Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 29

Total number of words is 4175
Total number of unique words is 2120
38.3 of words are in the 2000 most common words
53.4 of words are in the 5000 most common words
60.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жинастырып, оң жаққа стол қойылған екен. Əділбек пен Жолмұхан сол
стол жанына отырды. Ежелден шаруашылықты баса ойлап, соның
қамын қамдайтын Əділбек істер істі бірден жобалады. Ол:
— Жолмұхан аға, мына қыздың отауын да, малын да əзірге осында
қалдырып кеткен мақұл болар деймін.
Өйткені малды сату да, айдап əкету де қазір күшке түсер,— деді.
— Үйін ертең жықтырып, қыстауға апарып Ақметшенің көп
шоланының біріне жинап, сыртынан кілтте де, ана əлгі Əлбар дегеніне
тапсырып кет. Ешкім де тимейді. Малды да солай ет. Əзірге оны
алушы да шыға қоймас бұл жерден. Ал, кооператив бастықтарының
бірен-саран жылқы мен түйеге зауқы шапса, мен ертең олармен
сөйлесейін, қаржы табар төлеп жіберетін,— деді.
— Дұрыс-ақ, Жолмұхан аға. Дұп-дұрыс,— деп мақұлдады оны жас
жігіт.
Сонан кейін екеуі шəй келгенше көп жайды əңгіме етті. Əділбекке
Жолмұханның өз өмірі де, Құныскерей жайлы айтқандары да бейне
ертегі сияқтанды.
— Қаршыға сонда осы төңіректе жүргені ме? Оны неге ұстап алып
жазаламайды?— деді Əділбек, əлгідегі «Ақметшенің қашып кеткен
баласы суық қолын сұғып жүрмегей» деген сөзді анықтауға асығып.
— Бала екенсің ғой, қарағым,— деді Жолмұхан оған бетіне қарап
отырып.— Өзі Құныскерейдің бөлтірігі болса, өзі кісі өлтірсе, қалай
ғана оп-оңай қолға түседі деп ойлайсың?
— Кімді өлтіріпті?
— Осындағы өздерінің бір кедей-қосшы болып жүрген адамы.
— Мен мұны естіген жоқ едім, Жолмұхан аға.
— Естімесең сол. Əлі де талай қызықты естірсің. Он жылдан бері
Құныскерейді ұстай алмай бүтін уезд болып əуре-сарсаңға түсіп жүр.
Мүмкін екеуі қазір бір жерде, тіпті осы маңда жүрген шығар. Ол əккі
болған қуды айдаладан іздесең, үй іргесінен шыға келеді. Ал, үй іргесін
тінтсең — құм арасынан, сонау Адай беттегі үстінен құс ұшпас, бұйра
құмының қарталанған көп қыртысының арасында жатады,— деді.
Жолмұхан сөзі Əділбекке өз көзімен көріп келген жанның сөзіндей
көрінді. Құныскерей сырын Жолмұхан жақсы біледі екен.
Ертемен Əділбек үйреншікті əдетінше атын баптады. Жегіп келгені
Бекейдің жуан торысы еді. Оны суарып алып, алдына жем салды; үстін
тараштап, қатқан тердің іздерін кетірді. «Үйде де шаруа бастан асып
жатыр еді, бұл жерден енді келген жұмысымызды тезірек бітіріп
аттансақ етті»,— деп, кейін елге қайту жəне Гүлжиһанды тағы да Орал
қаласына жеткізу қамын ойлады.
«Бəрекелді, шабыны белуардан қыры мен сайы бірдей жеріңе
болайын, жеріне лайық дəулетіңе де болайын»,— деді Əділбек өзінеөзі, Ақметшенің қысқы мекен-жайына ат басын тіреп.—«Қарағай үй
біздің елде жалғыз ғана Хамидолла хазіретте бар. Басқа қазекең əзірге
ондай салтанатты жайға ие болған жоқ. Ал, Ақаңның мекен-жайымен
салыстырғанда хазіретіңіздің үйі аттылы адамның қасына ерген тайлы
баладай-ақ екен. Малды қара! Асыл тұқымды нарды қара! Қара көк қаз
мойындарды қара! Əттең, осыншама дəулет бір өзіне бұйырмастан
кетеді-ау əркімнің қолында тоз-тоз болып... Апырым-ай, біздің
Əлібекте түйір ақыл болсайшы! Осының бəрін өз көзімен көріп қайттыау. Қолына қонған бақытты босқа қоя беріп».— Ол Гүлжиһанға
байқатпай басын шайқап-шайқап қойды.—«Мына қызға алдақашан
үйленіп, айдың-күннің аманында отауымен, жиһазымен, жылқысымен
мыңғыртып көшіріп алатын! Сонсоң, біразын ақшалап алып, қызды
қолынан жетектеп Алматысына алып кетіп, сол жаққа тастай батып,
судай сіңетін кісі. Тфу! Ақылсыз, бос белбеу, боз быламық Əлібек-ай!
Ақылсыз жалғыз Əлібек емес, ана Əкім ағасы да...»— деп іркіліп қалды
тамағын жұтынып.—«Бас пайдасын білмейтін бұл қандай мақұлықтар!
Ақаңның малдан бөтен, əлі өз басына жетерлік, жалғыз өз басы емес
қызы мен ұлына да жетерлік жасырын қазынасы да бар шығар.
Мұндай адам, көзге түсер дəулеттен өзге, көзге түспейтінін де жинаған
шығар-ақ. Əлгі... қызына тапсырған жасырын əңгімесі, көмулі қазына
жөнінде болмағай. Егерде бұл бір қымбат мүлік болса, оны қай түрде
алып кетеміз? Соны Текеге жеткізсек арғы жағынан ана біздің
былжырақ жігіт келе қалса! Əй келмейді ғой: өзінен-өзі айдың-күннің
аманында үркіп, шығандап жүрген бейшара бала.
Келмесе тірі құртты. Бəрі де құрыды! Ақаң түрмеде. Мына қыздың
халі мынау, айдалада қалған киіктің жетім лағындай. Бұл қалай ие
болмақ мал-мүлікке?!
Əкесімен екеуіне тиген отыз төрт қараны қазір алып кетуге де
қиын, сатып кетудің де жөні бола қояр ма екен; бұл да қолға дұрыс
тимес. Тым болмаса бір-екі нарын, бір-екі арғымағын елге жеткізе
алсақ...»
Əкесінің құпия тапсырмасын Гүлжиһан Əділбекке шет-жағалап
шығарда айтқан болатын. «Қызына тапсырғаны көмулі қазына
болмағай» деп жігіт соны болжалдаған. Басында «бірбеткей жəне
дөкір» деп Əділбекті қыз ішінен жек көрсе де, кейін оның
қайраттылығына, қолынан қандай болса да іс келерлік батылдығына
жəне өзгеден бөлек өзін шын аяп, жақындық сезімін аямағанына ол
қатты риза болып еді. Сондықтан да ендігі жерде қыздың бар сенгені
жалғыз Əділбек қана болды. Əділбектен ол сырын да жасырмады,
оның берген ақылын бұлжытпай орындауға тырысты.
— Əділ нағашы, енді папамның тапсырған аманатын іздейік,— деді
қыз отауын жықтырып, арбаға тиетіп, қыстауға алып келіп, өздерінің
жылда жайлауға шығарда артық жүкті жинап кететін шоланына
кіргіздіріп, есігін кілттегеннен кейін.
Сөйтіп, Əділбек пен Гүлжиһан қыстаудан екі шақырымдай жердегі
бейітке келді. Бейіт алақанда тұрғандай-ақ алыстан көрінетін тепсең
жерде екен. Жақындаған сайын қыздың түсі сұрлана берді. Екеуі қыз
иегімен меңзеген үлкен құлпытастың құбыла жақ бетіне жақындай
бергенде, жанындағы көне қабырдың аяқ жағын ала Гүлжиһан
етпеттеп құлай кетті. Анасының қабыры екенін Əділбек бірден сезді
де, қыздың үн салуына жол бермей, құлпытасқа қарап жүгініп отыра
кетті де «ағузыны» боздата жөнелді. Ол құранды көп оқитын, аятты да
жақсы айтатын тақуа Бекейден үйренген бар өнеріне аямай басты.
Үнін қоюлата шығарып, мəддіні көтере мұқамдады; тыңғыға келгенде
əндетіп тоқтап, жаңа жолды жоғары бастады. Ал, «Сұбхана раббиканы»
өте бабына келтіріп құйқылжытып жіберді. Қыз бұл ғажап аяттың,
ойламаған жерден оны оқыған молда мұқамды Əділбектің үніне ұйып
қалды; үнсіз өксіп, солқылдап жылап тіпті үн сала бастаған ілкі
қалпынан су сепкендей тынып, еріксіз саябырлады; жас жігіт осылай
жұбату үшін де бар білгенін құран хадисіне салды білем, əйтеуір діндар
тəрбиемен өскен қыз қол жаюға жеткенде ішінен дұғасын оқып, сенген
сүйенішті күшке мейлінше жалбарынды. Баптап қол жайып, бұл бір
көңілге медеу мұсылмандық салтты тамамдағаннан кейін, Əділбек
ақырын ғана:
— Қабыр басында үн салуға жарамайды, аруаққа ауыр болады.
Мұнан былай есіңде болсын, бұларға тигізетін біздің бар
жақсылығымыз: «Иманы жолдас болып, бар сауап тие берсін!» деп
тілеу,— деген үлкендерден үйренген мұсылманшылығын уағыздады.
Көңілі тез орнына түсіп, қыз тез күш жиып алғандай болды. Ол
кешеден бері қара жұмыстың бəрін бір өзі істеп жүрген, меңіреу
жандай, сөзге өте сараң, еңгезердей қара кісіге сыбыр етті. Қара кісі
бұлардан кешірек келіп, алысырақта отырып, сырттан дұға етіп, енді
жарлық күткендей қызға жақындай түсіп еді. Қыз сыбырынан кейін ол
үлкен құлпытастан алты-жеті қадам жерде жатқан құшақ деңкиген
қара тасты жалма-жан орнынан аударып тастап, сонсоң оны қос адым
жерге домалатты да, босап қалған орнындағы жаншылып, кіші-гірім
қазанның аумағындай шұңғылданған жерді кетпенімен қопара қазды.
Əлде жұмсақтау келген бұл тепсең жер қазуға оңай ма, əлде ұзын
бойлы, тарамыс келген қуатты денелі адамның қол күші жіберді ме,
əйтеуір ə дегенше əудем жерді көмбедей етіп белуардан ойып-ақ
тастады.
Əділбек қара кісіге қарап, оның қимылына сүйсінгендей болды да,
мен жəрдемдесейінші деген оймен:
— Отағасы, күрегіңізді маған беріңіз, мен қазайын,— деді.
Қара кісі оған көзінің астымен бір қарап алды да, жауап берместен,
қопарған үстіне жерді одан əрі қопара берді.
2
Əділбекке бүгін де көп нəрселер жұмбақ сияқтанып кетті. Өзгеден
бөлек алып денелі мына кісі кім? Орнынан осы кісі ғана қозғай
аларлық мына алып тас не тас? Ол тасқа бір, тастың астын қопарған
қуатты ірі адамға бір кезек-кезек қарай берді.
— Бері, кел, Əділбек нағашы,— деді қыз оны ақырын жеңінен
тартып.— Əкбар ағайдың күшіне таң қалып тұрған шығарсың.
Таңданса таңданғандай. Мына тасты осы маңда тек қана Əкбар ағай
орнынан көтере алады. Басқалардың оны аунатуға да əлі келмейді. Бұл
тасты ерте заманда біздің бабамыз алып келіпті осы жерге. Үлкен
жиын-тойда, ас бергенде бəйгеге ат қосу, жамбы ату, белдесіп
күресумен бірге осы тасты көтеріп білек күшін де сынасу дағдылы
салтқа айналып кеткен. Бірақ мұны ілуде біреу, ең күшті палуандар
ғана көтеріп тізесіне шығара алады. Сондықтан «палуан тас» атанып
кеткен... Ал, мына Əкбар ағай менің туған нағашым, мамамның
бауыры. Жиырма бірінші жұт жылы бізге кешіп келіп осында тұрып
қалды. Жеңешем мамам қайтқаннан кейін шешемдей болып кетті.
Қазір бізге ең жақын тума осы кісі мен əйелі...
— Түсінікті. Көріп тұрмын тасты допша домалатқанын. Мына дене,
ана қолдар көтерер-ақ! Тілі бар кісі ме, неге сөйлемейді? Бəрін ыммен
ғана түсінетін жан сияқты, үндемей ісін істей береді.
— Болғанда қандай. Бірақ қазір не сөйлесін. Əңгімелесетін адамы
тек папам еді...
— Əрине, солай шығар. Мінезі де өзгеше жан ғой шамасы. Бұл
кісіден басқа палуан тасты ана Жолмұхан да көтере алатын адам
болуы керек. Денелі, күшті палуан.
— Ол кісіні білмеймін, Əкбар ағайдан басқа тағы да...— Гүлжиһан
сəл бөгеліп қалды да, аздан кейін Əділбекке жүгіріп келе жатқан
Құрмашты көрсетіп,— ана бала келе жатыр... Иə, Əкбар ағайдан өзге
бұл тасты Құныскерей көтеріпті деседі.
«Күшті адамның бəрі осы төңірекке жиналған ба қалай, шетінен
палуан, шетінен ауызға іліккен атақты»,— деп ойлап басын шайқап
қойды. Сонсоң ол:
— Көлденең көздің керегі-ақ жоқ еді, қап мына баланың тағы біздің
соңымызға ілескенін. Мен оны ептеп басқа жаққа алып кетейін, ана кісі
қазып алғанын көрсетпесін,— деді.
Сөйтті де Əділбек, кешеден бері өзін іш тартып, қасынан шықпай
қойған Құрмашқа:
— Иə, бала, жай ма? Ана-мына жұмыспен қол тимей сенімен де
дұрыстап сөйлесе алмадым. Бермен жүр. Сенен сұрайтын əңгіме бар,—
деп қайта-қайта Гүлжиһанға қарай берген Құрмашты бөлек алып
шығып, қыстауға қарай жүрді.
— Жəй, Əділ аға. Сендерді не істеп жатыр екен деп келдім.
— Біз ана Гүлжиһанның ата-бабаларының жəне анасының басына
құран оқыдық. Бейітке келген кісінің шаруасы белгілі ғой.
— Əкбар не істеп жатыр? Қабыр қазып жатқан жоқ па?
— Қабыр қазып жатыр,— деді ол Құрмаштың бұл сөзді аяқ астынан
аузына салғанына қуанып кетіп.— Ана ауылда бір жақын-жуығының
баласы қайтыс болған екен, соған қабыр қазуға жəрдемдессін деп
хабарласа керек.
— Ол кім екен?— деп Құрмаш ойланып қалды, Əділбектің бос сөз
сөйлемейтін салуалы сұсты жүзін көріп, сұрағын тоқтата қойды.
— Сен бала қазір не істеп жүрсің? «Жаздыгүні оқимын, Хакім ағам
оқуға кіргізеді»,— деп едің. Ол талабың не болды? Айтқандай ана
Қабыл байдан ақы даулап ала алмадыңдар ма?
Құрмаш үлкен адамдарша қабағын керді, тамағын кенеп, бейне бір
баяндама жасайтын кісідей баптана түсті. Ол соңғы кездегі қала мен
далада көрген қызық уақиғаларын өзін тең көріп сөйлесе бастаған
ағайынына жақсылап, баптап, кəдімгі Хакімше асықпай, ретімен тізіп
айтпақшы болды. Бəлкім оның ішіне сыймай жүрген көп əңгімесіне тап
осы жер, іздегенге сұраған дөп келіп, нағыз тыңдаушысы осы Əділбек
болып көрінген де шығар!
— Əділбек аға, Хакім ағамның айтқанын бүкіл уезд тыңдайды.
Жұрттың бəрі соның аузына қарайды. Тап осы Ақметше
Мұқаметшиннің кəмпескеленген мал-мүлкін орны-орнына қою
жөнінде де Хакім ағамның бұйрығын барлығы аяғынан тік тұрып
орындап жүр. Мен болсам сол Хакім ағам не айтса — соны істемекпін.
Жолмұхан нағашым да Хакім ағамның бұйрығын бұлжытпай атқарып
жатыр. Ертең, не арғы күні мына жылқыларды шашау шығармай, сонау
арғы жақтағы Бөкей беттегі Қисыққамыс, Бесқалмақ деген жерге
айдаймыз. Онда Қызыл əскерге жақсы ат өсіретін совхоз ашылады
дейді. Соған тапсырамыз. Сонан келген соң мен қалаға барып Хакім
ағам кіргізген курс-оқуда боламын. Курс-оқуды бітірген соң Хакім ағам
артельдің машина-жабдығын сен басқарасың деді. Ол үшін машиненің
оқуына жетіліп шығасың деді. Жер жыртатын, тұқым себетін, егін
оратын, шөп шабатын толып жатқан түрлі машинелердің тілін біліп
шығасың дейді...
— Імм, өзің нағыз машиненің нəшендігі болып шығады екенсің...
— ...Бұл алдағы күнде болатын жұмыстар. Ал, «Қабыл байдан ақы
алдың ба?» дейсің ғой. Ақыны сот алып берді. Қалима апамды да Хакім
ағам қаладағы қыз балалар оқитын оқуға кіргізді. Қазір сонда оқуда.
Ал, Қабыл байды Жетісуға айдап жібердік. Мал да көп еді, шіркін.
Əсіресе мың жарымдай ақбас атан бар еді. Жылқыны, қойды былай
қойғанда, қызына он жеті қара, өзіне жəне кемпіріне он жетіден отыз
төрт қара мал берді Қарабай. Оны кəмпескелеген Қарабай ғой кəдімгі,
кеше осында келіп кеткен.
Əділбек ойланып қалды. Оның ойына: «Рақымғалидың маған
айттырып алып берем деген балдызы не болды екен? Əкесімен бірге
кетті ме екен? Ойпырмай, кеше аузымен құс тістеген құдіретті бай,
бектер, бүгін ел-жұрттан, малдан, жерден жұрдай болғаны. Ей, тоба-ай!
Бұл заман не болып кетті өзі»— деген қым-қиғаш адам ойына сыя
бермейтін сұмдық нəрселер, бір жағынан адам аяғандай, кеше көрген
адамдардың көзден ғайып болған ауыр жайлары түсті. Ол біраздан
кейін:
— Рақымғали қайда? Елге көшкен жоқ қой? Əлгі аты кім еді
балдызының, ол əкесімен бірге кетті ме?— деп сұрап еді, Құрмаш оның
бүге-шігесін қалдырмай айтып берді.
— Үлкен қызы Рақымғали үйіндегі жеңгеміз Зейнеп. Ал, бой жетіп
отырған кіші қызының аты Нақия. Отауы бар, малы бар, жиһазы бар
бай қызына кім көз тікпейді? Нақияны, кəдімгі Бүкі Жанғалидың
оқыған баласы Төрəлі əйелдікке алды ғой. Төрəлі Хакім ағайлармен
қатар оқыған, елде əкім болып жүрген адам ғой. Жасы əрине қыздан
көп үлкен, қырыққа келген сақа кісі ғой...
— Төрəлінің əйелі, баласы жоқ па еді?— деп сұрады Əділбек, əлде
бір өкінішті үнмен.
Бала оның үнін де, ойын да шамалағандай:
— Əділбек аға, сондай біреуді іліп қалса да болар еді... Дегенмен
ана...— деп кейінде қалған Гүлжиһан жаққа қарады.
Əділбек те оның кешеден бері қызға қарай бергеннен ойын
түсінген: «мына қызға үйленген екенсің ғой!» деген қарас еді бұл.
— Сен, бала, жарайсың. Бəрін біліп шықтың. Ал, Гүлжиһанға сен
қарай берме, ол біздің Əлібектің келіншегі сенің де, менің де жеңгем
есебінде,— деді.
Бала қып-қызыл болып кетті.
— Жоқ, жоқ, — деді ол сасып қалып,— ойлағаным жоқ, Əділ аға, сені
үйленді деп.
Бұлар əңгімелесіп едəуір жерге келіп те қалып еді. Палуан тастың
астынан Əкбар да бұл кезде іздегенін суырып алып, орнын қайтадан
топырақпен толтырып, жым-жылас етіп, тасты аударып домалатып
əкеліп, бұрынғы орнына қойған. Шашылған жас топырақтың үстінен
шыққан адам болмаса, көлденең көзге жер де тегіс, тас орнында — бəрі
баяғы қалпында сияқты еді. Қазып алған затын шекпеніне орап
қолтықтап, қыстауға қарай аяңдаған Əкбарды, өздеріне қарай
бұрылған Гүлжиһанды көріп Əділбек Құрмашқа:
— Сен бала, енді барып біздің атты жегіс. Біз кері «Шеген құдыққа»
жете қонып, ертең ертемен ауылға жүріп кетеміз,— деді.
— Əділ аға, мен анау күні Қаршығаның жəне əлгі оның қасындағы
бас кесердің жатқан жерін тауып бердім. Қызық, бірақ, кетіп қалыпты,
ұстай алмадық,— деді Құрмаш екінші əңгімесін бастап.
— Жарайды, ол əңгімеңді екінші келгенде айтарсың,— деді Əділбек
асығып, есі-дерті қазып алған затты көрсетпей, көлденең көзден
тасалау қамында болып. Құрмаш оның айтқанын екі етпеді.
— Жарайды, Əділ аға, аттарды қазір дайын қылам,— деп аяғын
жүгіре басып жөнеле берді.
Құрмаштың əңгімесін тыңдауға Əділбектің уақыты да болмады жəне
«Қаршыға мен «Бас кесердің» жатқан жерін тауып бердім» дегеніне
нанып құлағын да тоса қоймады. Ол ертеңіне түйе арбаға тиеген
жүгіне Əкбарды мінгізіп, Гүлжиһанмен екеуі ат-арбасына отырып
Оралға жүріп кетті.
Құныскерей, Қаршыға жəне оларға байланысты көп əңгімелер бұл
жолы оған үлкен əсер етпеді. Ол Оралға жетуге асықты...
3
Осы жолы еді Əділбектің Алматыдағы ағасына Гүлжиһанның хатын
жібертіп, өзі ақша салғаны.
Əділбектің ойынша: «Кəнпескеленген мүлік кəмпескеленді, кетер
Ақметше кетті, бұл мына омырып-сындырып келе жатқан жаңа
заманның өз тəртібін орната бастағаны. Бұған қарсыласар кім бар!
Қарсыласса ана Қарабай айтқан бестен-оннан жылқы қуып əкетіп,
жасырынып əрекет етіп жүрген Ақметшенің баласы мен соның
қасында жүрген елден безгендер. Онда менің шаруам жоқ. Менің
шаруам: əкем батасын беpiп баласының маңдайына жазған
қалыңдығын алуға көмектесу. Бұған мен құдай алдында да, адам
алдында да күнəлі емеспін. Сол үшін малын, мүлкін жинастырып
қолына бердім. Енді дайын келіншегің міне, алып кетем десең
Алматыға алып кет. Қойып кетем десең осында қойып кет. Оған
қыздың қаржысы жетеді. Жетпесе өзім жəрдемдесем» деген-ді.
Қыздың ойынша: «Сүйген жар. Құдай қосқан жар. Көптен күткен,
əсіресе, соңғы айлар, сарғая күткен Əлібек. Əлібек мендік. Бірақ,
кіріптар əке... Ол: «саған жоғары дəрежелі білім алу керек»,— деді. Бұл
— білімнен басқа ойды əзірге қоя тұр дегені. Əлібек те, мен де осы
төрелікке бас июіміз керек. Бұл əке ақылы, əке үкімі. Мұны орындау —
бес парыздың біріндей. Жəне əкенің қасында болмай, қайда
орналасқанын білмей, оған мына ауыр халдің жалғыздан жалғыз жүріп
қасіретін тартқызбауға тырыспай, өз жөніме кетсем мені жұрт кім дер?
Əке не дер? Өмір бойы бұл мені жегідей жемей ме?»— деп түйген.
Осы ойлар оны түні бойы дөңбекшітіп еді.
4
Тосын хат жанды тулатып жібергендей болып еді. Жүрек еріксіз
алып ұшқандай болып еді!
Сол алып ұшқан жүрек Əлібекті Оралға да жеткізді. Шаған көшесін
де жағалатты. Айтулы 91-үйге де алып келді. Енді...
Енді не демек? Қалай көріспек? Бірінші лебіз неден басталмақ.
«Сəулем Гүлжиһан! Сүйгенім! Жеттім міне, көруге ынтығым»,— демек
пе?
Көруге ынтығым? Шын жүректен шыққан сөз бе? Көруге ынтық
жарды кім көрсетпеді? Уағдалы күні кездеспей серттен тайған кім?
Енді қайтып қалаға да соқпастан Алматыға асқан кім? Өзі ғой! Шөкеден
үріккен асаудай, жалт берген өзі емей кім? Енді ше, «көруге ынтығым»
деу жалған емес пе? Ынтық жанды не тоқтатар! Кім кедергі болар!»
Сол сағатта Əлібектің басы ың-жың, бейне бір алай-дүлей бораннан
жөн таба алмай қалған жандай, сансыз сұрақтың астында қалды. Оның
көбі: «Өзіңнен! Бəрі өзіңнен! Қызда жазық жоқ! Табансыздық еттің!
Жігіт емессің! Уəдеден тайдың!..
...Енді не тұрыс? Ұмтыл! Кешірім сұра! Құшақта! Аймала!»— деп
жатқандай.
Əлібек ашық қақпадан бөгелмей кіріп, баспалдақты есікке бір-ақ
тірелді. Аз кідіріп, ентігін толастатқаннан кейін, ақырын ғана
саусағының қыр сыртымен тықылдата бастап еді, қапсырулы тұрған
есіктің өзі ашылып кетті. Бірақ, ешкім ішкі жақтан дыбыс бермеді. Есідерті енді үйде, үйдегі қызда, қалай көріп, қалай амандасуда ғана
болып тұрған Əлібек арт жағынан келіп қалған Гүлжиһанды
байқамады, тағы да ашық есікті тықылдата бастады.
Гүлжиһан түрмедегі əкесіне тамақ апарып, екінші көшемен келе
жатыр еді. Ол Əлібекті алыстан-ақ көріп, аяғын тезірек басып
жақындай берді де:
— Кіріңіз, нағашы. Үйде бөтен кісі жоқ,— деді.
Əлібек селт етті. Сөз де, үн де Гүлжиһандікі екенін ол қарамай-ақ
білсе де «нағашы» деген сөз селт еттірді. Жақындық, туысқандық сөз.
Ардақты да сөз. Бірақ ол «Əлібек» дегеннен басқа... Оның үні де құлаққа
өзгеше естілді, жаздыгүнгі «Шеген құдықтағы» жұп-жұмсақ торғын үн
қазір темірдей қатты шықты. Əлібекті енді бір сəт селсоқтық билеп
бара жатқандай болды. Ол ақырын бұрылып Гүлжиһанға танымаған
жанша асықпастан тура қарады, жүзінде не шырай барын іздеді, бірақ
қиналып, əлденеге ауырсынып тұрған жанша іздеді. Қыз жүзінде
қуаныштың да, қайғының да белгісі жоқ, жан сезімін білдірерлік айқын
белгі таппады. Бар өзгеріс: жүдеулік, қатты шаршап салыққандық.
Бұрынғы келісті, ат жақты шағын жүз ұзара түскен: мөлдір көз кіртие
бастаған, жазық қабақ əлдене бір кір шалғандай, өңі сұп-сұр... Дене
қимылында да əлсіздік, баяулық бар сияқтанды...
Қыз қолын созды, қол беріп амандасу керек...
Бір сəт не істерін білмей, селсоқ жайда тұрып қалған Əлібек кенет
Гүлжиһанға құшағын жая ұмтылды. Жүгірмесе де, өте тез жүріп келіп,
қызды құшақтай алды, аймалап бетінен, көзінен сүйді.
...«О жасаған Əлібек! Бір көрініп, таудай үміттің ұстар ұшына еріксіз
қол создырған жар!.. Жар? Иə, жар! Құдай қосқан, ата мен ана қолдаған,
ақ батамен қосқан жар!.. Онда... неге уағдалы сағатта келіп жетпеді?
Неге...
О, тəңірі! Міне, енді тас құшақтап сүйіп жатыр!»
Қыздың басы айналып кеткендей болып еді.
Көп күннен бері, көп сағаттан бері ащы ой құшағында, күдік
дариясына шомған өрен ойлы албырт жігіт, ғашығының кіршіксіз көз
қарашығынан алдағы аса буалдыр, бірақ өлшеусіз тəтті, өмірлік үмітіне
сенім тірегін іздегендей еді...
Гүлжиһан да бірінші минутте өзін-өзі билей алмады, жігіт құшағына
еріксіз ене берді. Саны жоқ сарғайтқан сағаттар үміт шоғын талай
сөндіріп, талай маздатқан. Сол қолда жоқ, көңілде ғана қалған əлсіз
арманға қол жеткені ме? Əлде бұл түс пе?
Гүлжиһан еріксіз төмен түсіп кеткен басын Əлібектің кеудесінен
жоғары көтеріп алды. Əлібектің аласұрып, əлденеге дəлел іздегендей,
қыз қимылын тергеп-тексерген көзіне көзі ұшырасып қалып,
Гүлжиһан шошып кетті. Ол бұрын шаттық нұрынан өзге ұшқын атып
көрмеген бақытты жанардан жан түршігерлік үрей көрді, кəдімгі тал
қармар үмітсіз үрей...
— Үйге жүріңіз,— деді қыз, жігіт құшағынан тез босанып, жол
бергендей шеткері шығып.— Кіріңіз, үйге кіріңіз,— деді тағы да
Гүлжиһан.
Əлібек ілгері жүрді. Қыз ілесе кірді де, озып барып келесі есікті
ашты.
— Мына жаққа өтіңіз.
Сөйтті де Гүлжиһан, Əлібек бөлмеге кірген соң кейін бұрылып
есіктен шығып кетті.
«Не болған? Бұл қандай өзгеріс?»... деген сұрақтардан əрі Əлібек
болған уақиғаны талдай алмады. Тек қыздың өте күрт қиын жағдайға
кездескенін білді, өзгергенін көрді. Түрі де, ісі де, мінезі де күрт
өзгергенін сезді. Ол аз отырды, ойлаңқырауға уақыт жетпеді — қыз
қайта кірді.
— Бұл менің папамның бұрыннан түсіп жүрген үйі, осындағы пəтері.
Мені қалаға алып келген, саған ақша жіберген, маған еріксіз хат
жаздырған Əділбек. Мені Жымпитыдан алып шыққан да Əділбек. Ол
қазір «Шеген құдықта», маған тиісті мал-мүлікті алып келуге кетті. Қол
ұшын берген жақын тек қана сол жігіт болды...
— Мен еш нəрсеге түсінбеймін. Не болды, Гүлжиһан?..
— Болар істің бəрі де болды...
Əлібек оның ұзақ сөзінің ішінен (оған қыз сөзі ұзақ көрінді) «маған
еріксіз хат жаздырған да сол Əділбек» дегенді ұстап қалды. Бұл оқшау
сөз сияқты адырайып көрінді. «Еріксіз... Өздігінен хат жазуға қолы
бармаған. Менің айналып соғамын, Жымпитыдан жолығамыз деп
сертте тұрмағаныма ренжіген. Алдады деп ойлаған. Орынды. Өкпелеуі
орынды...»
— Мен еш нəрсеге түсінгенім жоқ. Ол қандай іс болары болған?
Қыз төмен қарады. Бір сəт кідіріп қалды да, басын көтерместен:
— Менің əкемді кəнпескеледі. Бөтен адам емес, Хакім нағашым
кəнпескеледі. Ол да аз көрінді білем, папамды тұтқындап Оралға айдап
жіберді. Осында түрмеде жатыр. Жаңа ғана тамақ апарып келдім...
Əлібек қозғалмастан тұрып қалды.
— Енді бəрін де түсіндім. Қап-қара бұлттың төніп тұрғанын сезген
де сияқты едім. Бірақ, мен қашып кеткенім жоқ, Гүлжиһан. Оқуыма
асықтым жəне тезірек орналасып, тезірек хабарласуға асықтым, сені
Алматыға алып кетермін деген ой асықтырды мені...— деді Əлібек
аптығып сөйлеп.
Бірақ жігіт сөзі қызға дəлелді көрінбеді: «Алматыға алып кетермін
деген ой асықтырса, неге алдын ала ақылдаспайды? Мұндай күрт
өзгерістерді не Меңдіқызбен, не менімен сөйлеспей бір өзі қалай
шешпекші? Ең болмаса ана інісі Əділбекпен кеңеспей ме? Əділбек
кеңесуге əбден тұратын əрі ақылды, əрі батыл, істесе қолынан
келмейтін нəрсесі жоқ жанып тұрған жас емес пе?..»
— Бұл əңгіме, нағашы, біз қазір ат үсті шешетін нəрсе емес, біздің
əліміз келмейтін қиын, аса қиын іске айналып кетті. Жуыныңыз, дем
алыңыз. Сонан кейін көрерміз. Жəне папамның соңғы сөзі бар...
— Ол не сөз, Гүлжиһан? Папаң не деп еді?
— Бəрі де соңынан, нағашы.
...Өзгерген! Мықтап өзгерген! «Нағашы» деген сөзге ғана, жансыз
сөзге ғана, екі араны алшақтатпаса, жақындатпайтын суық сөзге ғана
тіреле береді...
— Папаң қалай, жүдеген жоқ па? Жиі көрсете ме?— деп Əлібек сұрақ
жаудыра бастады, салқын лепті шетке ысыруға жанталасты.
— Не қалайын сұрайсыз? Елден, жерден, туған үйден айырып,
абақтыға отырғызған жанның қалай болатынын білмейсіз бе?— деп
қыз босай түсті де, тез ойын жиып алды.— Папама ризамын. Қажыса
да, қайғырса да, тас қамауда отырса да ақылын жоғалтқан жоқ.
Өмірден үміт үзген жоқ. Жалғыз тірегі мен ғана, сол менің
тағдырымды ойлаудан бас тартқан күні болған жоқ. Мен мұны
ақтаймын ба, ақтай алмаймын ба, міне барлық ойлайтыным қазір осы
ғана.
Əлібек төмен қарады. Гүлжиһанның ауыр халі тап өз басына
кездескен қайғылы жайдай көрінді, онан да ауыр сияқтанды. Папаң
ақылды ғой, Гүлжиһан. Ақылды кісі ғой. Мен де білемін. Ақтарсың əлі
де сен перзенттік борышыңды.
Міне, сол бірінші кездесу осындай қуанышы мен қасіреті тең өмірдің
оты мен мұзының арасында етіп еді.
Сырттан қараған адамға өмір өз қалпымен өтіп жатқандай. Əсіресе
үй иесі татар əйеліне мына екі жастың арманы аздай-ақ, тіпті жоқ та
шығар дерлік еді. Өйткені, Ақметшенің қызы қай заманда да қалаған
адамын табады, оған қыздың ажары, əкесінің ақылдылығы мен
дəулеттілігі кепіл. Ал, «мына жігіт көркем екен, көркемдігінен де
артығы иманжүзді екен» деп баға беріп еді əйел, Гүлжиһан Əлібекпен
таныстырғанда.
Гүлжиһан оған жасырмай барлық сырын айтып жүрді, əйелдің
Ақметшені көптен білетіні жəне хазірет ері қайтыс болғаннан бері
оның аруағын сыйлаған жесір абыстайдың татар халқының дəстүрінен,
мұсылманшылықтың шегінен қия баспайтын аса діндарлығы мен
ұстамдылығы жəне оның үстіне жасы келіп қалған жанның анасындай
баурағаны Гүлжиһанға өте ыстық көрініп еді. Бүгін де ол Əлібекті
«атастырған болашақ жарым» деген.
— Ата тілін алған бала қор болмайды. Атиің не айтса — соны тыңда.
Бірінші досың — атиің,— деді əйел Гүлжиһанға жатарда.
— Соның батасынан кейін, ризалығынан кейін ғана неке
қидырасың, балам.
Бұл Гүлжиһанға өз ойымен ойлап, пішкен ақылына дəл келді.
5
— Ертең... жоқ, арғы күні сəрсенбі, папама жолығатын күнім. Сонда
ақылдасамыз...— деді қыз Əлібекке.— Оған дейін мүмкін Əділбек те
келіп қалар. Ол «Шеген құдыққа» кеткелі бір жұмадан асты. Қалған
мал-мүлікті сатып, ақшалап келмек еді.
Бəрі де дұрыс. Абыстайдың аналық ақылы да орынды. Ақметшенің
ендігі тірегі жалғыз қызы екені де шек келтірмейтін шындық. Ішіне
кірген адам шыққысыз үлкен қарағай үйдің Əлібек жатқан бөлмесі де
əдемі. Қыздың абыстай жанында болғаны да ескі салттың кіршіксіз
белгісі.
Бірақ...
Ұйқы жоқ. Ой жүйрік. Қиялмен алтын сарай орнататын жастың желі
ұйытқымады. Өмірден тауы шағылып көрмеген Əлібектің бақыт құсы
да жоғары, бəрін де күтуге болады. Бəрін де орындауға жол бар...
...«Гүлжиһан қайғылы ғой, ауыр ғой жас шақта мұндай тағдыр
соққысы! Енді не болмақ? Папасы қандай ақыл бермек? Мұндай халде
жіберер ме жалғыз қызын? Жоқ, жібермейді. Оқу, жоғары дəрежелі
білім алу керек депті. Қайда оқымақ? Қай жерде оқымақ? Егерде əкесі
ризашылық берсе мен алып кетер едім. Бірақ, Алматыда ол оқитын
дəрігерлік институт жоқ. Бұл орындалмайтын арман».
Тағы да біраз аунақшып жатты да, Əлібек орнынан тұрып шам
жақты. Үй іші жым-жырт екен. Енді сыртқа құлақ тосты. Көше де ушусыз. Терезенің көше бетіндегісі тас жабық жəне сыртқы қақпағын
жауып белдік темірін өткізіп іштен тиектеп қойған. Ол сəл уақыт
ойланып терезені ашпақ болып ыңғайланды да, салдырынан
абыстайды оятармын деп сескенді, екінші ішкі жақ терезені ашып
сыртқа басын шығарды, бұл ауланың іші еді. Ортадағы дəліз жəне ас
бөлемеден əрі абыстай мен Гүлжиһан жатқан терезенің шамы əлі
сөнбеген екен, бірақ жə сөйлеген жанның дыбысы, жə қозғалып
қыбырлаған əйелдің қимылы білінбеді. Əлібек ұзақ тұрды.
Шыдамады. Ақырын ғана жылжып сыртқа шықты да, аула жақтағы
терезенің түбіне келді. Құлақ тосты. Тым-тырыс... «Сəрсенбі күні
папаммен ақылдасамыз... Иə, ақылдасармыз. Ол не дер? Гүлжиһан! Сен
періштесің. Білемін. Сен атаның ақ жолын ұстайсың. Сен кіршіксіз
жансың, мен күтем, періштем. Сəрсенбіні күтем! Алып кетем. Алматыға
алып кетем...»
6
Түн бойы көз ілмей шыққан жан Əлібек еді.
Əлде небір қара түнек басқа төніп келе жатқандай ауыр сезім оған,
жүрек төрінен жалғыз ауыз өлең шумағын төктірді: дөңбекшітіп төсек
үстінде əлденеше аунатты да. Сыртқа да шығарды: түнгі қаланың
үздіксіз қыбыры мен құлақ тұндырған ың-жыңын тыңдатты, уһлетті,
аһлатты, қыз бөлмесіне құлақ тостырды, талай-талай тəтті ойға
шомдырды, тентек қиялға да бой ұрғызды, құлақ тосып бөлме есігінің
алдына да төндірді, жаздыгүнгі Шолпанды, Шолпанмен өткізген
кештерді көз алдына əкелді. Бірақ, бəрі дəйексіз, бəрі тұрақсыз,
балалық іс болып көрінді. Ол — еш нəрсенің тыңғылықты түрде басын
қоса алмады. Ешбір ойдың медеу етерлік түйінді шетіне де шыға
алмады. Ол аласұрып көз ілмеді. Таң атқан соң су жағасына кетті...
Сол күнгі ертеңгі шақта Жайық жағасының рақат самалын үлкен
Жүнісов те еркімен жұтып, суына шарықтап құлаш сермеп еді. Бұл
шаттық əлеміне шатты жүзбен қараған, өмір нəріндей денеге қуат,
жанға жайлы дем берген ғажайып өзеніне құшақ жайып көріскен
жанның шарықтау тынысы еді. Ертеңгі сұлу əлемге шұлғып басын
иген, керіліп аққан кербез суға құмарлықпен сүңгіген қошеметті тыныс
еді. Бұл өмір қырқасына батыл шыққан адамның ісіне лайық күшіне
дем берген серуені болатын.
Өмір бойлап пішуге кейде көне де бермейді, оның орнына күтпеген
жерден кездейсоқ ұшырата салуға да дайын.
Хакім тап сол күні Алматыдағы інісін күн шығар-шықпас шақта
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 30
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.