Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 04

Total number of words is 4129
Total number of unique words is 2158
36.5 of words are in the 2000 most common words
51.8 of words are in the 5000 most common words
58.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Оны білу онша қиын нəрсе емес.— Хакімнің өмірінде сендей інісі
болып көрген жоқ, бүтін тұқымында сендей бала болып көрген жоқ.
— Ақа, сен де түк білмейсің. Хакім Жүніс қажының баласы, мен оның
жақын ағайыны Бақы деген кісінің баласымын.
Шөп үстінде қисайып жатып сөйлескен Əділбек орнынан ұшып тұра
келді.
— Бақының баласы? Атың кім сенің?
— Атым — Құрман.
— Қой əрі. Иə...
Пала оран жаңағы өзінің өгіз суарған Дабыл байдың аулынан қалай
кеткенін баян етті.
Құрманның кеше кеште көрген қорлығы мен таңсəріде шеккен
ызасы естен қалмас оқиға екен...
Өткен түнгі айқай...
Мал қотанға иіріліп, кешкі абыр-жұбыр сап бола бастаған шақ еді.
Бисенғали күндегі əдетінше өз үйіне соқпай, төңірек бір жайлы болдыау деген кезде үлкен үйге қарай аяңдады.
— Күннің қапалығы сонша — тілің таңдайыңа жабысып бара жатқан
сияқты,— деді ол үйге кіріп, кебісін шешіп жатып.
Төрге таяу қалың ақ жүн бөстектің үстінде отырған үй иесі оған
жауап қатқан жоқ, тек қана қоңыр ала шытпен тыстаған жастықты
өзіне қарай икемдей түсіп, бір шынтақтай берді.
— Шайдың бітіп қалғанына бір жұмадай болды, базарға кісі
жіберсең нетті,— деп күбірледі қазан жақта, қара көлеңкеде ербеңдеп
əлденені қозғаған кемпір үні.—Жер майы да бітті.
Кемпірдің бұл күбірінен «қалайда шай алдыр!» деген бұйрық үн
естілмеді, малдан келген інісіне де жауап қатпаған қожайын қисаюға
икемдеген жастығын тағы бір қопсытып қойды. Қыбырсыз, үнсіз жымжырт үйдің ішіндегі бұл кешкі əңгіме сан рет айтылып келе жатқан,
өзгеріссіз үн, өзгеріссіз жай болатын. Күннің қапалығын «мəлімдеп»
қою қызыл күрең шай дəметкен Бисенғалидың əлсіз үміті «шай бітті»
деген кемпір бөгетіне кездескеніне бірнеше жұма өтіп те кеткен. Сонда
да ол шағымын қойған жоқ-ты. Бүгін де сол үміт дүниесі үйреншікті
тілекті құлақ қағыс етті.
— Молдажан, қымыз берейін бе, əлде айран ішесің бе? Қымыз да аса
жағымды емес, саумалдау,— деді кемпір сол естілер-естілместей
күбірмен.— Айран ашып тұр, қымыздан артық...
— Жүрегім қыжылдап жүр... сірə, ащы айран жақпады білем.
Жатарда қымыздың өзі де жарықтың, майсыз арбадай дүрілдетеді,
бүкіл асқазанның сорын қайнатып.
— Ағаңа əлдеқашан айттым: үн бітті деп.
Бір тілім болса да шайнамасы еріп жүретін шай болмағаннан кейін
нан мен майдың бұл үйде қымызбен қосақтаса бермейтінін Бисенғали
бастан-ақ білетін. Сондықтан Бисенғали тағдырдың бұйрығындай
кемпірдің дегеніне мойын ұсынып, енді шаруа жайына көшті.
— Саяқтарды жылқыдан бөлдіріп, Шідерті бойына салдырдым.
Жасаң екен, аз күнде белін көтеріп қалатын,— деп ол қымыз құйып
жатқан кемпірге көз жіберді.
— Ім,— деді Дабыл тағы да жастығын қозғап қойып.
— Ана қосшысының шабынына... ау, ақырын, төктің, ақырын...— деп
жалма-жан Бисенғали қара көлеңкеде қымыз ұсынған кемпірге қарай
ұмтыла түсіп,. оның қолындағы тостағанды ұстай алды.— Шабынына
түсуін түседі. Оны да көріп алармыз. Бүтін малдың аяғына тұсау сал
дей алмас.
— Жə.— Өзі өте аз сөйлейтін, ал басқаның сөзін кебіне бір буынды
ғана дыбыстармен мылқау жанша бас изеп мақұлдайтын ағасының бұл
ежелден келе жатқан əдеті еді. Оның «ім» дегені «жарайды» деген
қостау мағынасында болатын, ал екіншісін істеген ісіне сүйсінгенде
інісіне ғана айтатын. «Жəсін» мұның Бисенғали «жақсы» деген
мағынада ұғатын.
«Май мен наны мол қызыл шайдай болмағанымен, шіркін қымыз да
тегін тамақ емес-ау езі! Тек жатарда аздап ішіңді қорқыратады» деді
ішінен Бисенғали, бір тостаған қымызды дем алмай сіміріп жіберіп,
сөйтті де:
— Жақсы екен. Саумал емес, нағыз ішетін қымыз. Қанбай қалдым,
кəне,— деді ол аяғын қайта ұсынып.
— Жоқ, молда жігіт, саумал, шикі саумал болмаса мен айтамын ба,
ащы болса ащы деймін ғой,— деп күбірледі кемпір бөгеліңкіреп. Бірақ
ол «саумал» деген сөзді алға ұстап қайнысының «кəне тағы да құй!»
деген талабына қарсы тұра алмады. Тостағанды қымызға қайта
толтырды,— ашымай қалып жүрмегей...
— Ашиды,— деді Бисенғали батыл үнмен. Сөйтті де тостағанды
алып жатып ағасына: «Қой десеңші мынаған» деген қоңыр қабақ
тастап,— бос сөздің не керегі бар, қор сарықпайтыныңды менен басқа
жұрт та жақсы біледі. Күнде-күнде осы үйдің қымызын жабылып ішіп
жатқандай,— деп өкпе артты.
— Ім,— деді Дабыл, інісіне сенікі де жөн деген адамша, мақұлдаған
жұмсақ үнмен.
Қара бəйбіше өзінің қоңыр даусымен сырттан сөйлей кіріп:
— Осы ауылды билеп-төстеуші сен емес, ана суайт күйеу шығар,
сірə. Жітіге саяқ деп бұл суайтқа əлгі жарапазаншы Қалекеш келіп
қосылған. Сен əлі күнге үлкен үйде отырсың ба?— деді.
Бисенғали қымызды көтере салды да, орнынан тұра бастады.
Əйелінің тегін келмейтінін жəне өзін алдына салып кететінін жақсы
білетін бұл əккі адам оған қарсы келмей болашақ пəленің басы болған
Қалекешке азуын батыра сөйледі.
— Ол қу жақты тағы кім шақырып келді бұл жаққа? Баяғы «Қырық
батырын» қақсап жатыр ма? Мен қазір тарқатайын, ерте тұратын
жұртты түнімен ұйқы бермей мазалап, жұмысынан қалдырар əлі,—
деп есікке қарай беттеді.
— «Қырық батыр?» Тапқан екенсің сен «Қырық батырды». Оны
айтса сен оған жібек шапан жабарсың. Қу жақ сүйегі қурап қалған қу
жақты қайта тірілтіп жатыр. Əй дейтін əже жоқ жерде — келін қожа,
қой дейтін қожа жоқ жерде — күйеу қожа. «Хангерейді» қақсаттырып
жатыр.
— «Хангерейді?»— деді Бисенғали төбесінен суық оу құйып
жібергендей шошып.— Не дейді?!
— Тыңда, əне. Соның басына өлеңнен құран шығартып жатыр.
— Неге айдап шықпадың үйден...— деді де, əйелінен ұрсып тастай
ма деп сескеніп,— жоқ, жоқ. Мен өзім берейін оның сыйын. Мен оның
аяғын қайтып бұл баспайтын етейін! Мен ауылнайға Маймокиннің
өзіне акт жасатайын, бандитті мақтап үгіт таратып жүргені үшін,—
деп кіжінді Бисенғали үйден шығып бара жатып.
— Сенікі құр сөз. Аузың айтады, қолың істемейді. Əлдеқашан соны
істейтін кісісің,— деп қыжыртты əйелі.
Бұл тындыра алмайды дегендей, ерінің артынан; əйел де домбыра
тартып, өлең айтып жатқан Рақымғалидың отауына қарай жөнеді.
Отауда жыр қызығы жаңа қызып еді... Кене заманның əрідегі салтсанасын жырлап берген жыршыны, оның қоңыр үнді қос ішекті
домбырасының тербенді сазын жұрт таң рауандағанша тыңдауға да
бар. Əсіресе, сол тайпа елді оқтын-оқтын сүзіп өтетін Қалекеш
жырауды ел-елдер ай қарағандай күтіп алатын. Жыраудың «Қырық
батыры» қалың тыңдаушыға əлденеше кешке жететін азық-ты. Ал, сол
кеш Дабылбайдың ауылына соққан бұл жез таңдай жанды басқа
елдегідей қаумалай қалатын халың шамалы болды да, ол
Рақымғалидың отауында отырып сөзуар үй иесімен, оның самарқау
əйеліне шақтап «Хангерейдің халқымен қоштасқанын» айтып жатыр
еді.
Үлкен үй əріректе болатын. Одан бері тігілген Бисенғалидің үйінен
де Рақымғалидың отауы едəуір жерде еді. Өлең-жырмен жұмысы жоқ
Дабылдың, оның кемпірі мен Бисенғалидың алыстығын пайдаланып
өлең тыңдауға ең алдымен қойшылар келген-ді. Əсіресе, Қалекеш
баулығандай домбыра үйреніп, өлең мен жырға үйір ете бастаған
Құрман, қойшы Қалиды сүйрелей, апасы Қалиманы ертіп келген. Үй
иесі Рақымғали бұларға бір жағынан аға сияқты іштей жақын
болғандықтан, бұл үшеуі емін-еркін отырып, Құрман тіпті төрдегі
Қалекештің оң жаң тізесіне таяу жерден орын алған еді. Бұлардан өзге
де отауда екі-үш сауыншы əйелдер мен бір-екі малшы келіп, атақты
ақынның өлер алдындағы жыры дейтін жырды егіле тыңдап қалған.
Нағыз қызық жеріне келгенде, əдейі жұрт қолқасы сұғына түссін
дегендей жыршы жырын үзіп тастап, домбырасымен болып кетті.
Оның бар пернесін төрт саусақпен тез-тез сыпырып шығып, бас
бармағын саға перненің алқымына қадап домбыра үніне құлағын
тосты. Жұрт қыбыр етпестен бұл дүмбір үнді қосыла тыңдағандай
тына қалды. Бірақ қаумалай түскен тыңдаушының жан құмары оның
үніне емес, арнасына құйылған сөздің екпіні мен түйінінде шырмалып
қалған сияқты, енді қалай толқыр екен дəл жырдың ауытқыр жағын
аңдып, міз бақпай Қалекеш көзін төңкеріп тастап:
— ...Көл жағасындағы жалғыз қыстауда, қол-аяғы кісенді сабаздың
терезеден қарап айтқаны:
Уа-а-а-а-а!
Қара атым түсіп қолыма
Бұрынғыдай желер ме?
Тағдырдың түні жеткенде
Болмай тұр қазір күлерге!
Жазған бір басым білмедім
Тап боларымды нелерге:
Бұрынғыдай алшаңдап
Енді болмас жүрерге,
Аға мен іні, құрбыны
Енді болмас көрерге
Тар лахатым қазулы
Жақындадым кемерге.
Арманым көп ішімде,
Келе алмадым кемелге.
Уа-а-а-а!
Нарқамыс неге шулайсың,
Қоштасар шағым жетті ме?
Думанды көлдің жағасы —
Жас дəуренім өтті ме?
Алқалаған əлеумет
Қасымнан ыдырап кетті ме?
Торға түскен ақынның
Басына дұшпан тепті ме?
Сырттан баққан жауыздар
Тас түбіме жетті ме?
Айға шапқан арыстан ем,
Қамалап мерт етті ме?
Жыршы тағы да көзін төңкере бір қарап алып: — ...Екі атты казак
үйден атуға сыртқа алып шыққанда былай депті:
Айды бұлт құрсады,
Жерге нұрын шаша алмас!
Көлде құлар шулады —
Көгілдірі қаша алмас!
Екі қолым құрсаулы —
Қос пернені баса алмас.
Енді қайтып Хангерей
Шалқып судай таса алмас.
Енді қайтып Хангерей —
Халқының көңілін аша алмас.
Енді қайтып Хангерей —
Жардың мауқын баса алмас.
Енді қайтып сорлы ақын
Кемерінен аса алмас,
Енді қайтып жұртына
Жырдан меруерт шаша алмас.
Уа-а-а!
Шаша алмас енді Шаша алмас...
Уа, Қуанышкерей, қайдасың,
Еліме менің сəлем де —
Ата мен һəм анаға,
Аға,ініге сəлем де,
Сүйген жар һəм балаға.
Қара жерді құшақтап
Бауырың тұр жатқалы,
Екі жендет жетектеп
Алып келді атқалы,
Айтылды, міне соңғы сөз...
— Тарқат жынның ойнағын!— деген өктем айғай Бисенғали есіктен
кірмей жатып үйді селк еткізгендей болды.
Уа-а-аІ
Қуанышкерей, қайдасың?
Еліме арнай сə.. де! —
деп үзіліп кетті жыршының толғауы. Не бары онға жетпейтін
тыңдаушы үркердей шүлдіреп есікке қарай, сүзеген бұқадай басын
тұқырта кіріп келе жатқан пəрменшінің өзіне қарсы лап берді. Онсыз
да бет-бетімен бытырай жөнелген қойшылар мен сауыншыларды
құдіретті қайнағасына жарамсақтана қалған Рақымғали қоса үркітті.
— Бар, барыңдар. Кім шақырды осы сендерді. Біреудің төбесі көрінсе
болды, жемге жүгірген шабақтай, самсап толып кетесіңдер, түгі. Бағана
айттым ғой мен сендерге, жыр да жоқ, қисса да жоқ деп. Қалекештің
айтып отырғаны жыр емес,— дей беріп еді, оған Бисенғали жекіріп
тастады.
— Жыр емес, жоқтау! Бұзықтың шығарған жоқтауы. Бір бұзықтың
бір бұзыққа айтқанын, естімейсің. бе: Қуанышке-ре-й қайдасың» деп
өңешін созып жатқанын! Бар пəле сенен! Сен осылардың басын қосып,
төбеге шығарып жіберген!
— Жоқ, а, Бисе-ақа, жоқ. Мен емес. Мен қайтейін бұларды жинап.
Менің өзім де үйге кіргенім осы. Шырмауықша оралып қайдан жинала
қалғанын білмейсің— деп Рақымғали үйдегілерді енді қуалай бастады.
— Көсегең көгермегір нағыз аянышты жеріне келгенде үзіп
жібергенін,— деп күңкілдеді бір əйел үйден шыға беріп.
Əйелдерге ере Қалима да, қойшы Қали да жөніне кетіп, бұл
əңгімелердің бəрі басқаларға айтылғандай, жыршының қасына
тізерлей отырған Құрман орнынан қозғалмады. Оның ойы: өзінің жыл
құсындай күткен жыршысы Қалекеш бұрынғы əдетінше өлең-жырын
бітірген соң бірге қайтып, түні бойы ертегі айтады ғой деп шамалап
еді. Бірақ Бисенғалидың қаһары басқалардан гөрі оған ала бөле ауды.
— Əкеңе ас беріп жатқандай, төрдің төбесіне мініп сен де шалжия
қалдың ба? Жөнел көзіме көрінбей!— доп төнді Құрманға бай ауылдың
басты қожасы.— Қойшы-қолаңына дейін аузын ашып қалғанын қара
бұлардың. Əлде ана Рақымғали ағам деп арқа таңып отырсың ба
жұрттан бөлек?
— Əй, сен қайдан төрге шығып кеттің, а?— деп тіксіне түсті
Рақымғали балаға, оның төрде отырғанын жаңа ғана көріп қалған
адамша,— бар, бар, ұйықта.
Құрман Бисенғалидың жекіргеніне селт ете түскенімен, қапелімде
орнынан тұра қашпады. Ол жырдың ең бір жақсы жеріне келгенде
бұзған бұл қатын-балаға ғана қодыраңдап, қойшы мен жалшыға ғана
жекіргіш, ал өз əйеліне бір ауыз тіл қата алмайтын Бисенғалиды
жағадан ала түсуге де дүз жанбайтын халде еді. Бала төбетке айбат
шеккен күшіктей орнынан едірейе тұра келді де, көзінің астымен
Бисенғалиға сүзе қарап жыршының қолынан ұстай алды.
— Аға, жүріңіз. Кеттік,— деді ол булығып,— қатынның дегенімен
жүретін адамнан не үміт, не қайыр.
Қалекеш үн қатпастан домбырасын таяна орнынан тұра келді де
соқыр жанша, баланың жетектегеніне еріп жүре берді.
— Көрмейін мен енді қайтып мұндай жынның ойнағын!— деп
салмақтады сөзін Бисенғали.
— Иə, Бисе-ақа, жемге жүгірген шабақтай самсап, өріп кеткенін, түге.
Мен де байқамай қалғаным,— деген Рақымғалидың жылмағай сөзі оны
демдей түскендей болды. Бірақ Бисенғали ыңғайға жығылғыш күйеуді
онан əрі сөзбен құлақтап жатпады, тамағын қатты-қатты кенеп алып
үйіне қарай аяңдады.
Азғантай ауылды басына көтерген бұл жекіріс пен жөтелге бергісіз
тамақ кернеу Құрманның құлағынан түні бойы кетпеді.
— Аға, Бисенғали неге өшігеді, сізге жыр айтқызбай,— деп сұрады
Құрман Қалекештен қараңғы үйде жататын жерін қолымен сипалай
түсіп.
Жыршы оған ілесе жауап қайтармады. Сырттан кірген бойы кепке
дейін оның қараңғыға көзі үйренбей жан-жағына қарманумен болды
да, аздан кейін барып домбырасын керегеге сүйеді, қолтықтап кірген
ерді төр жаққа көлденең салды. Тақымдығын қажай-қажай таралғы
жырған жонаны астына төседі, сонсоң түйе жүн шекпенін шешіп
қасына қойды да, қалтадан бармақтай насыбай шөлмегін алып, оның
тығынын суырды. Үйреншікті қимылмен ақырын ғана, қараңғыда
алақанына аздап насыбай түсірді. Оны ептеп шымшып қос
бармағының ұшымен танауына кезек-кезек жеткізіп құшырлана
иіскей бастады. Сəл уақыт шамырқанып, бой сергіткеннен соң, ол бір
шынтақтап ерге қисайып жатып, ой тоқыраған соң ғана жауапқа
əзірленді.
Құрман бұл кезде өзінің үйреншікті алашасының үстіне алдақашан
етпетінен түсіп, қос қолдап иегін таянып асықпай жайланысқан
жыршының лебізін бағып, аузынан шығар сөзді күтіп те жатыр еді. Үй
іші шамсыз болса да, оның үйренген көзі Қалекештің жүзін анық көріп,
тіпті оның сөйлер алдында аздап қабағын шыта түскенін де байқап
қалды.
— Бисенғали сізге неге өшігеді дейсің бе, Құрмаш? Бисенғали маған
өшікпейді. Жалғыз атты ел қыдырған жырауды қайтсын. Оның
өшігетіні жыр.— Ол сəл бөгеле қалды. Сөйтті де тамағын жұмсақ кенеп
алып, сөзін қайтадан бастады.— Ол жырдың да бəріне бірдей кəрін
төкпейді, оның құлағына жақпайтын жаңағы «Хангерейдің өлімі»,
«Қарасай-Қазиді» мен өткен жылы кеп айттым. Оны осы Бисенғали да
тыңдады бір жолы. Оған үндеген жоқ, қайта қостап көтермелеген
жерлері де болды. Ал мына «Хангерейді» ол сонда да тыңдамай үйден
шығып кеткен.
— Өзін мақтамаған соң жаратпайды,— деді Құрман етпеттей
жылжып, жыршыға жақындай түсіп.
— ...Жоқ. Олай да емес, Құраш. Оның себебі тереңірек.— Тағы да
аздап насыбай иіскелеп алды жыршы. Сонсоң қараңғыда балаға қарап,
оның жүзінде не сыр барын болжамақ болып еді, бірақ ымырт шақтағы
көгілдір көлеңке оған көзін жеткізбеді.—«Жігітке қиын сауда халыққа
жақпақ, көңілін бай, жарлының бірдей таппақ» деген ежелден келе
жатқан ескі жай бар, Құрмаш,— деп сыбырлап сөзін жалғастырды
жыршы.— «Қақ жарған қара қылды болсаң-дағы, кетеді біреу мақтап,
біреу боқтап» дейді оның аяғы. Сол сияқты Хангерейдей сөз жүйрігін
Бисенғали сияқты ірі адамдар көре алмай жүрді. Себеп: Хангерей кеңес
өкіметін жақтап көп өлең, жыр шығарды. Кешегі қойшы мен жалшыны
мырзалармен тең көрді. Көбіне-көп оның өлең-жырлары жебір билер
мен кеудесін керген байларға бөгелектей тиді. Өзі коммунист болған
кедейшіл жыршыны көре алмаған дұшпандары«əй, сені ме!» деумен
келді. Кешегі бір қысылшаң аштық, жалаңаштық жағадан алған
күндерде банды деген пəле көп шықты. Жұт жеті ағайынды дегендей,
сол бандының əлегі бəрінен де жаман тиді елге. Бұрынғы Жайық
бойын тұтас билеген атты қазақтар бас көтеріп, өзі аш-жалаңаш елге
шабуыл жасап əлектеді. Сондай бір топ қарулы казактар Ілбішіннен
шығып Жымпиты қаласын шауып алуға аттанған. Мына Қамысты көл
басына бір түнде бес жүзден астам казактар келіп жеткен. Бұлар таң
ата Жымпиты қаласына бас салуға даярланған. Теңдік алған кедей
жағы бұл жауды көріп бұға түсті де, ал кеңес өкіметінің тақымы тиген
бай, мырзалар ауыл Советке, оның мүшелеріне тісін қайрай бастады.
Осы жолда құрбан болғандардың бірі Хангерей ақын, Құрмаш.
Хангерейді дұшпандардың көзеуімен қазақ жүздігі ұстап алып,
соңынан үйін тінтсе, үйінен əскерше тіккен сұр бешпет-шалбары,
қалтасында партиялық билеті табылыпты.
Түнде көл жағасындағы жалғыз үйге қамап, қасына қарауыл қойып,
таң алдында қалаға аттанарда «бірінші құрбандық» деп казактар атып
кеткен Хангерейді. Сол түні шығарған өлеңі деп Қуанышкерей
ақынның айтқаны ғой əлгі. Осыны Хангерейге өшігіп Бисенғали
айтқызбайды. Бұл Хангерейдің шығарғаны емес, Хангерей казактарға
өзі барып кірді, сен соны ақтайсың, деп жала жабады Бисенғалилар.
Міне, жырға өшігудің себебі осы, Құрмашжан.
Жырды да, əңгімені де ұйып тыңдаған бала, ұзақ уақыт ұйықтай
алмай, ішінен бұзық Бисенғалиға тістеніп жатып, бір кез тыныштала
қалды. Оны əлдилеп ұйықтатқандай бас жағында үңіліп отырған
Қалекені жыршы да ерге басын сүйеді. Аздан кейін жұмсақ қорыл
екеуін қымтап, бүркеп, күндізгі салыққан денені құндақтап жатқандай
болды.
Таң сəрідегі айқай...
Бала ұйықтап жатты, ертеңгі əрі тəтті, əрі бейғам ұйқыда жатты.
Дала да жиегіне көз жетпейтін дария сияқты емес пе! Сол жалпақ
сахараның мөлдір төсінде қалқып тұрған киіз үйлер де теңіз төріндегі
желкендер тəрізді. Əсіресе, жаздың таңға жуық шақтарында көзге
ертегі əлемі елестейді.
Ал, қара көк аспанның шығыс жаң жиегі құлан иектеніп, бозғыл
тартқан сайын, ұйықтап жатқан бала да шамырқана түседі. Кемеліне
келіп тынысы тояттаған дене салқын лепке жиырыла түсумен ғана
жауап қатқандай. Салқын самал да үйге іркілместен құйылып жатыр:
оны тоқтатар бүл үйде айнала ұстаған шиі де, ауыр киіз есік те жоқ.
Төр де жүксіз, жер де текеметсіз. Көне-тоз алашаның үстінде қой
жүні шекпеннен өзге көзге ілігер нəрсе де жоқ. Бірақ басы бүктеулі
шекпеннен темен сыр ып жастықсыз құр жерде қалған бала шайы
көрпе, мамық төсекті жаннан бір де кем тыныстап жатқан жоқ. Қоңыр
сазды бір рақат қорылдың құшағында жатыр.
Сыртта ақ бозғыл, үйде қара қоңыр тартқан таң сəрісі баладан өзге
жыршының бейнесін де көзге іліктіріп келеді. Ол жоғары — нақ төрде:
шапанын да, кебіс-мəсісін де шешпестен, ерге басын сүйей шынтақтап
жатып ұйықтап қалған ба, қалай? Байқап қараған адамға оның
иегіндегі шоқшалау біткен жирен сақалы демін қатты-қатты алған
кезде селтең-селтең етіп кетеді. Жанында əр жерін қамырланған ала
шұбар домбыра да шынтақтап тыныс алып жатқан сияқты: құлағы
сағанаққа ілініп қалған күйі көлбей түскен, сірə оны түнде керегеге
дұрыс сүйемей, сырылып барып қисайып қалғанға ұқсайды.
Жыршы да, домбыра да тыныстап жатыр. Даланың бұл егіз
шежіресі сөзімен, үнімен қырды əлдилеу үшін туған ғой. Өткеннің
ойлы сырын тербетіп қам көңілді жандардың қабағын жазғаннан
артық не бар! Сол жыршыны күнімен, түнімен тыңдаса да қызық
хикаяға осы бала бір қанған емес. Ертең тағы да бірі айтып, бірі
тыңдауға бойға қуат жинап жатқандай еді...
Жыршы оянып кетті. Көзін ашпай тұрып ол əлденеге құлағын
тосты. Үйге кіріп келе жатқан адамның табалдырықтан аттаған
адымымен бірге оның жастықтан басы да көтерілді. Алакөлеңкеде
үйге кірген Бисенғалидың сопақтау бейнесін ол бірден айырды.
«Байғұс бала, түнімен əңгіме тыңдап, таң алдына ғана көзі ілігіп еді,
оята келді-ау», деп аяп, Қалекеш шырт ұйқыда жатқан Құрманға көз
тастады.
— Тұр!— деген тікендей дауыспен бірге Бисенғалидың аяғы
алашадан сырылып төмен түсіп кеткен баланың жердегі басына жетіп
те қалды. Оң аяқтың ұшымен ысырып жіберген бас жыршыға келіп
соғылды, бірақ қатты ұйқыда жатқан бала оянбастан аунап түскен
жанша ыңырсыған бір дыбыспен ғана тынды.
— ...Сөзді сөйлеуді білесің, ерте оянуды білмейсің!— деп кіжінді оған
Бисенғали,— тұр, атқа бар!
Екінші рет оқталған аяқ балаға жетпей, жыршының шынтағына
тірелді. Қалекеш араға түсе қалды:
— Бисеке, мен айдап əкелейін аттарды, Құрмашқа тимеңіз, ұйықтай
тұрсын...
— Сен қу жақ, жұртты жырыңмен ағуалауды азсынып, енді біреудің
малшы-жалшысына да ара түспек болдың ба?
— Бала ғой, ұйықтай тұрсын дегенім. Əйтпесе ара түсіп қайтейін,
Бисеке.
— Мен сені ауылнайға акты жасатып мелицияның қолына беремін.
Қалекеш үндемеді. Бисенғали жалма-жан баланың. сирағына
жармасып, есікке сүйреді.
Ұйқылы көзбен бала не болғанын анық айыра алмай, Бисенғали
ұстаған аяғын қатты-қатты серпіп жіберіп, қолымен жер тірей, басын
көтеріп алды. Бірақ ол Бисенғалиды айқын көре алмай тұрған адамдай
екі көзін білегімен ұқалап-ұқалап жіберіп қарады.
— Жыр тыңдауды білесің, ерте тұруды білмейсің, ə?! Даусын да, өзін
де жаңа ғана танып, бала шошына жиырылып, кері жыршыға қарай
шегінді. Бисенғали кимелей түсті.
— Сен кеше не дедің? Сенің тілің шыға бастаған екен. Қайта айтшы,
кеше сен маған не дедің?
Тағы да көзін ұқалап-ұқалап жіберіп бала «осы не дейді?» деген
сұраумен оған түйіле қарады.
— Мен саған айтып тұрмын, кеше сен не дедің? Қайта айтшы, не
дедің?!
— Қашан?— деді бала кейін шегіне түсіп.
Ол қолымен сипалағандай, кейінгі жағында тұрған жыршыны іздеді
де, екі көзін Бисенғалидан алмай, оның қолына барып қолы ілікті.
— Кеше, мына қу жақ жырауды қуған кезде, ана Рақымғалидің
үйінде.
— Бізді таратқанда ма?— деп бала анықтай түсті..
— Иə, сендерді қуалағанда...
— Кешегі, кешегі сөзімді ме?— деді тағы да бала.
— Қазір айт сол кешегі сөзіңді. Не дедің маған? Сол айтқаныңды
қазір айт.
— Қатынның дегенінен шыға алмаған адамнан не үміт, не қайыр
дегенімді сұрайсың ба?
— Ə?
— Сол. Есіттің ғой, сол. Тағы да айтам жыр тыңдатпасаң,— деп бала
екілене түсті. •
Бисенғалидың сілтеген жұдырығы баладан ауып, Қалекешке тиді,
Құрман жалт беріп жыршының артына қарай тығылды.
— Бисеке, қойыңыз. Бала ғой. Баламен бала болу ұят емес пе,— деді
жыршы жұдырық тиген қарын сипалай түсіп.
— Мен саған көрсетейін көрімді. Қара мұның тілінің удайын.
— Қалампырдан қорқатының өтірік пе, айтшы,— деді бала өжектеп,
— Қалампыр қара қатын емес, қатын сөзімен жүретін сен қара қатын.
Хангерейдің жырын айттырмайсың, өйткені ол сені:
Майлы борсық,
Келеді жортып,
Қатынынан қорқып,
Бисенғали қортық,—
деген. Сол үшін қастықпен тыңдатпайсың жырды.
Екінші рет Бисенғали балаға ұмтылғанда, ол айқай салып далаға
шыға қашты.
Дабылдың ауылындағы сол күнгі таң сəрідегі айқай Құрманның
қалаға қашуына себеп болып еді...
ҮШІНШІ ТАРАУ
1
Хакімнің үйінде сол күні бəрінің басы тегіс қосылды,.. «Сағат
алтыдан қалмай кел... кешігіп қалма, қалайда кел!» деген Меңдіқыздың
сөзін Гүлжиһан «..сол!» деп жорыды. Ол əйелдің «қалайда кел!» деп
жазған өктем бұйрығын да өзінше жақсылыққа бейімдеді. «Ішке
тартып жақыным деп есептегені, əйтпесе бұлай жазбас еді. Онда бұл
қалай? Балалық шақ өткені ме? Бұл... бұл белгісіз арманның алды ма?»
деп жыбырлады қыздың ерні.
Қыз жалма-жан жуынды да, айна алдына барып тарана бастады.
Бірақ оның бірден-бірге молая түскен жүрек лүпілі бой бермей ойын
да əлдеқайда сүйреді. Істеген ісін де тиянақтатпады, ол қолына қайта
алып, сөз арасында жасырып қалған əлде бір сыр бардай-ақ записканы
аударыстыра берді. «Сол! Сол Əлібек келеді... Қарсы алу керек... Сол
үшін ғой Меңдіқыздың «қалайда кел» дегені. Бұрын көрмеген... тек
сыртынан ғана білетін жанмен қалай көрісем. Қалай амандасам...»
Ақшыл жүзіне қоп-қою қызыл шырай жүгіргенін айнадан көре
салды да, қыз теріс айналып кетті.
Бұл қыз Жүніс қажының тірі күнінде «сүйек жаңғыртып», Əлібекке
атастырып қойған Ақметшенің Гүлжиһаны еді.
Білімді, əрі дəулетті əкесі Гүлжиһанды орысша, қазақша бірдей
оқытып жəне оның үстіне жұмысына екі рет музыка сабағын беріп
тұратын учитель жалдап қойған-ды. Өзі көрікті, өзі өнерлі жəне атақты
адамның тəрбиелі қызын кішкене қаланың халқы тегіс танитын еді де,
жастар жағы: «Гүлжиһан емес, Жиһанның гүлі, Иран бақ құсы» деп
таңдай қағатын.
«Неге толғанам соншама, ол да осындағы көп оқушының бірі сияқты
шығар!»— деп өзіне-өзі дем бергендей ширатыла түсті де қыз есікке
қарай жүрді.—«Иə, иə, ол да осындағы оқушылардай шығар. Кім
біледі... Жоқ алыстағы үлкен қалада оқып жүрген білімді жəне жұрт
аузына ілінген Əлібек «жолында басым құрбан... сенсіз маған өмір
жоқ...» деп хат жазып біздің қаланың күйіп-пісіп жүрген жастары
сияқты болмас...»
Хакімнің үйіне қарай келе жатып Гүлжиһан бір кез Əлібектің пішінін
оймен көз алдына келтіруге тырысты. Бірақ сонау бала кездегі керген
бұлдыр бейне көз алдында көлденең тартыла бермеді, тіпті оның
бойын да, өңін де, бет елібінің қандай екенін де анықтай алмады. Сонда
да екі-үш кеше бойы оның ойына Əлібектен өзге еш нəрсе оралмай
қойды.
— Қалқам-ау, елге қайтуға неге асықтың соншама?— деді Меңдіқыз
оған есіктен кіре бергенде. Сөйтті де əйел қызды құшақтай төрге қарай
жетектеді.— Сені кетейін деп жатыр дегенсін, ең болмаса біздікіне бір
қонсын, қасымда болсын деп шақырдым. Үйде, өзің білесің, Хакім де
жоқ. Алыстан күткен жолаушымыз да келген жоқ. Хакім сол інісін күтіп
айналған шығар Текеде.
Қатты-қатты тулаған қыз жүрегі аздап орнына түсе бастағандай
болды. Оған Хакімнің де, Əлібектің де келмегені үлкен тыныс
сияқтанды. Сырласпаса да көріп жүрген Меңдіқызбен əңгімелесу оған
енді аса қиын көрінбеді.
— Папам тез қайтсын деп ат-арба жіберіпті. «Қала шаң əрі ыстық,
онда жүдеп қаласың. Ауыл қырға жаңа ғана шықты, дала жақсы
демалуға» деп хат жазыпты. Қаршыға тіпті бүгін жүріп кетеміз деп
асықтырып еді, мен болмай тоқтаттым. Жақын-жуық жандармен
амандасып кетемін деп. Ертең ертемен жүреміз,— деді қыз. Сөйтті де
ол еркелеген пішінмен Меңдіқыздың мойнына асыла түсті.
— Қаршыға ма ат-арба əкелген? Ол біздікіне неге келмеді?— деді
Меңдіқыз қабағын шытып.—...Қалаға сан келіп жүргенде есігімізден
бір қараған жан емес. Əмəнде сырттап жүреді. Кімге тартқан өзі,
жақынды жақын деп санамайтын?!
Меңдіқыз сөзі аса зəрлі болмаса да, қызға ілік сияқты көрінді.
— Қаршыға да, мен де жөн-жосықты шала білетін баламыз ғой,
Меңдіқыз апа. Кіріп сəлем беріп шығу оның да ойына келмепті, менің
де бұл жөнінде оған айтар ақылым əзір болмаған. Кешіріңіз,— деді қыз
мүлəйім пішінмен.
Мендіқыз оған қадала қарады, бірақ бұл қадала қарас кешірім беру
емес, қыздың да, ұлдың да кінəсы жоқ, тек жақындық ниетті аша түсу
үшін айтқан сөзді көңіліне алып қалды ма деп сынау еді. Қыз шынында
да шыдамады:
— Шынымен ренжисіз бе?— деді Гүлжиһан да көзін алмай.
— Жоқ! Менің көзіме бүгін бұрынғыдан да өзгеше көрініп тұрсың...
Бұрынғыдан да жақын көрініп тұрсың... Соның үшін қарадым, сұлуым,
сұлуым! Ақ сүйрік! Бала қайың! Кішкене Жиһан.
Келіншек сүйсіне кеп қызды балаша құшақтап, маңдайынан өпті.
Жұқа ерінді ақшыл жүзіне қызыл шабдар шырай лып ете қалды да,
қыз өңі бейне бір үлбіреген қырдың қызғалдағына ұсап кетті. Дене рас
сүйрік — шайы көйлек оны онан да сүйріктендіргендей белін қынай
түскен, ал құшақтай алған əйелдің қолы қыз мойнына орала қалғанда,
оның ұзын қос бұрымының сол жақ өрмесі Меңдіқыздың кеудесіне
құлады да төмен сырғып кетті.
— Сен, апа, мені кішкене Жиһан дейсің, кəне қай- сымыз үзын
екенбіз?— деп ол ңатарласа ңалып еді, Меңдіңыздан ңыз көп сұңғаң
көрінді.
— Бала емессің, бала емессің. Бой жеттің. Пістің. Алмасың, жемей
жұтып қана қоятын алмасың,— деп əйел шайы көйлектің жоғарғы
бүрмесіне көз тігіп еді, оның «бала емессің» деген сөзін дəлелдегендей
өр кеудедегі үркіп тұрған қос алмаға көзі түсті.— Алмасың піскен
алмасың,— деп жымиды əйел қызға шатты пішінмен.
Қыз бетіне қызыл шабдар шырай тағы да лып ете қалды. Əйел
сөзіне іштей риза болса да, «бой жеттің» деген соз орынсыз көрінді.
— Иə,— деді əйел сөзді басқа жаққа бұрып,— ертең ертемен ауылға
жүріп кетемін дейсің бе?
— Папамның бұйрығы солай.
— Сенің өз билігің өзіңде емес пе, мына сияқты бой жеткен, оқыған
қызға папаң осы күнге дейін бұйыра ма?
— Папам мені бой жетті деп өмірде ойлаған емес.
— Дүниеде не болып жатқанын үйде отырып білетін папаң
қызының өзіндей болып қалғанын байқамайтыны қызық екен.
Гүлжиһан сəл ойланып қалды.
— Мына сөзіңе түсінбей қалдым. Меңдіқыз апа, менің папам сондай
адам ба?..
— Папаңның ақылды, білімді, парасатты, өмірде не бар, не жоғын
өзгеден бұрын біліп отыратын адам екенін байқамай өсіп пе едің?
— Жоқ, сіздің сөзіңізде басқаша бір мағына бар сияқтанды, соған
қарай сұрадым. Əйтпесе папамның надан кісі емес екенін білемін ғой.
Бірақ сол надан болмағанын көп жұрт күндеп жүрмесе деймін.
— Жұрттың не дерін болжап қайтесің, қарағым.
— Өзің жаңа ғана айттың ғой, апа, «бəрін білетін папаң, қызының
өзіндей болып қалғанын байқамағаны қызық»,— деп. Соған қарап мен
де əр нəрсені байқауым керек шығар деп ойлаймын.
Меңдіқыз күліп жіберді.
— Байқағаның жақсы жəне өзің əр нəрсені байқауға шамаң келіп
қалғаны да жақсы көрініп тұр. Сонда да баланың əке-шешесін ойлауы
сирек, əке мен ана көбірек ойлауға тиіс баласын. Өйткені тəрбиелеу,
оқыту, өскен соң аяқтандыру солардың қамы ғой. Ал сен болсаң,
Гүлжиһан, қазір нағыз сол əке-шешенің ең соңғы қамдайтын жасында
трсың.
— Менің ойлағаным ол емес еді, апа. Сен сөзді басқа жаққа бұрдың.
Жұрт менің папамды ауызға көбірек алады. Соған қарап, сіз де сондай
пікірде емес пе деп күдіктенгенім.
— Жақын адам жақынын жақсы жағынан ғана ауызға алады, папаң
да, сен де бізге алыс емессің...
Меңдіқыз Гүлжиһанның жүзінен сыр тартқандай өзгеріс іздеп,
қыздың мөлдіреген қара көздерінде мүлəйім қарасы барын байқап
қалды. Бірақ бұл «мүлəйім қарас» оған өзгеше өң, өзгеше бір сүйкімді,
өзді алмай қарарлық тартымды шырай беріп тұрғандай болды.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 05
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.