Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 12

Total number of words is 4091
Total number of unique words is 2217
37.6 of words are in the 2000 most common words
51.1 of words are in the 5000 most common words
59.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
балалықпен істеп жүр... Мына біз оған қарамауымыз керек,— деді
Хакім кесіп.
Ол аздап қабағын түйе түсті.
— Хаке, мен адасып айтқан шығармын. Ғапу етіңіз. Сізге де, маған да
жақын адам болған соң солай деп ойлап едім,— деді ол міңгірлеп.
Тəжімұрат кіріп келді де, прокурор мен Таңқыбай шаруаның сөзі
үзіліп кетті.
— Хакім аға, мені сұрадыңыз ба? Мен бір уатком предсетелінің
тапсырмасымен сонда айналып қалдым,— деді ашаң денелі жəне өтемөте бала пішінді, беті бір уыс Тəжімұрат. Оның жүзі де балаша жайнай
түсті, Хакім не бұйрық берсе де табанда орындауға даяр, не мəселеге де
əзір адамша, ыңғайлана қалды. Жасы Хакімнен əлдеқайда жас, бірақ
бұрын гимназияның төрт класын бітіріп үлгірген бұл жас жігіт əр
нəрсеге тез көз тіккіш, адамның ішкі сырын шапшаң болжағыш еді. Ол
дөңгелек көзінің бір қиығымен-ақ Таңқыбайдың терлеп-тепшіп жауап
бергендей қысылып қалғанын шалып қалды. Көптен көрмесе де оған
бұрылып сəлем бермеді, тіпті оны байқамаған адамша, құлағын
Хакімге тоса тұрып, стол үстіндегі сия сауытты жөндей салып,
ашылып жатқан ақылы істер заңының жинағын жауып қойды.
Хакім оған сынағандай:
— Мына кісі сені екі-үш сағат күткен көрінеді. Кетіп қалсам ба деп
оқталып еді, мен тоқтаттым. Сенде қауырт жұмысы бар ма, қалай,—
деді.
— А, бұл кісі... асығыс емес шығар. Қалаға келген адам бір шай ішпей
кетпейді ғой. Үй ішіңіз аман ба, Тəке?— деп сұрады Таңқыбайдан, тез
оған мойнын бұрып, бірақ оның жүзі ілкі жайнаған қалпында қалды.
— Маған əнеукүнгі...— деп Хакім бөгеліп қалды да: — ымм, əлгі
Дабылдың... ана істі берші,— деді.
Ол шаруаның көзінше істің атын атамады, бірақ оны Тəжімұрат
түсініп қалды.
— Əлі біткен жоқ ол іс, Хаке. Айтекеңнің өзі қорытынды жазбақшы
ма қалай... Əйтеуір, оны қоя тұр деп кетті,— деді ол халық
тергеушісінің үлкен столына қарап:
— Тергеуші қашан қайтады?
— Бүгін кеш оралар.
— Онда кешке келісімен сол істі бітсе де, бітпесе де менің қолыма
жеткізіп бер. Бітпесе де,— деді прокурор сөзін қайталап.
— Жақсы, Хаке. Келісімен Айтекеңе жеткізейін сіздің
бұйрығыңызды, үйіңізге апарып берейін. Қазір беруге мына өз
столында, Айтекең кілтін өзі алып кетті.
— Шамалап тұрмын, осы столда екенін. Келісімен кешіктірме...
— Жақсы, жақсы!—деді тағы да Тəжімұрат,
«Айттым ғой, пыркаролдан мықты əкім жоқ деп. Халық тергеушісіне
де бұйырады, сотқа да бұйырады... Бəріне бұйырады. Жəне оның
алдында бəрі де құрдай жорғалайды. Шіркін, мына Жүністің баласы,
мықты! Өте мықты!— деді ішінен Таңқыбай, кеңседен шығып бара
жатқан Хакімнің сұлу денесіне қарап.— Бойы да өзіне лайық біткен.
Сырықтай. Маңдай ше? Нағыз марқасқа!»
— Жай ма? Қашан келдің?— деді Тəжімұрат Хакім шығысымен
Таңқыбайға түйіліп.
— Түнде келіп ем, сені үйден де, кеңседен де таба алмай... Ақаң мына
бір қағазды табыс ет деп жіберді.
Ол орамалына қайтадан орап салған қағазды ешкімнің көзіне
түспеген қағаздай-ақ баптап шығара бастады. Таңқыбай қолын
созғанша болмай қағып əкеткен қағазға Тəжімұрат тез көз қиығын бір
тастап жіберді де:
— Ешкімге көрсеткен жоқсың ба мұны?— деп сұрады, өзі жалма-жан
ойланып, сұқ қолының тырнағын тістелей түсіп.
— Айта көрме. Кімге көрсетуші ем! Ақаңның қағазын біреуге
көрсетіп — мені жын ұрып па соншама! Кеше Ақаң берісімен қалтаға
салдым да, түнде бері шығып кеттім. Түні бойы шоқытып отырып, таң
саз бергенде қалаға кірдім. Ешкім.ашып оқымақ түгіл, менің өзімді де
жанның көзі шалған жоқ.
— Прокурор саған қайдан кездесті? Осы жерге келген соң көрді ме?
Əлде...
— Осы жерде. Осында мен сені келді ме екен деп кіріп, қайтадан
шыға бергенімде, қай жақтан келгенін білмеймін, əйтеуір сырықтай
болып есікке ене берді.
— Жоқтан өзгенің басын шатып былықтырған жоқсың ба? Байқа,
отағасы! Ақаң сені тиянақты деп тапсырады жұмысын. Кеңсе жұмысы
көп даңғыраны көтермейді.
— Жоқ-а. Мені «қосшы би» деп қалжыңдайды. Біздің қосшы
ұйымына келгенде пыркарол таныс болып қалған бізбен. «Қосшының
жұмысы қалай, қосшы би?» деп ананы-мынаны əңгіме етеді. Өзі
кішіпейіл адам ғой, шіркін. Мен де оған «Хаке, Хаке!» деп күліп,
айтқанын қостай бердім.
— Бар. Мені үйден күт!— деді Тəжімұрат қағазды қалтасына салып.
4
Ертеңіне Хакім уездік халың тергеушісі Айтан Ақбасовты кеңсесіне
шақырып алды да,, бірнеше аңылы істерді тез арада бітіріп беруді
тапсырды.
Прокурор кабинетіне кіруді бұрын да аса жақтырмайтын, əсіресе,
соңғы кездегі кіші Жүнісовтің қылығынан кейін Хакіммен жүзбе-жүз
кездесуден аулақтай бастаған тергеуші ішкі сезімін амалсыздан
тұншықтырды. Ол байсалды түрде тіл қатып, тіпті аз-мұз əзілге де сөз
арасынан ығыстырып орын беруге тырысты.
— Сіз мені тезірек көруге асыққан екенсіз, бірақ мен үйге таң ата
келдім де, ат соғып шаршап келген бойы ұйықтап қалыппын.
Қарындасыңыз...— деп мүдіріп қалды да тергеуші болмашы ғана езу
тартып: — қарындасыңыз ұйқымды қимаса керек, оятпапты,— деді.
Хакім үндемеді. Хакімнің жақыны болмаса да Шолпанды Айтан
онымен бір елдікі деп кейде «қарындасыңыз» дейтін. Бірақ оның бұл
сөзді айтқанда бет əлібінде бір тамыры еріксіз тартып қалғандай
жыбыр еткен мүкі шырай пайда болатын. Қазір тіпті ол сүрініп
кеткендей, «қарындасыңыз» деген сөзді бөліп, мүдіріп қалды. Мұны
Хакім айқын сезді. «Шолпанның кесір келіншек болып көп уақыт ерсіз
жүргені, қатар өсіп келе жатқаны, əзіл-қалжыңға шеберлігі отағасының
бір бүйірінде түйткіл ой қалдырумен келеді. «Өзі бір қызық адам».
«Отағасы» деп Шолпаны құрғыр дұрыс ат қойған»,—. деп ойлады
Хакім. Аздан кейін ол толық денелі тергеушінің жалпақ бетіне тура
қарап, болар-болмас көз құйрығын жұмсарта түсті.
— Қазір сары қымыздың шыққан кезі. Жайлау үсті де шаңсыз. Қырға
шығып желпініп қайту қандай жақсы,— деп еді Хакім, тергеуші оның
алдын орай кетті,
— Жұмыспен шыққан адам қымыз ішіп қарқ қылмайды екен,
ыссыда терлеп-тепшіп күні бойы жауап алумен отырасың да, одан
босасаң шайға қанбайсың. Шайдан өзге сусын жүрмейді,— деді ол
қырдан да, қымыздан да ат-тонын ала қашып.
Хакім тергеушінің бұл пікірін жə қостап, жə шетке ысырып уақыт
оздырып жатпады, өзінің не үшін шақырғанын айтты.
— Төтенше тергейтін жəне тезірек қолға алып, ізін суытпай
бітіретін бір іс бар,— деді де портфелінен Құрманның арызын суырды.
— Міне мына бір арыз. Мұны аға милиционерге жүктеуді мақұл
көрмедім, тек өзіңізге ғана тапсырмақшы болып отырмын. Дабыл
байдың көп жалшыларының заңды талабымен қатар əлеуметтік мəні
зор мəселе.
— Елге шығатын жұмыс па?
— Əрине. Қалада отырып бітіретін іс болса сізді шақырмай-ақ
істеуге болады ғой.
— Ойбай-ау, менің елден келіп жеткенім осы түн емес пе! Түн емес,
таңға жуық. Тіпті таң аппақ атқан соң келдім десе де боларлық. Ұйқым
да шала, бойым да құрыстап тұр, əлі жазылған жоқ... бірер күннен кейін
ойланбасам.
— Айтеке, қазір уақыт бой жазып, ұйқы қандырып, шамырқанып тал
түсте тұрып керілуді көтермейді.
— Мен керілейін деп тұрғаным жоқ қой, Хаке... Қайнаға, сіз менің
сөзіме басқа мағына бермеңіз.
— ...Ең жауапты кезең жаңа туды. Істің ең ауыры да, абыройлысы да
ауылда. Ауылға шықпай болмайды. Мен өзім де, судья да елге
шыққалы отырмыз,— деді Хакім оған жылы шырай бермей.
— Апырым-ай,— деп қинала бастады тергеуші.— Апырым-ай қиын
болды, қайнаға. Қиын болғанда жұмысты айтпаймын, аттан түспей
селкілдеу қиын болды.— Тергеуші жіпси түскен етті маңдайын
орамалмен сипап өтіп сəл ойлана қалды да, кенеттен бір ақыл тапты:
— Маған онда, Хаке, арбаңызды бермесеңіз болмас.
— Арба өзіме керек. Елге шыққалы жатырмын.
— Жасыратын сыр жоқ, ұят болса да айтайын: осы бір кешеден бері
əдейі іздеп тапқандай, тап отыратын жерімде шиқан пайда болғаны.
Ерге бір жанбастап отырып, қалаға əрең жеттім. Менің бүгін үйге
түнделетіп келу себебім де сол қырсықтың кесірі. Əйтпесе, мына
тұрған Қоспадан екіндіде шығып, ілбумен отырып таң атқанша
жүрермін бе. Арба болса, əйтеуір, қисайып жатасың, көлбейсің
дегендей, құйрығыңнан шаншылып отырмайсың ғой.
Сырқатын дəлелдейін деген адамша тік отырған тергеуші отырғыш
үстінде ақырындап бір жанбастай бастады. Хакім күліп жібере
жаздады да, бірақ өзін-өзі ұстап қалды.
— Мына сияқты алып денеге сыздауық буйым ба екен? Таңертең
көрінсе, кешке жоғалып кететін бөрткен емес пе, Айтеке, а?— Ол
семіздігін өлшейтіндей, бұл сары кідір адамның сандалдай шүйдесінен
бастап, біртүтас томар тəрізді тегістеліп кеткен жауырыны мен
белдемшесін көзімен сүзіп өтті. Сонсоң басын шайқап қойды да: —
Айтқандай, арба шын қажет болса ноғайлардың бірінен алыңыз.
Олармен сіз тəуірсіз ғой,— деді.
Айтанның түсі өзгеріле қалды. Оның қызыл бояуы мол жүзі
«ноғайлармен тəуірсіз ғой» деген сөзге бұрынғыдан да гөрі далаптана
түсті. Бұл сөзді əдейі шаншып байқау үшін жанды жеріне тигізе айтса
да, Хакім Айтанның құбылғанын байқамаған болып терезеге қарады.
— Тануын мені татарлардың бəрі де таниды,— деді ол сəл міңгірлей
түсіп.— Дегенмен сіздің арбаңызды оз арбам сияқты қолға жуық
тұрғасын сұрап едім.
«Құдай мені Жүнісовтің тұқымынан қашан құтқарар екен. Бетінде
қаны аз бұл сұр прокурордың бəрі қолында: басқан ізің жіпке тізулі.
Тілін кермейсің бе шөгірдей қадалған! Мені саудагер ноғайлармен
«тəуір» деп кекетеді...»
Оның ойын түптетпей Хакім:
— Ал, келесі сəрсенбіге мына арыздың мəн-жайын ашып түптерсіз,
— деді оған мойнын бұрып.
Сөйтті де ол «əңгіме бітті» дегендей, алдында жатқан бір үлкен
делоны ақтара бастады.
— Жарайды,— деп тергеуші ауыр денесін жеп-жеңіл дөңгелентіп,
есікке қарай беттеді.
Айтан Хакімді жек көріп шықты. «Осыдан құдай қашан құтқарады?»
деген тілек-сұрақ оны кес-кестеп алдын орай берді.
Ол кеңсесіне бұрылмай, үйіне тура келіп еді, бүгін қызметтен ерте
шығып кеткен Шолпан да үйде екен; есіктен кіре бере ол ішінен
бірнеше күннен бері не істерін білмей түтеп, тісін басып жүрген
əйеліне:
— Сенің əлгі кімің еді?.. Кім деуші ең, аға деуші ме ең? Əлде...— деп
əдейі Хакімнің атын аузына түсірмей, ыңырана бастады.— Иə, əлгі
прокурор ағаң тағы да қырға шығаратын болды. Саған да жақсы болды,
үйде оңаша қаласың... Қорықсаң қасына шақыратын... інің бе? Нең еді,
əлгі, ұрыдай терезе, есікті қирата кіріп, бұзып-жарып қашатын...
Үйге есікті салдырлата ашып кіргеннен-ақ «Отағасының» терісіне
сыймай келгенін Шолпан сезе қойып еді. Ал мына Жүнісовтердің атын
атауға да аузы бармай қалғанынан əйел «бір пəлені шығарар-ақ» деп
күтті. Өзі тіл қатпай, əңгімеге мағына бермеген адамша пісіріп жатқан
тамағымен айналыса берді.
— Неге үндемейсің? Ағаң мен ініңнің атын атағанға да риза болмай
қалдың ба?
— Менің ағам да емес, інім де емес. Нағыз шынына келсек, оны,
отағасы, өзіңіз де жақсы білесіз,— деді Шолпан күліп.— Мұны қырға
шығарумен араластырып қайтесіз.
— Жоқ, əлгі ұры сияқты інің мен кеткен соң жылт етер...
— Өзіңізге жақсы болса, соны қайта-қайта бетіме салық қып, алдыма
тарта беріңіз.
— Көзіңмен көрмегеннің бəрін теріс дейсің ғой, ə? Алайда, ұрлық
жасаған адамның ұрлығын көзімен көріп тұрмай-ақ дəлелдеуге
болады.
— Күнəлы болып қайтесіз,— дей салды Шолпан.
Шолпан терезеден қашып шығып кеткен Əлібекті:
«Інімдей көз алдымда өскен бала. Кешке келіп əңгімелесіп отырды
да мен қорқамын деген соң біздің үйде қонып қалып еді. Ал өзің түнде
келіп қалған кезде ол; «Біреудің үйінде қонып жатуды өліммен тең
көрем. Құдай сақтасын, мен кетіп қаламын. Терезеден шықсам да
кетемін,— деп ұялғаннан қашып кетті. Қыздан жаман ұялшақ бала.
Жасынан ұялшақ еді» деп қойған. Бұл сөздің шикі екенін ақты-қараны
айырғыш тергеуші бастан-аяқ түсініп еді. Бірақ əйелі бұдан басқа дəлел
іздеп асып-саспағаннан кейін ол жолы теріс қарап жатып қалумен ғана
тоқтаған болатын. Ал қазір сол бір ойдан кетпей жүрген өліммен тең
таңба: өктем үнді, у тілді прокурордың əрі мезгілсіз жұмсап, əрі
арбасын бермей жəне оның үстіне «ноғайларың бар ғой» деген
кекесінінен кейін тағы да ырыққа көнбей, ар-намыс бетіне білеудей
боп қайта шыға келді.
— Күнəлы болып қайтесің дейсің бе? Иə, солай шығар?— деді ол
кекетіп.— Мұхамбет пайғамбар да солай санаған...
— Бұл тағы қандай жұмбақ?! — деп Шолпан илеп жатқан нанын қоя
салып ерінің бетіне қарады.
— ...Иə, солай санаған. Өзі сұлу, өзі жас əйелі бір ағаштың түбінде жас
сахабамен тас құшақтасып ұйықтап жатқан жерінде үстінен шыққан
Ғалиге: «Күнəлі болма. Ол сахабамен тəн лəззаты үшін емес, жан
лəззаты үшін о дүниенің ғажайып сұлу сипатына ғашық болғандықтан
ең таза пəк сезіміне бөленіп, діни қарындастың мағшұқтығымен
бағырына қысуы ғажап емес — лұғатты. Көз көрмеген нəрсеге көңілің
қара қашпасын, балам»,— деген екен. Сен пайғамбардың əйелі, ана, əлгі
інің — сахаба, мен Мұхамбеттің өзі емеспін ғой діни мағшұқтықты
насихаттайтын.
Айтанның жүзінен кекесін күлкінің шырайы көрініп, айналасы
шағындала қалған көздің құйрықтары қысыла түсті. Ал Шолпан күліп
жіберді.
— Мен бұрын естіген жоқ едім... Шын болса өте ақылды айтылған
сөз екен. Ол жерде Ғалимен қосыла қаһарын тігіп, əйелін жұрт алдында
айыптап жатса, оны халық ақылсыз дер еді, пайғамбар демес еді.
Əшейін бір қызғаншақ, қатын жанды, картаң тартқан, көрінгенге
«шүбəланатын», терісі тар, ақылы тапшы, көз алдынан əрі тұрғанды
көрмейтін еркектің де ішіндегі бір сүлдесізі дер еді. Ал анадай əділ
қазы болу, кең пейілді билік айту данышпан адамдардың ғана басына
лайық нəрсе. Əйел сөзі дөп тиді.
— Асың болды ма? Мен жүремін,— деді Айтан Шолпанның сөзіне
жауап таба алмай бөгеліп.
Бір кідіріп қалса көпке дейін ерінің сөз желісін қайта тарта
алмайтынын жақсы білетін Шолпан оған түсіне қойды. Ол бұл жайсыз
əңгімеге соқтырмау үшін ерін енді басқа жаққа бұрды.
— Мен де ауылға шығар едім, бірақ əйелдер бөлімі қоғам
айыптаушысы етіп белгілеп қойды. Ана əлгі өңшең жуан желкелердің
сотына қатынаспақшымын. Ұзақ уақытқа кететін болсаң іш киім
дайындайын,— деді. Сөйтті де тездетіп астың нанын салып, бір
жағынан жолаушының қамын да қамдай бастады.
Қабаң бұлты бірден-екі жадырай бастаған тергеуші, ас үстінде жіби
түсті.
— Мына еттің жетекшісі болса қандай келісер еді,— деп күбірледі
ол Шолпанға естілер-естілмес өте жуас үнмен.
Əдейілеп сұрасын деген кісіше Шолпан оның ас алдында ішетін
арағын қойған жоқ еді.
Ол ерінің мына тілегін де естімей қалды білем:
— Маған қарамай жей беріңіз. Мен қоржынды қағып, ішіне салатын
сабын, орамалды, портфель, қағаздарыңызды реттейін,— деді.
— Қоржын... осы қоржын бөктеруден құдай құтқармай-ақ қойды,—
деді Айтан налып.— Жүрісі иттің жүрісінен де жаман. Əбден құртты
мына ала ат. Аяңдасаң түйеше теңселеді, бүлкілдесең иман-зікіріңді
аузыңнан шығара зіркілдетеді, бұл қара талақ тигір əбден құртты. Сен,
Шолпан, мен де ауылға шығар едім дедің бе?
— Иə.
— Кімнің арбасын жекпекші ең?
Шолпан «мұны қайтеді?» деп ойлады да:
— Арба іздегенім жоқ. Қырға шықпайтын болғаннан кейін ат-көлік
жөнінде күні бұрын ойлап қайтемін,— дей салды.
Бірақ Айтан өз ойыныңқұшағында еді.
— Шолпан, сен маған Сағитовтың арбасын сұрап алып берсең
қайтеді. Көрші ғой жəне ол саған сөз айтпайды, береді,— деді.
— Қай Сағитов? Почта айдайтын Сағитов па?
— Жоқ. Пошташының арбасы босаушы ма еді. Мына дүкенші
Сағитовтың.
Шолпан Айтанның бетіне танымаған адамша қадалды.
— Отағасы, өз саусағын өзі құрулы қақпанға сұғамын деген адам
айтады мұндай сөзді,— деп əйел оны бірден тойтарды.— Налогін
қалай азайтамын деп аткомнан шығып ақша бөліміне, ақша бөлімінен
шығып прокурорға жүгіріп жүрген саудагерлерден ине сабақтарлық
жіп сұрап көр, ертеңіне сенен келіп жүз сомдық справка талап етсін!
Сағитовтан арба сұрағанша мен иə жаяу, иə салт атпен кетер едім. Қай
болысқа шығушы едіңіз?
— Алысын алыс емес, мына Шідерті аулы.
— Он бес шақырым жерге арба сұратып, қызықсыз өзіңіз, отағасым.
Шолпан Айтанды қосылған күннен бастап «Отағасы» деп атап
кеткен-ді. Өзі ақылды, өзі сөзге жүйрік, оның үстіне тапқыр Шолпан
өзінен мүшел жас үлкен, қырықтың үстіне иек артып кеткен, ірі денелі
сақа адамды «Отағасы» дегені ірімшікке май қондырғандай келісті
шығып еді. Басында құлаққа оғаштау көрінгенмен əлеумет ісіне
араласып кеткен ашық əйелдің еркектерше «Отағасы» дегені келе-келе
Айтанға құрметті, іззет белгісіндей байсалды, тіпті лəззəтті
«Тұлымдым» деген сияқты шап-шағын ат болып қалған. Ал қазір
ақылды əйелінің күні бұрын болашақ пəледен сақтандыра, абыройын
арашалағаны оған қатты ұнап кетті. Жəне оның үстіне абжыландай
ойқастаған қылықты Шолпанның... «қызықсыз өзіңіз, отағасым» деген
сиқыр үнді сөзі оның жуан денесін қытықтап өткендей болды.
Ауытқыған жағын басып кететін мығым салмағы сияқты, оның мінезі
де қолп етпе, бір кетсе морт кететін аумалы қалпында лықсыды.
— Отағасыңның қамын алыстан жегенмен, кейде жұрт көрер жағын
ұмытып кетесің-ау, Шолпан,— деді ол наздық мұқаммен.— Əңгіменің
төтесі барар жердің алыс-жақынына бөгеліп тұрған жоқ. Мəн басқа
жақта. Сен коп нəрсені байқамайсың. Көлденең сөз жаман, улы тіл
жаман. Осындағы бір мысқылшыл адамдар сыртымнан келеке ететін
көрінеді. Ол келекесінің бəрі менің атым мен денем төңірегінде.
«Александр III келе жатыр, қара! Əне, əне!»— дейтін көрінеді
сыртымнан. Онысы Петербургтың вокзал алаңында Александр
патшаның ат үстінде тұрған дығал ескерткіші бар. Оны басында
орнатқан адамдардың ойынша: Ресей патшалығының құдіретті
пішінін көзге елестетерлік ірі тұлға етіп көрсету ме, қалай. Əйтеуір, өте
оғаш ескерткіш. Өзі атынан ірі, аты өзінен де мығым томардай неме.
Көрген адамның құты қашарлық. Ала атқа мініп келе жатқан мені де
соған теңейтін көрінеді. Мұны шығарып жүрген мына менің қу
секретарым — Тəжімұрат. Міне, діңдей халың тергеушісін сырттан
ажуалау. Шынында да алпамсадай болып, үлкен ала аттың үстінде
жалп-жалп етіп текіректеп келе жатқаным аса көрнекті емес-ақ.
Прокурор фаэтонға пар ат жегіп шығады, судья да тарантасты, ал
тергеуші... ай, өлмесем бір ат-арба сатып алармын-ау.
Айтанның соңғы сөзі Шолпанға шағым еткендей өте сынық
пішінмен жүдеу шықты.
— Дұрыс емес, отағасым, дұрыс емес,— деді əйел басын шайқап.—
Халық тергеушісі халың адамы. Салтанат құратын қара таяң оқымысты
емес. Керек жерде ат түгіл, жаяу жүруі де ұят емес...
— Е-е-е,— деді Айтан дыбыссыз күліп.— Уком қызметкері екеніңді
бір көрсетіп қал. Тоқым төсеп, ер жастанып жатсақ та болады де. Е-е-е!
—- Судья мен тергеушіні халық жұмсақ пəуескесі мен төгілген
жорғасына қарай сыйламас...
— Үгіт-насихат жұмысы басталды, е-е-е.
Кетерде Айтан Шолпанның бетіне ұзақ қарап тұрды да, атына мінді.
Оның ойына терезеден қашқан жылмаң студент тағы да жылт етіп
орала кетіп еді. Ол үлкен ала аттың бүйірін солқ еткізіп тебініп қалды.
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
1
Жібек мінезді, өмірі ренжіп сөйлемейтін, туған-туысқанның көңілін
табумен күні өткен, үй ішінде ақ жарқын, бөтен жерде ақылды, əзілге
ұста, көруге ажарлы сүйікті жарының Хакім бүгін бірінші рет ақ
көңіліне дақ салды. Əңгіме Əлібектің əнтек сапарынан басталды.
— Тамақты неге аз жедің, басың ауырып отырған жоқ па?— деді
Меңдіқыз қызметтен жабыңқы келген Хакімнен.
Хакім еттен ауыз тиейін деген кісіше қолының ұшымен ғана бір-екі
рет алып, сорпа ішесің бе деген əйеліне жауап берудің орнына:
— Əлібектің Ақметшенікіне кеткенін менен неге жасырдың?— деді.
Оның үні бұрынғы өзінің қоңыр даусы болғанымен, Меңдіқызға зілді
кінə таққандай естілді. Бірақ жұмсақ шырайдан арылмайтын үлкен
көзін Меңдіқыз онан əрі үлкейте түсті. Мені шынымен айыптайсың ба
дегендей езу тартып, азды-көпті кінəсын қарсы тіл қатпай жуайын
деген оймен, əйел назды қараспен ғана тынды.
Сорпаны да тауыспай Хакім кері қайырып, жауап орнына кешірім
сұрағандай жаутаң қаққан Меңдіқызға сазара қарап отырды да:
— Саналы əйел дейді сендерді,— деп зілдей сөзбен ар-намысты бір
шаншып өтті.
Оның көп жыл бойы заң жұмысында болып, қарсы тарапты ашумен
алмай, сабырлы түрде, дөп тиетін ұшты сөзбен жанышатын əдеті
байқаусызда əйеліне де қатты тиіп кетті. Түсін бір өзгертпей бірнеше
минут тура қарап отырып алып, тағы да:
— Оқыған, көзі ашық, ерлерінің ұстаған туын көкке көтерісетін
саналы əйел дейді сендерді,— деп созды.
Əрі ауыр, əрі жанға тиерлік сазарыңқы пішін жəне дастарқан
үстінде, мына ошақ басында, соққыдан қатты меңдететін сұп-сұр қарас
ұзақ уақыт өзгерілмей қалды.
Əйел шыдамады. Оның қолындағы ожауы түсіп кетіп, алдындағы
табаққа шалп ете қалды да, стол үстіне майлы қою сорпа жылжыды.
— О, жасаған, жазығым жоқ еді ғой соншама ауыр сөз естігендей...—
Жалма-жан жерге еңкейіп сорғалаған сорпаны орамалмен сорғызып,
стол əбігеріне араласқан Меңдіқыздың құлағына бұрынғы айтылған
сөздерден əлдеқайда басым, əлдеқайда қорғасыны мол суық лебіздер
түйдек-түйдек соғылып жатты.
— ...Достың, жақындық алдымен ақылдың жетегіне бағынышты. Ойпікірі алшаң, мақсаты алшақ адамдар дос та бола алмайды, жақын да
бола алмайды. Сол сияқты қоғамның билік тізгінін қолына ұстап
келген бұрынғы бай-бектер мен жалшы-батырақ қалай қол ұстаса
алады? Он сегізінші жылы Жанша, Салың, Қуанай, Ақметшелердің
хандығын құлатқанда он жыл өткен соң солармен құда түсіп, кит киіп,
төрге төсек жайып отыру үшін жан берістік пе?! Ойлау керек емес пе?!
Ақметшелермен «жақын», «тума» деген сөзді кейде сырттан кекетіп,
кейде көзге айтатынды шығарды жұрт. Совет өкіметіне аңдысын
аңдып, тісін басып қана отырған адамдардың заң бақылаушымен қол
ұстасқанын халық не деп бағалар? Менің жақтаушым, менің
қорғаушым дер ме, əлде басқаша атар ма?..
Сорпа төгілген еденді еңбектеп жүріп сүрткіштеп, орнынан тұруға
ұмтылған аяғы ауыр Меңдіқыз белі кілт ете қалғандай болды да,
шоңқайып отырып қалды. Ол ыңқылдай түсіп, жанындағы отырғышты
медеу етті, бірақ қатты қобалжып, буын-буынына оқыс жүгірген
дəрменсіздік жылжуға да, еңсесін көтеруге де ырық бермеді, қол-аяғы
тегіс дірілдеп:
— Жазықты мен, Шырақта жазық жоқ. Қалай айтсаң да маған айт, не
айтсаң да өзіме айт. Шырақ ести көрмесін. Қыз да... ол да,— деп
ыңқылдады Меңдіқыз сөзін аяқтай алмай.
Хакім орнынан ұшып түрегеліп əйелінің қолынан ұстай алды,
қолтығынан демеп тұрғызды да, сүйемелдеп əкеліп диванға
отырғызды.
— Байқау керек қой,— деді ол ақырын ғана.
Оның үні өзгеріліп кетті, бірақ қайырып тіл қатпады. «Байқау керек
қой» дегені аяныш сезіммен айтылса да, арғы жағын созып елжірей
түсуді мақұл көрмеді. Тек қана: «Байғұс, күні жетіп отырғанда əлденеге
ұшырап қалып жүрмегей» деген үрейлі ойды ішінен қайталай берді.
Диванға отырып, аз саябыр тапқан əйел, лезде буынын жинай
бастады да, ширай түскен дене дəрменсіздігі енді жан жүйесінің босап
жүре беруіне кезек берді. Ыстық жасты өр кірпіктер сығып шығарып
бетке сорғалата түсуі мұң екен, бір мезет мырсылдай түсті де, аздан
кейін əйел солқылдай жөнелді.
...Бетіне бұрын қатты сөз айтып көрмеген сүйікті ері соншалық сана
намысын қозғауы не қорлық?! Меңдіқыз түсінбей ме? Достықтың,
жақындықтың ақылға бағынышты екенін айыра алмайтын ба еді?!
Саналы əйел екенін білмейтін, бұл сөздің бағасын түсінбейтін ол кім
болғаны?! Еркіндік, теңдік туын жұртпен бірге бұл көтеріспеді ме?
Оқыған қазақ қыздарымен бірге жаңа өмірге араласа түспеді ме? Хат
танымайтын əйелдердің қолына қалам ұстатқанның бірі Меңдіқыз
емес пе? Сауың үйірмесін құрып, талапты əйел қыздарды сахнаға
жетектеген жоқ па? Əнші Тəмтимен бірге егіз қозыдай жастарды жаңа
өнерге баулыған кім еді?.. Қазақ қызын сүйгеніне, бақытына, арманына
іркілмей аяқ аттауға шақырған... шақырғандардың.:. бірі Меңдіқыз емес
пе?..
Меңдіқыздың ыза кернеген жүрегі біраз саябырлап, көз жасы
толастаған бір шақта, терезе алдында ойланып тұрған Хакім қасына
таман жақындады. Маңдайын қос алақанымен басып, жағын таяна
төмен қарап отырған əйел ерінің адымын санағандай болды. «Қасыма
отырып басымды ұстар... қол орамалмен көзімді сүртер, жұбатар...
сүйер» деп күтті.
— Өзіңді-өзің аяуың керек қой, аяғың ауыр. Соншама солқылдап...
сен бала емессің ғой,— деді құшағын күткен ері салқын лебізбен.
Меңдіқыз оның бетіне жалт қарады да:
— О, жасаған, неге қатты жараттың соншама?!— деп қайтадан өкси
жөнелді.
Оның ойына екіқабаттығы жаңа ғана түсті. Бірінші рет көтерген
баланың дүниеге келу қияметі көз алдына елестеді. Қорқынышты,
үрейлі бүл тағдыр ісі əлдеқандай қасірет сыйламақ?! Əлде балдан тəтті,
бұрын көрмеген, сезбеген өмір уызына қандырмақшы ма?!
Тұла бойын еріксіз билеп кеткен ащы өксік сабалап өткен нөсердей
біраз солқылдатқаннан кейін тағы да толастай қалды. Енді ол ерінің
алдында қандай жазығы барын, нендей күнə жасағанын талдай
бастады. Ойына алдымен «əкесі бекзат болса, қызында не жазық бар?»
деген кешірімді дəлел оралды. Бұл оралып та қоймады, қайта-қайта
жолын бөгей берді: «Тегі жаттың махаббатқа кесе-көлденең тұра ала
ма? Егер де бай қызы жалшыға ғашық болса қайтер еді?..»
Меңдіқыз бейне бір тереңде жүзіп қары талып келіп, жағаның
жөкедей берік айыл қоғасына қолы жаңа іліккендей болды. Оның
бұдан арғы ойлары қызылды-жасылды жібек жіппен ақ орамалға
төккен кестедей жатық көрінді. Бұл кестесі жымдасқан ойдың ешкім
мінін таба алмайтын сияқтанды. Шынында: «бай қызы есігіндегі
жалшысына ғашық болса, бұған құдіретті əке ғана қарсы, өйткені ол
жалшыны қызына тең көрмейді. Ғашық қызының кіршіксіз
махаббатын аяқ асты етіп, сүймеген мырзаға матап, ішінен шыққан
перзентін мəңгі-бақи қасірет уына бөлейді. Мұны тағы заманның қатал
заңы дейміз. Ал бекзат текті адам қызын оқыған жасқа берсе, мұны
қыздың өзі қаласа, өзі сүйсе, өзі ғашық боп ұмтылса қалай? Бұған
кедергі жасаған жанды кім дейміз? Тегі жат деп жаны сүйген екі жасты
қоспау қандай заң?..»
— Сен қатал жансың, Хакім,— деді Меңдіқыз. Сөйтті де, ол өз сөзінен
өзі шошып кетті. Сүйген жарына, ешбір жанға тең көрмейтін, дүниедегі
ер атаулының біріне теңеуге де аузы бармайтын, тəтті лебіз, жібек
шыраймен ғана тіл қататын; тəңірісіндей еріне «қатал» деген атақ тағу
оған күпірлік сияқты көрінді. Ол жалма-жан бұл сөзді жеңілдету үшін:
— мына қарашы... жүрегімнің аттай тулап тұрғанын!.. Қорқып кеттім.
Қуқыл тартқан түсіңнен қорқып кеттім, өте суық көрініп кетті маған.
Сонсоң жыладым.
Кешір, өтінемін... жəне «қатал» деген сөзімді кешір, аузымнан
байқамай шығып кетіпті,— деді мұңайып.
Хакім оның жүзіне аз уақыт аяныш көзбен қарап тұрды да:
— Сен де кешір, Меңдіқыз, менде де қатты айтылған сөз болды.
Бірақ оның себебі де бар. Дегенмен, сен кешір, Меңдіқыз. Мына күйіңде
сені ренжіту маған ауыр жəне келіссіз. Бірақ өз басым үшін емес, оны
да ойла,— деді.
Екеуі аз уақыт үндемей қалды. Іштей кінəласқанын, кешіріскенін
үнсіз көз ыстығымен ғана үғынысты.
— Мен бір сауал берсем ренжисің бе, Хакім?
— Бер. Қандай сауал?
— Бірақ ренжіме. Мүмкін, бұл менің түсінбейтін нəрсем шығар...
— Иə, айтып көр.
Төмен қарап, сөз тізбегін дайындағандай аз ойланып отырды да,
Меңдіқыз жұмсақ үнімен əсемдеп сөйлеп кетті. Ол сөйлеп отырып, соз
арасында қабағын кере қалатын. Хакім оның сол қабағын кере қалатын
жерін аңдыды, өйткені бұл қабақ керу сөзінің ең дəлелді жерін бөліп
ерекшелейтін əдеті еді.
— «Əйел мен еркектің правосы бірдей ме?» деп сұрақ қойсам, оған
кім болса да қазір «бірдей» деген жауап береді. Өйткені, əйел мемлекет
ісіне араласа алады, мектепте сабақ бере алады, фабриканы басқар
десең, оны да басқара алады. Ал махаббат, сүю деген ежелгі ер мен
əйелдің арасындағы табиғи тілекті қазақ қызы жігітпен тең түрде
көкке көтере алмайды. Бұл қалай?
— Түсініксіз.

Түсініксіз
болса
түсіндірейін.
Мысалы
таныс:
Ақметше.
Ақметшенің қызы. Мен жақсы білемін — Гүлжиһан менің қайнымды
сүйеді. Ал қызды, сөз жоқ, менің қайным да сүюге тиіс. Бірақ оны бай
қызын сүйесің деп жабыла айыптауға дайын. Егер де қыз «мен қалайда
Əлібекке қосыламын» деп шықса, жұрт үндемес еді. Амал не, қыз бұлай
етіп əшекерелеп қосыла алмайды. Сондықтан мен қорқамын, екі
жастың асыл махаббаты «бай» деген пəленің кесірімен құралайдың тас
бұршағы соққан қызғалдақтай кемеліне келмей солып, семіп қалмағай.
Хакім басын шайқады.
— Басыңды неге шайқайсың, бұл ақиқат қой!..
— Мен сені, Меңдіқыз, тағы да ренжітейін: сенің қайның табы жат,
Совет өкіметімен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, іштей жау
адамның, жау болғанда анау-мынау емес, өте қауіпті, ақылды жаудың
қолында. Мен мұны бүгін уездік комсомол комитетінің хатшысына
айтып, ана комсомолдарыңды тəртіпке шақырыңыз, жаңа заманның
қайраткер маманы болып шыққалы тұрған совет мектебінің студенті
атын былғатпаңыз деп тапсырдым.
— Бұл қалай болғаны, Хакім? Бұл Шырақты мектептен де,
комсомолдан да шығарады деген үкім емес пе?
Меңдіқыздың жүзінде жылауға таяу қалған адамның үрейлі пішіні
лыпылдай қалды да, үлкен көздері шарасынан шығып кетерліктей
үлкейе берді.
— Əлбетте, сол комсомолдық пернесі сыннан өтеді, иə шертуге
келмей үзіліп кетеді, иə болмаса ысылып, кедір-бұдыры жоғалып
ширап шығады.
— Бүл сұмдық, Хакім...
— Бұл адалдық. Бұл қылапсыз əділдік. Іші кедір-бұдыр, сырты жыпжылмағай адам жаңа өмірдің күрескері бола алмайды. Ауызбен алдап,
көз тасада жеке басының, қара басының құлы болып, қоғамнан бөлек
жайылу жігіттік емес. Қазақ: «Жігіт болсаң бір сырлы бол», дейді. Бұл
алдаушы болма деген сөз. Сен неге жыламсырайсың? Революция
кезінде қасың қанын пида қылған адамдар кейін сол революцияға
опасыздық жасау үшін жандасқан жоқ қой. Қазір тап сол
революцияның ең сынды кезеңі: қанаушы жеке байлық иелерінің
тобына қосыласың ба, əлде еңбегінің жемісін адамша пайдалануға
ұмтылған халықтың қатарында тұрып жұртыңа абыройлы іс
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 13
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.