Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 26

Total number of words is 4131
Total number of unique words is 2137
37.5 of words are in the 2000 most common words
52.0 of words are in the 5000 most common words
60.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
«айыбы» батып жүрген. Оның үстіне бас кесер Құныскерейдің
үркіткені қандай ауыр болды. Дертке ұшыратты. Əйел адам, қызға да
жаны ашиды...
«Бұл жоқ жерден шиеленіскен жіптің түйінін қалай жазып жіберу
керек?»— Ойланып біраз отырды да Хакім:—«Қалайда елге барып, сол
жерден бір жөнін табармын»,— деп атшысына келді де, арба жекпей,
салт мініп қырға шығып кетті. Тезірек жəне жалғыз жүрудің қамын
көздеді.
— Айналайын, Хакімжаным! Алыстап кетіп, үйді көрмей қойдыңдар
ғой. Келдің бе əйтеуір, айналайын...
Балым кемпір көзіне жас алды.
— Мама-ау, неге жылайсың? Менің келгеніме таңырқап, неге келіп
қалды деп жылайсың ба?— деп Хакім күліп, бос көңіл кемпірдің
арқасынан қағып, бетін тосты.
— Айналайын. Айналайын!— деп кемпір мырсылдаған күйі оның
бетінен сүйе берді.
— Жақсы, мама, жақсы. Қатты сағынған екенсің. Бірақ, жұма сайын
келсем де осы жылау, саған бəрібір.
— Қайдан жұма сайын... Көктемнен бері төбеңді көрсеткен жоқсың.
— Өзім келе алмасам да, амандық білдіріп адам жібердім ғой, мама.
Анау күні мына кіші балаң да барып қайтты. Кеше тағы да барып...
Хакім «Гүлжиһанды алып кетті» деген сөзді жұтып қалды. Бұл өзі
қолдамаған істі інісінің бірбеткейлікпен «мен білемге» салуын сөгіп
өтпекші болып еді, бірақ бұл кекетуден ештеңе шықпайтынын ақылға
салып жайымен түсіндірермін деп ойлады, ескі ұғымға сүйенген
кемпірдің жүрегіне қатал үкіммен жара салармын, деп қорықты.
Өйткені бұл сияқты батыл қадам, кəміл-ақ, кемпірмен ақылдасқан
қадам екенін Хакім қаладан шықпай тұрып болжаған еді. Ол кемпірдің
құшағынан босанғаннан кейін, сұп-сұр болып оң жақта отырған
Гүлжиһанға қалай амандасарын білмей бөгелді. Қыз төмен қарап отыр.
Егер көзіне көзі түссе дыбыссыз бас изеп амандасар еді. Ал, атын атап
аман-саулық сұрау, болған істі бекітіп осы үйге келін болып келгенін
қолдаумен тең. Жəне өз қолымен мал-мүлкін кампескелетіп, əкесін
тұтқындауға рұқсат берген қызға еш нəрсе болмағандай-ақ, жылы
жүздесе қалу адамға лайық емес.
— Саламат па, шырақ,— деді Хакім көбінесе таныc емес жастарға
айтылатын көпке ортақ «шырақ» деген сөзді аты орнына қолданып.
Қыз басын да изеген жоқ, жүзін де бұрған жоқ, бұл амандасудың
өзіне арналғанын білсе де сезбегендей, ол бейне бір қуыршақ
тəрізденді. Хакім қабағын тыржитты да, əлдекім байқап қалды ма деп
қысыла бастады, жүзін тез анасына бұрды:
— Меңдіқыз келінің «шешем қартайды, үй ішінің бітпейтін ұсақ
тауқыметінен құтқарсам»,— деп арман өтеді,— деп бір қойды.
Кемпір оған да босап:
— Айналайын, Меңдіқыз келінім... ол адам ғой. Өмірі мені аяумен
келеді,— деп жалма-жан құлағын түре бастады.— Үй ішінің ұзақ
тауқыметінен құтқарсам дей ме? Ол қалай дегені, Хакімжан-ау?
Хакім асықпады. Ол ойындағы үлкен істің бастамасын құлаққағыс
қылып, бірақ арғы жағын ептеп, жіңішкелеп, кемпірді бірте-бірте
көндіру ниетінде еді. Үстіндегі плащын шешіп, төрдегі жүк үстіне
қойды. Қайтып есік алдына келіп, етігінің шаңын сүртті, басындағы
фуражкесін алды, қалың шашын салалап кейін қайырды. Сонсоң
жуыну ниетімен қазан жақтағы құман-шылапшынға көз тікті де,
кемпірді аяғандай басын шайқап қойды.
— Қиын ғой, мама. Қартайып келесің. Бір үйдің шаруасын бір өзің
істейтін шақ алдақашан өтіп кетті. Ана балаң оқуда, мына балаң əлі
жас, бұл да өз алдына адам болып кеткендей дəрежеге жеткен жоқ,
білімі аз...
— Мен үшін уайым жеме, Хакімжан. Өздерің адам болыңдар. Маған
мұнда қолғанат ете тұрарлық Гүлжиһан қарағым да келіп қалды. Бір
жөні болар. Қартаю бəріңнің басыңа да келетін жай, құдай тек
қарттыққа жеткізсін де!
Кемпір əлгі айтқан сөзін ұмытып қалды білем. Хакімнің жауабын
күтпей өз ойын алға сап болашақтың қамын жей бастады.
«Мына Ақметшенің қызын шын келін етемін деп ойлайды ғой
шамасы. Бұл жайды біртіндеп өзгерту керек»,— деді ол ішінен. Оның
келген себебі де осы ғой.
Сырттан ісірген Əділбек ағасына қысыла сəлем берді де, көзіне тура
қарамай жайлап қана амандық сұрасты.
— Аманбыз,— деді Хакім салқын жүзбен,— амандығымызды кеше
өзің көріп кетпедің бе?
— Иə, Хакім аға, көрдім. Меңдіқызды көрдім. Өзіңізге жолығуға
мұршам келмеді.
«Жау қуды ма мұршаң келмей» деген сөзді ағасы ауызда əрең ұстап
қалғандай «жа»... деп тамағын кенеді. Бірақ арғы жағындағы дыбысты
шығармай үзіп жіберді. Əділбек ағасының не айтайын дегенін əбден
ұқты. «Бір шайқас болар-ақ» деп түйді ол, өзі іштей дірілдеп кетті.
Хакімнің түрі де, сөз саптауы да оған үскіріктей əсер етті. «Не дəлел
бар? Сол өзінің жаңағы мамасына айта бастаған «үй ішінің
тауқыметінен құтқаруды мен де қалқан етермін»,— деді жас жігіт, тал
қармағандай тістене түсіп. «Қалыңдығын алып келуге жарамай сызып
тұрған ініңнің болашақ қатынын алып келгенім бе менің жазығым?!
— Бала, ана аттың айылын босатып, тізгінін дұрыстап қаңтар. Ақ
көбікке түсті.
«Сені соншама не жау қуды»,— деп қала жаздады бұл да жаңағы
ағасының іріккен сезін қайталағысы келіп. Сөйтті де жалма-жан:
— Жарайды,— деді келте жауаптап.
Ақметшенің
қызын
Хакім
үлкен
інісіне
алып
беруді
мақұлдамайтыны күні кеше Меңдіқыздың сөзінен де көрініп еді. Ал,
қазір қабағынан қар жауып келген ағасының ұрсатынын да білген.
Осыны ойлап Əділбек бірден-бірге іштей тайсала бастады. Ағаның
ағалық құдіреті ініге ежелден бес парыздың біріндей бас тартпай
орындайтын құдірет, оның үстіне бір оязды билеген, он жылдан бері
ат үстінде жортып, халық қамын көздеген атақты Хакімнің, сөзге
жүйрік, ақылға ұста ел ағасының өктемдігіне қаршадай бала қалайша
қарсы тұрар!
Аттың айылын босатып, жел бетке байлап жатып Əділбек «бұл
қалай болады?» деген түйткіл сөзге жауап көріп еді, көңілге нық жауап
орала қоймады. Оның орнына: «Екі ортада осы менікі не босқа арам тер
болып жүрген? Қатын алатын кісі бар жақсылығы мен бар
жамандығын өзі көрмей ме? Егер ағасы разы болмаса, бұған билік
айтар мен бе екем? Ел іші қым-қиғаш бай мен кедей болып қасқырша
жұлқысып жатқанда, олардың прокурор басшысы қалай араласпайды?
«Ақметше жақыным»,— деп — араша түсу заң басындағы адамға
лайық та болмас. Бұл жерде менің сүзеген тайыншадай көз алартып,
желке күжірейтуім жөн бола қояр ма екен?..»— деген күдікті ойлар
шырмай берді.
Ол ат жайлап болып, кəрі шешесіне болысты. Самауырынға су
құйып, оны тұтатып, ұсақтап ағаш жарып тезірек шай қайнатудың
қамына кірісті. «Осындайда бір шаруаға қолайлы келіннің керегі...
Мына көзі жаудырап үйде отырған сорлы қыз не шаруа шаруалaп та
жарытпас, не Меңдіқыз сияқты ерінің, үлкендердің бабын тауып та
ұқсатпас-ақ. Бейне құралайдың тас бұршағынан бұғып, шөке түбінде
жатқан киіктің жетім лағы тəрізді. О, құдірет, кешегі аузымен құс
тістеген құдіретті правитель, оқымысты Аметшенің шаң тимей өскен
жалғыз қызы! Сен тұр, мен атайын мырзаларың маңынан жүруге
тайсалатын, сөз салуға бата алмайтын құдіретті əкенің ерке тотысы!
Басқа жұрт интернатқа қолы жетпей оқуға зар болып жүргенде, қызын
қалада тəрбиелеп, музыка мұғалімін алдырып, əн мен күйге бөлеп
ақсүйекше мəпелеген сұлу, енді мына қысылшаң заманда елден
айрылып, мал-жаннан айрылып, жалғыз əкеден көз жазып қалғаны! Он
нарға жасау жүгін артып, арғымаққа алтын ер салып мініп, басына
күміспен қақтап, алтынмен булаған сары ала оқа сəукеле киіп қыз
нөкерімен түсетін келіншек...»
Əділбек үйге кіріп келді де, Гүлжиһанға берген уағдасын баян етті,
ол əлденеге ойы аласұрып булыққандай демін ішінен алды.
— Хакім аға, мына Ақаңның жалғыз қызын далаға тастай алмай,
басына үлкен қасірет кездескен кезде «өз сүйегім» деген намысым
қозып кетіп, ешкімнен биліксіз үйге алып келдім. Жəне Гүлжиһанға
берген уағдам бар, ол — əкесіне қалайда кездестіру. Бүгін Текеге алып
жүрмекшімін,— деді.
Хакім таңырқағандай інісіне қадала қалды. Оның бар күнəсін бір-ақ
жайып салғандай, істеген ісін қалтқысыз ақтарып тастағаны еріксіз
ойлантты. Оның үстіне о бастан жобалап келген «өзгерісіне» мына сөз
бар түйінді жазып жіберерлік нəрсе сияқтанды. Ол қызды Текеге алып
жүру деген сөзге жармаса кетті.
— Мұның адамгершілік. Əкесіне жолықтыру үлкен адамгершілік.
Мен оған жəрдемдесейін. Қағаз жазып берейін. Қайда жатқанын, қалай
жолығатынын айтып жөн сілтейтін юрист бар губсотта,— деді.
Ағасының тез көне қалғанына жігіт те таң. «Е, бəсе, туыстың аты
туыс. Ақметше мен біз біріміз қыздан, біріміз ұлдан тумадық па!
Қаншама қара бауыр болса да, мықты жігіт жібіді»,— деп ойлады
Əділбек. Інісі жауап қайырғанша, ағасы тағы бір ақыл салатын құпия
сыр айтарлық сөздің басын көрсетіп тастады.
— Сонсоң, Əділбек, кемпір үшеуміз ақылдасып істейтін бір əңгіме
бар, оны кейін айтармын,— деді.
Үндемей қатып қалған қыз енді тебіренді. Хакімнің шын ойын, неге
келгенін, оның не істер пиғылын қыз ұққан жоқ, тек оның құлағына
«мен оған жəрдемдесейін» деген жылы сөз ғана келді. Қыз шыдамады,
өксіп жылап жіберді. Кеше ғана жау көрінген, оған дейін түсі суық
ызғарлы Хакімнің мына сөзі бəрін жуып жібергендей, қыз ұшып
түрегеліп Хакімге жармаса кетті, мойнынан құшақтауға ұмтылып
қолын соза түсті, бірақ Хакім елжіреген қызды аса егілтпейін, мойныма
асылдырмайын деген ниетпен:
— Шырағым сабыр ет. Сабыр ет. Өмірде ащы да, тұщы да күндер
кездеседі. Сабыр ет. Мен қағазға жазып берейін. Текеге барысымен
жолығу жағын көздейтін жəрдем беретін адамға хат берейін,— деді.
Сөйтті де қызды отырғызуға тырысты. Қыз онан əрі еңірей түсті. Оның
əкеден айрылған, сүйген жардан қол үзіп қалған барлық ащы қасіреті
тасқындап жас болып егілді...
Бір кез қызға қысылып кемпір мырсылдады.
— Қарағым-ай, жас басыңнан мұндай күйге ұшыраған... Еһ... еһ-еһ...
— Ау, қойыңыз, мама. Сіздің мұныңыз лайықсыз ғой. Тірі адам
тіршілігін етеді, бəрі де орны-орнына келер. Сіздің жылауыңыз
болмайтын шаруа, мама.
— Айналайын, бірің анда, бірің мында, бастарың бір қосылмай-ақ
қойды. Енді міне жаңа көрдім дегенде, басқа қайғысы араласып... қой
жасындай жасым қалғанда жамандық көрмей өлсем деп едім... Еһ- еһ-ех...
— Шаршаған екенсің, мама. Өзім алып кетіп, біраз уақыт еш нəрсені
уайымдатпайын, үй ішінің ұсақ машақатынан аулақ өз қолымда дем
аласың...
Кемпір қарсы жауап қата ма деп сескеніп, Хакім ойын аяқтамады.
Əзірге осы да жетер дегендей сөзін кілт үзіп, беті-қолын жууға сыртқа
қарай беттеді.
«...Қызық, — деді ішінен Хакім есік алдында құманмен қолын жуып
жатып.— Дегенмен көнер. Көнсе бəрі де орны-орнына келер. Кемпір өз
қолымда, қалада Əділбек оқуға кірер, өз бетімен өз жолын табады ғой,
ақылы бар, табанды жас жігіт... Əйтпесе мына жаңа кезеңде, белеңі бар
баяғы көк дөнендей тулап пəле қылар...»
Хакім баста інісімен томаға тұйық, көрісіп, келе-келе үй ішімен тілге
келген соң бəрі де кешеден бергі түйткіл қабақтан арыла бастады.
Қаймақ салған шайдың да өңі кіре қалды, ауыл амандығын сұрасқан
əңгіме де жайдары қалыпқа көшті. Əлденеге күнəлі жандай басында
бойын тежей түскен Əділбек те ағасының қабағына қарап маңдайы
жазыла берді. Ол көбінесе енді əлгі бір Хакім сөзі не сөз, ол қандай сыр
деген жұмбаққа алаңдай түсті. «Қызды əкесіне апаруға қарсы емес,
бұған тіпті өзі жəрдемдеспекші болды. Оңаша не əңгімелеспекші? Əлде
Əлібектің үйленуі жайында ма? Əлде оның өзінен бір хабар алды ма
екен?» Бірақ ол Хакім ойын таба алмады. Мұны кейінірек ұқты.
Кемпірдің асқан асын жер алдында, су басына барып қайтамын деп
Гүлжиһан үйден шығып кетті. Оңаша қалған анасы мен інісіне əлгі
сырды Хакім өзі айтып берді.
— Мама,— деді ол кемпірге еркелегендей бір жұмсақ үнмен.— Жаңа
айттым ғой, өз қолыма алып бағамын деп. Бұл Меңдіқыз келініңіздің
көптен айтып жүрген тілегі еді. «Шешем қартайды. Ана баласы алыста,
үйленсе де ол келіншегін ауылдан өз қасына алып кетеді. Кенже
баласы жас. Жас басынан оның аяғын шырмау обал. Əлі оқуы керек»,—
дейді. Мен келініңіздің бұл ойын əбден мақұлдадым. Əділбек оқуы
керек. Ал, сізді өз қолыма қалаға алып кетуім керек.
Кемпір шошып кетті.
— Қарағым Хакімжан, айналайын, ондай сезіңді маған есіттіре
көрме. Қой жасындай жасым қалғанда мен алысқа ұзай алмаймын.
Құдай қажының қасынан бұйыртсын топырақты. Өзі екі-үш күннен
бері түсіме ісіріп жүр. Көп ұзамай қасына баратын шығармын...
Кемпір сөзін тауысар-тауыспаста Əділбек өз болжамын анықтауға
асықты.
— Қалай? Кемпірді өз қолыңызға алсаңыз,
аттандырсаңыз, бұл үйде кім қалмақшы? Əлде...
мені
оқуға
Ол айнала көз жіберіп үй жиһазын əлде біреу алып кетердей-ақ
түгендеп сүзіп шықты. Шаңыраққа қарады «мына шаңырақты жинап
біржола шоланға тықпақшысың ба»,— дегендей қабағын түйді.
— Үй деген біз қай жерде жүрсек, сол жерде,— деді Хакім бұрынғы
ағалық батыл үнмен.
— Қызық пікір. Біз барған жерге мына үй де бара ма? Қоныс. Кəдімгі
мына ата қоныстан жылжып...
— Ата қоныс... Ата қоныс өзгереді ғой, шырағым.
— Қалайша?
— Қалайша дейсің бе? Бұл, əрине, ұзақ əңгіме. Сонда да оны
қысқарта айтуға болады. Ел болып, жұрт болып күш біріктірмекші, бас
қоспақшы. Яки жерді бірігіп жыртатын, көлік күшін бірігіп
пайдаланатын артель құрылады. Артель болу деген мына сияқты əр
жерде бытырап отыру емес, бір жерге жиылып қала тəртібімен қыстақ
салу деген сөз. Ата қоныс солай өзгермекші. Қазақ айтпаушы ма еді:
«Елу жылда ел жаңа»— деп.
— Ім-м,— деді Əділбек созып,— түсінікті. Əлгі Ұзақ пен Олжаорыс
комсомолдың айтып жүрген коммунасы құрылады деңіз!
— Онан үркетін ештеңе жоқ, Əділбек. Бəрің өзіңмен ауылдас,
өзіңмен болыстас елдің азаматтары. Көппен көрген ұлы той. Жаңа
жұрт. Жаңа қоныс. Жаңа тұрмыстың бастамасы.
Əділбек үндемей қалды. Оның орнына кемпір қайтадан күрсініп,
қайтадан топырақтың қажы қасынан бұйыруын тілеуге көшті.
— Қарағым Хакімжан, қайда жүрсеңдер де аман болыңдар.
Сырттарыңнан бір құдайдан тілейтінім: сендердің алдарыңда алсын,
сендердің жамандығыңды көрсетпесін. Осы жерде жазсын құдай
топырақты. Ата-бабаның қабырының жанында, қажының қабырының
жанында, мені қайтесің қозғап.
— Түу, мама, сен сары уайымға салынып, əлденені айтасың.
Жұрттың кемпірі тоқсанға, жүзге келгенде де өлімді ойламайды. Бес
мүшелде кісі торыға ма екен,— деп бір жұбатты да, ана бағуға өз
правосы барын да алға тартты: «Қарт дүние салғаннан кейін мына екі
баланы оқытып, жұрт қатарына қосу, өзіңді бағу ең алдымен мына
менің борышым. Осы күнге шейін əзірше елде тұра тұрсын деп
қозғамай келіп едім, енді мұнан былай қарай өз қасымда, өз көз
алдымда болуың дұрыс.
Əділбек ағасының ойын енді болжады. «Мұның Гүлжиһанды Текеге
жіберуі де, мені оқуға жылжытуы да тегін болмады. Сірə, əлгі жаңа
қоныс дегені күмəнді бірдеңе болмағай...»
— Хакім аға, сіздің сөзіңіз қызық. Кемпірді қолыңызға алмақшысыз,
оған, əрине, қақыңыз таудай. Ал, мені оқуға жібергендегі мақсатыңыз
мені оқысын дегендік пе, əлде басқа бір себебі бар ма? Мен оқуға
кетемін бе, кетпеймін бе, бұл менің билігімде шығар. Кете қалған
күнде бұл үйде кім қалмақшы? Қысқасы: қарттың қара шаңырағын
ортасына түсіріп, біріміз əкім, біріміз студент, енді біріміз тағы
бірдеңенің құйрығын ұстайтын болып шығады деңіз.
— Бөтен ешбір ой жоқ. Бəрі сен оқысын, сен адам болсын дегендік.
Əділбек ойланып отырды да, ағасының сөзіне жармасты.
— Əлгі елу жылда ел жаңа деген қонысыңыз не қоныс? Оған мені
қоныстандырмай ма елде болсам?
— Пожалыста, сен көнсең алдымен өзің бастайсың.
— Түсіндім. Əбден түсіндім. Жүнісовтің бір баласы екінші
баласының ойын бір көш жерден-ақ сезеді. Ана ініңіз бай қызын алады
деген атақтан қашып Алматысына тайып отырды. Мына мен
коммунаға көнбей əлек шығарады, сол үшін оқуға жіберемін деңіз.
Құйрығының ұшы көрініп тұрған саясат екен. «Шешесін өз қолына
алды, інісін коммунадан қашырып жіберді»,— деп біреулер өзіңізге бас
салмаса қайтсін!
Хакім қатты састы. Ол күтпеген жерден болжал жасап көп ойдың
үстінен шыққан інісіне не дерін білмеді. Оның үстіне сырт жақтан
жақындаған Гүлжиһанның аяқ басысы естілді де, ол айтар сөзін тежеп
қалды. Ағасының айтар сөзі қандай екенін кім білсін, бірақ Əділбектің
ойламаған жерден «шешесін қолына алып, інісін коммунадан
қашырды» деген сөзі ағасына өзгеше ой салды... Шынында, қиын жай
екен. Не көп, сөз теруші, жала жабушы көп. Əсіресе бірге жүріп, көз
тіккен дос та, дұшпан да аз емес. «Дос» оның бағын, іскерлігі мен
беделін күндесе, ал дұшпан сынды сағатта қапыда бас салуы мүмкін
ғой. Мына інісінің айтып отырған сөзі ең ауыр айып болып тағылары
хақ. Ал, ана інісінің алыстағы астанаға тез жөнеуі де Ақметшемен
байланысты, тіпті қосшы мен партия комитеті адамдарының көзіне
түсіп қалғаны Əлібектің оқуына тез жүріп кетуі жеделдетті. Хакім
мұны Меңдіқыздың сөзінен де анық түсінген.
— Мен үшін қам жемеңіз, Хакім аға. Сіз мұнан он жыл бұрын атқа
мініп Əбдірахман отрядына кеткенде он сегізде едіңіз. Онда өз жөнін,
өз жолын айыратын ержеткен шағыңыз-ды. Мен де қазір сол күндегі
сіздің жасыңыздамын. Əзірге мына қара шаңырақты тастап еш жаққа
кете алмаймын. Мұны ана алпыстан асқан анаңыз да қолдайды. Не
болса да уақытында көрермін. Мен үшін қам жемеңіз,— деді Əділбек.
Үйге Гүлжиһан кірді.
Кіші інісінің өр мінезіне қол қоя бермегенмен, Хакім оның
алғырлығына іштей қатты риза еді. «Қазақтың мұндай балалары əлі
күнге асық атып, доп ойнаумен жүр. Біздің Əділбек шаруасына да ие,
ар-намысын да ешкімге аяқ асты етер емес»—деп ойлап отырды да:
— Бала, сонымен Гүлжиһанды Текеге апарасың ғой. Əкесіне
кездестір, ақылдассын, елде өздеріне тиісті малдары бар, өз қамдарын
ойласын,— деді.
Бұл ағасының айтар сөзі емес еді. «Шырағым, сен əлі жассың,
көргеніңнен көрмегенің көп, алған біліміңнен алдыңда əлі аларың
асқардай. Осыны ойла, айтқан ақылға бой ұр»,— демекші еді. Бірақ, осы
безбүйректі шамдандырып алармын, түбі көнеді ғой, қайда барар
дейсің,— деп ойлап, əңгімені тағы да Гүлжиһанға бұрып кетті.
Əділбек тез жауап қайтармады. Ол да өз болжамын түптей түсті.
«Ойының үстінен шыққан соң қарсы жауап қайтара алмады. Сөзін
басқаға бұрғысы келеді. Айлакер! Алыстан ойлайды. «Елде малдары
бар» дейді. Ол мал керек. Қызға керек. Əйтпесе, қаладағы оның
шығынын кім көтереді. Жəне алыстағы біздің жігітке де ақша қажет
болады»...
Əділбек ас жеп болғаннан кейін оралды үзілген əңгімеге.
— Хакім аға, елде малдары бар дедіңіз, ол малдары кімнің қолында
қалды?
— Кедейлер ұйымының қаулысы бойынша жан баласына он жеті
қарадан мал тиеді. Мал-мүлік ауыл Советінің қарамағында.
Əділбек тез есептей бастады: «Он жеті қарадан. Қызымен екеуіне
отыз төрт қара! Бұл əлгі арғымақ жылқымен бір туған қызыл нарларға
шаққанда қанша болмақшы? Жүз теңгеден қойғанда... үш мың төрт жүз
теңге! Оған да қымбат, арғымағын екі жүз теңгеден де аяғын жерге
тигізбес. Ым, аз ақша емес екен. Сиыр елу-алпыс теңге болғанда,
жылқы əрине қымбат. Əсіресе арғымақ жылқы».
— Маған бір елу-алпыс сом ақша бере тұрыңыз, Хакім аға. Қалаға
барғанда да қаржы керек. Жəне əлгі Əлібекті жөнелтем деп
қарызданып қалдым. Күз мал сатқан соң есептесерміз...
— Соншама көп ақшаны қайтесің?— деп Хакім шошып кетті.—
Əлібектің жолына он бес-жиырма сом да жетпейтін бе еді?
— Оқушы адам, алыста жүргенде қаражаттан кемтарлық көрмесін
деп, қарыз алып жөнелттім.
Əділбек, əрине, ақшаны асырып сұрады. Ондай қаржыны Əлібекке
берген жоқ еді. Ал, оның есеп-қисапқа жүйрік ойы «он жеті қара»
дегенде-ақ аласұра бастаған. Қызды тезірек əкесімен кездестірейін де
Əлібекке хабар берейін. Бір жағы жарын өз қасына алсын, екінші жағы
— мына бар мал мен қаржының басын жиып, шашпай қолға түсіру
қажет қой. Түрмеде отырған əкесі емес, қызы ие ғой бұл дəулетке. Ал,
қыз өз бетімен не бітірмек. Əлібек келсе барлық жауапкершілік соған
көшеді. Келіншегіне де ие, мүлікке де ие. Арғы жағын өзі біледі, құй
оқысын, құй қызмет істесін...»— деген бір ойға келді.
3
Қаладағы Ақметшенің түсетін үйін қызы анық білмейтін. Бірақ
ноғай мешітінің төңірегінде екені есте еді. Мұнан көп жыл бұрын
келгені бар. Ол кездегіден жадында қалғаны тек қана орта жастағы
ноғай əйелі, оның көп бөлмелі əдемі үйі. Ноғай əйелі Гүлжиһанды
базарға ертіп барып, бір байлам тіл үйірердей дəмді тоқаш əперіп еді,
оны қыздың өзі тізген күйінде мойнына асып қайтқан-ды. Кейін ноғай
əйелі Гүлжиһанды су жағасына да апарған. Үлкен су еді. Аты Шаған.
«Мешіт маңындағы ноғайлардың бірінен сұрасам тауып берер.
Папам жылда бірнеше рет келіп жүруші еді ғой, тануға тиіс...»— деп
ойлады қыз көпірден өткеннен кейін. Бұл ой оған елден шыққаннан-ақ
сан рет орала берген-ді. Осы ойын күні бұрын сезіп қойған кісіше,
Əділбек қалаға кіре бергенде:
— Базаршылар тоқтайтын каршауникке түсеміз бе, əлде таныс
үйлерің бар ма еді келгенде жататын?— деп сұрады қыздан.
— Мешіт төңірегінде папам түсіп жүрген үй бар...
— Кімдікі?
— Аты-жөнін білмеймін. Ноғай əйелінің үйі. Ақсары кісі. Үлкен үй.
— Ақсары əйел көп қой,— деп қалды да Əділбек сөзім кекесінге
айналып кетті ме деп жалт қарады, Гүлжиһанның көңілінің əлдеқайда
алыста жəне жүзінің өте байсалды қалыпта екенін керіп жүрегі орнына
түсті.— Жақсы, сұрастырып табармыз.
Ол тез тапты. Татар орамына кірісімен:
— Сіз Ақаңның түсетін пəтерін көрсетіп жіберіңізші, атын ұмытып
қалдым, ақсары татар əйел,— деп сұрады пəс малақайлы қарттан.
— Қайсы Ақаң?— деді қарт.
— Ақметше Мұқаметшин. Жымпитының қазағы, кəдімгі атақты
Ақметше.
— А-а, əне! Анау көк қақпа. Алдында сəкісі бар. Көрдің бе?— деп қарт
қолын шошайтты.
— Рақмет, ата!— деді Əділбек қартқа.
— Яри, яри, малай,— деді қарт та ырза болып,— əдепті малай
екенсің.
Ақсары əйел қызды айтпай таныды. Ал, Ақметшенің жайын
естігеннен кейін Гүлжиһанды анасындай жұбатты.
— Жақсы адамдардың жауы көп. Уайымдама, қарағым. Папаң
ақылды кісі, ақылды кісілер бір жөнін табар. Мен өзім көрсетермін
губсотын да, губпрокурорын да, губчекасын да. Бəрін тауып берермін,
— деді.
Əділбек ойға алғанын орындамай қоймайтын қайсарлығына басты.
Ол Хакім сілтеген губсот мүшесіне де, облыстық прокуратурадағы
арнаулы заң бақылаушыға да сол күні жолықты. Губсотта мүше болып
істейтін Халит Мұқамбетов дейтін жігіт Хакіммен көп жыл бірге
істеген жолдасы болып шықты, ол жақында ғана облысқа қызметке
ауысқан адам екен.
— Қарағым, мен сенің ағаңды да, мына баланың əкесін де жақсы
білемін. Заң жолымен қыздың өтініші орындалуға тиіс. «Маған
жолығып, көрісуге рұқсат етіңіз» деп арыз жазып бере қойыңыз,— деді
Халит Гүлжиһанға.
Халиттің сілтеуімен Əділбек арнаулы прокурорды да тауып алды.
Оның рұқсатымен түрмедегі Ақметшеге қызын апарып жолықтырды.
Бірақ қызы əкесімен беттескенде Əділбек қасында болмады, оған
түрме əкімдері:
— Тек қызын ғана кіргіземіз,— деді.
«Менің ақылымды ол да айтар қызына. Ақаң болашақ істі күн бұрын
болжайтын адам ғой. Шаруашылығының бүге-шігесінің бəрі өз
қолында. Тек мына ағыл-тегіл ақша болатын малды тезірек реттесе...»
— деп ойлады жас жігіт, есі-дерті иесіз қалған қызыл нарлар мен қаз
мойын арғымақтардан тиетін үлесті қолға түсіру болып. Бірақ қаз
мойын жылқы мен сұлу нарлардан басқа да қымбат байлық барын
Əділбек білмейтін. Мұны Ақметше жолыға қалған күнде қызына аса
құпия түрде тапсырмақ еді.
4
Адамға ең ауыры еркінен айрылу.
Көп нəрсені күн бұрын ойлап, кейде дəл болжап, алда не боларын
анық байқап отыратын Ақметше «тұтқынға алындыңыз» дегенде,
деспісінен жаңылғандай болды.
Бірінші күндері ол ешқандай ой түйініне келе алмады. Қаншама
салаласа да, күтпеген жерден кездескен құйын уақиға жіктеуге де
келмеді, «тап солай екен!» дейтін қорытындыға да қолын жеткізбеді.
Əсіресе, Құныскерей волкомол Шынғалиевті неге алып кетті? Ал,
Қаршығаның Таңқыбайды өлтіргеніне мені тіркестірсін-ақ, сонда бұл
«қылмысты істі» уезд тергемей, неге губерняға берді?»
Ең ауыры... «тұтқынға алындың» деген сөз жаншып, езіп, енді
қайтып бас көтертпестей, ақтық демдей əсер етіп еді. Бірінші күні меңзең болып, ол көп нəрсені oйға жүгірте алмай ұзақ отырып еді. Ал,
екінші күні жаңа жайға үйренгендей болды, тар да болса түрме
камерасының ішінде аздап бойын жазып жүре бастаған. Жүру — ой
желісін де өрлете түскен сияқты. «Не болса да көресіні көрдік. Ендігі
жерде аяқты жазым баспай, сабырлылықпен ақылға сүйену ғана
қалды»,— деп, ең алдымен қалай жауап беруді ойлады. Бұл жөнінде ол
əлденеше рет берер жауабын саптап, айтар сөздің жатық жəне ұғымға
сыйымды болу жағын көздеді.
...«Өмірде өкініш көп. Əттеген-ай, əлі де істейтін істер,
жинақталатын жайлар мол еді. Ендігі жерде босану сағаты соқса, бəрін
де басқаша құрар едім. Қалған өмірді де, оған керекті тіршілік тірегін
де. Бəрін де. Бəрін де... Тек қана азын-шоғын жинақ қолға түссе?
Қаршыға қайда? Сол біледі... Əкбар біледі. Бардың қай жерде екенін сол
екеуі ғана біледі. Ол екеуі не күйде? Не ойда...»
Ақметшенің барлық ойы тек қана бір-ақ нəрсенің айналасына
тірелді. Ол — босану. Босанбаса да «тіршілік тірегін» жоғалтып алмау.
Мұның жолы біреу-ақ — кейінде қалған қызымен көрісу. Ендігі жерде
өз қолы жетпейтін нəрсені қалай да қызына тапсыру.
...Аласапыран кез өтісімен, соңғы жеті жылда Ақметше мал нəсілін
асылдандыру ісін мықтап үдетті де, бірақ, оның басын арттыра беруді
мақсат тұтпаған еді. Өз қолында тұқымдық малды ғана ұстап, артығын
Гурьев уезіне жөнелтумен келген. Ондағы сан малды «қысы жұмсақ
жерде ұстап бағу» деген сылтаумен үзбей саттырып, қаржыға
айналдырумен болып еді. Өйткені, қазақ даласында мал басының
молдығы, керекті байлықтың белгісі бола алмайтынын алдақашан
түсінген жандардың бірі — Ақметше. Ол көзге түсер мал-мүліктен
басқа, тіпті одан əлденеше есе ірі қаржылы, қалталы адам болуды
армандайтын. Бірақ казак елі банкеге ақша салып, жинақ кассасына
сақтауға əдеттенбегендіктен, асыл бұйымды да, ақша қаражатты да
сандық түбіне сақтау, əрі кетсе көмбе түбіне тасалаумен келген ғой.
Ақметшенің алтын, күміс асыл бұйымдарымен бірге ақша қоры да барды. Ана бар малды сыпырып алып, үй-жайды конфискеге іліктірсе де,
көп уақытқа жетерлік өмір нəрі жұртында бүркеулі еді. Оның
жанталасқан бір ойы — осыны қалай құтқарып қалу болды.
5
Есікті іштегі жанға тосын, білдірмей, кенет ашып қалатынын
Ақметше кеше байқап еді. «Мұнысы: сынау. Не істеп отырғанын байқап
қалу. Ойлауға мұрша бермей, естен тандыру, жаңылдыру шығар»,—
деп ойлаған. Ал, қазір тағы да кенеттен ашылып кеткен камера
есігінен татар əліптес күзетші:
— Собирайтесь на свидание!— дегенде, Ақметше селк ете түсті.
Ол сəл ғана уақыт үнсіз қалды да.
— Қазір,— деді қазақша.
Татар күзетші де, Ақметше де енді қайтып тіл қатыспады.
Камерадан шығып, ұзын коридормен бастаған күзетшінің соңына ере
берді.
«Бұл кім? Жолығуға Гүлжиһаннан басқа кім келеді? Балам, бауыр
етім... Қалайша бірден алыс жолға аттанды? Кіммен ақылдасып, кім
арқылы жол тапты? Əлде, ағайындардың бірі ме? Мұндай қиын-қыстау
кезде батыл қимылдап, көрісуге келер кім бар? Ағайын кеңшілікте
ағайын. Дос-жаран терезең тең кезде ғана сыйлас...»
Ақметше кездесу бөлмесіне кіргенше ой табанын тірей алмады.
Көргеннен-ақ жылап қоя берген қызын, жас балаша көтеріп сүйіп,
əлдилегендей жұбата бастады да:
— Шырағым, өзіңнің де балаң бар шығар. Мына жалғыз қызымды
көрген қуанышымның сүйіншісі болсын, мынаған сол балаңа базарлық
аларсың, қабылдамасаң мен өкпелеймін, мына қызым да өкпелейді,—
деп жолықтырған күзетшіге он сом ұстата берді.
Күзетші əлде сыпайыгершілік көрсеткісі келді ме, əлде қызмет бабы
рұқсат етпейтінін ойлады ма, əйтеуір:
— Мұныңыз болмайды ғой... Мұндай қаражат өзіңізге де керек
болады,— деп міңгірледі.
— Ал, шырағым, ал, қуанышым үшін. Қызымның қуанышы үшін,—
деп Ақметше ақшаны алақанына салып, қолын зорлап жұмдырды.
Тəжірибелі Ақметшенің бұл кішкене айласы нысанаға дəл тиді:
еңбек ақысы аз жəне талай-талай қаражат қамына шырмалып
жымқырып үйренген жандарды көрген, бұл күзетші де өзінен-өзі келіп
қалтаға түскен тиыннан қаша қоймады. Ол қайта-қайта басын изеп,
əлдебіреулер көріп қалатындай жəне бұл сөзді серіктері естіп қалар
дегендей дыбыссыз, аяғының ұшынан басып:
— Балаңызбен қысылмай сөйлесе беріңіз,— деп ақырын ғана есікті
қапсырып өзі жоқ болды.
Көріп, көрісетін бөлме түрме бастығының конторынан бөлек,
терезесі жоқ бір бітеу құжырада екен, оның қақ ортасынан кереге көзді
темір шымылдықпен бөліп «төріне» екі орындық қойған. Ал, «төрде»
отырғандардың күзетшімен қолдасып əрекет істеуіне жол жоқ, тек тор
арқылы тілдесуге болатынын Ақметше күні бұрын байқаған-ды. Ол аз
күткеннен кейін, қызын алып келгенде-ақ «торлы төрден» бері шығып
кетіп еді. Тиын алып көңілі жіби түскен күзетші қара сақалды,
оқымысты, байсалды үлкен адамды арам ниетті жан деп сезбеді. Ол
тіпті түпкі торды да жаппады, сыртқы есікті де кілт салмай қапсырды.
Мұндай жерде діннен безген, жырынды тұтқындар болса қашып шығу
əрекетін жасар-ақ еді. Бірақ күзетші де, Ақметше де бірінің пиғылын
бірі күні бұрын ұққандай, мұндай оқыс ойдан аулақ болатын...
— Жылама. Жылайтын уақыт емес. Енді қайтып ол мекенге сен де,
мен де оралмаймыз, Гүлжиһан. Сол үшін берік болу керек. Сені алып
келген Ақпар ма?..
— Жоқ, папа,— деді жылауын тыя қойып, бар ынтасы, бар зейіні тек
əкесінің сөзін тыңдауға ауған, ақырғы өсиетіндей дегенін мүлт
еткізбей орындауға бел байлаған қыз.— Мен елге соққаным жоқ... Мені
алып келген кіші нағашым Əділбек...
Əділбектің еліне алып келгенін, Хакімнің келіп жолығуға рұқсат
алатын жерді сілтегенін тағы да басқа əңгімелерді қысқаша айтып
берді. Əділбектің қайратты жігіт екенін жəне жақындық борышын
өтей алатын өжет жан екенін де айтты.
Ақметше аз ойланды да:
— Тыңда!— деді. «Шеген құдыққа» жүріп кет. Əділбек алып барсын.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 27
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.