Latin Common Turkic

Анна Каренина - 26

Total number of words is 4131
Total number of unique words is 2129
34.3 of words are in the 2000 most common words
48.5 of words are in the 5000 most common words
54.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
беретін боласыз. Сізге айтайын дегендерімнің бас-аяғы сол. Жүрер
уақытым да болды енді. Түскі тамаққа үйге келмеймін.
Түрегеліп, есікке қарай беттеді ол. Анна қоса тұрегелді. Күйеуі үнсіз
иіліп, жол бере берді.
XXIV
Левиннің шөмеледе өткізген түні өз басы үшін текке кеткен жоқ: өз
шаруашылығынан өзі шайлығып, қызығу дегенді мүлде қойып кетті. Егіні
ересен шыға тұрса да, быйылғы жылғыдай осынша сəтсіздікке ұшырап,
мұжықтар мен арасы осынша жауығу деген ешуақытта болған емес, болған
күнде де, өзіне ешуақытта олай көрінбейтін, қазір өзі сол сəтсіздік пен
жауығудың себебін де əбден түсініп алды. Жұмыс үстінде сезген рақаты да,
сол арқылы мұжықтармен жақындасып, соларға, солардың тұрмысына
қызығуы да, сол тұрмысқа көшсем деп, сол түні арманынан дітіне айналып,
орындау жайын жете ойластырған тілегі де — түгелдей қосыла келіп, өзі
құраған шаруашылығына деген көзқарасын сонша өзгертіп жібергендіктен,
оның бұрынғы қызығынан түгі де қалмай, қызметкерлерге деген
ілтипатының жайсыз ілтипат екенін де кермесіне болмады, күллі əңгіме
түйіні де сол ілтипат болатын. Пава сықылды тұқымы түзелген қоралы
сыйыр, түгел тыңайтылып, плугпен жыртылған жер, жағалай шыбық
егілген, тоғыз сала тең егіндік, көң қосып терең айдаған тоқсан десе аңыз,
қатарлап себетін сеялка, тағы-тағы сондайлардың бəрі де — тек өзі, яки
тілектес жолдас адамдарымен бірге жүріп істеген еңбегі болса, тамаша да
болғандай еді. Бірақ өз шаруашылығы (ауыл шаруашылығы жайында,
шаруашылықтың басты тетігі жұмыскер болуға тиіс деп, кітап жазу еңбегі
өзіне кеп көмек берген) жұмыскерлерімен арасында құр əшейін қыян-кескі,
қатты тартыс тудырғанын да қазір өзі айқын аңғарды, ол тартыстың Левин
жүрген жағында жақсы үлгімен түгел қайта құрамыз деген талмас талап
жатса, екінші жағында — дүниенің табиғи өз тəртібі жатты. Өз тарапынан
күш-жігерін аямай жұмсап жүргенде, екінші жағы тіпті желп етіп күш
салайып демеген соң, шаруашылығы құр беталды кетіп, тамаша сайман,
таңдаулы малы мен жері мүлде босқа бүлініп бара жатқанын да сол
тартыста айқын көрді. Ен, бастысы — сол іске жұмсалған күш-жігердің
мүлде босқа кетуі үстіне, өзіне тіпті шаруашылығының тəркі де танылып
қалған соң, жұмсаған жігерінің түк Мақсат сыйқы жоқ екенін де сезбесіне
болмай қалды енді. Шынында, сол тартысы не тартыс еді? Левин өзінің
əрбір шақасын қорыса (қорымас жайы да жоқ еді, өйткені күш-жігерін
салуды сəл саябырлатса-ақ, жұмысшыларға төлейтін ақшасы жетпей
қалатын), олар тек жайбарақат, жайлы жүріп, яғни үйренген əдетімізше
ғана істейміз дегенді қостады. Левинге əрбір жұмыскер неғұрлым көбірек
істеп, оның үстіне қаперсіз болмай, веялканы, ат тырмаларын,
молотилкаларды сындырмау жағын көздеп, істейтін жұмысын ойлап істеуі
тиімді келді; жұмыскерлер болса, тыныға жүріп, неғұрлым жайлы істеп,
əсіресе — түк сыйламай, алаңсыз, қаперсіз жүргенді қос көрді. Левин оны
быйылғы жазда қадам басқан сайын-ақ байқап жүрген. Левин: пішенге
жоңырышқаның шөп, жусан басқан, тұқымға жарамайтын, нашар
деселерін шабыңдар деп жіберсе, — салмай, тұқымдық, таңдаулы
деселерді шауып, приказші солай деген соң шаптық, пішеніңіз өте жақсы
пішен болды деп жұбатысты оны; Левин бірақ ол деселер шабуға оңай
болған соң шабылғанын біліп отырған. Левин шөпті аударыстырыңдар деп,
пішен аударатын машина жіберсе, — арбаңдаған қанаттар қасындағы
текшеде отыру мұжықты жалықтырып жіберген соң, алғашқы айналуда-ақ
сындырып тастаған оны. Содан, Левинге: «абыржымай-ақ қойыңыз,
қатындар аударып береді» дескен болатын. Көтеріп қойылған пышағын
түсіру жұмыскер ойына келмей, плугтар істен шығып, күшпен бұрам деп
атты болдыртып, жерді бүлдірген. Бұл жөнде де Левинге абыржымаңыз деп
өтініскен. Жұмыскерлердің түнгі күзетте бірде-бірі болғылары келмей,
жылқыны бидайға жауып алып, бұлай істемеңдер деп бұйырған соң, түнгі
күзетке кезек шыға жүріп, күні бойы жұмыс істеген Ванька ұйқтап қап:
«еркіңіз білсін» деп айыбын мойындай зар қаққан болатын. Шиен
жоңырышқаға тайыншаларды суғармай жіберіп, таңдаулы үш тайыншаның
іші кеуіп өлген соң, жоңырышқадан кепті дегенге тіпті сенгілері келмей,
үш күн ішінде көршінің жүз он екі сыйыры өліпті деп жұбатысқан. Соның
бəрі не Левинге, не соның шаруашылығына біреулер қастық ойлағандықтан
істелген жоқ-ты; қайта өзін жақсы көріп, бариніміз қарапайым кісі
дейтіндерін де (жеткізе мақтайтындарын да) Левин біліп жүретін; бұл бірақ
жұмысты тек көңілді, алаңсыз жүріп істейік дегендіктен еді де, Левин
мүдделері өздеріне əрі жат, əрі түсініксіз болу үстіне, өздерінің де ең əділ
мүдделеріне тағдыр да қарама-қарсы жатқандығынан еді соның. Левин өз
шаруашылығына өзі наразы екенін көптен бері-ақ сезіп жүретін. Бірақ
қайығына су кіріп жүргенін көргенімен, өзін өзі, бəлкім, біле тұра алдап,
сол саңлауды іздемейтін де, таппайтын да. Қазір бірақ өзін өзі алдар жайы
қалмады. Өз шаруашылығына өзі қызықпақ түгіл, тіпті жексұрын да
көрініп, ендігəрі айналыспас жаққа да шығып кетті.
Оның үстіне, көрейін десе де, көңілі дауаламайтын Кити
Щербацкаяның бұған отыз шақырым жерде тұруы жəне келіп жамалды. Өзі
үйінде болғанда, Дарья Александровна Облонская да: сіңліме ұсыныс
жасауға қайтып келіңіз, ұсынысыңызды енді қабылдайды дегенді сездіріп,
шақырып қалған. Кити Щербацкаяны көргенде, соны сүюден суынбағанын
Левиннің өзі де аңғарған болатын; бірақ Китидің сонда екенін білген соң,
Облонскийлердікіне де барар жайы болған жоқ. Өзі оған ұсыныс жасап,
оның көнбей кетуі екеуінің арасына бүлк етпес бөгет қалап тастаған.
«Қалаған адамының жары бола алмай отырған соң да, оған менің жарым
бола ғой деп жалынар жайым жоқ», — деді ішінен. Осы пікір өзін Китиге
суық тартқызып, жауықтырып та жіберді. «Онымен өкпесіз сөйлесіп, зілсіз
қарауға дəрменім келмейді менің, соған қарай бұрынғыдан бетер о да жек
керіп кетеді мені. Оның үстіне, Дарья Александровна өзіме əлгіні айтып
отырған соң да, қазір қалай бармақпын оларға? Сол айтқан жайды біліп
отырғанымды танытып қоймайым ба мен? Соған кешірім жасап, кеңшілік
ете мархабат білдіріп бармақ екем ғой мен. Соның алдында кешірімшіл кісі
боп, махаббатыма татыйды деушінің міндетін атқарып тұрмақ екем ғой!..
Дарья Александровна соны несін айтты екен десеңші маған? Айтпаса, өзін
əлдеқалай көрер едім де, өзінше істеле кетер еді түгел, не керек, ораны
келмей қалды енді, келмей қалды оның!»
Дарья Александровна Левинге хат жазып, əйел ертоқымын беріп
жіберіңіз деп сұрапты. «Сізде ертоқым бар дегенді айтып еді,— деп
жазыпты Левинге ол. — Соны өзіңіз əкеп берерсіз деп сеніп отырмын».
Онысына Левин шала бүлінді тіпті. Ақылды, тартымды əйел бола
тұрып, сіңлісін осынша кемсітпегі не өзінің! Он хат жазып, бəрін жыртып,
ертоқымды ақыры түк жазбай беріп жіберді. Бара алмайтын болған соң,
барамын деп жазуға жəне болмады; бірдеңе бөгегендіктен, яки бір жаққа
жүретін болған соң, бара алмадым деп жазу — одан да ерсі көрінді. Жауап
жазбай, ертоқымның өзін беріп жіберді де, бір ұят нəрсе істедім-ау деген
оймен, тауы шағылған шаруашылығын приказшіге түгел тапсырып, келесі
күні, шеткері уездегі Свияжский дейтін көңілдесіне жүріп те кетті, соның
маңында қоқый қаз мекендейтін тамаша саз бар еді де, бізге көптен бері
келем деп жүрген ойыңды орындағайсың деп, көңілдесі де жуырда хат
жазған еді. Суровский уезіндегі қоқый қазды саз Левин ойын көптен
ұялағанмен, шаруашылығына айналысамын деп, бару жағын ылғый кейінге
қалдырып келген. Қазір болса, көрші отырған Щербацкийлерден де,
əсіресе, шаруашылығынан да құтылып, жасыған шақтарының бəрінде де
жақсы жұбанышы болған сол саятқа кететініне қуанды өзі.
XXV
Суровский уезіне темір жол да, почта жолы да жоқ болғандықтан,
Левин өз арбасымен тартты.
Орта жолға келген соң, ат шалдырғалы бір бай мұжықтыкіне тоқтады.
Қауметі ағарған, жіп-жирен қаба сақалды, шырайы жап-жас, қасқа бас қарт
үш ат жеккен арбаны қораға кіргізгелі, қадаға жабыса тұрып, қақпаны өзі
ашты. Күп күйгізген соқалар жатқан, тап-таза, таптұйнақтай жыйналған,
үлкен жаңа қорадағы лапас астынан көшірге орын көрсетіп берген соң,
Левинге үйге кіріңіз деді қарт. Жалаңаяғына калош ілген, таза киімді жас
келіншек жаңа сенектің еденін еңкейіп сүртіп жатыр екен. Левинге ілесе
жүгіріп кірген иттен шошып, баж ете түсті де, иттің қаппайтынын білген
соң, босқа шошынғанына күліп те жіберді. Сыбанған қолын нұсқай,
Левинге түпкі үйдің есігін көрсетті де, еңкейген күйі, əдемі жүзін тағы да
жасырып, еденді жуа берді;
— Самаурын қоямыз ба? — деп сұрады ол.
— Я, қойса да болар еді.
Түпкі үйі Голландия пеші мен қалтқысы бар, үлкен үй екен. Образдар 62
астында оймыштап сырлаған стол, отырғыш, екі орындық тұр. Кіре берісте
ыдыс қойған шкаф бар екен. Терезе қақпақтары жабық болған соң, шыбын
аз, сонша таза екен де, жолда келе жатқанда шалшыққа аунаған Ласка
еденді былғап кетпесін деп, Левин есік жақтағы бұрыштан орын көрсетіп
берді. Левин түпкі үйді аңлап болған соң, артқы есіктен қора жаққа шықты.
Калош ілген əдемі келіншек иінағашқа салған бос шелектерін бұлғақтата,
Левин алдында су алғалы құдыққа кетіп барады екен.
— Тез қыймылда! — деп кəрия, сол келіншекке насаттана дыбыстап
қойды да, Левин қасына келді. — Немене, судар, Николай Иванович
Свияжскийге бара жатырсыз ба? О да соғып тұрады бізге, — деді сөзуарси,
есік алдындағы жақтауға шынтақтай беріп.
Кəрия Свияжскиймен таныстығын айтып тұрғанда, қақпа тағы да
сықырлап, қораға қырдан қайтқан соқалы, тырмалы жұмыскерлері келіп
кірді. Соқа, тырмаларға жеккен аттары əрі тоқ, əрі ірі аттар екен.
Жұмыскерлері семьялы адамдар тəрізді; екеуі шыт көйлек, картуз киген
жас жігіт екен; кенеп көйлек киген, бірі қарт, бірі жігіт — өзге екеуі
жалданған адамдар екен. Кəрия есік алдынан жылыстай, аттарының қасына
барып, доғаруға кірісті.
— Не айдап едіңіздер? — деп сұрады Левин.
— Картошка айдадық. Жеріміз бар, əйтеуір. Федот, азбанды жібермей,
құдық қасына қой, өзгені жегеміз...
— Немене, əке, құсмұрынды ал деп едім, əкеліп пе ең? — деді, қарттың
баласы тəрізді бір, денелі, бойшаң жігіт.
— Анау... шанада жатыр, — деді кəрия, босаған делбені шумақтап,
жерге тастай беріп. — Тамақ ішкенше жөндеп қой.
Əдемі келіншек, шелектерін иығы майыса көтеріп, сенекке алып кірді.
Əлдеқайдан бір əдемі жас əйелдер, балалы, баласыз, іреңі жоқ егде əйелдер
мен кемпірлер де пайда бола кетті.
Кернейлі самаурын божылдап қоя берді; жұмысшылардың бойдақтары
да, семьялылары да аттарды жайластырған соң, тамақ ішуге тартты. Левин
коляскасынан жол азығын əкеліп, кəрияны да бірге отырып, шай ішуге
шақырды.
— Апыр-ай, бірге отырып ішеміз демесек, — деді кəрия Левин сөзін
ықласпен қабылдағандай болып. — Əлгіде ішіп едік.
Левин шай үстінде қарт шаруашылығының жай-жапсарын түгел біліп
алды. Қарт өзі бұдан он жыл бұрын помещик əйелден жүз жыйырма десе
жер көтеріп алған екен, өткен жылы соны сатып алып, көрші помещиктен
жəне үш жүз десе көтеріп алыпты. Аздаған, ең нашар жерін қарызға
үлестіріп беріп, егіндіктегі қырық десені семьясы мен жалдаған
жұмыскерлерін ала жүріп, өзі айдап алыпты. Кəрия шаруашылығымыздың
жайы жаман деп қынжылып та қойды. Бірақ Левин оның тек
сыпайыгершілікпен қынжылғаны болмаса, шаруашылығы гүлдеп тұрғанын
да аңғарып отыр. Жаман болатын болса, жүз бес сомнан жер алып, үш ұл,
бір немересін үйлендіріп, екі дүркін өртенгенде де бірінен бірін асыра үйжай салмаған болар еді. Кəрия қынжылуын қынжылса да, дəулетін,
балаларын, немересін, келіндерін, жылқыларын, сыйырларың əсіресе сол
шаруашылықтың тұрақтап тұру жайын мақтан етуі де орынды мақтан екені
көрініп тұр. Қартпен əңгімелесе отырып, Левин,оның жаңалықтар енгізуге
де қарсы емес екенін біліп алды. Картофты өзі көп егіпті де, сол картоф
гүлін төгіп боп, түйін салып қалғанын Левин жаңа таяна бергенде көрген,
Левин картофі болса, гүлін жаңа ғана ашқан болатын. Картоф жерін, өзі
айтқандай, помещиктен алған плугпен айдапты. Бидай да егіпті өзі.
Кəрияның қара бидайды шөптегенде, сол шөптелген қара бидайды
жылқыға бердік деген кішкене хабары да Левинді қатты таңырқатты. Левин
сол босқа қалатын құнарлы азықты көп көріп, жыйнап алуға да талай рет
оқталған болатын; бірақ қашан да орайы келмей қойған соның. Мұжық
соны істеп отырғанда Левиннің ол азықты айтып, мақтанар жайы болмай
да қалды.
— Қатындар немді тындырмақ? Жолға шығарып үйеді де, арба кеп
алып тұрады.
— Жұмыскер жөнінде мына біз сықылды помещиктер жайы жаман ғой
ылғый, — деді Левин, стақандағы шайды кəрияға əпере беріп.
— Рақмет, — деді қарт, стақанды алған соң, жемтіктелген қантын
көрсетіп, өзге қант алмай. — Жұмыскерлермен шаруа істеу қайда дейсіз?
— деді кəрия. — Жанжал ылғый. Тіпті мына Свияжсковті-ақ алайық. Жері
қандай шұрайлы жер екенін де білеміз, бірақ түсім жөнінде сол да мақтана
алмайды. Бəрі сол қарамаудың қырсығы!
— Жұмыскерлерді басқарып-ақ отырсың ғой өзің?
— Біздікі мұжық ісі ғой ол. Бəріне өзіміз жүре береміз. Жаман екен —
аулақ дейміз де, өзіміз-ақ тындыра саламыз.
— Ата, Финоген қарамай тапсын деп жатыр, — деді үйге кірген
калошты қатын.
— Солай, сударь! — деп кəрия, түрегеле, ұзақ шоқынып, Левинге алғыс
айтып, шығып кетті.
Левин кешірін шақырғалы жер үйге кіргенде, стол басында отырған
дүйім еркекті көрді. Қатындар отырмай, шаруа істеп жүр екен. Денелі,
жастау ұлы аузына ботқаны толтыра, бір күлдіргі əңгіме айтып отыр да,
өзгелері түгел қарқылдай күлісіп, аяққа щи үстеп құйып жатқан калошты
қатын тіпті мəз-майрам болып тұр.
Сол шаруа үйі Левинге жайлы көрініп əсер еткенде, калошты қатынның
əдемі пішіні де көп түрткі болуы өте ықтимал еді, бірақ сол əсердің, өзі
сонша күшті əсер болғандықтан, Левин содан айыға алмай да қонды.
Қарттыкінен Свияжскийдікіне жеткенше сол шаруашылықтың жайы есіне
дамыл-дамыл түсіп, сол əсерінің бірдеңелері ерекше зер салуын тілегендей
болды да тұрды.
ХХVІ
Свияжский өз уезінде бастаушы болатын. Левиннен өзі бес жас үлкен,
əлдеқашан үйленген адам еді. Үйінде талдырмаш балдызы тұратын да,
Левин қолайына ол қыз өте жағып та жүретін. Свияжский мен əйелі сол
қызды өзіне беруге ынтығып жүргенін Левин де білетін. Сондайды қашан
да қанық білетін күйеу атаулы жас жігіттер сықылды, соны Левин де
күмəнсіз білгенімен, ешкімге айтуға дəті бармайтын əсте, оның үстіне өзі
үйленейін дегенмен де, осы бір өте ұнамды қыз, қай жағынан алсаң да,
аяулы жар болуға жарарлық адам бола тұрса да, Кити Щербацкаяға тіпті
ғашық болмаған күнде де, осы қызға үйленуі көкке ұшуы қандай орайсыз
болса, сондай орайсыз нəрсе екенін қанық білетін. Свияжскийдікіне барып
рақаттанам деген ойын осы білуі ойпаң-тойпаң, ғып жіберді.
Левин осы жайды Свияжскийдің саятқа шақырған хатын алысымен-ақ
ойлаған болатын, бірақ солай болғанымен де, Свияжскийдің маған ондай
ыңғайы бар деу өзімнің құр тек дəйегі жоқ долбарым болар деген оймен,
қалайда барайын деп бекіген. Оның үстіне өзімді өзім сынап, сол қызбен
тағы да шамаласып байқайып деп ойлаған ішінен. Свияжскийлердің үй
тұрмысы да өте бір сүйкімді тұрмыс болатын да, земствода Левин білген
адамдар ішінде ең таңдаулы кейіп боп жүрген Свияжскийдің өзі де Левинге
қашан болсын өте бір қызық адам көрінетін.
Свияжский Левиннің қашан да таң көретін адамдарының бірі еді, ондай
адам пікірі əсте дербес пікір болмағанмен, өте жүйелі келгендіктен, өз
алдына бір тебе боп жатады да, тұрмыс бағыты да өте айқын, орнықты
болған соң, пікіріне мүлде бағынбай, қашан болсын қайшы түсіп, өз
алдына бір төбе боп жатады. Свияжский асқан либерал адам болатын.
Дворяндарды өзі жек керетін де, соның көпшілігін құр жасқанғандықтан
жақ ашпай жүрген крепостниктер деп білетін. Россияны өзі Түркия
сықылды тұралаған ел деп біліп, Россия үкіметін соғұрлы бір оңбаған
үкімет санағандықтан, үкімет жұмысын да мықтап сынау дегенге əсте
бармайтын, соған қоса өзі де қызмет істеп, дворяндардың қалаулы
бастаушысы бола, жолға шықса-ақ, қашан да шытыра қадаған, қызыл
жиекті фуражка киіп жүретін. Адам тұрмысы тек шетелдерде ғана тұрмыс
жосақты болады деп білгендіктен, орайы келісімен өзі де шетелде тұруға
жөнелген болатын, сонымен бірге Россиядағы өте күрделі, кемеліне келген
шаруашылығын да қоса басқарып, Россияда істеліп жатқан жұмыстарды да
өте ден қоя, түгел қадағалап, тегіс біліп отырған. Орыс мұжығын даму
жағынан маймылдан адам тұрғысына кешу сатысында тұр деп есептейтін
де, соған қоса земство сайлауларында мұжық қолдарын елден ерекше
ентелей қысып, пікірлерін де тыңдай кететін. Өз басы дінге, елімге
сенбегенімен, діншілер тұрмысын оңдап, алымды азайту мəселесінің
қамын қатты ойлап, оның үстіне шаркеуді де өз селосында қалу жағын
ерекше құнттайтын.
Əйел мəселесінде əйелдерді толық азат етуді, əсіресе, еңбек етулеріне
ерік беруді қатты қолдайтындар жағында болатын да, əйелімен өзі сүттей
ұйып тұра білгендіктен, екеуінің баласыз тату-тəтті семьялы тұрмысына
жұрт біткен қызығатын, содан келіп, əйелін де уақытты қайтсек жақсы,
қайтсек көңілді еткіземіз деп өзімен бірге ойлайтын ортақ ойдан өзге
ештеңе істемейтін, істер ыңғайы жоқ тұрмыста ұстайтын.
Левинде адамды егер ең жақсы жағынан бажайылайтын қасиет
болмаған болса, Свияжский мінезінің де ешбір қыйындығы, түйткілі
болмаған болар еді; ішінен ол: не ақмақ, не нас дер еді де, əңгіме біткен аян
бола кетер еді. Свияжский бірақ күмəнсіз өте ақылды адам болуы үстіне,
өте білімді де, өз білімін əрі төтенше қарапайым ұстайтын адам болған соң
да, ақмақ деген сөзді Левин айта алған жоқ. Ол білмейтін ешнəрсе жоқ
екен; бірақ өз білімін тек күш түскенде ғана барып көрсетеді екен.
Свияжский, күмəн жоқ адал, мейрімді, ақылды адам болған соң да, оны нас
еді деуге Левин аузы бара қоймайтын еді, істейтін ісін өзі үнемі жарқын
жүріп, төңірегіндегілер түгел жоғары бағалағандай ширақ істейтін еді де,
біле тұра, өмірі ешбір жаманшылық істеген, істейін деген түрі де жоқ еді.
Левин оның өзі мен тұрмысына түсінейін десе де, түсіне алмай, қашан
да бір нағыз жұмбақша қарайтын.
Левин екеуі дос-жар адам болатын да, сондықтан Левин Свияжскийді
сынай түсейін дегенге шығып, өмір жайындағы көзқарасының ең негізіне
дейін жетейінші дегенді көздейтін; онысы бірақ қашан да босқа кететін.
Левин өзі Свияжский ақылының жұрт біткенге ашық қабылдау бөлмелері
есігінен ары барайын десе-ақ, Свияжскийдің сəл қымсына қалатынын да
əрдайым байқап жүретін; Левин өзімді аңлап қоя ма деп қорыққандай,
болар-болмас шошыған əлпеті көзқарасынан шалына кететін де, ақкөңіл,
жарқындығына жеңдіріп шыға келетін ол.
Левин қазір өз шаруашылығынан түңілген кезде, Свияжскийдікінде
болуы өте-мөте жайлы да тиді. Өз көңілін жадырата əсер етіп, өздеріне де,
өзгелерге де түгел риза боп отырған сол бақытты көгершіндер мен
солардың жайлы ұясын айтпағанның өзінде, Левин өз тұрмысына өзі
соғұрлы наразы болған соң, Свияжскийдің, өз басына өмірдегі осындай
айқындық, анықтық, шаттықты беріп отырған сырын да біліп алайын деген
ойға келді қазір. Оның үстіне, Левин Свияжскийдікінде көрші
помещиктерін де көретінін біліп, шаруашылық жайында сол астық түсімі,
жұмысшы жалдау тағы-тағы сондай əңгімелер жөкінде сөйлесіп, сөздерін
тыңдауды да қазір өте-мөте қызық көрді, ол əңгімелерді біртүрлі пасықтық
санап кеткендерін де Левин білетін, бірақ қазір Левинге солар да үртіс
маңызды əңгіме боп көрінді. «Бəлкім, ол маңызды болмаса, крепостнойлық
право тұсында маңызды болмаған шығар да, немесе Англияда маңызсыз
шығар. Соның екеуінің де жағдайлары анықталып отырған жағдай; бірақ
қазір бізде соның бəрі де астан-кестен боп, жаңа ғана қалыптасып жатқан
кезде, Россиядағы жалғыз ғана маңызды мəселе — сол жағдайлар қалай
қалыптасады деген мəселе боп отыр», — деп ойлады.
Саят жағы Левин ойлағаннан пəс болып шықты. Саз суалып қалыпты
да, қоқый қаз деген мүлде жоқ екен. Күні бойы жүріп үшеуін-ақ əкелді,
бірақ оның есесіне, қашан болсын саяттан қайтқандағы əдетінше, араны
əбден ашылып, мəз-майрам боп, қатты қыймылдағандағы қашанғы
дағдысынша, ойы да өрепки оралды. Саят үстінде өзі дəнеңе ойлағам жоқ
қой деп жүргенде де, семьясымен сонау қарт есіне дамыл-дамыл түсіп, сол
əсері зер салуды талап ету үстіне, соған байланысты бірдеңелерді шешуді
тілегендей болды да жүрді.
Кешкі шай үстінде, қайдағы бір қамқорлық жайында келген екі
помещик отырғанда, Левин күткен сол қызықты əңгіме де басталып кетті.
Левин шай столы басында қожайын əйел жанында отырғандықтан,
қарсы отырған сіңлісі екеуімен сөйлесетін болды. Қожайын əйел дөңгелек
жүзді, аққұба, орта бойлы əйел екен де, бет шұқыры жараса, жарқылдай
күліп отырды. Күйеуінің жұмбақ көрінген маңызды жайын Левин сол
арқылы білейін дегенге де шықты; бірақ ыңғайсыз тиіп, қысылып
отырғандықтан, еркінше сөйлесе алмайтын да болды өзі. Ыңғайсыз тиіп
қысылғанда, қарсы алдында аппақ көкірегі көріне, өңірін трапеция
сықылды ерекше ойған, Левинге де ерекше көрінетін көйлек киген балдыз
отырғандықтан қысылды; көкірегі өте аппақ бола тұрса да, тіпті сол өтемөте аппақ болған соң да, төрт бұрышты сол ою Левин пікірін шарт байлап
тастады. Левин сірə қате ойлағанымен де, сол оюды өзіне бола жасағандай
көріп, қарауға қақым жоқ деп білгендіктен, қарамауға да тырысты соған;
бірақ соған қоса, сол оюдың жасалуына да жазықтымын деп сезінді өзі.
Левин өзі біреуді алдап отырғандай көріп, əлденені түсіндіруім керек
дегенімен, соны түсіндірудің түк жөні болмаған соң, дамылсыз қызарып,
мазасы кетіп, ебі де қаша берді. Левин ебі қашуы əдемі балдызға да əсер
етіп тұр. Бірақ қожайын əйел соны байқамаған адамсып, əңгімеге сіңілісін
де тарта берді əдейі.
— Күйеуіңізді орыс өмірінің ештеңесі де қызықтырмайды екен дейсіз
ғой сіз, — деді қожайын əйел, бастаған əңгімесін сабақтап. — Олай емес,
қайта өзі шетелде көңілді болғанда, мұндағыдай көңілді болмайды да əсте.
Мұнда өзін өз ауқымындамын деп сезеді. Жұмыс толып жатса да, түгел ден
қоюға дарыны жете береді өзінің. Айтпақшы, біздің мектепте болған
жоқсыз-ау?
— Көрдім... Əлгі шырмауық басқан үй ғой?
— Я, Настяның шаруасы ол, — деді сіңлісін нұсқап.
— Өзіңіз оқытасыз ба? — деп сұрады Левин, оюдан қыйыстай қарайын
десе де, сол жаққа қараған соң-ақ, оюды көрмей қоймайтынын сезіп.
— Я, өзім оқытам, қазір де оқытып жүрмін, бірақ тамаша мұғалимамыз
бар. Гимнастика сабағын да ендірдік.
— Жоқ, рақмет, шай ішпеймін енді, — деді Левин, сынықтық етпедім-ау
дегенді сезсе де, ол əңгімені одан ары сөйлесер жайы болмаған соң, қызара
түрегеліп. — Өте бір қызық əңгіме естіп тұрмын, — дегенді қоса айтты да,
столдың қожайын мен екі помещик сөйлесіп отырған екінші, басына барды.
Свияжский столға қырындай отырған күйі шыны аяғын шынтақтаған
қолымен бұрып отыр да, екінші қолымен сақалын тұтамдай ұстап,
иіскегендей мұрнына апарып, қайта жіберіп отыр. Жалтылдаған қара көзі,
түтей сөйлеген буырыл мұртты помещикке қадала қарап, соның сөзінен бір
ермек тауып отырған сықылды. Помещик жұртты даттап отыр екен.
Свияжский помещик датына, сөзінің мəнін түгел жоққа шығара жауап
беруді біліп отырса да, өз дəрежесіне қарап, ол жауапты айта алмай,
помещиктің күлкі сөзін түшіркене тыңдап отырғанын Левин де айқын
аңғарды.
Буырыл мұртты помещик нағыз қыйракезік крепостник, деревняда
көптен тұрып келе жатқан селолық жердің тұғыжым қожайыны сықылды
екен. Левин ол белгілерін — помещик тəрізі дағдала қаймаған ескі үлгілі,
көнетоз сюртук киген киімінен де, түксие қараған ақылды көзінен де,
орысша жатық сөзінен де, сірə көп жылдар бойындағы тəжрибе арқылы
қамбыл боп алған əміршіл тəркінен де, аты жоқ саусағына ескірген, жалғыз
неке сақыйнасын салған добалдай, тотыққан, мүсінді қолының мелжемді
қыймылынан да көріп тұр.
ХХVІІ
— Көп еңбек Жұмсап... құрап алған дүниені... тек ішің, ашымаса, қолды
түгел бір-ақ сілтеп, сатар едім де, Николай Иванович сықылды... Еленаны
тыңдауға кетер едім, — деді помещик, ақылды көне жүзін сүйкімді күлкісі
жалт еткізіп.
— Тастамай-ақ отырсыз ғой, əне, — деді Николай Иванович
Свияжский, — демек, есебіңіз бар ғой бір.
— Не сатып, не жалдап алмаған үйде тұрған соң, есебім де бір-ақ есеп
сол. Оның үстіне жұрт ақылы кірер деп те сене бересің. Əйтпесе, сенер
болсаңыз, — сол маскүнемдік, салдыр-салақтық түге! Тегіс бөлініп те
болды, не жылқы, не сыйыр жоқ, аштан өліп жатыр, жұмыскер етіп жалдап
алсаң-ақ, бүлдіруге қол қояды да, соған қоса келістіру судьясына сүйрейді.
— Оның есесіне, келістіру судьясына сіз де шағым беріп жүрсіз, — деді
Свияжский.
— Мен шағым берем бе? Дүниеде көрмегенім сол болсын! Өсек ду ете
түссе, шағым бергеніңе де өкінерсің! Мына заводта — задатка алысып,
кетті де қалды. Келістіру судьясы не істеді соған? Ақтады да жіберді. Бəрі
болыстық сот пен старшиндарға ғана сүйеніп тұр тек. Ол оны баяғысынша
сілейте де салады. Ол болмаса-ақ, тастай бер түгел! Көз көрмеске кете бер!
Помещик өзі Свияжскийді тəжке еткен де түрі бар екен, Свияжский
бірақ ашу шақырмақ түгіл, соны əуес қып отырғандай да болды.
— Шаруашылығымызды, ол шараларсыз-ақ жүргізіп отырмыз ғой, міне,
— деді күлімсіреп, — мен, Левин, мына кісілер.
Свияжский екінші помещикті нұсқады.
— Я, Михаил Петрович шаруасы жүріп жатыр ғой, сұрай қойыңыз,
қалай екен? Сол да пайдалы шаруашылық болып па? — деді помещик,
«пайдалы» деген сөзді бұлдаған кісідей.
— Менің шаруашылығым жай шаруашылық, əшейін, — деді Михаил
Петрович. — Құдайға тəуба. Күзгі салыққа ақша əзір болса,
шаруашылығымның бас-аяғы сол менің. Мұжықтар: кəрия, жарықтығым,
болыса гөр! — деседі келіп. Мұжық біткен көршің болған соң, аяйсың да.
Содан үштің біріне беріп: жігіттер, мен де болыстым, ділгер кезінде сендер
де болысқайсыңдар — сұлы егісі болар, пішен шабу келер, егін орағы бар,
ұмытпағайсыңдар дегенді ғана айтасың да, көлік басы қаншадан екенін де
күңк етіп қоясың. Солардың да арсыздары бары — рас ол.
Левин патриархальдық ол тəсілдерді көптен бері білетіндіктен,
Свияжскийге қарап алды да, Михаил Петровичтің сөзін бөле, буырыл
мұртты помещикке тіл қатты.
— Сонымен ойыңыз не боп отыр? — деді сұрай сөйлеп, —
шаруашылықты қазір қалай жүргізген жөн деп білесіз?
— Мына Михаил Петровичше жүргізіп: не ортаққа, не мұжықтарға
берсе деп отырмын; оны істеуге де болады, бірақ сол арқылы мемлекеттің
жалпы дəулеті де құрыйды ғой деймін. Крепостнойлық еңбек пен жақсы
шаруашылық тұсында тоғыз есе түсім беретін жер, ортақ кезінде үш-ақ есе
береді. Теңдік деген-ақ тотыйтты Россияны!
Свияжский Левинге күлімсірей қарап, болар-болмас мысқыл ишара да
білдіріп қойды; Левин бірақ помещик сөзін күлкіге балай қоймай,
Свияжскийді түсінуінен гөрі, соларды көбірек түсінді. Помещиктің одан
ары, Россияны теңдік тотыйтқан мəнісін дəлелдей айтқан сөздерінің көбі
Левинге өте дұрыс, кəдігі жоқ, жаңа нəрсе боп көрінді. Помещик бір сирек
əдетше, өз пікірін ғана айтқандай болды, өз пікірі болғанда, бекер жүрген
ойын бірдеңемен аулайын дегеннен туған пікір емес, деревняда оңаша
жайлаған өмірінің жағдайларынан сабақталып, жан-жағынан түгел
ойластырған пікірі тəрізді.
— Байқап қарасаңыз, əңгіме прогресс атаулының өкім арқылы
істелетінінде болып отыр,— деді помещик, білімге де шет емес екенін
көрсеткісі келгендей. — Петрдің, Екатеринаның, Александрдың
реформаларын-ақ алып қараңыз. Европа тарихын-ақ алыңыз. Əсіресе егін
тіршілігіндегі прогресті-ақ айталық, тіпті картофты-ақ алайық — соның өзі
де бізде күшпен өндірілген. Соқа да əмісе қолданыла бермеген. Оны да
удел тұсында өндірген болуы кəдік, өндіргенде де күшпен ендірген болуы
керек. Қазір, біздің тұста, крепостнойлық право кезінде біз сықылды
помещик болған жеріміз, шаруашылығымызды жетілдіре де бергеміз;
кептіргішті де, ұшырғышты да, көң тасуды да, бүкіл құрал-саймандарды да
түгелдей өз билігімізбен өндіргеміз де, мұжықтар басында қарсы
тұрғанымен, соңынан өзімізге еліктеп те кеткен болатын. Қазір,
крепостнойлық право жойылған шақта, билігімізді сыпырып алды да,
қарыштаған шаруашылығымыз бағы замандағы ең тағы қалпына қайта
түсетін жаққа шықты. Солай түсінем мен.
— Неге өйтеді? Шаруашылығыңыз пайдалы шаруашылық болған соң,
жалдап істетесіз ғой оны, — деді Свияжский.
— Билік жоқ қой. Рұқсат етсеңіз: кімге істетейін? — соны айтыңызшы.
«Шаруашылықтың басты тетігі — жұмысшы күші деген осы ғой, міне»,
— деді Левин ойланып.
— Жұмысшыларға істетесіз.
— Жұмысшылар жақсы құрал-сайманмен жақсы істеу дегенге
баспайды. Біздің жұмысшы дегеніміз: шошқаша сылқыя ішіп, мас болып,
қолына берген дүниеңді түгел бүлдіруді ғана біледі. Атты артық суғарып,
əбзел-сайманды үзіп, құрсаулы дөңгелекті ауыстырып, ішіп қояды да,
молотилканы қыйратқалы арба тегершігін тастап жібереді. Өзіне жақпаған
нəрседен жүрегі айныйды түгел. Шаруашылық дəрежесінің де тұтас
төмендеуі содан болып отыр. Жер күтілмей, не жусан басып, не
мұжықтарға үлестіріліп жатыр, миллиондап өндірілген жерден, жүз мыңды
төртке бөлсең бір бөлегі ғана өндіріліп отыр; жалпы дəулет те кеміді. Алдажалда есебін тауып, орнымен істеген болса...
— Содан ол бостандық беру жұмысын, осы қолайсыздықтар
тумайтындай етіп істеуге болар еді деген өз жоспарын да ағыта бастады.
Левин онысына ден қоя қоймады да, ол бітірген кезде, соның бастапқы
айтқандарына қайта ойысып, келелі пікірін айтқызайын деген оймен,
Свияжскийге қарап сөйледі.
— Шаруашылық дəрежесі төмендеп барады, жұмысшыға деген осы
пыйғылымыз тұрғанда, шаруашылықты пайдалы шаруашылық ету мүмкін
емес деген сөз əбден əділ айтылып отыр, — деді ол.
— Өз басым олай демеймін, — деді Свияжский шындай сөйлеп, — мен
тек шаруашылықты өзіміз ұқсата білмейтінімізді ғана байқап отырмын да,
крепостнойлық право тұсындағы шаруашылығымыз өте жоғары тұрған
шаруашылық еді деудің орнына, қайта өте төмен еді дегім келіп отыр. Не
машина, не жақсы көлік, не ұқсатып басқару жағы деген жоқ бізде, есепті
де білмейміз тіпті. Несі пайдалы, несі пайдасыз екенін осы отырған
қожайынның өзінен сұрасаңыз да, білмейді.
— Италия бухгалтериясы ғой, — деді помещик кекетіп. — Онда қалай
есептесең де, түгел бүлдіріп, пайдадан жұрдай боп шыға келесің.
— Неге бүлдіреді? Сіздің россиялық алқа-салқа, салдырлақ
молотилкаңызды қыйратқанмен, бумен жүретін молотилкамды қыйрата
алмайды менің. Бүлдірсе əлгі, сіздің, қалай еді өзі? — құйрығынан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Анна Каренина - 27
  • Parts
  • Анна Каренина - 01
    Total number of words is 4065
    Total number of unique words is 1993
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 02
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1947
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 03
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1930
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 04
    Total number of words is 4177
    Total number of unique words is 1951
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 05
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 1952
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 06
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 1979
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 07
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 1990
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 08
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2128
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 09
    Total number of words is 4073
    Total number of unique words is 2061
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 10
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 1962
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 11
    Total number of words is 4045
    Total number of unique words is 1889
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 12
    Total number of words is 4120
    Total number of unique words is 2092
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 14
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2071
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 15
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 1975
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 16
    Total number of words is 4148
    Total number of unique words is 2033
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 17
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 1972
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 18
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 1893
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 19
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2085
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 20
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2022
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 21
    Total number of words is 4049
    Total number of unique words is 2024
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 22
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2093
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 23
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2003
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 24
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 1993
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 25
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 1940
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2129
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 27
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 1996
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 28
    Total number of words is 4210
    Total number of unique words is 2035
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 29
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 1975
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 30
    Total number of words is 4030
    Total number of unique words is 1899
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 31
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1859
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 32
    Total number of words is 4163
    Total number of unique words is 1971
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 33
    Total number of words is 4143
    Total number of unique words is 1973
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 34
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 1814
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Анна Каренина - 35
    Total number of words is 16
    Total number of unique words is 16
    68.7 of words are in the 2000 most common words
    74.9 of words are in the 5000 most common words
    87.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.