Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 14

Total number of words is 4157
Total number of unique words is 2247
37.0 of words are in the 2000 most common words
51.7 of words are in the 5000 most common words
58.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
де сағындым, ботақаным, жыламашы. Мен де, міне, жыламай тұрмын
ғой. Жылағаннан пайда жоқ көрінеді, боташым, ботақаным»— деп қыз
күрсініп қойды. Екеуі ақырындап, есіктің босағасына жылжып келіп
құшақтасып, бірінің көзінен бірі жалғыздық қасіретін қосыла
іздегендей. «Сен неге жылайсың, ботақаным? Сенің мамаң бар. Сен
жылама, мамаң жоқ болса — мына мен бармын, боташым. Сүйенері
жоқ мені айтсайшы. Міне, жалғыз Құрмашымнан айрылғаныма...» деп
қыз жылап жіберді. Құлағын салып, тыңдап тұрған адамша бота басын
қисайтқан күйі аз тоқтап, көзін сəл жұма түсіп, тұмсығын қыздың
қолтығына тықты: қыз оның жағын, қабағының үстін сипалап,
мүсіркеді де, сəл еркелеп жұмыла түскен көзін ашып өз суретін іздей
бастады: жасаураған үлкен көздің ішінде айна көлдің төсінде жағалық
ойнаған баладай титтей суреті бүл жолы қалқып жүр: бір мезет оның
өз көзі де жасаурап кетті де, жүзіп жүрген кішкене бейнесінің қай
жерге тоқтарын күтті...
— Жаңа көрдің бе ботаны, үйге кір!— деді тəңірідей таныс, өктем үн.
Қыз селк етті, үй тасасынан шыға келген Қалампырды көріп,
ботаның мойнынан қолын тез тартып алды.
Əмірі күшті бəйбішенің соңына еріп, үйге кіріп үлгіргенше болмай,
кейінгі жақтан оның құлағына:
— Енем байғұс айтушы еді...— деген көптен бері белгілі, безер үн де
шалынды.
Қыз үйге кірген бойы, қазан жақта керегеге сүйеніп тұрып қалды.
Күнде ертемен күл басында қылғына қарлығып, қарғадай қақсаған бұл
жұғымсыз көмей онан əрі қылқылдады.
— ...Осы Халима бақытты болады деуші еді, жұрт аузына ілінеді
деуші еді жарықтың, тең құрбысынан артық болады деуші еді, күнітүні Халиманы аузынан тастамаушы еді, иманды болғыр. Бұрынғының
адамының бəрі əулие ғой, олардың сөзінде жалған бар ма?..
Қыз үн-түнсіз қаққан қазықша шаншылып, үйге кіріп келе жатқан
кемпір сөзінің батаға айналар соңын күтті.
—- ...Иллаһи солай болғай! Əулие адамның айтқаны келгей! Биби
Фатима қош дегей! қазірет Ғайша қолдағай! Мариям ана дұға қылғай!
Ізгілер медет бергей! Хұзыр-Ілияс қолын созғай! Бай болып барша
мұратына жеткей!
— Аумин!— деп Қалампыр бір тізерлеп отыра қалып, кемпірдің
батасын демдеп, қолын қосыла жайысты.
Бұл Бұрыш кемпір еді. Бұрыш мұнан бұрын Халиманың үйіне үш рет
келіп, келер-кетерін қоса есептегенде, алты рет бата беріп, алты рет
жүзін сипаған болатын. Ол баталардың ұзын ырғағы: бұл қыздың
бақытты болуын, ол бақыттың бəрі осы үйдің нақ оң жағында екенін,
оған тəңірінің үйіп-төгіп барлық байлық пен барлың салтанатты бере
салғалы тұрғанын түсіндіру еді. Басында ұйып тыңдап, келесі жолы
үрке қарап, ал үшінші келгенде үрейлене бастаған жас қыздың отты
жүрегіне бұл баталар: «Басқа аң орамал салып, ата-бабаның жолымен
босаға аттайсың» деген мұз басып өтіп еді. Қазір соның ең суың желі
қызғалдақтай желбіреген балғын дене, нəзік ойды тұтасымен
дірілдетіп, мұздатып, бірте-бірте үсітіп бара жатқандай тиді.
Қыздың жүзі қуарып кетті. Жаңа ғана жалғыз бауыры Құрманды
жоқтап, енесінің келер жағына көз тіккен ботамен қосыла елжіреген
уыз жүрегі енді мұздап бара жатқандай болды. Мұздамасқа бола ма —
қабағын қарс жапқан, ұзын жақты, орақ мұрынды, ер денелі,
қаршығаша шүйіле қарайтын үлкен қара кемпір қарсы алдында отыр...
Қара кемпірге тура қарауға адам сескенерлік, оның жүзі суың, ал
оның «дуашы» деген аты жүзінен де суық. Сол тайпа елге мəлім. Жұрт:
«Бал ашса, аң сайтаны бар, айтқаны келеді» деседі. Ал, басы ауырып,
балтыры сыздағанды «бір үшкіргеннен қалдырмайды» деп ден қояды.
Бəрінен де «құдіреттісі» — «төсегі суысқан ерлі-зайыптыны бір
көргеннен тұз-еңбегін жарастырады» деп жағасын ұстайды.
Бірінші көргенде Халиманы ол:
— Аруақты енем байғұс сынап еді, сені бақытты болады деп еді,—
дей келіп, тамырын ұстап болжаған.
Оның енесінің кім екенін Халима білген жоқ-ты. Ал, бұл білмейтін
адамның қай уақытта сынағаны мүлде есінде жоқ. «Бірақ жас кезімде
көрген ғой» де¬ген бір сенім ғана қыздың көңіліне орнай бастаған
болатын.
Енді міне...
— Ғайып иран, қырық шілтен қолдаған, əулие енем аян берді; тұр,
Бұрыш! Бар Халимаға. Айт, сүйікті қызыма батамды бердім. Бақытын
аштым. Ұстат қолын тəңірі қалаған бақ-дəулет иесі ізгі жанға деді.
Қызым, əкел қолыңды, бастым тамырыңды, тулаттым жүрегіңді,— деп
қара кемпір Халимаға қолын созды.
— Атта бермен, ұсын қолыңды аруақты анаға,— деп бұйырды
Қалампыр қалшиып тұрған қызға.
Екі көзі шарасынан безіп кетуге дайын қалған балғын қыз бала
білегін шыт көйлегінің жеңінен шығара созып, кемпірдің тарамыс
қолына ұп-ұсақ саусақтарын ұстата берді.
— Сүф!— деп үшкіріп қалды Бұрыш оның мөлдір жүзіне.
2
Атқа отырысы қоқырайған сөлекеттеу пішінді аттылыны алыстанақ көріп, бірақ кім екенін айыра алмай тұрған Бисенғали қасындағы
Маймокин ауылнайдың бесенеден белгілі сары атын танып, қобалжи
бастады.
— Бұл дəуде болса бір ұлық шығар, кескіні келіспеген ана Маймокин
жетектеген тазыша етегі жалп-жалп етіп соңына еріп келеді. Қатын,
төрге кілем жай, көрпе сал, жастық таста,— деді Бисенғали есіктен
үңіліп үйдегі əйеліне.
— Бұл тағы қай бəле?— деді де, Қалампыр үй-ішін жинастыра
бастады.
Ерінің дегеніне тіріде көнбейтін бұл бəйбіше, ұлық деген сөзге
жездей майысып жүре берді: малға көз, елге бас болғанымен тат
басқан тебендей, сыртқа əмірі жүруден қалып бара жатқан
Бисенғалидың ұлық алдына өтімді емес екенін, өзі араласпай іс
бітпейтінін əйел күні бұрын сезді білем.
Үйді де жинармын, ұлық болса үйдегі əңгімені де өзім демдермін,
сен тек тік тұрып қызмет ете бер. Ел жайына сөз ауса тіліңді тісте де,
бар лебізіңді шаруаға бұрып, мал арық, жыл қуаң, күн көріс еңбекте деп
күйбеңдей бер,— деп бұйырды əйел бір кіріп, бір шығып елбеңдей
бастаған еріне.
Кешікпей атынан секіріп түсіп, тергеушінің шылбырына орала
қалған Маймокин қоқырайған қонақты қолынан жетектегендей, үйге
де ендіріп жіберді.
— Қош келдіңіз, төр төбесіне,— деп қалды Бисенғали мүлəйімсіп
жайлап қана.
Жинақы, таза үй ішінің түрін көзбен бір шолып өтіп, Айтан отыра
бастады: ол плашын шешіп қасына қойды да, оның үстіне бас киімін
орналастырды: малдас құруға ырың бермейтін қарынды ауыр денесін
өз еркіне жіберіп, оң аяғын көсіліп, сол аяғын ғана жиырып астына
басты: жаға-түймесін ағытып, еркін демге жол ашты. Содан кейін,
бəйбіше осы шығар деген оймен, сəл ғана иба қылғандай басын
қисайта, төмен қарап тұрған Қалампырға:
— Қоныс жайлы болсын!— деді.
— Əлай болсын. Қош келдіңіз. Барымыз бен əзірміз сіздікі,— деді
əйел өте əдепті, бапты пішінмен.
«Қандай көргенді жан. Сөзі де жатық. Қазақ əйелдерінің ішінде
талай-талай ақылды жандар оқымай, Іске араласпай қалып қойған ау.
Мына кісі Шолпандардың, дəрежесінде болса?» деп ойлады Айтан
Қалампырдың келісті пішініне қарап отырып, риза болып.
— Кімнің үйі деп едің? Мен сенің сөзіңді шала естіп қалдым-ау
деймін, ауылнай. Ақсақалдың аты?— деп ол Бисенғалиға жүзін бұрды.
Бисенғали деген кісі. Жеңгейдің аты Қалампыр. Екеуі де құдай деген
жандар. Болғанынша шаруа адамдар. Сізді əдейі үйі таза, пейілі кең,
жол жүріп, шаршап келген əкім азаматтарымыздың бабын табатын
аға-жеңгенің үйіне түсірдім, Айта-ақа. Бұл үйде тынығасыз, дем аласыз.
Келген шаруаңызды рақаттанып отырып бітіресіз. Ай, күн де ыстықау!— деп түйді Маймокин сөз соңын, қою күрең шайдың керегі
осындайда-ау дегендей бəйбішеге жымия қарап.
— Ыстық. Ғажап ыстық болып тұр. Малға да, жанға да ауыр,— деді
Бисенғали басын тұқыртып.
— Ауылнай қайным, қымыз берсем, шай ішкізбес деп ойлаймын,—
деді Қалампыр ауылнайдан ақыл сұрағандай, жұмсақ лебізбен.
— Сіздің шайыңыз да дастарқанға қымыздан тез келуші, еді ғой,—
деп жымиды ауылнай, бəйбішенің сөзін мұқаммен қостап.
— Оны енді көреміз,— деп бəйбіше еріне ым қаққандай болды.
— Көмірден күшті отын бар,— деді Бисенғали сыртқа қарай
ыңғайланып. Əйел самаурын шығарды да, ері су құйып, оны ағашпен
тұтатып жіберді. Бірнеше минут ішінде-ақ самаурынның оттығынан
құрғақ қарағайдың қызыл жалыны қарыс-сүйем көтеріліп шырақтай
шошайды.— Күйеуді малға шаптыр, тез. Ол бар болғырың не қып отыр
үйінде. Іннен басын шығаруға қорыққан сарышұнақтай бұғып?—деп
еріне бұйрық етті де, əйел үйге кірді. Ол енді қайтып тысқа шықпады,
— шай жабдығын əзірлеп қазан жақта əрекет жасады, екі құлағын
қонақ пен ауылнайдың əңгімесіне тосты.
— Ана үлкен үй сол байдың үйі ме?— деп сұрады тергеуші
ауылнайдан түрулі іргеден оң қолдағы киіз үйді меңзеп.
— Иə, сол кісінің үйі. Ана арғы жағындағы үлкен қызының отауы,
яки қолындағы күйеуінікі.
— Е, онда ер баласы жоқ болғаны ма? Оң қызының қонғаны?
— Ер баласы жоқ. Екі қызы бар. Бірі сол отаудың иесі, бала-шағалы
болып қалған адам. Ал, екінші қызы қолында — ол да бой жетіп қалған
бала. Əзір үйінде...
— Жас қызды тоқалдыққа аламын дегенінде мəн бар екен ғой! Е, ер
баласы жоқ де!
Тергеуші портфельден алып, Хакімнің тапсырған ісі жөнінде,
қағаздарын ақтара бастады.
Ауылнай сəл ойланып қалды да, əлде не ойына түсе қалған адамша,
ол да киіз қабына жармасты.
Əлгіде ауылнай тергеушінің бүл жаққа не жұмыспен келе жатқанын
ашу үшін:
«Жолыңыз болсын! Ат маңдайы қай жақ, Айтақа? Біздің үйге соғып
демаламыз десеңіз, келініңіздің төбесі көкке жеткендей қуанады. Оңға
бастайын ба, солға бастайын ба?» деп Шідертідегі кеңседен шыға беріп
сөз тосқауылын қойғанда, оған: ««Дабыл байдың ауылына алып жүр»
деген-ді. Арғы жағын сұрауға бара алмай: «Онда оңға — мына жолға
түсіңіз!» деп ол соңына еріп жүре берген еді. Енді байдың үйін сұрап,
сөз арасында: «Жас қызды тоқалдыққа аламын дегенінде мəн бар екен
ғой!» деп қорытқаны аңдып отырған ауылнайға неге келгенін сұқ
қолмен нұқып көрсеткендей болды. Маймокин ішінен: «Құдай ұрды,
біреу жасы жетпеген қызды тоқалдыққа алғалы жатыр деп ғарза еткен
ғой. Бұл кім екен жаным-ау?! Жоқ, бұған не де болса алдын ала бөгет
соғып көрейін» деген ой оған киіз қабына қол создырып еді. Ол айланы
тез тапты. Əңгімені дəлелмен бастауға тырысып:
— Айта-ақа, мен сіздің: «Жас қызды тоқалдыққа алам дегенінде мəн
бар екен» деп түюіңізге түсіне алмай қалдым. Егер қате бассам айып
етпеңіз: сіз мына Дабыл байдың қартайғанда жас иіс иіскеймін деп
желігіп жүргенін жобалап отырған жоқсыз ба? Бұл жөнінде өзіміз де
басында: «Бұл кəрі немеге бір нəрсе көрінер, жап-жас қызға үйленем
дегені шірік байлықтың желігі, бұған тыйым салу керек шығар»,— деп
түйсініп едік. Бірақ, анықтай келе, екі жақтың толық ризашылығы
болғаннан кейін көтере алмадық,— деді.
Тергеуші оның сөзін тыңдай отырып, қыздың інісінің жазған
арызын ішінен оңып шықты. Сонсоң басын жоғары көтеріп ауылнайға
қарап отырды да:
— Иə, солай де! (Ол қазан жақта шыны аяқ жасап, шай жабдығын
қолға алған əйелге көзінің астымен қарап алды.)— Мына кісі...
жарайды, бұл жасырын əңгіме емес... Иə, жас қызды тоқалдыққа
ризашылығымен алатын болды ма?— деді кекесінді үнмен.
— Мен сөзді қағазға сүйене айтайын, Айта-ақа. Мынау ауылдың
посемейный списогі. Міне, мынау қатар саны 75-інші оқып көріңізші!—
деп, ауылнай тергеушінің кекесінін мүлде байқамай отырған адамша
тізім ұсынды.
Тергеуші үлкен папкенің бірінші бетіндегі тізімнің қашан басталып,
қашан аяқталғанын бір қарап өтіп, ақтың беттегі ауылдың кеңестің
төрағасы мен хатшысының қол қойып, мөрін басқан жəне болыстың
атқару комитетінің куəландырғанын көрді де «заңды, дұрыс!— деп
түйді. Сонан кейін ауылнайдың нұсқаған қатар саны 75-інші адамның
аты-жөнін оқи бастады,— Бақы қызы Халима... ымм... жынысы... Бір
мың тоғыз жүз сегізінші жылы туған. Хат таниды. Ымм»,— деп
күбірледі.
Оның ең соңғы графаға дейін қарап шыққанын шегірлеу келген
ажарсыз көзімен тесіле қуып отырған ауылнай, енді дəлелді ойын
аяқтауға беттеді.
— Сол кəрі адамның үйленемін деп отырғаны осы бала. Жасы биыл
сол тізімде көрсетілгендегідей дəл жиырмада. Бұл құрғырдың енді,
ойлап тұрсаң кəрі адамға шығамын дегені ерсі-ақ. Бірақ бір жағынан
қарағанда байлығына қызықты-ау деп топшылайсың. Сіздің де айтып
отырғаныңыз осы ерсі жайт жөнінде емес пе, Айта-ақа!?
Тергеуші ауылнайдың бетіне тағы да сынай қарады. Бірақ үндемеді.
Оның үндемегенін Маймокин «бөгет салынды» деп қорытты. Бұл екі
ортада дастарқан жая бастаған Қалампыр бетін тіле таңдана қалды.
— Би қайным-ау, менің құлағым таса есітті ме деп, күні бойы аң-таң
боп қалып едім. Өзіңнің соңғы сөзіңді естіп мен де бір жайды ұққандай
болдым. Мына байекеңнің əйел аламын дегені əңгіме болып жатыр ма?
Шырағым-ау, осы күні əңгіме деген ойламаған жерден де шыға келеді
екен,— деп ернін сылп еткізді.
— Осы бай пəленің əңгімесі қолды босатпайтын болды. Бір əйелдің
мекері қырық есекке жүк болды деп біздің Хамидолла ақсақал айтушы
еді. Тап сол болды да қойды. Бірақ өзіміздің ұжданымыз таза — байлар
түбірімен өртеніп кетсе де қарсылық жоқ. Со¬лай, жеңгесі!?— деп
қойды ауылнай бəйбішенің қостауын күтіп.
— Өздерің білмесеңіз мен қайдан білейін, би қайным, Біз бір мал
баққан шаруа. Қыс — бес-он қараның шөбін күйіттеп, жаз жайылымын
сағалаймыз. Онан басқа не білейік. Сонда да əңгімеден əңгіме туады-ау,
осы кəрі кемпірін үлкен қызының қолына біржола көшіріп қағаздап,
қаттап, бөлініп алғаннан кейін де үйленуге рұқсат етпей ме? Мен
байекеңді айтып отырмын...
— Оны мына Айта-ақаң білмесе, мен өзім пəлен деп сізге түсіндіре
алмаймын. Біз тек заң бұзылды ма — бұзылса сот тергейді, кеңестің
əділ соты тергейді. Сол сотқа жүгіндіреміз, құй бай болсын, құй кедей
болсын. Сот алдында жауапты.
— Дегенмен деймін-ау. Ойда бір бұқа өкірсе, қырда қырық өгіздің
мүйізі сырқырайды деп, əркім өз басын ойлайды. Осы күні
жасыратыны жоқ, мына біздің үйдегі ағаңыз да төсек жаңғыртамын
дегенді айтып жүр. Ойласам оның сөзінің де жаны бар. Дүниеде не
қымбат, бала қымбат, бала сүйем дегенге мен өз басым қарсы амал,
амал емес-ау, оның сөзін аяқ асты етуге дəлелім болмай жүр. Тіпті
менен рұқсат, шырағым, жиырма жыл отастық, ища дескеніміз жоқ,
енді қартайғанда ища десер шамам жоқ дедім...
Айтан күліп жіберді.
— Уа, жеңгей, сонда сіз қалай, бөлініп айрылып кетпексіз бе, əлде өз
рұқсатыңызбен еріңізді үйлендіріп, бірге бір үйдің іші болып
тұрмақсыз ба? Қызық мəселе,— деп кеңкілдеді.
Əйел əңгіменің басқа бұрылғанын демдей түсті. Бұл əңгіменің
қарпуы жеткізе түсейін деген адамша ол сөзбен иықтай жөнелді.
— Қайным-ау, нағыз шынын айтсақ, екі қатын алғанды жек көретін
еркек бар дейсіз бе?! Тек бұл көбінің қолынан келмейді. Біреуінің
бəйбішесі шатақ салады, біреуінің баласы ара түседі шешесін қорғап, ал
енді бір жүнбастар əрі де жоқ, бері де жоқ, екі қатын алмай да
қоймайды, алып та оңдырмайды. Құр атақ екі қатыны бар деген — не
күйіндіре білмейді, не сүйіндіре білмейді. Əуре-сарсаң бірдеңе болып
шығады,— деп аздап қабағын кере қалды қонаққа қарап.
— Ха-ха-ха!— деп қарқылдады Айтан.— Міне, міне, шындық. Таза
шындық. Жеңгей, қалай ол: не күйіндіре алмайды, не сүйіндіре
алмайды дедің. Сүйіндіре алмағаны қалай, ол, а?
Əйел жымия түсті.
— Əйелдер қалай ойлайды дейсіз сіздіңше? Екі енені тел соруды тол
ғана жақсы көреді дейсіз бе?
— Е-е! Дұрыс! Екі енені төл де жақсы көреді...
— Адам онан да бетер... Тісі шыққан қайнымсыз ғой, арғы жағын
өзіңіз шамалап отырсыз.
— Дегенмен, қалай жеңгей? Мысалы, ақсақалдар асқа ие, атаққа мəз
боп жүргенде, жас жұбайы далаға көбірек қарамай ма?
— Қарағым, қартайып қалдың, жасырақ болсаң...
Ашық-ашық айтып та салар едік, далаға қарайтын жас жұбай ғана
емес, сары тіс жұбай да еркегін жылқы күзетуге жіберуді жек көрген
емес. Соған көре екі жаққа бірдей бұл əңгіме.
— Жоқ, сіз əлі қартайдым деуге қақыңыз жоқ.
— Сол қақы бар болғырды қолдағымыз келеді-ақ, бірақ тұрмыс
шіркін көңілге қарамайды ғой,— деп күрсініп қойды.
— Жоқ-жоқ-жоқ, — деп кеуделеді тергеуші, əйелдің монтанси
қалғанын байқамай.— Сіз ең əрі болғанда, қырықтың өзінде-ақ
шығарсыз. Осы бастан тізгінді басқаға ұстатам деуіңіз келіссіз. Аса
келіссіз. Мұны енді бір он бес жылдан кейін айтсаңыз жөн болар.
— Оның бір үлкен себебі бар, қайным. Бірақ кей жағдайда əңгіменің
кейінге қалдыратын жағы да болады,— деді əйел екі-ұшты етіп.
— Оныңыз рас!— деді Айтан созып.
— Ол солай, қайным. Кəне, шай əзір. Қол, жусаңыз. Қонақ қол жууға
тұрып, ер мен əйел жайлы басталған қоңыр қалжың үзіліп қалды.
«Қыздың жасы жеткен болып шықты. Арыздағы «балиғы болмаған
баланы тоқалдыққа алмақшы дегені» бос сөз болды ғой. Бұл қазақ
асырып айтпаса іші ауырады, жамандық жағына бұра жөнелуді өнер
қылып алған. Ауылнай да ұсақ-түйек заңсыздыққа жол беретін азамат
көрінбейді сірə. Ысылып қалған қызметкер болуы керек сөз лəміне
қарағанда. Жеңгей қызың... өте ашық адам екен. Жəне мəн-жайды
дұрыс аңғаратын əйел. Оқымаса да əр нəрсенің жөнін біліп-ақ тұр»—
деп ойлады Айтан қол жуып, дастарқан басына отырып жатып.
Ілкі шыны аяқ ішіліп, екіншісін орталағанша əйел əдейі қызыл күрең
шайдың бабын бұзбайын деп қысыр лебізден бас тартты. Ол қайтақайта тас құманның астындағы шоғын аударыстырып қойып, шайдың
өңін құбылтпай баптай отырып, қонағын іштей сынады. «Бір көруге
ебедейсіз, тіпті сөлекет адам сияқты болғанымен, ыңғайына қарай
бұрасаң иілуге келетін «жуан екен» деп топшылады. Сөйтіп, аз
отырып, көп сынауға кіріскен əйел тергеушінің басты жұмысын
байқап, оның қалай қарай бой ұратынын ашуға тырысты.
— Қайным, осы тергеу-тергеу дейсіңдер, соншама көп тергегенде
нені тергей бересіңдер? Əлде сол тергейтіндерің ұшы-қиыры жоқ бір
таусылмайтын, балапандап жататын заттар ма?— деді əйел, ұяң үнді
қоңыр дауыспен, ақырындап қана.
Бұл Қалампыр дейтін орта жасты, бойын күтіп сыланып жүрген кісі
болмаса да, қыр əйелдерінің ажарлысы жəне сөзге ұтымды, əрі
орнымен тауып айтатын, қалжыңға шебер жанды. Оның тегінде аң
сары, бірақ жел мен күнге тотығып, қара күреңденген дөңгелек жүзі
ерекше тартымды; қолаң қасы мен қолаң кірпіктері қоршаған үлкен
қой көздері күле қарағанда ыстың леп естіріп, жазың қабақты түйе
қалғанда сұсты ызғар төгіп жіберетін. Қазір ол тергеушіге əрі
мейірімді, əрі үміт артқандай, аса жылы шырай тастады.
Жинақты ауыздың епті еріндері жымқырыла түсті, қыртыссыз
қабақта еркелегендей шыта қалған нəзік сызық көрінді. Шайға балқи
бастаған Айтанның семіз беті. əйел көзіне төтеп бере алмағандай
елжіреңкіреген бір жұмсақ нышанға оранды. Ол: «Қандай сұлу, қандай
нұрлы жүзді жан» деп еріп кетті.
— Жұмыс көп қой, жеңгей... жеңгей демейінші, замандас. Менен
үлкен емессіз жəне қожайын да емпеңдеп қалған шал емес. Жеңгей
деуім келіспес,— деп кідірістеді.— Тергеу жұмысы расында да өзіңіз
айтқан ұшы-қиыры жоқ іс. Біреу еңбек аңы даулайды, біреу мал
ұрлаттым деп келеді. Енді біреулер елдегі толып жатқан заңсыздыққа
шағынады. Жетім-жесір мəселесі тағы бар. Ал, соңғы кезде қыздардың
теңдік правосына қол сұғушылар да кездесіп қалып жүр...
Бəйбіше басын шайқап, жаңадан құйылған шыны аяқты созылып
қонақтың алдына қойды да, шай үстеді. Тас құманды шоққа
басыңқырап қойды.
— Солай шығар,— деді ол, тергеушіні аяғандай басын тағы да
шайқап қойып.— Сіз əлгінде бір сөздің ұшын көрсеткендей болдыңыз.
Соған біздің жақта да заң бұзушылар болғаны ма деп жүрегім лүп ете
қалғаны.
— Ымм, жоқ, тап ондай шектен шығып кеткен əңгіме көрінбейді,—
деп салды Айтан терін сүртіп жатып.— Жоқ, заң бұзушылық... Мешкей
деген жақсы атаң емес дегендей, заң бұзу жақсы емес.
Райлы бəйбішенің көңілді мəжілісі үстінде ұзақ ішілген шайдан
кейін тергеуші ауылнайдан керекті мағлұматтарды жинап алды: арыз
бойынша тексерілген қыздың жасы толық кəмелеті жиырмада болып
шықты, байдың кəрі əйелі бөлініп шыққалы іргені аулақтатып, өз
алдына қонғаны ыспатталды. Бұл жөнінде көлденең шаруа Бисенғали
мен оның əйелі Қалампырдың адал куəлігі хатқа түсірілді. Ауылдың
Советтің: «Азамат Дабыл Мақметовтың екінші рет үйленуі жөніндегі
əрекеті заңға қайшылық туғызбайды» деген анықтамасы да іске
тігілді. Сөйтіп істің беті тез ашылып, жұмысы аяқталғаннан кейін
жақсы піскен қозының еті келді де, ас алдында бəйбіше қонағына
шарап ұсынды. Бірақ тергеуші қолқа салса да, əйел аузына алып
көрмеген «ащыны» еріне беріп құтылды.
Ет орталанып, шарап орта-орта құйылған стакан екі айналғаннан
кейін үйге талдырмаш жас қыз кіріп келді де:
— Ұлық аға, менің сізге айтатын арызым бар,— деді.
Қыз босағадан бері асып, бірақ дастарқан үстіне дөңгелене қалған
төрт адамнан қашығырақ тұрып қалды.
Үй иесі мен əйел де, терге таяу отырған ауылнай да шошып кетті —
үшеуі де Халиманың бетіне қадала қарасты.
Тергеуші Айтан бұл ас үстінде кіріп келіп шұғыл арыз айтпақшы
болған өткір қыздың кім екенін білген жоқ — əдейі арнап кеп
тексермек ісінің бас талапкері тап осы алдында тұрған көкшіл көз,
талдырмаш бала екені ойға да келмеген еді.
— Не арыз ол, шырағым?— деп сұрады тергеуші қызға бұлдырлау
көз тастап.
— Кеңес үкіметі жетімді қорғайды дейді,— қорғаңыз мені...
— Кім жəбірледі сені, шырағым?
Бисенғали əйеліне шағынғандай мұңая қарады да, ауылнай бейне
бір тамағына балықтың қылқаны тұрып қалған адамша түйіле
жөткірді. Бұл екеуінің де, қонақтың да бар тауқыметін бір өзі ғана
көтеретін ақылгөй пішінмен бəйбіше қызға:
— Шырағым, бұл жер арыз айтатын жер емес. Құрметті миманды
тік тұрып сыйлап, тағам тартып отырған ақ пейілді ас, дастарқан үсті.
Үлкенді үлкенше, кішіні кішіше дəріптеу атаның дəстүрі. Əдепсіз
болма, айтар арызыңды ертең айтарсың, бара тұр,— деді тура қарап.
Оның сұсты көзі ұшқын шашып жіберді.
Қыз жасымады.
— Мен сізге емес, ұлық ағайға өтініш жасап тұрмын.
— Айттым ғой, əр нəрсенің өз орны бар — өтінішіңді ертең айтасың.
Бұл кеңсе емес, мына шешеңдей менің, əкеңдей Бисенғалидың
шаңырағы — соның қонақ асы, соның миман дос мəжілісі.
— Солай, шырағым, солай, шырағым,— деп иіліп кетті Маймокин,
сөз бабы жақа келгендей.— Ертең ертемен келе ғой. Мен өзім
түсіндірейін, ертең, ертең. Ертеңгі шайдың алдынан келсең де,
соңынан келсең де болады. Бар, қарағым, солай ет, шырағым, бар,
шырағым. Көрдің бе, ұлық ағаңның жолдан шаршап келіп, шөлін жаңа
ғана басып, енді мына тəтті тағамды аузына алып отырғанын. Сөйте
ғой, қарағым, бара ғой...
Бисенғали да кілт əдіс тапты: ол жалма-жан босаған стаканға
арақты толтыра салып:
— Ал, кəне, Айтеке, мынаны алып жіберіңіз, ас суымай тұрып, алып
жіберіңіз. Ат соғып шаршап келген кісіге едəуір əл-қуат беретін
көрінеді өзі... Алыңыз, алыңыз!— деп қонақтың қолына зорлап
ұстатқандай, стаканды созыла ұсынып, дігірлей қалды.
— Жақсы, болса болсын,— самарқаулау пішінмен араққа бір қарап
алып, есік жақта тұрған қызға:—солай болсын, шыраң, ертең келе ғой,
— деді тергеуші жан-жақтан айтылған «ертең кел» деген ұйғарысты
бұл да қостап.
Ол, алдына таман еңкейіп келіп стаканын тақаған ауылнаймен
қағыстырып қалды да, ащылығынан көрі қыжылы көмейді
қыздырыңқырай бастаған өжет суды зорлағандай жұтып, жалма-жан
оның ізін жұмсақ піскен қозының майлы етімен сылады. Бір жағынан
бəйбішенің ызғарлы сөзі зығырын қайнатып, енді не дерін білмей
тұрған қызға қызыл жүзді жалпақ ұлықтың самарқау пішінмен
жауапты ертеңге ысыра салғаны мейрімсіздіктің ең қатал түрі боп
көрінді.'
— Сендерден қорғаныш тілеген менде де ес жоқ екен!— деді ол
жыламсырап.
Сөйтті де ,тап сол сəтте өз ісімен шұғылданып жатқан мырғам
жандар бас көтеріп, тіл қатқанша болмай, қыз есіктен шыға жөнелді.
Жапа шеккен жас қыздың ашынған сөзін түсінбей қалып : «Бұл не
өкпе?» деген кісіше аңтарыла қараған тергеушіге, сөзге ұтқыр, əзір
жауап бəйбіше:
— Бұл бір кіресілі-шығасылы сөйлейтін бала,— дей салды. Сонсоң
ол қонағының алдына ыссы тұздықты еселей түсіп, барлық назарды
етке аударды.
3
Қалампыр ертеңіне Халиманы тергеушінің маңына да жуытпады.
Оны таңсəріден сылтау тауып, қырдағы пішеншілерге тамақ жеткізуге
аттандырды.
Ертеңгі шай аяқтала бергенде тергеуші:
— Түндегі арыз айта келген бала осы ауылдың баласы ма? «Жетімді
қорға» дегендей бір соз айтып қалды,— ол не сөз? Үйі жақын болса
шақыртшы!— деп еді Маймокинге.
Ауылнай мен Қалампыр қосарлана жауап берді:
— Қайным, ол бір кіресілі-шығасылы сөйлейтін бала, əке-шешесі
жоқ, туысқандарының қолында тұрады. Жасынан бір тіні кем болып
өскен жетім, көрінген адамға айтатыны сол: «Мен жетім, мені қорға»
дейді. Бейшараның мақалы бұл...
— Ауылы бірталай жер, Тайлақтың бойында. Маған да талай айтқан
«ауылнай, мен жетім, мені қорға» деп. Ол бейшараны сырын білмеген
адам «зəбір көріп жүрген бала ма?» деп те ойлап қалады. Дүниеде
жарымжан адам коп қой, біреудің есі кем, біреудің көзі жоқ деген
сияқты...
Айтан бұл жауаптан кейін қыз туралы сөйлемеді — ол бұл ибалы
бəйбіше мен инабатты ауылнайдың айтқанына шəк келтірген жоқ.
— Мен шынында да жəбір-жапа көріп келген бір жетім қыз ғой деп
ойлап ем,— деді үй иесінен кешірім сұрағандай. Сонсоң ол кешегі ала
атпен жиырма бес шақырым жер жүріп, салығып, ауылнайдың
кеңсесіне əрең жеткені ойына түсіп, бүгін тағы да салт шоқаңдаймынау, деп уайымдады. Аз отырғаннан кейін сыбырлаңқырап: — Ауылнай,
сен бір арба тауып бере алмайсың ба маған? Салт жүріп кеше мықтап
шаршап қалыппын. Ыссыда салт атпен жүру қандай қиын, оның үстіне
мына біздің ала мəстектің жүрісі иттің жүрісінен де қатты, қандай атқа
мықты адамды да бір мінгеннен кейін беттетпейді, соғып тастайды,—
деді.
Уездің үлкен ұлықтарының бірі, бұрыннан атағы зор Айтан
Ақбасовқа қалай жуыссам, қалай ебін тауып жақындассам, қалай
жақсылық етіп көңілін тапсам деп жүрген бұл ауылнайға тергеушінің
мына сөзі тілегенде сұраған болды да қойды.
— Айта-ақа, менің арбамды жегіңіз. Бəрі бір мен арба жегіп жүретін
кісі емеспін. Күн демей түн демей, жауын демей, шашын демей астыма
не түссе, соны мініп жүре беретін адаммын. Арбам босқа тұр. Мен қазір
оны осы жерге алдырып берейін жəне қыс түскенше жексеңіз де бос.
Тіпті бар ғой, өз арбаңыздай көріңіз,— деп Маймокин есіле қалды.
Ол дастарқанын жинап алып, өз жұмысымен болып жатқан қазан
жақтағы бəйбішеге:
— Қалампыр-еке, сіз қонақтың қасында бола тұрыңыз. Мен қазір бір
жұмыспен сырт жаққа шығып келемін. Қымызыңызды сапыра беріңіз,
қазір келемін,— деп, тергеушінің мақұл көретінін-көрмейтінін де
күтпей, оның жауабына да қарамастан, үйден шыға жөнелді.—
Биекеңнің трантасына байдың ана қос жиренінің бірін жектірт те, бір
сағаттан қалдырмай осы жерге жеткіз. Ал, ат кімдікі деп сұрай қалса,
тергеушіге: «менің атым» де, «пожалста сіз қанша уақыт жексеңіз де
еркіңізде» де. «Бай болмасақ та меймандос ағайыншылық ниетіміз
мол!» де. Сен өзің не айтатыныңды білетін жігітсің ғой. Одним словом
осыны сары ірімшікке сары майды қондыра салғандай орында. Білесің
ғой, əңгіменің неге тіреліп тұрғанын. Бас кетер жерге ат кететін
болсын. Бірақ жымын білгізбе, жігін көрсетпе, қиынын таптырма,
Хамидолла қазіреттің құтпасындай сүмірейт. Бар, тез, тұрма! Бір
сағаттан қалдырма. Үй сыртына алып кел,— деп тапсырды ауылнай
Рақымғалиға.
Мұны естіп тұрған Бисенғалиға ауылнай:
— Шал мыңқылдап жүрмесін... Қыз жөнінде істің қалай біткенін
көрдіңдер ғой. Мəгарки, мал аяп сөз шығарып бағатын біреу болса оған
өзің жауаптысың, осыны ұмытпа. Реті келсе ...шай-сулық бірдеңені де
есіңнен шығарма. Бар, Дəкеңмен сөйлес,— деп өзі үйге кіріп кетті.
Сол күні түс ауа уездік тергеуші əдемі трантасқа жақсы ат жегіп,
екінші ауылға тартты.
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
1
Құрманның ойынан ауыл тез шығып кетті.
Бірінші күні ол базар аралап, дүкендердің қызығымен болса, екінші
күні де оған көретін нəрсе жеткілікті болды.
Өндіріс орындары жоқ болса да, бұл уезд орталығының екі мектебі,
ауруханасы, үлкен клубы, екі асханасы, қалалық моншасы, демалыс
күндері сайрандайтын бағы, мешіті, шіркеуі, кешке қарай жорға
жарыстыратын үлкен көшесі, толып жатқан мекемелері, казармасы,
почта сарайы бар екен. Құрман соның бəрін көрді, оған мұның біріненбірі тамаша, ғажайып нəрселер сияқтанды.
Бұрын көп естіп, бірер рет ішіне де кіріп көргенмен қыр мешіті
қаланікіне мүлде ұқсамайды екен. Қарағай мұнарасы көкке тірелген
үлкен көк мешіттің іші өзгеше əдемі: төбесі сырлы, терезелері
əшекейлі, еденіне жағалай, тесік жер қалдырмай кілем төсеп тастапты
да, оның үстінде көлге қонған шағаладай жыбырлап отырған сəлделі
шалдар, қазағынан ноғайы көп, мінбеде ұзын аса таяққа сүйенген ат
жақты үлкен қара кісі де ноғай сияқты, даусы бүтін үйді күңгірлетіп
уағыз айтып жатыр екен. Ақырындап арт жақтан келіп бұқпалаған
Құрманды көріп, бір қабағы қату арық шал:
— Сит, мүндар, фуражкеңмен қайда барасың!— деп зекіп қалды да,
атып жіберерліктей от шашқан көзімен есікті көзеді.
Өзі де мықтап қымсынып, жан-жағына үрке көз тастап ептеп
жылжыған Құрман арық шалдың зекуінен шошып кетті. Енді
жөнелмесе ұстап алатындай-ақ, ол жалт беріп, кейінгі қатардағылар
мойындарын бұрып үлгергенше кірген есігінен шығып та кетті.
Артына қарамастан ол жүгіре басып, қаланың шетіне қарай беттеді.
Алдыңғы жақтағы үлкен қызыл тас мектептен тап сол кез интернат
балалары өріп келе жатыр еді. «Бұл қандай біркелкі, бір ұядан өрген
балапандай, шұбырған балалар?» деп таңырқап қарап тұрды да, бірақ
жақындауға сескеніп, почтаға қарай бұрылды. Ол сол күні кешке дейін
біреу мен біреудің жұмысы жоқ, жұп-жұбымен қыдырған қыз бен
жігіттерді, кемпір-шалдар да аралас ағаш-ағаштың түбінде саялап
отырған жұртты тамашалаумен болды, бірақ ешкімге жуымай,
ешкіммен тіл де қағыспай өз бетімен жүріп, кештете келіп Жолмұқан
нағашысының кездестіріп кеткен үйіне келді, кемпірдің қолынан
тамақ ішіп, оның салып берген төсегіне жатып ұйықтап қалды...
Хакім қағаз тасушы етіп қойғаннан бері ол қаланың қай жерінде
қандай мекеме барын біле бастады. Елде Қалекештен оқып хат танып
алғаны оған үлкен пайда келтірді. Бір естігенін жаттап ала беретін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 15
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.