Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 24

Total number of words is 4068
Total number of unique words is 2264
36.0 of words are in the 2000 most common words
51.6 of words are in the 5000 most common words
60.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Əділбек қанша уақыт тұрып қалғанын байқаған жоқ. Ол тек қайран
қалған жандай мелшиіп тұрып-тұрып, үннің толастаған кезінде аяғын
ілгері баса беріп еді, музыка басқа бір екпінді, күшті, үні таныс, ырғағы
көңілде жатқан күйді дүрілдете жөнелді. Бұл өзіне көптен таныс, өтемөте құлаққа жағымды күй еді. Бірақ мұны домбырада Əділбек сан рет
естіп, өзі де тартып үйренгенмен мұның атын да, шығарған адамның
кім екенін де білмейтін. Оның тек көз алдында дүниені қаптаған қалың
бұлтты, қаһарлы толқынды, суық лепті, үй жыққандай дүлей екпінді
қап-қара топан басып келе жатты. Аспан асты алай-түлей ұйтқыпұйтқып алып қаһарын жазып жібергенде дүниені түбірімен қопарған
зілзала тасқын ойды боздатып, қырды тебірентіп, ысырып,
ығыстырып жайпай жұтып, қиратып, дүрілдетіп тағы да алай-түлей
долдана түсіп, бұрынғыдан да сұрапыл ысқырық пайда бола қалады...
Есеңгіреген жанша неге келгенін де ойламай, Əділбек ұйып тұрып
қалды. Оның құлағына мырс-мырс жылаған баланың күңгірт өксігі
шалынды... Кенет селк етті де, басын көтеріп есікке қарай жүрді.
Есікті ашып қалғанда оның көзіне қап-қара қара сандық — пианино
мен оның қасындағы қара көйлек киген қыздың талдырмаш келген
сұңғақ денесі шалынды. Бірақ екінші рет көз тоқтатып үлгіргенше
болмай орнынан ұшып түрегелген Гүлжиһанның үлкен қара көздері
Əділбектің көздерімен кездесе қалды. Алғашқы сəтте қыздың үрейлі
жанары «сен кімсің?» деген сұраумен аяғын салаң басқан жігіттің
жолын кес-кестегендей болды да, бірден-екі оның айыпты адамдай
абдырап тұрып қалғанын көріп, қызды сол сəтте шағыну сезімі билеп
кетті: ол бетін басып теріс айналды да, əлгідегі жас баланың булығып
жылағаны қайта басталды. Сөз тапқыр Əділбектің бір сəт тілі де
тұсалды, өмірде босап көрмеген буыны да дəрменсіздене қалды. Ол не
ілгері жүрерін, не осы жерде тұрып қалуын өздігінен шеше алмаған
адамша, қыздан:
— Осы жерден-ақ сөйлессем бе екен, əлде былай қарай өтуге де бола
ма?— деді.
Қыз тына қалып, Əділбектің сөзіне құлағын тосты, бірақ тіл
қатпады, теріс айналған күйі, бұрылмастан пианиноға сүйеніп тұра
берді.
— Мені таныдың ба?— деді ақырында Əділбек қызға, сөз бастау
ниетімен.— Бір көрген адамыңды кейде танымай да қаласың...
— Əлібек қайда?— деді қыз оның сөзіне жауап қатудың орнына.
Келгенше түрлі айла-амалды бірінен соң бірін орны-орнына жұмсай
беруге күні бұрын ойланып келген Əділбек, қыз ермей бəле қылар
деген күдікпен:
— Əлібек елде,— деді.
Əлде батылсыздау шыққан сөзінің бостығын құлары іліп қалды ма,
əлде «өзі келмей, інісін жібергені несі» деп таңырқады ма, əйтеуір қыз
бұрылып, Əділбектің жүзінен шын жауап іздегендей қадала қарады.
Əділбек Гүлжиһанның аз уақыттың ішінде үлкен өзгеріске ұшырап
қалғанын айқын айырды: анау күнгі мөп-мөлдір көз аздап ісіне түскен
жəне оның үстіне қамсыз күлімсіреген шырайдан айрылып, үрейлі,
дəрменсіз, елеуреген қалыпқа көшкен — ауыздан ақсыз шыққан бір
ащы лебізге де жасы ыршып кетуге дайын. Дөңгелек келген жұқа өңді
жүзі сəл бозғылт тартып, жақтары ұзара түскен, бойы да бұрынғыдан
анағұрлым сұңғақ сияқты. «Неге алдадым! Шынымды айтсам да
ешқайда бұлтара алмайтын киіктің жетім лағындай жаутаңдап қалған
байғұс қыз», деп аяп кетті ішінен Əділбек. Бірақ айтылған сөз
айтылған, оны кері қайырып алуды жөн көрмей, жігіт сөз бұйдасын
одан əрі соза түсуге кірісті.
— Əлібек өзі келмеді. Оның себебі жұрт көзіне түспеуді мақұл керді.
Сондықтан мен келдім сені алып кетуге,— деп бір қойды да, Əділбек
тағы бір қулық тапты: — Мүмкін, мен өзім сені Текеге апарып,
жиенмен жолықтыруға жол іздермін. Өйткені, Əлібектің оңуы
басталып қалады, ол тез жүріп кетуге қам жасауы керек.
— Сен мені алдап тұрсың ғой, Əділбек. Мұнда басқа бір сыр бар.
Маған соққы аз тигендей, Əлібектің сөзіне тұрмай уəдеден тайғанын
жасырғың келді ме? Мен оған: алты күн өтіп, жетінші күні қалада
боламын деп сөз бергенмін. Ол: «Мен сенен бұрын жетермін» деп бас
изеген. Қиыншылық басқа түскен сағатта тебе көрсетпеуді қалай деп
түсінуге болады? Айтқан күні табыспауға бөгет болған не? Бұған сен
жауап бермей-ақ қой, Əділбек. Мен жауапты кейін өзім алармын
алатын кісімнен. Бірақ...— деп қыз жылап жіберді де, сөзінің аяғын
жұтып қалды.
— Оның бəрі əшейін нəрсе,— деді Əділбек.— Айтқан сағатта бақта
жолығу, қолтықтасу, бас изесу, қол алысу дегендерді шығарып жүрген
осы қаланың жігіті мен қыздары — мына өздерің. Біздің қырда мұндай
нəзік бұлтарыстар болмайды. Айттырды ма — айттырды, бата
қылысты ма — бата қылысты. Ат жегілді ме — жегілді. Сонан кейін
қызды арбаға көтеріп бір-ақ ұрып, тартып кету ғана қалады. Басқасы
соңынан өзі реттеле береді. Бұл ғұрыпты шығарған біз емес — атабаба. Жүз жыл, мың жыл бойы осылай келеді. Осыдан қазақ жаман
болды дегенді естігеніміз жоқ. Жəне көрмей, сырттан да алып жүре
береді қалыңдықты. Аяғы ақсақ, көзі соқыр болмаса бітіп жатыр əңгіме.
Гүлжиһан ойланып, оның бетіне тік қарап тұрды да:
— Мені Текеге апарып папаммен кездестіру ниетімен келдің бе,
болмаса сол «арбаға көтеріп бір-ақ ұрып қазақшылап» алып кетуге
келдің бе? Сен ойыңдағы барыңды тура айтатын жігітсің, мен мұны бір
көргенде-ақ сынағанмын. Жасырма, нақ шыныңды айт. Əлібек қашып
қалды ғой? Болмаса ол басы байлаулы тұтқын емес қой. Ерікті жігіт
демей ме оны да мына саған ұсаған.
— Гүлжиһан, айтыс бітпейді. Сені мен сұрақтап, мені сен сұрақтай
берсең өте ұзақ сүреге кетеміз. Менің көкем мен сенің папаң мұнан он
екі жыл бұрын бата қылысты, мұны жұрт та біледі, біз де білеміз.
Мұны бұзатын да, орындайтын да Əлібек пен сен екеуің. Орындауға
жəрдем беретін мына мен сияқты туысқандарың. Қазір киінесің де
менің арбама мінесің. Дүние, жұрт, ел деген нəрселерді соңынан
қарастырармыз. Текеге де өзім алып барамын, керек десең онан арғы
жаққа да жіберуге шамамыз келеді. Меңдіқыз сен жақ, мен сен жақ,
Əлібек өзіңдікі. Əңгіме осы. Мен шөлдеп кеттім, су болса су ішейін,—
деді Əділбек жанындағы орындыққа отыра беріп.
— Гүлжиһан үн қатпастан су əкеліп берді де, өзінің жаңағы тұрған
пианино жанындағы орнына барып, сүп-сүйір ақ саусақтарын ұқалай
берді. Ол не істеуге білмеді. «Тəуекел етіп Əділбектің арбасына міну
керек пе? Бұл — біржола өзі көрмеген жат жерге, жат елге, мəңгі-бақи
кері бұрылмайтын сапарға аяқ басу емес пе? Тағы алда не тұр? Папа
тағдыры не болмақ? Ақтық рет оның алдынан өтуге жол жоқ па?
Əлпештеген əке артынан баратын ұл мен қыздың бірі бақытсыздық
жолға тайып, бірі өз қамын жеп барар жеріне барып тынды демей ме?
Жалғыз қызынан опасыздық көрген Көбіктідей қарғап: «Өспесін
өркен!» деп сақалын жұлмай ма?..»
Ол тағы да солқылдай бастады. Бұл жолы даусы бұрынғыдан да əрі
ащы, əрі қатты шықты. Сырттан жүгіріп кірген абыстай:
— Не болды, не болды?— деп қызды жұбата түсті де, безере бағып
орындыққа шаншылып отырған танымайтын ауыл жігітіне қарады.
Қыз абыстайды құшақтай алып, онан əрі егіле берді.
— Нашар хабар əкелді ме?— деді абыстай Гүлжиһанның иығынан
қағып, Əділбекке қабағын шыта қарап қойып.
— Бұл Əлібектің інісі, абыстай... Маған келген, ағасы жіберіпті,—
деді Гүлжиһан өксігін баса алмай, бөліп-бөліп сөйлеп.— Папама
апарады мені... Текеге... Еліне алып кетеді...— Бұрыннан Ақметшенің
де, оның қызының да тарихына қанық жəне Жүнісовтерді сырттан
жақсы білетін абыстай бұған бірден қол қойды.
— Онда неге жылайсың, Гүлжиһан? Бекер жылайсың. Мықты
сүйеніші бар адам жыламайды. Берік боларға керек. Текеге тез бар,
свидания сұра, абзиды көр, сөйлес. Адвокат аларға тура келер бəлки.
Сөйлес, тез жүруге керек,— деді əйел, Əділбекке енді жылы тырайын
сыйлай қарап.
Əділбек «мəнісі осылай» деген пішінмен бұл орта жастағы толық
əйелге басын изеп қойды.
Мұнан кейін əңгіме жолға əзірленудің айналасында болып, атарбасын алып келуге кеткен Əділбек қайта оралғанша, абыстай қызды
киім-кешегімен, көрпе-жастығымен буындырып-түйіндіріп дайын
етті.
— Бақытты бол. Жолың болсын!— деді ол Гүлжиһанның бетінен
сүйіп.
Арбаға еңіреп.мінген қызға қарай алмай, теріс айналып
мырсылдады да, абыстай қолын бір бұлғап, қақпасын жаба берді.
4
Ертеңгілікте ми қайнатар ыстық болғанымен, түс ауа күн райы
өзгеріп кетті. Арқа беттегі, сонау Жайық жақтан көрінген қоңыр бұлт
бірте-бірте қара қошқылдана түсіп, біраз уақыт өткеннен кейін
алыстағы тарамданып жауған жаңбырдың көктен жерге төгілген қара
қоңыр бұрымдары айқындала берді. Бір кез қырдың жүрдек желі есіп,
етектегі бұлттарды шоғырландыра бастады. Аспан ала бұлтқа
айналды. Күн көзін бір мезет сызаттап жапқан жіңішке бұлттар жел
молайып, жүрісі үдеген сайын кесегі ұлғая түсті. Көп уақыт күн көзін
көрсетпей бүркеп алып, анда-санда ғана оның шұғыласы жарқ етіп
төгіле қалады да, қайтадан жоғалып, қабағы жабық қоңырқай пішін
əлемді қоңырайта түседі. Қырдың құбылмалы күні...
Тарантас зырлап келеді.
Оқта-текте ойына Əлібек оралып, алдағы белгісіз болашақ, бұлдыр
күндердің жұмбақ жақтары ГүлжиҺанның көз алдына жарқ етіп ашыла
қалғандай болады. Үлкен қала... Əдемі көше... көп халық... Қасындағы
қолтығынан демеген Əлібектің қолы... Арғы жағы оның көз алдына да
келмейді. Оны анықтай түсуге қыздың көңілі ілгері жылжымайды.
Оның көз алдында кешегі күн: «Шеген құдық». Жазғы үй, қысқы
қыстау. Күзгі дала. Кішкене Жымпиты. Мешіт жанындағы абыстайдың
қарағай үйі. Оңу, музыка...
Шідертіге дейін арбада отырған екеудің небар əңгімесі бірнеше
сөзбен ғана басталып, аяқтала берді.
— Арба тынышсыз болса аңырын жүрейін.
— Жоқ. Тынышсыз емес.
— Шөлдеген жоқсың ба? Шөлдесең алдағы ауылға түсіп сусын
ішейік.
— Жоқ. Күн тыншу емес.
Одан əрі өрістеуге əңгіменің желісі табылмады. Тек қана Шідерті
өзенінің суы тартылып қалған жайпақ сайынан өте бергенде, арт
жақтан қуып жеткен арбалы ғана бұл томаға тұйық жайды бұзып
жіберді.
— Əділбек! Сен бе, Əділбек!— деді қатты шығып кеткен таныс
дауыс.
Жалт қараған Əділбектің көзі Шолпанның үлкен көздерімен
құшақтаса қалғандай болды. Ат басын тежей түсіп, Əділбек қуанып
кеткендей:
— Жол болсын, Шолпан!— деді дауыстаңқырап.
— Нанайын ба өз көзіме, нанбайын ба?— деді əйел таңданып. Сөйтті
де Əділбекке «тоқта» деген ишарат берді.
Ат басын тежеңкірей түскен Əділбектің арбасын пар ат жеккен
фаэтон жанамалай қалды. Шолпан делбе ұстаған Əділбек пен оның
қасындағы жүзі сынық сұлу қызға кезек-кезек қарады.
— Ауылға шығып барасың ба? Біздің жаққа емес пе?— деді Əділбек.
— Жоқ. Алысқа. Қызылордаға. Оқуға кетіп барамын, Əділ. Бұл қалай,
қасыңдағы қыз...— деп əйел бөгеліп қалды.
Шолпан Гүлжиһанды танығанымен, оның мына келе жатқан
сапарының мəнісін түсінбеді. «Ұсталған əкесінің соңынан кетіп бара
жатыр ма? Онда Əділбектің қандай қатынасы бар? Əлде... шынымен
Əлібек... осы қызға... бай қызына қол артқаны ма?..»
Əділбек жасырмады.
— Танымайтын ба едің, Шолпан? Бұл Гүлжиһан... жеңгем. Өзім келіп
үйге алып бара жатырмын.
Шолпан басын шайқап қалды да, жалма-жан орамалын түзеген
болып, таңданған пішін көрсетпеуге тырысты.
— Үй ішің аман ба? Шешем дені сау ма?
— Сау. Ауылға түспейсің бе?
— Жоқ. Асығыспын, Əділ. Сəлем айт. Бəріне сəлем. Көп-көп сəлем.
Шешеме арнаулы сəлем...
Атшы делбені қағып жіберді де, делбесін керіп келе жатқан пар ат
есіп жөнеле берді.
— Сау бол, Əділ!— Шолпан ақ орамалмен жоғары созған қолын ұзақ
уақыт төмен түсірмеді.
Ол артына қарайлай-қарайлай əріледі.
Ері əңгімеге ілігіп, орнынан алынып, семьясында сынықтық пайда
болса да, өмірдің талай қырқасын белден басып келе жатқан
Шолпанның жүзі аса жарқын еді. Алыстағы астанаға, ондағы өзі
сырттан білетін Алма, Мəдиналарға жетуге, оқуға орналасуға асыққан
Шолпанды тез жеткізейін дегендей, алып ұшқан аттар əп-сəтте
белестен əрі асып, құлдырап бара жатты.
Ағаларының біріне бой бермей, өз бетімен өмір сүріп келе жатқан
жас Əділбек те шаруам түгел деген пікірде еді. Кім білсін, оның жолы
да өзіне лайық шығар. Қасында болашақ жеңгесі бар...
1947 жыл. январь — октябрь 1962 жыл.
ТҮСІНІКТЕР
X. Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» романы белгілі «Ақ жайық»
трилогиясының заңды жалғасы. Онда азамат соғысы жеңіспен
аяқталғаннан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтірудің соңғы
кезеңі мен бірінші бесжылдық жоспардың қабылдану қарсаңындағы
Орал өңірінің өмірі баяндалған.—«Көп жыл өткен соң» романы 14
тараудан тұрады. Онда екі жүзден астам адамдар аты аталып, жүзге
жуық кейіпкерлер оқиға үстінде көрінеді. Отыздан астам кейіпкердің
дараланған портреті мен мінездемесі беріліп, олардың арасындағы
қақтығыс үстінде өмір шындығының сыры ашылады. Мұнда да «Ақ
жайық» романының үш кітабында кездесетін Хакім Жүнісов сияқты
кейіпкердің арада біраз жылдар өткеннен кейінгі өмірі қамтылған.
Хакім бейнесі кітаптан кітапқа ауысқан сайын бірте-бірте өсу
үстінде көрініп, типтендіріле түседі. Ол «Ақ жайық» трилогиясының
алғашқы кітаптарында (1918 жыл) қоғамдық өмірде болып жатқан
өзгерістерге көп мəн бере бермейтін, жасқаншақ, сыры тұйық жас жігіт
есебінде көрінсе, трилогияның соңғы кітабында (1919, 1920-жылдар)
Совет өкіметі жағына біржолата шығып, оның идеясы үшін күресуші,
азамат соғысының ауыр жылдарында Қызыл Армияға көмектесуші
жалынды жауынгер есебінде бейнеленеді. Ал, «Көп жыл өткен соң»
романының бірінші кітабында кедей — жалшылардың жоқтаушысы,
Коммунистік партияның мүшесі, əрбір іске жауапкершілікпен
қарайтын саяси басшы есебінде көрінеді. Ол «үкімет нұсқауы қалай,
қай түрде іске асырылып жатқанын» бақылайтын —(305-бет) уездік
прокурордың қызметін атқарады.
Романдағы Хакімнен басқа ескі заманның езгісін басынан кешіріп,
советтік заманда ғана теңдікке қолы жеткен Шолпан образы мен
уездік партия комитетінің секретары Ғабдол Даулетов образдары да
сəтті шыққан. Жазушы Ғ. Даулетов образы арқылы 18 жасынан бастап
бөкейліктерді басқару ісіне белсене араласқан, Советтердің
Бүкілроссиялық VII съезіне делегат болып қатынасқан, көсеміміз В. И.
Лениннің қабылдауында болған, ВЦИК-тің мəжілісінде Бөкейдің ішкі
ордалығының жағдайы туралы арнайы баяндама жасаған белгілі
революционер большевик Хамит Чурин бейнесін жасаған.
Əсіресе, романдағы жауыздығын ішіне бүгіп, Совет өкіметінің
саясатына берілмей, қолынан келсе қастандық жасауға тырысып
отырған Ақметше мен оның қолшоқпарына айналған Құныскерей, ұлы
Қаршыға бейнелері шеберлікпен жасалған.
X. Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» романының бірінші
кітабының алғашқы үзінділері «Социалистік Қазақстан» газетінің 1963
жылғы 13 марттағы санында «Жанталас» деген атпен басылып
шыққан. Одан кейін «Кітап жаршысы» газетінің 1963 жылғы 15
августағы санында «Күшік күйеу» деген үзінді жарияланған. Романды
Қазақтың мемлекеттік көркем əдебиет баспасы 1963 жылы қазақ
тілінде жеке кітап етіп басып шығарған. Романның орысша алғашқы
варианттарынан үзінділер: 1068 жылғы 26 майда «Қазақстанская
правда» газетінде «Песня» догон атпен, Орал облыстық партия
комитеті мен облыстық атқару комитетінің органы «Приуралье»
газетінің 1968 жылғы 17, 18, 19 октябрьдегі сандарында «Много лет
спустя» деген атпен жарияланған. X. Есенжановтың «Көп жыл өткен
соң» романының бірінші кітабы туралы «Социалистік Қазақстан»
газетінде (6.Х.1963) X. Əдібаевтың «Күрес жылдары» деген, «Орал
өңірі» газетінде (9.Х.1963) Р. Зариповтың «Көп жыл өткен соң» деген
мақалалары жарияланған.
М. АТЫМОВ.
АҒАЙЫНДЫ ЖҮНІСОВТЕР
Екi бөлімді роман

ЕКІНШІ БӨЛІМ
БІРІНШІ ТАРАУ
1
Тосын хат...
Бір үйде тұрып, бір жерде оқитын үш студенттің екеуі почтадан
шығып базарға бет алды. Базар жолда еді. Почтаға барған сайын оны
бір сүзіп өту бес парыздың біріндей. Өйткені қол бос, қамсыз шақ.
Астанадан аулақ, темір жолдан қашық, абыр-жұбыры кем самарқау
қала. Күні ұзақ, түні жалпақ. Жаңалықтың бастысы ауылдан келетін
хат қана.
Бұл екеуі почтадан үйде қалған жолдасына келіп жатқан хатқа қоса
ақша қағазын да алған. Бұлардың қазіргі əңгімесі осының төңірегінде.
— Мен білсем, бұл тосын хат!
— Болса болар, қыздан ғой!..
— Ақшасы да тосын.
— Иə, кеше ғана елден қайтқан баланың соңына ақша ере жүруі ой
салатын жəйт.
— Солай, солай,— десті.
Қарағай құндақты тау бөктеріне иегін сүйеген маңғаз Алматының
сол жазда дəулеті де шалқып жатыр еді.
Əлсін-əлсін себелеген жаңбыр суына бөгіп, күн көзіне балқыған
асыл алқап жер нəубетін аямай сыйлаған. Қаланың іші де, тысы да
толы бау-бақша. Онда басын иіп тағзым еткен алма мен алмұрт.
Еңсесін көтере алмай майысқан қара өрік. Ұйысқан жүзім. Тамыз
айында-ақ желпіп өткен желге шыдамай алма ағаштары жерге көлкөсір ала бүйрек шашу шашып жатты. Қаланың ағыл-тегіл жемісі
аздай-ақ алыстағы Түрген мен Шелектен, Талғар мен Шымбұлақтан,
Шамалған мен Қаскелеңнен Алматы базарына ағылған керуеннен көз
түспейді. Кіші станицадан бергі өрге қол созған үлкен базар жұманың
жеті күні бірдей иін тірескен көлік, о шеті мен бұ шетіне тай
шаптырарлық алма тиеген арба. Жалғыз жеміс емес, көк базардан арғы
кең алаң жексенбі күндері малға сыймай кетеді. Мал жаз бойы апталап
жайылып, айлап жылжып, сонау арқа беттегі сегіз қарыс, қар жауса —
он қарыс қамысы пана, жері құт Топар мен Құйғаннан, Отар мен
Қордайдан шұбырды. Үйір-үйір жылқы, қора-қора қой мойынға таққан
ауыр алқадай қала сыртын қоршай орап жатады. Бұл — базар өз үлесін
күнде-күнде еселей беру үшін үзбей алып жатса да, көзі бар бұлақтай
таусылмас түлік сияқты.
Дəулетті маңғаз қаланың тұрпаты да өзіне сай: бойшаң көшелері
бойлауық теректермен əдіптеп қойғандай, сылдыр үнді бұлақ сырғалы.
Сол ендеп жатқан үлкен базардың шетінен кірген екі студент ат
саудалайтын адамдай-ақ жылқы қатарын жарып өтті.
— Пай-пай, қарны жер сызған мама биелер де бар екен!
— Биені қайтесің, ана бір қара атты айтсайшы шіркін, шекесінен
қарайды, қандай аяңшыл екен! Екіндіде ай қарағандай көз тіктіріп,
ауыл сыртынан өтіп бара жатсаң...
— Бала, сен атқа сын беруді қой. Қара аттан өзге де көз тоқтатар
жануарлар аз емес. Аяғыңды тезірек бас, мені Əлібектің хаты
ойландырып келе жатыр. Күтпейтін бір тығыз хабар болмағай...
Қара атқа көз тіккен орта бойлы, палуан денелі жас жігіттің аты
Оразалы еді. Ал, қасындағысы — Жақия дейтін ересек студент. Екеуі де
кəдімгі Əлібек Жүнісовтың бірге жүріп, бірге тұратын жан жолдастары
болатын. Əлібектің хаты ойландырып келе жатыр, «аяғыңды тезірек
бас» деген Жақия ақылын Оразалы екі еткен жоқ:
— Құп, философ!— деп адымдай түсті.
Енді жолдағы көше-көше болып тізілген алма толы арбаларды сүзіп,
өздеріне жүзі таныс шоқша сақал қара кісіден:
— Жəке, алманы қаншадан сатып тұрсыз?— деді Оразалы.
— Ə, келіңдер, келіңдер. Сендерге тегін, қадақтап, шелектеп
алатындарға ақшалы,— деп қара кісі екеуін баурай кетті.
— Жоқ, аға,— деді Жақия мұқамдап сөйлеп,— біз де ақшаға аламыз.
Өйткені бұл сіздің бағып-қағып, еңбек сіңіріп өсірген жемісіңіз.
— Қарағым-ау, сендерге қадақтап алудың керегі жоқ, оқушы
балаларсыңдар ғой. Мықтаса екеуің екі-екіден төрт алма жерсіңдер.
Онан мына арба ортаймайды, ала беріңдер,— деп үлкендігін
байқатайын деген адамша өзі фургонына қарай иек қақты.
— Дегенмен бізге бұл қымбат жемістің бағасын біліп қойған да теріс
емес.
— Біреуі, таңдаулысы, ең үлкені — бір тиын, қарағым. Биыл алма
бітік. Бір ағаштың байлығы бір үйге қорек. Ала бер, тиынсыз-ақ.
— Онда, енді... біз үшеу едік. Біреуміз үйде жазу жазып қалды.
— Таңдап алатын алма ала ғой.
Оразалы қара кісінің мырзалығына риза болып кетті.
— Жəке, көп-көп рақмет. Сіз де бізге қонаққа келіп кетіңіз,— деп еді,
қара кісі оның сөзін бөліп жіберді.
— Сендер Əбдуəлидің үйіндегі балаларсыңдар ғой, қол тиген күні
барып шығармын, қожаларың жақсы адам. Əңгімешіл. Жаңалықты көп
біледі...
— Əбдуəли де сіз сияқты шаруа адамы ғой...
— Жоқ, жоқ, ол кісі көп көрген, бүтін Дулатты, мына төмендегі
ЬІстыны, Албан мен Суанды бүге-шігесін қалдырмай аралап шыққан
адам. Ол дүниедегінің бəрін біледі, қарағым, «ірі байларды көшіреді
екен» деп жүр,— деді қара кісі.
Үйдегі жолдасының хатын тез табыс етуге асығып, екі студент қара
кісінің əңгімесін үзуге тырысты.
— Жəке, көп-көп рақмет. Бізге келіңіз. Күтеміз. Қазір оқу жоқ, қол
бос, көбінесе үйде кітап оқып отырмыз,— деді екеуі қосарлана сөйлеп,
тегін алманың төртеуін бір-бірден қалтаға салып, екеуін қолдарына
ұстап тұрып.
Оразалы арық қара кісінің əр нəрседен хабардар, тіпті саясат
мəселесіне де құлағын түріп жүретін қазақ екенін байқап:
— Əлгі шоқша сақалдыны көрдің бе, саясаттан хабары бар. Қызық
емес пе, ə?— деді жолдасына, базардан шығып келе жатып.
Жақия тамсана түсті. Бұл бір сөзге ұста жəне «оғаш» сөйлейтін
студент-ті. Жолдастары осыған орай «философ» деген ат қойған. «Анау
Пушкин, анау Белинский» деп басыбайлы айдар тағуға үйір оқушылар
мұны кімге теңейтінін ашпай «философ» деп қана кеткен. Сол философ
тамсанып алғаннан кейін:
— Қазақ — дана халық,— деді байсалды түрде, əдетінше
философтығына басып.— Дана халықтың бəрінің де арғы төркіні
малда. Малды қолға үйретуден бастап даналығы көзге түседі. Арғы
тағы заманда даналық қайдан келсін. Бəрі мал арқылы. Əсіресе ат пен
түйе шыққалы ел мен ел араласқан, сонсоң қой болмаса тіршілік сəні де
болмас еді. Киім деген жүн мен теріден, сол жүн мен теріні қолдана
білуден пайда болған ғой. Ал, бау, басқұр, текемет, кілем деген əсем
жиһаздарды даналықтың жемісі емес деп көрші! Жаңағы базардың, ана
қаланың іші-тысы толы малдың иесі кім? Қазақ! Дана қазақ!
— Əй, осы адам ойламайтын нəрсені ойлайтын сен де данасың!
Мұны енді қоя тұр. Ана үйде отырған жігіттің хатын тезірек табыс
етейік...
2
Əлібек үйде бір өзі, терезе алдында тауға қарап қойып, жазу жазып
отыр еді.
Бұл үй — Алматы өзеніне таяу Құлжа көшесінде, шағын екі бөлмелі
қарағай үй. Қызылордадағы бұрынғы КИНО-да бірге оқып, Алматыда
ашылған тырнақ алды жоғарғы дəрежелі мектепке келіп бірге түскен
үшеуі осы пəтерде тұрады. Тап-таза, жарқыраған бір сəнді үй: ашық
терезеден келген арық суының сылдыр үні құлақты тербетеді, іргедегі
сай самалы бетті үрмелеп өтеді; қараған жанның тау тұтас көз алдында
көлбеп жатқан зəулім асқар, əсіресе, ақ қалпақ киген Талғар шоқысы
терезеден телміріп тұрғандай жап-жақын: оның иығындағы анталаған
сəукеле қарағайлар қымтай жауып, құндақтап-ақ алған. Əрідегі бұлт
құшақтаған зеңгірлер аспан төрінде тіркесіп жылжыған əлем
керуеніндей...
Қараған сайын ұшқыр ойды қиял айдынына жетектей жөнелетін
сиқырлы асқар бүгін жас ақынның шабытын қоздырып жіберген
сияқты. Əлібек қозғалмастан жүрекке құйылған əсерді қағазға
сорғалатып жатыр. Тау, өзен, ағаш, самал, жарқыраған күн, дарқан өмір,
айнала көркемдік нəзік ойлы жас жанды əлдилеп, тербетіп, баулып
алдағы бір асар-аспас қияда дайындап жатқандай. Ол аспандаған сезім
мен бұлақтай атқылаған сұлу сөздің тас құшағында...
Есік ашық жатса да сырттан кірген адамның сыбдыры естілмеді,
қағазға төнген Əлібек оның жақындап келіп мойнын созғанын да
байқамады. «Тағы да өлең жазып отыр екен!»— деді ішінен Оразалы,
ақырындап кері шегіне түсіп.—«Келген хат ешқайда қашпас, оқыр,
шабыты келген шақта сілтей түссін».
Бірақ жолдасы ұзақ күтпеді. Əлібек басын көтеріп алып
қарындашын стол үстіне тастай берді, өзі орындыққа шалқая түсті.
Шабыт та шаттық, қағазға төгілген шабыт жемісі онан да лəззəтті.
Əлібек жалт қарады.
— Сен қашан келдің? Оқып та үлгірдің бе?
— Оқығаным жоқ, көз сұғанақтығы менде жоғын өзің білесің.
Əлібектің түрі де, мінезі де өзгеше Оразалы асықпады.
«Сезімтал жігіт жазғанын қазір өзі де оқыр. Шыдамас» деп ойлады.
— Оқымасаң тыңда!— деді Əлібек жазғанын жариялағанша асығып.
— Құлағым сенде.
— Түрегеліп оқитын бас-аяғы дөңгеленген нəрсе емес, жай шатпақ,
тау əсері.
— Оқи бер, оқи бер!— деді үйге кейінірек кірген Жақия.
Көк тіреген асқарым — Алатауым шандозым!
Заманнан бері тас қалқан, басымда биік айдарым!
Ғасырларды бастан асырған, қартаймас мəңгі
кəрием!
Мызғымас мықты берігім, күн бетінде көлеңкем,
Арқа бетте бас панам.
Биіктік, барлық сұлулық бір өзіңе тел біткен.
Тіл жетпес асқақ айбарлым!
Шыңыңда жусап бұлт қонып, шоқыңда бүркіт
шаңқ еткен,
Қиқулы сиқыр тылсымым!
Иығыңа өрмелеген бойлауық арша мен сыпсың
қарағай,
Самсап тұрған бейне бір қорамсақтағы оғың
сынды!
Тынымсыз жүгірген күміс сылдырлы асау бұлақ,
он сан
Ойыңды шимайлап жатыр!
Алқабыңда жеті өзен, жеті өзеннің жеті өңірі жеті
салаң бойында, бақ қонған байтақ еліңнің —
мыңғырған малы есепсіз!
Сəнді салаң толған əн, думанды елде би мен күй!
Жеміске толған бауырай алаңның беті — албырт
таң, жайқалған бағың — жасыл гүл...
— Иə, арғы жағы?— деп қалды арқасы қоза бастаған Оразалы
шыдамай.
— Бəрі осы. Тауға қарап отырғанда ауызға түскені.
— Мұны не дейміз? Кескіндеме дейміз бе? Əлде келбеттеме бола
ма?
— Не десең, о де.
— Жақсы. Аяғын күтемін. Ал, мынау лирика болуы мүмкін...
Оразалы қалтасынан хат суырды.
Əлібек ұшып түрегелді.
— Маған ба?
— Саған, саған. Əріп сұлбасы қыз саусағы тəрізді, нəзік көрінеді. Сірə,
əлгі гүл... Сұлудың қолы шығар-ақ. Қарашы — Жу-ну-сову дегені
орамалға төккен кестедей тізіліп жатыр.
— Маған хат жаза қоятын кім бар! Əйел қолы! Онда жеңгемнен
шығар.
Оразалының ұсынған хатын Əлібек ашпастан оның төмендегі
адресіне бақты: Орал қаласынан!..
...Меңдіқыздың қолы емес, Əлібекке ол өз қолындай таныс. Бұл да
əйел қолы. Бұл кім? Оразалы айтқандай: ұсақтап шалған кесте сияқты
əріптері тізіліп тұр жəне бала қыздың қаламды қағазға қадап жазуы!..
Əлібек толқып кетті. Бетіне қаймақшыған елжіреу пайда бола
қалды. Қолы да дір еткендей əлсіз қимылдады, конвертті жырта алмай
əлектенді. Жаңа ғана Алатаудың айбарлы сипатын ауыз толтырарлық
ірі сөздермен бейнелеген еркіндік лебі ұшты-күйді жоғалып
кеткендей. Аз сəттің ішінде талай болжалға жарамаса да, оларды түйіп
бірін де жинай алмады. Кенет, жүрегі дүрсілдеп кетті...
«Мен Орал қаласындамын. Бір ай тұрамын ба, бір жыл тұрамын ба,
мұны бір құдайдың өзі біледі. Көргің келсе... хат-хабар салғың келсе
адресім: Чаган көшесі, 91-үй. Гүлжиһан».
Қайтадан оқыды. Бірақ хаттың сырын бірден ұға алмады. Ол тек
«Гүлжиһан... Гүлжиһан»... деп ерні жыбырлай берді.
— Не жазыпты? Қыздан екенін мен де шамалап едім,— деді Жақия
терезеге қарап тұрып, əдетінше баптап, асықпай сөйлеп.
Ол Əлібектің толқығанын да, хаттың мағынасы миына толық
жетпегенін де, қайта-қайта оқығанын да көрді, бірақ елемеген болды.
Гүлжиһаннан...— деді Əлібек, сыбырлағандай елжіреп.
Иə, Гүлжиһан не жазды?— деді тағы да Оразалы араласып.
— Түсінгенім жоқ... Түсініксіз...
— Маған берші.
Əлібек хатты Оразалыға ұстата берді.
Мен бір жаман хабар жазған екен деп ойлап ом... Мынау мағыналы
хат қой. Жəне өзі шыңдалып шыққан, қол-аяғы балғадай, өзіне де,
өзгеге де жігер құйып тұрған сөздер,— деді Оразалы оқып шығып,
жолдасына айнала көз тастап.— Сен түсінбедім дейсің. Өте түсінікті
хат...
— Түсініксіз,— деді Əлібек тағы да.
Оразалы басын шайқады. Ал, Жақия бұрылып келіп Əлібектің
иығына қолын салды.
— Əлібек, сен бала мінезді жансың, көргеннің, естігеннің сыртқы
түрін ғана, əшекейлі жағын ғана ұстап қаласың. Неден байқадың деші?
Əлгіден бергі ісің мен мінезіңе сын айтайын ба? Мына хаттың да
сыртын көріп тұрсың. Ішіне...
— Айт! Айт!
— Айтсам. Алдымен жаңағы көркем сипаттамада Алатаудың
кескінін дəл бергенсің. Бірақ тек қана сыртқы түрі, жансыз түрі.
Айбарлы түрі, асқар түрі ғана. Неге оның бір ауыз болса да ішкі сыры
айтылмайды. Əлде ішкі сыры жоқ па?..
— Жансыз таудың ішкі сыры қандай болмақ?
— Міне, міне, құр сырты көрінеді саған. Айталық тау адамымен тау
ғой. Сол үшін оның аты да Талғар шоқысы. Алматы шоқысы, Матай
тауы, болмаса кейбірі Суық төбе, Маралды болып келеді. Осы аттарына
қарай шандоз болып тұрған жоқ па? Бəлкім асуларын талай ел үркіп
асып, болмаса талай асулардың даңқын жұрт өткен заманда ерлігімен
шығарған болар. Бұл сыр емес пе? Осы сияқты тау басынан кешірген
не азапты, не ардақты уақиға аталса сурет жанданып жүре береді...
— Саған ұнамай қалғанын өзім де байқап едім. Бұл шатпақты қазір
жыртып тастаймын. Ал, хат жөнінде?
Жақия Əлібектің бетіне қарап аз тұрды да, сонсоң бұл да басын
шайқады.
— Жыртпа. Жырта салу сөз асылын сомдай түсу болып шықпайды.
Мен сынымды өзің айт деген соң айтып тұрмын. Ал, хат жөнінде менің
болжауым, болжау ғана емес, анығы. Қыз Орал қаласында. Дұрыс қой?
Мұны өзі жазып отыр. Сондықтан, бұл ақиқат жай. Бұл бір. Екінші
ақиқат «көргің келсе, хат-хабар салғың келсе...» дейді. Бұл саған Орал
қаласына кел дегені емес пе? «Көргің келсе» дегеннің мағынасы осы.
Мұның екінші түсінігі жоқ. Ал, сені мен менің тірелетін жеріміз: неге
шақырады? Бұған жауапты Алматыда отырып құмалақ салумен табуға
болмас. Жауапты барып жолығып, сөйлесіп, көрісіп, жай-мəністі біліп
алғаннан кейін табасың.
Əлібек үндемеді. Ол сөзге ұста жолдасының тайға таңба басқандай
айқын жəне дəлелді түсінігіне қол қойғандай болды. Ал Жақияның
сөзіне бірден ұйитын Оразалы:
— Қазір бар да почтадан ақшаңды ал. Тездету керек,— деді.
Əлібек тіл қатпастан киіне бастады.
— Мен де бірге барайын,— деді Оразалы.
— Бар. Сен де бар,— деді Жақия Оразалыны қостап.
Бұл үшеуі үш түрлі жігіт. Сырт пішіндері де, мінез-құлықтары да
біріне-бірі ұқсамаған.
Жақия ұзын бойлы, арық, ат жақты, түрік мұрынды, жүзі сұр. Көп
күлмейді. Көруге суық адам тəрізді. Ал, сонымен бірге оның белгісіз бір
ішкі жылылығы адамды өзіне үйіріп əкете береді. Оның үстіне: əр сөзі
жеңіл-желпі мəтелге тұрарлық тіл жүйріктігі еріксіз бойсұндырғандай.
Бұл қасиет оны тез көзге түсірген-ді. Жəне басқаларға қарағанда
анағұрлым сақа студент. Сондықтан да ол қасындағы өзінен кіші екі
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 25
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.