамылған, қара қалпақты малайы қарғып түсті.
— Кеттім мен, қош болыңдар! — деп Анна баласының бетінен сүйді де,
Алексей Александровичке келіп, қолын ұсынды. — Келгенін, тіпті жарасып
қалды сенің.
Алексей Александрович қолынан сүйіп қойды.
— Жə, көріскенше қош боп тұр, ендеше. Шай ішуге соғасың ғой, өте
жақсы болды! — деді де Анна гүл-гүл жайнап, мəз бола шыға жөнелді.
Бірақ күйеуі көзінен таса болысымен-ақ, қолының, жаңа соның ерні тиген
жерін сезіне, түршігіп дір ете қалды.
ХХVІІІ
Алексей Александрович бəйгеге келгенде Анна күллі жоғарғы қоғам
тоғысқан шатырда Бетсимен қатар отырған болатын. Күйеуін өзі сонау
қыйырдан-ақ көрген. Күйеуі мен ашынасы екеуі өмірінің екі белеңі боп
кеткендіктен, екеуінің жуық жүргенін сыртқы сезімдерсіз-ақ сезе қоятын
өзі. Күйеуінің жақындағанын сонау қыйырдан-ақ сезіп, сол келе жатқан
топты жұрт толқынының арасынан соны өзі амадсыз қадағалап та отырған.
Ол оның біресе жалпаңдай бас игендерге сүле тіл қатып, біресе өзі
теңдестерге аңыра, жарқылдай амандасып, біресе дүние үйелмендерінің
қабағын қылпылдай бағып, құлағын жымырған дөңгелек үлкен қалпағын
сыпыра, шатырға таяп келе жатқанын керіп отыр. Анна өзі ол мезіретілерді
түгел білетін де, соның бəрі өзіне бір жексұрын болатын. «Мұның күткенбанданың бəрі баққұмарлық бір, бар ниеті көзге түсу жалғыз, —
көкейіндегінің бəрі сол əне, — деп ойлады Анна, — озық ойшылдық,
оқымыстылықты сүю, дін дегеннің бəрі — тек сол көзге түсудің құралы
əшейін».
Анна оның əйелдер шатырына қараған көз қарасынан (Аннаға өзі тұра
қарағанымен, толып отырған торғын, лента, қауырсын, қолшатыр,
гүлдерден-əйелін таныған жоқ еді) өзін іздеп жүргенін де аңғара кетті;
бірақ қасақана көрмеген кісімсіп қоя салды.
— Алексей Александрович! — деді Бетси дабыстап, — əйеліңізді
көрмей тұрсыз ғой деймін өзіңіз: мына отыр ол!
Алексей Александрович салқын əлпетіне сала жымыйып күліп қойды.
— Осындағы қыруар жалтыл тіпті көздің жауын алып жіберді, — деді
шатырға келе беріп, əйелін жаңа ғана кездестіріп, жүз көріскен еркектер
əдетінше, əйеліне күлімсіреп қойды да, княгиня мен өзге таныстарына
амандасып, əрқайсысына есесін бере, яғни əйелдерге қалжыңдаған күйі,
еркектерге де сəлемдесіп шықты. Төмен, шатыр қасында Алексей
Александрович сыйлайтын, ақыл, білімімен аты шыққан генерал-адъютант
тұр екен. Алексей Александровичпен екеуі тіл қатыса бастады.
Бəйге арасындағы толас уақыт болған соң, əңгімеге де ешкімнің бөгеті
болған жоқ. Генерал-адъютант бəйгені міней сөйледі. Алексей
Александрович бəйгені жақтап, қарсы пікір айтты. Анна оның біркелкі
шəңкілдек даусына құлақ түре, бір сөзін қақа жібермей тыңдағанымен,
əрбір сөзі өзіне жалған көрініп, құлағының құлық етін жеді.
Тосқауыл арқылы шабылатын төрт шақырымдық бəйге басталған соң,
Анна ілгері қарай етпеттей отырып, ат қасына барып, соған міне жөнелген
Вронскийге көз аудармай қараған кезде де, күйеуінің сол тынымсыз,
жексұрын даусын естіді де отырды. Ол өзі Вронский үшін қорқам деп бір
қыйналса, күйеуінің сол, өзіне тынымсыз шыңылдап естілген, нəші қанық
нəзік даусынан одан бетер қыйналды.
«Өз басым ақмақ-ақ, құрыған-ақ əйел шығармын, — деп ойлады Анна,
бірақ өтірік айтуды сүймеймін де, өтірікті көтерер жайым жоқ, ол болса
(күйеуі), көрген қорегі сол өтірік оның. Бəрін біліп те, көріп те отыр ол:
осылай жай сөйлегенде, не сезбек екен десеңші өзі? Мен мұны өзім мен
Вронскийді өлтіріп жіберсе, артық сыйлаған да болар едім ғой. Бірақ бұған
керегі өтірік пен сыпайыгершілік болған соң, не сорын, құр», — деді Анна
ішінен, күйеуінен не қалап, қалай бол дейтініне де анықтап ой жүгірте
қоймай. Алексей Александровичтің сырттай төтенше сөзуар тартқанына
шамданғанмен, оныкі құр ішкі үрей, абыржу əлпеті ғана екенін түсінген
жоқ. Жығылып қалып, етінін, ауырыңсынғанын қыймылмен, қарғып
басатын бала сықылды, Алексей Александровичке де əйелі жайындағы
ойын басуға ақыл əрекеті қажет еді, ол ойы əрі Вронскийдің есімі
дамылсыз аталып, əйелі мен сол жүрген жерде көңлін де қобалжыта
беретін. Сондықтан, қарғу деген балаға қандай сыйымды болса, жақсы,
жатық сөйлеу деген бұған да сондай сыйымды еді. Сөйлеп отыр өзі:
— Атты əскер жарысындағы қауып-қатер деген бəйгенің қажетті шарты
ол. Əскер тарихында атты əскердің ең тамаша істерін Англия көрсететін
болса, онысы тек адамның да, малдың да осы күшін тарихи
дамытқандықтан ғана болып отыр. Менің, ойымша, спорт дегеннің маңызы
үлкен нəрсе де, біз құр, қашанғы əдетімізше, ең үстірт нəрселерді ғана
аңдаймыз.
— Үстірт түгі жоқ, — деді Тверская княгиня. — Бір офицер екі
қабырғасын сындырып алыпты десіп жүр...
Алексей Александровичтей, жымыя күлген күлкісі құр тісін ғана
аштырғаны болмаса, өзге ештеңе де білдірген жоқ.
— Үстірт болмаса, ішкі нəрсе-ақ дей қоялық, княгиня, — деді ол. —
Əңгіме онда тұрған жоқ, бірақ, — деді де, шындай сөйлесіп отырған
генералына қайта бұрылды, — бəйгеге шабатындар сол кəсіпті қалап алған
əскери адамдар екенін ұмытпаңыз да, қалау дегеннің медаль сыртындай
қалтарыс жағы да бар дегенге келісе беріңіз. Ол өзі əскери адамның
міндетіне тікелей кіретін нəрсе. Жұдырық сайысы, яки Испанияның бұқа
соғысы сықылды дүлей спорттар тағылық белгісі де, арнаулы спорттар
даму белгісі ол.
— Жоқ, өз басым ендігəрі келмеймін; қатты толқыта береді екен мені
өзі, — деді Бетси княгиня. — Рас емес пе, Анна?
— Толқытқанмен, көз айыруға да болмайды екен, — деді екінші бір
əйел. — Мен өзім Рим əйелі болған болсам, цирктің бірде-бірін құр
өткізбеген болар едім.
Анна дəнеңе де демей, дүрбісін де алмай, тек бір жерге ғана қарады да
отырды.
Осы кезде шатырды аралай ұзын бойлы бір генерал өтті. Алексей
Александрович сөзін бөле, сасып қалса да салмақпен түрегеліп, өтіп бара
жатқан əскери адамға қатты еңкейе иілді.
— Жарыспайсыз ба, сіз? — деді оған əскери адам қалжыңдап.
— Менің жарысуым деген
Александрович ізетпен тіл қатып.
қыйынырақ-ау, — деді Алексей
Қайырған жауаптың қабынды түгі болмағанмен де, əскери адам ақылды
жанның ақылды сөзін естідім-ау, lа роinte de la sauce
деген əлпет көрсетті.

əбден түсінемін,
— Орындаушы, керуші боп отырған екі жақ бар мұнда, — деді Алексей
Александрович сөзін қайта сабақтап, — осы көрініске қызыға берудің өзі
де көрушілер дамуы төмен екенін айнытпай көрсетеді дегенге қосылам
өзім, бірақ...
— Бəс тігейік, княгиня! — деп төмен де тұрып Бетсиге тіл қатқан
Степан Аркадьичтің даусы естілді. — Кімге тігесіз сіз?
— Анна екеуміз Кузовлев князьға тігеміз, — деді Бетси.
— Мен Вронскийге тігемін. Екі қолғап.
— Мақұл!
— Неткен жарасымды десеңші, рас емес пе?
Алексей Александрович, қасындағылар сөйлесіп жатқанда үндемей
отырды да, қойысымен тағы да бастап:
— Қосылам өзім, бірақ ерлік ойындар... — деп жалғай беріп еді.
Алайда, бəйгеге шабушыларды осы кезде кеп қоя бергендіктен, əңгіме
біткен түгел толастап, Алексей Александрович те тынып, жұрт біткен түгел
түрегеле, өзен жаққа қарады. Алексей Александрович бəйгеге зауқы
соқпағандықтан, шапқандарға қарай қоймай, көзін аңыра қыдыртып, жұрт
арасын шола бастады. Көзі Аннаға барып түсті.
Аннаның өңі боп-боз болып, суып кетіпті. Біреуден өзге ешкімді де,
ештеңені де көрмей отырған тəрізді. Желпуішін қолына қалтырай
қымтыған күйі, демін де алмай отыр екен. Алексей Александрович соған
қарады да, өзгелерді шола, лып бұрылып кетті.
«Рас, мына бір əйелдер мен өзгелері де өте елегізіп отыр екен; əбден
табиғи нəрсе ғой бұл», — деді Алексей Александрович ішінен. Аннаға өзі
қарамайын десе де, көзі соған еріксіз тарта да берді. Сол дидарға тағы да
қарап, сондағы соғұрлым айқын жазулы тұрған нəрсені көрмейін-ақ десе
де, көңлі соқпаған сол əлпетті, үрейі ұша, лажсыз оқыды өзі.
Өзенде Кузовлевтің алғаш жығылуы жұртты түгел дүрліктіргенмен,
Аннаның көз тіккен кісісі жығылмағанын насаттана қараған бозарынды
жүзінен Алексей Александрович айқын көрді. Махотин мен Вронский
үлкен бөгеттен ырғыта өтіп, содан соңғы офицер іле-шала шаншыла
жығылып, тіл тартпай өлгеніне жұрт біткен үрейі ұша күбірлеген кезде де,
Аннаның соны тіпті аңғармай да қалып, айналасындағылар неге сөйлегенін
барып-барып əрең түсінгенін де Алексей Александрович көріп отырды.
Бірақ өзі Аннаға қатты шұқшыя қарауын, барған сайын жиілетіп те жіберді.
Атқа шапқан Вронский сыйқына бар ойымен құлай қараған Анна, өзіне
күйеуінің бүйірден қадалған суық көзін де сезіп отыр екен.
Анна оған бір лез жалт бұрылып, қуыстана қарады да, қабағын сəл
шығыңқырап қойып, тағы да ары қарап кетті. Күйеуіне:
— Əй, қойшы, бəрібір маған, — дегендей болды да, ол жаққа қайтып
қарамай қойды.
Бəйге сəтсіз бəйге болып, он жеті адамның тең жартысынан көбі
жығылып, қыйрап қалды. Бəйгенің ақырында жұрт түгел абыржып, ол
абыржулары патшаның реніші қосылып, одан бетер ұлғайып кетті.
XXIX
Жұрт біткен қамырықтарын жарқын-жарқын айтысып, «тек əшейін
арыстанды цирк болмады ғой», — деп əлдекім айтқан сөзді түгел қайталап,
тегіс шошына сезінгендіктен, Вронский жығылғанда Аннаның да қатты
баж етуінде тұрған төтен ештеңе жоқ еді. Бірақ Анна жүзінде іле-шала
білінген өзгеріс, сыпайыгершіліктен мүлдем шығып та кетті. Есінен мүлде
адасып қалды өзі. Қолға түскен құсша талпынып: біресе тұра сала
əлдеқайда зыта жөнелгісі кеп, біресе Бетсиге сөйлеп шала бүлінді.
— Жүрейікші, жүрейік, — деп жалынды.
Бетси бірақ сөзін естіген жоқ оның. Өзіне келген генералмен, еңкейе
отырып, сөйлесе берді ол.
Аннаға Алексей Александрович келіп, қолын сынық сый ұсынды.
— Қаласаңыз, қайтсақ деп тұрмын, — деді ол, французша сөйлеп; Анна
бірақ генерал сөзін тыңдаған күйі, күйеуін байқаған да жоқ.
— Оның да аяғы қыйрап қалыпты деседі, — деді генерал. — Тіпті
шектен шығып кетті ғой бұл.
Анна күйеуіне жауап бермеген күйі, дүрбісін көтеріп, Вронский
жығылған жерге қарады; бірақ өзі сонша алыс, жұрт соғұрлы көп
жыйналған жер болғандықтан, ештеңені айырып білуге болмай қойды;
алайда, осы тұста бір офицер шауып келіп, патшаға бірдеңе-бірдеңелерді
баяндады. Анна соны тыңдап, ілгері өңмендей созылды.
— Стива! Стива! — деді баурына дабыстап.
Бауры естіген жоқ бірақ. Анна тағы да шығайын деген ой етті.
— Жүрер ойыңыз болса, қолымды тағы да ұсынып тұрмын, — деді
Алексей Александрович Аннаның қолына жуыса беріп.
Анна одан түршіге ығысқан күйі, бетіне де қарамай:
— Жо-жоқ, тимеңіз, қала тұрам мен, — деп жауап берді.
Анна енді Вронский жығылған жерден айналманы аралай, шатырға
қарай жүгіріп келе жатқан бір офицерді көрді. Бетси соған орамалын
бұлғады. Ол офицер шапқан адам аман қалыпты да, атынын, белі үзіліп
кетіпті деген хабар айтты.
Анна соны естіген соң-ақ лып отыра кетті де, бетін желпуішімен
қалқалай берді. Алексей Александрович Аннаның əрі жылап, əрі жасына ие
болуы былай тұрсын, тіпті өксігенде көкірегі көтеріліп тұрғанын да көре
қойды. Алексей Александрович, долығы басылсын деп, алдын қалқалай да
берді оның.
— Қолымды үшінші рет ұсынамын сізге, — деді ол, біраз уақыттан соң
Аннаға тіл қатып. Анна оған қарауын қарағанмен, не дерін білмеді. Аннаға
Бетси княгиня кеп болысты.
— Қойыңыз, Алексей Александрович, Аннаны өзім əкелген соң, өзім
апарып салам деген уəдем бар, — деді Бетси араласа кетіп.
— Ғафу етіңіз, княгиня, — деді ол, сынықсый күлімсірегенмен,
Бетсидің көзіне қатая қарап, — байқауымша, Аннаның өзі сырқаттау
сықылды да, өзіммен бірге кетсе деген ойға келіп тұрмын.
Анна үрейі ұша жалтақтай қарап, қайт қылмай түрегелді де, күйеуінің
қолына қолын арта берді.
— Өзіне кісі салып білермін де, айтуға жіберермін, — деді Бетси
Аннаға сыбырлап.
Алексей Александрович, қашанғы əдетінше, жолыққан жұртқа
шатырдан шығарында да сөйлесіп, Анна да, қашанғы əдетінше, тіл қатып,
жауап бере беруге тиіс еді; Анна бірақ күйеуімен қолтықтасқан күйі, ұйқы
бұған адамша, мең-зең болып кете барды.
«Өлі ме екен, тірі ме екен? Рас болды ма екен? Келер ме екен, келмес пе
екен? Көрер ме екем бүгін өзін?» — деп ойлады Анна.
Анна өзі Алексей Александрович күймесіне үнсіз мініп, құжнаған
экипаждар арасынан да үнсіз жөнелді. Алексей Александрович нелернелерді көргенмен де, əйелінің шын жайын ойлауға өзіне өзі сонда да жол
бере қойған жоқ болатын. Оның көргені тек сыртқы белгілер ғана еді.
Аннаның сыпайыгершіліктеп шыға істеген қылығын көргендіктен, соны
өзіне айтайыншы дегенді борышым депте білді. Бірақ соны ғана айтып,
өзгелерді айтпау өзіне де қыйын тиді. Аннаның сыпайыгершіліктен шыға
істеген қылығын айтқалы аузын аша берді де, амалсыз мүлде басқа нəрсені
айтып кетті.
— Дегенмен, осы қатал көріністі көруге түгел неге бейім екеміз десеңші
өзіміз, — деді ол. — Менің байқауымша...
— Немене? Түсінбей отырмын, — деді Анна жақтырмай.
Алексей Александрович қорланып қалды да, ойындағысын да ірікпей
айта бастады.
— Менің сізге айтайын дегенім, — деді ол сөзін оңтайлап.
«Түсінісу екен ғой мұнысы», — деген оймен, Аннаның жүрегі су ете
түсті.
— Сіздің бүгінгі сыпайыгершіліктен шыға істеген қылығыңызды
айтуым керек боп отыр менің, — деді ол Аннаға французша сөйлеп.
— Сыпайыгершіліктен шығып не істеппін? — деді Анна шаңқ етіп,
Алексей Александровичқа мойнын тез бұра, көзіне тіке шаншыла кетіп,
бірақ, бұрын, əлденені жасырып туратын мəз қалпы мүлде өзгеріп,
қорқынышын əрең қалтқылаған бір қатаң пішінмен сөйледі.
— Ұмытпаңыз, — деді Алексей Александрович оған, кешір тұсындағы
ашық терезені нұсқап.
Алексей Александрович түрегеліңкіреп, əйнекті көтеріп қойды.
— Нені сыпайыгершіліктен шыққандық деп білдіңіз? — деді Анна
қайырып.
— Бəйгеге шабушылардың біреуі жығылған кезде, жасыруға шарқыңыз
келмей шала бүлінгеніңізді айтамын.
Ол өзі Анна қарсыласар деп те күтіп еді; Анна бірақ бет алдына қараған
күйі үндемей қойды.
— Мен өзім қауымда жүргенде өзіңізді өзіңіз тіпті жел ауыздар да
қарсы түк айта алмастай етіп ұстасаңыз дегенді, өз басыңыздан өтінген де
болатынмын. Кезінде ішкі қарым-қатнас жайларын да айтқаным болған;
қазір оны айтар жайым жоқ менің. Қазір сыртқы қарым-қатынас жайын
ғана айтып отырмын. Өзіңізді өзіңіз сыпайыгершіліктен шығарып
жібердіңіз де, мен соны қайталамасаңыз дегенді қалағалы отырмын.
Анна ол айтқан сөздің жарым-жартысын естімей де қалып, содан
қорыққан күйі, Вронскийдің өлмегені рас болды ма екен дегенді ғана ойлап
кетті. Өзі аман қалып, атының белі үзілді дегенде, соны айтты ма екен,
əлде? Анна өзі күйеуінің не айтып, не қойғанын естімегендіктен, сөзін
бітірген кезде де, құр əшейін сылтың ете көлгірси күлімсіреген күйі,
үндемей қоя салды. Алексей Александрович сезін батыл бастағанмен, өзі
не айтып отырғанын айқын аңғарған кезде келіп, Аннаның қорқынышы
өзін де шарпып кетті. Əлгі күлкіні кергенде, аңтаң боп адасып та қалды өзі.
«Менің сезігіме күлімсіреп отыр ғой бұл. Солайы солай: сенің
сезіктенер дəлелің жоқ, мұның бір күлкі ғой деп, қазір де сол жолы
айтқандарын айтады бұл».
Қазір бəрі ашылып қалып, еңсесін басып тұрған кезде, Анна да
бұрынғысынша сезіктенер дəлелің жоқ, күлкі ғой мұның деп сылтың ете
жауап берсе дегеннен өзге ештеңе де қалаған жоқ ол. Білген жайы сонша
сұмдық болғандықтан, қазір бəріне де сене беруге əзір отыр өзі. Бірақ
Аннаның шошына тұнжыраған бет əлпеті енді тіпті алдайын дегенді де
білдірген жоқ.
— Бəлкім, қателесетін шығармын мен, — деді күйеуі, — олай болғанда,
кешіруіңізді сұраймын.
— Жоқ, қателескен жоқсыз, — деді Анна баяу сөйлей, күйеуінің салқын
жүзіне шақшыя қарап, — қателескен жоқсыз. Шала бүлінгенім бүлінген,
бүлінбес жайым жоқ менің. Құлағым сізде, ойым сонда отырды. Соны
сүйемін де, соның ашынасымын мен, көтерер жайым қалған жоқ, қорқамын
да, көрмегенім сіз болсын деймін... Қалағаныңызды істей беріңіз маған.
Анна күйменің түкпіріне шегіне отырды да, бетін қолымен басып,
солқылдай жылады. Алексей Александрович тура алдына қараған қалпын
өзгертпеген күйі, қозғалмай отырып қалды. Бірақ бет пішіні қапелімде өлі
адамның бетіндей түгел сұлық тартып кетті де, сол əлпеті дачаға жетер
жеткенше түк өзгермей де қойды. Үйге таяу келген соң, Аннаға сол əлпетін
бұзбаған күйі бұрыла қарады.
— Солай! Бірақ өз абройымды арашалайтын шара қолданғанымша, —
дегенде даусы қалтырап кетті, — сыпайыгершіліктің сыртқы шарттары
сақталуын талап етемін, ол шараларды өзіңізге хабарлармын.
Аннаны өзі, алдымен шығып түсірді. Жалшысына көз етіп, Аннаның
қолын үнсіз қысты да, күймесіне міне Петербургке қарай тартты.
Ол кеткен соң Аннаға Бетси жіберген малай келіп, хат əкеп тапсырды.
«Алексейдің денсаулығын білуге кісі жіберіп едім, маған өзі аман,
саумын, тек қапа боп қалдым деп жазыпты».
«Онда өзі келеді екен ғой! — деді Анна ойланып. — Əлгіге бəрін айтып,
қандай жақсы істегем десеңші».
Анна сағатына да қарап жіберді. Əлі үш сағат бар екен де, соңғы
жолыққандағы жай-жапсары есіне түсіп, қаны дуылдап қоя берді.
«Тəңрім-ай, не деген жарық десеңші! Осының өзі қорқынышты
болғанмен, соның жүзін көру мен сол бір қыял сəулесін сүйем өзім...
Күйеуім бар екен-ау? Ə, айтпақшы... Өзімен құдай оңдап тындым болғаным
да еп болған екен».
XXX
Жұрт тоғысатын күллі өзге жерлер сықылды, немістің Щербацкийлер
келген аядай шипа суларында да қоғамды кристалдандыру іспеттес
үйреншікті жұмыстар болып, əрбір мүшесіне белгілі, баянды орындар
сайланып жатты. Суықта қар кристалының белгілі түрі бітетін судың бір
белгілі, баянды бөлшегі сықылды, су еміне жаңа келген адамның да
əрқайсысы өзіне лайық орнына жалма-жан жайласа кетіп жатыр.
Зайыбы мен қызын ала келген Щербацкий князь да жайласқан пəтері
мен атағы, табысқан таныстары жағынан өздеріне деген белгілі орынға
ілеземде-ақ кристалдаса кетті.
Быйылғы жылы су емінде немістің нағыз фюрстині 39 бар екен де,
қоғамның бұрынғыдан бетер күшті кристалдандырылмағы содан екен.
Княгиня қызымды қалайда принцессаға көрсетсем екен деген тілек
білдіріп, ол ырымы келесі күні-ақ орындалып шықты. Кити Париждан
жаздырып алған өте қарапайым, яғни өте сəнді жаздық көйлегін кие келіп,
сəулетпен майыса иіліп тəжім етті. Принцесса: «Осынау əдемі жүзіңе
қызғылт шырай тез оралар деген дəмем бар» десімен, Щербацкийлерге де
өмірдің даңғыл жолы кілт ашыла кетіп, ол жолдан қайтып шығуға болмай
да қалды. Щербацкийлер ағылшын ледиінің семьясымен де, неміс
графинясымен де, соның соңғы соғыста жараланған баласымен де, швед
ғалымымен де, қарындасы бар М. Саnut пен де танысып алды. Бірақ
Щербацкийлердің басты қоғамы қызымен келген Москва əйелі Марья
Евгеньевна Ртищева мен Москва полковнигі екеуі болды, Ртищеваның қызы
Китиге, өзі сықылды ғашықтықтан ауырғандықтан, сүйкімсіз де көріне
берді; мундир киіп, эполет тағып жүретін полковникті Кити жасында көріп,
жасынан білетін де, бұл араға келгенде де көзі сықсыя, ашық мойнына
гүлді галстук тағып жүргені келеңсіз күлкі көрініп, жармасып қалмауы
жалықтырып та жіберетін болды. Осының бəрі əбден қалыптасып алған
соң да, князь Карлсбад кетіп, шешесінің қасында өзі жалғыз қалғандықтан,
Китиге өте көңілсіз соға бастады. Білетін адамдарынан ешбір жаңалық
шықпайтынын сезіп, оларға бой ұруды да қойып кетті өзі. Қазір оның су
емінде жүріп көкейін тесе құлағаны өзі білмейтін адамдарды бақылап,
соларды тұспалдау боп алды. Кити өзіне біткен мінез қасиетіне қарай, ең
аяулының бəрі қашан болса да адамда, əсіресе, өзі білмейтіндерде деп
ойлайтын. Содан келіп Кити қазір: кімдер екен өздері, араларындағы
қарым-қатнастары қандай екен, қандай жандар болды екен деген тұспал
жасап, ең ғажайып, ең аяулы мінездерді елестете, бақылауы арқылы
соларды расқа шығарып та жүрді.
Сондай адамдар ішінен көңлін өте-мөте үйіре бергені орыстың бір қызы
боп шықты, ол өзі су еміне жұрт біткен Шталь бике деп атайтын орыстың
бір ауру əйелімен келіпті. Шталь бике жоғарғы қоғам адамы екен де, өзі
сонша сал ауру болған соң, жүруге де дəрмені келмей, су еміне де құр ілушалудағы ашық күндерде ғана қол күймемен келіп жүреді екен. Бірақ
княгиняның айтуына қарағанда, Шталь бикенің ауруынан гөрі астамдығы
басым кеп, орыстардың бірде-бірімен таныс болмауы да содан екен. Орыс
қызы Шталь бикені де бағып-қағып, оның үстіне, Китидің байқауынша, су
емінде жатқан қыруар қатты аурулармен де түгел жараса кетіп, соларды
тіпті асты-үстіне түсе бағып-күте береді екен. Ол орыс қызының өзі,
Китидің бақылауынша, Шталь бикенің туысы да, жалдап алған жəрдемшісі
де емес сықылды. Шталь бике өзін Варенька дейді екен де, өзгелер «m-11е
Варенька» деп атайды екен. Сол қыздың Шталь ханым мен, өзі
танымайтын өзге адамдарға деген ілтипатын бақылау жағына Китидің бой
ұра бергенін былай қойғанда, Кити өзі, жиі ұшырайтын бір əдетпен, сол mlle Варенькаға болжалсыз іш тартып, көзі көзіне түскенде, өзін оның да
ұнатып жүргенін қоса сезетін болды.
Ол m-lle Вареньканың өзі балғын жасында болмауы былай тұрсын, тіпті
жастық дегенді көрмеген жан сықылды: он тоғыз, отыз жасты қоса беруге
де болатын адам екен. Өзі пішін жағынан алғанда, бетінде сырқат реңі бола
тұра, сыйықсыз деуден гөрі, сұлу деуге келеді екен. Денесінің өте қатыңқы,
орта бойына қарағанда, басының тым дəулігі демесе, келбетті де болғандай
екен; бірақ еркектерге де ұнамды бола қойғандай емес екен. Мəуесі əлі
түгел болғанмен, өңі қашып, исі кетіп қалған əдемі гүлге ұқсайды екен өзі.
Оның үстіне, еркектерге ұнамды бола алмайтын жəне бір мəнісі: Кити
бойында қаулап тұрған көп нəрселер, — сақтаулы өмір оты мен
ұнамдымын деген сезім ойы мұнда жоқ екен.
Өзі ылғый жұмыс басты көрініп, онысында күман да болмай, содан
келіп, бөгде ешнəрсеге бой ұра алмайтын да тəрізді екен. Сол
алшақтығымен де Китиді өзіне өте-мөте тартып əкетті өзі. Кити де кəзіргі
қыйнала іздеген нəрсесінің: өмір мүдделерінің, өмір татымының үлгісін
қауым қызының еркектерге деген, өзі жексұрын көретін қарым-қатнасынан
сырт жүрген содан, соның өмір қалпынан табатындай сезді, қауымдағы
қыздың, қарым-қатнасы Китиге алушылар келсе деп анталап тұрған
товардың масқара көрмесі боп кеткен болатын. Кити өзі тосын досын
неғұрлым көбірек бақылаған сайын, ол қызы да сол өз ойындағы нағыз
жетік жан екеніне көзі соғұрлым жете түсіп, өзімен танысуға да соғұрлым
ынтыға берді.
Екі қыз күніне бірнеше рет жолығып, əр жолыққан сайын-ақ Китидің
көзі: «Кім болдыңыз екен? Не істеп жүр екенсіз? Сіздің сол, мен қыялдаған
əсем жан екеніңіз рас қой? — дей беретін болды. — Бірақ, мені танысқалы
жармасқысы келіп жүр екен деп ойлай көрмеңіз, тəңір жарылқағыр, — деп
қосып қояды көзі. — Өзім əшейін өзіңізді əуес етіп, жақсы көріп жүрмін».
— «Мен де жақсы көрем сізді, өзіңіз бір асқан сүйкімді жан екенсіз.
Уақытым болған болса, бұдан да жақсы көрген болар едім сізді», — деп
жауап береді тосын қыздың көзі. Шынында да өзінің ылғый жұмыс басты
екенін Кити де керіп жүрді: су бойынан өзі не орыс семьясының балаларын
алып қайтып, немесе ауру əйелдің жылы шəлісін əкеле, соны қымтап, не
болмаса ашуланған аурудың көңлін ауламақ боп, яки əлдекімдердің
кофесіне печенье қарастырып, соны сатып алып жүрді.
Щербацкийлер таңертеңгі су еміне келген соң, көп ұзамай-ақ жəне бір
екі адам келіп, жұрт біткен де жақтырмай түгел үдірейе қалысты. Екеуінің
бірі: өте бойшаң, еңкіштеу келген, қолы келеңсіз салалы, бойына қарағанда
киген пальтосы да таңқыйған, ескі, қара көзі аңқаусый, алара қараған еркек
адам екен де, екіншісі өте жұпыны, салақ киіне салған, шұбарлау келген əпəдемі əйел кісі екен. Кити ол адамдардың өзін орыс деп біліп, екеуі
жайында тебірендіретін бір тамаша романды да қыялында құрастырып
қойды. Бірақ княгиня ол екеуінің Николай Левин мен Марья Николаевна
екенін Kurlist 40 арқылы біліп келіп, Китиге сол Левиннің қандай жаман
адам екенін түсіндірген соң-ақ, екеуі жайындағы тəтті қыялы түгелімен сап
болды. Китиге шешесі айтқандықтан емес, сол адам Константиннің бауры
болған соң-ақ, екеуі де оған аяқ астынан жан шошырлық сұмпайылар боп
шыға келді. Басы кекжеңдейтін əдеті бар сол Левин Китиді енді
түршіктіріп, безер етіп те жіберді.
Кити өзі Левиннің шұқшыя бақылаған, аламайлы қорқынышты кезінде
өшіге кекеткен сезім бар сықылды көріне берген соң, өзіне тіпті жолығудан
тайқай беретінде боп кетті.
XXXI
Күн бір лайсаң күн еді, жаңбыр таңертеңнен толассыз жауып, шатыр
ұстаған аурулар галлереяда топырлап жүрген болатын.
Кити шешесі мен Москва полковнигінің қасында жүрген, полковник
франкфурттан дайын күйінде алған европалық сюртугін кие, емен-жарқын
ыздыя басып жүрген-ді. Өздері галлереяның екінші жағында қыдырған
Левинге жуығылары келмей, бір жағын ала жүрген болатын. Варенька да
қоңырқай көйлегін, етегі төмен қайрылған қара қалпағын киген күйі, соқыр
француз əйел екеуі галлереяның ұзына бойын қыдырып, Китиге əрбір
жолыққан сайын, бір-біріне достық ишарамен қараса өтіп жүрді.
— Мама, соған тілдесуіме болар ма екен менің? — деді Кити, тосын
досын бақылап келе жатып, соның тұмаға таянғанын көрген соң, сонда
тоғысармыз деген оймен.
— Жарайды, көңлің сонша құлап тұрса, алдымен у жайын білейін де,
өзім барайын, — деді шешесі. — Соның басынан соғұрлы немене таба
қойдың екен сен? Сыбайласың шығар шамасы. Қаласаң Шталь бикемен
танысайын мен. Belle-soeur-ін білетінмін өзінің, — деп қосып қойды
княгиня, басын мардамсый көтеріп.
Шталь ханым өзімен танысудан тайқағандай болғанына, княгиняның
қорланып жүргенін Кити де білетін. Кити күштей қойған жоқ.
— Не деген ғажайып, сүйкімді десеңші! — деді ол, Варенька француз
əйелге стаканды əперіп жатқанда, соған қарап тұрып. — Қараңыздаршы, не
деген қарапайым, сүйкімді түгел бір.
— Сенің engouements 41-aқ күлкімді келтіріп болды менің,— деді
княгиня,— қой, кеиін қайтқанымыз жөн болар, — дегенді қосып қойды,
қарсы алдарынан əйелі мен неміс докторын ерте, сонымен əлденені
жарқын-жарқын, ашулана сөйлесіп келе жатқан Левинді көріп.
Бұлардың кейін қайтқалы бұрыла бергені де сол еді, қапелімде қатты
дабырды қойып, айқай естіле кетті. Левин кідіре бере, айқай салып, доктор
қоса екіленіп тұр екен. Топты жұрт төңіректеріне жыйналып та қалды.
Княгиня мен Кити апыл-ғұпыл жөнеле берді де, полковник не əңгіме екенін
білгелі сол топқа араласып кетті.
Екеуін полковник бірнеше минуттан соң қуып жетті.
— Не болыпты əлгі жерде? — деп сұрады княгиня.
— Масқара, сұмдық бір! — деді полковник. — Шетелде жүргенде
орыстар жолығады-ау деген бір-ақ нəрседен қорқасың. Əлгі бойшаң мырза
доктормен керісіп, мені көңілдегідей емдемейсің деп, аузына келгенін
айтып таяқ сілтепті. Сұмдық қой бір!
— Апырай келіспеген екен! — деді княгиня. — Я, немен тынды өзі?
— Нұр жауғыр, əлгі... əне бір саңырау құлақты қалпақ киген əйел кеп
араласа кетті дереу. Орыс болар деймін өзі, — деді полковник.
— M-lle Варенька ма? — деді Кити қуана сұрап.
— Я, я. Жұрт біткеннен бұрын сол ұмтылып, анау мырзаны
қолтықтаған күйі ала жөнелді.
— Əнеки, мама, — деді Кити, — менің соған сүйсінгеніме таңырқай
беруші едіңіз.
Кити тосын досын келесі күннен бастап-ақ бақылай келіп, m-lle
Вареньканың Левин мен қасындағы əйел екеуіне деген ілтипаты да өзге
protёgёs жөніндегі ілтипатындай боп алғанын аңғара кетті. Өзі соларға
келіп, əңгіме құрып, шетел тілінің бірде-бірін білмейтін əйелге тілмаш боп
алыпты.
Кити Варенькамен танысуға рұқсат бер деп шешесіне бұрынғыдан
бетер жалына бастады. Содан, əлденеге бəлденген Шталь ханымға
танысайық деп алдымен барып тілек білдіргендей болуы княгиняға қанша
жайсыз тигенімен де, Варенька жайындағы ақпарларды жыя келіп, онымен
танысудан жақсылық аз болғанымен, ешбір жаманшылық та жоқ деген
қортынды шығатын жай-жапсарын біліп алған соң, Варенькаға алдымен өзі
барып, өзі танысты.
Княгиня, қызы тұмаға кетіп, Варенька нан сатушының алдына аялдаған
кезді аңдып тұрып, қасына өзі барды.
— Рұқсат етсеңіз, танысып қояйын сізбен, — деді княгиня, маңыздана
күлімсіреп. — Қызым ғашық боп жүр сізге, — деді ол. — Бəлкім, сіз мені
білмейтін де шығарсыз. Мен...
— Оныңыз сізден гөрі маған тиіп жатыр, княгиня, — деді Варенька лып
етіп.
— Кеше əлгі отандас байғұсымызға қандай жақсылық істегенсіз
десеңізші! — деді княгиня.
Варенька қызарып кетті.
— Есімде жоқ, ештеңе істемеген болуым керек мен, — деді ол.
— О не дегеніңіз, сол Левинді кəкірден қағып қалған сіз болдыңыз ғой.
— Рас, sa compagne 42 шақырған соң барып ашуын баспақшы болып
едім, науқасы қатаң кісі екен де, докторға кейіп қалыпты. Сондай ауруларға
қарайлай кететін бір дағдым бар өзімнің.
— Рас, ұмытпасам, m-ml Шталь дейтін жеңгеңізбен Ментонда тұрады
екен деп естігем сізді. Ол кісінің bеllе-soeur-ін білетінмін.
— Жоқ, жеңгем емес ол кісі. Өзін шашап деп атағаныммен, туысым да
емес, тəрбиелеген кісі мені, — деп Варенька тағы да қызарып кетті.
Осы сөзі сонша қарапайым айтылып, бет əлпеті сонша кəдіксіз, ашық
сүйкімді келгендіктен, княгиня Китидің осы Вареньканы жақсы көрген
мəнісін де түсіне кетті.
— Жə, Левин жайы не болды əлгі? — деп сұрады княгиня.
— Жүретін болды ол кісі, — деді Варенька.
Осы арада, өзінің тосын досымен шешесінің танысқанына масайрай
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 18
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.