Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 20

Total number of words is 4094
Total number of unique words is 2260
34.0 of words are in the 2000 most common words
47.8 of words are in the 5000 most common words
56.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
болсын. Сен аяғы ауыр деп едің анау күні, қалай, аман-есен бе екен
əйтеуір,— деп кəрі ана босай бастады. Сонсоң өзіне-өзі күбірлеп, көзін
аздап шылап алды да, кемпір: — Əкесіне тартса менің бұл келінім де
құдайға шүкір жаман болмас. Алып келші өзін... Өзіміздің тұқым...
Көкеңнің аң ниетпен баталасқан Ақметше жиеннің жалғыз қызы.
Əлжан, бері келші.
Не қыларын білмей екі ойда қалған Əлібек, кəрі шешесіне
амалсыздау түрде жақындай берді де, жақсы хабарға бал қаймақтай
елжіреп кеткен кемпір оның бетінен сүйді.
— Айналайын,— деді үлкен ана емірене түсіп.— Құдай өмірлеріңді
ұзақ етсін. Бірің анда, бірің мында, əйтеуір қайда жүрсеңдер де
маңдайларыңнан жарылғасын. Қайтейін, бұрын мұндай алысқа кетіп
оқығанды сирек естуші едік. Хакімжаным да Текеде оқып, қыс күні де,
жаз күні де үйден қол үзген жоқ еді. Сен, Əлжан, жыл құсыңдай күттіріп
сағындырып болдың əйтеуір. Шай ішіп, ұйықтап алшы, құлыным, бүгін
таң сəріден кеттің балығы бар болғырға. Балық деген көздің құрты,
адамды жүдетіп, аздырып жібереді. Оның үстіне сен Əділжандай
көнбісті емессің, жұқасың. Өңің де құп-қу. Айналайын, құлыншағым.
— Бозарған боз Əлібегім де. Əділжан он сазан шанышқанда қаңғып
жүрген жетім қара балықты тайдай тулатып əрең дегенде құлақтады
де,— деп келемештеді Əділбек ағасын.
— Қойшы, Əділжан. Əлжан сендей көнбісті емес деп айтып тұрмын
ғой. Ертеңгі мұздай суға белшесінен кіріп, ауырып қала көрмесін,
құлыным Əділжан, сен ағаңды бекер ертесің балыққа,— деді кемпір
Əлібекті өзгеше мүсіркеп.
— Рас, мама, мен жұқамын. Əділбектей емеспін,— деді Əлібек
шешесінің əжім басқан етсіз қолын сипай түсіп.— Бірақ мен де ширап
келемін...
Соңғы сөз Əлібектің аузынан күтпеген жерден шығып кетті. Бұл
оның қазіргі жайын сипаттарлық сөз емес еді.
Мейрімді ананың елжіреген үні Əлібектің жұмсақ жүрегінен жайлы
орын тауып жатты. Інісінің ащы-ащы кекесінді сөздері де оған қатты
тиген жоқ. Бірақ, Гүлжиһан жөнінде не істеу керек? Бұл əлі оның
ұшына шықпаған, бір шетіне ғана қолы тиген паромның ұзын
арқанындай өмір көрмесі еді.
...Сонау алыстағы астанадан қиыр шеттегі уездік қалаға жеткенше
асықтырған да сол Гүлжиһан. Қаладан ауылға сүйреген де сол. Ол
көптен бергі көзге анық елестемейтін бұлдыр арманын тапты да, көрді
де, сөйлесті де. Ынтық жүректің лүпілін де тыңдады. Көзден төгілген
құмарлықты да құшақтағандай болды. Шаттық лəззəтына да бөленді.
Бірақ... осының бəрі өзекті өртерлік өкінішімен қабаттаса келді:
үлкен ағаның наразылық ренішіне соқтырды. Ауыл жастарының
басшысы Шынғалиевтің қатты сөзіне ұшыратты. Тіпті өзінің бірге
өскен құрдасының ортақшылдық намысына да тигендей болды.
«Оңымнан туып келе жатқан жұлдызыма сендім. Көрермін əлі,
алдымен астанаға жетіп алайын!» деп серт етті Əлібек өзіне.
Ол ертеңіне Қызылордаға, онан да алыс Алматыға жүріп кетті.
ОН ЕКІНШІ ТАРАУ
1
Шолпан да тарыға бастады.
Айтанның əңгімеге іліккені алдымен Шолпанның бетіне шырмау
болды. Көре көзге айта қоймаса да, қызметкер арасында: «Əйелінен
жасырып ері ондай істі істей ме? Айтанның пара алғаны алдымен
Шолпанға мəлім ғой» деген күбір-күбір əңгіме шықты да, кешікпей бұл
əңгіменің аяғы «Шолпанды партия жұмысында қалдырмайды екенге»
соқты. Бұл шамамен болжап, сырттан пішудің шет пұшпағы
Шолпанның өз құлағына да шалынып қалды. Бір күні жұмыстан
шыққан соң, кешке қарай ол терезенің алдында отырып қалың ойға
кетті. Өткен өмірінің бəрі көз алдына келді.
«Өткен өкініш, алдағы күн һаманда жұмбақ. Бір жоғары, бір төмен
ырғайтын соқпақты жолдай, алдамыш өмір қырынан ойына құлдырата
бере ме?! Бір күні шаттықпен шарықтасам, екі күн қамығудың
құшағына душар боламын. Тарығудан тəңірім неге айырмайды? Неге
мен жұрт сияқты төрт құбылам тең болып өтпеймін? Арманның бəрін
тек қана менің басыма жазды ма?.. Меңдіқыздың не арманы бар екен?!
Қыз кезінде де ол ауызға ілікті. Əрі оқыған, əрі сұлу, əрі ақылды
атанды. Қатар құрбысы алдымен соған қол созды. Бірінші рет біздің
ауылға құдаша болып, танысуға келгені əлі есімде. Жұрт сол күнде-ақ
оны — айттырған жеріне бармай жүрген қыз. Жар оны таңдамайды, ол
таңдайды жігітті,— десті. Ақыры таңдаған Хакіміне қолы жетті. Неге
олай?..
...Ол бір тамаша жаз еді. Ел жайлауға Аброшниға жаңа ғана көшіп
қонған. Қаз-қатар тізілген ауыл. Күндіз су басы дарқан. Кешке ауыл
сырты ойын мен əн. Қызы гүлдей жайнаған, жігіті сақадай, сəндікпен
бөркін шекесіне салған бір шақ еді-ау. Сол кезде де менің қабағымды
қайғы торлап, жүзімді мұң бүркеген...
Хакімнің оңудан келген жылы. Сорлы Зағипа екеуіміз қайсымызға
қарар екен деп көз астымен аңдысып жүрген шағымыз. Қазірде сұлу
ғой, бірақ ол күнде Хакім көруге көз керек — адамның көріктісі еді.
Үлкен ала көзі қарағанда шарасына сыйғызып алып кететіндей
сүйрейтін. Шеке тамыры көгілдір тартқан арық Зағипаның Хакім
қарағанда сұп-сұр беті нарттай жанатын. Ол түгіл менің бетімде де
жалын жүгіріп, жүрегімде дауыл тұратын. Көп түндер кірпік ілдірмей
өтті...
Қалаға оқуға кетіп қалуға да бас себеп сол жастық оты еді ғой. Туған
ағадай көретін Орекең: «Шолпан, оңы, уезге жүр. Өзім жəрдем етемін»
дегенде киіндім де жүре бердім. Сорлы Күміс шешем, көз жасын төксе
де бөгелмедім. Бұл Ораз ағай мен Қапиза жеңгейдің Мерғали
нағашысына сəлем беріп кетем деп келген жолы еді. Сауық-сайраннан
қолы босамай өткен Сүлекең жиен інісі мен жиен қарындасына ойын
жасап, түні бойы жиылып өлең айттың. Бұл ойын менің ойыныма
айналып кетті. Маған жасаған кештей болды. Ертеңіне қадірлі аға,
ардақты жеңгенің арбасына отырып тентек Шолпан кетті де барды.
Үлкеннің ақылын алмай, кішінің дегеніне көнбей кеттім. Қалай
оқимын, қайда оқимын деп те ойланғаным жоқ. Өйткені қалада
сүйеніш Хакім бар, үміт бар. Алда қол жетпес биік өмір бар. Сол биікке
өрмелеуге кеттім.
Хакім Меңдіқызын тапты. Мен... Отағасымды.
Бұл не? Күндегенім бе Меңдіқызды? Жоқ, əлде оның бақытын көре
алмау ма? Əлде мен басыма əңгіме төнгенде жақынымды жат деп
қарауға айналдым ба? Жоқ, олай емес. Күншілдік те емес, көре
алмаушылық та емес, ыза болғандық. Тағдырдың маңдайға басқан
таңбасына ыза болғандық. Хакім мені сүймейтін бе еді! Мен бір адамға,
сүйген адамыма жар бола алмайтын ба едім! Талай ыстық сөз
айтылмады ма? Талай рет ынтық жүрек дүрсілдемеді ме! Талай үмітті
шақ көз алдына келмеді ме! Бірақ... таңба. Тағдырдың басқан таңбасы.
Жесірлік таңбасы... Əйел деген таңба... араға түсті.
Өзімнен он жеті жас үлкен Отағасыма, кəдімгі осы Отағасыма қол
ұстатқан да сол таңба...
Шолпанның көз алдында тарыққаннан тартылған өткен өмір
суреттері кілт жоғалып кетті — ол селт етіп, қақпадан кірген адамға
құлағын тосты.
Кірген адамның Отағасы екенін басқан аяғының дүңкілінен-ақ
таныды. Оның жүрісін, қимылын, не ойлап келе жатқанын да əйел
алыстан сезді. Қақпаны жаппастан ері əлденеге асыға басып, есік
алдындағы басқышқа аяғы бір-ақ ілікті. «Сұлу əйел, жас əйел жалғыз
отырмаған шығар!»
— Мықты келіншек, үйдемісің, əлде... неге үндемейсің. Мен келдім,
міне келдім,— деді Айтан есікті ашып қалып.
Шолпан оның жай қалыптағы салмақты мінезінен шығып кеткенін
екпінінен де, үнінен де жақсы түсінді.
— Жақсы еткенсіз келсеңіз. Өте жақсы еткенсіз,— деп қалды
Шолпан; кекесін сөзге көшу бұл жерде келіссіз болса да, əйелдің
аузынан еркісіз шығып кетті. Айтан осыны ғана күткендей:
— Келмеуімді тілеп отыр ма едің?— деп байланыса сұрақ қойды.
Бірақ Шолпан жауап қатпады. Терезе алдында отырған күйі, ымырт
алдында қарауыта бастаған алыстағы бір қарасындарға, онан бергі
батыс беттегі көкжиегінің қызыл шұғыласына орала бастаған сонау
көпір аузындағы қызыл үйдің биік мұржасына көзін тікті. Бір сəт
қызғылт-сарғыш бояуға малынған кешкі əлемнің көз тартарлық
келбеті əйелді өзіне тартып кеткен сияқты болды. Ол ерінің сөзін
елемеген пішінде қалды.
— Неге үндемейсің? Келмеуімді тілеп отыр ма едің? Айт, ашық айт!
Ұмытқан нəрсесі жаңа ғана ойына түсе қалғандай, Шолпан оған
жалт қарады да, баржиған түрінен шошып кетті.
— Отағасы, жетпегені енді осы ғана еді,— деді əйел жирене қарап.—
Мас болып, көзі-басы ісініп, көшеде құлап жату ғана қалды.
— Е, ақыл айтуға кірістің бе?
— Жасы келіп қалған адамға ақыл айту оңай жұмыс емес. Сонда да
жөні келген соң үндемеуге болмайды. Ісі теріс, күнəлы адам ғана
жездей майысып, осындай күйге ұшырайды.
— Ымм, сеніңше мен күнəлымын! Хакім ағаң да солай дейтін шығар!
Екеуіңнің пікірің бір жерден шығады... Солай! Пікірлес адамдар...
— Мына мінезіңіз өзінен өзі-ақ сол пікірді дəлелдеп тұр ғой.
— Соттаңдар мені! Қаматыңдар! Сонсоң бəрі де бітеді. Тыныш
боласыңдар.
— Отағасы, ақылға оралған жон. Сіз бала емессіз. Алдымен соны
ойлау керек. Сізді соттаймын деген адам жоқ.
— Онда неге орнымнан алады? Ағаң неге тергеп, анығына жетпейді?
Шолпан орнынан түрегеліп еріне жақындай түсті.
— Шешініп, жуыныңыз.
— Сонан кейін?
— Сонан кейін... сөйлесеміз.
— Қазір-ақ айта беруге болады, айтатыныңды...
Шолпан шыдай алмады. Бірнеше күннен бергі іркіліп келген сөз
өзінен-өзі ағытыла берді.
— Заң қызметкерінің үлгілі болуы керек екенін бұрын өзіңіз
аузыңыздан тастамайтын едіңіз. Есіңізде ме: Тəжімұратты «елдің
жуандарымен көп сөйлесесің» деп талай жазғырғаныңыз? Ал осы
сақтық,.осы қырағылық кеше сізден неге қол үзіп кетті? Не нəрсенің
күйігімен барып Дабылдың батпағына баттыңыз? Тап күресінде
болаттай болуды комсомолдар да біледі. Уездің басты юрисі кез
келгеннің жетегінде кеткенін қалай деп түсінуге болады? Қиянатқа,
жамандыққа бармайтыныңызды мен білемін, мен сияқты жақын
достарыңыз ғана біледі. Ал жалпы жұрт не деп ойлайды? Дабылдың
жүйрік жирен аты мен жұмсақ арбасын мінуге, жегуге болар да еді,
бірақ ісін қарай барған тергеушінің байдан ат сұрауы параның бір түрі
болып табылмай ма? «Аңдамай, байқамай, алданып қалыпты» деп
халық кешірер ме мұны?! Бұл жұмысты басқа адам, басқа тергеуші
істеп келсе — өзіңіз қалай деп бағалар едіңіз? Отағасы, сіз бала емессіз,
білімді адамсыз. Біздің көргеніміз сіздің білетініңіздің, көргеніңіздің
жартысындай да жоқ. Осыны байқамайсыз, жəне əлдекімге өкпелейсіз,
əлдекімді айыптайсыз. Өз кінəңызды өзіңіз білмейсіз. Кінə демекші,
жұрт қазір алда-жалда сізді малға сатылды деп айыптаудан аулақ. Ат
пен арбаның қалай келгенін, кім бергенін, бұзық Маймокиннің кім
екенін басшы қызметкерлердің бəрі түсінді. Бірақ сізге кешірімсіз күнə:
жат пікірлі, қара ниетті адамдарға қол жаулық болып кеткеніңіз. Мына
сияқты ауылда тап күресі өрттей қаулап тұрғанда совет заңының
айбынды абыройын түсіріп алғаныңыз. Алпыстағы шалға есігінде күң
болып жүрген жетім қызды қол-аяғын байлап беруді кім кешірер?!
Қалай кешірер?..
— Жетті! Жетті!.. Мен оны білмей қалдым, көңілшектікке
салындым. Адамға нану мен сену жетті менің түбіме...
Айтанның даусы бұзылып кетті. Əйелінің сөзін ақырына дейін
тыңдауға шамасы келмеді. Төргі бөлмеге еніп, əлде мырсыл, əлде
гүрсіл тəрізденген бір дыбыс берді. Шолпан сөз кесегін текшелей
берді. Оның үні де қоңыр қалпына жаңа ғана түскендей болды.
— Оны ешкім кешіре алмайды. Əкесі он сегізінші жылы Шұғыл
байдың аты үшін хан жігіттерінің — тап сол Маймокикдердің қолынан
қаза тапқан, қарғадай басынан жетімдіктің.ащы зарын тартқан, бетіқолы жарылып жебір байдың сиырын сауумен күні өткен панасыз,
қорғансыз-жетім қызды айуанның қолына ұстап берген адамды
қалайша жарлының жақтаушысы дер? Білмедім дейсіз, білмесеңіз неге
мойындамайсыз қателескеніңізді?! «Хакім ағаң» деп кекетесіз. Хакімнің
бұл жерде қандай жазығы бар?! «Сотқа беріңдер» дейсіз, сот алдында
не айтар едіңіз?! «Мықты қатын» деп мені мүжисіз, менің мықты
болғаным кімге зиян болды? Мықты емес, əлсіз, дəрменсіз, бойы өсіп,
бұғанасы қатпаған ана қызды, он алты жасар қызды, торғай алған
тұрымтайдай тырнағына бүріп жатыр. Мені де бүрмекші болған. Жетті
дəрменсіз болу қазақ қызына. Өзінен қырық бес жас үлкен, құлағының
жүні кере қарыс, көзінің алды іріңдеген, мұрнынан аққан суын тыя
алмайтын мыжырайған Дабылдардың мыржық қолы сəби денені
сипауы жетер. Мұнан былай оны болғызбаспыз, ешкім енді ондай
теңсіздікті, ондай аяусыз айуаншылыққа жол бермес...
Отағасы төргі бөлмеден ешбір дыбыс бермегеннен кейін Шолпан
терезе алдынан түрегеліп, столға барды да арыз жазуға кірісті.
Уездік партия комитетінің
хатшысы Дəулетов жолдасқа!
Болъшевиктердің Ресейлік
Коммунист партиясына! 1922 жылдан
мүше Шолпан Ақмембетовадан
ӨТІНІШ
Өтініш басында есіңізге салатыным: шаруаның қызымын. Ауылдың
мектепте оқып хат таныдым. Ескі ғадет бойынша ес білмейтін кезде
аталарымыз құда түсіп, жасым он алтыға жетер-жетпесте болашақ
үйімнің босағасын аттадым. Бірақ бір жыл отасқаннан кейін жас
қосағым дүние салды да, он жетіге келмей жесір атаққа ие болдым. Бұл
аздай-ақ ел жиылып бас қосып жесірді елден жібермеу үшін он жасар
қайныма қосақтады. Сөйтіп жас шағым торға түскен торғайдай
бұйығып, уһлеумен өтті. Тек қана он сегізінші жылғы төңкеріс
толқыны алдымен мені сүйреп жаңа жағаға алып шыққандай болды.
Бір жылдай ауылдық Советтің қағазын хаттап хатшысы есебінде
жұмыс істедім. Жиырмасыншы жылы уезд орталығында бір жылдық
мұғалімдер курсында оқып шығып, екі жылға жуық қыздар
интернатында тəрбиеші болдым. Жиырма екінші жылы Орал
қаласындағы алты айлық əйелдер курсын бітіргеннен кейін қыздар
интернатын басқарушы болып тағайындалдым. Аз-мұз істеген
жұмысымның нəтижесінде жиырма бесінші жылы уездік партия
комитеті нұсқаушы етіп алды. Сонан бері əйелдер арасындағы саяси
тəрбие жұмысына жетекші болып келемін. Жүктелген жұмысты
қолдан келгенше адал атқару жолындамын. Бірақ қазіргі күннің өзінде
білім аздығы көрер көзге белгілі болып келеді. Ал алдағы уақытта орта
білімсіз қандай қызмет болса да қиындық келетіні өзінен-өзі айқын.
Сондықтан сізден өтінетінім: мені Қызылордаға, өлкелік əйелдер
бөлімінің қарауына жіберіңіз. Өмір бойы арман етіп келе жатқаным:
орта дəрежелі білім алу — мектеп бітіру. Жə техникум, жə рабфакқа
түсуге жасым əлі өткен жоқ деп ойлаймын (туған жылым 1901 жыл).
Қызметтен босануға, оқуға сұрануға тағы бір себеп: өзіңізге белгілі, үй
ішімде болған кейбір қолайсыз жағдайлар. Осыны да еске аларсыз деп
сенемін. Өйткені еріме де, өзіме де бұл жерде қызмет істеуге қиындық
туды.
Өтініш иесі Ш. Ақмəмбетова. Осы жылдың 15 июлі».
2
Хакім уездік партия комитетінің хатшысы Дəулетовты білімділік
жағынан да, іс тəжірибесі жөнінен де қатарынан озат шыққан адам деп
бағалайтын. Оның он жеті жасынан бастап саяси қызметке араласып,
болыстық, уездік, губерниялық партия ұйымдарында үздіксіз жауапты
қызметте болғанын жақсы білетін. Соңғы жылдарда Дəулетов қазақ
өкіметінің мүшесі болып сайланған. Бұл əлеуметтік сатыдағы жоғарғы
дəрежесінен өзге, оның ірі маман болуға бет алғаны Хакімге жақында
ғана аян болып еді. Бақса: Ғабдол Дəулетов Сарытау қаласындағы ауыл
шаруашылық институтының ақтық курсын тыңдап шығып, ғылыми
диплом қорғауға бір жыл мұрса алған екен. Оның əуелден ұнатқан
мамандығы агрономия ғылымы да, ал зерттеп жүргені Қазақстанның
батыс өлкесінде ауыл шаруашылығын өркендету жолдары болып
шықты. Сөйтіп уездік партия комитетінің хатшысы болып келген бұл
жас ғалымның алдында Маркс пен Энгельстің, Ленин мен
Плехановтың кітаптарымен қатар, Тимирязевтің, Вавиловтың,
Тулайковтың еңбектері беті жабылмай өне бойы ашулы жатады екен.
Бір ғажабы: Дəулетов Лениннің еңбектерін тұтас оқығаны былай
тұрсын, ол көсемнің қай жылы не жазғанын жəне қандай жағдайда
жазғанын да бес саусағындай біледі. Мұны Хакім өз көзімен көріп, өз
құлағымен естіп жүрді. Бір күні Дəулетов Хакіммен əңгімелесіп
отырғанда Шолпан кіріп келіп:
— Ғабдол аға, мен кооператив жайында əйелдер жиналысында не
айтамын, өзім ештеме білмеймін бұл жөнінде,— деп еді, Ғабдол онан:
— Сіз орысша білесіз бе?— деп сұрады.
— Түсінемін, бірақ жақсы сөйлей алмаймын,— деді Шолпан.
— Түсінсеңіз көсемнің жер бөлімі қызметкерлерінің I съезінде
сөйлеген сөзін оқыңыз. Бұл биылғы шыққан соңғы томында. Мен өз
құлағыммен тыңдап едім бұл сөзін. Осыған қосымша сол томның 173—
182 беттерін қараңызшы. Сонда сіз кооператив жайында толық
мағлұмат аласыз, не істеу керек екенін көз алдыңызға алып келеді,—
деген.
«Бəрін жатқа соғады, қалай ұмытпайды. Өзіміз күнделікті жұмыспен
басымыз қатып жүргенде, оқыған кітабымыздың аты да жадымыздан
шығып кетеді. Бұл кісі кітаптың бетіне дейін көрсетеді. Əлде Ленинді
күнде оқи ма екен» деп таңданған ішінен. Шолпан кеткеннен кейін ол
Дəулетовтан:
— Ғабеке, сіз Лениннің сөйлегенін өз көзіммен көріп, өз құлағыммен
тыңдадым дедіңіз. Қандай жағдайда сөйлегені, əрине, есіңізде қалған
шығар,— деді, уком хатшысының мұны ұмытпағанына
келтірмесем де, сыпайы түрде сөзге жетектей сөйлеп.
шəк
— Сіз көсемді көрген жоқсыз ба?— деді Дəулетов таң қалғандай
пішінмен.
— Жоқ. Мен оқуға барған жылы ол кісі қатты сырқат еді. Жиырма
үшінші жылдың күзі еді ол.
— Солай ма еді. Мен сізді Мəскеуде жиырма екінші, жиырма үшінші
жылдары оқыған екен деп едім.
Дəулетов сұқ саусағымен столды аздап тықылдата түсті. Оның
ойланып қалғанын Хакім түсіне қойды да, қызық əңгімеге құлағын түре
қалды. Тамаша кісі деп ойлады Хакім ішінен. Бағанадан бері Лениннің
атын бір атаған жоқ. Екі-үш рет атауға тура келсе де «көсем» деумен
болды. Бұл қалай екен? Аса ұлы адам болған соң атын атауды келіссіз
деп ойлай ма екен?..
— Көсемнің қандай жағдайда сөйлегені, əрине, тыңдаушыға қызық
зат қой. Бірақ ол кісінің қай жерде, қалай сөйлегенін сипаттап көз
алдыңа келтіру үшін тілге де өте жүйрік болу керек. Əсіресе, əрбір
сөзін өзі айтқандай етіп беру, қимылын, жүз құбылысын бұлжытпай
салу біздің қолымыздан келмейді.
— Əрине, əрине. Тек жалпы мағынасын, ұзын ырғасын шамамен
айтсаңыз болғаны.
— ...Жұрттың көсемді ішінен тынып күткені, ол сахнаға шыға
келгенде бүтін залдың ду қол ұрғаны, көз құйрығы күлімсірей түсіп,
«болды» дегендей сұқ қолын шошайта қалып төмен сілтеп,
қобалжыған жұртты кілт тоқтата қойғаны ауызбен айтып жеткізерлік
зат емес. Ал, ап дегенде сондайлық жатық бастап, бірден-екі үнін де,
сөзін де өрлете бергенін, шегелеп тастағандай əрі дəлелді, əрі
мағыналы сөз жүйесімен соншама жұртты селт еткізбей уысына
сыйғызып алғанын сипаттап болмайды. Ең кемі екі сағат сөйлеген
шығар. Бірақ сол екі сағат баяндаманы жұрт екі минутте бітіргендей
сезді-ау деймін. Өйткені, «тағы да айта берсе екен» деген тілекте
қалдық. Жəне оның ең ғажабы ол залда, кəдімгі Үлкен театрдың зəулім
залында лық толып отырған жалғыз ғана коммунистер емес, сол
кездегі барлық партияның бар уəкілдері отырды. Соның біреуі аузын
ашып — не бір реплика, не бір наразылық пішін көрсеткені болған
жоқ. Кəдімгі шыбын ұшпас шым-шым отырыс болды. Бірінші рет
дүниеге келген, бірінші жұмыскер мемлекетінің бұл бірінші жұмыс
есебі еді ғой. Оған наразы адам — қарсы адам жоқ болғандықтан емес.
Көсемнің болат сөзінің болат дəлелі ғой тыпыр еткізбеген. Əйтпесе
оның ішінде қарсы тараптың қарыспа адамдарынан өзге жай қалыпта
тəртіпке көнбейтін тентек матростар мен сотқар солдаттар да аз
болған жоқ. Тіпті жапсардан ысқыратын кəдімгі жүгенсіз
студенттердің уəкілдері де толып отырды. Соның біреуі бір дыбыс
шығара алған жоқ көсем сөйлеп тұрғанда. Осындай беделді, осындай
алғыр, осындай білгір дана кісінің жəне бүтін мемлекеттің тағдырын
өз қолына ұстап тұрған адамның таң қалдыратын бір қасиеті бар. Ол
көсемнің: арқадан Юденич, оңтүстіктен Деникин, Сибирьден Колчак
бас салып, аяғынан жаңа ғана қаз-қаз тұрған мемлекетті жоқ етуге оқ
жаудырып жатқанда əскерлік тəртіпті қолданбай, бұқарашылдық
дəстүрді бұзбауы...
Хакім қозғала түсті. «Төңкеріс заңының бір қылапсыз көрінісін баян
етер» деген ой келді оған.
— ...Сол кезде біз Кеңес үкіметімен үш қайнаса сорпасы
қосылмайтын партияларды бар деп ойлаған жоқ едік. Бақсақ, сол
съезде меньшевиктердің, солшыл əсерлердің, Бунд партиясының, тағы
да басқа бір-екі буржуазияшыл партиялардың уəкілдері отырыпты.
Бұлар көсемнің баяндамасы бітісімен өздерінің наразы пікірлерін
жайып салды. Əсіресе, Бундның уəкілі Фрумкина дейтін əйел көсемге
тура бас салды. Өзі де бір көруге нағыз қара жыландай адам екен.
Жасы отыздың о жақ, бұ жағында ғана болуы керек. Жас та, көркем де
жəне сөзінен жалын шарпып тұрған бір бəле. Мұндай сөзден боран
боратқыш адамды көрген емен...
— Иə, не айтты? Əсерлер о бастан шабуыл жасап келді ғой Ленинге.
— ...Совет үкіметі тек ЧК-ның күшімен тұр. Ленин сөз еркіндігі
дегенді, тіл еркіндігі дегенді білмейді. Өзіне қарсы шыққан адамды
аттырып, астырып жатыр...— деп соқты ол қара жыландай, қара сұр
əйел. Көсем оған: «Тіл еркі жоқ дейсіз бе? Міне, сөйлеп тұрсыз ғой! Бұл
өзіңізді-өзіңіз шапалақпен жаққа соғу емес пе? Осыған да мен
кінəлымын ба?»— деп күледі.
— Қатырған екен,— деді Хакім.
— Сақалы беліне түскен жəне аппақ қудай, денесі шүңкиген
меньшевик Мартов та соны айтты. Бірақ ол Фрумкина сияқты тура
айтпай, алыстан орап, майдалап, сыпайыгершілік пен «көргенділікке»
салына сөйледі. Осындай жағдайда бұқарашылдық дəстүрге шаң
тигізбегені көсемнің ең басты данышпандығы ғой. Таспен ұрғанды
аспен ұр дегендей, ашық жауларының өзін де шексіз əділдігімен
жеңген кісі ғой. Үкімет күші сол əсерлер мен меньшевиктердің
қолында болса, олар ең алдымен бұқарашылдық дəстүрді жоқ етер еді,
— деп Ғабдол Дəулетов столды саусағымен тық-тық еткізе қалды.
— Рақмет, Ғабеке, Владимир Ильичтің сөзін əлденеше рет
тыңдағаныңызды сыртыңыздан естіп едім, бірақ өз аузыңыздан есту
басқаша ғой. Үлкен рақмет,— деді Хакім, қатты риза болған пішінмен.
Хакімге бұл əңгіме мықты əсер етті. Дəулетовтың ірі большевик
екені оның көз алдына бұрынғыдан да айқын елестеді. «Біз үйренуіміз
керек. Бар жағынан да қылапсыз болуды үйренуіміз керек. Ленинді
көргендерді үлгі етуіміз керек» деп қорытты ішінен.
3
Бюро мəжілісінде атқару комитеттері мен партия комитеттерінің
ауылды советтендіру жөніндегі жұмыстарын тыңдағаннан кейін,
Дəулетов жергілікті ұйымдардың ұсыныстарын жариялап өтті. Ол
ұсыныстардың бірі қосшы ұйымына мүше кедейлердің: «Бірігіп
артель. боламыз. Кооперативтен ауыл шаруашылығына керекті құрал
сайман сұраймыз» деген тоқтам-тілегі екен.
Бұл жөнінде кімнің қандай пікірі бар, осыны ортаға салайық. Бұл
сияқты мəні зор саяси мəселеге бюро мүшелері мен кандидаттары
ерекше көңіл аударуын сұраймын,— деді Дəулетов.
Қарабай Көзеевтің сөзінен кейін, анау күнгі өзінің сөйлескен
«ғалымына» Əлеуов шаң тигізбеуге тырысты.
— Ақметшені зияндылардың қатарына қосу қате,— деп бастады
сөзін,— бұл асыра сілтеу болады, жолдастар. Еңбекшінің еңбегін қанап
келген, тегін байып, малының басын өсіруге тырысқан, басқаға
шабындық, егістік жердің шұрайлысын бермей келген бай мен бекті
ауыздықтауға, керек жерінде оларды жер аударып жіберуге, малмүлкін ортаға салуға кім қарсы? Ешкім де қарсы емес. Ал мына сияқты
əрі білімді, əрі сол білімінің жемісін жұртқа үлгі етіп отырған адамды,
қазақтың қара байырғы малын асылдандырып, қол жетпес бағалы
түрге айналдырып отырған Ілуде біреу Ақметшені де қолға алу
ақылды іс емес. Бұл қолда бар бағалы мүлікті желге жіберу болады.
Ойлаңызшы, мұның малын алып кедейлерге үлестіргенде мұнан кімге
пайда? Жерден тауып алған малдай оны сайып, сатып алған кедейлер
əп-сəтте ап-сап қылады. Бұл анау-мынау мал емес — асыл тұқымды
малдар. Мұны иесінің қолынан, кəдімгі мəпелеп өсіріп отырған
маманның қолынан кеткен соң бұл малдың тұқымы құриды, жоғалады.
Сондықтан Ақметше Мұшаметшеұлын біз қайта қорғауымыз керек.
Оның ісін алға бастыра беруге жəрдемдесуіміз керек,— деді Əлен
Əлеуов. «Бұл əлеумет байлығы емес, жеке бастың байлығы ғой!» деген
пікірге де Əлеуов жауап тапты.
— Жеке бастың байлығы деп біз шетінен құрта береміз бе? «Жекені
құрт» деген жарлық та жоқ. Оны жоюдың қажеттігін дəлелдейтін
теория да жоқ. Жеке меншік социализм кезінде де, онан арғы дəуірде
де қалмайды. Оның тек түрі өзгереді,— деді ол.— Ал, орташаны байдан
бөліп алу ең басты міндет. Қазақ шаруаларының дені орташа ауқатты
меншік иесіне жатады.
Хакім Ақметшенің жеке басының ғана баюын көздеп, мал өсіру
жөніндегі ғылымның табысын ол өз меншігі үшін пайдаланып
отырғанын дəлелдеді.
— Егер де асыл тұқымды жылқысын: «Қазынаға сат. Біз мемлекет
байлығын молайту үшін малдың мол өнім беретін нəсілін көбейтеміз»
десе, Мұқаметшин: «Ала ғой, маған ғылыми даңқ та жеткілікті.
Байлықтың керегі жоқ»,— дер ме еді. Əлде əрбір айғырына жабайы
жылқының онының құнын сұрар ма еді? Меніңше, ол соңғы
қорытындыға бас ұрар еді. Ал айта кететін бір басты жағдай: Ақметше
Мұқаметшеұлы ерекше көзқарастың адамы. Оның түпкі мақсаты жеке
меншікті жою арқылы емес, шаруашылықты өркендету капиталистік
жолмен ғана қол жететін нəрсе деп таниды. Мұны оның сот алдында
берген жауабы жақсы дəлелдей алады. Ол: «Ауыл шаруашылығы
ғылым мен техникаға сүйенген ірі малды фермалар мен егін егетін
əлді шаруалар туғанда ғана көркейеді. Мына мен бастап отырған
шаруашылық сияқты əрбір шаруа көрнекті түрге айналса республика
байиды» дейді. Екінші сөзбен айтқанда ол жеке меншік арқылы ғана
мемлекет байиды, жеке меншік жойылса бəрі жойылады демекші.
Оның крайға бармай, жеке шаруашылығынан айрылмай отырған
себебі де осы. Тұжырып айтқанда ол: қанау жеке меншіктің
қырсығынан емес, надандықтың қырсығынан. Ғылым мен техникаға
сүйенген мəдениетті елде бай, кедей деген ұғым болмайды, тегіс өрлеу
басталады деген пікірді қолдайды. Осы пікіріне оның тəжірибесі де
дəлел. Ал бұл зиянды, коллективтік түрге қарсы пікіріне оның
қылмысын қоссақ, ең алдымен Мұқаметшеұлын еңбекшілер арасынан
аулақтатуымыз керек. Он Дабылдан бір Мұқаметшин көп зиянды, көп
кесірлі,— деді Хакім.
— Прокурор жолдас оның қандай қылмысы барын дəлелдеп бере
алар ма екен?— деді Əлен Əлеуов кекесінді үнмен шалқая түсіп.
Бірінші қылмысы — ол Жаншаның үкіметіне қызмет етті; екінші
қылмысы— ол жұртқа мəлім бас кесер, қылмысты Құныс шығанмен
байланысты. Байланысты ғана емес, Құныс оның қолындағы жасырын
қол шоқпары. Оны керек кезінде ол жергілікті үкімет орындарына
қарсы қару жұмсатуы даусыз. Мұны Щитов жолдас та жақсы дəлелдей
алады.
Сіздің бұл жөніндегі пікіріңіз ашық: зиянды тап уакілдерінің
қатарына Ақметшені қоспау керек дейсіз ғой!—деп тұжырды оның
сөзін Хакім де.
Əлеуов те пікірін айқындай түсті:
Жолдас Дəулетов, мен бұл маманды пайдалану керек деп білемін.
Мұның асыл тұқымды малын жоғалтып алмау қажет деп ұғамын. Оның
қоғамға пайдалы ісін, жасап отырған пайдалы тəжірибесін босқа
тастамау көрегендік болады деп түсінемін,— деп тізбектеді ол сөзін.
— Жақсы,— деді Дəулетов орнынан түрегеліп. Сонсоң ол сəл кідіріп
тамағын кенеп алды да, столға қарап тұрып, қорытынды пікір айтты.
Даусы жай əңгіменің үнінен гөрі жоғарырақ, өзінің көмейден сөйлейтін
қоңыр дүмбірлі күйінде шықты.— Бұл уезде орман жоқ, тіпті ағаш
деген сирек кездеседі. Ал менің туып-өскен жерімде аз да болса орман
кездеседі. Оның үстіне Ресейдің жерін көбірек көргенім бар. Орманды
күтіп, өсіріп, жетілдіре беру үшін алдымен оның інін кесапат, шірік
түбірлерден тазартады. Өйткені жаңа. екпені қаулатып өсіруге күннің
көзі мен жердің ылғалы мол болуы керек. Ал ескі үлкен түбірлер күн
көзін де бермейді, жайылып кеткен тамырларымен жер қыртысын да
бір өзі иемденіп жатады. Міне, тап осы сияқты жаңа ауыл жасауға, жаңа
тұрмыс жасауға, ескі ауылдың не заманнан бері діңкесін құртып келе
жатқан зиянды түбірлерін түбімен қопарып тастау басты міндет.
Екінші сөзбен айтқанда, заңсыз қалың еңбекші кедейлерді уысында
ұстап келген шормандарды мұнан былай қарай мекен-жайынан да,
еңбексіз тапқан байлығынан да қол үздіру шарт. Қазір партия ауыл
мен деревняны мүлде жаңарту шарасын жоспарлап бітірді. Бұл
шаралар көсемнің 1918 жылғы 11 декабрьде жер бөлімдері, жарлылар
комитеттері
жəне
ауыл
шаруашылық
коммуналарының
Бүкілроссиялық I съезінде сөйлеген сөзі мен 1919 жылғы 4 декабрьде
ауыл шаруашылық артельдері съезінде айтқан сөзіне сəйкес жасалуда.
Кесемнің бұл баяндамаларында: «Еңбекті ұйымдастырудың ең
жоғарғы формасы — коммуна» деген пікір көктей етіп отырады. Сол
коммуналық еңбекке құрылған шаруа ғана ғылым мен техника
табысына сүйене алады. Демек, жиырма-отыз үй кедейлер біріккен
күнде ғана көсемнің көксеген тракторын жегуге əлі келеді. Жақын
арадағы партия, қосшы, комсомол ұйымдарының бар жұмысы осының
төңірегінде ғана жүргізілуі керек. Сондықтан жергілікті ұйымдардың
ұсынып отырған ұсыныстарын уездік партия комитетінің бюросы
толығымен қолдап, іске асырып шығуды мақұлдайды. Мұқаметшин,
Омаров, Дабыл Махметов, Қуанай Ахметовтар ескі қанаушы таптың
ауылдағы зиянды уəкілдері деп танылуы тиіс. Кəне, басқа пікір бар ма
тағы да?
— Бұл айтылған ірі бекзаттардың бұқарадан аулақтатылуына қарсы
емес екендігімді əлгіде айттым. Менің жалғыз-ақ қосылмайтыным,
Мұқаметшин жөніндегі ұсыныс. Мұқаметшин ірі маман, оның істеген
ісі халың шаруашылығына аса пайдалы. Сондықтан бұл оқымысты,
тəжірибелі, өте-мөте пайдалы мал маманын басқаларға қоспау жөн деп
білемін. Мен осы пікірімде қаламын,— деді соңында Əлеуов.
— Жақсы. Сіздің пікіріңіз бөлек жазылады. Өлкелік партия
комитетінің мүшесі болғандықтан мұны сол басшы орынның өзіне
мəлім етеміз,— деді уком хатшысы.— Ал үкімет нұсқауы қалай, қай
түрде іске асырылып жатқанын прокурор Жүнісов ерекше бақылайды.
Мəжілістен шығып бара жатып:
— Дəулетов осыны соншама неге құрметтейді?— деді Қарабай
Козеев Хакімге, Əлеуовты иегімен меңзеп.— Барып тұрған байдың
адвокаты ғой.
— Қареке, Дəулетов өте ақылды большевик. Оның бағыты дұрыс.
Қателеспейтін адам болмайды. Бірақ сол қатесін өзі түсіне ме,
əңгіменің ең қиын жері осында. Түсінсе ол түзейді, өмір оны түзетеді.
Мына сіз бен біз түзетеміз. Өлкелік партия комитеті тəрбиелейді, оны
да, бізді де,— деді Хакім.
ОН ҮШІНШІ ТАРАУ
1
Милиция шақырып кеткен Акбардың бірнеше күн уезд
орталығында болып, көре көзге жүдеп, үрейленіп қайтқанын Ақметше
елеген жоқ. Оның нақ пішен үстінде көп жұмысының қалып қойғанына
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 21
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.