Latin Common Turkic

Анна Каренина - 24

Total number of words is 4205
Total number of unique words is 1993
36.1 of words are in the 2000 most common words
50.5 of words are in the 5000 most common words
57.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Анна ауыз үйде сырт киімін шешіп тұрып, тіпті р əрпінің өзін камерюнкерше айтатын малайдың: «княгиняға граф жіберіп еді», — деп хат
бергенін де естіп тұрды.
Одан Аннаның бариніңіз қайда деп сұрағысы да келді. Қайта жөнеліп,
Вронскийге келіп кетсін деп хат жіберуге де, немесе соған өзі баруға да ой
қылды. Бірақ сол үшеуінің ешқайсысын істеуге де орайы келмейтін болды:
ілгергі жақтан Аннаның келгенін хабарлаған қоңырау дыбысы естіліп,
Тверская княгиняның малайы, Аннаның ішкі бөлмеге қарай өтуін күте,
ашық есік қасына қырындай тұрып та қалды.
— Княгиня бақта еді, қазір хабарлайды. Баққа баруды қалай көресіз? —
деді өзге бөлмедегі екінші малайы мəлім етіп.
Үйдегі жүрексіну, үйдегі күңгірт жай сол қалпынан ауған жоқ; тіпті
одан жаман да соқты, өйткені ештеңе істеудің де, Вронскийді көрудің де
орайы келмеді, қайта, көңіл күйіне жат, сонша алшақ қоғамға қосылып,
осында қала тұруы керек болды; бірақ киініп келген соң, жарасып
тұрғанын да біліп тұр өзі; жалғыз болмай, төңірегін үйреншікті салтанатты
сəдірмек қоршағандықтан, үйдегісінен өзіне жеңіл де келді; не істерін
ойлаудың да керегі болған жоқ. Бəрі өзі құйылысып тұр. Көркіне таң
қалдырып, ақ киіне алдынан келе жатқан Бетсиге жолығып, қашанғы
əдетінше, жымыя күлімсіреді Анна. Тверская княгиня Тушкевич пен
туысқан бойжеткен қызы екеуін ерте келді, ол қыз, шет аймақтағы атаанасының бақытына, жаз айын атақты княгинаныкінде алып жатыр екен.
Аннада бір ерекше нəрсе болған болуы керек, Бетси соны келе сала-ақ
аңғара кетті.
— Жаман ұйқтаппын, — деді Анна, өздеріне қарай, байқауынша,
Вронский хатын əкеле жатқан малайға қадала қарап.
— Келгеніңізге қатты қуанып қалдым, — деді Бетси. — Шаршаған соң,
солар келгенше бір шыны шай ішейінші деп ойлағаным да осы еді. Сіздер,
Маша екеулеріңіз барып, — деді Тушкевичке бұрылып, — қырналған
жерде крокет-гроундты бастасаңыздар да болар еді. Сіз екеуміз шай
үстінде-ақ сырласып аламыз, well have a cosy chat56, солай емес пе? — деді
Аннаға күлімсірей қараған күйі, шатыр ұстаған қолын қысып қойып.
— Өзім де мұнда көп бола алмайын деп тұрмын, Вреде кемпірге
баруым керек еді. Жүз жылдан бері уəде беріп келем, — деді Анна,
жаратылысына жат жалған сөз қоғам арасында өзіне əшейін, табиғи нəрсе
боп кеткенімен қоймай, тіпті жаны жай тауып та қалатын соған.
Соны неге айтқаның неге сəл ойланбағанын өзі де түк түсіндіре
алмағандай еді. Оны тек Вронский болмайтын болған соң, басымды
босатып алайын да, қалай да соны көру қамын істейін деген ойымен айтып
еді өзі. Бірақ, өзге көп жұрт сықылды, өзіне де керек боп жүрген дəл сол
Вреде фрейлин кемпірді неге айтқанын өзі де түсіндіре алмағандай еді,
соған қоса Вронскиймен көрісу үшін ең қыйын амалдарды ойлай тұрып,
содан артық ештеңе таба алмағаны да соңынан барып мəлім болды.
— Жоқ, қайтсеңіз де жібере алмаймын сізді, — деді Бетси, Аннаның
жүзіне зейін сала қадала қарап. — Шыным бар ғой, өзіңізді жақсы
көрмеген болсам, ренжіген де болар ем. Менің қоғамым беделіңізді
түсіретіндей де көресіз ғой деймін. Жарқыным, кіші қонақ үйге шай
əкеліңізші бізге, — деді малайға, біреуге сөйлегендегі ежелгі əдетінше
көзін сүзе қарап. Малайдағы хатты алып оқып шықты. — Алексей бір
жалған қырға салған екен бізге, —деді французша, — бара алар емеспін
деп жазыпты, — дегенді қосып қойды, Вронскийдің Аннаға крокет
ойынпаздығынан өзге мəні бар деген сөз ойына өмірі келмеген адамша
табиғи, жай сарынмен сөйлеп.
Анна өзі Бетсидің жай-күйді түгел білетініне қанық болатын да,
Вронский жайында көзінше айтқан сөздерін тыңдай келе, түк білмейді екен
деп бір сəт сеніп те қалатын ылғый.
— Ə! — деді Анна, онысына көңіл бөле қоймаған кісіше селқоссып,
сөйтті де күлімсірей сөйледі: — Біреудің беделін қоғамыңыз қалай түсірмек
екен? — Күллі əйелдер сықылды, сөзге жұбатып, сырын жасыру деген
Аннаның да бір əсем көркі болатын. Онысы жасырудың қажеттігінен, не
болмаса жасырайын деген мақсаты болғандықтан емес, сол жасыру
тақылы-ақ тарта беретін өзін. — Мен өзім пападан өткен католик емеспін,
— деді Анна. — Стремов пен Лиза Меркалова дегендер қоғамның нағыз
қаймағы. Оның үстіне қайда болса да сыйымды адамдар, мен өзім де, —
деп мен деген сөзді ерекше баса айтты, — өмірі қатаң, қайсақ адам болған
емеспін. Əшейін қолым тимейін деп тұр.
— Жоқ, Стремовке жолыққыңыз келмейтін шығар дейім, бəлкім?
Алексей Александровичпен комитетте сайыса берсін мейлі, бізге қатысы
жоқ оның. Бірақ қоғамда мен білген адамның ең жайдарысы сол, крокетке
де құмар кісі өзі. Өзің де көресің. Өзі əрі қарт адам бола тұрып, Лизаға
ғашық болғаны күлкі болса да, сол күлкі жайынан қалай сытылып
шыққанын да көруімізге болады! Өте сүйкімді адам бір. Сафо Штольцті
білуші ме едіңіз? Мүлде жаңа сарынды адам ол.
Бетси соның бəрін соғып тұрғанда, соның емен-жарқын, ақылды
көзқарасынан, ішінара Аннаның да жай-күйін түсініп, əлденені сүйкей
кетіп тұрғанын Анна да сезінейін деді.
— Дегенмен, Алексейге жазу керек екен, — деді де Бетси столына
отырып, бірнеше сөз жазып, конвертке салды. — Тамаққа кел деп жазып
отырмын өзіне. Тамақ үстінде қонақ əйелімнің бірі еркексіз қалайын деп
отыр. Нанымды ма екен, көріңізші? Айыпқа бұйырмаңыз, сəл шығып
келейін. Өзіңіз желімдеп, жібере беріңіз, — деді есік алдына барып, —
менің бір жөн сілтеуім керек боп тұр.
Анна ешбір ойланбай-ақ, Бетсидің хатын ала столға отырды да,
оқымаған күйі аяғына: «Сізді көруім қажет боп отыр. Вреденің бағына
келіңіз. Сағат 6-да сонда болам мен», — деп қоса жазды. Анна желімдеп
қойды да, қайта оралған Бетси хатты соның көзінше тапсырды.
Екеуіне кішкене қонақ үйге шағын поднос-столмен əкелген шай үстінде,
Тверская княгиня қонақтар келгенше сөйлесеміз деп уəде еткен a cosy chat
екі əйел арасында, шынында, басталып та кетті. Екеуі күткен адамдарын
сараптай келе, əңгіме Лиза Меркаловаға кеп тоқырады.
— Өте бір сүйкімді кісі, қолайыма қашан да жағып жүреді, — деді
Анна.
— Жақсы көруіңіз керек оны. Сіз десе-ақ аузының суы құрып жүреді.
Кеше өзі маған бəйге аяғында келіп, сізге тап болмағанына
қапаланыңқырап та қалды. Сіздің өзіңізді нағыз роман кейіпкері, еркек
болсам, сол үшін қыруар ақмақтық істеген де болар едім деп жүреді.
Стремов оған еркектерді ол кісі солай етіп жүр деп те қояды.
— Бірақ, айтыңызшы, осы, — деді Анна, біраз уақыт томсарып отырған
соң, босқа сұрамаймын, ойдағымнан гөрі маңызы өзіме артығырақ болған
соң сұраймын дегенді айқын көрсетейін деген əлпетпен. — Айтыңызшы
осы, Мишка атанып жүрген Калужский князьбен арасы немене сол, өмірі
түсіне алмай-ақ қойдым сонысын? Аз да жолығам өздеріне. Сонысы
немене өзі?
Бетси Аннаға зейін сала, көзі күлімдей қарады.
— Жаңа тəлім ғой бір, — деді ол. — Осы тəлімге түгел түсіп кетіпті
өздері. Асқақтаңқырап кеткен тым. Бірақ асқақтаудың да асқақтауы бар ғой
бір.
— Рас қой, бірақ Калужскиймен арасы немене сол өзінің?
Бетси ой да жоқта мəз бола, ішек-сілесі қата күлді, бүйтіп сирек те
күлетін өзі.
— Мягкая княгиня сыбағасына зорлық еттіңіз-ау, сіз. Баланың сұрауы
ғой ол бір, — деді Бетси, күлмейін десе де, іркер шамасы болмай, адам бір
ілу-шалуда күлетін мəз күлкіге сала сылқылдап. — Өздерінен сұрау керек,
— деді көзінен жасы аққанша күліп.
— Жоқ, күлуін күлесіз-ау, — деді Анна да амалсыз қосыла күліп. —
Бірақ өмірі түсіне алмадым, əйтеуір. Түсінбегенде күйеуінің міндетін
түсінбей жүрмін.
— Күйеуі ме? Лиза Меркалованың күйеуі соның шəлісін көтеріп,
бəйпектейді де жүреді ылғый. Шынында, содан ары не барын білгісі кеп
жүрген ешкім жоқ. Киген киімнің кейбір жөн-жосығын жақсы қоғамда ерең
қып, айтып жатпайды тіпті. Бұ да сол сықылды.
— Роландаки тойында боласыз ба? — деді Анна, əңгімені өзгерткісі
келіп.
— Бармайым ғой деймін, — деді де Бетси, білісіне қарай қоймай,
мөлдіреген кішкене шыныларға иісі аңқыған шайын ептеп құя бастады.
Шыны аяқты Аннаға таман сырған соң, шылымын шығарып, күміс сапқа
кигізіп тұтатып алды.
— Көріп отырсыз, мен өзім бір жайым келіскен адаммын, — деді шыны
аяқты қолына ала, сөзін күлкісіз бастап. — Сізді де, Лизаны да түсінемін.
Лиза деген — жақсы, жаманның не екенін түсінбейтін бала сықылды, аңқау
адам бір. Түсінбегенде сол, өте жас кезінде түсінбейтін. Сол түсінбейтіні
өзіне жарасатынын қазір де біледі ол. Қазір əдейі түсінбеуі де кəдік, — деді
Бетси мүлəйімси күлімсіреп. — Дегенмен де, сонысы жарасып тұрады
өзіне. Көріп отырсыз, бір нəрсенің өзіне зар шеге қарап, азапқа
айналдырып жіберуге де, жай, тіпті шаттықпен қарауға да бола береді деген
сөз. Нəрсе дегенге тым зар шеге қарауға бейім болуыңыз да кəдік сіздің.
— Өзгені де өзімдей білер ме едім десеңші, — деді Анна, ойлы
пішінмен, шындай сөйлеп. — Өзгелерден кем бе екем, артық па екем
деймін? Кеммін ғой деп ойлаймын.
— Бала екенсіз, бала, — деді Бетси еселеп. — Олар да келді, əне.
ХVІІІ
Аяқ дыбысы, еркек дауысы, содан соң əйел дауысы мен күлген
күлкілері естіліп тұрды да, күтіп отырған қонақтары: Сафо Штольц пен гүл
жайнай, жарыла жаздап тұрған Васька дейтін жас жігіт екеуі іле-шала
кіріп-кіріп келді. Қан қуырдақ, саңрауқұлақ, бургон шарабымен ішкен
тамағы бойына қатты жұққаны көрініп-ақ тұр екен. Васька өзі əйелдерге
бас ие қарағанмен, ілезде тайқап та кетті. Қонақ үйге кіргенде, Сафоға ілесе
кіріп, тіркеп қойғандай, қонақ үйде соған ілесе жүрген күйі, жұтып
жібергісі келгендей, жайнай қараған көзін де алмай қойды содан. Сафо
Штольц қара көз, аққұба əйел екен. Тік екшелі туфли киген аяғын
қаздаңдай, жіті баса келіп, əйелдер қолын еркектерше қатты қысып
амандасты.
Ол жаңа маңғазды Анна əлі күнге дейін бірде-бір көрмегендіктен,
көркіне де, селкеу жатқан киім киісіне де, өжет келген тəліміне де таңтамаша болды. Биязы ақсары келген өз шашы мен өзге шашты басына үйе
түйгендіктен, бас мөлшері алдыңғы жағынан өте айқын, шығыңқы, мүсінді
көрінетін бюстке барабар боп кетіпті. Ілгері жүргенде тым екпіндей
жүргендіктен, тізесі мен саны көйлек астынан қозғалған сайын айқын
білініп тұр да, кеуде жағы жап-жалаңаш қалып, сырт жағы мен етек жағы
сонша шымқап тасталған мүсінді кішкене дене, қабат-қабат қаланған осы
қалтырауық таудың, сыртынан қарағанда, шынында қай жерінен келіп
бітеді екен деген сұрау еріксіз туып тұр.
Бетси Аннамен жүдемел таныстырып та шықты.
— Ойпыр-ай деймін, біз бір екі солдатты басып кете жаздадық, — деп
көзін жыпылықтатып қойып, күлімсіреген күйі, ə дегенде бір жағына тым
асыра тастап жіберген шұбалаң құйрығын кейін қарай серпе бере, əңгімесін
де бастап кетті. — Васька екеуміз келе жатқамыз... Ə, айтпақшы, таныс
емес екенсіздер ғой, — деп жас жігітті де фамилиясын айтып, таныстырды
да, қателескеніне, яғни танымайтын əйелге Васька дегеніне қызарып кетіп,
сыңқылдай күлді.
Васька, Аннаға тағы да бас игенімен, ештеңе деген жоқ. Сафоға
бұрылды ол:
— Бəстен ұтылып қалдыңыз. Біз бұрын келдік. Бəсіңізді төлей беріңіз,
— деді күле сөйлеп.
Сафо одан ары мəз бола күлді.
— Қазір емес қой бірақ, — деді ол.
— Бəрібір, соңыра-ақ аламын.
— Жақсы, жақсы. Ə, айтпақшы! — дей берді, қапелімде, қожайын
əйелге қарап. — Мен өзім жақсы... Ұмытып та кетіппін... Сізге бір қонақ
ерте келдім. Əнеки.
Бірақ Сафо ерте келіп, ұмытып кеткен тосын жас қонақ, жас болғанмен,
сонша мəнді қонақ болған соң, екі əйелдің екеуі де қарсы ала түрегелді
соны.
Сафоның ол жаңа көңілдесі болатын. Васька сықылды Сафо соңынан о
да қалмай жүрген қазір.
Кешікпей, Стремовті ертіп Калужский князь бен Лиза Меркалова да
келді. Лиза Меркалова бет əлпеті шығыс жақтыкіндей салғырт келген, жұрт
айтқандай көзі де тіл жетпес əдемі, ашаңдау қараторы əйел екен. Қоңырқай
түстен киінген киім сұры да (Анна онысын аңғара кетіп, бағалап та қойды)
көркіне құп жарасып тұр. Сафо қаншама тік, ымқырулы келсе, Лиза сонша
биязы, сылбыр адам екен.
Лиза бірақ Анна талғауына əлдеқайда ұнап та кетті. Бетси Аннаға
соның жайын айтқанда, момақан бала əлпетіне түсіп алыпты десе де, Анна
өзі көрген соң, онысы бекер сөз екенін де сезе қойды. Өзі шын момақан,
сыны қашқан əйел бола тұрса да, сүйкімді, үндемес адам екен. Рас, сыңайы
дəл Сафоның сыңайы сықылды екен; Сафо сықылды оған да бір жас, бір
қарт, екі көңілдесі көздері ішіп-жеп, жапсырып қойғандай, жабысып
қалмай жүр; өзінде бірақ айналасындағы дүниеден озық жатқан бірдеңе бар
екен — шыны арасында жүрген нағыз гауһар суының нұры бар екен өзінде.
Сол нұры шынында да, тіл жетпес, əсем көзінен сəуле төгіп тұр. Төңірегі
қарауытқан сол көздің құмарта, шаршай қарағандағы шыншылдығы қайран
қалдырады. Сол көзге қараған жанның қай-қайсысы болсын, өзін түгел
танығандай, таныған соң, сүйе алмай қоя алмайтын да сықылды. Аннаны
көргенде, жүзі қуана күлімдеп, түгел жайнап кетті.
— Ойпыр-ай, көргеніме қуанып кеттім-ау, сізді! — деді ол, Аннаға жете
бере. — Кеше бəйге үстінде сізге келейін дегенім де сол еді, кетіп
қалыпсыз. Сізді көргенде, дəл сол кеше көрсем деп құмартып ем өзім. Шын
сұмдық болған жоқ па өзі? — деді ол, Аннаға жан-дүниесін түгел ашып
тұрған адамша қарап.
— Рас, сонша абыржыта қояр деген жоқ едім өзі, — деді Анна қызарып
кетіп.
Осы кезде баққа барғалы қоғам да көтеріле бастады.
— Бармаймын мен, — деді Лиза, күлімсірей Аннаның қасына отыра
беріп. — Сіз де бармайсыз ғой? Крокет ойнап не керек сол!
— Жоқ, жақсы көрем мен, — деді Анна.
— Ə, жабырқамас амалын солай табады екенсіз ғой? Сізге қарасақ-ақ —
жадырағандық көреміз. Сіз жадырағанмен, мен жабырқаумын.
— Неге жабырқайсыз? Петербургтегі ең көңілді қоғам сіздің, қоғам боп
отыр, — деді Анна.
— Біздің қоғамнан сыртқыларға одан да жабырқау болуы кəдік. Бірақ
өзімізге де, өзіміз болғанда өз басыма да көңілсіз; қайта, керемет жабырқау
тіпті.
Сафо шылымын тұтатып алып, екі жігітпен баққа шығып кетті. Бетси
мен Стремов шай ішіп қалды.
— Қалай жабырқап жүрсіз? — деді Бетси. — Сафо, сіздікінде кеше
əбден көңіл көтердік дейді.
— Түу, қатты құлазыдық! — деді Лиза Меркалова. — Бəйгеден соң
түгел біздікіне барғамыз. Бəрі сол ылғый! Бір қалып баяғы. Кеш бойы
диван-диванда сұлап жатып алдық. Онда тұрған не көңілділік болсын; жоқа, жабырқамас амалын қалай табасыз осы? — деді Аннаға тағы да. — Сізге
қарасақ-ақ, бақытты болар жайы болғанмен, бақытсыз боп жүрсе де,
жабырқамас əйелді көре кетеміз. Соны қалай істейсіз, үйретіңізші?
— Түк те істемеймін, — деді Анна, сол беймаза сұраудан қызарып
кетіп.
— Жақсы тəлім осы, мінеки, — деп əңгімеге Стремов та араласа кетті.
Стремов елулер шамасындағы, бурыл тартып қалған, əлі де жасаң, өте
көріксіз, бет пішіні ерекше, ақылды келген адам болатын. Лиза Меркалова
əйелінің жиені болатын да, бос уақыттарының бəрін соның қасында
өткізетін. Қызмет жөнінен өзі Алексей Александровичтің жауы бола тұра,
Анна Каренинаға кездесіп қалған соң, ақылды қауым адамы болғандықтан,
өз жауының əйеліне де өте сынық болайын дегенге тырысты.
— «Түк те» деңіз, — деп іліп əкетті, мүлəйімси күлімсіреп, — ең жақсы
амал ол. Жабырқамайын десеңіз, — деді Лиза Меркаловаға қарап, —
жабырқар нəрсені ойламауыңыз керек деп, əлдеқашан айтқам сізге. Ұйқың
қашуынан қорықсаң, ұйқтамайсың демекші, қорықпау керек дегенмен тең
нəрсе бұл. Анна Аркадьевна да дəл соны айтып отыр сізге.
— Оны айтқан болсам, өте қуанған да болар едім, өйткені ақылды
айтылу үстіне, шын да айтылған сөз ол, — деді Анна, күлімсіреп.
— Жоқ, ұйқының неге келмейтін жайы мен қайтсе жабырқамас жайын
айтып беріңіз?
— Ұйқтау үшін де, көңілдену үшін де жұмыс істеу керек.
— Жұмысым жанға керек болмай отырып, жұмыс істеп нем бар? Ал,
біле тұра көлгірсу дегенге олақпын да, баспаймын да оған.
— Дауа жоқ екен сізге, — деді де Стремов, оған қарамай, Аннаға қайта
бұрылды.
Аннаны сирек кездестіретіндіктен, бос мылжыңнан өзге ештеңе айта
алған жоқ оған, бірақ Петербургке қашан барасыз, Лидия Ивановна
графиня қандай жақсы көреді десеңізші сізді деген, сол бос мылжыңдарды
айтқанда, Аннаға өзі жағымды көрініп, сыйласындылығың тіпті одан да
арғысын көрсетуді шын көңілден қалаған əлпетін білдіре отырып айтты.
Тушкевич кіріп, крокет ойынпаздарын жұрт түгел күтіп тұр дегенді
хабарлады.
— Жоқ, кетпеңіз, — деді Лиза Меркалова, Аннаның жүргелі отырғанын
білген соң. Оған Стремов та қосыла кетті.
— Осы қоғамнан соң, Вреде кемпірге бару деген тым алшақ нəрсе екен,
— деді ол. — Оның үстіне, оған мысқыл сөздің желеуі де боп кетесіз, бұл
жерде мысқыл сөзге жанаспайтын ең жақсы, өзге сезімге түрткі боласыз, —
деді ол Аннаға.
Анна екі ұрықтау боп, сəл ойланып қалды. Мынау ақылды адамның
қолпаш сөздері, Лиза Меркалованың Аннаға деген балалық, көңілшек
райы, əрі осы қауымдағы үйреншікті салтанат біткен — түгелдей сонша бір
жеп-жеңіл тигенімен, өзін қыйын жағдай күтіп тұрғандықтан, қала тұрсам
ба екен, түсінісер ауыр минутты əлі де алыстата берсем бе екен деп, сəл
бөгелгені де сол еді. Бірақ, ешбір шара істемесе, үйінде жалғыз өзі не күйге
түсетіні, шашын қос қолдап тартқан жадындағы сол бір сұмдық ишарасы
есіне келген соң, қош айтысып жүріп те кетті.
XIX
Вронский, көрер көзге қауымдық жеңіл-желпі тіршілікті місе етіп
жүргенімен, салдыр-салақтықты жек көретін адам болатын. Өзі корпуста
жүрген сонау жас кезінде-ақ, шатасып қалып, қарызға ақша сұрағанда
бермей сағы сынғандықтан, содан соң-ақ өзін өзі ондай күйге бірде-бір
салған кісі емес еді.
Қашан болсын, шаруасын тəртіпке келтіріп алғалы жиі, сирек істейтін
жай-жағдайына қарай, жылында бес дүркін оңаша боп шаруасын түгел
анықтап алатын. Оны өзі санасу, яки faire la lessive57 деп атайтын.
Бəйге еткен күннің ертеңіне Вронский кеш оянып, кителін, қырынып,
шомылмай-ақ киді де, ақшаларын, есептерін, хаттарын столға жайып сала
жұмысқа отырды. Петрицкий де оянып, жолдасының столда жазу жазып
отырғанын көрді де, мұндайда шəмкес келетінін білгендіктен, киімін
ақырын киініп, ойын бөлмейін деп шығып кетті.
Кімде-кім болсын, өз басындағы қыруар шытырман жағдайлардың
егжей-тегжейін жете білгендіктен, сол шытырман жағдайлар мен соны
қыйынсынбай анықтау əлдеқалай кезіккен тек өз ерекшелігім дегендіктен,
өзі сықылды, өзгелердің де осындай дербес, шытырман жағдайлары бар-ау
дегенді тіпті ойламайды да. Вронскийге де солай керінді. Осындай қыйын
жағдайдағы өзге жұрттың қай-қайсысы болсын, əлдеқашан шатылып,
жаманшылықты лажсыз істеген болар еді деп, іштей мақтана ойлайтын
орны да бар еді оның. Дегенмен, шатылмас үшін жай-күйімді қазір-ақ
бажайылап, анықтап алуым керек екен дегенге келді Вронский.
Вронский ең оңайы ғой деп, қолға алдымен алғаны ақша жұмысы
болды. Борыштарын почта қағазына ұп-ұсақ жазумен түгел көшіре келіп,
жыйнақтады да, он жеті мың пəлен жүз сом борышым бар екен деп,
айқындағалы кейінге қоя тұрды. Ақшалары мен банк книжкасын
есептегенде, 1800 сомы қалады екен де, Жаңа жылға дейін ақша алар орайы
жəне жоқ екен. Вронский борыштарының тізімін санай келіп, үш салаға
бөле қайта көшіріп шықты. Бірінші салаға не қазір төлеп құтылатын,
немесе ақшасын қалаған сəтте, бір минут кідіртпей төлей қоюға əзір ұстап
отыратын борыштары кірді. Ондай борыштар төрт мың сомдай екен: бие
үшін 1500 сом, Веневский дейтім жолдас жігіті жөнінде берген кепілдігі
үшін 2500 сом береді екен, ол ақшаны сұм ойыншыға Вронский отырғанда
ұтқызған. Вронский ақшаны сол кездің өзінде-ақ (ондай ақшасы да бар еді)
берейін дегенмен, Веневский мен Яшвин екеуі өзіміз төлейміз, ойнамаған
Вронский төлемейді деп болмай қойған. Бірақ Вронский, соның бəрі
орынды болғанмен, сол былық мəселеге Веневскийге кепіл болам деп, құр
сөз жүзінде қатнаса тұрса да, ендігəрі түк əңгіме ертпеу үшін сұрқыяға бере
салуға өзінде сол 2500 сом болуы қажет екенін əбден білетін. Сөйтіп,
маңызды осы бөлім бойынша 4000 сом керек боп шықты. Екінші бөлімдегі
сегіз мың, сом онша маңызды борыштар емес еді. Ол борыштар, көбінесе
бəйге кезіндегі қораға, сұлы, пішен сатушыға, ағылшынға, ер-тұрман
жасаушыға жəне басқаларына төлейтін борыштар болатын. Мүлде тыным
болу үшін бұл борыштарға да екі мың сом таратып беру керек екен. Соңғы
бөлімдегі — магазиндерге, қонақ үйлерге, тігіншіге төлейтін — борыштар
жайын ойлайтын да ештеңе жоқ екен. Сонымен, қолында 1800 сом
отырғанда, күнделікті шығындарға кемінде 6000 сом төлеуі керек боп
шықты. Вронскийдің бүкіл дəулетін есептегенде 100 000 сом кіріс алып
отыратын адамға мұндай борыштың қыйындығы да жоқ сықылды еді; бірақ
əңгіме алатын кіріс сол 100 000 сомның деңгейіне келмейтіндігінде болып
шықты. Жылына 200 000 сом кіріс беретін, əкеден қалған мол дəулет
ағасымен арасында бөлінген жоқ болатын. Ағасы түк дəулеті жоқ декабрис
қызы Варя Чиркова княжняға, борышқа бата жүріп үйленген кезде, Алексей
əкесінің мекен-жайынан түсетін кірістің бəрін ағасына қыйып, жылына тек
25 000 сом ғана алып тұрайын деп келіскен. Алексей онда ағасына, сірə
өмірі үйленер түрі жоқ болса да, үйленгенімше маған осы ақша да жете
тұрады деген болатын. Ең қымбатты полктардың біріне командир боп
жүрген ағасы жаңа ғана үйленгендіктен, ол сыйлықты қарсы алмасқа да
болмаған. Уəделі сол 25 000 сом үстіне, дербес дəулеті бар шешесі де
жылына Алексейге 20 мың сом беріп, Алексей соның бəрін түгел сарқып та
тастайтын. Шешесі оған əлдекіммен астасып, Москвадан кетіп қалдың деп
соңғы кезде араз боп, ақша да жібермей қойған. Тұрмысына 45000 сом
жұмсап үйренген Вронский, соның салдарынан быйылғы жылы тек 25000
сом алып, қазір қыйналып та жүрген. Ол қыйындықтан шығуға шешесінен
ақша сұрар жайы болған жоқ. Кеше алған соңғы хатында шешесі қауым
мен қызметте шарықтай беруіңе болысуға бармын да, жақсы қоғам
атаулыны кірлейтін тұрмысыңа болысар жайым жоқ деп шалғаны, өзін тым
шамдандырып та тастаған. Шешесінің, ақшаға сатып алайын деген ойы
Вронскийді сай сүйегіне жете қорлап, шешесінен одан бетер суындырып та
жіберді. Бірақ, Каренинамен байламысы біраз кездейсоқ байланыс екенін
еміс-еміс аңғарып, қазір сол ағасына айтқан мархабатты сөзі жеңілтек
айтылғанын, өзі əрі үйленбеген адам болған соң, сол жүз мың сом кіріс
өзіне түгел керек боларын сезе тұрса да, айтқанынан қайтуға болмай да
қалған. Қайтатын жөні де жоқ еді. Ағасының əйелін еске алып, сол
сүйкімді, аяулы Варяның орайы келген жердің бəрінде, мархабатыңды
ұмытпаймын, бағалап жүрем деген сөзі ойына түссе-ақ, бергенін қайта алар
жөні жоғын аңғара кететін. Оның өзі де əйелді ұру, ұрлау, алдау сықылды
орайы жоқ нəрсе еді. Орайлы көріп, жөні бар деп ауытқымай табан тірей
кеткен жалғыз ойы: өсімқордан он мың сом қарыз алайын, оның түк
қыйыншылығы да жоқ, жалпы шығындарымды да азайтып, бəйге
аттарымды да сатып жіберейін деген ой болды. Сол байлауға келді де,
аттарыңызды сатып алайын деп өзіне талай дүркін кісі салып жүрген
Роландакиге хат жазды. Содан соң ағылшын мен өсімқорға кісі жіберді, бар
ақшасын есептеріне бөліп-бөліп сап қойды. Сол шаруаны бітірген соң,
шешесіне суық, қату етіп жауап жазды. Содан соң барып, ақшалығында
жүрген Аннаның үш хатын алып, оқып өртеді де, екеуінің кешегі əңгімесі
есіне түсіп, ойланып та кетті.
XX
Вронский өмірінің тым бақытты өмір болуы не істеп, не қоярын сөзсіз,
түгел анықтап тұратын түйінді ережелері барлығынан еді. Ол түйінді
ережелер қамтыйтын шарттар мөлшері өте шағын болғанымен, ережелері
күдіксіз ережелер болатын да, Вронский сол мөлшерден əсте шет шықпай,
тиісті ісін орындауға келгенде, ауытқу дегенді де білмейтін. Тігіншіні қоя
тұрып, ақшаны сұм ойыншыға телсу керек, — əйелдер алдағанмен,
еркектер алдамау жөн, — күйеуіңді алдағанмен, өзге ешкімді алдауға
болмайды, — жəбірлеуді көшіруге болмайды, жəбірлеуге болады, тағытағы сондайларды сөзсіз сол ережелер айтып тұратын. Ол ережелері түгел
бір орынсыз, орашолақ ереже болғанымен, күдіксіз ереже болатын да,
Вронский соларды орындай жүре, көңілім тыныш, кеудем көтеріңкі болады
деп білетін. Аннаға деген ілтипаты жөнінде, Вронский сол түйінді
ережелері жай-жағдайды түгел, жете анықтамайтынын да сезе бастап,
келешегі қыйын, күдікті көріне берген соң, ұстар арқауын да таба алмай
қалған.
Анна мен күйеуіне деген қазіргі аужайы өзіне оңай да, айқын да боп
кетті. Ол аужайы қолданып жүрген түйінді ережелерінде айқын, дəл
анықталып та қойды.
Анна өзі Вронскийге махаббатын қыйған, жөндем əйел болған соң, оны
өзі де жақсы көріп, содан келіп оны заңды əйелдей сыйлап, тіпті одан да
артық құрметке лайық əйел деп кеткен. Оны сөзбен, емеурінмен жəбірлеу
былай тұрсын, тіпті əйел ғана қалайтын құрметті көрсете алмаудан гөрі
қолын кестіріп тастауды да оңай көретін.
Қоғамға деген аужайы да айқын болатын. Онысын жұрт түгел біліп,
сезіктеніп жүргенмен, ешқайсысы да айтпасқа тиіс еді. Олай болмаған
күнде, айтқан адамды үндетпей, өзі сүйген əйелдерде тіпті жоқ беделді де
сыйлатуға сай отыратын еді.
Күйеуіне деген аужайы бəрінен де айқын аужай еді. Анна өзін сүйген
сəттен бастап-ақ, Вронский Аннаға тек өз қақын ғана айнымас қақы деп
санаған болатын. Күйеу деген құр қол байлау, артық адам көрінген. Сөз
жоқ, жай-күйі жан ашырлық болғанмен де, істер лаж жоқ еді. Күйеуінің
істесе істер қақы бар жалғыз ғана нəрсесі: тілегін орындатуға қолына қару
ала шығу болса, Вронский онысына да алғашқы сəттен бастап əзір еді.
Бірақ соңғы кезде Анна мен екеуінің арасында іштей, жаңа қарымқатнас білініп, соның жайы ашылмағандықтан Вронскийді шошытайын да
деді. Анна өзіне жүктімін дегенді кеше ғана кеп айтты. Сол хабар мен Анна
күткен нəрсе, өмірде қолданып жүрген ережелерінің заңы жете
анықтамаған бірдеңелер талап еткен сықылды сөзді өзі. Шынында да сасып
қалып, Анна екіқабат жайын айтқан алғашқы сəтте, ;күйеуіңді таста деген
талапты да жүрегі айтқыза салды. Соны өзі айтарын айтса да, ойластыра
келіп, сонсыз тынғаны жақсы болатын еді ғой дегенді қазір айқын аңғарды;
соны ішінен айтқанымен, жаман болмас па екен ? — деп жəне қорықты.
«Күйеуіңді таста деген болсам, маған қосыл деген сөзім болды ғой.
Өзім əзірмін бе соған? Қазір оны ақшам жоқта қалай əкетпекпін? Ол жағын
реттеуіме де болады дей қояйын... Бірақ өзім қызметте жүріп қалай
əкетпекпін? Оны айтуын айтқан болсам, соған сай отырып, яғни ақшалы
боп, қызметтен де шығуым керек қой менің».
Содан ойланып та кетті өзі. Қызметтен шықсам ба екен, шықпасам ба
екен деген сұрау бар тіршілігінің сыртқа шығармаса да, басты мүддесі боп
келген, жалғыз өзі ғана білетін, өзге бір, құпыя мəселеге əкеп соқты.
Баққұмарлық деген бала жасынан, бозбала кезінен бергі байырғы
арманы болатын, ол арманды өзі мойындай қоймаса да, сонша күшті арман
болғандықтан, қазір сол құмары келіп махаббатымен де тай-таласа кетті.
Қауым мен қызметтегі алғашқы қадамы сəтті келгенімен, бұдан екі жыл
бұрын өрескел қате де істеп алды өзі. Дербес адам екенімді көрсетіп,
ілгерілей берем деген оймен, бас тартсам бағам артады дегенге сеніп, өзіне
ұсынған қызметке көнбей де қойған; бірақ өзі өте өжет болған соң,
орнында қалдырған болатын; содан өйте-бүйте жүріп, дербес адам
дəрежесіне жеткен соң, ешкімге ашуланып, ешкімге ренжімеген адамша,
өзіме көңілді болған соң, мазалай бермесе екен дегенді ғана қалағандай,
өзін өзі өте шебер, ақылды ұстаған күйі, сол дəрежесін сақтап жүре
беретін-ді. Шынына келгенде, былтыр өзі Москваға кеткен соң-ақ, ол
көңілділік те жайына қалған болатын. Қолынан бəрі келіп тұрса да, түкке
зауқы жоқ адам болған соқ, дербес дəрежесі де көрінбес жаққа шығып, көп
адамдар-ақ өзін адал, мейірбан болудан өзге ештеңе де істей алмайды екен
деген ойға келе бастағанын да сезген болатын. Каренина екеуінің сонша шу
көтеріп, көпшілік көңілін бөлген байланысы Вронскийге жаңа көрік беріп,
көкейін тескен баққұмарлық құртын уақытша басқанымен, сол құрты
осыдан бір апта бұрын тағы да қатты қозып кеткен. Бір топта, бір қоғамда
бала жасынан бірге өскен, корпуста бірге оқып, бірге бітірген, класта,
гимнастикада, тентектік, баққұмарлықта бəс таласып, бірге қыялдаған
жолдасы Серпуховской Орта Азияда екі чин, озық атақ алып, жақын арада
оралған-ды, ол атақ ондай жап-жас генералдарға сирек те берілетін еді.
Ол өзі Петербургке келісімен-ақ, жұрт оны жаңа туған жарық
жұлдыздай гулетіп ала жөнелді. Вронскийдің бірге өскен құрдасы
Серпуховской генерал боп, мемлекет ісінің барысына əсер ететін
тағайындық күтіп отырғанда, Вронский əсем əйел сүйген, көрікті, дербес
адам болғанымен, құр ротмистр ғана болатын да, қанша дербес болам десе,
ерік те беріле беретін. «Əрине Серпуховскойге қызықпаймын да, қызығар
жайым да жоқ менің; бірақ соның өрлеуі өзіме, уақыт ыңғайын тапсаң, мен
сықылды адамның мансабы да өте тез мандып кететінін көрсетіп тұр.
Осыдан үш жыл бұрын оның дəрежесі де осы мен сықылды болатын.
Қызметтен шықсам, кемемді өртеймін де, қызметте тұрсам түгім де
құрамайды менің. Өз жайымды өзгертпеймін дегенді өзі айтқан болатын
оның. Анна сүйіп жүргенде, Серпуховскойге қызығар жайым жоқ». Соны
айтты да, мұртын баяу шыйратқан күйі, столдан түрегелігі, бөлмеде жүре
бастады. Көзі ерекше жайнап, қашанда бір өз жайын анықтап алған кезде
сезетін, жаны жай таба қуанған орнықты, сабырлы қалпына да түсе кетті.
Бұрынғы есептер шығарған шақтарындай, бұ жолы да түгел таза, түгел апайқын болып тұр. Қырынып, суық ваннаға түсіп, киімін киінді де сыртқа
шықты.
XXI
— Саған келіп едім мен. Кір-қоңнан арылуың бүгін ұзаңқырап кетті ғой
деймін, — деді Петрицкий. — Немене, бітті ме?
— Бітті ғой, — деді Вронский, көзі ғана күлімсіреген күйі, тəртіпке
түскен шаруасын қыйт еткен батыл, шұғыл қыймыл бұзып жіберетіндей,
қыяқ мұртын ептей ширатып.
— Сол жұмыстан соң, қашан да моншадан шыққандай боласың сен, —
деді Петрицкий. — Грицкидек келдім (полк командирін солай атайтын
өздері), сені күтіп отыр.
Вронский жауап бермей, жолдасына қарай тұрып, өзге жайды ойлап
кетті.
— Я, соныкіндегі музыка екен ғой мынау? — деді ол құлаққа шалынған
керней гүжілі мен полька, вальстердің таныс дыбыстарың тыңдай тұрып.
— Қандай мереке болды екен?
— Серпуховской келіпті.
— Ə-ə! — деді Вронский. — Білген жоқ едім мен.
Көзі одан бетер күлімдеп кетті.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 25
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.