Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 01

Total number of words is 4288
Total number of unique words is 2234
34.6 of words are in the 2000 most common words
49.5 of words are in the 5000 most common words
56.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Екі бөлімді роман
БІРІНШІ БӨЛІМ
БІРІНШІ ТАРАУ
ЕКІНШІ ТАРАУ
ҮШІНШІ ТАРАУ
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
БЕСІНШІ ТАРАУ
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
ОНЫНШЫ ТАРАУ
ОН БІРІНШІ ТАРАУ
ОН ЕКІНШІ ТАРАУ
ОН ҮШІНШІ ТАРАУ
ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ
ТҮСІНІКТЕР
ЕКІНШІ БӨЛІМ
БІРІНШІ ТАРАУ
ЕКІНШІ ТАРАУ
ҮШІНШІ ТАРАУ
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
БЕСІНШІ ТАРАУ
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
ОНЫНШЫ ТАРАУ
ОН БІРІНШІ ТАРАУ

БІРІНШІ БӨЛІМ
БІРІНШІ ТАРАУ
1
Жайық алқабының көктемі ала-бөле жарқын келеді: жұп-жұмсақ
қоңыр ала бұлттарды баяу жел ақырындап ысырып əлдеқайда асырып
жатады да, көкек айының өзінде-ақ дерткен жер күн нұрына балқыған
сайын шөп түгі тұтамдап өсіп жүре береді. Дөңес біткенді қара бұйра
жусан бүркейді: ылдиды көк бидайық пен түбіттей қалың бетеге
жауып кетеді. Ал, қырат біткенді өрмелей балқурай бойын жазып,
еркек басын жарған кезде албыраған ақ раушан гүлдерге асылып көк
көбелек шарқ ұрады; сол шақта төскей-төскейден балмағыз атқан илан
иісі аңқиды, самал желпіген сайын киік оты мұрынды қытықтайды.
Сөйтіп, көктемгі дарқан дала хош иісіне еліктіріп бойың мен ойыңды
бірдей билейді. Əсіресе ертеңгі мезет өзгеше: сағым құшақтап, самал
жел теңселткен сұлу сахараны тас төбеге шығып алып ұршықша
иірілген боз торғай бейне-бір əлдилеп тербетіп тұрғандай көрінеді...
Осындай бір қырдың сəн-салтанатқа бөленген шағында үлкен қара
жол үстінде фаэтонға қос қара көк ат жеккен жолаушылар кетіп бара
жатты.
Жол табаны тақыр да шаңсыз еді. Жеп-жеңіл солқылдақ фаэтонның
жұмсақ шинді дөңгелектері зырлап бара жатқанда болмашы ғана тозаң
жоғары көтерілмей, ақжіптеніп қана шөгіп жатыр, аяғын шеңгелдеп
тастап пəрмен шоқырақпен келе жатқан пірəшкедегі жұмыр қара көк
те шаң көтерер емес — ол жолдың жалды жиегінен əрі шөпті
тепсеңмен төпеп келеді.
Ұзын жол үстінде не көп — жолаушы көп қой: арбалы да, жаяу да
кəрі де, жас та ағылып жатады, бірақ бұл жүргіншілер өзгеше: аттары
мен фаэтонына да, оның үстіндегі адамдарына да кездескен жан бір
көз тастап қаларлық.
Арбада үш кісі отыр, оның екеуі артта, біреуі алдағы козлада.
Козлада отырған делбешіге онша лайықты емес — кейінгі екеуі
сияқты бұл да мұнтаздай орысша киінген — басында қара қалпақ,
үстінде сұр шекпеннен тіктірген гимнастерка, галифе шалбар, аяғында
хром етік. Оның үстіне жəне осы өлкенің қожасы бір ғана өзі сияқты
сұлу қара мұртты шиырып тастап, шекесінен қарайды, онсыз да ұшып
келе жатқан аттардың делбесін кере тартып қойып, іркуге мұрша
берместен қағып-қағып жібереді.
Аттар серіппедей жазыла түсті: сонадайдан көрінген бел-белестер
ұршықша үйіріліп ə дегенше-ақ артта қалып жатты.
Жүрдек ат пен жүйрік тазының жайын біреу айтса кешке шейін
жалықпай тыңдайтын, ал өзі айтса бой бермей таң атқанша
күжілдейтін бұл делбеші қазақ қос қара көктің жүрісіне аса риза болып
кетті. Оның үстіне көктемгі өңді даланың сəнді түрі көзін тербетіп,
самалы жанынан желпи түсіп шаттық əсеріне бөледі де, ішіне сыймай
келе жатқан сыр-сезімін ақтаруға асықты. Ақтармаса бола ма! «Қарауға
көз керек сүмбідей керілген, бір түсті, бір тұрпатты қара көк аттарды
жалтыраған қара фаэтонға пар мына отырған патшаның баласындай
екі жігіт ше? Біреуі нағыз... мықтының мықтысы! Бүкіл уездің үстінен
қарайтын пыркарол ол! ал, екіншісі — қазақ баласы аяғын аттап
баспаған, сонау Мекеден де алыс, Құдыс шаһарынан да сұлу қаладан
оңып қайтты. Екеуінің пормасын қарасайшы, Петербордан келген
жылғы кəдімгі Шұғылдың Ықыласынан да сымбатты! Ықылас емес-ау,
Жанша ханыңның өзінен де мығым, құдды сұлтандар секілді...» деп
ойлап делбеші көтеріле түсті. Сөйтті де лықсып ішке сыймай келе
жатқан ойды айту үшін аттан бастап:
— Қанаты бардай-ақ жерге аяғы тимей келе жатқан жоқ па, а?
Айыбы тек мыңғырған байдың малы демесең, жануар екеуі де қыл
құйрықтының жүрдегі! Тұлпар, белкүллі тұлпар! Айшылық жолды
алты басатын жез тұяқ! Жаман ағаң атты таба да біледі, айдай да
біледі-ау өзі. Солай ма, балдар?— деді ол арт жаққа қарап.
Күймесін кері қайырып тастаған фаэтонның жайлы жұмсақ
арқалығына сүйеніп шалқайыңқырап отырған екі жігіт езу тартып
біріне-бірі қарады да, көңіл күйі кемерінен асып келе жатқан делбешіге
мақұлдағандай, бастарын изесті. Бірақ, жə аттардың жүрісіне, жə делбе
ұстау шеберлігіне бір ауыз болса да мақтау лебіз күткен делбеші екі
жігіттің үнсіз ғана бас изегеніне көңілі көншімеді. Ол тағы да атты
сылтау етіп:
— О жез тұяқ, көсіл, көсіліңкіре! Жүре алмасаң саған серт, жүргізе
алмасам маған серт!— деп шеткі атқа шүйіле түсіп, енді өзін
қошеметтеуге бет бұрды.— Қалай, балдар, ағаң атты айдай ала ма?
Есек жеккен адамдай ілбітіп, осындай аттармен жұрт ара қонып
барады, мен сендерді қалаға ел орынға отырмай-ақ жеткізейін.
— Жеткізесіз, Сүлеке, жеткізесіз. Мына жүріспен сіз Қызылүй түгіл
бүгін Қаратөбеге де құлап кетерсіз, тым қатты айдаймын деп
аттарыңызды зорықтырып алып жүрмеңіз,— деді отырған екі жігіттің
үлкені, ақыл берерлік салмақты пішінмен.
Делбеші оның пішініне назар салмастан еңсесін көтеріңкіреп алып,
бүлдіргесін білегіне кигізіп, шыбыртқы ұстаған оң қолымен қара
мұрттың миығын шиыршықтай түсті.
— Семізден ұстап жеккен тоң ат дейсің бе, қарағым-ау, зорығу қайда,
біреу қайда! Жем жеп, бір шек болып қамшыдай қатып алған
жануарлардың сілтеуін көрмейсің бе! Бүл аттар екі жүз шақырым жер
жортсаң да танауын қақпайды. Ал, біздің Қызылүйге дейін небары жүз
отыз-ақ шақырым, оның үстіне күн де қағу, жол да тақтайдай, қызақыза келгенде екіндіге шейін де құлап кетерміз əлі. Белкүллі, солай
емес пе, ə?
— Сүлекең желпінді...
— Сұрама, шалқып келеді.
— Мына аттардан басқа малы бар ма Сүлекеңнің?
— Мына аттардан басқа дейсің бе?.. Мынадай ат арбасы болса Орал
түгіл Орынбордан бір-ақ шықпай ма Сүлекең! Арба да, ат та Нұрыш
ағаңдікі ғой,— деді салмақпен сөйлеп келе жатқан екеудің үлкені. Сырт
пішіні бір-бірінен аумаған бүл екі жігіттің кішісі таңданған пішінмен:
— Сүлекең ағай əлі байи алмай келе ме?— деді козладағы делбеші
естіп қалар дегендей сыбырлай сөйлеп.— Əлі күнге сауынға сиыр,
мінуге ат сұраумен келеді ғой, шамасы,— деп қойды.
Үлкені оған:
— Ағаңның өзінен сұра, бұл жайды ол өзі жақсылап айтып береді,—
дей салды.
Фаэтонда отырған бұл үш адамның делбе ұстағаны: «Ақ Жайық»
хикаясында кездесетін Сүлеймен еді де, ал артта отырған Хакім мен
оның өзіне тетелес інісі Əлібек болатын. Əлібек алыстағы астана
қаладан жаз демалысқа келе жатқан оқушы болса, Хакім жаңада ғана
уездік прокурор болып тағайындалған-ды. Бірі үлкен əкім, бірі үлкен
оқу оқып қайтқан білгіш: туысқандарын губерниядан уезге алып келе
жатқан ақжарқын Сүлейменнің бала көңілі Шалқар көлінен де жалпаң,
кемерінен асып тасқындап келе жатыр еді.
Табаны ойылып, шыңы молаймаған көктемгі қара бұйра жолмен
желгіш көктер зырлай берді де Сүлеймен ойын жеделдете түскендей
болды. Күн де қағу еді.
«...Пыркарол! Қазақтан пыркарол болған жалғыз Жанша. Онан басқа
пыркарол бола алған қазақ баласы жоқ еді, енді мына біздің Хакім
болды. Əй, біз де осал емеспіз-ау! Жоқ, осал емеспізі..» Сүлеймен
кеудесін көтере түсті де, əлде не бір ойға шомып отырған арт жақтағы
Хакімге жалт қарады. Сөйтті де өз ойына өзі шүбəланған адамдай:
— Хакімжан, біздің қазақта осы Жаншадан басқа пыркарол болған
адам бар ма? Бұрын деймін-ау... Қазір міне өзің болдың ғой. Меніңше
осы екеуіңнен басқа, белкүллі ешкім пыркарол бола алған жоқ.
Əлбетте бола алған жоқ. Қайдан бола алсын. Пыркарол болу үшін
мына сен сияқты алты да алты — он екі жыл, тағы екі жыл, не бары
атандай он төрт жыл оқу керек. Солай емес пе, ə?— деді.
Хакім оның бұл сұрақты неге қойғанын бірден ұқты.
— Сүлеке, Есенгелдіден сыңар тайың ғана кем болып келе жатыр-ау
деймін, ə? Бұл ат айдауыңнан да, иығыңды көтере түсуіңнен де,
қалпағыңның етегі едірейгені былай тұрсын, оны жел ұшырып
кетерлік етіп қоқырайта кигеніңнен де көрініп тұр,— деп күлді,— мені
хан Жаншаға теңегің келеді ғой, солай ма?
— Неге теңемейін, өзің сондай болсаң! Оқуың да сонан бір елі кем
болмаса! Теңеймін, екеуіңнен басқа кім болды пыркарол? Болса айтшы
кəне, айта алмайсың. Түк айта алмайсың. Айтар едің, бірақ басқа жоқ.
Есенгелдіден сыңар тайың ғана кем болып келе жатыр дейсің. Тура бір
тайым ғана кем. Кешегі өзімнің Текеден оқу бітіріп алып қайтқан
Хакімім пыркарол болса, менің кім болғаным! Есенгелдіден бəлкім бір
тайым артып та кеткен шығар! Он мың тайдан басқа онда не болды
дейсің. Ол жау алғырды бір жау қуса бітті ғой, тіпті жау алмай-ақ
кешегі жиырма бірінші жылғы жұт кездессе, Есенгелді не істер еді?
Құрығын сүйретіп жаяу қалар еді. Он мың тайдың кұны бір жұт,— деді
атшы ойын əбден нықтап армансыз дəлелдеген жанша, мұртын бір
сипап өтіп. Хакім орнынан көтеріле түсті.
— Айтқаныңыздың, Сүлеке, бəрі рас. Жалғыз-ақ бір жері теріс. Ол
мынау: бұрын Жаншадан басқа қазақта прокурор болған адам
кездеспесе, енді ондай прокурорлар біздің Қазақстанда жиырмадан
астам. Сіз Ғаббасты білесіз бе? Губерналық прокурор, кəдімгі Жетпістің
Ғаббасы. Ол Жаншадан əлдеқайда құдіретті. Бүкіл губерна қол
астында, заң бақылаушы. Ал Жанша дегеніңіз округтік сотта
прокурордың серігі ғана болған кісі жəне Жаншаның бақылаған заңы
басқа — ол ақсүйектердің, байлығы асқан көпестердің, казак-орыс
атамандарының шығарған заңын жүзеге асырды. Ал, біздің прокурор
мына сіз сияқты кедейлердің еңбегімен күн көрген шаруалардың
жоғын жоқтайтын прокурорлар. Мұндай прокурорлар Семейде,
Қызылжарда,
Ақмолада,
Жетісуда,
Торғайда,
Ақтөбеде
— Қазақстанның барлық жерінде бар. Сондықтан мені Жаншаға теңеуіңіз
теріс. Менің лауазымым кіші болғанмен, істейтін ісім зор — ерікті
халықтың қамын көздейтін заң.
— Рас айтасың ба? Қазақтан соншама көп пыркарол шықты ма?
— Ақиқат... Барлық губернада губерналық прокурор бар, барлық
уездерде де уездік прокурор қызмет істейді. •
— Хакімжан, мен сенің Жаншадан да ұлығырақ болғаныңа қарсы
емеспін. Жаншаның ұлықтығынан маған тиген пайда аз. Жəне өзін де
бір-ақ мəртебе көрдім — ана жылы күздігүні. Шұғыл қажының үйіне
ЬІқылас ертіп келгенде көрдім, онда да бір шақырым жерден, көлден
құс атып жүргенде көрдім. Ал сен болсаң мына қасымда отырсың, сенің
онан да ұлық болғаның керек маған. Илаһи бол!— деп атшы
құшырлана түсіп, аттың делбесін қағып-қағып жіберді.
Өз ауылынан аулақта жүрсе де ел шаруаларын күнде көріп сөйлесіп
жүрген Хакім Сүлейменнің шағын ұғымына таңданған жоқ. «Кешегіден
бүгін тəуір, прокурор деген сөзді білгеніне, оның жəне мағынасы
зорын түсінгеніне ризамын. Өмір əлі онан да қиынын үйретер, енді бір
он жылда атты емес, машинаның құлағын да ұстар біздің Сүлекеңдер.
Əй, өзі де бала сияқты емес пе. Тура балаша мақтанады менің
прокурорлығыма, Əлібектің алыста оқығанына төбесімен көк
тірегендей мəз» деп ойлады ол.
— Есіттің бе, ағаң сөзін: «Жаншадан да ұлығырақ бол» дейді.
Қазекеңнің ұлықтық несін алған десейші... Хакім сөзін аяқтап үлгірмеді,
айқайлап əн салатын адамша інісі орнынан көтеріле түсіп, басындағы
кепкасын оң қолына алды да:
— Дүниеде не сұлу дегенде ғараптың бір ақыны: көк орай
шалғынды дала сұлу, сылдырап аққан су сұлу жəне жар сұлу деген
екен. Сол сұлу далам мынау ғой!— деп көтерген қолымен алысты орай
көрсетті.— Бəрі үйреншікті, бəрі ыстық жерлер, бəрі жүрекке жылы
суреттер. Қараңызшы. Тағдырдың мейрімсіз құшағында дегеніне
жетпей арманда өткен Бекей мен Маулананың бір кезде қол ұстаса
жүгіріп бəйшешек терген кербез көлінің əсем жағасы! Жаңағы Сүлекең
айтқан тайы ғана он мыңнан астам дəулетті Есенгелдінің мына тұрған
Бұрғымашы! Анау шөгіп жатқан ақбас атандай Сынтас тауы! Анау
даланы шимайлап аққан қос Аңқаты! Анау етегін сағым ораған
Сырымшыққан! Ана жақ — шаттауығы жүректей Мың шұқыр! Анау
балығы тайдай тулаған Шалқар көл! қараңызшы, осыдан көркем жерді
қайдан табасың! Асық ойнап шарқ ұрған, бəйгіге шауып, жамбы атқан,
аударыспақ ойнаған, суына шомылып, көгіне аунаған даламнан ыстық
не бар!
Хакім лекіте сөйлеген інісінің жүзіне қарай қалды. Ауған жоқ
өзіндей. Бұдан он жыл бұрынғы тап өзінің сүмбідей сымбатты бойы əрі
тұнық, əрі тымық, жел теңселтпеген ертеңгі айдынның бетіндей
мөлдір жүзі, жібектей қоңыр шашы, желдеген киіктің танауындай
желбезегі едірейе қалған сүйкімді қырлы мұрны, қиығы сүйріктеген
өткір көзі, маңдайы, құлағы — бəрі көз алдына тартылды, бейне бір
айна алдында тұрған адамдай, өз сипаты елестеп кетті. Хакім сəл
уақыт көз тоқтатып, жас студенттің əлденеге құмартқандай аздап
жоғары түрілген жұп-жұқа ерніне қарап тұрды да:
— Елді, жерді сағынған екенсің... Мен де бір кезде тап сендей, сенің
осы күйіңдей айнала көз тоймастай қарайтынмын, қырды көзіммен
жейтінмін. Болады ондай кездер! Қалай, қалай дедің? «Ақбас атандай
Сынтас тауы, шимайлап аққан қос өзен» дедің бе? Ой кішкене
романтигім, ой кішкене қиялшылым-ай!— деді күлімсіреп.
Хакім жас кезінде екі інісінің екеуін де, əсіресе, кеп сөйлемейтін
жұмсақ лебізді, жуас Əлібекті айырықша жақсы көретін. Ал, қазір
Əлібек ағасына тап сол жас кезіндегідей сүйкімді көрініп кетті, ол
сүйіп алғысы келіп құшақтай түсті де, бөгеліп қалды, сүймеді.
— Мен романтик емеспін. Мен өзгеше көрікті жерімді, жерімнің
суретін жақсы көремін. «Шөгіп қалған бір тайлақ жардай атан болған
жер. Жатып қалған бір тоқты — мың қой болып өрген жерімді»
əсірелеймін. Арқада Бурабайымды, Жетісуда Алатауымды, батыста
Жайығымды мақтаймын. Мақтаныш етем, əнге қосам, күйге салам...
— Сал, сал! Мақтаныш ет. Оның жақсы. Бірақ асырып айтпасаң тіпті
жақсы.
— Асырған жоқпын. Қай жерін асырдым. Жерімнің көдесінің түбі
сайын бір жылқы екені өтірік пе? Осы да асырған ба? Ана жатқан ұшықиыры жоқ жылқы бұлай деуге сыймай ма? Бұл романтика емес,
асырып айту емес. Бұл қайта жеткізіп айта алмау.
— Көдесінің түбі сайын бір жылқы, Қарақыпшақ Қобыланды тұлпар
мініп желген жер дегің келе ме. Ол өткен заман ғой.
— Сары аға, сен басылып бара жатырсың. Күнбе-күнгі өмірдің шабан
көгіне жайдақтап асылып, кіш-кіштеп мал қайырған кəрілерше,
дүниенің бəрін қарапайым жағынан алып қарайсың. Өткен күн дейсің,
қазіргі күн сол өткеннің жалғасы емес пе? Бүгінгі өзен кеше де, онан
бұрын да, жүз жыл бұрын да тап осылай ақты ғой. Бұрынғы жер, тап
қазіргі жердей бұрынғы байлық мына жатқан байлықтың басы.
— О-һо! Құр ғана романтик емес, романтик-философ екенсің ғой.
Бірақ айыра білу керек: кешегі мен бүгінгінің арасы таудай.
— Тек көзге ғана, көңілге ғана таудай. Аңдап қарасаң титтей
айырмасы жоқ. Баяғы Сынтас тауы əлі сол күйінде, жұмбақ күйінде,
бейне бір шөгеріп тастаған ақбас атан тəрізді, қимылсыз жатыр. Бірақ
əлі сол əдемі күйінде, айбарлы күйінде, көңілге жақын күйінде, ыстық
күйінде жатыр. Ана жатқан Ханкөлі де тап сондай, мұнан жүз жыл
бұрын да бидайығы белуардан, көктемде үйрегі мен қазы жыртылып
айырылып, тап мына бүгінгі сияқты, бейне бір жəрмеңкедей думантойын өткізіп жатпады дейсің бе. Енді жүз жыл өткен соң да тап
осындай, осы қалпында қалуын тілер едім...
— Қара Мəмбеттен асқан шешен болды ма, Хакімжан, айтшы, сен
көп білесің ғой? Менімше болған жоқ,— деп осы арада Сүлеймен де
əңгімеге араласа кетті.
— Оны қайтейін деп едің, Сүлеке? Талай шешендер өткен шығар, кім
біледі, онан асқаны да көп болуы мүмкін. Қара Мəмбет ертеде өткен
сөзуар жан екені де рас. Қара Мəмбетті жұрт Сақау Мəмбет деп те
атайды ғой.
— Не деп атаса о деп атасын, бірақ та, əлбетте, деп айтайын, одан
сөзді келістіріп айтатын адам болмаған. Мен мына Əлібекжанның
сөзін тыңдап отырдым, тура Қара Мəмбеттің өзіндей, емес, артық.
Мəмбет қуақы сөзге ғана шебер болған, ал біздің Əлібекжан, бар
жағынан шешен, аяқты нық тастайды, жердің сипатын көзге көрсетіп,
қолға ұстатқандай дəл айтады. Даладан сұлу нəрсе жоқ, соны аса
келістіріп айтады.
Хакім Сүлеймен мен інісіне кезек қарады. Екеуі де жан танымастай
өзгеріп кеткен, əсіресе, мінездері өзгеше: бірі атқа, арбаға, əкім
туысқанына мақтанып, бүкіл козлаға əрең сыйып отыр; дүниеде өзінен
бақытты адам жоқтай өзінен ірі, өзінен мықты жан жоқтай шіренеді.
Ал екіншісі онан да əрі... Ол өз басын мақтаныш етпейді, бүтін жер мен
суды, тіпті бар əлемді əн мен күйге толы айнала жыр, айнала сəнсалтанат деп ұққандай, алып ұшқан қиял, сезімге бөленіп келе жатыр.
Бұл Əлібектің сөзінен де, суға түскен адам сəулесіндей, оның шаттық
нұры төгілген жүзінен де көрініп тұр. «Көп жылдар бойы сирек көріп,
сирек əңгімелесіп, байқамай қалған екенмін, адам мінезі күрт өзгереді
екен ғой. Кезі келгенде Сүлекең мақтана салудан бұрын да құр алақан
емес еді, қазір бұл мінезі өте-мөте көзге түсетін дəрежеге жеткен екен.
Ал, Əлібек... өлең жазады деп еді, əлгі ақын айтқан: «Гасаңды
кəлимолла маған берсең, жүзігін Сүлейменнің қолға кисем...» деп
дүниені қиялымен буып-түйіп алған ба, қалай? Қызық! Өмір тез
өзгертеді адамды, кешегі салт атты, сабау қамшылы Сүлекең бүгін өзі
совет, өзі қожа, қалаған атын жегіп, қалаған жеріне барып, өзіне де
риза, өзгеге де риза. Риза деп қоярсың ба, төбесімен көк тіреп келеді»
деп ойлады Хакім көзінің қиығымен күліп.
Жолаушылар тізгін тежеместен сары желіспен жүріп отырып
Оралдан қырық шақырымдай жердегі Шолақ Аңқатыға жетіп қалды.
Аяқ өткелі бар жарқабақты кішкене өзеннің жағасы жым-жылас —
доғарып ат суарып, арбасын майлап, қайта жегіп жататын
жүргіншілерден тап сол кез толас екен. Қия жолмен түсіп келе жатқан
бұлардың алдынан тек қана сыңар шелекпен өзеннен су алып шыққан
жар басындағы жалғыз үйдің əйелі қарсы кездесті. Ежелден əзілқалжыңға құмар Сүлеймен əйелді көре сала:
— Уа балдыз аман ба! Аман-есен тұрсыңдар ма!— деп əйелді өзіне
қаратты да, арбадағыларға бұрылып:—жолымыз болады екен,
алдымыздан мына балдыз су алып шықты ғой,— деді.
— Сүлеке, бұл қай балдызың?— деп сұраған Хакімге, делбеші:
— Əйелімнен кіші қазақ қызының бəрі маған балдыз ғой!— дей
салды.
Амандасар-амандаспасын білмей «бұл кім еді?» деп аңтарылып
қалған əйел жар басында ұзақ тұрып, бұларды қиядан төмен түсіп
кеткенше көзімен ұзатты. «Шырағым-ау, бұл кім еді?» деп тіпті үйіне
жеткенше артына əлденеше рет бұрылып қараумен болды.
Аттарының делбесін аса тежеместен лекітіп келген Сүлеймен жар
астына түсіп те кетті. Қайдағы қыр, қабақты мекендеп, күндіз шөпшөлеңнің түбінде бұғып отыратын даланың құлағы ербиген бір
жапалағы прашкедегі кішкене қара көктің дəл аяғы астынан жалп етіп
ұша жөнелді. Аңсызда боз жусан түбінен пыр етіп көтерілген боз
торғайдан да үркетін бұл елгезек жануар жапалақтан үркіп жалт беріп,
жолдан шыға жөнелді.
— Мəссаған, занталақ!— деді Сүлеймен делбесін қос қолдап шірене
тартып.
Бірақ прашке көк тертедегі аттың алдын орай, бой берместен
бұрмалап келіп жолсыз жерден суға еніп кетті. Қайрақтай сары табан
жолдан шығып кеткен аттар екпінмен омыраулап, тізеден келетін май
сазды бауырдай тіліп, өзеннің арғы бетіне қарап ұмтыла берді, су астыүстіне шығып қою қара көк лайға айналып кетті. Өзеннің бұл тұсы
едəуір енді болғанмен де өте таяз, ат бауырына жетер-жетпес еді: бірақ
асты ұйыма екен, арбаның артқы дөңгелектері күпшектеп, ал алдыңғы
дөңгелектер бейне бір желді күнгі қармақтың қалтқысындай
қылтылдай бастады.
Хакімнің ойына басында: «арбаны кілт бұрып кішкене қара көк
төңкеріп кетпесе игі еді» деген күдік келіп еді, енді ол аттарды «бұл
көк саздан алып шыға алмас» деп қауіптенді. Оқыс іс пен кездейсоқ
қызыққа əуестене қалатын Əлібек бетіне балшық шашырағанына
қарамастан су мен саздың қою ботқасының түбінде алтын жатқандай
төмен үңілді. Ол аттардың алып шығар-шықпасын ойлаған жоқ.
— Үркегін көрдің бе, жаман неменің, ал сүйре енді мықты болсаң!—
деп Сүлеймен астына басқан шыбыртқыны суырып алып, кішкене қара
көкті осып-осып жіберді.
Шыбыртқының қызуымен көк ат оқыс ұмтылып пастромкені шарт
үзді де, тертенің алдын орай бұлаң етіп бос шығып кетті. Бар жүк бір
өзіне ғана қалған үлкен көк ат бірер ұмтылып, ол да тоқтай қалды. Үш
адамымен қоса дөңгелектері күпшегіне дейін сазға оппалаған
фаэтонды сүйреп шығуға оның күші де жетпеді жəне оның үстіне
прашке көк көлденеңдеп жолын бөгеді.
Арбадағылар бір сəт үнсіз қалды. Кінəның бəрі бір өзінде екенін
жақсы түсінген тек атшы ғана күбірлеп, əлде белеңі бар атын
балағаттады ма, əлде көпірсіз өзеннің осындай шырғалаңы мол аяқ
өткелін сөкті ме, əйтеуір, ішінен міңгірлеген күйі аяқ киімін шеше
бастады. Кешікпей шалбарының балағын көтере түріп ол арбадан
түсті, пірəшке көкті шегіндіріп əкеліп үзілген пастромкені
жалғамақшы болды. Бірақ қамшыдан шошып елеуреген ат бой бермей
қарысып, кері шегініп, қайта ілгері қарай ұмтыла түсті. Бір кезде
Сүлеймен атты зорға деп орнына əкеліп, пастромкені түйіп жалғаған
жайда, ол қысқарып аттың тірсегіне дөңгелектің тоғыны соғып
жүргізбеу қаупін туғызды. Атшы енді не істеу керек екенін ойлап сəл
уақыт кідіріп қалды да, жалма-жан шыбыртқыға жармасты. Несінің
ебедейсіз қимылынан белең ап тұрған ат шыбыртқыны көре сала тағы
да ілгері ұмтылып кетіп, енді кері шегінбей əлекке салды.
Так, так! Тентек болма, шырағым, ақылың бар хайуансың ғой, мен
сені ұрмаймын, оны түсін. Тентектікті қой, пастромкеңді жалғат та, тез
мына батпақтан алып шың. Ұят емес пе, тапа-тал түсте аядай судан
алып шыға алмай тұрып қалғаның! Ім, бəсе, шегін шегін! Түсіндің ғой
менің не істейтінімді. Ім, бəсе түсінерсің, түсінерсің. Əлде де кішкене
шегіне түс, иə, иə. Көнді! Ой тентек хайуан манадан бері сүйтсең етті,
белкүллі,— деді ол.
Сөйтіп, бұлар су ішінде біраз уақыт кідіріп те қалды. Тап осы кезде
жеңіл трантасқа қамшыдай қатқан қызыл нар жегіп, жанына ірі боз
атты бос байлаған бір жолаушы жардан төмен түсе берді. Нақ су
жағасына төнгенде бұл тосын жолаушы қайран жолдың арнасына
салмай, нарын батпаққа батып тұрғандарға туралай берді. Сөйтті де ол
бұлардың мүшкіл халін көре сала:
Мына сияқты білектей пар атпен торғайдың тобығынан келмейтін
суға батпақтап жатқаныңа қарағанда, сен, қара қалпақты, бал беріп
асыраса да адам болмайтын бір көбдік шығарсың, сірə? Күн жаумай
жаурап жүретін Қара моланың түбіндегі жұмықтарша көрдің бе өзінің
қоянның көжегіндей күржеңдеуін, ұмтылт, жетекте тəртені! Кəне тез!
— деп, нарлы Сүлейменге жекіріп қалды да, өзі жанамалап келіп күлеш
ағашты арбада отырған күйі сол қолымен ұстай алып, оң қолымен нар
делбесін қағып жіберді. Қызыл нар маңқ етіп жүрісін ірікпестен ілгері
жылжи түсті де, арба үстінен қол созып күлеш ағашты берік ұстаған
нар иесі сүйрік тартқан адамдай, фаэтонды батпақтан суыра сүйрей
жөнелді. Арбаның бір жағын еңсере тартып жүгін жеңілдеткен қара кек
ат та нарлының қатарынан қалмай ұмтыла берді, ат тізгінін Сүлеймен
де босатпай омбалап жетектеп, ə дегенше-ақ ені қырық-елу қадам
өзеннің арғы тепсең жағасына шыға келді. Мұнан кейін нарлы
бөгелместен үлкен жолдың арнасына түсіп, артына мойын бұрды да:
— Жол болсын мырзалар! Нашар делбешілеріңнің кесірінен су
үстінде кездесіп, сəлемдесуге де жөні келмей қалды,— деді самарқау
ғана.
Сөйтті де ол жалма-жан мəсінің қонышынан үлкен қара мүйіз
шақшаны суырып алып, тырнақты тез толтырып, оң жаң танауына
жақындата түсті де, екінші рет толтырып сол жақ танауын саласымен
сүйкеп өткендей болды. Сонымен бірге қалың қабақтың астынан
түйілген жіті көзі Хакімді, оның қасындағы Əлібекті, ат пен арбаны
тұтас шолып өтті. Оның насыбай атуы да, қарауы да Хакімге
оғаштығымен бірге таныс əдет, тіпті жуырда ғана кездескен адамның
əдеті сияқты болып кетті. Қапелімде ол қалай жауап қатуды да білмей
тек қана:
— Əлəй болсын, отағасы. Мына бір аттың үркектігі тепсеңнен бұрып
əкетіп, батпаққа ұрындырғаны...— деді. Жəне Хакімнің көзі нарлыдан
бір керегін іздегендей оның өн бойын тінте, арба көлігін ақтара қалды.
Ақтарған сайын бұл адамның таныстығы, бұрын бір жерде кездескені
айқындала бергендей болды.
...Басына аң киіз қалпақ, үстіне кең түйе жүн шекпен киген. Арбаның
қалқанынан ірі кеудесінің едəуір жоғары тұрғанына қарағанда бойы
өте ұзын болуы керек. Жүзі сол... таныс жүз: атжақты, қарақұс қабақты,
имек мұрынды. Анау арбаны сүйрескен ұзын қардың білезігі де
ботаның сирағындай, алыстан тартатын желді танауға насыбай
апарған салалар да əрқайсысы кере қарыс, сынық сүйемнен. Ат тартып
шығара алмайтын фаэтонды майдан суырған қылшық құрым
көрмегені — дəу перідей қуатты екеніне айғақ көрінді.
Бұл адамның кенеттен өткел басында пайда бола қалғаны да, ешкім
сұрамай-ақ өз бетімен кие-жара жанамалап келіп, арбаны сүйресуі де,
анау нары да, жанына бос байлаған ақ боз атты да, жуан дауысты үні
де, түйеден түскендей өктем сөзі де еріксіз ойландырарлық...
— Отағасы, сізді таудай тəңір жарылғасын, таудан да үлкен рақмет!
Өзіңнің күшің де нардың күшіндей екен белкүллі. Құдай біледі күресе
қалсаң жан шыдатпассың. Біздің Шайдолла болмаса, əй, сенің беліңді
ұстайтын қазақ табыла да бермес. Мені «жұмық» дедің ау, отағасы.
Мына сияқты қос қара көк аты бар, арбасында... арбасында емес,
қасында хан Жаншадай, пыркаролы бар сарқасқа жігіт жұмық болушы
ма еді. Өзің дəу болғанмен адам танымайды екенсің ғой, мен кəдімгі
Барқын Нарботаның бал асы Сүлеймен деген жігіт болам. Өзің кімсің
соншама, жанды менсінбейтін, деді Сүлеймен оған ірілік көрсетіп.
Əкең нардың ботасы болса болған да шығар. Шырақ өзің күл басына
шөгіп, кешке дейін тырқиып жататын жапырақ атанша көрінесің.
Сөзіңді қысқарт та, атыңды бапта, ана азаматтарды үйіне жеткіз. Менің
жөнімді сұрап қайтесің, құда түспексің бе? Сенен басқа да мені сырттан,
құданы қарауылдаған кісіше, тосып жүргендер аз емес, бірақ менің киіт
киюге зауқым жоқ,— деп, нарлы адам Хакімге тесіле қарады.
Əлденеше жыл өтіп, жадында қалған бұлдыр суреттерді əбден көз
алдына келтіре алмай, ой торына шырмалған Хакім де онан жүзін бұра
алмай түр еді, тосын жолаушының көзіне көзі ұшыраса кетті де, сол
сот екеуі де арбасқандай кірпік қақпастан біріне-бірі қадала қалды.
«Сол! Ақметшенің керуен басы! Көп қызыл нарға оқ-дəрі тиеген ұзын
қара кісі! Түнде керуен қолға түскенде жетектегі атымен жоқ болған
жайсаң! Сол, сол! Анау нар жанына бос байланған ақ боз ат та со
шығар»— деген қорытындыға тірелді. Хакімнің аласұрған ойы
кенеттен медеу тапқандай баяулап, ол жалма-жан інісіне қарап еді,
Əлібек нарлының сезіне ұйып қалыпты, ерні жыбырлап: «Сөзі де өзі
сияқты тоқпақтап төлеп тұр. Адай емес пе екен өзі? Заманның бір
батыры ғой мынау! Насыбай атқан түрін қара: сойқан ғой жаным-ау»,
— деп күбірледі де, жалт қараған ағасына:
— Кім екен өзі, сары аға, сен танымайсың ба?— деді. Хакім үндемеді.
Ол көмейіне келген сөзді сыртқа шығармай əдейі іркіп қалды, тура-ақ
болжаған пікірін жарыққа шығарып, нарлының кім екенін жариялауға
əлі ертерек болар деп бөгелді.
Хакімнің көзінен көзін шапшаң бұрып алып, нарлы жолаушы арба
үстіне жөнделіңкіреп отырды да:
— Хайыр, мырзалар. Жол ақысы — жүрмек, көз ақысы — көрмек
деген бар. Тоқтауға реті жоқ, əйтпесе, жол үсті жəне өткел аузы емес,
төрде бағланның басын мүжіп отырып сұхбаттасатын-ақ жігіттер
екенсіңдер. Иə, иə, солай екенсіңдер,— деп делбесін қағып жіберді.
Қызыл нар су ішіндегідей тағы да иесінің делбе қаққанына жай ғана
«маңқ» етіп жауап беріп, екі көзі жаутаңдап, оң мен солына кезек қарап
қойып, желе жөнелді.
2
Кешікпей бұлар қызыл нарлыны басып озды.
Деңінен асып бара жатқан Хакім оның бетіне тағы да қадала қарап
өтті. Оның байқағыш көзі нарлы жолаушының сырт пішініндегі көзге
түсерлік белгілері мен ат-көлігінің үстін қалдырмай сүзіп шықты.
«Арбадағы еңгезердей ат жақты қара баяғыда көрген сылбыр
керуеншім емес — етек-жеңін кең жайып бейғам отырған шаруаға
ұқсамайды: аңдысып көз тастап, алыса кететін жанша əрі ызғарлы, əрі
омырып тастарлық ожар пішінмен қарайды».
Қызыл нардың тер қатқан қатыңқы қабағы мен сауырынан жоғары
өркештің етегіне шапқан ақ сортаң тердің ізі жатыр. «Күндіз-түні жол
үстінде жүрмін, көптен иық ағашым алынған жоқ, көрдің бе, қомымды
таңбалап тастағанын» деп тұрғандай. Мұны қамшыдай қатып қалған
жарау пішіні де əбден дəлелдеп жатыр. Жеккені қалқанды жеңіл
трантас. Хакім орнынан сəл ғана көтеріле түсіп, оның трантасының
ішіне де көз тастап өтті: ұзыннан төсеген бөстек сияқты бір төсеніштің
астынан білеуленген зат көзіне шалынды, бірақ оны айырып қалуға
уақыт жетпеді сары желіспен келе жатқан аттар дөңнен тез өтіп кетті
де, делбешісіне «ат басын теже!» деп айта алмады. «Бұл малғұнның
қаруы шығар ана жатқан. Қарусыз жүруге тиісті емес қой. Жоқ, мұның
қаруы жалғыз да болмас. Кім біледі ана кең шекпенінің ішінде не
жатқанын» деп ойлады ол. Мүшелік жер сары аяңмен жүріп келіп,
бірер шақырым жолды желіп алумен өндіріп келе жатқан қызыл нар
аздан кейін артта қалды. Өзен бойынан ұзаған сайын жол да
қуқылдана бастады, енді бір сəт жүріп, кейінгі жаққа мойнын бұрған
Хакімге ақшаңылтақтана бастаған жолдың тұнба майда шаңын
бүркенген нардың қомынан жоғары жағы мен басы ғана бұлдырап
бірден-бірге алыстай берді.
— Қыр көрінісін əсірелей сөйлеп, тіпті көзіне түскен нəрсенің тек
қана сəулетті жағын іздеумен келе жатқан Əлібек енді мына нарлыға
көшті. Ол қасындағы Хакімнің ойын бөліп жіберді.
— «Салтанатқа салпы ерін нар жегіп, салқамдар жүйріктен өзге
мінбеген» дейтін нағыз жалпақ даланың жампоз қазағы екен əлгі.
Түрін байқадыңыз ба: нағыз бір туған қара нар! Мен тіпті оны
ойыншығын көтерген баладай, бізді фаэтонымызбен қоса көтеріп
жағаға шығарып қоя салады екен деп ойламап едім. Ой, шіркіннің
күшін-ай! Денесі де күш бітерлік дене ғой! Сақалына қарай іскегі,
шақшасының өзі де анау-мынау қонышқа сиятын емес, кіші-гірім
лақадай бар екен. Сүлеке, сен оның насыбайды қалай атқанын
байқадың ба? Ойбай, сұмдық! Оның тырнағындағы насыбайының өзі
менің қос уысыма шақ сиярлық. Ал ол танауына жұқ та болған жоқ қой
деймін, ең болмаса бір рет те түшкірген жоқ-ау, шіркін! Отты тигізбей
тартып кететін үлкен пештің көмейі сияқты, анадайдан үйіріп алды да
кетті. Осыны да шымшып-шымшып насыбай атты дер ме екен
біреулер?! Қол ше, қол! Қол деп осыны айт — сырықтай ма деп қалдым,
өйткені өз арбасының алдында отырып бір даладағы тұрған фаэтонды
ат-матымен дырылдатып сүйреп барады! Сүлеке, шынымен
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 02
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.