Latin Common Turkic

Анна Каренина - 31

Total number of words is 4035
Total number of unique words is 1859
35.5 of words are in the 2000 most common words
50.5 of words are in the 5000 most common words
57.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— дегенді де қосып қойды, сəл қыйыстап, əсем жүзін Левинге бұра,
күлімсірей қарап.
Китидің Левинге айтқан ол сөзінде ерекше ештеңе де жоқ сықылды еді,
Кити бірақ сол сөзді айтқан кезде, əрбір лебізінде, ернінің, көзінің,
қолының əрбір қыймылында Левин үшін, сөз жетпес қандай мағналар
жатты десеңші, шіркін! Онысында кешірім сұраған жалынышы да, соған
деген сенімі де, нəзік, жалтаң базынасы да, уəдесі, үміті де, соған деген
махаббаты да түгел тұрғандықтан, Левиннің де сенбес жайы қалмай,
бақытын булықтырып та жіберді.
— Жоқ, Тверь губерниясына барғамыз. Сіздің бофреріңізге70 , яки
бофреріңіздің күйеуіне содан келе жатып вагонда жолыққам, — деді ол
күлімдей сөйлеп. — Жолығуымыздың өзі бір қызық жолығу болды.
Содан Левин, түні бойы ұйқтамай келіп, Алексей Александрович
бөлімшесіне шолақ тонмен қойып кеткенін күлкілі, қызық əңгіме етіп
айтып берді.
— Кондуктор, түсін көрме, ішін көр деген мақалға да қарамай, киіміме
бола қуып та шықпақ болды: бірақ осы арада келіп мен де ірілік білдіре
бастаған соң... шолақ тоныма бола сіз де, — деп, Карениннің атын да
ұмытып қалып, соған қарай сөйледі, — басында қуып шықпақ болғанмен,
соңынан əйтеуір, үлкен рақмет, арашалап қалдыңыз мені.
— Орын сайлау жөнінде жолаушылар еркі деген өте бір, жалпы дəйексіз
ерік өзі, — деді Алексей Александрович, саусағының ұшын орамалға
сүртіп қойып.
— Мен жөнде тартыншақтау келгеніңізді де байқап тұрдым, —деді
Левин, ақкөңіл күлкісіне сала жымыйып, — бірақ шолақ тонымның тігісін
жатқызайын деп, мəнді əңгіме бастауға мен кірістім бұрын.
Сергей Иванович қожайын əйелмен сөйлесе отырып, баурына да құлақ
түрген күйі, көз қыйығымен қарап та қойды. «Не болған бүгін өзіне?
Сонша сестеніп кетіпті», — деді ойланып. Левинге бірақ қанат бітіп
отырғанын білген жоқ-ты ол. Левин болса, өз сөзін Кити естіп, ести берсе,
жырғай беретінін де біліп отыр. Бар ойын жалғыз сол ғана билеп алған
оның. Осынау бір бөлме ғана емес, бүкіл дүниеде бар деп білген адамы,
маңыз, мағнасы орасан ұлғайған өз басы мен Кити ғана боп отыр оған. Өзін
өзі бас айналатын асқар шыңда тұрғандай сезсе, бүкіл сол мейрімді даңқты
Карениндер мен Облонскийлерді, бүкіл дүниені əлдеқайда сонау төменде,
бір қыйырда қалғандай сезіп отыр.
Степан Аркадьич Левин мен Китиді, жүздеріне де қарамай, жай əшейін,
отырғызатын өзге жер жоқтай, елеңсіз етіп, қатар отырғыза салды.
— Жə, осы араға-ақ отыра сал сен, — деді ол Левинге.
Степан Аркадьичтің ынтық ыдыстары сықылды, қонақасы да жақсы
келді. Мари-Луиз сорпасы да тамаша сорпа болды; ауызға салса еріп
тұрған, кішкентай пирогтерінде де мін жоқ екен. Ақ галстуктер таққан екі
малай мен Матвей, тамақ, шарап жағын көз ілестірмей, баппен, тез
тындырып жүр. Қонақасының үртіс өз жағы ойдағыдай шықса, өзге жағы
да одан кем түскен жоқ. Жалпы əңгімелер де, жалқы əңгімелер де толассыз
айтылып, ас ақырында соғұрлы қыза түскендіктен, еркектер стол басынан
сөйлескен күйі түрегеліп, тіпті Алексей Александрович те серпіліп кетті.
X
Песцов деген сөзін жете салмақтауды жақсы көретін кісі болатын да,
оның үстіне Сергей Иванович те өз пікірінің əділ шықпағанын сезіп
тұрғандықтан, айтқан сөзін де місе тұтқан жоқ оның.
— Мен өзім елдің жиілігін айтқанда, — деді ол сорпа кезінде, Алексей
Александровичке, — сол жиілікті принциптер жағына жалғамағанмен,
негіздер жағына жалғамай жалаң алған жан емеспін əсте.
— Меніңше, сол екеуі бір нəрсе ғой деймін, — деді Алексей
Александрович асықпай, солғын сөйлеп. — Менің ойымша, өзге халыққа,
өзі тек дамудың жоғары сатысындағы халық қана əсер етеді ғой деймін, ол
өзі...
— Мəселе дəл сонда болып тұр, — деді, қашан болса да сөйлеуге
тықыршый асығып, сөйлеген сөзіне қашан да жанын сала кіріскен кісідей
көрінетін Песцов, сөзді күжілдей киіп əкетіп, — дамудың, жоғары сатысы
деп нені айтуымыз керек? Дамудың жоғары сатысында ағылшын, француз,
немістердің қайсысы тұр деп білуімізге болады? Қайсысын қайсысы
сіңіреді? Біз болсақ, Рейннің французданып, немістің төмен жатқанын
көреміз! — деді ақыйланып. — Бұ жерде басқа заң жатыр!
— Меніңше, ықпал ету деген қашан да нағыз білім жағында жатыр ғой
деймін, — деді Алексей Александрович, қасын сəл керіп қойып.
— Олай болғанда, нағыз білімнің белгілері не деп білуіміз керек? —
деді Песцов.
— Ол белгілері мəлім белгі ғой деймін, — деді Алексей Александрович.
— Мəлім бола қойды ма екен солар? — деді Сергей Иванович жымың
ете, араласа кетіп. — Нағыз білім тек үртіс классикалық білім деп білем
қазір; өзіміз бірақ екі жағының да қыян-кескі тартысын көріп отырған соң,
қарсы лагерь қолында да күшті дəлелдер барын мойындамауымызға
болмайды.
— Классиксіз ғой сіз, Сергей Иванович. Қызылға қалайсыз? — деді
Степан Аркадьич.
— Ол білімнің, ешқайсысы жөнінде де пікір айтып отырғам жоқ мен, —
деді Сергей Иванович, балаша бойына тоғытпай күлімсіреген күйі,
стаканын тоса беріп, — мен тек екі жағының да дəлелдері күшті дегенді
айтып отырмын, — деді ойын жалғай, Алексей Александровичке беттеп. —
Мен өзім білім жөнінен классик кісімін де, сол айтыста орнымды да таба
алмайтын жайым бола береді. Нақты ғылымға қарағанда, классикалық
ғылымның артық саналмақ мəнісі не екеніне айқын дəлел таба алмай-ақ
қойдым өзім.
— Жаратылыс ғылымдарының да даму жөніндегі педагогикалық
ықпалы одан кем емес, — деп Песцов та іліп əкетті. — Жалғыз
астрономияны-ақ алыңыз, ботаниканы, жалпы заң жүйесімен зоологияныақ алыңыз!
— Өз басым оған қосыла қоймаймын, — деді Алексей Александрович.
— Меніңше, тіл түрлерін зерттеудің өзі-ақ рухани даму жағына ерекше
жақсы əсер ететінін мойындамасқа болмайтын сықылды. Оның үстіне,
жаратылыс ғылымдарын оқыту жағы, сорымызға, заманымыздың дерті боп
отырған залалды, жалған ғылымдарға жалғасып жатқанда, классик
жазушылар ықпалы рухани жағынан мейлінше күшті ықпал екенін де бекер
деуге болмайды.
Сергей Иванович бірдеңе дегелі оқталғанмен, Песцов күжілдей сөйлеп
бөліп жіберді. Бұл пікірдің əділ пікір емес екенін жанын сала дəлелдей
бастады. Жеңер жерін сайлап алғандай, Сергей Иванович те сөзді
жайбарақат салмақпен бастады.
— Дегенмен де, — деді Сергей Иванович, жымың ете, Каренинге
бұрылып, — қай білімді алсақ та, пайда, залалын түгел толық таразылау
жағы қыйын дегенге келіспеске болмайды да, классикалық білім жағында,
жаңа өзіңіз айтқан — disons le mot 71 —нигилистікке қарсы: рухани ықпал
сықылды артықшылық болмаса, сол ғылымның қайсысын құп алу
жайындағы мəселе соғұрлы тез, ада-күде, шешілмеген де болар еді.
— Əлбетте.
— Нигилистікке қарсы сол артықшылық ықпалы классикалық ғылым
жағында жатпаған болса, көбірек ойлап та, екі жақтың дəлелдерін
таразылаған да болар едік, — деді Сергей Иванович жымың етіп қойып, —
екі бағыттың екеуіне де өріс берген болар едік. Біз бірақ классикалық
білімнің сол ішірткісінде нигилизмге қарсы қолданатын ем күші жатқанын
біле тұра, емдейтін жандарымызға соны тартынбай ұсынып келеміз...
Немене, емдейтін күш жоқ қой дейсіздер ме? — деді, сөзін тұздықтай
қорытып.
Сергей Иванович ішірткіні айтқанда жұрт біткен ду күлді де, əңгіме
тыңдағалы бір күлдіргі нəрсе болар ма екен деп, күте-күте отырған
Туровцын, соның орайы келген соң-ақ, ерекше мəз бола, қатты күлді.
Песцовты шақырам деп Степан Аркадьич те жаңылыспапты. Песцов
отырған соң, ойлы əңгімелер де бір минут тынған жоқ. Сергей Иванович
əңгімесін қалжыңдай қорытысымен-ақ, Песцов та бір жаңа əңгімені кілт
бастап жіберді.
— Сол мақсат тіпті үкіметте бар дегенге де келісуге болмайды, — деді
ол. — Үкімет болса, қолданылатын шаралардың ықпал жағына мəн бермей,
жалпы мақсат жағына сүйенетін тəрізді. Мысалы, əйелдерге білім беру
мəселесі зыянды деп саналуы керек болса, үкімет сол əйелдерге курстар
мен университеттер ашып жатады.
Содан, əңгіме əйелдерге білім беру жайындағы жаңа тақырыпқа қарай
ойысты.
Алексей Александрович əйелдерге білім беру мəселесі əдетте
əйелдердің бостандық мəселесіне шатыстырылады да, зыянды саналғанда
тек сондықтан барып саналады деген пікір айтты.
— Мен қайта, сол екі мəселе тығыз байланысты мəселелер деп білем, —
деді Песцов, — ол өзі жалған тақыл əшейін. Əйелдер білім жағы
жетіспегендіктен, құқықтан айрылып отырса, құқықтары жоқтықтан білім
жағы да жетіспей жатыр. Əйелдерді қанау деген сонша етек алған, ескілікті
нəрсе болғандықтан, солардан арамызды ашып жатқан тұңғыйықты да
түсіне бергіміз келмейтінін ұмытпауымыз керек, — деді ол.
— Құқық жайын айтып отырсыз ғой сіз, — деді Сергей Иванович,
Песцов толастаған кезде, — құқық болғанда, қосшы би, қала депутаты,
басқарма председателі қызметінде болу құқығы, қызметші құқығы,
парламент мүшесінің құқықтары ғой...
— Əлбетте.
— Бірақ сол орындарды, зəуде, əйелдер ала қалған күнде, «құқық»
деген сөзді орынды қолданбадыңыз ғой деймін. Дұрысырағы: міндет деген
сөз болар еді. Қосшы бидің, қала депутатының, телеграф чиновнигінің бір
қызметін істегенде, міндет атқардық деп сеземіз десек, əркімдер-ақ
қостайды оны. Олай болса, əйелдер міндет іздейді десек, дұрысырақ
шығады да, ол іздеулері əбден заңды да нəрсе. Еркектердің жалпы еңбегіне
болысамыз деген ол ниеттерін қолдай беруіміз керек тек.
— Өте əділ сөз, — деп Алексей Александрович те қостай кетті. —
Мəселе тек, сол міндетке қабілеттері жете ме дегенде ғана тұр ғой деймін.
— Араларына білім жайылған кезде, өте қабілетті болулары да кəдік, —
деп Степан Аркадьич те кірістіріп жіберді. — Оны керіп те отырмыз...
— Мақалды қайда қоямыз?—деді, əңгімеге көптен құлақ тігіп отырған
князь, мысқылдай, кішкене көзі жалт етіп, — қыздарым отырғанда: шашы
ұзын... деуіме болады.
— Негрлер азат етілгенше, олар жайында да осыны айтқан болатын! —
деді Песцов, ашу шақырып.
— Сорымызға, еркектер əдетте жаңа міндеттен жалтарып жүргенін
көріп отырғанда,— деді Сергей Иванович, —əйелдердің жаңа міндет
іздеулерін тек оғаш көрем өзім.
— Міндет деген құқықпен құрмалас нəрсе. Билік, ақша, құрмет:
əйелдер соны іздейді, əне, — деді Песцов.
— Бала емізем десем, əйелдерді құп алып, өзімді құр қалдырды деп
кейігеннің кері ғой бұл, — деді қарт князь.
Туровцын қарқылдай күлді де, Сергей Иванович осыны өзім айтпаған
екем деп өкінді. Тіпті Алексей Александрович те жымың етіп күліп қойды.
— Қойсаңызшы, еркектер қайдан емізсін,— деді Песцов, — əйелдер
болса...
— Жоқ, бір ағылшын кемеде келе жатып, баласын өзі емізіпті деген сөз
бар, — деді қарт князь, бейпіл əңгіменің қызығына түсем деп, қыздарынан
да қымсынбай.
— Сол ағылшындар қанша болса, əйел чиновниктер де сонша болады,
— деді Сергей Иванович кірісіп.
— Солай ғой, бірақ семьясы жоқ қыз не істеуі керек? — деді, Песцовқа
қосыла, соны жақтап, Чибисова есінен кетпей отырған Степан Аркадьич те
қосанжарласа кетіп.
— Сол қыздың тарихын құнттап талдайтын болсаңыз, ол өзі əйел ісін
табатын не өз семьясын, не əпкесінің семьясын тастап кеткен қыз боп
шығады, — деді Дарья Александровна, əңгімеге ойда жоқта кіріскен күйі,
Степан Аркадьичтің қай қызды айтып отырғанын шамалаған адамша,
шамдана сөйлеп.
— Біз бірақ принцип, идеал тұрғысынан қараймыз! — деді Песцов,
жуан даусын əндете шығарып. — Əйел деген білімді, дербес болуға қақым
болса екен дейді. Соның орайы жоғын білгендіктен, меселі қайтып,
төменшіктей де береді.
— Тəрбие үйіне асыраушы етіп алмағанға, менің де меселім қайтып,
төменшіктеп жүрмін, — деді қарт князь тары да, күлемін деп жапырағының
сабақ жағын тұздыққа түсіріп алған Туровцынды мəз-майрам етіп.
XI
Ортақ əңгімеге Кити мен Левиннен өзгелері түгел қатнасты, бір
халықтың бір халыққа ететін əсері сөз болған алғашқы кезде, осы жөнде
айтсам дегендері Левин ойына да оқтын-оқтын түсіп кетіп отырды; бұрын
бірақ өзіне маңызды көрінетін сол ойлары, көңіл түкпірінде көрген түстей
елестегенмен, қазір түк қызығы болған жоқ. Солардың сол ешкімге керегі
жоқ нəрсе жайын айтуға соғұрлы өзеуреп отырғандары өзіне тіпті оғаш та
көріне берді. Солардың əйел құқығы мен білімі жайындағы əңгімелері
Китиге де қызық көрінуі тиіс-сықылды еді. Шет елдегі білісі Варенька мен
соның бағынышты ауыр жайы есіне түскенде, осыны өзі қанша ойлап,
күйеуге шықпаса өз жайы да не боларын қанша дүркін толғанып, осы
жөнде əпкесімен де қанша дүркін керіспеп еді десеңші! Қазір бірақ
қаперіне де келген жоқ ол. Левин екеуін де өзінше бір əңгіме боп отыр,
əңгіме де емес, қайдағы бір іштей білісу боп отыр онысы, сол білісу екеуін
барған сайын жақындата түсіп, бет қойған белгісіз нəрселерінен қорыққан
қуаныштарын да қосыла сезіп отыр.Левин басында Китидің өткен жылы
мені күймеде қалай көріп жүрсіз деген сұрауына, үлкен жол үстінде
пішендіктен келе жатып көрдім дегенді айтып берді оған.
— Таңсəрі кезі еді ол. Сіз жаңа ғана оянған болуыңыз керек. Мамаңыз
бұрышта ұйқтап жатыр екен. Ғажайып сəрі уақыт еді бір. Келе жатып: төрт
ат жеккен күймедегі кім болды екен бұл? — деп ойладым мен. Төрт ат
жеккен қоңыраулы сəнді күйме екен де, сіз қалт шалына кеттіңіз, терезеге
тесіле қалсам, — қалпағыңыздың бауын міне былайша, қос қолдай ұстап
отыр екенсіз де, тас түйіле əлденені ойланып кетіпсіз, — деді ол
күлімсіреп. — Сонда не ойлағаныңызды білер ме едім десеңізші, шіркін.
Маңызды нəрсе ғой бір?
«Алым-салым болмадым ба екен?» — деп ойлады Кити; бірақ сол жайы
есіне түскенде, Левиннің сүйсіне күлімдеп отырғанын көрген соң, еткен
əсері, қайта, өте жақсы болғанын да сезе кетті. Қызарып кетіп, мəз бола
күлді.
— Шыным, білмейім соны.
— Туровцынның күлкісінің жақсысыншы! — деді Левин, жасаураған
көзі мен сылқылдай күлген денесіне тамашалай қарап.
— Көптен білесіз бе оны? — деп сұрады Кити.
— Оны білмейтін кісі бар дейсіз бе!
— Байқауымша, өзін ақмақ деп отырсыз ғой дейім?
— Ақмақ емес, мырық адам бір!
— Бекер оныңыз! Ендігəрі олай ойламай-ақ қойыңыз! — деді Кити. —
Ол жайында мен де тым жаман ойда болатынмын, бірақ өзі — асқан
сүйкімді, ғажайып мейрімді адам екен. Жүрегі жақсы кісі.
— Апыр-ай, жүрегін қалай біліп жүрсіз оның?
— Əбден дос адам боп кеткеміз. Өте жақсы білем өзін. Өткен қыста,
өзіңіз... біздікінде болып кеткен соң, көп ұзамай, — деді Кити жазықты
адамша, жаутаңдай күлімсіреп, — Доллидың балалары түгел жұпар боп
жатқанда, осы кісі бір келген болатын. Сонда бар ғой, — деді Кити
сыбырлай сөйлеп, — Доллиды соғұрлым аяп кеткен соң, сол үйден
қайтпай, қолғабысын тигізіп, балаларын бірге бағысқан. Рас айтам;
солардың үйінде үш апта боп, балаларды даяшы əйелше жүріп күтіскен.
— Константин Дмитричке Туровцынның жұпар тұсындағы қолғабысын
айтып отырмын, — деді Кити, əпкесіне бұрыла еңкейіп.
— Рас, ересен, ғажайып нəрсе бір! — деді Долли, өз жайын əңгіме
еткендерін сезіп тұрған Туровцынға қараған күйі, жүрексіне күлімсіреп.
Левин Туровцынға тағы да қарап алып, осы адамның ересен жайын бұрын
түсінбегеніне қайран қалды.
— Кешіре көріңіз, адам жайында ендігəрі жаман ой ойламаймын əсте!
— деді Левин, қазіргі сезгендерін еменжарқын, шын көңілмен айтып.
XII
Əйелдер құқығы жайында қозғалған əңгімеде неке теңсіздігі туралы,
əйелдер көзінше айтуға шаркез жатқан мəселелер бар еді. Песцов ас
үстінде отырып сол мəселелерге талай рет оқталғанмен, Сергей Иванович
пен Степан Аркадьич екеуі ептеп қақпалай да берді.
Жұрт стол басынан түрегеліп, əйелдер жағы шығып кеткен соң, Песцов
оларға ілесе қоймай, Алексей Александровичке бұрылып, сол теңсіздіктің
басты себептерін айтуға кірісті. Ер-əйелді адамдар арасындағы теңсіздікті,
өз ойынша, əйелі мен күйеуінің опасыздығын заң да, жұртшылық пікірі де
тең жазаламайтындығында жатыр деп біледі екен.
Алексей Александровичке шылым тартып жібер деп Степан Аркадьич
те зып етіп жетіп келді.
— Жоқ, тартпайым мен, — деп Алексей Александрович жайбарақат
жауап берген күйі, бұл əңгімеден қорықпаймын деген кісідей, Песцовқа
салқын шыраймен жымыя тіл қатты.
— Менің ойымша, мұндай көзқарас төркіні сол нəрсенің нағыз түп
мəнінде жатуы керек, — деді де, қонақ үйге шығуға ой қылды; бірақ осы
арада Алексей Александровичке күтпеген жерден Туровцын келіп тіл
қатты.
— Прячников жайын естіп пе едіңіз? — деді, үндемегенге іші пыса,
қашан сөйлер екем деп көптен тықыршып, шампан шарабын іше желігіп
тұрған Туровцын. — Вася Прячниковты айтам, — деді, жіпсіген қызыл ерні
мейріммен күлімсірей, көбінесе, сыйлы қонақ Алексей Александровичке
бағыттай сөйлеп, — сол өзі Квытскиймен Тверьде дуэльге шығып, соны
атып-өлтірді дегенді айтты бүгін маған.
Қашан болсын, қас қылғандай, дəл ауырған жеріңді соғып алатын əдет
сықылды, сорлатқанда бүгінгі əңгіме де Алексей Александровичтің жанды
жеріне минут сайын тиіп жатқанын Степан Аркадьич те сезе берді қазір.
Күйеуін тағы да алып кетейін дегенімен, Алексей Александровичей, өзі де
соны таңсық көріп, сұрап болмады.
— Неменеге атысыпты Прячников?
— Əйелі жөнінде. Жігіттік істеген! Шақырыпты да өлтіріп тыныпты!
— Ə! — деп Алексей Александрович селқос тіл қатты да, қасын керіп
қойып, қонақ үйге қарай тартты.
— Келгеніңізге тіпті қатты қуандым, — деді оған Долли, қыпылдай
күлімсіреген күйі, қонақ үйдің алдында жолығып, — сізбен бір сөйлесуім
керек еді. Осы араға отыра тұрайық.
Алексей Александрович қасын керген сол селқос қалпы, Дарья
Александровнаның қасына отыра бере, көлгірси күлімсіреді.
— Мен де сол, өзіңізден кешірім сұрай сала, жөнелейін деп едім, — деді
ол. — Ертең жүруім керек.
Дарья Александровна Аннаның айыбы жоғына əбден сенімді болатын
да, жазықсыз сол досын осылай жайбарақат жүріп сорлатпақшы боп
отырған осынау сезімсіз, суық жанға деген ашу-ызадан өңі бозарып, ерні
дірілдеп бара жатқанын да сезейін деді.
— Алексей Александрович, — деді ол, көзіне тайынбай тіке қараған
күйі. — Аннаның жайын сұрағанымда, жауап қатпап едіңіз. Не боп жүр
өзі?
— Сау-сəлемет қой дейім, Дарья Александровна, — деді Алексей
Александрович, Доллиға қарамай.
— Алексей Александрович, қақым да жоқ, кешірім етерсіз... бірақ
Аннаны туған сіңлімдей жақсы көріп, сыйлайтын кісімін өзім;
араларыңызда не бар, соны айтыңызшы, жалына сұраймын, сізден? Не кінə
тағасыз соған?
Алексей Александрович қабағын шытқан күйі, көзін де жұма бере,
тұқырып кетті.
— Анна Аркадьевнаға деген бұрынғы қатнасымды өзгертуім керек
дегенде, неге өзгертетін себептерімді күйеуіңіз айтқан шығар дейім сізге,
— деді ол, Доллидың көзіне қарай қоймай, қонақ үй арқылы өтіп бара
жатқан Щербацкийді шола қарап.
— Жо-жоқ, сенбеймін, сенер жайым жоқ оған! — деді Долли, етсіз
қолын алдына ұстай, құшырлана сығып. Содан ұшып түрегеле, қолын
Алексей Александровичтің жеңіне салды. — Бұ жерде бөгей береді екен
бізді. Мына үйге барайық.
Долли абыржуы Алексей Александровичке де əсер етейін деді. О да
түрегеліп, сөзін жықпай, класс бөлмесіне ілесе тартты. Екеуі, қарындаш
ұштайтын бəкімен кескіленген клеенка қаптаған стол басына кеп отырды.
— Сенбеймін, сенер жайым жоқ оған! — деді Долли, Алексей
Александровичтің тайқай қараған көзіне дəл қарағысы келіп.
— Фактіге сенбеуге болмайды, Дарья Александровна, — деді ол, факт
деген сөзге салмақ сала айтып.
— Не істеді соғұрлы? — деді Дарья Александровна. — Немене істеді
ол?
— Өз міндетінен безіп, күйеуіне опасыздық жасады ол кісі. Істегені сол
оның, — деді Алексей Александрович.
— Жоқ, мүмкін емес ол! Жоқ, құдай ақы, қателескен болдыңыз, — деді
Долли, қолын шекесіне қоя, көзін жұмып.
Алексей Александрович, сенімінің мықты сенім екенін өзіне де, оған да
көрсеткісі келгендей, салқын шыраймен ерні ғана жыбыр етіп, күліп
қойды; бірақ жаңағы шыжық боп қорғаған сөз қобалжыта қоймағанмен де,
жарасын жаңғыртып жіберді өзінің. Қатты тебірене отырып сөйледі енді.
— Күйеуіне əйелінің өзі жариялап отырғанда, қателесу деген өте қыйын
нəрсе. Сегіз жылғы тұрмыс пен бала — түгел қателік екен, тұрмысымды
басынан қайта бастағым келеді дегенді өзі жариялап отыр, — деді Алексей
Александрович, ашу қыса, мұрнын тартып қойып.
— Анна жазық істеді деген сөз көңіліме қонбайды тіпті, сенер жайым
жоқ соған.
— Дарья Александровна! — деді ол, Доллидың қабаржыған мейрімді
жүзіне енді келіп тура қарағам күйі, тілі де ашынып бара жатқанын сезе
отырып. Əлі де күдіктенер орайы болса, аяулымды қыйған да болар едім.
Күдіктенген шағымда, ауыр тигенмен де, қазіргіден жеңіл болатын бірақ.
Күдік етіп жүрген кезімде үміт те бар еді; қазір бірақ үміт жоқ, сонда да
болса, түгел күдіктене берем өзім. Түгел күдіктенгенде, тіпті баламды да
жек көріп, кейде соның өз балам екеніне де күдіктенем. Асқан бақытсыз
жан мен бір.
Оған оны айтудың да керегі жоқ еді. Дарья Александровна өз бетіне сол
қарасымен-ақ, ол жайын түсіне кеткен болатын; соны аяп кеткендіктен,
досына деген сенімі де айный бастады оның.
— Ойпыр-ай! Сұмдық екен, сұмдық екен мынау! Бірақ бас ашуға
бекігеніңіз қалай-ақ рас болды екен дейім?
— Ақырғы шараға бекіген жайым ғой ол. Өзге істер лажым қалмады.
— Істер лаж жоқ, лаж жоқ... — деді Долли, көз жасы мөлдірей отырып.
— Солай, істер лаж жоқ, лаж! — дей берді.
— Өлім-жітімді өзге қасіреттегідей крес алып жүрмей, қайрат істеу
керек мұнда, бұ сықылды қасіреттің сұмдық жері сол, — деді Алексей
Александрович Долли ойының үстінен түскендей боп. — Кіріптар етіліп,
сағыңызды сындырған жайдан құтылуыңыз керек. Үш кісі боп тұруға
болмайды.
— Түсініп отырмын əбден, түсініп отырмын оны, — деп Долли
тұқырып та кетті. Томсарған қалпы, өз жайын, семьясындағы қасірет
жайын ойлай келе, басын қапелімде құшырлана көтеріп, қолын айқастыра,
өтіл ете жабысты. — Сабыр етіңіз бірақ! Христиансыз ғой. Жайын
ойластырыңыз оның! Тастап кеткенде, көрген күні не болмақ оның?
— Ойлағам, Дарья Александровна, көп ойлағамын, — деді Алексей
Александрович. Беті теңбілдене қызарып, тұнжыраған көзі Доллиға
шаншыла қарады. Дарья Александровна қазір шып көңілмен аяп та кетті.
— Мұның өзін мен өз басымды өзі келіп масқаралаған соң істедім; бəрін
байырғы қалпында қалдырып та бақтым. Түзелуіне мүмкіншілік беріп,
сақтап қалуға да тырыстым. Не шықты дейсіз ғой? Сыпайыгершілікті
сақтау сықылды — ең жеңіл талапты да орындаған жоқ ол, — деді ол, қыза
сөйлеп. — Қор болмайын деген адамды ғана сақтап қалуға болады; бірақ
адам деген бұзылып, азып кеткен соң, қор болуының өзі құтылуы боп
көрінсе, не істеуге болады?
— Болды, тек бас аша көрмеңіз! — деді Дарья Александровна.
— Неменені болды дейсіз?
— Жоқ, сұмдық нəрсе ол. Ешкімге де жар болар жайы жоқ, қор болады
ол!
— Не істей алайын мен? — деді Алексей Александович, иығы мен
қабағын қоса көтере қарап. Əйелінің ақырғы қылығын еске алу сонша
шамдандырып жібергендіктен, əңгіме басталған кездегісіндей тағы да
салқын тартып қоя берді. — Қайғыма ортақ болғаныңызға əбден рақмет,
жүрейін енді, — деді түрегеле беріп.
— Жоқ, сабыр етіңіз! Аннаны қор етпеуіңіз керек. Өз жайымды
айтайын, сабыр етіңіз. Күйеуге шыққан соң, күйеуім мені де алдаған
болатын; қызғаныш, күйік үстінде мен де түгел тастап, өзім де... дегемін.
Бірақ қайтқамын содан, кім қайтарды дейсіз ғой? Анна болатын сақтап
қалған. Содан міне тіршілік етіп те отырмын. Балалар өсіп, күйеуім болса
семьяға тоқырап, теріс қылығын сезе, əрі пак, əрі түзік тартып, мен де
тіршілік етіп келем... Мен кешірсем, сіз де кешіруіңіз керек!
Алексей Александрович тыңдағанмен, Долли сөзі əсер еткен жоқ енді.
Бас ашуға бекіген күнгі ашуы жан-дүниесінде тағы да түтеп қоя берді.
Серпіліп қойып, даусы ащы шыға, қаттырақ сөйледі:
— Кешірер жайым жоқ та, кешірмеймін де, əділетсіздік деп білем оны.
Ол əйел дегенде, барымды түгел істедім де, өзіне тəн батпағына бəрін
таптап та кетті ол. Кекшіл адам емеспін мен өзім, өмірі ешкімді жек көрген
де емеспін, бірақ сол əйелді жаным түршіге жек кергендіктен, кешірер
жайым жоқ тіпті, неге десеңіз, өз басыма істеген қыруар қыястығы үшін
қыйсапсыз жек көрем өзін! — деді ол, үніндегі ашуына жасы қоса
араласып.
— Өзіңізді жек көргенді жақсы көріңіз... —деді Дарья Александровна,
ұяла күбірлеп.
Алексей Александрович, жақтырмай мырс етті. Оны өзі көптен
білгенмен, өз жайына қолдануға орайы жоқ нəрсе болатын ол.
— Өзіңді жек көргенді жақсы көргенмен, өзің жек көргенді жақсы
көруге болмайды. Көңіліңізге дық салғаныма кешірім етіңіз. Əркімнің өз
қайғысы да жеткілікті! — Содан, Алексей Александрович көңілін демдеп
алып, жайбарақат қоштаса, аттанып та кетті.
XIII
Жұрт стол басынан түрегелген кезде, Ленин де қонақ үйге Китиге ілесе
барайын деген ой қылды; бірақ соны өзі үйіріле құрметтеп отырғаны тым
айқын болған соң, соған жайсыз тиеме деп те қорықты. Өзі еркектер
тобында қалып, ортақ əңгімеге араласа отыра, Китидің қыймылын,
көзқарасын, қонақ үйде отырған орнын, өзіне қарамай-ақ сезіп отырды.
Жұрт біткен туралы қашан болсын жақсы ойлап, қашан болсын түгел
жақсы көру жайында Китиге берген уəдесін титтей қыйналмай, қазір-ақ
айнытпай орындап отыр өзі. Əңгіме Песцовтың қауырт бастама деп,
ерекше бір бастама тауып отырған қауым жайына қарай көшті. Левин
Песцовқа да, ағасына да қосылған жоқ, орыс қауымының мəнін ағасының
мойындау, мойындамау жағы бір түрлі өзінше екі ұшты соғып отырды.
Левин бірақ екеуімен сөйлескенде, екеуін тек рақайға келтіре, таластарын
да жеңілдету жағын көздеді. Ол өзі өз айтқанына көңіл қоймау үстіне,
екеуінің сезіне көңілін одан да кем бөліп, жұрт біткенге тек жайлы, жақсы
болса екен дегенді ғана қалады. Маңызды нəрсе қазір бір-ақ нəрсе екенін де
біліп отыр өзі. Сол біреу басында сонау қонақ үйде болып, содан
жылыстаған күйі, қазір есік алдына келіп тоқтады. Левин өзіне қадалған
көз бен жымыңдаған күлкіні бұрылмай-ақ сезіп, жалт қарамасына да
болмай қалды. Щербанкиймен есік алдына келіп, өзіне қарап тұр екен ол.
— Сізді мен фортепьяноға бара жатыр ғой деп едім, деді ол, Китидің
қасына келе беріп. — Деревняда осы: музыка жағынан шола қалып жүрмін
өзім.
— Жоқ, сізді тек шақырайық деп-келіп едік, келгеніңізге рақмет, — деді
Кити, күлімдеген күлкісіне Левинді қарық қылып. — Таласу не керек сол?
Бірін бірі өмірі иіктіріп жатқан жоқ ақыр.
— Рас айтасыз, я,— деді Левин, — қырқыса таласқанда, көбінесе сол
қарсы адамның не дəлелдегісі кеп отырғанын тіпті біле алмаған соң
таласасың.
Ең ақылды деген адамдар арасындағы таластар кезінде де, ұшан-теңіз
күш жұмсап, сөз нөпірін төге, қыруар қыйсын жолына сала келіп, ақыры
сол таласушы адамдар бір-біріне дəлелдейміз деп ұзақ салғыласқан
нəрселері өздеріне əлдеқашан, сонау талас басталған кезден-ақ аян нəрсе
бола тұрса да, əрқайсысы əртүрлі жайды жақсы көрген соң, сөзім жасынға
шықпасын деген оймен, сол жақсы көрген нəрселерін атаспай
отырғандарын байыптай бастайтындарын да Левин жиі аңғарып жүретін.
Қарсы адамның жақсы көретін нəрсесін бағзы кезде талас үстінде түсініп,
қапелімде соны өзің де жақсы көріп кеткендіктен, дереу келісе қойып,
содан соң бүкіл дəлелдерің де керегі болмай, босқа қалатынын жиі сезіп
жүретін өзі; кейде соның керісінше де сезетін: өзің жақсы көріп, жақсы
көрген соң дəлел іздеген нəрселеріңді ақыры кеп айтып салғанда, сол
айтқаның жалғаны жоқ, жақсы шықса, қарсы адам да қапелімде келісе
кетіп, таласын да тоқтата қоятын. Левиннің де айтайын дегені сол еді.
Кити түсінейінші деген оймен, қабағын түйіп тұра қалды. Бірақ Левин
айта бастасымен-ақ, түсіне кетті.
— Түсініп тұрмын: соның не үшін таласып, нені жақсы көретінін білу
керек екен де, содан соң барып...
Левиннің олақ айтылған пікірін Кити дəл тауып, толық айтып берді.
Левин қуана күлімсіреді: Песцов пен ағасының сөзі көп, шырмаяқ
таласынан, нағыз шытырман қыйын пікірлерді де, тіпті сөз сықылды сөз
айтпай-ақ, осылай келте оралып, айқын білісетін жайға көшуі Левинді таң-
тамаша етті.
Щербацкий қастарынан кеткен соң, Кити жасаулы тұрған карта столына
кеп, жанына отырды да, қолына бор алып, жап-жаңа жасыл шұғаға
айналдыра дөңгелек сыза бастады.
Екеуі əйелдердің бостандығы мен кəсібі жайында ас үстінде айтқан
əңгімелерін тағы да сабақтады. Левин Дарья Александровнаның күйеуге
шықпаған қыз, əйел ісін семьядан табады деген пікіріне қосылды. Ол оны:
семьяның қай-қайсысы болсын қолғанатсыз күн көре алмайды, кедей, бай
семьяның əрқайсысында да не жалданып, не туысқаны ретінде жүрген
даяшылар бар, болмаса болуға тиіс деп дəлелдеді.
— Жоқ, — деп Кити қызара сөйлегенімен, шыншыл көзі мөлдірей,
Левинге соғұрлы батыл қарады, — қыз дегенді семьяға сағы сынбай
қосылмайтын етіп ұстауы да кəдік, өзі болса...
Кити ишарасын Левин де түсіне кетті.
— Əлбетте! Əлбетте! — дей берді ол, — дұрыс айтасыз, я, дұрыс!
Сөйтіп ол, Песцовтың əйелдер бостандығы жайында ас үстінде отырып
дəлелдеген нəрселерін, Кити жүрегіндегі именінен қорқыныш пен
жасығандықты шалған соң кеп, түгел түсінді де, Китиді сүйе отырып, сол
қорқыныш пен жасуды қоса сезіп өз дəлелдерінен де пар кешіп шыға берді.
Үнсіз отырып қалысты. Кити стол үстін бормен əлі сызып отыр. Көзі
тып-тыныш жаудырай көрінеді. Левин соның көңіл күйіне төңкеріле
отырып, бүкіл болмыс жан-дүниесін, бақыт буы барған сайын кернеп бара
жатқанын да сезінейін деді.
— Қап! бүкіл столды шыймайлап тастадым-ау! — деп Кити борды қоя,
тұрайын деген кісідей, қозғала бастады.
«Мұнсыз қалай жалғыз қалмақпын?» — деп Левин шошый ойлаған
күйі, борды ала берді. — Тұра тұрыңыз, — деді ол, стол қасына отырып
жатып. — Сізден бір нəрсе сұрайын деп, көптен ойлап отыр едім.
Левин оның қорықса да, еркелеп тұрған көзіне шаншыла қарады.
— Сұрай қойыңыз.
— Мінеки, — деді де Левин: м, с, м, е, д, б, ж: ə, д, е, с, к, е, ə? — деп
бас əріптерін жазып шықты. Бұл əріптер: «маған сол, мүмкін емес деп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 32
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.