Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 28

Total number of words is 4157
Total number of unique words is 2240
35.5 of words are in the 2000 most common words
50.5 of words are in the 5000 most common words
58.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Сол саладағы «Шеген құдық» басын бөрі тигендей шулатқан
Құныскерей, тергеу орындарының жұма қойса алақанында тұрған
сияқты еді. Өйткені бір жағы көпірсіз, паромы да сирек Жайық. Жайық
бойы жағалай жатқан селендер, бой тасалауға пана болар жер аз.
Егерде əлдеқалай оның маңдайы сол өзенге тірелсе бұл үлкен сүзбе
аудың қоржыны есебінде. Қоржынға кірген сарқасқа сазанның оны
жарып шығар күші екіталай-ақ. Осы жайды ескерді ме, кім білсін,
тəжірибелі, ақылды Щитов чекист қолына іліккен қарулы милиция
жəне өз адамдарын бестен-оннан, кей жерде екіден-үштен топтап,
əлденеше тосқауылды қыр бетке жөнелтті. Əсіресе, жиырмасыншы
жылдың бас кезінде Құныскерейдің тастай батып, судай сіңіп кеткен
атақты Тайсойған мен Бүйректі құмдарына асар жолын бөгеді. Төртбес топты Қаратөбе мен Саналы маңын күзетуге, Қарақамыс пен
Жақсыбай бетті торуға аттандырды. Ал, Оралдың əскери
гарнизонының командирі Смышляков Жымпитыдағы əскер тобынан
бір бөлімшеге Тайсойған құмына дейін құпия жорық жасауға бұйрық
берді. Гурьев даласына, əсіресе, кірер жолын ілуде біреу ғана білетін,
біле қалып ішіне енген жан болса оны өмірі тауып болмайтын оппа
Қарасорға жібермеу үшін Гурьевтен де аттылы милиционерлер шығып
еді. Сөйтіп, Құныскерейді екі уезд қарауындағы тергеу орындары бұл
жолы күш біріктіріп қалайда қолға түсіруге шындап кіріскен-ді.
Тайсойған құмына асар жолды бөгеу — Құныскерейдің түп қазығын
тору еді. Өйткені оның мекен-жайы сол алыстағы құм бетте болатын.
Онда орын тепкен кəрі əкесімен бірге əйелі жəне жас баласы бар.
«Елден ығысқан күнде де үйге бір соқпай кетуі мүмкін емес; із
жаңылдырып, арада апталар өткізіп келсе де үйіне айналары кəміл.
Бəлкім бізден бұрын жетіп əйел, баласын ертіп кетер деп те жорып еді
Щитов. Бұл болжал ақылға сиятын болжал-ды. Ілкі қуғынның шаңы
басылғаннан кейін, сол ел шетіндегі, көбіне-көп жалғыз отыратын
мекенді сағалап, ол бұрын бес-алты жыл сол өз мекенінде бейбіт өмір
сүрген де болатын. Өткенді ұмыттырып, биыл ғана ішкі жақты шарлай
бастаған. Бұл шарлаудың да мəнісі бар. «Қазына малын айдаған болып
Оралға дейін барып, жолда прокурор Хакім Жүнісовпен кездесуі, уезд
орталығындағы оның үйіне келуі өткенге салауат айтып, тəубеге бет
бұрған сапар-ды. Бірақ көктем кезінде қызыл су кернеп, мұз жарылып,
жардай сеңдерді арнамен жөңкілткен Жайықтың дүлей тасқынындай,
ауылдың асты-үстіне шыға бастаған дүрілді күресі оны тағы да жел
аударған қаңбақтай ырықсыз дөңгелетіп əкетті...
Жортар жолын, аялдар қарасынын, сусындар жерін ол өзінше
белгіледі. Алдымен көлденең көк аттыны көзге түсіре бермейтін
өрістегі қалың жылқыға араласып кетті, Мақыштың қуса жетіп, қашса
құтылатын аттарына тез қолы жеткеннен кейін Құныскерей іргеде
жатып аңдысуға бел байлады. Ол түнделетіп келіп «Шеген құдықтан»
отыз-отыз бес шақырым жердегі — арғы беттегі Антоновка тұсындағы
тоғайдың жан жүрмейтін қою орманына кірді, сөйтіп ілгеріректе
Аязбайдың Ерғалиы талай тоқтаған Жайықтың жағасына арқа сүйеді.
Бұл сүзбе аудың қоржыны сияқты еді.
Күндіз көп жерді екеуден-екеу қатарласа жортса да кеш онан да ұзақ
жол жүріп, түнер жерді түннің əлдене уағында тапса да Құныскерей
Қаршығамен жылы лебіздеспеді, не істеп, не қоярын ақылдаспады.
Жас жігіт бейне бір оның бұйдалы тайлағындай соңына ере берді.
«Қайда барамыз? Не істейміз? Бұл бой тасалау қашанға дейін
созылады?»—дейтін тағы сол сияқты ащы сұрақтарға ақыл-ойы
толыспаған, қиын-қыстау сапарларда болмаған, тек албырттығы мен
өжеттігіне сенген бала жігіт қандай жауап қатпақ! Ол түгіл
Құныскерейдің өзі де бұған...
Ол өзек өртер өкініш пен қара түнек ойдың тас құшағында қалған
жанның пішінінде еді. Түні бойы үлкен қара ағаштың үйдей түбіне
сүйене отырып, құс ұйқы шұлғумен орманның төбеден бозарған ақ
шұнақ таңын қарсылады, ер жастанып, тоқым төсенген Қаршығаның
қимылсыз, үнсіз мез ұйқыға бөленген рақат ұйқысын күзетті; қозы
алаңға қаңтарған аттардың орман дыбысын шұлғып тыңдап, елегізе
таң асқанын бақылады: сонымен бірге өң мен түстің қоспасындай
шұбатылған қатал суреттердің ірмектелген түйіндерін таңдай қағумен
жазды, оқтын-оқтын ол басын көтеріп қалып отырды. Осының бірі...
...Ат жерді жеміріп шауып келе жатыр. Сай пана, ат аршынды.
Арттағы үбір-дүбір де алыс қалды. Бірақ буалдыр түтін серпілгеннен
кейін, сынған теректей қисайып барып ақырын жығылған жан,
сəждеге бас қойған адамдай, бүк түсіп жерге маңдай тірегені тағы
айқын елестеп кетті. «Тфу! Көруге көз керек жігіт еді, сабаз!»— деп
қалды. Құныскерей еріксіз басын көтеріп алды...
Бəрі сол қалпы: бала да ұйқы құшағында, аттар да орнында, орман
да қалғып қалған. Бірақ, ащы өкініш айрылмастан оған жегідей
жармасты. «Неге аттым сабаз пыркаролды? Жазығы жоқ еді.
Ақметшенің сенбес сөзі ғана қан төктірді. Жазығын өз көзімен
көрмедім. Əйелі жесір, баласы жетім қалды, сабаз жігіт еді Хакім...
Аз отырып, ойын бір жерге түйді. Мықтап түйді. Орнынан тұрып,
боз атты жүгенін басына түріп, босатып жіберді, қарагер мен жиренге
тұсау салды. Бір-бір сілкініп алып, ағаш арасының мал аяғы сирек
басқан қою шөбін орып оттаған аттарға сүйсіне қарады да, су жағасына
келді.
Талайды көрген кəрі Жайық кербез ағып, ертеңгі тымық жүзін
самалға тосып бейғам жатқандай. Сирек тулаған балықтың шолпылы
əр жерде ғана ойдым-ойдым дөңгелек шимай салып, ол да жазылып,
тарқатылып ағыспен бірге жоғалып кетеді. Қанатымен сипап өтіп
қарлығаштың қаймақшытқан ізі де су бетіне əжім саларлық емес.
Ертеңгі рақат əлемнің су жиектеген көркем көрінісі өмір шорластырып
пісірген қатал жанның түкті жүрегіне қандай əсер еткенін кім білсін, ол
тек құшырлана үйкелеп қос қолымен бетін, білегін, сонан кейін басын
жуды. Сөйтті де, тез кейін адымдап Қаршығаның жатқан жеріне келіп:
— Тұр. Өзенге шомылып ал. Істер іс көп,— деді.
Бала ұшып тұра келіп, бетін умаштай бір сипады да, үстіне төніп
тұрған түйедей ірі адамға езу тартты.
Құныскерей бұл жолы да жылы шырай көрсетіп, еркелетер лебіз
танытпады.
Бала шомылып қайтқанша ол мықтап түйген ойына қайта соқты. Ол
ой өзінің жүрісіндей жойқын, кесіміндей бет қайтпас жəне шорласқан
түйдек-түйдек еді.
...Сан рет жортқан Жайыққа енді қайтып оралуға жол жоқ. Мына
Қаршығаны қалдырып кетуге қисын аз. Адам өлтіргені үшін мұны жас
деп атпаса да бірнеше жыл тұтқындайды. Əкесіндей Ақметшенің бұдан
былай мұны арашалауға əлі келмейді. Оның өз басы қайдан шығары
бимағлұм. Мұны енді ертіп барып үйдегі карт пен балаға қосып, əрі
қарап асу ғана қалды. Бұл ең кемі екі жұмасыз орындалмайды. Алда
құрулы тор, əкімдердің тосқауылы. Олармен аңдысу жолы — əрі
алыстап кету. Тайсойғаннан əрмен шығып кетіп із жаңылдыру. Сонсоң
қайта соғып қарт пен баланы, қатынды көшіру. Маңғыстаудағы Адайға,
онан да əрі басқа елге сіңіру...
Қаршығаның жатқан жеріне тастап кеткен қанжарына Құныскерей
ұзақ қарап тұрды да, иесі қайтып келген соң:
— Мынадан басқа қару жоқ па?— деп сұрады.
— Бар,— деді Қаршыға қуанып кеткендей,— мылтық бар.
— Ол қандай мылтық, кəне?
— Тығып қойған винтовка. Қыстауда. Керек болса кешке барып
алып келемін.
Құныскерей басын шайқады.
— Қыстаудағы мылтық... Мылтық əкелемін деп жүргенде қыстауда
жанынан үмітін үзсе.
Құныскерей тағы да басын шайқады. Қаршығаның жүзіне тесіле
қарап ол сəл уақыт сынап тұрды да:
— Ана арғы беттегі станцияға барып қайт. Болса дүкеннен бір-екі
қадақ шай ал, қант ал. Сонсоң... аяғыңа жеңіл етік болса ал.
Құныскерей назары кешеден бері əлденеше рет жаратпай көзін
шүйген Қаршығаның бəтеңкесіне ауып еді, жігіт мұны жақсы түсінді.
— Мен өзім де етігімді бекер кимеген екенмін деп өкініп тұрмын.
Мынадан таралғы тобығымды қажап тастайтын. Жақсы, қазір барып
келейін. Ол қалада тастайтын. Жақсы, қазір барып келейін. Ол қалада
Мені ол жақсы біледі, үйінде талай болғанмын,— деді.
Кешікпей қаршыға арғы беттегі Антоновкаға жүріп кетті.
5
Көп уақыт қол-аяғы бұғауда келіп, еркінше құлаш сермеп, аршындай
аттауға зарығып, енді ғана еркін қимылға қолы жеткен жанша,
Қаршыға бір жерде отыра алмады. Ол арғы беттегі станциядан бар
керегін алып келді. Ақметшенің жылқысын Калмыков базарына жыл
сайын топтап сатып ақшалап беріп келген Николаймен сөйлесіп,
жылқы жеткізіп беруге уəделесіп қайтты.
— Бүгін түнде қыстаудағы тығулы мылтықтар мен оқ жабдықтарды
алып қайтамын. Ретін тапсам, бес-он жылқыны қосақтап айдап, ертең
ертемен Николайға өткізіп беремін. Онан кейін Ақыш ағама да
соғамын...— деп шұбыртты ол Құныскерейге ендігі істер істерін.
Бөлтірік ойыны бөлек. Ол өмірі талар жемін талғауды білмейді, бой
тежеп, күш іркіп, шаршауды білмейді, алдына келгенді алып ұруға
дайын: əлі келмесе қырқып алудан да дүз жанбайды. Оны бұл
қасқырлық өнерге кім баулып, кім көзеген? Бұрын істеп көрмеген ісіне
Қаршыға неге құмартады? Алуға, жапыруға, зорлыққа неге өш? Бұрын
қозы көш жерге де сапарлас болмаған Құныскерейдің соңынан неге
бұйдасыз жүгіреді? Түнгі жорыққа, қатерлі асуға, белгісіз алысқа
шығандап кетуге неге үйір?..
Ол сескенбестен ымырт жабыла өз қыстауына тура келіп тоқтады
да, аттан түсіп, аула-қораны аралап кетті. Қыстау жай иесіз еді. Ауыл
Совет адамдары да, уезден келген əкімдер де жəне тергеу орнынан
бөлінген қызметкерлер де қылмысты жандарды бұл маңға із суытпай
жуиды деп есептеген жоқ-ты. Оның үстіне кеше күндіз «көріп қалған»
малшылар:
«Өрістен əрі жүрісі суыт екі атты адам Қоспаға қарай бет алып
жортып бара жатқан. Кешке дейін Бұлдыртыдан бір-ақ шығар сиқы
бар. Сөз жоқ қашқын адамдар болуы керек»,— деп лақап таратқан. Бұл
қисыны бар болса да, құр болжамға сүйенген алыпұшты хабар ауыл
Совет қол астына жайылып та үлгіріп еді.
Көптен тығулы жатқан, бірақ анда-санда қызық үшін елсіз тоғайға
жасырын апарып құс атып тұратын винтовкасын Қаршыға көп
іздемей-ақ тапты. Ол ұзын ат қораның ішінде еді. Жарын кірпіштен
қалап, кең есік, терезелерін қарағаймен кəшектеткен бұл қоражай
кішігірім казармадай, от та, зат та сақтауға ыңғайлы болатын. Əсіресе,
қақпа тəрізді қос есіктердің маңдайша, жақтаулары бөренеден тілдіріп
жасатқан: солардың бірінде маңдайша мен жапсардың аралығына
сүңгіткен киіз қапты мылтықты, киіз дорбалы патрондарды Қаршыға
алып шығып қарагердің қасына келді: дорбаны қос қанжыға мен ердің
артқы қасына таңды, мылтықтың қабын сыпырып тастап, көмейіне бес
оқ тықты да, ердің алдыңғы қасына Құныскерейше тұқырта ілді.
Сонсоң алты шақырым жердегі ауылына сары желіспен жұрт ұйқыға
кірер шамада жетіп келді де, үлкен үй мен отаудан бөлек отыратын он
шақты кедей ағайындарының ішіндегі бас көтергені Сəрсеннің үйінің
есігінің нақ алдына аттан дік етіп, шылбырының ұшынан ұстап тұрып
есіктен:
— Сəрсен аға, үйдемісің?— деп сұрады.
Сəрсен мұның келерін күні бұрын сезіп, күні бұрын барлық сауалсұрағына жауап əзірлеп қойған жандай, іле есіктен басын шығарып:
— Жəй ма, Қаршығажан? Қайдан жүрсің, не керек еді?— деді.
— Ауылда кім бар?
— Бөтен ешкім жоқ, жалғыз Жолмұхан палуан ғана.
— Папамды қайда əкетті?
— Жымпитыға.
— Өлген прокурорды не қылды?
— Өлген — прокурор емес, комсомол Шынғалиев. Болыс кеңсесіне
əкетті.
— Маған бес биені қосақтап бер!
Сəрсен үндемей қалды да, аздан кейін үстіне шекпен жамылып
тысқа шықты.
— құй, оның алсаң да ерік өзіңде, мал өзіңдікі Қаршығажан. Бірақ
Жолмұхан сезбесін... Жəне мені сен көрме, сені мен көрмедім дейін.
Байлаулы тұрған бес жылқыны шеткерірек жетелеп сайға түсіріп,
ноқтасымен біріне-бірін қосақтап, Қаршығаның алдына салып берді
де, Сəрсен ізінше үйіне беттеді. Қолына қаруын, алдына жылқысын
түсірген Қаршыға да келген ізімен орманға бет бұрды.
— Құрмаш, қарашы, сайға қарап иттер үре түседі де қоя қояды,—
деді Жолмұхан, қасында əңгімелесіп жатқан баланы жұмсап.—
Алысырақта бір дүрсіл бар ма, қалай құлағыңды тосып байқа.
Төңірекке ит-құс келіп жүрген жоқ па екен?
— Үйренбеген антұрған, менің өзіме де абалайды ана төбет,— деп
Құрмаш қолына таяқ алды да далаға шықты.
Ол үй іргесінен көп ұзамай отыра қалып жан-жаққа көз жіберіп еді,
көзге еш нəрсе ілінбеді: бірақ алысырақта — сайдың аяқ жағынан дүбір
естілді, бала анық айырды: шапқан аттың дүрсілі жəне бір емес,
бірнеше аттың қосыла шапқан дабырлы дыбысы. Неде болса анықтап
есітейін деген оймен Құрмаш жүгіріп сай жағасына келді. Жайылудан
гөрі шəшкелеп салған шөп пен астауға төккен жемге көбірек тұратын
жылқының құлынды биелері орнында көрінді. Қалған бойдақтары мен
ұсақ тай, құнандар сайдан əрі тепсеңді бойлап жайылып жатыр. Бірақ
жүгіріп келіп тағы да отыра қалып құлақ тосып еді, əлгідегі дүбір
саябырлап қалған, құлаққа шалынар-шалынбас, өте əріде еміс-еміс
бірдеме ызыңдағандай болды. Құрмаш сəл отырып, жарытып еш нəрсе
есіте алмаған соң ауыл бетке көз жіберіп еді, əлгіде көзге түспеген
жаяу адамның қараң-қараң елесін байқады. Бұл кім? Мал басын
бақылайтын, құлынды биелердің түнгі жайын күйттейтін жалғыз
Сəрсен ғана. Мезгілсіз шақта Сəрсен неге сай басында жүр? Əлде басқа
біреу ме? Құрмаш енді қараңдаған адамға қарай жүрді. Жалаң аяқ,
басқан дыбысы білінбейтін жəне өмірі аяңдап жүріп көрмеген Құрмаш
желе-жортып бейсеуат жанға жақындап келіп тағы да отыра қалып еді,
кешеден бері əлденеше рет көрген шоқша сақал, дембелше сары кісінің
алдымен көкжиектің бұлыңғыр бедеріне сызып салған суреттей
сақалы шошая қалды.
— Сəрсен аға, сіз бе?— деді ол түрегеліп тары да жортақтай
жақындап.
Сəрсен шошып кетті.
— Иə, мен, мен. Мен мына биелерді қарауға келіп ем... Өзің қай
баласың? Аяқ астынан шыға келгенің...
– Құрмашпын.
— Ə... Əлгі палуанның қасындағы. Жай ма?
— Ит үріп, дүбірлеп шапқан аттың дүрсілі шыққан соң нағашым
қарап кел деп еді.
— Ие, мен де дыбыс шыққандай болған соң... құлағым да
естіңкіремейді... Алайда биелер орнында көрінеді... Ит дейсің бе? Иттер
осы жерде жүр білем...
Сəрсеннің сөзі үздік-үздік жəне қисынсыздау шыққанмен бала оған
зер салмады. «Жеті түнде мені көрмей, зəресі ұшып кетті білем
шалдың»,— деп қорытты. Сөйтті де, ол күндіз арсылдап қауып ала
жаздаған төбеттен сескеніп, үйге тезірек оралу жағын көздеді. Сай
жақта жүрсе мені байқамай қалар деп ойлады.
— Еш нəрсе білінбейді, нағашы. Əлгі жылқыны жайлап жүрген шал
да далаға шыққан екен. «Ит үргенін естіген жоқпын» дейді. «Дүбірі
не?» деп сұрасам, «дүбір жəй шығар, биелер орнында көрінеді»,— деп
аузынан сөзі түсіп бара жатқандай «мен, мен» дегені.
Жолмұхан Сəрсен жөнінде де, мал жөнінде де əңгімені жаңартуға
зауықты емес еді. Өмірі малдың басын қайырып, болмаса оған шөп
салып, суарып күйттеп əдет алмаған кісі, мына біреуден қалған
жылқыға ұқыпты қожа бола қалу оған аса қол шаруа көрінбеген
сияқты. Ол жайбарақат жауап қатты.
— Жарайды, Құрмашжан, ұйықта. Мен де өзі бүгін шаршап
қалыппын, анда-мұнда көбірек жүріп,— деді.
Өзі кешікпей салыққан денеге əл-қуат құяр қатты ұйқыға еніп кетті.
Мал бағып, кеш жатып, ерте тұрып, шаруа жайын үлкендерше
баптап, үлкендерше қамдап үйренген Құрмаш ертеңіне Жолмұханнан
бұрын оянып, түнде болған өзгерісті алдымен байқады. Ол Көк төбет
пен Бөрібасардың ұшты-күйлі жоқ болып кеткенін бірден көрді,
Сонсоң мініп жүрген, бірақ кеше кешке жылқыға қосып жіберген
жіңішке қара көк биені жоқтады. Мұнан кейін қыр беттегі жайылған,
үй маңындағы күтуде тұрған жылқыларды түгендей келіп алты-жеті
малдың саны жетпей қалғанын тапты. Мұны Жолмұханға баяндап еді,
ол:
— Сəрсенді шақыр,— деді.
Сəрсен түндегі айтқанын бүгін тағы қайталады.
— Дүбірді естігенім жоқ. Ал, қорадағы, сайдың арғы жағындағы
жылқылар қозғалмай жайылып жүрген. Қазір түгендейік, қандай
жылқылар жоқ екен. Ауа жайылып жүрген шығар, жылқы алатын ұрықары жоқ еді.
— Осында бір-екі ит бар еді, олар да жоқ. Иттерді ертіп əкететін кім
бар?
Бұл сұраққа Сəрсен мүдіріп қалды.
— Ит... ит дейсің бе? Ит деген... Оны кім əкетсін? Қаңғып тышқан
аулап жүрмесе...
Ит Сəрсенге де үлкен ой салды.
Көп заманнан қоңсы қонып, білімді, даңқты, дəулетті ағайынның
малын өз малындай, мүлкін өз мүлкіндей көріп кеткен, айтқанын екі
етпейтін, сыртқа мақтаныш етіп, үй арасында қошемет көрсетуді ғана
білген момақан, бірақ ақылды, өз пайдасын да білетін Сəрсен
Ақметшені тұтқындап қалаға əкеткенде өз шаңырағы ортасына
түскендей қайғырып еді. Бірақ заман басқа, заң басқа, ашық айтып,
ашық қайғыруға оның шамасы келмеді, бар қайғысын ішіне түйіп,
бірнеше күннен бері мең-зең жүрді. Ол жанаса ағайын Таңқыбайды
өлтіріп қашып кеткен Қаршығаны басында сөгіп, жесір Қибатты аяп
көзіне жас та алған. Алайда, соңғы күндері, онан да үлкен уақиға: атабабасына бақ-дəулет арнап қонған, өз басына ақыл-білім өлшеусіз
дарыған, бүтін уезге, қала берді губерняға аты мəлім Ақметшенің
мойнына құрық түскенде Таңқыбайдың өлімі, Құныскерей атып кеткен
комсомол Шынғалиевтің қазасы оған құдай өзі беріп, өзі алған, көп
пенделердің бұ дүние мен о дүниеге үздіксіз көшіп жататын, «ел
бейшара, иманды болсын!» деп бет сипаумен бітетін тағдыр
тəртібіндей көрініп еді. Ал, Ақметше оған орны толмас, ұсталады деген
ұғымға сыймас, орын-жай мекені иесіз қалар деген ойдан жоғары бір
жеке тұрған асқардай көрінетін.
Түнде есігінің алдына келіп аттан түсе қалған Қаршығаға қолынан
не келсе соның бəрін аямай көмектесуге дайын еді. Сондықтан да ол
жеті түнде жортып жүрген жанның ісі — адыра қалып бара жатқан
мекен иесінің қорғанған ісі мал-мүлкін əлі келген жолмен сақтап қалу
ісі деп түсінген. Ол тіпті Қаршығамен ілесіп жүре беруге де бар еді,
оның бағына қарай Қаршыға оған: «бес-алты жылқыны байлап-матап
алдына салып беруді ғана бұйырды. Ол дегенін сөзсіз орындады».
Үйіне риза болып қайтты. Бірақ үйден маңқылдай үре жүгіріп, сайдағы
иесін көргенде құйрығын бұлаңдатып қалған төбеттің Қаршығаға еріп
кеткенін білген жоқ-ты. Ал, Сəрсен үйдей Бөрібасарды қараңғыда
байқаған да жоқ, ол үрмей-ақ арс етіп сай басына бір-ақ шығып,
Қаршығаның қуалай жөнелген матаулы жылқыларын бірге айдасып
кеткен-ді.
Сəрсен қазір: «Бəленің бəрі иттен келетін болды, Егерде іздеуші
шығып итті тапса, Қаршығаны да табады»,— деп уайымдай бастап еді.
6
«Бір секірдің — құтылдың, екі секірдің — құтылдың, ал, үшіншіде...»
«Батыл, алғыр, шаршамайды да, бірақ осы жолы іс бітіріп қайтса да,
бітіре алмай қайтса да бұл балаға ендігəрі ауыл арасындағы
жортуылды қойдырған мақұл» деп ойлады Құныскерей, алдағы үлкен
жортуылдың бүге-шігесін ойлап жатып. Бір кез ұйықтап кетті.
Ол түннің əлде не уағында тұрып, Жайық жағасына барып отырды,
аттарды барлады. Бос жүрген Ақбозды ақырын ғана «ғыш-ғыш» деп
шақырып алды. Оның құлағының түбін қасыды, күндізгі Қаршыға
алып келген шекерден бір-екі шақпағын жегізді де, атты отқа қоя
беріп, ұзақ уақыт көз іле алмай тың тыңдап ояу отырды.
Түнде көш жерден қарауытқан нəрсені талдап айырып, мал мен
жанды шатастырып көрмеген, онан да алыстағы дыбысты құлағы
шалып үйренген бұл саққұлақ адам Қаршығаның дүбірін тоғай шетіне
түспей жатып есітті. Ал Тоғайдың шеті су жағасынан бес-он
шақырымға дейін қашық, тап бұлар қонақтаған түкпірдегі орманнан ең
кем дегенде тоғыз шақырымдай жерде еді.
Құныскерей елегізіп бір тұрып, бір отырды, Ақбозды тағы «ғышғыш!» деп шақырып, бірақ жетіп келген атты ер салмай желкесінен,
сауырынан сипап өтті де, «бара бер!» деп қоя берді.
Алайда, иесінен кем елегізбеген бұл ақылды ат та алыстағы дүбірге
қарап құлағын қайшылай бастады. «Бір... екі... үш...» дүркіреген осы
дыбыс бірден-екі анықтала түскенмен, топтанып, дүбірлеп, қайтақайта санай бастаған Құныскерейге қанша тұяқ екенін аштырмады.
Дүбір жақындаған сайын, ат та құлағын қайшылауды үдете түсті. Ол
бір кез ілгері жүре түсіп, аяғымен жерді тарпып, тарпып жіберді де,
осқырып қалды. Құныскерей атының құлқы өзгере бастағанын көріп,
оны жалма-жан ұстай алып, ағаш түбіндегі ер-тоқымын салып,
жүгендеп ауыздықтады да, шылбырын сүйретіп бос қойды. Ол екінші
атты да жақындатты. Бірақ оның тұсауын алмастан тізгінін ағаштың
бұтағына оңайлап күрмей салды.
Жоқ, қуғыншы да емес, көлденеңнен кездескен жылқы айдап алушы
да емес, тура белгілі жерден маңдайын қисайтпастан, бірнеше
жылқыны матап айдап жеткен Қаршыға екені беп-белгілі. Екпінді
жігіттің жапыра басып, жатқан жерге жетуге асыққан жойқын жүрісі.
Тағы да Ақбоз осқырып қалды да, алдыңғы аяғымен жер тарпи
бастады. Сөйткенше болмай «арс» еткен иттің даусы екі аттың екеуін
де, тіпті еш нəрседен сескеніп көрмеген Құныскерейді де селт еттірді.
Арс еткен дауысқа қосыла:
— Ақтабан, Ақтабан, ə-ə! Ақтабан, Ақтабан, ə-ə,— деген Қаршыға
дауысы орманды жаңғыртып өтті.
— Мына төбеттерді қайдан таптың?— деген Құныскерейдің күңгірт,
əрі ызғарлы дауысы Қаршығаны да, оның итін де жерге жымырып
жіберерліктей қаһарлы шықты.
Жеті түнде тапжылдырмай бар істі бітіріп қайтқанын мақтау
орнына жекіріп сөйлеген Құныскерей жігітке қатты əсер етті. Ол
қорқып кетті. Неге ол итті жек көреді? Ит деген адамға серік. Егерде
Ақтабан болмаса ол олай бір, бұлай бір бұлтақтаған қосақтаулы
жылқыны бұл жерге таң атқанша да жеткізе алмас еді. Ақтабан
қасқырша қайырып жолдан шығармай, тура айдасып келген жоқ па?!
— Аға, мен емес оларды іздеген. Иттердің өздері іздеп тапты мені.
Жылқыны қуалай жөнелгенімде Ақтабан «арс» ете түсіп, қуыса
жөнелді. Қай жақтан келіп қалғанын өзім де білмей қалдым, Ал, мынау
Қойбағар Ақтабанның соңынан дарбақтап шауып о да жетті.
— Kepi қу!..
— Жарайды. Мына мылтықты, оқ-дəрімді шешіп алайын.
— Қаршыға аттан түсіп, ер қасына ілген мылтықты жерге қойды.
Сонсоң қанжығаға бөктере байлаған киіз дорбаны шешіп алды.
— Бері əкел!— деді Құныскерей мылтықты көрсетіп. Шеттікі емес
пе, бұл мылтығың?
— Солай, аға. Жап-жаңа мылтық. Киіз қапқа салып тығып қойып
едім, бір жерін де тат шалмаған.
— Оны қайдан көрдің?
— Көрмесем де қолыммен ұстап сездім.
— Оғы қанша?
— Оқ көп. Жартысы жапондікі, жартысы үлкен бентовканікі.
Құныскерей риза болған адамша тамағын кеней түсті.
— Жартысы үлкен винтовкінікі де...
Оның бұл жолы үні де жұмсақ естілді. Қаршығаның көңілі
орнығайын деді. Аздан кейін Құныскерей оған бұйрық ретінде:
— Алдымен ана иттерді қуып жібер! Сонсоң жатып дем ал. Иті бар
адам «мені тап!» деп айқайлаған баламен бірдей, кəдімгі жасырынбақ
ойнаған баламен бірдей.
Қаршыға қамшы сілтеп Қойбағарды қуа түсті. Ал, өзіне аң ауласып
үйренген Ақтабаны ағаш арасына сүңгіп жоқ болды. Ол үйге қарай
еріксіз шоқаңдаған Қойбағарға ермеді...
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
1
«Шеген құдық» Əділбекке естен кетпестей əсер етіп еді.
Үлкен ақ үй, онан да ақ жəне өзгеше əдемі отау. Биік шегенді құдық.
Құдыққа таяу жағалай құрылған шатыр лапас. Лапастың асты да,
айналасы да толған қаз мойын арғымақ жылқылар. Ол жылқыларды
əзірге бабымен жемдеп, бағып, суарып, биесін байлаттырып,
құлындарын ағыттырып басқарған, төртпақ келген палуан денелі,
тайқы маңдай, қызыл күрең жүзді Жолмұхан. Ал, бұл Жолмұханның
қасында өзінің кəдімгі ағайыны, жаздыгүні Жымпитыға өгіз арбасына
мінгізіп апарған Қабылбайдың Қара-Құрмашы. Құрмаш Əділбекті көре
сала иесіне жалбаңдаған күшіктей қисаңдап, алыстан-ақ ыржия түсті.
Ол арбадағы сұлу қызға бір қарап, Əділбекке бір қарап, əлденеге
таңырқағандай, жақындай берді.
— Құрмаш, бас аяғыңды,— деді оған Əділбек, қала салтынша бір
қолын беріп амандасып.— Аманбысың? Сен мұнда қалай келіп қалдың?
Құрмаш тағы да қызға бір қарап алып, үлкендеу аузын кере бастады.
— Нағашыммен екеуміз, Ақметшенің асыл тұқымды малын
кедейлерге үлестіріп, қалғанын бағып отырмыз. Басқа мүліктерін де
шашау шығармай Хакім ағам берген бұйрығын орындамақпыз,— деді.
Күдіктенгендей бала тағы да қызға қарады.
— Ə, сен де əкім болдым десейші! Əлгі Жолмұхан деген нағашың
ана тұрған кісі ме? Жарайды, онда мына атты доғарып, басын
қаңтарып анау ағашқа байла.
Сөйтті де ол, делбесін Құрмашқа ұстата салып, Жолмұханға қарай
жүрді.
— Аман ба, шырақ,— деді де қойды Жолмұхан тезірек жүріп келіп
амандасқан Əділбекке.
Ол артың тіл қатпады. Қызға иек қаққандай бір нышан білдірді.
...Мынау бір дəу екен. Палуан деуші еді — рас-ақ шығар. Анау
жауырын, анау иық осал кісіге бітетін мүшелер емес. Қара саны
бураның санынан бір де жіңішке болмас,— деп ішінен Жолмұхан
палуанға риза болып аз тұрды да, сонан кейін Ақметшенің салтанатты
мекен-жайына көз тікті. «Апырмай, мына дүние, мына байлық, анау
жатқан ен жайлау!»— Əділбек құдықтан арғы сай алақанына қарап еді:
төрттен, бестен шоғырланып жайылып жүрген бірінен-бірі аумаған
қызыл нарларды көрді. Жас жігіт басын шайқап қойды. Атақты
Ақметшенің жұрт аузынан түспейтін нарлары...
— Нағашы, Əділбек ағам келді ғой. Кəдімгі Хакім ағамның кіші інісі,
— деп мақтанғандай Құрмаш, Əділбекке тағы да бір қарап Жолмұханға
жақындай түсті.
«Хакім ағамның інісі» деген сөзге Жолмұхан қасқырша бұрылып
Əділбекке таңырқаған пішін көрсетті.
— Мен сізді білемін, ана жолы қалаға келе жатқанда Құрмаш айтқан.
Сіз почта айдаушы Жолмұхан аға боласыз ғой?
— Иə, сен Хакеңнің туған інісімісің?
— Кіші інісімін. Менен үлкен інісі Алматыда оқуда. Ал, мына
Гүлжиһан біздің жиен...— деп бөгелді Əділбек.
— Иə, жиен деймісің? Сонда осы қыздың үлесін алып кетуге келгенің
бе?
— Енді, енді қалай десең де жақын адам болған соң...
— Жарайды. Онда ана үйге кіріңіздер. Үй иесі əзірге осы бала.
Дүниесін түгендесін. Кəмпескеге жататынын жатқызармыз.
Жолмұханның сөздері Əділбекке келіге тары түйгендей дүңкілдеп
естілді.
Жолмұхан: «Хакімнің інісі ол қызды алып келіп, кəмпескеленген
байдың үлесіне ие болады» деп ойлаған жоқ еді. Ақметшенің бұл
белгілі уезд басшысына жақын екенін де білген жоқ-ты. Сондықтан
Əділбекті Құрмаш: «Хакім ағамның інісі» дегенде аң-таң қалған. Енді
ол əңгіменің бəрін бірден түсінгендей болды. «Тегін адам ие бола ма?»
деп, текті адамдарға дін қойып өскен бұл қыр жігіті: «Бəсе!» деп жалпақ
басын бір шайқап қойды. «Сұлтандар сияқты жұрттан өзге, əрі
оқымысты, əрі дəулетті Теке мен Орынборға, тіпті Саратов пен
Петерборға аты мəлім Ақметше правитель белгілі Жүністің жиені екен
ғой! Ал, Жүністің атақты ақын Нұрымы ана аласапыран кезде
Жаншаның жігіттерін əнімен, жырымен бір уысына ұстап еді. Енді
мына Хакімі бүкіл уездің қожасы — аузымен құс тістеген пыркарол.
Тектіден текті шығады деп осыны айт!
Шіркін-ай, Нұрым қандай еді! Сөз десең сөзге ұста, əн десең əнге
ұста, жыр айтқызсаң бір таңға жыры таусылмайтын сабаз еді. Сондай
сабаздар да дүниеден көшті. Иманың жолдас болсын, нар келбетті
досым!»— деп Жолмұхан бетін сипады. Сол сағаттан бастап бірбеткей,
өз дегенімен өскен бұл ер адам Əділбекті өзіне баулып алды.
— Сен қарағым, Хакім мен Нұрымның інісі екенсің ғой. Мен
Нұрымды мұнан он жыл бұрын құшақтасып қосылып дос етсем, Хакім
мені жазым басқан жолымнан бұрып, азаматтық борышымды ақтауға
қосты. Бұл маған ардақты досымның аруағы үшін істелген жақсылық.
Маған кімнің бай, кімнің кедей екені керек емес, кеудесіне сыймай
дүрс-дүрс қағып тұратын жұдырықтай жүрегі бар қазақ керек. Ал, сен
сойыңа да, бойыңа да қарағанда сондай ер жүректінің бірі боламын деп
тұрған жігітсің. Мұны келбетіңнен де, қимылыңнан да көріп тұрмын...
— деп бір қойды.
Əділбек ұйып кетті. Ол Жолмұханның кім екенін аңғара бастады,
тағы не айтар деген оймен оның аузына бақты. Жолмұхан күттірген
жоқ, не ойлайтынын, не істейтінін бір-ақ айтып салды. Оның сырт
тұрпаты қандай болса, ойы да, ісі де сондай айқын, сондайлық елеулі
болып шықты.
Мына қыз бала бөлінген он жеті қарамен қоса мына тұрған отауын
алып кетемін десе де өз еркі, біреуге тапсырып қойып кетемін десе де
өз еркі. Ал, қысқы қарағай үйді ауыл Совет конторға алды. Жолым үйді
Албар дейтін малшыға бердік. Маған Хакеңнің тапсырғаны: ана асыл
тұқымды қызыл нарлар мен арғымақ жылқылардың қалғанын Бес
Қалмаққа жеткізіп беру. Осы міндетті орындасам болды. Жуымайын-ақ
деп едім, Хакең болмады. «Сен болмасаң мына малды кім көрінген
талан-тараж етуі мүмкін», дейді. «Талан-таражы» басталып та қалды.
Алдыңғы күні бес-алты жылқы ұшты-күйлі жоқ болды. Сірə, əлгі
Ақметшенің қашып кеткен баласы суық қолын сұқты ма деймін...
Бұл сөзге Əділбек түсінбей қалды. Ақметшенің қашып кеткен
баласы Қаршыға болу керек. Ал, ол қалайша қолын сұғады?
— Жолмұхан аға, көп-көп рақмет сізге. Нұрым ағамды сыйласаңыз,
оның құшақтасып қосылған досы болсаңыз сіз маған да бөтен емессіз,
Нұрым ағаммен бірдейсіз. Қолымыздан келгенін біз де халқадерімізше көрсетерміз, өйткені аға сыйлағаннан өзге ініге үлкен
дəреженің қажеті жоқ деп білеміз. Сөйтіп, мына Гүлжиһан екеуміз
сапар түзеп келіп қалдық...
— Бəрін де өзім реттеп беремін. Бұл балаға да оңай емес, жас
басынан мұндай хасіретке ұшырағанына...
Жолмұханның сөзін аяқтатпай қыз өксіп-өксіп жылап жіберді.
Жолмұхан да, Əділбек те енді тек соны жұбатумен болды.
— Шырағым, бұған да шүкір де. Мына сияқты қолы тиген жерді
омырып жіберетін қайратты жас жолдасың болғаны — бақытың.
Үйге кіргеннен-ақ Гүлжиһан өзінің төсегіне отыра кеткен. Ол ұзақ
уақыт бейне бір жансыз адамдай сұп-сұр болып жағын таянып, төмен
қарап үнсіз қалған еді. Ал, бұрын өзі көрмеген тіпті атын да естімеген
адам барлық мал-мүліктің, мекен-жайдың қожасы есебінде бағып
отырғанын жəне енді не боларын айтып, «бұл балаға оңай емес, жас
басынан мұндай хасіретке ұшырап» деп мүсіркегеніне шыдамады.
Болған уақиғаның ащы зəрі жүрегіне жаңа ғана құйылып кеткендей. Ол
Əділбектің де:
— Гүлжиһан, сен берік бол. Сен ақылға сал бəрін де, босай бергеннен
енді пайда жоқ,— дегеніне де жұбанбады.
Қисая түсіп солқылдап жылап отырды да, есіктен кіріп келген
өздерінің жақын жеңгесін көргенде дауысы көтеріліп кетті. Бұл көптен
бері анасындай болып кеткен орта жастағы əйел еді. Өзінің келінбаласын күтпесе де, Гүлжиһан мен Ақметшені бағып-қағуға бар күшін
жұмсаған мейірімді жан болатын. Əйел де үн салды...
Жарайды, бала, біз үлкен үйге барайық, шерін тарқатсын
бейшаралар,— деді Жолмұхан Əділбекке.
Үлкен үй кеңсеге бейімделіп, жүк-жиһазын қазан жаққа
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 29
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.