Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 03

Total number of words is 4192
Total number of unique words is 2165
36.5 of words are in the 2000 most common words
50.7 of words are in the 5000 most common words
57.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қайырды, бірақ өзі терісін сыпырып мүшелеп тастаған бағланның етін
қимады ма, əлде əзір асқа қарамауды əдепсіздік деп тапты ма, кім
білсін, əйтеуір, Сүлеймен орнынан тұрмастан, Хакім мен жолаушыға
алма-кезек жалтаңдай қалды.
— Əлгі қозы... қалай болды?— деп күбірледі.
— Мына бəйбішенің қазаны көтеріліп жатыр, мырза, бауыздалған
бағлан бар, басын ұстап кетіңіз,— деді нарлы Хакімге.
Хакім қозының сойылып қалғанын білген де жоқ еді, оның үстіне
бүл жерде ұзақ айналу оған келіссіз де көрінді.
— Біз жүреміз. Уақыт тар. Жол ұзақ. Жайласып отырып
дастарқандасатын шақ алда. Əлі де талай көрісерміз. Сіз Қызылүйге
соғасыз ғой? Келіңіз, біздің үйді табасыз ғой? Бəлкім, білетін де
шығарсыз...— деп еді Хакім, оған жолаушы ойланбастан жауап қатты.
— Білемін. Дəм бұйырса, соғармыз да,— деді.
Жолаушы сыртқа ере шықты. Кешікпей ағайынды
Жүнісовтер арбаға отырды да, Сүлеймен қос қара көкті қара жолға
салды.
— Келеді ол! Өзі келеді, көрерсің!— деді Хакім артына жиі қарап
келе жатқан інісіне.
— Мен де келер деп ойлаймын. Бірақ... келмегені жақсы болар еді,—
деді Əлібек төмен қарап.
Бұл сөздің шын мағынасын жүзінен іздегендей Хакім інісінің бетіне
қадала қарады да, онан аяныш шырай тапты...
«Мұның балалық»,— деді ол ішінен.
Ал, Жүнісовтерді шығарып салып, үйге қайта Kipген нарлы
жолаушы: «Мына қу шырамытты, бұрын бір мəртебе көрсе де
шырамытты. Оған да он жыл өтіп еді жəне мені іңір қараңғысында
көріп еді. Өте қырағы жігіт екен. Сөзге де ұста, ақылға да жарлы жан
емес. Қармақты қалай алысқа тастайды. Біздің үйді білесіз ғой, келіңіз!
— дейді. Келгенде жарылқайтын болсаң...»— деді ішінен. Сөйтті де, ол
əлденеге күдіктенгендей:
— Кербез, ay Кербез!— деп дауыстады екінші бөлмедегі əйелге.
— Сағындың ба, батыр!
Əйелдің назды сұрағына тура жауап қатпай, қара көлеңкелеу
бұрышта шынтақтап жатқан күйі:
— Мен де жүремін,— деді ол, суық үнмен.
Балғын шақтан əлдеқашан əрілеп кеткен, бірақ
дəні толып кемеліне келіп, басын желге салмақпен иетін қобақан
бидайдай, толықсыған əйел қылықты шыраймен ер келбетті еркекке
жақындай түсті.
— Батыр, үн қатпайсың ғой, əлде... Əлгі əкім ойлаған ойыңды бөліп
кетті ме? Əлде... Тынықсайшы, міне жастық.
— Жоқ. Жүремін. Əкімдер əрілеңкіресін.
— Оларды қайтесің... Əлде солардың ізін аңду үшін ғана келіп пе ең?
— Жоқ. Көлденең жүрген көк аттылының ізін аңдып не басыма ат
теуіпті.
— Бəсе...
— Осы жаққа тарта беретін бір сиқыр бар...
— Ол қандай сиқыр?
— Бері кел!..
Ұзын қараның бақандай қолына əйел іліге кетті де, белінен орай
ұстап өзіне қарай тартқанда, жас талдай иіле берді...
ЕКІНШІ ТАРАУ
1
Сол күні Жымпитыға ішкі ауыл жолымен де бір арбалы кетіп бара
жатты, бірақ бұл — сонау Арқа беттегі елдерге соқпайтын, үлкен қара
жолдың бойындағы қос қара көк ат жеккен салтанатты
жолаушылардай емес, өгіз арбалы адам. Мұның да барар жері алыс.
Бірақ жүрісі мардымсыз. Өгіздер ертеден бері ілбуін қыл елі өзгерткен
жоқ. Əлі сол азар аяңымен аяқтарын шалыс басып, қыбыр-қыбыр адым
санап келеді.
Қалқаны қисық қазақы арбаға көк шөпті баса салып, үстінде бір
шынтақтап қожайын жатыр. Мүмкін, ол ертеден бері талай ұзын
ойдың о шеті мен бұ шетін сан рет шарлап та шыққан шығар. Ал, тап
қазір арбаның майда ырғағымен өгіздердің тасбақа қыбырынан
əудемжер қиялы да шарықтамай қалған сияқты. Тысы оңған көнетоз
к,ара бұйра бөркін күн жаң шекесіне салып қойып, өгіздерінің
мүйізінен көз алмайды. Ырғалып теңселген жүріс мəдісін аңдып,
мүйіздің буынын санайды. Түбі ақ қайызғақтанған оң қолдағы
шаңырақ мүйіздің жылтыр ұшына ерлеген шығыршық саны кей¬де он,
кейде он бірге жетеді. Көз жаңылды ада деп күдіктенген өгіз иесі мүйіз
шығыршығын қайта санап, кайта есептейді. «Сары аланың
шығыршығы он бір болу керек еді ғой, иə, он бір! Оның жасы он бірде,
көкем қайтқан жылғы бұзау... Шолақ атты балшабайлар келетін
жылғы!» деп күбірлейді. Сөйтеді де ол сол қолдағы өгізге көшеді...
Оқта-текте жалқаулау үйірілген шыбыртқы мен зəрі жоқ соп-соп
өгіздерді сəл ғана серпілте түседі: көзін арт жағына бейғам тастап
қойып күйсеп келе жатқан сары ала өгіз бес-алты адым емпеңдей
аттайды да, көзін қайтадан жұмып бəсең жүріс қалпына қайтадан түсе
қалады.
Дала да осы шабан қимылға ұқсап жатыр: баяғы жалпақ күйінде,
өмірі бір шағындалмайтын сияқты, əлдеқашан артта қалды деген
«Ащысай» қырқасы əлі алыстаған жоқ. Ал алдыңғы жақтағы Сарыбоз —
өмірі жеткізер емес. Бұлан қырқасымен ұштасқан күйі қиырдағы сағым
толқынына оранып тұр.
Жалпақ дала өгіз аяң, талмалы теңселу жұмсақ шөп үстінде қисайған
арба иесінің ойы мен денесін қоса тербетіп, əбден балбыратты да, арты
қалың ұйқыға айналатын қалғу басталды. Ол көзін ашып қалып қайта
жұмып, біраз уақыт шынтақтап жатқан күйі шыдап бақты да кешікпей
ұйықтап кетті — алақаннан ығысып, басы шөпке жайланысты. Біртебірте дене до жазылып, жай тапқан сияқтанды. Жұмсақ қорылды тəтті
ұйқы бар денені мықтап құшақтап алғандай болды...
Бөріксіз қалған шекесін күн қыздырып оятқан жігіт қанша уақыт
өткенін, қай жерге келгенін шамалай алған жоқ. Ол тек үйреншікті
жекіріспен қолдан түспеген шыбыртқысын үйіре түсті, бірақ
қарасынға қарай асыға ұмтылған өгіздер онсыз да жақсы аяңдап келе
жатыр еді. Аяңдамай бола ма: ұзын күнгі ыстық, таусылмайтын ұзақ
жол шөліркеткен жануарлар жақындаған сайын құдық суының салқын
ылғалын.» тұмсығын тұтас көмгендей сезіп еді.
Шаңырақ мүйіз сары ала бір-екі рет тіпті астау басына келгендей
ұзын тілмен орай шүйіріп, қос танауды тазартып та алған еді. Үлкен
жолдан бұрып ауылға еріксіз жетелеген де осы су иісі болатын.
Екі ағасы қос қара көк ат жеккен сəнді фаэтонмен кетіп бара жатқан
қалаға өгіз арбамен жол шеккен бұл Жүнісовтердің ең кішісі Əділбек
болатын. Ағалары Оралдан шықса, бұл елден шыққан еді.
Əділбек қапелімде ұйқылы көзімен, өгіздерінің қайда алып бара
жатқанын, жолдан қашан бұрылып кеткенін аңғара алмады. Ол алды
артына көзін уқалай қарап, Бұлан қырқасынан асқанын жонайттан
құлап жатқан жолдың қара қоңыр бұрымына қарап білді, бірақ төніп
келіп қалған ауылының кімдікі екенін танымады.
Кəрі сайтандар ауылға бұрған екен, шөлдеген ғой шамасы.
Жарайды, құдық суына қандырып, бұларды суарып алайын. Өзімнің де
таңдайым кеуіп қалыпты... Бұл кімнің ауылы екен? Екі отау, қос қараша
үй қоршалған кім де болса дəулетті адамның үйі ғой. Бұл жерде бай
бұландардан кім бар еді!..
Əділбек көп ойланбастан «дəуде болса кіші отау шығар» деп
шамалаған үйге таяу келді де, өгіздерін тоқтатып, арбадан түсті. Өгіз
арбалы қонақты елей қоймайтын əдет қой, мұның алдынан үйден
шыққан, да, көлденеңнен көз тіккен адам да бола қойған жоқ, жалғызақ шеткі қараша үй жақтан отауға қарай беттеген толық əйел арба
жанында тұрған көзге қораш бала жігітті көре сала:
Мына ала өкпе тигірлеріңді кидірмелетіп қайда апарасың, үйге
кіргізейін деп пе ең соншама? Əрмен, ана жаққа қарай əкет, төңіректі
былғайсың! Жөн-жосықты білмейтін қандай көргенсіз неме едің, өзің!
— деп киліге кетті.
Əйелдің жүзіне тіктеп қарады да, оның түтігіп тұрғанын көріп
Əділбек үндемеді. Ол: «Көрінгенге тиісейін деп тұрған мынау бір қос
үйді қоса қондырмайтын шайпы ауыз қатын екен. Үндемеген үйдей
пəледен құтылады деген, бөтен ауылдың сыртында ұрсысып тұру ұят
болар» деп ойлады. Əйелдің өзін де, сөзін де естімеген болып, ол
басындағы бөркінің шаңын сілкіп қайта киді, еңкейіп қолымен нанке
шалбарының балағын қақты, бешпетінің етегін желпіп-желпіп қойды.
Мұның бұл «қылығына» жыны келген би бəйбіше (Əділбек оны «осы
ауылды бір шыбықпен айдайтын ер мінез бəйбішесі шығар» деп
ойлады):
— Сен айтқанды естіп тұрсың ба, естімей тұрсың ба? Əлде өгізіңнің
басын кері қайыртып шыбыртқылатуды күтіп тұрсың ба? Ай, күйеу,
үйдемісің, бері шық!— деп айқайлады əйел үйге қарап. Əділбек
шыдамады.
— Бəйбіше, сырт қарауға көз тоқтатарлық ақ орда көрінгеннен
кейін: жолаушы аялдар табақты ауыл екен деп бұрылып ем.
Жаңылдым, айғайы мен қамшысын көтеріп қарсы алатын таяқты ауыл
екенсіз. Өзіме шалап бермесеңіз де, өгізіме сыңар шелек суыңызды
қиярсыз, қауға беріңіз, құдығыңыздан көлік суарайын,— деді.
— Мына тышқақ өгіз жеккен қарғадай неме, тіл мен жағына сүйеніп,
тазша баладай тақылдайды ғой. Мен саған қауға əкеліп беретіндей кім
едің өзің? Қара арбаға қос жорға жеккен мырзалардай, шіренеді-ай!
Күйеу, а күйеу! Күйеу-ау, сен тірімісің, өлімісің? Шықсайшы бері,
десеңші мынаған бірдеме!
— Тышқақ өгізді бұл жерде де жегетін көрінеді. Анау жатқан өгіз
қамыт пен жармалы арба жорғаларға деген салтанатты жабдық
болмас. Күйеу, күйеу деп қақылдайсыз, майлық орамал орнына
жұмсайтын күшік күйеуіңіз бар-ау шамасы. Шықсын, шақырыңыз,
шақырыңыз,— деді Əділбек өр кеуде əйелдің намысына тие сөйлеп.
Əйел бөгеліп қалды, ол үйден кешеуілдеп шыққан күйеу мен тістене
сөйлеп, безере қалған Əділбекке кезек қарады. Бұрын-соңды ешкім
қарсы кеп сөз айтпаған бəйбішеге отты жігіттің орынды сөзі найзадай
тиді, ол түтіге түсті.
— Сендердің осы айқайлатпай орындарыңнан көтерілетін күндерің
бар ма?— деп зекіді əйел, бар өшін «күйеуден» алайын деген адамша.
— Өмірі қозғалмайсыңдар, аяқтарыңа қазандай қара тас байлап қойған
адамша.
— Уа!—деді үйден шыққан кішкене кісі жіңішке дауыспен
Əділбекке қарап.— Сен айналайын, Əділбекпісің? Қай жақтан жүрсің?
Қайда барасың? Ел аман ба? Жеңеше, мынау кəдімгі Жүніс қажының
баласы Əділбек!.. Біздің Əділбек! Бағанағы айтып отырған Хакімнің
інісі, туған інісі, кіші інісі. Кəдімгі біздің пыркарол Хакімнің. Ой
айналайын, бəсе, сөз саптауың құлағыма таныс адамның лебізіндей
тиіп еді-ау. Жөкеңнің сөзі... ауған жоқ өзі... Ой, айналайын...
Əйел аңтарылып қалды. «Күйеудің» мына сөзі оған ұшық салғандай
əсер етті.
— Шырағым-ау, күйеужан-ау? Құда бала дейсің бе? «Бері келіп
кетші, тез шықшы» деп сені білгендей шақырған екенмін. Əйтпесе,
танымасын сыйламас деп... Құда бала екенін білсем өзім де басқаша
сөйлесер едім. Ім, бəсе, біздікіне танымайтын адам бұрылмаушы еді
ғой,— деп саса бастады.
Кішкене күйеудің тілі одан əрі ағытыла түсті. Оның сөзі бейне бір
көзі ашылған бұлақша сорғалады.
— Иə, иə, би-жеңгей, құда балаңыз! Құда бала болғанда нағыз шекесі
тоқпақтай, анау-мынау емес, ортан қолдай құда балаңыз! Қажының
аузынан түскен де қалған, қызыл тілдінің шешені! Оның үстіне өзі əрі
əнші, əрі өлеңші, əрі балуан! Бір сырлы, сегіз қырлы жастың бірі! Білім
қандай десеңізші. Қален ушетелден жеті жыл оңып шаруа мектебін
бітірді. Ана екі ағасынан бұл асып түседі. Қара шаңырақта қалған бала
осы. Басынан бақ, аузынан бал арылмаған бетке ұстар інілеріміз. Ана
алдындағы ағасы үйленсін деп жүрмін. Əйтпесе Əділбекжанға қызды
өзім таңдап, əлдеқашан өзім айттырамын ғой,— деді ол, Əділбек қыз
көре жүргендей-ақ сөз аяғын үйленуге тіреп.
— А, ім!— деді əйел даусын көтере созып. Оның аса бір мағыналы
пішін көрсеткендей, қабағы керіле қалды.
Тəкаппар бəйбішенің өр сөзіне ащы жауап қайырып: «Майлық
орамал орнына жұмсайтын күшік күйеуіңіз бар-ау, шамасы» деген ағат
сөзіне Əділбек енді қысылды. Осыны жуып-шайғандай ол:
— Рақа, үй ішіңіз аман-есен бе? Мен сіздің үйді бұл жерде деп
ойлаған жоқ едім, кімнің ауылы болса да өгіздерімді суарайын деп
бұрылып ем. Əйтпесе, бірден сіздің атыңызды атап, сіздікіне түсемін
ғой,— деді.
— Оқасы жоқ, оқасы жоқ, қарағым. Үйге кір. Күн ыстық, шөлдеген
шығарсың. Көлігіңді өзім жайғастырармын. Жүр, жүр, жеңгең де,
кішкене інішегің де үйде. Жақсы келдің, қонақ болып қонып кетесің,—
деді үй иесі Əділбекті қолынан жетектегендей үйіне қарай бейімдеп.
«Күшік күйеу деген сөзді естімеген шығар... естісе ұят-ақ болды» деп
ойлады Əділбек тағы іркіліңкіреп.
— Күйеу, «інім» деп өзіңе қарай сүйреме, құда бала біздікіне түссін,
жолы сол,— деді бəйбіше Əділбектің ойын бөліп.
Əйелдің кенет өзгеріле қалғанын Əділбек іштей жақсы көрді,
өйткені, бұл ауыл уезд қол астындағы ең дəулетті адам Дабыл байдың
ауылы еді, мынау тұрған Дабыл байдың не өз бəйбішесі, не інісінің
əйелі болса керек. «Бұл құдіретті ауылдың бізді сырттан білгені өте
дұрыс. Тəңір жарылқағыр Рақымғали не болса да келістіріп мақтап
берді» деп ойлады да, алғашқы сөз өрінен Əділбек те жазыққа көше
сөйледі.
— Құдағи, сіз де ғапу етерсіз, танымасын сыйламас менен де болды.
Ал, аялдау билігі ағаның айтқанымен болсын. Өйткені, сіздің үйге
арнап келіп, асықпай отыруды жөн көріп тұрмын. Жəне оның үстіне
өзіңіз айтқандай, өгіз арбамен базар базарлап жүріп, сыйлы жерге жолжөнекей соғу лайық та емес,— деді.
— Жөн-жөн,— деді əйел, үйіне түсіруге аса құлап ықылас білдіре
қоймай,— аға мен жеңгенің үйі жастарға əрдайым ыстық келеді.
Əділбектің «Рақа» дегені əрі сөзшең, əрі пысық дөңгеленген жігіт
Рақымғали дейтін жамағайыны болатын. Жиырма бірінші жылғы
күйзелістен кейін бұл епті адам мыңғырған бай қайын атасының
төңірегіне көшіп келіп, біржола орналасқан еді.
Əрі сөзшең, əрі ұршықша айналған зырылдауық Рақымғалидың үйге
еңсесі енгеннен-ақ құлқы өзгеріліп жүре берді: молданың алдынан
өткен балаша, оның аяқ басысы да жыбырлай қалды, үй сыртындағы
салдырлаған үні де май жалаған баланың үніндей жұмсара түсті.
Айбынды əкесінің алдында талай жанның бұйыққан торғайдай
томсара қалатынын көріп өскен Əділбек бұл өзгерісті бірден байқады.
— Зейнеп, Зейнеп, қайның, кəдімгі Хакімнің інісі Əділбек деген
қайның,— дей түсіп еді Рақымғали ақырын ғана, ал қазан жақта қолын
білегіне дейін үлкен құмыраға көміп жіберіп май бұлғап жатқан Зейнеп
оған:
— Бүтін ауылды басыңа көтеріп неге айқайладың соншама? Туғантуысқандарыңа айтарың ішіңе сыймай əуліктің бе əлде?— деді көзінің
аласын көрсетіп.
Əйел өз жұмысымен бола берді.
— Жеңгей, сəламатсың ба?— деген Əділбекке де ол толық жауап
қатпады, буалдыр жүзбен: «Шүкір!» деп ернін ғана жыбыр еткізді.
Төрге қарай өтіп, жалаң киіз үстіне малдасын құрған Əділбек
сыпайыгершілік əдетті сақтап:
— Қоныс жайлы болсын!— деді.
Əйелінің жауап қайыра қоймайтынын күні бұрын білген қожайын,
қоянға жүгірген əккі тазыша, көлденеңдей түсті.
— Айтсын, қарағым,— деді ақырындап,— отыр, жайласып отыр.
Жеңгең шай қояды... Қолы босамай жатыр. Ал, көлігіңді мен өзім
жайғастырармын.
Сөйтті де Рақымғали жас балаша еңбектеп жүріп, киіз үстінен бір-екі
шөп қиқымын, төсектен ұшқан құстың жүнін алды да, уысына қысқан
күйі түрегеліп есікке қарай жылжыды.
— Отыр, отыр қарағым,— деді ол тағы да артына жалт қарап,
«соңымнан ілесе шыға ма» деп күдіктенген адамша.
Əділбек оның жүзінде шынында да бір «күдік» тəрізді мүлəйім
шырай барын байқап қалды.
Сəл отырғаннан кейін Əділбек май бұлғаған əйелге:
— Жеңгей, сіз мені танымай қалған шығарсыз, ауыл арасы шалғай
болғаннан кейін, бұрын бірер рет қана көрген болуыңыз керек. Қалай,
елді сағынған жоқсыз ба? Ата-ене, қайнаға, қайын інілеріңіз қатынасып
тұратын болар. Біздің ел қалаға жиі қатынасады, жолдан амандық біліп
кетуге ыңғайлы-ақ,— деп еді, бұған да əйел:
— Менің əке-шешем осында,— деп күрт жауап қатты.
«Мынау үйіне көлденең көк аттыны түсіріп көрмеген көргенсіз де,
болмаса ерімен ренжісіп отырған əйел ғой» деп түйді Əділбек ішінен.
Сонсоң ол қазан жаңқа ұстаған кішкене шиге, төрдегі қос жүк ағаштың
үстіне жинаған киіз, кілем, көрпе, жастыққа, үйдің бау-шуына қарап
«орташа ғана отау екен» деп топшылады. Түрулі іргеден бас жібімен
матаулы екі өгізді құдықтан шелекпен суарып жатқан Рақымғалиді
көрді. Өзіне сыры мəлім сары аланың бой бермей үш рет тартқан
қауғаны бас алмастан бір өзі тауысып, енді ғана кері шегінгенін көріп
оз сусыны қанғандай риза болды. Төңіректе құдық басындағы
қыбырдан басқа не мал, не жан жоқ. Қос қараша үй мен екі отау, бір
үлкен үй бірінен-бірі үркіп бесеуі бес жерде түр. Бір-бірімен ұрысып
теріс қарап томсырайысып қалған сияқты. «Малыңа, атағыңа сөзім жоқ,
бірақ ауылың ант берген адамның өңіндей ажарсыз екен, төңірегіне ит
байласа тұрғысыз. Бəйбішесі бажылдай қарсы алып еді, мына —
жеңгесымағымыз тортиып, адамға жылы лебіз білдірер сиқы жоқ.
Рақаң мыналардың арасында неғылып дəті шыдап тұрады екен?.. Əлде
күшік күйеу деген сөзді менің аузыма құдай түсіргендей «күшік күйеу»
болып күн көріп жүр ме екен? Қалай болғанда да келісіп тұрған
ештеме көрінбейді. Мына үйге отырып дұрыстап шай ішудің өзі
қиынға соғар. Сол шайының өзі де əлі нышан көрсетер емес...»
Əділбек сыртқа шықты да, «шайға қарасам ба екен, əлде жүріп-ақ
кетсем бе екен» деп екі ойлы болып құдық басына қарай жүрді.
— Уа, Əділбекжан, сен қайда барасың? Өгіздерің əбден қанды,
қандыра суардым. Сен отыра берсең етті, неге шықтың үйден?— деп
Рақымғали қайтадан ағытыла бастады.— Ту, өздері де бір сабанды бір
өзі сүйрегендей шаңырақ мүйіз қалбауыр екен. Ана жылғы безінші
казак-орыстардан алған өгіздер емес пе? Дегенмен, бала, өгіз арба
жегіп жүруің аз-мұз келіспейді. Əлібек екеуің жорға мен жүйріктен
түспейтін кездерің, оған сендердің қай жағынан алсаң да прабаларың
бар екеуің де оқыған жігітсіңдер, екеуің де əдемі балаларсыңдар.
Əулеттерің де құдайға шүкір. Оның үстіне Хакім болса анау — бүтін бір
уездің аузымен құсын тістеген құдіретті əкімі. Хакімдер келе жатыр
дегенде қазір Қожакелді мен Бұланың, Тоқсаба мен Олжа орысың,
Датың, Ақберлің, Құлың, Бұғанай мен Жауқаштыны қоспағанда,
Қынығың, Жаңа байбақтың — не керек əммəсі аяғынан тік тұратын
болды. Сен қарағым, білмейсің, мен көріп жүрмін. Тап осы мына менің
мыңғырған бай атам мен белгілі би қайнағам Бисенғалидың өзі
Хакімнің тізгінін ұстауға дайын. Қайтесің, ішің білсін, бір сенің емес,
бəріміздің ішіміз білсін.
Рақымғалидің бұл ұзақ сүресіне аса риза болмай үйден жабың
қабақпен шыққан Əділбек қолына қауға шелекті алып, орталап су
тартты да, шелегін шайқап тастады, екінші рет тартқан судан еңкейді
де, аузымен мейір қандыра жұтып-жұтып жіберіп:
— Уһ— деді.
— Ойбай, қарағым, мұның не? Қазір шай ішесің ғой.
— Жоқ, Рақа, мен жүремін.
— Неге? Қой, қарағым, шай-су ішіп кетесің.
— Əуре болмаңыз.
— Түк əурелігі жоқ. Шай ішеміз, əңгімелесеміз. Жəне сені...
құдашаңмен таныстырамын. Менің балдызым бар ғой, білесің бе?
Зейнеп жеңгеңнің туған сіңлісі. Кемпір мен шалдың бал-кенжесі,
жалғызы, қазір тек соның аузына ғана қарап отырған шаңырақ иесі...
Əділбек Рақымғалидың жүзіне тура қарап, оның ешбір қалтқысыз,
шын ниетімен айтып тұрғанын сезді де, «Зейнептің сіңлісі болса,
қырын жонбаған келсаптай дүңк ете қалатын бір томар шығар» деген
сөзді айтып сала жаздап тіл үшін тістеп қалды.
— Жоқ, Рақа, мен жүремін... Сіз бір сөзіңізде: өгіз арба жегіп жүргенің
ұят дедіңіз. Мен өгіз арба жегіп даладан машина ала бара жатырмын.
Косилканы арқалап, фургонды өзім сүйреп қайтпаймын ғой. Өгіз жекті
деген кісі маған қызын бермей-ақ қойсын,— деді ол кекесін үнмен.
— Ə, машина ала бара жатырсың ба? Онда өгіз жеккенің жөн. Əй,
бəсе солай болар, қажекеңнің кенжесі тегін келе жатпаған шығар деп
өзім де ойлап едім. Жарайды, Əділбекжан... жарайсың. Шаруаны
дөңгелете бастаған екенсің, каселкі мен пургон алып қайтпақшы
болсаң... Бірақ сен өгіз жекті деп қызын бермей қалмайды ешкім.
Бергенде, ақ отауды ақбас атандарға артып, үйірлі жылқысымен қоса
берер,— деп Рақымғали жымың ете қалды.— Біздің қайын атайдың
қанша ақбас атаны барын білесің бе?
— Білгенде оны қайтпекшімін?
— Онда мəн көп қой, қарағым-ау! Жылына екі жүз інген боталайды.
Ақбас атанның саны ғана қазір мың жарым болды.
Əділбек Рақымғалидың бетіне таңдана қарап тұрды да:
— Жұрт қой мен жылқы жинайтын еді, бұл кісі атан жинайды екен.
Соншама атанды қайда сыйғызады? Оған қыс қора мен шөп шақ келе
ме?
— Бала екенсің ғой, қарағым, түйені қыс Үйшікке, Маңғыстауға
айдаймыз, қысы жоқ құмды, сортаңды жылы бетте түйе күтім
тілемейді. Жылқыны да Тайпақтан əрі аяққа қыстатамыз. Бейнеті көп
қой мен сиырдың керегі не? Бала екенсің ғой өзің.
— Мың жарым атан! Көп екен!.. Жылқы да сондай ма? Рақымғали
бас бармағын қысып қалып, оң қолының қалған төрт саусағын едірейте
қойды.
— Төрт мың?
Рақымғали басын изеді.
Əділбек ойланып қалды. Бірақ оның тап сол минутте қиял
аспанының аласа-биігін шамалау оңай да емес еді, өйткені жүзінде сыр
шашар белгісі жоқ, өзінің қара-сұр өңі томсарған қалпында қалған. Бай
атасының талай жанды тамсандырған жылқысының саны «Жүністің
қарғадай баласына да əсер етпей ме?» деген жанша, Рақымғали
байлықтың басқа жақтарын да қопсыта түсті.
— Бұған мыңға жуың қойды қосса бір-біреуі жүз қаралық қос күрең
мен бурыл атты, жазғы, қысқы жайды, өлі жиһазды қосса, ауыз
толтырып айтарлық дөңгелек дəулеттің қарасыны көз алдыңа келмей
ме, Əділбекжан, ə? Бурыл атқа қыдыра жалды, қыл құйрық үзенгілесіп
көрген жоқ, жүз қаралық емес-ау, екі жүз қаралық десең де өтірікші
болмассың. Ал, қос күрең ше? Сен көрген жоқсың ғой оны, Əділбекжан!
Сурет! Тура сурет! Сол қос күреңнің кішісі біздің балдызға арналған ат.
Ұзатқанда қысырақтың үйірімен қоса береді. Алпыс атанға артқан ақ
отаулы көшінің басы күзен күрең...
— Ал, Рақа, мен жүремін,— деді Əділбек өгіздерін арбаға қарай
жетектеп.
— Ойбай, қарағым-ау, мұның қалай? Бұл болмады ғой... Менің ойым
бүгін сені қондыру еді.
— Жоқ, жоқ, шаруа жайы қона-түстене жүруді көтермейді. Бүгін
қалаға жетіп қонып, ертең базар аралап, арғы күні кері қайтамын
ауылға.
— Ойбай, бұл болмады. Тоқта, тоқта, онда сен кайтарда соң. Соқпа,
қонып кет. Қалайда қонып кет. Мен сені...— деп Рақымғали біреу естіп
қалатындай-ақ
Əділбектің
құлағына
сыбырлай
бастады.—
Балдызымды көрсетемін, бір жігітке жар боларлық... өзім
келістіремін...
— Уақыт болса көрерміз, Рақа, сау болыңыз,— деді Əділбек өгізінің
басын жолға қарай бұрып.
— Қалайда кел. Қонаға кел!— деді Рақымғали естілер-естілмес
үнмен.
2
Біріне-бірі қайшы екі түрлі сезім Əділбектің ойын көпке шейін бір
салаға түсірмей қойды. «Осындай да сараң жан болады екен, бір шай
беруге де жарамады. Байдың қызы, байдың күйеуі дейді! Түу пəлекет!
Қатынына дегенін істете алмаған еркекті де еркек дей ме екен?!
Сөйлегенде судай ағады, десте берместен лекітеді бос сөзді жəне
сөзінің тең жартысы мақтаныш! Бəрекелдіі Бос сөзді болсаң, Рақаңдай
бол! Енді қайтып. бұл ауылдың маңайынан да жүрмеспін» деп кіжінді
ол сары ала өгізді шыбыртқымен осып-осып жіберіп.
Арбасының салдырымен төңіректі тегіс дүрілдетіп біреу соңынан
қуып келе жатқандай, өгіздерін кезек шыбыртқылап, манағы мал
сорабымен ойысып келіп.. ол үлкен қара жолға түсті.
«Мұның бəрі де сараң келеді ғой өзі, қарап тұрсаң. Жомарт байды
көргенім де. жоқ, естігенім де жоқ өмірде»,— деді Əділбек ішінен, көпті
көрген көне адамдарша аса бір маңғаз пішінмен. Оның кішкене күнінен
үлкен кісілерше тамсанып қойып қабағын кере сөйлейтін əдеті бар еді.
Қазірде сол əдетінше бүтін арбаның үстінде бір өзі əрең сыйып
отырғандай екі қолын қомдаңқырай түсті. Сары ала «тағы да
шыбыртқы көтере ме» деген қауіппен көзін жалт еткізіп қомдана
қалған қожайынға бір тастап алып, емпеңдей қалды да, ізінше
қайтадан ілкі сабырлы сары жүрісіне басты.
«...Қос күреңнің кішісі біздің балдыздың тақымына басқан тайы!
Ұзатқанда қысырақтың үйірімен қоса береді! Алпыс атанға артқан аң
отаулы көшінің басы күзен күрең» дейді əлгі суайт. Рас болса, рас та
шығар. Мың жарым ақ бас атаны бар, төрт мың жылқысы, мың қойы
бар бай жалғыз қызына қысырақтың үйірін айдатуы адам нанбас нəрсе
де емес. Алпыс атанға артқан ақ отау,..» деп Əділбек басын шайқады.
Неге екені белгісіз, оның ойына кішкене күніндегі Бекейдің айтқан бір
ғажап əңгімесі келе қалды.
«Мына Қос обаның астында қазына бар екен. Алты құмыра алтын,
жеті сандық күміс, қоржын-қоржын асыл мүлік не заман жер астында
жатыпты ғой... Байлық бақытты жанға ғана кездеспей ме, Есенгелді
батыр түн жорытып шаршап келе жатып, таң біліне атын қаңтара
салып, шылбырын білегіне орап жантая түскен екен, сол замат
ұйықтап кетіпті. Аз ұйықтады ма, көп ұйықтады ма кім білген. Бір
кезде жер тарпып тұрған атының аяқ дүрсілінен оянып кетеді. Тұяғы
тас жеміретін тұлпар қарап тұра алмай, жерді ошақ орнындай ойып
тастаған екен, көзін уқалап, уқалап жіберіп, жан-жағына қараса ұшқан
құс, жүгірген аң жоқ баяғы мидай дала, күн сəскелікке көтеріліп қалған.
Атына қайтадан мінуге ыңғайланып, шылбырын жинай берсе, көзі от
орнындай ойылып қалған жердегі қазыққа түседі. Кəдімгі қазық... Темір
қазық. Қазықты суырып көрсе шұбатылған шынжыр ілеседі.
Шығыршықтарын тат басса да шынжыр əрі ұзын, əрі берік, бірден
қолға келе қоймайды. Есенгелді бір замат шынжырды тарта-тарта жер
астынан суырып алса, əлгінің ұшында күміс үзеңгі. Үзеңгі тереңнен
шығады. Не керек қазық, шынжыр, үзеңгінің тегін емес екенін біліп,
қолына құрал-сайман алып қайта оралған Есенгелді сол жерді тегіс
қопарып қазынаға қолы ілігеді... Мына Қос оба соның топырағынан
пайда болған болар, Есенгелдінің байығаны сол қазынадан...»
Мұны Əділбек кішкене күнінен бастап осы кезге дейін Бекейдің
аузынан əлденеше рет естіген-ді. Тіпті бұл əңгімені мектепте оқып
жүрген кезінде өзі де талай балаларға айтып берген болатын. «Оба
біткеннің асты қазынадан құр емес» дегенді ол кез келген жаннан ести
беретін де жəне «мен де қазына табамын» деген ниетпен талай
төмпешікті қара терге түсіп кетпенмен қопарып та көрген. Бұған көп
уақыт өтті.
Бұл сағым сияқты алдамшы, тек қиял жемісі ғана боп балалық шақта
көп заман көзге ілігіп қолға түспеген баю үміті, қазір неге көлбеңдей
қалды? Əлде мына мыңғырған бай қызының отауы, үйірлі жылқысы
желіктірді ме? Не екені белгісіз, сонау өріс беттегі қыбырлаған жалғыз
ноқатқа қарап келе жатып Əділбек өзіне-өзі: «Алпыс атанға артқан ақ
отау, алпыс атанға артқан ақ отау» дей берді. Бұл сөздер оның ойын бір
кез аздап жұмсарта түскендей болды. Сараң жеңге мен бос сөзді
ағайынның шай бере алмаған бишаралығын ол ұмытып та кетті.
Соншама малға қызы мен күйеуі не болмаса, шал-кемпірдің оны
бақылауға да шамасы келмейді ғой. «Рақаң жігіт — бас пайдасын
біледі» деп қойды ол тағы да алыстағы жалғыз ноқатқа қарап.
Жалғыз ноқат бірте-бірте жақындай берді де, бір-екі шақырым жер
жүргеннен кейін үлкен қара жолға қарай қырдан ойысып келе жатқан
жаяу болып шықты. Жаяу өте қатты жүріп келеді. Тіпті ол «ə» дегеншеақ жолаушыны сарғайтарлық сабырлы аяңмен келе жатқан өгіз
арбалыны алқымдап қалды. Енді бір сəтте ол жаяудың құстай ұшып
келе жатқан бала екенін де білді. «Бұл не қылған бала екен? Маңдай
алды мұның да қалаға қарай тура тартылған? Менің арбама мінейін
деп асығып келеді-ау шамасы!» деп ойлады да, баланы сынау үшін енді
оған мойын бұрып қарамай, қалғып келе жатқан адам болып басын
шұлғи қалды.
Көп ұзамай-ақ ол жаяудың арба соңынан жеткенін де сезді, «қалғып
келе жатқан адамды» оятайын деген ниетпен баланың əлденеше рет
тамағын кенегенін есітті, бірақ «қалғыған» күйінде шұлғуын
бұрынғыдан да жиілете түсті. Аяқ суытуға асыға ұмтылған бала
ақырындап арбаның артқы қалқанынан қос қолдап ұстап, он шақты
саржан жер асылып көрді де, бұл күй онша жайлы болмағаннан кейін
«не болса да көрермін» деген адамша мініп алып, жайласып отыра
бастады. «Менен жасы үлкен болса да бойы шағын, өзі де əлі бала жігіт,
ұрыса қоймас» деп ойлады жаяу жүріл, шаршап келе жатқан бала
жолаушы. Оның шөп кіріп, шөңге қадалған табаны ет қызуымен
білінбей келе жатыр еді, арбаға мініп, дене сəл суи бастаған кезде
аяғының сыздағаны бірден-бірге біліне бастады.
— Тəйт!— деді Əділбек кенет артына жалт бұрылып. Бірақ оның
шошытқанына жаяу жолаушы елең ете қалмады, қашаннан таныс
адамдай бетіне қарап күлімсірей түсті.
— Нағашыңды жаңа көрдің бе, неге ыржиясың соншама?— деді
Əділбек балаға сəл қатаң үнмен.
Бала оған да ығысқан жоқ. Шолақтау мұрнының екі етегі
едірейіңкіреп, жүзіндегі күлкі шырайы молая берді.
— Көптен көрмеген нағашыңды көргендей неге ыржиясың деймін,
мен саған, ұқтың ба?
— Неге ұқпайын... Өзім де сол нағашымды тезірек көруге асығып
келемін. Аяғымды шөңге тіліп жүргізбеген соң арбаңа асылғаным...
— Ім, бəлкім, сол сағынған нағашы мен шығармын, əбден қарап
алшы, ана өзінен-өзі ыржиып тұрған екі езуің құлағыңның сыртына
дейін созылмас па екен.
— Ағатай,— деді бала ілкі күлімсіреген қалпымен,— мені түріме
қарап қорашсынғанмен нағашымның кім екенін жақсы танимын. Неге
ыржиясың деп бір емес екі айттың, өне бойы қабағым қатып жүруді
құдай менің еншіме беріп қойып па? Қаладағы нағашыма барамын,
нағашымнан да үлкен, əкім ағам бар, соның үйіне барамын... Солар көз
алдыма елестеп қуанышым қойныма сыймай келеді. Ойлап қалма
«қойшыдан ештеме шықпайды» деп, жас кезінде Сырым батыр да қой
баққан...
— Уaha!— деді Əділбек баланың бетіне қадала қарап.— Сөзің де, өзің
де тастай ғой, салған жерден қармаққа шапқан алабұғадай киіп бара
жатырсың. Сырым батырдың қой баққанын қайдан білесің?
— Оны білмейтін адам бар ма?
Əділбек сəл ойланып қалды да, бұрын естімеген ел аңызының өзіне
күмəндау жерін тез бүркеу үшін Сырымға енді қайтып соқпай, əңгімені
баланың кім екенін білуге бұрды.
— Нағашыңның аты кім? Ағаң кім қаладағы?
— Нағашым аты Жолмұқан, əкім ағам — Хакім.
— Не дейсің, не дейсің? Қайта айтшы.
— Нағашымның аты Жолмұқан, əкім ағамның аты — Хакім Жүнісов.
Менің нағашымды естімесең де, Хакім ағамды естіген шығарсың, оны
бүтін уез біледі.
Əділбек күліп жіберді.
— Шын қойшы екенсің, бала. Нағыз қойшы осы мына сен сияқты
өтірікші келеді. Жəне өтірік айтқанда көзін жұмып айтады,
дөңгеленген таба нандай қызара пісіп тұрған беті бір бүлк етпей
сөйлейді. Бірақ сен Сырым батырдай бола алмайсың. Өйткені, ол
өмірінде өтірік айтып көрмеген кісі жəне өтірікшілерді мешітке кіріп
кеткен иттей етіп қуалаған кісі.
— Менің өтірікші екенімді қайдан білдің?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 04
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.