Latin Common Turkic

Анна Каренина - 25

Total number of words is 4123
Total number of unique words is 1940
37.7 of words are in the 2000 most common words
53.3 of words are in the 5000 most common words
59.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Махаббатым болған соң, бақыттымын деп, өзіне, ең болмағанда, сол
міндетті алып, баққұмарлығын құрбан етуге бекуін бекіп қойған соң,
Вронский Серпуховскойге қызықпады да, полкке келген соң, алдымен
маған соқпады деп қынжылмады да. Серпуховской мейірбан досы
болғандықтан, Вронский де қуанып кетті оған.
— Түу, қуанып қалдым ғой тіпті.
Полк командир! Демин үлкен, помещик үйінде тұратын. Жұрт біткен
төменгі кең балконда екен. Қорада Вронский көзіне алғаш түскен нəрсе:
арақ құйған күбі қасында тұрған кительді əншілер мен офицерлер
қоршаған полк командирінің үйелмендей жарқын кескіні болды; өзі
балконның бірінші басқышына шығып алып, офенбах кадриліи ойнап
жатқан музыкадан даусын асыра қатты айқайлап, шеткерірек тұрған
солдаттарға бірдеңелер бұйырып, қолын сілтей сөйлеп тұр екен. Бір топ
солдат ерткен вахмистр, Вронскиймен қоса бірнеше унтер-офицерлер
балкон қасына келді. Полк командирі стол қасына оралып, қолына бокал
ұстай есік алдына қайта шықты да: «Бұрынғы жолдасымыз, қаһарман
генерал Серпуховской князьдің саулығы үшін. Ура!» деп тост жариялады.
Полк командиріне ілесе, қолына бокал ұстай күлімсіреп Серпуховской
де шықты.
— Ылғый жасарып келесің-ау, сен, Бондаренко, — деді ол қарсы
алдында тұрған, екінші рет қызмет атқарып жүрген қызыл шырайлы,
шымыр вахмистрге қарап.
Вронский Серпуховскойды үш жылдан бері көрген жоқ болатын. Өзі
бакенбарды қойып, толысып алғанымен, көркінен гөрі жүзі мен бітіміндегі
мейірім, шапғаты басым, сол сымбатты қалпынан аумапты. Вронский одан
жалғыз ғана өзгеріс байқап тұр, ол өзгеріс десі жүрген адамдар жүзінде, сол
десі жүруін жұрт біткен түгел танығанын білгендіктен үзілмей, баяу есіп
тұратын нұр сəулесі еді. Вронский сол сəулені білетіндіктен,
Серпуховскойден де соны аңғарды.
Серпуховской Вронскийді баспалдақтан түсіп келе жатып көрді. Жүзі
қуана күлімдеп жалт ете түсті. Басын жоғары изеп қойып, бокалын
Вронскийге амандаса кетерді де, сол ишара арқылы, сүйісуге ернін
ыңғайлай, қақшыя тұрып қалған вахмистрден бұрын бара алмаспын деген
əлпет білдірді.
— Бəрекелде, мынаны қара! — деді полк командирі саңқ етіп. — Яшвин
маған, көңілінің қошы жоқ екен деп еді сені.
Серпуховской шымыр денелі вахмистрдің жіпсіген жасаң ернінен
сүйген соң, аузын орамалмен сүрте, Вронскийге оралды.
— Түу, қуанғанымды-ай! — деді ол, Вронскийдің қолынан қыса, шетке
алып шыға беріп.
— Соны күте беріңіз! — деп, полк командирі Вронскийді нұсқап
Яшвинге дабыстады да, солдаттарға қарай төмен түсіп кетті.
— Кеше бəйгеде болмағаның не сенің? Сонда көрем ғой деп едім, —
деді Вронский Серпуховскойды шола қарап.
— Барғанмен, кешігіп қалыппын. Ғaпy ет, — деп қойды да,
адъютантына қарай бұрылды, — адам басы қаншадан келсе де, менің
атымнан мынаны бөліп берсін деп бұйыра қойыңыз.
Сөйтті де, ақшалығынан жүз сомдық үш қағаз шығара бере, қызарып та
кетті.
— Вронский! Бірдеңе ішіп, жеуге қалайсың? — деп сұрады Яшвин. —
Ей, мұнда графқа бір жейтін нəрсе əкелші! Кəне, мынаны ішіп жібер.
Полк командирінікіндегі думан ұзақ болды.
Көп ішілді. Қақпақылдап Серпухозскойды лақтырысты. Содан соң полк
командирін қақпақылдады. Содан соң барып, полк командирі Петриикиді
ала əншілер алдында өзі де билей жөнелді. Содан, полк командирі біраз
шаршаған соң барып, қорадағы сəкіге отыра, Пруссиядан Россия артық
жатыр, əсіресе атты əскер шабуылында артық деп, Яшвинге дəлелдей
бастады да, думан сəл толастайын деді. Серпуховской қолын шайғалы
үйдегі жуынғышқа кіріп, Вронскийге кездесе кетті. Вронский үстіне су
құйынып жатыр екен. Кителін шешіп қойып, түк басқан қып-қызыл
мойынын жуынғыш суына тоса, басы мен мойнын ысқылап тұр екен.
Жуынып болған соң, Серпуховскойдың қасына кеп отырды. Екеуі сол
арадағы кішкене диванға жөнделе отырған соң, араларында екеуіне де аса
қызықты бір əңгіме басталып кетті.
— Сенің жайыңды əйелім арқылы білдім, — деді Серпуховской. — Жиі
көріп тұрғаныңа қуанып қалдым өзін.
— Варя екеуі тату-ақ, Петербургте көрсем көңіліме жағатын əйелдер
тек сол екеуі ғана, — деді Вронский, күле жауап беріп. Күлгенде, əңгіме
беті ауатын тақырыпты байқап, жанына сол жаққан соң барып күлді.
— Солар ғана ма? — деп. Серпуховской де күлімсіреп қайыра сұрады.
— Я, əйелің арқылы болмаса да, сенің жайыңды мен де біліп алдым, —
деді Вронский, ол емеурінді қойғызғалы жүзін суыта сөйлеп. — Десің
жүргеніне қатты қуанғанмен, таңырқай қойғам жоқ. Одан озығырақ бірдеңе
күтіп едім.
Серпуховской жымың ете түсті. Өзі жайындағы пікір жағып кеткен де
болуы керек, онысын жасыруды қос көре қойған жоқ.
— Мен, қайта, шынымды айтсам, бұдан кем болар деуші едім. Бірақ өз
басым өте қуаныштымын. Мен өзім бір баққұмар кісімін, осалдығым да ол,
мойындаймын да оны.
— Десің жүрмеген болса, мойындамаған да болар едің, бəлкім, — деді
Вронский.
— Ондай ойым жоқ, — деді Серпуховской тағы да күлімсіреп. — Онсыз
өмір сүруге болмайды, демегенмен, көңілсіз де болар еді деймін. Əрине,
қателесетін де шығармын, бірақ қалап алған кəсібім жөнінде біраз
қабілетім: бар ғой деймін де, қолымдағы биліктің қандайы болса да, бола
қалған күнде, өзім білетін көп адамдар қолындағы: биліктен артық болар
еді деп ойлаймын, — деді Серпуховской, шарқын біле, шалқый сөйлеп. —
Сол үшін де, соған жақындаған сайын көңілім қош бола түседі.
— Бəлкім, ол саған солай болғанмен, жұрт біткенге олай болмайтын да
шығар. Мен өзім де солай ойлағамын, бірақ өмір сүре келе, тек сол үшін
ғана тіршілік етуге болмайды екен дегенге де келіп отырмын, — деді
Вронский.
— Уа, бəрекелде! Бəрекелде! — деді Серпуховской күліп жіберіп. —
Өзім де сенің жайыңды, көнбегеніңді естідім дегеннен бастап отырмын...
Демек, қостап та отырмын сені. Бірақ бəрінің де мəні бар ғой деймін. Мен
əрі көнбеуін жақсы істесең де, көңілдегідей істемегенсің деп ойлаймын.
— Істелер қылық істелді де, істегенімнен өмірі қайтпайтынымды өзің
де білесің. Өзіме де жақсы боп жүр.
— Жақсы болғанда, уақытша жақсы ғой ол. Бірақ оны місе тұта
бермейсің. Сенің ағаңа айтпаймын да. О да мына қожайынымыз сықылды
бала мінезді адам. Əне, ол! — деп қосып қойды, «ура» лаған айқайға құлақ
сала отырып, — соған мəз ол, сен болсаң, қанағат етпейсің оны.
— Қанағаттандырады дегем жоқ мен де.
— Жалғыз ол ғана емес. Сен сықылды адамдар — керек адам.
— Кімге?
— Кімге болсын? Қоғамға. Россияға адам да, партия да керек, əйтпесе,
қор болып желге кеткелі отыр.
— Яғни, немене? Орыс коммунистеріне қарсы Бертенев партиясы керек
пе?
— Жоқ, — деді Серпуховской, өзін ондай ақмақтыққа қосқандарына
қынжыла шытынып. Tout ga est une bla gue 58 . Бұл қашан да болған, бола да
береді əлі. Ешбір коммунист деген жоқ. Жұртқа бірақ, қашан болсын
зыянды, қауіпті партия ойлап шығаратын пəле керек болады. Ежелгі əуен
ол. Жоқ, бізге сен екеуміз сықылды дербес адамдар билігінің партиясы
керек.
— Неге олай? — деп Вронский, билігі бар бірнеше адамдарды атап
шықты. — Бірақ солар неге дербес адам болмай жүр?
— Неге екені тек тумысында дербес боларлық не дəулеті жоқ та, не
болмаған оларда, атақтары жоқ, біз сықылды күн шалып туған туыстары
жоқ олардың. Ақшамен де, жылы сөзбен де сатып алуға береді оларды.
Баяндап тұру үшін олар бағыттарын да ойлап шығарулары керек. Сөйтеді
де қайдағы бір қырсығы тиетін, өздері де сенбейтін пікірлер мен
бағыттарды қолдайды; сол бағыттардың бəрі де қазына үйіне ие болып,
пəлендей жалақы алудың құр амалы əшейін. Солардың айласын
байыптасаң-ақ, cela n'est pas plus fin que ca 59 түге. Солардан кем болар
жайым жоғын көре тұра кем түсіп, ақмағырақ соғұлым да кəдік. Бірақ
менде бір, өзімізді сатып алу əлдеқайда қыйын соғатын, маңызды
артықшылық та бар ғой деп ойлаймын. Ондай адамдар қай кездегіден де
қатты керек боп отыр.
Вронский ден қоя тыңдағанымен, сөздің мазмұнынан гөрі,
Серпуховскойдың іске деген аужайы көңілін көбірек бөлді, ол өзі қызмет
жөнінде эскадрон мүддесінен өзге ештеңесі болмаса да, өз басы əрі
жаратып, əрі жек көріп жүретін өкіметпен де күресем деген ойға шығып
алыпты.
Өзі жүрген ортада сонша сирек кездесетін əрі ақылды, əрі шешен, əр
тұрғыны ойлап, түсіне кетуге қабілеті жетіп тұрған Серпуховскойдың
қандай күшті адам болар ыңғайы барын Вронский де аңғарды.
— Дегенмен де, ол үшін менде бір жетіспейтін басты нəрсе болып тұр.
— деді Вронский, — билік алам деген талап жағы жетпей жатыр.
Болғанмен де қойып кеткем оны.
— Кешіргейсің, бекер сөз оның, — деді Серпуховской күлімсіреп.
— Жоқ, рас айтам, рас!.. Қазір, — деп Вронский шынына көшейін деді.
— Я, қазір рас болса, əңгіме басқаша; бірақ сол қазірің де ылғый бола
бермейді өзі.
— Мүмкін, — деді Вронский.
— Сен мүмкін, дегенді айтып отырсың, — деді Серпуховской жалғай
сөйлеп, Вронскийдің ойын таба қойғандай, — мен болсам, бар ғой дегенді
айтамын. Сені көрсем дегенім де сол еді. Орынды істегенсің. Оныңды
түсініп те отырмын, бірақ қасарыспауың керек. Сенен сұрайтыным тек carte
blanche 60 менің. Қамқор болайын деп отырғам жоқ саған... Қамқор
болмайтын да нем бар дейсің... Сен де маған талай-талай-ақ қамқор
болғансың! Екеуміздің достығымыз одан гөрі жоғарырақ болар деген де
ойым бар. Я, — деді ол, əйелдерше, мейірлене күлімсіреп. — Carte blanche
дегеніңді маған бер де, полктен шығып кет, байқаусыз-ақ тартып əкетем
өзім.
— Маған сол бары барынша бола берсе екен дегеннен өзге ештеңенің
де керегі жоқ, — деді Вронский, — соны түсін сен.
Серпуховской түрегеліп, қарсы алдына кеп тұрды.
— Сен сол бары барынша бола берсе екен деп отырсың ғой. Оныңның
не екенін мен де түсініп тұрмын. Бірақ құлақ салсаң деймін: екеуміз құрдас
болғанмен, əйел санын менен гөрі көбірек те білерсің, бəлкім... —
Серпуховскойдің күлкісі мен ишарасы Вронскийге жанды жеріңе
аяңқырап, еппен тидім, қорықпауың керек деп тұр. — Бірақ үйленген
кісімін мен, сенер болсаң, жақсы көретін жалғыз өз жарыңды (біреу солай
жазған) білу арқылы мың əйелдің түсін танығаннан гөрі, күллі əйелдің
сырын жақсы білесің.
— Қазір барамыз! — деді Вронский, бөлмеге үңіліп, екеуін полк
командіріне шақырған бір офицерге дабыстап.
Вронский өзіне ол не дейтінін түгел естіп, біліп алайын дегенге шықты
енді.
— Менің пікірім мынау саған. Əйел деген адам тіршілігіндегі ең үлкен
шырмау бір. Əйелді жақсы көріп жүріп, өзге бірдеңе істей қою деген
қыйын нəрсе. Ол үшін ығымен алаңсыз сүюдің жалғыз амалы — үйлену
деп білемін. Қалай айтсам екен өзіңе, — деді теңей сөйлеуді жақсы көретін
Серпуховской, — сабыр, сабыр ет, ойланып алайын! Я, əрі fardeau көтеріп,
əрі қолыңмен бірдеңе істеймін дегенде, сол fardeau арқаңа тек таңулы
болғанда ғана істей аласың, — үйлену деген де сол. Оны мен үйленген соң
барып сездім. Қолым да қалт босай кетті. Бірақ сол fardeau-ды үйленбей
көтере берсең, қолын, тимейді де, түк те істей алмайсың. Мазанков пен
Круповқа қара. Екеуі де мансабынан сол əйелге бола айрылып отыр.
— К,андай əйелдер десеңші! — деді Вронский, сол екеуі жалғасқан
француз əйел мен актрисаны есіне түсіріп.
— Əйел жайы қауымда неғұрлым бекем болса, соғұрлым жаман тиеді.
Ол өзі қолыңа fardeau көтеріп жүруден гөрі, біреуден соны жұлып алумен
барабар нəрсе.
— Өмірі сүймеген екенсің сен, — деді Вронский ақырын ғана, бет
алдына қараған күйі, Аннаны ойлап.
— Мүмкін. Бірақ айтқанымды еске ал, сен. Оның үстіне əрі: əйел
дегендер еркектерден затшылырақ келеді түгел. Біз өзіміз махаббаттан
қайдағы бір орасан нəрсе жасап жүргенде, олар ылғый terre-a-terre 61
жүреді.
— Қазір, қазір! — деді, үйге кірген малайға қарап. Бірақ малай, ол
ойлағандай, екеуін шақыра келген жоқ екен. Вронскийге хат əкеліпті.
— Сізге, Тверская княгинядан біреу əкеп берді.
Вронский хатты ашқан соң-ақ тұтап қоя берді.
— Басым ауырып кетті, үйге барайын, — деді ол Серпуховскойге.
— Жарайды, қош бол. Carte blanche бересің ғой?
— Кейін сөйлесейік, Петербургтен тауып алам өзіңді.
XXII
Сағат алтыға кеткендіктен, Вронский əрі уақытында жетейін, əрі жұрт
түгел білетін өз аттарыммен жүрмейін деген оймен, Яшвиннің тасымал
күймесіне мінді де, мүмкіндігінше тезірек жүр деп бұйырды. Төрт орынды,
тасымал көне күйме кең болатын. Вронский аяғын алдыңғы орынға көсіле,
бұрышқа отырып алып, ойланып кетті.
Шаруашылығын анықтап алдым-ау деген көмескі ойы» өзін керекті
адам санаған Серпуховскойдың мақтауы мен достығы жайында есінде
қалған көмескі елес, əсіресе, көрісеміз ғой деген дəме қосыла келіп,
өмірдің қуанышын сезген Жалпы əсерге түгел ұласып кетті. Сол сезімі
сонша бір күшті сезім болғандықтан, еріксіз күлімсіреп те қойды өзі.
Аяғын жыйнап, біреуін біреуінің тізесіне қоя, қолымен ұстап, кеше
жығылғанда жаншып алған тып-тығыз балтыр етін сыйпап қарады да,
кейін шегіне отырып, кеудесін кере, бірнеше рет күрсінді.
«Жақсы, өте жақсы!» деді өзіне өзі. Денесіне сүйсінген қуанышын
бұрын да жиі-жиі сезіп жүретін, бірақ өзі мен өз денесін дəл қазіргісіндей
ешуақытта сүйіп көрген емес-ті. Əлуетті аяғының сол болар-болмас
аурысынғанын сезіп, дем алғанда төс еттері қозғалғанын түйсіну жанына
тіпті жайлы тиді. Аннаға үміт үздіре əсер еткен əрі ашық, əрі суық сол
август күні, Вронский еңсесін көтере сергіткендей көрініп, суға жуып
дуылдаған мойны мен бетін жасаңқырата шалып тұр. Мұртынан аңқыған
иісмай мынау таза ауада жанына ерекше жайлы тиіп келеді. Күйме
терезесінен көргендерінің бəрі де, мынау батар күннің күңгірт сəулесіне
бөленіп, салқын таза ауаға тоғылған нəрсенің бəрі де: қонар күннің
шұғыласына шағылысқан үй төбелері де, дуалдар мен құрылыс
бұрыштарының айшықты сілемдері де, анда-санда кездескен жаяулар мен
экипаждардың қараң-құраң кескіндері де, ағаш, шөптің жым-жырт
көгалдары да, бораздалары түп-түзу тартылған картоф егістері де, үйден,
ағаштан, бұтадан, картоф бораздаларының өзінен қыялай түскен
көлеңкелер де Вронскийдің өзі сықылды сонша жасаң, сонша көңілді,
сонша күшті көрініп келеді. Бəрі де бір жаңа ғана жасалып боп, сыр
жағылған əдемі көрініс суретіндей жарасып тұр.
— Жүйткіт, жүйткіт! — деді көшірге, терезеден басын шығара қарап,
сөйтті де қалтасынан үш сомдық қағаз ақша алып, бұрыла қараған көшірге
ұстата берді. Арбакеш қолы фонарь қасынан бірдеңені сыйпалай қарап,
қамшы дыбысы су ете түсті де, тақтақ жолда күйме де жүйтки жөнелді.
«Маған бұл бақыттан өзге ештеңенің де керегі жоқ, — деді Вронский
ойланып, терезе арасындағы сылдырауықтың сүйек бүршігіне қараған күйі,
Аннаны соңғы көрген қалпында елестете отырып. — Күннен күнге жақсы
көре берем өзін. Вреденің, қазына дачасының бағы мынау ғой. Мұның қай
жерінде болды екен ол? Қай жерінде? Қалай болды өзі? Осында кездеспек
боп, оның үстіне Бетсидің хатына қосып жазбағы не өзінің?» — дегенді
енді ғана ойлады; бірақ ойлап тұрар уақыт та жоқ еді. Көшірді аллеяға жете
қоймай тоқтатты да, күйме тұрар-тұрмастан-ақ, есікті аша, қарғып түскен
күйі, үйге баратын аллеямен тарта жөнелді. Аллея да жан жоқ екен; бірақ
оң жаққа қарай бере, Аннаны да көре кетті. Бетін пердемен бүркеп алған
екен, иығын ілгері бере, басын қыйыстата жүретін, жалғыз өзіне ғана тəн,
ерекше жүрісін қуана шолысымен-ақ, Вронскийдің өн бойынан электр тогі
өте шыққандай болды. Вронский қунақ басқан аяғынан бастап, қабара дем
алған өкпесіне дейін өзін өзі төтенше күшті сезіп, бірдеңелер ернін де қоса
жыбырлатып жіберді.Анна кеп қосылған соң, Вронскийдің қолын қатты
қысты.
— Шақырғаныма ашуланған жоқсың ғой? Көруім керек болды сені, —
деді Анна; Вронский де перде қалқасынан ернінің шынымен, қатулана
жымырылып тұрғанын көріп, жан күйі қалт өзгеріп сала берді.
— Мен бе, мен ашуланамын ба! Өзің қалай келдің, қайда келгенсің?
— Бəрібір, — деді Анна, қолын Вронскийге арта беpiп, — жүрейік,
сөйлесуім керек боп тұр.
Вронский бірдеңе болғанын аңғарып, бұл жолығудың қуанышты
жолығу болмасын да түсіне кетті. Анна барда ырқынан айрылып та
қалатын өзі: соның абыржыған себебін білмесе де, сол абыржуды өзі де
лажсыз сезейін деді.
— Не? Немене? — деді Вронский, Аннаның қолын шынтағымен
қымтыған күйі, ойын өңінен танығысы келіп.
Анна, көңілін демдеп алғалы, біраз жерге үнсіз жүріп келді де, қалт
тоқтай қалды.
— Кеше саған айтқан жоқ едім, — деп бастады ол, тез-тез алқына
тыныстап, — Алексей Александровичпен үйге қайтып келе жатып, өзіне
түгел айтып салдым... Əйелің бола алмаймын деп те жібердім, сол... түгел
айттым, түгел.
Вронский Анна сөзін, еңсесін сала, ауыр жайын сол арқылы
жеңілдетейін дегендей, түгел иіле тұрып тыңдады. Анна бірақ сол сөзді
айтысымен-ақ, Вронский қалт түзеле тұрып, жүзіне бір паңсынған, қатаң
əлпет те біте кетті.
— Я, я, сол абзал, мың есе абзал болған! Қалай ауыр тигенін де біліп
тұрмын оның.
Анна бірақ айтқан сөзін тыңдамай, ойын өңінен-ақ таный қойды.
Вронский өңіндегі əлпет енді дуэль болмай қоймайды деп, көңіліне алғаш
келген ой əлпеті екенін Анна біле алған жоқ еді. Дуэль болады деген ой
Анна көңіліне келмегендіктен, мынау өткінші қатаң əлпетті басқаша
жорыды ол.
Анна өзі күйеуінің хатын алған соң-ақ, түгел баяғысынша қала
беретінін де, өз жайын елемей, ұлын тастап, ашынасына қосылуға дəрмені
жетпейтінін де ішінен біле қойған. Тверская княгинянікінде болған
таңертеңгі шағы да көзін соған жеткізе түскен. Бірақ мына кездесу қанша
дегенмен де, өзіне өте маңызды кездесу еді. Осы кездесу жайымызды
өзгертіп, өзімді де сақтап қалады деп дəметкен болатын ол. Осы хабарды
естігенде, Вронский титтей ауытқу дегенді білмей, етпеттей, батыл келіп,
Аннаға: «түгел таста да, менімен жөнел!» — десе, ол да баласын тастап,
сонымен кетуге бекіп келген болатын. Бірақ ол хабар Вронскийге Анна
күткендей əсер еткен жоқ: ол тек əлденеге қорланып қалғандай болды.
— Түк те ауыр тиген жоқ маған. Өзінен өзі орайласа кетті, — деді Анна,
шам көріп, — əрі мінеки...— деп қолғабынан күйеуінің хатын да суырып
алды.
— Біліп тұрмын, біліп тұрмын, — деді Вронский сөзді бөліп, хатты
алған күйі оқый қоймай, Аннаны жұбатқысы келіп, — менің қалағаным да,
сұрағаным да, өз өмірімді сенің бақытыңа арнайын деп, сол күйіңнен құтыл
деген бір-ақ тілек болатын.
— Оны неменеге айтып тұрсың маған? — деді Анна. — Мен соған
шүбə келтірмек пе екем? Шүбə келтіретін болсам...
— Мына келе жатқандар кім? — деді Вронский қапелімде, қарсы келе
жатқан екі əйелді нұсқап. — Бізді білетін адамдар болар, бəлкім, — деді де,
Аннаны ерте, бүйір жолға қарай асыға тартты.
— Қойшы, бəрібір маған! — деді Анна. Еріндері дірілдеп қоя берді.
Вронскийге де көзі перде ішінен керемет ашулана қарап тұрған сықылды
көрініп кетті. — Айтқаным айтқан, əңгіме онда емес, мен оған шүбə
келтіріп тұрғам жоқ; ол маған мынаны жазып отыр. Оқы, — деп Анна тағы
да тоқтап қалды.
Вронский хатты оқый тұрып, қорланған күйеу жөніндегі ойы тудырған
табиғи пікіріне, Аннаның күйеуінен айырылу жайын естіген алғашқы
сəттегісіндей тағы да лажсыз орала кетті. Қазір қолына хатты ұстап тұрған
кезде, үйінен не бүгін, не ертең қалайда тап болатын шақыртқы қағазды да,
дуэльдің өзін де, сол дуэльдің үстінде өңіндегі қазіргі салқын, асқақ
əлпетпен оғын аспанға атып салып, қорланған күйеу оғын тосып
тұратынын да еріксіз елестетті. Өзіңді өзің таңбағаның жөн деп
Серпуховской өзіне əлгі де ғана айтып, таңертең өзі де толғанған ойы есіне
осы арада келіп түсті, ол ойды Аннаға да айта алмайтынын біліп тұр өзі.
Хатты оқып шығып, Аннаға басын көтере қарағанда, көз əлпетінде
бекемдік те жоқ екен. Бұл жайды ол, өзінше бұрыннан ойлап қойғанын
Анна да түсіне кетті. Ол не айтса да, ойындағысын түгел айтпайтынын
Анна əбден біліп тұр. Ақырғы үміті де желге кеткенін Анна айқын аңғарды.
Оның күткенінен мұныкі өзге нəрсе боп шықыты.
— Көріп тұрсың ғой, не деген адам десеңші, — деді Анна, даусы
қалтырай сөйлеп, — ол өзі...
— Кешірім ет, сонысына қуанып тұрмын мен, — деді Вронский, сөзді
бөліп. — Құдай ризалығына, қоя тұр, айтып болайын, — деп қосып қойды,
сөзімді түсіндіргенше мұрса бер дегендей, Аннаға жалына қарап. —
Қуанғанда, оның дегені тіпті болмайды, болар жайы жоқ деп қуанып
тұрмын.
— Неге болмайды? — деді Анна, жасын ірке, Вронский айтатын сөзге
енді түк мəн бермеген əлпетпен. Тағдыры шешіліп қалғанын да сезіп тұр
өзі.
Вронский, өз ойынша, болмай қоймайды деген дуэльден соң, бұ күйде
қала алмайды дегісі келгенімен, өзге жайды айтып кетті.
— Бүйтіп жүре беруге болмайды. Сен енді тастап кетесің ғой деп те
сеніп тұрмын. Тұрмысымызды реттеп, үйлестіріп алуға, — дей бере,
қысылып, қызарып кетті, — маған мұрса бересің ғой деймін. Ертең... —
дей бере тоқтап та қалды.
Анна, аржағын айтқызбай, бөліп кетті.
— Баланы қайтейін? деп шыр ете түсті. — Не жазып отырғанын көріп
тұрсың ғой?—Баланы тастау керек дегенге өз басым бара алмаймын да,
істемеймін де оны.
— Құдай ризалығы білсін, қайсысын жақсы дейсің? Баланы тастап
кеткен жақсы ма, осы қорлық тұрмысқа көнген жақсы ма, əлде?
— Кімге қорлық екен?
— Бəрімізге де қорлық, əсіресе, өзіңе қорлық сенің.
— Қорлық тұрмыс дейсің бе... Айтпай-ақ қой оны. Ол сөздің маған мəні
жоқ сөз, — деді Анна, даусы қалтырай шығып. Анна енді,өтірік соқпаса
екен осы дегенге шықты. Өзіне соның, құр махаббаты ғана қалған соң,
жақсы көре берейін өзін дегенге келді. — Біле білсең, сені сол сүйген
күннен бастап-ақ, дүние біткен маған түгел өзгеріп кеткен болатын. Менің
қаранар-қарбанарым — сенің сол жалғыз махаббатың тек. Сол махаббат
менікі болған болса өзімді өзім соғұрлы биік, соғұрлы бекем сезіп, мен
қорланар түк те жоқ деп білем. Өз жайымды мақтан етем, мақтан етер
мəнісім... мақтан етем... сол... — деп мақтанышы не екенін айтып шыға
алмай да қалды. Қапа боп, ұяла жылаған жастан дауысы булығып та кетті.
Тоқтай қалып, еңіреп қоя берді.
Вронский де алқымына əлдене тығылып, мұрны жыбыр қағып бара
жатқанын сезіп, жылайын деп тұрғанын өмірінде алғашқы рет осы арада
келіп білді. Көңілін бүйтіп бұзған не екенін өзі де айта алмағандай еді;
Аннаға жаны ашып, соған болыса алмайтынын сезумен бірге, соның
бақытсыздығына айыпты адам өзі боп, бір жаман қылық істегенін де біліп
тұр.
— Бас ашуға болмай ма екен? — деді қалжырап. Анна жауап бермей,
болсын шайқады құр. — Дегенмен де, баланы алып тұрып, өзін тастап
кетуге болмас па еді?
— Болады; бірақ бəрі соған байланысты оның. Енді мен соған баруым
тиіс, — деді Анна сұлық сөйлеп. Бəрі баяғысынша қала береді деген сезігі
алдаған жоқ өзін.
— Сейсембі күні Петербургте болам, бəрі де шешіледі.
— Я, — деді Анна. — Енді оны айтпай-ақ қоялық бірақ.
Анна, Вреде бағының шарбағына кел деп қайтарып жіберген күйме де
келіп жетті. Анна Вронскиймен қоштасып, үйіне қарай тартты.
Дүйсембі күні 2-июнь комиссиясының ресми мəжілісі болды. Алексей
Александрович залға кірген соң, қашанғы əдетінше, мүшелермен де,
председательмен де амандасып, өз орнына барып, қолын, алдына дайындап
қойылған қағаздарына таяна келіп отырды. Ол қағаздар ішінде өзіне керекті
ақпарлар да, айтамын деген мəлімдемесінің түртіп алған желісі де жатқан
болатын. Əйтсе де, ол ақпарлардың керегі де жоқ еді өзіне. Бəрі жадында
болған соң, айтатын сөздерін ішінен қайталап жатуды да керек еткен жоқ.
Уақыты келгенде, қарсы алдында жаймашуақ сөйлеймін деп əуре боп
тұрған жауының дидарын көрген соң, қазір дайындалмаса да, айтар сөзі
ағыл-тегіл құйылатынын өзі де біліп отыр. Айтар сөзінің мазмұны сонша
терең жатқандықтан, əр сөзінде мəн боларын да сезе түседі. Сөйтсе де,
ресми баяндаманы тыңдағанда мүлəйім, момақан түрінен ауған жоқ өзі.
Алдында жатқан бір парақ ақ қағаздың екі шетін сонша мəуірттей сыйпап,
тамырлары білеуленіп тұрған аппақ қолына, басын шаршай қыйыс салған
əлпетіне қараған адамның ешқайсысы да қазір соның аузынан алай-түлей
дауыл көтеретін сөз шығып, мүшелерді бірін-біріне кимелете айқай
салдырады, тəртіп сақтаңыздар дегізіп председательді де безектетеді деп
ойлаған жоқ еді. Баяндама біткен соң, Алексей Александрович дауысы
шəңкілдей шығып, бұратана елдерді орналастыру жөнінде кейбір
ойларымды мəлімдейін деп едім дегенді айтты. Жұрт назары соған қарай
ауды. Алексей Александрович тамағын кенеп алып, жауына қарамаған күйі,
қашанда сөз сөйлеудегі əдетінше, алдында бірінші боп отырған —
комиссияда ешуақытта ешбір пікірі жоқ, кішкене, жуас қартқа шаншыла
тұрып, ойын ағытып айта бастады. Əңгіме негізгі, жүйелі заңға жеткен
кезде, жауы қарғып тұрып, қарсыласа кетті. Əрі комиссия мүшесі, əрі
жанды жеріне тиген Стремов та басын арашалай бастады, — мəжілістің өзі
жалпы бір қызу мəжіліс болды; бірақ Алексей Александрович үстем
шығып, ұсынысы да қабылданып кетті; жаңа үш комиссия тағайындалып,
Петербургтің белгілі тобындағы келесі күнгі əңгіме тек сол мəжіліс жайы
ғана болды. Алексей Александровичтің десі ойлаған жерінен тіпті асып
түсті.
Алексей Александрович келесі, сейсембі күні таңертең, ұйқысынан
оянған соң кешегі жеңгенін есіне ықласпен түсіре отырып, кеңсе
басқарушысы комиссияда болған əңгіме жайында құлағы шалған
лақаптарын жарамсақсый айтқанда, жаймашуақ көрінейін десе де, езу
тартпай қоя алған жоқ.
Алексей Александрович кеңсе басқарушысымен жұмыс істей отырып,
бүгінгі күн Анна Аркадьевнаға кел деген сейсембі күн екенін тарс ұмытып
кетіп, Анна келгенін біреу айта кіргенде, жайсыз тие таңырқап, таң-тамаша
болды.
Анна Петербургке ертең ерте келіпті; телеграммасы бойынша күйме
жібергендіктен, Алексей Александровичтің оның келетінін білмейтін жөні
де жоқ еді. Бірақ Анна келгенде алдынан шықпай қалды. Аннаға: ол кісі əлі
сыртқа шыққан жоқ, кеңсе басқарушысымен жұмыс істеп отыр дегенді
айтты. Анна келгенімді күйеуіме айтыңдар деді де, өзі келер деген оймен,
бұйымдарын реттеуге кірісті. Алайда бір сағат еткен соң да күйеуі келмеді.
Анна жөн сілтейін деген сылтаумен, ас үйге шығып, сол жерге келер деп,
əдейі жарқын-жарқын сөйлеп те көрді; бірақ кеңсе басқарушысын жөнелте
кабинет есігіне келгенін Анна естіп тұрса да, шыққан жоқ ол. Əдетте оның
кешікпей қызметіне кететінін білгендіктен, Анна өзін соған дейін керіп,
арамызды анықтап алайын деген ойға да келді.
Залды аралай келіп, Анна тіке тартты соған. Ол келіп кабинетке
кіргенде, күйеуі вице-мундирін киген күйі, жүруге де сай тəрізденіп,
кішкене стол қасында, соны шынтақтай бет алдына мұңая қарап отыр екен.
Анна оны өзін көруден бұрын көріп, ойлап отырғаны да өзі екенін түсіне
кетті.
Аннаны көрген соң, түрегелейін деп тоқтады да, содан кейін өңі, Анна
бұрын ешуақытта көрмеген бір əлпетпен, түтей бұзылып, тез тұрған күйі,
оның көзіне де қарамай, жоғары, маңдайы мен шашына қарап, алдынан
қарсы жүрді. Аннаға келген соң, қолынан ұстай, отырыңыз деп ишара етті.
— Келгеніңізге əбден қуанып қалдым, — деді, Аннаның қасына отыра
бере, бірдеңе айтайын дегенмен, мүдіріп қалып. Сөйлейін деп, неше дүркін
оқталғанмен, тоқтала да берді. Осы кездесуге Анна да əзірленіп, күйеуінен
безіне, айыптайын деп өзін өзі пысықтап келсе де, соған не дерін білмей,
аяп та кетті өзін. Содан үндеспей, ұзақ отырып та қалды. — Сережа
сəлемет пе? — деді де күйеуі, жауап күтпей-ақ: — бүгін түскі тамақта үйде
болмаймын. Қазір жүруім керек əрі, — дегенді қосып қойды.
— Москваға кетсем деп едім мен, — деді Анна.
— Жоқ, келгеніңіз жақсы болды, жақсы істедіңіз, — деп күйеуі тағы да
тоқтап қалды.
Күйеуінің сөз бастар дəрмені жоғын көрген соң, сөзді Аннаның өзі
бастады.
— Алексей Александрович, — деді ол, соған қараған күйі, шашына
тесіле қадалған көзінен көз аудармай, — сізге мен, өз басым күнəлі,
оңбаған əйел болған соң, сол қалпымнан аумай, өзіңізге сонда не десем, сол
айтқанымнан қайтар жайым жоқ екенін айтайын деп келдім.
— Оны сұрағам жоқ сізден, — деді ол, Аннаның көзіне қапелімде
тайынбай, өшіге тіке қарап, — өзім де солай ойлағам. — Өзіне біткен
қабілетін ашу əсерімен тағы да түгел игеріп алғандай болды. — Бірақ,
өзіңізге сонда айтып, сонда жазғаным сықылды, қазірде айтарым сол, —
деді дауысы шəңкілдей, қатты шығып, — о жайды білуге міндетті емеспін
мен. Ішіме кірмейді ол. Жар біткеннің бəрі соғұрлы жағымды хабарды
күйеулеріне жеткізгенше асығатын сіз сықылды мейірбан бола бермейді. —
«Жағымды» деген сөзді тым баса айтты өзі. — Соны қауым біліп, атым
масқара болғанша, ішіме кірмейді ол. Олай болса, арамыз қашанғы күйінше
қала беруге тиіс те, абройымды арашалайтын шараны өзіңіз тек, өз
беделіңізді түсірген күнде ғана қолдануға тиіспін, ескертерім тек сол сізге.
— Арамыз қашанғы күйіндей бола алмайды ғой бірақ, — деді Анна,
дауысы жүрексіне шыққан күйі, күйеуіне үрейі ұша қарап.
Анна сол сабырлы сесін тағы да көріп, бала даусындай сол ащы,
мысқыл даусын қайта естігенде, сонысынан жаны түршігіп, аянышы жоқ
боп кетті де, құр қорқуын қорыққанмен, жай-күйімді қалай да анықтап
алайын дегенге шықты.
— Жарыңыз болар жайым жоқ, мен өзім... — дей беріп еді.
Күйеуі зілді күлкіге сала, кекете күлді.
— Сайлап алған өмір болмысыңыз ұғымыңызға да жұғайын деген
болуға тиіс. Мен өзім қай жағын болса да қатты сыйлап, қатты безінетін
кісімін... өткендегіңізді сыйласам, қазіргіңізден безіп те отырмын сөзіме
берген ол бағаңыздан аулақ жатқан кісімін мен.
Анна күрсініп салып, төмен қарап кетті.
— Əйтсе де, өз опасыздығын күйеуіне баттыйта айта отырып, ол жөнде
сірə ешбір мінім бар дегенді де білмейтін сіз сықылды соғұрлы дербес
адамның, — деп өрепки сөйледі, — күйеуіне келгенде жар міндетін
атқаруды қалай мін көретінін түсінбеймін.
— Алексей Александрович! Мекен не қалап отырсыз өзіңіз?
— Қалағаным-ақ, сол адамға осында кездеспейтін болайын да, өзіңізге
қауым да, жалшылар да кінə таға алмайтын болсын, өзіңізді солай
ұстаңыз... оны өзіңіз де көрмеңіз дегелі отырмын. Бұл өзі көп те емес
сықылды. Ол үшін, адал жардың міндетін атқармай-ақ, еріктерін пайдалана
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 26
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.